Тасымалдау логистикасы


ТАСЫМАЛДАУ ЛОГИСТИКАСЫ
Тасымалдау логистикасьшың мәні мен мәселелері
Тасымалдау - адамдар мен жүктерді таситын материалды өндіріс саласы. Қоғамдық өндіріс құрылымында тасымалдау материалды қызмет өндіру сферасына жатады.
Материалды ағымның шикізаттың алғашқы көзінен бастап соңғы тұтынушыға дейінгі жолында орындалатын логистикалық операциялардың көп бөлігі түрлі көлік құралдарын қолдану арқылы жүргізіледі. Бұл операцияларды орындауға кететін шығындар логистикаға кететін жалпы шығындардың 50 пайызға дейінгі шамасын құрайды.
Тасымалдау екі элементтен - жаппай пайдаланылатын көліктен және жаппай пайдаланылмайтын көліктен тұратын жүйе болып табылады.
Жаппай пайдаланылатын көлік - жүк және адамдарды тасымалдауда халық шаруашылығының барлық салалары мен тұрғындардың кажеттіліктерін қанағаттандыратын халық шаруашылығының саласы. Жаппай тасымалдау айналыс сферасына жөне тұрғындарға қызмет көрсетеді. Оны, әдегге, магистралды деп те атайды (магистраль - белгілі бір жүйедегі негізгі басты линия, бұл жағдайда - қатынас жолдар жүйесінде) . Жаппай тасымалдау түсінігі темір жол көлігін, су көлігін (теңіз және өзен), автомобиль, әуе көлігін және құбыр көлігін қамтиды.
Жаппай пайдаланылмайтын көлік - өндірісішілік көлік, сондай-ақ тасьмалдау емес кәсіпорындарына жататын көлік кұралдарымың барлық түрлері және белгілі бір өндірістік жүйенің құрамдас бөлігі болып табылады.
Көлік өндірістік және сауда үдерістеріне үйлесімді түрде енеді. Сондықтан да көлік құраушысы логистиканың көптеген мәселелерін шешуге қатысады. Сонымен қатар логистиканың өз бетінше қызмет ететін тасымалдау саласы да бар, ондағы қатысушылар арасындағы кең аспектілі үйлесімділік материалды ағым қозғалысының өндірістік-қойма учаскілерімен тікелей байланыссыз қарастырылады.
Тасымалдау логистикасының міндеттеріне шешімі тасымалдау үдерісінің тікелей қатысушыларының әрекетінің келісімділігін күшейтетін мәселелер жатады. Мұндай мәселелерді шешу актуальдығы тасымалдау жұмысы үлкен, өз бетінше жүретін алап айналғанда туады (мысалы, жаппай пайдалану көлігінің қызметінде, сондай-ақ бірқатар жаппай пайдаланылмайтын көлік жағдайларында) .
Тасымалдау үрдісін ұйымдастыруда логистикалық тәсілдін ерекшелігін аралас тасымалдау жағдайындағы көлік тізбегінің звеноларының өзара әрекет ету мысалымен түсіндірейік (II-сурет) (аралас деп көліктің бірнеше түрімен кезектесіп жүретін тасымалдауды айтады. Олардың кең таралу себебі -көптеген жағдайларда тек автомобиль көлігі жүкті тікелей "есіктен есікке" алып жеткізе алады) .
Ақпараттар мен қаржыларды жылжыту мәселелеріндегі звенолардың үйлесімділігі төмен, себебі олардын әрекетін үйлестіретін ешкім жоқ.
12-суретте бейнеленген аралас тасымалды ұйымдастыру бұдан ерекше болып табылады. Ішкі тасымалдау үрдісінің жалғыз операторының болуы ішкі материалды ағымды жобалауға, берілген параметрлерге жетуге мүмкіндік тудырады. Жүк алушыға шығудағы материалды ағым көрсеткіштері басқарыла алады және оның алдын ала берілген мәні болады. Аралас тасымалдауды ұйымдастырудың дәстүрлі және логистикалық тәсілдердің салыстырмаАі сипаты 4-кестеде келтірілген.
Аралас тасымал мен интермодальдық тасымалдың салыстырмалы сипаты
Аралас тасымал мен интермодальдық тасымалдың салыстырмалы сипаты
логистиканың тасымалдауда өндірістегідей немесе саудадағыдай қолданылуы контрагенттерді бәсекелестер тарапынан тасымалдау үрдісінде бір-бірін толықтыратын әріптестерге айналдырады. Логистика - жоғарыда аталып кеткендей, бірынғай техника және технология, экономика және жоспарлау. Сәйкесінше, тасымалдау логистикасының мәселелеріне тасымалдау үрдісінің қатысушыларының техникалық және технологиялық үйлесуін қамтамасыз ету, олардың экономикалық мүдделерінің сәйкестігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жоспарлаудың бірыңғай жүйелерін қолдану жатады. Осы мәселелерді қысқаша сипаттайық.
Тасымалдау кешеніндегі техникалык үйлесімділік көлік күралдар параметрлерінің жекелеген түрлері ішінде, сондай-ақ тұраралық қиылыста үйлесуін білдіреді. Бұл үйлесімділік ауыспалы тасымалдарды қолдануға, контейнерлер мен, жүк пакеттерімен жұмыс істеуге мүмкіндік туғызады.
Технологиялык үйлесімділік тасымалдаудың бірыңғай технологиясын, тікелей тасымалды қолдануды ұйғарады.
Экономикалық үйлесімділік - бұл рынок конъюнктурасын зерттеудің және тарифтік жүйені құрудың жалпы әдістемесі.
Бірлесіп жосларлау - графиктің бірыңғай жоспарларып жасап, оны қолдануды білдіреді. Тасымалдау логистикасының міндеттеріне мыналар жатады:
- көлік жүйесін құру, соның ішінде көлік коридорларын және көлік тізбектерін құру (Көлік коридоры - бұл ұлттық немесе халықаралық көлік жүйесінің бір белігі, ол жеке географиялық аудандар арасындағы жүк тасымалдарын қамтамасыз етеді. Оған кіретіндер: қозғалмалы көлік құралдары және осы бағытта жұмыс істейтін барлық көлік түрлері мен стационарлық ұрылғылары, сондай-ақ осы тасымалды жүргізудің барлық құқықтық шарттарының жиынтығы. Көлік тізбегі - көліктің бір немесе бірнеше түрін қолдана отырып, белгілі бір уақыт мерзіміндегі жүкті белгілі бір қашықтық тасымалдау сатылары. Барлық осы уақытта жүктер өзгеріссіз қалады мысалы, жүк пакеті немесе контейнер) ;
- тасымалдау-қоймалау үрдісінің технологиялық бірлігін қамтамасыз ету;
- тасымалдау үрдісін қоймалау және өндірістікті бірігіп жоспарлау;
- көлік құралының түрін таңдау;
- көлік құралынын типін таңдау;
- жеткізудің тиімді маршрутын анықтау және т. б.
Көлік құралының түрін тандау
Көлік түрін тандау мәселесі қорлардың оңтайлы деңгейін құру және оны ұстап тұру, орау түрін тандау және т. б. сияқты логистиканың басқа мәселелерімен өзара байланыста шешіледі.
Нақты тасымал үшін оңтайлы көлік түрін таңдау негізгі түрлі көлік түрлерінің ерекшеліктері туралы ақпарат болып табылады.
Логистика тұрғысынан маңызды болып келетін автомобиль, теміржол, су және әуе көліктерінің негізгі артықшылықтары мен кемшіліктерін карастырайық.
5-кестеде түрлі көлік түрлерінің салыстырмалы логистикалық сипаттамалары келтірілген. 5-кестеде көрсетілгендей, тасымалдау тәсілін, тасымалдау құралдарын және нақгы тасымалдаушыны таңдауда логистикалық менеджер ескеруі кажет көліктің әр түрінің өзінің артықшылыктары мен кемшіліктері болады. Көліктің әр түрі (құбырды қоспағанда) қолдануды ұйымдастыруға, техникалық қызмет көрсетуге және көлік қүралдарын жөндеу үшін қажет белгілі бір өндірістік-техникалык базамен және көлік қүралдарынын белгілі бір типімен сипатталады (жылжымалы құрамды, жылжымалы бірліктер) . Көптеген шетел авторлары көлік жүйесінің компоненттері ретінде жолдарды (темір жол, автомобидь жолдары, әуе трассалары және т. б. ), терминалдары, қозғалмалы құрам мен ауыр құралдарын қарастырады. Логистикалық менеджмент үшін осы компоненттердің кейбір техникалық-эксплуатациялық параметрлері анықтаушы болып табылады.
Жылжымалы құрам үшін мұндай параметрлерге келесілер жатады:
- техникалық және эксплуатациялық жылдамдық;
- жүк ыдыстарының және көлік құралдарының үлкен мөлшері;
- толық масса, осьтегі жүктеме;
- қозғаушы күштің куаттылығы;
- жүк көтерімділігі және принцип, жартылай принцип, вагондардың және т. б. үлкен мөлшерлері.
Қатынас жолдары үшін:
- өткізу қабілетгілігі;
- өтетін бөліктің екі фарватер тереңдігі;
- жалға түсіруге болатын жүктеме.
Терминалдар үшін:
- пайдалы қойма ауданы;
- айналым саны (айналым жылдамдығы) ;
- көтеру және қойма құралдарының және т. б. өнімділігі.
Көлік түрін таңдауға әсер ететін алты негізгі факторларды бөліп қарастырады. 6-кестеде осы әрбір фактор бойынша түрлі көлік түрлерінің бағасы беріледі. Ең жақсы мөн бірге тең. 6-кесте. Көліктің түрін таңдауға өсер ететін негізгі факторлар шеңберінде түрлі көлік түрлерін бағалау түрлі факторлардың маңызын сараптап багалау көрсеткендей, көлікті таңдауда, ең алдымен, төмендегілерді ескереді:
- жеткізу тәртібін сақтау сенімділігі;
- жеткізу уақыты;
- тасымал құны.
6-кесте мәліметтері көлік түрінің нақты тасымалдау шарттарына сәйкестігін тек шамалап бағалау үшін ғана қолданыла алатындығын айта кету кажет. Жасалған тандау дұрыстылығы көліктің әр түрлі түрлерімен жүргізілетін тасымалдаумен байланысты шығындарды талдауға негізделген техникалык-экономикалық есептеулермен расталуы қажет. Мысалы, 5 т. қымбат жүктің автомобильмен жеткізу құны 1000 долл. құрайды, ұшакпен - 3000 долл. Таңдау автомобильге түсті. Бірақ содан кейінгі толық, құнды талдау көрсеткендей, автомобильмен тасымалдау кезінде тасымал тарифіне қоса төмендегілерді төлеу қажет болды:
- жөнелтушіге: жөнелткені үшін және сақтағаны үшін жөнелтушіге жүк күнының 5 пайызын, яғни 2000 долл. (ұшақпен жеткізілгенде бұл шығындар кірмейді) ;
- банкирге: несие үшін пайыз ретінде жүк құнының 1, 5пайызын, себебі автомобильмен тасымалдау 15 күн жүріізілді. ал 5 долл. қор ретінде алынды, яғни нәтижесінде 750долл. құрады. (15 х 36/365=1, 5%, мұндағы 36 - иесие үшін жылдық банктін пайыз қойылымы) ;
- жалпы шығындар 3750 долл. қүрады.
Яғни, тарифтер арқылы автомобильді таңдау дүрыс болмай шықты, ұшақ тиімдірек болды.
Қолмен есептеу кезіндегі тиімді маршруттар құру әдістемесі
Қолымен есептеу кезіндегі тиімді маршрута 5 құру әдістемесін тасымал есебінің нақты мысалында қарастырып өтейік. Біздің алдымызда белгілі территорияда тұтынушыларға (дүкендерге) өнімді таратудың маршрутын оңтайландыру мәселесі түр делік. 13-суретге тұтынушылардын орналасу схемасы мен олардың арасындағы қашықгық көрсетілген.
13-сурет. Пункттердің орналасуы мен олардың арасындағы кашықттық схемасы. Жүк А пунктінде орналасқан - 4000 кг. Жүк көтерімділігі - 2, 5 т. автомобиль қолданылады; жүк көтерімділігін пайдалану коэффициенті - 0, 8. Пункттер арасында жылжымалы құрамның минималды кашықығымен тасымал ұйымдастыру қажет. 7-кестеде әр пунктке неше өнім апару керектігі көрсетілген. 7-кесте. Пункттерге апарылатын өнім көлемі Шешілуі бірнеше сатыдан тұрады:1-саты. Барлық пункттерді байланыстыратын ең керекті торлы құрамыз. 14-суретті кара. 14-сурет. Ең қысқа байланыстырушы тор. Содан кейін тордың әр тармағы бойынша, бастапқы А пунктінен алыс орналасқанынан бастап, жүктің көлемімен жылжымалы кұрамның жүк көтерімділігін ескере отырып, пункттерді маршруттарға топтаймыз. Баска тармақта жақын пункттерді осы тармақтың пункттерімен топтаймыз. Жылжымалы құрамның берілген жүк көтерімділігінен -2, 5 тонна, жүк көтерімділігін қолдану коэффициентінен - 0. 8 шыға отырып, барлық пункттерді келесідей топтауға болады (8-кестені кара) :
2-саты. Әр маршруттың пункттерінен айналып өтудің тиімді тәртібін анықтаймыз. Ол үшін кесте-матрица құрамыз, онда диагоналы бойынша маршрутка кіретін пункттерді және бастапқы А пунктін орналастырамыз, ал сәйкес торларда - олардың арасындағы ең керек арақашыктықты орналастырамыз. 9-кесте Бірінші маршрут пункттері арасындағы ең қысқа қашықтық матрицасы. Бастапқы маршрутты матрицаның үш пункті үшін құрамыз, оның біреуі жіберу пункті болып табылады, ал баска екеуінің ең үлкен мәні бар. Сонымен, біздің мысалымызда бастапқы маршрутты АБК марицасының үш пункті үшін құрамыз. А пунктінің кіру себебі, ол жүктерді жіберу пункті болып табылады, ал Б және К пункттерінің ең үлкен мәнді шамалары бар (28, 4; 30, 1) Келесі пункттерді енгізу үшін қалған пункттерден ең үлкен шамасы барын таңдаймыз және оны қандай пункттер арасына енгізу керектігін шешеміз. Біздің мысалымызда қалған пункттер арасьнда В пунктіннің ең үлкен сомасы бар және оны А және Б, Б және К немесе К және А арасына қою кажет. Ол үшін әр пункттер жұбы үшін келесі формула бойынша өсімше шамасын табу қажет: Кр=Скі+Сір-Скр, мұндағы с- қашықтық, км; у -енгізілетін пункттің индексі; к -жұптық бірінші пункттің индексі ; р- жұптық екінші пункттің индексі. Алынған мәндер арасынан минималды шамасы таңдалады және енгізілетін пункт өсімшелері минималды болатын пункттер арасына қойылады. В пунктін бірінші А және Б пункттер жұмыс тапптары арасына енгізген кезде, ДАБ өсімше мөлшерін анықтаймыз, мұнда і-В, К-А, р-Б болған шартында. ОндаДАБ=Сав+Свб-Саб Кестедегі мәндерді қоя отырып, келесі мәнді аламызДА. А=9, 5+2, 5-7=5Осыдан келіп, ДБК және АКА өсімшесін анықтаймыз. ДБК=Сбв+Свк-Сбк=2, 5+5, 2-7, 7=0ДБК. өсімшесінің мәні нөлге тең болғандықтан, кейінгі есептеулер енді міндетгі емес, себебі нөлден аз мен енді болмайды. Онда А-Б-К-А бастапқы маршрутынан біз А-Б-В-К-А аламыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz