Қазақ тарихында әбілқайырдың алатын орны мен ролі
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.10
1 Әбілқайыр ханның хандық билікке келуі және қолбасшылық, дипломатиялық қызметі
1.1 Әбілқайырдың шығу тегі және оның хандық билікке келуі ... ... ... ... ... ..11.22
1.2 Әбілқайыр ханның әскери қолбасшылық іс.әрекеттері ... ... ... ... ... ... ... .22.27
1.3 Әбілқайыр ханның дипломатиялық қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27.34
2 Әбілқайыр ханның Кіші жүзді Ресейге қосу жолындағы ұстанған саясаты
2.1 Әбілқайыр ханның Ресейге қосылудағы саяси көзқарасы ... ... ... ... ... ... .35.41
2.2 Әбілқайыр ханның орыс өкіметінің өкілдерімен қарым.қатынасы ... ... ..41.52
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .53.54
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 55.57

Тарих факультеті
Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы кафедрасы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
ҚАЗАҚ ТАРИХЫНДА ӘБІЛҚАЙЫРДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ МЕН РОЛІ
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...3-10
1 Әбілқайыр ханның хандық билікке келуі және қолбасшылық,
дипломатиялық қызметі
1.1 Әбілқайырдың шығу тегі және оның хандық билікке
келуі ... ... ... ... ... ..11-22
1.2 Әбілқайыр ханның әскери қолбасшылық іс-
әрекеттері ... ... ... ... ... ... . ... 22-27
1.3 Әбілқайыр ханның дипломатиялық
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27-34
2 Әбілқайыр ханның Кіші жүзді Ресейге қосу жолындағы ұстанған
саясаты
2.1 Әбілқайыр ханның Ресейге қосылудағы саяси
көзқарасы ... ... ... ... ... ... .3 5-41
2.2 Әбілқайыр ханның орыс өкіметінің өкілдерімен қарым-қатынасы ... ... ..41-
52
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...53-54
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..55-57
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ елі көп жылдар бойы бодандық құрсауында
болып, енді егемендік алған тұста алдына әлемдегі өркениетті халықтар
санатына қосылу мақсатын қойып отырған ұлт үшін өзінің өткенін білу, төл
тарихынан тағылым алып, оның сабақтарын ескеру – болашақ мақсаттарға
жеткізетін негізгі фактор. Қазақстанның ХVШ-ХІХ ғасырлардағы тарихы
бірқатар объективті себептерге байланысты жеткілікті зерттелмей келгені
белгілі. Осы кезеңдегі тарихи өткенімізді зерделеуге Қазақстанның отарлық
тәуелділікте болуы да зиянды әсер еткені сөзсіз. Сол сияқты қазақтардың
мемлекеттілігі туралы қолда бар тарихи жазбалар ең алдымен кеңестік
кезеңдегі негізінен номадтық (көшпенділік) стереотиптерге құрылған болатын.
Тарихтың өзекті арнасы - жеке тұлғалардың, тарихи қайраткерлердің
туған еліне, халқына сіңірген еңбегін қоғамдық-саяси және әлеуметтік
тұрғыдан зерттеу болып табылады. Жеке тарихи тұлғалардың өзінің азаматтық
құқығының сақталуы, оның қайраткер ретінде қалыптасу мәселелеріне көп көңіл
бөлінуі тиіс.
Халқының жадында, тарихтың сарғайған құжаттарға толы қойнауында есімі
де, қызметі де сақталған, сол заманда жасаған ерлік істері бүгінгі ұрпақтың
рухани қазынасына айналып отырған қазақ жерінің ардақты тұлғалары аз емес.
Шындығында ел тарихын әйгілі тұлғалар арқылы зерделеу - қазақтың дәстүрлі
таным-түсінігінде ертеден қалыптасқан үрдіс. Қазақтың қария сөздерінде,
яғни шежірелік зердесінде тарих ұдайы жеке тұлғалардың өмір дерегі арқылы
танылып отырады.
Мемлекеттік билік кімнің қолында болатыны қоғам үшін өте маңызды.
Қазақ хандығының негізін қалаушылар Жәнібек пен Керей, ұлт маңдайының
бағына біткен Қасым, Есім, Тәуке, Әбілқайыр, Абылай сияқты хандар елдің
іргесін бекемдеп, шаңырағын нығайту жолындағы алмағайып заманның қиын-
қыстау сәттерінде ұдайы жеке бастарының қадір-қасиеттері мен үлгі өнеге
бола білді.
Әбілқайыр - қазақ халқының тарихында ерекше орын алатын тұлғалардың
бірі.
Әбілқайыр Қажысұлтанұлы сияқты ірі саяси тұлғаның қызметі кеңестік
тарихымызда жалаң, бір жақты баяндалды. Оған дәлел кеңестік жүйенің алғашқы
жылдарында оны тарихшылар "сатқын", "авантюрист" деп жөнсіз айыптаса, ал
Кеңес үкіметінің кейінгі жылдарында "дана билеуші", "ұлы орыс халқына өз
еркімен қосылудың негізгі ұйытқысы" деп асыра мадақтады. Демек, бұндай
жағдай аталған тақырыпты шынайы, сындарлы, яғни жаңаша зерттеу қажеттігін
айқындай түседі.
Қайткенде де, өз заманының перзенті Әбілқайыр Шығыс халықтарының
тарихында ірі саясаткер, мемлекет қайраткері, күшті әскери қолбасшы ретінде
елеулі орын алды.
Халқының қиын-қыстау тарихында дипломат-мәмілегер, данышпан қолбасшы
өз ұлтының бірлігі мен жерінің тұтастығын сақтауға жан аямай күш салысқан
ірі мемлекеттік тұлға ретінде танылды.
Бүгінде Қазақстан тәуелсіз ел атанып, өзінің тарихын жаңаша
көзқараспен жазып жатқанда, оларды бұрынғы қате, сыңаржақ пікірлерден
арылтуымыз қажет.
Зерттеу тақырыбын өзекті ете түсетін тағы бір нәрсе - ХVІІІ ғасырдың
бірінші жартысындағы Қазақ хандығының сыртқы саясатына байланысты жазылған
әртүрлі құжаттар мен хаттарға Кіші жүз ханы саясатын зерттемейінше баға
беру қиын. Көрші елдермен арадағы маңызы зор мұндай дипломатиялық
құжаттарға сол замандағы басқа хан-сұлтандармен салыстырғанда көбіне-көп
Әбілқайыр хан қол қойып отырған. Ал Кіші жүз ханы дипломатиясын зерттемей,
жоғарыда аталған ресми құжаттарды білу мүмкін емес. Мұның өзі ХVІІІ
ғасырдың 20-40 жылдарының қоғамдық-саяси астарларын, әсіресе тарихшы-
ғалымдардың мұқият зерттеуін қажет етеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өз Жарлығымен
1998 жылды "Халық бірлігі және ұлттық тарих жылы" деп, ал 1999 жылды
"Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы" деп және 2001 жылды "Тәуелсіздік
жылы" деп жариялауы еліміздің өткеніне, қазақ мемлекеттілігінің тарихын
ашуға, оның ішінде қазақ хандарының ел тарихында алатын ролінің ғылыми
тұрғыда кеңінен жазылуына, халыққа оның тарихи зердесін қайтарып беруге
септігін тигізері сөзсіз. Дегенмен де елбасының өзі айтқандай "тарих
дегеніміз тек өткеннің ғана сабағы емес, ол едәуір дәрежеде болашақтың да
көрінісі, айғағы" 1.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Қазіргі таңда Әбілқайырдың қайшылығы мол
күрделі тарихи тұлғасы толық зерттелді деп айту қиын. Кіші жүз ханы туралы
көптеген мәселелер түбегейлі, байыпты зерттеуді талап етеді. Сонымен
Әбілқайыртанудағы өзекті мәселелерді зерттеуді ғалымдар енді ғана шын
мәнінде қолға ала бастағанын айта кеткіміз келеді. Алайда, қазір біз оқып
жүрген тарихнамада ғылыми дәлелденбеген, нақты дерекке емес, болжамға
сүйеніп жазылған тұстар аз емес екені туралы пікірлер айтылуда. Бұл
мәселеге байланысты әр кезеңде әр түрлі тұжырым айтылып келді.
