3-сыныптарда оқушылардың тілін дамыту



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

1. 3.сыныптарда оқушылардың тілін дамытудың теориялық негіздері
1.1. Оқушылардың тілін дамытудың теориялық негіздері ... . 6
1.2. Тіл дамытудың мақсаты және мазмұны мен жүйесі ... ... 16

2. Сөздік жұмысын жүргізу әдістемесі
2.1. Тіл дамытудың жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 20
2.2. Эксперименттік жұмыстың нәтижесі ... ... ... ... ... ... . 23


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 48
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ
Педагогика және психология факультеті

Мектепке дейінгі және бастауыш білім кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
3-сыныптарда оқушылардың
тілін дамыту

Орындаған: Ж.Тойтаразова

Жетекшісі: п.ғ.к., аға оқытушы

Метербаева К.М.

Алматы
2007

Мазмұны

Кіріспе ----------------------------------- ---------------------------------
----- 3

1. 3-сыныптарда оқушылардың тілін дамытудың теориялық негіздері

1. Оқушылардың тілін дамытудың теориялық негіздері ----- 6
2. Тіл дамытудың мақсаты және мазмұны мен жүйесі ------- 16

2. Сөздік жұмысын жүргізу әдістемесі

1. Тіл дамытудың жолдары ----------------------------------- ------ 20
2. Эксперименттік жұмыстың нәтижесі ------------------------- 23

Қорытынды ----------------------------------- -------------------------------
48

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ----------------------------------- - 51

Кіріспе

Зерттеудің көкейтестілігі: Мың өліп, мың тірілген халқымыздың
егеменді де тәуелсіз ел санатына қосылуы, қазақ тілінің мемлекеттік тіл
мәртебесіне ие болуы ана тіліміздің қолданылу аясының кеңеюіне жол ашып,
тіл білімі мамандары мен әдіскер ғалымдардың, оқытушылар қауымының алдына
үлкен міндеттер қойып отыр. Енді ана тілімізді шын мәніндегі мемлекеттік
тіл дәрежесіне көтеру үшін, қыруар шаруаларды шұғыл түрде іс жүзінде
асыруымыз қажет. Бұл шаралардың ішіндегі ең бір негізгісі қазақ
мектептеріндегі ана тілін оқыту ісін жаңа талаптарға сай жетілдіру,
оқушылардың ана тілінде шебер сөйлеп, өз ойын баяндау дағдыларын жаңа
дәрежеге көтеру болып табылады. Өйткені ұлттық бітім-болмыс, әдет-ғұрып,
халықтың рухани қазынасы мен салт-дәстүрі – бәрі-бәрі ұрпақтан-ұрпаққа
жетіп, сақталып отырады.
Бұрынғы Кеңес одағындағы, оның ішінде біздің республикамыздағы жас
ұрпаққа білім беру ісінде ұлттық ерекшеліктер ескерілмей, барлық мектеп бір
үлгіде белгіленіп, бірдей бағдарламалар арқылы оқытылғаны қазір ашық
айтылуда. Сондықтан да, соңғы жылдары, әсіресе еліміздің тәуелсіздігі
жарияланғаннан бергі жерде республикамызға тән мектеп тұжырымдамалары
жасалынып, білім берудің ұлттық-этнопсихологиялық негіздері белгіленуде.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің ҮІІ сессиясы тәуелсіз
мемлекетімізде жас ұрпаққа білім берудің дербес бағытын айқындап,
Қазақстан Республикасында білім беру туралы заң қабылдады. Бұл құжатта
республикада халыққа білім беру жүйесін жетілдіру мен қайта құрудың негізгі
принциптері айқындалып, болашақ даму бағыттары белгіленді. Заңда жас
ұрпаққа тәрбие беру жүйесінің басты мақсаттарының бірі ретінде мектепте
пәндерді, оның ішінде қазақ тілін оқытудың әдіс-тәсілдерін жетілдіріп отыру
қажеттігі атап көрсетілді. Қазақстан Республикасында білім беру туралы
заң.
Қазақ тілін үйрену ісі бірыңғай, үздіксіз білім беру жүйесіндегі ең
маңызды буын – балабақша мен бастауыш сыныптардан бастау алатыны белгілі.
Салиқалы білімнің көзі, саналы тәрбиенің өзі сәбилік кезеңнен бойға сіңеді;
тіл үйретуді жолға қоюды білім беру мен тәрбиелеудің түп негізі, іргетасы –
балабақшадан бастап қолға алу керек.
Ана тілін меңгермеген бала басқа ғылым салаларын оқуда үлкен кедергіге
кездеседі, өз сөзімен ойын толық жеткізе алмайды. Сондықтан Ана тілдің
басқа пәндердің бәріне қатысы бар және олардың нәтижелерін өзіне
жинастыратын басты, өзекті пән екені енді түсінікті емес пе? - деп, ұлы
педагог К.Д.Ушинский дәл көрсеткен. Бұл үзіндіден ана тілді оқытуды
жетілдіру, жақсарту мәселесінің маңыздылығын ғалымдар анық дәлелдеп
келгенін көреміз.
Ана тілді оқытуды жетілдіру, оқушының тілін дамыту алдымен ана тілді
оқыту әдістемесі ғылымының даму дәрежесіне байланысты.
Осы саладағы жұмыс әдістемесінің аздығы біріншіден, мұғалімдердің
жұмысын ауырлатады және мектептерде оқта-текте жүргізілген жұмыстың
салдарынан ойларын тиянақты да айқын айтып, жазып жеткізе білу дағдысына
төселе алмай қиналатын болады. Мұның өзі баланың ауызша сөйлеуінде немесе
шығарма жазуында сәтсіздіктер мен жайсыздықтарға душар етті, оны күнделікті
тәжірибемізде әрқайсымыз да байқап жүрміз. Демек, ана тілде дұрыс сөйлеп,
жазуға үйрету мәселесі, әсіресе, қазіргі кезде кімді болса да бейжай
қалдырмайтын, бәрімізді толғандыратын ең бір қиын да күрделі, көкейтесті
мәселе болып отырғаны баршамызға мәлім. Сондықтан бастауыш мектепте
мәселенің бүгінгі күнге дейін өз деңгейінде қарастырылмауы жұмысымыздың
тақырыбын 3-сыныпта оқушылардың тілін дамыту деп таңдауымызға себеп
болды.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш сыныптарда оқуышылардың тілін дамытудың
теориялық және әдістемелік жолдарын айқындау.
Зерттеу объектісі: Бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие үрдісі.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер 3-сынып оқушыларына білім беру
бағдарламалық талаптарға сай жүйелі жүргізілсе; олардың жас ерекшеліктеріне
сәйкес материалдарды сұрыптап, оны меңгертудің тиімді жолдары арқылы жүзеге
асырылса; оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етілсе, онда оқушылардың
тілін дамытуға негіз болады.
Зерттеудің міндеттері:
- бастауыш сыныптарда оқушылардың тілін дамытудың теориялық
негізін айқындау;
- сөз, сөз тіркесі мен сөйлемдермен жұмыс жүргізу жолдарын
анықтау;
- оқушылардың тілін дамытудың тиімді жолдарын саралау,
- өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтау, моделін құру;
Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселесіне байланысты теориялық және
әдістемелік еңбектерге ғылыми тұрғыда талдау жасау; бастауыш мектептің оқу-
тәрбие жұмыстарын бақылау; озат тәжірибелерді жинақтау; қорыту; сауалнама
жүргізу, оның нәтижелерін сұрыптау, оларды математикалық жағынан өңдеу.
Зерттеу нысаны: Жалаңаш қазақ орта мектебінде өткізілді. Тәжірибеге 40
оқушы, оның ішінде 20 оқушы эксперименттік, 20 оқушы бақылау тобына алынды.

Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
Зерттеу жұмысына оның нәтижелері туралы мәліметтерді көрнекі түрде
бейнеленген 3 кесте, 4 сурет орналасқан.

1. 3-сыныптарда оқушылардың тілін дамытудың теориялық
негіздері

1.1. Оқушылардың тілін дамытудың теориялық негіздері.

Қазақ халқы тіпті сонау ежелгі дәуірдің өзінде терең ой, сұлу
сезімдерін тілмен шебер өрнектеп, өзінің дақ түспеген таза зердесінде
сақтап, бүгінгі ұрпаққа жеткізді. Қазақ даласы – бүкіл түркі әлемнің қара
шаңырағы десек, сол туыс тілдер ішіндегі ең байырғысы да, көп өзгеріске
ұшырамаған тазасы да – қазақ тілі екендігі бұл күнде қандас бауырларымыз
түгелдей мойындауда. Олай болатыны: Тіл тас жарады, тас жармаса, бас
жарады деп түсінген бабаларымыз бұл өнерге айрықша мән берген. Оққа
тоқтамаған жерде сөзге тоқтаған. Қара қылды қақ жарған кемеңгер билеріміз
кезінде ердің құнын екі-ақ ауыз сөзбен шешкен екен. Ақындар мен шешендер
дау-талас, айтыс үстінде аталы сөзді аттап өтпей, сөзден сүрінгенін ерлерше
мойындап, Сөз тапқанға қолқа жоқ деп немесе Ой, тіліңе шоқ түссін! деп,
отыра кеткен деседі.
Сөз өнерінің ең құрметті, ең асыл өнер болғанын, оның құдіреті
данышпан Абайды таңғалдырып, Қазақтың өзгелерден тілі ұзын, Өткірдің
жүзі, кестенің бізі өрнегін сендей сала алмас дегізгенін онан әрі айта
түсуге болар еді. Бірақ әңгіме арнасы басқа болғандықтан, біз тек сөз
өнерінің, әсіресе, қазақтарда ерекше бағалағандығын, осы өнерге үйрену
сонау ерте кезден басталғанын еске алу ретінде ғана шегініс жасадық.
Өткен ғасырда қазақ даласына жер ауып келген поляк оқымыстысы Адольф
Янушкевич 1846 жылы өз күнделігіне былай деп жазған екен: Мен осыдан
бірнеше күн бұрын өзара дауласқан екі ру билерінің сөз сайысына куә болдым.
Цицерон мен Демосфеннің кім екенін өмірі естіп көрмеген шешендердің ғажайып
өнеріне қол соғуыма тура келді....
Қой асығы қолыңа жақса, сақа тұт, ақылы асса, бала да болса, аға тұт
деп, халық ойға ұста, тілге шешен адамды би деп көтермелеген. Зады Кісіге
қарап сөз алма, сөзіне қарап кісіні ал дейтін талғампаз халық би деген
атағына қарап, сөзін қабылдамаған, керісінше, сөзге жетік, ойға
жүйріктігіне қарап, би деп атайтын болған. Бұл жөнінде бүкіл Түркістаннан
шыққан жаңа тұрпатты тұңғыш ғалым, бар жаңаның басы, аз өмірінің ішінде
қыруар шаруа тындырған Шоқан Уәлиханов: Сот ғұрыптарына әбден жетік,
сонымен қатар тілге шешен қазақтар бұл құрметті атаққа би атағына –
С.Р. өз бетімен ие болып отырған, - дейді. [1]
Кезінде жәбір-жапа шегіп, сауатсыз, қараңғылықта жүрген халқының көзін
ашу, балаларын оқытып, білім беру үшін, жарғақ құлағы жастыққа тимей
еңбек еткен, мектеп ашып, оған өзі арнайы оқулық жазған ұлы ағартушы
Ы.Алтынсарин: Қазақ халқының сауатсыздығынан, қазақ тілінде басылған бір
де кітаптың жоқтығынан оқу орындарының мұғалімдері қазақ балаларын
оқытқанда, қазақ тілінің орнына татар тілін пайдаланып жүр. Бұл кітапты
құрастырғанда, мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы
отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ
балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат, жалпы халықтың оқуына
жарайтын кітап бола алу жағын көздедім..., [2] – деген-ді өзінің 1879
жылы шыққан Қазақ хрестоматиясының алғы сөзінде.
Халық арасындағы аңыз әңгімелер, кейбір қара өлең үлгілері, мақал-
мәтелдер, сондай-ақ автордың өзі басқа тілдерден аударған, жанынан қосқан
тәлімді әңгімелер топтастырылған қазақ тіліндегі алғашқы осы оқу құралында
Ы.Алтынсариннің тек тәрбиелік-дидактикалық мәселелерге ғана емес, қазақ
тілінің тазалығы мен сөздерді дұрыс қолданылуында да қатты мән бергенін
байқаймыз.
Кейбір еңбектерінде әдістемелік құрал санатына қосылып жүргенімен, шын
мәнінде, қазақ және орыс тілдерінің грамматикаларын салыстыра оқытуды
көздеген салыстырмалы сипатындағы алғашқы оқулық болып саналатын
Ы.Алтынсариннің екінші бір кітабы – Орыс тілін қазақтарға оқытудың
бастауыш құралы. Мұнда автор балалардың тілін дамытуға зор көңіл бөледі,
балаға сөз үйретудің, әсіресе, сөз мағыналарын үйретудің маңыздылығын айта
келіп: ... по нашему мнению, для киргизских (казахских – С.Р.) детей
прежде, нежели они приступят к чтению русских книг с объяснением
прочитанного, необходима некоторая систематическая подготовка к пониманию
как отдельных слов, так и основных грамматических правил. Без таких
предварительной подготовки, понятия учеников могут спутаться; дети не будут
в состоянии составить грамматической особенности, - [3] деп жазды осы
кітаптың алғы сөзінде.
Ы.Алтынсарин оқулығында балалардың сөздік қорын дамыту, олардың сөз
мағыналары туралы ұғымдарын кеңейту мақсатын көздей отырып, қолданылған
мұндай тәсілдер бастауыш мектептерге арналған оқулықтарда күні бүгінге
дейін пайдаланып келеді.
Қазақ тілі ғылымының, қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін салып,
ана тілдің жүйесін жан-жақты талдаған, алғашқы мектеп оқулықтарын жазған
ғұлама ғалым А.Байтұрсынов өзінің әдістемелік еңбектері – Баяншы мен Тіл
жұмсар кітапшаларында, Қай әдіс жақсы, Жалқылау (айырыңқы) әдіс,
Жалқылау-жалпылау әдіс, т.б. [4] мақалаларында оқытудың дыбыстық және
тұтас сөздік әдістерінің тиімділіктері мен кемшіліктерін талдап көрсетумен
бірге, оқушыларға сөз мағыналарын оқыту мәселесін де назардан тыс
қалдырмайды. Мысалы, автор қазақ тілінің табиғатына ең жақын оқыту әдісі
ретінде дыбыстық әдісті талдай келіп, оқушыларды оқуға үйретуге даярлау
кезеңінде алдымен сөз деген ұғымды түсіндіріп алудың маңыздылығына
тоқталады: Сөз деген ұғымды таныту үшін, оқытушы балаларға бір нәрсені
ататады. Оның атаған нәрсесі туралы өзі бір нәрсе айтып, неше сөзбен
айтылып тұрғанын сұрайды. Мәселен, балалар тақтай деген болса, оқытушы
тақтай үлкен дейді де, балалардан: Неше сөзбен айтылып жүр? деп
сұрайды. Осындай бірнеше сөздер, сөйлемдерді айтып, пысықтау арқылы сөз
деген ұғымды біліп алады.
Бұдан әрі автор оқушыларға дыбыс ұғымын, фонетикалық заңдылықтарды
меңгертуге балалардың сөз туралы алған түсінігіне сүйенудің маңыздылығын
атап өтеді. Сөздің дыбыстарын айыра білу – жазуға, кейінде дыбыстарды
құрастырып, сөз құра білу – ол соңыра оқуға керегі бар нәрсе. Демек,
А.Байтұрсынов балалардың ұғымындағы заттың, құбылыстың, қимылдың, түр-
түсінің, т.б. атауы түрінде ассоциацияланатын сөз туралы түсінікті тіл
жүйесі туралы дерексіз грамматикалық (фонетикалық, морфологиялық,
синтаксистік) ұғымдарды меңгерту үшін пайдаланды.
А.Байтұрсынов алғаш рет 1912 жылы Орынборда басылып, 1925 жылға дейін 7
басылымы жарық көрген [5] Оқу құралы (қазақша әлифба) әліппесінде
сөздердің дыбысталуы мен мағыналары арасындағы байланысын оқушыларға
дыбыстарды оқытудың тиімді әдісі ретінде алған. Мысалы, әліппеде Ө
дыбысына мынадай жаттығулар беріледі:
тос тол бол боз тоз тор жон
тон соз
төс төл бөл бөз төз төр жөн
төн сөз

ор он оң
өр өн өң

Қамыс ор. Қамшы өр. Өр сурет...
Өр дыбысын үйретуге арналған бұл жаттығудың бірінші бөлімі оқушыларға
бұрыннан таныс сөз мағыналары көмегімен ө, о дыбыстарының
ерекшеліктерін аңғартуға арналса, екінші бөлімі ор, өрсөздерінің әр түрлі
мағынада қолданылатынын байқатуға арналған:
Қамыс ор (етістік) Тайыз ор (зат есім)
Қамшы өр (етістік) Өр суат (зат есім)

Сондай-ақ, А.Байтұрсынов осы Әліппесінде барлық дыбыстарды өтіп болған
соң, балалардың оқып-үйренуіне лайық танымдық материалдар ұсынады. Туысқан-
туған іліктес, Киімдер, Ойын-ойыншықтар, Тамақтар-сусындар, Дене
мүшелері, Үй саймандары, Ыдыс-аяқ, Малдар аты, Малдан басқа төрт
аяқтылар, Ыдыс-аяқ, Малдар аты, Малдан басқа төрт аяқтылар,
Құстар, Бақа-шаян, Құрт-құмырсқа, Жер жүзінің аттары т.б.
тақырыптарына қарап-ақ, берілген материалдардың тек балалардың дүниетанымын
кеңейту мақсатын ғана көздемей, олардың сөздік қорларын байытып, тілін
дамытуға арналғанын байқау қиын емес.
А.Байтұрсынов 1926 жылы қазіргі әліппелердей суреттермен безендірілген
жаңа Әліппе жазып, баспадан шығарады. Дыбыспен және тұтас сөзбен оқыту
әдісіне негізделген бұл жаңа құрал бұрынғы Оқу құралымен салыстырғанда,
бастауыш сынып балаларының ойлау деңгейіне лайық ойын (ермек-еңбек)
түрлерінің молдығымен, көрнекі безендірілуімен, жаңылтпаштар, мақал-
мәтелдер, жұмбақтар тәрізді ауыз әдебиеті нұсқалараны жиі пайдалануымен
ерекшеленеді. Балалардың сөздік қорын дамытып, олардың назарын сөз
мағыналарына ауларуды көздейтін жұмыс түрлері де бұл жаңа құралда күрделене
түскен. Әсіресе, берілген сөздерден оқушылардың өздеріне жаңылтпаш
құратқызуды немесе берілген күрделі жаңылтпашты айтқызуды көздеген
жаттығуларды ұсынғандағы автордың бір мақсаты – балалардың тідін дамыту
екендігі талас туғызбайды. Мысалы:

Қаз арық Қазы арық
Таза арық Тазы арық

деген сөйлемдерден жаңылтпаш құрастыру барысында оқушылардың қаз-қазы,
таза-тазы, арық (сын есім) – арық (зат есім) сөздерінің мағыналарын
аңғарып, тілдерін дамытатыны сөзсіз.
Немесе
Асат атам ас асатар,
Ас асатса, аз асатар

жаңылтпашын айту кезінде балалар Асат (адамның аты) – асат (етістік)
сөздерінің айтылуы ұқсас (омоним) болып тұрғанын байқар еді.
Осы жаңа Әліппеде балаларға сөз үйретіп, бұл сөздерді қолдана білуге
дағдыландыру мақсатымен А.Байтұрсынов жаттығулардың жаңа үлгісін жиі
пайдаланады. Бұл үлгіде алдымен бірқатар сөздер мағыналарына орай
топтастырылып беріледі де, іле-шала осы сөздер қолданылған мәтін
келтіріледі. Мысалы:

Елек, шелек, кесе – ыдыс
Есек, теке, серке – мал
Шешек – ауру
Терек – ағаш

Осы сөздер Теке мен серке мәтінінде сөйлем ішінде қолданылады.
Сондай-ақ автор жаңа Әліппесінде жиі берген мақал-мәтелдерді,
оқушыларға мағынасы түсініксіз болуы мүмкін сөздердің мағыналарын
түсіндіріп отыруы да ескерген. Мысалы:

Ылғи қойшы болсаңдар, құл боларсың,
Ылғи тойшы болсаңдар, қу боларсың.

(Қу - кедей мағынасында).
А.Байтұрсынов әліппелерінде өзге оқыту мақсаттарымен бірге, оқушыларды
сөздің мағыналарын аңғарып, дұрыс қолдана білуге баулу, тіл дамыту мақсатын
көздейтін жаттығу үлгілерін көптеп кездестіруге болады. Ағартушы ғалымның
үш кітаптан тұратын Тіл құралы оқулығында оқушылардың сөздік қорын
байытуға, сөйлеу дағдысын дамытуға арналған жаттығулар мол. Қазақ
балаларының (сондай-ақ ересектерінің де) ана тілінде сауатын ашуына
арналған алғашқы әліппелерінде ғалым-ұстаз қазақ тілінің грамматикалық
жүйесін мектепте ғылыми тұрғыдан оқытуды, оқушыларға ана тілдің шұрайлы
байлығын танытуды, оларға сөз үйрету, сөз мағыналарының әр түрлі қырларн
аңғартудың бір сәт те есінен шығармаған.
А.Байтұрсынов қалыптастырған жаттығу үлгілері мен оқыту әдістері
кейінгі оқулықтар мен әдістемелік еңбектерде одан әрі тереңдетіліп, қазіргі
кезге дейін қолданылып келеді.
Осы жылдары журнал беттерінде шыққан мақалалар да оқушылардың тілін
дамыту мәселелеріне әжептәуір көңіл бөлінгенін байқаймыз. Бұл жөнінде
Ә.Сытдықовтың Оқу-жазуға үйретуде психология не айтады? деген мақаласын
атауға болады. [8] Автор бұл мақалада балаларға оқығанда, жазғанда, көп
салмақ түсетінін (көру, есту, сөйлу мүшелері, қолы, саусақтары, мидың 4
түбегі бірдей қызмет істейтінін) айтып, оқуға, жазуға үйрету кезеңін 5-ке
бөледі: 1) көру, есту, сөйлеу, ойлау мүшелерінің қызметі қолдың қимылымен
байланысты. Күштің көбі қол жаттықтыруға кетеді. 2) Оқушы сөздің, сөйлемнің
мазмұнын тез айыруға дағдыланады. Бұл кезде мұғалімнің көмегі керек. 3)
Оқушы өз бетімен оқып, шығарманың мазмұнын түсінеді, өз ойынан шығарып, сөз
жазу басталады. 4) Оқыған нәрсені жазады. 5) Сауалнама, қолхат сияқтыны
жазады.
Аманжолұлы Сәрсеннің Мектепте ана тілді оқытудың мақсаты, оның маңызы
деген мақаласында тіл сабағының мақсаты әңгімеленеді. Ана тілді оқу тек
оқу үшін керек. Балалар ана тілдің жобаларын, қағидаларын судай жаттап
алулары шарт емес, оны іс жүзінде, тәжірибеде пайдалана алса ғана, толық
білгенге саналады, - [7] дейді автор.
Ана тілді мектептерде оқыту әдістенрін зерттеп, нақты әдістемелік
еңбектер берген белгілі әдіскер – Шамғали Сарыбайұлы. Ғалымның бастауыш
сыныптарда Қазақ тілін оқыту жұмысына, орта мектеп оқушыларына
грамматикалық ұғымдарды меңгерту әдістеріне арналған еңбектерінде
балалардың тілін дамытуға қатысты айтылған құнды ойлар бар. Мысалы,
Ш.Х.Сарыбаев өзінің 3-кластың қазақ тілі оқулығына бастауыш сынып
оқушыларына Түбірлес сөздер тақырыбын түсіндірудің тиімді жолдарына
тоқтала келіп, тіл дамыту үшін, түбірлес сөздер мен омонимдердің бір-
бірінен өзгешелігін аңғартуға ерекше назар аудару қажеттігін айтады.
Ш.Сарыбаев еңбектерінде тіл дамыту, жаңа сөздердің мағыналарын
оқушыларға меңгерту, сөздік жұмысын жүргізу мәселелеріне қатысты пікірлер
мол ұшырасады. Мысалы, зерттеуші өзінің Қазақ тілі методикасының кейбір
мәселелері деп аталатын еңбегінде оқушыларға емле ережелерін үйрету
жолдарын талдау барысында жаңа сөздерді меңгерту жолдарына да тоқталады.
Ол сөздердің жазылуын меңгерту үшін, - деп жазады автор, - төмендегідей
әдістерді қолданамыз:
1. Күнделікті оқыған газет, журналдарда кездестірген советтік-
интернационалистік сөздерді тергізіп, оны күн сайын тексеріп отырамыз.
2. Сол теріліп келген сөздерді алфавит тәрітібіне келтіріп жазуды
тапсырамыз.
3. Кейін алфавит тәтібіне енген сөздерді сөздік ретінде алуды тапсырамыз.
4. Сөздік ретінде алынғандардың мағыналарын сөздіктерден қарап, олардың
мағынасын біліп келуді тапсырамыз.
5. Ішіне сол сөздер енген сөйлемдерді толтырып жаздырамыз.
6. Оқытып жатқан грамматикалық тақырыпқа байланыстырып, мысалды оқушылардың
сөздіктерінен аламыз. Оқып отырған кітаптардағы емлесі қиын терминдік
сөздердің жазылуын байқата оқытамыз, азырақ байқата отырып, кейін кітапты
жапқызып, жаңағы көрген терминдерін екінші бір оқушыға диктант ретінде
айтқызып, дәптерлеріне жаздырамыз.
Ғалымның бұл пікірінің тек термин сөздерді меңгертуге ғана емес, жаңа
сөздердің мағыналарын оқушылардың сөздік қорына берік орнықтыруға, сөйтіп,
олардың тілін дамытуға да қатысы бар.
Ал Ш.Сарыбайұлының Жаздырып үйрету әдістері, Күнделіктің керектер
деген еңбектерінің оқушылардың тілін дамытуға тікелей қатысы бар.
Автор бұл еңбектерінде жалпы шығарма жазу жөнінде, жоспар жасау,
мәтіндегі І жақта берілген сөйлемдерді ІІ жаққа айналдырып айту, жазу,
сондай-ақ жазып үйрену, іс қағаздарына үйрену, т.б. мәселелер жөнінде алғаш
рет сөз қозғай тұрса да, көбіне сауаттылыққа үйренуге көңіл аударады. Мұның
себебі сол кездегі араб әрпінен латын әрпіне көшумен байланысты болса
керек. Автордың екінші еңбегін атау себебіміз – кітаптың бірінші бетінде:
Ауызша және жазуша тіл дамытудың, баяндама, тезис, конспект мақалалар
жазудың техникасы жөнінде құрал делінген. Бірақ кітаптың мазмұнымен
танысқанымызда, ол әрі үлкендерге арналған, әрі орысшадан аударған екен.
Сондықтан, бұл еңбектерді талдаудың қажеті жоқ деп есептеп, тек атап өтумен
ғана шектелдік.
Бастауыш мектеп оқушыларының сауаттылығын арттырып, тілдерін дамыту
жұмыстары әңгімеленген құнды еңбек – профессор Қ.Жұбановтың редакциясымен
шыққан Бастауыш мектептегі қазақ тілінің әдісі деген кітап. Мұнда ана
тілдің мақсаты дұрыс көрсетіле келіп, тіл ширату жұмысына мына сияқты
талап қойылады: Бастауыш мектепті бітіріп шыққан бала... оқығанын,
есіткенін қысқаша, түсінікті етіп жаза алатын болсын. Онан әрі тіл ширату
жұмысының түрлері (сұрауға жауап беру, оқығанды айту, тақырып қою, суретті
пайдалана сөйлеу т.б.) қысқаша түрде аталып өтеді.
Кітаптың тіл ширату бөлімінен гөрі Сауаттандыру, жазуға үйрету
бөлімдері жақсы жазылған. [11]
Ендігі бір көңіл аударатын еңбек – С.Жиенбаевтың Бастауыш мектепте
кітап оқыту методикасы (ол кезде осылай алынған) кітабы. 31 беттік бұл
шағын еңбекте оқығанды балалардың қабылдауы оқу әдісіне байланысты екенін,
әсіресе, мәнерлеп оқудың маңызын дұрыс көрсеткен. Оқығанды талдау
(әңгімелесу, мазмұндама, қорытынды шығару) жұмыстарының түрлерін анықтай
келіп, Салалы сөз сөйлеуді үйрететін жұмыс – мазмұндау жұмысы екенін
айтады. Кітапта мазмұндама мен шығарма жаздырудың орны былайша белгіленген:
... тіл дамыту жұмысы, оның ішінде жазба сөзге жаттықтыру жұмысы мектепте
зор орын алады. Жазба сөзге жетілдіру үшін істелетін жұмыстың ең маңыздысы
– мазмұндама, шығарма жаздыру. Кітапта оқулықтардағы бар суреттерді
пайдалану, шығарманы талдау үлгілері, сөздік жүргізу сияқтылар да
әңгімеленеді. [12] Сондықтан бұл кітапты тіл дамыту жұмысын зерттегенде,
басшылыққа алынатын құралдардың бірі деп есептейміз. Әрине, кітаптың әр
көлемі шағын, әрі әңгімелеп отырған объектісі – кітап оқыту әдістемесі
болғандықтан, тіл дамыту жұмысының оқуға байланысты түрлері ғана сөз
етілген, оның өзі де толық қамтылмаған.
С.Жиенбаева – алғаш рет мектепте тіл дамыту жұмысының ауызша, жазуша
болып бөлінетін жігін ашып, оның әрқайсысына жататын жұмыс түрлерін, бұл
жұмыстардағы ой жүйесі мен сөз қолданудың мәнін көрсеткен әдістер.
Бастауыш мектепте тіл дамыту жұмысын жүргізуге едәуір үлес қосып, бұл
жұмыстың қадір-қасиетін мұғалімдер жұртшылығына танытуға тырысқан әдіскер –
Ғ.Бегалиев. Ол өзінің Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының
мәселелері атты көлемді еңбегінде тіл дамыту жұмысының түрлерін, оған
қойылатын талаптарды, сөздік жұмысының маңызы мен оны жүргізу жолдарын әр
қырынан белгіледі. [13]
Автор ең алдымен, сауат ашу кезеңінде әр түрлі дыбыстарды меңгеру үшін,
оқушылардың сөздік қорындағы бұрыннан бар сөздерді оңтайлы пайдаланудың
маңыздылығын айта отырып, осы әдіс тиімді қолданылған бірнеше сабақ
үлгілерін келтіреді. Мысалы, (сабақ үлгілері мұғалім атынан баяндалады):
... Мен сөздің басқа дыбыстарын айтамын, сендер аяғына ш дыбысын қосып
айтыңдар, бірақ мағыналы сөз болып шықсын. А (ш), ша (ш), қа (ш). Мен
сөздің бірінші буынын айтамын, сендер соған ш дыбысынан басталған бір
буын қосып айтыңдар, бірақ мағыналы сөз болып шықсын. Ар (ша) – Ол қайда
өседі? Ала (ша) – Оны неден тоқиды? Ал (ша) – Оны кісі жей ме? Үлкендігі
қандай? Оқушыларға ш дыбысын меңгертудің осындай тәсілін ұсына отырып,
бір жағынан, балалардың сөздік қорындағы сөздердің мағынасын пысықтауды
көздесе, екінші жағынан, осы пысықталған мағынаны дыбыс туралы жаңа
түсінікті меңгерту үшін, сөз үйрету, үйренген сөздерді бекіту үшін, оңтайлы
қолданған. Енді бұл тәсілді автордың Д дыбысын оқуға қатысты қалай
қолданатынына назар аударып көрейік: ... Кісі аты болсын, қай сөз болсын,
д дыбысынан басталған сөздер тауып айтыңдар (дала, доп, дос, доға, Досан,
Данаш, домбыра). Д дыбысы сөздің ортасында келетін сөздер тауып айтыңдар
(адам, адыр, орындық, сандық, ондық, жолдас, Қодар).
Бұдан әрі автор бірінші сыныптағы грамматика я емле материалының
түріне қарай ұйымдастырылатын сабақтың құрылысын екіге бөледі:
а) сөздерді мағына жағынан талдау жолымен жүргізілетін сабақ;
ә) мағыналық талдауға және есту қабілетіне сүйене жүргізілетін сабақ.
Бұл сабақтардың екеуінде де түсіндірілетін грамматикалық ұғым немесе
емлелік ереже сөз мағыналарын талдауға сүйенілетінін айта келіп, ғалым өз
пікірін нақты мысалмен тұжырымдап отырады. Мысалы, ... О мен Ө дыбыстары
(1 класс). Бұл екі дыбысты бір-біріне ұқсас оны есту арқылы және айтылуда
бір-біріне ұқсас болғанмен, олар сөз мағынасын өзгеретінін байқау арқылы
айыруға болады: тор-төр, жон-жөн, боз-бөз.
Ғ.Бегалиев Бастауыш класта қазақ тілі методикасының мәселелері
кітабында бастауыш сыныптарда жүргізілетін сөздік жұмысын 8 түрге бөледі:
заттың атын білдіретін сөздерді топтастыру (мектеп саймандары, оқу
құралдары, балалардың киімі, көшеде не болады, қырманда не болады, өзенде
не болады? т.б.); заттардың мезгілдік, кеңістік байланысына қарай айырту
(тоғайда не өседі, қыстыгүні не болады, жаздыгүні не болады? т.б.) заттарды
ұқсаса белгілері мен амалдарына қарай топтастыру (Қай мақұлық бауырымен
жорғалайды? Не ұшады? Қандай заттар ақ, қара, жасыл, сары, қызыл болады?
т.б.); бер заттың белгісін немесе амалын анықтау (алма – домалақ, қызыл,
тәтті, хош иісті,; жылқы – жүреді, шабады, кісінейді, т.б.); синоним
сөздерге байланысты сөздік жұмысы (құйғып жөнелді, оқтап зымырап келеді
деген мысалдар келтірілген); ауыспалы мағынадағы сөздермен байланысты
сөздік жұмысы (көзі оттай жанады, жел ұлиды, жаңбыр сабалап құйып тұр, тау
қойнында, күн нұры төгілді); терминдермен және түбірлес сөздермен таныстыру
(екінші дүниежүзілік соғыспен байланысты таралған соғыс терминдері: рота,
пулемет, жауынгер, секунд, т.б. және су, сушы, суат, сусын, сулық сияқты
түбірлес сөздер мысалға келтірілген); баланың сөздігін байыту сабағы
(кітапта мұндай сабақтың үлгісі беріліп, жоғарыдағы жұмыс түрлерін жинақтап
қолданудың әдісі көрсетіледі).
Сондай-ақ овтор осы еңбегінде бастауыш сыныптарда жүргізілетін сөздік
жұмысының бірте-бірте күрделене түсуі қажеттігін айта келіп, әр сыныпта
орындалатын жұмыс түрлерін нақтылы көрсетеді: 1-класс. 1. Заттардың
мәнісіне қарай топтап айырту. Топтағы жазылған сөздерден ең әуелі бір
түріне жататаны сөздерді, содан кейін басқаларын теріп жаздыру. 2. Бір
топқа жататын ұғымдардың жалпылама атын тақтаға жазып қойып, сол топқа
жататаны жеке ұғымдардың атын жаздыру. 3. Жалпылауыш зат есімдерді одан да
гөрі жалпылап білдіретін сөздермен ауыстырып жаздыру. Бидай, сұлы, тары,
жүгері - ... Қой, ешкі, жылқы, түйе - ... (мал, астық ...).
2-класс: 1-кластағы сөздік жұмысының түрлері 2-класта да жүргізіледі.
Сонымен қабат мынадай белгісі бар сөздерді тізім ішінен іріктеп алу
(Тоғайда, бақшада, жеміс бағында не өседі? Ксі жаздыгүні не киеді,
қыстыгүні не киеді?); дәнді астықтардың атын (бидай, тары, сұлы, т.б.)
жазу; адамның дене мүшелерінің атын жазу, т.б. қарсы мағыналы сөздер
тапқызу. 3 – 4-кластар: 1. Тақырып-тақырып бойынша сөздік жасау. 2. Мәндес
сөздер жасау (жүргізу, шабу, үкідей ұшу); қарсы мәндес сөздер жинау (ыстық-
суық, жаман-жақсы, ұзын-қысқа); лебіздік түрі бір, мағынасы басқа сөздер
жинау; ат (жылқы), ат (мылтық ат), ат (біреудің есімі); ауыспалы мағынада
қолданылған сөздер жинау (алтын заң, ай күлімдеп), теңеу сөздер жинау
(кейде ұлыған аң сияқты, кейде жылайды баладай, жолаушыдай кешеу қалған).
Ғ.Бегалиев еңбектерінде бастауыш сынып оқушыларының тілін ұстартуға,
оларға сөз мағыналары туралы түсінік беруге қатысты ойлар Ана тіл пәнін
оқу барысында кездесетін оқушыларға түсініксіз сөздерді 5 түрге бөледі:
1. Затты, сынды, я амалды білдіретін кейбір сөздерді оқушылар мүлде
білмйді. Мысалы: маусым, сонар, бетегелі, маужырау.
2. Оқылатын текстіде кездескен кейбір затты, сынды, я амалды көрсететін
сөздерді оқушылар біледі, бірақ, сол затты, сынды, амалды әдеби тілімізде
қолданатын, жалпыға ортақатаумен атауды білмейді, тек төңірегіндегілер
білетін атымен немесе жергілікті атымен атайды. Мәселен, текстіде шалбар,
дуал, алжпқыш, ықтық деген сөздер бар, бірақ оқушы сым, белдемше, аптап
деген аттарын ғана біледі, өйткені олардың төңірегіндегілер солай деп
атайды.
3. Оқушы кезескен сөздің негізгі мағынасын біледі, бірақ сол сөзге
жұрнақ жалғанғанда немесе сөз тізбегінде айтылғанда, мағынасында ұандай
өзгешелік болатынын айыра алмайды: құладым – құлап кете жаздадым, көл –
көлшік, жылы – жылылау, ат – атақ, оқылады – оқылған, оқимын – оқып отырмын
деген сөздердің арасындағы айырманы дәлдеп білмейді.
4. Кездескен сөздепрдің тура мағынасын (бірме-бір мағынасын) біледі,
бірақ сол сөздің бұрама мағынасын білмейді. Мысалы, құс ұшты – Сәрсен
үкідей ұшты, қолымды сермедім – қолымды кеш сермедім.
5. Мәтінде кездескен кейбір сөздердің мағынасын білмеуі мүмкін. Мысалы:
көз тоймаушылылық, күншілдік, әуестік, құмарлық, ұрыншақ, сосаны, т.б.
Автор өз ойын одан әрі сабақтай келіп, оқушыларға түсініксіз сөз
мағыналарын түсіндірудің 7 түрлі әдіс-тәсілін ұсынады:
1. Балаларға таныс емес сөздер белгілі бір затты блдіретін болса,
сол заттың өзін көрсету керек, егер дерексіз ұғым болатын болса,
анықтау жолымен түсіндіру керек.
2. Мәтінде айтылып отырған затты балалар білгенмен, сирек
қолданылатын атымен білетін болса, сол сөздерді түсіндіргенде,
балаларға осыны ескертіп, заттыоларға таныс атымен айтып
түсіндіру қажет.
3. Мәтінде кездескен сөз білдіріп тұрған заттың не екенін балалар
дәл білмегенмен, жалпы түрін білетін болса, сол білгенімен-ақ
қанағаттану керек.
4. Түбір сөзге жалғанып, оған қосымша мән беретін жұрнақтардың
мағынасын түсіндіру керек болғанда, сол жұрнақтың мағынасын
білдіретін екі-үш келтіру керек.
5. Бірсыпыра сөздердің мағынасын түсіндіргенде, сол сөздер
түбірінің мағынасын талдап барып түсіндіру қажет.
6. Дерексіз сөздердің мағынасын түсіндіргенде, оқылып кеткен
шығармаларды пайдалана отырып, нақтылы мысалдар келтіру керек.
7. Бейнелі сөздер мен сөйлемдерді және бұрма мағынадағы сөздерді
түсіндіргенде, сол сөздер мен сөйлемдердің орнына оқушыларға
таныс түсінікті сөздер келтіру керек.
Автор алғашқы кезде 1-2 сыныптарда жазбаша шығарма, мазмұндама
жұмыстарын жүргізуге болмайтынын айтып, яғни: Бастуыш мектептің жазу
жұмыстарында Оқушыарды ойдан шығарып жазуға және мазмұндамаға (оқып
шыққанды, ауызекі айтқанды оқушылардың өз сөзімен жазуы) үйрету жоқ десе
болғандай , - деген пікірде болып, Бастауыш мектепте тіл дамыту еңбегін
3-4 сыныптарға ғана арнаған. [13]
Қорыта айтқанда, Ғ.Бегалиев – бастауыш мектептегі Қазақ тілі, Ана
тілі, Тіл дамыту сабақтары барысында оқушылардың тілін ұстартудың
маңыздылығын көрсете келіп, оқыту әдістерін ұсынған әдіскер-ғалым.
Балалардың тілін жетілдіру жұмысын оқудың бірінші күнінен бастап
жүргізу керектігін мойындап, 2-сыныпта мақаладан түсінгенін жазуға,
мақаланың мазмұнына еліктеп, шығарма жазуға үйрету жұмыстарын жүргізудің
әдістерін көрсеткен келесі бір әдіскер - Әлішер Садуақасов.
Тіл дамыту жұмысына тікелей қажетті құралдардың бірі – мазмұндама
мәтіндерінің жинағы. Оның мұғалімдерге тигізер пайдасы мен маңызының зор
екені бәрімізге белгілі Бірақ оқулықпен парапар осы құралдың шығуы тым
сирек.
Сонымен қазақ бастауыш мектептерінде сауат ашу, ана тіл мен
грамматиканы оқыту әдістемесіне арналған еңбектердегі оқушылардың тілін
ұстарту мәселесінің қарастырылуына шолу жасай келіп, мынадай қорытынды ой
түйе аламыз:
1. Қазақ бастауыш мектептерінде ана тіл мен грамматиканы оқыту
ісінің бастапқы кезеңінде-ақ оқыту әдістемесінің негізін қалаған
ғалымдар (А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, т.б.) балаларға
сөз мағыналарын үйретпейінше, тілін дамытуға, оларды дұрыс
сөйлеуге үйретуге болмайтынын айтып, бұл бағытта жүргізілетін
жұмыстардың үлгілерін ұсынған.
2. Ана тіл мен грамматика сабақтарныда оқушыладың тілін ұстарту
жұмысы сөздік жүргізу, сөйлеуге үйрету 30-40 жылдардағы
әдістемелік еңбектерде (С.Жиенбаев, Ғ.Бегалиев, Ш.Сарыбаев) тіл
ширату, мәтінді түсініп оқуға баулу, грамматикалық ұғымдар беру
жұмыстарының құрамында қарастырылса, 40-60 жылдар аралығында
оқушыладың теориялық білім алуына баса назар аударылады.
3. Бастауыш мектеп оқулықтары бойынша тіл ұстарту жұмыстары қазіргі
кезге дейінгі әдістемелік еңбектер мен үш бағыт бойынша
жүргізілегн зерттеулерде былайша сараланып келеді: сауат ашу және
тіл дамыту; грамматика және тіл дамыту; оқу және тіл дамыту
(яғни, балаларды сауаттандыру, дыбыс, әріптерді үйрету барысында
және оқу дағдыларын қалыптастырып, жетілдіру, мәтіндермен жұмыс
жасау барысында).
4. Бірақ бастауыш сыныптарда оқушылардың ауызша, жазбаша тілін
дамыту мәселесі арнайы зерттеу объектісі ретінде емес, өзге
мақсаттар аясында қарастырылғандықтан, айтылған пікірлер жеке
ойлар түрінде қаралып, жүйелі зерттеулер жүргізілмеген.
5. Демек, ең алдымен, жоғарыда айтылған пікірлерді бір жүйеге салып,
мектепте оқушылардың тілін ұстарту ісінің жалпы желісін – негізгі
тірегін анықтап алу қажет. Сонда ғана қазіргі мектептегі, ана
тіліміздегі болып жатқан өзгерістерді есепке ала отырып,
тілдамыту әдістемесін жеке-жеке салалар бойынша тереңдете
зерттеуге болады деп ойлаймыз.

1.2. Тіл дамытудың мақсаты және мазмұны мен жүйесі

Қазақтың бастауыш мектебінде басқа білімдермен қатар қазақ тілінің
наху, сарфы да үйретілерге керек, - деп, А.Байтұрсынов көрсеткендей, ана
тілді үйретуді жолға қою 1-сыныптан басталады. [4]
Балаларды мектепте оқыту мақсаттарының бірі – олардың тілін дамыту
жұмысы екенін чех педагогы Я.А.Коменский: Образование должно и
обрабатывать ум для мудрости, язык для красноречия, руки для исполнения
необходимых действий, - деп сипаттаған болатын. [14]
Ресейде тіл ұстарту жұмысын мектептерде белгілі бір жүйемен жүргізу
қажеттігі жөнінде әдістемелік нұсқаулар беріп, балаларды өз ойын ауызша,
жазбаша білдіруге үйретудің маңызын көрсеткен оқымысты Ф.И.Буслаев
көрінеді.
Ал оқушылар тілін ұстарту әдістемесінің негізін салып, оны өз алдына
ғылым ретінде қалыптастыру қажеттігін анықтап берген – орыстың ұлы педагогі
К.Д.Ушинский.
К.Д.Ушинский ең алдымен бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамытумен
байланысты жаттығу жұмыстарыынң жүйесін құрды. Ол жаттығулардың сатылары
мынадай: 1) бақыланған заттарды атау; 2) іс мақалаларын мазмұндау; 3)
заттарды салыстыру; 4) сипаттау; 5) болған оқиға жөнінде әңгіме құру.
Педагог-ғалым логикалық ойлаудың жай түрлерінен бірте-бірте
күрделісіне, жай сипаттаудан баспалдақтай отырып, хабарлауға көшу дұрыс
екенін айта келіп: Самое полное знакомство с богатствами народной
словестной и самое глубокое значение грамматики, хотя могут обогатить ум
учащегося, но не разовых в нем дар слова, если эта душевная сила в свое
время была лишена достаточных урпажнений, - дейді де, тіл ұстарту жұмысы
жөніндегі жатығулардың мынадай болу керектігін көрсетеді: [15]
1. Белгілі тақырыпқа әңгіме құру; оны алғашқы сабақтарда-ақ жүргізіп,
бірте-бірте кеңейте беру керек.
2. Тіл ұстарту жаттығулары жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Әрбір жаңа
жаттығу өткен жаттығумен тығыз байланысып, сол жаттығуға
негізделіп, балаларды бірте-бірте ілгері ұмтылуға жетектей беруі
қажет.
3. Балалар аз-аздан үйренсін, бірақ білгендерінен айырылмай, қайта оны
тақырыпты меңгеріп алуға пайдаланатын болсын.
4. Балалардың тілі дамыған сайын, мұғалімнің жетекшіліг азайып,
жаттығуларды балалар өз беттерімен орындасын. Алғашқы жаттығуларда
мұғалім балаларға бақылау үлгісін көрсетіп, ойын жетектеп, тиісті
сөздерді ауыздарына салып, басшылық жұмысын қамтамасыз етіп
отырсын.
Осындай озат пікірдің лебін қазақ даласына тұңғыш рет жеткізген адам
қазақ халқының ұлы педагогі Ыбырай Алтынсарин болды.
Ыбырай қазақ тілінде ең алғаш оқу кітабын жасады. Бұл кітапты ыбырай
тілді шұбырлаған араб, парсы сөздерінен құтылу мақсатында орыс алфавитімен
жазды. Орыс алфавитін қолданумен байланысты қазақ тілі орынсыз кірген
араб, шағатай сөздерінен тазарады. Орыс әрпімен жазғанымызда, сөзіміз дұрыс
жазылатын болады. Қазір молдалар оқытып жүрген араб, парсы, татар тілінде
шыққан діни кітаптар бізді кері кетіреді. Таза ойымызды кірлетеді,
басымызды құммен толтырады, таза тілімізді шұбырлайды, - деді ол өз
кітабында.
Ыбырай 1862 жылы Н.И.Ильминскийге жазған хатында: Сіз қазақтың табиғи
тілін бұзатын татаризмге өте қарсы екенсіз, ал мен де көптен бері осы
пікірде болатынмын... Молдалар өздерінің адам басын қатыратын ерекше
қасиеттерінің үстіне, қазақтың табиғи тілін бұзып жүр. Басқа халықтар
сияқты, қазақтарға да олардың өздеріне түсінікті тілде жазылған, оқығанда,
ақыл беріп, ой түсіретін кітаптар керек, - дейді.
Ы.Алтынсариннің еңбектерімен, хаттарымен танысқанымызда, олардың қай-
қайсысында болсын, туған халқына, таза ана тіліне деген сүйіспеншілігі
көрініп тұрады. Жоғарыда келтірілген пікірлері мен Қазақ хрестоматиясына
енгізген материалдарына қарағанда, ұлы педагог балаларды жалпы білімдік
мәні бар мақалалармен таныстырып, олардың ақыл-ойы мен тілін ұстарту жағын
ескергенін көреміз.
Қазақ хрестоматиясына енгізген бірқатар әңгімелерді К.Д.Ушинский мен
И.И.Паульсон, И.А.Крылов пен Л.Н.Толстой шығармаларының үлгісімен Ыбырайдың
өзі жазып, ал олардың кейбір қызғылықтарын қазақ тіліне өзі аударып беруі –
орыстың сол кездегі прогресшіл педагогтері мен жазушылары идеяларының қазақ
мектептерінде орын алуына толық айғақ.
Тіл дамыту сөзі термин ретінде қазақ тіліне 1930 жылдары жазылған
әдістемелік еңбектерден бастап ене бастайды. Алайда ертеректе шыққан
оқулықтар мен әдістемелік құралдарда тіл дамыту, тіл ширату,
оқушыладың тілін жетілдіру, сөз байлығын арттыру деп, әркім өзінше
қолданады.
Осы жылдары М.Әуезов жасаған қазақ әдебиетінің мектеп бағдарламасында
Оқуға жаттығу, Жазу тіліне жаттығу, Сөйлеу тіліне жаттығу деген
арнайы түсініктер беріле келе, тіл дамыту жұмысының жүйелілігі мен
сабақтастығына баса назар аударылды. Бірақ осы терминдердің ішінен тіл
дамыту терминін қолданудың дұрыс екенін алғаш рет С.Жиенбаев дәлелдеген.
Содан бері осы термин қазақ тілі мен әдебиеті әдістемесінде біркелкі
қалыптасты деуге болады.
Біз де осыны қолдап, еңбегімізде тіл дамыту терминін қолданып
отырмыз, өйткені тіл ширату балаладың білетін пассив сөздерін
активтендіру мақсатын көздесе, тіл жетілдіру (усовершенствование) көбіне
баланың тілін түзету мағынасында қолданылады. Ал сөз байлығын арттыру -
сөздікке ғана қатысты. Біздің ойымызша, тіл дамыту термині осылардың
барлығын қамтиды.
Сонымен, тіл дамыту деп – балалардың сөздік қорын байытуға, мағынасын
түсініп, сол сөздерді дәл қолдана білуге, өз ойларын, пікірлерін екінші
біреуге жеке сөйлемдер арқылы, логикалық, композициялық тұтастығын сақтай
отырып, жүйелі түрде әңгімелеу арқылы ауызша, жазуша дұрыс білдіруге, яғни
нәрсенің жайын-күйін, түрін, түсін, ісін сөзбен келістіріп айтып беруге
үйрету жұмысын айтамыз.
Бастауыш мектепте үйретілетін тіл дамыту жұмысы негізінен мынандай
мақсаттарды көздейді:
1. Оқушылардың бақылағыштық, ойлау қабілетері мен тілін, дүниетанымын
дамыту, әр нәрсені салыстыра талдап, жинақтап, жалпылап, нақтылап,
салыстыру негізінде балаларды өз беттерімен қортыныды шығара білуге
үйрету.
2. Оқушы бойында қазақ тілі нормасына сай, өз сезімін, ойын дұрыс
айтып, жазып бере алатындай дағдылар қалыптастыру.
3. Оқушыларды ана тілін сүюге, оның алтын қорын, тамаша сырлы, көркем
де нәзік сөз байлығын қолдана білуге, оны сезініп, құрметтей білуге
баулу.
4. Қазақ тіл ғылымы табысы негізінде оқушылардың ауызша және жазбаша
тілін дамытуға септігі тиетін жұмыстардың оңай да тиімді түрлерін
іріктеп алып, ұсыну.
Бастауыш мектептерде ана тілді үйрету жұмысының маңызына тоқтала келіп,
белгілі ғалым А.Ысқақов: Бастауыш мектепте ана тілдің әр саласынан
берілетін білімнің жүйесі, көлемі, мазмұны жайындағы мәселелер, оның сынып-
сыныпқа арналған әдістемесі жайында озат мұғалімдердің тәжірибелерін
жинақау, дербес эксперимент жасау сияқтылар кезек күттірмейтін мәселелер
екенін көрсетеді.
Ана тілдің негізгі саласының бірі – тіл дамыту жүргізіле тұрғанымен,
бұл мәселеге әлі күнге дейін мектептерде жеткілікті көңіл бөлінбей келе
жатқаны, бұл жұмыстың ұшқыны бар деген мектептердің өзінде оқта-текте
жүйесіз, мақсатсыз өткізілетіні, бұған себеп бастауыш сыныптардағы тіл
дамыту жұмыстарының жоғары сыныптардағы қарағанда анағұрлым ауыр
болатындығынан екендігі жоғарыда айтылды.
Бастауыш мектептерде балалардың тілін жетілдіру жұмысының қиындығын
айта келіп, К.Д.Ушинский: Әрине, балаға жеңіл-желпі оқу мен жазуды
үйретуге болады, бірақ мен мұны зиянды деп есептеймін, өйткені сіз баланың
маңыздырақ, қиынырақ істерден сақтандыра беретін болсаңыз, онда ол кейін
осы қиын іске ауысқан кезде, тіпті ауыр болады. Балаларға маңызды, қиынырақ
сабақты қызықты ете білу – бастапқы оқытудың мақсаты. Әбір дені сау бала
іспен шұғылдануды талап етеді, бала әкес мен шешесінің бір күрделі ісіне
өзінің құрдастарымен ойнағанынан әлдеқайда зор ынтамен көмектеседі, -
дейді.
Бастауыш мектепте ана тілді оқыту барысы жеке-жеке айқын мақсаттар
көздейтін үш кезеңнен тұрады: 1) сауат ашу, тіл дамыту (Әліппе). 2) Оқу,
тіл дамыту (Ана тілі). 3) Грамматика, емле, тіл дамыту (Қазақ тілі).
Оқушылардың тілін дамыту, сөз қолдану дағдыларын қалыптастыру осы
кезеңдердің әрқайсысында белгілі бір тақырыптың оқытылуына сүйене отырып,
соның барысында оларды байланыстырып сөйлем құрауға, сөз тіркесіне; сондай-
ақ ойларын ауызша, жазбаша сауатты, жүйелі, дұрыс жеткізуге, сөйлей білуге
үйретуді мақсат еттік. Егер осы үшеуі (сөздік жұмысы, сөз тіркесі мен
сөйлем құрау және байланыстырып, сөйлеуге үйрету) күнделікті өтілетін сауа
ашу, грамматика, оқу сабақтарымен байланыста біртұтас жүргізіліп отырса,
тіл дамыту жұмысы да біршама жүйелі өткізіледі деуге болады. Яғни тіл
дамыту осы негізгі үш бағытта қатар жүреді, өйткені сөздік жұмысы сөйлем
құрау үшін де негіз болады; әңгіме айтуға дайындық жасау сөз бен сөйлеисіз
іске асуы мүмкін емес. Сондықтан бұлайша топтаудың өзі – шартты түрд ғана,
яғни тіл дамытудың мазмұнының нені қамтитындығын көрсету.
Дегенмен оқыту барысында осы үш бағыттың бірі екіншісінен гөрі
басымырақ болуы мүмкін. Мысалы, сауат ашу барысында сөздік жұмысы;
грамматикаға үйрету барысында сөз тіркесі мен сөйлемдер құрауға үйрету; ал
оқу сабақтарында соңғы түрі басымырақ келеді. Бірақ әр кезеңнің өзіне тән
жұмыс түрлері, әдіс-тәсілдері бар.
Біз психология, педагогика ғылымдарының соңғы табыстарын басшылыққа ала
отырып, үлгілі мұғалімдердің тәжірибелеріне сүйеніп, тіл дамыту жұмыстарын
жоғарыда айтылған кезеңдерге орай, әрбір сабақтағы тақырыппен,
жаттығулармен тығыз байланыста бірте-бірте күрделендіре жүргізу мақсатын
көздейтін тиімді жүйе табуға тырыстық. Бұл жүйе бойынша бастауыш
сыныптардағы сауат ашу, грамматика мен оқу сабақтарындағы тіл дамыту мына
сияқты бағыттарды қамтуы қажет:
1. Оқушылардың сөздік қорын дамыту. Мұнда: а) жаңа сөздер үйрету
және осы үйренген сөздерінің, сондай-ақ балалардың бұрыннан
сөздік қорында бар сөздердің мағыналарын үйрету; ә) көркем
мәтіндегі бейнелі құралдарды үйрету; б) синонимдермен,
омонимдермен жұмыс; в) антонимдермен жұмыс; г) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Байланыстырып сөйлеу әдістемес1
Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні ғылым және оқу пәні ретінд
Ақыл - ойы кем балалардың сөйлеу тілінің дамуының ерекшеліктері
Жазба жұмыстарын үйретуге бағытталған жұмыстар
Cауат ашу әдістемесі пәнінен дәрістер
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі сабағындағы тіл дамыту жұмыстарының мазмұны
Жазбаша тіл дамыту жұмыстары
Грамматиканы тілдің басқа салаларымен байланыстыра оқыту
“Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы” пәнінен дәрістер
Оқушылардың тіл мәдениетін ұстартуда педагогикалық дағдылар
Пәндер