Алматы қаласындағы экономиканы мемлекеттік реттеу ерекшеліктері


КІРІСПЕ
Қазіргі экономикалық әдебиеттерде нарыққа өту барысында аймақтық экономикалық саясат мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Бірақ, аймақ саясаты аймақтық экономикалық саясаттың нақты бір көзқарасы жоқ десек болады.
Аймақтық саясат - көпмағыналы ұғым, әртүрлі мәндерде кеңінен қолданылады. Көбінесе осы ұғым қолданылатын сипаттамадағы негізгі 3 проблемаларды көрсетуге болады:
- Билік және атқарушы органдар және биліктің аймақтық органдары арасындағы әртүрлі түрдегі қарым-қатынастарды сипаттау;
- Кәсіпкерлік және өмір деңгейі жағдайында мағыналы аймақтық өзгешіліктерді игеру мақсатымен және территориялдық құрылымды дамытуға мемлекеттің араласуы;
3. Аймақтық және саясатын сипаттауда: әлеуметтік, экономикалық, өндірістік, аймақтық және тағы басқалар
Экономикалық, саяси, мәдени байланыстардың негізігі аспектісі тұлғалардың әлеуметтік топтар арқылы қоғаммен өзара іс-әрекеттесуін сипаттайды. Сондықтан да экономикалыө процестер қандай да бір әлеуметтік сипатқа ие болады, содан белгілі бір салдарға алып келеді.
Радикалды әлеуметтік-экономикалық реформаларды ғылыми негіздеу үшін рыноктық қатынастардың дамуы мен қалыптасуы жағдайында үлкен мәнге аймақтық эконеомика ие болып отыр. Тек аймақтын барлық табиғи, экономикалық-әлеуметтік, демографиялық, географиялық және тағы басқа ерекшеліктері мен жағдаларын жан-жақты қатаң есепке алу ғана, экономиканың өсуі мен әлеуметтік процестердің жақсаруына қатысты негізгі тапсырмалар мен мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Аймақтын әлеуметтік процестердің дамуын мемлекеттік саясат, қазіргі кездегі тез арада шешуді талап ететін өзекті мәселелердің бірі.
Нарықтық қатынасқа өту кезінде халықтың өмір сүру деңгейі төмендеуі қоғамда әлеуметтік қысымның күшеюіне әкелді.
Бағаның тұрақты өсуі, олардың ырықтандырылуы мен халықтың табыс деңгейінің жеткіліксіздігі сияқты өткір әлеуметтік мәселерді тез арада шешуде, жоспардың ең басты кезегінде тұр.
Қазақстан үшін жұмысбастылық оның демографиялық құрылымының есебімен мәселерді шешу өзекті болып келеді. Жұмысбастылықтың дәстүрлі қалыптасқан территориялды өзіндік ерекшеліктері жұмыс күші мол және жұмыс күші жетіспейтін аймақтарды бөлуге әсер еткен демографиялық жоспардың ерекшеліктеріне байланысты.
Жұмыссыздықтың қауіпті салдарына әкелместен бұрын, Үкімет, атқарушы билік, парламент бірқатар шараларды қабылдау қажет.
Объектісі ретінде әлеуметтік жағдайын мемлекеттік саясат ерекшеліктері мен проблемаларын қарастыруда Алматы қаласы алынды. Бұл біріншіден, басқа қалалармен салыстырғанда әлеуметтік құрылымы жағынан күрделірек, сондай-ақ халықтың жоғарғы деңгейдегі икемділігі (әлеуметтік, территориялды және т. б. ) . Екіншіден, шаруашылық, сонымен қатар территорияның инфроқұрылымын менгеру деңгейінің жоғары болуы. Зерттеу пәні - аймақтағы әлеуметтік процестерді басқару ерекшеліктері мен халықтың тұрмыс жағдайы болып табылады.
Бітіру жұмысының мақсаты Алматы қаласы мысалында әлеуметтік процестерді мемлекеттік саясат мәселелерін кешенді оқып, қарастыру.
Бітіру жұмысының басты мақсатына жету үшін келесідей тапсырмаларды шешу қажет:
- ҚР әлеуметтік экономикалық аймақты реттеудің теориялық және әдістемелік аспектілерін қарастыру;
- Алматы қаласының әлеуметтік процестерін мемлекеттік саясат мәселелерін талқылау;
- әлеуметтік сфера салаларын инвестициялау ерекшеліктері мен мәселелерін ашып қарастыру;
- аймақтағы әлеуметтік процестерді мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдарын іздеу;
1 БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АЙМАҚТЫҚ САЯСАТТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ
1. 1. ҚАЗАҚАСТАНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МӘНІ
Қазіргі экономикалық әдебиеттерде нарыққа өту барысында аймақтық экономикалық саясат мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Бірақ, аймақ саясаты аймақтық экономикалық саясаттың нақты бір көзқарасы жоқ десек болады.
Аймақтық саясат - көпмағыналы ұғым, әртүрлі мәндерде кеңінен қолданылады. Көбінесе осы ұғым қолданылатын сипаттамадағы негізгі 3 проблемаларды көрсетуге болады:
1. Билік және атқарушы органдар және биліктің аймақтық органдары арасындағы әртүрлі түрдегі қарым-қатынастарды сипаттау;
2. Кәсіпкерлік және өмір деңгейі жағдайында мағыналы аймақтық өзгешіліктерді игеру мақсатымен және территориялдық құрылымды дамытуға мемлекеттің араласуы;
- Аймақтық және саясатын сипаттауда: әлеуметтік, экономикалық, өндірістік, аймақтық және тағы басқалар.
В. С. Жихаревич келесідей анықтама береді: “экономикалық саясат - құрастырылған мақсаттарға жету мүддесінде аймақта өткізілген белгілі бір концепцияны, экономикаға реттеуші әсер етуші”. Аймақтық экономикалық саясат үш құраушылардан тұрады: субъект, объект және мақсаттар. Аймақтардың өздерімен жүргізілген аймақтық саясат - бұл нақты бір территорияда жергілікті жағдайларды қосқанда кеңістіктегі тараптайтын сферасының барлық элементтердің өзара және келісілген бұзылмайтын дамыту үшін жасалуы тиіс. Мемлекеттік аймақтық саясат жерлерде аймақтық саясаттық қабілетсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Аймақтық саясаттың объектісі - аймақ арасындағы өзара байланыстар және қатынастар.
Қазақстанның басты аймақтық мүддесі қазіргі кезде, жергілікті құрылымдарды қолдау ретінде, Қазақстан Республикасының әрбір аймағы өзінің ішкі потенциалын максималды қолдануы және мемлекеттік көмек мүмкіндіктеріне көп сенбей жалпы қазақстандық жағдайлар құру болып табылады.
Орталық үкімет аймақтық саясаты елімізді дамытудың жалпы ұлттық мақсаттары шегінде жүзеге асырылады және экономика жағдайына тәуелді. Экономикалық дағдарыс кезеңінде экономикалық мақсаттарды иеленеді, экономикалық өсу кезеңінде - әлеуметтік мақсаттар болады. Қазіргі уақытта, Қазақстан үшін аймақтық даму мақсаттарына төмендегідей түрлерін пайдалану пайдалы және мүмкін болып есептеледі:
1. Әр аймақтағы халықтың тұрмыс-жағдайы деңгейін теңестіру. Еліміздегі жүргізілген реформалар аймақтық бөліністердің тез көтерілуіне әкелді.
Аймақтық экономикасын дамыту ерекшеліктеріне төмендегідей негізгі факторлар әсер етеді:
- өнеркәсіптік дамудың табиғи-шикізаттық база спецификасы;
- еңбек потенциалының сипаты және тұрғындары;
- аймақтық шаруашылық жинақталған құрылымы;
- аймақтың шаруашылық жағдайда жиналған дәстүрлері;
- еліміздің басқа аймақтарымен экономикалық байланыстарды дамытудың болмауы немесе қолда бар мүмкіндіктері.
- Аймақтық даму мақсаты - дипрессивті аймақтарды құрылымдық қайта құру. Бірінші мақсаттан айырмашылығы теңестіру саясаты жалпы барлық мемлекет үшін жүргізілетінімен ерекшеленеді. Депресивті аймақтарды қөұрылымдық қай құру тек ірі жалпы мемлекеттік юағдарлама көмегімен жүзеге асырылады, кейбір аймақтарда бұл тапсырманы орындай үшін қажет ресурстардың жетіспеушілігі болады. Мемлекеттің негізгі функциясы, артта қалған территорияларды жоғары дамудағы аймақтардың деңгейіне дейін көтерілу, бірақ халықтар зардап шекпеуі тиіс.
- Аймақтардың кешенді дамуы бірдей деңгейде жалпы мемлекеттік сияқты экономикалық дамудың жеке аймақтық мақсатымен сәйкес келеді. Жергілікті аймақтық мүдделер берілген территорияның барлық элементтерінің тепе-теңдік дамуымен келісіледі.
- Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету. Бірақ бұл мақсатты жүзеге асыруда ауырлық түсіп тұрған аймақтарға экономикалық өсуді көтеру қажеттілігін ұмытпау керек /2/.
Мемлекеттің аймақтық саясаты - мемлекет пен аймақ арасындағы өзара қатырастар ретінде әсер ететін және кеңістіктік, аймақтық аспектіде еліміздің экологиялық. әлеуметтік, экономикалық, саяси басқару бойынша қызмет сферасы болып табылады.
Аймақтық саясаттың мәні және тапсырмалары бар және оларды жүзеге асырудың тәжірибелік жолдарының көзқарастары бар. Аймақтық саясат тапсырмаларын нақты қою үшін еліміздің кеңістікті айырмашылық себептерін көрсету қажет. Оларға жататындар төмендегідей:
- еліміздің жеке аймақтарындағы кәсіпкерлікті және табиғи-климаттық жағдайының айырмашылығы;
- аймақтың продуктивтілігін анықтайтын табиғи ресурстарды пайдалану бағыты, саласы және масштабы. Бұл фактор тек ауыл шаруашылық, пайдалы қазбаларды шығару ғана емес, өнеркәсіпті орналастыру жағдайына және халықтың өмір сүру жағдайын ұйымдастыруға да әсер етеді;
- аймақтың терең немесе қатпарлы жағдайы, соның әсерінен көлік шығыны, баға өсуіне әкеледі. Бұл аймақтың көлік және байланыс қызметтерінің нашарлығына оның экономикалық дамуын қиындатады;
- инновация енгізумен артта қалуы, өндірістің ескі құрылымы;
- агромеграциондық артықшылық (аймақтағы салааралық байланыстардың қиылуы) және агромеграциондық жетіспеушіліктер (қайта орналастыру) ;
- елдің экономикалық дамудағы тенденциясы;
- тауар өндірісіне әсер ететін технологиялық даму стадиясы;
- жалпы және аймақтық саясаттың формалары, саяси жағдайы; институтционалды факторы: аймақтық автономия деңгейі, аймақтық даму тарихы және басқалары;
- орналастырудың физикалық факторлары: аэропорт, көлік жүйесі, өндірістік алаңдардың бар болуы немесе жоқ болуы, байланыс жүйелерін қамтамасыз етілуі, өндірістік инфроқұрылым;
- жергілікті кәсіпкерлермен негізделген фирманы үлкен сыртқы бақылау немесе фирманың шағын салмақ үлесі;
- әлеуметтік-мәдени факторлар: урбанизация деңгейі, халықтың білім деңгейі, ғылыми орталықтардың бар болуы және тағы басқа;
- орталықпен жүргізілетін экономикалық макросаясатты жүргізудің аймақтық есепке алынбауы;
- орталық пен аймақ арасындағы құқықтары мен міндеттерін шектеу процестерінің аяқталмауы;
- аймақтық жүйеде және жеке аймақ арасында халық кірістерінің диференциа процессінің бақыланбауы.
Нарықтық қатынастар экономикалық елдерде аймақтық дамытуда мемлекеттің араласуының екі негізгі мақсатын бөліп қарастырады:
- “әділдік”, яғни барлық аймақ тұрғындары жақсы тұрмыс-жағдайға жетудің тең мүмкіндіктерінде экономикалық қызметті орналастыру болып табылады;
- “тиімділік”, жалпы ұлттың тұрмыс-жағдайы мақсатында әр аймақтың өндірістік потенциалын тиімді пайдалануды талап етіледі. Бұл екі мақсат қарама-қайшы да біріңғай да болуы мүмкін. Мысалы, экономикалық өсу кезеңінде бірінші мақсат болса, дағдарыс кезеңінде - екінші мақсатты қолданады
Қазақстанның аймақтық экономикалық саясаты унитарлық мемлекет саясаты ретінде құрылуы керек, бірақ, бұған қоса федеративті мемлекеттердің аймақтық саясат қағидаларымен сәйкес келуі қажет. Біріншіден, аймақтық экономикалық саясат, орталық үкіметпен сияқты аймақтық биліктерімен де жүргізілуі тиіс. Бізге белгілі қазіргі кезде негізі пайда өндіруші салаларда, әсіресе отын-энергетикалық кешенінде қалыптасады. Тек орталық үкіметте жалпы елдің экономикалық өсуді ынталандыру, жалпы әлеуметтік шиеленісуді азайту үшін аймақ және сала арасындағы пайданы тиімді қайта бөлуді, елдің экономикалық дамудағы терең аймақтық және салалық диспропорцияны қысқартуға мүмкіндік беретін тұрақты экономикалық өсу траекториясына шығуға, республиканың іс белсенділігін дамытуды көздейді. Сондықтан, Қазақстанның қазіргі даму этапының проблемасы болып аймақтық экономикалық саясат шығару және механизмдерін жасау болып табылады.
Екіншіден, барлық аймақтарда жалпы мемлекеттік қаржылық ресурстарына қол жеткізу және тең құқық болуы керек, сонымен қатар, макроқұралдарды пайдалануда тең құқықтық монетарлы, фискалды және сауда саясаты болуы тиіс.
Аймақтық саясат құрылымы
Сурет 1
Аймақтық экономикалық саясат құжаттарымен шешуге мүмкін болатын Қазақстанның қазіргі даму этапының негізгі проблемаларына біздің көзқарасымызға байланысты төмендегілер жатады:
- орталық Үкіметпен жүргізілген экономикалық реформалар шараларының жергілікті жағдайларына адаптация;
- Қазақстан Үкіметі, аймақтық биліктермен аймақтық экономикалық саясат координациясы;
- әлеуметтік-экономикалық жағдайларды тұрақтандыру және экономикалық көтерілу траекториясына шығу;
- кәсіпкерлікті дамыту және өмір сүру қызметі жағдайында аймақтық айырмашылық минимумына мәліметтер жинау /7/.
Нарықтық жағдайларда бірінші екі проблема макросаясат пен координация қаражаттарымен, ал кейінгі екеуі макро-микросаясат қаражатымен шешіледі. Егер Үкімет макроэкономикалық саясатты жүргізудегі аймақтық ерекшеліктеріне көңіл аудармаса, әлсіз аймақтық экономикалық саясатжүргізеді, осыған орай аймақтар территориалды немесе басқа да мүдделері бойынша бірігуді бастайды. Еліміздің аймақтық экономикалық саясатын құруда “донор” және ) реципиент” аймақтардың қарсылығының пайда болуына жол бермеу керек, әйтпесе ол бірлік экономикалық кеңістіктің құлдырауына әкелуі мүмкін, соңында Қазақстанның бүтінділігі мен мемлекеттігінің құлдырауына әкеліп соғады.
Аймақтық саясаттың мақсатты функциясы ең алдымен экономиканың қайта құрулар және экономиканың құрылымдық қайта құруларынан шығады. Экономиканы реформалау кезіндегі экономикалық реформалар тереңдігін және әлеуметтік-экономикалық жағдайын сипаттайтын негізгі параметрлері бойынша аймақ дифференциациясы болады, ресурстарды территориалды қайта бөлуде жабық каналдар, бірінші кезекте қаржылық жаңай туады. Осы аймақтарда процестердің нәтижесінде басқа аймақтардың сәйкесінше тездетілген дамуда барлық әлеуметтік-экономикалық сфераның құлдырауына әкелуі мүмкін.
Экономикалық мақсаттар негізінен өндіргіш күштерді орналастыру факторы ретінде инвестицияны орналастыруды мемлекеттік реттеуден тұрады, осыған орай мемлекеттің рөлі өндіріс факторының мағынасы қаншама көп болса, соншама жоғары болады.
Әлеуметтік мақсат экономикалық мақсаттармен тікелей байланысты, олардың жетістігіне мемлекет пен аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясының негізгі мақсаты бағытталған. Әлеуметтік мақсаттарға жетуде мемлекеттің рөлі әлеуметтік әділдік және азаматтардың теңдігі ретіндегі демографиялық қоғамның осындай қағидаларынан тікелей шығады /8/.
Нарықтық экономикаға өту барысындағы аймақтық саясат біршама динамикалы. Экономикадағы сәтсіздікте басқарушы орталар жауапкершілікті аймақтардың жетекшілеріне аударуға тырысады және, керісінше мемлекеттік деңгей нарықтық механизмде аймақтық саясат қажеттілігіне күнән туғызады, және бұл алдымен экономикалық аспектілерде пайда болады. Бұл - аймақтық саясаттың динамикасына субъективті жақындау, осымен қоса әртүрлі экономикалық саясат жүргізуде орталықтың аймаққа қатынасының объективті себептері бар. Кейбір аймақта мемлекет тарапынан нарықтық экономиканың қалыптасу үшін жалпы құқықтық режимді қолдау жеткілікті, басқасында экономикалық белсенділікті ынталандыру қажет, үшіншіден, аймақтық экономикаға оның ішінде мемлекеттік капитал салуға экономикалық және әкімшілік әсер ету әдістері қажет /7/.
Экономикалық саясат, еліміздің және оның жеке бөліктерінің экономикалық жағдайын қамтамасыз ету және қойылған даму мақсаттарына жетуге әсер беретін проблемаларды шешу болып табылады. Ал, аймақтық саясаттың мәні жалпы ұлттық мақсаттарға жету үшін аймақтық дамуды басқару қатынастарынан тұрады.
Экономикалық теорияда 2 деңгейі бар, яғни
- макроэкономикалық
- микроэкономикалық.
Макроэкономикалық деңгей - бұл экономикаға бүтіндей және оның жеке үй секторына қатысты белгілі құбылыстар мен процесстердің сипаттамалары. Бұл деңгейде шаруашылықтың жалпы құрылымы талданады, экономикалық жүйенің ірі элементтерінің арасында маңызды байланыстар бекітіледі. Сәйкес, негізгі көрсеткіш ретінде шығады: өнімнің жалпы көлемі, жұмысбастылықтың жалпы деңгейі, кіріс пен табыстың жалпы көлемі, бағаның жалпы деңгейі.
Микроэкономикалық деңгей, керісінше нақта шаруашылық бірлік қызметінің талдауымен байланысты: сала, фирма және кәсіпорын, жеке үй шаруашылығы. Талдауда, болжауда өндіріс көлемі және нақты өнім бағасы көрсеткіштері, белгілі бір кәсіпорында жұмысбастылар саны, жеке алынған фирма кірістері мен шығындары жатады /5/.
Жалпы, аймақтық экономикалық саясатты жетілдіру, шығару және оны жүзеге асыру өте қажет.
1. 2. Қазақстан республикасының экономикасының мемлекеттік аймақтық саясатын басқару негіздері
Соңғы жылдары экономиканы аймақтық басқару мағынасы көп қолданылып жүр. Қазіргі кезде, негізгі орынды әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мақсаттар, сонымен қатар еліміздің экономикалық даму жетістіктеріне жету жолдары алады.
Аймақтық экономика - бұл экономика білім жүйесіндегі ең маңызды салалардың бірі болып табылады. Аймақтық экономикалық пәні, Қазақстан Республикасының өндіргіш күштерін әлеуметтік-экономикалық аумақтық орналастыру және оның экономикалық салаларын дамыту, аймақтардың маңызды табиғи-экономикалық, демографиялық және экологиялық ерекшеліктерін, оған қоса аймақаралық, ішкі аймақтық және мемлекетаралық экономикалық байланыстарды зерттейді. Басқаша айтқанда, аймақтық экономиканы зерттеудің маңызды құралы болып қоғамдық ұдайы өндірістің кеңістіктік аспектісін зерттеу болып саналады.
Аймақтық экономика білімнің ғылым саласы ретінде, аймақтық аспетіде әлеуметтік инфрақұрылымының және өндіргіш күштердің барлық элементтерінің қағидаларын, заңдылықтарын зерттеумен, талдаумен және болжаумен айналысады, сонымен қатар экологиялық талаптары мен әлеуметтік-экономикалық дамытудың жалпы стратегиясын қосқанда өндіргіш күштерді орналастыру бағыттарын негіздеумен; республика мен аймақ экономикасын және аймақаралық экономикалық байланыстарын зерттеумен, шаруашылық аумақтық ұйымын зертеумен айналысады.
Аймақтық экономика Қазақстанның табиғи ресурстық потенциалын, оның аймақтарын, тұрғындарын, еңбек ресурсын және қазіргі демографиялық проблемаларын қарастырады, сонымен қатар нарықтық қатынастардың құрылу және оның аймақтарының экономикалық деңгейін талдайды. Әлемдік шаруашылық жүйесінде еліміздің алатын орнын, экономикасының құрылдылық қайта құру бағытын, нарыққа өту кезіндегі өндіргіш күшті орналастыру факторларын анықтайды және шаруашылық құрылымын зерттеп, оны тиімді пайдалану жолдарын қарастырады/1/.
Аймақтық экономика анықтамасына келмес бұрын, бірінші территория аймақ деген ұғымдарға түсінік беріп өтелік. Территория - бұл географиялық жағдаймен және тағы басқа да белгіленген белгілі бір территорияны сипаттайтын, жердің беткі қатты шектелген бөлігі. әртүрлі белгілері бойынша басқалардан ерекшеліктерін және оның элементтерін құрайтын өзара байланысты бүтінділікке ие территорияны анықтайды. Аймақ территориядан белгілі бір мақсаттары және тапсыриаларымен ерекшеленеді. Әр ғылымда аймақты бөлуде өзінің критериялары қолданылады:
- экономикалық-әкімшіліе басқару диспозициясы;
- еңбекті аумақтық бөлудегі рөлі;
- әлеуметтік-экономикалық роблемаларды шешу;
- экономикалық кеңістік - бұл олармен байланысы: жергілікті пунктер, егістік, жерді иелену, көлік инженерлік торабы және тағы басқа.
Әр аймақтың сыртқы экономикалық кеңістікпен байланысты өзіндік экономикалық кеңістіктің сапасы келесідей сипаттамалармен анықталады:
- тығыздық ( халық саны, жалпы ішкі өнім, негізгі капитал, табиғи ресурстар) ;
- орналастыру (тең көрсеткіштер, халықты бөлу, экономикалық қызмет) ;
- байланыстылық (экономикалық байланыстардың қарқындылығы, тауар, капитал, еңбек қозғалысының жағдайы) .
Аймақтық экономика - бұл табиғи экологиялық жағдайлармен тығыз байланысты, еліміздің территориясының және оның аймақтарының әлеуметтік-экономикалық процестерін, өндіргіш күштерді орналастыру және дамытуды зерттейтін ғылым саласы болып табылады /2/.
Соңғы жылдары нарықтық қатынастарға өту барысында аймақтық экономиканы дамыту мәселесіне көп көңіл бөлінуде. Қайта құру процестерде туындайтын барлық проблемалар аймақтық факторлар мен жағдайлардың іс-әрекетімен тығыз байланысты. Аймақтық экономиканы дамыту мақсаты, тек әлеуметтік бағытталған ғана емес, мемлекетпен ретелетін нарық қүру болып табылады. Осындай реттеу жалпы аймақтың халық шаруашылығының тиімді қызмет ету жағдайын жасау керек. Ең алдымен, бұл тиімді, яғни аймақтың мамандануы, еңбек ресурстарын пайдалану және шығынды минималдау мен табиғи жағдайларға байланысты.
Аймақтық экономика өзінің зерттеулерінде ғылыми әдістер кешенін қолданады, оның ішінде баланстық әдіс маңызды болып табылады. Салалық және аймақтық баланс жасау нарықтық маманданған салалар, территориялық кешенді толықтырушы, яғни алдағы салалардың да, халықтың қажеттілігін қамтамасыз ететін, салалар және қызмет сферасындағы салалар арасындағы дұрыс қатынасты таңдацға мүмкіндік береді. Баланстар (тепе-теңдіктер) санымен қатар тиімді аймақаралық және аймақ ішіндегі байланыстарды дайындау үшін де қажет. Кәсіпорын жылжуын экономикалық негіздеу (кәсіорынды құрал-жабдықпен қамту, құрылыс орнын анықтау, оны шикізатпен, энергиямен, сумен, жылумен, еңбек және басқа ресурстармен қамтамасыз ету есебін жұргізу үшін аймақ таңдау) баланстық әдістің мазмұнын құрайды. Аймақ экономикасының негізгі аймақтық өндіріс және өнімнің негізгі түрлерін тұтыну тепе-теңдігі (балансы) кіреді.
Аймақтық байланыстарды құру үшін өнделетін әдістер қолданатын үлкен жобалы жұмыстар мен эксепдициялар алдын-ала жүргізілуі тиіс. Салалық және аймақтық баланстар құру аймақтың кешенді даму деңгейін, оның дамуындағы диспропорциялардың болуын анықтауға мүмкіндік береді.
Аймақтық экономиканы зерттеудің ерекше әдісі картографиялық әдіс болып табылады. Аймақтық экономикадағы карта тек зерттеу обънктісі ғана емес, ол сонымен қатар өндіріс күштерінің жылжуы және аймақ экономикасы туралы ақпарат алудың көзі болып есептелінеді. Карталарды, картокестелерді, картограммаларды, картодиаграммаларды қолдану арқылы орналастыру ерекшеліктері ғана емес, сала мен аймақтардың даму деңгейін сипаттайтын статистикалық мәлімметер де есте қалады.
Жүйелік талдау - бұл проблемаларды, шаруашылық құрылымын және ішкі қарым-қатынастарды кешенді зерттеу, олардың өзара әрекеттерін зерттеумен толықтырылып соңғы қорытынды тікелейжәне кері байланыстарды бікіртіру негізінде жасалынатын ғылыми зерттеу әдісі. Жүйелік талдау кезеңділік қағидасын қолданушы жан-жақты талдау болып табылады. Ол мақсатты құрудан, тапсырмаларды анықтаудан, ғылыми гепотиза жасаудан басталып, өндірісті орналастырудың тиімді нұсқасының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеумен аяқталады. Мұнда оптималдық қағидасы тиімділік, яғни халықтың қажеттілігін көбірек қанағаттандыру болып саналады.
Өндіріс кұштерінің қозғалысы және аймақтардың шаруашылық даму проблемалары күрделене түсуде, ал салалық және территориялық байланыстарды нарық жағдайында басқару қиындап баруда. Сондықтан маңызды проблемаларды қамтитын экономика-математикалық моделдерді әзірлеу және қолдану қажеттілігі туындайды. Территориялық экономикалық процестерді экономика-математикалық моделдеуді негізгі бағыттарын келесідей бөлуге болады:
- елдің экономикалық дамуындағы территориялдық пропорцияларды моделдеу;
- шаруашылық салалары бойынша орналастыруды моделдеу;
- аймақтардың шаруашылық етуші кешендерін қалыптастыруды моделдеу /3/.
Математикалық аппараттардың терең өңделуіне қарамастан, ұзақ мерзімді салдарлар ескерілмей қалуда. Сондықтан аймақтық экономикада статистикалық әдіс, яғни стратегиялық мәліметтер негізінде индекстерді есептеу, корреляциялық талдау, сонымен қатар таңдап зерттеу әдісі, бастылау (генерализация) қолданылады. Барлық ғылыми әдістер бір-бірімен тығыз байланысты және олар бірін-бірі толықтырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz