Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық байланыс


КІРІСПЕ
Бітіру жұмысының жалпы сипаттамасы: Қытай Халық Республикасы - Қазақстанның тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып таныған мемлекет. 1992 жылғы қаңтарда, дипломатиялық қарым-қатынас орнатқаннан бері екі ел өз экономикаларының дамуында зор табыстарға қол жеткізді. Екі ел бір-біріне етене жақындай түсті. Шекаралық аймақтарда өзара сенім ахуалын орнатты. Екі ел арасындагы экономиқалық ынтымақтастық нығайтылып, өзара сауда-саттық байланыстары жыл өткен сайын өсіп келеді.
Жұмыстың мақсаты: Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық-географиялық байланыстарға баға бере отырып, екі ел арасындағы жыл сайын артып келе жатқан сауда қатынастарына және оның жоспарлы бағыт-бағдарына тұжырым жасап, екі ел арасындағы ынтымақтастық, достық қарым-қытынысының дами түсуі және халықтың әл-аухатының жақсара түсуі үшін жүргізіліп жатқан жұмыстарға аз да болса көмегі тиер деген оймен осы тақырыпты зерттеуді жөн көрдім. .
Бұл мақсатқа жету үшін келесі мәселлелер қарастырылды:
. екі елге географиялық сипаттама бере отырып, екі ел байланысына әсер ететін факторларға талдау жасау.
. екі ел арасындағы сыртқы сауда байланыстары және Қазақстанның экономикалық дамуына, халықтың әл-ауқатының көтерілуіне зор рол ойнаитын Мұнай экспорты туралы ізденістер.
Зертеудің теориялық және әдістемелік негізі: бітіру жұмысына бұрынғы Кеңес кезіндегі геосаяси зерттеушілер Түркебаев А. Е, Двоскин Б. Я, ал қазіргі кезде зерттеушілерден Надыров Ш. М, Әубакіровна Әмина және Қытайдағы Циньзиян география инистутіндағы Шы шы фаңның қатарлы зерттеушілердің еңбектері теориялық негіз болды.
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНА ҚЫСҚАША СИПАТТАМА
- Қазақстан Республикасының географиялық орны
Қазақстан Республикасы Евразия құрлығындағы мемілекет. Құрлықтың орта бөлігінде ( 55°26´- 40º 56´с. е және 45º 27´ - 87º 18´ш. б аралығында ) орналасқан. Республика жері батыстан шығысқа қарай 3000 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке 1600 км -ге созылып жатыр. Солтүстігінде Ресей Федерациясымен (ұзындығы 6467 км), оңтүстігінде Түркменстан( 380 км), Өзбекстан (2300 км), Қырғызстан ( 980км) республикасымен, шығысында Қытаймен ( 1460 км) шектеседі. Батысында Каспий теңізі ( 600 км) орналасқан. Жалпы жер көлемі 2724. 9 мың шаршы километр. Жер аумағы жағынан дүние жүзінде тоғызыншы орынды, Евразия материігінде Ресей, Қытай, Үндістан мемілекеттерінен кейін төртінші орынды йеленеді. әкімшілік жағынан 14 обылстан және республикалық маңызы бар 2 қаладан тұрады. 85 қала, 160 аудан, 2237 ауылдық елді мекенге біріккен 7719 лдық елді мекен бар.
Қазақстан Республикасы 1995 жылы 30 тамыздағы қабылданған Конситуция бойынша өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және ілеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды. Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Республиканың ең жоғарғы өкілді органы Парламент. Ол республиканың заң шығару қызметін жүзеге асырады. Парламентте тұрақты жұмыс істейтін екі палатадан: сенаттан және мәжілістен тұрады. Сенатқа әр облыстан және Республикалық маңызы бар 2 қаладан екі адамнан сайлайды. Сенаттың жеті депутатын парламент өкілеттілігі мерзіміне Республика Президенті тағайындайды.
Мемлекет тілі- Қазақ тілі. Ұлттық валютасы - теңге.
- Қазақстанның табиғи ресурстары.
Кен байлықтары . Казақстан кен байлықтарының қоры мен әр алуандығы жағынан Жер шарындағы бай аймақтардың бірі. Минералдық шикізат қорлары Қазақстанның ұлттық экономикасының тұрақты дамуы мен кауіпсіздігінің маңызды кепілі. Қуатты минералдық шикізат базасының казіргі жай-күйі республиканы шет елдердің кен қазбаларына тәуелділіктен толық арылтып, Қазақстанның дүниежүзі рынокка минералдық шикізат қорлары мен оның өңделген өнімдерін шығаруына мүмкіндік берді. Минералдық шикізат ресурстары еліміздің даму стратегиясын аныктайтын негізгі факторлардың бірі. Маңыздылығы жағынан олар үш топқа бөлінеді. Бірінші топқа негізгі қаржы түсімін қамтамасыз ететін және эконмикалық-саяси мәні бар стратегиялық кен байлықтары жатады: мұнай, газ, көмір, уран, хромит кен орындары. Е к і н ш і т о п т ы каржы түсімін камтамасыз ететін әрі Қазакстанның индустриялық бет-бейнесінің негізі болып табылатын маңызды кен байлықтары құрайды: темір, марганец, мыс, қорғасын, мырыш, алюминий және алтын кен орьндары. Үш і н ш і топқа ішкі және сыртқы рыноктарда жоғары сұранымға ие қалайы, күміс, фосфор, барит кен орындары кіреді. Кен байлықгардың барланған қоры негізінде ондаған мұнай-газ және кентас өндіретін кәсіпорыңдар жұмыс істейді, олар 70-тен аса әр түрлі минералдық шикізат түрлерін өндіреді және өңдейді.
Мұнай мен газ. Казақстанда 200-дей мүнай және газ кен орындары аныкталып барланған, оның ішінде 102 мұнай, 29 мұнай-конденсат, 30 мұнай-газ-конденсат, 6 мұнай-газ, 11 газ-конденсат, 19 газ кен орындары бар. Барланған мұнайдың алынатын қоры 2, 2 млрд. т, газ - 2, 5 трлн. /м 3 , конденсат - 0, 7 млрд. м 3 . Қазақстанда мұнайдың болжамдық корлары 20 - 25 млрд, т деп бағаланады. Мұнай мен газдың барланған қорының негізгі бөлігі Каспий маңы мұнайлы-газды аймағында шоғырланған. Мұнда 122 кен орыны ашылған, оларда республикадағы көмірсутек қорының 80%-ы (1, 3 млрд, т мұнай, 700 млн. т шамасында конденсат, 1, 7 млрд. м 3 бос және 577 млрд. м 3 сұйытылған газ) шоғырланған. Бұл жерде мұнай мен газдың Қашаған, Теңіз және Қарашығанақ сияқты айрықша ірі кен орындары бар, олардың жиынтық үлесі мұнай мен газ ендірісінің жалпы балансында 30%-дан асады. Оңтүстік Маңғыстау мен Солтүстік Үстірт - Бозащы аймағыңдағы ең ірі кен орындар - Өзен, Жетібай, Қаражанбас, Солтүстік Бозащы. Мұндағы мұнайдың барланған коры 700 млн. т, конденсат - 1, 4 млн. т және газ - 141, 0 млрд. м 3 құрайды. Жалпы республика баланста бұл аймақтағы көмірсутек өндірісінің үлесі 50% шамасына тең. Мұнайдың өнеркәсіптік мол коры Оңтүстік Торғай мұнайлы-газды алабында анықталған (Құмкөл, Майбұлақ, Ащысай, Арыскұм, т. б. кен орындары) . Бұл жерде жиынтық болжамдық коры 400 млн. т шамасындағы 11 кен орыны барланған. Олардың ең ірісі - Құмкөл кен орыны (1990 жылдан мұнай өндіріле бастады) . Бұл аймақтың мұнай өндірісіндегі үлесі 10% шамасында.
К ө м і р . Қазақстанда тас және коңыр көмірдің мол корлары бар. Республикада 200-ге жуык көмір кен орыны барланған. Қазакстан көмірінің жалпы геологиялық қоры 164, 4 млрд, т шамасында бағаланады, оның ішінде: тас көмір 17, 6 млрд. т, коңыр көмір 92, 8 млрд. т. Барланған қорлар 60 млрд. т шамасында, баланстан тыс қорлар 19, 3 млрд. т. Олардың 63%-ы тас көмір (оның кокстелетіні 17%), 37% - коңыр көмір. Республикадағы ең ірі көмірлі алаптар Орталық Қазакстанда орналасқан (Қарағанды, Екібастұз, Майкөбен) . Ірі кен орындары - Шұбаркөл (қоры 2, 2 млрд. т), Борлы (0, 5 млрд. т), Самара (1, 3 млрд. т), сондай-ак, Теңіз-Қоржынкөл көмір алабы (шамамен 2, 7 млрд. т) . Торғай энергетикалық коңыр көмір алабының қоры 52 млрд. т, оның барланғаны 7 млрд. т. Оңтүстік Қазакстанда Іле және Төменгі Іле коңыр комір алаптары орналасқан. Іле алабының геологиялық корлары 14, 8 млрд, т-ға бағаланады, барланған қоры 0, 9 млрд. т. Төменгі Іле алабының геолгиялық коры 9, 9 млрд. т, онын 3 млрд. т-сы барланған. Шығыс Қазақстанда Қаражыра (Юбилейное) (қоры 1, 5 млрд. т), Кендірлік (1, 6 млрд. т, барланғаны 250 млн. т) кен орындары белгілі. Кендірлікте көмірден басқа жанғыш тактатастар бар. Оның жалпы қоры 4 млрд. т, барланғаны 20. 3 млн. т. Казақстанның батысындағы ең ірісі - Мамыт коңыр көмір кен орны. Жалпы геологиялық коры - 1, 5 млрд. т, оның 0. 6 млрд. т-сы барланған. Қазақстан Республикасының бүкіл дерліктей аумағын кара металл кендерінің алып кентастық аймағы ретінде қарастыруға болады. Мұнда оның бүкіл әлемге белгілі барлық генетикалық және өндірістік, онын ішінде бірегей турлері кездеседі. Қазақстанда қара металл кентастарының 1000-нан аса кен орындары мен кен білінімдері анықталған. Темір. хром, марганец пен титан кентастарының кен орындары игерілуде. Балансқа алынганы 17 кен орны. баланстан тыс 11 кен орны бар. Темір кентасының жиынтық қоры 17 млрд. т. Онын 93% мөлшері бес ірі кен орында: Қашар, Сарыбай. Соколов. Әйет, Лисаковта шоғырланған. Бұл кен орындарының барлығы Солтүстік Қазакстанда (Торғай ойысының солтүстік-батыс бөлігінде) орнатасқан. Орталық Қазақстанда пайдаланылып келе жаткан Батыс Қаражал, Үшкатын мен Кентөбе кен орындарының барланған коры 300 млн. т-дан асады. Оңтүстік Қазакстанда Иірсу (коры 327, 7 млн. т) мен Абайыл (28. 3 млн. т) кен орындары барланған. Батыс Қазақстанда (Солтүстік-Шығыс Арал маңы) ең ірісі - баланстан тыс солитті қошкыл теміртас кентасты Көкбұлақ кен орны (1, 9 млрд. т), сонымен қатар титан-магнетитті кентастарының болжамдық коры 1 млрд, т болатын Беликов ірі кен орны бар. Қазақстан хромит кентасының коры бойынша әлемде екінші орында. Балансқа алынғаны 21 кен орны (шамамен 230 млн, т) . Қорлардың барлығы Кемпірсай кенді ауданында (Мұғалжар тауында) шоғырланған. Аса ірі хромит кен орындарының қатарына Алмас-Жемчужина кен орны жатады. (қоры 100 млн. т-дан асады) . Бұл алапта кобальт-никель кенінің де бай қоры бар. Қазақстанда марганец кентастарының баланестық қоры 400 млн. т-дан асады. Болжамдық қорлары 850 - 900 млн. т деп бағаланады. Қорлар негізінен (99%) Орталық Қазақстанның Атасу кенді ауднда шоғырланған (Батыс Қаражал, Үшқатын, Қамыс кен орындары) . Қаратау, Байқоңыр, Кіндіктас. Жетісу Алатауындағы көмір-кремнийлі тақтатас қабаттарында орналасқан ванадий кендері мен Батыс және Солтүстік Қазакстандағы, жердің беткі қабаттарында жаткан титан кендерінің де маңызы аса зор.
Түсті металдар. Қазақстанда түсті металдар шикізатының ірі базасы қалыптасқан. Олардың ішінде жетекші орынды мырыш, қорғасын және мыс кендері алады. Бұл металдардың республикадағы қоры бойынша тиісінше әлемде бірінші, екінші және үшінші орын алады. Олар Қазакстан түсті металлургиясы базалық кәсіпорындарының (Жезқазған, Балқаш, Ертіс мыс, Шымкент, Риддер, Өскемен корғасын мен мырыш, Павлодар алюминий қорыту завоттары) шикізат көзі болып табылады. Қазақстан әлемдегі ірі мыс өндіруші елдердің бірі. Республика аумағында мыс кентасының порфирлі, мысты құмтас, колчеданды, скарндық мысты-цеолитті, мысты-никельді, т. б. кен орындарының көптеген түрлері белгілі. Мыс кентасының ірі кен орындарына Жезқазған, Қоңырат, Ақтоғай, Айдарлы, Жаманайбат, Бозша көл, Көксай, Қасқырмыс, Нұрказған (Самара), т. б. жатады. Жекелеген кен орындарының (Жезказған мыс кені, Жаманайбат мыс кені) мыс коры 10 млн. тоннадан асады. Қ о р ғ а с ы н мен м ы р ы ш тың 100-ден аса кен орындары анықталып, 58-і баланска алынған. Олардың негізгі қоры Шығыс Қазакстанда (Кенді Алтай) және Орталық Казақстанда шоғырланған. сондай-ак, Орталық Қазакстанда да (Қаратау) кездеседі. Казір қорғасын мен мырыштың 30-ға жуық кен орындары игерілуде. А л ю м и н и и шикізаты ретінде ең көп таралғаны - боксит. Қазакстанда бокситтің қоры коп. Анықталған 200 кен орны мен кен білінімдерінің (есепке атынғаны) 50-ден астамы платформалық типті. Олардың ішіндегі ірілері: Краснооктябрь, Белинское, Тауынсор, Шығыс Әйет, Көктал, Наурызым, Жоғарғы Әйет. Арқалық кен орындары. Бұлардың барлығы Торғай ойысында орналасып, Батыс Торғай, Шығыс Торғай (Амангелді) және Орталық Торғай бокситті аудандарын құрайды. Қазақстан сирек металладрға бай өлке. Молибден қоры жөнінен республика әлемде төртінші. Азия елдері арасында бірінші орын алады. Молибден кентастарының қоры 34 кен орны бойынша есепке алынған, олардың 26-сы баланстық. Ірілері: Көктіңкөлі, Оңтүстік Шалқия, Жәнет, Батыстау, Жоғарғы Қайрақты, Қараоба, Ақшатау. Молибден кен орындары негізінен штокверктік (порфирлік) типті. Қазақстан КСРО-дағы жоғары сапалы тантал концентраты мен ниобийдің негізгі өндірушісі болды. Тантал бойынша өнеркәсіптік шикізат базасы терт кен орында шоғырланды: Бәкен, Белогор, Юбилейное және Жоғарғы Баймырза. Кен орындарының барлығы Қалба жотасында орналасқан. Солтүстік Қазақстанда ірі Сырымбет пен Донецк калайы кен орындарынын, ашылуы қалайы шикізат базасын айтарлыктай ұлғайтты. Оған дейін ілеспе қалайының 5 кен орны балансқа алынған болатын, негізгілері кешенді сирек металл кентасты Калайытапқан (жалпы қордың 70%-ға жуығы), Қараоба, Бәкен, Юбилейное және Ахметкин кен орындары. Вольфрам қоры жөнінен Қазақстан әлемде бірінші орын алады. Вольфрам қорының 53%-дан астамы 16 кен орнында шоғырланған. оның 12-сі баланстык. Вольфрам кенінің басым типтері - кварц-желілі-грейзенді және штокверкті, оларға Қараоба. Ақшатау, Жоғарғы Кайракты, Бұтыты, т. б. кен
орындары жатады. Вольфрамға бай кентастар скарндық-грейзендік кен орындарында (Солтүстік Катпар, Баян) немесе олардың мүжілген қатпарларында (Көктіңкөлі) кездеседі. Вольфрамның 16 кен орны есепке алынған. Оның 85%-на жуығы штокверк кендері (Шығыс Қайрақты, Бұғыты. Көктіңкөлі. Қараоба, т. б. ) . ондағы вольфрам триоксидінің мөлш. 0, 12 - 0. 19%. Негізгі қорлар 6 ірі және аса ірі: Жоғарғы Қайрақты. Бұтыты. Қараоба (штокверк), Солтүстік Катпар, Көктіңкөлі, Баян, Ақсоран кен орындарында шоғырланған.
Асыл металдар . Қазақстан алтын кені бар ежелгі өлкелердің бірі саналады. Ол алтынның нақтыланған қоры бойынша әлем елдерінің бірінші ондығына, ал өндірісі бойынша - үшінші ондығына кіреді. Оның баланстық қоры 196 кен орнында (126-сы түпкі жыныстарда, 47 кешенді, 23 кенқайраңдық) есептелген. Алтын өндірілетін ірі кен орындары: Солтүстік және Орталық Қазақстанда - Жолымбет алтын кені, Бестөбе алтын кені, Ақсу алтын кені, Ақбейіт алтын кені; Батыс Қазақстанда - Юбилейное; Шығыс Қазакқстанда - Бақыршык алтын кені, Суздаль, т. б. ; Онтүстік Қазақстанда - Ақбақай алтын кені. Өнеркәсіптік игерілуге Көкшетау аудндагы аса ірі Васильков кен орны даярланған. Қазақстанда негізгі атгын көздерінің бірі Кенді Алтайдағы колчедан-полиметалл кен орындары: Риддер-Сокол, Тишин, Матаев, Грехов. Алтын, сондай-ак, мысты-порфирлі Бозшакөл, Самара, Ақтоғай мыс кені, Айдарлы, мыс-колчеданды Аралшың, Лиманды, колчедан-полиметалды Абыз, Майқайың, Миөзек, Құсмұрын, Ақбастау, скарндық мыс кентасты Саяқ тобының кен орындарында бар. Ондаған тұпкі және кенкайраңдық алтын кен орындары консервацияланған (Бақыршык, Жітіқара, Жарқұлақ, Ақжал, БалажаОлимпиялык, Кенгір, Миялы, Құлынжон, т. б. ) немесе жете барланбаған (Васильев, Орлов, Прогресс. Сувенир, Аттынсай, Бақтай, Далабай, Гагарин, Шоқпар. Кепкен, Восток V. Комаров I. Қаншыңғыс, т. б. ) .
Казакстанда к ү м і с ертеден өндіріледі. Оны өндіру көлемі бойынша республика Азия елдері ішінде бірінші орын алады. Оны полиметалл кентасын кешенді өндеу кезінде бөліп алады. Казакстан аумағында 100-ден астам уран кен орны барланған. Аумақтық белгісі бойынша және геотектониқ. көзқарас тұрғысынан кен орындары уран кені бар он өлке мен аудандарға бөлінеді. Олар: Солтүстік Қазақстан (50-ге жуық кен орны бар), Шу - Іле - Кіндіктас - Балқаш жағалауы және Шу - Бетпақдала өлкелері, Шу-Сарысу және Сырдария өлкелерін біріктіретін Қаратау мегаөлкесі, Жоңғар - Кетпен және Каспий жағалауы өлкелері, Ұлытау, Шыңғыс-Тарбағатай және Мұғалжар - Арал жағалауы аудандары.
Бейметалл кен байлықтарының барланған және әлуеттік қоры мол. Республика аумағыңда бейкентасты шикізатгың 2000-нан аса барланған кен орындары бар, оның 1200-і құрылыс материалдарының кен орындары. Республикада шипалы балшықтың 30-дан астам кен орны тіркелген. Олардың көпшілігі Қазақстанның батысы мен солтүстігінде орналасқан. Қазақстанда м и н е р а л д ы және термалдық жер а с ты суларының ірі қорлары бар. Минералды сулардың пайдаланылатын қоры 48 кен орны бойынша тәуілігіне 31, 0 мың м 3 мөлшерінде есепке алынған. Барланған кен орындарының ең көбі (18) Оңтүстік Қазақстанда, Батыс Қазақстанда - 9, Солтүстік Қазақстанда - 7, Орталық Қазақстанда -- 10 және Шығыс Қазақстанда - 4. Барланған минералдық жер асты суы кен орындары негізінде санаторийлер, курорттар, профилакторийлер, емханалар жұмыс істейді, ал көптеген арасан бұлақтар мен өз бетінше атқылайтын ұңғымалардың суын жергілікті тұрғындар пайдаланады. Қазақстанның таулы-қатпарлы алқаптары мен платформалық аумақтарындағы артезиан алаптарының қойнауларында гидротермалдық судың мол қоры бар. Олар су бойынша 10, 275 мың км', ал жылу бойынша 680 млрд. Гкал шамасында, бұл 97, 115 млрд. т шартты отынға тепе-тең.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz