Бастауыш мектеп оқушыларының психологиялық ерекшеліктері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Бастауыш мектеп оқушыларының психологиялық ерекшеліктері

Жоспар

1. Бастауыш мектеп оқушыларының психологиялық ерекшеліктері туралы жалпы сипатгама.

2. Бастауыш мектеп оқушыларының негізгі іс - әрекеттері.

3. Бастауыш мектеп оқушыларының еңбек және ойын әрекеттері.

4. Балалардың таным әрекеттері.

5. Бастауыш мектеп оқушыларының өзара қарым-қатынастары.

Қолданылған әдебиеттер

Бастауыш мектеп оқушыларының психологиялық ерекшеліктері туралы жалпы сипаттама

Бастауыш мектеп оқушыларының психикалық тұрғыдан өзіндік ерекше сипатына тоқталалық. Бұрын балалар оқымаған кезінде «Бастауыш мектеп жасы» деген жас кезеңцері кездеспейтін. Бұл жастың (7-11 жастың) өзінше жас кезеңіне бөлінуі оқудың (әсіресе орта оқу мектебінің) көп елдерде жаппай оқу үстем алып дамып келуінен. Осы жастағы кезеңді өзінше бөліп алып қараудың себебі - бұларда өтетін оқу материалының ұқсас келуінен. Осы жастағылардың оқу әрекетінің ұқсастығы, көпшілігіне тән ұқсас психикалық қасиеттер тудырады. Міне, бастауыш мектеп жасын бөлек кезеңге бөліп қараудың себебі осында.

Бастауыш мектеп оқушыларының оқуға едәуір мүмкіншілігі бар. Себебі олардың интеллектісі қарапайым ой операциясы дәрежесінде дейтін. Ж. Пиаженің пікірі дұрыс болғанымен, қазірде бұрын байқалмаған аңғарылмаған қабілеті бар екені анықталып отыр. Осыған сүйеніп көптеген психологтар қазіргі күнде беріліп жүрген оқу тапсырмалары оқушылар үшін жеткіліксіз деген пікір ұсынды. Олар мүмкіншілігін толық пайдалана алмайды, сондықтан бастауыш мектеп оқушыларының оқуға өздерінің мүмкіншілігін толық пайдалану үшін тапсырманы онан әрі қиындату қажет дейді.

Егер осы жастағылардың негізгі әрекеті бұрын ойын болып келсе, оқуға кіргеннен кейін оқу қызметі шешуші роль атқарды. Сөйтіп оқу негізгі қызметке айналып, баланың психикалық дамуын билейтін болды. Осыған орай баланың психикалық дамуы ірі өзгерістерге ұшырайды. Өзгерістерге ұшырауының себебі ойға қарағанда оқу талабының бала үшін қиындығында. Сонымен қатар оқуға жаңа түскен бала кластағы құрбыларымен қатынас жасап, осының нәтижесі де өзінің психикалық байлығын дамытып, жаман-жақсыны ажырата бастайды. Дегенмен, әуелгі уақытта мектептегі жаңа жағдайға бала әлі бейімделе алмағандықтан, оқу үстінде мына сияқты қиыншылықтар кездеседі: біріншіден, бала мектептің жағдайына бейімделе алмайды. Мысалы, белгілі уақытта тұрып, мезгілінде жатуға сабақтан қалмауға, сабақ кезінде үнсіз тыныш отыруға үйрене алмағандықтан қиналады. Осының нәтижесінде тез болдырып шаршауы да ықтимал. Екіншіден - мүғалімнің өзіне тән мінезіне және құрбыларымен қалай қарым-қатынас жасауға үйрене алмағандықтан бала қиналады, сыныптың мүғалімі қанша жақсы болғанымен, бала оған бата алмайды, бір нәрсені сүру үшін сескенеді. Сол сияқты қасындағы партада отырған кім, оған сыр айтуға бола ма, кіммен ойнауға болады, кіммен ойнауға болмайды, осыны білмейді.

Бірақ, көп ұзамай бала үйреніп жатырқауын тоқтатады. Сонымен қатар бала оқуға кіргеніне мәз болып, әке-шешелеріне еркелеп, кейде бір үлкен міндет атқарып жатқан сияқты болып, өзіне ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Осы кезде ата-аналары оны көп еркелетпесе, осының өзі қиыншылықтардан бас тартпауға, қиыншылықтарды жеңуге пайдасын тигізеді. Үшіншіден, бірінші сыныпта оқушыларға қойылатын талаптар тым жеңіл келеді. Тапсырмалардың жеңіл болуы балалы қиыншылықпен күресуге жетелемейді, дегенмен бала оқиды. Оқығысы келуі мектептегі жағдайдың оған қызық көрінуінен. Мектепке келу қызық болып көрінгенімен, оқуға арналған баланың қажеттілігін жөнді дамыта алмайды. Осның нәтижесінде мектептің жағдайына қызығу балада бірте-бірте сенеді де оқуға немқұрайды қарайтын болады. Немқұрайдылықпен күресу үшін баланың окуға ықыласын тудырып, тапсырмаларды бірте-бірте қиындату қажет. Әдетте, оқу материалы жеңіл келсе, баланың іші пысып жалқаулыққа салынады. Ал тым қиын келсе, әлі жете алмағандықтан үлгерем деуден күдер үзіп, одан бас тартатын болады. Осы екі жағдайдың екеуі де қолайсыз, сондықтан тапсырманың қиындығы оқушы үшін қолайлы дәрежеде кұрылуы тиіс. Егер қолайлы етіп ықшамдау қиын келсе тапсырманың жеңіл болғанынан гөрі - қиынырақ келуі әлде қайда ұлымды. Себебі, азды-көпті қиындығы бар, тапсырмалар баланың қиналуына, ақыл-ойының алға қарай өрістеуіне жағдай туғызады.

Осы үш түрлі қиыншылықтардың кездесетінін бірінші сыныптың бас кезінен бастап еске алу қажет. Ал алдағы екінші, үшінші сыныптарға келсек, мұндағы оқушылардың жағдайы бірінші класта калай оқығанына байланысты. Әдетте, объектіге қызығуы мен оның ықыласының барлығын ажырату керек. Қызығу деп объектінің бір жағы сырттай біреуге ұнайтынын айтады. Қызығу көбіне аз уақытта кездеседі де, кейін сөніп кетуі ықтимал. Ал, ықылас балада іштей ұмтылып іске берілуінен пайда болады. Әрине, қызығу кейде ықыласты, не бәлендей нәрсеге құмар болуға апарып соғуы мүмкін. Бірақ, бұл сирек кездеседі. Сондықтан, осы мәселеге бірінші сыныптан мән беру керек. Жалпы алғанда 2-3 сыныптағы балардың көпшілігі ойдағыдай оқып кетеді. Мұның себебі, біріншіден, бастауыш сынып оқушыларының ниеті таза, ішіндегісі тілінің ұшында болып тұрады. Екіншіден, бұлар мұғалім үлкен абырой және бедел. Сондықтан оқушы мұғалім сөзін екі етпей, мүдіртпей орындайтын болады.

Баланың мектеп өмірінің жаңа жағдайларына алғаш енуі айқын аңғарылады. Балардың көпшілігі бұған психологиялық жағынан даярланған. Олар бұл жерден үймен немесе балабақшамен салыстырғанда, әдеттен тыс бірдеңелер кездестіруді күте отырып мектепке қуана барады. Баланың бұл ішкі позициясы екі жағдайда маңызды. Алдымен мектеп өмірінің жаңалығын алдын ала сезіну және қалау баланың сыныптағы мінез-құлық ережелеріне, жолдастарымен ерекше қарым-қатынас нормаларына, күн тәртібіне қатысты мұғалімдердің талаптарын жылдам кабылдауға көмектеседі.

Бастауыш мектеп оқушыларының негізгі іс-әрекеттері

Бастауыш мектеп оқушыларының оқу әрекетіне келелік. Оқушы өзінше әрекеттің бір түрі дегенде мазмұнды сөз, не нақты бейне арқылы белсенділікпен ұғынуды айтады. Оқу әрекеті тек білім алумен шектелмейді. Осыған ептілікпен дағдылану керек.

Бастауыш мектептегі оку жұмысының әр салаларына бейімделу балаларда бірден қалыптаспайды. Осыған біраз уақыт үйрену керек. Сонымен қатар балалардың оқуға белсенділігі сабақтарда әр түрлі.

Жеке пәндерден сабақтарды ойдағыдаи үлгеру үшін алдымен баланы? осыған ықыласы болуы шарт. Оқу ойынға қарағандақтың болғандықтан балалардың кейбіреулерінің оқуға ықыласы болып жарымайды. Оларды оқуға үгіттеу арқылы тарту қиын. Сондықтан оқуға деген ықыласты тудыру үшін тапсырмаларды орындата отырып осыдан нәтиже шыққанда мадақтату керек. Орындалған тапсырма үшін қуану кейін алдағы тапсырманы орындауға түрткі болады. Әдетте, ықыластың тікелей және жанама түрі бар Тікелей ықылас оқушының бір нәрсеге қызығушылығынан болады. Ал жанама ықылас сол нәрсе қызық болмаса да, жалпы сабақ үлгерімін жақсартқысы келгендіктен болады. Ықыластың соңғы түрі бастауыш мектеп оқушыларының өмірінде негізгі роль атқаруы тиіс.

Бастауыш мектеп оқушылары көпке дейін тапсырманы қалай орындаудың тәсілін жақсы білмейді. Мысалы, бұлар берілген тапсырманы жаттап алғысы келіп тұрады. Солай болуы осылардың жаттауға икемділігінің молдығынан емес оқуға әлі үйренбегіндігінен, қалай жұмыс істеуге ешкім оны үйретпегендігінен кездеседі.

Бастауыш мектепте тапсырма баларға мынадан екі түрлі жолмен беріледі: Біріншіден, берілген тапсырманы орындау үшін жауапты бала өздігінен іздестіреді. Екіншіден, тапсырма жауап іздестіру ретінде берілмейді, оны орындау үшін соның үлгісі беріледі. Мысалы, тақпақты жаттау үшін соның тексті беріледі. Осы текске өзгеріс енгізуге рұқсат етілмейді. Сол текске сүйене отрып бала оны жаттап алады.

Ал, тапсырманың соңғы түрі өте сирек кездеседі. Баланың оқу әрекеті деп тапсырманың орындаудың бірінші түрін және проблемалык мәселелерді орындай білуді айтады. Осыған әр түрлі пәннен айталық грамматикалық, географиялық, математикалық т. б. есептер шығару жұмысы жатады.

Әдетте, оқу өзінше бала үшін әрекеттену, яғни проблемалық мәселені шешу дегенде, осының мынадай үш сатыдан тұратынын айтады: біріншіден, берілген тапсырманың шартымен танысудан, екіншіден соны орындаудан, үшіншіден, осының қалай (дұрыс не бұрыс) орындалғанын тексергеннен. Пәндер неше түрлі болғандықтан, осы сатыларды орындау түрліше кездеседі. В. В Павловтың айтуынша, оқу әрекеті мынадай бөлшектерден кұрастырылады: 1. тапсырмадан яғни оқу ситуациясынан; 2. тапсырманы орындаудан; 3. орындалған тапсырманы тексеру кезеңінен 4. баға қоюдан. Мысалы, біздің әуелгі схемадағы тапсырманың шартымен танысу дегенді бұл жерде оқу ситуациясы деп айтады. Себебі бала үшін тапсырма өзінше проблемалық ситуация болатын екендігі женінде айтылып отыр.

Ал соңғы саты - баға бүл өзінше баланың тапсырманы қалай орындағаны дәрежесін оған білдіру, бұл мектептің күнделікті өмірінде кездеседі.

Бастауыш мектеп оқушыларының еңбек және ойын әрекетгері

Бала мектепке барғанша тек ойынмен айналысып жүреді. Енді оқу оның негізгі қызметіне айналса да, бала ойнауын бірден тоқтатпайды. Бала әлі де бұрынғысындай ойнағысы келеді. Бірақ жағдай өзгерілгендіктеп оның осыған бұрынғысындай көңіл бөлуге мұршасы жоқ. Осының

нәтижесінде ойын оның өмірінде бірінші орыннан екінші дәрежелі әрекетке ысырылады. Осыған орай бастауыш сынып оқушыларының ойыны бұрынғысынан өзгеріліп көбінесе жаңа мазмұнды кездеседі. Әрине, осы жастагының ойыны бұрынғысындай маманның ролін ойнайды. Бірақ осы ойынның бұрынғысынан өзгешелігі мынандай, сол ролдердің азаматтық қасиетінің, айталық қайраткерлігіне, ептілігіне, батырлығына т. б. мән береді. Демек, бастауыш сынып оқушысы «мен біреу боламын» демей, сол бейнелердің мінез-құлқын тандап, олардың қайсысы әсем, қайсысы әсем емес екенін ажыратып, өзі соларрға еліктеуге тырысады.

1 және 2, 3 сыныптағылардың ойыны бірдей емес. Бірінші сыныптарда бала: «мен ұшқыш боламын», «маған сондай роль ұнайды» деп айтып бірақ соны орындауға әрекет жасап жарамайтын болса, үшінші сыныптағылар роль, ойынына еліктеумен шектелмей, соларға орай тиісті киыншылықтарды жеңуге тырысады. Демек сөзден сол бейнелерді орындауға көшеді. Өзі соларға еліктеп, өзі іш жүзінде төзімді, шыдамды, қорықпайтын, епті, айлақор болуы үшін әрекет жасайды. Осы өзін-өзі тәрбиелеудің бастақы кезі. Бұл ойын мақсатының мүлде өзгерілуі деп түсіну керек. Өйткені ойын бұрын ермек болып келсе, енді бастауыш сынып оқушылары үшін өзін-өзі тәрбиелеудің құрамына айналып отыр.

Рольдік ойындардан басқа неше түрлі тиісті ережелерге сүйенетін ойындармен де бастауыш сынып оқушы 2, 3 сыныптарда айналыса бастайды. Мысалы, шахмат не футбол ойнау. Егер шахмат баланын ақыл-ойын дамытуға әсерін тигізетін болса, футбол қайраткерлігін, дене мүшелерінің ептілігін дамытады. Футбол ойнау, егер қозғалу ойынының түріне жатса, соның өзі, екіншіден, рольдік ойынның түріне де қатысы бар. Мысалы, қақпашының ролін бала атқарып допты торға тигізбеуге әрекет жасағанда, ол рольдік қызмет атқарып отыр. Сондықтан, ойынның соңғы түрлері бастауыш сынып оқушыларының психикалық дамуында ерекше орын алады.

Балалардың таным әрекеттері

Бастауыш сынып оқушыларының таным процестеріне талдау беруге көшелік. Бастауыш сынып оқушыларының негізгі таным процестері мектепке кіргеннен кейін едәуір өзгерістерге ұшырайды. Осыған орай біз талдауды, әуелі қабылдаудан бастадық.

Жеті жастағы баланың қабылдауы мектепке дейінгілерге қарағанда едәуір қалыптасып қалған. Бірақ әлі де болса, қабылдаудың кейбір жеткіліксіз жақтары да кездеседі. Мысалы, орыс тілінен алынған ұқсас дыбыстарды ф, п немесе б, в фонемаларын дұрыс ажырата алмайтыны болады. Бұл сияқты ажырата алмаушылықтың себебі 7-9 жастағы балалардың талдау қызметінің әлі жете қалыптаспағанынан. Бір зерттеуде бірінші сыныптағыларға қоянның суретін көрсетіп оны қайтадан сал деп бірақ суретті көз алдынан алып кеткенде, сол көргенін қағазға сала алмайды қоянның мұртының бар не жоқ екенін есіне сақтай алмайды. Қоянның балаға кызық көрінген жақтарын, мысалы, көзін үлкейтіп жіберіп, ал кұлақтарын кішірейтіп салған. Бала өзіне қызық көрінген қоянның дене мүшеленріне көп мән беріп қызық емес деген жақтарын көрсетуді ұмытып кеткен.

Жалпы алғанда, бастауыш сынып оқушысына не қызықты немесе не қажетті соған мән беріп, осыны қабылдауға икем келеді. Мысалы, балаға берілген текст әр түрлі бояумен жазылса, осының өзі оқуға кедергі жасайды. Себебі, бала оқудың орнына, бояуға қызығып алаңдайды.

Бастауыш сынып оқушыларына, әсіресе кеңестік пен уақытты қабылдау қиынға соғады. Мысалы, алыстағы бағананың ұзындығы баланың қасындағы бағанадан қысқа ма не ұзын ба деп сұрағанда, ол қысқа деп жауап береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытудағы жанұяның ролін теориялық - әдістемелік тұрғыда негіздеу
Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің әсері туралы
Бастауыш сынып оқушларының мектепке бейімделуі
Бастауыш мектеп жасының психологиялық ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының мектепте ОҚУҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫ МЕН БЕЙІМДЕЛУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Бастауыш сынып оқушыларының педагогикалық – психологиялық дамуы
Бастауыш сынып оқушылардың танымдық процесін дамыту
1- сынып оқушыларының мектепте оқуға бейімделуі
Жеке тұлғаның тәрбиесі, қалыптасуын зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz