Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі мәселелері және перспективасы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Елдің экономикалық қауіпсіздігі соңғы жылдары актуалды және көптеген ТМД және Батыс ғалымдарының белсенді түрде зерттеу обьектілерінің біріне айналған мәселенің бірі болып табылады.

Сонымен қатар бұл мәселе өтпелі экономикасы бар елдері үшін, әсіресе тарихи қысқа уақытта тәуелсіздік алған мемлекеттерге тән. Ғалымдардың айтуынша, «экономикалық қауіпсіздік түсінігі бір жағынан барлығына интуитивті түсінікті, ал басқа жағынан нақты түрде анықтау қиын түсініктердің қатарына кіреді».

Ұсынылып отырған диплом жұмысының өзектілігі қазіргі уақыттағы ғаламдану мен экономиканың ашықтығы жағдайымен байланысты үлкен мәнге ие болып отырған экономикалық қауіпсіздіктің мәнін ашып, оның ел экономикасындағы орнын анықтау болып табылады.

Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын белгілеген Елбасы Жолдауында ұлттық қауіпсіздікке зор мән берілген. Мұнда біздің еліміздің ұлттық қауіпсіздігін одан әрі нығайтудың барынша басым бағыттары анықталған.

Мен өз жұмысымда елдің экономикалық қауіпсіздік деңгейінің төмендеу факторлары мен себептеріне талдау жасаумен қатар осы мәселелерді шешудегі мамандардың ұсыныстары варианттарын ұсынғым келеді. Бүгінгі таңда орын алып отырған бұл проблемаларды шешу қазіргі жағдайда өткір мәселелердің бірі болып отыр.

Қазіргі уақыттағы экономикалық жағдайға талдау жасай отырып, 90-жылдармен салыстрғанда әлемдік шаруашылық жүйесі күрделі өзгерістерге ұшырады деп айтуымызға болады. Біріншіден, әлемдік экономикалық өмірде ғаламдану тенденциялары айқын көріне бастады. Екіншіден, әлемдік интеграциялануының үшжақтылығының, әсіресе перифириялық аймақтарда басым әсері байқалады: «индустрияландыру - интернационалдандыру - трансұлттандыру». Үшіншіден, кез-келген елдің экономикасы, әсіресе перифириядан соң, одан әрі сыртқы жағдайларға байланысты бола түсті. Бұл оның экономикалық әлсіздігіне алып келеді.

Экономикалық қауіпсіздіктің мәселелері сөз болғанда бұл жөнінде айтушылар мен жазушылардың бірінші тобы экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мемлекеттік стратегиясын жасау керек десе, екіншілері, оның тұжырымдамасын жасау керек дегенге саяды. Бұл екі түсінікті бір-біріне қарсы қоймай-ақ қарағанда екеуінің әрқайсысының өзіндік мағынасы мен орны бар сияқты.

Тұжырымдама туралы айтқанда, меніңше, академик Л. Абалкиннің пікіріне сүйенген сияқты. Оның айтуынша, экономикалық қауіпсіздіктің тұжырымдамасын жасау әрқашан да ең жоғары ұзақ мерзімді ұлттық-мемлекеттік мүдделерге арқа сүйейді. Сондықтан да мұндай тұжырымдама елдің болашағы туралы түсініктемелермен елдің өзінің дамуының таңдап алған әлеуметтік-экономикалық моделімен тікелей байланыста болмақ. Сонда ғана ол, оны жүзеге асыру жөніндегі шаралар өзінің мағынасын айқындауға, бұқара санасына әсер етерлік жағдайға жете алады.

Елдің экономикасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді сөз еткенде, оның стратегиясы мен тұжырымдамасын жасағанда ең басты мақсаттың бірі - экономикалық өсуді қалпына келтіру, тұтыну секторында төлемдік қабілеті бар сұранысты көтеру, халықтың тұрмыс дәрежесін көтеру болуға тиіс деп ойлаймын.

Ғаламдану жағдайында ұлттық экономикалық қауіпсіздік стратегиясын жасау әрбір мемлекет үшін маңызды шара болып табылады.

Ұсынылып отырған диплом жұмысының мақсаты Қазақстанның ғаламдану жағдайында әлемдік экономикаға интеграциялануы барысында ұлттық экономикалық қауіпсіздік мәселелеріне талдау жасап, елдегі экономикалық қауіптердің алдын алу шараларына тоқталу болып табылады. Сонымен қатар бұл жұмыста елдің жалпы экономикалық жағдайына шолу жасалып, дәл қазіргі уақытта елімізде орын алып отырған экономикалық қауіпсіздік мәселелері мен перспективалары сөз болады.

Алға қойылған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер орындалды: ұлттық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі методологиялық проблемаларды зерттеу, ұлттық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің елдегі ерекшеліктері мен құрылымын қарастыру, оның бастапқы мәндерін анықтау мен ұлттық қауіпсіздіктің макроэкономикалық көрсеткіштерінің жүйесін қарастырумен қатар Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігінің қазіргі кездегі жағдайына шамалы талдау жүргізілді.

Ұлттық экономикалық қауіпсіздік елдің ұлттық мүдделерінің нақты және потенциалды қауіптерден қорғалғандығы жағдайын сипаттайды. Оның құрылымы: экономикалық, экологиялық, ақпараттық, әскери, әлеуметтік, саяси, рухани-адамгершілік қауіпсіздіктері болып табылады. Осылайша ұлттық қауіпсіздік жүйелік көрсеткіш бола отырып қоғамның барлық салаларын қамтиды. Ал оның құрамындағы негізгі орынды экономикалық қауіпсіздік алады. Қазақстан Республикасының «Ұлттық қауіпсіздік туралы» заңында экономикалық қауіпсіздік Қазақстан Республикасының экономикалық тәуелсізідгіне және оның қалыпты дамуына қатер төндіретін ішкі және сыртқы жағдайлар мен факторлар, процесстерден қорғалғандық жағдайы болып анықталады.

Бүгінгі таңда Қазақстан әлемнің жүзден аса мемлекеттерімен қарым-қатынас жасайды. Бұндай экономиканың ашықтығы және ғаламдану жағдайында экономикалық қауіпсіздікті сақтау елдің негізгі міндеттерінің бірі болуы қажет. Еліміздің экономикасындағы кейбір тиімсіз жағдайлар Қазақстанды әлемдік рынокқа шикізат өндіруші ел ретінде шығуына алып келді. Осы және басқа да қауіп-қатерлер ел экономикасының қауіпсіздігіне көңіл бөліп, оның құрылымын өзгерту арқылы дамыған мемлекеттер қатарына қосылуға алғышарттар жасайды. Ұсынылып отырған жұмыста елдегі экономикалық жағдайға біршама талдаулар жасалады.

I-ТАРАУ. ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІНДЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ АЛАТЫН ОРНЫ МЕН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

1. 1 Экономикалық қауіпсіздіктің мәні және құрылымы

Әлем тәжірибесі көрсетіп отырғандай, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету - бұл елдің тәуелсіздігінің кепілі, қоғам өмірінің тұрақтылығы мен тиімділігінің, табысқа жетудің керекті жағдайы.

«Экономикалық қауіпсіздік» қазақстандық экономиканы басқару органдарының лексиконындағы жаңа түсінік болып табылады. «Экономикалық қауіпсіздік» терминін ең алғаш рет 1934 жылы Ф. Рузвельт қолданған болатын. Бұл ұғым батыс елдерінің басқару құрылымдарының қызмет практикасында жиі қолданылады және өте кең ұғым болып табылады. Жалпы айтқанда, экономикалық қауіпсіздік мазмұнын, оның құраушы элементтерін, сондай-ақ оны қамтамасыз етуші механизмдерді анықтау әртүрлі түсіндіріледі, бұл проблемаларды әр алуан теориялық-методологиялық байыптаулар шеңберінде зерттеумен сабақтасып жатыр.

Академик Л. И. Абалкиннің түсіндіруінше, экономикалық қауіпсіздік елдің мықты қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету, қоғамда әлеуметтік тыныштықты сақтау, экологиялық апаттан сақтау, энергетикалық қауіпсіздік сияқты құрамдас бөліктерімен қоса мемлекеттік қауіпсіздік жүйесінің құрамына кіреді. Мұнда бәрі бір-бірімен байланысты және бірін бірі толықтырып отырады: әлсіз және тиімсіз экономика жағдайында әскери қауіпсіздік болуы мүмкін емес, сонымен қатар әлеуметтік конфликтілер орын алған қоғамда әскери қауіпсіздік те, тиімді экономика да болуы мүмкін емес. Осындай байланыстарды нақтылай отырып, мұндағы шешуші және басты роль экономикалық қауіпсіздікке берілетінін ескеру қажет.

Экономикалық қауіпсіздік біршама күрделі ішкі құрылымға ие. Нақты процестердің анализә мен бұл проблеманы шешудегі отандық және шет елдік тәжірибелерді қарастыру оның негізгі 3 элементін бөліп қарастыруға мүмкіндіе береді:

  • Экономикалық тәуелсіздік, бұл қазіргі кездегі әлемдік шаруашылық жағдайында ешқандай абсолютті сипатқа ие болмайды. Халықаралық еңбек бөлінісі ұлттық экономикаларды бір-біріне байланысты және тәуелді етеді. Бұндай жағдайда экономикалық тәуелсіздік мемлекеттің ұлттық ресурстарға бақылау жүргізу, бәсекеге қабілетті және әлемдік саудада, кооперациялық байланыстарға және ғылыми-техникалық жетістіктермен айырбасқа тең дәрежеде қатысуға мүмкіндік беретін сапалы және тиімді өнім өндірісі деңгейіне жетуге бақылау жасауға мүмкіндігін көрсетеді.
  • Ұлттық экономиканың тұрақтылығы мен орнықтылығы, бұл меншіктің кез-келген түрін қорғауға алғышарттар жасайды, кәсіпкерлік белсенділікке кепіл беру және нақты жағдай жасау, жағдайды тұрақсыздандыруы мүмкін факторлардан қорғау, экономикадағы криминалды құрылымдармен күрес, табыстарды бөлуде қоғамдық толқулар тудыру қауіпін туғызатын көзге ұратын алшақтықтарды болдырмау, т. б.
  • Өздігінен даму және прогресске қабілеттілігі, бұл әсіресе қазірге динамикалық дамушы әлемдегі басты мәселе. Инвестициялар мен инновациялар үшін жағымды климат тудыру, өндірісті әрдайым модернизациялау, жұмысшылардың жалпы мәдени дамуы және мамндануы, олардың білім деңгейін көтеру ұлттық экономиканың өзін-өзі сақтауы мен тұрақтылығының қажетті және міндетті шарттары болып табылады.

Осылайша, экономикалық қауіпсіздік - бұл ұлттық экономиканың тәуелсіздігін, оның тұрақтылығы мен қалыптылығын, әрдайым жаңару мен өзін-өзі жетілдіруді қамтамасыз ететін жағдайлар (шарттар) мен факторлардың жиынтығы болып табылады. [5]

В. Тамбовцев ойынша, « . . . осы және басқа жүйенің экономикалық қауіпсіздігі ретінде бар жүйенін мақсаттарына жетудің мүмкіндігін қамтамасыз ететін оның өндірістік жүйеастының қасиеттерінің жиынтық жағдайын түсіну қажет».

В. А. Савин бойынша, «экономикалық қауіпсіздік елдің өмірлік мүдделерін қорғау жүйесін сипаттайды. Қорғау обьектілері ретінде: елдің тұтастай халық шаруашылығы, елдің бөлек аймақтары, шаруашылықтың бөлек салалары мен сфералары, шаруашылық қызмет субьекті ретінде заңды және жеке тұлғалар бола алады». [6]

Академик В. Сенчагов экономикалық қауіпсіздік деген түсінікті айқындау үшін оның құрамды бөліктерін анықтау керек, ол үшін елдің ерекше ұлттық-мемлекеттік мүддесін және оның мақсаттарын тану керектігін айтады. Бұл мүдделер елдің шекарасы көлемінде де, одан тысқары да өмір сүретіндігін айтады. Ол мүдделер: мемлекеттік егемендікті және дербес дамуды қолдау, елдің халықаралық жағдайы, оның әлемдік еңбек бөлінісіндегі, өндірістің мамандануы мен кооперациялануында, әлемдік саудада, халықаралық қаржы және банк жүйелерінде, тауар мен ақылы қызмет бағалы қағаздардың маңызды рыноктарында алатын орны, елдің көпұлттық мемлекет ретінде дамуы, қорғануы және сақталуы.

В. Сенчагов экономикалық қауіпсіздік мәнін ұғыну үшін оның «даму» және «орнықтылық» деген түсініктермен байланысын ұғу керектігін айттады. Даму - экономикалық қауіпсіздіктің құрылымдарының бірі. Егер экономика дамымаса, онда оның өмір сүруі, сыртқы және ішкі қауіптерге бейімделуі мен қарсы тұру мүмкіндігі кемиді. Экономиканың орнықтылығы оның тетіктерінің мықтылығы мен сенімділігін, жүйе ішіндегі жоғарыдан төмен қарай, көлденеңінен және басқа байланыстарын, ішкі және сыртқы ауыртпалыққа шыдай алатын қабілетін сипаттайды. Пропорциялардың және жүйенің әртүрлі құрамдық бөліктерінің арасындағы байланыстардың бұзылуы экономиканың қауіпсіз жағдайдан қауіпті күйге көшкенінің белгісі болып көрінеді.

Экономикалық қауіпсіздіктің мәнісін экономика мен үкімет институттарының ұлттық мүдделердің нық қорғалуын қамтамасыз ете алатын күйін, елдің әлеуметтік бағытпен дамуы, ішкі және сыртқы процестердің қолайсыз жағдайда дамыған кездің өзінде жеткілікті қорғаныс потенциалы болуы деп анықтауға болады. Сонымен, экономикалық қауіпсіздік - ол тек қана ұлттық мүдделердің қорғалуы ғана емес, сонымен бірге өкімен институттарының отандық экономиканы дамытуға, қоғамдық әлеуметтік-саяси тұрақтылығын сақтауға қажетті тетіктерді құра алатын қабілеттілігі мен дайындығы. [11]

Н. А. Шабдарбаев анықтауынша, экономикалық қауіпсіздік - Қазақстан Республикасы ұлттық экономикасының экономикалық тәуелсіздігі мен орнықты дамуына қауіп тудыратын факторлар мен процестердің, сыртқы және ішкі қатерлерден қорғалу жағдайы болып табылады. [12]

Оқулықтарда экономикалық қауіпсіздік - халықтың (мемлекет арқылы) сырттан ешкімнің араласуынсыз, қысым жасауынсыз өз экономикалық даму формалары мен жолдарын тәуелсіз түрде анықтауға мүмкіндік беретін жағдай деп қарастырады.

Экономикалық қауіпсіздіктің мәні оптималды еңбек шығындары және қоршаған орта мен табиғи шикізатт қорларын тиімді пайдалану жағдайында Қазақстан Республикасының азаматтарының әлеуметтік және экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында елдің экономикалық дамуын қамтамасыз ету болып табылады.

Экономикалық қауіпсіздік сөз болғанда мәселенің қылмыстық қырынан бастап, қазіргі кездегі дүниежүзілік экономикалық тәртіптің, елдің геосаяси жағдайының күрделі мәселелеріне дейін қамтитын өте көп сұрақтар қамтылатынын ескерген жөн.

Экономикалық қауіпсіздіктің келесідей деңгейлерін бөліп қарастыруға болады: халықаралық (глобальды, ғаламдық) және аймақтық (региональная), ұлттық, локальді (ел ішіндегі аймақтық және салалық), жеке (фирма және тұлға) .

Халықаралық экономикалық қауіпсіздік әлемдік қауымдастықтың әрбір мемлекет-мүшесіне сыртқы және саяси қысымға ұшырамай және араласпау (қол сұқпау), түсінушілік, басқа мемлекеттер тарапынан тиімді екі жақты серіктестікке бағытталған ерікті (тәуелсіз таңдау) сайлау және өзінің әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын жүзеге асыруға мүмкіндікті қамтамасыз ететін бірлесіп өмір сүру (сосуществования) келісімдері мен институционалды құрылымдардың кешенін сипаттайды.

Ұлттық қауіпсіздік идеясы ең алғаш рет АҚШ-та 1947 жылы «Ұлттық қауіпсіздік туралы» заң қабылданғанда және Президент жанындағы Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі құрылуымен байланысты заңды түрде танылды, сонымен қатар көптеген елдердің осындай заңдар мен концепциялар қабылдауына үлгі болды.

Қазақстан да егемендік алғаннан кейін ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін шешуге тырысуда. 1998 жылғы 26 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі елдің ұлттық мүдделерінің нақты және потенциалды қауіптерден қорғалғандығының жағдайы ретінде анықталған. [11]

Ұлттық экономикалық қауіпсіздік - бұл ұлттық мүдделердің қорғалу кепілі, тұтастай елдің әлеуметтік бағытта дамуы, тіпті жағымсыз сыртқы және ішкі процестердің даму түрлерінде жеткілікті экономикалық және қорғаныс потенциалы болуы қамтамасыз етілетін экономика мен басқару институттарының жағдайы.

Ұлттық қауіпсіздік құрылымы:

  • Экономикалық қауіпсіздік
  • Экологиялық қауіпсіздік
  • Ақпараттық қауіпсіздік
  • Әскери-қорғаныс қауіпсіздік
  • Әлеуметтік қауіпсіздік
  • Саяси қауіпсіздік
  • Рухани-адамгершілік қауіпсіздік

Ұлттық қауіпсіздік құрылымында экономикалық қауіпсіздік негізгі орын алады. Бұл экономиканың қоғам, мемлекет және жеке тұлға іс-әрекетінің өмірлік маңызды жағының бірін сипатауымен байланысты. Экономикалық қауіпсіздік ұлттық экономиканың барлық өндірістік жүйесіне әсер етеді.

Ұлттық экономикалық қауіпсіздік, ұлттық өнім өндірудегі құндық және натуралды элементтерінің басым үлесін қамтамасыз етуге қабілетті өндіріс күштерінің дамуының жоғарғы деңгейі; экономикалық қауіпсіздіктің ішкі әлеуметтік-саяси негізі; халықтың көп бөлігінің қолдауына ие мемлекеттің саясаты арқылы жүзеге асырылатын әлеуметтік және экономикалық даму стратегиясын жасауға және жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ұзақ мерзімді ұлттық мақсаттарға байланысты қоғамдық пікірдің жоғарылығымен сипатталатын ішкі материалды-заттық негізге ие.

Өндірістің интернационалдану шегіне байланысты ұлттық экономикалық қауіпсіздік халықаралық экономикалық қауіпсіздікпен тығыз байланысты.

Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігі - қызмет тұрақтылығы, қаржы-саудалық табыс, прогрессивті ғылыми-техникалық және әлеуметтік дамуды қамтамасыз ететін юридикалық, өндірістік қатынастардың және ұйымдық байланыстардың, материалды және интеллектуалды ресурстардың жағдайы. [8]

Көңіл аударарлық жағдай, «экономикалық қауіпсіздік» ұғымына бірқатар Қазақстан Республикасының маңызды құжаттарында түсінік беріледі.

Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне бірегей анақтаманың бірі Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26 маусымындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңында берілген. Экономикалық қауіпсіздік ұлттық экономиканың қалыпты дамуы мен ел экономикасының дербестігіне нұсқан келтіретін ішкі және сыртқы шарттар, үрдістер мен факторлардан қорғану жағдайының деңгейін анықтайтын ұғым деп көрсетілген. [1]

Елдің экономикалық қауіпсіздігі ұлттық экономикасының тұрақтылығымен әрқашан байланысты. Бұл, оның жұмыс істеуі үшін қалыптасқан жағдайға қарамастан, жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық процестерге ұйымдастыру және бақылау жасау іспетті негізгі жүйелік қызметін атқаруға қабілетті деген сөз, тіпті әлеуметтік тұрақтылыққа ие, орнықты саяси режимі бар дамыған экономикалық жүйенің өзінде де экономикалық қауіпсіздік шартты түрде төбе көрсетіп келе жатқан бүлдіргіш факторлармен бұзылуы ықтимал.

Сонымен экономикалық қауіпсіздік дегеніміз, ұлттық экономиканың тәуелсіздігін қамтамасыз ететін жағдайлар мен факторлардың жиынтығы болып есептеледі. Сондай-ақ экономикалық қауіпсіздік деген ұғымға елдің ресурстық әлеуетіне (қорлар мүмкіндігіне), үйлесімді және үдемелі өсу мүмкіндігіне, әлеуметтік дамуына, экологиясына қатысты маңызды мүдделерін қамтамасыз ететін экономикалық, саяси, құқықтық, геосаяси жағдайлардың біртұтас жиынтығы кіреді.

Экономикалық мүдделер интеграциясы деңгейінде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету механизмдері

Субьектілер
Экономикалық мүдделер интеграциясының деңгейі
Мемлекеттік
Аймақтық
Жергілікті
Субьектілер: Тұлға
Экономикалық мүдделер интеграциясының деңгейі: Жеке табыстың өсуі
Қосымша жұмыс орындарын құру
Адам әлеуетінің дамуы
Субьектілер: әлеуметтік топ
Экономикалық мүдделер интеграциясының деңгейі: Өмір деңгейі мен сапасын көтеру
Дербес экономикалық белсенділікті ынталандыру
Халықтың әлсіз қорғалған топтарының азаюы
Субьектілер: Ұйым
Экономикалық мүдделер интеграциясының деңгейі: Стратегиялық салаларға мемлекеттік бақылауды сақтау
Экономиканың нақты секторына қосылған ұйымдарға жеңілдік беру және оларды көтермелеу
Қайырымдылық және гуманитарлық бағытта қызмет істейтін ұйым
Субьектілер: Аймақ
Экономикалық мүдделер интеграциясының деңгейі: Табиғи шикізаттық және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану
Аумақтық айырмашылықтарды экономикалық даму деңгейінде теңестіру
Экономиканың дәстүрлі салаларын қолдау және дамыту
Субьектілер: мемлекет
Экономикалық мүдделер интеграциясының деңгейі: ІЖӨ мен ұлттық табыстың өсуі
Материалдық игіліктер мен ресурстардың бөлінуіне бақылау
Мемлекеттің экономикалық бағытын қолдау

1кесте[9]

1. 2. Экономикалық қауіпсіздік жүйесі . Экономикалық қауіпсіздік жүйелік сипатқа ие. Елдің экономикалық қауіпсіздік жүйесінің келесідей құрамды бөліктерін атап көрсетуге болады:

  • экономикалық қауіпсіздік жағдайы
  • экономикалық қауіпсіздік критериилерінің сандық және сапалық критериилері
  • экономикалық қауіпсіздіктің қатерлері және осы қатерлердің пайда болуын анықтаушы факторлар
  • экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің стратегиясы мен жүйелік шаралары

Экономикалық қауіпсіздік проблемалары өзіндік обьекті ретінде елдің экономикалық жүйесін, сонымен қатар басқа да мүмкін болатын қызмет сфераларының өзара әрекеттерінің обьектілеріне байланысты орын алады. Экономикалық қауіпсіздік проблемалары экономикалық жүйе шеңберінен шығып кетеді, сондықтан да экономикалық қауіпсіздік проблемасын экономиклық сферада сыртқыэкономикалық және ішкіэкономикалық проблемаларды, сондай-ақ аралық сфераларды қоса қарастырылады. Аралық сфераларға әскери-экономикалық сфера, елдің ғылыми-техникалық және интеллектуалды потенциалын қорғау сферасы, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету сферасы (көлеңкелі экономика, экономикадағы ұйымдасқан қылмыс пен коррупция, заңды тұрғыда жүзеге асырылатын экономикалық афералар проблемалары, т. б) ; экономика мен табиғаттың әрекеттесу сферасы және тағы да басқа аралық экономикадан тыс сфералар (энергетика, қорғаныс, т. б. ) . Осыған сәйкес, экономикалық қауіпсіздік құрылымында келесідей түрлерін бөліп көрсетуге болады:

  • азық-түлік қауіпсіздігі
  • энергетикалық қауіпсіздік
  • өндірістік қауіпсіздік
  • технологиялық қауіпсіздік
  • әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік
  • қаржылық қауіпсіздік
  • инвестициялық қауіпсіздік
  • транспортты-коммуникациялық қауіпсіздік
  • сыртқыэкономикалық қауіпсіздік

Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігінің обьектіне мемлекетпен қатар оның экономикалық жүйесі және оның барлық табиғи байлықтары, сонымен қатар қоғам және оның институттары, мекемелер, фирмалар және тұлға кіреді.

Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігінің субьектілеріне: функционалды және салалық министрліктер мен ведомствалар, салық және кеден қызметі, банктер, биржалар, қорлар және сақтандыру кампаниялары, сонымен қатар өнім, қызмет өндірушілер мен оны сатушылар, тұтынушылар ұйымдары жатады.

Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында шешім қабылдаудың субьектілік деңгейлері

Заңнамалық нормативтік қамтамасыз ету
Ұйымдастыру-экономикалық
Қызметтер
: мемлекеттік
Заңнамалық нормативтік қамтамасыз ету: Ел парламенті
Ұйымдастыру-экономикалық: Үкімет
Қызметтер: Ұлттық мүдделерді агрегациялау жәене артикуляциялау
: Аймақтық
Заңнамалық нормативтік қамтамасыз ету: Ел парламенті
Ұйымдастыру-экономикалық: Аймақтық әкімшілік
Қызметтер: Экономикалық қауіпсіздікті сақтау жөнінде ұйымдастыру шаралады іс-қимылын қамтамасыз ету
: Жергілікті (ұйымдар, топтар мен индивидтер)
Заңнамалық нормативтік қамтамасыз ету: Ел парламенті, мәслихаттар
Ұйымдастыру-экономикалық: Министрлік және ведомства, жергілікті әкімшілік
Қызметтер: Қажетті жағдай жаспа, тиісінше нормаларды сақтай отырып, жергілікті деңгейде шешімдер әзірлеу, қабылдау және орындау

2 кесте[9]

Экономикалық қауіпсіздік тұрғысынан келгенде, экономикалық жүйе ресурстары, біздің ойымызша, үш түрге бөлінеді:

1. Қаржылық-материалдық (алтын-валюта қоры, негізгі және айналым қаражаттары, табиғи шикізаттар, елдің ұлттық байлығын құрайтын және басқа ресурстар) .

2. Әлеуметтік ресурстар (саяси режим типі, қоғамның әлеуметтік стативтілігі, қоғамдық өзара қарым-қатынасын реттеу механизмдері және т. б) .

3. Адам капиталы (халық саны мен құрылымы, жұрттың білімділік және әлеуметтік-кәсіби әлеуеті, медициналық-демографиялық сипаттамасы және т. б. ) .

Экономикалық жүйенің орнықтылық кепілі едәуір қаржылық-материалдық ресурстар болуымен, әлеуметтік әлеует пен адам капиталын дамытуға қолайлы жағдай қалыптастырумен, сондай-ақ ресурстар алмасу варианттарын кеңейтумен қамтамасыз етіледі.

Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде экономикалвқ жүйе тармақтарының мақсаттары мен міндеттері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы табиғатты пайдаланудың басқару жүйесі
Абайсызда жасалатын қылмыстар
Қытай және жаһандану проблемалары
АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫ
Саяси жаңару туралы түсінік
Қазақстан және аймақтық қауіпсіздік
Қазақстан – Америка стратегиялық әріптестігі
Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы қатынастар
Қазіргі қоғамдағы қазақ тілінің рөлі атты қазақ тілінен ғылыми жоба
Қазақстан Республикасында мұнай газ кешенін мемлекеттік реттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz