Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі және оны дамыту мәселелері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Қазіргі кезде әлемде және отандық экономикада терең әлеуметтік-экономикалық өзгерістер орын алуда. Аталған өзгерістер экономикалық парадигманың өзгеруіне қажетті тарихи алғышарттарды қалыптастырды. Ұзақ уақыт бойы қоғамдық әл-ауқат көздері ең алдымен материалды-техникалық базаның қалыптасуы тұрғысында қарастырылды, ал елдің даму деңгейі материалды өндіріс көлемін арттыру қарқындарымен анықталды. Адам заттай капиталмен бірге өндіріс ресурсы қызметін атқарды. Сонымен қатар, рыноктық экономикаға өтуді іске асырып отырған бұрынғы социалистік елдер мен республикалар қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымның ерекшеліктерін, алдағы өзгерістер мен оның іске асырылу мүмкіндіктерін, шаруашылық жүргізудің рыноктық жүйесінің оптималды үлгісін және тағы басқа негізгі кезеңдерді ескеретін халық шаруашылығын реформалаудың өзіндік әдісін жасау қажет болды.

Біздің еліміздің рыноктық экономикаға өтуіне байланысты рыноктың қызмет ету механизмін және оның негізгі элементтерін талдап, оларды экономикамыздың тиімді дамуына қолдана білу бүгінгі күні өзекті мәселе. Экономика дамуының қозғаушы күштерінің бірі бәсекелестік, барлық салаларда қарқынды дамуда.

Адам Смит бәсекелестікті, сатушылар арасындағы тауарды тиімді жағдайда сату үшін ешқандай сөз байласусыз, әділ жарыспен салыстырды. Оның әрекет ету механизмі «көрінбейтін қол» деп аталады, онда кәсіпкердің субъективті талпынысы мен іс-әрекетінің объективті нәтижесінің арасындағы айырмашылық көрсетіледі. «Әр капиталист тек өз пайдасына ұмтылады, сол арқылы қоғам пайдасын да жүзеге асырады». [2]

Осылайша әрбір кәсіпкердің бәсекеге қабілеті жоғары болуының нәтижесінде әлемдік экономикалық рынокта ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі артады.

Әлеуметтік-экономикалық және индустриялды-инновациялық реформалар өткеретін әрбір мемлекет тарихи тәжірибелерге көз жүгіртіп, уақыт сынынан өткен теорияларды талдайды. Экономиканың қаржы, туризм және қызмет көрсету саласы жақсарып, дами түсті. Жұмыс күшінің өнімділігі артып, шағын және орта бизнес өркендеу үстінде.

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан өзінің нысаналы дамуын „Қазақстан-2030“ ұзақ мерзімдік стратегиясына толық сәйкес жалғастырып келеді. Ендігі жердегі күн тәртібіндегі мәселе әлемдік қоғамдастықта Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі туралы және қазақстандық ғалымдардың, менеджерлердің, бизнесшілердің, мамандардың, жұмысшылардың бәсекеге қабілеттілігі туралы болып отыр.

Бұл міндетті шешу үшін біздің экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік салада еуропалық стандарттарға жету стратегиясын әзірлеуге кірісуіміз керек.

Үстіміздегі жылдың 1-наурызында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына „Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы“ жолдауын жолдады. Бірнеше басымдықтардан тұратын бұл стратегияны жүйелі жүзеге асыру елімізді халықаралық шаруашылыққа интеграциялай түседі. Біз Қазақстанның жахандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық «орнын» иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз.

Диплом жұмысының мақсаты - Біз қатаң бәсекеге әзір тұрып, оны өз мүддемізге пайдалана білуіміз керек. Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады, қатысуға тиіс те, өйткені олар біздің жахандық экономикаға кірігуімізге жәрдемдеседі әрі сол арқылы біздің қолайлы экономикалық-географиялық жағдайымызға және қолымыздағы ресурстарымызға сүйенеді және де ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың Қазақстан Республикасы экономикасының тұрақты дамуының бірден-бір жолы екендігін атап көрсету керек.

Міндеттері - Мемлекет өз тарапынан іскерлік бастамашылықтың жолындағы заңнамалық, әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді ысырып тастауға, жеке меншік капиталдың келешегі үлкен кемел бастамаларына тікелей қолдау көрсетуге міндетті.

Біздің мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының қазіргі сатысы басқарудың принциптері мен механизмдері өмір сүру деңгейі мен сапасын жоғарылатуға, бәсекеге қабілетті ұлттық экономика құруға бағытталуымен сипатталады.

Өнеркәсіптік саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және индустриалды-инновациялық экономика жүйесін құрудың негізгі бағыттарын қарастыру.

1 БӘСЕКЕ - РЫНОКТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ РЕТІНДЕ

1. 1 Бәсекенің экономикалық категория ретіндегі мәні, пайда болу шарттары және қызметтері

Бәсеке - шаруашылық жүргізудің ең қолайлы жағдайлары мен жоғары пайда алудың ең жақсы мүмкіншіліктері үшін тауар өндірушілердің арасындағы экономикалық күрес. Сонымен қатар, бәсеке тауарды өндіру мен өткізуде, сондай - ақ капитал салу шеңберіндегі рыноктық субъектілердің әрекет ету бағыттарын анықтайтын рыноктық механизімнің элементі болып табылады.

Бәсеке дегеніміз, бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы көп табу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі. Екінші жағынан, ол рынок субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сыерасындағы арақатынастары.

Рыноктық экономикадағы қолданылатын бәсекенің нысандары мен ережелерін, мемлекет пен жеке сектордың қызмет ету әдістерін анықтайды.

Бәсеке экономикалық процесс ретінде белгілі бір іс-әрекеттердің жиынтығы болып табылады. Бұл іс-әрекеттер ұлғаймалы ұдайы сатылардан тұрады:

  • Өндіріс үшін қажет құрал-жабдықтар, ғимараттар және еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету.
  • Өндірісті ұйымдастыру, шикізат пен материалдар және қаржы несиемен жабдықтау.
  • Бәсекеге қабілетті өнім шығару.
  • Өнімнің сатылу көлемін, орынын, уақытын анықтау.
  • Пайданың бір бөлігін инвеститциялық қорға аудару жіне оны өндірісті ұлғайтуға жұмсау.

Бәсеке деңгейі өнімнің рыноктағы өмір сүру уақытына байланысты. Бәсекенің пайда болуының объективті алғы шарттары: әрбір өндірушінің оқшау шаруашылық жүргізуі, олардың рынок коньюктураларынан тәуелділігі, сұраныс үшін басқа сатушыларымен күресі.

Бәсеке өндірушілердің бірін-бірі бақылап отыруына мүмкіндік береді. Тұтынушы үшін олардың арасында күрестің болғаны тиімді. Өйткені, бәсекеде жеңіп шығу үшін шығындарды азайту, тауарлардың сапасын арттыру жолдары қарастырылады, нәтижесінде баға төмендейді. Сонымен қатар, бәсеке нәтижесінде экономикалық мүдделер қайшылығы тереңдей түседі, адамдардың экономикалық жағдайларының алшақтауы күшейді, қоршаған ортаға келтірілген теріс әсер өседі, еңбек ету, табыс табу, демалу құқықтарының қамтамассыз етілуіне кепілдік төмендейді, монополиялық билік артады.

Еліміздегі экономикалық өмірдің шынайы түрде қалыптасқан тәжірибесі нарық пен бәсеке қазіргі экономикалық дамудың оның басқа факторларына қарағанда ең басты және мықты механизмі екендігін көрсетіп отыр. Бәсекенің қазіргі - нарықтық механизімнің басты кезегі болуының негізгі себебі - соңғы он жылдықтарында оның ықпал ету ауқымының кеңінен етек жаюында емес. Мұнда ең басты - бәсеке нарықтың органикалық қасиеті мен оның айырылмас бөлігі болып табылуынада. Нарықтың қатынассыз әкімшілік басқару жүйесінде бәсекені жоққа шығарып, өндірушілерге ешқандай материалды ынта жасамау нәтижесінде түтыну тауарларына деген тапшылық пен бүкіл мемлекет деңгейіндегі дағдарыспен аяқталады.

Бәсеке жағдайында кез келген шаруашылық шаманың қызметі екі түрлі бақылауға ұшырайды. Бір жағынан, ол фирманың шегіндегі ішкі тікелей бақылау болса, ал екінші жағынан нарықтағы бәсекелес фирмалар тарапынан болып, нарықтық қатынастардың түпкі нәтижелері негізінде айқындалатын жанама түрдегі сыртқы бақылау. Бақылаудың екінші формасы алдыңғысына қарағанда анағұрлым қатаң, бірақ әділ болып келеді, яғни кез келген шаруашылық шаманың қызметіне объективті түрдегі бағаны өзінің жеке мүдделеріне сай қандай да бір бәсекелес фирманың тауарына ілтипат қойған сатып алушының өзі береді.

Бәсеке қоғамның шаруашылық өмірінде маңызды рөл атқарады. Ол экономикалық еркіндікті, капиталдың өз өсіміне ішкі тенденцияларды қолдануына бағытталған, сұраныс жиынтығын қайта бөлінуіне субъектілердің өзара күшеюін қарастырады.

Бәсеке нарық механизімінің қажетті элементі, бірақ сипаты әр түрлі болуы мүмкін, ол нарықтық тепе-теңдікке жету әдісіне елеулі әсер етеді. Нарықтық механизім еркін немесе жетілген бәсеке жағдайында, яғни нарықтағы жағдай көптеген сатушылар мен сатып алушылардың, сатылатын өнімдердің біртектілігімен, фирмалардың нарыққа еркін кіруімен сипатталғанда барынша тиімді әрекет етеді.

Бәсеке экономикалық категория ретінде объективті және субъективті маңызда болады. Объективті мағынада бәсеке рыноктағы ерекше жағдайларды белгілейді, яғни жекелеген субъектілер кәсіпкерлер жалпы рыноктағы тауарлардың айналысына және оның бағаына жеке өзі әсер ете алмау сипатымен көрінеді. Бәсеке субъективті тұрғыда бәсекелес шаруашылық субъектілері арасындағы экономикалық қатынастарды көрсетеді, яғни өндіріс пен материалды игіліктерді айырбастау негізінде туындайды.

Бәсекенің пайда болу жағдайы мен бәсекелік орта қалыптасу жағдайы айырмашылығы ажырата білген жөн.

Бәсекенің пайда болуының негізгі жағдайы мыналар болып саналады:

  • өндіріс құрал-жабдығына өнім мен табысқа меншік;
  • ресурстар мен ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі;
  • жекелеген өндірушілердің молдығы, экономикалық өз еріктілік (әрекет түрлерін, ұйымдастырушылық формасы, қаржыландыру көзін, әдісін анықтау және өндіруді, өткізуді басқару және т. б. ) .

Бәсеке жалпы экономикалық құндылықтар мен жетістіктерді дамытудың негізгі құралы болып табылады. Бәсекелік рынокта қызмет етуші фирмалар мен кәсіпорындар қоғамның әртүрлі сұранысына бейімделіп, тиімді инвестицияларды орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалық прогреске ұмтылады, өндірістік және қосымша шығындарды азайта отырып, сапалы өнімдер шығарудың көлемін арттыруға ынталы болады.

Осылайша әрбір кәсіпкердің бәсекеге қабілеті жоғары болуының нәтижесінде әлемдік экономикалық рынокта ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі артады.

Қазақстанның соңғы жылдардағы экономикалық өсуге қол жеткізуінің өзі бәсекеге қабілеттіліктің қалыптасуы мен дамуы есебінен болып отыр. “Қазақстан-2030” даму стратегиясында жеке меншік құқығын қамтамасыз ету, сондай-ақ рынокта еркін бәсекелестік ортаны қалыптастырып және антимонополиялық реттеуді сенімді түрде жүргізу керектігін атап өткен.

Бәсекенің экономикадағы орнын оның негізгі қағидалары арқылы да анықтауға болады.

Бәсекенің негізгі қағидалары:

  • рынокқа қатысушылар санының шектелмеушілігі, рынокқа кірудің және одан шығудың абсолютті еркін болуы. Бұл қағида кәсіпкерлік қызметтің еркіндігін, олардың өндірістің бір түрінен екінші түріне өтуін, тұтынушылардың еркін талғамын, әрбір тұтынушы өзінің қажеттілігін ең жоғары деңгейде қамтамасыз етуін талап етеді;
  • материалды еңбек, қаржылық және басқа да ресурстардың мобильділігі. Капиталдың еркін айналысы өнеркәсіптің тиімді салаларының дамуына, қосымша ресурс көздерін ашуға, олардың комбинациясын неғұрлым тиімдірек қолдануға мүмкіндік беру;
  • сұраныс пен ұсыныс туралы бәсекеге қатысушылардың толық ақпаратта болуы, сондай-ақ рыноктағы баға өзгерісін, пайда деңгейін дер кезінде қадағалап отыруы керек;
  • өнімдердің біртектілігі, сапасының, қасиеттерінің ұқсас болып келуі. Ерекше маркалардың болмауы, ондай ерекше маркалар өзінің бәсекелестерін жеңу үшін монополиялық рынокта қолданылады;
  • рыноктағы жекелеген қатысушылардың әсер ету мүмкіншілігінің болмауы, бағаның рынок арқылы берілген деңгейі қатысушының белгіленген бағасымен сәйкес келіп отыруы міндетті шарт емес [3, 226] .

Бәсекенің толыққанды және тиімді дамуы экономика дамуына белгілі тиімділіктерді және қолайлы ортаны ұсынады. Оларға:

  1. Қоғамның өндірістік тиімділігінің өсуі;
  2. Рыноктық механизмінің толыққанды қызмет етуі;
  3. Өндіріс факторларының қолданысын жақсарту;
  4. Оптималды баға құру;
  5. Тауарлардың және қызметтердің әлемдік стандарттарға өтауі;
  6. Бизнестің тиімділігі, басқаша айтқанда ел ішіндегі кәсіпорындар іс-қимылының жаңашылдығы;
  7. Инфрақұрылым немесе елдегі қолданып отырған технологиялардың, қатынас және байланыс жүйелерінің, ғылыми орындардың, ел тұрғындарының білімі мен біліктілігі, жасампаздық қасиеттердің бизнестің жоғары талабына сәйкестігі;
  8. Инновацияларды енгізу.

Бәсеке жаратылысының негізі шектеулі ресурстарды неғұрлым тиімді қолданатын салаларға бөлу болып табылады. Бәсеке экономикада сонымен қатар тауар өндіру және қызмет көрсетулердің өз өнімдеріне инновациялар енгізуіне ынтасын арттырады. Әлемдік тәжірибеге жүгінсек, бәсекелестік инновациялық тауар пайданың жоғары деңгейін 5-10 жыл шамасында ұстап тұрады [9, 251] .

Рыноктық экономикада рыноктағы көптеген фирмалар мен кәсіпорындар бәсекелік сайыста шаруашылық жүргізуші субъектілер өз бәсекелесіне мардымсыз әрекеттер қолданады. Мұндай әрекеттерді “тиімсіз бәсеке” деп атап, оны бәсекелестіктің кемшіліктері ретінде түсінуге болады. Оларға:

  • тауардың сапасы туралы және оның сипаттамасы. Жасау әдісі мен жасалған орны туралы жалған ақпарат тарату;
  • бәсекелес туралы жалған немесе қате мәліметтер тарату;
  • бәсекелестің тауарлық белгісін, оның фирмасының атын, маркировкасын заңсыз пайдалану;
  • тауардың сапасы туралы дұрыс түсінік бермейтін жарнама жасау;
  • бәсекелестің тауарын жамандап көрсететін салыстырмалар қолдану;
  • келісім бойынша өздері ғана білуге тиісті салаға жататын конфиденциалдық ғылыми-техникалық өндірістік және басқадай информацияны таратып жіберу.

Аталған шарт бұзушылықпен күресу Қазақстанда мемлекеттік антимонополиялық агенттікке жүктелген.

Бәсеке белгілі бір, мүмкіндігінше ыңғайлы үйлестіретін экономикалық, технологиялық, әлеуметтік алғышарттарды қажет етеді. Бұл шарттардың жағдайын бұзу бәсеке пайда болуын қиындатады, кейбір жағдайда жоққа шығаруы мүмкін. Қорытындысында экономикада тоқырау, тиімділіктің төмендеуі, нәтижесінде елдегі халықтың тұрмыс деңгейі құлдырауы мүмкін. Бәсеке бұл қазіргі кезеңдегі нарықтық механизмнің басты элементі, олай деп айту себебіміз оның өсу көлемі соңғы онжылдықта кеңінен ұлғайғандығында емес. Ең бастысы, бәсеке нарықтық органикалық құрамдас қасиеті, оның бөлінбейтін бейнесі, мысалға “нарық тапшылығы” өндірушілер мен сатып алушылар арасында бәсекені қалыптастыруға немесе жоққа шығаруға жеткізеді. Осы арқылы бұл жағдайда бәсеке тек тауар сатып алушылар арасында бәсеке болады [10, 145]

Нарықтық экономикада бәсеке бірнеше қызметтер атқарады:

Кәсіпкердің қамтамасыз ету қызметі. Бәсекелестердің көп санын қысқартып, жою мүмкін емес. Керісінше, нарықта монополизмнің әсерінен экономикада қылмыстың артуы, табысқа күресте қару қолданылуы мүмкін. Бұның барлығы қоғамдық мүддені ашық жүргізу бәсекесінде орын алады. Оны қанағаттандырмай жеке мүдделерді қанағаттандыру және жалпы қоғамның қажеттілігін жүзеге асырып орындау мүмкін емес. Бұл жағдайда бәсекені мемлекет қолдап, әртүрлі құқық құралдарымен қорғайды.

Мемлекет қоғамдық маңызды нәтижелерге жету үшін бәсекелестік көлемі мен сапасына кепілдік беретін арнаулы ережелер мен шаралар жүйесін жасайды және қолданады. Бұл деңгейдегі мемлекеттік іс-қызметтер біздің елде нарықтық қатынасты реттеуге керекті басты элемент болып саналады.

Реттеу қызметі. Бұнда негізгі өндірістік ресурстар оған қажеттілік сұраныс көп сфераға және ол тиімді пайдаланылатын орындарға бағытталады. Бұл кәсіпкерлердің тұтынушы қажетсінетін тауарларын шығаруына байланысты.

Бәсекенің дәлелдеу қызметі кәсіпкерлердің нарықта сапа жағынан талапқа сәйкес келетін, бағасы тиімді, өндірістік шығынды азайтуды ынталандыруда қолданылады. Табыс тек осы талаптарды орындағанда нәтиже береді. Болмаған жағдайда шаруашылық жүргізуші субъект шығынға ұшырап басқа бәсекелесіне орнын береді. Егер кәсіпорын сапасы жоғары өнім ұсынса немесе оны аз шығынмен өндірсе, пайда ретінде сыйлық алады, бұны техникалық жетістік ынталандырады. Егер кәсіпорын өз тұтынушыларының қалауына немесе нарықтағы бәсекелестік ережесінің бұзылуына көңіл бөлмесе шығын түрінде жазасын алады немесе нарықтан ығыстырылады.

Бөлу қызметі. Бәсеке тек өте жоғары өнімділікте ғана ынталандырып қоймайды, сонымен қатар табысты кәсіпорындар мен үй шаруашылығы арасында олардың тиімді қосқан үлесіне сәйкес бөлуге мүмкіндік береді.

Бақылау қызметі бәсекеде кәсіпкердің бір жақты іс-әрекетіне шектеу қойып және тұтынушыға таңдау мүмкіндігін береді. Бәсекелік механизм кез келген кәсіпкерге нарықта өз қалауы бойынша үстемдік орнатып, тұтынушыға өз қалағанын жүргізуіне мүмкіндік бермейді.

Әрбір нарықтың өзінің ерекшеліктері болуына қарамастан, бәрібір олардың жалпы бір түйісетін жері, ол әртүрлі нарықта бәсеке қалай жүзеге асырылады және бәсекенің мәні бірегей анықталып талданған бағытта жүзеге асырылады. Ол үшін бәсекені жеделдетіп жетілдіруді бағалау және табиғатын анықтау пайдаланылады.

Әрбір нарықтың өзінің ерекшеліктері болуына қарамастан, бәрібір олардың жалпы бір түйісетін жері, ол әртүрлі нарықта бәсеке қалай жүзеге асырылады және бәсекенің мәні бірегей анықталып талданған бағытта жүзеге асырылады. Ол үшін бәсекені жеделдетіп жетілдіруді бағалау және табиғатын анықтау пайдаланылады.

Бәсекелес сатушылар арасындағы бәстестік әрбір фирма өзінің мақсатты деңгейіне жету үшін және бәстестік үстемдіктегі жетістікке жетуге өзінің бәсекелестік стратегиясын жасайды.

Тауар сатушының салада немесе бәсекелестік ортада нарықта күшті жағдайға жетудегі күресі оның күш қуаты. Пайда бәсекелес фирмалардың өздерінің стратегиясын дамытып өзара бәсекелестік іс-әрекеттерін байланыстыруға мүмкіндік ашады.

Фирмалардың өзара бәсекелестік мүмкіндіктерін былайша сипаттауға болады:

  1. Фирмлар өте тиімді рыноктық кеңістік үшін күреседі, нәтижесінде өзінің тұтынушыларын иемденеді (өте табысты нарықтық сыбағасын алады) ;
  2. Фирманың бәсекелестік стратегиясы және бұл стратегияны жүзеге асыру әртүрлі фирмалар өз пікірлерімен шектеулі себебі бұл рынокта ол қалай жұмыс істейді (тұтынушылардың талғамы және тағы басқа) және заң талапқа сәйкес келеді ме (монополияға қарсы заңдар ол бәсекелестікке рұқсат береді ме т. б. ) .

Уақыт өте келе фирмалар бәсекелестік стратегияларын өз жағдайларын жақсартуға немесе игерілген үстемдігін қорғау мақсатында жаңартып отырады. Фирма қызметтерінің ұзақтығы кез келген стратегия шеңберінде бір жағынан нарықтағы жетістігіне немесе құлдырауына байланысты, екінші жағынан бәсекелес фирмалар іс-әрекетіне байланысты.

1. 2 Бәсекенің түрлері мен нысандары, олардың артықшылықтары және кемшіліктері.

Бәсекенің түрлері рынок құрылымының жағдайына байланысты болып келеді. Яғни, экономикада рынокты анықтайтын, оны зерттейтін, бағаны белгілейтін сұраныс пен ұсыныс ғана емес, сондай-ақ рынок құрылымы болып табылады. Өйткені әр рынок құрылымында бәсеке түрлері де әртүрлі, соған сәйкес баға құру тәсілі және фирманың қызмет етуі де өзгеше болып келеді.

Бәсеке өз кезегінде салаішілік, салааралық және халықаралық бәсеке болып бөлінеді. Ішкі және салааралық бәсеке қоғамдық еңбектің бөлінісінің заңдылықтарын дамытып, өнеркәсіпті мамандандыруға, салалардың салаішілік, өнеркәсіп орындарының санының артуына және олардың бір-біріне тәуелділігін қамтамасыз етеді.

Салаішілік бәсеке тауарлардың рыноктық бағасын қалыптастырады. Олардың ішіндегі техникалық жағдайы жоғары және еңбек өнімділігі артық кәсіпорындар қосымша пайда тауып отырады. Әрбір саланың компанияларының техникалық жағдайы, еңбек өнімділігі қарқынының деңгейі, тауарлардың жеке құны әртүрлі болып отырады. Салаішілік бәсеке негізінде кәсіпорындар шығынды азайтуға, ресурстарды тиімді пайдалануға, инновациялық өнімдер шығаруға ынталы болады.

Салааралық бәсеке әртүрлі рынокта қызмет етуші шаруашылық салалардың арасында туындайды. Яғни сырттан келетін инвестицияларды өз саласына тартуға, осы саланы жетекші сала ретінде алып шығуы үшін бақталас болып табылады.

Халықаралық бәсеке әртүрлі елдер арасында орын алады. Бүгінгі жаһандану және ғылыми-техниканың жоғары дамыған, экономикалық қатынастардың күрделене түскен жағдайда әрбір ел өзінің егемендігін және экономикалық потенциалын сақтап қалу үшін бәсекеге түседі.

Халықаралық бәсеке келесідей сипатталады:

  • бірнеше басты салаларды әлем бойынша өзіне қарату, ноу-хауды дамыту, қаржылық жағдайын жақсарту;
  • көп аспектілік, әртүрлі рынок құрылымы мен механизмдеріне бейімді болу;
  • рыноктың осы заманға сай жылдам дамуын қамтамасыз ету;
  • рыноктық бақталаста айқын басымдылық қасиеттерінің болуы.

Нарықтық бәсекелестікті жүргізу әдісі бойынша былай бөлуге болады:

Бағалық бәсекелестік - бәсекелестіктің нарықтық позициясы бағаны төмендету арқылы үзіледі. Бағалық бәсекелестік сол өнім үшін бағаны қасақана төмендету үшін жүргізіледі. Мұнда бағалық келісушілік етек алады, яғни соның әртүрлі бағамен сатылуы және осы бағалық айырмашылық шығынындағы бағалық айырмашылықтармен анықталмайды. Бағаға келісушілік үш жағдайда болуы мүмкін:

  1. Сатушы монополист болуға немесе белгілі бір дәрежеде монополиялық билікті уысында ұстауы тиіс;
  2. Сатушы әртүрлі сату қабілеті бар топта сатып алушыны таба ала білуге тиіс;
  3. Бастапқы сатып алушы тауар немесе қызметті қайта сата алмайды.

Баға келісушілігі қызмет саласында (дәрігер, адвокат және т. б. ), транспорт өнімдері бойынша қызмет көрсетуде, бір базардан екінші базағарға қайта бөлуге келмейтін тауарды өткізу кезінде жиі қолданылады.

Бағалық емес бәсекелестік - өнім сапасын көтеру, тұтынушыларға жақсы қызмет көрсету арқылы табысқа жету. Бағалық емес бәсекелестік ең алдымен, өнім сапасын және оның сату жағдайын жетілдіру арқылы жүргізіледі. Сапаны жақсарту екі негізгі бағыт бойынша жүргізілуі мүмкін:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігі
Экономиканың бәсекеге қабілеттілік ерекшеліктері
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау механизмдері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2015 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ КӨЛІК СТРАТЕГИЯСЫ ТУРАЛЫ
Аумақтық экономикалық жүйелердің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату (оңтүстік Қазақстан облысы мысалында)
Білімге негізделген экономика
Экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні мен мазмұнын сипаттау арқылы тиімді мемлекеттік реттеу механизмдерін ұсыну
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін басқару
Саланың бәсекеге қабілеттілігі
Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы адам капиталының рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz