Қазақ тілінің омоним сөздерінің статистикасы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
1 Қазақ тіліндегі омоним сөздерді зерттеудің маңыздылығы ... ... ... .. 5
1.1 Омонимияның өзекті мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 7
1.2 Омоним сөздердің пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 10
2 Қазақ тілін зерттеудегі статистикалық әдіс ... ... ... ... ... . 19
2.1 Қазақ тіл біліміндегі статистикалық әдістің қолданылу аясы ... ... ... .. 23
2.2 «Абай жолы» роман.эпопеясындағы омоним сөздердің статистикасы ... ... 25
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... 55

ӘЛ–ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Филология факультеті
Жалпы тіл білімі кафедрасы
Диплом жұмысы
Қазақ тілінің омоним сөздерінің статистикасы (М.Әуезовтің Абай жолы
романының жиілік сөздігі негізінде)
Орындаған:
5-курс студенті
Ғылыми жетекші:
филол.ғ.д.профессор
Норма бақылаушы:
филол.ғ.к.
Қорғауға жіберілді:
--------- ---------- 2006 ж.
Жалпы тіл білімі кафедрасының
меңгерушісі, профессор
Алматы 2006
Реферат
Жұмыстың тақырыбы. Қазақ тілінің омоним сөздерінің статистикасы
(М.Әуезовтің Абай жолы романының жиілік сөздігі негізінде)
Жұмыстың көлемі: 57
Пайдаланған әдебиеттер саны: 46
Жұмыстың негізгі мақсаты мен міндеті. Лингвистикада тілді компьютерлендіру
мәселесі қазір қызу қолға алынуда. Сонымен қатар қазіргі таңда компьютерді
тіл білімінде жан-жақты қолдануға кеңінен жол ашылуда.
Біздің жұмысты жазудағы жалпы мақсатымыз – стато-лингвистика әдістеріне
сүйене отырып, Абай жолы романының омоним сөздерінің статистикалық
сипатын анықтау. Жұмыстың негізгі міндеті – М.О.Әуезовтің Абай жолы
романындағы сөздердің сөз құрылымын статистикалық және лингвистикалық
тұрғыда сипаттау.
Тірек сөздер. Статистика, стато-лингвистика, мәтін лингвистикасы,
омонимдер, сөз, сөз форма, сөзтұлға(сөзформа), сөзқолданыс, сөздік қор,
жиілік сөздік.
Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспе, негізгі екі бөлім, қорытынды,
пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымша сөздіктен тұрады.
Жұмыста қолданылған дерек көздері. тілді статистикалық әдіспен зерттеуге
қатысты ғылыми еңбектер, жиілік сөздіктер және қазақ тілінің дәстүрлі
сөздіктері, тақырыпқа қатысты ғылыми мақалалар.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... 3
1 Қазақ тіліндегі омоним сөздерді зерттеудің
маңыздылығы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .. 5
1. Омонимияның өзекті мәселелері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 7
2. Омоним сөздердің пайда болуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2 Қазақ тілін зерттеудегі статистикалық
әдіс

... ... ... ... ... ... .. 19
2.1 Қазақ тіл біліміндегі статистикалық
әдістің қолданылу аясы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
2.2 Абай жолы роман-эпопеясындағы омоним сөздердің
статистикасы

25
ҚОСЫМША
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 39
ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... 55
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі қазақ тіл білімінде тілдік
құбылыстардың бір қатары терең зерттелгенімен, зерттеуді қажет ететін
кейбір мәселелер де жоқ емес. Соның ішінде қазақ тілі лексикасын тарихи
даму тұрғысынан жан-жақты зерттеу де маңызды болып саналады. Қазақ тілінің
сөздік қорынан белгілі орын алатын лексика-семантикалық сөздер тобының бірі
– омонимдер.
Тіліміздегі омонимдерді зерттеп, олардың шығу, жасалу жолдарын
айқындаудың тілдің даму тарихын білуде, лексикологияны зерттеуде үлкен мәні
бар. Қай тілде болмасын зерттеуді қажет ететін күрделі мәселенің бірі –
омонимия мәселесі.
Ұсынылып отырған жұмыс Қазақ тіліндегі омоним сөздердің лингво-
статистикалық сипаттамасын анықтауға арналады. Қазіргі кезде қолданбалы
лингвистика тұрғысынан қазақ мәтінінің мән мағынасын формалды белгілері
арқылы анықтауда омоним сөздердің мағынасын ажырату бірден бір зерттеуді
қажет ететін тілдік элементке айналып отыр.
Бүгінгі таңда қолданбалы тіл білімінің Статистикалық лингвистика деп
аталып жүрген жаңа саласының нышандары мен белгілері пайда болды. Адам мен
автоматтың арасындағы байланыс күшейді. Тілдің жаңа көріністері дами
бастады. Ал қазақ тіл біліміндегі бұл саланың бастауында профессор
Құдайберген Қуанұлы Жұбанов тұрды.
Жиілік сөздік бойынша жасалған статистикалық талдаулар ғалым өмір
сүрген дәуірдегі қазақ лексикасының құрылым-құрылысын тереңірек зерделеп
қана қоймай, оларға статистикалық мәліметтер береді. Дегенмен, статистика
деген ұғымға бір жақты қарауға болмайды. Ол туралы профессор Қ.Бектаев:
...Лингвистика сандық және сапалық қасиеттерге ие. Сандық қасиет (мысалы,
әріп пен фонемадағы, буындағы, морфемадағы сөзтұлғаның ұзындығы т.б.)
лингвистикалық зерттеулерде тек статистикалық бірліктер ретінде
түсіндіріледі. Лингво-статистика тек сандық қасиеттерді қарастырады деу
жаңсақтық болар еді, – деп жазған болатын [44]. Осыған орай қазақ тіл
білімінде Абай тілінің сөздік құрамы мен грамматикалық құрылымын
статистикалық құрылымын статистикалық талдау арқылы қазіргі жазба әдеби
тіліміздің белгілі бір кезеңдегі сипатын тануға болады.
Қазақ тіл білімінде тілдің ішкі заңдылықтарын ашуға арналған
статистикалық зерттеулерде қосымшалардың сөз тудырғыштық немесе сөз
өзгерткіштік қасиеті мол, иә кем болып келуі сөз болып отырған
грамматикалық элементтің сандық белгісі негізінде жасалады. Соның негізінде
жекелеген қосымшалардың тілдегі қолданылу ықтималдығы ашылып, оның
әлеуметтік мүмкіндігі нақты көрсетіледі.
Жұмыстың нысаны 1979 жылы жарық көрген М.Әуезовтің Абай жолы
романының жиілік сөздігі және осы сөздіктегі омонимдердің статистикалық
көрінісі.
Жұмыстың мақсаты. Жалпы тіл біліміндегі қолданбалы лингвистика, оның
ішінде математикалық линвистика, статолингвистика салаларына сүйене отырып,
Абай жолы романының омоним сөздерінің статистикасын зерттеу. Тілдегі
басқа да сөздер сияқты омонимдер, әдетте, сөйлем ішінде, белгілі бір
контексте қолданылады. Қазақ мәтіндерінің бірліктерін автоматты түрде тану,
яғни мағынасын ашу кезінде омоним сөздердің алатын орнын анықтау. Сонымен,
қазақ мәтініндегі омоним сөздердің қолдану аясын, яғни омоним сөздердің
статистикасын анықтау дипломдық жұмыстың мақсаты болып табылады.
Жұмыстың міндеті. Ұсынылып отырған жұмыс қазақ тіліндегі омоним
сөздердің лингво-статистикалық сипаттамасын анықтауға арналады. Жұмыстың
негізгі міндеті – М.О.Әуезовтің Абай жолы романындағы сөздердің сөз
құрылымын статистикалық және лингвистикалық тұрғыда сипаттау. Сонымен қатар
жазушының тілдік ерекшеліктерін анықтау, соның ішінде омоним сөздердің
қолдану жиілігін есептеу.
Осыған орай бұл жұмыстың міндеттері лингво-статистикалық және
лексикологиялық тұрғыдан қарастырылады.
Лингво-статистикалық жұмыс жүргізу барысында түрлі сөздіктер,
мәтіндердің ықтималдық-статистикалық модельдері түзілді. Яғни негіз
сөздерге байланысты талдаулар іске асты. Ал лингво-статистикалық
міндеттерге тоқталсақ:
1. М.О.Әуезовтің Абай жолы романы негізінде омонимдер сөздігін түзу;
2. М.О.Әуезовтің Абай жолы романындағы лингвистикалық бірліктердің
ықтималдық-статистикалық моделін құру;
3. Дәстүрлі лингвистикалық тұжырымдарды роман-эпопея тілі негізінде
сандық деректермен дәлелдеп көрсету;
4. М.О.Әуезовтің тіл байлығын зерттеуде сандық деректерге жүгіну;
5. Романның өн бойындағы омоним сөздерге статистикалық шолу;
6. М.О.Әуезовтің Абай жолы романы мен автордың 20 томдық шығармалар
жинағыныңдағы омоним сөздердің жиілігін сандық аумағын айқындау;
7. Абай жолы романындағы сирек және жиі кездесетін омоним сөздерді
анықтау;
8. Абай жолы романындағы омоним сөздердің сөз таптарына байланысты
сандық мәлімет беру.
Жұмыстың әдістері. Лингвистикалық талдаудың дәстүрлі тәсілдері лингво-
статистикалық, компьютерлік лингвистика, құрылымдық, тарихи-салыстырмалы
әдістер қолданылады.
Жұмыстың тәсілдері. Бақылау, мағыналық топтастыру, сөз таптарына бөлу,
салғастыру мен сандық салыстыру.
1. Қазақ тіліндегі омоним сөздерді
зерттеудің теориялық маңыздылығы
Кез келген сөздің тіл жүйесінде алатын өз орны бар. Себебі адам
баласының бір-бірімен тіл арқылы қатынас жасауында ең алдымен ол сөздің
мағынасына сүйенеді. Р.А.Будагов сөз ең негізгі категория. Тіл жөнінде
ойласақ, әдетте сөз туралы ой жүгіртеміз, өйткені тіл сөзден тұрады,
сөздерге бөлінеді, сөздердің бір-бірімен қарым-қатынасы, байланысы арқылы
іске асады. Тіл туралы ғылым сөзбен бірге басқа да тіл категорияларын
қарастырады. Бірақ басты табиғи категория ретінде сөз алынады, – деп өте
дұрыс айтқан [1, 37].
Бірақ тіл білімінің әр саласы сөзді бір ғана қырынан зерттеп, өз
заңдылықтарына сай сөз етеді. Белгілі филолог Кәкен Аханұлының пікірінше
сөз бұл – өте-мөте күрделі тілдік единица. Оның күрделі табиғатын ашып
айқындау үшін, ең алдымен, сөздің дыбыстық жағы мен мағыналық жағының
арақатынасын және сөздің мағынасы мен ол арқылы білдірілетін ұғымның
арақатысын айқындап алу қажет. Сөздің екі жағы бар: оның бірі – сөздің
дыбысталу жағы, екіншісі – сөздің мағыналық жағы. Екі жақ – дыбысталу мен
мағына сөздің бір-бірінен бөлінбейтін бөлшектері. Осы екі жақтың бірлігі –
сөздің өмір сүруінің және қызмет етуінің шарты. Демек сөз – дыбысталу мен
мағынаның бірлігінен тұратын тілдік дербес единица [2, 109].
Сөз тіл білімінің барлық зерттеу объектісінің бірі болып саналады.
Сөз – адам өміріндегі басты құралдың бірі. Қай сөздің болсын мағынасын
түсіне білуіміз қажет. Сөздің мағынасын білу арқылы адам санасында белгілі
бір ұғым пайда болады. Яғни,сөздің мағынасы мен ұғым тығыз байланысты.
Дегенмен де сөздің мағынасы мен білдіретін ұғымы тепе-тең емес. Мағына
ұғыммен бірігіп кетпейді, оның болуын аңғартады [8, 82]. Сөздің табиғатына
көңіл бөлуіміз қажет. Ол үшін онымен аталатын зат пен оның білдіретін
ұғымының, не болмаса мағынасының және оның дыбыстық жағының бір-бірімен
арақатысын ашып алуымыз керек. Сонда ғана сөздің өзіндік мағынасын жете
түсіне аламыз.
Сөздің әр түрлі мағынаға ие болуы сөз мағынасының өзгеруі,ауыспалы
мағынада қолданылуы нәтижесінде іске асады.
Сөздің қолданылу аясының өзгеруі, мысалы, бір саладан басқа бір салаға
ауысуы оның мағынасының өзгеруіне әсер етеді. Егер сөз кең саладан тар
немесе арнаулы бір салаға, мысалы, жалпы халықтық лексикадан арнаулы
лексикаға ауысса, оның мағынасы нақтылана түседі де, белгілі бір ұғымды
білдіретін терминдік мағынаға ие болады. Мысалы түбір деген сөз жалпы
халықтық лексикада күллі өсімдік атаулының жерде қалған тамыры мен түбі
деген жалпылама мағынаны білдірсе, арнаулы бір сала,лингвистикалық
терминологияға ауысқанда, түбірлес сөздердің ары қарай бөлшектеуге
келмейтін, мағыналы түп бөлшегі, морфема деген атауы терминдік мағынаны
білдіреді. Орыс тіліндегі корень деген сөздің мағыналары жайында да осыны
айтуға болады [2, 138].
Лингвистикалық әдебиеттерде омонимдерге байланысты бір сыдырға
еңбектер бар. Мәселен орыс тіл білімінде көптеген еңбектер жазылады.
Мысалға: Л.А.Булаховский, В.В.Виноградов, Н.Ю.Шведова, Е.М.Галкин-Федорук,
Н.Ф.Шушилов, З.М.Толмачов, Л.А.Новиков, М.М.Фалькович, Б.Н.Головин. т.б. Ал
қазақ тіл білімінде омоним мәселесімен тікелей айналысып сол тақырыпта
ғылыми зерттеу жұмысын жазған К.Аханов. Сондай-ақ бұл мәселеге соңғы
уақытта ірілі ұсақты мақала жазып жүрген ғалымдардың қатарына Р.Садықбаев,
А.Тілеукеев, А.Құрманалиева, Ә.С.Әлметова, Резуанова, Османова, Ахманова
т.б. атауға болады. Сонымен қатар түркі тіл білімінде арнаулы ғылыми
еңбектер бар: М.Миртаджиев Вознокновение лексических омонимов узбекском
языке, М.Х.Ахтямов Проблемы омонимии в современном башкирским
литературном языке, Р.Бекджанова Омонимы в киргизском языке. Бұл
еңбектердің қай қайсысын алсақта олардың омонимдерге берген анықтамалары
бір-бірінен онша алшақ кетпейді. Олар өзара үндесіп, бір-біріне ұқсас
келеді. Олардың бәрінде дерлік омоним деп мағыналары басқа-басқа айтылуы
(дыбысталуы,жазылуы) бірдей сөздерді айтамыз делінеді [1, 38].
Мәселен, 1925 жылы жарық көрген Омонимы-слова, имеющие одинаковые
звучение, на различные по значению, – деп берілген. Ал А.В.Булаховский:
Омонимы называются два или несколько слов, одинакова звучащих но имеющих
совершенно различные значения – дейді [22, 45]. Е.М.Галкина-Федорук болса;
Омонимами называются слова, одинакова звучающие но имеющие различные
значения, – деп көрсетеді [24, 14]. Р.А.Будагов өз еңбегінде омоним
мәселесіне арнайы тоқтала отырып Омонимы это слова одинаковые по звучанию,
но различные по значению – деген анықтама береді [25, 3] Зерттеу
жұмыстарының тізіміне қарағанда тіл білімінде омонимия құбылысы біршама
терең зерттелгендігі байқалады. Біздер үшін бұл зерттеулердің әрі
теориялық, әрі практикалық мәні зор. Қарастырған жұмыстардың біразы
омонимдердің өз табиғатына анықтама беру, түрлерін анықтау, жасалу жолдарын
қарастыру болса, енді бір қатары омоним сөздер мен көп мағыналы сөздердің
ара жігін ажыратуға арналады.
Сонымен қатар тіл білімінде омономия құбылысы жайлы жазылған
төмендегідей еңбектерді атауға болады. 1925 жылы шыққан Литературная
энциклопедия атты еңбекте омоним жайында кішірек мақала берілген. Бұл
мақала омонимге анықтама берілумен шектелген. 1928 жылы профессор
Л.А.Булаховскийдің Из жизни омонимов деген мақаласы жарияланды. Он жыл
өткен соң орыс тіліндегі грамматикалық омонимдер жайында профессор
В.В.Виноградов О грамматической омономии в современном русском языке деген
мақаласын жарыққа шығарды. 1948 жылы профессор А.И.Смирницкий омонимдерге
классификация жасау жайында Некоторые замечание по английской омономике
деген мақаласын жазды.
Қазіргі кезде қолданбалы лингвистика тұрғысынан қазақ мәтінінің мән
мағынасын формалды белгілері арқылы анықтауда омоним сөздердің мағынасын
ажырату бірден бір зерттеуді қажет ететін тілдік элементке айналып отыр.
Осы уақытқа дейін омоним сөздерге статистикалық тұрғыдан шолу жасалмаған.
Қазіргі қазақ тіліндегі омоним сөздердің категориялары жан-жақты
зерттелгенімен, олардың саны мен қолдану жиілігі анықталмай келеді.
Қазақ тілін зерттеу барысында соңғы кезде заман талабына сай жаңа
салалар пайда бола бастады. Солардың бірі Мәтін лингвистикасы. Қазақ
тіліндегі мәтіндердің ішкі құрылымының заңдылықтарын тағайындай отыра, бұл
зерттеу саласында тілдік құбылыстарды, элементтердің мәтін ішіндегі
формалды белгілерін айқындауға көп көңіл бөлінеді.
1.1 Омонимияның өзекті мәселелері
Омонимдер дегеніміз бірдей дыбысталатын, бірақ мағыналары басқа-басқа
сөздер. Омонимдердің жасалу жолдары туралы тіл білімінде түрлі пікірлер
бар. Мәселен, В.В.Виноградова омонимдер 4 түрлі жолмен жасалады деп
көрсетеді: 1) мағыналық байланыстың ұмытылуы; 2) жаңа сөздің жұрнақ арқылы
жасалуы; 3) сөздің ауысып келуі; 4) дыбыстық өзгеріс арқылы жасалуы [23,
121].
Жоғарыда атап өткен еңбектердің барлығында дерлік мынадай мәселелер
сөз болады:
1. Омонимдерді зерттеудің мәні;
2. Полисемия құбылысынан омонимия құбылысын ажырату;
3. Омонимдердің жасалу жолдары;
4. Омонимдердің жасалуы, шығу тегіне қарай топтастыру;
5. Омоним сөздерді құрылымдық ерекшеліктеріне қарай топтастыру [1, 7].
Ең алдымен түркі тілдеріндегі омоним сөздер жүйелі түрде В.В.Радловтың
Опыт словаря тюрских наречий атты төрт томдық еңбегінде беріледі.
Сөздікте белгілі бір тілдегі омонимдер жеке берілмегенімен, жалпы түркі
тілдеріндегі дыбысталуы бірдей, мағынасы басқа сөздер, яғни омонимдер
берілген, мысалы [20, 696]:
арық 1 – худощавый, тощий, слабый
арық 2 – арык, канал
ат 1 – имя, название
ат 2 – 1) легченный жеребец
2) лошадь как единичное существо
ат 3 – 1) бросать, кидать
2) стрелять
Бұл келтірілген мысалдардан В.В.Радловтың аталған сөздікте екі сыңары
да сөздерден, сондай-ақ бір сыңары есім, екінші сыңары етістік сөздерден
болған омонимдерді де бергенін көреміз. Омонимдерді тілдік факт ретінде
ретке келтірген сөздік профессор К.К.Юлдашев құрастырған Қырғызша-орысша
сөздік. Сөздікте берілген омонимдерден мысал келтіріп өтелік [19, 227].
чач 1– волосы
чач 2–1 Разбрасывать
2 Сеять
қан 1– кровь
қан 2–хан
қан 3–удовлетворить
түр 1– вид, форма
түр 2–заворачивать
П.М.Мелиоранский зат есім мен етістік түбірлерінің бірдей болуы тілдің
ертерек кездегі дәуірінде зат есім мен етістік түбірінің
диференциаланбауының көрінісі дейді. Н.А.Баскаков түркі тілдеріндегі той,
сал, ой сияқты сөздерді әрі есәм, әрі етәстік мағынасындағы алғашқы көне
түбірлер және бұлардың шығу тегі бір деп қарайды. Э.В.Севортян К
соотношению грамматики и лексики в тюрских языках деген мақаласында түркі
тілдеріндегі бір қатар етістік түбірі мен есім түбірлерінің формасы жағынан
бірдей келіп, мағынасы жағынан өзара өте жақын болуына екі түрлі жағдай
болуы мүмкіндігін айтады [1, 18].
Ғалымның пікірінше, біріншіден, бұл құбылыс түркі тілдеріндегі
бірқатар етістік пен есім түбірлерінің шығу негізі бір екені туралы мәселе
қоюға мүмкіндік береді. Екіншіден, ғалым бұл құбылыс фонетикалық
өзгерістердің негізінде болуы мүмкін дегенді айтады.
Қазақ тіл білімінде алғаш рет омонимия мәселесін арнайы зерттеу нысаны
етіп алған ғалым К.Аханов. Ғалымның Қазақ тіліндегі омонимдер атты
еңбегінде омонимдердің шығу тегі, жасалу жолдары жан-жақты терең
зерттеледі. Ғалым бұл еңбегінде омонимдер мен көп мағыналы сөздердің
ұқсастықтары мен айырмашылықтарына кеңінен тоқталады. Омонимдердің жасалу
жолдарына жекелей тоқталып, жасалу жолдарын төмендегідей жіктейді [1, 21]:
1. Сөздердің мағыналы жақтан дамуы нәтижесінде жасалған омонимдер;
2. Фонетикалық өзгерістер нәтижесінде жасалған омонимдер;
3. Афикстер жалғану арқылы жасалған омонимдер;
4. Басқа тілдерден енген сөздердің байырғы төл сөздермен дыбысталуы
жағынан бірдей келуінің нәтижесінде жасалған омонимдер;
5. Екі сыңары да басқа тілдерден ену арқылы жасалған омонимдер.
Омоним мен көп мағыналы сөздің ұқсастығы жайында ғалым К.Аханов:
Полисемия мен омонимді ажыратудың қиындығы бұл екі категорияның кейбір
ұқсастығынан келіп туады. Көп мағыналы сөздер кейде омоним сөздердің
жасалуына негіз болады да, осылардың нәтижесінде шығуы, жасалуы жағынан
ондай омоним сөздердің көп мағыналығы дегенмен ұштасып жатады деп
көрсетеді [1, 23]. Ғалым атап кеткендей бір кездері полисемия болған
сөздердің мағыналары ыдырап, ортақ байланыстырушысы мағыналарының үзілуі
нәтижесінде тілімізде біршама омонимдер жасалған. Бұндай түрдегі сөздер көп
мағыналық құбылысымен өте тығыз байланысты болады. Мысалы:
Бауырлас І. Сын есім а) бірге туған, туыстас
ә) арманы, ой тілегі бір, дос-жар, туған
б) мөлшерлес, шамалас, шендес
Бауырлас ІІ. Етістік. а) туыстасу, жақын болу, достасу
ә) бір-бірімен ұласу, жалғасу
Бұл сөздің түбірі бауыр Көне түркі сөздігінде екі түрлі мағынада
берілген.
Бауыр І. Печень
ІІ. живот, брюхо
ІІІ. перен. Сердце
ІҮ. Родственник.
Бауыр. Ү. Медь
Қазіргі қазақ тілінде бауыр сөзі 1. Адамзат, жануарлардың ас қорыту,
қан таратушы мүшесі. 2. Жан-жануарлардың алдыңғы ішкі жағы, төс алды, өкпе
тұсы. Кейін келе бұл сөздің мағынасы кеңейіп бірге туған, қандас, ағайындас
адамдарды да бауыр дейтін болды. Ендеше бауырлас сөз кезінде мағыналық
жақтан байланысты полисемияның есебінен жасалған омоним.
Сонымен омоним көбіне тілде көп мағынаның ыдырауы жолымен жасалып,
сөзде екі тәуелсіз номинативтік мағынаның пайда болуын аңғартады. Яғни, көп
мағыналы сөздердің арасындағы мағыналық байланыс үзілсе, ол омонимге
айналады. Бірінші заттың атауы екінші затқа да атау болады, осыдан келіп ол
сөздердің негізгі мағынасы үстеме мағыналар қосылады. Мәсел, күт деген
етістік тос деген мағынаны білдірумен бірге сыйла, құрметте деген
мағынаны білдіреді. Бұл сөздің қосымша мағынасы сыйлау, құрметтеу әрине,
аялдау, тосу деген мағынасына байланыста туып, бұл сөзді көп мағыналы сөзге
айналдырған. Міне сөздер келтірінді мағынада қолданыла келіп, түрлі
мағынаға ие болды. Кейде ол көп мағыналы сөздердің әр мағынасы бір-бірінен
іргесін аулақ салып, дараланып алшақтайды. Әр мағынада әр басқа ұғымның
атауы болып бекиді. Сөздің осылай мағыналық жақтан дамуы нәтижесінде омоним
сөз жасалды. Бұндай омонимдерді І.Кеңесбаев пен Ғ.Мұсабаев лексикалық тәсіл
арқылы жасалған деп түсіндіреді: Бір сөз әуелде бір мағынада қолданғанмен,
кейін мағынасының дамуы нәтижесінде бірте-бірте баланысын жоғалтып мүлдем
басқа сөздер болып, яғни омоним болып кетеді[21, 29]. Ал К.Аханов болса:
Кейде кейбір сөздер өзінің негізгі тура мағынасынан басқа келтірінді
мағынада қолданыла келіп, олкелтірінді мағына дағдылы тура мағына сияқты
болып ұғынылады[1, 33] - деп мынадай мысал келтіреді: қи 1. Қағазды
қайшымен ортасынан қи. 2. Сен маған осы демалысыңды қи. Қой 1. Тура
мағынасы – ол кітапты үстелге әкеліп қойды. 2. Туынды мағынасы екеу. а) Осы
сен үйретуіңді қой. ә) Қой, қалқам, бұның дұрыс болмас. Негізгі мағынасы
да, туынды мағынасы да бір сөздің әр түрлі мағыналары ретінде қаралады,
өйткені олардың арасында қалайда мағыналық байланыс бар. Сондықтан ол
мағыналар бір сөздің түрлі мағыналары ретіндетанылып, осы сөздің мағыналық
мазмұнынаенеді деп түсіндіреді. Сондай-ақ ғалым: егер сөздердің әр түрлі
мағыналарыбір-бірінен онша алшақтамай дараланып бөлініп кетпей, өзара
байланысып жатса, онда ол мағыналар бір сөздің әр түрлі мағыналары ретінде
танылып, сөздің көп мағыналылығы деген категорияға жатады. Егер дыбысталуы
бірдей, бірақ мағыналары басқа-басқа болып, мағыналық жақтан дараланып, бір-
бірінен алшақтап кеткен сөздер болса, онда олар омонимия құбылысының
қатарына жатады, – дейді [1, 13].
Сонымен омоним деген термин гректің homos - біркелкі, бірдей,
опута – ат, атау деген сөздерінен алынған. Сонда бұл термин біркелкі,
бірдей атау дегенді, яғни дыбысталуы бірдей де, мағынасы әр басқа сөздер
дегенді білдіреді [2, 11].
1.2 Омоним сөздердің туындауы мен жасалу жолдары

етіп алған ғалым К.Аханов. Ғалым өз еңбегінде омонимдердің пайда болуының
бірнеше жолына тоқталып өтеді.
1)Кейбір омонимдер сөз тудырудың лексика-семантикалық тәсілі арқылы
пайда болған. Тілдің даму барысында көп мағыналы сөздің мағыналарының
арасындағы семантикалық байланыс үзіліп, осының нәтижесінде әр басқа екі
сөз – омонимдес сөздер жасалуы мүмкін. Көп мағыналы сөздердің мағыналарының
арасындағы семантикалық байланыстың жойылуы нәтижесінде әр басқа сөздердің
(омонимдес сөздердің) жасалу тәсілі сөз тудырудың лексика-семантикалық
тәсілі деп аталады. Мысалы: жабағы 1. Алты айдан асып, бір жылға толмаған
құлын (Мысалы: Мынау бір көп сауылған биенің жабағысы еді. Ғ.Мүсірепов);
жабағы 2. Қыстан қалған ескі жүн (Мысалы: Жабағыға тырнағы шықпастай болып
ілінді. Абай). Осы мысалдардағы жабағы деген екі сөздің шығу тегі бір.
Екеуі де бір сөздің мағыналық жақтан дамып, ол мағыналардың бір-бірінен
алшақтауы нәтижесінде жасалған [2, 152].
Буылған жүк мағынасындағы тең (Мысалы: Іші толған – буылған жүк,
буулы тең мен сандықтар. М.Әуезов) деген сөз бен бірдей деген мағынаны
білдіретін тең (Мысалы: Жер жүзінде ең биік, Жоқ өзіңе тең биік. С.Мұқанов)
деген сөздер омонимдес сөздер болып саналады. Бұлар да шығу тегі жағынан
бір сөздің лексика-семантикалық дамуы нәтижесінде жасалған омонимдердің
қатарына енеді. Орыс тіліндегі дүние жүзі деген мағынаны білдіретін мир
деген сөз бен бейбітшілік мағынасындағы мир деген сөз де сөз тудырудың
лексика-семантикалық тәсілі арқылы жасалған омонимдердің қатарына
жатқызылып жүр [2, 151].
Аталған тәсіл – тіліміздегі ең өнімді тәсіл. Омоним сөздегі тұлға
бірдейлігі көбіне омоним мен полисемияны бір-бірінен ажырату фактісіне
қиындық келтіреді. өйткені полисемия да өзара шарттас келетін лексика-
семантикалық вариант жиынтығының тұлға бірдейлігін береді. Көп мағыналы
сөздер мен омонимдердің сыртқы форма жағынан ұқсастығы бар. Сөздердің
дыбыстық құрылымы жағынан бұлар нақ бірдей деуге болады. Омоним мен көп
мағыналы сөздердің бір-бірінен өзгешелігі түр-тұрпатында емес, мағынасында
жатыр. Көп мағыналы сөздердің бір негізден шыққандығын, ұқсастығын бірден
танып білуге болады.
Мәселен, майда тас, майда ұн дегендерден ұсақ, уақ деген мағынаны
түсінсек, майда сөз, майда шөп дегеннен жұмсақ, биязы дегенді аңғарамыз. Ал
мінезі майда деген тіркестен сыпайы, кішіпейіл деген мағынаны ұғамыз. Бұл
мағыналар бір ғана сөз табына қатысты болып, бір негізден тарағандығы ап-
айқын болып тұр [1, 23].
Омонимдер біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ ұғымы әр басқа сөздер
тобын білдіреді. Бұлардың білдіретін ұғымы бір сөз табына да, әр сөз табына
да дара-дара болып бөліне береді. Кейбір омонимдердің түп-төркіні жағынан
белгілі бір байланысы болғанымен, мағына жағынан бір-бірінен соншалықты
алшақ екендігі аңғарылады. Мысалы: Ара І. Ағаш кесетін жұқа темірден
жасалған құрал. Ара ІІ. Гүлшырыннан бал жиятын қанатты жәндік. Ара ІІІ. Екі
орта, аралық. Ана І. Туған шеше. Ана ІІ. Сілтеу есімдігі. Айт І. Діни
мейрам. Айт ІІ. Сөзбен ой-пікірін білдіру. Айт ІІІ. Итті айтақтап қосу үшін
айтылатын сөз [1, 24]. Сонда омоним дегеніміз түглі себептермен, дыбысталуы
бірдей, бірақ мағыналары басқа-басқа сөздер болып шығады. Көп мағыналы
сөздер омонимнің барлық түрімен емес, бір ғана түрімен тығыз байланысты.
Бір қарағанда, омонимдер бір сөздің төңірегінде мағыналық қарым-қатынасты
топтайтын көп мағыналы сөздерге ешқандай қатынасы болмайтын сияқты. Ал зер
сала қарайтын болсақ, омоним құбылысының өзі бір қатар жағдайда сөздің
мағыналық байланысының бұзылуы процесіне тап болып, полисемиядан
туындайтынына көз жеткізуге болады. Яғни, кезіндегі көп мағыналы сөздердің
мағыналарының ыдырауы нәтижесінде жасалады.бұл әрине барлық омонимдерге
қатысты сөз емес.басқа да жолдармен жасалатын омонимдер бар. Бұл
омонимдердің пайда болуының бір жолы ғана.
Омонимия мен полисемия құбылысының ара жігін ажыратуға байланысты
ғылымда бірқатар әдістер ұсынылады. Олардың бірқатары мыналар:
1. Дәстүрлі тәсіл, әр алуан мағынаға синоним таңдау, яғни бұл
құбылыстарды ажыратуда лексикалық әдісті қолданамыз. Егер алынған синоним
сөздердің арасында семантикалық байланыс болмаса (олар бір синонимдік қатар
құра алмаса), онда талданып отырған сөздер өзара омоним болға
2. Екі бірдей дыбысталатын сөзде әр алуан сөзжасам қатарының болуының
өзі олардың полисемия емес, омоним екендігін көрсетеді.
3. Полисемия мен омонимияны ажыратуда семантикалық тәсіл қолданылады.
Көп мағыналы сөз мағыналары семантикалық жақта байланыс болып бір ғана
мағыналық құрылым құрайтын болса, омонимдердің сыңарларының мағыналары
өзара байланыссыз. Тіпті олар бірін-бірі шығарып тастап отырады.
4. Көп мағыналы сөздерді және омонимдерді ажыратудың ең бір қызық
тәсілі жойылып кеткен аралық топты табу.
5. Морфологиялық тәсіл. Түбір қандай морфологиялық бөлшектерден
тұратынын айқындау. Егер бірдей дыбысталатын сөз әр алуан сипаттағы
морфологиялық бөлшектерден тұрса, онда ол омоним сөз болғаны.
Полисемия мен омонимияны бір-бірінен ажырата білу қажет. Бұларды бір-
бірінен ажырату проблемасы тіл білімінде өте-мөте күрделі мәселе болып
саналады. Сөздіктерді жасауда бірде-бір лексикограф (сөздік жасаудың
маманы) полисемия мен омонимияны бір-бірінен ажырату проблемасы соқпай өте
алмайды. Алайда, полисемия мен омонимияны бір-бірінен ажырату проблемасы
барлық омонимдердің күллісіне бірдей қатысты емес. Мысалы, ауаны ішке
тартып, сыртқа шығарып тұратын дене мүшесі деген мағынадағы өкпе сөзі мен
наз, реніш деген мағынадағы өкпе сөзінің омонимдес екендігі ешбір күман
тудырмайды. Басы ашық-айқын омонимдес сөздер болғандықтан, бұлар
полисемиялы сөздерден оңай ажыратылады. Полисемия мен омонимияны ажырату
проблемасының қиындығы полисемантизмді сөздермен ұштасып, жапсарласып
жатқан омонимдерге қатысты. Мысалы, планетаның бір түрі дегенді
білдіретін ай сөзі мен отыз тәулік уақыт немесе жылдың он екі бөлшегінің
бірі дегенді білдіретін ай сөзін полисемантизмді сөз дейміз бе, омонимдес
сөздер дейміз бе? Бұл сұраққа жауап беру үшін, ең алдымен, мағыналардың
арасында байланыс бар ма, жоқ па? дегенді айқындаудың қажеттілігі айтылып
жүр. Егер мағыналардың арасында байланыс сақталып, аңғарылып тұрса, онда ол
мағыналар бір ғана полисемантизмді сөздің әртүрлі мағыналары ретінде
танылады да, мағыналардың арасында семантикалық байланыс үзілсе, бұл күнде
ондай байланыс аңғарылмаса, онда ол мағыналар бір сөздің емес, әр басқа
сөздердің, яғни омонимдес сөздердің мағыналары ретінде танылады. Мұндай
сөздер сөздіктерде омонимдес сөздер ретінде қаралады.
Полисемия мен омонимия бір-бірінен ажыратуда мағыналардың арасында
семантикалық байланыстың жойылуы немесе жоқтығы кейде негізгі критерий бола
алмай қалуы мүмкін. Мысалы, түркі тілдерінде той І (зат есім) – той ІІ
(етістік); тоң І (зат есім) – тоң ІІ (етістік); көш І (зат есім) – көш ІІ
(етістік) және т.б.осылар тәріздес омонимдер бар. Бұл омонимдік қатарлардың
әрқайсысының құрамындағы есім сыңар мен етістік сыңар лексикалық
мағыналары жағынан бір-бірінен алшақтап кетпейді, бұларда семантикалық
бірлік, біртекстілік бар. Бұларды омонимдер деп есептеуде негізгі таяныш –
омонимдік қатарға енетін сөздердің әр басқа сөз табына (бірінің есімге,
екіншісінің етістікке) қатысты болуы. Сөзде лексикалық мағына мен
грамматикалық мағына түйісіп бас қосады. Сөз өзінің нақты лексикалық
мағынасынан басқа белгілі бір сөз табының мағынасы – категорияльды мағынаға
ие болады [2, 148].
Сонымен сөздер негізгі мағынасының үстіне қосымша мағыналар үстеп
алады. Ал ол мағыналар ұзақ қолданыстың нәтижесінде кей жағдайда тілімізде
өз дербестігін алып кетеді. Соның негізінде (көп мағыналы сөздердің
есебінен омоним сөздер жасалады. Соған орай тіл білімінде омонимдерді үлкен
екі топқа бөлеміз: гетерогенді (әр текті) омонимдер және гомогенді (бір
текті) омонимдер [1, 98].
Гетерогенді омоним деп шығу тегі бөлек-бөлек, тұлғалық жақтан сөздік
құрамда кездейсоқ сәйкес келетін лексикалық бірліктерді айтамыз [1, 98 ].
Ал гемогенді омоним дегеніміз о бастағы бір сөзден мағыналық дамуы
нәтижесінде туындап, ара қатынасы алыстап, бара-бара екі сөзге айналып
кеткенлексемаларды айтамыз [1, 103].
Сонымен, көп мағыналы сөздердің есебінен жасалған омонимдердің
түрлерін лексикалық тәсіл арқылы жасалған омонимдер дейміз. Мысалы: Жал І.
Жан-жануарлардың желкесіне шыққан қыл. Жал ІІ. Ұзыннан ұзын созылып жатқан
белес, қырқа. Көк І. Көгерген түс. Көк ІІ. Аспан, әуе. Көк ІІІ. Көгеріп
шыққан өсімдік. Жылы І. Ыстық пен суықтың аралық қалпы, қан жылым. Жылы ІІ.
Жылы қалыпқа келу, жылыну. Ық І. Жауын-шашынның өтінен қаға беріс, ықтасын.
Ық ІІ. Борасын мен дауылға қарсы беттемеу, соның ығымен қоса ығу. Сөздің
осындай мағыналық жағынан дамуы арқылы омонимдердің келіп шығуы тілдегі сөз
тудырудың бір тәсіліне жатады.
2) Тіл-тілдегі бірсыпыра омонимдер сөздердің әр түрлі фонетикалық
өзгерістерге ұшырап, дыбысталуы жағынан сәйкес келуі нәтижесінде пайда
болған.
Фонетикалық өзгерістердің нәтижесінде пайда болған омонимдерді
айқындау үшін, сол омонимдік қатардың құрамындағы жеке сыңарлардың
(сөзбердің) ертерек кездегі дыбысталу түрі қандай болғанын, тілдің даму
барысында оның дыбысталу жағынан қалай өзгергендігін, өзгеріске түсуге
қандай заңдылықтар себеп болғанын ашып айқындау қажет.
Сөздердің фонетикалық өзгеріске ұшырап, дыбысталуы жағынан сәйкес
келуі нәтижесінде жасалған омонимдік қатардың құрамындағы сыңарлардың
(сөздердің) көне түрі ерте дәуірлердегі жазба нұсқаларда және туыстас
тілдердің кейбіреулерінде сақталған. Демек, омонимдердің пайда болу жолын
айқындауда ерте замандағы жазба нұсқалар мен туыстас тілдердегі көне
формалар бағалы материалдар бере алады. Мысалы, ер деген сөздің (атқа
салатын ер мағынасында) ертерек кездегі дыбысталуы, көне түрі егер
екендігін байқауға болады. В.В.Радлов ер деген сөздің шағатай тіліндегі
түбір қалпы – егер, туынды түрі – егерле (қазақша ертте дегенмен бірдей)
екенін көрсетеді. Бұл сөз ұйғыр тілінде де егертүрінде айтылады. Ер сөзінің
көне формасы қазақ тілінің оңтүстік диалектісінде сақталған: оңтүстіктің
кейбір аудандарында бұл сөз егер түрінде айтылады [1, 151].
Бұл деректер қазіргі қазақ тіліндегі ер сөзінің ертерек кездегі
дыбысталу түрі егер болғандығын, тілдің тарихи даму барысында сөз
ортасындағы г дыбысының түсіп, оның (егер сөзінің) ер болы өзгергендігін
көрсетеді. Фонетикалық осы өзгерістің нәтижесінде о баста егер түрінде
айтылған ер сөзі өзімен мағыналық жақтан ешқандай байланысы жоқ, еркек,
батыр, күйеу деген мағыналарды білдіретін ер сөзімен дыбысталуы жағынан
бірдей келіп, омоним жасалған. Сол сияқты бала табу деген мағынадағы ту
етістігінің көне формасы тоғ, доғ болған, матадан істелген байрақ, жалау
мағынасындағы ту зат есімінің көне формасы тұқ, тұғ екендігі, ал тумаған,
төлдемеген деген ұғымдағы ту есімнің көне формасы түн, тұл болғандығын
белгілі мамандар сөз етіп жүр. Сонда бір замандағы дыбысталуы үш басқа үш
түрлі сөз өзгерсе, дами келе қазіргі уақытта біркелкі дыбысталып омонимге
айналып кеткендігі байқалады. Мұнымен қабат созылыңқы түу, туу деген
одағайлар да ту болып қысқарған. Ту баста, ту сырты, ту сонадан дегендегі
ту сөзі де омонимдік қатарға қосылып, бес түрлі омоним пайда болған.
Қазақ тіліндегі кейбір омонимдердің сөз соңындағы ш дыбысының с
дыбысына ауысуының нәтижесінде пайда болғандығы байқалады. Көрнекті
лингвист В.А.Богородицкий ш дыбысының өзгеріп, с дыбысына айналуын,соның
нәтижесінде о бастағы ш мен с дыбыстарының ұштасып, бірдейлесіп кетуін
қазақ тіліне өте-мөте тән белгілердің бірі деп есептейді. Қазақ тіліндегі
зат есім құс (мысалы: Құс қанатымен ұшып, құйрығымен қонады. Мақал.)
дегенмен етістік құс (мысалы: Алтын ана жек көрер шамасы жоқ. Былғанам ба,
мейлі құсамын ба Сұлтанмахмұт) дегендер өз ара омонимдес сөздер ретінде
қаралады. Қазіргі қазақ тіліндегі зат есім басдеген мен етістік бас
дегендер – бір-бірімен омонимдес сөздер. Ежелгі түркі жазуы ескерткіштің
тілінде зат есім мағынасындағы бас дегеннің дыбысталу түрі – баш, ал
етістіктің дыбысталу түрі – бас [29, 30]. Қазіргі өзбек тілінде бұл екі сөз
бір-бірінен сөз соңында бірінде ш дыбысы, екіншісінде с дыбысы келуі арқылы
ажыратылады. өзбек тілінде зат есім бас сөзі бош түрінде, ал етістік бас
сөзі бос (тұйық рай түрі – босмоқ) түрінде айтылады. Түрікмен, азербайжан,
қырғыз, ұйғыр, ойрат тілдерінде де бұл екі сөз бір-бірінен бірінде ш
дыбысы, екіншісінде с дыбысы келуі арқылы ажыратылыды. Аталған тілдерде бас
сөзі зат есім болғанда баш, ал етістік болғанда, бас түнрінде қолданылады.
Демек, түрікмен, азербайжан, қырғыз, ұйғыр, ойрат тілдерінде бұл екі сөздің
ерте кездегі дыбысталу түрі сақталған да, ал қазақ тілінде бұл екі сөзді
ажырататын ерте кездегі дыбыстық айырмашылық сақталынбай, соның нәтижесінде
омоним жасалған.
3) Омонимдер сөздердің түбіріне омонимдес аффикстердің жалғануы арқылы
жасалады. Түбір сөздерден жасалған омонимдер түбір омонимдер деп аталса,
түбірге омонимдес аффикстердің жалғануынан жасалған омонимдер туынды
омонимдер деп аталады. Туынды омонимдерге біздің тіліміз өте бай. Олар мына
сияқты өнімді жұрнақтар арқылы пайда болған.
а) есімдердің -с(-ыс,-іс) аффиксі мен етістіктердің (ортақ етістің)
-с (-ыс,-іс) аффиксі. Бұл омонимдес, аффикстердің бір ғана түбір сөзге
жалғануынан омонимдес, туынды екі сөз – зат есім мен етістік (ортақ етіс)
жасалады. Мысалы: айт-ыс І (зат есім) Садақ пен баланың айтысы – дейтін
арқаға мәлім айтыс (М.Әуезов); айтыс ІІ (етістік). Біздің Садекеңмен
айтысар шамамыз қайсы. әншейін бір жалғыз ауыз сөздің тұсында болымсыз
тосқауыл айтқаным ғой. Айтысты, жеңді дейтін сөз емес (М.Әуезов).
Аталған омонимдес аффикстер басқа да түркі тілдерінде туынды омонимдер
жасауға қатысады. Қазақ тіліндегі -с аффиксі қырғыз, алтай тілдерінде -ш
жұрнағы сәйкес келеді. Бұл жұрнақ (-ш және оның фонетикалық варианттары)
аталған тілдерде туынды омонимдер жасайды. Мысалы: уруш І (зат есім) –
ұрыс , уруш ІІ (етістік) – ұрыс; келиш І (зат есім) – келіс, келиш ІІ
(етістік) – келіс.
Ә) есімдердің -қ (-к, -ық,-ік) аффиксі мен етістіктердің -қ (-қ, -ық,
-ік) аффиксі. Бұл омонимдес аффикстердің бір ғана түбірге жалғануынан әр
басқа екі сөз (зат есім және етістік), яғни туынды омонимдер жасалады.
Мысалы, қыз деген түбір етістікке аталған омонимдес аффикстердің
жалғануынан әрі сын есім сөз (мыс., Адам пішіні бұған бір тамаша, өзгеше,
қызық сурет тәрізденетін. М.Әуезов), әрі етістік сөз (мыс., Осы жайында өзі
таңырқай түсіп, қызығып та қырайды. М.Әуезов) жасалған. Бір ғана жап деген
түбір етістік омонимдес үш сөздің жасалуына ұйытқы болған: жабық І (зат
есім. Киіз үйдің жабығы, жабықтан қарау), жабық ІІ (сын есім. Жабық шахтаға
кетіп бара жатқан орыс жұмыскерлері де сол жаққа қарап, бөгеліп тұр.
Ғ.Мүсірепов), жабық ІІІ (Етістік. Кішкентай қыз жабығу, қамығу яки
жатырқау, тосырқау дегендерді білмейді. М.Иманжанов).
Есімдердің -қ (-к, -ық, -ік) аффиксі мен етістіктердің -қ (-к, -ық,
-ік) аффиксінің жалғануы нәтижесінде жасалған омонимдес сөздердің ішінде
тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан морфемаларға бөлшектенуге келмейтіндері де
бар. Мына омонимдес сөздерді салыстырсақ: қырсық І (зат есім) – қырсық ІІ
(етістік); ентік І (зат есім – ентік ІІ (етістік); былық І (есім) – былық
ІІ (етістік) және т.б.
б) Бұл салаға ғалым І.Кеңеспаев етістіктің -мақ, -мек, -пақ, -пек,
-бақ, -бек жұрнақтары арқылы жасалған мақсатты келер шақ түрі мен
есімдердің түйісуін қосады. Мысалы: 1. Қоспақ – түйенің бір түрі, яғни нар
мен айырдан туған тұқым; 2. Қоспақ – бір нәрсені бірдемеге қосу.
г) Зерттеуші тілші Ғ.Мұсабаев сын есімнің -дау, -деу, -лау, -леу,
-тау, -теу қосымшасы арқылы жасалған сөздерді етістіктің тұйық райымен
омоним болатындығын атап көрсетеді. Мысалы: 1) ақтау – біреуді ақтап алу,
сенімді ақтау; 2) ақтау – нағыз ақ емес, аққа жақын. Алайда ғалым бұларды
тұрақты омонимдер емес, бір кезде ғана түйісіп өтетін соқпалар дейді.
4) Кейбір омонимдер кірме сөздер мен төл сөздердің дыбысталуы жағынан
сәйкес келуі нәтижесінде жасалады. Мұндайда, әдетте, кірме сөз дыбыстық
өзгерістерге ұшырап, қабылдаушы тілдегі төл сөзбен дыбысталуы жағынан
бірдей келеді. Яғни омонимдер өзге тілдерден ауысқан сөздердің қазақтың төл
сөздерімен дыбысталуы бірдей болуының нәтижесінде пайда болады. Солардың
кейбіреулері өздерінің келген тіліндегі дыбысталу қалпын өзгертіп, ана
тіліміздегі бұрыннан келе жатқан қайсыбір сөздермен дыбысталу жағынан
кірігіп, омонимдер жасалған.
а) Араб сөздерінен жасалғандары: мәселен , арабтың күш, жігер
мағынасындағы қайрат (ғайрад) сөзі қазақ тіліндегі пышақты қайрат дегендегі
етістігімен түр-тұлғасы бірдей келуі нәтижесінде омоним жасалған. Қырықтың
бірі қыдыр (мақал) дегендегі қыдыр (хызыр)- араб сөзі. Бұл сөз қазақтың ел
қыдыру дегендегі қыдыр етістігімен дыбысталу жағынан ұқсас келуі салдарынан
пайда болған.
ә) Парсы сөздерінен жасалған омонимдер. Мәселен, біреуге көр қазба,
өзің түсерсің (мақал) дегендегі көр парсының гөр деген сөзінің өзгерген
түрі. Бұл сөз Қалқамның нұсқасын көр, көзім, бір кенел дегендегі көр
етістігімен дыбысталуы жағынан үйлесіп, омоним жасалған. Сол сияқтыпарсының
әуен, кейде сазбен, кейде сөзбен қосылып отыр ел (Ә.Сәрсенбаев). Бұл сөз
қазақтың батқан, лай, балшық мағынасындағы саз деген сөзімен тұлғалас
келіп, омоним жасалған. Сондай-ақ, мекен, орын мағынасындағы жай сөзі парсы
тіліндегі джай деген сөзден алынған. Ұлықтар жататын жай үш үйден құралған
(М.Әуезов). бұл сөз қонақтарға дастарқан жайды, қол жайды дегендегі жай
етістігімен дыбысталуы жағынан омонимге айналып кеткен.
б) орыс сөздерінен жасалған омонимдер. Мәселен, өгіздің мойнына
салатын мойынтұрық (мойынағаш) деген мағынадағы жарма деген орыстың ярмо
деген сөзінің өзгерген түрі. Бұл сөз қазақтың жармаланған бидай, арпа
дегендегі жарма сөзімен дыбысталу жағынан бірдей келіп омоним жасалған. Сол
сияқты ат айдаушы, атшы деген мағынадағы көшір сөзі орыстың кучер деген
сөзінен алынған. Сеңсең тондарына оранып, шана ішінде қалғып отырған бірен-
саран көшірлер де байқалды. (М.Әуезов). бұл сөз Орыс шаруаларын қазақ
жеріне көшіре бастады (С.Көбеев) дегендегі көшір етістігімен тұлғалас
келіп, омонимдерге айналып кеткен. Сондай-ақ орыстың волость деген сөзі
қазаққа болыс болып кірген. Мәз болады болысың, Арқаға ұлық қаққанға
(Абай). Бұл сөз Ерден апасына болысып, үйдің іргесін жайысты (С.Бегалин)
дегендегі болыс етістігімен дыбысталуы жағынан үйлесіп, омоним жасалған. Су
ағызатын жыраны орыстар арык дейді. Бұл сөз қазақ тілінде арық болып, к
дыбысы қ дыбысына айналып өзгерген. Біз суды Шу өзенінен тартқан арықтан
ішеміз. (С.Мұқанов). сол өзгерістің нәтижесінде Арық атқа қамшы жау
(мақал) дегендегі арық деген сын есіммен бұл екеуі омонимдік топ құрған.
Тілде екі сыңары да кірме сөздер арқылы жасалған омонимдер кездеседі.
Мәселен, кемеңгер, данышпан дегендегі дана мен орысша экземпляр деген
ұғымдағы дана екеуі де парсы тілінен ауысқан. Бау-бақша өсіретін бақ пен
бақыт ұғымындағы бақ деген сөздер араб тілінен келген. Сөйтіп қазақ
тіліндегі омонимдер сөздің мағыналық дамуы арқылы, дыбыстық өзгерістер
арқылы, сонымен қатар кірме сөздердің қазақтың төл сөздерімен үндесіп
жақындасуы нәтижесінде де жасала беретіндігін көрдік [2, 156-157].
Бояу деген мағынаны білдіретін сыр сөзі (мысалы: Сырлы аяқтың сыры
кетсе де, сыны кетпейді) араб тілінен (араб тілінде айтылуы сир) еніп,
әркімнің өзіне мәлім, басқаға белгісіз, құпия ой деген мағынадағы сыр
сөзімен (мысалы: Жауға жаныңды берсең де, сырыңды берме. Мақал) дыбыстылау
жағынан сәйкес келуі нәтижесінде омнимдер жасалған. Кездеме мағынасында
қолданылатын мата І сөзі мен байла деген мағынадағы мата ІІ сөзі де - өз
ара омонимдес сөздер. Түркі тілдеріне кездеме мағынасын білдіретін мата
сөзі араб тілінен (арабша – мата) енген. Араб тілінен еніп, қатар деген
мамғынаны білдіретін сап сөзі (сапқа тұру) құралдың ұстайтын жағы деген
мағынаны білдіретін сап сөзімен (пышақтың сабы, балтаның сабы) бір
омонимдік қатар құрайды. Мата тоқуға қажетті ақ ұлпы деген мағынаны
білдіретін мақта түрік тілдеріне иран тілдерінен енген. Бұл сөздің иран
тілдерінің бірі – тәжік тілінде дыбысталуы – пақта. Бірсыпыра түркі
тілдерінде бұл сөз осы аталған түрінде дыбысталады. Қазақ тілінде бұл
сөздің басқа п дыбысы м дыбысымен алмасып мадақта деген мағынадағы мақта
(етістік сөзімен дыбысталуы жағынан сәйкес келіп, омоним сөздер жасалған
[2, 158].
К.Аханов омонимдік қатарға және оның түрлеріне де тоқталып өтеді.қазақ
тіліндегі омонимдік қатарының құрамының әр түрлі болып келетіндігін
көрсетеді. Екі, үш, төрт кейде одан да көп сөзден тұратын омонимдік
қатарларды мысалдар келтіре отырып талдайды. Омонимдік қатарға енетін
омонимдерді құрамына қарай түбір және туынды омонимдер деп бөледі. К.Аханов
омонимдерді мағыналық және құрылымдық ерекшеліктеріне қарай:
1. Лексикалық омонимдер;
2. Лексика-грамматикалық омонимдер;
3. Аралас омонимдер деп бөледі.
1. Лексикалық (немесе толық) омонимдер. Омонимдердің бұл түрінде
омонимдік қатарды құрастырушы сыңарлар (сөздер) бір ғана сөз табына қатысты
болады да, қалай түрленсе де, ол сыңарлар барлық формаларында бір-біріме
н сәйкес келеді. Мысалы, ауаны ішке тартып, сыртқа шығарып тұратын мүше
деген өкпе сөзі мен реніш, наз деген мағынадағы өкпе сөзінің екеуі де бір
сөз табына (зат есімге) қатысты болып, көптелсе де, тәуелденсе де, септелсе
де , - барлық формаларында бір-біріменсәйкес келеді. Лексикалық
омонимдердің, қалай түрленсе де, барлық формаларында бір-біріне сәйкес
келуі ескеріліп, кейде олар толық омонимдер деп аталады. Лексикалық
омонимді құрастырушы сөздер барлық формаларында лексикалық мағыналары
жағынан ажыратылады да, грамматикалық мағыналары жағынан ажыратылмайды.
Сонымен, бір сөз табына қатысты болып, қалай түрленсе де, барлық
формаларында бір-біріне сәйкес келетін сөздерден жасалған омонимдер
лексикалық немесе толық омонимдер деп аталады. Лексикалық немесе толық
омонимдерге мынадай омонимдер мысал бола алады деп көрсетеді[2, 159].
Дәрі І. Ауруды емдеу үшін қолданылатын зат. Ол қылған дәрім Дәрі ІІ.
Оқтың ішіндегі тұтандырғыш зат. Құр дәрімен атқанға өлмейді екен (Абай).
Сыр І. Бояу. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz