Қазақша сөздіктің құрылымы мен терминжасам тәсілдері


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 2-4.

І тарау. Мұнай және химия терминдерінің қазақ тілі жүйесінде ғылыми тіл ретінде . . . 5.

  1. Философиялық түсінік. Терминтану мен термин жүйесі мәселесенің теориясы және ғылыми негізі . . . 5-11
  2. Терминдерді өңдеу мен жүйелеу мәселелері . . . 11-14.
  3. Терминология және номенклатура. Ұқсастықтары мен айырмашылықтары . . . 14-15.
  4. Жалпы термин мен терминолгиятуралы түсінік . . . 15-24.

II тарау. Қазақша сөздіктің құрылымы мен терминжасам тәсілдері. Терминдердің аударылу әдістері . . . 25.

2. 1. Сөздік құрылысы туралы . . . 25-32.

2. 2. Терминжасам тәсілдері . . . 32

Қорытынды . . . 90-102

Әдебиеттер тізімі . . . 69-77

КІРІСПЕ

Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев республикамыздың әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын тұжырымдаған «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты Жолдауында «Ішкі және әлемдік рыноктардың тауаршаларын біз өндіруші өнеркәсіптің мұнай, газ жіне басқа да салаларында терең өңдеуді дамыту есебінен игеруіміз керек . . . Биылғы жылдың ішінде Үкімет Қазақстанда мұнай-химия үнеркәсібін дамытудың таяудағы он жылға арналаған кешенді Бас жоспарын нақтылы орындауға кіріседі деген ойдамын» деп Үкіметтің алдына үлкен міндет қойды.

Білікті мамандар мен сарапшыладың пікірінше, еліміздің мұнай-химия саласын дамыту дегеніміз - экономиканың екінші тынысын ашу деген сөз. Бұған дейін Қазақстан экономикасы нақ осы қуатты мұнай-газ секторының арқасында жедел көтерілгені белгілі. Біз соның нәтижесінде басқа салаларды да едәуір дамыта алдық. Демек Қазақстанға осы жеделділікті одан әрі ұстап тұруы үшін аталған сектордың өнімдерін одан әрі тереңдетіп өңдеу мәселесін қолңа алатын уақыт жетті. Осындай әр түрлі салалардың дамуы тілімізге көптеген жаңа сөздердің енуі мен пайда болуына әкеп соқтырады. Сол себепті мұнай және химия терминдерінің қазақ тілінде жасалынып тұрақтынуында көп еңбек ету керек.

Әртүрлі тілдердегі ғылыми-техникалық және өндірістік-салалық термин жүйесінің дамуы мен қалыптасуы жалпы тіл білімінде З. Балакер, Т. М. Балыхин, Л. И. Бобринева, А. О. Власов, Л. А. Симоненко, ал қазақ тіл білімінде Ұ. Айтбаев, Б. Қалиев, Ш. Құрманбайұлы және т. б. лингвистикалық зерттеулерінде маңызды орын алады. Осыған байланысты қазіргі кезеңде мұнай өндірісіне деген қызығушылық артып, ол қоғамның әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады. Сонымен бірге, мұнай өнеркәсібі термин жүйесінің жете дамуының процесі жүруде.

Кез-келген тілдің мұнай және химия термин жүйесі бұл басқа сала терминдері мен термин жүйесінен ерекшеленетін сөз және сөз тіркестерінің кең қабаты. Мұнай және химия өндірісінің терминологиясы - бұл осы сала түсінігін беретін және тілдік субстрат, логикалық субстрат және де терминологиялық мағынадан тұратын үш қабатты құрылымды лексикалық бірлік. (Лейчик В. М. 1987, 7)

Біздің зерттеуіміздің объектісі болып публицистикалық шығармалар бетінде жарық көрген мұнай және химия терминдерінің қазақ тілінде аудармалары және берілген жұмыста Қ. Жұбанов, Ұ. Айтбаев, Б. Қалиев, Ш. Құрманбайұлы, В. Лейчик және т. б. зерттеген салалық концепцияларына сүйене отырып қарастырылуы табылады.

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда халық шаруашылғының қай саласын алсаңыз да оны дамытуда техникалық прогресті, еңбектің озық әдістерін пайдаланудың рөлі зор екені даусыз. Техникалық прогресті дамытудың басты шарттарының бірі ғылым мен өндірістің тығыз байланысын қамтамасыз ету, халық шаруашылығы үшін білікті мамандар дариялау екенін назардан шығаруға болмайды. Республика экономикасының үлкен саласы- мұнай және химия өнеркәсібі үшінде жыл сайын көптеген мамандар даярланды. Ғылым мен техникалық прогрестің ерекше жылдамдықпен дамуы студенттедің шетел тілін, әсіресе, ағылшын тілінде жете білу қажеттігін тудырып отыр. Міне, сондықтан қазақ тіліндегі оқулықтар мен бірге ағылшын тілінде де түрлі терминологиялық және түсіндірме сөздіктер шығару студент жастар, өндірісте еңбек етіп жүрген жас мамандар үшін игілікті іс болмақ.

Зерттеу нысаны . Қазіргі жағдайда техникалық терминдерді (мұнай, химия және газ) таза қазақ тілінде бере алатын мамандар өте сирек. Сондықтан аударма және түсіндірме сөздіктер құрастыру осы заманның ең жоғарғы талаптарының бірі болып тұр.

Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Мемлекеттік тілді мемлекет аралық қарым-қатынас тәжірибесінде қолдану міндетті нормаға айналуы шарт. Халықаралық қатынастар аясында халықаралық терминдер әсіресе қазақ- ағылшын тілдеріндегі мұнай және химия өнеркәсібі терминдеріне жүйелі түрде семантикалық талдау жасап, олардың дәл зерттеу барысында олардың ерекшелігін, олардың баламаларының ұғымдарын анықтап, студенттерге жалпы тақырыптық тематикада өткізілетін дәріс барысында мәтін арқылы беріліп, олардың кәсіптік білімдерін жетілдіруіне көмекші оқу құрулы ретінде қолдану мүмкіндігін арттыру керектігін байқадық.

Зерттеу нысаны. Көптеген техникалық терминдердің қазақша баламаларын жаңадан, жетілдіре іздестіруге тура келеді. Ғылым мен техникада жиі кездесетін терминдер мен ұғымдарды қысқа тұжырымды түрде түсіндіру, олардың қысқаша анықтамасын беру, бүгінгі күннің талабы.

Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық мәні. Мұнай және химия, мұнай және химия бұрғылау терминдерін зерттеу нәтижелері:

1) терминнің лингвистикалық табибиғатына қатысты бірнеше тезистерін анықтау;

2) терминологиялық сөзжасам ұяларын типологиялық түрде құрастыру;

3) семантикалық типологиялардың әдісін дамытудағы ой-пікірлерді анықтау болып табылады.

Диссертацияның теориялық тұжырымдары мен алынған нәтижелер қазақ тілі лексикологиясының арнайы бөлігі ретінде оқытылуы қажет. Мұнай және химияны өндірудегі тілдің терминологиясын жүйелі зерттеу нәтижесінде алынған материалдар техникалық оқу орындарында, филологтар, осы сала қызметкерлерімен қолданылуы мүмкін.

Зерттеу жұмысының жаңалығы: Мұнай және химия терминдерінің ғылым мен қазақ тілі жүйесінде оынң бір бөлігі ретінде қалыптасуы мен дамуының негізгі этаптары, терминделу процесі, интернационалды терминдердің қазақ тіліне енуі, осы саладағы терминжасам модельдерінің сөз жасамнан айырмашылығы қарастырылады.