ХVІІІ ғасырдың I жартысындағы қазақ-орыс қатынастары жөнінде
бұл мәселе бойынша біршама қарастырып өткен орыс авторлары болды. ХVІІІ
ғасырдағы және XX ғасырдың басындағы орыс авторларының ерекшелігі -ғылыми
экспедициялар мен қызмет бабындағы сапарлар кезінде ауқымды мәселелер
бойынша материалдар жинады, сонымен бірге тарих, мәдениет, этнография,
география және т.б. қамтылды. Бұл авторлар Қазақстанның ХVІІІ-ХІХ
ғасырлардағы қоғамдық-саяси дамуының ерекшелігімен жақсы таныс болғандықтан
өздерінің еңбектерінде Әбілқайыр ханға көптеген беттер арнаған. Алайда бұл
авторлар өз заманының адамдары болды және олардың көзқарастары сол уақытқа,
идеологияға тән ықпалдардан азат емес еді. Әбілқайыр хан саясатына
берілген бағалар зерттеушінің қай тапқа жататыны тұрғысынан айқындалды.
Қандай жағдайда болсын, казақ халқының шынайы тарихын жасау үшін олардың
еңбектерін зерттеу және талдау қажет. Алғашқы орыс зерттеушілерінің
қатарына П.И.Рычковтың 2, А.И.Левшиннің3, В.АМоисеевтің4,
В.Н.Витевскийдің 5, А.И.Добросмысловтың 6, А.И.Макшеевтің 7
еңбектері жатады.
Жоғарыда айтылған Кіші жүз ханы жайлы қалам тартқан ізденушілер
мен зерттеушілердің көпшілігі патша үкіметінің отарлау саясатын ақтауға,
керісінше, Әбілқайыр ханның саясатын жағымсыз жағынан түсіндіруге тырысқан.
Орыс Географиялық Қоғамының негізін қалаушылардың бірі
А.И.Левшин Орынбор комиссиясында дипломатиялық қызметте жүрген кезінде
қазақтардың тарихына қатысты материалдар жинаған. Өзінің қомақты еңбегінің
екінші бөлімінде автор Қазақстанның Ресей құрамына кіру тарихын айта келе,
оның себептеріне мейлінше терең үңіліп, Әбілқайыр хан туралы да деректер
келтіреді. Автордың ойы бойынша, қазақтың бірден-бір қорғанышы,
қауіпсіздігі мен ішкі тыныштығының кепілі тек Ресей ғана бола алады. Кіші
жүздің және Орта жүздің кейбір руларының Ресей бодандығына өз еріктерімен
кіргенін дәлелдей келе, А.И.Левшин олардың бұл қадамы "сәті түскен кезде
қайтадан тәуелсіздікке оралуға нақты шешім қабылдау" жасалуы мүмкін екенін
жоққа шығармайды. Сонымен қатар А.И.Левшин бұл бодандықты Әбілқайырдың жеке
басы еркінің және "қуатты елдің қорғаушылығымен күшеюге" үміт артқан басқа
да халықтың "әкімқұмар бастықтарының" дәмеленушілік көрінісі деп қарауға да
бейім тұрғанын атап өтуіміз қажет.
Төңкеріске дейінгі орыс тарихнамасының ірі өкілдерінің бірі
А.И.Левшиннің Кіші жүз ханы хақындағы түйіні төмендегідей: "Әбілқайыр Кіші
жүздің ханы болғанымен, Орта жүздің де кейбір руларына билігін жүргізді.
Елінің жағдайын ойлай отырып, билігінің өктем болуына назар аударды.
Жауларын жеңіп өз билігін нығайта түсу үшін бар мүмкіндігін толық
пайдаланды" 3.
Қазақ жерлерінің Ресей құрамына қосылу дәуірін біршама толық
зерттеген А.И.Добросмыслов: "Самый сильным, предпримчивым и энергичным из
ханов казахских орд, начале второй четверти ХVІІІ столетия был ближной наш
сосед хан Малой Орды Абулхаир" 6, - деген байлам жасайды.
Патшалық Ресейдің жоғары лауазымды шенеунігі әрі тарихшы
А.И.Макшеев былай деп жазады: "Мемлекет шекарасы сыртындағы қырғыздар
(қазақтар) бұрынғысьнша тәуелсіз болып қала берді, ешқандай алым-салық
төлемей, Ресей алдында міндет атқармады" 7.
Кіші жүз ханын көзімен көріп, жүзбе-жүз кездескен орыс шенеуніктері
де, ханның жеке басының қасиеттерін жоғары бағалаған. Оған дәлел, Орынбор
экспедициясының бастығы И.Кириллов: "Әбілқайыр хан барлық қазақ - қайсақ
хандарының ішіндегі атақтысы және ақылдысы..." 8 десе, ханмен етене жақын
болған орыс елшісі М.Тевкелевтің: "Әбілқайыр хан жетерліктей ақылды және
қулығы да бар адам... оның ұлы мәртебелі императорға бодан болу ниеті
лажсыздан туып отыр" деген мінездемесімен толық келісуге болады. XIX
ғасырдың басындағы ірі қоғам қайраткерлері сапынан орын алатын қазақ
зиялылары да өз еңбектерінде аталмыш мәселеге назар аударған. Олар:
Ә.Бөкейханов, Х.Досмұхамедұлы, Ғ.Мұсағалиев, Қ.Кемеңгерүлы т.б. Бұл
авторлардың шығармашылық мұралары олардьң ой-өрісінің кең екенін және
Қазақстанның Ресейге қосылуын, соған сәйкес Әбілқайыр саясатын басқаша
тұрғыдан бағалайтынын көрсетеді. Біз бұл еңбектердің қазақтарды отарлаудың
зақымдары мен зардаптары көзге ұрып тұрған кезде жазылғанын ескеруіміз
керек. Осы орайда Ғабдулғазиз Мұсағалиев өз пікірін былайша білдіреді:
"... Әбілқайыр хан халық пайдасы үстіне өзінің құмар болған дәреже,
лауазымын русь қол астына кіріп, сақтауды амид етті. Сол ниет, сол
амидпенен ол русь қол астына кіруді қуаттайды, һәмде қазақтардың бастан
русьқа бағынуына себепші болды... Оның русьқа бағыну пікіріне көбісі қарсы
келді... Сонда да хан көптің ризалығын күтіп тұрмады, өзіне ерген
кісілермен русь қол астына кіруге қарар берді" 9.
Автор пікірі бір қырынан қарағанда Кіші жүз ханын сынағандай
көрінгенімен, екінші жағынан кейбір пікірлері шындыққа жанасады.
Әбілқайырдың Ресей әкімшілігіне сүйеніп, өзінің саяси қарсыластарының
позициясын әлсіретуге, жеке билік жүргізу үшін күресте өзінің потенциалды
бақталастарынан асып түсуге үміт артқан пайдакүнемдік мүддесі болғандығын
қазіргі кәсіби тарихшылар да растайды. Ғ.Мұсағалиев бодандықтың мәнін
Әбілқайыр шығыс дәстүрінде түсінгенін атап өткен. Десек те, ХVШ ғасырдың I
жартысындағы әскери-саяси оқиғаларда басты рөл атқарған, сол үшін
маңындағылардың жаулық, қастандықтарына ұшыраған, халық болашағы мен жеке
мүддесі дәуір ағымының беталысына қарай ойламаған тұста келісім тауып,
өзара жарасып кеткен Әбілқайыр тұлғасын автор біржақты бағалаған.
Әбілқайыр ханның ұстанған түпкі саяси мақсатын Қошке Кемеңгерұлы 1924
жылы Мәскеуден шыққан "Қазақ тарихы" атты кітабында былайша түсіндіреді: 1)
Күшті Ресейге арқа тіреп Хиуалықты, Қарақалпақты бағындырамын, үш жүзге
үлкен хан боламын; 2) Тақты мұралы қыламьн; 3) Қол-аяқты жинап алған соң,
Ресейден бөлініп кетемін, деп ойлады. Соңғы пікірімен толқыған халықты да
иландырды ...
Профессор Халел Досмұхамедұлының көлемді алғысөз жазып, 1925 жылы
Ташкент қаласында араб қарпімен жарық көрген "Исатай-Махамбет" деп аталатын
еңбегінің күні бүгінге дейін мәнін жоймаған тұстары бар. Әбілқайыр
саясатына берілген автордың бағасы мен ханның жеке басының қасиетін
айқындауда автор көзқарасында қайшылық орын алады 10.
"... Ұлы хан болғысы келген хандар көбейді. Әбілқайыр, Қайып, Сәмеке ұлы
хан болғысы келіп қатар шықты. Бұлардың қайсысы да бір ауыздан елді тегіс
соңына ерте алмады. Әбілқайырға елді қорқытьп алып хан болудан басқа жол
қалмады. Елді қорқыту үшін Әбілқайыр орыс патшасына бағынбақшы болды" деп
бір жазып кетсе, ханның өзін "Әбілқайыр айбарлы хан болды..." дейді.
1903 жылы Әлихан Бөкейхановтың "қазақтарды жау жағадан алып, бөрі
етектен тартып орыс билігін мойындауға мәжбүр етті" 11 деген тұжырым
келтіреді.
XX ғасырдың 30-жылдарының ортасы мен 80-жылдардың басында қазақ халқының
бастан кешіргенін зерттеуге маркстік-лениндік идеологияны меңгерген және
дворяндық-буржуазиялық тарихнамаға белсенді түрде қарсылық білдіретін
кәсіби тарихшылар кірісті. Ресей империясының бұрынғы отарларының ұлттық
тарихына деген ынталылық кең етек алды.
В.Лебедевтің, В.Ф.Шахматовтың, П.Г.Галузоның, С.Д.Асфендияровтың,
М.Тынышпаевтың, Ғ.Тоғжановтың еңбектерінде, негізінен Ресейдің жаулап алу
саясатының зардаптары айтылды. Жалпы алғанда Қазақстанның Ресей құрамына
кіру тарихы да ұзақ. Сол сияқты оған берілер баға да әрқилы. Әуел баста ол
Әбілқайыр ханның орыс патшасының алдына Ресейге қосылу мәселесін қоюынан
басталды десе де болғандай. Өйткені, империя құрамына кірудің мәні
бастапқыда бұл мәселеге орыс елін билеушілердің көзқарасынан мүлдем бөлек
еді. Аталған мәселеге XX ғасырда жоғарыда айтылған авторлардан басқа
М.П.Вяткин, Е.Б.Бекмаханов, Н.Г.Аполлова, Н.Бекмаханова, Д.И.Дулатова,
Ж.Қ.Қасымбаев, А.Сабырханов, Б.С.Сүлейменов, В.Я.Басин, П.Е.Матвиевский,
В.А.Моисеев, Н.К.Мұқитанов, Б.А.Төлепбаев 19 және басқа ғалымдар елеулі
үлес қосты.
30 жылдары патшалық Ресейдің отарлау тарихын біршама объективті түрде
жазып, қазақ жерін казак отаршылдарының тартып алуы, Орта Азия және
Қазақстан жерінің Ресей империясының шикізат көзіне айналуы, Түркістан
аймағы патшалық Ресейдін отары болғандығы жайында П.Г.Галузо өзінің
зерттеуінде кең тоқталады. Сонымен қатар, онда патша өкіметі халықтарды бір-
біріне айдап салып өшіктіру саясатын көздеп келгендігін де дәлелдей
көрсеткен.
40-50 жылдары бұл мәселені зерттеуге профессор М.П.Вяткин де зор үлес
қосты. Ол қазақтардың бодандығына баға беру осы оқиға өріс алған тарихи
жағдайдан туындау керек дегенді айтты. Оның ойынша осы қағидадан шығып кету
"абсолюттік қорлау" терминінің пайда болуына әсерін тигізді. Зерттеуші
ХVIII ғасырдың 30-40-жылдары қазақ жүздерінің алдында не Ресейге, не
Жоңғарға бодан болуды таңдау қажеттілігі тұрды, олардың қайсысын таңдаса
да, саяси тәуелсіздіктен айырылуға әкеліп соғады, бірақ Ресейге бодан болу
"қорлықтың жеңілдеу түрі", өйткені ол өркендеуге жағдай жасайды деп
көрсетті. Автор "өз еркімен қосылды" деп айтатын ұлы орыстық шовинизммен,
тарихшылармен келіспейді, бірақ оған қарама-қайшы "... қазақтардың орыс
бодандығын қабылдауы жаулап алудың нәтижесі болып табылды; оның бастапқы
кезде... мүлдем жаулап алу болмай, "қара" және "ақ" сүйек шонжарларының
халық бұқарасының еркіне қарсы патша үкіметі арасындағы одақ екенін
жоғарыда көргенбіз" деген пікірді де қолдамайды. Түптеп келгенде оның
ойынша, "Әбілқайырды патша үкіметінен қорғаныш" таңдауға жағдайдың өзі
мәжбүр етті 12.
1948 жылы Қазақстанның Ресейге қосылуьн қазақ халқының тарихындағы
прогрессивтік жағдай деп бағалайтын Н.Г. Аполлованың "Присоединение
Казахстана к России в 30-х годах ХVІІІ века" монографиясы жарық көрді.
Әртүрлі деректерді мол пайдалануы жағынан, қарастырылған мәселелердің
аумақтылығына қарай осы автордың біз пайдаланған еңбегінің ғылыми құндылығы
зор. Онда бұл қосылу нақты тарихи жағдайда, Әбілқайыр ханның шаруашылық
және саяси есеп - қисабынан туындады делінген. Автор: "Қазақ хандары ХVІІІ
ғасырдың басынан сыртқы саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты Тәукеден
бастап Әбілқайырға дейін Ресеймен бейбіт қарым-қатынасты нығайту үшін қам
жасады" дей келе, "көпшіліктің Ресей бодандығына қарсы болуы жасалған
келісім-шартқа наразы болуының бірден-бір себебі, хан бұл мәселені шешуде
өз билігін тым жоғарылатып жіберді. Ханның бұл қадамын старшина мен билер
бабаларынан келе жатқан әдет-ғұрыптарды бұзғандық деп түсініп, өздерінің
хандықтағы саяси биліктерін аяққа таптады деп түсінді" деген болатын 13
Қазақ халқыньң аса ірі тарихшысы Е.Бекмаханов осы кезең туралы құнды
еңбектердің авторы. Ол: "Кіші жүздің қазақтары өздерінің көреген ханы
Әбілқайырдың бастауымен 1730 жылы ерікті түрде орыстарға бодан болғаны
мәлім. Мұның өзі сыртқы және ішкі себептерден туған қажеттілік болды; ХVІІІ
ғасырдың 30-жылдарында жоңғар жаулап алушылары тарапынан қанауға түсудің
қаупі төнген. Әбілқайыр бастаған қазақтар өздерінің қуатты көршісі -
Ресейден әскери көмек сұрады. Сонымен бірге орыстарға бодан болуға
қазақтарды империямен экономикалық және сауда байланыстары да итермеледі.
Бодандықтың шарттары бойынша қазақтар өздері тұрып жатқан мекенін және
мемлекеттік дербестігін сақтап қалды" 14 , - деп жазады.
Шетел тарихшылары да өз еңбектерінде осы мәселеге көңіл аударып,
еңбектер жариялаған. Бұл жөнінде тарихшы - ғалым К.Л.Есмағамбетов ХІХ-ХХ
ғасырдың өн бойында батыс елдерінде жинақталған қазақтар туралы тарихи-
этнологиялық сипаттағы сан алуан материалдарды жинақтай отырып, сол
кезеңдегі Батыс елдерінің біраз ғалымдарының, әсіресе Ю.Скайлердің,
А.Боджердің, М.Б.Олкоттың өз еңбектерінде Кіші жүз қазақтарының Ресейге
қосылу себептеріне, бұл орайда Әбілқайыр ханның атқарған роліне назар
аударғандығын көрсетіп берді 15.
Суонси университеті колледжінің (Англия) оқытушысы Алан Боджер өзінің
"Кіші жүз ханы Әбілқайыр және оның 1731 жылы қазандағы Ресейге бодан болу
туралы анты" деп аталатын еңбегінде бұл мәселе туралы; "Қазақ халқы орыс
боданы болуды қалады" деген жорамал шындыққа жатпайды. Әбілқайыр өзінің іс-
әрекеттерінде жеке басының мүддесін - саяси мақсатты көздеді, бір сөзбен
айтқанда, ол да орыстан көмек алуға тырысты, бірақ орыспен қосылғысы
келмеді" дейді 40.
Еліміз егемендікке қол жеткізгеннен кейін тарихымыздағы
"ақтаңдақтарды" ашуға жергілікті тарихшылар да араласа бастады. Бұл
мәселені тарихи танымдық жағымен де, ғылыми құндылығымен де ерекше,
көптеген тарихнамалық, методологиялық мәселелерді алға тартып, ХVШ-ХІХ
ғасырлардағы казақ тарихын зерттеушілерге тың серпін беріп отырған көрнекті
тарихшыларымыз М.Қ.Қозыбаевтың,Ж.Қ.Қасымбаевтың, И.В.Ерофееваның тарихи
зерттеулерінің орны айрықша.
Академик М.Қ.Қозыбаев "История России есть история страны, которая
колонизуется" мақаласында Қазақстанның Ресей құрамына кіруі туралы өз
пікірін келтіреді. Ғалым Қазақстанды басып алу стратегиясы сонау I Петр
кезінде айқындалып, одан кейінгі уақытта түпкілікті рәсімделгенін
көрсетеді. Әбілқайыр ханның Ресейге тәнті болуы "ұлтты сақтап қалу үшін
қолайлы жағдай қалыптастыру мақсатында" қазақтардың империя билігін
мойындауға мәжбүрлікті қалыптастырған тарихи жағдай деп түсіндіреді 16.
Осыған сәйкес тақырыпқа тікелей қатысты ХVІІІ ғасырдың бірінші
жартысындағы қазақ халқының саяси өміріндегі Әбілқайыр ханның орны, Кіші
жүздегі ХVШ-ХІХ ғасырларда қалыптасқан саяси-құрылыс пен экономикалқ
дамудағы өзгерістер, Кіші жүзді мекендеген ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы
халықтардың этникалық құрамы туралы мәліметтер Т.З.Рысбековтың 17,
Б.Қ.Бірімжаровтың 18, А.М Абдилдабекованың 19, С.Өтениязовтың 20,
М.Ж.Абдіровтың 21, М.С.Мәшімбаевтің 22, А.Исин 23 еңбектерінде жан-
жақты қарастырылғандығын айтып кету қажет. Мәселен, тарихшы М.С.Мәшімбаев
Әбілқайыр тұлғасының біздің өлкемізге тікелей қатынасты болғандығын баяндай
келіп, оны батырлығы мен өркөкіректігі, ақылдылығы мен билікқұмарлығы,
саясатшылығы мен бірбеткейлігі астасқан қайшылығы мол тарихи күрделі тұлға
ретінде бағалайды 12.
Сондай-ақ республика баспасөз беттерінде осы тақырыптың әр мәселесін
толықтыратын, дербес мемлекеттің өткен кезеңін көрсететін мақалалар жарық
көрді .
Қазақ халқының жоңғарларға қарсы күресі, Қазақстанның Ресейге қосылуы
хақында бүгінге дейін ірілі-уақты бірнеше шығармалар жарық көрді.
І.Есенберлин, Ә.Әлімжанов, Т.Ахтанов, Қ.Бекхожин, А.Сергеев, С.Сматаев, М.
Есламғалиұлы, Қ.Салғараұлы, Қ.Жұмаділ секілді жазушыларымыздың шығармалары
бұл тақырыпты едәуір тұсқа дейін тереңдетіп дамыта түсті. Бұл мәселе
жөнінде тарихи проза саласындағы шығармалардың ішінде белгілі жазушы
Ә.Кекілбаевтың "Үркер", "Елең-алаң" атты романдары, Қ.Жұмаділовтың
"Дарабоз" 48 шығармасының орны оқшау тұр.
Ерекше атап өтерлік мәселе, шығармада жер-су аттары, қазақтың аңыз
әңгімелері түгелдей тарихи шындыққа сай келтірілгені. Автордың архивтердегі
тарихи құжаттарды зерттегені, қажетіне қарай сұрыптап пайдаланғаны көрініп
түр. Романда, жалқы жүріп жол бағып, іштен тынып, ой бағып дағдыланып
қалған Әбілқайыр қанша бой тасалап, алыс мұратына бопсалап қана көз
салғанымен, іске де, сөзге де мығым, ағалық жол басқаныкі болғанымен,
ойының саралығы ісінің даралығы жағынан өзге сұлтандардан әлдеқайда үстем,
биік екені көрінеді. Шығармада Әбілқайыр ханның образы сәтті шыққан десек
бұл асыра сілтеушілік емес.
Жұмыстың деректік негізі. Диплом жұмысының дерек көзі ретінде Кіші
жүздің Ресейге қосылуы қарсаңындағы қазақтардың экономикасы, саяси құрылымы
мен тұрмыс-тіршілігін зерттеуде А.И.Тевкелев күнделігінің орны ерекше 8.
Күнделік 1731 жылдың 3 қазанынан 1733 жылдың 14 қаңтарына дейінгі аралықты
қамтиды. Оның тағы бір құндылығы автордың қазақ тілін жетік білетіндігі мен
қазақтар арасында екі жылдан астам уақыт болғандығында. Күнделікті мұқият
зерттеу Қазақстан тарихнамасындағы кейбір күрделі мәселелерді шешуге;
Әбілқайырдың Ресей қол астына өтуге ұмтылуының себептерін айқындауға
септігін тигізеді. Тевкелев ХVІІІ ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ
хандығының көрші елдермен арадағы саяси жағдайының аса шиеленіскенін атап
көрсетеді. Көршілес мемлекеттермен арада болып отырған жиі-жиі әскери
қақтығыстар халық өміріне олардың тұрмысына елеулі нұқсан келтірді.
А.И.Тевкелев жазбаларынан Әбілқайырдың Ресейдің қол астына өту арқылы
Ресеймен және бодандарымен бейбіт қарым-қатынас орнатуды көздегенін аңғару
қиын емес.
Күнделік кемшіліктерінің бірі - оның әлеуметтік жағынан сыңаржақтылығы.
Онда феодал, сұлтан мен хандардың қызметі туралы мол мәліметтер
келтірілгенімен, қарапайым халықтың өмірі мен тұрмысы жайлы деректер жоқтың
қасы деуге болады.
Тұтас алғанда, А.И.Тевкелевтің халыққа сұрау жүргізу арқылы және
қазақтармен тікелей араласуы негізінде жинақталған деректері ХVІІІ ғасырдың
басындағы қазақ даласы солтүстік-батыс өлкесінің тарихы жөніндегі аса құнды
мәліметтер болып табылады. Алайда, патша әмірін орындаушы А.И.Тевкелевтің
консервативті саяси көзқарастағы адам болғанын да ұмытпаған абзал.
Сондықтан да ол тарихнамалық мәліметтерді ғылыми мақсатқа емес, негізінен
отаршылдық саясатты негіздеуге пайдаланды. Қалай болғанда да патша жансызы
Тевкелевтің көптеген құжаттарын талдау Әбілқайыр хан саясатын айқындай
түсуге көмектесері сөзсіз.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеуіміздің мақсаты ХVІІІ
ғасырдың бірінші жартысындағы Әбілқайыр ханның саяси-мәмілегерлік
қызметінің негізгі бағыттарын айқындай отырып, оның қазіргі тәуелсіз
Қазақстан жағдайындағы ұлттық мемлекетіміздің сыртқы халықаралық саясатымен
астасып жатқандығын дәлелдеу. Сондықтан, осы мәселелерді шешу барысында
мынадай міндеттерді назарға алдық:
Кіші Жүз ханы ретінде Әбілқайыр ханның билікке келуін;
Сол кезеңде елінің, жерінің тұтастығы үшін күрескен Әбілқайыр ханның
қолбасшылық қызметін;
ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысындағы қалыптасқан күрделі саяси
ахуалды Әбілқайырдың саяси-мәмілегер ретінде
ұғынғандығын
дәйектеу және оның сол замандағы тарих сахнасына көтерілген ірі
саяси тұлға екенін пайымдау;
Кіші жүздің Ресейге қосылуының алғы шарттарын анықтау арқылы
Әбілқайырдың саяси тұрақтылықты сақтау жолындағы қызметін
дәлелдеу және Кіші жүз ханының орыс отаршылдығына қарсы
жүргізген саяси күресінің мәнін ашу;
Өзінің билік етіп отырған кезеңдегі Әбілқайыр ханның орыс өкіметінің
арасындағы қарым-қатынасын көрсету;
Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері. ХVІІІ ғасырдың басынан осы
ғасырдың 40-жылдарының соңына дейінгі қазақ даласындағы Кіші жүз ханының
күрделі, қарама-қайшы саясат жүргізу шараларының маңызды кезеңін
қарастыруды қамтиды.
Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, бес тармақшадан
тұратын екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен
тұрады.

1.1 Әбілқайырдың шығу тегі және оның хандық билікке келуі
Қазіргі тарих ғылымында қазақ хандары жан-жақты зерттелуде.
Тәуелсіздікке қол жеткізуімізге байланысты тарихи таным арнасына жаңадан
игеріле бастаған отандық және шетелдік жазба деректер тартылуда.
Әбілқайыр ханның Қазақстанның саяси тарихындағы орны туралы талас-
пікірлер әлі күнге дейін шешімін таппай келеді. Әбілқайыр ханға объективті
бағаны XVIII ғасырдың 20-40-шы жылдар аралығындағы тарихи жағдайларды
қарастыра отырып, анықтауға болады.
Әбілқайыр ханның шежіресіне тоқталатын болсақ, оған қатысты көптеген
ғылыми зерттеулерде әртүрлі шежіре кестелері кездеседі. Әрине, шежіре
кестелерінде айырмашылықтар бар. Адам есімдерінің әртүрлі жазылуында,
орындарының ауысуында немесе жаңа бір есімнің кездесуінде. Кейбір
шежірелерде Әбілқайыр хан Өсеке ұрпағынан емес Қасым хан ұрпағынан шыққан
деседі. Яғни, Шыңғыс хан — Жошы - Тоқайтемір - Өз темір - Қожа — Бадақұл —
Арыс хан - Құйыршық хан — Барақ хан — Абусағид хан Әз Жәнібек деп те
аталған. Әз Жәнібектің балалары Иранчы, Махмұт, Қасым хан, Айтек, Жаныс,
Қамбар, Тәтіш, Үсек, Жәдік. Қасым ханнан — Шығай - Тәуекел хан — Есім хан —
Жаһангер хан Салқам Жәңгір - әз Тәуке хан - Әбілқайыр хан мен Болат хан.
Ал, Болат ханнан Сәмеке, Әбілмәмбет тараған. Дәл осылар Ақтабан шұбырындыда
Ұлы жүзде Әбілмәмбет хан, Орта жүзде Сәмеке хан, Кіші жүзде Әбілқайыр хан
еді 24. Қазіргі кезде ғылыми айналымға енбей келе жатқан қазақ
хандарының шығу тегі мәселесін Б.Кәрібаев өз еңбектерінде ғылыми тұрғыда
қарастырып, қазақ хандарының генеологиясын Жошының кенже ұлы Тұқай-Темірден
емес, Орда Еженнен таратады. Сондай-ақ Берекет Бақытжанұлы өзінің еңбегінде
XIX ғасырдың I ширегіне дейін өмір сүрген қазақ хандарының бәрі Жәнібектің
ұрпақтары деген тұжырым жасайды 25.
С. Толыбеков Әбілқайырдың ата-тегін былайша таратады: "Әз Жәнібек
сұлтанның тоғыз балаларының ішінен Өсеке сұлтаннан — Ырыс сұлтан - Ходжа
сұлтан - Абдулла сұлтан тарайды. Абдулла сұлтанның балалары Жолбарыс хан,
Нияз сұлтан, Әбілқайыр хан 1693-1748 ж.ж., Досалы сұлтан" 26.
Алайда, көңіл бөлетін бір жай, профессор Т. Қаратаевтың Әбілқайыр
аттас тарихи тұлғалар негізінде жазылған мақаласында: "Кіші жүздегі
Әбілқайыр ханның Абдолла деген әкесі болмаған, әкесінің аты бірде Әжі,
Қажы, бірде Аджа болып жазылған. Абдолла деген адам — Ұлы жүздегі Әбілқайыр
ханның әкесі екен. Кіші жүзде Әбілқайырдың Жолбарыс, Нияз деген бауырлары
болмаған. Кіші жүзде Әбілқайырмен бір мезгілде Ұлы жүзде де бір
Әбілқайырдың болғанын тарихи деректерді пайдалана растай келе, көп жерде
мәлімет араласып жүргендігін жазады".
Қойшығара Салғараұлы: Әз Жәнібек ханның 9 ұлдарының бірі Ұснақтан
(Сөк) — Бөлекей Қоян - Батырхан - Айшуақ - Ырыс -Қажысұлтан — Әбілқайыр
хан,- деп шежірені өрбітеді .
Әбілқайырдың ата-тегі қара сүйектен шыққан деген ғылыми тұжырымдар
кездеседі. Әбілқайырды жоғары ақ сүйек әулетінің өкілдері оны "қара сүйек"
әулетіне жатқызған.
1748 жылы 24 қыркүйекте А. Тевкелевтің Сыртқы істер алқасына Кіші және Орта
жүздің хан-сұлтандарының генеологиясы жайында жазған мәлімдемесінде Кіші
жүз ханының шежіресі былайша көрсетіледі: Өсеке - Бөлекей Қоян - Айшуақ
— Нарыш - Аджа -Әбілқайыр 8. А. Левшин де Әбілқайырдың шежіресін дәл
осылай өрбітеді 3.
Әбілқайырдың ата-тегі туралы мәліметтер тағы да мынандай ғылыми
зерттеулерде кездеседі Ш.Ш.Уәлиханов 27. 1997 жылы Қазақстан Республикасы
Ұлттық кітапханасының сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қорынан
"Хандар шежіресі" атты көне қолжазба табылды. Бір өкініштісі осыншама құнды
да асыл мұраны ұзақ жылдар бойы зерттеп, қағазға түсірген кісінің аты-жөні
белгісіз күйде қалып отыр.
Қорыта келгенде, Әбілқайыр ханның ата-бабалары қазақ хандығының
негізін салушы Шыңғыс хан әулетінен шыққан Әз Жәнібектің кенже ұлдарының
бірі Өсекеден тарайтынын тарихи деректер растап отыр. Бұған тағы бір ғылыми
дәлел Мұхаммед Әбілқайыр II (Әбілқайыр I XV ғасырдың ортасында өмір сүрді)
ата тегі қазақ мемлекетінің негізін қалаушы Жәнібек ханнан, оның кенже
баласы Өсек сұлтаннан басталады. Шыңғыс ханнан бастап Әбілқайыр ханға
дейін, Әбілқайырдан қазақ хандық билігі жүзеге асырылғанға дейінгі
ұрпақтарының шежіресі жақсы өрбітілген 28.
Әбілқайыр қазіргі кейбір тарихшылардың көрсетуінше, 1693 жылы емес,
168485 жылдар аралығында туған сияқты. Себебі, ол Қарақұм кеңесінде хан
сайланғанға дейін-ақ дарынды қолбасшы ретінде Орта жүз бен Кіші жүз
қазақтары арасында танылып үлгерген еді 47.
XIX ғасырдың аяғында жазылып алынған қазақ аңыздарының бірінде,
Әбілқайырдың үйлену тойы Қарақұм кеңесінде оның хан сайлануымен ұласады.
Әбілқайырдың 1710 жылы хан сайланғандығын орыс зерттеушісі В.Н. Витевский
де растайды. Бопайдың 1709, не 1710 жылы тұрмысқа шыққандығы, тұңғышы
Нұралының туған жылымен де (171011 - 1790) дәлелденеді. Бопай жүз жастан
астам өмір сүріп, 1780 жылдың 31 мамырында қайтыс болған делініп жүр. Сонда
ол 1680 жылдан кейін тумаған және Әбілқайырға тұрмысқа шыққанда 29-30 жас
шамасында болады. Әрине, бұл ақылға да, сол кездегі қазақ салтына да
сыймайды. Бопай әрі кеткенде жиырма жастан аспаған, яғни ол 168990 жылдар
шамасында дүниеге келген.
Әбілқайыр ханның қазақ қоғамының қайраткері ретінде қалдырған ізіне куә
ретінде күрделі әскери-саяси жағдай, қазақ қоғамындағы түбегейлі
өзгерістерге мұқтаждық, далалық менталитет. Осының бәрі Кіші жүздің ұлы
және дара қайталанбас ханы - Әбілқайырдың пайда болуына жағдай жасады емес
пе?
Әбілқайыр хан нағыз саясаткер және әскербасшы ретінде ғана емес, сонымен
қатар династияның негізін қалаушы ретінде де қымбат. Ол династияның
өкілдері: алғашқы генералдар Жәңгір хан Бөкеев, Баймұхаммед Айшуақов,
Мұхамеджан Баймұхаммедов және армия генералы Ғұбайдұлла Жәңгіров, атақты
сазгер Дәулеткерей Шығаев, белгілі ақын Шәңгерей Бөкеев, Ішкі Бөкей
Ордасындағы қазақ әйелдер мектептерінің негізін қалаушы Хосни Нұралыханова,
II Мемлекеттік Дума депутаты Бақытжан Қаратаев пен Ғабдолхәкім Бөкейханов,
Құрманғазы атындағы оркестрінің негізін қалаушылар Науша мен Махамбет
Бөкейхановтар және т.б. Бүгін де Әбілқайырдың ұрпақтары (Бөкейхановтар,
Сейдалиндер, Шығаевтар және т.б.) оның атын мақтанышпен алып жүр. Олардың
ішінде ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, профессор Майя Хажетдинова Шығаева.
Сонымен, Әбілқайыр хан - мемлекеттік және әскери іскер, жоңғарлармен
шайқастағы қазақ әскерінің бас қолбасшысы, Бұланты және Аңырақай шайқасының
батыры, мәмілегер, қазақ даласының бірінші маршалы, Ресей мен Қазақстан
жақындасуының инициаторы 18.
Оның есімі қазақ даласының басқа көрнекті қайраткерлерімен бір қатарда
тұруы керек, атап айтқанда жауынгер Қасым хан, айбарлы Жәңгір хан, дана
Тәуке, данышпан Абылай және қаһарлы Кеңесары - деген ұсыныстарға қосыла
келе, "Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткен" кең байтақ
қазақ даласының ұлы ұлдарының бірі.
Әбілқайыр орыс империясының боданы болу арқылы мемлекеттілікті сақтай
алды.
Ендігі кезекте мемлекет қайраткері - Әбілқайыр ханның жанұясына
тоқталайық. Әбілқайырдың Бопайдан басқа тағы да екі қазақ, бір қалмақ, бір
башқұрт әйелі болған. Бірінші қазақ әйеліне Әбілқайыр хан жас кезінде
үйленген дейді,- зерттеуші И. Ерофеева. Оның ойынша: Әбілқайыр бірінші
әйеліне үлкен ағасы Тоқтамыс сұлтан өлгеннен кейін әмеңгерлік жолмен
үйленген,- деп болжайды 29. Әбілқайырдың бірінші әйелі туралы ең алғашқы
мәліметтер А.И. Тевкелевтің 5 қазан 1731 жылы жазылған Журналында
көрсетіледі. Онда Әбілқайырдың бірінші әйелі мен өгей шешесінің
жоңғарлардың Түркістан қаласына шабуыл жасаған кезінде тұтқынға алынғаны
туралы айтылады. Шамамен 1731-1736 жылдар аралығында ол, осы жоңғарлардың
қолында өледі. Бірінші әйелінен Әбілқайырдың бір қызы болды. Яғни, бірінші
әйелі (Тоқтамыс сұлтанның әйелі) — адайдан; тек өмірлік серігі емес,
саясатта да кеңесшісі болған төре тұқымынан шыққан - Бопай екінші әйелі;
ал, қалған Әбілқайырдың үшінші әйелі - Еділ қалмағының тұтқынға түскен
Цайроши деген қызынан Шыңғыс есімді ұл және екі қыз туды. Төртінші әйелі -
башқұрт қызы, ол — кейін патша өкіметінің езгісіне қарсы көтерілген Қаратай
сұлтанның анасы 38.
Ең соңғы аталған екі әйелімен Әбілқайыр хан ішкі және сыртқы саясатының
дамуы үшін, хандық билігінің үстемдігі мен көрші елдердің беделді
адамдарымен тығыз қарым-қатынаста болу үшін үйленген болатын.
Әбілқайыр хан билігіне, 1748 жылға дейін әлімұлы, байұлы, жетіру
ұрпақтарынан басқа арғындардың, уақтардың, керейлердің бір бөлігі кірді.
Олар Батыс Қазақстан өңірлерінде, Сырдария өзенінің оңтүстік-батыс
жағалауымен Ембі, Жайық өзендерінің бойында қоныс еткен. Бірақ-та негізінен
Әбілқайыр ханның бабалары ертеден Ташкент, Түркістан, Сайрам қалаларымен
соларға тиесілі ауылдарды басқарған.
Ғасырлар бойы ұлан-ғайыр қазақ даласында данышпан қайраткер тұлғалар
қазақ халқының тарихына орасан зор үлес қосты. Жоғарғы мемлекет билігіне
байланысты әр хандардың өзіне тән әскери дарындылық, қырандық саясаткерлік
және дана мәмілегерлік қасиеттерін бойларына сіңірген олар, геосаяси
стратег ретінде халқының және мемлекеттің тағдырын шеше алды.
XVIII ғасырдың 20-шы жылдарының ортасына дейін хан тағында Жәнібек
ханның баласы Жәдік сұлтанның ұрпақтары болды. 20-шы жылдардың ортасында
бұл қалыптасқан дәстүрді Өсектің ұрпағы Әбілқайыр сұлтан бұзды. Сонымен,
Мұхаммед Әбілқайыр Ғази Баһадүр хан — Шыңғыс ханның 15-ші ұрпағы еді 24.
Әбілқайыр өмірінің тарихи кезеңінің біріне тоқталсақ, бір күні атақты
Жәнібек батыр бір топ жауынгерлермен көрші ауылға аттаныпты. Сапарының
бесінші күнінде олар жолда жалғыз тал ағаштың түбінде ұйықтап жатқан жас
жігітті кездестіреді. Жігітті байқаған батыр, аттың басын тоқтатады. Сонда
жауынгерлерге қарап: "Қандай батыр әдемі жігіт. Келбеті жігерге, намысқа
толы. Қолымен бүкіл дүниені құшақтайтындай. Бұл жігітті үлкен болашақ күтіп
тұрғанына сенімдімін. Осы айтқан сөзім келмесе, мен Жәнібек болмайын",-
депті. Бұны Торғай көшпенділерінен бір қазақ тарихшысы жазып алыпты. Бұл
аңыз сол кездегі қазақ қоғамының әлеуметтік-тарихи дамуындағы Әбілқайырдың
жетістіктерін айқын сипаттайды.
Өзінің ақылдылығымен, стратегиялық айлакерлігімен, көптеген
жетістіктерімен, ішкі және сыртқы саясаттағы істерімен Әбілқайыр хан сөзсіз
өткен ғасырлардағы қазақ басшыларының ішіндегі ең көрнектілер қатарына
жатқызуға болады 29.
1710 жылы Қарақұм құрылтайында, 1726 жылы Ордабасындағы ұлы жиында
батырлық пен биліктің үндестігін іске асыра алған Әбілқайырға билер
бастаған топтың назары бекерден-бекер тоқталған жоқ 36.
Қазіргі таңда Әбілқайырдың хандық билікке келу мерзімі өзекті мәселе болып
отыр. Әр түрлі ғылыми зерттеулердегі болжамдар мен деректердің
шашыраңқылығынан болар, Кіші жүз ханының таққа отыру мерзімі өте даулы
мәселе болып, ол туралы қарама-қайшы пікірлердің кездесуі сирек емес.
Адам баласының өмірінде екі кезең ең маңызды рөл ойнайды, ол адамның
дүниеге келуі мен өмірден кетуі. Осы тұжырымды хандық билік тұрғысынан
қарастырсақ, хан лауазымына тағы екі кезең қосылады, ханның билікке келуі
және оның биліктен кетуі. Әрине, Әбілқайырдың хандық билік дәуірінен бері
аз уақыт өткен жоқ. Сондықтан да болар, қазіргі кезде Әбілқайырдың хандық
билікке келуі жөнінде бір-біріне қарама-қайшы ғылыми еңбектер кездеседі.
Жоңғарлармен соғыста Әбілқайырдың жасаған қайсар ерліктері мен шыға
бастаған даңқы башқұрт тархандарының назарын аударды. 1709 жылы ойраттардың
кезекті шабуылын тойтарғаннан кейін Әбілқайыр Алдар Исянгельдиннің
шақыруымен Аралдың терістігінен Шығыс Башкирияға, орыс үстемдігіне қарсы
башқұрттар көтерілісі жүріп жатқан Ноғай даруғасының жеріне көшті. Белгілі
башқұрт батырларымен, қазақ игі жақсыларымен, Әбілқайырдың өзімен тығыз
байланыста болған Ташкенттік сарт Нұрмұхаммед Әлімовтің хабарлауынша,"Соңғы
башқұрт бүлігіне Алдар жас Әбілқайыр сұлтанды шақырып, оны хан деп атады,
ол Кіші Орданың ханы болды". Дәл осыны 1736 жылы Кіші жүз ханы Әбілхайырға
барған Орынбор экспедициясының бұрынғы суретшісі Джон Кэстль де айтады:
"Хан болмай тұрып, ол сұлтан ғана болатын, оның барлық балалары да осы
лауазымды алып жүр. Жоңғар қалмақтарымен болған соғыста олардың басшысы
қонтайшыны өз қолымен тұтқынға алғаннан кейін және артынан башқұрттардың
Алдарына қарсы болған соңғы соғыста әбден көзге түскен соң, Кіші орда оны
хан сайлады" 32.
Сөйтіп, Әбілқайырдың хандық билікке өрлеуі 1707-1711 жылдар аралығында
басталған деген қорытынды жасалады 29. Ал, тарихшы – ғалым
К.Есмағанбетұлы Джон Кэстль күнделігіне жазған ескертуінде "Әбілқайыр хан
болып 1710 жылы Қарақұмдағы бүкіл қазақ халқы елбасшыларының жиынында
сайланған. Ал, Кэстль білетін Алдар Исянгельдин бастаған башқұрт көтерілісі
1735-1736 жылдары болды. 1708-1709 жылдардағы башқұрт көтерілісіне
Әбілқайырдың қатысы болмаған сияқты, себебі ол кезде Түркістан жағында
болды. Сонымен, 1710 жылғы Қарақұм кеңесіне дейін Әбілқайыр башқұрт ханы
болып сайланды ма? Әлде жоқ па? Ол жағы бізге беймәлім.
Нағыз хандық билік оның бүкіл қазақ халқының қоғам істерін шешудегі
ақылдылығына, амал тапқырлығына байланысты . Хандықты өз жағына аудара
білген Өсеке әулетінің өкілі Әбілқайыр осы қасиеттерді иемдену арқылы
билігін жүзеге асырды.
Әбілқайырда қазақ даласының көшбасшысына тән қасиеттің барлығы үйлесті
және де ханның аты қазақ даласына ерте бастан-ақ белгілі болды.
1710 жылдың жазында Қарақұмдағы халық жиналысында жас Әбілқайыр Кіші
жүздің ханы және бас қолбасшысы болып сайланды. Жастығына қарамастан
Әбілқайыр ерлігімен, әскери шеберлігімен, басқару өнерімен танымал болды
21.
Әбілқайырдың үйлену тойы мен хандыққа сайлануы бір уақытта болды деген
халық аузында сақталған аңыз әңгіме дұрыс болса, онда Әбілқайырдың "хан"
лауазымына ие болуының дәл уақыты - 1710 жыл екендігі анық. Нақ осы жылды
тарихшы К.Л. Есмағанбетов 15, М.Ж. Әбдіров 28, көрнекті каламгер Ә.
Кекілбайұлы 33 , академик М.Қ. Қозыбаев та 16 Әбілқайырдың ақ киізге
көтеріліп хан сайлануын Қарақұм құрылтайымен байланыстырады. Кіші жүз ханы
Әбілқайырдың хандық билікке келуіндегі тарихи мәліметтерге көз жүгіртсек,
XIX ғасырдың ортасында Орынбор өңірінің зерттеушісі В.Н Витевский: "Кіші
жүз ханы болып Әбілқайыр 1710 жылы сайланған",- дейді 46. Бұл мәліметтің
бір қызықтысы В.Н. Витевский ешқандай да белгілі бір тарихи деректерге,
ғылыми еңбектерге сілтеме жасамайды. Бұл туралы зерттеуші И. Ерофеева да өз
еңбегінде көрсетеді 29.
Орыс елшісі А.И. Тевкелевпен болған әңгімесінде Әбілқайыр оның ата-
бабалары Ташкентті, Түркістанды, Сайрамды басқарғанын айтты. Көп жылдар
бойы ол жоңғарлармен теңсіз шайқас жүргізді, сол шайқастардың бірінде әйелі
мен өгей шешесі тұтқынға алынады. Жауларының қыспағына шыдай алмаған
Әбілқайыр, осы қалаларды тастап "көшпелі халық қырғыз-қайсаққа" кетуге
мәжбүр болады. Бұл кезде қазақ хандығы үш жүзге бөлінген еді. Сонда
Әбілқайыр Кіші жүзді басқарады. Бұл шамасы 1710 жылдағы Қарақұмдағы халық
жиналысында ақ киізде көтеріліп, Кіші жүздің ханы атанды, ал бас сардар-
қолбасшы болып табын Бөкенбай батыр сайланды.
Тағы бір ғылыми еңбекте Әбілқайыр 1718 жылы Кіші жүз ханы болып
сайланады деген мәлімет кездеседі.
Ал, М. Жолдасбекүлы бастаған "Елтұтқа" - атты ғылыми кітабында
Әбілқайырдың хан тағына отыруындағы басты кедергі деп саналатын себеп
көрсетілген. Яғни, Болат хан өлгеннен кейінгі тақ таласында Сәмекенің
(Шахмұхаммедтің) "Әбілқайырдың атасынан хандық әуелден бұйырмаған. Жеті
атасынан хан болып келе жатқан менің тұқымым, хан тағының заңды иесі
менмін"- деуі де оның кіші буыннан екенін меңзейді. Әбілқайыр хан өзінің
батырлық, ақылдылық, саясатшылық қабілеттері арқылы хандық билікке қол
жеткізді 34.
Көптеген баспасөз материалдарында Әбілқайыр 1718 жылдан бастап "хан"
ретінде көрсетілген.
1718 жылы 10 желтоқсанда Бұлқайыр сұлтанның император I Петрге жазған
хатында Әбілқайыр "хан" мәртебесімен емес "сұлтан" деп қана жазылады.
Жарияланған хат жолдарына тоқталсақ: "... белому царю ..., Булгаира — хана
брат Булгаир — султан ... покоряется". Бұл үзіндіден аңғарғанымыз, екі
бірдей есімді адамның болуы, "хан" мәртебесімен "сұлтан" мәртебесінің қатар
жүруі санаға кірмейді. Бұл Қажысұлтанның ұлдарының бірі, Әбілқайырдың інісі
болса керек. Сонымен қорындылай келгенде, Әбілқайырдың 1718 жылға дейін-ақ
хан болғандығын аңғаруға болады 36.
Ол - Өсекенің үрім-бұтағы. Демек, билікке таласу оның жолы емес-ті.
Алайда бұл заманда көсемнің жеке басының қадір-қасиеті, игі-жақсылардың
қолдау көрсетуі көп жағдайда елеулі рөл атқаратын.
XVIII ғасырдың 30-40 жылдарында П.И. Рычков, А. Тевкелев: "хан
мұрагерлік тәртіппен сайланбайды. Ру ақсақалдары кімді қаласа, сол хан
тағына отырады, бұл жерде оның билігі мен абыройы хан тағына байланысты
емес, ел ісін атқара алатын белсенділігі мен ақыл-ой парасатына байланысты.
Әбілқайыр айтарлықтай белгілі хандар тұқымынан емес, тек жас шағынан
ерлік жасап, ел тізгініне ие болып топ бастап хан лауазымына жеткен" 2.
Хан тағына сайлау жөнінде мәлімет зерттеуші А. Левшиннің еңбегінде
кездеседі. "Хан тағының мұрагері ақ сүйек әулетінен шыққан сұлтан
болғанымен, ол ақылымен, ел ісін атқара алатын қайсарлық, парасаттылық
қасиеттерімен ерекшеленіп, сайлаушылардың ойынан шықпаса, онда ол халық
сайлауында көп дауыс жинамайды" деген 3.
Хан тәуелсіз емес, өйткені оның шешімі ру ақсақалдарының құптау-
құптамауына байланысты болатын. Дегенмен, олардың өзі барлық жағынан ханның
бұйрығына бағынатын. Қоғам өмірінде орын алып жатқан жариялы істердің
бәрінде мәліметі болатын және үкімдерді хан бекітетін. Ақсақалдар кеңесі
Әбілқайыр хан туында оның еркін тежеп отырды 32.
Әбілқайырдың алдында үш жүздің ханы болу жоспары да көзделді.
Әбілмәмбет, Сәмеке және Әбілқайырдың арасында үш жүздің Бас хан мәртебесіне
күрделі бәсекелестік жүргізілді. Әбілқайыр Бас хан атағын ала алмады. Бұған
қатты күйінген ол, өз әскерін алып ордасына қайтты.
Осыдан кейін Әбілқайыр бас билікке жету үшін басқа әдіске көшті. Енді
Әбілқайыр Ресей империясының құрамына кіріп, орыс әскерінің көмегімен
жоңғарлар 1723-1725 жылдарда тартып алған қазақ жерлерін - Ташкент,
Түркістан, Сайрамды қайтарып алғысы келді. Ал бұл оның Қазақстандағы
хандық билігін нығайтуға жол берер еді. Бұдан басқа хан Кіші жүз жеріне
Еділ қалмақтарының, башқұрттардың, Орал казактарының шабуылдары тоқтайды
деп сенді.
Сондықтан да болар, 1726 жылы Ордабасы жерінде бүкіл халықтың алдында үш
жүздің бас билері - Төле, Қазыбек, Әйтеке және басқа да тұлғалар-
сұлтандардың келісімімен Әбілқайырды жалпы қазақ әскерінің бас қолбасшысы
етіп сайлады. Әбілқайыр дәуірінде әр жүздің басында отырған ханға
қарағанда, жалпы қазақ жасағының бас қолбасшы мәртебесі жоғары тұрған
болар. Себебі, қазақтардың басты мақсаты шапқылақтаған жаулардан
мемлекеттілікті қалай болса да сақтау, олай болса Әбілқайырды нақты болмаса
да, бас қазақ ханы деп таныған шығар 48.
Бірақ хан болу үшін тегінің салмағы аз болды, сонымен бірге өз
бәсекелестеріне байлығындағы, соғыстағы, сот істеріндегі басымдылығын
дәлелдеу керек болды.
Әбілқайырдың Кіші жүз ханы болғанымен, ол Орта жүздің де кейбір
руларына билігін жүргізді. Халқының жағдайын ойлай отырып, билігінің өктем
болуына назар аударды. Қоршаған жауларын жеңіп өз билігін нығайту үшін
қолынан келген бар мүмкіншілігін істеді 3. "Кіші жүз ханы Әбілқайыр өз
заманындағы басқа қазақ хан-сұлтандарынан ақыл-ойы озық тұлға",- деп жазады
П.И. Рычков 2.
Жалпы алғанда, А.И. Добросмыслов, И.И. Крафт, В.Н. Витевский, А.И.
Макшеев, И.И. Завалишин, т.б. сияқты авторлар Әбілқайырдың жеке өзіндік
қасиеттерін ат жарыса сипаттайды. "Әбілқайыр хан барлық қазақ-қайсақ
хандарының ішіндегі атақтысы және ақылдысы" делінсе, Кіші жүз хандығы
дәуірінде орыс елшісі қызметін атқарған А. Тевкелев: "Әбілқайыр өзінің
бойына тән ақылы мен кулығы да бар адам",- деп мінездеме берген .
Дипломатиялық қызметке қажет қасиеттерінің бірі, "саяси достары мен
дұшпандарын айыра білу" бұл туралы өз кезегінде В.Н.Витевский
сүйіспеншілікпен жазды 5.
Тағы да Кіші жүз ханы туралы мақтау сипаттары мынадай ғылыми еңбектерде
кездеседі, "Зор тұлғалы сымбатты, аппақ жүзі қызыл шырайлы, түсі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz