VI-X ғасырлардағы Түрік қағанаттары: Ерте Түрік, Батыс Түрік, Түргеш және Қарлұқ мемлекеттері


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Түрік қағана­ты (551-603 жж. )

«Түрік» де­ген ат алғаш рет 542 жы­лы ата­лады. Қытай­лар түріктерді сюн­ну-ғұндар деп атаған, мұның өзі түріктердің ғұн тай­па­лары­ның жалғасы екенін көрсе­теді. 546 жы­лы ти­рек (те­лэ) тай­па­лары Моңғоли­яның оңтүстік және ор­та­лық аудан­да­рын ме­кен­де­ген авар­ларға (жкань-жу­ань) қар­сы жо­рық жа­сай­ды. Осы кез­де күтпе­ген жер­ден түріктердің қағаны Ту­мын­ның (Бу­мын) басқару­ымен түріктер те­лэ әскер­леріне ша­бу­ыл жа­сап, жеңіп, 50 мың әскерін тұтқынға ала­ды. Осы­дан кейін түріктер күшейіп, енді бұрын өздері тәуелді бо­лып кел­ген авар­ларға (жу­ань-жу­ань) қар­сы шығады. 552 жы­лы көктем­де түріктер авар­лардың ор­да­сына ша­бу­ыл жа­сап, олар­ды жеңеді, авар­дың қағаны Анағұй өзін-өзі өлтіреді. Осы кез­ден бас­тап Бу­мын түрік қаған де­ген атағын ала­ды. Бу­мын 553 жы­лы қай­тыс бо­лады.

Бу­мын өлген­нен кейін, таққа оның інісі Қара-Ес­ке оты­рады. Ол Ор­хонның жоғарғы жағын­да авар­ларды екінші рет жеңеді. Қара-Ес­ке­ден кейін, оның мұра­гер інісі Еркінді-Мұқан де­ген ат­пен қаған бо­лады. Оның ел би­леген кезі 553-572 жыл­дар. Мұқан­ның тұсын­да аз уақыт ішінде (553-554 жж) түріктер шығыс­та қай­лар, қидан­дар және оғыз-та­тар тай­па­ларын, солтүстікте Ене­сей қырғыз­да­рын, Жетісу жеріндегі түргент­терді өздеріне қарат­ты. Бұл жыл­да­ры түріктердің ба­тысқа қарай жа­саған жо­рықта­ры күшті бол­ды. Олар­ды Ту­мын­ның басқа бір інісі Ес­темі жүргізді. Кейін та­рихи де­рек­терде оны Ба­тыс түріктерінің түпкі ата­сы және Ба­тыс Түрік қағана­тының негізін қала­ушы деп атай­ды. 563 жы­лы Түрік қағаны Сил­зи­бул (Ес­темі) Эф­та­лит мем­ле­кетін ба­сып алуға кіріседі.

571 жы­лы Ес­темі қаған Солтүстік Кав­казды ба­сып ал­ды, сөйтіп Керчь түбегіне (Бос­порға) шықты. Оның ба­ласы Түріксанф Керчті ба­сып алып, 576 жы­лы Қырымға ша­бу­ыл жа­сады. Бірақ Ес­темі өлген­нен кейін, 582-593 жыл­да­ры Түрік қағана­тын­да билік үшін қырқыс бас­талды. Өз ішіндегі ала­уыз­дық пен әле­уметтік қай­шы­лықтар қағанат­ты қат­ты әлсіретті. Ел­де мал індет­тері, жұттар мен ашар­шы­лық орын ал­ды. Түрік қағана­ты ше­кара­лары­на шығыс­тан Қытай­дың Сүй әулетінің (581-618 жж. ) ша­бу­ылы күшейді. Бұл жағдай­лар­дың бар­лығы 603 жы­лы Түрік мем­ле­кетінің екі дер­бес қағанатқа - Шығыс және Ба­тыс қағанат­та­рына бөлінуімен аяқтал­ды.

Ба­тыс Түрік қағана­ты (603-704 жж. )

Ба­тыс Түрік қағана­ты. Аумағы Ал­тай­дан Тянь-Шаньға дейін, Шығыс Түркістан­нан Кас­пий­ге дейін со­зыла­ды. Ас­та­насы - Су­яб қала­сы. Қағанат құра­мын­дағы тай­па­лар: қаңлы, үйсін, ду­лат, түркеш, қып­шақ, қарлұқ т. б.

Ша­ру­ашы­лығы. Көшпелі мал ша­ру­ашы­лығымен, су­ар­ма­лы егіншілікпен ай­на­лыс­ты. «Ұлы Жібек жо­лының» Ба­тыс Түрік қағана­ты жерінен өткендігі са­уда мен қолөнердің да­му­ына әсер етті.

Басқару жүйесі. Мем­ле­кетті қаған басқар­ды. Қаған­ның әулеті жоғары тұрды. Олар янғу, шад, тегін сияқты жоғары ла­уазым­дарға ие бол­ды. Билік мұра­герлікпен беріліп отыр­ды. Қағанат он тай­паға бөлінеді. Ол «он оқ» деп ата­лады.

Мәде­ни­еті. Ха­лық түрік тілінде сөй­лейді. Бізге белгілі Ор­хон-Ени­сей жа­зуы Ба­тыс түрік қағана­тының мәде­ни­етінен де­рек бе­реді. Моңғолия жерінен та­былған Білге қаған­ның, Күлтегіннің, То­ныкөктің Ор­хон жа­зуы бар құлпы­тас­та­ры қағанат мәде­ни­етінің жоғары дәре­жеде да­мығанын көрсе­теді. Бұл ес­керткішті 716 жы­лы жазған. Ес­керткішті алғаш рет Да­ни­яның ғалы­мы Том­сон оқыған. VII ғасыр­да Ба­тыс түрік қағана­тын­да жаз­ба әде­би­еті да­мыған.

Қағанат­тың ыды­ра­уы. Ба­тыс Түрік қағана­ты 704 жы­лы құла­ды.

Бас­ты се­беп­тері: фе­одал­дардың ішкі та­лас-тар­ты­сы және Ба­тыс түрік қағана­тының Таң пат­ша­лығымен соғысы. Қағанат тер­ри­тори­ясы жаңадан құрылған Түркеш қағана­тының құра­мына кірді.

Та­рихи де­рек­тер. Ба­тыс түрік қағана­ты жайын­да көпте­ген мәлімет­тер бар. Со­лар­дың ішінде Жуңғо ке­зеңінің де­рек­тері ең қомақты де­рек­тер бо­лып та­была­ды. 630 жы­лы буд­да ғалы­мы Шу­ан Заң қағанат ас­та­насы Су­яб және тағы басқа қала­лар жайын­да ес­теліктер қал­дырған. Моңғолия жеріндегі Білге қаған, То­ныкөк, Күлтегін құлпы­тас­та­ры Ба­тыс түрік қағана­ты ту­ралы зат­тай де­рек­тер бо­лып та­была­ды.

Түргеш қағана­ты (704-756 жж. )

Түрік тек­тес түргеш тай­па­лары VI-ғасыр­да Тянь-Шань та­улы ай­мақта­рын ме­кен­де­ген, ал VII-ғасыр­да Жетісу­дың ор­та­лық ай­мақта­рын қоныс ет­кен. Түргеш тай­па­лары жөніндегі алғашқы мәлімет­тер Күлтегін ес­керткішінде және Қытай жаз­ба де­рек­терінде кез­де­седі. Ал түргеш­тердің же­ке қаған­дық бо­лып құры­луы ту­ралы де­рек "То­ныкөк” жа­зу­ын­да ай­тылған. Түргеш қағана­ты халқының эт­ни­калық құра­мы негізінен са­ры және қара түргеш тай­па­лары­нан тұрған. Шу бойын­дағы түргеш­тер са­ры, ал Та­лас ай­мағын­дағы түргеш­тер қара түргеш­тер деп аталған.

Түргеш қағана­ты 704-756 жыл­дар ара­лығын­да өмір сүрді. Бұл кез­де Жетісу ай­мағын­да араб басқын­шы­лары­на қар­сы күрес жүріп жатқан бо­латын. Жетісу­да Түргеш қағана­ты би­ле­ушілерінің негізін қала­ушы Үшелік-қаған. Оның билік жүргізген кезі - 699-706 жыл­дар. Ол Жетісу­дан Ба­тыс түрік би­ле­ушісі Бөрішад­ты қуып, Таш­кент­тен Тур­фанға және Бес­ба­лыққа дейін өзінің өкіметін ор­натты. Оның бас­ты са­яси ор­та­лығы - Шу өзені бойын­дағы Су­яб қала­сы. Екінші ор­та­лығы - Іле өзені бойын­дағы Күнгүт қала­сы. Үшелік елді 20 ұлысқа бөліп, олар­дың әрқай­сы­сын­да 7 мыңнан әскер ұста­ды.

Түргеш қағана­тын­да Үшелік өлген­нен кейін билік оның ба­ласы Сақал-қағанға көшті. Оның ел би­леген кезі 706-711 жыл­дар. Қаған билігі үшін са­ры және қара түргеш тай­па­лары­ның ара­сын­да та­лас-тар­тыс бас­талды. Ба­тыс­та түргеш­тер соғды­лар­мен бірігіп араб­тарға қар­сы күрес жүргізді. 711 жы­лы Шығыс түрік қағаны Қапаған Жоңғария жерінде түргеш­терге соққы беріп, Сыр­да­ри­ядан өтті. 712-713 жыл­да­ры араб­тарға қар­сы түріктер, соғды­лар Шаш (Таш­кент) қала­сы тұрғын­да­ры және ферғана­лықтар бірігіп күш көрсетті. Мәуере­нахр­дағы араб иелігіне төніп отырған қауіпті түсінген Күте­иб Шаш қала­сын өртеді, 714 жы­лы ол Ис­пиджабқа ша­бу­ыл ұйым­дастыр­ды.

Екі тай­па­ның ара­сын­дағы тар­тыста қара түргеш­тер жеңіске же­теді, олар қол­даған Сұлу тар­хан қаған бо­лады. Түргеш қағана­ты Сұлу қаған­ның (715-738 жж. ) тұсын­да қай­та күшейе бас­та­ды. Бұл кез­де өкімет қара түргеш тай­па­лары­ның қолы­на көшіп, мем­ле­кет ор­та­лығы Та­лас (Та­раз) қала­сына ауыс­ты. Ай­ла­лы са­ясат­кер және күшті әске­ри қол­басшы Сұлу екі май­дан­да: ба­тыс­та араб­тарға қар­сы, шығыс­та Ба­тыс түрік қаған­да­ры ми­расқор­ла­рын қол­даған Тан им­пе­ри­ясы­мен күрес жүргізді. 723 жы­лы түргеш­тер Ферған қарлұқта­рымен және Шаш тұрғын­да­рымен бірігіп, араб­тарға күй­ре­те соққы берді. Араб­тар 732 жы­лы өз әскер­лерін біріктіріп, түргеш­терді қира­та жеңіп, Бұха­ра қала­сын ба­сып ал­ды. 737 жы­лы Сұлу араб­тарға қар­сы жо­рық ұйым­дасты­рып, То­харс­танға дейін жетті, бірақ кейін жеңіліп қал­ды. Қай­тып ке­ле жатқан­да, оны өзінің әске­ри бас­шы­сы Баға-тар­хан өлтірді. Сұлу қаған қаза болған­нан кейін билік үшін "са­ры” және "қара” түргеш­тердің ара­сын­да ұзаққа со­зылған күрес жүрді. Түргеш мем­ле­кеті өз ішіндегі күрестің нәти­жесінде едәуір әлсіреді, мұны Тан (Қытай) им­пе­ри­ясы ұтым­ды пай­да­лан­ды. 751 жы­лы Та­раз­дың қасын­дағы Ат­лах қала­сы жа­нын­да Зи­яд-ибн-Са­лых бас­таған араб әскер­лері мен Гао-Сянь­чжи басқарған Қытай әскер­лерінің ара­сын­да 5 күнге со­зылған қырғын соғыс жүрді. Қытай­лықтарға қар­сы оның ты­лын­дағы қарлұқтар көтерілді. Нәти­жесінде Қытай әскер­лері жеңіліске ұшы­рады. Әбден әлсіре­ген Түргеш мем­ле­кеті 756 жы­лы құла­ды.

Түргеш қаған­дығы бар-жоғы жар­ты ғасыр­дай өмір сүрді. Оның көп жыл­да­ры сыртқы жа­улар­мен соғыс­та өтсе, ішкі жағдайын­да да ты­ныш­тық бол­ма­ды. Тай­па­лар екі жаққа бөлініп, бір-бірімен та­лас-тар­тысқа түсті. Мұндай ұзақ уақытқа со­зылған са­яси күрес қағанат­тың эко­номи­калық және мәде­ни жағынан өсіп өркен­деуіне кері әсерін тигізді.

Қарлұқ қағана­ты (756-940 жж. )

Қарлұқтар ту­ралы алғашқы мәлімет V ғасыр­дан бас­тап белгілі бо­лады. Бұл кез­де қарлұқтар Моңғол Ал­тай та­уы мен Балқаш көлінің шығыс жағала­уы ара­сын қоныс етіп, көшіп жүрген. VI-VII ғасыр­ларда қарлұқтар Түрік, Ба­тыс түрік және Шығыс түрік қағанат­та­рының құра­мына кіреді. Олар ірі-ірі үш тай­па­лық - бұлақ, шігіл (се­бек) және таш­ли одағына бірікті. Қарлұқ тай­па­лар одағының би­ле­ушісі ел­те­бер деп атал­ды.

742 жы­лы Моңғолия да­ласын­дағы Шығыс Түрік қағана­тын үш тай­па­ның - қарлұқтар­дың, ұйғыр­лар мен ба­сымал­дардың біріккен одағы күй­ретіп жеңеді. Қағанат билігі аз уақыт ба­сымал­дардың қолы­на көшіп, олар­дың көсемі қаған бо­лады. Қарлұқтар бас­шы­сы мен ұйғыр­лардың же­текшісі жабғы атағын ала­ды. Алай­да, бұлар­дың ара­сын­да та­лас-тар­тыс бас­та­лып, 744 жы­лы ба­сымал­дарды ұйғыр­лар мен қарлұқтар­дың біріккен күші тас талқан етеді. Сөйтіп, Ор­та­лық Ази­яда жаңа мем­ле­кет Ұйғыр қағана­ты (744-840 жж. ) құры­лады. Ұйғыр тай­па­лары­ның бас­шы­сы жоғарғы қаған бо­лады да, қарлұқтар көсемі жабғы атағын ала­ды. Бірақ қарлұқтар­дың дер­бестікке ұмты­луы, олар­дың Ұйғыр қағана­тынан бөлініп шығуына жеткізеді. 746 жы­лы қарлұқ тай­па­лары Жетісу жеріне қоныс ауда­рады. Сыртқы жа­улар­дың ша­бу­ылы­нан және өза­ра қырқысқан күрес­терден әлсіре­ген түргеш қаған­да­ры қарлұқтарға қар­сы­лық көрсе­те ал­ма­ды. 766 жы­лы түргеш қағаны­ның екі ор­да­сы - Та­раз бен Су­яб және бүкіл Жетісу жері қарлұқтар жабғуының қолы­на көшті.

Қарлұқ тай­па­лары VI­II-X ғасыр­ларда Қазақстан­ның Жоңғар Ала­та­уынан бас­тап, Сыр­да­ри­яның ор­та бойына дейінгі кең бай­тақ жер­лердің бәрінде қоныс­танды. Олар Балқаш пен Ыс­тықкөлдің ара­сын, Іле, Шу, Та­лас аңғар­ла­рын, Тянь-Шань­ннің ба­урай­ла­рын ме­кен­деді. Қарлұқтар­дың бір то­бы 766-775 жыл­да­ры Қашғар­ды ба­сып ал­ды, ал VI­II ғасыр­дың аяғын­да олар­дың екінші бір бөлігі Ферғанаға өзінің үстемдігін жүргізді. IX ғасыр­дың бас кезінде қарлұқ тай­па­лары Оңтүстік Қазақстан­дағы Оты­рар (Фа­раб) қала­сы маңына ба­рып қоныс­танды. Бұл кез­де Қарлұқ кон­фе­дера­ци­ясы­на түркі тілдес көшпелі және жар­ты­лай көшпелі әр түрлі тай­па­лар: жікілдер, бұлақтар, ха­лаж­дар, түргеш­тер, аз­кишлер, тух­си­лер, ша­рух­тар, ар­гу­лар, барс­хан­дар кірген. Қарлұқ жабғуы IX ғасыр­дың ба­сын­да араб­тарға қар­сы Ферғана және Жетісу қарлұқта­рының күрес­терін қол­дап отыр­ды. 810 жы­лы араб­тар қарлұқтарға қар­сы ша­бу­ыл жа­сап, Құлан (қазіргі Лу­говой стан­са­сы) қала­сына же­теді. 812 жы­лы араб­тар Оты­рарға жо­рыққа шығып, қарлұқтар­ды жеңеді. Олар­дың жабғысы Қимақ еліне қашып ке­туге мәжбүр бо­лады. Осы­дан кейін Оңтүстік Қазақстан жерінің Қарлұқ қағана­тына кіретін бір бөлігінде араб билігі ор­най­ды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
VI-XI ғасырлардағы Көне түрік, Батыс түрік және Түргеш қағанаттары: Қарлұқ пен Қарахан мемлекеттерінің саяси және мәдени тарихы
Түрік дәуіріндегі Батыс түрік, Түргеш, Қарлұқ, Оғыз және Қимақ мемлекеттерінің тарихы мен құрылымы
Ерте ортағасырлық мемлекеттер: Батыс Түрік пен Түргеш қағанаттары; Қарлұқ, Оғыз және Қимақ мемлекеттерінің құрылуы мен ыдырау себептері
Түркі қағанаты және Батыс Түрік, Шығыс Түрік, Түргеш пен Қарлұқ қағанаттарының тарихи дамуы
Ерте орта ғасырдағы Қазақстан: түрік қағанаттары мен түркі мемлекеттерінің саяси-қоғамдық және мәдени тарихы (VI-X ғғ.)
Көне түрік, Батыс түрік және Түргеш қағанаттарының VI-VIII ғасырдағы Қазақстан тарихындағы орны мен дамуы
VI-XII ғасырлардағы Түрік дәуірі: Түрік қағанатының құрылуы, кеңеюі және Қазақстандағы ерте мемлекеттер мен қалалар
Батыс түрік және Түргеш қағанаттарының саяси-тарихи дамуы (VI-VIII ғғ.)
Орта Азия мен Қазақстандағы түркі қоныстары: Батыс Түрік, Түргеш және Қарлұқ қағанаттарының тарихи-әлеуметтік дамуы (VI-IX ғ.)
VI-XII ғғ. Орталық Азиядағы түрік тайпалары мен мемлекеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz