Жүрек ұлпасына жалпы сипаттама



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 Ұлпалар туралы ілім
1.1 Ұлпалар туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Жүрек бұлшықеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

2 Жүрек ұлпасына жалпы сипаттама
2.1 Жүрек ұлпасының эмбриогендік дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
2.2 Жүректің құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2.3 Жүректің өткізгіш жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.4 Жүректің веналары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Курстық жұмыстың тақырыбы Жүрек ұлпасының жіктелуі және құрылысы.
Курстық жұмыс 23 беттен құралған. Курстық жұмыста 5 сурет бар.
Кіріспе бөлімінде жалпы ұлпалар туралы қарастырылған.
Ұлпалар туралы ілім бөлімінде гистология ғылымы туралы, ұлпалардың
атқаратын қызметі, түрлері және қасиеттері туралы келтірілген.
Жүрек ұлпасына жалпы сипаттама бөлімінде жүрек ұлпасына толығымен
тоқталған.
Курстық жұмыс қорытындыдан және 13 пайдаланылған әдебиеттен тұрады.

Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 Ұлпалар туралы ілім

1.1 Ұлпалар туралы түсінік
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...4
1.2 Жүрек бұлшықеті
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .4

2 Жүрек ұлпасына жалпы сипаттама

2.1 Жүрек ұлпасының эмбриогендік
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...7
2.2 Жүректің құрылысы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .8
2.3 Жүректің өткізгіш жүйесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

2.4 Жүректің веналары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .18

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...19

Пайдаланылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..20

Кіріспе

Курстық жұмыстың көкейкестілігі. Жүрек - қан тамырлар жүйесі денедегі
ең күрделі жүйе. Оның құрамына жүрек, қан және лимфа тамырлары кіреді. Қан
тамырлар жүйесі: қан мен лимфаның денеде үздіксіз қозғалыста болуын
қамтамасыз етеді; мүшелердің арасындағы гуморальдық байланысты реттейді,
ішкі секреция бездерінің сөлін немесе гормонын мүшелерге жеткізіп жалпы
дененің қызметіне әсерін тигізеді; оттегіні жасушаларға, олардан көмір
қышқыл газын өкпеге тасымалдайды; тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болған
улы заттарды
сыртқа шығарады (мочевина, қандық азот т.б.); жылудың, су мен минеральды
тұздардың денедегі тұрақтылығын сақтайды; қорғаныс қызметін атқарады.
Тамырлар атқаратын қызметі мен морфологиялық құрылысына қарай қан айналу
жүйесінің тамырлары және лимфа айналу жүйесінің тамырлары болып екі топқа
бөлінеді. Олардың орталығы — жүрек.
Қан айналу жүйесінің тамырлары атқаратын қызметіне, құрылысының
ерекшелігіне қарап артерия, вена, капилляр қан тамырлары болып бөлінеді.
Артерия, вена, капилляр қан тамырларынан тұйық қан айналу шеңбері пайда
болады.
Қан айналу жүйесінің тамырларын зерттейтін ілім — ангиология.
Артерия қан тамыры - қанды жүректен мүшелерге жеткізеді Ең үлкен артерия
қан тамыры қолқа (аорта), екіншісі — өкпе сабауы.
Артериялар ірі, орта, майда және орналасуына байланысты мүшелердің
сыртындағы жене олардың ішіндегі артериялар болып бөлінеді. Мүшелердің
сыртындағы артерия сол мүшені қанмен қамтамасыз етеді және сол мүшенің
атымен аталады, мысалы бүйрек артериясы, көкбауыр артериясы.
Мүшенің артериясы, оның ішінде артериолаларға дейін сақталады,
капиллярларға жалғасады. Артерияның қабырғасы: ішкі, орталық және сыртқы -
үш қабаттан тұрады. Ішкі қабаты (внутренняя оболочка) - эндотелий,
эндотелий асты және серпімді жарғақты қабат. Серпімді жарғақ қабаты -
артерия қан тамырына созылғыштық қасиет береді.
Орталықтағы қабаты (средняя оболочка) бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы
мен серпімді талшықтардан тұрады [1].
Сыртқы адвентиция қабаты (наглонная оболочка) құрамында жүйке талшықтары
мен өзінің қан тамыры бар, борпылдақ дәнекер ұлпадан тұрады.
Курстық жұмыстың мақсаты – жүрек ұлпасының құрылысымен, атқаратын
қызметімен және қасиеттерімен танысу.
Курстық жұмыстың міндеті – жүрек ұлпасының толығымен зерттеп, анықтау.

1 Ұлпалар туралы ілім

1.1 Ұлпалар туралы түсінік

Гистология – жануарлар организмдерінің түрлі ұлпаларының құрылысын,
қызметін және дамуын зерттейтін ғылым.
Ұлпа дегеніміз белгілі функцияны атқаруға арналған құрылысы ұқсас
тарихи қалыптасқан клеткалар мен клеткааралық заттардың комплексі.
Ұлпалардың микроскопиялық құрылысы мен функциясын зерттеудің негізінде
Франс Лейдиг 1853 жылы олардың бірінші классификациясын ұсынған болатын.
Оның классификациясын Альберт Келликер 1855 жылы жарық көрген өзінің
гистология оқулығында пайдаланған.

Лейдиг пен Келликер ұлпаларды төрт топқа бөлген:

1. Эпителиалдық ұлпалар.
2. Дәнекер ұлпалары.
3. Бұлшық ет ұлпалары.
4. Нерв ұлпасы.

Ұлпалардың осы төрт типін А.А.Заварзин екі топқа біріктіруді
ұсынған:
1. Жалпы маңызды ұлпалар. Бұған эпителиалдық ұлпалар мен дәнекер
ұлпалары жатады.
2. Мамандалған ұлпалар (бұлшық ет ұлпасы мен нерв ұлпасы). Эволюция
процесінде алдымен жалпы маңызды ұлпалар пайда болған, мамандалған ұлпалар
филогенетикалық дамудың кейінгі кезеңінде бөлініп шыққан. Әрбір ұлпаның
құрамыңда дамудың әр түрлі кезеңдеріндегі клеткалық элементтер кездеседі
[3].
Шала жіктелген клеткаларды А.А.Заварзин камбиялық клеткалар деп
атаған. Камбиялық элементтерден жоғары дәрежеде жіктелген, мамандалған
элементтер пайда болады. Камбиялық клеткалар көбейе алатын болса,
мамандалған клеткалар ондай қабілетінен айрылған.

1.2 Жүрек бұлшықеті

Жүрек еті (миокард) вентралдық мезодерманың висцетралдық
жапырақшасынан дамиды. Жүрек етінің құрылымдық-функциялық бірлігі жүрек
бұлшық ет клеткасы – кардиомицит. Электрондық микроскоп шыққанға дейін
жүрек етін бірімен бірі жалғасып жататын бұлшық ет талшықтарынан тұратын
симпласт деп санаған. Электрондық микроскоп жүрек ет талшықтарының
ұштарымен жалғасқан жеке клеткалардан тұратынын анықтады (Сурет 1).

Сурет 1 - Көлденең салалы бұлшық ет ұлпасының миофибриллаларының
электрондық микрофотографиясы (2500 есе үлкейтілген)

1 – миофибриллалар;
2 – саркомер;
3 – диск И;
4 – диск А;
5 – М сызығы;
6 – Z сызығы;
7 – саркоплазмалық тор.

Жүрек еті өзінің жиырылған элементтерінің құрылымы жағынан көлденең
салалы бұлшық етке ұқсас. Соңғылардікі сияқты бұлардың миофибриллалары
көлденең сызылған. Сонымен бірге жүрек етінің құрылысында өзіне тән
ерекшеліктер де бар. Оның бірі – бұлшық ет талшығында көлденең орналасқан
аралық жолақ деп аталатын ерекше құрылымның болуы. Электронды микроскоп –
аралық дискілердің жүрек еті клеткаларының шекарасына сәйкес келетінін
көрсетті. Жүрек еті көлденең жолақты болғанымен оның жиырылуы біздің
еркімізге байланысты емес. Жүрек етінде митохондриялар көп болады.
Саркоплазмада митохондриялар мен гликоген, Гольджи қапшықтары мен липид
тамшылары саркоплазмада ядроның полюстерінде орналасқан. Ол вегетативтік
нерв жүйесімен нервтенеді [5].

2 Жүрек ұлпасына жалпы сипаттама

1.1 Жүрек ұлпасының эмбриогендік дамуы

Жүрек басқа тамырлар жүйесі сияқты ұрықтық мезодерманың
мезенхимасынан өте ерте пайда болып, шамамен үшінші аптада созылып,
жиырылып қызметке кіріседі.
Жүрек алғашқы эмбриондық дамуда эндодерма мен ішкі жапырақша
аралығында екі түтікше тәрізденіп басталады. Осы екі түтік ұрық ішегінің
бас бөлімінің алдыңғы жағына ығысып, екеуі бірігіп сыңар түтікке айналады.
Оның ішкі қабырғасы (эндокард) – мезенхимадан тұрады (мезодермадан шамалы
қалыңдау), нәтижесінде жүректің миокард қабаты мен сір қабаты (эпикард пен
үлпершігі - перикард) пайда болады.
Жүректің түтік тәрізді бастамысының ұшына қараған (каудольды) жағы
кеңейіп, веналық қойнау (sinus venosis), ал бассүйекке қараған ұшы
тармақталып артериялық бағана (truncus arteriorus) түзеді. Олардың веналық
қойнауы денесіндегі веналық қанды қабылдайды.
Жүректің түтігі эмбрионалдық даму кезінде тез ұзарып, оның веналық
және артериялық бөлімдерінің арасы жіңішкереді. Осы жіңішкерген жерден
келешек жүректің жақтаулы қақпақшасы пайда болады. Веналық бөлімдері екі
құлақ өсіндісі бар құлақшаға; ал артериялық бөлімі құлақшаның екі жағын
қапталдай екі артериялық бағана түзіп, жүректің қарыншасына айналады.
Осылай веналық қойнауы, құлақша жақтаулы қақпақшасы (құлақша мен
қарынша аралығында), қарыншасы және артериялық бағаналардан түзілген екі
бөлімді ұрықтық жүрек пайда болады. Бұл балықтардың жүрегіне ұқсап, қызмет
атқара бастайды.
Жүректің ішкі жағында бұдан былайғы эмбриондық дамуы нәтижесінде
біртіндеп үш перде пайда бола бастайды. Олардың бірінші пердесі тез өсіп,
құлақшаны екіге бөледі [6].
Бірақ бұл перде толық жабылмайды. Құрсақтағы нәрестеде сақталатын оң
жақ құлақша мен сол жақ құлақшаны қосып тұратын сопақша тесік қалады.
Демек, құлақшадағы қан бір-біріне араласып тұрады. Екінші перде екі
артериялық бағана аралығында пайда болып, оларды қолқа және өкпе бағана
тамырларына бөледі. Үшінші перде қарыншаны екіге бөліп, төменнен жоғары
қарай өседі. Бұл бірінші және екінші пердеге келіп қосылады.
Оны қарынша пердесі деп атайды. Осылай үш перделер бір-бірімен,
бірігіп, жүректі оң және сол жақ бөлімге бөледі. Сонда сол жақ қарынша
қолқа тамырына жалғасып, оң жақ қарыншаның созындысы өкпенің қантамырына
айналады.
Жүректің оң жағындағы құлақша мен қарынша арасында үш жақтаулы
қақпақша және сол жағындағы құлақша мен қарыншаның арасында екі жақтаулы
қақпақша түзіледі. Веналық қойнаулар жоғарғы, төменгі қуысты вена
күретамырларының және жүрек веналарының тесіктеріне айналады. Жоғарыдағы
айтқанымыздай, ұрықтың дамуы кезінде жүрек күрделі өзгерістерге ұшырап,
ақырында төрт бөлікке бөлінеді.
Міне, осы төрт бөлімді жүрек алғашқыда ұрықтың мойын бөлігінде
дамып, кейіннен көкірек қуысына қарай ығыса бастайды.

2.2 Жүректің құрылысы

Жүрек-сүйір, іші қуыс, бұлшық етті мүше. Оның артқы жоғарғы жағын
негізгі, ал алдыңғы төменгі жағын жүректің ұшы деп атайды.
Жүрек көкірек қуысында екі өкпенің арасында, төс сүйектің астында
көкетке дейін орналасады. Жүректің көкетке дейінгі төменгі жағы көкеттік
беті, ал алдыңғы, жоғарғы төс-қабырғалық жағы жүректің төс-қабыртқалық беті
деп аталады (Сурет 2). Жүрек көкіректің дәл ортасында емес, үштен екі
бөлігі дененің орта сызығынан – солға, ал үштен бірі оңға ауып орналасқан.
Оң жақ өкпе сол жақ өкпеден үлкен болады да жүрек сол жақ өкпеге сұғынып
жатады. Жүрекке орта есеппен 250-300 см3 көлемде қан сыяды. Жүректің
салмағы еркектерде – 300 г, ал әйелдерде – 250 г, орташа ұзындығы – 13 см,
ені – 10,5, қалыңдығы – 7 см.
Көкіректің сыртынан есептегенде жүрек сол жақтағы емшектің тұсында,
ұзындығы ІІ қабыртқа мен V қабыртқаның арақашықтығындай болады. Жүректің
сыртындағы қабы үлпершек деп аталады (Сурет 3).

Сурет 2 - Жүректің сыртқы бітімі (алдыңғы көрінісі)

1 – сол жақтағы бұғаасты артериясы;
2 – сол жақтағы жалпы ұйқы артериясы;
3 – қолқа доғасы;
4 - өкпе артериясы;
5 - өкпе бағанасы;
6 – сол жақ құлақша;
7 –артериялық сүйірі;
8 – алдыңғы қарынша жүлгесі;
9 – сол жақ қарынша;
10 – жүректің ұшы; 11 – оң жақ қарынша; 12 – тажды жүлге; 13 – оң
жақ құлақша; 14 - өрлеуші қолқа; 15 – жоғарғы қуысты вена; 16 – үлпершектің
эпикардқа ауысатын жері; 17 – иық-бас бағанасы.

Сурет 3 - Жүректің сыртқы біті (артынан көрінісі жүрек қантамырлары)

1 – сол жақ бұғана асты аретриясы;
2 – сол жақ жалпы ұйқы артериясы;
3 – иық-бас бағанасы;
4 – сыңар вена;
5 – жоғарғы (қуысты) вена күретамыры;
6 – оң жақ өкпе веналары;
7 – төменгі (қуысты) вена күретамыры;
8 – оң жақ құлақша;
9 – таждық қойнаудың қақпақшасы;
10 – жүректің таждық қойнауы;
11 – жүректің кіші венасы;
12 – оң жақ таж артериясы;
13 – жүректің ортаңғы венасы;
14 – оң жақ таж артерияның төмендеген тармағы;
15 – оң жақ қарынша;
16 – жүректің ұшы;
17 – жүректің көкеттік беті;
18 – сол қарыншаның артқы жағының веналары;
19 – жүректің үлкен венасы;
20 – сол жақ таж артериясының айналма тармағы;
21 – сол құлақша;
22 – сол жақ өкпе веналары;
23 – оң және сол өкпе артериялары;
24 – қолқа доғасы.

Жүрек үлпершегі – екі қабаттан түзілген сір қапшық. Оның сыртқысын –
талшықты үлпершек, ал ішкісін сір үлпершек дейді. Үлпершектің сыртқы
талшықты қабаты алдыңғы жағындағы дәнекер ұлпалармен қосылып төсүлпершек
байламын түзеді. Ол байлам арқылы жүрек үлпершегі алдыңғы жағымен төстің
ішкі бетіне бекиді. Жүрек үлпершегі төменгі жағымен көктің орталық күмбезді
сіңіріне бірігеді, жоғарғы жағымен өрлеме қолқаны, өкпе күретамырын және
жоғарғы, төменгі қуысты вена күретамырларды орайды. Сондай-ақ жүрек
үлпершегі өкпе аралығындағы, олардың аралық үлпершектерімен бірігіп
байланады.
Жүрек үлпершегінің ішкі сір қабаты да екі жапырақшасын: сыртқы
тақташа үлпершектің ішкі астарын және ішкі тақташа – жүректің сыртын орап
жатқан эпикардын түзеді. Бұл екі жапырақшалар жүректің қолқа, күретамырлар
жағында бір-бірімен бірігіп, ал қалған бөлігі жүректің ұшына қарай бір-
бірімен бірікпей саңылау түзіп, қалталанып жатады. Оны жүректің үлпершек
саңылауы дейді. Саңылаудың ішінде азырақ сір сұйықтығы болады. Құрылысы
осындай болғандықтан үлпершек жүректің қимылына кедергі келтірмейді. Жүрек
үлпіршегін жүректен сыпырып алуға болады. Жүректі осылай аршығанда денесі
жалтырап көрінеді. Жүрек денесінің бірнеше жүлгелермен тілімденгенін
көреміз. Олар мыналар: қарынша мен құлақшалар аралығында жүректің таж
немесе көлденең жүлгесі, алдыңғы және жоғарғы қарынша бетінде – алдыңғы
жүлге, ал артқы және төменгі қарынша бетінде – артқы қарынша аралық жүлге.
Бұл жүлгелерде жүректің артериялары мен веналары жатады. Сондай-ақ жүректің
оң және сол жақ құлақтары да анық көрінеді.
Жүректің ішкі көрінісі. Сонымен жүрек төрт қуысты болады. Олар: оң
және сол жақ құлақша, оң және сол жақ қарынша деп аталады.
Жүректің қуыстарына толған қанды перделер мен әр түрлі қақпақшалар
ретімен жіберіп тұрады. Жүректің оң жағы, сол жағынан тұтас перде арқылы
бөлінген. Оң жақтағы құлақша мен қарыншаның арасында үш жақтаулы қақпақша,
ал сол жақ құлақша мен сол жақ қарыншаның арасында екі жақтаулы қақпақша
бар. Жүректен қанды алып кететін қолқа және өкпе күретамырларының басталар
жерінде үш жарты ай тәрізді қақпақшалар, ал жүрекке қанды әкелетін вена
күретамырлардың және өкпе веналардың құйылар жерінде де жарты ай тәрізді
қақпақшалар болады. Енді жүректің ішкі құрылысын одан әрі тексеріп қарайық
[4]. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұлшық еттің құрылысы
Цитоплазма - ядроны қоршап жатқан жасуша бөлігі
Клетканың органикалық заттары
Папоротниктәрізділер бөлімінің жалпы сипатамасы және жіктелуі
Гистология мен цитологияның қысқаша даму тарихы, эпителий және дәнекер ұлпалары
Ашық тұқымды өсімдіктер арқылы емдеу
Бронхопневмания ауруының белгілері
Лейкоз
Ет ткані. Қаңқа ет тканінің регенерациясыциясы
ҰЛПАЛАР ТУР АЛЫ ҚЫСҚАША ТҮСІНІК
Пәндер