Зат есім мен сын есімнің жасалу тәсілдері


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Сөзжасам тілдің ең терең

және жұмбақты саласы.

В. фон Гумбольдт

Кез келген тілдің дамуы, ең алдымен, сөзжасам жүйесімен байланысты. Тілдің байлығы-кірме сөздер есебінен сөздік құрамның толығуымен емес, төл сөздердің мағыналық және тұлғалық дамуы негізінде, жаңа сөздердің туындауы арқылы анықталады. Сондықтан тілдегі төл сөздердің ұғымдық, мағыналық және тұлғалық даму жүйесін зерделеу қажет.

Тіл дамуы әлем бейнесін танып-біліп, олардың әр түрлі белгісі мен қасиеті, сапасы мен саны, қимылы мен әрекеті, амалы мен сипатына атау беруі арқылы орындалады. Заттар мен құбылыстардың белгілеріне атау, есім беру халық танымымен, ой-санасының өсуімен, ұлттық психология мен менталитетіне байланысты анықталады. Болмыстағы кез-келген зат не құбылыс ұғым тілдік таңба арқылы таңбаланып, өзінің сөздік бейнесін жасайды. Бұл таңбаланған бейне сөзжасамдық процесс арқылы жасалып, атау ретінде танылады. Атаудың жасалу, қалыптасу процесі-сөзжасамның негізгі зерттеу нысаны. Яғни сөзжасам-ұғымда қалыптасқан бейненің тілдік таңбасын жасау процесін айқындайды. Сөзжасам-атау жасау процесі. Процесс нәтижесі-туынды сөз. Сөзжасам туынды сөздің жасалу сипатын, әдіс-тәсілін, уәжділігін, жасалған жаңа ерекше мағынаның ішкі құрылымын талдайды. Туынды сөздің құрылымын тұлғалық және мағыналық деңгейде қарастыра отырып, мағынаның белгіленуіндегі ұғымның, танымның рөлі мен маңызы зерттелді. Жаңа сөз жасау, белгілі құбылыс пен затқа атау беру-номинация мен сөзжасамның зерттеу нысаны.

Тілдің сөздік қорын байытуда грамматикалық тәсілдер бойынша тілдегі қалыптасқан модельдер мен құрылған жаңа сөздер жетекші рөль атқарады, нәтижесінде оның лексикалық қоры толықтырылады. Бұл тілдің маңызды функциясы-коммуникацияның кемелденуіне ықпал етеді. Тілдің барлық даму сатыларында сөзжасам мәселелерін зерттеу тіл білімінің өзекті мәселесі болып саналады.

Сөзжасам семантикалық, синтетикалық, аналитикалық тәсілдер арқылы туынды сөз - атау жасайды. Атауды коммуникациядан және танымдық қызметтен бөліп қарауға болмайды. Ойлаудың кез келген материалдық бейнесі, ең алдымен, хабарлауға байланысты. Ал сөзжасам мен оның нәтижесі болып табылатын атау тілдегі лексикалық бірлік ретінде ғана емес, әлем бейнесін жасауға қызмет ететін номинативтік қызметімен бағалануы қажет. Атаудың қалыптасу тарихында тілде ортақ сөзжасамдық қалыптар түзіледі. Осы сөзжасамдық қалыптар кешені сөзжасамдық тәсілдердің жіктелуін туғызады.

Тіл дамуы көнеден келе жатқан күрделі әрі кешенді құбылыс. Оның өзіндік ішкі және сыртқы даму заңдылықтары бар, бұларды зерттеу сөзжасамның мақсаты болып табылады. Сөзжасам атаудың жасалу сипаты мен мотивациясын (негізделуін) жасалу тәсілі мен жаңадан туындаған мағынаның ішкі құрылымын анықтайды. Сөзжасам процесінің көнелігі тілдің шығу кезеңімен қарайлас, себебі әлемдік әр түрлі бейнеге атау беріп, алғашқы атаудың жасалу сипаты мен одан туындайтын басқа ерекше мағыналарынан бастап, бұл процесс тілде үнемі жүреді. Сондықтан сөзжасам тарихы күрделі, өзіндік ішкі даму заңдылықтары, жаңа сөз туғызатын тәсілі мен қалыбы бар тіл білімінің кешенді бір саласы ретінде бағаланады.

Жаңа сөз жасаудың сипаты мен құрылымын тану күрделілігі атау бейнелейтін заттың, құбылыстың және олар туралы ұғымның қатынасын анықтау қиындығымен байланысты. Туынды сөз жасау, көбінесе басқа тілдік құбылыстар арқылы негізделіп орындалады. Себепші (мотивтендіруші) сөз арқылы негізделіп, әр түрлі сөзжасамдық тәсілдер арқылы пайда болған жаңа мағыналы тұлғалар туынды сөздер болады, мұндай жасалымдар - сөзжасамдық процесс негізінде орындалғандықтан, сөзжасамның негізгі зерттеу нысанына айналады. Туынды сөздер екі не бірнеше морфемалар мағынасы арқылы жасалып, күрделі құрылымға ие болады. Сөзжасамдық аспектіде туынды сөздердің мағынасын айқындау - олардың ішкі семантикалық құрылымын зерделеу деген сөз.

Туынды сөз мағынасы түбір мағынасы арқылы жасалып, негізделгендіктен, тарихи тұрғыда түбір мағынасын анықтау қажеттігі туындайды. Көне этимон түбірлердің мағыналық қырлары айқындалып, туынды сөзді туғызуға себеп болып тұрған сема деңгейі көрсетілуі қажет. Сондықтан тарихи тұрғыда, сөзжасам дегеніміз - этимон түбірлердің мағыналық және тұлғалық жіктелуі, дамуы нәтижесінде ұғымда танылған заттар мен құбылыстарды таңбалау үшін, әр түрлі сөзжасамдық тәсілдер негізінде сигнификатты және денотатты мағыналы туынды сөздердің жасалуы болып табылады.

Екіншілік мағына беруге қатысатын тұлғалар тарихи тұрғыда түбірлер санатына ене алмайды, мағыналық жағынан ерекше семаға ие болып, тұлғалық жағынан фонетикалық не морфологиялық өзгеріске түскендіктен негіз сөз ретінде ұғынылады. Сондықтан туынды сөз мағынасын негіздеуге қатынасын себепші негіздерді түбір ретінде емес, негіз ретінде анықтаймыз.

Сөзжасам негіз сөз арқылы жасалған екіншілік мағыналы сөздердің қалай жасалатынын, негіз сөздің ішкі семантикалық құрылымын, жасалған туынды сөздің ішкі семантикалық құрылымын; туынды сөз жасауға қатысатын компоненттердің мағынасын; сөзжасамдық мағынаны, сөзжасамдық типті, сөзжасамдық қалып пен тізбекті; сөзжасам негізінде қалыптасқан түбірлес сөздерді; сөзжасамдық заңдылықтарды; номинация теориясын; сөзжасамның амал - тәсілдерін; сөзжасамның негізгі критерийлерін және т. б. теориялық мәселелерді онамасиологиялық аспектіде қарастырады.

Онамасиологиялық аспектіден қарастырылу себебі - сөзжасамдық процесс әлем бейнесінің ұғымын бейнелейтін таңба жасау үшін орындалады. Ал онамасиология - осы атау процесін зерттейтін сала. Онамасиология теориясының қайнар көзі антикалық кезеңнен бастау алады. Тілдің жасалу табиғаты мен атау теориясы антикалық философияның ең маңызды бөлігі болған. Сөз атауының пайда болуы, шындығы мен жалғандығы туралы мәселе сол кезеңнің өзінде-ақ ғылым алдында тұрған басты сұрау екен.

Сөзжасам сөз туғызатын процесс болғандықтан, сөз жасау тәсілдері арқылы іске асады, номинациялық ұғымды белгілейтін атау жасау жолында қызмет етеді. Атау адамзат танымының көрінісін бейнелейтін феномен ретінде танылып, атау жасаушы амал - тәсілдердің тарихи көрінісін, даму жолын бағамдау арқылы, сөзжасамнң негізгі теориялық мәселелері қамтылады. Тілдің дамуы таным дамуы негізінде айқындалады, ал оның нақты көрінісі мен таңбалануы сөзжасамдық процесс негізінде іске асады. Таңбалар - тілдік бірліктер жүйесі, олардың әр түрлі сипатта көрініп, сан түрлі мағыналарды бере алу қасиеті тек сөзжасамдық мағына арқылы жасалады.

Жұмыстың өзектілігі - парсы тіліндегі есім сөз таптарының деривациялық жүйесі басқа сөз таптарына қарағанда өте дамыған. Сондықтан зат есім мен сын есімнің әр түрлі тәсілдерінің көмегімен қазіргі парсы тілінің сөздік қорының толықтырылуы белсенді түрде жүруде. Басқа сөз таптарынан тек етістік қана өзінің құрамын белсенді толықтыруда, алайда жай сөзжасам әдістері арқылы емес (жай етістіктер саны азаюда), етістікті фразеологизмдердің өсуіне байланысты, әдетте оларды күрделі етістіктер дейді. Сонымен зат есім мен сын есімнің тәсілдерін талдай отырып парсы тілі сөздерінің шығу тегін, қалай пайда болғанын аңғара аламыз. Бұл тілді оқу барысында бірден-бір өзекті мәселе болып саналады, өйткені әрбір тілді оқыр алдында сөздердің қалай пайда болғанын, олардың шығу тегін, этимологиясын білуіміз қажет.

Жұмыстың зерттеу нысаны - парсы тілінің сөзжасамындағы зат есім мен сын есімнің жасалу тәсілдері арқылы сөздің қалыптасу, жасалу процесі.

Жұмыстың зерттеу мақсаты - зат есім мен сын есімнің жасалу тәсілдерін толық ашып және сипаттап қана қоймай, осы тәсілдердің берілген есім сөз таптарын бір-бірінен ажыратуда қалай көмектесетінін көрсету. Өкінішке орай, бұл тәсілдер әрқашанда бір сөз табын екінші сөз табынан айыруға мүмкіндік бермейді, өйткені олар бір уақытта зат есімге де, сын есімге де қолданылады.

Тәжірибелік құндылығы - зат есім мен сын есімнің жасалуы, олардың тәсілдері мен ерекшеліктерін зерттеу және қарастыру біршама күрделі болып келеді. Өйткені бұл мәселеге арналған әдебиеттер саны да молшылық емес, сондықтан берілген материалдарды жетілдіру керек. Сол мақсатпен мен бұл тақырыбты тандадым, зерттеу барысында көптеген қиыншылықтарға тап болдым, оларды шешуде сүйенген негізгі еңбектерім Ю. А. Рубинчиктың "Грамматика современного персидского языка", Пейсиков Л. С. "Очерки по словообразованию персидского языка", Рүстемов Л. З. "Парсы тілінің жолашары" болды. Келешекте жазған бітіру жұмысым парсы тілі мен әдебиетін оқып жүрген студенттерге өзінің пайдасын тигізеді деп ойлаймын.

Негізгі бөлім

тарау. Парсы тіліндегі сөзжасам жүйесі

Парсы тілінің сөзжасамы ежелден бері зерттеушілердің көңілін аударып келеді. Ғылым мен техниканың, әдебиет пен мәдениеттің дамуы, саяси-әлеуметтік және экономикалық, т. с. с. Иран қоғамындағы өзгерістер мыңдаған жылдық көне тарихы бар, ең дамыған тілдердің бірі-парсы тілі сөздік құрамының толыға түсуіне, сөздердің қолдану ерекшеліктеріне үлкен әсерін тигізді, тигізуде.

Парсы тілі де барлық тілдерге тән заңдылықтармен сөздік қорының жаңа туынды сөздермен, сөз тіркестерінің лексикалану, сөз мағынасының кеңеюі, бір сөз табының екінші бір сөз табына ауысу тәсілімен, кірме сөздер есебінен, тағы басқа жолдармен толығуда, дамуда.

1935жылы ұйымдастырылған Тіл және әдебиет академиясының («Фәрхәнгстән») парсы тілін жат елдік сөздерден тазарту үшін басталған күресі әлі де толастаған жоқ.

Мыңдаған араб, түркі сөздерінің орнына парсы төл және жасанды сөздері енгізілді. Алғашқы кезде құлаққа ерсі естіліп, қолдануда ыңғайсыздау сезілетін сөздер қазір байырғы, үйренішті сөздер секілді. Кейбір жасанды жаңа сөздер сөздік құрамға енбей қалып қойса, кейбір ежелден келе жатқан кірме сөздер жаңа сөздердің синонимі ретінде жұмсалады.

Қандай да бір тілдік жүйелерді салыстырмас бұрын берілген жүйелердің ортақ суреттеу мен зерттеу әдісін шығару қажет. Қазіргі лингвистикада мұндай тілдік жүйелердің суреттеу мен зерттеудің ортақ әдісі болып-тілдік модельдену саналады, ол үлкен теориялық-тәжірибелік қызығушылық танытады. Оның маңыздылығы, тілдің әр түрлі сатысында барлық зерттелетін аймақты қамтитын құрылымдарды анықтау: синтаксисте (сөйлем, сөз тіркесі тарауларында және т. б. ) ; морфологияда (барлық морфологиялық құрылымға байланысты) ; сөзжасамда (берілген тілдің барлық сөзжасам жүйесіне қолдануда) және т. с. с. Модельдену теориясының сөзжасамға қолданысын еңбектерінде жан-жақты қарастырған:Кубрякова Е. С., Степанова М. Д., Пейсиков Л. С.

Парсы тілін және басқа иран тілдерінің зерттеушілері бұрыннан қалыптасқан салт-дәстүрге қарап сөзжасамды екі негізгі тәсілге бөліп қарастырады - аффиксация және сөз біріктіру. Жалғыз ғана парсы тіліндегі аффиксация мен сөз біріктіруді сипаттайтын кітапнама жұмысы кең ауқымды. Аффиксация мен сөз біріктіру иран тілдерінің тілдік модельдену сөзжасамында негізгі тәсілдері екеніне күмән жоқ. Бірақ соңғы жылдары өңделіп шыққан басқа да тәсілдер бар. Парсы тілінің мәліметтеріне қарап жаңа сөзжасам тәсілдерін жасап көру талабы болды (Ж. Лазар), аффиксіз сөзжасамның жалпы заңдылықтары қарастырылды (Пейсиков), күрделі сын есім мен зат есімнің фразеологиялық бірліктері мен өзара қатынасының көптеген түрлері зерттелді (М. Шаки), кейбір күрделі сөз түрлерінің омонимиялық құрылым мәселесін шешудің жолы белгіленді (З. Телегди), аффиксация мен сөз біріктіруді түсіндіру және осы тәсілдердің арасындағы шекараларды орнату талаптары жалғасуда (Махальский, Мухамедова, Чхеидзе және т. б. ), сөз тіркесі негізінде қалыптасқан күрделі туынды біріккен сөздердің түрлері жарықтанды (Пейсиков) .

Парсы тілінің сөз тудыру жүйесін - түбір не туынды сөзге қосымшалар қосу арқылы жаңа сөз тудыру - морфологиялық (синтетикалық) тәсіл, түбір туынды сөздердің бірігуі, тіркесуі, қосарлануы арқылы жаңа сөз тудыру-синтаксистік (аналитикалық) тәсіл және кейбір сөздердің жаңа мағынаға ие болуы не олардың алғашқы этимологиялық байланыстарының үзілуі арқылы жаңа сөздің дүниеге келуі лексика-семантикалық тәсіл деп негізгі үш салаға бөлуге болады.

1. 1. Сөзжасамның морфологиялық (синтетикалық) тәсілі.

Қосымшалардың сөздерге жалғанып, оларды өзара байланыстыратын, сөзден сөз тудыратын, сөзді түрлендіретін сөзжасам тәсілі морфологиялық (синтетикалық) тәсіл парсы тілінде өте кең қолданылып, жиі жұмсалады. Бұл тәсіл сөзжасамның аффиксті тәсілі деп те аталады.

Сөзжасамның синтетикалық (синтез дегеніміз қосу) тәсілі делінетіндіктен жаңа сөз жасауға қатысатын сөздердің саны ретіне қарай екі не одан да артық болуы негізгі шарты.

Синтетикалық (морфологиялық) сөзжасамның ұйытқысы - жеке тұрып дербес толық мағынаға ие болатын, әрі қарай бөлшектенбейтін сөздің жасалу тегі деп танылатын негіз немесе негіз сөз, яғни түбір сөз.

Дербес мәнді түбір сөздерге алуан түрлі қосымшалар жалғанып сөз түрлендіреді, жаңа сөз тудырады. Қосымшалардың ішінде жұрнақтар синтетикалық тәсілдің екінші бір шарты.

Сөзжасам процесс тарихи тұрғыда, жаңа сөз жасауға ғана қызмет етеді. Ал сөздің қай сөз табына жататындығы мен грамматикалық тұлғалануы морфологияның зерттеу нысаны. Сөзжасамның негізгі нысанының бірі туынды сөз болғандықтан, оның жасалу жолы мен сипаты, тәсілі мен қалыбы тағы басқа морфологиялық аспектіден қарастыра алмасы түсінікті. Грамматикалық, лексикалық тұлғалардың ішкі құрылымдық семантикасын анықтағанда ғана, олардың ішкі табиғаты мен мәні айқындалады. Парадигматикалық және синтагматикалық байланыстылығы ашылады. Сөзжасамның осындай мәселелерін айқындауда морфология қауқарсыз болып шығады. Демек сөзжасам мен морфологияның ерекше сипаты зерттеу нысанында ғана емес, зерттеу принциптерімен де ерекшелінеді.

Морфология мен сөзжасам бір-бірімен өте тығыз байланысты. Себебі морфология сөздің құрамын зерттеуде, сөздің түбір және қосымша морфемаларын, лексикалық және грамматикалық мағыналарын тексерсе, сөзжасам туынды сөздің құрамындағы бөліктерді негіз сөз және сөз тудырушы тұлға ретінде қарастырып, олардың сөзжасамдық мағынасын талдайды. Демек морфология да, сөзжасам да туынды сөздерді нысан етіп алғанда байланыстылығы көрінеді, ал әр түрлі аспектіден талдану - ерекшелігін сипаттайды. Морфологияда түбірлес сөздердің семантикалық табиғаты айқындалмайды. Сөзжасам түбірлес сөздерді генетикалық деңгейде, тарихи даму барысында қарастырып, түбір семасының жіктелуі мен семалардың сақталуын түгелдей зерттейді.

Парсы тілінде туынды сөз жасайтын аффикстер ( وندها ) үш топқа бөлінеді:

а. Суффикстер پسوندها

б. Инфикстер میانوندها

в. Префикстер پیشوندها

Туынды сөздер жасайтын суффикстер сөзжасам жүйесінде мейлінше кең қолданылатын аффикстер. Олар түбір не туынды сөзге жалғанып, оған жаңа лексикалық мағына береді, яғни жаңа бір дүниеге келген лексикалық тұлғаны сөздік құрамға қосады.

Инфикс түбір сөз аралығына қойылатын қосымша. Дара мағыналы екі сөздің арасына килігіп, жаңа сөз тудырады.

Префикс-түбір сөз алдынан жалғанып, жаңа сөз, тұлға тудыратын жұрнақ.

Туынды сөздер жұрнақтар арқылы негізге түбірден өрбиді, морфемаларға бөлшектенеді. Туынды сөз түбір морфемасынан, жеке қосымша морфемалардан құрылады. Туынды сөздер тек түбірден (түбір морфемасынан) ғана емес, туынды сөздердің өздерінен де жасала береді.

Сөзжасам жеке сала ретінде бөлінгендіктен, жасалу тәсілдері мен амалдарына ерекше назар аударылады. Әсіресе, морфологияда сөз болмаған сөзжасамның синтаксистік (аналитикалық), лесико-семантикалық тәсілдеріне көп көңіл бөлінеді.

1. 2. Сөзжасамның синтаксистік (аналитикалық) тәсілі.

Сөзжасам саласы тарихи синтаксиспен де тығыз байланыста қаралуға тиіс. Синтаксистік еркін тіркестердің ауыспалы мағынада жұмсалуы арқасында, тарихи тұрғыда, тұрақты тіркестер жасалғаны белгілі. Тұрақты тіркестердің номинативті мағынада жұмсала алу қабілетіне ие болуы сөзжасамдық процеспен тікелей байланысты. Сөз тіркесі мен күрделі сөздердің лексикаланып, туынды номинативті мағынада жұмсалуы, сөзжасам процесі нәтижесінде туындаған сөзжасамдық мағынамен сабақтас. Тіл дамуы барысында сөз тіркесі күрделі сөздер номинативтік қызмет атқарып, жеке атаулық мәнге дейін жете алады. Сөздің контекстік қызметі арқылы мағыналық жағынан дамитыны, сөйтіп әр түрлі транспозициялық мәнге ие болатыны белгілі. Функционалды транспозиция бір сөз табының екінші сөз табына өту сипатын белгілейді. Ал сөздің бір сөз табынан екінші сөз табына өтуі де сөзжасамдық аспектіден қарастырылып, ондағы мағыналық құрылымының көрінісі сөзжасамдық мағына негізінде түсіндіріледі.

Сөз қызметінің өзгеруіне сәйкес орындалатын заттану, сын-сапалану, етістіктену, үстеулену, есімдіктену процесстері - тікелей сөзжасамдық процесс көріністері.

Сөз мағынасының әр түрлі сипаты контексте, яғни сөйлем ішінде ғана анықталады. Сөйлемнен тыс сөздің ерекше мағыналары айқындалмайды. Тек сөйлем ішінде туынды сөздердің ерекше мағыналары нақтылана түседі. Демек, синтаксис пен сөзжасамды байланыстыратын ортақ тұстар да мол.

Таңбалау жүйесінің көнеден келе жатқан бір тәсілі - сөздердің бірігуі не аналитикалық тәсіл делінеді. Сөз жасаудың мұндай тәсілі ең көне замандарда-ақ қолданылып, ғылымға белгілі болған. Сонау антикалық кезең грамматикаларынан бастап, тіл дамуының негізгі сөзжасам тәсілі ретінде тұлғалардың бірігуін атап көрсеткен.

Аналитикалық тәсіл ең көне сөзжасамдық тәсіл ретінде тілдің ежелгі даму сатыларында екі силлабофонемалардың бірігуі арқылы жаңа номинация жасаған. Силлабофонемалар толық лексикалық мағына білдіріп, олардың бірігуі арқылы жаңа номинация жасалғанын ескере отырып, мұндай құбылысты сөзжасамның алғашқы қалыбы (модель) ретінде қарастырып, аналитикалық сөзжасам көрінісі деп танимыз. Әрі бұл тәсілдің көнелілігін осы қасиеті, көрінісі арқылы бағалаймыз. Алғашқы силлабофонемалар толық белгілі болмағандықтан, әрі олардың ішкі мағыналық құрылымы ғылымда анықталмағандықтан, олардың бірігуі арқылы әңгіме қозғау ертерек. Дегенмен, мұндай сөзжасамдық тәсілдің тілде белсенді жұмсалғанын жорамалдауға болады.

Аналитикалық сөзжасамның тіл дамуындағы рөлі ерекше болған. Танымда бұрыннан қалыптасқан атаудың қатысуы арқылы ұқсас әрі ұғымдық сипаты жақын заттар мен құбылыстарға атау беру ыңғайлы, әрі оңтайлы. Аналитикалық сөзжасамның ерекшелігі - толық мағыналы сөздердің семалық бірігуі арқылы жаңа номинация жасай алу қабілетінде. Толық мағыналы сөздер арқылы сөзжасамдық жаңа мағына жасаудың екі жақты сипаты бар: біріншіден, жаңа сөзжасамдық мағына белгілейтін атаудың мотивациялық негізделуі айқын болады, яғни тұлғаның мағынасынан адам өзіне бұрыннан таныс информацияны тану арқылы затты не құбылысты көзге елестете алады. Бұл аналитикалық тәсілдің оңтайлы жағы. Екіншіден, құрамындағы екі тұлғаның да әуелгі мағынасы айқын, әрі танымда әбден қалыптасқан атаулар болғандықтан, олар жасаған жаңа сөзжасамдық мағынасы бар бірлік ерекше таңба ретінде бірден бағалана алмайды, сондықтан оны басқа күрделі тіркестерден айыру қиындық келтіреді. Аналитикалық сөзжасамның тағы бір ерекшелігі - толық мағыналы сөздер арқылы жасалған жаңа сөзжасамдық мағынаның сипатына байланысты. Туынды сөздің жаңа сөзжасамдық мағынасының ішкі семантикалық құрылымы күрделі болады, әрі оған екі негіз мағынасы да бірдей қатынасып, ортақ жаңа сема жасайды. Туынды сөз мағыналарында себепші негіздердің тура не ауыспалы мағынасы болуы мүмкін. Сөз мағынасының туындауына негіздеме, ассоциация, аналогия, абстракция заңдылығы қатынасады, сөйтіп екі себепші мағынасы да тәуелсіз жаңа екіншілік семаны иеленеді.

Синтаксистік сөзжасам, яғни екі немесе одан да көп дара сөздерден құралған, араларындағы синтаксистік қатынастарын жоғалтқан, тұтас бір бүтін тұлға ретінде қалыптасқан күрделі сөз тіркестерінің барлық тілдерде кездесетін өте көне тәсіл.

Бұл тәсіл парсы тілінде де кең қолданылады және ішкі ерекшеліктері сан түрлі, күрделі сөздерді негізінен екі топқа бөлуге болады:

а. Копулятивті тіркес

б. Детерминативті тіркес

а) Копулятивті тіркесте күрделі сөздердің құрамды бөлшектері тең хұқықты болып келеді. Мысалы:

داد و ستد сауда (сөзбе-сөз: беріс-алыс)

(دادن، داد) "беру" етістігінің өткен шақ негізі

(ستدن، ستد) "алу" етістігінің өткен шақ негізі

داد و فریاد ойбай (біреудің шыңғырып бір бәледен көмекке шақырған дауысы)

داد ойбай (одағай), шыңғырған

فریاد дауыс

Копулятивті тіркесте екі сөз бірігіп күрделі сөз жасауына ال، یا، در، تو، تا، به، بر، اندر، آ، و шылаулары дәнекер болады.

1. 3. Сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі мамандығының магистратураға қабылдау емтиханның бағдарламасы
Сан атаулары — өте көне заманнан келе жатқан сөздер
Сан есімнің мағыналық топтарының сөзжасамы
Етістіктің жақ категориясы
Нормативтік қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтарын өткізуге арналған арналған әдістемелік нұсқау
Аналитикалық тәсіл - сан есім сөзжасамының негізгі тәсілі
Тілдің грамматикалық құрылысы, оның қызметі
Ағылшын және қазақ тіліндегі сын есімнің қолданылуы
Бастауыш сыныптарда сөз таптарын оқыту
Зат есімнің сөзжасамы және оның қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz