Кәсіпкерлікті несиемен қамтамасыз ету анализі


АЛЬ - ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Экономика және Бизнес факультеті
“Макро-микроэкономика” кафедрасы
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті несиелендіру: даму факторлары
Орындаған:
4-ші курс студенті А. Е. Даутбаева
Ғылыми жетекшісі
э. ғ. к., доцент Р. Т. Дуламбаева
(қолы, күні)
Норма бақылаушы М. А. Саметеева
(қолы, күні)
Қорғауға жіберілді
кафедра меңгерушісі Б. М. Мухамедиев
(қолы, күні)
Алматы 2006
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 БАНКТІК НЕСИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ . . . 5
- Банктің несиемен қамтамасыз етуі және оның экономикалық мәні . . . 5
1. 2 Кәсіпкерлікті несиелеу көздерінің құрылымын талдау . . . 12
2 КӘСІПКЕРЛІКТІ НЕСИЕМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ АНАЛИЗІ . . . 19
- Шағын және орта кәсіпкерлік және оларды несиелендіру проблемалары . . . 19
- Практика және кәсіпкерлікті несиелендіру механизімі . . . 28
2. 3 Әлемдегі дамыған және дамып келе жатқан елдерінің кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және несиемен қамтамасыз ету тәжірибесі . . . 36
3 КӘСІПКЕРЛІКТІ НЕСИЕМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖОЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ . . . … . . . 43
3. 1 Кәсіпкерлікті дамыту мақсатымен несие жүйесін жетілдіру . . . 43
3. 2 Кәсіпкерлікті несиелендіру жүйесін жетілдіру нәтижесінің моделі . . . 51
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 58
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 60
ҚОСЫМШАЛАР . . . 62
КІРІСПЕ
Кәсіпкерлік - экономиканың реформалауының локомативі, нарықтың қалыптасып, нығайып күшеюінің қозғалыс қуаты болып табылады. Кәсіпкерлік айтарлықтай едәуір және елеулі капитал салымдарсыз тұтыну товарлар мне қызметтер өндірісін кеңейтуге; халықтың тұрмыс жағдайын түзетуіне көмектесуге; еңбек, материалды және қаржы ресурстарын өндіріске тартып қатыстыруға; өндіріс қуатын жеделдетуге; бәсекені жетілдіруге; қоғамның орта класының негізі ретінде жекеменшіктер қабатының бұқарасын қалыптастыру базасы болуына және оның тұрақтығының кепілдігі ретінде көрінуіне; сезінерлік бюджеттік кірістердің қайнар көзі болуына үнделеді.
01. 06. 2002 жылдың мәліметтері бойынша Қазақстанда 121 мың кәсіпорын тіркелген, олардың ішінде 110 мың кәсіпорын әрекет етеді. Шағын бизнес ел бюджетінің 11 пайызын қалыптастырады, оның елдің ЖІӨ-де сыбағасы 17 пайызын құрайды. Бұл жерде бір миллион адамдай жұмыс істейді. /1, с. 1/
Кәсіпкерліктің динамикалық дамуы қаржылық қамтамасыз етуін, соның ішінде бұл секторға бағытталған кредиттік ресурстар ағымының нығаюын және оларды тиімді пайдалануды жоғарылатуын керек етеді.
Дүниежүзілік тәжірибе кәсіпкерлікті несиелендіру халықтың жұмыспен қамтамасыз етуінің, жұмыс белсенділігінің дамуның және оның әлеуметтік жағдайларының шешілуінің, экономиканың нақты секторын және қызмет сферасының кеңеюінің өзін-өзі қолдайтын процесін туғызатынына куәландырады. Кәсіпорындарды несиелендіру тұтыну нарығын сапалы товар мен қызметтердің кең түрлерімен толықтыруға мүмкіндік беретін жаңа технологиялық құралдар мен алдыңғы қатарлы техниканы енгізу процесін жұмыс істетуге мүмкіндік береді.
Соны айта келе, кәсіпкерлердің қаржылық-несиелік ресурстарына қол жеткізуінің қиындығының проблемасы соңғы жылдары Қазақстанда бұл жүйенің дамуының жолында тұрған алдыңғы қатарлы проблемаларының бірі болып тұр. Несиені алудың жолында негізгі тұрған бөгет коммерциялық банктердегі жоғары ссудалық пайыз 16-18 пайызға дейін.
Сонымен қатар, коммерциялық банктер проектердің өздерінің табыстылығының төмендігінен және несиені қайтарудың алыстығынан шағын кәсіпкерлікті несиелендіруге қызығушылықтарын білдірмейді. Несиелік ресурстарды алудың ерекше қиыншылықтарымен жаңадан өз жұмысын ашып жатқан, өз істеріне даму үшін қосымша инвестициялар қажет ететін кәсіпкерлер кездеседі. Бұл банктердің капиталды тұрақты табыс әкелмейтін және алғашқы этаптарда банкротқа ұшырауға тәуекелдігі бар компанияларға салуға ынталары жоқ екендігімен түсіндіріледі.
Бұл жұмыстың мақсаты болып кәсіпкерліктің Қазақстан Республикасының экономикасындағы маңыздылығын зерттеп оларды несиелік ресурстармен қамтамасыз етуінің оптимизациялауын зерттеу. Жалпы несие туралы түсінік беріп, оның түрлерін, атқаратын қызметтерін, экономикаға тигізетін әсерін және экономика үшін маңыздылығын көрсету. Сонымен қатар кәсіпорындарды қаржыландыру, несиелеу үшін банктердің жасайтын жұмыстарын, тәртіптерін зерттеу.
Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
- несиелік ресурстардың экономикалық табиғатын зерттеп, олардың анықтамаларын беру;
- кәсіпкерлікті қамтамасыз ету проблемаларын анықтау;
- кәсіпкерлікті банктік несиелеудің анализін жасау;
- практикамен жалпыландырып, кәсіпкерлікті несиелендірудің қалпы мен механизімін талдау;
- кәсіпкерлікті несиелендіру жүйесінде шетелдік тәжірибені қарастыру.
Қазақстан Республикасының кәсіпкерлерді несиелендіру және оның экономикаға тигізетін әсерін және қазіргі кезде еліміздегі несие жүйесіндегі жағдайды талдаудың теориялық және методологиялық негізі ретінде ғалым-экономистердің ғылыми еңбектері, Қазақстан Республикасының нормотивті және құқықтық актілері, статистикалық жылдық журналдарының мәліметтері, қазақстандық және ресей журналдарындағы авторларының статьялары қолданылды.
Диплом жұмысының заты ретінде несиенің кәсіпкерліктердің дамуындағы ролі және оның жалпы республиканың экономикасына әсері болып табылады.
Жазылған жұмыстың объектісі болып қазақстандық коммерциялық банктердің кәсіпкерліктерді несиелендіру бойынша ісі қарастырылады. Сонымен қатар, бұл жұмыста кәсіпкерлікті несиемен қамтамасыз етудің практикалық және теориялық сұрақтарының комплексті анализіне көңіл бөлініп, Қазақстандағы орта және шағын бизнесті несиелендірудің оптимизациялау және жетілдіру жолдары анықтауға арналған.
1 Банктік несиелеудің теориялық негіздері және кәсіпкерлікті онымен қамтамасыз ету проблемалары
1. 1 Банктің несиемен қамтамасыз етуі және оның экономикалық мәні
Несие жүйесінің негізгі буыны-банктер. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мектертер мен ауруханалардың, институттар мен бала бақшалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс-жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар банк төлем, есептеу, несие беру, сақтандыру және т. б. көптеген сан алуан операциялар жүргізеді.
“Банк” деген ұғым италиян сөзі “bank” -орындық, “айырбас орындығы-айырбас орны” дегенді білдіреді.
К. Маркс банктердің пайда болуы туралы былай деген: “Кәсіпкерліктің ерекше саласы пайда болды, себебі ол ерекше сала ретінде барлық таптардың ақша механизмін қамтамасыз етеді, ол шоғырланып, ірі масштабта жүргізіледі . . . ”.
Сонымен қатар банктер “несие ісінің екінші жағы-өсім әкелетін капиталды да” басқарыды. Өйткені банктер фирмалар мен үкімет мекемелерінің және халықтың жинағы мен табыстары сияқты уақытша бос ақша қаражатын өзіне шоғырландырып және оны несиеге беру арқылы несие үшін ақы алып, табыс табады. Банктер іріленген сайын тұтас несие беруші ретінде капиталистік кәсіпкерліктің дербес саласына айналады.
Банк ісі - қарыз капиталын жинақтаумен және оны бөлумен шұғылданатын кәсіпкерліктің ерекше түрі. Қазіргі кезде банктер көптеген операциялар жүргізеді. Олар ақша айналымы мен несие қатынастарын ұйымдастырумен ғана шұғылданып қоймай, санымен қатар банктер арқылы халық шаруашылығын қаржыландыру, сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, ал кейбір жағдайларда делдалдық келісімдер және мүлікті басқару операциялары жүргізіледі. [1, 298 б. ]
“Банкт ресурстары, -жазады Г. Белоглязова, - банктердің пассив операцияларды жүргізу арқасында қалыптасады, және олар банктің пассив балансында көрінеді. Банк ресурстарына банктің жеке қаражаттары және заемға алынған және тартылған қаражаттар жатады. Оларды біріктіріп банк өзінің актив операцияларын жүргізу үшін жұмсайды, яғни ресурстарды пайда алу үшін орналастыру. Пассив және актив операциялары тығыз байланысты: пассивтердің құрамы мен мінездемесі көбіне банктің актив операцияларын жүргізу мүмкіндігін анақтайды. Сонымен бірге, несиелеу саласында банктің саясатының өзгеруі ресурстардың мінездемесіне айтарлықтай ықпал етуі мүмкін”. [2, 6 б. ]
Несие ұғымын толығымен түсіну үшін несие категориясына көзқарастарының эволюциясын қарастырайық.
Несие деген ұғым кең ауқымды түсінікте Батыс елдерінде алғашқы пайда болып, содан бері басқа да мемлекеттерде өріс алып келеді. Осы тұрғыда кредиттің сатылып, пайызға берілуі - кредит ұғымының негізін қалыптастырады. Енді кредиттің қазіргі уақыттағы экономикалық жүйеде кеңінен қолданылып жүрген бір қатар анықтамаларына тоқталайық:
Мысалы, “ несие - тауарды немесе ақшаны несиеге беру” деп қарастырылады.
Келесі көзқараста “капиталистік кредит - бұл қарыз капиталының нақты қозғалысы . . . ол капиталист қарыз алушыға қайтарымдылық және пайыз төлеу шартымен беріледі”.
Тағы бірнеше анықтамаларға тоқталсақ, “несие шаруашылық субъектілері арасында уақытша бос ақша қаражаттарын мерзімділік, төлемділік, қайтарымдылық шартында экономикалық қатынастарды білдіретін экономикалық категория” немесе “ несие - бұл ақша және тауарларды қайтарымдылық, төлемділік, мерзімділік шартында қарызға беру. Осы кезеңде несиенің жоғарыда келтірілген екі шартына қосымша ретінде оның үшінші шарты беріледі, яғни бұрын кредиттің сатылуы әрі қайтарылуы міндеті болса, енді оның мерзімі анықталынады. Несиеге берген анықтамалары барлығы да капитализм дәуіріндегі экономикалық жүйеге қаншалықты тән болса, одан бергі социалистік қоғамдағы экономикада да маңызын жоғалған жоқ, тіпті қазіргі нарықтық экономиканың өзінде несиенің дәстүрлі анықтамаларының қатарына жатады.
Несиенің ұсақ буржуазиялық, теориялық, монополиялық капитализмге дейінгі кезеңде капитализмнің ұсақ буржуазиялық реакцияшыл сыншылары ұсынады. Олар тегін несие немесе пайызсыз несие теориясын алға тартты.
Мұнда тауарлы шаруашылық сақталады, бірақ несие айырбас банктері арқылы еңбек ақшаларын (талондарды) шығару жолымен беріледі.
Бұл теорияның үлгілі өкілдерінің қатарына француздың ұсақ буржуазиялықөкілі П. Ж. Прудонды жатқызуға болады. Прудон процентті қайыршылықтың, жоқтылықтың басты ебебіне жатқызды. Осыған байланысты халықтың қайыршылығы мен жоқшылығын тегін несие беру арқылы жоюға, ұсақ тауарлы шаруашылықты қолдап нығайтуға болатындығы туралы пікірді ұстанды.
Прудон көзқарастарын К. Маркс қатты сынға ала отырып, оған былайша сипаттама береді. “Прудон секілді осындай сенсациялық жазушы ғана … “тегін неиенің” орындалмас қиялын, ұсақ буржуазиялық ігі тілегін жалған жүзеге асырылуын жасауға қабілетті.
Дегенмен, несиенің әлеуметтік теориясына қарсы шығушылардың оның жүзеге асырылмайтындығы туралы айтылған пікірлердің соншалықты басым болғанына несиенің осы күнгі статусы, яғни оның әлі күнге дейінгі барлық жаеғдайда пайызбен берілетіне куә.
Несиенің капитал жасаушы концепциясының ізбасарларының және оны одан әрі дамытушы теориктерінің қатарына И. Шумпетер (Австрия), А. Ган (Германия), Дж. Кейнс пен Хаутрилерді (Англия) жатқызуға болады. Олардың теориясы “несиенің экспансионалдық немесе өктемділік теориясы” деген атқа ие болды. Себебі Ган мен Шумпетер банкке жан-жақты күшті рөл берді, өйткені несие депозиттерді де жасаушы, яғни капиталды да жасаушы. Ган банктердің актив операцияларын пассивті операцияларынан жоғары қойды. Ол “банктің барлық операцияларының, яғни банк жасаған несиенің жемісі” деген тұжырымда болды.
Несиені Ган әуелгіде таза идеалистік тұрғыда түсінеді. Оның сөзінше несие - бұл сенім. Банктік несиенің көлемін Ган сенімділік салмағымен түсіндіре келе “берілген несиелердің көлемі еркін, еш нәрсемен байланыссыз әрі шексіз немесе идеалды түбірі сенімділікте жататын жәйт” дейді. Олар несие шексіз бола алатындықтан оның жасайтын депозиті мен капиталы да шексіз болады деп пайымдады. Олардың пікірінше инфляциялық несие (яғни өндірівті шексіз ұлғайтуға қабілетті несие) ұдайы өндірістің экономикалық дамудың қозғаушы күші және тұрақты экономикалық өсуге ықпал жасайды. Бұл теорияның “несиенің өтімділік теориясы” деп аталуы да сондықтан.
Несиені экономикалық категория ретінде қарастыра отырып, осы заманғы ресейлік зерттеушілер кредитті ссудалық капиталдың қозғалысы деп ұғады. Ссудалық капитал - пайыз ретіндегі төлеммен қайтарылатын шарттармен меншік иесімен ссудаға берілетін ақшалай капитал. Бұл капиладың айрықша тарихи формасы. Оның ақшалай капиталдан сапалық айырмашылығы болып - бұл ссудалық капиталдың өз құнының өсетін форма болып табылатындығында, ал ақша өздігінен өсім жасамайды. [3, 73б. ]
Несие - ақшалай-товарлы қатынастары бар барлық қоғамдық-экономикалық формацияларға, өндіріс тәсілдеріне, экономика типтеріне, дамыған жүйелерге, технологиялық салаларға сай экономикалық категория.
“Кредит” сөзінің өзі латынның “кредитум” - ссуда, “кредо” - сенемін, сенім білдіремін сөздерінен шыққан. Кредит экономикалық қатынас ретінде- бұл әрдайым тәуекел, сондықтан кредитордың және кредит алушының сенімінсіз болмайды. Сенім, әрине, субъектіні немесе объектіні білуіне, немесе несиені қамсыздандыруына негізделеді.
Бұл категорияның мазмұнының мәні - құнның қайтару қозғалысында болып табылады. К. Маркс жазғандай: “Ал бұл қозғалыс - қайтару шартымен беру - берілетін ссуданың және алынатын ссуданың жалпы қозғалысы, бұл ақшаның немесе товардың тек шартты жоғалтудың спецификалық формасы ретінде көрінеді”. [4, 721 б. ]
Несие - бұл адамдар арасында экономикалық байланыстар сферасын мінездейтін қоғамдық қатынастардың бір түрі. Олардың материялдық негізі болып құн қозғалысы көрінеді. Құн несиені басқа экономикалық категориялармен байланыстырады, ол өндірістің әр түрлі стадияларында пайда болатын экономикалық құбылыстардың негізінде жатыр. Сонымен қатар, несие экономикалық категория ретінде оны басқа құндық категориялардан өзгешелейтін өзіне сай ерекшелері бар. Бұндай спецификалық ерекшелік ретінде қайтарымға сүйенген құн қозғалысы болады. Қайтарымдылық, айтып кеткендей, несиеге сай негізгі ерекшелік белгісі болып табылады. Қайтарымдылық кредиторға да, кредит алушыға да маңызды. Кредитор несиені беру себебінің өзі, қайтарылым ағымының міндетті түрде болатынын қарастырғандығынан болады. Ал несие алушы уақытша алған құнды пайдалануын оның шаруашылық айналымнан босайтынын және қайтарымдылығын кепілдікпен қамтамасыз етеді.
Несиенің экономиканы дамытудағы маңызы деп несиені қолдану әдістерін пайдаланып, мемлекет пен халық үшін қол жеткізген нәтижелерді айтады. Несиені қолдану әдістеріне: оны қайтарып беру (несиенің қайтарылуы), белгілі бір мерзім аралығында пайдалану (несиенің мерзімділігі), пайдаланғаны үшін ақы төлеу (несиенің ақылылығы) жатады. Несиенің бұл ерекшеліктерінің ресурстарды тиімді пайдалануда маңызы зор. [5, 129б. ]
Несиенің маңызы, сонымен бірге оны қолдану аясы елдің экономикалық жағдайда байланысты үнемі өзгеріп тұрады. Айталық, экономиканы орталықтанған жоспарлытүрде басқарудан нарықтық экономикаға өтуге байланысты біздің елімізде коммерциялық және ипотекалық несиелерді пайдалану жаңғыртылды, сонымен бірге несие қатынастары мен несиенің көлемі де өзгерді.
Акционерлік компаниялардың пайда болып, олардың акциялар шығаруы, бюджеттің әр түрлі бағалы қағаздар тарту арқылы қаржысын кеңейтуі бағалы қағаздар мен жүргізілетін несие операцияларын дамытты. Сондай-ақ несие беру тәсілдерінің жоғары сатыға көтерілуі несиенің маңызын арттырды. Оған дәлел ретінде мынадай мысал келтіруге болады. Бұрын банктік несие орталықтан қатаң басқарылып, қарыз алушыларға белгілі бір мақсатқа және белгілі бір шектеулі (лимит) сома берілетін. Қазір нарықтық экономика жағдайында жылжымайтын мүлікті кепілдікке салып күрделі қаражат алуға мүмкіндік бар. /5/
Әр әлеуметтік-экономикалық жүйе құрамында кәсіпорын элементтері болады. Кәсіпкерлік типіндегі экономика - бұл ең алдымен бәсекелестік белсенді дәрежесіндегі экономика, бәсекелестік дәрежесі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым кәсіпкерлік белсенділігі жоғары болады. Бұл жерден, нарық экономикасына сәйкес мәселелерді шешуіндегі несиенің жаңа мазмұнын дамытуды есепке ала отырып, несиенің бұрынғы формалаларын жетілдірудің қажеттілігі туады. Шетелдік ұзақ уақатты тәжірибесі көрсеткендей депозиттерге және кәсіпорындарды несиелеуге үлкен бәсеке жағдайында жаңа, осы заманғы банктік қызметтерінің формалары пайда болады:
- тұтыну несиесін ұсыну, жеке тұлғалар үшін ссудалық шоттарын ашу;
- несиені оптималды қолдану жайында клиенттерді қаржылық кеңес беру;
- құрал-жабдықтарды лизингі, банк құрал-жабдықты сатып алады да, оны өз клиентіне арендаға беру;
- тәуекел капиталды ұсыну, жаңа компанияларды құрудағы шығындарды қаржыландыру, әсіресе технологиялардың жоғары дәрежесі бар салаларда;
- сақтандыру қызметін сату, клиетке стандартты сақтандыру полюсін ұсыну. [6, 95 б. ]
Несиелеудің жаңа формаларын іздеу несиелік ресурстардың көлеміне және құрамына принципиалды әсер етеді, сәйкесінше олардың экономикалық мазмұнына да әсер етеді. Несиелік ресурстардың қалыптасуы жалпы ішкі өнімнің қалыптасуымен және оның бірінші текті бөлумен тығыз байланысты.
Қазақстан экономикасының нарық қатынастарына өтуінің алғашқы кезеңі кәсіпкерліктің дамуымен байланысты. Айтып кететін жай, шағын және орта кәсіпкерліктің аяғына тұруы өте қиын өтіп жатыр, организациялық құрылуында көптеген қиыншылықтарын кешіріп отыр.
Нарыққа өту жағдайларында республикада жекеменшік формаларының өзгеруі, ішкі экономиканың қалыптасуы, экономикалық заңдардың және қаржы мен несие сияқты тұтқаларын қолдану механизімін жетілдіру жүріп жатыр.
Шаруашылық практикада қаржылық-несиелік қатынастарды қолдану оларды нақты құбылыс ретінде зерттеуін қарастырады. Нақты ақшалардың салыстырмалы дербес қозғалысы салық, жинақтар, үлес, дотация, трансферттер, инвестициялар және т. б. формаларында жүзеге асады. Айтылған формаларында ақшалардың нақты қозғалысынан келе көптеген экономистер қаржыларды орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша фондтарды қолдану мен құрастыру мақсатында ақшалардың салыстырмалы дербес қозғалысынан пайда болатын экономикалық қатынастар болып табылады. Қаржылар арқылы жалпы мемлекеттік дәрежеде бюджетті қаржылар фонды және бюджеттен тыс фондтар құрылады. Кәсіпорындарда жинақтау, тұтыну, резрвті, амортизациялық фондтар және басқа кәсіпкерлік ісі үшін қажетті ақша ресурстары құрылады.
Қаржыларға қарағанда, несие қайтарымдылық шарттарында ақша қозғалысын айқындайтын экономикалық қатынастарды білдіреді. Көптеген экономистер қаржылар арқылы құрылатын ақша фондтарын жұмсаудың да қайтарымды мінездемесі бар деп тұжырымдайды. Принципиалды келсек - ақша қатынастарына қайтарымдылық сай. Бірақ та, қаржы ресурстарының, несие ресурстарына қарағанда шартты болып келеді, өйткені қаржы қатынастарында қаржы қайтарылымдылығы қайта тудырған құнның арқасында болады.
Кәсіпкерліктің дамуын қаржылық қолдау тікелей ссудалық капитал нарығы арқалы жүреді. Сондықтан кәсіпкерлік субъектілеріне банктік жүйелерімен қарым қатынасы өте маңызды болып келеді.
Айтылғандардан банктердің кәсіпкерліктердің жұмысында айтарлықтай маңызын қарастыра келе, банктердің атқаратын қызметтерін топтастыруға болады:
- Уақытша бос ақша қаражатын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру.
- Кәсіпорындарға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операция жүргізу.
- Ақша айналымын реттеу. Банк - әр түрлі шаруашылық субъектілерінің төлем айналымы жүретін орталық. Банк өзінің есеп айырысу жүйесі арқылы клиенттеріне айырбас, капитал және ақша айналымын жүргізуге мүмкіндік туғызады.
- Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентін тек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қоймай, сонымен қатар депозиттік чектерді, вексельдерді шығарумен де несиелейді.
- Экономикалық және қаржылық кеңес беру.
Орындайтын айырықша қызметтеріне байланысты банктер: эмиссиялық және эмиссиялық емес болып екіге бөлінеді.
Эмиссиялық банк - ол айналысқа ақша белгілерін эмиссиялауға (шығаруға) құқы бар, әдетте, орталық банк. Әр мемлекеттерде орталық банк әр түрлі аталады. Қазақстан Республикасында ол Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі деп аталады. Мемлекеттік Орталық банкінің негізгі мақсаты - айналысқа ақша бірлігін шығару, банктерге ерекше тауар - ақша белгісін сату және банк жүйесінің несие-есеп, эмиссиялық жұмысын басқару. Ол - елдің екі деңгейлі банк жүйесінің - жоғары деңгейдегі банк.
Капитализмнің алғашқы даму сатысында коммерциялық банктер банкнота шығаруға капитал жинақтаудың бір көзі ретінде кеңінен қолданды. Дегенмен несие жүйесінің даму барысында ақша шығару сенімді ірі банктерде шоғырланды. Бұл банкноталардың төлем айналымында кең қолданылуын қамтамасыз етті. Сөйтіп тарихи орталық банктердің пайда болуы коммерциялық банктердің банкнота шығаруының бір жерде орталықтандырумен байланысты.
Кез келген орталық банктің міндеті - ұлттың ақша өлшемінің төлем қабілеттілігі мен валюталық курсының тұрлаулылығын қамтамасыз ету, банк жүйесінің өтімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету. Осы міндеттерді атқару үшін орталық банк негізінен мынадай қызметтерді орындайды: банкноталарды монополиялы түрде эмиссиялау; ақша-несиелік қатынастарды реттеу; сыртқы экономикалық қатынастарды жүргізу; банктердің банкісі болу және үкімет банкісі қызметі. Осы аталған қызметтер орталық банктіқ балансында көрініс табады.
Мемлекеттегі басқа банктердің барлығының да ақша белгілерін шығаруға құқы жоқ эмиссиялық емес банктер. Олар коммерциялық, инновациялық, ипотекалық және т. с. с. банктер. Коммерциялық банктер клиенттерге көрсететін қызмет түрлерін үнемі ұлғайтып тұратын әмбебап үлгідегі банк.
Инвестициялық және инновациялық банктердің екі түрі де ұзақ уақытқа ақша қаражатын шоғырландырумен маманданады, яғни олар облигация, акция және басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша тартып, кейін ұзақ мерзімге қарызға береді. Инвестициялық банктер кәсіпкерлерге қарыз берсе, ал инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды өңдеуді және оны игеруді несиелейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz