Қызылорда қаласының антропоген жер бедерінің қалыптасуы және оның аудандастырылуы


Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ГЕОГРАФИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

ГЕОМОРФОЛОГИЯ ЖӘНЕ КАРТОГРАФИЯ КАФЕДРАСЫ

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ АНТРОПОГЕН

ЖЕР БЕДЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ АУДАНДАСТЫРЫЛУЫ

Орындаған:

4 курс студенті Б. О. Омарова

Ғылыми жетекші:

г. ғ. к, доцент А. Ғ. Көшімова

Бақылаушы:

г. ғ. к, доцент. А. Ғ. Көшімова

Қорғауға жіберілді:

“ ” 2006 ж

кафедра меңгерушісі:

г. ғ. к, доцент. Р. Т. Бексеитова

Алматы

2006

РЕФЕРАТ

Жұмыстың тақырыбы: Қызылорда қаласының антропогендік жер бедерінің қалыптасуы және оның аудандастырылуы.

Жұмыстың мақсаты: Қызылорда қаласының антропогендік бедер түзуші факторларының қалыптасуын және оның аудандастырылу ерекшелігін анықтау.

Жұмыстың міндеті:

● Қызылорда қаласының экзогендік бедер түзуші факторлары.

● Антропогендік бедер типтерінің қалыптасуына әсер етуші факторлар.

● Қаланың қазіргі экологиялық жағдайы.

Зерттеу нысаны: Қызылорда қаласының антропогендік жер бедерінің қалыптасуы және оның аудандастырылуы.

Зерттеу әдістері: Жұмысты орындау барасында ғылыми әдебиеттер, карталық әдебиеттер, статистикалық мәліметтер қолданылды.

Жұмыс көлемі: Жұмыс кіріспеден, мазмұннан, үш тараудан, қорытынды және қолданылған әдебиет көздерінен құралған. Жұмыс 72 парақтан, 19 кестеден, 7 карта сұлбадан тұрады.

Кілттік сөздер: экология, геоэкология, антропоген, микрорельеф, гидрогеология, грунт, өнеркәсіп, дефляция, эрозия т. б.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4

1. ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКЗОГЕНДІ БЕДЕР ТҮЗУШІ

ФАКТОРЛАРЫ

1. 1 Қызылорда қаласының географиялық жағдайы . . . 5

1. 2 Жер бедерінің ерекшелігі . . . 7

1. 3 Геология құрылымы . . . 9

1. 4 Климат жағдайы . . . 13

1. 5 Гидрографиясы . . . 20

1. 6 Топырақ-өсімдік жамылғысы . . . 30

2. АНТРОПОГЕНДІК БЕДЕР ТИПТЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА

ӘСЕР ЕТУШІ ФАКТОРЛАР

2. 1 Өнеркәсіп өндірісі . . . 35

2. 2 Көлік жүйесінің қарқынды дамуы . . . 41

2. 3 Коммуналдық жүйе . . . 44

2. 4 Құрылыс жүйесінің әсері . . . 46

3. ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АУДАНДАСТЫРЫЛУЫ

3. 1 Қаланың табиғи ортаға тигізетін әсері . . . 47

3. 2 Қызылорда қаласының қазіргі экологиялық жағдайы . . . 52

3. 3 Қала аймағындағы экологиялық тәуекел дәрежесінің кеңістік

айқындалулары . . . 55

3. 4 Қоршаған ортасының экологиялық тұрақсыздандырылу қауіпіне

кешенді баға беру және аудандастыру . . . 63

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 70

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 71

КІРІСПЕ

Қызылорда қаласы Республикамыздың оңтүстігінде орналасқан, ең алғаш 1817 жылы Ақмешіт қорғаны ретінде құрылған. Кейіннен бірнеше рет өзгертіліп, 1925 жылы Қызылорда деп аталады. Қызылорда қаласының ауданы 821 шақырымға тең. 1996 жылдан бастап Қызылорда қаласы “Қызылорда арнайы экономикалық зонасы” құрамында. Ол 1996 жылы 8-ші қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Өкімімен құрылған.

Физикалық - географиялық жағдайда бұл территория төменгі Сырдария провинциясының Тұран жазықты еліне жатады. Қаланың климаты континентальды және құрғақ. Табиғи экологиялық жағдайына байланысты территория Қызылорда оазисына (алқабына) жатады, ол ежелгі атыраулы жазықтықты құрайды.

Қызылорда қаласының экологиялық қолайсызығы өткір ғаламшарлы проблема болып табылады. Қала - адам өмірінің ортасы, сондықтан да оны зерттеуде әлеуметтік - экономикалық және экологиялық проблемалардың кешенді анализі қажет.

Қызылорда қаласының территориясының геморфологиясы едәуір қарапайым. Мұнда 123 метрден 132 метрге дейін, оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа, Сырдария өзенінің ағысымен шамалы ғана көлбеу келген, тегіс дерлік жазықтық дамыған. Жазықтықтың шеткі аймақтарында, биіктігі 10 метрге дейін жететін, ұсақ адыр-бұдырлы және сусымалы құмдар бар.

Осы заманға антропогендік әрекет нәтижесінде шоғырлағыш бедер қатты бұзылған: өзен террасаларының айтарлықтай учаскелеріне, қала инфроқұрылымына құрайтын, құрылыс объектілері салынған; мұнда өнеркәсіп объектілері тұрғызылған; жолдар жүргізілген; өзеннің құрғаған арналары арнайы тереңдетіп қазылып, тұрақты істеп түрған арықтарға айналдырылған. Қызылорда қаласының табиға бедері, көп бөлігінде қалалық, өнеркәсіптік және басқа да құрылыстардан көрінбейді. Бұдан басқа қала территориясындағы жазықтық бедер ирригациялық жүйемен, бөгеттер мен бөгеулердің маңындағы терең жыралармен, жол құрылыс жұмыстарын өткізу учаскелеріндегі дефляция ошақтарымен қиындатылады.

Қызылорда қаласының табиғи ортасының ластанының негізгі көздеріне табиғат кешендерінің ластануы, көлік трансфорттарының улы газдары, өнеркәсіп орындарынан шығатын әртүрлі қалдықтар жатады. Қаладағы ластану деңгейін анықтаушыға, ластанудың стационарлы көзі жатады. Осы зерттеу жұмысында Қызылорда қаласының экологиясына әсер ететін табиғи кешендердің жағдайын, қаланың табиғат ортасына антропогенді факторлар жағдайлары қарастырылған.

.

1. ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКЗОГЕНДІ БЕДЕР ТҮЗУШІ

ФАКТОРЛАРЫ

1. 1. Қызылорда қаласының географиялық жағдайы

Қызылорда (Ақмешіт) қаласы осы аттас обылыстың орталығы. 1817 жылы керуен жолы үстінде Ақмешіт ауылы ірге көтерген. 1853 жылдан форт Перовскі аталады. 1917 жылы 30 қазанда кеңес өкіметі орнап, ежелгі Ақмешіт аты қайтарылады. 1925 жылы Қызылорда аталып Республика астанасына (1925-1929 ж. ж) айналуы қала тарихының ең елеулі кезеңі саналады.

Қала Сырдария өзенінің төменгі ағысында оң жағалауда, 65°35¹ шығыс байлықпен 44º 51¹ солтүстік ендікте, Балтық теңізі деңгейінен 126-130 метр биіктіктк орналасқан. Қала территориясы өзенді бойлай оңтүстік-шығыс солтүстік- батысқа қарай қисық төрт бұрыш формада жатыр. Қаладан оңтүстіктен ені 10 - 60 км болатын үлкен Қызылқұм шөлі созылып жатыр, ал 50 км солтүстіктен өсімдік атаулыдан жұрдай. Арыс-құм құмына қосылатын Дариялық - Тақырлар. Қала Сырдария өзенінің ежелгі дельтасының жоғарғы бөлігінде орналасқан.

Қала территориясының жер көлемі 3683 га (1956) . Ал қазіргі қала территориясы кеңейіп өсіп барады. Тасбөгет, Белкөл т. б территориялар қосылды. Қала территориясының жер көлеміның 17, 0 га бөлігін темір жол торы алып жатыр, сонда қала үлесіне 3513 га жер тиіп жатыр. Оның ішінде транспорттың көшелер 165 га, қала бақтары мен демалыс орындарына 19 га, жасыл алқапқа 51 га жер тиеді.

Қала құрамындағы ірі ықшам аудандардың бірі, Тасбөгет қыстағы. Ол қала бойынша су жүйесі әкімшілік - басқарма орталығы. Бұрынғы ескі аэропорт аумағында жаңа шағын аудан бой көтеруде. 1901-1905 жылы осы өңір арқылы Орынбор-Ташкент теміржолының салынуы қаланың қарқынды дамуына себеп болды. 1999 жылғы санақ бойынша қала халқы 157364 адам.

1. 2. Орографиясы

Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің төменгі ағысында орналасқан. Қала жазық жер бедерде жатыр.

Бірақ, К. Ахметовтың (1956) жазуынша Сырдария өзенінің төменгі ағысы бойындағы аллюийлі жазықты зерттеп қарағанда, ол жердің сәлде болса өзен бойымен оңтүстік - шығыстан солтүстік - батысқа қарай еңес екенін байқауға болады. Жазықтың еңістеуі тек қана сыртында солтүстік батысқа қарай теңіз деңгейінен 126 м биіктікті көрсетеді. аллювийлі жазықтың ең көтеріңкі жері өзен аңғарының шеткі бөлігі, сөйтіп ол жерден өзен арнасына қарай біртіндеп төмендейді. Қаланың ең абсолют биік жерлері 128, 75 - 130 м көрсетеді. Ол жерлер мал базарының орталығы мен солтүстік бөлігі, жол басқармасы ғимараты ауданында, Некрасов пен Першин көшесінің жартысы, қаланың шығысындағы мұсылман зираты ауданы. Жеке территориялардың салыстырмалы бийіктігі 2 метрден аспайды.

Жалпы жер бетінің еңістеуі оңтүстік шығыстан солтүстік батысқа қарай, Сырдария өзенінің ағысын қуалай төмендейді. Яғни, қала территориясында биіктігі 130, 0 м болатын, меридиан бағытында жатқан екі жайпақ үйілімді айтуға болады. Оның біріншісі қазіргі әскер бөлімшесі орналасқан жер немесе ескі қорғаннан базар бағытында болса, екіншісі: қаланы суландырып тұрған Сарқырама каналын бойлай өтеді. Осы каналдан оңға және солға қарай жер бедерінің төмендеуі 1-2 метрге дейін байқалады. Қала маңы жер бедері өте өзгермелі, әсіресе Белкөл, Тасбөгет жағы, ол жерлерде көшпелі құм төбелер көп. Олар қалаға ентелеп келеді.

Жазықтар мен ойтпаттар. Облыс Тұран ойтпатының жазықтау келген кең байтақ алқабын алып жатыр. Жазықтың көп бөлігі сырдария, Сарысу баяғы замандағы Қызылқұмды кең кесіп өткен Іңкәрдария, Қуаңдария, Жаңадария өзендерінің ертедегі атырау жазығы болып табылады. Облыс территориясынан ағып өтетін Сырдария өзенінің бойында тарихи деректер көрсеткендей екі үлкен қазан шұңқыры, ол Сырдария, Сарысу өзендерінің таудан ағызып келген шөгінділерімен толтырылған. Себебі, ол Кезде бұл өзендер арнасы толып, екі жиегін шайып құлата ағып, көп лайлы - құмды ала келген. Осыдан Қызылорда қазан шұңқыры сумен келген шөгінді жыныстармен толып қазіргі рельеф формасы қалыптасқан. Ол аймақ оңтүстік - шығысында Қаратау, оңтүстік - батысында Қызылқұм төбелерінің аралығын ала Сырдария өзенінің арналық бағытымен кең жайылып жатыр. Қазан шұңқыр майда тас аралас құммен саздан, құмшық пен құм аралас шөгінділермен толтырылған. Облысымыздың солтүстік - батысымыздағы екінші қазан шұңқырда - Арал теңізі орналасқан. Қазан шұңқырдың батысы және солтүстік жағалауы тік болып келеді, ал шығысы мен оңтүстік жағалауы - қайраңды, құмды, кей жерлері тайыз келеді. Бұл теңізге, қазан шұңқырға құятын өзен суының әрекеттерінен болған. Сол сияқты желдің әрекетінін өзгеріп тұратын құмдар арасында эолдық шұңқырлар кездеседі, олар кейде жауын - шашын, еспе суларға толып, уақытша көлшіктер түзеді.

Жер бедерінің өзгеруіне ауылшаруашылығы үлкен әсер етті. Он мыңдаған гектар жерлер тегістеліп егістікке айналдырылды, ол жерлерге су жеткізу мақсатында жасанды - каналдар қазылды. Оларға 1966-68 жылдары салынған “Айтек” магистральды каналы (80км), Келінтөбе каналы (90км), Қызылорда су торабының сол жағадағы магистральды каналы, Шиелі - Телікөл каналдарын жатқызамыз.

Бикесары жазығы . Шаруашылық мәні біршама, жеткілікті, өсімдік жамылғысы бар ежелгі төбешік, құмдар кең таралған жазық. Бикесарыға қатарлас дариялық тақыр жатыр. егер су көзін тапса шаруашылыққа пайдалана алады.

Жаңадария жазығы 1848, 25 мың/га жерді алып жатар. негізгі топырақ жамылғысы- тақыр тәріздес. Сорлау, сортаңды, сор топырақтардан тұрады, құм топырақ бетін жауып жатыр, желдің үрлеген жерлерінде ойдым - ойдып тақырлар кездеседі. Жазықтың көп жері өте құрғақтықтан жайылымы да құнарсыз. Ал оңтүстік - шығыс бөлігінде сорланбаған топырақ бар, мұнда суармалы егіншілік дамытуға қолайлы.

Қуаңдария жазығы. 621, 25 мың/га жерді алып жатыр. Біршама тегіс жазық. Топырақ жамылғысы сорланған тақыр тәріздес. Мал шаруашылығы үшін өте қажет, көктемде - қыста жайылымы ретінде пайдаланылады. Жер асты артезиан суын пайдаланып, жердің сулануын қамтамасыз етуге болады. Сол сияқты Айкөл жазығы, Қос көңнің жазығы, Кесік қырдың жазығы деген жерлер де бар.

Төбелер мен қыраттар. Жазық далада әр жерде жатаған, жусан өскен шағыл құм төбелер мен жал - жал бұйраттар ұшырасады. Мұндай бұйрат құмдар Қуаңдария мен Жаңадария аралығында үлкен аумақты алып жатыр. Кей жерлерде жазық бетінде жалғыз төбелер кездеседі, олар: Аққыр, Қарақ, Жосалы, Жетітөбе, Қостөбе, Көксеңгір т. б бұл төбелердің биіктігі 60 пен 80 метр аралығында кездеседі. Кейбіреулері желдің үру әсерінен тік жарлы шоқылар құрайды. Сондай-ақ обылыс жерінде ертеден қалған тарихи топырақ қорғандардың орындары көп - Ордакент, Сығанақ, Асарлар - Жалпақ асар, жеті асар, Құм қала, Шірік Рабат т. б.

Қаратау. Алып жатқан ауданы 715, 75 мың/га, Жаңақорған, Шиелі аудандарына солтүстік- батыс шеті еніп жатыр. Қаратаудың солтүстік тау баурайы онша биік емес, ең биік жері (салыстырмалы) 180-300 м аспайды. Бұл жерлерге тән негізгі өсімдік баялыш көктемде наурыз, сәуір, мамыр айларында өсіп гүлдеп ұрығын шашатын қызғалдақтар тау етегіне әсем көрік береді. Өсімдің негізінен Эфемерлер, топырағы сұр-қоңыр. Тау беткейінен жоғарылаған сайын (300-500м) сұр-қоңыр топырақ қиыршық тастанып, гипсті және боз - сұр тартады. Жусан мен баялыш аралас келеді. 500 метр биіктігінде топырақ түсі өзгергенін бақылауға болады. Биіктеу барысында боз қызыл-қөңыр, құнарсыз, қйыршық тас басқан, кей жерлерде қызыл-қоңыр топырақ кездеседі. Тау баурайы мен өзен шатқалдарында қалың бұталар, жыңғылды тоғайлар кездеседі. Бұл жерлер көктемгі жайылымға пайдаланылады. Қаратау етегінен Бес арыс, Жиделі, Ақ үйік өзендері ағып шығады. Бұлардың жолында су бөгендері салынған, ол ауыл шаруашылығында су реттеп отырады. Арал маңы Қарақұмы. 1783 мың/га жерді алып жатыр. Арал теңізінің солтүстігінде жатқан құм төбелер. Оның жайылымдық маңызы зор. Топырақ жамылғысы сорлар менқұм араласып жатыр. Осындай - осындай Арысқұм ( 204, 75 мың/га) Жуанқұм (287 мың/га), Бозшоқы құмы (601 мың/га), Үлкен және Кіші Борсық құмдары, Аралдың құрғаған табанына көтерілген тұзды төбелер т. б обылыс байтағында кездеседі.

1. 3 Геология құрылымы

Табиғи-экологиялық күйде Қызылорда қаласының территориясының геологиялық құрылымы маңызды рөл атқарады. Жыныстар литологиясы бедер ерекшелігін, жер асты және топырақты сулардың қалыптасу ерекшеліктерін анықтап, топырақ құрылуының анықтаушы факторы болып табылады. Антропогендік факторлардың ландшафтық литогендік негізіне әсері техногенез процесіндегі геологиялық фундамент пен бедердің тұтастылығының бұзылуымен байланысты. Бұл дегеніміз, алдымен бедер күйіне, жер асты суларға, топырақ, биота, экзо-динамикалық процестер (білдіру, көрсету) әсер ететін, қоршаған ортаның экологиялық дестабилизациясына нақты қауіп-қатер төндіретін литогендік ортаның өзгеруі.

Қызылорда қаласының территориясы Сырдария ойпатының орталық бөлігінде орналасқан. Осы жазық дерлік депрессиясының жоғарғы палеозойлық жасы бар және Тұран плитасының құрылымдық бөлігі болып табылады. Ойпаттың орталық бөлігінде, Қызылорда қаласының территориясында, палеозой фундаменті 600-800 м тереңдікте орналасқан. (2-сурет)

Ұзақ геологиялық тарих бойына Сырдария ойпаты терригендік материалдың шоғырлану облысы болып есептелді. Ежелгі, қиын орналасқан палеозой фундаменті теңізді шөгінді жыныстармен және Сырдария өзенінің атыраулы-аллювиальды шөгінділерімен жабылған. Бұл қатпарлы қалыңдық мезо-кайнозойлық және төрттік жастағы тозаңды саз балшықтан, саз бен құмнан тұратын тау жынысынан, құмдасын қыртыс және ұсақ дәнді құмдардан тұрады.

Континентальдық ұсақ дәнді құмдардың қабатшалары бар ала түсті саз балшықтармен көрсетілген, мел жүйесінің тұнбалары мезозой эрасының шөгінділерінен кең тараған. Төрт қабатпен көрсетілген, көбінесе жоғарғы мел жасындағы шөгінділер қалыңдығы 140-150 м құрайды. Оларға жер асты сулардың негізгі су тұтқыш қабаттары тураланған. Жоғарырақ тереңдікте жатқан неоген жүйесінің континентальдық шөгінділері, плиоцен жасындағы 60 м-ге дейінгі қалыңдықтағы құм-сазды жыныстар қабатымен көрсетілген. Сырдария өзені сағасының шоғырланған жазықтықтың құрылуының кейінгі геологиялық процестердің өзгешелігін айтарлықтай анықтаған жер бетінің жазықтығы, атап айтқанда, неогенде біржолата құрылды. Жоғарынан негізгі жыныстар, қалыңдығы 70-80 м, құм, құмдасын қыртыс, саз бен құмнан тұратын тау жынысымен көрсетілген, төрттік жастағы шөгінділермен жабылған. Геологиялық құрылымның әр түрлілігі гидрогеологиялық ерекшеліктерін анықтайды. Мұнда, Қызылорда қаласын сумен жабдықтауда маңызды рөл атқаратын, бірнеше су тұтқыш қабаттары кездеседі.

Геологиялық құрылым Қызылорда қаласының урбажүйесінің осы заманғы экологиялық қасиеттерін белгілейді. Мұнымен бедердің жазық болуы және территорияның аздап құрғатылуы, мезо- және микробедердің эрозиондық түрлерінің, топырақ суларының, Қызылорда қаласының территориясының ландшафты құрылымының бар болуы сияқты маңызды табиғи-экологиялық қасиеттері байланысты. Осыған байланысты, осы заманғы Сырдария өзенінің сағасының бедерінің (Қызылорда қаласының территориясын қосып) құрылу кезеңдерін талқылау, өзіне белгілі назар аударады.

Жоғарыда айтылғандай, Қызылорда қаласының территориясының бетіндегі шөгінділер, Сырдария өзенімен байланысты шоғырланған шөгінді жыныстардың кешенімен көрсетілген. Өткен заманда Сырдарияның жер бедерін түзу потенциалы аса маңызды болды. Осыған байланысты Қызылорда қаласының маңында қалыңдығы едәуір аллювиальды шөгінділер жинақталды. төрттікке дейінгі уақытының тектоникалық жылжымалылығымен байланысты, аллювиальдық материалдың шоғырлануының екі кезеңінің нәтижесінде Орталық Тұранның байтақ жазықтықтарында Сырдария өзенінің ежелгі аңғары құрылды. /11/ В. М. Боровскийдің мәліметтері бойынша/11/, бірінші (кельтеминар) кезеңінің басы шамамен төрттік уақыттың ортасына жатады. Шөгінділердің жинақталуы Сырдария өзенімен іске асырылды. Кельтеминар атырауының құрылуынан кейін өзен суының ағып кетуінің кенет азаюы пайда болды, аллювий желмен өңделіп, биіктігі 15-30 м-ге дейін жететін құмнан төбе тізбектерін құрды. Голоценде суландыру мен аллювий жинақталуының екінші кезеңі орнады. Бұл уақытта құм төбе тізбектерінің жарым-жартылай өңделуі мен електенген кельтеминар аллювийінің көмілуі өтеді. Сырдария өзенінің төменгі ағысының көп бөлігінде жаңа (яксарт) аллювийі ежелгі електенген құмдардың үстіне жатады.

Қызылорда қаласының территориясында мезо-кайнозой жасындағы құм-сазды шөгінділердің басымдылығы айтарлықтай экологиялық рөл атқарады. Бұл жыныстар су мен жел эрозиясы процестеріне жеңіл ұшырайды. Олар жер асты және топырақты (грунт) суларға су сыйғызушы болып табылады:

сортаңданған топырақта (грунт) гидроморфты топырақтар, сортаң топырақты айырмашылықтар қалыптасады. Берілген шөгінді жыныстар ағынды суларды тез құрғатады.

Осы заманғы аллювиальды жазықтық, Сырдария өзенінің қуатты эрозиялы-шоғырлағыш әрекетінен, плейстоценде қалыптасты. В. М. Боровский мәліметтері бойынша, осы жазықтық Қызылорда қаласының маңында теңіз деңгейінен 123-132 м биіктікте жатыр/11/. Сонымен қатар, осы заманғы бедердің қалыптасуына дефляционды-шоғырлағыш фактор да қатысты. Жергілікті эрозия, құмның ұшыруы және үрлеу шұңқырларының пайда болуы айтарлықтай орын алады. Осы процестердің нәтижесінде Қызылорда қаласының территориясында бедердің бірнеше генетикалық түрі қалыптасты. Оларға жататындар: Сырдарияның төменгі және жоғарғы жайылмасы (бедердің шоғырланған түрі) және эолды құмды жазықтық (бедердің эол түрі) . Құмдар өсімдіктермен біршама жақсы бекітілген болса да, күшейген жел әрекеті құмдардың ұшыру процесіне және бедердің эол түрінің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.

Қызылорда қаласының территориясының геоморфологиясы едәуір қарапайым. Мұнда 132 м-ден 123 м-ге дейін, оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа, Сырдария өзенінің ағысымен шамалы ғана көлбеу келген, тегіс дерлік жазықтық дамыған. Жазықтықтың шеткі аймақтарында, биіктігі 10 м-ге дейін жететін, ұсақ адыр-бұдырлы және сусымалы құмдар дамыған. Олардың арасындағы төмендеулерде - ежелгі өзен тармақтарының қалдықтары - сорлар мен кішігірім көлдер кездеседі. Қызылорда қаласының маңында Сырдария өзені өте айналмалы, мұнда өзеннің ескі арналары мен бедердің батпақтанған төмендеулері жаппай кездеседі. Барлық территорияда, эол процестерімен өңделген, ежелгі арнатәрізді төмендеулер (өзен адасуының желпуіштері), арна маңындағы дуалдар көрінеді. В. М. Боровский бойынша, Қызылорда қаласының территориясының осы заманғы геоморфологиялық құрылымын, келесі түрде көрсетуге болады. Мұнда Сырдария өзенінің 3 террасасы көрсетілген. Осы заманғы өзен жайылмасы өзен урезінен 2-3 м абсолюттік биіктікте, оның ені 5-6 км шамасында. 1-ші жайылма үсті террасаның үстінде Қызылорда қаласының басым бөлігі орналасқан, оның биіктігі 5-6 м. Ең жоғарылауы, Сырдария өзенінің 2-ші жайылма үсті террасасы, өзен урезінен 12 м-ге көтеріліп тұр, ені 20-25 км-ге жетеді. Оның үсті күшті эол өңдеуіне ұшырады және ол негізінен ұсақ адыр-бұдырлы және сусымалы құмдардан тұрады.

Осы заманғы антропогендік әрекет нәтижесінде шоғырлағыш бедер қатты бұзылған: өзен террасаларының айтарлықтай учаскелеріне, қала инфрақұрылымына қарайтын, құрылыс объектілері салынған; мұнда өнеркәсіп объектілері тұрғызылған; жолдар жүргізілген; өзеннің құрғаған арналары арнайы тереңдетіп қазылып, тұрақты істеп тұрған арықтарға айналдырылған. Қызылорда қаласының табиғи бедері, көп бөлігінде қалалық, өнеркәсіптік және басқа да құрылыстардан көрінбейді. Бұдан басқа, қала территориясындағы жазықтықты бедер ирригациялық жүйемен, бөгеттер мен бөгеулердің маңындағы терең жыралармен, жол-құрылыс жұмыстарын өткізу учаскелеріндегі дефляция ошақтарымен қиындатылады.

Қызылорда қаласының литогендік ортасы қарастырылып отырған территорияның экологиялық күйіне көзге түсерлік әсер тигізеді.

1. 4. Климат ерекшелігі

Зерттеліп жатқан территорияның климаттық жағдайлары, жер бетіндегі және жер асты сулары, Қызылорда қаласының экологиялық жағдайын анықтайтын, маңызды құрамдық бөліктері болып табылады. Б. П. Алисовтың климаттық аудандастыру схемасы бойынша, қарастырып отырған территория қоңыржай климаттық белдеуінің континенттік солтүстік-Тұран климаттық облысында орналасқан/1/.

Қызылорда қаласының климаты континенттігімен және құрғақшылығымен, буға айналушылықтың жоғарғы шамасымен сипатталады. Бұл, қарастырылып отырған территорияның осы заманғы экологиялық күйінің қалыптасуында, климаттық факторлардың үлкен рөлін дәлелдейді.

Қызылорда қаласының табиғи-экологиялық жағдайлары көбінесе Күн радиациясының шамасына тәуелді. Қызылорда қаласы үшін Күн радиациясының жоғарғы жылдық үдемелі қарқындылығы тән (жылына 129-134 ккал/см 2 ) . Күн радиациясының осындай жоғары кернеуінде атмосферада, өнеркәсіп қалдықтарынан уытты өнімдердің қалыптасуына себепші болатын, фотохимиялық реакциялар жүреді. Өнеркәсіп қалдықтарынан түсетін, техногендік пайда болған, азот тотықтары Күн радиациясының үдемелі қарқындылығының әсерінен азоттың қос тотығына (NO 2 ) өтеді де, фотохимиялық шаң қалыптасуына мүмкіндік туғызады /1/.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызылорда облысының физикалық-географиялық орнына сипаттама беру
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы оқу - әдістемелік кешен
Шардара ауданының табиғат жағдайлары
Іле Fлатауының неотектоникалық қозғалыстарының сипаттамасы
Тәуелсіз Қазақстан Республикасы
Экологиялық білім беру туралы
АЗИЯНЫҢ БИІК ТАУЛЫ АЙМАҚТАРЫНЫҢ АУДАНДАСТЫРЫЛУЫ МЕН ІШКІ АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ
Азияның өсімдік жамылғысына сипаттама
Неотектоника
Алматы қаласының агломерациясын қалыптастырудың экологиялық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz