Орталық Азияға ислам дінінің таралуы


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университеті

Халықаралық қатынастар факультеті

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты және халықаралық қатынастар кафедрасы

Диплом жұмысы: Орталық Азияға ислам дінінің таралуы

Ж О С П А Р :

КІРІСПЕ . . . 3

І. ИСЛАМНЫҢ ТАРИХИ ДАМУЫ ЖӘНЕ РЕСМИ ДІНГЕ АЙНАЛУЫ

1. 1 Исламның шығуы және оның әлемде таралуы . . . 9

1. 2 Исламның жеңісі және ХХ ғасырда дамуы . . . 18

ІІ. БӨЛІМ ОРТАЛЫҚ АЗИЯҒА ИСЛАМНЫҢ ТАРАЛУЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2. 1 Тарихи-әлеуметтік орта және дәстүрлі сенім-нанымдар . . . 25

2. 2 Сопылық және Орталық Азияға исламның таралуы . . . 33

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 43

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 52

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі Өркениеттік және техникалық дамудың ырық бермес иіріміне тартылған елдердің қатары молыққан үстіне молыға түсуде, жаһанданудың күпшегі өз айналымын күшейткен үстіне күшейтіп барады. Дамыған елдер өздерінің экономикалық және саяси ықпалын кеңейтіп, әлуетті өтім рыноктарының санын көбейтіп, ол игіліктерін тек қана сақтап қалуға емес, сонымен бірге өз азаматтарының әл-ауқатын одан әрі бөгетсіз көтере түсуге негізделген, жаһандану процестерінің барлық артықшылықтарын айқын да анық елестетіп отыр1. Автордың пікірінше қандай мемлекеттің болмасын тұрақты дамуы үшін екі фактор маңызды рөл атқарады: біріншіден - мақсатқа бағытталған сыртқы саяси қызметі, екінші фактор - өзара тиімді сауда-экономикалық байланыстың дамуы.

Қазақстан егемендік жылдар ішінде ұзақ жолдан өтті. Саясаттың жаһандануы ұлттық мемлекеттердің халықаралық қатынастардағы орны мен рөлін өзгертуге әкелді. Аймақтандыру және жаһандану процестері жекелеген мемлекеттердің де сондай-ақ тұтас алғанда халықаралық саяси жүйенің де рөлі мен қызметіне үлкен ықпал етуде. Халықаралық қатынастар саласында жекелеген мемлекеттер өздерінің ұлттық мүдделерін іске асыру үшін бір-бірімен өзара қатынасқа түсті.

«Исламдық қауіп-қатер» деген ұғымды ерінің ұшымен айта салу оп-оңай болғанымен, оның үрейлі қанатының кеңге жайылып бара жатқаны соншалық, енді ислам тарапынан болатын мифтік қауіп-қатер туралы ғана емес, исламның өзін нақтылы қорғаудың қажеттігін сөз ететін кез келді.

Мұндайда барлық халықтар үшін дін жаулаудың тәсілі мен тәпсыры емес жан сақтаудың тәсілі мен тәпсыры болғанын еске салудың зияны жоқ. Әр түрлі себептерге байланысты мемлекеттік немесе ұлттық тұтастық идеясы дағдарысқа ұшыраған шақта, елдің қоғамдық және саяси өмірінің сахнасына бүкіл рухани идеяға ұйытқы болып дін шығады.

Қалыптасқан геосаяси өмір болмысын және әлемдегі геосаяси күштердің қатарындағы өзінің орнын байсалды бағалай келіп, Қазақстан ТМД, сондай-ақ бүкіл әлем шеңберінде әр түрлі интеграциялық топтардың жұмысына белсенді түрде қатысуда, осы арқылы ол әлемнің ғаламдық проблемаларын шешуге өз үлесін қосып қана қоймай, сонымен бірге ұлттық мүдделерін де шешуге жол ашады.

Тәуелсіздік алып, БҰҰ және бірқатар халықаралық ұйымдарға мүшелікке өткен Қазақстан жеке сыртқы саясат, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік және де әлемдік қауымдастыққа, әлемдік экономикаға дербес өту сияқты жаңа проблемаларға тап болды.

Қазақстан БҰҰ-на әлемдік қоғамдастықтың қатардағы жаңа мүшесі ретінде ғана емес, сонымен бірге қазіргі заманның ең бір өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді позиция ұстанатын, ядролық қарусыздану жолындағы қозғалыстың алғы шебінде тұрған мемлекет ретінде енді.

Біздің дипломатия ЕурАзЭҚ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Орталық Азия ынтымақтастық ұйымы сияқты басымдығы бар ұйымдарды нығайтуға айрықша ден қоюға тиіс2

Қазақстанның Ислам Конференциясы Ұйымына (ИКҰ) қатысуының негізінде экономикалық мүдде жатыр. Тәуелсіздік алған кезден бастап түрлі деңгейлерде ИКҰ-мен байланыстарға жол ашылды. Джиддадағы (Сауд Арабиясы) ИКҰ бас хатшылығымен тұрақты түрде хат-хабар алмасу жүзеге асырылады. Қазақстанның өкілдері Ұйымның және оның құрылымдық бөлімшелерінің сессияларына, атап айтқанда Ислам Даму банкінің экономикалық және сауда ынтымақтастығы жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысына қонақтар ретінде қатысады.

ИКҰ өзінің тарапынан Қазақстанға мұсылман елі ретінде ғана емес, сонымен бірге халықаралық саясаттың белсенді субъектісі ретінде үлкен қызығушылық танытты.

1995 жылғы желтоқсанда Конакридегі (Гвинея) ИКҰ-ға мүше елдер сыртқы істер министрлерінің конференциясында Қазақстан Ұйымға толық құқықты мүше ретінде қабылданды. ИКҰ Жарғысына сәйкес Қазақстан Ислам Даму Банкінің мүшесі де болды.

2000 жылғы қарашада қазақстандық делегация Катардың астанасы Дохада өткен Ислам Конференциясы Ұйымының ІХ саммитінің жұмысына қатысты. Саммиттің күн тәртібіне халықаралық саясатқа, ислам әлемі мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына, сондай-ақ ИКҰ шеңберіндегі техникалық, мәдени және гуманитарлық ынтымақтастыққа қатысты өзекті мәселелер енді.

Ислам әлемдік діндердің ішіндегі қуаттысы болып саналады. Өйткені ислам діні мұсылмандық әлемде қашанда діни доктрина мен әлеуметтік ұйым ретінде Еуропадағы христиан дінінен өзгеше рөл атқарады. Христиан діні өзінің халықты толық билеген заманында болсын, қатаң қудалау мен өркениеттің құлдыраған жылдарында болсын ешуақытта зайырлы билікті толық ығыстырып шығармаған болатын. Ал ислам діні болса, мұсылман қоғамының барлық салаларында орын тапты, ол экономикалық қатынастар сипатын анықтады, саяси әкімшілік бағыт пен мұсылмандардың әлеуметтік құрылымын, мәдениеті мен тұрмыстық қатынастарын белгіледі. Ислам елдерінің рухани өмірі исламның бақылауында болуымен қатар сыртқы қалыбы тәрізді ішкі негізі де исламдық сипат алып, ислам шеңберінде дамыды.

2003 жылы қыркүйек айында Астана қаласында өткен Әлемдік және дәстүрлі ұлттық діндер съезінің ашылуы рәсімінде Н. Ә. Назарбаев дін жайлы өз пікірін былай баяндайды: Дін - ғаламдану дәуіріне дейінгі әлемге гуманизм мен мәдени тілдесуге әкелетін жалғыз ауқымды құбылыс. Рухани байлықтан өзге, дін халықаралық әріптестіктің әрекетті институты болып табылады. Бұл этнодіндік сипаттағы локалды және аймақтық шиеленістердің ұлғайған бүгінгі күні өте маңызды3

Диплом жұмысының зерттеу нысанына ислам дінінің пайда болу тарихы, оның Қазақстан елінде таралуын, даму тарихында алатын орнын, қазіргі қоғамдағы рөлін зерттеу пәні ретінде атауымызға болады. Иассауи дүниетанымын сопылық iлiмi негiзiнде қарастыру, сопылық еңбектер мен сөздiктердi пайдаланып, Иассауи хикметтерiндегi сопылық ұғымдардың мағынасын ашып көрсету, сол арқылы «Диуани хикметтi» сопылық көзқарас тұрғысынан қарастыру тақырыбын қою өте өзектi болып тұр. Мұнымен бiрге ескеретiн жағдай, Иассауи 11 дүниетанымы мен философиясын зерттеу жұмысының қолға алынғанына көп болған жоқ. Ендiгi ретте жаңа дерек көздерiн аударып, қолдана отырып бұл тақырыпты түбегейлi зерттеу уақыты туып отыр.

Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері Ислам дінінің пайда болуынан бастап, ислам дінінің Қазақстан жерінде таралауы және қазіргі уақыт аралықтарын қамтиды.

Зерттеу жұмысының мақсаты тақырыбынан көрініп тұрғандай, ислам дінінің тарихи дамуы, бүгінгі Қазақстан өміріндегі исламның рөлі мәселелерін ашуда нақты сұрақтар қойып, оған жауап беру; тарихи, рухани үрдістер дамуын зерттеу барысында қазақ халқының өз деректеріне сүйене отырып пайымдау; орыс тілді авторлар мен қазақ тілді авторлар еңбегін салыстырып, екшелеп, зерделей отырып ақиқатты айқындау; Осылайша исламның Қазақстан тарихындағы орнына баға беру.

Мақсатқа байланысты бұл жұмысқа төмендегі міндеттер қойылған:

  1. Ислам дінінде ірі ағымдар пайда болуының тарихи алғышарттарын, ілімді кім таратқанын айқындау;
  2. Мұхаммед және оның исламды құру мен оның эволюциясындағы рөлін анықтау;
  3. Әр замандағы исламның жағдайына, исламның дамуына талдау жасау;
  4. Орталық Азияға таралған ислам дінінің ерекшелігін талдап, зерделеп, анықтау;
  5. Иассауи дүниетанымын сопылық iлiмi негiзiнде қарастырып, алатын орнын анықтау;

Зерттеу жұмысының деректік негізі. Деректер деректану пәнінің саралануына сәйкес мұрағат материалдары, заң және іс-қағаз құжаттары, мерзімдік баспасөз материалдары сияқты бірнеше топқа бөлінеді. Диплом жұмысының алдына қойған мақсаты мен міндеттерін орындауда негіз болған деректердің қайнар көздеріне қарай оларды бірнеше топтарға бөліп қарастырып отырмыз.

Деректердің бірінші тобына мемлекетаралық ынтымақтастықтың барлық бағытын қамтитын шарттар мен келісімдердің ішіндегі саяси шарттар құрады. Мұндай шарттардың қатарына Қазақстан Республикасы ИҚҰ мемлекеттері арасында жасалған мәңгілік достық туралы шарттар енеді.

Деректердің екінші тобына сыртқы экономикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған, екі және көпжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастардың құқықтық базасын құруға бағытталған шарттар мен келісімдер құрайды. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі шығарған құжаттар жинағы мен Қазақстан Республикасы Халықаралық шарттар бюллетенінде жарияланып жүрген шарттар мен келісімдер жатады.

Деректердің үшінші тобына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ағымдағы мұрағат материалдары құрайды.

Деректердің төртінші тобына Қазақстан Республикасының Статистикалық Агенттігінің материалдары қолданылады. Статистикалық мәліметтер мемлекеттердің экономикалық жағдайын және олардың арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың деңгейін көрсетеді. Сол арқылы экономикалық ынтымақтастықта орын алып отырған проблемалы жақтарға қорытынды жасауға және оның перспективаларын көрсетуге мүмкіндік берді.

Деректердің бесінші тобын «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы құрайды. Бағдарламада Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму стратегияларында шешімі жақын келешекте жүзеге асырылуы тиісті аса маңызды міндеттердің қатарына ел экономикасының жақсаруы, оны әлемнің алдыңғы қатарлы, дамыған елдерінің тәжірибелеріне сүйене отырып дамыту керектігі айтылады. Стратегиялық бағдарламада біздің жұмысымызға байланысты еліміздің рухани дамуының перспективасын айқындайтын басымыдылықтар көрсетіледі.

Деректердің алтыншы тобын Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында», ҚР Сыртқы істер министрі К. Токаевтың еңбектері құрайды.

Деректердің жетінші тобына бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған тақырыпқа байланысты құжаттар, ақпараттар, материалдар жатады. Бұған республикалық, шетелдік газеттер мен журналдардың әр түрлі жинақтар құрайды.

Зерттеу жұмысының әдістемелік және теориялық негізі. Зерттеу барысында жаңа бағыттағы ғылыми ой пікірлер мен тұжырымдар, жаңа тарихи тұрғыдан жазылған көзқарастар басшылыққа алынды. Диплом жұмысының зерттеудің методологиялық және теориялық негізін диалектикалық даму заңдылықтары мен өркениеттілік, салыстырмалық, талдау, жинақтау және қорыту, жүйелік әдістері арқылы бердік. Сонымен қатар тарихи ұстанымдармен концептуалдық ережелер, танымдық теория негіздері алынды.

Диплом жұмысының зерттелу деңгейі. Зерттеу тақырыбының тікелей ислам дініне қатынасы болғандықтан, ислам оның таралуы, генезисі мен тұжырымдамалар жайлы ғылыми еңбектер баршылық. Осы салада В. В. Бартольд, В. Ирвинг, О. Г. Большаков, Д. Еремеев, Г. Э. Грюнебаум, Е. А. Беляев, Р. Дозие, И. Крачковский, В. Соловьев, Ю. Скайлер, И. П. Остраумов, А. Крымский, Х. Абдалати еңбектерін атауға болады.

Ресейлік шығыстанушы ғалым В. В. Бартольдтың «Монғол шапқыншылығы кезіндегі Түркістан» атты классикалық еңбегінен баздің тақырыпқа қатысты мағұлматтар табуға болады. Х-ХІХ ғасырлардың аяғын қамтитын араб және парсы жазба деректерінің негізінде жазылған «Иран. Тарихи сарап», мәдениет тарихы мен мәдени дәстүрлердің алмасуы, Ирандағы зороастризм және ислам тағдырына арнаған «Ислам» еңбегінің маңызы ерекше. Басылып шыққан еңбектерінің негізінде қайта жарық көрген ислам тарихына байланысты «Ислам және Араб халифатының тарихы» кітабы ғалымның аса бағалы еңбектерінің қатарына жатады.

Араб әлемінің тарихына, исламның дамуы тарихында Е. А. Беляев еңбектерін ерекше атауға болады. Оның «Мұсылмандық сектанттық» атты тарихи очеркінде ислам секталарына жеке сипаттама беріледі.

Ислам мәселелерін зерттеуге бірқатар Қазақстандық ғалымдар да өз үлестерін қосты. М. Үсенова мен С. Үсеновтың «Дінтану» кітабында дінтанудың тарихымен теориялық мәселелері, яғни ерте замандағы және қазіргі дін мәселелері, олардың діни ілімі мен құлшылық етудегі ерекшеліктері, эволюциялық кезеңдері, таралуы, оның ішінде Қазақстан аймағына таралуы, діндердің бүгінгі жәйі, діндерге сыни көзқарастардың тарихы сөз болады. Еңбекте буддизм, христиан дінімен қатар ислам дініне де жеке тоқталып, оның пайда болуы, Мұхаммедтің өмірі, исламның жіктелуі, шиизмнің пайда болуы мен сүнниттерден айырмашылығына талдау жасалады.

Қазақстан халқын Құран, ислам діні қағидалары, мұсылмандық дәстүрмен терең таныстырған жеке тұлға ретінде - Халифа Алтай Ғақыпұлының есімін атауға болады. Шығыс Түркістанның Алтай өңірінде 1917 жылы дүниеге келген Халифа Алтай, өмірінің 12 жылын Үндістан мен Пәкістанда өткізіп араб, урду тілдерінде фикһ, хадис және құран тапсырысы саласындағы екі бірдей медресені тамамдады. 1988 жылы Құран Кәрімді қазақ тіліне аударды. 1992 жылы тарихи отаны Қазақстанға оралып ислам дінін насихаттап еңбек жазды. Халифа Алтай Ғақыпұлының «Құран әліппесі және имандық шарттары», «Ғибадатул ислам: Діни уағыз, насихаттар», «Хұтпалар: Діни уағыз насихаттар» сынды бірқатар танымдық еңбектердің авторы - Өсерұлы Нұралы. Оның «Ислам және қазақтың әдет ғұрпы», «Мұсылмандық қағидалары», «Мұсылмандық құқық», «Мұсылмандық неке заңдары» және тағы басқа еңбектері бар.

Диплом жұмысының тәжірибелік маңызы. Жұмыстың барысында қол жеткізілген зерттеудің қорытындылары мен ғылыми нәтижелерінің жекелеген бөлімдері халықарлық қатынастар тарихын зерттеушілер, саясаттанушы, аймақтанушы және болашақ тарихшы мамандарға осы тақырыпқа байланысты білімдерін толықтыруға өз септігін тигізеді деп ойлаймыз.

Диплом жұмысының құрылымы былайша құрылған: екі тармақтан тұратын бірінші бөлімде исламның шығу тегі, оның пайда болуының әлеуметтік экономикалық, идеялық алғы шарттары, Исламның жеңісі және ХХ ғасырға дейін дамуы сараланады.

Екінші бөлім екі тармақшадан тұрады - Тарихи-әлеуметтік орта және дәстүрлі сенім-нанымдар, Сопылық және Орталық Азияға исламның таралуына сипаттама беріледі. Исламның Орталық Азияға және Қазақстанға тарауы ұзақ жылдарға Х ғасырдан ХІХ ғасырға дейін созылды. Бұл жағдай кейбір дінтанушыларды қазақтар дінді қажет еткен жоқ, ол оларға бөтен еді деген тұжырым жасауға итермеледі. Бірақ, бұл көзқарас нақты дәлелді емес. Сондықтан ол анықтай түсуді қажет етеді.

Қазақтардың көшпелі өмір тұрмысы, далалы жерлерде мешіттердің болмауы исламды қабылдауға кедергі ете алмайтын еді. Өйткені, бұл дін сөзсіз мешітке келуді міндеттемейді. Ең бастысы көргенді мұсылман болуды, Алла мен оның елшісі Мұхаммедке шын сеніп, намазды үйде де, далада да - қайда қолайлы болса, сонда оқып, ырымдарды жасай беруіне болады. Исламның мұсылмандардың тұрмыс-тіршілігіне, ойлауына қатты енгендігі соншалықты, ұлттық әдет ғұрыптар мен дәстүрлерді таза исламдық, діни екендігінен ажырата қою қиын, сондықтан осы мәселелер диплом жұмысында басқа діндермен салыстыра отырып исламның ықпалы талданып зерттелген.

Диплом жұмысының қорытынды бөлімінде автор ислам мен оның үкімет билігі, құрылымдарымен ара қатынастарын байыптау Қазақстандағы дін мен азаматтық қоғам қарастырғанда қажет болады. Қазақстан Республикасының ата заңы - Конституциясы бойынша дін мемлекеттен алшақ бөлінген, ол дегеніміз жоғарыда аталғандардың әрқайсысын өз алдына өзінің қызметтерін атқарады, әрі бір біріне кедергі етпейді деген сөз. Біздің Республикамыздың азаматтарының қандай дінді ұстанам деуі, яғни ар ождан еркітілігі Қазақстан Республикасының Конституциясына, Азаматтық кодексіне, «Қазақстан Республикасының діни бірлестіктер және дін тұту еркіндігі» туралы заңдарына негізделетіндігіне тоқталады.

І. БӨЛІМ ИСЛАМНЫҢ ТАРИХИ ДАМУЫ ЖӘНЕ РЕСМИ ДІНГЕ АЙНАЛУЫ

1. 1 Исламның шығуы және оның әлемде таралуы

Құдай жер бетінде адамды жаратқаннан кейін оған еркіндік берді. Оның жіберген елшілері мен пайғамбарлары халықты дұрыс жолға салуға ұмтылды. Бұл елшілер бірінен кейін бірі халыққа әр түрлі заманда келіп, оларға түсінікті тілде сөйлеп, уағыз айтты. Елшілер мен пайғамбарлар бір біріне қайшы келген жоқ, керісінше, бірінен бірі шығып отырды. Пайғамбар деп құдайдың уакилерін халыққа қасиетті кітап ретінде жеткізіп отырған елшілерді атады. Ондай қасиетті кітаптар бірнеше - Мұса пайғамбар арқылы жіберілген Таурат (Ветхий Завет), Дәуіт пайғамбар арқылы жіберілген - Зәбүр (Псалтырь), Иса пайғамбарға жіберілген Інжіл (Новый Завет) және ең соңғы пайғамбар Мұхаммед арқылы жіберілген Құран. Ең алғашқы пайғамбар Адамнан ең соңғысы - Мұхамедке дейін көптеген басқа да пайғамбарлар болды, олар да халыққа Құдайдан уахи жеткізіп отырды.

Бұл пайғамбарлар мен елшілердің ғажайып мұғжизалар жасауы әркімге белгілі. Бұл істері жергілікті халықты сендіру үшін жасалынды. Осындай мұғжизалардың бірі Қасиетті Құран Кәрім болып табылады. Ол кітаптың өзінде де көрініс тапқан: «Бұрынғы пайғамбарлардан кейінгі адамдарға (пайғамбар келсе біз тәубе етер едік деп) сылтау айтпауы үшін (иланущыларға) жақсы хабар жеткізуші, (астамшылық еткендерді) ескертуші етіп, тағы да пайғамбарлар жіберіп тұрдық. Алла ұлы, ол хикмет иесі» (4, нисас, 165 а. ) .

Мұхаммед пайғамбардың өмірі мен амалдары жайлы көптеген зерттеулер оның басқа пайғамбарлармен туыстық қатынаста болғанын көрсетеді. Қырық жасына дейін пайғамбар басқа халықпен бірдей өмір сүріп жүрді. Ол 570 жылы Мекке қаласындағы құрайш руынан шықты. Әкесі Абдалла ұлы анасының құрасағында болғанда қайтыс болып кетті. Пағамбар атасы Абдул -Мутталитің қолында өсті. 6 жасында анасы қайтыс болады. Екі жылдан кейін атасы қайтыс болып, Мұхаммед ағасы Абу Талибтің қолында өсті. 610 жылы ол өзіне бағытталған шақыруды естиді. Мұхаммедке түсіне біреу келіп, оқуға бұйрық береді. Мұхаммед бас тартады. Екінші рет бұйрық естілгенде Мұхаммед: нені оқу керек деп сұрайды. Ал ол үшінші кезекте он өлеңмен тіл қатты, бұл Құранның 96 сүресіне айналды.

622 жылы 16 маусымда Меккеде қысымшылық көрген Мұхаммед сенушілерімен бірге Ясриб (кейіннен Медина деп аталады) қаласына қоныс аударады. Бұл жыл Хиджра жылы деп аталып, мұсылман күнтізбесі бастау алған жыл болды.

Ислам- Алла Тағала тарапынан жіберілген қасиетті дінге сену және осы дінде көрсетілген амалдарды жүзеге асыру деген сөз. Құдай осы дінді пайғамбар Мұхаммед бүкіл адамзатты ізгілік пен жақсылыққа баулысын, Алла Тағаланың ақ жолы - исламды насихаттасын деп жіберді. Ислам діні нағыз шыншылдығымен және әділеттілігімен бүкіл әлем таныған әйгілі дін болып табылады. Бүкіл дүние жүзіндегі 120-дан астам мемлекетте мұсылман қауымы өмір сүрсе, оның 35-де мұсылмандардың саны жартысынан асып, 90 пайыздан артық үлесін құрады. Қазіргі кезде ислам дінін ұстанатын адамдардың жалпы саны бір миллиард үш жүз миллионнан асты деп есептеледі.

Сондықтан да ислам әлемде ең кең тараған әрі беделді діндердің бірінен саналады. Рухани таза адам ғана өзін күллі жамандықтан, арам пиғылдан, біреуге қиянат жасаудан бойын аулақ ұстайды. Ислам дінінде экстремизм, терроризм, біреуге себепсіз қастандық жасау уағыздалмақ түгілі, кез келген қиянатты әрекет пен жағымсыз, ғайбат сөздің өзі зор кінә екені ескертіледі. Демек, ислам дінінің негізін, оның адамсүгіштік қағидаларын түсініп, біліп алмай, оны қолдамау не оған қарсылық білдіру нағыз надандық. Белгілі жазушы Ғ. Мұстафин кеңес дәуірінде «біз бұған дейін діншілдікке қарсы тұрып келдік, енді дінсіздікке қарсы тұратын мезгіл жетті» деген екен. Ислам дінінің қағидалары, Құран Кәрімнің айғақтары, пайғамбарымыз Мұхаммед сүннәләрі, хадистері, адамды тек ізгілікке, адалдыққа, адамгершілікке, ізептілікке, парасаттылыққа, еңбекқорлыққа, рухани тазалық пен имандылыққа баулиды, тәрбиелейді, шақырады.

Ислам дінінің басқа діндерге қарағанда көп ерекшеліктері бар:

  • ислам діні, ең соңғы жаңа дін;
  • ислам дінінде зорлау, мәжбүрлік ету жоқ;
  • мұсылмандық парыздар мен діни рәсімдер тек дәрет алып, тазалық сақтау арқылы атқарылады;
  • ораза ұстау арқылы адам жан дүниесінің, ағзаларының тазаруына қол жеткізеді;
  • намаздағы жеке элементтер дене шынықтыратын қимылдармен атқарылатындықтан денсаулыққа пайдасы мол;
  • ислам діні діни төзімділікті көздейді.

Американдық ғалым доктор А. В. Филипс ислам дінінің хақтығы туралы үш дәлел келтіреді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ислам және қазақтардың әдет - ғұрыптары
Қазақстанда исламның таралуының басталуы
Түркі халықтары арасында ислам дінінің таралуы
Түркілердің сенім негіздері
Батыс пен Шығысты байланыстырған Ұлы Дала жолы
Жібек жолының пайда болуы
Х–XII ғасырлардағы Қарахандар мемлекетінің мәдени мұрасы
Исламға дейінгі наным-сенімдер және Қазақстандағы мұсылман мәдениеті
Жібек жолының қалыптасуы
Араб және түркі мәдениеттерінің өзара ықпалдастығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz