Коммерциялық банк қаржысын банктік баланс негізінде талдау



Кіріспе

1 тарау Банктік менеджменттің теориялық негіздері және оның ерекшеліктері
1.1 Коммерциялық банктегі қаржы менеджментінің экономикалық маңызы және ролі
1.2 Коммерциялық банк әрекетін қаржылық талдаудың объективті қажеттілігі

2 тарау Коммерциялық банк қаржысын банктік баланс негізінде талдау
2.1 Банк балансына қаржылық талдау жүргізудің реті және ұйымдастыру жүйесі
2.2 Банк активтерін және пассивтерін талдау
2.3 Банк тәуекелдерін басқару және оның өтімділік тәуекелін талдау
2.4 Банк тәуекелдерін басқару әдістері
2.5 Өтімділік тәуекелін басқару және бағалау әдістері

3. тарау Коммерциялық банкте қаржы менеджментін жетілдіру жолдары және мәселесі
3.1 Коммерциядық банктердің қаржы тұрақтылығын басқаруды жетілдіру жолдары

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

1 тарау Банктік менеджменттің теориялық негіздері және оның ерекшеліктері

1. Коммерциялық банктегі қаржы менеджментінің экономикалық маңызы
және ролі
2. Коммерциялық банк әрекетін қаржылық талдаудың объективті
қажеттілігі

1. тарау Коммерциялық банк қаржысын банктік баланс негізінде талдау
1. Банк балансына қаржылық талдау жүргізудің реті және ұйымдастыру
жүйесі
2. Банк активтерін және пассивтерін талдау
3. Банк тәуекелдерін басқару және оның өтімділік тәуекелін талдау

3. тарау Коммерциялық банкте қаржы менеджментін жетілдіру жолдары және
мәселесі
3.1 Коммерциядық банктердің қаржы тұрақтылығын басқаруды жетілдіру
жолдары

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Банк жүйесі- нарықтық экономиканың ең маңызды бөлінбейтін құрамдас
құрылымдарының бірі.Банктердің, тауарлық өндірістің және ақша айналымының
дамуы тарихи бірге жүретін және тығыз байланыста болатын көрініс.
Банктің басты қызметі- елдегі ақша құралдарын жиыстыру және оларды
тиімді түрде қайта бөлу, яғни салымшылар мен қарызшылар арасындағы
делдалдық.
Сонымен қатар, банктер ел экономикасындағы ақша айналымының барлық
құралдарының негізгі бөлігін қамтамасыз етеді,яғни қаржыларды игеру арқылы
елдің қаржылық жағдайына ықпал жасайды. Банктер елдегі ақша ағымын тікелей
өздері құрамдамағанмен, өз функцияларының көмегімен өнеркәсіпке, саудаға,
банктік емес қаржылық салаға, ммемлекеттік және халықтық, солардың ақша
ағымдары арқылы нарықтық экономика мен әлемдік шаруашылық байланыстар
жүйесіне араласуға ат салысады.Сондықтан,банктегі қаржылық менеджменттің
тиімділігі ел экономикасының дамуын қамтамасыз ететін маңыздылығында болып
табылады.
Банктің қаржылық менеджменті банктің белсенділігін қамтамасыз етуге
бағытталынады және банк жұмысындағы ең маңыздысы. Себебі, банктің қайта
бөлуге бағытталған ақша ресурстарының басым бөлігі (орташа 80-85%)-
қоғамдікі, яғни банктен тыс субъкетілерден тартылған қаржылар. Сондықтан,
қоғам ақша қаражаттарын сеніп тапсырған коммерциялық банктердің қаржылық
белсенді болуын ҚР Ұлттық Банкінің шығарған заңдары мен нормативті құқықтық
актілері арқылы реттеліп отырады. Болашақ маман ретінде осы көзқарас
бойынша мәселенің маңыздылығының деңгейі дипломдық жұмысымның тақырыбына
бірден-бір арқау болды.
Сонымен қатар, соңғы 7 жыл ішінде елдегі коммерциялық банктер саны 237-
ден қазіргі кезде 35-ке жуығы қалды. Бұның себебі еліміздегі нарықтық
экономиканың дамуына сәйкес банктік қаржылық менеджментте позитивті
өзгерістердің болуы, яғни ішкі қаржылық бақылау мен сыртқы қадағалау
тетіктерінің күшеюі.
Осы орайда, дәл осы процесстерді ашу, қаржыны басқаруды түсіну, оң
және теріс жағына көз жеткізу, сәйкесінше, туындайтын мәселелердің
себептерін және оларды шешу жолдарын іздеу дипломдық жұмысымның тақырыбына
қызығушылық танытты және мақсатына айналды.
Банктің қызметі ұдайы өзгеріп отыратын жалпы экономикалық және
әлеуметтік-саяси жайлардың, қаржылық нарықтағы жағдайлардың өзгерістерінің
барысында жүргізіледі.Сәйкесінше, бұл құбылыстар банктің жалпы экономикалық
белсенділігіне әр түрлі әсер етуі мүмкін. Сол себепті банктегі қаржылық
менеджменттің негізгі бағыты келесі мәселелерге жұмылдырылуы қажет.
Қазақстан Республикасының Банктер және банктік қызмет туралы заңына
сәйкес Қазақстанда банктер-қаржы нарығында әртарапты операцияларды
орындайтын айрықша құқыққа ие әмбебап несие мекемелері.Олар әртүрлі түрде
және әртүрлі мерзімге несие берумен және бағалы қағаздарды және шетел
валюталарын сату және сатып алу, сақтаумен айналысады.
Нарықтық экономика жағдайында коммерциялық банктер-өз
клиенттеріне әртүрлі қызмет көрсететін ерекше кәсіпорын.Қазіргі кезде
банктің клиенттерге ақылы негізде қызмет көрсететін қызметтерін жүзеге
асыруға байланысты жүргізілетін операциялардың дәстүрлі емес формалары
көбеюде.Осыған байланысты банк қызметінің коммерциялық сипаты арта
түспек.Сондықтан коммерциялық деген термин екінші деңгейдегі банктердің
қандай да болмасын меншікті формасына жататындығынан емес, олардың ақы
негізінде (%-ставкамен немесе коммисиондық төлемдермен) клиенттерге
көрсететін қызметтердің сан алуандығымен байланысты. Коммерциялық банктер-
коммерциямен айналысатын ерекше кәсіпорын.
Дипломдық жұмысымның бірінші бөлімінде Қазақстан
Республикасындағы коммерциялық банктердің қаржы менеджменті туралы жалпы
түсінік және оның экономикалық маңызы жайлы қарастырдым. Сонымен қатар,
банктің қаржылық тұрақтылығын және қаржылық қызметті басқару қарастырылған.
Екінші бөлімде

1 тарау Банктік менеджменттің теориялық негіздері және оның ерекшеліктері

1.1. Коммерциялық банктегі қаржы менеджментінің экономикалық маңызы
және ролі

Коммерциялық банк - бұл қоғамдағы экономикалық және саяси өзгерістерге
әсер ететін әлеуметтік-экономикалық сала. Экономикалық және қаржылық
қызметтерден басқа банктік жүйе әлеуметтік қызметтерді де жүзеге асырады,
яғни әлеуметтік бюджеттік бағдарламаларды салықтық төлемдер арқылы
қамтамасыз ету, жұмыс орындарын қалыптастыру және салымшылар үшін қосылған
құнды қалыптастыру.
Коммерциялық банктердің тұрақтылығының проблемасы болып Қазақстан
Республикасы экономикасының тұрақтылығы болып табылады.
Коммерциялық банктердің тұрақтылығына әсер ететін факторлар:
1. Әлеуметтік-саяси жағдай, яғни үкімет тұрақтылығы, оппозиция әсері,
әкімшілік-территориялық мамандықтың орнықтылығы.
2. Жалпы экономикалық жағдай-экономиканың нақты секторының потенциалы,
өндірістік күштердің жаңартылуы, тауар өндірушілердің
бәсекеқабілеттілігі, инвестициялар.
3. Қаржы нарығындағы жағдай, яғни банктік салымдардың пайыздық
мөлшерлемесі, ақша нарығының табыстылығы, бағалы қағаздар нарығының
табыстылығы, ұлттық валютаны алмастыру курсы, сұраныс көлемі,
(валюталарға ұсыныс, валюта биржасындағы операциялар, ақша эммисиясы,
инфляция қарқыны, ҚР Ұлттық Банкінің саясаты, алтын валюта қорының
көлемі, банк өнімінің бәсекелестігі)
4. Несиелік ұйымның ішкі тұрақтылығы-банк стратегиясы мен миссиясы,
кадрлардың кәсіби мамандануы, банктік менеджменттің сапасы, капитал
жеткіліктілігі.
Коммерциялық банктің тұрақтылығына әсер ететін ішкі және сыртқы факторлар:

Әлеуметтік саяси жағдай.
Үкімет Әкімшілік
тұрақтылығы териториялық
мамаңданудың
тұрақтылығы.
ОппозицияКурс-тыСаяси Әлеуме
-ның ң бағдарттік
әсері Түзе-ті тұрақт
луі ылық

Жалпы экономикалық жағдай
Нақты Тауар Капиталдың
экономикалықөңдірушілердсалаарал ық
сектордың ің келуінің
потенциалы. бәсекелестікмүмкіндігі
қабілеттіілі
гі
Өңдіріс Елдің төлем Инвестиция
күштерінің балансы лық климат
жаңартылуы қалдығы

Несиелік мекеменің ішкі тұрақтылығы
Банк миссиясы және
Капитал Кадрлар-дың стратегиясы
жеткілік- мамаңда-нуы
тігі
Банк менеджменті-нің
сапасы

Коммерциялық банктің тұрақтылығы сипаттамасын жалпы қарау үшін оның жалпы
экокномикалық мазмұнының құрылымын қарау керек:
1. Коммерциялық банктің капитал тұрақтылығы. Бұл банктің меншікті
капитал мөлшерімен анықталады. Банктің меншікті капиталының мөлшері
банктік салымдар туралы талаптарды қанағаттандыру үшін ақша
қорларының көлемін, күтілмеген шығындар мен қарыздарды жабу және
банкті дамыту үшін қаржыландыруды қамтамасыз етеді.
2. Коммерциялық банктің коммерциялық тұрақтылығы, яғни мемлекетпен
қарым-қатынас байланысының дәрежесі, банкаралық қарым-қатынасқа
қатысу, елдегі қаржы ағымын бақылау, банктің ақша капиталының нақты
капитал нарығымен тығыз байланысы.
3. Коммерциялық банктің функционалдық тұрақтылығы:
• Коммерциялық банк қызметінің шектелген шеңберде
мамандандырылуы;
• Банк қызметінің нығаюы немесе әмбебаптануы;
4. Коммерциялық банктің ұйымдық-құрылымдық тұрақтылығы:
Банктің ұйымдық құрылымы және оны басқару банктің мақсаты ретінде
сәйкес болуы керек. Коммерциялық банктің ұйымдық-құрылымдық тұрақтылығының
басты параметрі болып функционалды-технологиялық құжаттар негізінде банктік
іс-әрекеттің ұйымдық технологиялық жіктелуі табылады.
5. Коммерциялық банктің қаржылық тұрақтылығы: Бұған банк іс-әрекеті
жағдайының қаржы-экономикалық көрсеткіштерін жатқызуға болады, жеке
құрылымдардың көлемі және құрылымы, өнімділік, банктің қосылған құн
құруы.
Банктік менеджмент-жалпы стратегиялық және тактикалық жоспарлаумен,
реттеумен, банктік іс-әрекетті қадағалаумен, қызметкерлерді басқарумен
байланысты қарым-қатынастарды басқару. Басқаша айтқанда банктік менеджмент-
бұл ақша ресурстарын пайдалану және құрумен байланысты қарым-қатынасты
басқару, яғни банктік саладағы қаржы менеджменті және қызметшілерді басқару
жиынтығы.
Банктік менеджментті қаржы менеджментіне және қызметкерлерді басқаруға
бөлу коммерциялық банктнгі объект құрылымына байланысты.Сондықтан оны
банктік іс-әрекет ретінде қарауға болады.
Кесте 1.1
Банктік менеджменттің қызметі
Қаржы менеджменті Қызметкерлерді басқару
1.Активтер мен пассивтерді басқару 1.Әкімшілік ұйымдастыру жүйесі және
2.Өтімділікті басқару еңбек ақы.
3.Меншікті капиталды басқару 2.Қызметшілерді таңдауды ұйымдастыру
4.Қарыз капиталын басқару 3. Қызметшілерді дайындауды
5.Банктік тәуекелділікті басқару ұйымдастыру
6.Несие қоржынын басқару
7.Банк ішіндегі бақылауды
ұйымдастыру

Банк-жеке және қарыз капиталын басқаратын ұйым.Бірақ капиталды әлеуметтік-
экономикалық процестердің дамуының негізі ретінде қарауға болады .Капиталға
берілген осы түсініктеме адамдар арасындағы қарым-қатынастарды
анықтайды.Сондықтан адам капиталын басқару-бұл несиелік ұйымды басқару
процессінде адамға деген қатынас.Банк үшін бұл пайда, өтімділік, тұрақтылық
т.б. болуы мүмкін.Банктік менеджменттің үлгісі келесі кестеде
көрсетілген.(1.2. кестені қара)

Банктік менеджменттің міндеті
Міндеті Шешілетін міндеттің мазмұны
1 2
Банктік саясат 1.Негізгі міндеттерлің мазмұны
2.Кешенді бағдарлама мен жобаны өңдеу
3.Банк іс-әрекетін басқару әдістемесін өңдеу
4.Банкті дамыту саясатымен байланысты
банктің ұйымдық құрылымын өңдеу.
5.Банктің қызметшілерін басқару стратегиясы.
Қызметші жұмысын ұйымдастыру.
Қызметшіні ынталандыру.


1.Нақты нарықты таңдау.
Банктік маркетинг 2.Банктік қызметті дамыту үшін ұзақ және
қысқа мерзімді мақсаттарды орнату.

1.Клиенттерге қызмет көрсету үшін жаңа
Банктік өнімдерді құрубанктік технологияларды енгізу.
2.Банк клиенттерінің қажеттілігін
қанағатандыру үшін банк іс-әрекеті
процесінде ақша қорларының нысанын өңдеу.

1.Банктік қызметтің жаңа нарығын жаулап алу.
Клиенттерге қызмет Бәсекелестікті нығайту, банктің ресурстық
көрсету, қызметтерді базасын кеңейту, қосымша пайда әкелетін ақша
сату, банктің ағымдарын құру.
клиенттік базасының 2. Пайда табу.
құрылуы.
1.Капитал өсімі
Экономика және қаржы 2.Өтімділікті және пайданы басқару
3.Банк дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету.
4.Банк шығындарын басқару.

1.Қаржы операциясын жоспарлау жүйесі
Ақпараттық қамтамасыз
ету
1.Банктің даму стратегиясын таңдаумен
Әкімшілдік байланысты қызметшінің мамандығы.


Банктік менеджменттің жүйесі:
• Банк іс - әрекетін бағдарламалау-банк іс-әрекетінің мақсатты
бағдарламасының құрылуы.
• Банк іс-әрекетін жоспарлау-несие ұйымының мақсатына сай сандық
параметрлерді өңдеу.
• Ақпараттық қамтамасыз ету-банк клиенттерімен жасалған алғашқы
құжаттар.
• Экономика және қаржы-банк бағдарламасының орындалу дәрежесін
бағалау.
• Технология-функционалды технологиялық құжаттарды өңдеу
• Маркетинг-сыртқы ортаның қажеттілігін анықтау
• Әкімшілік-бақылау қызметі
• Кеңес беру және сарап (экспертиза)-сыртқы ортаның басқару
әсерімен байланысты кеңес беру, сараптама жүргізу.
• Қамтамасыз ету – материалдық-техникалық және кадрлық қамтамасыз
ету
• Паблик-рилейшнс – ақпараттық зерттеуді қамтамасыз ету, жарнама.
Банк өзінің экономикалық табиғаты бойынша қаржы делдалы болып табылады, ал
клиент керісінше, өндірістік тауар және қызметтің иесі.Бірақ экономиканың
нақты секторына айналым қорларының қаржыландырылуы және инвестиция керек,
ал банктерге актив көлемінің өсімі керек.Коммерциялық банк нарықтық
экономикада өз міндетін жүзеге асыру үшін, осы екі мақсат бір-бірімен
байланысты болуы керек.
Банктік менеджмент – коммерциялық банктің өз функцияларын атқару
процесін тікелей басқарумен байланысты тәжірибелік қызмет.Бұл аспектіде
банктік менеджмент басқару объектісіне басқарушылық ықпалдарды өңдеу жүйесі
ретінде көрінеді: активтік пассивтік операциялар, есеп – кассалық
операциялар, нормативтік қаржылық – экономикалық көрсеткіштердің орындалуы,
банктік аудит және бақылау және т.б.
Қаржылық қорды жасауды және оны тиімді пайдаланудың жан-жақты
әдістері мен кешенді технологиялары, тұтынушыларға реинжинирингті бизнес
әдістемелерін қолдану, коммерциялық банктің жұмысын және оның қаржысын
бақылап отыратын жүйелік басқару қаржылық менеджмент деп аталады.
Қаржылық менеджменті:
1. Активтер мен пассивтерді басқару
2. өтімділікті басқару
3. Жеке капиталды басқару
4. Қарыз капиталын басқару
5. Банктік тәуекелділікті басқару
6. Несие портфелін басқару
Банкілік ішкі бақылауды ұйымдастыру
Қызметкерлерді басқару
1. Ұйымдастыру жүйесі мен еңбек ақысын администрациялау
2. Қызметкерлерді іріктеу мен орналастырудың ұйымдастырылуы.
3. Қызметкерлерді дайындау жүйесінің ұйымдастырылуы

Банктардің алға қойған мақсаттары да маңызды орын алады.
Қазіргі уақытта кеңінен қолданылып жүрген қаржы менеджменті деген сөз
көп ұғымды қамтиды. Мамандар қаржы менеджменті дегенімізді ақша
ресурстарын пайдалану және қалыптастыру қатынастарын басқару деп
санайды. Коммерциялық банктердегі қаржы менеджмент мәселесі ТМД
ғалымдарының еңбектерінде аз болса да шешімін тапты.
Коммерциялық банктердің қаржы делдалы сияқты ақша ағымын басқаруы
әрекеттерінің себебі ақша функциясының өзіне тән барлық жиынтығын
қамтуында. Бұл мәселені жандандыру мемлекеттік басқару органдарының
нормативтерін сақтау ережесімен дәл келеді. Коммерциялық банктердегі
қаржылық менеджмент және реттеу органдарының талаптарын сақтау
позициялары туралы мәселелерге еңбектер арналған.
Коммерциялық банктердің жұмыс істеу процесстері микроэкономикалық
факторлар мен клиенттер тұрақтылығына байланысты.
Қазіргі уақытта мұндай байланыс өте тұрақты, 1-ші топтағы өнім шығару
бұл материалдық құндылықтар болып табылады. Коммерциялық банк нарықтық
экономсика үшін алғашқы, Ұлттық Банк банк жүйесіндегі қайта құру
ұйымдарымен сәйкес келеді.
Шетел банктерінің тәжірибелері қызықты. Бірақ шетелдік қаржы жүйесінің
Қазақстанның несие – банк жүйесінен елеулі айырмашылықтары бар. Мысалы,
АҚШ-ң Федералды Резерв жүйесінің тәжірибесі Қазақстан жерінде таралуы
керек, ал Қазақстан банктік жүйесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк
талаптарына негізделген.

Қаржылық менеджменттің өзіндік ерекшелігіне несие банктік жүйенің
экономикалық процестердегі біркелкі технологияларды қамтуында деп білуге
болады. Коммерциялық банктегі қаржының, мнеджменттің басты ерекшелігі –
нарықтық экономикасының алғашқы тобындағы барлық ақша функциясын жүйелі
түрде басқару, яғни ерекше экономикалық субъект болуында.Қаржылық
менеджменттің негізгі банктегі қаржылық операцияларды зерттеу және банк
клиенттерінің ақшасын басқару процесстері болып табылады.
Коммерциялық банктегі қаржылық менеджмент – бұл ақша ресурсын
пайдалану мен құрылымдық процесстерді басқару.Ол ұйымдастырушы
-технологиялық менеджмент банк бөлімшелерін басқарумен және банк қызметін
әртүрлі процестердегі олардың өзара қатынастары. Сонымен бірге банк
қызметтеріне басқарумен бірге тығыз байланыста.Қаржылық несиелермен қатар
коммерциялық банктің ұйымдастырушы технологиялық сипатында маңызды
мәселелер болып, коммерциялық банктің менеджментіне сәйкес аналитикалық
қамтамасыз ету.Коммерциялық банктің пайдалы қызметін субъектік түрде
қарастыру және технологиялық процестердің өндірістілігімен
ұйымдастырушылық құрылымдары болады.

Банктер әрқашанда нарықтың жаңа қажеттіліктерін қанағаттандыру керек,
банктік емес қаржылық ұйымдармен бәсекелесуге даяр болуы керек. Банктік
менеджменттің негізгі міндеті болып қатынастар жүйесін құру
табылады.Осыған байланысты банктік менеджмент қатынастар жүйесі ретінде
қаржы - экономикалық, құрылымдық - функционалдық және функционалды –
технологиялық параметрлер байланысын көрсетеді. Басқа сөзбен айтқанда,
банктік менеджмент бір – бірімен байланысты және бір – біріне қатысты
параметрлер жүйесін көрсетеді:
Қаржы – экономикалық көрсеткіштер (ҚЭ)
Ұйымдық құрылым (ҰҚ)
Функционалды – технологиялық құрылым (ФТ)
Бұлардың байланысын былай көрсетуге болады: ҚЭ ____ ҰҚ ___ФТ

Банктік менеджмент қаржы – экономикалық, ұйымдық және технологиялық
параметрлердің өзара байланысын басқарушы ретінде келесі 1.2. суреттегі
схема арқылы беріледі

1.2. сурет

Қазіргі уақытта Қазақстанда коммерциялық банктердегі қаржылық
менеджментіндегі ерекшелік – ол банк - несие жүйесі шеңберінде несиелік
ұйымдағы экономикалық процесстерді басқару технологиясының біркелкі
болмауы. Коммерциялық банктегі қаржылық менеджменттің негізгі ерекшелігі –
бұл ақшаның барлық қызметін жүйелі басқаратын экономикалық субъект.
Коммерциялық банктегі қаржылық менеджменттің іс-қимыл объектісі –
банктің қаржы операциясын басқару процесі.
Коммерциялық банктегі қаржылық менеджменттің мақсаты – банктің қаржы
операциясын жоспарлауды қамтамасыз ететін функционалды-технология жүйесінің
қызметінің тәртібін талап етуді анықтау.

Коммерциялық банктің тұрақтылығына әсер ететін параметрлер келесі
1.3. кестеде көрсетілген.
1.3. кесте.
Қызметтер тәртібінің параметрлері
Берілген параметрлер Қызметтер тәртібі
Банк пайдасын максимизациялау Төменгі мөлшердегі өтімділік
нормативі
Банк өтімділігінің максимизациясы Пайда мөлшері

Пайда мен өтімділіктің тепе-теңдігі Нарықтық табысты қамтамасыз ететін
пайда мөлшері

Коммерциялық банктердегі қаржы менеджменті екі жүйеден тұрады.
1. Басқарылатын жүйе немесе басқару объектісі
2. Басқарушы жүйе немесе басқару субъектісі
Коммерциялық банктің қаржы менеджментінде басқару объектісінің негізі
болып ақша табылады.
Коммерциялық банктің қаржы менеджментінде басқару субъектісінің негізі
болып банк менеджменті табылады. (банк қызметкерлері, басқару аппараты)

1.3. суретте коммерциялық банктің тұрақтылық негізінде басқару схемасы
айқын белгіленген.
1.3. суретке түсініктеме.
Басқару объектісі – банк клиентурасының ақша қаражаты. Бұл процестің
хұқықтық жағы, яғни басқару субъектісі коммерциялық банк арқылы
жүргізіледі.Экономикалық жағы банктің қаржы операциясы негізінде
жүргізіледі.

Тағы да бір схема 1.3. қосымша ретінде

1.3. суретте тұрақтылықтың бес блогы көрсетілген, олар өз кезегінде 12
блоктан тұрады. Төменде коммерциялық банктің тұрақтылығының блоктары
мазмұндарымен көрсетілген:

Банктің қаржы тұрақтылығы
1.Банктің қаржы 2.Банк қызметін талдау 3.Экономикалық
экономикалық нормативі және мониторинг. тиімділікітің ағымдағы
қызметі негізінде банкті бағалануы.
бағдарламалау (сыртқы
және ішкі) банк
қызметінің стратегиясы.

Банктің ұйымдық тұрақтылығы
1.Банк қызметін 2.Банктің ұйымдық 3.Адам капиталын
жоспарлау маркетингтік құрылымы. басқару: ынталандыру,
стратегиясы. материалдық ынталандыру.

Банктің функционалды тұрақтылығы
1.Банктің мамандануы. Банктің әмбебаптығы

Банктің коммерциялық тұрақтылығы
1.Банктің өнім саясаты және банкКлиенттің қажеттілігі негізінде банк
өнімдерін қызметінің инновациялық бағытта дамуы
функционалды-технологиялық және банк клиентурасының қаржы
қолдану. менеджменті.

Банктің капитал тұрақтылығы
11.Банктің несие-инвестициялық 12. Банктің қор эммисиялық саясаты.
саясаты.

Қаржы менеджментінің мақсаттарын іске асыру үшін коммерциялық банктің
негізгі қызметтерін анықтау керек. (1.4. суретті қара)
1. Стратегиялық жоспарлау – болашақтағы қаржылық міндеттерді анықтау және
іс-шаралар бағдарламасын өңдеу.
2. Үлгілеу (моделирование) – ақпараттарды дайындауда, сонымен қатар
басқару объектісінің ағымдағы жағдайын бағалауда құрал-жабдықтарды
және технологияларды қолдану әдісінің жиынтығы. Үлгі (модель)
материалды объект немесе таңбалы жүйе.
3. Оперативті жоспарлау – ағымдағы қаржылық міндеттерді тиімді анықтау
тәсілі болып табылады.
4. Мониторинг – қоршаған орта және басқару объектісінің жағдайы туралы
ақпараттар жиынтығы.
5. Диагностика – объект жағдайын мінездейтін параметрлердің ағымдағы
мәндерінің сәйкестігін бағалау.
6. Басқару мақсаты – басқару объектісінің сенімділігін қамтамасыз ету.
Коммерциялық банктердегі бизнес-стратегияны жоспарлау кезеңдері:
1. Банктің микро және макро орталарын оқыту – банктің бизнес-
стратегиясының бәсекелес ортасын анықтайтын экономикалық,
қаржылық, құқықтық, банк қызметінің ұйымдастырушылық және
ресурстық жағдайлары.
2. Әр жағдайдағы анализ.
3. Мақсаттар мен міндеттердің қайта құрылымы
4. Банктің басты мақсаттары мен тапсырмаларын жоспарлау
5. Банк бағдарламасын құрастыру
6. Несие беру ұйымдарының күнделікті есебіндегі ортақ
стратегиясындағы банктің барлық деңгейдегі басқарудың параллельді
стратегиясының құрастырылуы
7. Алға қойған мақсаттарды жүзеге асырудың жолдарын бөлініп алған
және потенциалды ресурстар есебімен бірге анықтау.
8. Қаржылық мақсаттардың қайтадан құрылуы.
9. Басқарудың барлық деңгейіндегі банктің басқару жүйесінің
(эндогенді және экзогенді) ақпаратты басқару ағымдарын жоспарлау.
10. Банк құрылымының бейімделу жобасын жасау.
11. Банктің кадр саясатын жоспарлау.
12. Іс-қағаздардың функционалды-технологиялық құрастырылуы
13. Технологиялық бақылау және базалық іс-қағаздарының банктің бизнес-
стратегияларындағы қызметі жайлы.
14. Бюджетті жоспарлау.
15. Банктің бизнес-стратегиясы жоспарларын жинақтау.
Осыдан коммерциялық банктегі қаржы менеджментінің ерекше тармағы тарайды.Ол
банктің бірқатар өнім құруы.
Банк операциясы түсінігінің банк өнімі және банк көрсететін қызметі
түсінігімен байланысын қарастырамыз.Мақсатына байланысты операциялар келесі
кластарға бөлінеді:
• Пассивтік операциялар – банктік қызметті көрсету үшін ақша
ресурстарын шоғырландыруы.
• Активтік операциялар – ағымдық кезеңде және болашақта табыс табу үшін
меншікті және тартылған қорларды пайдалану.
• Делдалдық операциялар – комиссиондық сыйақы үшін клиенттерге қызмет
көрсету.
Банктің делдалдық операциясы және оның қысқаша мазмұны 1.5. суретте
көрсетілген.
Банк операциялары схема керек

Банк үштігі бұл үш түсініктің сәйкестігі, яғни өнім – операция – қызмет
көрсету. Банк үштігі түсінігі клиенттерге банк технологиясымен қызмет
көрсету түсінігінің мүмкіндігімен анықталады. Ол келесі схемамен
белгіленген.
Технология = (Материал + Инструмент + Іс-әрекеттер жиынтығы) →Қажеттілікті
қанағаттандыру

Клиенттерге банк технологиясымен қызмет көрсету = (Клиенттердің қажеттілігі
+ Өнімдер + Операциялар)→Қызмет көрсету = Банк үштігі + Оның элементтері
арасындағы өзара байланыс.
Үштіктер Өнімдер+Операциялар+ Қызметтер
Элементарлы Жай Типтік Көпшіліктік
Араласқан Күрделі Кешенді Топтық
Интегралдық Жүйелік Процеске біріккен Жеке

1.6. банк үштігінің кластары

Банк өнімі – банктің клиентке қызмет көрсету тәсілі; банк қызметшілері мен
клиенттер арасындағы өзара байланыс;
Банк операциясы – клиенттерге қызмет көрсету бойынша қойылған міндеттерді
орны және уақыты бойынша жүзеге асыру жүйесі.
Банктік қызмет көрсету – банк клиентінің қажнттілігін қанағаттандыру
нысаны (несие, кассалық есеп, кепілдіктер, бағалы қағаздарды сату және
сатып алу, сақтау бойынша)
Әрбір коммерциялық банктің негізгі концепциясы: сенімді клиент –
тұрақты банк.

1.2. Коммерциялық банк әрекетін қаржылық талдаудың объективті қажеттілігі

Коммерциялық банк әрекетін қаржылық талдау дегеніміз – арнайы білім жүйесі.
Бұл жүйе банк әрекетінің қаржылық, экономикалық нәтижелерін меңгерумен,
шаруашылық процестердің факторын және тенденцияларындағы пропорцияларын
айқындау, банктің даму жолдарын негіздеумен байланысты.
Банктің талдау объектісі болып, әрбір жеке банктердің және оларды
топтастырудың коммерциялық іс-қимылының территориалды, функционалды және
т.б. белгілері бойынша топтаулар табылады.

Қаржылық талдаудың Ерекшеліктердің сипаттамасы
белгілері
Ішкі қаржылық талдау Сыртқы қаржылық талдау
1 2 3
Талдау мәні Қаржылық-экономикалық Қаржылық-экономикалық
процестер, олардың процестердің нәтижелері.
факторлары және
нәтижелері.
Талдау объектілері Қаржылық нәтижелер, Қаржылық нәтижелер,
рентабельдік және банктің қаржылық
банктің қаржылық жағдайы.
жағдайы, басқарудың
экономикалық тиімділігі.
Талдау субъектілері Банк мамандарының Бақылау ұйымдары мен
көпшілігі, әртүрлі меншік иелері.
деңгейдегі менеджерлер,
аналитиктер, ішкі
аудиторлар мен
бақылаушылар, банк
басқармасы, сырттан
келген аудиторлар мен
кеңес берушілер.
Қаржылық талдаудың Ерекшеліктердің сипаттамасы
белгілері
Ішкі қаржылық талдау Сыртқы қаржылық талдау
Регламент дәрежесі Банк басқармасы ұйымыныңХалықаралық және ұлттық
шешімі. стандарттар
Қолданылатын Қоршаған орта, банк Ағымдағы қаржылық есеп
ақпараттардың көлемі қызметі туралы беру шегінде.
ақпараттардың барлық
жүйесі
Алынған ақпараттардың Көптеген жағдайда Алдын-ала жасалған
талдау нәтижесінің ықтималды және операциялар бойынша
сапасы. субъективті сипатта бақылау ұйымдастырудың
болады. бекітілуі мен
ақпараттарға негізделген
талдау объективті
сипатта болады.
Ақпараттың көрсетілу Кез-келген Жалпы алынған принциптер
әдістері мен есептер стандарттары
негізінде
Ақпараттардың жүргізілу Ағымдағы, Ретроперспективті талдау
кезінде қолданылатыны ретроперспективті талдау
қай уақытқа жататынына
байланысты талдау
түрлері.
Өлшем бірліктері Кез-келген Ақшалай және өлшемсіз
Жүргізу жиілігі Кез-келген Бекітілген нормативтік
актілер бойынша
Жауапкершілік дәрежесі Дисциплинарлы Әкімшілік
бойынша


Сурет 1.7. Банктің ішкі және сыртқы қаржылық талдауының
салыстырмалы сипаттамасы
Осы суретке байланысты коммерциялық банктегі қаржылық талдау мерзіміне
қарай:
• Күнделік
• Апталық
• Айлық
• Тоқсандық
• Жылдық
Зерттеу көлеміне байланысты:
• Толық
• Тақырыптық
Зерттеу мақсатының сипатына байланысты:
• Алдын-ала талдау
• Бақылау-жеделдік талдау
• Қорытынды және болжамдық талдау болып бөлінеді.
Қаржылық талдаудың негізгі міндеті – мамандарға, банк қызметкерлеріне
қаржылық талдауды жүргізу үшін жан-жақты ақпарат беру.
Банк жүйесінде қаржылық есеп беруді талдау кезінде келесі әдістер
қолданылады:
1. Топтастыру әдісі – бұл жылдық баланстан, есеп берудің басқа да
түрлерінен мәліметтерді жүйелеуге, оларды талдау үшін барынша қолайлы
талдауды қолдану шарттарын жариялауға тиімді әдіс.
2. Салыстыру әдісі – бұл әдісті қолдану банктің қаржы жағдайын
сипаттайтын коэффициенттер мен көрсеткіштердің динамикалық өзгерістер
әсерімен дәлелденіп анықталатынын көрсетеді.
3. Коэффициенттер әдісі – бұл әдіс әртүрлі топтар арасындағы байланысты
табуға мүмкіндік береді, яғни шоттар тобының, активтердің немесе сол
сияқты банктердің оған үлес салмағын ажыратуға мүмкіндік береді.
4. Графикалық әдіс – талдаудың барынша көрнекті және тиімді әдістерінің
бірі.
Жалпы коммерциялық банк әрекетін қаржылық талдау туралы ақпарат сыртқы және
ішкі пайдаланушылар үшін қажет.
Ішкі пайдаланушылар – банктің басқару аппараты, банк қызметкерлері.олар
әртүрлі қаржылық сипаттағы шешім қабылдайды.
Сыртқы пайдаланушылар – несиегерлер, аудиторлық қызметкерлер, баспасөз,
құнды қағаздар биржасы.

Коммерциялық банк қаржысын банктік баланс негізінде талдау

1. Банк балансына қаржылық талдау жүргізудің реті және ұйымдастыру
жүйесі
Коммерциялық банк қызметін қаржылық талдау – бұл банк қызметінің қаржы-
экономикалық нәтижесін меңгерумен байланысты арнайы білім жүйесі.
Комерциялық банк өз қызметін талдау негізінде пайданы ұлғайту
мақсатында активтік және пассивтік операциялар құрылымын тиімді етуге
тырысады.
Мемлекеттік салық қызметі коммерциялық банктің есебін талдау
процессінде банктің бюджет алдындағы міндетінің орындалуына бақылау
жүргізеді. Банктік қадағалаудың екі түрі бар: реттеуші (есептерді
тексеру) және қадағалаушы (банкті бақылау). Қадағалау органдары
бухгалтерлік баланс және шығыстар мен кірістер туралы есеп негізінде
банктің қызметін бағалайды.
Қазақстан Республикасының Банктер және банктік ұйымдастыру туралы
заңына сәйкес банктің қаржылық жылы 1 қаңтардан басталып, 31 желтоқсанда
аяқталады.
Банк балансы – коммерциялық банктің өзіндік және сырттан тартылған
қаражаттарыныің қозғалысын, олардың корлану және құрылу көздерін жан-
жақты көрсетеді. Баланс бойынша ақша қаражаттарының орналасуына немесе
пайдалануына несиелік есеп айрысу және т.б.банктік операциялардың,
сонымен қатар бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялардың қозғалысына
бақылау жүргізеді.
Банктегі бухгалтерлік есеп есептеме әдісі бойынша жүргізіледі.осы
есептеме әдісінің бірнеше элементтері бар:
• Құжаттау
• Түгендеу
• Ақшалай бағалау
• Калькуляциялау
• Бухгалтерлік шоттар
• Екі жақты жазу
• Баланс
• Есеп беру

Құжаттау – банктегі барлық құралдар мен қорлардың қаражаттарының әрбір
айналысының орындалуын, әрбір операциялардың жүзеге асырылуы жөніндегі
көрсеткіштер жүйесін үздіксіз бақылап отыру үшін арнайы жасалған белгілі
құжаттар.
Түгендеу – көп салалы банк операцияларын іске асырып, тиімді жұмыстар
жүргізуде, кейбір операцияларды құжаттар арқылы тіркеуде есеп қызметкерлері
тарапынан жіберілетін қателерді жинақтау. Міндетті түрде жүргізілетін
түгендеулер Ұлттық Банкпен белгіленіп отырылуы керек, ал қосымша
жүргізілетін түгендеулер коммерциялық банктің жеке меншігімен анықталады.
Ақшалай бағалау – бұл элементтің атқаратын міндеті есеп көрсеткіш
мәліметтерін ақшалай көрсеткіштерге айналдыру.
Калькуляциялау - бұл банктің қызметінің өзіндік құныны анықтау.
Бухгалтерлік шоттар – банктегі бухгалтерлік есептің барлық
операцияларының белгілі бір мазмұнына қарай ашылған шоттарды немесе
бухгалтерлік есепті көрсету үшін қажет.
Екі жақты жазу – жүзеге асырылып жатқан барлық банктік операциялардың
міндетті түрде бір шоттың дебетіне, екінші шоттың кредиті бойынша
көрсетілуі керек.
Баланс – барлық шоттардың жатқызылатын класына жинақталып, жүйеленіп
көрсетілуі. Баланс - таразы, тепе-теңдік. Банк балансы активтен және
пассивтен тұрады.
Есеп беру – банктің барлық операцияларынан тұратын белгілі бір
мәлімет.Сонымен қатар әртүрлі басқару шешімдерін қабылдау үшін белгілі бір
бекітілген есеп берудің түрлері жинақталуы керек.
Есеп берудің түрлері:
• Бухгалтерлік баланс
• Банктің кірістері мен шығыстары туралы есеп
• Банктің ақшалай қаражаттары туралы есеп
• Банктің капиталы туралы есеп
Банк балансына қаржылық талдау жүргізудің негізгі бағыттары:
1. Активтік операциялапр құрылымын талдау (меншікті, тартылған
қаражаттарды орналастыру операциясы бойынша);
2. Пассивтік операциялар құрылымын талдау (қаражатты тарту
операциясы бойынша);
3. Коммерциялық банктің қызметінің қаржылық нәтижесін талдау;

Пассивтік операциялар – қаражаттар көздерін мінездейді. Банктің пассивтік
операциялары банк қызметі үшін маңызды роль атқарады.Соның көмегімен
банктер ақша нарығында несие ресурстарын сатып ала алады.
Пассивтік операциялардың негізгі нысандары:
• Бастапқы бағалы қағаздарды шығару;
• Банк пайдасынан қорларды қалыптастыру және көбейту үшін аударма
жасап отыру;
• Басқа заңды тұлғалардан алынған несиелер мен қарыздар;
• Депозиттік операциялар;
Пассивтерді басқарудың негізгі міндеттеріне мыналарды жатқызуға болады:
- активтік операцияларды дамыту үшін клиенттер алдында
міндеттемелерді орындау.
- банктің пайда табуын қамтамасыз ету.

Банктің жинаған ресурстарын табвс табу үшін және өтімділігін қамтамасыз ету
мақсатымен оргаластырылуын активтік операциялар дейді.
Активтік операциялардың негізгі нысаны:
• несие есептеу операциясы, оның нәтижесінде банктің несиелк
қоржыны қалыптасады.
• инвестициялық операциялар, ол инвестициялық қоржынның негізін
құрайды.
• Кассалық және есептеу оперпациялары, ол банктің клиенттерге
көрсететін қызметтерінің бірі.

Активтерді басқарудың негізгі міндеті – банк балансының өтімділігін сақтай
отырып, банк жұмысының табыстылығын қамтамасыз ету.Ақша нарығы дамыған
елдерде активті басқару экономикалық-математикалық әдіс және болжамдау
негізінде жүргізіледі.Біздің елеміздің көптеген коммерциялық банктері
талдаудың осы бағытын таңдауға тырысады.
Банк балансын
талдау және есеп
беру түрлері

Баланс баптарын талдау;
Баланстан тыс баптарды талдау;
Банк қызметінің қаражаттық нәтижелерін
қоса есептегендегі есеп беру түрлерін талдау;

Бухгалтерлік есеп
пен есеп беру
жағдайын талдау

Аналитикалық есеп мәліметтерін талдау;
Аналитикалық және синтетикалық есеп
мәліметтерінің сәйкестігін талдау;

Шарттық
құрылтайшылық
құжаттардың
жағдайын талдау

Операциялық келісім-шарт бойынша талдау;
Шаруашылық шарттарды талдау;
Құрылтайшылық келісім-шарттарды талдау;

Сурет 2.1. Банктің талдау жүйесінің схемасы.
Коммерциялық банк қызметініің қаржылық нәтижесін талдау баланстың
қызметтер қорытындысы бөлімін пайдалану арқылы жүргізіледі.Мұнда ағымдық
жылдың өткен жылмен салыстырғандағы кіріс бөлімінің көрсеткіштері
есептеледі.

2. Банк балансы материлдарын баланс активтерін және пассивтерін
талдауға қолдану

Банк қызметін талдауды анықтау үшін әртүрлі әдістер мен нысандар
қолданылады. Несиелеу және басқа коммерциялық банктермен корреспонденттік
қатынастарға отыру үшін банктің жалпы өтімділік жағдайын және пайдалығын
(табыстылығын) анықтау керек. Талдау әдісінің негізінде өзгертілген
(модифицированный) баланстық теңдік жатыр: Активтер=Пассивтер
Банк өтімділігін басқару процессінде актив пен пассив қатынастарын
сақтап отыру қажет.Осы қағида бойынша банктің агрегировты балансы құрылған
(2.2.1. кестеде көрсетілген) актив сапасы мен пассив құрылымы анықталады.
Кесте 2.2.1.
Банктің агрегировті балансы.
Агрегат Банк активінің баптары Агрегат Банк пассивінің баптары
1 2 3 4
А1 Кассалық активтер, 01 Онколды міндеттемелер
барлығы:
Дереу талап етілетін
а2 Касса 02 салымдар
Корреспонденттік шоттар
а3 Резервтік талаптар 03 Жедел міндеттемелер

а4 Ұлттық банктегі 04 Жедел салымдар және
қаражаттар депозиттер

а5 Корреспонденттік 05 Банктік қарыздар
шоттағы қаражаттар
Нарық айналысындағы ұзақ
А6 Бағалы қағаздар 06 мерзімді міндеттемелер
барлығы:
а7 мемлекеттік бағалы 07 Басқа да міндеттемелер,
қағаздар барлығы:
Несиелер
а8 портфельдегі бағалы 08 Басқа да міндеттемелер
қағаздар
Капитал, барлығы:
а9 мерзімінде төленбеген 09
вексельдер 010 Жарғылық қор
Банк қорлары
А10 Қарыздар, барлығы: С1 Қосымша капитал,
барлығы:
а11 Қысқа мерзімді с2
а12 Банктік с3 Бағалы қағазға салымды
а13 Ұзақ мерзімді С4 қамтамасыз ететін
а14 Мерзімі өткен резервтер.
Резервтер
А15 Басқа да активтер, с5 Валюта қорларын қайта
барлығы: бағалау
а16 Инвестициялар Пайда
а17 Материалды емес с6
активтер с7
а18 Басқа да активтер
а19 Залал және шығын с8




Баланс (А1+А6+А10+А15) Баланс (01+04+08+С1+С4)

Банк өтімділігі, тұрақтылығы және пайдалылығы активтерді сапалы
басқарумен байланысты.
Банктік заңдардың және Ұлттық Банктің талаптары активтік
операцияларға белгілі бір депозиттердің бөлігін резерв түрінде сақтауды
міндеттеу жолы арқылы ықпал етеді.
Банктердің жинаған ресурстарын табыс табу үшін және өтімділігін
қамтамасыз ету мақсатымен орналастыру актив операциялары деп аталады.
Коммерциялық банктің актив операциялары келесі түрлерге бөлінеді:
1. Несие есептеу әдісі. Оның нәтижесінде банктің несиелік қоржыны
қалыптасады.
2. Инвестициялық операция. Ол инвестициялық қоржынның негізін
құрайды.
3. Кассалық және есептеу операциясы. Ол – банктің клиенттерге
көрсететін қызметтерінің бірі.
4. Басқа да операциялар.
Активті басқарудың негізгі қағидаларына мыналарды жатқызуға болады:
• Актив құрылымын сақтау.
• Актив операцияларын диверсификациялау.
• Несиелік тәуекел есебімен резерв құру.
• Актив табыстылығына демеу жасау.

Банктің активтерін талдаудың экономикалық параметрлері 2.2.2. кестеде
көрсетілген.

Кесте 2.2.2. Банк активтерін талдау.
Көрсеткіштер Есептелуі КоэффициенттКөрсеткіштің
ің ұтымды экономикалық
мәні мазмұны
К1= Табысты (а5+А6+А10+а16+а18)(А10,75-0,85 Барлық табысты
активтерактивт+А6+А10+А15 әкелетін
ер активтердің үлес
салмағы

К2=табысты (а5+А6+А10+а16+а18)(01≥1,0 Табысты
активтерАқылы +04) активтердің ақылы
пассивтер пассивтерге
қатынасы

Банктің
К3=НесиелерМінА10(01+04+08) 0,7(агрессиагрессивтік
деттемелер вті саясат) немесе сақтық
0,6(сақтық саясаты.
саясат
Егер
К4=Банк 06а12 ≥1,0 қарыз банк-қарызгер,
қарызыбанк алушы онда К3=0,6; егер
несиесі ≤1,0 банк - несиегер,
несиегер онда К3=0,7;

Несие саясатының
К5 = А10(С1+С4) ≤0,8 тәуекелділігі:еге
Несиекапитал р мән 0,8-ден
үлкен болса, онда
ол капитал
жеткіліксіздігін
көрсетеді.

Несие
қоржынындағы
К6=Мерзімі а14А10 ≤0,04 мерзімі өткен
өткен несиелердің үлес
несиелернесиел салмағы
ер Нсиелер бойынша
залады жабу үшін
К7=Несиелерге с6А10 ≤0,04 резервтер
арналған
резервнесиелер

Банкте әр кезде өтімді активтердің белгілі бір сомасы болу керек. Егер олар
өз міндеттемелерін қамтамасыз етуге жетпесе, онда банк өз активтерінің
бөлігін қолма-қол ақшаға айырбастауға икем болуы қажет. Бұл актив
трансформациясы деп аталады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі табысты активтердің активтерге
салмақтанған саласын табу үшін мынадай жүйе ұсынады.
К1=Табысты активтерактивтер

2 бөлімнің есептеу бөлімі

3. Банк балансы негізінде банк өтімділігін талдау

Банк өтімділігі – ол сол банктің салымшылары мен кредиторлары алдындағы
өз міндеттемелерін уақытылы және ысырапсыз орындау қабілеті.
Банктің міндеттемелері нақты және потенциалды міндеттемелерден тұрады
Нақты міндеттемелер – баланста көрсетілген дереу талап етілетін
депозиттер, мерзімді депозиттер, банкаралық несие ресурстары, кредиторлар
қаражаты түрінде көрсетіледі.
Потенциалды міндеттемелер – банктің берген кепілдіктері (гарантии),
клиенттерге ашқан несие желісі (кредитная линия) түрінде көрінеді.Банктің
өз міндеттемелерін ысырапсыз уақытылы орындау үшін оған банк қызметінің
сапасын анықтайтын ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді:
Ішкі факторларға: банктің мықты капиталдық қоймасы, активтердің құрылымы,
ресурстарды тарту және орналастыру мерзімдерінің сәйкес келуі, пассивтер
құрылымы, менеджменттің сапасы жатады.
Сыртқы факторларға: елдегі экономикалық және саяси жағдай, бағалы
қағаздар және банкаралық нарықтың дамуы, қайта қаржыландыру жүйесін
ұйымдастыру жатады.
Банк өтімділігін бағалау өлшемдері төмендегідей көрсетілген
коэффициенттер көмегімен жүргізіледі:
1.Өтімділігі шектелген ресурстар үшін, яғни өтімді активтер (банктің
қайтарым мерзімі 30 күнге дейінгі несиелер) саласының банктің дереу талап
етілетін міндеттемелеріне қатынасы;
2. Өтімділігі орташа ресурстар үшін, банктің мерзімді уақыты 30 күннен 1
жылға дейінгі уақыттағы актив шотындағы қаражатының банк міндеттемелеріне
қатынасы;
3. Өтімділігі жоғары ресурстар үшін, уақыты 1 жылдан астам актив шотындағы
қаражаттардың банк міндеттемелеріне қатынасы;
Бұл коэффициентті ортақ формуламен мына түрде есептеуге болады:

Kі=формула керек

Мұндағы, 3ĸ

Республикада банк жүйесін дамыту үшін банк өтімділігінің көрсеткіштер
жүйесі өңделген.
Кесте 2.2.20
Банк өтімділігінің көрсеткіштер жүйесі:
Өтімділік Формула Алымы Бөлімі
көрсеткішінің
атауы
Капитал Меншікті капитал Тәуекел есебімен
жеткіліктілігі өлшенген актив
коэффициенті
Ағымдағы өтімділік Ағымдағы өтімді Ағымдағы
коэффициенті активтер міндеттемелер
Жедел өтімділік Жоғары өтімді Талап етілетін
коэффициенті активтер міндеттемелер
Ұзақ мерзімді Ұзақ мерзімді Меншікті капитал+1
өтімділік қарыз жылдан жоғары
коэффициенті депозиттер бойынша
міндеттемелер

Банктің өтімділігін талдау процессінде келесі міндеттемелер (талаптар)
қойылады:
• Нақты өтімділікті анықтау;
• Оның нормативтерге сәйкестігін анықтау;
• Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен бекітілген өтімділік нормативі
мәндерінен ауытқу факторларын анықтау;
Банк өтімділігін талдаудың негізгі мақсаттары:
• Банк өтімділігінің жағдайы туралы қорытынды жасау;
• Жағымсыз тенденциялар туғызатын факторларды талдау;
• Талдаулар нәтижесі бойынша банк өтімділігін анықтау;

Банк қызметінің кешенді экономикалық бағытын талдауды 2.5. суреттен
көруге болады.

Өтімділіктің
жалпы талдауы
Пруденциалдық
нормативтің сақталуын

Капиталдың ұзақ
мерзімділігін

Өтімділікті талдау
Өтімділік
құрылымын талдау

Активтерді талдау

Қаржы нәтижелерін

Пассивтерді талдау

Сурет 2.5. Банк қызметінің кешенді экономикалық талдау

Өтімділікті талдау банктің капитал жеткіліктілігінен басталады.Бұндай
талдаудың негізі болып, банктің меншікті капиталының сандық бағасы
табылады.
Капитал жеткіліктілігі коэффициентін анықтау Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкімен былай ұсынылады:
4. Өтімділік тәуекелін талдау

Банктің өтімділігін сақтаудың негізгі қағидасы банк активтерінің
қайтару мерзімінен қаражаттарды тұтынудың тууы мүмкін уақытының байланысы
болып табылады. Өтімділік төменде көрсетілгендей қамтамасыз етілуі мүмкін:
- жақын арада қайтарылу мерзімі болатын немесе талап етуі бойынша
төлеу құқымен берілген несиелер бойынша төлемдер қабылдау;
- несиелік талаптардың бөлігін сату;
- өтімділіктің анықталған коэффицентін ұстау үшін пассивтің әрбір
түрін қандай бөлігін активтің өтімді немесе өтімдірек баптарына
орналастыруды анықтау мақсатында пассивтің барлық шоттарында
кестеге құру жолымен активтерді бөлу;
- пассивтермен операция жүргізу:
а) айналыстағы депозиттік сертификаттар, облигацияларды шығару;
б) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіндегі қарыздары;
в) евронарықтағы қарыздар.
Банкте өтімділік мәселесі банктік несиелерді, қаражаттарды тарту
уақытынан гөрі ұзағырақ уақытқа беру тәжірибесіне байланысты туындайды.
Банктің пайдасы қаражаттарды қысқа мерзімге тарту бойынша пайыз мөршелмесі
мен қаражаттарды орта мерзімге орналастыру арасындағы айырма ретінде
анықталады.
Банктің қажетті өтімділік деңгейін ұстап тұрудың маңызды шарты –
бұл банкте өтімді активтердің жеткілікті сомасының болуы. өтімді қаражаттар
банктің қаржылық міндеттерін жабу үшін қолданылады. Өтімділікті қолдану
банктің қызметін басқарудың бірден-бір негізгі әдісі болып табылады.
Банк өз қызметін тек клиенттері мен басқада банктер арасындағы
барлық міндеттерін атқара алатынына сенген жағдайда ғана жүргізе алады.
Банк мұндай сенімді тез жоғалтып алуы мүмкін, егер олар бұл банкті барлық
заңды үлестік міндеттерімен жасай алмайды деп ойлаған жағдайда.
Егер активтерді қайтару мен міндеттерді өтеу мерзімінің арасындағы
дәл сәйкестікті қамтамасыз ете алған жағдайда өтімділіктің қажетті
деңгейіне қол жеткізуге болады. Бірақ та банк қаржы делдалы ретінде түсіп
отырғандықтан, ол бұл мерзімді әрдайым түрлендіріп отыруға міндетті. Бізге
белгілі банк қарызға ақша қаражатының аз ғана бөлігін көп мөлшерлерге қысқа
мерзіге алады да, ұзақ мерзімге ірі соманы қарызға береді. Бұл кезде банк
алдағы уақытта да міндеттерін өтеу үшін салымдарды татып және талап еткенге
дейінгі шоттардан алынған ақша қаражаттарын қайтарамын деп есептейді. Бірақ
та, нақты жағдайда әлемдегі бірде-бір банк мерзімсіз салымдарға
орналастырылған барлық ақшаны бір күнде қайтаруға жағдайы жетпйді.
Банкте өтімділікпен мәселеге туындағанда ол ақша қаражатына
сұраныс туады. Бұны алудың бірден- бір көзі активтерді сату болып табылады.
Активтердің кейбір түрлері жиі сатылып және сатып алынып отырады, сол
себепті бұл активтерге нарықтың әділ бағасы қойылғандықтан, банктің қысқа
және тез арада сатып алушыны табуына мүмкіндігі бар.
Бұндай категориядағы активтер біртекті болып және өтімді деп
аталады. Сол себепті бұлар тез арада қолма-қол ақшаға айналады. Қолма-қол
ақша ең өтімді актив болып саналады.
Қолма-қол ақшаға басқа банктерге қысқа мерзімді қарыздар немесе
басқа банктердегі депозиттерін жатқызуға болады, себебі бұл қарыздарды
немесе депозиттерді сатып алатын басқа банктерді іздеу сияқты қандай да бір
қиындықтар тумайтыны сөзсіз. Мемлекеттің құнды қағаздарды және баланстың
есептегі активтерді өтімділіктің тез сатылатын көзі болып табылады.
Активтердің жиі сатылмайтын және сатып алынбайтын түрлері де кезеседі
осындай жағдай болғанда олардың бағасын сатып алушы мен сатушының арсында
келісімге келу қажеттілігі туады, себебі нарықтың бағасын алудың
мүмкіншілігі жоқ. Бұндай активтерді сатып алушыны табу қиынға түседі.
Осындай түрдегі активтер бір-бірінен ерекшелене түскендіктен, оларды
салыстыру қиыншылық туғызады. Бұндай активтер өтімсіз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктік менеджмент
Банктің несиелік ресурстарын қалыптастырудың теориялық негізі
БАНК ӨТІМДІЛІГІНІҢ ТӘУЕКЕЛДІЛІГІН БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІНІҢ ДАМЫП ЖЕТІЛУІ
Қазақстан Республикасында коммерциялық банктердегі қаржылық менеджменттің мәні мен маңызын анықтау
Банк қаржысын басқару жүйесінің құрылымы
Коммерциялық банктердегі қаржы менеджменті
Банктің қаржы ресурстарын қалыптастыру және оны тиімді пайдалану
Банк жүйесін ақша-несие реттеу құралдары
Коммерциялық банктегі қаржы менеджменті
Коммерциялық банктің инвестициялық портфелін басқару
Пәндер