Термин жасам мәселесі, әсіресе, қазақша терминдердің жасалуы арнайы, өзіндік лингвистикалық зерттеу нысаны ретінде қарастырылмағандықтан, тек сөздіктер қатарымен берілген. Осыған байланысты диссертация тақырыбы таңдалынды. бұл жағдай оның өзектілігі мен жаңалығын көрсетеді.

Зерттеудің әдістері. Терминжасам жұмысы әр түрлі сөздіктерді жасау тәжірибелерін ғылыми тұрғыдан қорытындылау негізінде жасалады. Осыған байланысты зерттеу барысында терминді реттеу, сұрыптау, стандарттау әдістері қолданылады.

Зерттеудің дерек көздері . Ағылшынша, қазақша техникалық мәтіндер мен түсіндірме және аударма сөздіктер, мұнай және химия мамандарын дайындайтын жоғарғы оқу орындары студенттеріне арналған оқулықтар, газет-журналдар.

Жұмыс құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертациялық жұмыстың көлемі 70 бет.

1. Тарау. Мұнай және химия терминдерінің қазақ тілі жүйесіндегі ғылыми тіл ретінде.

1. 1. Философиялық түсінік. Терминтану мен термин жүйесі мәселесінің теориясы және ғылыми негізі.

В. М. Лейчик өзінің «К определению философских основ терминоведения» атты еңбегінде терминтанымды жеке ғылыми пән ретінде бөлек қарастырып, терминтану мектептері қолданатын принциптер мен әдістерге сүйене отырып, терминнің нақты философиялық негізін анықтау мәселесін бірінші орынға қояды. Терминтану мектебінің негізін қалаушы Д. С. Лотте термин және терминологиялық жүйе мен оның зерттелу әдістеріне тоқтала келе, олардың диалектикалық материализм философиясына негізделетінін атап көрсеткен. Бұл пікір терминге қатысты материя бірінші, ал ой-сананың екінші орнында екені философиялық негізде анықталады. Ол «термин» бұл белгілі бір ғылым мен техника саласындағы дыбыстық белгілердің бірлігін көрсететін сөз немесе сөз тіркесі деп берген.

Термин сөз немесе сөз тіркесі болғандықтан, оның қалыптасуы мен функциясы заңдылықтарын айқындау тілдің лексикалық бірліктерінің материалдық сипатын пайдалана отырып, іске асырылады. Яғни терминжасаумен, құрылым, терминдерді жүйелеумен және т. б. Философияның екінші мәселесі әлемді және оның басқа қырларынан тану болып табылады. Өз объектісінің зерттелуіне сүйене отырып, терминтану - барлық құбылыстырадың байланысына, оның дамуы мен диалектикалық әдісті қолдану принциптеріне негізделеді. Біріншіден, терминтанымда «таным мен практикалық басқарудың үлкен қаруы» ретінде жүйелілік қолданылады.

Мұнай және химия терминологиясы әртүрлі тілдердегі түсініктерді беретін фразеологиялық тіркесерді салыстыру объектісіне жатады. Салыстырмалы терминтаным ХХ ғасырдың 80-жылдары пайда болып, көптеген мағыналы адептерге ие болды. Салыстырмалы термин жүйесінің негізі В. М. Лейчие пен Ф. А. Циткинаның еңбектерінде көрініс табады.

Осындай зерттеулерге сүйене отырып, мұнай және химия терминдерінің жалпы техникалық термин жүйесіндегі теориялық мәселелерін қарастырамыз.

Терминтану әдістерін өңдеу кезінде шығатын нәтиже белгілі бір ғылым мен тілге жататын жеке терминдер терминдердің бір-бірімен байланыста болуы.

Ғылым тілі - тарихи түсінік. Орыс тіліндегі терминологияның дамуы, қалыптасуы ХVІІІ ғасырдың басына келеді.

Осы уақытта Ресейдің көптеген ғылымдары дамып, жаңа ғылым саласы мен практикалық қызмет үшін мамандар дайындау, оқу құралдары мен арнайы сөздіктер жасау процесі жүреді (Л. Л. Кутина «Формирование языка русской науки». М. : наука, 1964) . Ғылым тілі өзніңі дамуында белгілі өзгерістерді басынан кешіреді. Ғылым тілінің қалыптасуына себепші болатын әдеби тілдің өзгеруі процестері әсерінен болады. Сонымен қатар, әртүрлі тарихи кезеңде болатын ғылым өзгерістерінің ерекшелігімен көрінеді. Аталған мәселе әртүрлі тілдердің, әсіресе, қазақ тіл білімінің зертеу объектісі болып табылады (Ш. Біләлов. «Формирование основ национального научного языка на примере математики». Алматы, 1997) . Терминологиялық лексиканың лингвистикалық ерекшелігін айқындаудағы мәселелер жинағы оның тікелей номинативті-дефиницалық қызметте қолданылуы шешілген кезде ғана зерттелуі мүмкін.

Мұндай термнологиялық орта В. П. Даниленконың көзқарасы бойынша ғылым тілі деп аталатын әдеби тілдің функционалдық түрі болып табылады (Даниленко В. П. 1977, 10) .

Ғылым тілі жалпы әдеби тілге қарағанда кең мағынаға ие. Өйткені, ғылым тілі кәсіби емес орта қарым-қатынасынан тыс арнайы терминологиялық аумақты қамтитын түсінік. Ал, мұндай атаулардың берілу әдістері жай сөздік белгілерден бөлек болады (Рубашкин В. Т. 1973, 112) .

Басқа қырынан алғанда ғылым тіліне жалпы әдеби тілдің ерекшеліктері тән емес, тар түсінік.

Ғылым тілі жалпы ұлттық әдеби тіл негізінде қалыптасып дамыған. Сондықтан, ғылым тілінің негізін лексика сөз жасам және жалпы әдеби тіл грамматикасы құрайды. Бұлардың принципі бойынша ғылым тілінің лексикалық, сөзжасамдық, грамматикалық жүйесі құрылады.

Алайда, мұнымен ғылым тілінің материалдық бірлігі алынып тасталынбайды. Олар жалпы ұлттық және жалпы әдеби тіл түсініктерінен тыс шығатын тәсілдермен толықтырылып, бірақ жалпы семиотикалық жүйе ішінде болады. Бұлар Л. О. Резниковтың айтуынша: «они позволяют выражать соотвествующие понятия» в сокращенной форме; «имеют, по условию, совершенно точное значение»; «фиксирует такие понятие, для которых . . . вообще нет выражений»; «содействуют установлению структурного единообразия, единства некоторых общих закономерностей в различных областях действительности». Термин - бұл қазіргі кезеңдегі тіл, ғылымдағы арнайы түсініктерді беретін арнайы белгілер болып табылады. Оның ғылыми негіздері Қ. И. Сатбаев атындағы техникалық университет, Атыраудың мұнай және газ институтында жақсы өңделіп жасалған. Онда 20 жылдай уақыт ішінде осы мамандық бойынша инженерлер мен ғылыми-педагогикалық мамандар дайындаумен қатар, салалық терминологияға қатысты тілдік кедергілерді төмендетуге жүйелік жұмыстар жасалуда.

1925 жылдан бастап Республикамызда термнологиялық жұмысты Қазақ ССР-ң Халық компресінің Әдістімелік бюросымен, 1963 жылдан ҚазССР-ң Кеңестер Министрлігінің комиссиясымен жетекші етілген. Бұл кезеңдерде арнайы пәндерді оқыту мақсатында терминологияны жүйелеуде көптеген жұмыстар атқарылады. Терминологиялық сөздіктердің жарық көруі осы саланы әрі қарай зерттеуге негіз салады. Кеңестік кезеңдегі терминологиялық жұмыстың барлығы дерлік ҒТТК, ҒА мен мемлекеттік стандарт кеңесімен жүйеленген.

Ғылымға негізделген терминологияны анықтаудағы жұмыс мәдени, практикалық мәнге ие. Салалық терминологияда терминдер технология негізінен жалпы синонимия мен омономия, кәсіби сөздер мен жаргонизмдерден алшақтау келеді.

Аталған жұмыста біз «термин» және «терминологияға» қатысты барлық сұрақтарға жауап іздеуге тырыспаймыз. Терминология әртүрлі және көбіне өзіндік ерекшеліктерге ие. Бірақ, біз техникалық терминдердің, яғни мұнай және химия терминологиясының маңызды түрлерін қарастырамыз. егер біз мұнай және химия терминдері мен терминологиясының принциптерін бөліп көрсету үшін төмендегідей тезистерді атап өткен жөн:

1. Ғылымда тіл кездейсоқ ингредиент емес, құрылымдық элемент; әртүрлі ғылымның арнайы «белгілері» - тілдің суррогаттары емес;

2. Тіл ғылымға құрылымға ретінде терминология секілді кіреді, бірақ басқа кірме сөздер де маңызды;

3. Айқындалып отырғандай ғылым «тереңірек» болса, оның көп салмағы тілге түсіп, терминология мәселесі маңыздырақ болады.

Термин және терминология дегеніміз не деген сұраққа жауап беру үшін сөздің ішіне емес, сыртына үңілу арқылы жан-жақты қарастыру қажет. Алайда, бұдан кейін перифериядан тереңге, яғни сөз құрылымының қабаттарын ашуға тырысу керек.

Осындай сөз - лесика мен сөз - логостің құрылымдық анализі арқылы термин-сөз бен термин сөздерді бөліп қарастыруға классификациялық-лексикалық анализ көмектеседі.

В. П. Даниленконың пікірінше: «наиболее важным проявлением единства объективного и субьективного в терминосистеме служит зависимость терминосистемы от определенной теории, концепции, системы взглядов» (В. П. Даниленко 1973) .

Осылайша, терминтанымның бірнеше мағыналы қорытындысын шығаруға болады. Біріншіден, терминнің анықтамасы нақтылануы тиіс; бұл анықтамада теориялық объектімен байланысын көрсету қажет. Сонымен бірге, термин жүйесін дәл осылай жаңадан анықтау тиіс. Көбіне теориясыз термин жүйесінің қалыптасуы белгілі бір ғылымды сипаттап түсіндіретін теориясы жасалған кезде ғана мүмкін болады. Бұл пікір терминдерді бір ізге салуда, әсіресе, терминологияны стандарттау үшін маңызды болып табылады.

Теория рөлінің көмескіленуі терминдерді стандарттауда қиындық туғызады. Сондықтан, техникалық ғылым терминдерінде белгілі бір теория көрініс таппайды деген ойдан арылу қажет. Бұл теория саласы қоғамдық ғылым саласына да қатысы бар.

Сонықтан берілген зерттеу жұмысының өзектілігі Қазақстанның экономика, техника, мұнай, газ және химия өндірісінде қолданылатын жаңа заман ғылымының дамуын көрсететін терминология және оның жалпы теоориялық мәселелерін қарастыруға арналған.

Мұнай және химия терминологиясы қазіргі заман ғылымының жетістігін, дамылсыз дамуын көрсетеді. Мұнай және химия терминологиясы рнайы функционалдық стильдерге жатады. Бұл стильдерде арнайы түсініктерді атап көрсетеді. Ғылымда, техникада, өндірісте өзгерістер болып тұратындықтан жаңа терминдер пайда болады. Сондықтан мұнай және химия терминологиясының қалыптасуын, қазіргі тілдегі қызметін, терминологиялық номинациясын жан-жақты зерттеу үлкен теориялық және практикалық қызығушылық тудыруда.

Терминологияның жалпы мәселелері мен теориялық-методологиялық зерттеу негіздері А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, А. Қайдаровтардың, терминжасам бойынша Ұ. Айтбаевтың, лексико-семантикалық жүйе мен термин жүйесі мәселесі Б. Қалиевтің, ономастика Т. Жанұзақовтың, қазақ тілін терминизациялау Ш. Құрманбайұлының, аударматану мен қазақ тіліндегі неология мәселелері А. Алдашеваның еңбектерінде зерттелінген.

20-жылдары қазақ терминологиясының негізін қалаушы А. Байтұрсынұлы өзінің тіл біліміне қатысты еңбектерінде терминжасамның екі негізгі принципін береді:

1. термин туған жағдайда тілдің ішкі байлығын пайдалана отырып, ана тілдің барлық мүмкіндігін қолдана білу қажет;

2. ана тілге басқа тілден кіріккен сөздерді сол күйінде қалдыру кере.

Бұның барлығы оның ғылыми «Тіл-құрал», «Тіл жұмсар» атты еңбектерінде көрініс табады.

40-жылдары Д. С. Лоттенің қызықты еңбектері тек қана техникалық терминология мәселелеріне арналды. Шет ел авторлары мамандығы инженер Е. Вюстердің («Интернациональные элементы в лексике и терминологии». 1980) және де геолог Р. В. Браунның еңбектері құнды болып есептелінеді. Сонымен қатар, Ж. Марузоның «Словарь лингвистических теримнов» атты кітабы да мағыналы еңбектер қатарына кіреді. Терминдердің толығымен терминдердің толығымен қарастырылмауы оның күрделілігімен, яғни сөз бен оның мағынасының айқынсыздығына байланысты.

Тіл білімінде қабылданған жалпы термин анықтамасы беріледі. Оған дәлел әртүрлі авторлардың, әсіресе, сөздіктер авторларының берген анықтамаларынан байқауға болады.

Д. Н. Ушаковтың редакциясымен басылған түсіндірме сөздікте қысқа және де жалпы сипатта былайша беріледі: «термин - это слово, являющееся названием строго определенного понятия». С. И. Ожеговтың сөздігінде терминнің біршама дәл анықтамасы беріледі. Ол: «термин - это слово, являющееся названием оперделенного понятия какой-нибудь специальной области науки, техники».

Мұндай анықтамалардан соң, термин бұл арнайы сала лексикасына жататын сөз, бірақ, терминнің жалпы қолданыстағы тілден айырмашылығы әлі де түсініксіз. Терминдердің теороиялық мағынасы тек ғылым дамыған кезде пайда болады деген ойдан аулақ болған жөн. Ерте және қазіргі кезеңде де кез-келген кәсіп пен еңбек көрінсі өз терминологиясын тудырады. Жалпы қолоданыстағы термин емес жай сөздер көбіне кәсіби тілде термин мағынасы мен қызметіне ие болады. Күнделікті қолданыстағы ағылшын тілінде stream,

орысша струя, гнездо, қазақ тілінде ағыс, ұя сөздері мұнайшылар тілінде олар термин болып табылады. Терминдердің белгілі бір кәсіп иелерімен қоданылуы бірігіп қызмет ету барысында өзара қарым-қатынасты қамтамасыз етіп, оның өсу деңгейіне әсер етеді.

Терминологияның тарихы өте үлкен, бірақ ғылымда «термин» түсінігі ХХ ғасырдың басында қалыптасқан еді. Ф. А. Брюкгауз бен Н. А. Ефранның «Энциклопедиялық сөздігінде» термин мен терминологияны мынадай жолмен анықтайды: «Термин - слово, которому соотвествует определенное понятие, или изолированное, или входящее в состав суждения или умозаключения . . . Научные термины . . . слова, имеющие специальное сторго определенное в данной научной области значение. Совокупность прочно установленных в данной науки . . . номенклатура есть собрание терминов для всех терминов низших видов предметов, рассматриваемых данной наукой » (Брюкгауз Ф. А., Ефран Н. А. 1991) .

Қазіргі заман ғылымы термин мен терминологияның келесі анықтамаларын беруге мүмкіндігі бар.

Термин - бұл ғылыми және кәсіби-техникалық объектілерді тану мен қабылдау процесінде қолданылатын арнайы мағынасы бар кәсіби түсінікті қалыптастырушы және беруші сөз және бағыныңқы сөз тіркестері.

Терминология - бұл түсінік (мағына), лексико-семантикалық, сөзжасам мен грамматика деңгейіндегі кәсіби сала қызметінде бір-бірімен байланыста болатын терминдердің жиынтығы.

Ғылыми-техникалық революция әртүрлі ғылым саласында терминдердің өсуіне, жалпы халық қолданысындағы тілге енуіне, ақпараттық-коммуникативтіктің қарқындылығына алып келді. Бұл процестер «терминологиялық жарылыс» атына ие болды.

Олардың басты себептері:

-жаңадан пайда болып жатқан атауларға термин жасау қажеттілігі;

-көптеген ғылым салаларындағы терминдердің семантико-грамматикалық құрылымының күрделілігі, көп мағыналылығы мен дәлдігінің жоқтығымен байланыстырылатын терминологиялық жағдайдың төмендігі.

-қазіргі заман ақпараттық жүйесін терминологиямен қамтамасыз ету қажеттілігі: мәліметтер базасын және қорын басқаруды автоматтандыру жүйесі;

-аударма, кәсіби жұмысқа баулу және практика үшін терминологиялық сөздіктерге деген қажеттіліктің өсуі;

-«терминологиялық жарылыс» нәтижесінде лингвистикалық зерттеулер бағытының өзгеруі: яғни дәстүрлі және қолданбалы лингвистиканың пәні болып арнайы ғылым салаларының терминологиясы табылады.

Бұған көптеген ғылыми конференциялар, терминтаным бойынша жарық көрген еңбектер (80-жылдары терминологиялық мәселелерді зерттеп қарастырған 2000 баспа еңбек жарық көрді), жалпы кеңестік терминологиялық конференциялар 1950 мен 1960 жылдары; 1969, 1971, 1973 жылдары «Лексикологияның өзекті мәселелері» атты конференциялар; 1971 жылғы «Ғылым, техника және информатика тілдерінің семиотикалық мәселелері»; 1974 жылы «Әртүрлі типті сөздіктердегі терминдер анықтамасы мәселесі» конференциялары, қолданбалы лингвистика тәсілімен жасалған текстерді өңдеуге арналған конференциялар, ғалымдардың басқа да кездесулері дәлел.

Терминдерді лингвистика жағынан ұзақ жылдар бойы зерттеу лексикология аясында жүрді. Ғылым терминдердің бір мағыналы, жүйелі, бір ізді, қысқа әрі нұсқа болуын талап етті. Алайда, термин мен терминологияның өзі қолданыста екі мағынада беріледі:

1. Терминология арнайы объектілерді және кәсіби түсінікті беретін сөз және сөз тіркестерінің жиынтығы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тіліндегі терминдердің қалыптасуы
Біріздендіру – терминологиялық қорды қалыптастыру жолы
Медициналық терминдердің қалыптасуы мен дамуы
Қазақ терминологиясының даму кезеңдері
Біріккен терминдер жасаудағы сөз таптарының орны
Ғылыми-техникалық мәтінді аудару амалдары
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ - ҚАЗАҚ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫНЫҢ АТАСЫ
Қазақтың ғылыми терминологиясын қалыптастырудағы Ахмет Байтұрсынұлының рөлі
Қазақ тіліндегі ішкі терминжасам тәсілдері
Мұнай-газ терминдерінің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылуындағы ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz