Жазаның жүйелері және түрлері


«Қолданылып жүрген қылмыстық заң бойынша жаза жүйесі және оның түрлері»
МАЗМҰНЫ
РЕФЕРАТ . . . 2
КІРІСПЕ . . . 3-4
I тарау. Қылмыстық құқық бойынша жаза ұғымы және мақсаты 5
1. 1. Жаза туралы түсінік . . . 5-9
1. 2. Жазаның мақсаты . . . 10-25
II тарау. Жазаның жүйелері және түрлері . . . 26
2. 1. Жаза жүйесінің түсінігі . . . 26-38
2. 2. Қазіргі уақытта қолданылып жүрген жаза
түрлері және олардың сипаттамасы . . . 38-50
Қорытынды . . . 51-54
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 55-56
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып жарияланғанына он екі жыл уақыт болды. Сондықтан өмірдің өзі ескі идиологиядан арылған, нарықтық қатынастар жағдайына үйлесетін, адам құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық-құқықтық қорғауды барынша қамтамасыз ететін жаңа қылмыстық заңның болуын қажет етуіне байланысты 1997 жылы 16-шілдеде Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық Кодексі қабылданып, ол 1998 жылдың 1-қаңтарынан бастап заңды күшіне енді. Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық Кодексі Қазақстан Республикасы Конституциясының және халықаралық құқықтық жалпы жұрт таныған принцптері мен нормаларына негізделген және бұл Кодекстің ең басты міндеттсрінің бірі адам, қоғам, мемлекет мүдделерін қорғау болып табылады. Қазақстан Республикасының қылмыстық саясатының даму барысында қылмыстылықпен күресуде, алдымен жазаның орындалуы мен сотталушымен қатынасында халықаралық стандартты жағдайын ескереді, бұл өз кезегінде қылмыстық жауапкершілік және оның іс жүзіндегі қолдануына сәйкес шараның дамуын заң ғылымының алдында тұрған бірінші кезектегі көкейтесті мәселе екендігін көрсетеді. Елімізде жүргізіліп жатқан құқықтық реформаға қоғамдағы барлық салалардың дамуы өзгеріс әкеледі. Осының негізінде қылмыстық жазаның алдағы уақытта құқықтық тұрғыдан реттелуінің басты жолдары мен теориялық пөзициядағы жүйелі және кешенді талдануының қажеттілігі туады. Қылмыстық заң бойынша жаза туралы түсінік пен оның жүйесінің де реттелуі жотарыда айтылған негіздерге сәйкестендіріліп отырады. Бұл өз кезегінде қоғамдағы қылмыстылықпен күресуде жазаның мемлекет тарапынан сот үкімі арқылы қолданылатын мәжбүрлеу шарасының ең соңғы түрі екендігін анықтайды. Сонымен жаза қоғамның өзін-өзі қорғау құралы ретінде қоғамның даму шарттарының бұзылуына қарсы қолданылатын және қылмыстылықтан сақтандыруға әрекет етуге, сотталушыны түзеу мен әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруге қажет. Жаңа жаза жүйесі қылмыстық-құқықтық репрессияны нақтылауға емес, қылмыстылықтан сақтандыру жолын іздеуге бағытталаған. Қазіргі танда патентті қылмыстарды төмендетумен және құқықтық тәртіпті нығайтуға қажетті шара ретінде жаза тек қатан ғана емес, бұрмалаушылықты болуы маңызды. Қылмыстылықпен күресуде жазадан басқа да кешенді шараларды қолданылу қажет, бұл құқық бұзушылықты жоғарғы деңгейде сезінудің болмай қалмайтынын қамтамасыз етеді. Осының негізінде қылмыстылықпен күресудегі шаралардың жалпы жүйесінде жаза қажетті бірақ ең соңғы әрекеттеу шарасы ретінде көрінеді. Жазаның нәтижелілігі көптеген факторларға тәуелді. Жаза алдымен дұрыс тағайындалуы шарт. Сонымен бірге жаза тиімді, қажетті және жаңа қылмысты сақтандырумен қылмыскерді түзету үшін жеткілікті болуы керек. Жаза әділ болуы керек әйтпесе, ол өз мақсатына жете алмайды. Жаза мақсатының жетістігі үшін, сот істің жан-жақтылығын, кінәлінің жеке басын және жасаған қылмысына кінәлі деп танылған тұлғаға жеке жазаны қатан анықталуын бағалауы қажет. Сонымен біріге жаза мақсатына жетуі үшін өте маңызды болып, тұлғаға тағайындалған жазаны орындаттыру процесі болып табылады. Жазаны орындау үшін зандылық қағидасының қадағалануы, азаматтардың заңдағы теңдігі, гуманизм (ізгілік) қағидасы және жазаны атқаруда жекелілікпен дефформацияның сақталуы және жазаның түзеу әрекеттері мен біріктірілуі маңызды. Жазаны орындау процесінде жазаның өзі және сотталушыға басқа да әрекеттету шаралары репрессияны нақтылауға және жеңілдету жағына түзетілуі мүмкін. Егер жаза әрекетін нақтылау туралы айтар болсақ, онда заңда жазаны қаса-қана әдейі жалтарған жағдайда, жазаның бір түрін екіншісімен ауыстыруы қарастырылған. Сот түзеу мекеменің түрін өзгертуіне болады. Осының негізінде жазаны өтеудің шарты да өзгереді. Бұл жазаның түзетілген және әрекет ету шарасын қолдану жазаның мақсатына жетуіне бағытталған. Осының негізінде жазаны орындау жүйесі жазаны орындау шарты және тәртібінің өзгеруі, жазаның бір түрін екіншісімен ауыстырумен және оның құрылу элементтері мен өзара байланыстағы күрделі мәселе ретінде көрініс табады. Жазаны орындаудың дұрыстығы және түрлі әрекет ету шараларын қолдану оның нәтижелілігіне және қылмыспен, онымен күресудің нәтижесімен байланысты әлеуметтік процеске әсер етуі мүмкін. Жазаның мақсаты анықталғандай өзара шартты қатынаста динамикалық . . . болады, яғни ол жазаны қолдануға жасаған қылмысына кінәлінің жеке басымен, кінәнің түріне, қылмысының ауырлығына, жазаның түрі мен мөлшеріне және де басқа да жағдайларға тәуелді. Кеңейтілген қылмыстық және қылмыстық атқару құқығындағы институт қолданғанда тек сотталушыны түзеу мақсатының жетістік деңгейі ғана емес, сонымен бірге жазаның басқа да мақсатының жетістік деңгейін ескеру қажет. Қылмыстылықтан сақтау әлеуметтілік әділеттілікті қалпына келтіреді.
І. Қылмыстық кұқық бойынша жаза ұғымы және мақсаты
- Жаза туралы түсінік
Қоғамның дамуның негізінде құқықтық ғылымға деген заңдылық тұрғыдағы көзқараста өз ерекшелігін танытты. Соның ішінде жазаны қылмыспен күресудің бірден-бір негізі деп тану көзқарасы да өзгереді. Өйткені тек мәжбүрлеу мен қылмыстық репрессиялар арқылы қылмыстылықпен күресудің мақсатына жету мүмкін емес. Бірақ жаза қылмыс жасады деп танылған тұлғаға қатысты мемлекет тарапынан керекті мәжбүрлеу шарасы екені даусыз. Осыдан шығатын қорытынды: жаза қылмыстылықпен күресу және оны болдырмау мен алдын алу, сақтандыру негізіндегі мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын бірден-бір шара ретінде танылады. Е. І. Қайыржановтың пікірінше, қоғамдағы қылмыстылықтың алдын алу мен сақтандырудың мазмұнына әлеуметтік ұйымдастырушылық және мәдени-тәрбиелік шаралар да әсерін тигізеді1. Кең таралған пікірлер бойынша, жасалынған қылмыстың қоғамға қауіптілігіне қарай қатаң жаза қолданылуы тиіс. Қылмыстылықпен күресудің нәтижелілігін арттырудың бас үлгісі қылмыстылы жазаның қатаңдығымен қорқыту емес, оның қайталанбауын, жасалынған қылмысқа қатысты кінәліні жедел іздестірумен және оған тиісті жазаны тағайындау болып табылады. Сонымен бірге жаза мен қылмыстың бір-біріндегі керекті байланыстың бірі жаза қылмыстың табиғатымен бірдей болуы керек. Ауыр, аса ауыр рецидивистік қылмыстар үшін қатаң жаза болуы тиіс, бірақ қылмыстық саясат төңірегіндегі жаңа пікірлердің туындауы қылмыспен күресу барысындағы қатаң шаралардың тиімділігін қажет етеді. Қорқыту жазамен емес оның қайталануы мен ар затпен байланыстылығында жаза керек өйткені ол әлеуметтік әділетікті орнына келтіруге, жазаланушыларды түзеуге қылмыстан сақтандыру мен алдын алуға, қоғамның өзін-өзі қылмыстылықтаң тазарту, қылмыстың пайда болу негізін жою бағытындағы құрал ретінде танылады. Қылмыстық құқықтық қатаң мажбүрлеу қоғамның қалыпты өмір сүруіне қауіп туғызған тұлғаға бағытталуы тиіс. Қылмыстық жаза жаңа қажеттіліктер мен анықтауларға жауап беруі тиіс: ол жаңа қылмыстардан сақтандыру, қылмысты жасаған тұлғаның түзелуіне керекті, тиімді жеткілікті болуы керек. Қылмыстық жаза Қазақстан Республикасы Қылмыс Кодексі 38-бабының І-тармағы бойынша жаза түсінігінің анықтамасы: "жаза мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы, ол сот үкімкімен тағайындалады. Жаза жасалған қылмысқа кінәлі деп танылған тұлғаға қатысты қолданылып, оның осы Кодекспен көзделген кепілдік берген құқықтары мен бостандықтарынан айыру мен шектеу болып тобылады". Қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шараларының бірі болып табылады және ол мемлекеттің қылмыспен қарсы күрес жүргізу құралдарының бірі ретінде қолданылады.
Жаза өзіне азаматтың арын таптауды, физикалық жәбірлеуді мақсат тұтпайды. Жазаның қатаңдығы жасалынған қылмыстың ауырлығы мен қауіптілігіне тікелей тепе-теңдік дәрежеде болуы тиіс.
Қылмыстық жаза түсінігі туралы пікір теоретикалық тұрғыдан таладауды қажет етеді. Көптеген ғылыми және философиялық көзқарастар қылмыс жасаған кінәлі тұлғаға қатысты мемелекетпен қоғам тарапынан қолданылатын шара ретінде оның көрінісін суреттейді. Бүгінгі таңдағы заңгер ғалымдар жалпы теориялық тұрғыдан жазаны адамзат мінез-құлқының реттеушісі деген тұжырымға тоқтайды.
Қылмыс пен жаза бір-бірінен бөлінбейтін байланыстағы, қылмыстық құқық пайда болған кезден бастап көрініс табады. Тиым мен жаза өзара байланысты болып, қоғамдағы қылмыстық саясатқа өз әсерін тигізеді. В. Г. Смирновтың пікірінше, жаза тек сот үкімімен жүзеге асырылады, жаза шарасын жүзеге асыру тек өкілді мемлекеттік орғанмен орындалады2. Сонымен жаза төмендегідей белгілермен айқындалады:
- Жаза мемлекет атынан сот үкімімен тағайындалады; Сот қылмысқа кінәлі адамға қылмыстық заңда көрсетілген шараның шеңберінде оның шегінен шықпай жаза тағайындайды. Жаза дегеніміз Қылмыстық кодекстің 38-бабында көрсетілгендей, тек қана соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы.
Жаза қылмысты жасаған кінәлі тұлғаға қатысты қолданылады; Адам өз кінәсі анықталған қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартуға тиісті, яғни нақты қылмысты жасаған адамға ғана қолданылады.
- Жаза мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы ретінде, Қылмыстық Кодексте бекітілген арнайы құқықтық шектеулер болып табылады;
Яғни қылмыстық жазаның әкімшілік құқық бұзушылық үшін қолданылатын жазадан айырмашылығы мынандай: біріншіден, қылмыстық жаза бұл істеген қылмыстың зардабы, ал әкімшілік шара болса, ол қылмыс болып табылмайтын қоғамға жат теріс әрекеттер үшін ғана тағайындалады.
Ешкім де бір қылмыс үшін қайтадан қылмыстық жауапкершілікпен жазаға тартылмайды;
Жаза тек жеке адамға ғана қатысты болады және оны орындау барысында тек бір адамт ғана қатысты болады;
Жаза сотталғандық салдарға әкеп соғады (Қ. К. 77-6. )
Жазаны қолдану кінәліге барлық уақытта да сотталғандық туралы атақ береді. Сотталғандықтың кінәлі үшін белгілі бір құқылық зардабы бар. Ол сотталғандығы туралы өмірбаянда көрсетілуі керек сотталғандық кейбір жағдайларда қылмысты ауырлататын мән-жайларға жатады.
- Жазаның әлеуметтік ақиқаты болып, сотталушының қүқықтары мен бостандықтарынан айыру мен шектеу жатады.
М. Д. Шаргородскийдің пікірінше, жаза ұғымы қылмыскердің қандай да бір құқынан, өмірі мен бостандығынан, мүлкінен және т. б, айыру арқылы қылмыскерге залал келтіру болып табылады3.
Қылмыстық жаза қылмыс жасады деп танылған кінәлі тұлғаға мемлекет тарапынан мәжбүрлейтін әлеуметтік процестік туынды. Жаза тағайындалғанда және оны сотталушыға орындауда жеке түрде болады. Жаза әрбір әрекетке сай, жеткілікті, әділетті болуы шарт. Жазаның әділеттілігі мен тиімділігі оның мақсатына жетуінің қажетті шарты болып табылады. Қылмыстық жаза оны орындауға және тағайындауға байланысты болады.
Жазаны тағайындау - сот процесіне қатысып отырған барлық азаматтардың кінәлінің, қоғамға қауіпті іс-әрекеті мен жәбірпенушіге келтірген нақты зияны үшін өзіне тиіс жаза алуының көрінуі, дәлелі. Бұл жағдайда жаза қылмыс жасаған кінәлі тұлғаның қоғам алдындағы жауапкершілігі болып табылады. Жазалау қоғамға қауіпті іс-әрекеттің пайда болғанына қарсы қолданылатын мемлекет тарапынан қатан мәжбүрлеу шарасы. Қылмыс жасады деп танылған тұлғаны кінәлі деп, сот залында жаза тағайындаған сәттен басталады. Сот процесінің өзі сотталушы тұлғаның мемлекет тарапынан кінәлінің санасына қатты әсер етуі, кінәлінің өзі жасаған әрекетінің қылмыс екенін түсіндіру және одан аулақ болу керек екендігін ескерту болып табылады. Сот заңда көрсетілген негіздер бойынша сотталушыға жаза тағайындамай (шартты түрде соттау), оның түзелуіне әсер етеді, сақтандырады. Қазақстан Республикасы Қылмыс Кодексі 88-бабы бойынша, яғни кәмлетке толмағандарды жазадан босату болып, бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам егер оны түзеуге болады деп шешсе, тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен қол жеткізуте болады деп танылса, сот оны қылмыстық жауаптыпықтан босатуы мүмкін.
Профессор А. Н. Ағыбаевтың пікірінше, жаза түсінігі болып қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шараларының бірі болып табылады және ол мемлекеттің қылмысқа қарсы күрес жүргізу құралдарының бірі ретінде қолданылады4. Сондықтан қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шарасы ретінде тек арнаулы заңға көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қылмыс істеген адамға жаза тағайындаларда оның іс-әрекеті мен әрекетсіздігінідегі қылмыс құрамының болуы, жасаған қылмысының қоғамға қауіптілігі, кінәлінің жеке басы, соның ішінде оның іс-әрекетінің қылмысты жасағанға дейінгі және қылмыс жасағаннан кейінгі өзін ұстауы, тәртібі, жазасы мен қылмыстық жауапкершілігінің ауыр не жеңіл екендігі, сондай-ақ сотталушының түзелуіне бағытталған, тағайындалған жазаның әсер етуі, сонымен бірге бұл әсердің сотталушының отбасы мен асырауындағы адамдарға ықпал етуі барысын да есепке алған жөн. Сондай-ақ, жаза әртүрлі ауырлықтағы қылмыс үшін жекеше жауаптылық және кінәлі тұлғаның қоғамға қауіптілік іс-әрекетінің әр түрлілігіне байланысты жауапкершілігі, яғни әрбір қоғамға қауіпті деп табылған іс-әрекеті үшін жауаптылық болып табылады.
Жаза жекешеленеді, оны тағайындау мен тікелей орындау дәрежесіне байланысты. Жаза әрбір нақты әрекет үшін әділетті, тиімді, жеткілікті және қажетті болуы керек. Жазаның тиімділігі мен әділеттілігі оның мақсатына жетуі керектігі маңызды шарты болып табылады. Қылмыстық жаза мемлекеттің атынан жасаған қылмысы үшін кінәлі деп табылған тұлғаға әлеуметтік процестік мәжбүрлеу шарасы ретінде және қоғамды қылмыстылықтан сақтандыру мен жою және оған қарсы күрес ретінде көрініс табады. Кінәліге әсер ету процесі сотталушыға тікелей қылмыстылық жазаны қолдану кезінен басталады. Жаза әділетті болуы үшін тиімді болуы керек және қажетті, жеткілікті тәртіптілік әрекетпен ұштасуы тиіс және кінәлінің жеке басына және өз іс-әрекетін толық әрі саналы түрде түсінуіне әсер етуі керек.
Қылмыстылық жазалау И. М. Гальпериннің пікірінше, құқықтық нормалардағы абстрактілі жаза, ол қылмыс жасады деп кінәлі саналған барлық тұлғаға қолданылады және соған сәйкес жазаның түрі мен мерзімін тарттырады5. Бұл тұжырым жалпыға міндетті құқықтан шығады. Қылмыстық заңдардың негізіндегі жаза жасалынған қылмысқа қарсы арнайы және жалпы мәжбүрлеу шарасы болып табылады. Мәжбүрлеу шарасының мөлшері адамның жеке ерекшеліктері мен субъективтігіне байланысты болады. Мемлекеттік мәжбүрлеу құралы ретінде қылмыстық жазалау шарасы объективтік маңызды, яғни жалпы қоғамдық пікірлер мен мүдделерден туындайды. Бұл қоғамның белгілі бір анықталған кезеңдерімен байланысты. Мұнда жазалау шарасы жүйесінің мәжбүрлеу құралы ретіндегі белгілі бір бөлімдерінің қолданысының күшеюінің көрсеткішін көрсетеді. Жазаның анықталған айналымдағы жүйесінің құрылымы өзіндік қарама-қайшылықтарға әкеліп соғады, онда қоғам дамуының түрлі объективтілік және субъективтілік мән-жайлары қамтылады. Қылмыстық заңдармен бекітілген жаза жүйесі уақыттың өтуімен салыстырылып отырылады. Бұл жағдай қылмыстық заңдардағы жаза институтының жалпы және жеке түрлерінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Жаза жүйесінің және оның жеке түрлерінің қолданылуы әр түрлі қоғамдық факторларға әсер етеді, сондықтан да жазаны тағайындаған, қолданған кезде қоғамдық қажеттіліктерді ескеру керек. Осының негізінде қарама-қайшылықтың бір түрлі жаза жүйесінің дамуын талап етеді, екінші жағынан тұрақтьыығын қажет етеді. Сондықтанда жаза түрлерін тек бір жақты ғана бағалап қоймай, оның өзгерген әлеуметтік шарттары мен жазаның қолданылуын сабақтастырып отыру керек. Жаза жүйесі мен жаза түрлері бүтіндей әлеуметтік өзгерістерге әсер етпейді, олар қылмыстық құқықтың реттеу пәні ретінде қалып отырады. Қылмыстық заңдар әлеуметтік өзгерістермен жазаның тұрақтылығын, негізділігін, қажеттілігін салыстырып, соған сәйкес жаза туралы теорияны дамытады. Жазаның қылмыстық құқықтық нормалардағы тұрақтылығын тұрақты салыстыру негізінде, жаза мемлекеттік мәжбүрлеудің қатаң түрі екендігі анықталады (расталады) . Жаза жүйесі мен жаза түрлері қоғамдағы жекелік пен әлеуметтік құндылықтармен сабақтасуы қажет.
Қылмыстық құқық нормаларындағы жазаның тұрақтылығы әлеуметтік өзгерістерге әсер етпей қоғамның қылмыстылықпен күресу барысында жазаны қолдану болып табылады.
- Жазаның мақсаты
Қылмыстық Кодекстің 38-бабының 2-тармағында жаза мақсатына мынандай анықтама береді: жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады. Жаза тән азабын шектіруді немесе адамның қадір-қасиетін қорлауды мақсат тұтпайды.
Жаза мақсаты әрбір нақты қолданылған жазамен өзара тепе-тең бірлікте, байланыста болады. Әр уақытта барлық жаза мақсаты сотталушы тұлғаны жаңа қылмыстықтан сақтандыруды көздейді десек онда өлім жазасына кесілген адамға байланысты жаза өз мақсатына жете алмайды.
Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталған адамға жаза тағайындау және жазаны орындау арқылы оны түзеу, сөйтіп жаңа қылмыс жасаудан оны сақтандыру жазаның арнаулы ескертуі болып табылады. Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру дегеніміз қылмыс істеген адамға қылмыстың әділетті жаза тағайындау, істеген қылмыстың қоғамға қауіптілігі, келтірілген зиян мөлшерін жаза тағайындаудың басты негіздері, кінәнің жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып, қылмысына сай келетін әділ жаза тағайындау болып табылады. Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру үшін заңдылық принциппен қатаң басшылыққа алып жасаған қылмысқа әділ құқылық баға және лайықты жаза белгілеу қажет. Жазаның мақсаттары қылмыстық құқықтың жалпы міндеттері арқылы белгіленеді. Қылмыстық Кодекстің 2-бабындағы осы заңның міндеттері заң қорғайтын мүдделерді қорғау, алдын-алу делінсе, ал міндеттерді жүзеге асыру үшін қылмыстық жауаптылық негіздері белгіпеніп, қылмыс ұғымы айқындалады. Қылмыс істеген адамдарға қолдануға тиісті жазамен өзге де қылмыстық құқылық ықпал ету шаралары белгіленеді. Арнаулы сақтандырудың иелері қылмыс іспен сотталғандар болып танылады. Жазаның мақсаты бұл адамдардың тарапынан тағы да қылмыс істеу фактісінің орын аямауын көздеуі болып табылады. Жазаны осы көздеген мақсатқа жетуінің құралы сотталушыны түзеу арқылы, еңбекке адал, заң талаптарын мүлткісіз орындау рухында тәрбиелеу болып табылады. Бұл жерде түзеу дегеніміз - қылмыс істеп сотталған тұлғаның әлеуметтік-психологиялық көзқарастарын өзгертіп қылмыстық құбылысқа, қоғам ережелерін бұзуға деген пиғылдарын, жазадан қорықса да өзгертіп, дұрыс жолға салу болып табылады.
Сондықтан да қылмыскерге жаза тағайындау арқылы оны түзеу жазадан қорықса да қылмыс жасамайтын заң талаптарын қалт жібермейтін, мүлтіксіз орындайтын адам етіп қалыптастыру болып табылады. Жазаның басты мақсаты басқа адамдарды қылмыс істеуден сақтандыру. Бұл қылмыс істемеген, бірақ тәртіптік әкімшілік құқық қалыптарын бұзып, моральға сәйкес емес күйге түсіп жүрген қылмыс істеуі мүмкін тұрақсыз элементтерге бағытталады. Мұндай әлеуметтік тұрақсыз адамдарды қылмыстық құқықта көрсетілген жазамен қорқыту арқылы және қылмыс істегендерге жазаның сөзсіз қолдануын ескерту қылмыстан сақтандырудың жалпы түрі болып табылады. Бұл сақтандыру қылмыстық құқықтың тәрбиелік функциясының бір көрінісі болып саналады. Қылмыстық құқық қалыптарының жеке түрлерінің санкцияларында көрсетілген жазаларда қылмыс істеген кінәлі адамдарға қолданбақшы болып қорқыту арқылы қылмыстық заң барлық азаматтарға олардың психологиялық сана-сезіміне әсер ету арқылы, олардың әлеуметтік әділеттілікті, адам өмірінің қорғалуының, құқық тәртібінің нығайтудың қажеттігі туралы көзқарастарының қалыптасуына жағдайлар туғызады. Сол сияқты жаза - қылмыстының жанын қинау немесе адамгершілік намысына тиіп, қорлау мақсатын көздемейді. Бұл тарихи қалыптасқан қылмыстық құқықтың адамгершілік принципі болып табылады. Сондықтанда туындайтын қарама-қайшылықты жою үшін жаза мақсатын және құрамын, мазмұнын дұрыс айыра білген жөн.
Жаза қылмыстының жанын қинау немесе адамгершілік намысына тиіп қорлау мақсатын тіпті де көздемейді. Сотталған адамның құқықтары мен бостандықтарынан заңда көрсетілген шекті қою жазаның мазмұнын, ал арнаулы және жалпы сақтандыруды жүзеге асыру жазаның мақсатына жетуі сөзсіз бұл жазаның жазалау элементтері болып табылады. Осының негізінде іс жүзіндегі мақсат жүйесін қозғалмалы біртұтас деп қарастыруға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz