Айқын Нұрқатовтың сыншылық ерекшелігі
1. АЙҚЫН НҰРҚАТОВТЫҢ СЫНШЫЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1950-1965.
Бұл - кең қолтық көне тарих үшін қас қағым сәттей ғана құны бар 15 жыл.
Бұл - күні кешегі кеңестік кеңістікте "бүкіл елімізде социализм
толығымен және түпкілікті жеңіп шықты, кемелдемген социалистік қоғамды
орнатып, коммунизм құруға бет аламыз" деп, жалаулатып, ұрандатқан кезеңнің
бір бөлшегін құрайтын 15 жыл.
Бұл - "Халықтар көсемі" Сталиннің шексіз құзырының соңғы сәттеріне куә
болып, қиялқанат Хрущев дәуренің бастап өткерген, он сегіз жыл бойы
кеңестік-коммунистік тақта тапжылмай отырған Брежнев билігіне жол ашылған
15 жыл.
Осынау 15 жыл көлемінде жоғарғы билік басындағылар ауысқан сайын, елдің
рухани өмірінің жетекшісі болып табылатын идеология да "сырты бүтін, іші
тұтін" кейіпке түсіп, "заманымыздың ақыл-ойы, ар-ожданы" болмаққа тырысқан
коммунистік партияның, қабылдаған қаулы-қарарлары бір-біріне керегар келіп,
тіпті бірін-бірі теріске шығарып жатты. Мәселен, БК(б)П Орталық Комитетінің
Звезда және Ленинград журналдары туралы" (14 тамыз 1946 жыл), "Драма
театрларының репертуары және оны жақсарту шаралары туралы (4 қыркүйек 1946
жыл), В.Мураделидің Ұлы достық операсы туралы (10 ақпан 1948 жыл)
қаулыларындағы тұжырымдар арада аздаған жылдар өтер-өтпестен, 1958 жылдың
28 мамырында СОКП Орталық Комитеті қабылдаған "Ұлы достық", "Богдан
Хмельницкий" және "Шын жүректен" операларын бағалауда жіберілген қателіктер
туралы" қаулысында жоққа шығарылды.
Билік тұтқасын ұстағандардың түпкі мүддесіне негізделіп келген
коммунистік идеологияның қасаң қағидалары қоғамдық санаға, қоғамдық сананың
бір тармағы - әдебиет пен өнерге де кесірін аз тигізген жоқ. Оның айқын
дәлелін елуінші, алпысыншы жылдардағы әдеби өмірде болып өткен сыншылдық
ойлар ағынына жүгірте көз салғанның өзінде таба аларымыз анық. Әрине, әдеби
үрдіс нақтылы бір жылдар аралығымен шектелмек емес. Сондықтан 50-60-
жылдардағы әдебиет пен әдебиеттану ғылымындағы ізденістер мен
іркілістердің, жетістіктер мен кемшіліктердің түпкі себептерін олардың
алдындағы жылдар ұсынған талаптардан іздеп, сол тұрғыдан өрбіте
қарастырғанымыз ләзім.
Аталмыш кезеңдерде рухани игіліктерге баға беруші де, сол игіліктерді
тудырушы өнерпаз күштерге бағыт сілтеп, талап жүктеуші де коммунистік
партия болғаны аян. Көңілі көреген, санасы сара таланттардың талайы
қоғамдағы үстем идеологияның шеңберінде шырмалғаны да ақиқат. Олай етпеске
амалдары да жоқ еді. Демек қандай да болмасын дарын иесінің еңбегін
бағалаған тұста оның өмір кешкен кезіндегі қоғамдық-әлеуметтік
ерекшеліктерді ескеріп отыру әділетті пікірдің орнығуына негіз салмақ.
Олай болса, 50-60-жылдар шенінде өнер мен әдебиет дүниесіндегі ахуал
қандай еді?
Партияның 1946 жылғы аталған қаулысынан кейін, іле-шала Қазақстан
Компартиясы Орталық Комитеті "Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл және
әдебиет институтының саяси өрескел қателері туралы" (21 ақпан 1947 жыл),
"БК(б)П Орталық Комитетінің "Драма театрларының репертуарлары және оны
жақсарту шаралары туралы" қаулысын орындау туралы" (29 сәуір 1947 жыл)
қаулылар қабылдады. Бұл қаулылардың ақыры әдебиетші, зиялы қауым арасынан
"ұлтшылдарды" іздеу, талқандау сияқты сорақылықтарға ұласып, Е.Ысмайылов,
Б.Кенжебаев, Т.Нұртазин, О.Марғұлан. А,Жұбанов, Ә.Мәметова,
Ә.Қоңыратбаевтар қызметтен қуылды. М.Әуезов пен Қ.Сәтбаевтар өз елінде
"көзге күйік" күй кешіп, Мәскеуге бет түзеді. Ең сорақысы - танымал тарихшы-
ғалымдар Е.Бекмаханов, Б.Сүлейменовтерге ұлтшылдық қамыты кигізіліп
жиырма бес жылға сотталып кетті.
Рухани өмірдің өскелең талаптарға жауап іздеу орнына, көбіне-көп өз
ортасынан жау іздеуге ден қойып кетуіне "Қазақстан Жазушылар одағының
жұмысындағы үлкен қателіктер мен кемшіліктер, оларды жою жөніндегі шаралар
туралы" (17 маусым 1951 жыл), "Бастауыш және орта мектептерге арналған
қазақ әдебиеті мен тілі бойынша оқулықтардағы қателіктер мен кемшіліктер
туралы" (28 тамыз 1951 жыл) аталатын қаулылар да қал-қадерінше "үлес"
қосты. Соның салдарынан қазақтың төл перзенттері мектеп оқулықтарынан
шығарылып, олардың орнына орыстың ағартушы демократтары қоныстанды.
М.Әуезов, Ә.Марғұланнан бастап, қазақтың дарынды қаламгерлерінен тұрпайы
сынның нысанасына ілікпегені кемде-кем.
50-жылдардың ортасына шейін әсіре билік құрған салсойыл сынға біршама
тоқтау салып, мәдени-әдеби өмір дамуының оң арнаға бет түзеуіне "жылымық"
жылдары бірқыдыру әсер етті. 60-жылдардағы әдебиет сыны мен әдебиеттану
ғылымында маңызды зерттеулер жүргізуге, оқу орындарын қажетті оқу
құралдарымен және оқулықтармен жабдықтауға, сол тұстағы әдеби өмірдің
жағдайын бағдарлауға бағытталған ауқымды іс-шаралар қолға алынды.
Әдебиетшілер қауымы үшін ғана емес, бүкіл жұртшылық үшін бағалы игілікке
айналған, алты кітапты қамтитын үш томдық қазақ әдебиеті тарихының жасалуы,
белгілі қаламгерлер мен әдебиетшілердің ой-пікірлері мен мақалаларының
кітап болып жинақталып, жарық көре бастауы, әдебиеттанушы ғалымдар мен
сыныпшылардың жеке жинақтарының жариялануы, белгілі қаламгерлер
шығармашылығына әдебиетіміздің тарихи жолы мен теориялық, тақырыптық-
идеялық шығармашылық ерекшеліктеріне қатысты арнайы монографиялық
еңбектердің дүниеге келе бастауы да - аталған жылдар жемісі Әдебиетші ғалым
Т.Кәкішев сөзімен айтқанда: "Соғыстан кейінгі идеологиялық зорлық-
зомбылықтардан құтылып, 50-жылдардың екінші жартысы мен 60-жылдардың ұзына
бойына ақыл-ойға ептеп болса да осындай толастың болуы біршама ірі де
сүбелі істерді атқарып тастауға мүмкіндік берді. Сын мен ғылым қай жағынан
болса да толыса өркендеуге мұрсат алған шақта жетелі де білімді эстетикалық
жағынан сауатты, ғылыми зерделі дарындар жауынгерлік сапқа тұрды. Олар оқу-
ағарту, халық мәдениетін көтеру, қоғамдық сананы өрлету тұрғысынан едәуір
қызмет атқарды" 37, 348 шынында да, ұстараның жүзіндей алмағайын уақытта
өмір сүре жүріп, әдебиетіміздің өркенді биіктерге бет түзеуіне үлес қосқан,
туған әдебиетінің дамуына тура бағыт сілтейтін сүре жолды іздеу
барысында кей-кейде бұралаң сүрлеулерге түсіп кетуден де кемде емес осы бір
жауынгер мінез дарындар қатарында М.Қаратаев, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев,
Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, Т.Нұртазин В.Шалабаев, С.Қирабаев, Р.Бердібаев,
Қ.Нұрмаханов, Қ.Қуандықов, Н.Ғабдуллин, З.Қабдолов, Ы.Дүйсенбаев,
Х.Әдібаев, М.Дүйсенов, Ә.Дербісалин, Ә.Қоңыратбаев, З.Ахметов, Ш.Сәтбаев,
С.Таджанов т.б. әдебиетшілердің болғаны, олардың қай-қайсы да кейіннен
қазақ әдебиетінің өркендеу тарихында өзіндік із қалдырғаны мәлім.
50 - 60-жылдар аралығында әдебиеттану ғылымының ауыр жүгін қайыспай
көтеріп, қазіргі биігіне жетуіне үлес қосқан осы топтың бел ортасында
жүрген жандардың бірі - үш мүшел ғана ғұмырының он бес жылын әдебиетке
арнаған сыншы-ғалым Айқын Нұрқатов.
1950-1965.
Бұл - Айқын Нұрқатовтың қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасуы жолында
аянбай тер төгіп, еңбек сіңірген, бойдағы қайраты мен білімін саналы түрде
әдеби өмірге бағыштаған баянды ғұмырын қамтитын 15 жыл.
Ғылыммен айналысқан он бес жыл көлемінде ұшқыр ой, дәйекті пікірлерімен
әдебиетші қауым ортасында ғана емес, жалпы жұртшылық арасында кеңінен
танылып үлгерген Айқын Нұрқатовтың ғалымдық болмысы, сыншылық даралығы
хақында кеңінен ой бөлісіп, сөз қозғайтын уақыт әлдеқашан жеткен.
Әдебиет әлемінде нұрлы ізін қалдырып кеткен жайсаң тұлғаның тірлікте
атқарған істерінің ауқымына бір мәрте зер салар болсақ, бұл пікірдің ақиқат
аулынан алшақ жатпағанын аңдаймыз.
Жазушы, аудармашы, әдебиет зерттеуші ғалым Айқын Нұрқатов 1928 жылғы
қыркүйек айының тоғызы күні Көкшетау облысындағы "Шұқыркөл" деген ауылда
дүниеге келген. Өзінің қатар-құрбыларымен бірге мектеп қабырғасын көрді.
Қазақтың Абай атындағы педагогика институтының қазақ тілі және әдебиеті
факультетіне оқуға түсіп, 1950 жылы бітіріп шықты. 1950 жылдан 1957 жылға
шейін "Әдебиет және искусство" (қазіргі "Жұлдыз") журналында сын бөлімін
басқара жүріп, мерзімді басылымдарда алғашқы өлеңдерімен, сын пікірлерімен
таныла бастады. Сонымен бірге ҚазПИ-дің аспирантурасын тәмәмдап, 1954 жылы
жиырма алты жасында әдебиеттер байланысының өзекті мәселелері сөз болатын
"Владимир Маяковский және қазақ совет әдебиеті" деген тақырыпта кандидаттық
диссертация қорғайды да, бұл жұмысы жеке кітап болып баспадан шығады. 1950
жылдан өмірінің соңғы сәтіне дейін республика Ғылым академиясының
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер
болып еңбек етеді.
Қысқа қайырылатын осынау ғұмырбаянның астарына зерделей, зерттей көз
тіккен жан саналы ғұмырының он бес жылын әдебиет ісіне арнаған сергек сезім
мен сарабдал сана иесінің, ғалым Айқын Нұрқатовтың түндер бойы том-том
кітап ақтарып, ақ қағазға үңіліп, көрер таңды көзбен атырған ерен еңбегін
көрер еді. Ерен еңбектің мәңгілікке ұласқан есепсіз өтеуіндей жемісін көрер
еді.
Айтқан пікірімізге айғақ ретінде ғалымның бір ғана еңбегін, 1965 жылы
баспадан шыққан "Ғасыр перзенті" атты кітабын 38 алып қарастырғанның
өзінде, зерттеүшінің таным аясының орасан кеңдігін де, тұжырым-пікірлерінің
тиянақтылығын да, дерек-материалдарды елеп-екшеудегі тынымсыз еңбекқорлығын
да көреміз. Ғалым А.Нұрқатовтың әрбір еңбегінің құндылығының сыры оның
дерек көздерінің молдығына, ізденіс өрісінің ауқымдылығына қатысты екендігі
күмәнсіз. Мәселен, "Ғасыр перзентін" жазу барысында ғана зерттеуші XIX
ғасырдың ортасынан бастап өз заманы аралығында жарық көрген бірнеше еңбекті
қарап шыққан. Бұл еңбектер Ресей географиялық қоғамының 1865 жылғы есебінен
бастап, Г.Н.Потанин, П.П.Семенов-Тянь-Шанский, А.Н.Пыпин, Н.М.Чернышевская,
М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, т.б. ірі-ірі ғалымдардың еңбектерін, сонымен бірге
Ш.Уәлихановтың қазақша, орысша шығармаларын қамтитынын ескерсек, зерттеуші
бойындағы қажыр-қайрат еріксіз таңдандырады.
Жиырма екі жасынан бастап әдебиеттану мен әдебиет сыны на бел шеше
араласып, әр еңбегіне қисапсыз қуатын сіңірген Айқын Нұрқатов қаламынан
"Мұхтар Әуезов", "Абайдың ақындық дәстүрі" аталатын екі монографиялық
зерттеу, "В.В.Маяковский - совет дәуірінің аса талантты ақыны", "Сәбит
Мұқановтың творчестволық жолы", "М.Әуезовтің творчествосы", "Ғ.Мұстафиннің
творчествосы", "Қазақстанның Россияға қосылуының прогрессивті маңызы",
"Сәбит Мұқановтың өмірі мен творчествосы", "Орыс халқы - ежелгі досымыз",
"Маяковский және қазақ совет поэзиясы", "Мухтар Ауэзов", "Идея және образ",
"Тарас Шевченко және қазақ әдебиеті", "Ғасыр перзенті", "Мұхтар Әуезов
творчествосы" "Жалғасқан дәстүр" атты ғылыми зерттеулер жинағы жарық
көріп, республикалық басылымдар бетінде екі жүзге жуық үлкенді-кішілі
мақалалары мен сыни пікірлері жарияланды. Бұл еңбектерде әдебиеттің жалпы
мәселелері де, әдеби үрдіс пен әдебиет өкілдері де, әдебиеттер байланысы
проблемалары да, жеке шығармалар жайы да сөз болады.
1959 жылы Мәскеуде өткізілген қазақ әдебиеті мен өнерінің он күндігі
тұсында "Мухтар Ауэзов" деген еңбегі Рессейдің орталық баспасынан басылып
шыққан отыз бір жасар жас ғалымның есімі кешегі Одақ көлемінде де жақсы
танымал болып үлгереді. Аталған жұмыстардың қатарына А.Нұрқатовтың авторлық
ұжым құрамында болып шығарысқан IX, X сыныптарға арналған "Қазақ әдебиеті"
оқулықтарын, 1961 жылы жарық көрген "Қазақ әдебиеті тарихын" (2 том, 1-
кітап) қосар болсақ, тынымсыз еңбектің ұлан-ғайыр нәтижесін тани аларымыз
хақ.
Ғалым еңбегінің дәреже-деңгейі жазғандарының санымен емес. сапалық
құндылығымен, яғни ойының ұшқырлығымен, пікірінің уәжділігімен, дерек-
дәйегімен, парасат-пайымымен, тұжырым тиянақтылығымен, әділдік-
ақиқаттығымен таразыланары аян жәйт. Бұл тұрғыда А.Нұрқатов жазбаларының
қай-қайсы да, мейлі шағын мақала, рецензия болсын, яки салмақты
монография, ғылыми жинақ болсын, барлық болмыс-бітімімен сындарлы ой
иесінің парасат сүзгісінен өткенін аңғартады. Әдебиетті "ардың ісі" деп
білген арлы ғалым өз еңбегінің өзегіне алынған шығармаға да, шығармашылық
тұлғаға да "тура би" тұғырында тұрып, көркемдік шеберлік биігінен қарайды.
Көзжұмбайлыққа салынбай, көркем туындының жетістігі мен жетімсіздігін
саралап көрсетеді. Шымбайға батса да, шындыққа жүгінеді. Мәселен,
С.Мұқановтың "Сырдария" романы жарыққа шығып, бұрынғы Кеңестер Одағы
көлемінде "кеңес әдебиетінің батагөйлерінің" (К.Федин, А.Фадеев, т.б.) он
қабағына ілініп жатқан тұста Айқын Нұрқатов аталмыш шығарманы жан-жақты,
талдай отырып, сөз түйінінде романға объективті баға береді:
"Сырдария" романы өзінің көркемдік жетілуі жағынан "Ботагөзден" көп
төмен дәрежеде.
"Сырдарияның" көркемдік кемшілігі, ең алдымен, оның, тілінен байқалады.
Романда көркем де шұрайлы тіл арқылы берілген образды бейнелеулер, әсем
көріністер тым аз. Жазушы образды бейнелеуден гөрі жалаң баяндауға, өз
тарапынан түсіндіруге көбірек бой ұрады. Жазушының тіліндегі, сөз
қолданыстарындағы салақтықтың салқыны тек кейіпкерлердің тілдерінен ғана
емес, сонымен қатар анторлық суреттеулер мен баяндаулардан да байқалады.
Бұл кемшілік тілдің халықтығы және қарапайымдылығы туралы жазушының теріс
түсінікке бой ұруынан туғанын атап көрсету қажет.
Романда өмір шындығынан алынған тартыс жоқ..." 39, 39,- дей келіп,
романның композициялық түзіліміндегі селкеуліктерді және олардың туындының
көркемдік сипатына кері әсерін де дәл көрсетіп өтеді.
Ертеректе жарық көріп, қазіргі таңда көкейтестілігі озған туынды
жайында жазылған сыни пікірден ұзақтау үзінді ұсынып отырғандағы мақсатымыз
- Айқын Нұрқатовтың ғалымдық келбетін танытар кейбір қасиеттерді аңдату.
Үзіндіге зер сала қараған жан А.Нұрқатов бойынан екінің бірінің еншісіне
бұйыра бермейтін несібе - "туғансыз бидің" тура тартар принципшілдігін
жазбай таныры анық. Олай болса, сыншы, әдебиетші Айқын Нұрқатовтың әдеби
туындыға жүктер салмағы, көркемдік танымының өлшемі қандай мәселелер?
Өзі қалай көрсетіп тұрғанындай, ең алдымен, шұрайлы тіл. Жазушы тілі не
қатысты мәселе оның әрбір еңбегінде айрықша мәнге ие. Әдебиеттанушы
Нұрқатов үшін кестелі тіл жоқ жерде көркем шығарма да жоқ. Оның өз
еңбектерінде де зерек ой мен зерлі тіл ұдайы жарасым тауып отырады. Сондай-
ақ, шұрайлы да шырайлы тілмен зерленген жалпы суреттер, суреткердің
көркемдік елегінен сүзіліп шыққан сом образдар, сол образдардың болмыс-
бітімінен туындап жатқан соқталы тартыс, шынайы да шымыр сюжет, он саққа
жүгірген оқиғаларды жіпсіз байлап тұратын ұтымды композиция, қаламгердің
қасиетті тұғырындай авторлық позиция, міне, Нұрқанов - әдебиеттанушының
көркемдікті бағалар критерий-таразысы.
Зерделі жанға Айқын Нұрқатов әлемінде үлгі тұтар тағылымды үрдіс көп.
Оның бәрін сарқып айту мүмкін де емес, шарт та емес.
Біздің ниет үлкенді-кішілі еңбектеріне сүйене отырып, А.Нұрқатовтың
зерттеушілік, ғалымдық, сыншылық болмыс әлемінің өзіндік қыр-сырына
қанығу, танығанымызды, тапқанымызды қауым игілігіне ұсыну, жұртшылық
кәдесіне жарату. Нақтылай айтқанда, А.Нұрқатовтың ғылыми-зерттеу еңбектерін
талдай қарастырып, өзара сабақтастық, өзіндік ерешелік сипаттарын ашып тану
арқылы олардың қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу, даму жолындағы орнын
анықтау. Осы мақсатымызға орай:
1. А.Нұрқатов өмір кешкен кезеңнің өзіндік сипатына сай оның ғылыми
еңбектерін қарастыру арқылы қоғамдық-әлеуметтік, танымдық көзқарасының
қалыптасу жолдарын анықтау;
2. Қазақ қоғамының дамуында маңызды орын алатын демократ-ағартушылар
мен кеңестік дәуірдегі көрнекті қаламгерлер шығармашылығы, олардың
әдеби процесс дамуындағы өзіндік ізденістері, алатын орны, әсер-
ықпалы туралы еңбектерін талдай қарастыру нәтижесінде А.Нұркатовтың
сыншылық, зерттеуішілік ролін анықтау;
3. М.Әуезов шығармашылығының ерекшелігі жайындағы зерттеулерінің
өзіндік мән-маңызын анықтап, сараптап көрсету;
4. Абайдың шығармашылық ерекшелігі, ақынның шығармаларындағы дәстүр
мен жаңашылдық, ақындық айналасы, ақын дәстүрінің жалғастығы,
ақынның өзге әдебиет өкілдері шығармашылығымен байланысы,
ақын шығармаларындағы тілдік-көркемдік сипаттар туралы зерттеу
еңбектерінің маңыз-мәнін саралау;
5. Әдебиеттің теориялық мәселелеріне байланысты тұжырым-
пікірлерін талдап қарастыру міндеттерін шешуге әрекеттендік.
Айқын Нұрқатовтың дүниеге келуінің 50 жылдығына орай жазған мақаласында
белгілі ғалым Т.Көкішев оның қазақ әдебиеттану ғылымы тарихындағы орнына
әсіре бояусыз, әділетті баға береді: "Айқын Нұрқатов - қазақ әдебиетінің
өркендеу барысындағы бір қиын кезеңде қалам жебеп, қатарға қосылған дарын.
Сол кездегі жалпы әуен-сарыны кейбір мақалаларынан аңғарылып қалғанымен,
кейінгі кезде Айқын әдебиет сыны арқылы өзінің өнерпаздық дарын-қуатын бар
ажар-көркімен таныта білді. Бүгінгі әдеби дамудың барысына үлес боп
қосылатын туындыларды қошеметтеп күріш арасында күрмек боп жүрген мәнсіз,
дәмсіз шығармалардың дәрменсіздігін көрсетуден тайынбады. Жауынгер сыннын,
алдыңғы санында болды" 40, 299.
Осы тұста келтірілген пікірде кездескен қазақ әдебиетінің өркендеу
барысындағы бір қиын кезең", "сол кездегі жалпы әуен-сарыны кейбір
мақалаларынан аңғарылып қалғанымен" деген тіркестерге зейін аударып, мәнін
түсініп алған дұрыс болмақ. Себебі - А.Нұрқатовтың алда сөз болар
еңбектерінің мән-маңызын дұрыс бағамдау үшін ол өмір кешкен кезеңнің
қайшылықты сипатын, сол кезең жүктеген талаптардың қазіргі талаптардан
өзгешелігін, өзіндік ерекшеліктерін танып-білгеніміз жөн.
Айқын Нұрқатовтың кәмелетке толып, азаматтық саналы ғұмырының басталуы
Ұлы Отан соғысының соты жылдарымен орайласып келеді. Жеңімпаз елдің
перзенті ретінде балаң бозбаланып бойында кеңестік патриотизмнің,
коммунистік партияға деген кіршіксіз сенімнің қалыптасуы да заңды құбылыс.
Және де бұл жағдай жекелеген адамдардың бойында ғана емес кешегі кеңестік
жандардың бәрінің дерлік санасында болған жалпыхалықтық құбылыс болатын.
Алайда ел сеніміне еніп алған аз ғана шоғыр - "коммунист көсемдердің"
еркінсігені соншалық, олардың бойында самодержавиелік көңіл ауаны асқына
түсті. Соның салдарынан бүкілхалықтық Ұлы Жеңістегі орыстардың орны асыра
көрсетіліп, тіпті оларды кеңестік жүйедегі өзге халықтардың өркендеу
тарихында жарылқаушы, ағартушы халық ретінде танытуға күш салынды. Ұлт
зиялылары арасынан "буржуазиялық ұлтшылдар" іздеу науқанының соғыстан соңғы
жылдары қайтадан асқынуының астарында да "орыстандыру саясатының" салқыны
жатқан болатын. Таптық көзқарасқа қабаттасқан "орысшылдық" сана әдебиет пен
өнердің өрісін тарылта түсті. Рухани дүние идеологияның әзірлеп берген
қалыбынан аспауы керек болды. Руханиятқа қатыстм ой-пікірлердің барлығы
таптық көзқарасқа негізделді. Үстемдік ступи идеологиямен көзқарасы
кабыспағандар Сталиндік лагерьлерде ұсталды. Бұл кезең, яғни 40-жылдардың
екінші жартысы мен 50-жылдардың басы лагерьлер жүйесінің қаулай көбейген
дәуіріне айналды. Тарихи дерек көздеріне сүйенер болсақ, 1948 жылы
"контрреволюциялық" және "антисоветтік" әрекеттері үшін айыпталғандарға
арнап "арнайы режимдегі лагерьлер" кұрылып, "қызмет еткен". 1949 жылы бір
ғана Стеилагта 200 мың тұтқын қамалған екен 41, 356.
Сталиндік биліктің күні біткен соң, 50-жылдардыц бастапқы тусы
тоталитарлық жүйсні реформалау, саяси өмірді тұрақтандыру, қугын-сүргін
саясатын айыптау әрекеттерімен ерекшеленді. Дегенмен түп-тамыры тереңге
кететін "орыстандыру" пигылы "совет халқы" аталатын жаңа адамдар
қауымдастығын құру идеясымен қайтадан өрістеді. КСРО-ны мекендеген ұлттар
мен ұлыстарды тоғыстыру ол үшін орыс тілін кеңінен өрістету міндеттеліп, 80-
жылдардың басы ила ұлттық республикаларды біртіндеп тарату басты мақсатқа
айиалды.
Қоғамдық-әлеуметтік, саяси өмірде өтіп жатқан бұл үрдістердін қай-қайсы
да әдебиет пен өнерге із қалдырмай кеткен жоқ. Қашаннан коммунистік-
кеңестік құрылымның қатаң бақылауында болып келе жатқан қаламгерлер бұл
жылдары да таптық дүниетаным шеңберінде шырмалды. 1954 жылы өткізілген
Қазақстан жазушыларының III съезі мен Одақ жазушыларының II съезі
қаламгерлер қауымын "марксизм-ленинизмді творчестволықпен игере отырып,
шындықты танып-бідуге" шақырды. Кеңес жазушыларының аталмыш форумында
қаламгерлер қауымына А.А.Фадеевтің аузымен: "Көп жазушылар өмірді нашар
біледі, одан тіпті қол үзген Немесе оны немқұрайды зерттейді",- деген қатал
сын айтылып, "См з шындыққа өміргс қүштар, қоммунизм үшін күрескер
адамдардың көзімен қарауымыз қереқ" 42,- дейтін талап артылды.
Рухани игіліктерді жасашшы тұлғалардың алдына осы кезеңде қойылған
міндеттер мен идеологиялық қысымның, "орыстандыру" саясатының "социалистік
ұлт" деген жамылғы бүркенген суық ызғарын М.Әуезовтің М.Фетисовпен бірлесіп
жазған "Социалистік ұлттар әдебиеттерінің даму зандылықтары" деген
мақаласынан анық байқауға болады: "Социалистік ұлттардың психологиялық жан-
дүниесіндегі ортақ сипаттар мен сапаларды саралаудағы үздіксіз плену
процесі ұлттық мәдениеттер мен әдебиеттерді бұрынғыдан да Остер туыстырып,
бірін-бірі кемелдендіре түседі. Жазушылардын, көркемдік түсінік-бідігі дс
солай озгеріп, кемелдене береді, көркем творчествоның мазмұны мен
формасынан бауырлас халықтарды жақындастыратын жаңа арналарды тапжылмай,
тал май іздестіріп, тауып алып отырады. Ұлттық характерге социалистік ортақ
сипаттардың етене болу процесі, әлбетте, алуан тілді әдебиеггердің
тындыларында жасалатын образдардан көрініс табады 43, 79. Авторлардың
түпкі мақсаты әдебиеттер байланысының бір-біріне игі ықпалын танытуға
негізделген ізгі ниет болса да, "социалистік ұлттар", "ұлттық характерге
социалистік ортақ сипаттардың стене болуы", т.с.с. пікірлерінен уақыт
тынысы, қоғамдық өмір талабы айқын сезіледі.
Адам - қоғамдық орта жемісі. Сондай-ақ қоғамнан тыс өнер де, өпермаз
тұлға да болмақ емес. Қоғамдық сананың мораль, ғылым дін, өнер, пәлсапа.
т.б. сияқты болмысты тану әдіс-тәсілдерінің біріне саналатын әдебиет те
қоғамдық-саяси өмір талаптарына жауап беруге тиіс болды. Бұл жағдайда
көркем әдебистпсн біте қайнасып, өмір сүретін әдебиет сыны мен әдебиеттану
ғылымы да, оларды тудыратын түлгалар да мезғіл жүктеген міндеттердсн
тысқары қалуы мүмкін емес еді. Осы кезеңде дүниегс келген руханият
туындыларында ұшырасатын үлкенді-кішілі қателік-кемшіліктердің сірын да осы
түрғыдан түсінген жөн. Сондықтан да "партияның тарихи XX съезіне дейінгі
аралықта көркемдік дамудың даңғыл жолын айқындау барысында ұғымды
ізденістер мен табыстар кейбір реттерде "бірыңғай ағым" мен космополиттық
көзқарастардың зиянды сырларын әшкерелеулер арқылы жүзеге асты, анда-санда
артық сілтеп, кем алған кезде жоқ емес" 44, 9,- деген пікірдің аталмыш
жылдар тумасы ретінде Айқын Нұрқатов еңбектеріне де тікелей қатысы бар.
Әдебиет ғылымы және сынымен айналысқан 1950-1965 жылдар аясында
А.Нұрқатов екі жүзге жуық үлкенді-кішілі мақала, бірнеше зерттеу
кітаптарын, қос монографиялық еңбек жазып үлгерді. Шығармашылық жолы ұшқыр
да өткір жанр - сыннан басталып парасатты зерттеулерге ұласқан сыншы-ғалым
еңбегін үш топқа бөліп қарастыруға болады:
1. мерзімді басылымдарда жарық көрген әдебиеттің жалпы мәселелері, әдеби
үрдіс пен әдебиет кайраткерлері, әдебиеттер байланысы, жекелеген
көркем туындылар хақындағы ой-пікірдерін қамтитын сыншылық еңбектері;
2. арнайы зерттеу нысанасы тұрғысынан карастырылған Шоқан
Уәлиханов, Сәбит Мұқанов, Тарас Шевченко,
Владимир Маяковский, РМұстафин, т.б. жайындағы ойлары
тоғысқан зерттеулері;
3. Мұхтар Әуезов, Абай Құнанбаев шығармашылықтары кең
ауқымда, жан-жакты қамтылып талданатын монографияларынан
тұратын ғылыми мұраларына негізделген, әдебиеттануға қатысты
еңбектері.
Нұрқатов еңбектерін бұлайша топтастырып қарастыру оның мұраларын
мүмкіндігінше кеңірек танып-білуге септігін тигізбек.
Әрин, әдебиет сыны мен ғылымының арасында та с камал шскара жоқ.
"Әдебиеттің ғылымы да, сыны да көркем әдебиетті бірге зерттейді, талдайды,
пікір айтып, бағалайды. Бұл екеуінін ұқсас жактары... Осылай бола тұра,
әдебиет туралы ғылым мен әдеби сынның арасында елеулі айырмашылықтары бар.
Шартты түрде әдебиетті танып-білуді бір үрдіс ден алатын болсақ, мүны
былайша белгілеуге болар еді: Әдеби сын - Әдеби сын ғылымы. Бұл схемадан
әдебиет алдымен сынның, содан кейін жан-жакты ғылыми зерттеулердің
объектісі болатындығын сын аяқталғап жерде ғылымның басталатындығын
көреміз" 45, 28.
Әдебиет сыны мен әдебиет туралы ғылымның жоғарыда көрсетілген үлгіде
өзара ұштасуын А.Нұрқатовтың 1950 - 60-жылдары жарияланған рецензия,
мақалаларына арқау болған қаламгерлер мен шығармалардың кейінгі кезендегі
ғылыми зерттеулердің өзегіне айналуынан да көре аламыз. Мәселен, А.Нұрқатов
мақалаларында шығармашылықтары жайында сөз қозғалатын М.Әуезов, С.Мұқанов,
Ғ.Мүсірепов, И.Байзақов, Х.Ерғалиев, Ә.Тәжібаев, А.Тоқмагамбетов,
Т.Жароков, Қ.Аманжолов, З.Қалауова, Ж.Саин,Ә.Әбішев, Ғ.Орманов, т.б. да
ақын-жазушылар мен С.КобеентІң "Орындалған арман", Ғ.Мұстафиннің
"Қараганды", Т.Ахтановтың "Қаһарлы күндер", С.Шаймерденовтің "Болашаққа
жол", М.Иманжановтың "Таныс қыз", Д.Әбілевтің "Алтай жүрегі", З.Шүкіровтің
"Менің достарым1', З.Шашкиннің "Тоқаш Бокин", Ш.Айтматовтың "Жәмила",
т.с.с. шығармалардың кейінгі жылдар әдебиеттануында түрлі қырынан
қарастырылып, үлкенді-кішілі зерттеулерде жан-жақты сөз болғаны белгші. Осы
мәселеге келесі бір жағынан келер болсақ аталған қаламгерлер мен
туындылардың кейіннен салмақты ғылыми зерттеулерге арқау болуы А.Нұрқатов
бойындағы сыншылық елгезектікпен қоса, ғалымдық көрегендікті де танытса
керек.
А.Нұрқатовтың баспасөз беттерінде жариялаған мақалаларына зер салар
болсақ сыншы назарына іліккен мәселслердің ауқымдылығын байқаймыз. Уақыт
таларынан туындаған "Қазақ совет әдебиетіндеі І халықтар достығының
идеясы", "Бағыт беруші ұлы идеялар".
"Әдебиет сынының большевиктік принциптілігі үшін", "Өсуден туған
талап", "Современная тема в казахской поэзии", т.с.с. проблемалық
мақалалар, "Әдебиет сыны жайында", "Әдебиет тарихын зерттеу жайында", "Жанр
табиғаты", "Жауынгерлік сатираны өркендетейік", "Көркем әңгіме туралы бірер
сөз", "Поэзиялық шығармалардың аудармалары", "Казақ совет әдебиетінің
окулығы жайында", "Ұнамды кейіпкер жайында", т.б. да теориялық мақалалар,
"Адамгершілік және әділеттің жыршысы", "Орыстың ұлы жазушысы", "Қазақ
әдебиетінің негізгі проблемаларына арналған ғылыми-теориялық конференция",
"Ы.Алтынсаринның таңдамалы шығармаларының жинағы" сияқты әдеби хабарлар,
"Маяковский шығармаларының аудармасы туралы", "Балаларға арналған
шығармалар туралы", "Жемісті жол", "Ленин образы қазақ совет поэзиясында",
"қамал бұзған қаһарлы сөз", "Жастар әдебиетіміздің болашағы" үлгісіндегі
әдеби шолулар, "Ерлік жыршысы", "Ақын мұрасы", "Асқақ дауысты ақын", "Ақан
сері", "Халық жазушысы", "Майталман лирик", тектес портреттік мақалалар,
"Екі дастан", "Жексен", "Ала-құла аударма", "Таныс адамдар", "Оянғандар
туралы роман", "Идея және схема", "Алғашқы сөз" тәрізді рецензиялар сын
жанрларының қай-қайсы да А.Нұрқатон үшін стене болғанын айғақтайды.
А.Нұрқатовтың әдеби сын жанрларының барлығында дерлік қалам тартуы оның
сыншылық қабілетінің қарымын ғана айқындап қоймайды, сонымен бірге көздеген
мақсатқа жетуге оңтайлы мүмкіндік беретін пішінді таңдап алудағы
талғампаздығын да аңғартады.
Сыншы еңбегінің мән-маңызын ол туындатқан дүниелердің сыртқы пішіні
емес, ішкі мазмұны белгілейтіні аян. Сондай-ақ қандай да бір сыншының уақыт
алға қойып отырған талаптардан тысқары қала алмасы да мәлім. Ал А.Нұрқатов
әдеби өмірге араласқан тұстағы уақыт жүктеген міндеттердің жалпы сипатын
төмендегі пікірден айқын кере аламыз: "Социалистік реализмнің теориялық
мәселелерін терең түсініп игеруде және идеялық қайшылығы бар ақын,
жазушыларды дұрыс зерттеуде дүние тану мен кәркем творчествоның өзара
қатынасын ашудың маңызы үлкен. Жазушының өмірге көзқарасы, дүние тануы оның
творчестволық арақатынасына қайшы құбылыс емес. Суреткердің рухани
дүниесіндегі диалектикалық бірлікті толықтырып отыратын процесс. Бүган
орыстың демократ-революциөнер сыншылары да, марксизм-ленинизм ютассиктері
де ерекше мән беріп, әдебиет пен искусство шығармаларының озық идеялы
болуына, халықтың ізгі, прогресшш арман-тілектерін бейнелейтін терең
мазмұнды, өмірмен байланысты болуына назар аударткаң болатын. Демек, кдндай
шығармада болсын жазушының өмірге көзқарасы, эстетикалық идеалы айқын
көрінуге тиіс. Идеялық нысанасы бұлдыр, қайшылыққа толы шығармалар шын
мәніндегі көркемдіктің биік шыңына кетерілс алмайды" 46, 53. Шындығында
да, дүниетаным мен көркем шығармашылықтың өзара байланыстылығы қай кезде де
ескерілуге тиісті мәселе екендігі белгілі. Ал бұл тұста дүниетаным дегенде
діттеген мәселе маркстік-лениндік көзқарасқа негізделіп отырғаны анық.
Демек, өнер мен өнерпазға байланысты сөз қозғағанда қайсы бір мәселе
болмасын маркстік-лениндік дүниетаным тұрғысынан бағалануы қажеттігі
нұсқалып отырғаны хақ. Олай болса, аталмыш кезеңдегі әдеби өмірдегі үлкенді-
кішілі құбылыстарға баға беруге ұмтылған сын үлгілерінің осы қажеттілікті
өтеуге бейімделгені де шындық. Десек те, өз дәуіріндегі қоғамдық-
идеологиялық талаптардап бұра тартып кетпесе де, өнер дүниесіндегі қайсы
бір құбылыстарды жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген эстетикалық-
көркемдік талан тар тұрғысынан бағалауды мақсат тұтқан сыншылық ой-
пікірлердің бұл жылдары да болғанын жоққа шығарудың және жөні жоқ. Бұл
пікіріміздің ақиқаттығына А.Нұрқатовтын сын еңбектері дол ел бола алары
сөзсіз. Сонымен бірғе А.Нұрқатовтың жекелеген сын мақалаларын хронологиялық
ретпен шола қарастырғанның өзінде олардан сышпынын, сыншылық даралығын да,
оның көркемдік танымындағы эволюцияны да, 1950-60-жылдардағы әдебиет сынына
тон жалпы сипаттарды да аңғара шіамыз. 50-жылдардың бастапқы тұсындағы
баспасөзде жарияланған А.Нұрқатов пікірлеріне назар аударсақ, сыншы
қаламынан Жекелеген туындыларға арналған шағын рецензиялар 47, көркемдік
талдаудан гөрі идсологиялық. тұрғыдан оінкерелеуге бағыт үстанган осірс
сыншыл мақалалар 4Х, әдеби өмірге қатысты шолулар 49 жарық көргенін
байқаймыз. Осы мақалалардың ішкі мазмұнына зер салар болсақ, оларда
көтеріліп отырған мәселеге көркемдік тұрғыдан талдау жасаудан гөрі,
қоғамдық өмірде үстемдік етуші коммунистік идеология талаптары үдесінен
шығуға деген талпыныс басымдығы аңдалады. Мәселен, осы жылдары жарияланған
"Америка империалистерін Горькийше әшкерелейік" 50 деп аталатын алғашқы
мақалаларының бірінде А.Нұрқатов М.Горькийдің сыншыддық, әшкерелеушілік
сипаттағы жазушылық даралығын танытуға ұмтылады.
"Пролетариаттың ұлы жазушысы Горький өзінің тамаша шығармаларында орыс
халқының рухани күшін, революциялық өршіл күресін, ерлік жеңістерін, совет
халқының тамаша гуманистік қасиетін, жаңа өмірді жасаушы жаңашыл адамдарды
көрсетумен бірге, адам баласының қас жаулары, прогресс пен мәдениетін
дұшпандары - фашизмді, Америка мен Европа империалистерін батыл сынап,
олардың қулық-сұмдық, сұрқиялық әрекеттерін, буржуазиялық жалған мәдениетін
бүкіл әлем алдында әшкерелеп отырды",- деп басталатын мақалада сыншы
мақсаты М.Горькийдің әшкерелеушілік бағыттағы шығармалары негізінде жазушы
шеберлігінің қыр-сырын көрсете отырып, қазақ қаламгерлерін осы бағыттағы
Горький үлгісінде шығармалар жазуға шақыру болғаны байкалады. Бұл орайда ол
Радищевтің "Еркіндік", Пушкиннің "Джон Теннер", "Москвадан Петербургке
саяхат", Көролей коны ң "Тілсіз", "Америкаға саяхат" сиякты Америка тұрмысы
тақырыбына жазылған шығармаларын Горькийдің үлгі тұтқанына, орыс
әдебиетінде өзіне дейін қалыптасқан дәстүрді дамытушы болғанына назар
аударып, жазушының буржуазиялық мәдениетті әшкерелеген алгаіпқы саяси
очерктері, макдлалары мен памфлеттері 1906 жылы болыпсвиктер партиясының
тапсыруымен Америкаға барган сапарында жазылғанын, бұл тақырып кейіннен
Горький шығармашылығында кеңінен орын алғанын атай көрсетеді. Жазушының
"Сары сайтанның қаласы", "Зерігу патіиалығы", "Моб", "Республика
көролъдерінің бірі", "Мораль жодпойі", "Түрмыс иелері", "Чарли-Мэн", т.б.
да памфлеттері мен очерктерінде, новеллаларында буржуазиялық қоғамның
гуманизмге жат реакциялық бейнесі суреттелетінін айта келіп, бұл
шығармалардың көркемдік ерекшеліктеріне зер салудың орнына олардың мазмұнын
баяндай оңгімелеуге жол бсрсді. Соның салдарынан мақалада әдеби-көркем
талдаудан гөрі үндеу, насихат сарыны белең алады.
"Горькийдің Америка жөніндегі мәңгі жасайтын тамаша памфлеттері мен
очерктерінің ізінше социализм идеологиясының армиясына күресте қару
боларлық жаңа шығармалар туды",- дей келіп, В.Маяковскийдің осы тақырыптағы
туындылары жайында сөз қозғаған тұста да А.Нұрқатов: "Маяковский Америка
буржуазия қоғамының тағылық жыртқыштық сипаттарын Горькийше сынады" деген
үлгідегі жалан баяндаулар аясында қалады. Ал Горький дәстүрінің кейінгі
кезеңдегі кеңес әдебиетінде де жалғастық тапқанын К.Симонов, М.Бажан,
М.Тұрсын-заде, С.Бургун, И.Әренбург шығармалары негізінде көрсетіп өтетін
сыншы: "Халықаралық реакцияға қарсы жауынгерлік күрес тақырыбы біздің қазақ
совет әдебиетінде әлі де өз үлесін, өзіндік орнын таба алмай отыр",- деп
сын айтады. Алайда бұл кемшілікті жоюдың жолын, өзі үлгі ретінде ұсынып
отырған Горький шығармаларының көркемдік болмысын саралай көрсетіп беруге
тәжірибе арқылы біртіндеп қалыптасатын сыншылық шеберлігі толық жетпей
жатқаңдықтан, қаламгерлерге құрғақ талап қоюдан аса алмай қалады.
Нәтижесінде аталмыш мақала әдебиет сынына қатысты дүние болудан гөрі, сол
жылдардағы партиялық құжаттардың әдеби көшірмесіне көбірек ұқсаңқырап
кететіні рас.
А.Нұрқатовтың өз кезіндегі әдеби өмірдегі жаңалықты о зек еткен
мақалаларының бірі Х.Ерғалиевтің "Біздің ауылдың қьпы" атть жыр жинағына
арналған рецензиясы. Горькийге арналған мақаласын қарағанда, бір поэма,
бірнеше өлеңдерден тұратын аталмыш жинақты сөз ету барысында сыншының
көркемдік талғамының қалыптаса бастағаны айқын андалады. "Біздің ауылдың
қызы" поэмасын талдау барысында туындыдағы оқиға желісін қуалай мазмұндауға
жол бергенімен, кейіпкерлер бейнесіне зер салған тұстарда сыншының
көркемдік талаптарға ден қойғаны байқалады. Мәселен, "Позманьп псгізғі
ксйіпкері Гүлжанның бейнесі жақсы көрсетілген. Ақын о кейіпкерінің басынан
өткендерінің бәрін тізбектен жаза бермейді. Оның өміріндегі ең маңызды, ең
қажетті жайларды айтпақ болған идеясына байланысты алып суреттейді" 51,-
деген сыншы пікір көркемдік жинақтау талабымен ұштасып жатса, "Поэмадағы
Көшек пен Жәмилә бейнелері де едәуір шебер жасалған. Бірақ, екеуінің іс
орекеті, мінез-құлқы бір-біріне өте ұқсас. Олардың екі адам екендігі көп
жағдайда аттарының басқалығынан ғана айыруға болады",- деген пікірі
көркемдік даралау талабынан туындап жатқаны анық. Сондай-ақ, пікір айту
барысында жасалатын салыстырулар мен ой таркаң жүйелілігі де сыншының
көркемдік танымының, талғампаздығының біршама қалыптаса бастағанын
көрсетеді.
Академик С.Қирабаев А.Нұрқатовтың сыншылық еңбегі жайында: "Ұлы Отан
соғысынан кейінгі дәуірдс қазақ әдебиетшілерінің қатарын толтырған әр
жанрды игерген жастардың қатарында Айқын Нұрқатов бар еді. Әуелде өлең
жазудан бастағам ол творчестволық талғамын әдебиет сыны мен зерттеу ісіне
бейімдеп, осы жанрдың көрнекті өкіліне айналды. Оның сын мақалалары мен
зерттеу еңбектері аз уақыттың ішінде оқырманын тауып, Айқынның есімін көпке
таныс етті. Оның алғырлығы, талантты туындылары кезінде М.Әуезов,
Қ.Жұмалиев сияқты көрнекті ғалымдардың назарына ілігіп, сыншылық қызметі
Жазушылар одағы мен "Әдебиет және искусство" (қазіргі "Жұлдыз") журналының
маңында дамыды 52,- деп жазған болатын. Шындығында да, А.Нұрқатовтың
мақаладан мақалаға өткен сайын сыншылық шеберлігінің қалыптаса жетіле
түскені байқалады. Алғашқы мақалаларында кездесетін жалаң мазмұндау,
баяндау сияқты кемшіліктерден сыншының аз уақыт ішінде арылып, әдеби
өмірдегі қандай да бір құбылысқа көркемдік талдау жасауға, сол негізде
дәлелді де дәйекті ой айтуға бет түзегені оның кейінгі еңбектерінен анық
аңғарылады. Мәселен, С.Көбеевтін 1951 жылы жарық көрген "Орындалған арман"
аталатын кітабына жазған мақаласында педагог жазушының бір ғана еңбегі
жайындй пікір айтумен шектелмей, оның әдебиет тарихындағы орны мен
шығармашылық тұлғасын да нақтылай көрсете отырып, қаламгердің жаңа
туындысының көркемдік және танымдық ерекшеліктерін сараптауға бағыт
ұстанады. Бұл орайда сыншы: "Амтор өзі көзімен көрген екі өмірдің қарама-
қарсы бейнесін көне заманның күңгірт көріністері мен жаңа дәуірдің жарқын
суреттерін өзінің басынан кешірген жағдайларын баяндау арқылы көрсетеді"
53,- деп туындының көркемдік құрылымын жалпылама таныстырып шіып,
жазушының көркемдік ізденістерін шығарма бітіміндегі нақты оқигалар мен
кейіпкерлердің іс-әрекеттерін талдай отырып, дәлелді жеткізеді. Жазушының
диалог құрудағы, ішкі монолог өрбітудегі өзіндік даралығын да қағыс
қалдырмайды. Қажетті тұстарда: "Байлардың жерді қызғанған қорқаулығынан
құрбан болған Қисықтың өлімі "Абай" романындағы Қодарды еске салады",-
деген үлгідегі салыстыруларды орынды пайдалануы, қаламгердің тарихи
шындықты көркемдік шындыққа ұластырудағы жетістік-кемшіліктерін таразылай
қарастыруы А.Нұрқатовтың сыншылық ой өрбітуде шеберлік биігіне бағыт
алғанын андатады.
50-жылдардың орта тұсына карай баспасөз беттерінде жарық көрген
жарияланымдарынан А.Нұрқатовтың күнделікті әдеби үрдісте үздіксіз болып
жатқан жаңалықтарға дер кезінде үн қосуда ұшқырлық танытатын шағын
рецензиялар жазумен шектелмсй, әдебнеттен" белгілі бір проблема жайында
толымды ой айтуға қолайлы әдеби шолу жанрында да қалам тартып, бұл
еңбектерінде сын жапрларын игерудегі өзінің сыншылық мүмкіндіктерімеп
қатар, зерттеушілік қарым-қабілетін андатып үлгергенін көре аламыз.
А.Нұрқатовтың осы жылдардағы ізденістерінің өріс-әресін байқалатын
еңбектердің қатарында сыншы каламынан туған "Көрікті де көбеген поэзия"
аталатын шолу мақаланы атауға болады.
50-жылдардағы поэзияның даму бағытын, ізденістері мен іркілістерін
таразылауға бағытталған макдлада: "Қазақ халқы өзінің ғасырлар бойғы тарихы
мен тағдырын, ой-арманын, ерлігі мен елдігін осы поэзия тілімен айтып
келді" 54,- деп, бірінші кезекте қазақ өлеңінің ұлт тарихы мен
мәдениетінде алатын маңызына зер салатын сыншы қарастырылып отырған
кезеңдегі қазақ поэзиясына: "...өзінің жанрлық молдығы мен алуандығы,
көркемдік тұтастығы мен эстетикалық принциптері жағынан қандай мәдениеті,
өскелең поэзиямен болсын деңгейлес, терезесі тең",- деп баға береді де, бұл
пікірінің дәйектілігін түрлі жанрдағы туындыларға жасаған талдаулары
негізінде дәлелдей жеткізеді. Мәселен, аталмыш кезедегі поэма жанрын сөз
ету барысында бүгінгі күн тақырыбының жетекші орынға шыққандығын, сондай-ақ
өндіріс тақырыбының өркендеу үстінде екендігін, ал Ұлы Отан согысы, тарихи
және тарихи-революциялық тақырыптарды жырлауда ақындардың кемелдене
түскенін Х.Ерғалиев, Т.Жароков, Д.Әбілев, Қ.Бекхожин, Қ.Жұмалиев,
Ж.Молдағалиев, Т.Бердияров туындыларының көркемдік сипатын талдай отырып
көрсететін сыншы қазақ поэмасының тақырыптық тұрғыдан ғана орістсп қоймай,
жанрлық жағынан да жетіле түскенін Ә.Тәжібаевтың "Портреттер", "Күйеулер",
"Күзетші" поэмалары негізінде ашып береді. Сонымен бірге поэма жанрының
дамуында Т.Ысмайылов, Т.Молдағалиев, Ә.Ахметов, І.Мәмбетов, А.Шамкенов
сияқты кейінгі буын өкілдерінің үлесін де ескерусіз қалдырмай, әділетті
баға береді.
Ал осы жылдардағы қазақ лирикасының жай-күйіне үңілген тұста Ғ.Орманов
пен С.Мәуленов жырларына айрықша ілтипат танытатып сыншы назарынан
әдебиетке енді араласа бастаған Е.Ебікенов, Қ.Ыдырысов, Ө.Нұрғалиев
ізденістері де қағыс қалмайды. Бұл тұста А.Нұрқатов "Поэзияда бұрыннан бар
шиырларды қайта баспай, ақындық жаңашылдыққа, тынымсыз ізденуге құлаш ұрып
жүрген" 54 Т.Ысмайылов пен К.Туғанбаевтың шығармашылықтарын бөле-жара
атайды.
А.Нұрқатовтың бұл мақаласында сол жылдардағы қазақ поэзиясының басты-
басты кемшіліктері де қағыс қалмайды. Мәселен, эпикалық туындыларда
ұшырасатын олқылықтар жайына тоқталған тұста А.Нұрқатов кейбір ақындардың
өздеріне шығармашылық қатаң талап қоймауы, жанр ерекшеліктерін жете
меңгермсуі салдарынап көптеген поэмаларда ойлы да көркем жинақтаудып орнына
көлем қуалаған шұбалаңқылық етек алатынын атай көрсете, "лирика жанрында
біріне бірі егіздің сыңарындай ұқсас шығармалар жиі ұшырасып қалады. Бұл
олардың авторларының суреткерлік ізденгіштігінің кемшілігін, өмір
құбылыстарын ақын ақындарша өз тұрғысынан ашып көрсетуге икемсіздігін
сездіреді",- деп, шағын өлеңдерде кездесетін кемшіліктермен қатар, олардың
себептерін де айқын аңғартады.
Баспасөзде жарияланған рецензиялар мен мақалалар ағымдағы әдеби өмірде
болып жатқан жаңалықтарды, олардың жақсы жақтары мен кемшін тұстарын
жұртшылыққа жеткізуде, қаламгер қауымға жанашыр кеңесші болуда қаншалықты
маңызды роль атқарғанымен, күнделікті басылымдардың талабынан туындайтын
түрлі шектеулердің сыншы ойының мәтіндік көрінісіне белгілі дорежедс әсер
етері де сөзсіз. Біздің діттеген мақсатымыз А.Нұрқатовтың сыншы-ғалым
ретіндегі өзіндік келбетін анықтай түсу болғандықган, ғалымның жекелеген
қаламгерлердің шығармашылық өмірі мен шығармаларын талдап-тануға, олардың
әдеби үрдістегі орнын анықтауға бағытталған шағын көлемді зерттеулеріне
кеңірек токталғанымыз абзал.
Әдеби сын теоретигі Д.Ысқақовтың еңбегінс сүйене отырып, А.Нұрқатовтың
осы бағыттағы зерттеулерін шығармашылық портреттер ретінде қарастырған жон.
Бұл еңбектер жанрлық сипаты жағынан шығармашылық портреттерге жүктелер
міндет-талаптарды толығымен ақтайды. Себебі - "Шығармашылық портреттің
негізгі объектісі суреткер дегенде оның шығармашылығына ден қойылады.
Өмірбаяндық, естелік, толғаныс, құжат сияқты түрлі мағлұмат-әдістер кеңінен
қолданылуы мүмкін. Бірақ, осының борі ... жазушының өзіндік болмыс-бітімін,
өзгешелік сипаттарын ашуга қызмет етеді. Ал, шығармаларды талдап бағалауда
негізінен аналитикалық талдау тосілдері қолданылады да, басқалары оған
қосымша көмекші әдістер болады. Шығармашылық портретте негізінен
талдаушылық тәсілдің орын алуы - оны әдеби портреттің басқа түрлерінен
ажыратын тұратын басты белгілерінің бірі" 45, 319.
Ғалымның бұл топтағы еңбектерінің қатарына "В.В.Маяковский - совет
дәуірінің аса талантты ақыны" (1955), "Маяконский және қазақ совет
поэзиясы" (1957), "Сәбит Мұқановтың творчестволық жолы" (1956), "Собит
Мұқановтың өмірі мен творчествосы" (1956). "М.Әуезовтің творчествосы"
(1956), "Мұхтар Әуезов творчествосы" (1965), "Ғ.Мұстафиннің творчествосы"
(1956), "Тарас Шевченко және қазақ әдебиетГ' (1964), "Ғасыр перзенті"
(1965) кітаптары мен Жамбыл, Иса Байзақов, Тайыр Жароков, Зейін Шашкин т.б.
туралы зерттеулері жатады.
Зерттеушінің бұл қатардағы еңбектері В.В.Маяковскийдің шығармашылығы
мен қаламгерлік болмысын қарастыруга негізделген ізденістерінен бастау
алатынын атаған орынды. В,В.Маяковский шығармашылығы А.Нұрқатов үшін етене
тақырып. Қазақ әдебиетіндегі Маяковский дәстүрін жан-жақты қарастыратын
кандидаттық диссертациясынан басқа, "Владимир Маяковскийдің творчестволық
жолы", "Маяковский" шығармаларының аудармасы туралы", "Шеберлік мектебі",
"Маяковский бейбітшілік үшін күресте", "Маяковский және қазақ совет
поэзиясы". "Айбарлы қару", "Совет дәуірінің ұлы ақыны", "В.Маяковскийдің
қазақ совет поэзиясына әсері терең зерттелсін", т.е.с. бірнеше
мақалаларында кеңестік кезеңнің ең танымал ақынының шығармашылығы кең
көлемде, алуан қырынан сөз болады.
Маяковскийдің шығармашылық болмысына уақыт көзімен үңіліп, баға берген
А.Нұрқатов еңбектерінің бірі "В.В.Маяковский - совет дәуірінің аса талантты
ақыны" деп аталатын зерттеуі.
"Маяковский - бір кезеңнің ғана ақыны емес, ол дәуірдін ақыны.
Маяковский өзінің тамаша шығармаларында советтік өмірімізді, совет
шындығын, жаңа тұрпатты совет адамының ой-сезімін, оның озық көзқарасын
көрсетті, Ол өзінің таңдаулы шығармаларын біздің советтік дәуірімізді
жырлауға арнады. Сондықтан да Маяковский біздің совеітік дәуірдің ең
таңдаулы және ең талантты ақыны болды. Ол келешекте де солай болып қалмақ"
55, 3,- деп, ақынның әдебиет тарихындағы орнына анықтам; беруден
басталатын еңбекте оның шығармашылық ерекшелігі талданады. Құрамындағы
жекелеген айқындауыш сөздерді алып тастар болсақ, қазіргі таңда қалыптасқан
көзқарас тұрғысынан Қарағанда да, аталмыш анықтаманың Маяковскийдің ақындық
тұлғасына, шығармашылығына мейлінше дол берілгені байқалады Ақиқатқа
жүгінсек, В.В.Маяковскийдің жетпіс жылдан астам тірлік кешкен кеңестік
кеңістіктегі алуан ұлт өкілдері үшін ең танымал ақын болғаны да, бірнеше
буын ұрпақтың оның жырларын жаттап осксні дс, түрлі ұлт ақындарының оны
өздеріне үстаз тұтқаны шындық. Демек, А.Нұрқатовтың Маяковский
шығармашылығыі қыр-сырына үңіліп, оның қазақ ақындарына тигізген әсер-
ықпалына зер салуы да заңды құбылыс ретінде бағалануға тиіс.
А.Нұрқатов кеңестік дәуірдегі поэзияда социалистік реализмнен негізін
қалаған ақынның ізденістерін бағалау барысында оның шығармашылық жолындағы
ілгерілеулерді ғана атаумен шектелмей сонымен қатар іркілістерді де
көрсетеді. Алғашқы өлеңдері жарияланбастан екі жыл бұрын, яғни 1910 жылдың
өзінде-ақ сол кезеңдегі әдебиетті "ескіліктің эстетикасы" деп сынаған
Маяковскийдің шығармашылық жолы күрес-тартысқа толы болгайыі: айта отырып,
оның революцияға дейінгі өлеңдерінің басты сарыны капиталистік дүниені
әшкерелеу, сынау болғанын, алайда бұл кезеңдегі оның поэзиясында саналы
күрескер образы жасалмағанын ақынның 1913 жылы жарық көрген "Мен" дсген
жинағы негізінде дәлелдейді. Жинақтағы "Түн", "Таңертең", "Өзім туралы
бірер сөз". т.с.с. өлеңдерге тон қамығу, жалғызсырау сарындарын тілгс тек
ете отырып, оның алғашқы поэзиялық ізденістерінде футуристік ағымның әсері
басым болғанын байқатады. Алгапіқы кездеп шығармаларында ізгілік пен
адамгершілікке үндейтін гуманистік демократтық идеяларга негізделген өлең-
жырлар жазган ақыннын революциялық күрес идеясына 1915 жылы жазылған
"Шалбарлы бұлт" поэмасы арқылы келгенін нақтылай көрсеткен А.Нұрқатов-
Маяковскийдің бұл жылдардағы шығармалары арасынан "Соғыс және бейбітшілік"
поэмасын әлеуметтік тынысы кең, саяси өткір-туынды ретінде даралай атайды.
Революция жылдарының алғашқы сәттерінен бастап-ақ "Өзімнің барлық
қуатты ақындық күшімді берем саган, шабуылға шыққан тап" деп жар салған
Маяковскийдің жүздеген сатиралық плакаттар шығарып, көптеген саяси өткір
өлеңдер жазганып айта келе, зерттеуші оның осы кезеңдегі әлеуметтік
лирикасына баса назар аударады. "...шұғыл шешуді қажет ететін
проблемалардың барлығы да Маяковский творчествосынан өз көріністерін таппай
кете алмады. Ал мұның өзі Маяковский поэзиясының, оның ішінде, әсіресс,
лирикасының тақырып жағынан мейлінше кең болуына және күнделікті оқиғаларға
байланысты жазылғандықтан, ол өлеңдердің үгіттік-публицистикалық мәнінің
терең, саяси өткір, актуальды болып шығуына көп әсер етті. Сонымен бірге,
Маяковский социалистік лириканың (әлеуметтік лирика - А.К.) — агиткалық
мәні күшті, саяси өткір, публицистикалық, жалыңды лириканың негізін салды"
55, 7,- деп, Маяковский лирикасының негізгі сипаттарын айта келе, оның
лирикасыиа тон ерекшеліктердің қатарына ақын өлеңдерінде жеке адам
тагдырының жалпы халықтық мүддемен стене байланыста жырлануын да қосады.
Соңдай-ақ, оның "Фининспектормен поэзия туралы әңгіме", "Мереке күнгі сөз",
"Пролетар ақындарына хат", "Сергей Есенинге", "Халық артисі мырза" сияқты
жырларында жаца қоғам орнату жолындағы күрескер ақын бейнесін жасағанын
атайды. "Кузнецк құрылысы мен Кузнецк адамдары туралы оңгіме", т.с.с.
өлеңдері арқылы Маяковский поэзиясында социалистік құрылыс пен еңбек
тақырыбының көтерілгенін аңғартса, "Жас жағымпаздар үшін жалпы басшылық",
"Мәжіліс қорлар", "Протекция", "Бюрократтар фабрикасы", "Бюрократияда",
т.б. да өлеңдерін талдау барысында Маяковский поэзиясына тон даралық
бегілердің бірі ретінде оның жырларындағы саяси және сатиралық өткірлікті
көрсетеді.
А.Нұрқатовтың Маяковский лирикасына байланысты ой түйіндей келе айтқан:
"Маяковский халықтық идеяларды ту етін көтерген, совет халқының ой-сезімін
шебер суреттеп бере алған ақын болды. Совет халқының еңбегі мен күресі, ойы
мен арманы оның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz