Қазақстан Республикасындағы сыртқы экономикалық мәмілелердің түрлері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

  1. Сыртқы экономикалық мәмілелердің түсінігі мен ерекшелігі.

1. 1. Қазақстан Республикасындағы сыртқы экономикалық мәмілелердің түсінігі.

1. 2. Қазақстан Республикасындағы сыртқы экономикалық мәмілелерге тән ерекшеліктер.

2. Қазақстан Республикасындағы сыртқы экономикалық мәмілелердің түрлері.

2. 1. Қазақстан Республикасындағы сыртқы экономикалық мәмілелердің түрлерін топтастыру.

2. 2. Халықаралық тауарларды сатып алу - сату шарты сыртқы экономикалық мәміленің негізгі түрі ретіде.

2. 3. Қазақсан Реснубликасындағы сыртқы экономикалық мәмілелердің жаңа түрлері.

3. Сыртқы экономикалық мәмілені реттеу түрлері.

3. 1. Сыртқы экономикалық мәмілелерді Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің коллизиялық нормалары арқылы реттеу.

3. 2. Сыртқы экономикалық мәмілелерге қолданылатын халықаралық сауда арбитражы.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе.

Қазақстан Республикасының территориясындағы шаруашылық субъектілердің сыртқы нарыққа шығуы, шетел инвесторларын Қазақстан Республикасының экономикасын дамыту үшін тарту және сыртқы экономикалық қатынастардың кеңеюінен сыртқы экономикалық проблемаларды кеңінен зерттеу қажет. Қазіргі кезде сыртқы экономикалық қызметтің жүзеге асуының бірден бір нысаны ретінде, сыртқы экономикалық мәмілелерді қарастырамыз. Сонымен Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыру үшін, ең алдымен сыртқы экономикалық операцияларды реттейтін ұлттық заң шығару бағасын дамыту және ұлттық заңнаманы халықаралық жеке құқықтың нормаларымен бекітілген халықаралық шарттар мен келісімдер арқылы шиеленістіру қажет.

Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық құқықтық қызмет базасын дамыту және ұлттық заңнаманың нормаларына халықаралық жеке құқықтың принціптерін қолдану үшін сыртқы экономикалық мәміленің құқықтық механизімдерін, шетел заңнамасының нормаларын және сыртқы экономикалық мәміле жөніндегі халықаралық конвенциялар мен келісімдерді толық зерттеу қажет.

Қазақстан Республикасында сыртқы экономикалық мәміле жөнінде бірнеше қазақстандық авторлардың ғылыми жұмыстары бар екенін айта кетуіміз керек. Осы ғылыми жұмыстар ретінде Г. Д. Ахмадиеваның «Қазақстан Республикасындағы сыртқы экономикалық контрактілерді құқықтық реттеу» және Г. Б. Испаеваның «Халықаралық тауарларды сатып алу - сату шартына қолданылатын құқық» деген еңбектерін айтсақ болады.

Сыртқы экономикалық мәмілелерге қатысты жоғарыда көрсетілген сыртқы экономикалық қатынастардың дамуы, осы диплом жұмысымның тақырыбын алуға себеп болды. Көрсетілген Г. Д. Ахмадиеваның және Г. Б. Испаеваның еңбектерін өзімнің диплом жұмысымның негізі ретінде қолдандым, сонымен бірге осы жұмысымның теориялық негізі ретінде Ю. Г. Басиннің, У. Э. Батлердің, М. М. Богуславскидің, И. С. Гринконың, И. С. Зыкиның, В. А. Мусинаның, М. Г. Розенбергтің, В. С. Садиковтың, М. А. Сарсенбаевтің, В. А. Томсиннің, К. Шмитгоффтың және т. б. ғалымдардың еңбектерін пайдаландым.

Осы диплом жұмысымда сыртқы экономикалық мәміленің, сыртқы экономикалық қызметтің және сыртқы экономикалық мәмілелер түрлерінің құқықтық реттеу проблемалары зерттелген және сыртқы экономикалық мәмілемен сыртқы экономикалық операциялардың құқықтық реттеу аспектілері қарастырылған.

Сыртқы экономикалық мәмілелердің механизімі халықаралық деңгейде заңды түрде реттеледі, сонымен қатар басқа мемлекеттерде сыртқы экономикалық мәміленің механизімдеріне арналған арнайы заңнамалар бар, ал біздің Республика шеңберінде сыртқы экономикалық мәміленің механизімдерінің заңдық негізі жоқ. Осыған байланысты бұл тақырыпты жан жақты зерттеу бүгінгі күні аса өзекті болып отыр.

Диплом жұмысымның басты мақсаты сыртқы экономикалық мәмілелердің жаңа түрлерін түсіндіру, шетел заңнамасының ұлттық нормаларын Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларымен салыстыру және сыртқы экономикалық мәмілені қарастыратын халықаралық конвенциялар мен келісімнің нормаларын қолдану болып келеді. Сонымен бірге өзімнің диплом жұмысымда сыртқы экономикалық мәміле проблемаларын шешетін халықаралық конвенциялар мен келісімдерге Қазақстан Республикасының қосылу жағдайлары қарастырылған.

Диплом жұмысын жазу кезінде азаматтық құқық және халықарылық жеке құқық бойынша қазақстандық, рессейлік және шетел авторларының ғылыми жұмыстарын қолдана отырып, сыртқы экономикалық мәміле жөнінде халықаралық конвенциялар мен келісімдердің және шет мемлекеттердің құқықтық нормаларын салыстыру жүргізілді. Осы жұмысымда Еуропалық Кеңестің, БҰҰ Комиссиясының (ЮНИСТРАЛ), жеке құқықты унификациялаудың Халықаралық Институтының (УНИДРУА), Дүниежүзілік Сауда Ұйымының және Халықаралық Сауда Палатасының нормативтік құқықтық актілері қолданылды және сыртқы экономикалық мәміле анықтау кезінде халықаралық жеке құқық әдебиеттерін басшылыққа алдым.

Қазақстан Республикасының шаруашылық субъектілердің әрекеттерін зерттей келе:

  • сыртқы экономикалық мәміле мен оның құқықтық ерекшелігін анықтадым;
  • сыртқы экономикалық мәмілелерді топтастыру мәселелерін қарастырдым;
  • сыртқы экономикалық мәмілелердің жаңа түрлеріне анализ жүргіздім;
  • сыртқы экономикалық мәмілелерді реттеудің коллизиялық мәселелерін көрсеттім;
  • сыртқы экономикалық мәмілелерден туындайтын дауларды халықаралық сауда арбитражының шеңберінде шешілу жағдайларын қарастырып кеттім.

Сонымен диплом жұмысымда мына жағдайлар қаралады:

  1. Сыртқы экономикалық мәміле. Сыртқы экономикалық мәміле бұл - бір немесе екі және онан да көп тараптар арасындағы, тауарды экспорттауға және импорттауға бағытталған сатып алу - сату шарты болып келеді. Ал Рессейлік ғалымдар Л. А. Лунс пен М. М. Богуславский сыртқы сауда мәмілелерге қатысушылардың кем дегенде біреуі шетел азаматы немесе шетелдік заңды тұлға болып табылатын және тауарды шетелге шығару немесе тауарды шетелден кіргізу операцияларын жатқызатын болса, О. Н. Садиков сытқы сауда мәмілесіне қатысушыларының біреуі шетел азаматы болу керек және мәміленің пәні сыртқы сауда операцияларына бағытталу керек.
  2. Сыртқы экономикалық мәміленің құқықтық ерекшелігі. Сыртқы экономикалық мәмілеге мемлекеттік емес реттеу нысанын және шетел құқығын қолдану, сонымен бірге сыртқы экономикалық мәмілелерден туындайтын дауларды халықаралық арбитраждың қарауына беру мүмкіндігі сыртқы экономикалық мәміленің басты құқықтық ерекшелігі болып келеді.
  3. Сыртқы экономикалық мәмілелердің түрлері. Қазіргі таңда сыртқы экономикалық қатынастар даму салдарынан сыртқы экономикалық мәмілелердің көптеген жаңа түрлері пайда бола бастады. Сол себептен сыртқы экономикалық қатынастардың шаруашылық субъектілерін анықтау үшін сыртқы экономикалық мәмілелер біржақты және көпжақты, жай және шартпен жасалған, ақылы және ақысыз, реалды және консенсуалды, алдын-ала жасалатын, биржалық, импортты және экспортты мәмілелер болып топтастырылады.
  4. Сыртқы экономикалық мәмілелерді топтастыру кезінде азаматтық құқықтың нормалары басшылыққа алынады. Сонымен сыртқы экономикалық мәміленің басты құқықтық реттеу құралы азаматтық құқықтың нормалары екенін айта кету қажет;
  5. Халықаралық тауарларды сатып алу - сату шарты. Халықаралық сатып алу -сату шарты 1980 ж БҰҰ Халықаралық тауарларды сатып алу-сату Конвенциясы бойынша реттелетіні туралы ескеру қажет. Сыртқы экономикалық мәміленің басты түрі халықаралық тауарларды сатып алу - сату шарты болып келеді. Осы халықаралық тауарларды сатып алу - сату шартын банктік операцияға байланысты сыртқы экономикалық мәміленің басты түрі ретінде лизинг, факторинг және форфейтинг мәмілелері қарастырады;
  6. Коллизиялық нормалар. Сыртқы экономикалық мәмілелерді реттеу кезінде Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің коллизиялық нормалары қолданылады және осы коллизиялық нормалар сыртқы экономикалық мәмәлелерді анықтаудың негізі болып табылады. Сыртқы экономикалық мәмілелерді анықтау кезінде тараптар коллизиялық норманың «тараптардың автономды ерекшелігі» принціпін басшылыққа ала отырып, коллизиялық жалғауларды қолдану құқығына ие болады ;
  7. Сыртқы экономикалық мәмілелерден туындайтын дауларды реттеу. Сыртқы экономикалық мәмілелерден туындайтын дауларды арбитраждың қарауына беру туралы тараптар арасында алдын ала келісім жасалады. Сыртқы экономикалық дауларды халықаралық арбитраждың қарауына беру тараптар үшін өте қолайлы, әрі тиімді.

Диплом жұмысым кіріспеден, жеті бөлімшені құрайтын негізгі үш тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Осы жұмыстың бірінші бөлімінде сыртқы экономикалық мәмілелердің түсінігін анықтайтын отандық және шетелдік заңгерлердің көзқарастары және сыртқы экономикалық мәмілелердің құқықтық ерекшеліктері қарастырылды. Сонымен сыртқы экономикалық мәмілелерге байланысты қазақстандық, шетелдік заңнаманың нормалары мен халықаралық конвенциялардың нормалары арасында салыстыру жүргізілді.

Екінші бөлімде сыртқы экономикалық мәмілелердің түрлерін топтастыру, сыртқы экономикалық мәмілелердің жаңа түрлерін теориялық және заңнамалық өңдеу және сыртқы экономикалық мәміленің негізгі түрі ретінде халықаралық тауарларды сатып алу - сату шарты сияқты сұрақтар зерттелген.

Үшінші бөлімде сыртқы экономикалық мәмілелерді Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің Жалпы және Коллизиялық нормалары арқылы реттеу мәселелері, сонымен бірге сыртқы экономикалық дауларды халықаралық арбитражда қарастыру жағдайлары көрсетілген.

Қазақстан Республикасындағы сыртқы экономикалық мәміленің түсінігі мен ерекшелігі.

  1. Қазақстан республикасындағы сыртқы экономикалық мәміленің түсінігі

Сыртқы экономикалық мәміленің құқықтық мәселесін зерттеу үшін сыртқы экономикалық мәмілеге қатысты ұлттық заңнама мен халықаралық келісімдерді салыстыру, қазақстан кәсіпкерлері мен шетелдік серіктестері арасындағы шарт қатынастарын кеңейту және шетел инвесторларын Қазақстан Республикасының экономикасы мен экономикалық қатынастарын дамыту үшін тарту қазіргі уақытта өзекті мәселелердің бірі. Теориялық көз қарас бойынша сыртқы экономикалық мәмілелердің механизімдері үлкен қызығушылық туғызуда, себебі Қазақстан Республикасының доктринасында осы мәселе жөнінде арнайы заңи зерттеулер жүргізілмеген және халықаралық жеке құқық бұл мәселенің толық зерттелуін қажет етеді. Қазақстан Республикасының экономикалық қызметтің аспектілерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер мен қабылданған заңдардың көптігіне қарамастан (мысалы: Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің Жалпы бөлімі, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі қабылданбастан бұрын қолданылған 1991ж КСРО Кеңесі мен Республикалардың Азаматтық заңнамасының 74-170 бб, және 1964ж Қазақ КСРО-ның Азаматтық Кодексінің Жалпы бөлімінің 224-565бб. ), сыртқы экономикалық мәмілелерге қатысты мәселелерді зерттеу Қазақстан Республикасының заңнамасын дамыту үшін өте қажет.

Қазақстанның заңнамасында сыртқы экономикалық мәміле жөнінде арнайы анықтама берілмеген. Сонымен қоса сыртқы экономикалық мәмілелерге таралатын халықаралық құқық нормаларын қабылдау және сыртқы экономикалық мәмілелерге қатысты халықаралық конвенциялар мен халықаралық сауда ұйымының нормаларына қосылу ұлттық заңнаманы дамыту үшін қажет. Тәжірибенің көрсетуі бойынша қазіргі кездегі нарықтың өсуі сыртқы экономикалық сатып алу-сату шарттардың қолдану аясын кеңейтті. Сол себептен сыртқы экономикалық мәмілелердің жаңа түрлері қолданыла бастады. Мысалы: лизинг, факторинг, форфейтинг және т. б. Қазіргі таңда жоғарыдағы мәміле түрлері теориялық және заңнамалық зерттеу қажеттілік туғызады. Бұл проблемаға Қазақстан Республикасының кәсіпкерлері мен ТМД мемлекеттерінің серіктестері арасындағы келісім шарттары жатқызылады, ал бұрын бұл мәмілелр өз алдында тек қана ішкі мәміле ретінде қарастырылған [1] .

Жоғарыда көрсетілгендей Қазақстан Республикасының заңдарында сыртқы экономикалық мәміленің түсінігі берілмеген, сол себептен оны нормативті және доктриналды анықтау қажет. Ерекше жағдай ретінде Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 153б 3т-да сыртқы экономикалық мәміленің жай жазбаша түрін сақтамау мәміленің жарамсыз болып қалуына әкеледі деп көрсетілген [2] . Осыған орай Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде сыртқы экономикалық мәміленің айтарлықтай қатал регламентациясы сақталмаса да, жалпы алғанда, сол мәміленің

  1. Г. Д. Ахмадиева. Правовое регулирование внешне экономических контрактов РК. Алматы 1996. ст-14.
  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің Жалпы бөлімі.

нақты түсінігі анықталмаған. Әрине, мұндай жағдай өз алдында ішкі мәміледен сыртқы экономикалық мәмілелердің өзара құқықтық ерекшеліктерін анықтап, айыру кезінде көптеген қиыншылықтар туғызуда.

Мәмілені сыртқы экономикалық деп тану үшін шетел құқығын қолдану өте маңызды. Мысалға бұрын әрекет еткен 1991ж ССР кеңесі мен Республикалардың негізгі Азаматтық заңнамасының 166 б сәйкес сыртқы экономикалық мәміледен туындайтын құқықтар мен міндеттемелер тараптардың келісімімен таңдалған елдің құқығымен реттеледі деп көрсетілген [1] . Дәлірек айтсақ, тараптар сыртқы экономикалық мәмілелерді реттеу кезінде тараптар шетел құқығын таңдауға және сыртқы экономикалық мәміледен туындайтын дауды тараптар шетелдік арбитраждың қарауына беруге құқығы бар. Қатысушылардың арасында қолданылатын құқық туралы келісім болмаған жағдайда, қатысушылар коллизиялық норманы таңдауға мүмкіндігі бар және осы мәселе сыртқы экономикалық мәмілені анықтау үшін қажет. Негізгі заңның 166 б-да мәміленің мәтініне шешуші маңызы бар және мәміленің атқарылуын жүзеге асыратын тараптардың тұрғылықты тұратын жерінің немесе басты қызмет көрсететін жердің құқығын қолданылады деп көрсетілген. Егер келісімде өзгеше көрсетілмесе осы Негізгі заңның 165 б 2т-да тараптардың мәмілеге қатысты туындайтын құқықтары мен міндеттері мәміле жасаған жердің құқығы бойынша анықталады. Негізгі заңның 166 б-да көрсетілген жағдайлар, тек қана сыртқы экономикалық мәмілелрге қатысты қолданылған.

Мәмілені сыртқы экономикалық деп танылуы қатысушы тараптарға шетел мемлекетінің құқығымен қоса, халықаралық конвенциялардың нормаларын қолдануға мүмкіндік береді. Ал, иерархиясына келетін болсақ, халықаралық конвенциялардың нормалары ұтттық заңнаманың нормаларынан жоғары тұруы мүмкін (Мысалы: Қазақстанның заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттардың нормалары ұлттық заңнаманың нормаларынан үстемдігі жоғары) . Айта кететін болсақ конвенциялардың нормалары ішкі мәмілелерге қатысты қолданылмайды.

Жоғарыда айтып кеткендей қазақстанның заң әдебиеттерінде бұл мәселе зерттелмеген, ал Рессейдің заң әдебиеттерінде сыртқы экономикалық мәмілені анықтаудың жолдары мен дифинициялары бар, мысалға: «сыртқы сауда мәмілесі», «халықаралық сауда шарты», «халықаралық сауда контрактісі», «халықаралық сауда мәмілелері», «сыртқы экономикалық шарт» және «сыртқы экономикалық операциялар». Бұл жерден біз «мәміле», «шарт», «контракті» және «операциялар» деген терминдердің қолданылғанын көріп тұрмыз және осы операциялардың халықаралық сауда, сыртқы сауда, сыртқы экономикалық қызметтегі қолдану аясы көрсетілген. Осыған байланысты сыртқы экономикалық мәмілені шарт, контракті және операция арасындағы арақатынасының түсінігін салыстыру керек.

Мәміленің «шарт» пен «контракті» арасындағы арақатынасын қарастыра отырып, біз мәміленің түсінігі шарт пен контрактіге қарағанда кең екенін көреміз. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 147 б сәйкес мәміле деп азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері жатады деп көрсетілген [2] . Мәмілелер біржақтың,

  1. Основ граданского законодательства Союза ССР и Республик 1991 г. Ст-166.
  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің Жалпы Бөлімінің 147 бабы.

екіжақтың немесе көпжақтың еркін білдіреді (Қазақстан Республикасының Азаматтық

Кодексінің 148 б. ) . Екіжақтың немесе көпжақтың еркін білдіретін мәмілелер шарт болып танылады. Дәлірек айтсақ шарт пен контрактінің түсінігі мәміленің түсінігімен бір, сонымен қатар әр-бір шарт (контракті) мәміле болып танылады, бірақ біржақты мәмілелер шарт (контракті) болып табылмайды.

Кеңестік құқық доктриналарында ұзақ уақыт бойы «сыртқы сауда мәмілелері» мен «сыртқы экономикалық мәміле » деген түсініктері бөлек көрсетілмеген. Сыртқы сауда мәмілесі ұғымы 1961ж негізгі азаматтық заңнамада (146 б. 5б 2т), 1964ж РСФСР-ң азаматтық кодексінде (42б 2т, 66 б, 17 б, 564 б, 565 б 2т, 566 б) және 1964ж Қазақ КСРО-ң Азаматтық Кодексінде (44 б 5т, 561 б 2т) қолданылған. 1991ж Кеңес КСРО мен Республикалардың негізгі азаматтық заңнамасында (164-166 бб), Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде (153 б 3т) және Рессей Федерациясының Азаматтық Кодексінде (162 б3т) «сыртқы экономикалық мәміле» деген термин енгізілген.

Жоғарыда көрсетілгендей Рессейдің құқықтық доктриналарында «сыртқы сауда мәміле» мен «сыртқы экономикалық мәміле» деген түсініктер бөлінбеген. Л. А. Лунс пен М. М. Богуславский сыртқы сауда мәмілелерге қатысушылардың кем дегенде біреуі шетел азаматы немесе шетелдік заңды тұлға болып табылатын және тауарды шетелге шығару, тауарды шетелден кіргізу операцияларын жатқызатын болса [1], ал О. Н. Садиков сыртқы сауда мәмілесінңің екі белгісін көрсетеді: біріншіден, қатысушылардың біреуі шетел азаматы болу керек; екіншіден, мәміленің пәні сыртқы сауда операциялары болып табылады.

Мысалға алатын болсақ В. А. Мусин мұндай мәмілелерге - азаматтық құқықтар мен міндеттемелердің пайда болуына, өзгерілуіне және тоқтатылуына әкеп соқтыратын шетел азаматтарымен коммерциялық мақсатта жасалған халықаралық сауда мәмілелерін жатқызады.

Айталық Шмиттгофф мұндай мәмілелерге тауарды экспорттауға байланысты немесе бір мемлекеттен басқа мемлекетке қызмет көрсету үшін жасалатын халықаралық мәмілелерді жатқызады. Шмиттгофф мәмілелерді екі түрге бөледі:

1) тауарды сатып алу-сату шартына негізделген мәмілелер;

2) шетелде қызмет көрсетуге байланысты мәмілелер, мысалы: басқа мемлекетте объектілерді салу [2] .

Дратта халықаралық мәмілелерді ішкі мәмілелерден бірнеше бағыттар бойынша айырады:

  1. халықаралық мәмілелер ішкі мәмілелерге қарағанда күрделі;
  2. тараптар өз алдында үлкен тәуекелге барады, сол себептерден қосымша заңи тәсілдерді қолданады ( СИФ, ФОБ талаптарына сәйкес тасымалдау және т. б. ) ;
  3. айналымға үлкен ақша массасы тартылады;
  4. халықаралық мәмілелерді қарастыру тәртібі ішкі мәмілелерді қарастырудан өзгеше, өйткені мәмілелерді реттеу мәселесіне келгенде халықаралық мәмілелерге байланысты

қай құқықты қолданатыны туралы сұрақтар басшылыққа алынады.

Кейбір шетел елдерінде халықаралық жеке құқық пен сыртқы экономикалық

  1. . Богуславскии М. М Международное частное право М-1998
  2. Шмиттгоффь. Экспорт: право ипрактика международной торговли.

мәмілелерге байланысты арнайы заңдар қабылданған, мысалға: Қытай Халық

Республикасының 1985ж Халықаралық шаруашылық шарты туралы заңы Австрияда (1978ж) ; Халықаралық жеке құқық туралы заңы Турцияда (1985ж), Румынияда (1992ж), Швейцарияда (1987ж), Польшада (1965ж) және т. б. Қытай Халық Республикасының Халықаралық шаруашылық шарты туралы заң төмендегідей мәселелерді қарастырды: шартты бекіту, шартты орындау, орындамағаны үшін жауапкершілік, дауларды қарастыру тәртібі және т. б.

Біздің заңнамада сыртқы экономикалық мәмілелерге байланысты осындай заңды қабылдау қолайсыз болар еді, себебі осы заң азаматтық құқықтың жалпы нормаларын қайталауы мүмкін. Біздің ойымызша азаматтық құықтық актілерде немесе халықаралық жеке құқықтың заңдарында сыртқы экономикалық мәміленің құқықтық ерекшеліктерін бекіту және осы мәмілелердің ерекше белгілерін реттеу өте қолайлы болар еді.

Батыс Еуропа елдерінде және АҚШ-та сыртқы экономикалық мәміленің түсінігі сауда және азаматтық құқықтардың ұлттық жинақтарында бөлінбеген. Ал жеке құқықтың дуалистік жүйесі бар елдерде (сауда құқығы азаматтық құқықтан бөлініп шыққан елдер) : Францияда, Германияда, Бельгияда, Испанияда және т. б . сауда мәмілесі мен коммерциялық мәміленің түсініктері қарастырылған. Мысалға. : Германияның Сауда Жинағында коммерсанттың барлық мәмілелері сауда мәмілелеріне жатқызылады деп көрсетілген (Германияның Сауда Жинағының 343б) . Ал Францияның Сауда Кодексінде мазмұны бойынша сауда мәмілелеріне жататын мәмілелердің тізімі көрсетілмеген. Осы жерге қосып айтатын болсақ негоцианттар, саудагерлер және банкирлер арасындағы мәмілелерді сауда мәмілелеріне жатқызуға болады. Сауда мәмілелері азаматтық құқықтың жалпы нормаларымен қоса, сауда кодексінің және сауда актілерінің нормаларына бағынады. Жеке құқық бірыңғай жүйесі бар елдердің (АҚШ, Ұлыбритания, Швейцария, Нидерланды) заңдарында тек қана азаматтық кодификациялар ғана әрекет етеді және азаматтық құқық пен сауда құқығы аясында біркелкі тәртіпті қолдану тәжірибесі сақталған. Осы кодификациялауды кәсіп түрі ретінде шаруашылық операцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың қызметін реттейтін нормалар бар. Мысалға алатын болсақ 1979ж тауарды сату туралы ағылшын заңында саудагерге арналған «кәсіби қызмет тәртібі » туралы арнайы ережелер жинағы берілген.

Бірыңғай Сауда Кодексінің әрекет етуіне қарамастан АҚШ сауда және азаматтық құқықтың нормаларын жинақтау тәжірибесін ұстанады. АҚШ-тың көптеген штаттарында Азаматтық кодекстің жоқ болуынан, оларда тек қана жеке азаматтық-құқықтық мәселелерді реттейтін заңдар әрекет етеді және Бірыңғай Сауда Кодексін азаматтық кодекс ретінде қарастыруға да болады.

Батыс Еуропа елдерінде сыртқы экономикалық мәмілелерінен туындаған проблемаларды әр түрлі халықаралық конвенцияларға қосылу арқылы шешеді. Мысалы 1980ж Халықаралық сату-сатып алу шарты туралы Конвенциясы, 1980ж Халықаралық қаржы лизінгі туралы БҰҰ Конвенциясы және т. б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лизингтің теориялық негіздері. Қазақстандағы лизинг бизнесі
Тәуелсіз лизингтік компаниялары
МӘМІЛЕ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Шартпен жасалған мәмілелер
Мәмілелер жайында
Қазақстан Республикасының құнды қағаздар нарығын талдау
Қор биржасы және биржадан тыс нарықтың ұйымдастырушылары
Мәміленің ұғымы
Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері ретінде әрекет жасайтын азаматтардың басым көпшілігі - Қазақстан Республикасының азаматтары
Сыртқы экономикалық мәмілелерді халықаралық-құқықтық реттеу: сатып алу-сату шарты, лизинг шарты және франчайзинг шарты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz