Халықаралық арбитраждық органдардың түрлері
КІРІСПЕ
1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОММЕРЦИЯЛЫҚ АРБИТРАЖДЫҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1. Халықаралық коммерциялық арбитраждың түсінігі
1.2. Халықаралық коммерциялық арбитраждың тәртіп ретін белгілеу
1.3. Арбитраждық келісім
2. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРБИТРАЖДЫҚ ОРГАНДАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
2.1. Институциялық арбитраж
2.2. Арбитраж аd һос
2.3. Жалпы және арнайы арбитраждар
2.4. Қазақстанның халықаралық коммерциялық арбитражы
3 . АРБИТРАЖДЫҚ ШЕШІМДЕРДІ ОРЫНДАУ
ҚОРЫТЫНДЫ
Библиография тізімі
Арнайы әдебиеттер
Мерзімдік басылымдар

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Сыртқы экономикалық қызметте, халықаралық
экономикалық қатынастарда, сыртқы және халықаралық сауда қатынастарында
шаруашылық жүргізу субъектілерінің арасында туындаған дауларды шешудің бір
құралы — ол халықаралық коммерциялық арбитраж көмегіне жүгіну болып
табылады. Халықаралық коммерциялық арбитражды шаруашылық жүргізу
субъектілерінің арасындағы дауларды шешуші механизм әрі орган ретінде
танимыз. Қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі де осы органның қызметіне
байланысты болып отыр. Халықаралық коммерциялық арбитраж қызметі құқықтық
тұрғыдан реттелгенімен, бұл саладағы шешімін таппай жатқан мәселелер де
жеткілікті.
Ата заңымыз Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілгендей,
барлық тұлға заң және сот алдында тең, сонымен қатар өз құқықтары мен
бостандықтарын сотпен қорғауға құқылы (13-14-баптар). Аталған құқықтар
халықаралық актілерде де көрініс тапқанын атап өткен жөн. Сонымен қатар
Қазақстан Республикасында 2004 жылдың 28 желтоқсаныңда Халықаралық
коммерциялық арбитраж туралы және Төрелік соттар туралы Заңдар
қабылданды. Қазақстандық коммерциялық арбитраж тұрақты қызмет етуші
арбитраждық (төрелік) институт болып табылады.
XX және XXI ғасырда сыртқы сауданың, халықаралық экономикалық
қатынастардың дамуына байланысты халықаралық коммерциялық арбитраждың
қызметін реттеуге үлкен көңіл бөлінді. Осы мәселелерді реттеу мақсатында XX
ғасырдың басынан бері дауларды арбитраждық жолмен шешу, арбитраждық
шешімдерді орындауға қатысты халықаралық актілер мен басқа да нормалар
қабылданды. Мысал ретінде айтатын болсақ, коммерциялық арбитражбен
шығарылған шешімдерді тану және орындауды реттеу мақсатында 1958 жылы
қабылданған Шетелдік арбитраждық шешімдерді тану және орындау туралы Нью-
Йорк Конвенциясын атап өтуге болады.
Тағы атап кететін жағдай, әр мемлекеттің шаруашылық жүргізу
субъектілері арсындағы дауды коммерциялық арбитраж арқылы шешу
реттелгенімен, оны орындау кезінде едәуір қыйындықтар туындайды. Аталған
келеңсіз жағдайлардың себебінің бірі ішкімемлекеттік заңнамалар арсындағы
қарама-қайшылықтардың туындауында еді. Бұл мәселелердің алдын алу үшін
халықаралық актілерде арнайы ережелер қамтыла бастады және осындай
актілерге қосылған мемлекеттер үшін бұл ережелер міндетті болып табылады.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. XX ғасырдан бері қарай халықаралық
коммерциялық арбитраж мәселелерін зерттеу қолға алынған. Бұл зерттеулердің
нәтижесі ретінде халықаралық құқық (халықаралық жеке құқық) ғылымы
саласындағы ғалымдар мен халықаралық құқық мамандарының еңбектері бар.
Олардың қатарына А.Г. Федоровтың, Хьюллит-Джеймс Марктың
Международный коммерческий арбитраж, Б. Сеглиннің
Классификация исполнительного производства международных
арбитражей и иностранных судов, Е. Степаненконың Как
применять оговорку о публичном порядке при исполнении
иностранных арбитражных решений?, сондай-ақ Қазақстандық С.
Саринның Разрешение международных коммерческих споров в
Казахстане, Международная практика разрешения коммерческих
споров, Лондонский международный третейский суд, Қ.С.
Мауленовтың Международные коммерческие споры атты
еңбектерін атап өтуге болады. Аталған еңбектерде халықаралық
коммерциялық арбитраж қызметі, коммерциялық дауларды шешу
жолдары, арбитраждық шешімдерді орындауға қатысты ой-толғаулар
қарастырылады. Бұл саладағы зерттеулер әлі де болса жеткіліксіз деген
тұжырымға келуге болады.
Зерттеудің мақсаттары мен міндетгері. Бітіру жұмысының негізгі мақсаты
ретінде — халықаралық коммерциялық арбитраждың құрылуын, арбитраждық
тәртіпті және арбитраждық шешімдерді тану мен орындау мәселелерін жан-жақты
зерттеп, олардың реттелу тәртібінің мазмұнын ашып көрсету.
Аталған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылып отыр:
- халықаралық коммерциялық арбитражға түсінік беріп өту;
* халықаралық коммерциялық арбитражддың құқықтық реттелу
деңгейін қарастыру;
* халықаралық коммерциялық арбитражға жүгіну тәртібі мен
жолдарын қарастыру;
* қазіргі кездегі халықаралық коммерциялық арбитраж түрлерін бөліп,
жекелеген реттерде талдап, қарастыру;
* арбитраждық шешімдердің орындалу тәртібін қарастыру.
Зерттеудің объектісі мен пәні. Зерттеу объектісі болып халықаралық
арбитраждың қалыптасуы мен құрылуы және оның қызметі жатады.
Зерттеудің пәніне келесілер жатады: халықаралық коммерциялық
арбитражға қатысты құқықтық мәселелер, арбитраждық процесс аясындағы,
сондай-ақ арбитраждық шешімдерді орындау кезіндегі құқықтық қатынастар
жатады.
Зерттеу әдістері. Осы тақырыпты зерттеу кезінде келесідей зерттеу
әдістері қолданылды:
* тарихи шолу жасау;
* жүйелі талдау жасау;
* сараптама және синтез.
Қорғауға шығарылатын ережелер. Бітіру жұмысын жазу барысында
зерттелген тақырып бойынша келесідей қорғауға ережелерді ұсындым:
- халықаралық коммерциялық арбитражға түсінік XX ғасырда ғана
беріле бастады. Халықаралық коммерциялық арбитраж біріншіден,
шаруашылық субъектілерінің арасындағы дауларды шешуші механизм
болып табылады, екіншіден, дауларды шешу мақсатында туындаған
орган болып табылады, үшіншіден, халықаралық коммерциялық
арбитраж — арбитрлер. Сондай-ақ халықаралық коммерциялық арбитраж әртүрлі
мемлекеттердің шаруашылық субъектілері арсындағы сауда қатынастары,
сыртқы экономикалық қатынастар кезінде тындаған дауларды шешуші басты
орган;
- тараптар арасында келісім жасалған кезде арбитраждық ескертпелер
жасалады, сондай-ақ дауларды арбитраждық жолмен шешкенде келісім-шарт
еркіндігі қағидасы көрініс табады. Дауларды арбитраждық жолмен шешу кезінде
материалдық нормалар да коллизиялық нормалар да қолданылады;
халықаралық коммерциялық арбитраж шешімінің танылуы мен
орындалуы келесідей тәртіппен жүзеге асады.
Біріншіден,
мемлекеттер арбитраждық шешімдерді тану және орындау туралы
келісімге мүше болу керек. Және арбитраждық шешімдер келісіде
көрсетілген ережелерге сай келуі керек. Екіншіден, арбитраждық
шешідерді орындату үшін мемлекеттің тиісті органдарына өтініш білдіру
керек. Үшіншіден, тараптар арсындағы келісім-шартта арбитраждық
шешімдерді орындауға қатысты мәселелер қарастырылуы керек.
Қазақстан Республикасындағы арбитраждық институт тараптармен
таңдалған құқық нормаларымен, шарттық қатынастардан туындаған
дауларды шешеді.
Зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңызы. Бұл зерттеуде орын алған
ойлар мен ақпараттарды тәжірибеде, сондай-ақ оқу орындарында дәріс беру
кезінде пайдалануға болады деген ойдамыз.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Бітіру жұмысының құрылымына
келсек, ол кіріспеден, үш тараудан (алғашқы тарау үш, екінші тарау төрт,
үшінші тарау бір бөлімнен), қорытындыдан және библиографиялық тізімнен
тұрады. Бітіру жұмысы Бітіру жұмысын жазу туралы әдістемелік құрал
ережелеріне сай жазылған.
Бітіру жұмысының жалпы көлемі 59 беттен тұрады.
1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОММЕРЦИЯЛЫҚ
АРБИТРАЖДЫҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1. Халықаралық коммерциялық арбитраждың түсінігі
Халықаралық сауда айналымында Халықаралық Коммерциялық арбитраж
атауына иеленген арбитраждық тергеу, халықаралық сауда аясында туындаған
дауларды шешудің негізгі тәсілі болмастан бұрын болған.
Арбитраждық тергеу мемлекеттік сот әділдігінен бұрын пайда болды және
оның бастауы Рим кездерінде туған.
Өркениет туындағаннан бастап адамдар, саудагер мамандығы әлемде ең
ежелгі болып табылмаса да, халықаралық саудамен айналысқан. Ассириялықтар
ежелгі египтіктерді сатқан; қытайлықтар -Үндістан, Грек және Рим халықтарын
сатқан және сол кездерде олар сауда дауларын шешумен жиі айналысқан.
Бастапқыда арбитраждық соттардың шешімдері мемлекеттік мәжбүрлеу
шаралар көмегімен орындалмаған. Тараптар тек қана арбитраждық келісімде
арнайы өндіру шараларын немесе шешімді орындауды қамтамасыз ететін басқа
тәсілді алдын-ала ескерген. Мемлекеттік соттар шығаратын шешімдер иеленген
заңдық күшті, алғашқы болып Юстиниан арбитраждық соттардың шешімдеріне де
заңды күш енгізген. Сот шешімінің заңды күшіне енуі халықаралық саудада аз
дегенде бір шетел тұлғасы қатысқандықтан, тараптардың біреуі көбінесе басқа
тараптың соттарына сенімсіздік білдірген. Одан басқа, ішкі дауларды шешуге
байланысты, судьялар мен соттарға көп міндет жүктелген. Осы әрекеттің
барлығы тәжірибеге әкелді, яғни дауға қатысушы тараптар, олардың арасындағы
дауды шешетін арбитр ретінде әрекет ететін, сыйлы тұлғаларды тағайындаған.
Өкінішке орай, бұл тағайындалған тұлға өзін әрқашанда адал ұстамаған. Грек
мифологиясы бізге Трояндық ханзада - Паристің мысалын келтіреді. Жебеуші
әйелдердің қайсысы: Гера, Афина немесе Афродита ең әдемі деп сұрағанда, ол
айғақтарды әділдікпен бағалай алмай, оның орнына сұлу ханша Еленаны ұрлауға
көмектесетініне уәде беру нысанында Афродитадан пара алған. Нәтижесі
Трояндық соғысқа әкелді.
Сонымен қатар арбитраждық шешімдерді орындау кезінде қиыншылықтар
болды. Бірақ өзінің әйгілігін сақтау және қазірде халықаралық коммерциялық
дауларды шешудің тиімді және кең қолданбалы болуына айналдыру мақсатында,
көптеген ғасырлар бойы нақты қызмет атқарды.
Феодал өзінің қол астындағылардың үстінен шектеусіз билік және сот
билігін жүргізгенін ескеріп, феодализм кезеңі халықаралық коммерциялық
арбитраждың дамуына ықпал етпеді деп айтуға болады.
Арбитражға деген қызығушылық сауданың дамуымен қатар өсті. Арбитражды,
сауда сияқты ежелгі деп айтуға болады. Халықаралық коммерциялық арбитраждың
қазіргі заманғы дәуірі XVIII ғ аяғы -XIX ғ басына тән, яғни ол кезде сауда
саласындағы даулар және теңіз арқылы тауарларды тасымалдауға байланысты
даулар арбитраж жолымен шешілген. Бұл кезеңге сонымен қатар биржалар,
саудалық сипаттағы мекемелер немесе сауда-өнеркәсіптік палаталар құрған,
алғашқы тұрақты әрекет ететін арбитраждық институттар жатады.
Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталған соң, халықаралық коммерциялық
арбитраждың дамуында күйреу кезеңі орын алған кезде Париждегі Халықаралық
Сауда палатасы құрылды. Бірақ оны құрудың жұмысы соғысқа дейін басталса да,
1905 жылы құрылған сауда палаталарының Конгрессінің шешімі негізінде,
Париждегі Халықаралық Сауда палатасы бүкіләлемдік үкіметтік емес сауда
ұйымы ретінде 1914 жылы 10 маусымда құрылды. Оның отырысында Халықаралық
Сауда палатасының Жарғысы бекітілді және қызметтің бағдарламасы қабылданды.
Бұдан басқа, 1912 жылы Бостонда өткен Конгресстің отырысында,
халықаралық аяда туындаған дауларды шешуді реттейтін халықаралық құқықтық
нормаларды туындату қажет деп танумен байланысты Резолюция қабылданды.[1]
Өзінің қызмет етуінің басынан бастап, Палата тарабынан саудагерлердің
арасындағы дауларды жылдам, қымбат емес және түпкілікті шешу үшін, жағдай
жасауының маңызы зор болды. Бұл көріністе қазіргі заманғы халықаралық
коммерциялық арбитраждың мәні көрініс тапты.
Халықаралық коммерциялық арбитраж термині бірнеше мағынада
қолданады. Біріншіден, бұл термин сыртқы экономикалық мәмілелерден
туындайтын дауларды шешудің механизмін білдіреді. Екіншіден, халықаралық
коммерциялық арбитраж термині осындай дауларды шешу үшін туындаған орган
болып табылады. Үшіншіден, халықаралық коммерциялық арбитраж терминінің
мағынасы ол арбитраждың құрамы: бірнеше арбитрлер немесе жеке арбитр.[2]
Халықаралық коммерциялық арбитраж екі немесе бірнеше тараптар арасында
жасалған келісімге сәйкес сотта дауларды қарау жабық жүргізілетін, дауларды
шешу үшін механизм ретінде көрініс табады және бұл бойынша тараптардың
келісуі бойынша, арбитр (арбитрлер) шығарған шешім, әділетті қаралғаннан
кейін тараптар үшін міндетті болады.
Бір немесе бірнеше арбитрлерден тұратын арбитраждық сотқа дауды шешуге
беру орын алған дау бойынша тараптардың келісімімен жүзеге асады.
Арбитраждык, сот тараптармен тікелей сайланады немесе олардың атынан
тараптар арбитраж жүргізу процедураларын белгілейді. Арбитраждық сот
шығарған шешім түпкілікті және тараптар үшін заңды, міндетті болып
табылады, бірақ бұл шешім тараптар ұсынған дәлелдемелер мен дәлелдерге
сәйкес қабылдану керек. Нағыз арбитраждық шешім соттармен танылуы және
орындалуы мүмкін.
Әрбір арбитраждық істе барлық элементтер бірдей болса да, арбитраж
бәрібір біртектес механизм болып табылмайды. Әрбір арбитраждық тергеудің
табиғаты, мәселенің мәніне, даудың мөлшері және сипатына, даудағы
тараптардың пайда болуы және жағдайларына тәуелді.[3]
Әртүрлі мемлекеттердің фирмалары және ұйымдары арасында туындайтын
сауда және басқа экономикалық қатынастар саласындағы дауларды қарастыратын
арбитраждық соттарды, халықаралық құқықтың субъектілері ретінде
мемлекеттердің арасындағы дауларды қарастыратын арбитраждық соттардан айыру
қажет. Сонымен қатар шетел элементі бар құқықтық қатынастар бойынша,
дауларды қарастыратын арбитраждық соттарды, мемлекеттің шаруашылық
субъектілердің арасындағы дауларды шешетін арбитраждық соттардың жүйесінен
айыру қажет.
Шетел ұйымдары мен фирмаларына байланысты дауларды қарастыруға
арналған, арбитраждық соттарға қатысты халықаралық коммерциялық арбитраж
түсінігі қолданылады.
Халықаралық термині таза ұлттық болып табылатын және ұлттық
шеңберден шығатын арбитраждар арасындағы айырмашылықты білдіреді. Әртүрлі
елдердің құқықтық жүйелері халықаралық деген түсінікті түрлі түсіндіреді.
Кейбір елдерде даудың сипаты бойынша айырмашылық келтіріледі: дау
халықаралық сауданың мүдделерін қозғаса, ол халықаралық болып есептелінеді.
Басқа құқықтық жүйелер даудың тараптарына көңіл бөледі: оның ұлтына,
тұрақты тұратын жеріне және т.б.[4]
Арбитраждың халықаралық сипатының негізгі заңды маңызы былай көрініс
табады, яғни белгілі елдер : Франция, Италия және Швейцария ішкі арбитражға
қолданылатын құқықтық режиммен салыстырғанда, халықаралық арбитраждарға
ерекше құқықтық режимдер қолданады. Өйткені ішкі арбитраждарға домицилилер
және бір мемлекеттің азаматтары қатысады, сол себептен мүмкін мемлекет
осындай түрдегі арбитраждарға бақылау жүргізеді.[5]
1985 жылғы халықаралық сауда арбитраж туралы ЮНСИТРАЛ Типтік заңына
сәйкес, арбитраж халықаралық болып табылады, егер: а) арбитраждық
келісімнің тараптарының коммерциялық кәсіпорындары шартты жасағанда
әртүрлі мемлекеттерде орналасса; немесе b) келесі орындардың біреуі
мемлекеттен тыс жерде орналасса, яғни ол жерде тараптар өзінің коммерциялық
кәсіпорындарына ие: арбитраждың орны, егер ол арбитраждық келісімде
анықталса немесе оған сәйкес; сауда қатынастарынан туындаған міндеттердің
едәуір бөлігі сол жерде орындалуы тиіс қандай да бір орын, немесе дау
пәнімен тығыз байланысты орын; немесе с) арбитраждық келісімнің пәнімен бір
елмен ғана байланысты екеніне тараптар тікелей түрде келіссе.
Арбитраждың халықаралық сипатының іс жүзіндегі маңызы - дауды шешуге
аз дегенде бір шетел құқықтық жүйесі және бір шетел мемлекеті қатысады.
Коммерциялық термині коммерциялық және коммерциялық емес келісім-
шарттарының арасында айырмашылықты келтіретін елдерде қолданылады. Көптеген
елдерде арбитраждық сотқа коммерциялық келісім-шарттардан туындайтын даулар
ғана жіберіледі.
Даудың коммерциялық сипаты орасан зор маңызға иеленеді, егер
арбитраждық шешімді тану және орындау немесе арбитраждық шешімді орындауға
талпынса, онда шетел арбитраждық шешімдерді тану және орындау туралы 1958
жылғы Нью- Йорк Конвенциясының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Көптеген елдер Конвенцияда көзделген ескертулерді қолданады, және олар
өздерінің ішкі құқық жүйесімен коммерциялық ретінде қарастыратын дауларға
ғана Конвенцияның ережелерін қолдану қажет.
Айтып кететін жәйт, арбитраж тәртібінде дауларды қарастыру белгілі
ерекшеліктерге ие және сот тәртібімен салыстырғанда құндылықтарды қамтиды.
Дауға қатысушы тараптар өзара келісім бойынша қандай болсын арбитражды
таңдай алады, арбитрлерді тағайындау, істі қараудың орны және тілі туралы
келісе алады, процедуралық кезеңдерді ескерте алады. Арбитраждың
құндылықтарының бірі болып істі (жалғыз инстанция және күрделі емес
процедура орын алғанда) қарастырудың мерзімінің ұзақ емес болуы,
Арбитраждық соттарда дауларды шешу бойынша шығындар едәуір азырақ
(негізінен едәуір қысқа процессуалдық циклдің арқасында және процессуалдық
өкілдіктің төмен бағасы), процессті жүргізуге кеткен және соның ішінде
адвокаттарға кеткен шығындар, әдетте батыс елдерінде жоғары. Арбитраждың
үлкен құндылығы болып, арбитрлердің құзыреті табылады, өйткені олар
мамандардың санынан сайланады. Фирмалар мен ұйымдардың көзқарасы жағынан,
елеулі құндылық болып, арбитраждық соттың әдетте жабық түрде мәжіліс
өткізуі. Істі қарау процессінде қабылданатын шешімдер, талап арыз
талаптарының шеңберінен шықпауы тиіс. Арбитраждық шешімдер түпкілікті болып
табылады, шағымдануға жатпайды және тараптар үшін міндетті және кеткен
шығындар халықаралық конвенциялар жүйесі, әлемнің жүзден астам елдерінде
олардың мәжбүрлі орындалуын қамтамасыз етеді.
Халықаралық коммерциялық дауларды, мынандай жағдайда
арбитраждық қарау орын алады, егер:
- дауды қандай соттар қарайтынын тараптар келісе алмаса; соттар
ұсынылған арыздар мен құжаттарды сот ісін жүргізу тіліне аударуды талап ете
алады; және бұл тіл тараптардың біреуіне шетел тілі болып немесе негізгі
келісім-шарт жасалған немесе тараптар арасында хат жазысу тілі болып
табылмаса. Тіпті егер арбитражға қатысушы тараптар әртүрлі тілді
мемлекеттерден болса, онда олар ресми қатынастар орын алған және екі тарап
үшін түсінікті тілде арбитраждық тергеу жүргізілуі тиіс жөнінде келісе
алады.
- жауапты тарап активтің көп бөлігіне иеленбеген елде, дау шешіле алады.
Шешімдер шығарылмаған елдерде арбитраждық шешімдер танылады және
орындалады. Сот шешімдерін тану және орындау бойынша
келісімдер жүйесінен қарағанда, 1958 жылғы Нью-
Йорк Конвенциясы белгілеген, шетел арбитраждық шешімдердің
тану және орындалу жүйесі, орасан зор географиялық қолданыста;
- тараптар олардың арасында туындаған дауды, жария еткісі келмесе.[6]
Сонымен қатар айтып кететін жәйт, арбитраждық тергеуге қатысуға ниет
білдірген тараптардың біреуінің құқық қабілеттігі анықталатын заңға сәйкес,
құқық қабілеттігі жоқ болса, онда арбитраж мүмкін емес. Мысалы, Сауд Арабия
мемлекеті арбитраждық келісімде тарап бола алмайды. Мемлекеттік агенстволар
келісімде тарап ретінде көрініс тапса да, АҚШ Федералдық үкіметі
арбитраждық келісімде тарап бола алмайды. Арбитраждық келісімде бірнеше
мемлекеттер (мысалы, Иран) тарап бола алады, егер сәйкес мемлекеттік
органның ерекше рұқсаты берілсе. Арбитраж өзінің табиғаты бойынша өте
икемді. Тәжірибелі қатысушылардың қолында, ол даудағы жылдам және
түпкілікті шешімді шығарудың құралы болатындай, қалыптасуы қажет.
1.2. Халықаралық коммерциялық арбитраждың тәртіп ретін
белгілеу
Дауларды шешудің амал - тәсілдері ретінде арбитражды қолдану үшін,
қолайлы жағдайлар туындатуға бағытталған әртүрлі әрекеттер, халықаралық
құқық аясында 80 жылдан аса уақыт бойы жүзеге асырылды. Типтік заңдар және
аd һос арбитраждары үшін арбитраждық регламеттердің жалпы және аймақтық
сипаты ретінде, халықаралық коммерциялық арбитраж қызметін реттейтін
конвенцияларды қабылдау елеулі нәтиже болып табылады. Халықаралық
коммерциялық арбитражға қатысты өте маңызды халықаралық құжаттар төменде
көрсетіледі.
Еуропа үшін БҰҰ Экономикалық комиссиясының қамқорлығымен 22 Еуропалық
мемлекеттердің үкіметтерінің өкілдерінің жиналысында Сыртқы саудалық
арбитраж туралы Еуропалық Конвенция (Женева, 21 сәуір 1961жыл) жасалып
шығарылды. 1966 жылы ол Арбитраждық регламентпен толықтырылды, яғни
факультативті сипатқа ие және тараптардың келісуі бойынша қолданылады.
Қазіргі кезде Конвенцияға 26 мемлекет мүше. Конвенция еуропалық емес
мемлекеттердің қол қоюына мүмкіндік береді. ҚР 1995 жылы 4 қазан ҚР
Президентінің Жарлығына сәйкес, сыртқы саудалық арбитраж туралы Еуропалық
Конвенцияға қосылды. Конвенцияда қамтылған ережелер келісімге келуді
білдіреді, Еуропалық Конвенцияның преамбуласында көрсетілгендей, бұған
Батыс және Шығыс Еуропа мемлекеттері қол жеткізді, оның ережелері әртүрлі
еуропалық елдердің жеке және заңды тұлғалары арасында сыртқы саудалық
арбитражды функциялаудағы кейбір қиыншылықтардың пайда болуына байланысты,
жою жолымен еуропалық сауданың дамуына жәрдемдесуі тиіс.
Әртүрлі келісуші мемлекеттерде тұрған орны немесе тұрақты тұратын
жерге ие тұлғалар арасында сыртқы сауда бойынша операцияларды жүзеге асыру
кезінде, пайда болатын дауларды арбитраж тәртібінде шешу туралы арбитраждық
келісімдерді жасау мәселелерін аталмыш Конвенция реттейді, сонымен қатар
арбитраждық келісімдерге негізделген арбитраждық шешімдер және процесстер
қолданылады.
Сөйтсе де халықаралық арбитражға қатысты, арбитраждық шешімдердің
орындалуын реттейтін көпжақты келісім-шарттар және конвенциялардың маңызы
зор.
Ұлттар Лигасының қамқорлығымен дайындалған 1923 жылғы арбитраждық
келісімдер туралы Женева Хаттамасы, халықаралық коммерциялық арбитраждың
саласында конвенциялық сипаттағы бірінші халықаралық құжат болды.
Арбитраждық келісімнің күшінде болуын мемлекетпен тануға қатысты құқықтық
реттеудің болмауы, арбитраждың дамуына елеулі кедергі болды.
Арбитраждық келісімнің халықаралық орындалуын қамтамасыз ету,
Хаттаманың бастапқы мақсаты болды. Хаттама бойынша әртүрлі келісуші
мемлекеттердің заңдарына тиісті, тараптар арасында жасалған арбитраждық
келісімнің күшін қол қойған мемлекеттер таниды. Келісуші мемлекеттер
тараптар анықтаған арбитраждық процедураны тануға келісті, сонымен қатар
олардың территорияларында жүзеге асырылуы тиіс процесуалдық әрекеттерді
жеңілдетуге де келісті.
Келісуші мемлекеттер олардың өздерінің
территорияларында шығарылған арбитраждық шешімдерді, ұлттық заңдардың
ережелеріне сәйкес және олардың үкіметімен орындауды қамтамасыз етуді
міндеттенеді. Сөйтіп, яғни тараптардың жеке арбитраждық келісімге қол қоюы
немесе келісім -шартқа арбитраждық ескертпені кіргізуі және талаптар
мемлекеттік сотқа түскен кезде, оны қабылдаудан бас тарту міндеттілігі,
Хаттамаға мүше мемлекеттердің соттарына жүктеледі. Хаттамаға 34 мемлекет
қол қойды.[7]
Содан соң 1927 жылы Шетел арбитраждық шешімдерді орындау туралы
Женева Конвенциясы қабылданды. Конвенцияға қатысушы мемлекеттің біреуінде
шыққан арбитраждық шешім, сәйкес арбитраждық шешім қабылданған мемлекетте
ғана емес, конвенцияға басқа қатысушы-мемлекеттерде де орындалу үшін,
Конвенцияның басты мақсаты болып, Женева Хаттамасы ережелерін қолдануды
кеңейту болды. Конвенцияға сәйкес, келісуші тараптар 1923 жылы Женева
хаттамасының күшіне тиесілі және орын алған немесе болашақта орын алатын
келіспеушіліктерге қатысты, келісімдерге сәйкес қабылданған арбитраждық
шешімдерді өзара тану және орындауға міндеттенді, сонымен қатар келісуші
тараптардың біреуінің заңдарына тиісті тұлғаларға қатысты шешім қабылдануын
ескерді. КСРО бұл келісімдерге қатыспаған.
БҰҰ- ның қамқорлығымен Шетел арбитраждық шешімдерді тану және
орындау туралы Конвенция дайындалды (Нью-Йорк, 10 маусым 1958 жыл). Нью-
Йорк Конвенциясының қатысушылары болып 112 мемлекет табылады, олардың
ішінде Ресей Федерациясы, Белоруссия, Қырғызстан, Латвия, Литва, Эстония,
АҚШ, Канада, Франция, Германия, Австралия, Қытай және тағы басқа
мемлекеттер. Қазақстан 1995 жылы 4 қазанда ҚР Президентінің Жарлығына
сәйкес, шетелдік арбитраждық шешімдерді орындау және тану туралы Нью-Йорк
Конвенциясына қосылды. Маврикийден басқа, барлық елдерде Нью-Йорк
Конвенциясы Женева Хаттамасын және Женева Конвенциясын алмастырады.
Конвенцияның ережелері бойынша, Конвенцияға қатысушы - мемлекеттер күші бар
арбитраждық келісімдерді орындауы тиіс, сонымен қатар арбитраждық
шешімдерді тану және орындауы тиіс.Нью-Йорк Конвенциясының негізгі пәнін,
шетелдік арбитраждық шешім құрайды.Конвенция бойынша арбитраждық шешім
шетелдік болып табылады, егер ол шешім шетелде шығарылса (территориялық
теория) немесе егер ол шешім танылуы және орындалуы тиіс болса және сол
мемлекетте арбитраждық шешім ішкі болып есептелмесе (процессуаалдық
теория) (I бап,1 - тармақ).
Инвесторлардың мүдделерінің кепілін көпжақты негізде қамтамасыз етуге
тырысқан, батыс мемлекеттер басқа мемлекеттердің тұлғалары және мемлекеттер
арасындағы инвестициялық дауларды реттеу туралы Конвенция жасауды ұсынды.
Вашингтон Конвенциясына 1965 жылы 18 наурызда қол
қойылды және 1966 жылы 14 қазанда күшіне енді.Ол Конвенцияға 100-ге жуық
мемлекеттер қатысады. Конвенция дауларды шешудің арбитраждық процедура
және татуластырушы ережелерін, сонымен қатар МБРР-ге тиесілі
(қарамағында) инвестициялық дауларды шешу бойынша Халықаралық
Орталық құруды (МЦРИС) қарастырады. Оның мақсаты - қатысушы -
елдердің ұлттық органдарының юрисдикциясынан, инвестициялық дауларды алу
болып табылады, яғни ол шетел инвесторларының жеке капиталын қорғауды
қамтамасыз етеді. Жеке халықаралық инвестицияларға байланысты дауларға
қатысты, әдетте ұлттық заңды процедуралар қолданады, ал белгілі жағдайларда
реттеудің халықаралық әдістері жарауы мүмкін екенін, преамбулада келісуші
мемлекеттер таныды. Сонымен қатар Конвенциямен құрылған құрылымды қолдану
арқылы, арбитражға немесе татуласуға мұндай дауларды беруге тараптардың
өзара келісуі, негізінен, татуластырушылардың ұсыныснамалары сәйкес жолмен
ескерілуі тиіс, ал арбитраждық шешімдер орындалуы қажет деп талап ететін,
міндетті келісім болып табылатынын, келісуші мемлекеттер таныды.
Ешбір келісуші мемлекет Конвенцияны ратификациялау, қабылдау немесе
бекітуге байланысты және оның келісімінсіз арбитражға немесе
татуласушылыққа қандай да болсын нақты дауды беру міндетіне иеленген болып
есептелінбейді. 26 маусым 1992 жыл МВФ, МБРР, МФК, МАР, МАГИ, МЦРИС-ке ҚР
мүшелігі туралы ҚР Заңы қабылданды.
Экономикалық Өзара көмек Кеңесінің (СЭВ) мүше - елдері ғылыми-
техникалық ынтымақтастық және экономикалық қатынастардан туындайтын,
азаматтық - құқықтьқ дауларды арбитраждық жолмен шешу туралы Конвенция
(Мәскеу, 26 мамыр 1972 жылы) қабылдады. Ғылыми техникалық ынтымақтастық
және өзара экономикалық толық жетілдіру және кейінгі
тереңдету үшін қолайлы құқықтық жағдайлармен қамтамасыз етуге олар
талпынады, Конвенцияға қол қоя отырып, преамбулада келісуші тараптар
ерекше көңіл аударады. Сыртқы сауда операцияларымен байланысты, дауларды
шешудің тиімді аспаптары ретінде арбитраждық соттардың қызметін олар
жағымды бағалады.Ғылыми техникалық және экономикалық ынтымақтастықтың
барлық түрлерінен туындайтын қатынастар, азаматтық -құқықтық дауларды
олардың жүргізуіне жатқызу жолымен, келісуші тараптар бұл арбитраждық
соттарды көбірек қолдануды ұйғарды.
Мәскеу Конвенциясы қарастыратындай, қазіргі Конвенцияға мүше-елдердің
экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастығы процессінде олардың
арасында пайда болатын келісімді және азаматтық-құқықтық қатынастардан
туындайтын, шаруашылық ұйымдар арасындағы барлық даулар, арбитраждық
тәртіпте қарастырылуға жатады, ал мемлекеттік соттарда мұндай даулар
қаралмайды. (І-бап,1-тармақ). СЭВ ыдырағаннан кейін, Мәскеу Конвенциясы
өзінің маңызын жоғалтты. Оның қатысушылары болған бірнеше мемлекетпен
денонсацияланды. Аймақтық шегінен шықпайтын, Панамерикандық Конвенция
ретінде белгілі, халықаралық коммерциялық арбитраж туралы Америка аралық
Конвенция орын алуы туралы айта кету керек. (Панама, 30 қаңтар 1975жыл). Ол
көбінесе Нью- Йорк Конвенциясының ережелерін қайталайды. Сонымен бірге оған
жаңа қағида енгізілген, яғни Конвенцияға қатысушы мемлекетте шығарылған
арбитраждық шешім орындалу мақсатында бұл арбитраждық шешім түпкілікті сот
шешімі күшіне ие. АҚШ-тың Панамалық Конвенцияға қосылуы өте маңызды,
өйткені Конвенцияға қатысушы латынамерикалық мемлекеттерде арбитраждық
тергеуді жүзеге асырумен байланысты көптеген мәселелерге жол бермеуге
мүмкіндік береді.[8]
Арбитраж саласында Ұлттық заңдар даму үшін 1985 жылы қабылданған
халықаралық сауда арбитраж туралы ЮНСИТРАЛ-дың Типтік заңы өте маңызды.
Арбитраждық заң үшін үлгі ретінде бұл заңның мәтіні БҰҰ Бас Ассамблеясымен
ұсынылды. Бұл Типтік заң халықаралық коммерциялық арбитраждың құқығын
бірыңғайландыу тенденцияларын білдіру болып табылады. Бұл Типтік заңның
негізінде Австралияда, Бахрейнде, Бермуд Аралдарында, Болгарияда,
Венгрияда, Гватемалада, Гонконгта, Зимбабведе, Мысырда, Үндістанда,
Канадада, Кенияда, Кипрде, Мальтада, Мексикада, Нигерияда, Жаңа Зеландияда,
Перуде, Ресей Федерациясында, Сингапурде, Тунисте, Украинада, Финляндияда,
Шотландияда, Шри -Ланкада және АҚШ -та - Калифорнияда, Коннектикутте,
Орегонда және Техаста ұлттық актілер қабылданды.[9]
Екіжақты келісімдерге қарағанда, көпжақты конвенциялар мен
келісімдердің халықаралық коммерциялық арбитраж үшін маңызы зор, сонда да
бұл айғақ екіжақты келісімдердің маңыздылығын азайтпауы тиіс, әсіресе сол
жағдайларда, егер дауға қатысушы тараптың мемлекеті Нью-Йорк Конвенциясының
қатысушысы болмаса немесе Нью-Йорк Конвенциясына қосылмаған мемлекетте
активтері орналасқан тарап қатысса. Бұл жағдайда арбитражды жүргізудің орны
туралы келісімге келу қажет, яғни ол орын сол тараптың активтері орналасқан
елмен арбитраждық шешімдерді орындау туралы екі жақты конвенциясы орын
алған елде болуы керек. Осындай екі жақты келісімнің мысалы ретінде ҚР және
Ресей Федерациясының арбитраждық соттарының өзара әрекеті және
ынтымақтастығы туралы Келісім жасалғаны жөнінде айтқан жөн (Мәскеу,27
наурыз 1992 жыл).
Сонымен қатар ТМД шегінде жасалған келісімдер туралы айта кету
керек. 20 наурызда 1992 жылы Киевте сегіз ТМД-ға мүше - мемлекеттер
шаруашылық қызметті жүзеге асырумен байланысты дауларды шешудің тәртібі
туралы келісім жасады. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1992
жылы 2 шілдеде бұл келісімді ратификациялады. Сонымен бірге 22 қаңтар 1993
жылы Минскіде он ТМД-ға мүше-мемлекеттер қылмыстық, отбасылық, азаматтық
істер бойынша құқықтық қатынастар және құқықтық көмек туралы Конвенцияға
қол қойылды. 31 наурызда 1993 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі
Конвенцияны ратификациялады.
Әртүрлі елдердің арбитраждық мекемелері екі және көпжақты келісімдерді
жасау жолымен ынтымақтастықты жүзеге асырады. Мұндай келісімдер тұрақты
әрекет ететін арбитраждық соттардың қызметімен қалай қолдану керек екені
туралы шаруашылық субъектілер үшін ұсыныснамаларды қамтиды, сонымен қатар
арбитраждық тергеуді жүзеге асыру кезінде әртүрлі сипаттағы өзара көмек
бойынша міндеттер кіреді және егер мұндай көмек басқа мемлекеттің
территориясында қажет деп табылса.
Халықаралық ынтымақтастықтың барлық салалары бір-біріне өзара әсер
етеді, нәтижесінде халықаралық коммерциялық арбитраждың қағидаларын
бірінғайландыруға әкеледі.
Теорияда сияқты, тәжірибеде де арбитраждық келісімдердің екі түрінің
арасында айырмашылық жүргізіледі. Пайда болған дауға қатысты жасалған
арбитраждық соттың қарауына істі беру туралы арбитраждық келісім төрелік
жазу (compromis) деп аталады. Болашақта пайда болуы мүмкін дауды
арбитраждық сотқа істі беру туралы шарт арбитраждық ескертпе
(compromissoire) деп аталады.
1.3. Арбитраждық келісім
Дауды арбитраждық соттың шешуіне беру үшін арбитраждық келісім қажет.
Тараптардың арасында пайда болған немесе болашақта пайда болатын даулар
туралы тараптардың бұл келісімі, олармен арбитраждық соттың қарауына
беріледі.[10]
Арбитраждық келісім жеке құжат нысанында құрылуы мүмкін. Сонымен бірге
арбитраждық келісім негізгі келісім-шартқа енгізілуі мүмкін, бұл жағдайда
арбитраж туралы контрактының мұндай шарты арбитраждық ескертпе деп
аталады. Мұнда тараптар, мүмкін болатын даулар арбитраж тәртібінде
шешілетіндігін және қандай нақты арбитраждық сотта және қандай регламентке
сәйкес екенін анықтап, ескертеді.Тараптар тікелей келісімін білдірген кезде
ғана, тараптар үшін міндетті болатын типтік арбитраждық ескертпелер
тәжірибеде жиі қолданылады.
Арбитраждық келісімнің құқықтық табиғаты жөнінде кейбір мамандар оны
материалдық-құқықтық келісім-шарт деп есептейді,басқалары оны процессуалдық-
құқықтық әрекет деп санайды, тағы біреулер арбитраждық келісім аралас
сипатты деп ойлайды.[11]
1961 жылғы сыртқы саудалық арбитраж туралы Еуропалық Конвенцияға
сәйкес (І-бап, 2 тармақ (а)) арбитраждық келісім термині жазбаша мәміледе
арбитраждық ескертпені білдіреді немесе тараптармен қол қойылған немесе
хаттармен, телеграммалармен алмасуда, немесе телетайп бойынша
хабарламаларда орын алған жеке арбитраждық келісім, ал мемлекеттер
арасындағы қатынастарда, арбитраждық келісім үшін, заңдардың ешқайсысы
жазбаша нысанды талап етпейтін, бұл заңдармен рұқсат етілген нысанда
жасалған, қандай болсын келісім.
Арбитраждық келісімнің тараптары өздерінің қарап шешуі бойынша: а)
тұрақты арбитраждық органның шешуіне дауларды беруді қарастыру; b) берілген
іс бойынша дауларды арбитраждың шешуіне беруді қарастыру және негізінен
мына жағдайда:
* арбитрлерді тағайындау немесе қандай болсын дау пайда болған кезде,
оларды тағайындаудың әдістерін белгілеу;
* арбитраждық соттың тұрған жерін белгілеу;
* арбитрлер ұстануы тиіс процедуралардың ережелерін белгілеу (IV-бап,1т.
1961 жылғы Еуропалық Конвенция).
Арбитраждық келісім құзырлық саласында екі басты құқықтық салдар
туындатады: арбитраждық келісімде көзделген дауды шешуге арбитраждық соттың
құзыретін тануға негізделген жағымды салдар; мемлекеттік соттың
құзыретінен дау шешуді алып тастауға негізделген жағымсыз салдар.
1958 жылғы шетелдік арбитраждық шешімдерді тану және орындау туралы
Нью-Йорк Конвенциясына сәйкес (II-бап, 1т.), әрбір келісуші мемлекет
объектісі арбитраждық тергеудің пәні болуы мүмкін, қандай болсын нақты
келісім-шартты немесе басқа құқықтық қатынастарға байланысты олардың
арасында пайда болған немесе пайда болуы мүмкін барлық немесе қандай болсын
дауларды арбитражға беруді, тараптардың міндеттенетіндігі туралы жазбаша
келісімді таниды.
Жасалған арбитраждық келісімнің ерекшелігі мынада, яғни тараптар үшін
міндетті және олар дауды арбитражға беруден бас тарта алмайды. Жай сот,
әдетте, арбитраждық келісімді болғызбауға және арбитраждық шешімді мәні
бойынша қайта қарауға құқығы жоқ. Бұл ереже әртүрлі мемлекеттердің сот
тәжірибесінде және заңдарында танылды.
1958 жылғы Нью-Йорк Конвенциясының белгілеуі бойынша, егер тараптардың
арбитраждық келісім жасаған мәселесі бойынша, келісуші мемлекеттің сотына
шағымы түссе, онда бұл сот арбитраждық келісімнің күші жоқ, күшін жоғалтты
немесе орындалуы мүмкін емес деп таппаса (II-бап, т.З), тараптардың
біреуінің өтініші бойынша, тараптарды арбитражға жіберуі тиіс.
Іс арбитраж тәртібінде шетелде қарастырылуы тиіс негізінде,
арбитраждық келісімнің заң күші туралы мәселе, жиі сыртқы саудалық
тәжірибеде туындайды.
Мысалы, Францияда, арбитраждық келісім танылады, мұндай келісім істі
сотта қарауды тоқтатуға бағытталған, сотта қарсылық жасауға негіз береді.
Шетелдік арбитраждық шешім мәжбүрлеп орындалу үшін, оны орындау орны
бойынша азаматтық соттың төрағасының бұйрығы қажет және ол шешімнің
формальді дұрыстығын ғана және француздық жария тәртіптің көзқарасы жағынан
орындауға жол берілетінін қарастырады. Ұқсас жолмен Германияда бұл мәселе
шешіледі.
Ұлыбританияда 1979 және 1996 жылы арбитраж туралы Актілер бойынша
арбитраждық келісімнің маңызы өсті. Егер шетелдік арбитраждық шешім, күші
бар арбитраждық келісімнің негізінде қалыптасса, онда ол Ұлыбританияда
мәжбүрлеп орындалуы тиіс. 1996 жылғы арбитраж туралы Актінің мазмұнына,
ЮНСИТРАЛ-дың Типтік заңы әсер етті.
АҚШ-та арбитраждық келісімдердің заңдық күшін тану қағидасы XX
ғасырдың екінші жартысында ғана жүзеге асырылды. Шетелде дауды қарастыруды
көздейтін келісімдердің заңдық күші туралы мәселені шешу 50-шы жылдарға
дейін белгісіз болды, бірақ даудың сыртқы саудалық арбитражға ведомстволық
бағыныстылығы туралы келісім Мәскеуде сотта шағымды қарастырудан бас тарту
үшін негіз болған жағдайлар, АҚШ-тың сот тәжірибесінде орын алған.
Мынадай мысал келтіруге болады. Американдық фирма Кемден фибр миллс
СССР және АҚШ арасында сауда бойынша операцияларды жүзеге асырған Амторг
ұйымымен контракт жасады, ол контрактіде, негізінен, жалпы соттардың
соттылығына қарайтын даулардан басқа, даулар арбитраждық тәртіпте қаралады.
Мұндай арбитраждық ескертпенің болуына қарамастан, Нью-Йорк штаты сотында
фирма Амторгқа шағымданды. Амторгтың хабарлауы бойынша, дау сот
қарауының пәні бола алмайды. Осыдан кейін Нью-Йорк штаты соттарында,
арбитраждық ескертпе міндетті сипатта болғандықтан, шағым сот тәртібінде
қаралуға жатпайтындығы
жөнінде шешім шықты. Арбитраждық келісімдерді барлық жерде тану, АҚШ- тың
қазіргі тәжірибесі үшін тән қасиет.[12]
Арбитраждық келісім (соның ішінде сыртқы саудалық контрактіге кіретін
арбитраждық ескертпелер) мәмілеге қатысты заңды дербестікке, автономдылыққа
ие. Арбитраждық келісімнің күшінде болуы, контрактіге қатысты жасалған
арбитраждық келісім, сол контрактінің күшінде болуына тәуелді емес. Кейде
дауларды қарастырған кезде, бұл ереже шешуші маңызға ие.
Мысал ретінде Джок ойл фирмасына Союзнефтеэкспорт В\ О талабы іс
бойынша 9 шілде 1984 жылғы ВТАК-тың шешімін келтіруге болады. Талапкердің
жауапкерге бірталай мөлшерде мұнай және мұнай азық-түліктерін жеткізу
туралы контрактіге советтік ұйым және фирма қол қойды. Бермуд аралдарында
орналасқан фирманың, оған жеткізілген тауардың бөлігіне ақы төлемеуіне
байланысты кейінгі жеткізілімдер тоқтатылды. Содан соң талапкер барлық
даулар Мәскеудегі сыртқы саудалық арбитраждық комиссияда қарастырылады деп
көзделген, контрактінің арбитраждық ескертпесі негізінде сол тұрақты әрекет
ететін арбитраждық сотқа талабымен жолданды. Жауапкер контрактінің күші
жоғына сілтеме жасады, өйткені ол талапкер жағынан ұйымның төрағасымен ғана
қол қойылды, және бұл совет заңын бұзу деп есептелді, өйткені ол заңға
сәйкес келісім-шартқа екі тұлға қол қоюы тиіс. Жауапкердің пікірінше,
контрактінің жарамсыздығы, арбитраждық ескертпенің жарамсыздығын
туындатады, және сонымен бірге туындаған дау бойынша ВТАК-тің өкілеттігін
жояды. ВТАК контрактіге қол қойған кезден бастап оны жарамсыз деп таныды,
сонымен бірге арбитраждық ескертпеге қатысты бөлігінде жауапкердің
қарсылығын қабылдамады және дауды толығымен шешті. ВТАК арбитраждық
ескертпенің дербестігіне негізделді. Шешімде көрсетілгендей - арбитраждық
келісім жарамсыз болып танылады, егер онда адасушылық, алдаушылық және т.б.
жасалған арбитраждық келісімнің нысаны және мазмұнына қатысты заң талаптары
бұзылса. Арбитраждық келісімнің жарамсыздығына әкелетін жағдайлар жоқ және
тараптардың ешқайсысы мұндай жағдайларға сілтеме жасап, оның жарамсыздығы
туралы хабарлаған жоқ. Нәтижесінде ВТАК таныды, яғни арбитраждық келісім
материалдық-құқықтық келісім-шартқа тәуелсіз процессуалдық келісім-шарт
болып табылады және сондықтан бұл келісім-шарттың жарамдығы немесе
жарамсыздығы туралы мәселе келісімді қозғамайды, өйткені ол өзінше заңи
күші бар.[13]
Арбитраждық келісім арбитраж көмегімен болашақта пайда болатын немесе
пайда болған дауларды шешуге кепілдік беретін тиімді аспап болу үшін құрылу
тиіс. Арбитраждық тергеу басталу мүмкін емес, егер орындалатын арбитраждық
келісім болмаса.
Келесі факторлар орындаулы арбитраждық келісімді құруға кедергі
болады: арбитраждық келісімді жасауға тараптардың біреуінің құқық
қабілеттігінің болмауы; орын алған немесе мүмкін болатын дау арбитраждық
келісімге қолданатын құқыққа сәйкес, соттылыққа жатпайды және арбитраждық
процесс өтуге тиіс, елдің заңы бойынша; арбитраждық келісімге қол қоюшы
тараптардың өкілдерінің өкілетсіздігі.
Арбитраждық келісім, қандай да болсын басқа келісім-шарт сияқты,
өкілетті тұлғамен жасалады. Өкілдік жазбаша нысанда болу керек және сенім
білдірушімен қол қойылуы тиіс екені әдебиетте ерекше көңіл аударылады. Одан
басқа арбитраждық келісімді жасау үшін, ол анық көрсетілген өкілеттіктерді
қамтуы тиіс. Халықаралық саудалық келісім-шартты жасау өкілеттігіне ие
тұлға, арбитраждық ескертпені келісім-шарттың мәтініне кіргізуге өкілетті.
Арбитраждық келісімнің қажетті шарты ол - арбитраждық сотпен шешіле
алатын дау немесе дауларды анықтау болып табылады. Бұл жағдайда даудың
пәнін жоғары деңгейде нақтылау мүмкін емес. Дау (келісім-шарттан немесе
онымен байланысты туындайтын барлық даулар) пайда болуы мүмкін құқықтық
қатынасты көрсеткен жеткілікті.[14]
Арбитраждық келісімде тараптар келісетін өте маңызды мәселелерінің
бірі, арбитраждық тергеуді жүргізу орны туралы мәселе болып табылады.
Арбитраждық тергеуді жүргізу орнын таңдау келесі элементтерге сәйкес жүзеге
асырылады:
* арбитраждық келісім: арбитраж-арбитраж өткізілуі тиіс елдің
соттары
арбитраждық келісімдерді орындауы тиіс. 1958 жылғы
Нью-Йорк
Конвенциясына қатысушы- мемлекеттердің соттары мұны жасауы міндетті
(Конвенцияның 2 бап, 3 т.). Тіпті бұл соттар арбитраждық
келісімді
орындамайды, егер олардың елдерінің заңдарына сәйкес соттылыққа жатпаса.
* арбитраждық процесс: соттар және заңдар арбитраждық шешім немесе
арбитраждық процесске өзінің араласушылығын шектейді және дауды шешудің
құралдары ретінде арбитраждық тергеуді қолдайды және сол
елдерде
арбитраждық тергеулер өте тиімді жүргізіледі.
* арбитраждық шешімді орындау: Егер белгілі бір себепке
байланысты
арбитраж жауапкердің активтері орналасқан елде жүргізілмесе,
онда
арбитраждық шешімді орындау үшін, арбитраж жауапкердің
активтері
орналасқан елмен бірге, арбитраждық шешімдерді тану және орындау бойынша
халықаралық келісім-шарттың қатысушысы болып табылатын елде жүргізілуі
тиіс.
Арбитраждық тергеудің тілі, тараптар арбитраждық келісімде келісетін
маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Арбитраждық тергеудің тілі болып,
келісім-шарт құрылған немесе іскерлік қатынастар орнаған тіл болып
табылатыны әдетте есептелінеді. Бұл аударумен байланысты жұмыстың көп
бөлігін азайтуға мүмкіндік береді.
Сыртқы саудалық контрактілер жиі екі әртүрлі тілдерде орын алатындығы,
арбитраждық ескертпенің мазмұнын анықтау кезінде, қолданылу мүмкін.
Келесі мысалды келтіруге болады, яғни арбитраждық ескертпенің
негізінде МКАС- те екі жауапкерге (ресейлік қатысушыларға) талапкер (ортақ
кәсіпорынның скандинавтық қатысушысы) талап қойды, құрылтай келісім-
шартының орысша мәтінінде Мәскеулік сауда-өндірістік палатасына қарасты
арбитраждық сотта дауларды қарастыру көрсетілген. Жауапкерлер МКАС-тың
құзыретін даулады, өйткені Мәскеулік СӨП-ке қарасты талапты беру кезінде
шынында да сәйкес арбитраждық сот орын алған. Арбитраждық ескертпенің тура
мәтініне қарамастан, жауапкерлердің қарсылықтары, құрылтай келісім-шарт
1991 жылы күзде жасалғанын, ал Мескеулік СӨП жанындағы Арбитраждық сот екі
жылдан кейін құрылды. Ағылшын тіліндегі құрылтай келісім- шарттың мәтінін
талдаған кезде, оған құндылық күш беруге келіскен тараптар, арбитраждық
ескертпе arbitration court at the chamber of commerce and industry in
moscow - ға сілтеме жасады. Сәйкес қаулыны шығара отырып, арбитрлер бұл
және кейбір басқа жағдайларға назар аудара отырып, МКАС- тың құзыретін
таныды. Мәскеу қалалық сотындағы берілген қаулыны болғызбауға
бағытталған жауапкерлердің талпыныстары
сәтсіз болды.
Осыған ұқсас оқиға басқа істе де болды, яғни ол МКАС- те
қарастырылды. Халықаралық сауда палатасының Регламентіне сәйкес, РФ
СӨП- ның жанындағы Халықаралық коммерциялық арбитраждық сотта дауларды
қарауды, арбитраждық ескертпе қарастырған. Арбитраждың құрамы МКАС
Регламентіне сәйкес (ХСП емес) қалыптасты. Бірінші сот отырысында талапты
уақытында қабылдамаған жауапкер, арбитраж құрамы арбитраждық келісімнің
шарттарына қарамастан қалыптасқанына байланысты, арбитраж құрамының
құзыретінің болмауы туралы хабарлады.[15] Контрактінің ағылшын тіліндегі
мәтінін оқып, шынында арбитраж ХСП-ның регламенті бойынша жүргізілуі тиіс,
бірақ МКАС орналасқан орында (at the location of the international
commercial arbitration court) болуы тиіс деген сілтемені арбитраж
тапты. Айтып кеткенді ескеріп, арбитраж құрамы тараптар арасында пайда
болған дауды өзі қарауға құзырлықсыз екенін таныды.Талапкер талапты ХСП
жанындағы Халықаралық арбитраждық сотқа берді.
Сонымен бірге арбитраждық келісімде реттеле алатын күрделі
мәселелерінің бірі - ол келісім-шартқа қолданылатын құқық
Егер тараптар материалдық құқықты таңдамаған жағдайда, бұл мәселені
шешу едәуір дәрежеде дауды қараудың орнына байланысты. Бірақ мәмілеге
арбитраж орналасқан жердің құқығы қолданылады деп ойлауға болмайды.
Арбитраж дауды қараған кезде бұл елде әрекет ететін материалдық нормаларды
емес, коллизиялық нормаларды қолданады. Бұл коллизиялық нормалардың
негізінде, мәмілеге қолдануға тиісті материалдық құқық орнайды. Тараптардың
өздерімен арбитраж орны таңдалғанда және оны арбитрлер, тәуелсіз мекеме
немесе оларды тағайындаушы ұйым жүзеге асырғанда, халықаралық жеке құқық
бойынша шведтік мамандар оқиғалар арасында айырмашылық келтіреді. Шведтік
коллизиялық құқық қағидалары басым болу керек деген пікірге, бірінші
орында тәжірибемен қоса, сана қосылады.[16] Ал соңғы жағдайда шведтік
нормалар жанама рөл атқарады, тіпті ешқандай рөл атқармауы да мүмкін,- деп
есептейді шведтік маман И. Гиллис Веттер. Егер тараптар Швецияны
арбитраждың орны етіп таңдаса, бірақ олардың контрактісіне қолданылатын
құқыққа қатысты келіспесе, онда шведтік арбитрлер қолданбалы материалдық
құқықты анықтау үшін, шведтік коллизиялық құқықты қолданады.
Шведтік коллизиялық құқық келісім-шартты міндетпен өте тығыз байланысы
бар мемлекеттің құқығын қолдану қағидасына негізделеді. Аd һос арбитражында
дауларды қарау үшін ұқсас тәсіл тән.[17]
Стокгольмның Сауда Палатасының Арбитраждық Институтының Регламентіне
сәйкес (1999 жылы 1 сәуірде күшіне енді), тараптармен келісілген құқықтық
нормалар немесе заңның негізінде дауларды арбитрлер шешеді және белгілі
мемлекеттің заңдарына тараптардың қандай да болсын нұсқауы, бұл мемлекеттің
коллизиялық нормаларына емес, материалдық құқығына сілтеме жасайды деп,
түсіндірілуі тиіс (24-бап). Тараптар жиі қолданбалы құқыққа байланысты
келісімге келмейді. Мұндай кезде арбитраж құрамы нақты жағдайларда
арбитрлерге жарайтын болып көрінетін, құқық немесе құқықтық нормаларды
қолданады, ал қандай да болсын құқықтық жүйенің коллизиялық нормаларына
жүгінбейді. Мұндай ереже шетелдік қатысушыларымен дауларды шешудің шведтік
арбитраждық тәжірибесіне қарсы тұрады, бірақ бұл салада соңғы халықаралық
тенденцияларды бейнелейді.
1961 жылғы сыртқы саудалық арбитраж туралы Еуропа Конвенциясының
ережелеріне сәйкес (VII-бап, 1-т.), істі мәні бойынша қараған кезде,
арбитрлер контрактілердің талаптарына негізделуге міндетті және саудалық
әдет-ғұрыптарды ескеру керек. Олар тараптар таңдаған құқықты қолдану тиіс,
ал егер тараптар таңдамаса, бұл кезде арбитрлер негізделетін және мұндай
жағдайда арбитрлер қолдануға тиісті деп есептейтін коллизиялық нормаға
сәйкес қолдануға тиісті құқықты алады.
Арбитраждық регламент ЮНСИТРАЛ бұл мәселені ұқсас жолмен шешуге ұсыныс
жасайды. Бұл Регламентке сәйкес ( 33-бап, 1-т.), дауды маңызы бойынша шешу
кезінде, қолдануға тиісті ретінде тараптар келіскен құқықты, арбитраждық
сот қолданады. Тараптар мұндай келісім болмаған кезде, коллизиялық
нормаларға сәйкес анықталған, арбитраждық сот қолдануға тиіс деп есептейтін
құқықты қолданады.
Жоғарыда көрсетілгендей, дауға бұл тараптардың қатысуымен арбитраждық
сотпен қолдануға тиіс құқықты, сонымен қатар олармен жасалған келісімнен
туындайтын тараптардың құқықтарын және міндеттерін қандай құқық реттейтінін
тараптар анықтай алады және оларға анықтауға ұсыныс жасалады. Арбитраждық
соттың қарауына берілмейтін даулар туындайтын кейбір құқық салаларын ,
мемлекеттердің құқықтық жүйелері қамтығандықтан бұл маңызды болады. Мысалы,
еңбек даулары, банкроттық мәселелер бойынша істер. Мемлекеттің ұлттық -
құқықтық мүдделері үшін сол немесе басқа құқық саласы қандай мүдде
білдіретініне байланысты әртүрлі мемлекеттерде мұндай мәселелер бірдей
емес.
Тараптар арасында жасалған келісім - шартты реттеуге арналған
материалдық құқық анық білдірілген нысанда келісім-шартта көрсетілуі тиіс.
Халықаралық коммерциялық арбитраж туралы көптеген қазіргі заманғы заңдар
тараптардың өздеріне материалдық құқықты таңдауға мүмкіндік беріледі. Егер
арбитраждық тергеудің тараптары таңдамаса, онда коллизиялық нормалар
қолданылады, яғни келісім-шартты реттеуі тиіс құқықты таңдау үшін,
арбитраждық сот қолданбалы деп есептейтін (мұндай ережелер 1996 жылы
Арбитраж туралы Англия заңында бекітілген ( 46-бап, 1993 жылғы
Халықаралық коммерциялық арбитраж туралы РФ Заңы (28-бап). Коллизиялық
нормалардың көмегімен таңдалған материалдық құқық, арбитраждық тергеу
жүргізетін сол құқықтық жүйеге ешқандай қатысы болмауы мүмкін.[18]
Швейцарияда даудың маңызына қолданатын, материалдық құқықты анықтаудың
басқа жолы бар. Егер арбитраждық тергеудің тараптары олардың келісім-
шартына қолданатын құқықты көрсетпесе, онда 1987 жылғы Халықаралық жеке
құқық туралы Швейцарияның заңына сәйкес (187-бап, 1-т.) іспен өте тығыз
байланысы бар құқық қолданылады.
Қандай болсын мемлекеттің материалдық құқығы олардың келісім-шартына
қолданбайтындығы және оның орнына арбитраждың құрамына бейбіт делдал
өкілеттігін беру және тараптар арасында пайда болған дауды ех aequo et bono
, яғни әділеттілік және қайырымды ар-ұят бойынша шешілетіндігін, тараптар
алдын-ала ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz