Криминалистикалық сипаттамаманың элементтері



Кіріспе

I тарау. Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының кейбір аспектілері.
1.1. Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының теориялық мәселелері, оның криминалистика ғылымы жүйесінде алатын орны
1.2. Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының түсінігі, түрлері, мәні

II тарау. Криминалистикалық сипаттамаманың элементтері.
2.1. Типтік тергеу ситуациялары
2.2. Қылмыскердің тұлғалық ерекшеліктері
2.3. Қылмысты жасау әдістері
2.4. Қылмысты жасау механизмі
2.5. Қылмыстыққол сұғушылықтың заты
2.6. Өзге де құрылымдық элементтер

III тарау. Экономикалық қылмыстарды тергеудің жалпы құрылымы.
3.1. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың криминалистикалық классификациясы
3.2. Экономикалық контрабанданың криминалистикалық сипаттамасы
3.1. Тергеушілер мен жедел іздестіру қызметкерлерінің Экономикалық контрабанда қылмыстарын ашу мен тергеудегі өзара қарым. қатынастарының мәселелері

Қорытынды
Қосымшалар
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Менің бұл бітіру жұмысымның тақырыбы Экономика саласындағы
қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы деп аталады.
Менің бұл тақырыпты таңдап алу себебім, қазіргі кезеңде нарықтық
экономикаға өту кезеңінде еліміздің экономикалық қауіпсіздігі әлі де
толығымен қамтамасыз етілмеген. Оның себебін басқа мемлекеттермен нарықтық
қатынастарды орнатуда және дамытуда тиісінше тәжірибенің жеткіліксіздігімен
түсіндіруге болады.
Бұл диссертациялық жұмыста экономикалық қызмет саласындағы
қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы қарастырылып, жан-жақты
талданған. Диссертация кіріспе бөлімінен, үш тараудан, қосымшадан және
қорытынды бөлімнен тұрады.
Диссертацияның бірінші бөлімінде қылмыстардың криминалистикалық
сипаттамасының ұғымы, оның криминалистика ғылымында алатын орны,
мәні мен мазмұны қарастырылған.
Жұмыстың екінші бөлімінде қылмыстардың криминалистикалық
сипаттамасының құрылымдық элементтері, соның ішінде типтік тергеу
ситуациясы, қылмыскер тұлғасының криминалистикалық ерекшеліктері,
жәбірленуші тұлғасының криминалистикалық ерекшеліктері, қылмысты жасау және
жасыру әдістері, қылмыстың жасалу механизмі, қылмыстық қол сұғушылықтың
заты және т.б. элементтерге талдау жасалған.
Жұмыстың үшінші бөлімінде экономикалық контрабанданың
криминалистикалық сипаттамасы беріліп, осы қылмыстарды тергеу кезінде
тергеушілер мен жедел іздестіру қызметкерлерінің өзара қарым-қатынас
мәселелері қарастырылған.
Қосымшада экономикалық контрабанда қылмыстары бойынша Алматы қалалық
Кеден басқармасының статистикалық мәліметтері кесте түрінде көрсетілген.
Пайдаланған әдебиеттер ретінде осы саланы реттеуге бағытталған
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен экономикалық
қызмет саласындағы қылмыстардың мәселелеріне арналған әр түрлі ғалым-
заңгерлердің жұмыстары қарастырылды.
Жоспар
Кіріспе
I тарау. Қылмыстардың криминалистикалық
сипаттамасының кейбір аспектілері.
1.1. Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының теориялық
мәселелері, оның криминалистика ғылымы жүйесінде алатын орны
1.2. Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының
түсінігі, түрлері, мәні
II тарау. Криминалистикалық сипаттамаманың элементтері.
2.1. Типтік тергеу ситуациялары
2.2. Қылмыскердің тұлғалық ерекшеліктері
2.3. Қылмысты жасау әдістері
2.4. Қылмысты жасау механизмі
2.5. Қылмыстыққол сұғушылықтың заты
2.6. Өзге де құрылымдық элементтер
III тарау. Экономикалық қылмыстарды тергеудің
жалпы құрылымы.
3.1. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың криминалистикалық
классификациясы
3.2. Экономикалық контрабанданың криминалистикалық сипаттамасы
3.1. Тергеушілер мен жедел іздестіру қызметкерлерінің Экономикалық
контрабанда қылмыстарын ашу мен тергеудегі өзара қарым-
қатынастарының мәселелері
Қорытынды
Қосымшалар
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Диссертантпен бұл жұмыста қылмыстардың
криминалистикалық сипаттамасы, соның ішінде экономикалық қылмыстардың бір
түрі болып табылатын экономикалық контрабанда қылмысын тергеудің жалпы
ережелері криминалистика ғылымы тұрғысынан қарастырылын, талданған.
Жаңа қылмыстық саясаттың құрылуы қылмыстылыққа, соның ішінде
экономикалық қылмыстарға бақылау жүргізу қажеттілігін білдіреді.
Экономикалық қылмыстылықтың өсуінің алдын алу үшін Егеменді
Қазақстанның ішкі және сыртқы экономикалық қатынастарына бақылау жүргізу
өте қажет. Ол үшін көлеңкелі экономиканы сәйкесінше зерттеу, мелекеттік
және өзге де статистикалық есептің нысандарын жетілдіру қажет.
Жаңа қазақстандық экономиканың қалыптасуында шешуші рөлді атқаратын
маңызды салалардың бірі болып Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық
қызметі табылады. Алайда жаңа сыртқы экономикалық қатынастарға өтудің
тәжірибесі олардың салдары болып табылатын мемлекетке мәнді әрі кей кездері
орны толмас экономикалық зиян және саяси залал тигізетін кеден және
қылмыстық заңдардың бұзылуы ретінде көрініс табатын көптеген теріс
құбылыстарды анықтап көрсетеді. Бұл бұзушылықтардың таралуына әсер ететін
бірқатар шарттар бар. Ең алдымен ол, әрине, басқа мемлекеттермен нарықтық
қатынастарды орнатуда және дамытуда тиісінше тәжірибенің жеткіліксіздігін
атауға болады. Сонымен қатар Қазақстанның шекарасынан өнімді, тауарларды
және шикізатты шығару құқығына лицензия беру тәртібі өрескел бұзылып
жатады. Шекаралық өткізу орындары, кедендік қызметтер жақсы дамымағандықтан
өткізілетін жүктер әр кезде де сапалы түрде тексерілмейді, ал ол құқық
бұзушылықтардың орын алуына әсер етеді.
Трансұлттық қылмыстылық экономика мен экология саласына белсенді түрде
енді, өйткені Қазақстан Республикасының табиғи және жер ресурстары ол үшін
үлкен қызығушылық туғызады. Кез келген мемлекеттің кеден саясаты оның
экономикасына байланысты болады. Сондықтан мемлекет бір тауарлар, заттар
және құндылықтар үшін кеден шекарасынан өтудің еркін режимін белгілесе,
екіншілерге арнайы ережелер белгілейді.
Капиталистік мемлекеттерде экономикалық қылмыс қылмыстың басқа
түрлеріне қарағанда қоғамға көбірек залалын тигізеді және олардың салдары
жалпы қоғам үшін де, оның жеке мүшесі үшін де өте қауіпті деп танылады.
Осыған байланысты бұл мәселеге мелекеттік органдар да, ғалымдар да үлкен
назарын аударуда.
Зерттелу дәрежесі, Қазақстанда мұндай кешенді зерттеу алғаш рет
жүргізіліп отыр. Кеңес дәуірінің жұмыстарын талдау көрсеткендей, олардың
көпшілігі, негізінен, контрабанданың жалпы түсінігі мәселелеріне
арналғандығын және ол криминалистика ғылымында тиісті дәрежеде теориялық
түрде жасалмағандығын көреміз. Экономикалық қылмыстардың,
соның ішінде экономикалық контрабанданың теориялық-құқықтық аспектілері
М.Б.Поняевтің, Б.Свенсонның, А.М.Яковлевтің, В.М.Шевчуктің,
Б.М.Угаровтың, А.Н.Долгованың, С.В.Дьяковтың, А.Ф.Лубиннің, А.А.Федосеевтің
және т.б. еңбектерінде қарастырылған.
Бұл мәселені қарастыруда үлкен үлес қосқан қазақстандық ғалымдар
қатарына: Б. М. Нұрғалиевті, Г. Б. Саматованы, М.А.Алиевті, И.И.Роговты,
Е.Ғ.Джакишевті және т.б. жатқызуға болады.
Диссертацияның мақсаты мен міндеті. Бұл диссертациялық зерттеудің
негізгі мақсаты болып контрабанда қылмыстарымен криминалистикалық әдіс-
тәсілдерді пайдалана отырып күресудің негізгі теориялық мәселелерін кешенді
түрде зерттеу, соның негізінде ұсыныстар құру табылады.
Бұл мақсатқа жету үшін автор келесі сұрақтарды қарастыруды мақсат етіп
қойды:
- экономикалық контрабанданың криминалистикалық сипаттамасын беру;
- контрабанда жөніндегі істер бойынша сот-тергеу тәжірибесін зерттеу
және жинақтау;
- контрабандамен күрес жөнінде мемлекетаралық әріптестіктің
тәжірибесін зерттеу;
- жүргізілген зерттеу негізінде талданған қылмыспен күрестің
тиімділігін арттыратын сәйкесінше ұсыныстар беру.
Диссертациялық зерттеудің әдістемелік және теориялық негізі ретінде
философияның, логиканың, қылмыстық құқықтың, қылмыстық іс жүргізудің және
криминалистиканың ережелері көрініс тапты. Жұмысты орындау кезінде
диалектикалық, статистикалық, салыстырмалы-құқықтық, логикалық-құқықтық
зерттеу әдістері қолданды. Нормативтік негізін Конституцияның және
Қазақстан Республикасының заңдарының негізгі ережелері, экономикалық
контрабандамен күрестің мәселелерін реттейтін заң, сот және атқару
биліктерінің нормативтік актілері құрады.
Қорғауға шығарылған ережелер. Жүргізілген диссертациялық зерттеу
нәтижесінде қорғауға келесі негізгі ережелер шығарылады:
- қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының түсінігі, түрлері,
мәні;
- криминалистикалық сипаттаманың элементтері;
- экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың криминалистикалық
классификациясы;
- экономикалық контрабанданың криминалистикалық сипаттамасы;
- тергеушілер мен жедел іздестіру қызметкерлерінің экономикалық
контрабанда қылмыстарын ашу мен тергеулегі өзара қарым-қатынастарының
мәселелері.
Теориялық және тәжірибелік маңыздылығы. Диссертацияда көрініс тапқан
ұсыныстар:
- экономикалық контрабандамен күрес жүргізетін сот, құқық қорғау
және өзге де мелекеттік органдардың тәжірибелік қызметінде;
- қылмыстық құқық және криминалистика саласында ғылыми зерттеу жүргізу
барысында;
- экономикалық қылмыстылықпен күрес жүргізу барысында жоспарларды,
бағдарламаларды және өзге де шараларды құру барысында;
- қылмыстық құқық, криминалистика пәндері бойынша бағдарлама мен
дәрістік курстарды құру кезінде пайдаланылуы мүмкін.
Жұмыстың көлемі мен құрылымы. Диссертацияның көлемі қойылған
талаптарға сәйкес келеді. Диссертацияның құрылымы кіріспе бөлімнен, төрт
тараудан, қорытындыдан, қосымшадан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
тұрады.
Диссертациялық зерттеу нәтижесінің апробациясы. Диссертант 28
желтоқсан 2003 жылы Актуальные проблемы участия РК в межгосударственном
сотрудничестве атты Қазақстанның жас ғалымдары конференциясына қатысты.
Зерттеу нәтижелері Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының кейбір
теориялық аспектілері деген мақалада жарияланды.

I. КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ СИПАТТАМАНЫҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ

1.1. Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының теориялық
мәселелері, оның криминалистика ғылымы жүйесінде алатын орны.
Криминалистикалық сипаттаманың мәнін анықтауға ғалымдар мен тәжірибе
қызметкерлерінің біраз жекелеген мақалалары мен жұмыстары арналған.
Қылмыстарды тергеу әдістемесіндегі олардың криминалистикалық сипаттамасының
сұрақтарының маңыздылығы туралы олардың үш Бүкіл кеңестік ғылыми –
теориялық конференцияларда – Москвада 1976 және 1984 жылдары және
Свердловскіде 1978 жылы – талқылау пәні болғандығының өзі көрсетеді.
Алайда осыған қарамастан қазіргі кездің өзінде-ақ бірқатар ережелерге
байланысты жақын келетін ғылыми позициялар жоқ. Осыған сәйкес
А.Г.Филипповтың пікірімен келісуге болады: Әдістемелік ұсыныстарды құру
біршама қиындаған, өйткені әлі күнге дейін криминалистикалық әдістеменің
бірқатар маңызды мәселелері, соның ішінде қылмыстардың криминалистикалық
сипаттамасы мен тергеулік ситуация ұғымдарымен және осы ұғымдардың
арақатынасымен байланысты мәселелер шешімін тапқан жоқ.[1.с.22].
Криминалистикалық сипаттаманың эр түрлі аспектілері бойынша
көзқарастардың сәйкес келмеуі зерттелетін объектінің күрделілігі мен көп
қырлығымен ғана емес, сондай-ақ зерттеушілердің көпшілігінің жалпы,
бастапқы мәселелерді шешпей жатып бірқатар жеке мәселелерді шешуге
тырысатындығымен түсіндіріледі [2.с.15].
Криминалистикалық сипаттама-криминалистика ғылымының әзірше жаңа
категориясы. Ол бұрын тергеу тәжірибесін зерттеудің сәйкес
әдістемелерінің қолданбағандығымен, ал бар әр түрлі мәліметтердің жүйе
ретінде қарастырылмағандығымен түсіндіріледі.
Жоғарыда аталған жалпы сұрақтардың ішіндегі ең негізгісі – ол
қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы ұғымын анықтау болып табылады.
Ұғымдардың ғылымның дамуында үлкен рөл атқаратындығы белгілі.
Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы ұғымын анықтау үшін ол қандай
ғылыми және тәжірибелік міндеттерді шешуге арналғандығын, қылмыстың қандай
белгілерін көрсету керек екендігін ескеру керек.
Криминалистикалық сипаттама, біздің ойымыз бойынша, тергеудің нақты
міндеттерін шешу үшін тергеулік жорамалдарды жасап, оны тексеруге қызмет
ететін және қылмыстың берілген түрінің Криминалистикалық мәні бар
белгілердің арасындағы заңи байланысты көрсететін мәліметтер жүйесі.
Келесі қарастыратын бір мәселе – ол криминалистикалық сипаттамадағы
типтік ұғымын анықтау. Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасына
берілген алғашқы анықтамаларда ол қылмыстың типтік белгілерін көрсетуі
керек делінген еді.[3.с.28,с.9-10].
Криминалистикалық сипаттамаға қатысты бұл ұғымды нақтылап алған дұрыс
болар еді. Мұндағы типтік деген сөздің өзі бірнеше мағына беретіндігін
айта өткен жөн.
Типтік бір жерлерде объективті дүниенің берілген нақты жүйесі үшін
барынша қалыпты, үлгілі және ең ықтимал деп анықталса, екінші бір
әдебиеттерде белгілі бір топтың, кластың объектісі үшін маңызы бар барлық
белгілерден тұратын жиынтық ретінде қарастырылады.[4.с.13,24;с.595].
Ал криминалистикалық сипаттама тергеу тәжірибесі үшін маңызды бір
белгілердің басқа белгілермен қатар болуының ықтималдылығының әр түрлі
деңгейі жөнінде мәліметтерден тұрады.
Орыс тілінің сөздігінде типтік деген:1. белгілі бір типке тән
ерекшеліктер мен қасиеттерге ие; 2.нағыз бір нәрсенің белгілері бар деген
мағына беріледі.[5. С.796]
Келесі қарастырылатын бір мәселе – ол криминалистикалық сипаттама мен
тергеулік ситуация ұғымдарының арақатынасына қатысты.
Әдебиеттерде кейде тергеулік ситуация мен криминалистикалық
сипаттамасы ұғымдары бір түсінік пе әлде олардың біреуінің мазмұны
екіншісінен кең бе деген де пікірлер кездесіп қалады [6].
Криминалистикалық сипаттама тергелетін қылмыс жөніндегі ақпараттан
тұрмайды, ол қылмыстық істердің және т. б. қайнар көздердің массиві бойынша
өндеудің нәтижесінде алынған жүйеленген ақпаратты енгізеді.
Ал, тергеулік ситуация – қылмыстардың жекелеген түрлерін тергеу
әдістемесіне жататын ұғым. Ол тергеудің белгілі бір кезеңіндегі
дәлелдемелік, жеделдік (оперативтік) және анықтамалық ақпараттың
көлемімен анықталады.
Криминалистикалық сипаттамаға байланысты ол ақпараттың жаңа құрылымын
құрайтын оның элементтерінің бір түрін білдіреді. Сондықтан да мұндай
сұрақтың орын аяуының өзі дұрыс емес деп ойлаймыз, өйткені бұл – екі бөлек
ұғым болып табылады.
Сондықтан да Криминалистикалық сипаттамаға тергеулік ситуацияларды
енгізу-теріс түсінік деп есептейміз. Себебі, ол Криминалистикалық сипаттама
ұғымының қажетсіз кеңеюіне, Криминалистикалық сипаттама мен қылмыстың
жекелеген түрлерін тергеу әдістемесі арасындағы айырмашылықтарды негізсіз
жоюға алып келеді.
А.Н.Колесниченко Тергеулік ситуация дегеніміз белгілі бір
дәлелдемелер мен ақпараттық материялдың болуымен сипатталатын және осыған
сәйкес оны жинап және тексерудегі нақты пайда болатын міндеттердің болуымен
сипатталатын қылмысты тергеудегі белгілі бір жағдай.[7.с.214].
Ал И.Ф.Герасимов тергеулік ситуация-тергеудің бір кезеңінде
қалыптасқан іштей өзгеруге бар тергеуді сипаттайтын материалдық ақпараттың
және т.б, факторлардың жиынтығы және тергеудің негізгі бағыттарын, шешімді
қабылдау мен әрекеттің әдістерін таңдауды шарттандыратын бағасы.[8.с.173].
Қылмыстардың Криминалистикалық сипаттамасы криминалистиканың
теориясында да, сондай-ақ ЖОО-(ВУЗ) бағдарламасында да айтарлықтай орынға,
мәнге ие болды. Ал оның өзі криминалистика ғылымының дамуы мен оның оқыту
әдістемелерінің жетілгендігін куәландырады. Алайда бұл жағдай
қанағаттанарлық емес. Өйткені Криминалистикалық сипаттама ұғымының өзі
даулы, яғни дискуссиялық болып отыр.
Криминалистикалық сипаттамаға берілген анықтамалардағы айырмашылықтар
оның мәні мен криминалистика ғылымындағы алатын орнына да,тсонымен қатар
оның мазмұнын құрайтын элементтерге де қатысты.
Авторлардың бірі қылмыстардың Криминалистикалық сипаттамасын ғылыми
категория ретінде [9.с.17;с.57] қарастырады, екіншілері оны қылмыс
оқиғасының құрамы деп есептейді [10.с.100], ал ғалымдардың үшінші бір тобы
Криминалистикалық сипаттаманы қылмыстардың Криминалистикалық
классификациясының екінші нысаны ретінде қарастырады [11.с.26].
Криминалистикалық сипаттаманың ғылым құрылымында алатын орнын анықтай
отырып, бір авторлар қылмыстарды тергеудің нақты әдістемелері үшін оның
негізгі мәні туралы айтса [12], екінші бір авторлар оны жалпы
криминалистикалық әдістемесінің ерекше дербес жүйесіне жатқызады [13.с.22].
Қазіргі кезенде қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы ұғымы
қылмыстарды тергеу әдістемесімен байланысты қазіргі криминалистикалық
теория мен тәжірибеге мықты енді. Бұл қазіргі криминалистика ғылымының
негізгі ұғымдарының бірі болып табылады және теориялық және оқу-әдістемелік
әдебиеттерде кеңінен қолданылып жүр. Қылмыстардың жекелеген түрлерін тергеу
әдістемесін құру және жетілдіру кезінде авторлар бұл мәселелерге тоқтамай
кетпейді, сөйтіп, өздерінің мақалаларында, монографияларында және
диссертациялық жұмыстарындағы бір тарауын не болмағанда бір сұрағын осы
қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасына арнайды. Ол криминалистика
ғылымына кіру үшін белгілі бір түрде визиттік карточка ретінде көрініс
тауып қалды десек те болады.
Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы туралы ілім аяқ асты
өздігінен не біреудің еркімен пайда болған жоқ, ол криминалистика ғылымының
даму процесі нәтижесінде пайда болды. Р.С.Белкин көрсетіп өткендей,
криминалистикалық сипаттама термині алғаш қолданыла бастағанға дейін
жекелеген криминалистикалық әдістемелерде оның жекелеген элементтері сөз
етіліп, тергеудің ұйымдастырылуы мен бағытын тандау үшін оның рөлі
көрсетілетін.
Мұндай элементтердің қатарына қылмысты жасау және жасыру әдістері
[14.с.169;с.25], қылмыстың жасалу жағдайы: орны, уақыты, өзге де жағдайлар
[15.с.49;14.с.25;с.29-31;с.10], мүмкін қылмыскердің тұлғасы туралы
мәліметтер [ Іб.с. 110], бастапқы ақпараттың сипаттамасы (оны кейбір
авторлар тергеулік ситуация деп те атайды) [17.с.33;14.Гл.ІІ; раздел II].
Өткен ғасырдың 70-ші жылдарының ортасына таман қылмыстық процестің
қосымшасы ретінде танылып келген криминалистика ғылымы қылмыстық істі
тергеу үшін маңызы бар қылмыстың белгілері мен ерекшеліктерін жүйелеу үшін
дәлелдеуге жататын мән-жайлар деген қылмыстық процессуалдық категорияны
пайдаланды. Осы кезеңдегі криминалистика пәні бойынша оқулықтарда
қылмыстардың жекелеген түрлерін тергеу әдістемесі қылмыстық іс жүргізу
заңдарымен көзделген жиынтығында қылмыстық іс бойынша дәлелдеу пәнін
құрайтын дәлелдеуге жататын мән-жайлардың сипаттамасынан басталып
отырғандығын көреміз.
Криминалист-ғалымдар қылмыстарды тергеу тәжірибесің зерттеп,
жиынтықтай отырып, жылдар бойы қылмыстардың белгілі бір түрлерінің
жасалуының жекелеген мән-жайларына тән белгілер мен ерекшеліктерді жүйелі
түрде анықтап, жинақтады. Қылмыстардың жекелеген түрлерін тергеу
әдістемесіндегі ерекшеліктер мен криминалистикалық маңызы бар белгілердің
жүйеленіп, жинақталуымен қылмыстың криминалистикалық сипаттамасында оларды
қылмыстық-құқықтық аспектілерен оқшалау және дербес криминалистикалық
сипаттаманы құру қажеттілігі туындайды. Криминалистика ғылымының ішінде
өзіндік ғылыми теориялар мен ілімдердің, соның ішінде қылмыстардың
криминалистикалық сипаттамасы туралы ілімнің құрылуы және дамуы оның
мәртебесінің өзгеруіне және криминалистиканың қосымша ғылымнан дербес
ғылымға айналуына әсер етті.
Одан кейінгі жылдары қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының
сұрақтары криминалист-ғалымдардың көңілін өзіне аударта бастайды. 1974 жылы
өткізілген криминалитика кафедраларының жетекшілерінің Бүкіл кеңестік
семинары қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасын заң факультеті бар
жоғарғы оқу орындары үшін криминалистика курсының оқу бағдарламасына
енгізуді ұсынды. Осыған сәйкес 1976 жылдан бастап криминалистика
оқулықтарында қылмыстардың жекелеген түрлерін тергеу әдістемесінің құрамдас
бөлігі ретінде міндетті түрде осындай бөлімдер оқытылады.

1.2. Криминалистикалық сипаттаманың түсінігі, түрлері, мәні

Тергеуге қатысушылардың қызметін және жалпы жоспарды құру кезіндегі
олрдың біріккен қызметі үшін алдымен тергеу кезіндегі олардың өзара
біріккен қызметі үшін алдымен тергеу процесі барысында шешілуі тиіс болатын
негізгі сұрақтарды нықтап алу керек, сондай-ақ дәлелдеу дігін, оның
параметрлерін анықтау керек. Әрине, тергеу-жедел тобының қатысушылары
негізінен қылмыстық процессуалдық заңда көрініс тапқан анықталуға жататын
сұрақтар тізімін алады (ҚР ҚІЖК. 117 бап). Алайда заңда көрсетілген бұл
тізім жалпы әрі толық анықталмағандықтан, тізімнің әр пунктісі нақты қылмыс
құрамының ерекшеліктерін ескере отырып құрылуы керек; ол үшін қылмыстық
құқықтық анализ жасалуы керек. Алайда мұның өзі жеткіліксіз, өйткені
анықталуға жататын мән-жайлардың жеткілікті тізімін анықтау мүмкін емес:
қылмыстық заңның нормаларында тергеулік ситуация, қылмысты жасау және
жасыру әдістері, қылмыс жасалған жағдайлар көрсетілмей, тек қылмыстың мәнді
белгілері мен қасиеттері көрсетілген. Біз И.Ф.Герасимов пен В.К.Гавлоның
[12.С.5] және сондай-ақ т.б. авторлардың [18. с.14;19.с.124-125] қылмыстық
құқықтық критерийлер дәлелденуге жататын мән-жайларды анықтау үшін маңызы
бар және қылмысты ашу үшін қажетті қылмыстық әрекеттің барлық
ерекшеліктерінің ескертілуін қамтамасыз ете алмайды деген ой-пікірлерімен
келісеміз. Ал ол дегеніміз-криминалистикалық сипаттама дәлелдеуге жататын
мән-жайлар ретіндегі тергеу әдістемесінің элементін толығымен жұтпайды
(өзіне сіңірмейді), керісінше ол бұл жағдайларды анықтаудың әдісі ретінде
пайдаланылады. Қазіргі уақытта қылмыстардың криминалистикалық
сипаттамасының теориясына арналған монографиялық еңбектер
болмағанымен, әдебиеттерде криминалистикалық сипаттамаға берілген
анықтамалар жеткілікті. Ғалымдардың көпшілігі криминалистикалық сипаттаманы
олардың анализі қылмысты ашу мен тергеудің тиімді жолдары туралы қорытынды
жасауға мүмкіндік беретін қылмыстың белгілі бір санатының типтік белгілері
туралы мәліметтер жүйесін түсінеді [20.с.339Д05;11].
Криминалистикалық сипаттама туралы ең алғашқы ойды ЛМУ-нің профессоры
П. И. Люблинский 1927 жылы айтады. Қылмыстарды жемісті түрде ашып, тергеу
үшін қажетті өзге де шарттармен қатар логика мен дәлелдемелерді техникалық
зерттеу туралы ілімдерді білу және шебер түрде қолдана білу ерекше айтылып
көрсетілген. Мұндағы П. И. Люблинский дәлелдемелерді техникалық зерттеуге
криминалистиканы, сот медицинасын, криминалдық психологияны және соттық
психопатологиясын енгізген еді, оның негізінде, деп көрсетті
П.И.Люблинский, тергеу керек болатын оқиғаның криминалистикалық сипатгамасы
құрылуы керек. Мұндай сипаттаманың схемасын ойлап шығарудың қажеті жоқ,
өйткені оны бізге ежелгі римляндықтар жеті бөліктен тұратын формула түрінде
берген: кім, нені, қай жерде, кімнің көмегімен, не үшін, қалай, қашан.
Тергеу аяқталғаннан кейін дұрыс криминалистикалық сипаттаманы құру үшін
барлық әрекеттер дұрыс жасалды ма, аталған формуланы құрайтын сұрақтарға
жеткілікті негізді түрде жауаптардың алынған - алынбағандығына әр қашан көз
жеткізу керек.
Міне, осыдан барып көріп отырғанымыз, П.И.Люблинский
криминалистикалық сипаттаманы нақты қылмыстың жасалуының мән-жайларының
сипаттамасы ретінде түсінгендігін көреміз. П.И.Люблинский қылмыстардың
криминалистикалық сипаттамасы ұғымын енгізуді ұсынғанымен, оның мазмұны
қазіргі кезде қолданылатын криминалистикалық сипаттама ұғымына толығымен
сәйкес келмейді.
Формуланың элементтері криминалистикалық сипаттаманың қазіргі кездегі
трактовкасына өте жақын, ал кей жерлері нақты соған сәйкес келуі көңіл
аудартады. Алайда өкінішке орай алғашқы кеңестік криминалистика
оқулықтарына енген рим формуласы алынып тасталды.[21.с.32-33]. Мұның
себептерін түсіндіре отырып П.И.Тарасов-Родионов бұрын буржуазиялық
криминалистика жас кеңестік криминалистикаға теріс әсер ете бастады,
сондықтан оның нәтижесі ретінде рим формуласы автоматты түрде соған ауысты
– деп жазады [ 22. с.28 ]. Алайда, мұндай баға қате деп ойлаймыз. Өйткені
П.И.Тарасов-Родионовтың өзі осы формуланы тек негізгі деп атай отырып
және оның мазмұнын екі қосымша сұрақпен: қоғамдық қауіпті әрекет кімге
қарсы бағытталған және не үшін, яғни ол қасақана не абайсыздықга жасалды ма
– деп кеңейте отырып, өңдейді.
Бұдан кейін қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасына анықтаманы
А.А. Сергеев өзінің кандидаттық дисертациясында берді.Оған сәйкес
қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы дегеніміз криминалистикалық
мәні бар жекелеген қылмыс түрлерінің ерекшеліктері[23], Мұнда автор бұл
ұғым қандай криминалистикалық маңызы бар белгілерден тұратындығын ашып
көрсетпейді.
Бір жылдан кейін өзінің докторлық дисертациясында осыған ұқсас
анықтаманы АН.Колесниченко береді [7.С.10]. Өкінішке орай ол да бұл ұғымның
мәні мен құрылымын және оның ұқсас ұғымдармен, атап айтсақ дәлелдеу пәнімен
арақатынасын ашпайды.
Кейін қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы туралы
криминалистикалық әдістемемен байланыстыра отырып С. П. Митричев айтқан
еді. Ол бұл ұғымның мазмұнына қылмыстың типтік белгілерін, осы қылмыс
түрінің ерекшеліктерін, яғни қылмыс жасау әдістерін қылмыс болған жерде
қалдырылатын іздерді, қылмыскердің кәсіби және қылмыстық дағдыларын
жатқызды. Түрік криминалистикалық сипаттама –криминалистикалық мәні бар
белгілердің барынша көп түрін енгізу керек, – деп жазды ол [24.С.28].
Кейінгі жылдары қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының
мәселелері ғалым-криминалисттердің назарын аударта бастайды. Айталық,
В.Г.Танасевич пен В.А.Образцовтың пікірі бойынша криминалистикалық
сипаттама-пайда болған ақпараттьщ ерекшеліктері мен қайнар көздері туралы,
олармен шарттанған криминалистикалық әдістер мен тәсілдерді қолдану арқылы
қылмыстық сот өндірісінің міндеттерін шешу үшін маңызы бар қылмыстық
әрекеттің механизмдері туралы объективтік мәліметтердің жүйесі[25.с.28].
И.Ф.Пантелеев пен А.Ф.Савкиннің пікірлері бойынша қылмыстардың
криминалистикалық сипаттамасы-ол қылмыстың ашылуына септігін тигізетін
және криминалистикалық мәні бар мәліметтердің жиынтығы[26.с.458]. Оның
ойынша криминалистикалық сипаттама - ол әр түрлі қылмыстық әрекеттердің
санаттарымен, күрестің жағдайы мен ерекшеліктерінің сипаттамасы. Ол бұған
осы қылмыс түрінің түсінігін, қай тергеуге жататындығын, тергеу мерзімдері
мен заңмен бекітілген осы санаттағы істер бойынша өндіріс ерекшеліктерін,
қылмыстың жекелеген түрлерімен күрестің жағдайы мен мәнін және қылмысты
жасау әдісі мен қылмыскердің тұлғасы бойынша классификациялауды енгізеді
[27.С.6-9].
Н.А.Селивановтың концепциясына сәйкес криминалистикалық сипаттаманың
мазмұнын қылмыстық қол сұғушылықтың объектісіне, қылмыстың әдісі мен
жағдайына, оның салдарына, объективтік жағы мен қылмыскердің тұлғасына
жататын мәліметтер түріндегі элементтердің жүйесі құрайды. Бұл
элементтердің барлығы өзара заңдылық байланыста, яғни бір жағдайда
динамикалық, екінші жағдайда статистикалық байланыста болады.[28.с.56-57].
Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының табиғаты жөнінде сөз
қозғай отырып, Р.С.Белкин оны келесідей етіп анықтайды: қылмыстардың
криминалистикалық сипаттамасы дегеніміз абстрактілі түсінік және ол осы
түрде криминалистика ғылымында көрсетіледі. Оны криминалистикалық сипаттама
туралы еңбектердің авторларының барлығы дерлік таниды деп жазады
[29.с.317]. Е.Ғ.Джакишев оны қылмыскердің криминалдық қызметін және жалпы
алғанда тергеліп отырған оқиғаны модельдеуге мүмкіндік беретін абстрактілі
ғылыми түсінік,- деп жазды [30.с.17].
И.М.Лузгин қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасын болған
оқиғаның ақпараттық моделі ретінде қарастырады. Ол үнемі түзетулерді
қажет етеді деп анықтайды [31.с.26-27].
Г.А.Мозговых ғылыми категория ретіндегі қылмыстардың
криминалистикалық сипаттамасы дегеніміз белгілі бір қылмыс түрінің сәтті
ашылып, тергеліп және ескертілуі үшін білу қажет болатын қылмыстың белгілі
бір түрінсипаттайтын криминалистикалық мәні бар өзара байланысты белгілер
мен ерекшеліктердің жиынтығы – деген анықтама берді [32.с.14].
Жоғарыда біздің қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы жөнінде әр
кездегі авторлардың, ғалымдардың берген анықтамаларына шолу жасауымыз екі
мақсатты көздейді: 1) осы ұғым үшін маңызды болатын фактіні анықтау және 2)
жеке криминалистикалық әдістеменің элементтері жүйесінде криминалистикалық
сипаттаманың орнын анықтау.
Өзіміз көріп отырғанымыздай, қылмыстардың криминалистикалық
сипаттамасының идеясы жаңа идея қатарына жатпайды. Ең алғаш қылмыстардың
криминалистикалық сипаттамасы термині қолданбай тұрып-ақ жекелеген
криминалистикалық әдістемелерде оның жекелеген элементтері аталып, тергеуді
ұйымдастыру мен оның бағытын тандаудағы олардың рөлі көрсетілетін. Мұндай
элементтердің қатарына қылмысты жасау мен жасырудың әдістері [33,с.49],
қылмыстың жасалу жағдайы, уақыты, орны және т.б. жағдайлар[15.с.49],болуы
мүмкін қылмыскер түлға туралы мәліметтер [ 15 .с. 110], бастапқы ақпараттың
сипаты жатады [14.с.33].
Міне, осы анықтамаларды талдау арқылы біз авторлардың көпшілігінің Л
А. Сергеев ең басында-ақ криминалистикалық маңызы бар қылмыстардың
ерекшелігі, яғни қылмысты тергеуде тәжірибе үшін маңызы бар деп көрсеткен
негізден шығатындығын көретеді. Мәтіндеріндегі бірқатар айырмашылықтарға
қарамастан бұл анықтамалар, осы ұғымның негізгі мәнін дұрыс береді. Ал оның
өзі осы ұғымға деген көзқарастардың тұрақтанғандығын көрсетеді деуге
болады.
Барлық авторлардың келісетін тағы бір жағы оларды тергеу әдістемесінде
қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының маңызды рөлі мен мәнінің бар
екендігінде.
Н.П.Яблоков бұл ғылыми категорияның тәжірибелік мәніне көңіл аудара
отырып кез келген қылмыстың сәтті тергелуі көп жағдайда тергеушінің оның
тек қылмыстық құқықтың мәніне ғана емес, сонымен қатар оның
криминалистикалық мәнін дұрыс ұғынуына байланысты болады. Ал жасалған
әрекеттің криминалистикалық мәнін тергеуші тек белгілі бір жағдайларда ғана
түсіне алады. Ол үшін әр түрлі қылмыстық әрекеттердің криминалистикалық
маңызы бр белгілерін дұрыс біліп, оларды сәйкес қылмыс түрінің
криминалистикалық сипаттамасымен салыстыра білуі керек деп көрсетеді
[34.С.35].
Қылмыстарды тергеу әдістемесіндегі олардың криминалистикалық
сипаттамасының маңызылығын олардың үш Бүкіл кеңестік ғылыми-теоретикалық
конференцияларда қаралуы көрсетіледі: 1976,1984 ж.ж. Москвада және 1978
жылы Свердловскіде және осылардың нәтижесі бойынша ғылыми жұмыстардың
жиынтығы жарияланған еді: методика расследования преступлений. Сборник
научных трудов. Москва, 1976; Криминалистические характеристики в методике
расследования преступлений. Сб.научных трудов. Вып. 69 Свердловск, СЮИ,
1978; Криминалистическая характеристика преступлений. Сб.научных трудов.
Москва, 1984.
Криминалистикалық сипаттаманың құрылуының қайнар көзі ретінде
қылмыстарды ашу мен тергеу бойынша қызметтің материалдары (жедел іздестіру,
тергеу, сараптамалық және сот тәжірибесі) табылады. Бұл тәжірибені зерттеу
және ғылыми жиынтықтау нәтижесінде қылмыстың әр түрінің криминалистикалық
белгілері мен ерекшеліктері анықталады.
Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының табиғаты мен мәні туралы
авторлардың көпшілігінщ ой-пікірлері бір жерден шығатын болса,
криминалистикалық сипаттаманың түрлеріне келгенде бірыңғай қалыптасқан
пікір жоқ. Айталық, Н.П.Яблоков криминалистикалық сипаттаманың үш деңгейін
атап көрсетеді: Түрлік, топтық және жекелеген қылмыстың. Түрлік және топтық
жекелеген қылмыстар өздерінің ерекшеліктеріне байланысты типтік болуы
керек. Ол үшін олар келесідей талаптарға сәйкес келуі тиіс:
- сәйкес қылмыстық істердің статистикалық не өзге де арнайы бағдарлама
бойынша жиынтық пен өндеуге негізделуі керек;
- жекелеген белгілері емес, барлық құрылымдық элементтердің арасындағы
заңдылық байланысының сипаты туралы сәйкес түсінік беруі керек;
- сәйкес қылмыстық әрекет туралы толық жүйелі түсінік берілуі керек.
Жекелеген қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы әр кезде де жеке
(индивидуалды), бірақ көп жағдайда белгілі бір түрге жақын болып келеді, –
деп жазды [35.с.324;36.с.45;26.с.445].
Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы қылмыстық құқықтық
сипаттамаға қарағанда қылмыстың жалпы ұғымына іштей тән емес. Қылмыстың
түрінің немесе тобының, сондай-ақ жекелеген нақты қылмыстың
криминалистикалық сипаттамасы болады. Қылмыстың нақты криминалистикалық
сипаттамасы қылмыстың жалпы ұғымынан емес, қылмыс жөніндегі материалдарды
зерттеп, жиынтықтаудың негізінде құрылады, сөйтіп, белгілі бір кезінде сол
аумақтың немесе елдің шегінде жасалған қылмыстың әр түрінің (тобының)
типтік криминалистикалық ерекшеліктерін білдіреді.
Қылмыстың түрінің (тобының) криминалистикалық сипаттамасы-динамикалық
категория. Қылмыстық әрекеттің әдістері мен тәсілдерінің өзгеруіне сәйкес
нақты қылмыстардың түрлік криминалистикалық сипатамасы криминалистика
ғылымының категориясы ретінде жекелеген қылмыстарды тергеу әдістемесімен
қатар криминалистикалық техника мен тергеу тактикасы үшін де маңызы бар, –
деп көрсеткен [37.с.366-370]. В.А.Образцов үш деңгейді жалпы, ерекше және
жеке деңгейді атап көрсетеді. Мұндағы ерекше деңгейге қылмыстың түрі, тобы
және бір түрі кіреді [38.С.38]. А,Г.Филиппов қылмыстардың криминалистикалық
сипаттамасын екі деңгейде қарауды ұсынады: 1)жалпы ұғым ретінде;
2)қылмыстардың нақты түрлері мен топтарының криминалистикалық сипаттамасы
ретінде [39.с.333].
Р.С.Белкин мен И.Ф.Герасимов та екі деңгейлік позицияны ұстанады,
мұнда сонымен қатар жеке деңгей ретінде қылмыстардың түрі мен тобының
криминалистикалық сипаттамасын ашып көрсетеді. Топтық, мысалы, мүліктік
қылмыстардың сипаттамасы болса, түрлік-ұрлық және алаяқтық, – деп жазды
[29.с.315;40.с.330].
Криминалистикалық сипаттамаға қылмыстың нақты түрінің таралуы мен
динамикасы туралы, оның қоғамға қауіптілігі туралы мәліметтерді енгізу
(И.Ф.Герасимов, В.А.Ледащев) туралы ұсыныстары, біздің ойымызша, негізсіз.
Бұл мәліметтердің тұрақты емес екендігімен қоса олар тәжірибедегі ұсыныстар
жиынтығы ретіндегі тергеу әдістемесіне ештеңе де бермейді. Бұл
мәліметтердің криминалистика ғылымы үшін маңызы бар, өйткені олар
қылмыстардың қай түрлерін тергеу әдістемесіне көбірек назар аудару керек
екендігін көрсетеді. Олар өзінің мәні бойынша криминалистиканың емес,
криминологиялық және қылмыстық құқықтық сипаттаманың элемента ретінде
көрініс табады [29.С.315].
Криминалистикалық сипаттаманың ұғымы мен рөліне байланысты нақты
қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы болады ма деген сұрақ туындайды.
Бірқатар авторлардың еңбектерінде мұндай сипаттама бар деген пікір
айтылады. Сапалы тергеу жеткілікті түрде толық қылмыстың криминалистикалық
сипаттамасын алумен аяқталады, – деп жазады НА.Селиванов [41.с.132].
Біздің пікіріміз бойынша И.Ф.Герасимов пен Р.С.Белкиннің ұстанған
позициялары дұрыс. Мұны негіздеу үшін криминалистика ғылымының пәнін
анықтап алу керек. Яғни, криминалистика-қылмыстарды тергеу жөніндегі ғылым.
Криминалистикалық зерттеулердің негізгі мақсаты-қылмыстылықпен күрес
нәтижелілігін қамтамасыз ететін қазіргі әістер мен тәсілдермен тәжірибені
қамтамасыз ету. Табиғатта абстрактілі қылмыс болмайды. Олардың әрқайсысы
нақты және нақты әрекеттер, нақты адамдар, нақты нәтижелерде көрініс
табады. Теориялық аспектіде оқытылатын қылмыстың жалпы қылмыстық құқықтық
ғылымның пәні болып табылады. Қылмыстың бұл жалпы ұғымында
криминалистикалық мәні бар элементтер жоқ. Сондықтан да қылмыстың жалпы
криминалистикалық сипаттамасының болуы мүмкін емес.
Г.А.Густов сипаттамада көрініс тапқан мәліметтердің деңгейіне
байланысты криминалистикалық сипаттаманың үш деңгейін ажыратуға болады: 1)
қылмыстардың жалпы криминалистикалық сипаттамасы; қылмыстардың түрінің
(тобының) криминалистикалық сипаттамасы; нақты қылмыстың криминалистикалық
сипаттамасы. Сипаттаманың аталған түрлерінің әрқайсысының өзінің қызметтік
мәні мен мазмұны бар. Соған сәйкес қылмыстардың жалпы криминалистикалық
сипаттамасы-барлық қылмыстарды ашып, тергеу үшін маңызы барбарлық қылмыстық
әрекеттерге тән жалпы белгілердің сипаттамасы. Оның негізгі мақсаты-
қылмыстың өзінің объективтік қасиеттерімен шарттанған қылмысты ашу және
тергеудің жалпы ережелері ме әдістерін жасау үшін; криминалистикалық
сипаттаманың басқа түрлерін және қылмыстың типтік моделін құру үшін
теориялық база ретінде көрініс табу.
Мұндай сипаттаманы криминалистикалық теория беруі тиіс. Яғни,
қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы келесілерден тұрады:
- қылмыстық әрекеттің жалпы құрылымын, сондай-ақ барлық қылмыстарға
ортақ байланыс пен арасындағы қатынастың сипаттамасы (тікелей қол
сұғушылықтың пәні, субъектісі, субъектінің физикалық және психикалық
әрекеттері, факті-салдар, қылмыстың жасалу орны мен уақыты, қоғамдық
қауіптілік);
- қылмыстардың ашылуы мен тергелуін анықтайтын жалпы заңдылықтардың
сипаттамасы;
- қылмыспен байланысты басқа да жүйелердің тізімі және қысқаша
сипаттамасы.
Қылмыс түрінің криминалистикалық сипаттамасы-белгілі бір қылмыс түріне
тән және осы қылмыс түрін ашып, тергеу үшін криминалистикалық маңызы бар
белгілерді сипаттау. Оны жалпы сипаттама сияқты криминалистикалық теория
береді.
Қылмыс түрінің криминалистикалық сипаттамасының маңызы-тергеудің
жекелеген әдістемелерін құру үшін; осы қылмыс түрі үшін арнайы тактикалық
әдістер мен тергеудің тергеудің техникалық құралдарын жасау үшін; нақты
істі тергеуді ұйымдастыру үшін; нақты қылмыстық іс бойынша қылмыстың
криминалистикалық сипаттамасын құру үшін теориялық база ретінде қызмет ету.
Нақты қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы-тергелетін қылмыстың
сипаттамасы. Оны типтік сипаттамаларды, қылмыстың типтік модельдерін және
тергеудің типтік бағдарламасын пайдалана отырып тергеушінің өзі жасайды.
Мұндай криминалистикалық сипаттама үшін ақпараттың қайнар көзі ретінде
тергеушінің криминалистикалық бөлімі, оның өмірлік және кәсіби тәжірибесі,
қылмыстық істің материалдары, анықтау органдарының ақпараттары, мамандардың
кеңесі табылады. Яғни, бұл мәліметтер-тергеудің жекелеген әдістемелерін
жасау үшін бастапқы теориялық және ақпараттық база болып табылады, –
деп,өз пікірін айтқан еді [42.с.44-47].
Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының бөлінуінің негізінде
қылмыстардың криминалистикалық классификацисы жатыр, – деп көрсетеді
В.В.Радаев [43.С.11].
Г.А. Мозговых қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы жиынтықтың
нәтижесі бола отырып, қылмыстың белгілі бір түріне тән белгілерді
көрсететін ғылыми абстракция болып табылады. Ал олай болатын болса,
Н.А.Селиванов [41], В-К.Гавло [44], И.Ф.Пантелеев және А.Ф.Савкин [26],
Н.П.Яблоков [36], В.А.Образцов [38] және т.б. бірқатар авторлардың айтуынша
жеке қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы бар деген пікір негізсіз.
Н.А.Селиванов нақты қылмыстың криминалистикалық сипаттамасының болуын
әр түрлі қылмыстардың типтік сипаттамаларын оларсыз құру мүмкін емес
деген оймен аргументтейді [45]. Мұндай пікірмен келісуге болмайды. Біз де
Р.С.Белкин, И.Е.Быховский және А.В.Дуловтың пікірімен келісеміз. Оған
сәйкес: нақты іс бойынша тергеуші берілген қылмыстың криминалистикалық
сипаттамасын құру міндетін атқармайды, ол дәлелдеу пәніне кіретін нақты осы
жағдайға тән барлық ерекшеліктері бар фактілерді анықтайды [46].
А.А.Эйсманның пікірі бойынша жекелеген қылмыстың криминалистикалық
сипаттамасының ғылым үшін маңызы аз. Өйткені ғылым-қайталанбалы жағдайды
зерттеп, жинақтаумен айналысады. Бұл-қылмыстың тобына, түріне жатқызылатын
және тергеу әдістемесінің негізінде қолданылатын ғылыми категория.
[47.с.100]. Бұл пікірді А.Н.Колесниченко да ұстанған [48.С.81].
Біздің пікіріміз бойынша нақты қылмыстың криминалистикалық
сипаттамасының бар екендігі жөніндегі түсініктер қате және бұл қателік
осындай көзқарасты жақтаушылардың концепциясының өзінде жатыр деп
есептейміз.
В.К.Гавло қылмыстардың криминалистикалық сипаттамалары әр түрлі
деңгейдегі абстракциялық ұғымнан тұрады. Осыған сәйкес олар әр түрлі
деңгейдегі ақпарат мазмұнына ие, – деп дұрыс айта келе [44.с.122],
абстракцияның ең төменгі деңгейі-нақты қылмыстың криминалистикалық
сипаттамасы, – дейді.
В. И. Шиканов криминалистикалық сипаттаманың тәжірибелік мәні- ол тек
мүмкіндік модель ретінде қарастырыла алады және сәйкесінше тергеуші оны тек
бағдар алушы ақпарат ретінде пайдалана алады деген дұрыс ой айтады
[49.с.24]. Дей тұрғанымен, В.И.Шиканов нақты қылмыстың криминалистикалық
сипаттамасы концепциясын жақтаушы.
Қылмыстың нақты түрінің криминалистикалық сипаттамасын типтік
криминалистикалық сипаттамадан ажырату керек. Типтік криминалистикалық
сипаттама дегеніміз-әр түрлі қылмыстарға тән жалпы мәліметтердің жүйесі
(Оны В.А.Образцов жалпы деңгей ретінде ашып көрсететін әр түрлі
қылмыстардың бүкіл жиынтығымен шатастырмау керек. [38.С.39]). Мұндай
типтік сипаттама оның құрылымы мен мәні туралы жалпы түсінік бере отырып,
белгілі бір қылмыс түрі мен тобына тән негізгі типтік белгілердің үлгілі
тізімін гана енгізеді және нақты қылмыстың түріне тән өзінің құрылымында
криминалистикалық мәні бар белгілерді ескеретін қылмыстардың түрлік
сипаттамаларын құру үшін базалық модель ретінде ғылыми-теориялық аспектіде
ғана мәні бар. Қандай да бір қылмыс түрімен байланысты емес мұндай типтік
криминалистикалық сипаттамаға мысал ретінде Р.С.Белинмен оның құрылымы
Криминалистическая энциклопедия атты кітабында көрсетілген сипаттаманы
атап өтуге болады [20.с. 105].
Жасалған қылмыстың маңызды мән-жайлары туралы объективті деректердің
жүйесі ретіндегі криминалистикалық сипаттама ақпараттық модель ретінде
көрініс табады және оның мәні екі аспектіде-ғылыми және тәжірибелік-
қарастырылуы керек. Жаңа криминалистикалық теорияның ғылыми түсінігі мен
мазмұны тәжірибедегі маңызымен, криминалистиканың міндеттерін шешудегі,
яғни қылмыстардың алдын алу, анықтау және ашудың құрамдарын, әдістері мен
тәсілдерін құрып, жасаудағы рөлімен анықталуы керек.
Қылмыстардың криминалистикаяық сипаттамасы жеке теория ретінде аталған
міндеттерді шешуге багыттылған криминалистикалық әдістер мен тәсілдерге
көңіл аударған тәжірибенің күннен күнге өскен талаптарына жауап ретінде
пайда болды. Яғни, қылмыстарды ашу үшін криминалистикалық сипаттаманың
мәліметтерінің тергеушінің немесе жедел іздестіру тобының жұмысының
бастапқы кезеңінде, осы маңызды мән-жайларды анықтау шешуші мәнге ие
болатын кезде өте маңызды.
В.А.Ледащевтің пікірі бойынша криминалистикалық сипаттаманың
құрылысына криминогендік жағдайларды енгізу керек [50.с.62]. Оның пікірі
бойынша қылмыстың жекелеген түрлері мен санаттарын жасаудың криминогендік
жағдайлары туралы мәліметтерді криминалистикалық сипаттамаға енгізу
қылмыстарды ашу және алдын алу бойынша тергеу органдарының қызметін
жоспарлау және ұйымдастыру үшін өте тиімді болады және мұнда оларды
криминалистика саласына жатқызудың критериі болып оларды жоюдың әдісі
табылуы керек: егер қандай да бір криминогендік жағдай криминалистикамен
жасалатын криминалистикалық әдістердің көмегімен жойылатын болса, ол
криминалисттермен зерттелуі тиіс, – деп өзінің ойын тұжырымдайды.
Оқиғаның ақпараттық моделі ретіндегі криминалистикалық сипаттама
бірқатар функцияларды жүзеге асырады: эвристикалық және танымдық (қылмыс
іздерін табуға және қылмысты ашуға көмекгеседі), ұйымдық-әдістемелік
(тергеудің әдістемелерін дұрыс таңцауға және іс бойынша жұмысты дұрыс
ұйымдастыруға көмектеседі), бағалау функциясы. Осыған сәйкес
криминалистикалық сипаттаманың қылмыстың жекелеген түрлерін тергеу
әдістемесі үшін ғана емес, оның ережелері, сондай-ақ криминалистикалық
техника үшін де (трасология, баллистика, габитология, қылмыскерді тіркеу)
және криминалистикалық тактика үшін де (жорамалдар, жоспарлау, жекелеген
тергеу әрекеттерінің тактикасы) өте маңызды деп есептейді [31.с.27].
Одан кейін криминалистикалық сипаттаманың мазмұнының толық әрі нақты
болуы қылмыстарды классификациялаудың таңдалып алынған негіздеріне
байланысты болады. Мысалы, Қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінде қабылданған
классификация негізінде криминалистикалық сипаттама беріледуі мүмкін:
қылмыстың субъектісі бойынша (кәмелетке толмағандар, әйел адамдар,
рецидивисттер т.б.); қылмыстың жасалу орнына байланысты (темір жол
көлігінде, қоғамдық орында т.б.); қылмыстарды жасау әдістері бойынша және
т.б. негіздерде.
Кейбір авторлар қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының мазмұнын
кең түрде түсінгендігі сонша, олар оны тергеу әдістемесімен теңестіреді.
Оған мысал ретінде А.В.Горбачевтың позициясын келтіруге болады. Оған сәйкес
криминалистикалық сиаттаманың мазмұны болып оның негізінде қылмыстардың
жекелеген түрлерін тергеу әдістемесі анықталатын қылмыс процесі және оны
ашу мен тергеу үшін тән компоненттерді, байланыстарды, қатынастарды
сипаттау табылады [51.С.6]. Одан кейін А.В.Горбачев қылмыстарды ашу және
тергеу бойынша қызметтің криминалистикалық сипаттамасын келесілер құрады
дейді: қылмыстық істі қозғауға дейінгі типтік ақпараттың анықтылығының
сипаттамасы: жалпы анықталатын жағдайдың конфликтілігінің деңгейі; ұйымдық
қызметтің сипаттамасы; жекелеген қылмыс түрлеріне қатысты оларды ашу мен
тергеудің ерекшеліктері. Яғни, мұның барлығы қылмыстың жекелеген түрін
тергеу әдістемесін құрды. Ал, қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы
тергеу әдістемесінің құрылымында ақпараттық негіз ретінде дербес мәнге ие,
– деп жазды АТ.Мозговых [32.с.127].
Ал, Н.А.Селиванов криминалистикалық сипаттаманың мазмұнын қылмыстық
қол сұғушылықтың объектісіне жататын қылмыстың жасалу әдісі мен
жағдайларына, оның саларына, объективтік жағы мен қылмыскердің тұлғасына
жататын мәліметтердің жүйесі ретінде анықтайды [52.С.4].
А.А.Эйсман криминалисикалық сипаттамаға унитарлы мән бере отырып, оны
қылмыс құрамы мен дәлелдеу пәнінің ұғымының жүйесі ретінде қарастырады.
Криминалистикалық сипаттаманың негізгі міндеті-тергеудің аяққы және аралық
мақсаттарын толығымен нақты белгілеу.
Криминалистикалық сипаттаманың мазмұнына көптеген мән-жайлар (қылмысты
жасау әдістері, қылмыскердің тұлғасы, сыртқы орта және т. б.) кіргендіктен,
криминалистикалық сипаттаманың әр түрлі классификациясын құру мүмкіндігі
пайда болады. Мұндай классификацияның негізінде бір немесе бірнеше мән-жай
қойылады деп көрсетіледі [47.С.99-101].
Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы қылмыстарды тергеу бойынша
әдістемелік ұсыныстарды жасау кезінде қолданылатын ұғымдардың қатарына
жатады. Сондықтан бұл ұғымның көлемі мен мазмұны жөнінде криминалистикалық
сипаттаманың тергеу әдістемесінің құрылымындағы орны мен оның әдістемелік
жетекшіліктердегі функциясын ескере отырып айтуға болады.
Қандай да бір қылмыс түрін тергеу бойынша әдістемелік құралдар,
әдетте, келесі элементтерден тұрады:
- қылмыс құрамының қысқаша қылмыстық құқықтық сипаттамасы мен кейбір
криминологиялық мәліметтерден;
- іс бойынша міндетті түрде дәлелденуге жататын мән-жайлардан;
- дәлелдемелік фактілерден, яғни оларды анықтау дәлелдеу пәнінің
элементтерін анықтауға мүмкіндік беретін мән-жайлар. Мысалы, қылмыстың
жасалу әдісі, дайындық қызметі, әр түрлі іздер, әрекеттің анықталған
мотивтері;
- дәлелдеуге жататын жағдайларды анықтаудың құралдары.
Осы жоғарыда аталған элементтер жүйесінде қылмыстың криминалистикалық
сипаттамасының орны қандай деген сұрақ туындайды.
Қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы қылмыстық құқықтың дәлелдеу
пәнінен қылмыстың белгілі бір түріне тән белгілердің тізімін нақтылаумен
және типтік дәлелдеу фактілерінің толық сипатталуымен ажыратылады.
Криминалистикалық сипаттаманың негізгі мақсаты-тергеудің мақсаттарын
нақты анықтап көрсету, яғни қылмыстарды тергеу әдістемесін құру кезіндегі
негізгі мақсат-тергелетін іс бойынша дәлелдемелерді. жинаудың әдістері мен
тәсілдерін, дәлелдеу процесінің негізін ғылыми тұрғыдан құру болып
табылады. Осының негізінде жасалатын қылмыстың жекелеген түрлерін тергеу
әдістемелері құрылымдық қатандыққа, әдістемелік ұсыныстар түсінушілікке, ал
тергеу әдістемелерінің өздері қалыпты жүйеге ие болады.
Криминалистикалық сипаттаманың жалпы ережелерін құру барысында оның
мазмұнына қылмыскердің тұлғасы туралы, қол сұғушылықтың пәні туралы,
қылмыстың жасалуының әдісі, уақыты, жағдайы мен орны т.б. с.с. мән-жайлар
енеді.
Қылмыс белгілерінің көптігіне байланысты оларды жүйелеу қажеттілігі
туындайды. Оны қылмыс құрамына байланысты жүзеге асыру керектігі жөнінде де
пікір келтірілген еді [53.с.36]. Осы негізге сәйкес субъектіге,
субъективтік жаққа, объектіге, объективтік жаққа жататын белгілерді анықтап
көрсетеді.
Криминалистикалық сипаттаманың мазмұнын анықтау кезінде қылмыстық
құқық, қылмыстық іс жүргізу, криминологиялық және т.б. ғылымдардың
ережелерін ескеру керек.
Алайда, бұл ғылымдардың ережелері криминалистикалық сипаттаманың
мазмұнына кірмейтіндігін ескеру қажет, өйткені олар криминалистиканың
пәніне кірмейді.
Сонымен, криминалистикалық сипаттаманың мазмұны көп жағдайда іс
бойынша дәлелденуге жататын мән-жайлардың сипатымен анықталады. Ол
жөніндегі мәліметтер қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының ядросын
құрайды.
Криминалистикалық сипаттаманың мазмұнын құрайтын мәліметтер-танымның
нәтижесі.
Барлық авторлар (соның ішінде біз де) криминалистикалық сипаттаманың
ең негізгі белгісі ретінде оның жүйелілігін көрсетеді. Криминалистикалық
сипаттама оны құратын элементтер жүйесі деп те айтылады. Алайда мұндай
пікір әзірше тек декларативті сипатқа ие екендігін айту керек; яғни жүйе
туралы сөз болғанымен де жүзінде олардың элементтерінщ жиынтығын құрайтын
сома (сумма) шығады. Алайда, бұл элементтердің барлығын қосып, бұл
жиынтықты жүйе деп, ал кейін криминалистикалық сипаттама деп атай отырып,
біз нені ұтамыз? Басқаша айтқанда криминалистикалық сипаттама жүйеленген
білім ретінде бізге тәжірибе жүзінде не береді?
Криминалистикалық сипаттама бірыңғай кешен ретінде тәжірибелік мәнге
тек оның элементтері арасында қажетті бағыныштылық пен корреляциялық
байланыс орнатылғанда ғана ие болады [53], – деп көрсетеді Р.С.Белкин,
И.Быховский және АДулов [46:с.56-59].
Бұдан келесідей қорытынды шығаруға болады: құрамдас бөліктерінің
сырттай ұқсастығына қарамастан дәлелдеу пәні мен қылмыстың
криминалистикалық сипаттамасы бірін бірі жұтатын, алмастыратын бір ұғым
емес. Олардың алғашқысы қылмыстық іс жүргізу ғылымына жатса, екіншісі-
қылмыстардың жекелеген түрлерін тергеу әдістемесінің категориясы.
Дәлелдеу пәнінің мән-жайларын білу тергеудің бағыты мен көлемін
анықтауға көмектессе, криминалистикалық сипаттаманың мән-жайларын білу
тергеудің дұрыс құралдары мен әдістерін анықтауға мүмкіндік береді
[54.с.180-181].
II ТАРАУ. КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ СИПАТТАМАНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ.
2.1 Типтік тергеу ситуациялары.
Типтік тергеу ситуацияларына қылмыстардың криминалистикалық
сипаттамаларының құрылымында басымдылық берілуі керек деп есептейді
бірқатар ғалымдар [26.стр.461].
В.И.Шикановта криминалистикалық сипаттаманың элементі ретінде типтік
тергеу ситуациялары туралы ақпаратты атап көрсетеді, алайда оны бірінші
орынға қоймайды [55.стр.40-43]. Р.С.Белкин мен И.А.Возгрин қылмыстың
криминалистикалық сипаттамасының басты элементі ретінде типтік бастапқы
ақпаратты атап көрсетеді. Р.С.Белкин оның өзін кейбір авторлар тергеу
ситуациясы деп дұрыс анықтамаған деген қарсылығын білдіреді [56]. Жалпы
алғанда Р.С.Белкин тергеу ситуациясын сол кезде қылмысты тергеу
жүргізілетін жағдайлардың жиынтығы ретінде сипаттайды [20.стр.204].
Тергеу ситуациясының мәселелері қылмыстарды тергеу әдістемесінде
маңызды орын алатындығын айта кеткенді жөн көріп отырмыз. Тергеу
ситуациясына ең алғаш анықтаманы өзінің докторлық диссертациясында
А.Н.Колесниченко берген еді. Оған сәйкес тергеу ситуациясы ол қандай да
бір дәлелдемелердің және ақпараттық материалдардың болуымен сипатталатын
қылмысты тергеудегі белгілі бір жағдай [7.стр.509].
Н.А.Селивановтың пікірі бойынша тергеулік ситуация дегеніміз оны
алудың көздерімен қатар ескерілетін тергеу үшін маңызы бар ақпараттың
сомасы [28.стр.58].
Л.Я.Драпкиннің пікіріне сүйенсек, тергеулік ситуация дегеніміз
тергеуші өзінің әрекеттерін үйлестіретін өзіндік ақпараттық модель
[57.стр.28].
Тергеу барысы бойынша ақпараттың көлемі мен мазмұнының өзгеруі
тергеулік ситуацияның да өзгеруіне алып келеді. Тергеу кезеңдеріне қатысты
бастапқы, аралық және кейінгі тергеулік ситуация деп бөліп қарастыруға
болады. Сондықтан, біздің ойымызша, қылмыстардың криминалмстикалық
сипаттамасының элементтерінің ішіндегі жетекші элемент ретінде типтік
бастапқы тергеу ситуациясы ұғымына балама ретінде типтік бастапқы
ақпарат ұғымын қарастырған жөн.
Тергеулік ситуациялар белгілі бір кезеңдегі нақты қылмыстың тергелу
жағдайын сипаттайды. Әр қылмыс дара болғандықтан, оны тергеу процесінде
қалыптасатын тергеулік ситуациялар да жеке болады. Әр ситуация тергеушіге
кейінгі жұмыс барысын жоспарлау үшін бастапқы ереже болып қызмет етеді.
Сондай-ақ тәжірибе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы
Криминалистикалық сипаттаманың мазмұны
Қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы туралы
Габитоскопия ұғымы. Адам сырт келбетінің белгілері мен элементтері
Анатомиялық элементтер мен белгілер
КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА
Криминалистикалық диагностиканың міндеттері
Криминалистикалық габитология түсінігі мен мазмұны
Құжаттарды криминалистикалық зерттеу
Криминалистикалық сараптама жүргізу барысында оқиға болған жердегі эксперттік зерттеудің ерекшеліктері
Пәндер