Болашақ мамандарды дайындаудың әдістемесі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

1 Жоғары оқу орындарында болашақ маманды дайындаудың
психологиялық.педагогикалық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
1.1 Болашақ маманды дайындаудың психологиялық.педагогикалық аспектілері ... ... ..13
1.2 Тұлғаның қалыптасуының кезеңдері мен оның өзін.өзі дамытуының тұжырымдамалары ... ... ... ... ..22
Бірінші тарау бойынша тұжырым

2 Болашақ мамандарды дайындаудың әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
2.1 Жоғары оқу орындарындағы болашақ маманды дайындаудың моделі ... ... ... ... ... .33
2.2 Жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды дайындаудағы іс.тәжірибелік жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37
Екінші тарау бойынша тұжырым

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .46
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...49
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...54

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   
ТҮЙІН

Болашақ маманның өзін-өзі дамытудың психологиялық- педагогикалық
негіздері
Мақсаты: Болашақ маманның өзін-өзі дамытуының тиімді жолдарын, жағдайлары
мен тәсілдерін анықтап, олардың теориялық негіздемесін жасау.
Объектісі: Жоғары оқу орындарындағы тұтас педагогикалық процесі.
Пәні: Жоғары оқу орындарындағы болашақ маманның өзін-өзі дамыту үрдісі.
Болжамы: Егер, жоғары оқу орнында білім беру мен тәрбиелеудің теориялық
негізі жүйеленсе және оқытудың тұлғаға бағытталған жүйесі іске асырылса,
онда болашақ маманның теориялық білімі ауқымдалып өзін-өзі дамытудың
психологиялық-педагогикалық мүмкіндіктері артар еді.
Зерттеудің жетекші идеясы: студенттердің кәсіби өзін-өзі дамытуын
қамтамасыз ететін педагогикалық жағдайлар кешені жасалынады
Міндеттері:
– психологиялық-педагогикалық зерттеулер тұрғысынан
өзін-өзі дамытудың феноменін талдау негізінде тұлғаның
өзін-өзі дамытудың теориялық негіздерін анықтау;
– маман мәдениетінің негізгі компоненттерін
анықтау,тұлға дамуы тұрғысынан болашақ маманның кәсіби-
тұлғалық мәдениетінің құрылымдық компонентерін анықтау;
– болашақ маман тұлғасының құрылымдық моделін; болашақ
маманның кәсіби өзін-өзі дамытудың моделін жасау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
Болашақ маманның тұлға ретіндегі өзін-өзі дамытудың нәтижелілігін және
кәсіби қалыптасуының өлшемдерін жасалады (мотивациялық, когнитивті,
операционалдық).
Теориялық маңыздылығы: болашақ маман тұлғасының кәсіби қалыптасуы
барысындағы өзін-өзі дамыту мәнінің теориялық негіздемесі жасалады.

Жұмыстың көлемі: 65
Әдебиеттер тізімі: 83
Сурет: 1
Кесте: 4
Қосымша: 10

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1 Жоғары оқу орындарында болашақ маманды дайындаудың
психологиялық-педагогикалық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..13
1. Болашақ маманды дайындаудың психологиялық-педагогикалық
аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2. Тұлғаның қалыптасуының кезеңдері мен оның өзін-өзі дамытуының
тұжырымдамалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Бірінші тарау бойынша тұжырым
2 Болашақ мамандарды дайындаудың
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .33
2.1 Жоғары оқу орындарындағы болашақ маманды дайындаудың
моделі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
2.2 Жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды дайындаудағы іс-тәжірибелік
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...37
Екінші тарау бойынша тұжырым
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...46
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .49
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
4

КІРІСПЕ

XXI ғасырда кәсіби еңбектің интеллектуализациялау тендециясы
белгіленіп, университеттік білім берудің маңыздылығы көтерілді. Өйткені
қазіргі кезде әлеуметтік-экономикалық құрылымдағы, іскерлік, экономикалық,
әлеуметтік қатынастары жүйесінде қоғам болашақ маманды дайындаудың сапасына
жоғары талап қоюда. Осыған орай жаңаша ойлайтын маманды қалыптастыруға
бағытталған университеттік дайындаудың жаңа парадигмасы өзекті болып
келеді де, яғни қоғамның осы кездегі қалыптасуының талаптарына жауап
беретіндей жоғары оқу орындарындағы білім беру студент тұлғасы дамуының
жоғарғы деңгейін жеткілікті түрде қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды.
Қоғамның жаңа типін құру барысында, жаңа құндылықтар жүйесіне бағытталған,
білім берудің негізгі мақсаты жоғары шығармашылық мүмкіншілігі бар болашақ
маман тұлғасын қалыптастыру болып табылады. Бұл сонымен бірге
педагогикалық кадрларды дайындаудың проблемасын одан әрі өзекті етеді.
Біздің қоғамымызда адамдық қатынастардың жалпы гуманизациясының, жаңа
ұрпақтың рухани қалыптасуының, білім берудің түбегейлі жаңаруының
бағдарламаларының жүзеге асуы көп жағдайда мұғалім тұлғасымен байланысты
болатыны баршамызға мәлім. Соның ішінде педагогикалық іс-әрекетте тұлғалық
фактор жетекші болады, өйткені адам-адам жүйесінде әсер етудің эффектісі
әсер етудің өзіндік мүмкіншілігі бар адамды жетілдірудің деңгейімен
анықталады. Қазіргі кездегі педагог егер жоғары оқу орнында оқыту үрдісі
барысында онда үнемі өзін-өзі дамыту қажеттілігі қалыптасқан болса алдына
қойылған міндеттерді іске асырады. Сондықтан да, классикалық университеттік
білім беру жағдайларында болашақ педагогикалық кадрларының кәсіби өзін-өзі
дамытуды қалыптастыру проблемасына ерекше назар аударылады.
Әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге бағытталған білім берудің жаңа
жүйесінің қалыптасу процесі білім беру парадигмасының ауысуымен
сипатталады: дәстүрлі субъект-объектіліктен гуманистікке, тұлғаға
бағытталған субъект-субъекттілікке. Осыған байланысты айтатынымыз, ХХ
ғасыр соңынан бастап білім беру жүйесі білім берудің гуманистік
парадигмасына сәйкес дамиды. Онда маңызды құндылығы болып адамның тұлғасы
қарастырылады, яғни оның барлық потенциалды мүмкіншілігін дамыту болып
табылады. Осы тұрғысынан қазіргі маманның білім беру сферасында үздіксіз
білім алуға, шығармашылық тұрғысынан өзін-өзі жетілдіруге дайындығын
айтамыз.
Сондықтан да болашақ маманның өзін-өзі дамытуын зерттеу жұмысы адам
дамуының негізгі философиялық, психологиялық, педагогикалық теорияларын
талдауды айқындайды. Зерттеудің екінші маңызды жағы – белгілі бір
методологиялық ұстаным мен тұлғаның өзін-өзі дамытудың зерттеу әдістемесін
таңдау. Болашақ маманның өзін-өзі дамытудың проблемасы үш тұрғыдан
қарастырылуы керек, оларда оның мағынасы ашылуы тиіс: философиялық,
психологиялық, педагогикалық. Философиялық зерттеулерде осы проблема адамды
дамыту тұрғысынан қарастырылады. Психологиялық зерттеулерде тұлғаның дамуы
мен өзін-өзі дамыту тұрғысынан зерттеленеді. Педагогикалық зерттеулерде
болашақ маманның кәсіби дамуы тұрғысынан қаралады. Философиялық,
психологиялық, педагогикалық зерттеулерде қарастырудың келесі бір негізі -
болашақ маман-педагог адам ретінде, тұлға ретінде, маман ретінде кәсіби
өзін-өзі дамытудың субъектісі ретінде болуы.
Философиялық, педагогикалық және психологиялық ғылымда адам тұлғасының
қалыптасу проблемасы бойынша білім қоры жинақталған. Оларға философтардың
жасаған адамның гуманистік тұжырымдамасы жатады. М.М. Бахтин, В.С. Библер,
Н.А. Бердяев, Л.В. Коновалова, О.Н. Крутова, М.К. Мамардашвили, А.Г.
Шварцман, т.б. пікірінше адам тұлғасының ерекшелігі, өзгешелігі мен өзіндік
құндылығы ерекшеленеді, адамның рухани дамуы, өзінің өмірлік орнын
айқындау мен экзистенционалдық таңдауға дайындығы анықталады. Ресей
педагогикасы мен психологиясында адамның мәні адам өз өміршендігінің
субъектісі ретінде және өзін-өзі дамытатын шығармашыл тұлғаның субъектісі
ретінде қарастырылады: Б.Г.Ананьевтің, А.Г. Асмоловтың, Л.С. Выготскийдің,
О.С. Газманның, Э.В. Ильенкованың, Н.Б. Крылованың, Л.Н. Куликованың, А.Н.
Леонтьевтің, В.Н. Мясищевтің, С.Л. Рубинштейннің, В.И. Слободчикованың және
т.б. еңбектерінен көруге болады. Қазақстандық зерттеушілердің еңбектерінде
білім беру сферасында тұлғаның этномәдениеттік қызығушылықтарын іске асыру
туралы Л.Гумилев, Н.Джандильдин қарастырған [1; 2, 30]. Келесі қазақстандық
ғалымдардың еңбектерінің үлкен маңыздылығы бар. Мысалы, казақ халқының
педагогикалық-психологиялық ойларының пайда болуы мен дамуы Қ.Б. Жарықбаев
[3, 168], адам тұлғасының дамуына қазақ халық педагогикасының әсері туралы
ғылыми-педагогикалық негіздерін Сәдуақас Қалиев, тұлғаға әсер етудің
эстетикалық тәрбиенің заңдылықтары мен ерекшеліктерін С.Ұзақбаева,
Ә.Табылды [4; 5], оқушы жастардың тұлға ретінде қалыптасып, дамуына қазақ
халқының көркем мәдениетінің даму рөлі туралы М.Балтабаев зерттеген [6,
68]. Өз еңбектерінің мазмұнында оқушы-студент туралы пассивті, тәуелді және
өзін-өзі басқаруға, өзін-өзі ұйымдастыруға, өзін-өзі дамытуға қабілетсіз
деген түсінікті келесі ғалымдар берген: К.А. Абульханова-Славская,
А.Г.Асмолов, А.Булынин, Л.М. Митина, А.В. Мудрик, А.В. Петровский, яғни
осындай тұлға болашақта маман ретінде қоғамның әлеуметтік тапсырыстарын
орындай алмайды [7, 199; 8, 3-12; 9, 22-26; 10, 28-38; 11, 80; 12, 44-53].
Осы дағдарыс жағдайынан шығу жолын, білім беруді тұлғалық ұстанымдарға және
жеке қөзқарасқа қайта бағдарлауды айтып кеткендер Ш.А. Амонашвили, Б.М. Бим-
Бад, С.М. Джакупов, Т.В. Габай, Ж.И. Намазбаева, М.М. Мұқанов [13, 56; 14,
3-9; 15, 195; 16, 160; 17, 3-10; 18, 90-95]. Білім беру жүйесіндегі тұлғаға
бағытталған көзқарас гуманистік парадигманы іске асырумен байланысты
(оқыту, тәрбиелеу және дамыту теориясы мен әдістерінің жүйесі), яғни
тұлғаның өзіне және оның құндылықтарына бағыттаушылық пікірлерді Ш.А.
Амонашвили, Т.В. Габай, Ж.И. Намазбаева білдірген. Сонымен бірге осы мәселе
Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік саясаты тұжырымдамасы мен 2030 жылдарға
дейінгі ҚР білім берудің даму стратегиясында қаралған [19, 30; 20, 11].
Философияда тұлға әлеуметтік және биологиялық сипаттамалары бар адам
ретінде анықталады. Әр адам, тұлға бола тұра, бір жағынан, жеке болады,
екінші жағынан - әлеуметтенген болады, яғни әлеуметтік маңызы бар
қасиеттерімен сипатталады. Әлеуметтік сипаттамалар маңызды болып
анықталады: дәл солар өмірдегі жетістікті анықтайды. Кез-келген адамның
әлеуметтік түрі болады. Тұлғаның түрі қоғамның түрімен анықталады.
Психологтар үшін тұлға – психиканың сапасы, ол адамның қоғамда
дамуының нәтижесі ретінде анықталады. Тұлға психикалық ұйымдастыру түрлері
иерархиясының жоғары ерекше деңгейі ретінде, өмір мен іс-әрекет субъектісі
ретінде, қоршаған ортаны және өзін-өзі өзгертетін адам ретінде, индивидтің
бір әлеуметтік қасиеті ретінде, әлеуметтік байланыстар мен қатынастарды
дамытудың және болмысының жеке формасы ретінде қарастырылады.
Педагогиканы тұлғаның өз қасиеттерінің, процестерінің, жағдайларының,
өзінің психикалық мүмкіншіліктерінің реттеушісі ретінде қарастыруға
мүмкіндік береді. Одан басқа, тұлға ұғымы басқарудың, өзін-өзі
басқарудың, өз қабілеттерін, қажеттіліктерін, сезімдерін реттеудің
тұлғалық деңгейі туралы көзқарастарды кіріктіреді.
Осыған орай әрі қарай қарастыруды талап ететін негіздемелері ретінде
келесі тұжырымдамаларды айтамыз: педагогикалық процестің тұтастығы, адам
мәдениеті мен адамгершілігінің қайта жаңаруы ретіндегі тәрбиенің тұтастығы,
аксиологиялық көзқарас. Оларды тұлғаға-бағдарлаушылық білім берудің ғылыми
негіздерін өндіріп, біріктіреді. Оның мәні – болашақ маман тұлғасының өзін-
өзі дамытуына және әлеуметтенуіне бағытталған, индивидтің тұлғалық
қызметтерін дамытуға бағытталған педагогикалық жүйенің бағдарлануында.
Біздің көзқарасымыз бойынша, тұлғаға-бағдарлаушылық көзқарасы оқыту
процесі барысында әр студенттің тұлғасы дамуы үшін ыңғайлы білім беру
ортасын жасауға бағытталған.
Өзін тұлға ретінде қабылдайтын болашақ маман қоршаған адамдарды
қабылдауға деген өзіндегі мүмкіншілігін ашады (әріптестерін, балаларды,
оқушыларды және т.б.), оларды өзіндей көреді және олардың жеке ерекшелігін
сыйлайды. Педагогикалық жәня психологиялық білім берудің негізгі міндеті –
оқушыларды өздігінен ойлауға, проблемаларын шешуге, яғни тұлғалық өсуін
қамтамасыз ету үшін өз қасиеттерін қолдануға үйрететін педагог-психологты
тәрбиелеу.
Білім берудегі тұлғаға-бағдарлаушылық көзқарас маман тұлғасының
шығармашылық дамуы мен тәрбиесін қамтамасыз ететін ең тиімді формаларының,
әдістерінің және тәсілдерінің іздестіру аспектісінде орындалатын оның
субъектілерінің тұлғалық қызметтерін дамыту мен толық көрініс беру үшін
жағдайлар жасаудан тұрады. Педагогты дайындау олармен алдағы педагогикалық
жұмыстың субъект іс-әрекеті барысында қалыптасатын тұлғалық-
бағдарлаушылық және субъект іс-әрекетімен айқындалатын күрделі үрдісі
ретінде қарастырылады.
Тұлғаға бағытталған көзқарастың білім беруге деген мақсаты сырттай
берілген қасиеттерді қалыптастыру деп қаралмайды, оның негізгі мәні
тұлғалық мүмкіншілікті ашу және демеу, тұлғаның рухани және моральдық
мүмкіншіліктерін анықтау, оларды өзін-өзі дамытуға кіріктіру деп түсінеміз.
Сондықтан да педагогикалық және психологиялық тұрғысынан болашақ маманның
өзін-өзі дамыту іс-әрекеті мен оның өзіндік санасының ерекшеліктерін
тұлғаның кіріктірілген компоненті ретінде зерттеу маңызды болады.
Осы проблема Қазақстан Республикасындағы қалыптасқан әлеуметтік-мәдени
жағдайымен күрделене түседі де, осыған орай біздің еліміздегі әлеуметтік-
экономикалық және саяси өзгерістері жоғары дәрежелі мамандар дайындығын
талап етеді. Көптеген зерттеушілердің еңбектерінде болашақ маманның кәсіби
дайындығы мәселелерінің аспектілері қарастырылады:
1. Мұғалімдердің жалпы педагогикалық дайындығы туралы Н.К.
Крупская, Н.В. Кухарев, В.А. Сластенин, Н.Д. Хмель, М.И.
Кудабаева және т.б. өз еңбектерінде зерттеп, қарастырған [21;
22; 23; 24; 25].
2. Мұғалімдерді дайындау барысындағы кәсіби біліктерді
қалыптастыру мәселелері Б.И. Степашин, Н.А. Томин, Н.Ф. Белокур
және т.б. еңбектерінде қаралған [26; 27].
3. Педагогикалық тәжірибе барысында студенттер дайындығын
жақсартудың аспектілері О.А.Абдулина, Г.А. Кит және т.б.
зерттеулерінде көрініс тапқан [28; 29].
4. Мұғалімдер дайындығы мен біліктілігін көтеруді жетілдіру
аспектілері Н.В. Александров, Г.А. Победоносцев және т.б.
зерттеулерінде бейнеленген [30; 31].
5. Педагогикалық мәдениет мәселесі Т.В. Иванова, Н.З. Чавчавадзе,
Е.Н. Шиянов [32; 33; 34].
6. Болашақ мамандардың кәсіби өзін-өзі тәрбиелеудің мәселелері
С.Б. Елканов, Б.П. Зязин, А.И. Щербаков және т.б еңбектерінде
қаралған [35; 36].
90-шы жылдары Ресейде, Қазақстанда және жақын жердегі басқа шет
елдерінде университеттік білім беру жоғары білім тберу теориясы
шеңберіндегі зерттеудің объектісі ретіндегі зерттеу жұмыстары пайда бола
бастады:
1. Университеттік білім беруді жетілдіру туралы Н.С. Ладыжец, В.А.
Садовничий және т.б. зерттеген [37; 38].
2. Университеттік білім беру қызметтерін модернизациялау мәселесі Т.С.
Садыков, К.Н. Нарибаев, О.С. Сабденов, С.А. Абдыманапов және т.б.
зерттеген [39; 40; 41; 42].
3. Университеттік білім берудің мақсаты мен міндеттерін дамыту мәселелерін
С.А. Абдыманапов және т.б. қараған [43, 336].
4. Ортақ білім беру кеңістігін құру мәселесін В.Е. Шукшунов, А.И. Галаган
көтерген [44; 45].
5. Жоғары білім берудің жүйелі реформалары туралы өз еңбегінде Л.Я. Гуревич
айтып кеткен [46].
6. Оқу процесін жетілдіру мәселесі туралы Ф. Янушкевич, В.А. Кан-Калик
зерттеген [47; 48].
7. Халықаралық ынтымақтастық туралы мәселені А.К. Құсаинов қозғаған [49].
8. Білім берудің көп сатылы жүйесі жағдайындағы университет студенттерінің
кәсіби қалыптасуын К.К. Закирьянов зерттеген [50].
Сонымен, зерттей келе біздің анықтағанымыз кәсіби тұрғысынан тұлғаның
өзін-өзі дамытудың тұжырымдамалық негіздері жасалмаған.
Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесінде 180 жоғары оқу
мекемелері мен 86 жоғары оқу орындарының филиалдары бар, осылардың ішінде 9
жетекші университеттердің ерекше статусы бар. Педагогикалық кадрлардың
біліктілігін көтеру мен оларды дайындау жүйесін жетілдіру мақсатында 2004
жылы 5 мемлекеттік педагогикалық жоғары оқу орындары ашылды. Осы жоғары оқу
орындарының реестірі аккредидатиялық мүшемен Лиссабондық конвенцияның
ережелеріне сәйкес және академиялық мойындау сұрақтары бойынша ұлттық
ақпараттық орталықтардың Европалық жүйесіне беріледі.
Классикалық университеттерде педагогикалық-психологиялық мамандықтары
бойынша 45-тен 95 %-ке дейін бітірушілер (факультеттеріне қарай) білім
алынады екен және осы сан үнемі өсу үстінде. Қазіргі кезде педагогикалық
еңбек нарығы ең ашық болып табылады.
Жоғарыда айтылғанның барлығы болашақ педагог-психологтардың кәсіби
өзін-өзі қалыптастыру проблемасының ғылыми қарастырылуы бүгінгі күнде
келесі аспектілерде өзекті болатынын көрсетеді:
- әлеуметтік-саяси жоспарда (2005-2010 жылдары Қазақстан Республикасында
білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру);
- университеттік білім беруді дамыту жоспарында;
- мектептік білім беруді дамыту жоспарында;
- болашақ мамандарда әлеуметтік-кәсіби бағдарлау жоспарында;
- педагог пен студент ынтымақтастығы негізінде педагог тұлғасын дамыту
жоспарында.
Қазіргі зерттеулерде қоғамның кәсіби дәрежелі мамандарды талап ету
және олардың тұлғасына ерекше талап қою арасында; дағдыларын өздігінен
дамыту қажеттілігі мен маманның жеке қасиеттерін дамыту ретінде өзін-өзі
дамыту және тәжірибеде осы қасиеттерді қалыптастыру стратегиясының болмауы
арасындағы қарама-қайшылық туындап отыр. Негізгі қарама- қайшылықтың мәні
тұлғаның өзін-өзі дамуы белгілі бір жағдайда өзін-өзі ұсынудың объективті
үдерісі ретінде қаралуында болады екен. Бірақ тұлғаның өзін-өзі дамуының
ерікті процесі басталуы үшін белгілі бір қажетті жағдайлардың болуы маңызды
және оған басшылық ету керек. Осы іс-әрекеттің мәні ғылымда да, тәжірибеде
қарастырылмаған. Сонымен осы зерттеудің өзектілігі бір жағынан тәжірибе
талаптарына жауап беруімен байланысты болады және екінші жағынан осындай іс-
әрекеттің теориялық негізін анықтау деп қарастырамыз. Осы қарама-
қайшылықтың шешілуінің тиімді жолдары мен тәсілдерін іздестіру барысында
зерттеуміздің тақырыбын таңдауға мүмкіндік берді: Болашақ маманның өзін-
өзі дамытудың психологиялық- педагогикалық негіздері.
Зерттеудің объектісі: Жоғары оқу орындарындағы тұтас педагогикалық процесі.
Зерттеу пәні: Жоғары оқу орындарындағы болашақ маманның өзін-өзі дамыту
үрдісі.
Зерттеудің мақсаты: Болашақ маманның өзін-өзі дамытуының тиімді жолдарын,
жағдайлары мен тәсілдерін анықтап, олардың теориялық негіздемесін жасау.
Зерттеу міндеттері:
– психологиялық-педагогикалық зерттеулер тұрғысынан
өзін-өзі дамытудың феноменін талдау негізінде тұлғаның
өзін-өзі дамытудың теориялық негіздерін анықтау;
– маман мәдениетінің негізгі компоненттерін анықтау;
– тұлға дамуы тұрғысынан болашақ маманның кәсіби-
тұлғалық мәдениетінің құрылымдық компонентерін анықтау;
– болашақ маман тұлғасының құрылымдық моделін;
– болашақ маманның кәсіби өзін-өзі дамытудың моделін
жасау.
Зерттеудің болжамы: Егер, жоғары оқу орнында білім беру мен тәрбиелеудің
теориялық негізі жүйеленсе және оқытудың тұлғаға бағытталған жүйесі іске
асырылса, онда болашақ маманның теориялық білімі ауқымдалып өзін-өзі
дамытудың педагогикалық –психологиялық мүмкіндіктері артар еді.
Зерттеудің методологиялық негізі:
• жоғары мектеп дидактикасы, білім беру теориясы,
жүйелілік көзқарасы теориясы, тұлғаға бағытталған
көзқарас теориясы, Л.С. Выготскийдің мәдени-тарихи
тұжырымдамасы, экзистенционализмнің философиялық
аспектілері, ҚР білімберу және тәрбие саласындағы
нормативтік-құқықтық құжаттар;
• өзін-өзі дамыту үдерісінің тұжырымдамалық бағыттары, оларға
жалпы ғылыми категорияларды тұлға, тұлғалық өсу, өзін- өзі
дамыту талдау жатады;
• Л.С. Выготскийдің, С.Л. Рубинштейннің, А.Н. Леонтьевтің дамыту
педагогикасының идеялары, іс-әрекет теориясының негізгі
ережелері, А.Г. Ковалев, В.А. Сластенин дамытқан тұлғаның жалпы
психологиялық теориясы [51; 52; 53; 54];
• Л.С. Выготскийдің, М.С. Каганның, А.Н. Леонтьевтің, С.Л.
Рубинштейннің білім беру философиясы, таным теориясы, тұлға
қалыптасуының теориясы;
• Б.Г. Ананьевтің, Л.С. Выготскийдің, А.Н. Леонтьевтің, С.Л.
Рубинштейннің іс-әрекет тұжырымдамасының негіздемесі [55];
Психологиялық-педагогикалық зерттеудің пәні мен логикасына сәйкес,
келесі педагогикалық-психологиялық әдістері қолданылады (анализ, синтез,
классификациялау, жобалау және т.б.); эмпирикалық (педагогикалық-
психологиялық бақылау, ауызша және жазбаша сұрақ-жауап, сауалнамалар,
педагогикалық-психологиялық эксперимент, педагогикалық-психологиялық
диагностика); математикалық (алынған мәліметтерді тіркеу, шкаласын жасау,
ранжирование). Осы әдістер экспериментальдық жұмыстың негізі болып,
қойылған мақсаттар мен міндеттеріне сәйкес зерттеудің тұтастығын қамтамасыз
етеді.
1-ші тарауда философиялық, психологиялық және педагогикалық тұрғысынан
болашақ маманды дайындау үрдісі мәнінің теориялық талдау негізіне ғылыми-
методологиялық ережелері анықталған.
Болашақ маманның кәсіби мобильдігі мен біліктері дегеніміз практикалық
және ғылыми іс-әрекетте, қоғамдық тәжірибеде үнемі туындайтын өзгерістерге
жылдам жауап беру қабілеттілігі болып табылады. Егер жоғары оқу орны өз
түліктерін кәсіби іс-әрекеттің кіріктірілген (пәнаралық) негіздері
аумағындағы білім мен біліктермен қамтамасыз етсе, оларды маман етіп
дайындаса, әр пәннің аппаратын (методологиясын, негізгі ұғымдары мен
ережелерін) таным және кәсіби іс-әрекет міндеттерін шешудің тәсілі пайда
алынатын етіп шығарса бұл мүмкін болар еді. Болашақ мамандарды кәсіби
дайындаудың методологиялық алғышарттары ретінде жоғары кәсіби білім
берудегі жүйелі-іс-әрекеттік тұжырым қарастырылады. Жүйелі-іс-әрекеттік
тұжырым екі мағынаны біріктіреді: жүйелі көзқарас пен іс-әрекеттік
көзқарас.
Жүйелі көзқарас негізінде біржақты аналитикалық, зерттеудің себептік
әдістерінен бас тартады да, объектінің кіріктірілген қасиеттері тұтастығына
сүйенеді, олардың пайда болуына, сондықтан да қоршаған ортамен объектінің
өзіндегі байланыстар мен өзара әрекеттестігін анықтауға назар аударылады.
Жүйелілік көзқарасы – жинақталған термин. Онымен түрлі нақты ғылымдардан
және өз объектілерін зерттеудің біртұтас тенденциясымен біріктірілген
бағыттарды белгілейді. Жүйелілік көзқарасы – жүйелі талдау позициясы
тұрғысынан біртұтас ретіндегі құбылысты дамытудың мәнді заңдылықтарын
кешенді зерттеу болып табылады. Сонымен, жоғары оқу орындарында жүйелілік
көзқарасы кәсіби дайындықты жоспарлау мен ұйымдастыруға, толығынан талдауға
мүмкіндіктерді ашады оның ерік жігерін шындайды. Сондықтан да мінезі мен іс-
әрекетіндегі келеңсіздікті жоюда алдына қатаң мақсат пен талап қою және
соған жетудің қажеттігін негіздеу, кейде соны орындауды нақты уақытын
белгілеуді де маңызы зор. Соның бәрі жан-жақты ойлауды ойлауды талап
етеді,барлық мүмкіншіліктер мен кедергілердің ара салмағын салмақтауға тура
келеді, сонан соң бірнеше күн іштей қайталап әбден санаға сінген ше
қорытылады. Сонымен бірге өзін-өзі тәрбиелеу мен дамытудың жіктелген
бағдарламасы жасалады, мінез-құлық тәртібі белгіленеді. Мысалы,басталады
жаман сөздерден арылу,жолдастардың артынан ойсыз ере бермеуден, орынсыз
сөзге араласпау, біреудің сөзін бөлмеу,әр кезде сөзде тұру,өз орынын үнемі
жұмыс жағдайында ұстау тағы басқаосындау кезде ған ол өмірге бейім барлық
жағынан жан-жақты болады.Жалпы адамзаттық құндылықтар болып саналатын
адамгершілік мұраларды,рухани ағартушылық қасиеттерді бүгінгі ұрпақтың
меншігіне айналдыру. Адам өзі алдын атқаратын істерін ойша бейнелеуі жылы
өзі өзі тәрбиелеу мен дамытуға кірісер де,оның санасында қалыптасқан
болашақ істерін өз әрекетін мен іс-қимылы арқылы атқаратын істерін
орындауға өзін ынғайлап дайындайды. Соларды орындауды санасында
қалыптастырады. Егер ойша жасалған бағдарлама бойынша жеке басты
тәжірбиелік іс әрекетке жетектейтін болса, онда оны іске асыруға деген.
Жүйе сипаттамаларының минимальды жиынтығына жататындар: әр элементтің
құрамы (оған кіретін элементтердің жиынтығы), құрылымы (олардың арасындағы
байланыс) мен әр элементтің қызметтері, оның рөлі мен жүйдегі мағынасы.
Жүйенің элементі, өз кезегінде, жүйе бола алады, анағұрлым кең жүйеге оның
бөлігі немесе шағын жүйесі болып кіреді.
Жүйелі талдау, зерттеу әдістері жүйесі туралы оқу, іс-әрекет
негізінде күрделі жүйе болып табылады. Ол педагогикалық-психологиялық
мәселелер шешімінің негіздемесі мен іске асуына бағытталған. Талдау
барысында, зерттелініп отырған проблемасы тұрғысынан, іс-әрекеттің
құрылымдық компоненттері қаралады: қажеттіліктері (мотивтері), мақсат
орындаушылық, өзін-өзі басқару, басқару. Іс-әрекет философиялық тұрғыдан
қоршаған ортаға белсенді қатынасының арнайы адами формасы болып табылады,
мазмұнын мақсатты түрдегі және қайта құрылудың өзгерісін қамтиды. Кәсіби
педагогикада іс-әрекеттік көзқарас – практикалық өмірдің түрлі
аймақтарындағы іс-әрекеттің қанағаттануының және тиімділігі үшін қажетті,
білімдер мен біліктердің бірінші меңгеруін қамтамасыз ететін, ұстанымдар,
формалар мен әдістердің жүйесі. Іс-әрекеттік көз-қарастың мәні Б.Г.
Ананьевтің, Л.С. Выготскийдің, М.С. Каганның, А.Н. Леонтьевтің, С.Л.
Рубинштейннің және т.б. еңбектерінде ашылады. Әлеуметтік және
психологиялық іс-әрекет түрлі әрекеттер мен операциялар жиынтығынан
құралатын нақты үрдіс ретінде анықталады (А.Н.Леонтьев); қоршаған ортамен
субъектінің әрекеттестігі ретінде (Л.С. Рубинштейн); адамның өмір сүру
тәсілі ретінде (М.С. Каган); әр адамның нақты өміріне қажетті белгілі бір
формалардың жиынтығы ретінде (ойын, оқу, еңбек) және онтогенезде жетекші
рөлді атқаратын (Б.Г. Ананьев) болып табылады.
Зерттеу барысында келесі зерттеу әдістемелері қолданылды:
А) теориялық зерттеу проблемасы бойынша философиялық, педагогикалық,
психологиялық әдебиеттерді талдау;
Б) эмпирикалық педагогикалық бақылау, сұхбаттасу өткізу, сауалнама алу,
тестілеу, психологиялық-педагогикалық эксперимент, математикалық өңдеу
әдістері.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
1. Зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттердің теориялық және салыстырмалық
талдауы жасалынады;
2. Болашақ маманның өзін-өзі дамыту үшін оқыту процесінің жетілдіру
механизмдерін анықтап қарастырылады (студенттердің өмірлік
тәжірибесімен психологиялық-педагогикалық теориясының мазмұны мен іс-
әрекеттік механизмдерін анықтайтын ішкі тұлғалық ұстанымдарға сыртқы
әсерлердің ауысуы);
3. Студенттердің кәсіби өзін-өзі дамытуын қамтамасыз ететін педагогикалық
жағдайлар кешені жасалынады (арнайы және кәсіби дайындығының бірігуі
мен кіріктіруі негізінде кәсіби дайындықтың тәсілдері мен жолдарын,
мазмұнын талдау өз еркімен өзбетінше әрекетін қамтамасыз етеді; тиімді
кәсіби қалыптасуын қамтамасыз ететін өзбетінше шығармашылық іс-әрекеті
үшін білім беру кеңістігін құру);
4. Болашақ маманның тұлға ретіндегі өзін-өзі дамытудың нәтижелілігін
және кәсіби қалыптасуының өлшемдерін жасалады (мотивациялық,
мазмұндық, операционалдық және рефлексивті).
Теориялық маңыздылығы: болашақ маман тұлғасының кәсіби қалыптасуы
барысындағы өзін-өзі дамыту мәнінің теориялық негіздемесі жасалады.

Практикалық маңыздылығы: болашақ маманның кәсіби өзін-өзі дамытудың моделі
жасалады.
Зерттеу жұмысы келесі кезеңдерден тұрады:
І-ші кезеңі зерттеу мәселесі бойынша арнайы әдебиеттерді зерттеу мен
олардың теориялық-методологиялық талдауын жасау; болашақ мамандарды
дайындаудың оң тәжірибесін зерттеу мен жалпылау; ғылыми аппараты мен
болжауын жасау, тәжірибе-экспериментальдық жұмыстың негізгі бағыттарын
анықтау мен тәжирибелік материалдар жинақтау. ІІ-кезеңі – болашақ маманның
тұлғалық-кәсіби моделін жасау. ІІ – тәжирибелік жұмыстың алынған
нәтижелерін талдау мен жалпылау, алынған теориялық және тәжірибелік
қорытындыларды нақтылау, зерттеудің теориялық және тәжирибелік бөлімдерін
жүйелеу, диплом жұмысын әзірлеу.
Ғылыми нәтижелер осы зерттеудің негізгі ережелері мен қорытындылары
тұжырымдамалық көзқарастарының методологиялық негіздемесімен; олардың
теориялық талдауымен; тәжирибелік жұмыс барысында зерттеудің оң
нәтижелерімен; зерттеудің ғылыми аппаратына сәйкес әдістер мен
әдістемелерді пайдаланумен; алынған нәтижелерді тексеру мен таладаумен
қамтамасызданады.
Қорғауға келесі ережелер ұсынылады:
• кәсіби өзбетінше қалыптасу – тұлғаның өзін-өзі дамыту үрдісі
көпаспектілі және көп факторлы болып табылады. Ол болашақ маманның
тұлғалық гуманистік, мотивациялық-құндылық кезеңдері мен, когнитивті,
тұлғалық-іс-әрекеттік сфераларынан құрылады;
• болашақ маманның кәсіби өзін-өзі қалыптасуының педагогикалық-
психологиялық қамтамасыздануы тұрғысынан жоғары білім беру
орындарындағы білім беру үрдісі студенттің кәсіби өсуіне бағытталған
ішкі ұмтылыстарына, өзін-өзі дамытуына, өзбетінше оқу-танымдық іс-
әрекеті мотивациясын қалыптастыруына бағытталып, болашақ маманның
мақсатты түрдегі өзін-өзі құру мен дамыту іс-әрекетінінің тиімді
жағдайларын жасайды;
• жоғары оқу орындарындағы білім беру жүйесінде тұлғаның өзін-өзі
анықталуына, өзін-өзі іске асыруына, өзін-өзі көрсете білуіне
бағытталған субъектілердің өзара әректетінен тұратын педагогикалық
процесінің кәсіби бағыттылығының түрлі шығармашылық іс-әрекетінде өзін-
өзі қалыптасуын қаматамасыз ететін, білім беру үдерісінде арнайы
білімдер мен тәжирибелік дайындықтың кіріктіруі ретінде, педагогикалық
жағдайлардың жиынтығын сақтау барысында болашақ маманның тұлғалық-
кәсіби өзін-өзі дамуының нәтижелілігіне жетеміз.
Зерттеудің құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан,
қорытындысынан, әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

1 ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА БОЛАШАҚ МАМАНДЫ ДАЙЫНДАУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Болашақ мамандарды дайындаудың психологиялық-педагогикалық
аспектілері
Басқа ғылымдар арасында психология ғылымының маңыздылығы туралы айтатын
болсақ, басқарушылық қызметтегі адамдармен қарым-қатынас 80 пайызды
құрайды, “адам-машина” жүйесіндегі апаттардың 70 пайызы операторлардың
кінәсінен болады. Бүгін ел нарықтық қатынастарға ауысып, психология
ғылымының жаңа бағыттары пайда болып, даму үстінде: нарық психологиясы,
бизнес психологиясы, ақша психологиясы, жарнама психологиясы, кәсіпкерлік
психологиясы және т.б. Психологиялық білімдер саясаткерлерге,
менеджерлерге, дәрігерлерге, заңгерлерге, педагогтарға, инженерлерге қажет.
Қазіргі күні кадрлық менеджменттегі психодиагностиканы қолдану
маңыздылығына тоқталып кеткеніміз дұрыс болады, мысалы, коммуникативтік
қабілеттер менеджер іс-әрекетінде үлкен маңыздылыққа ие.
Д.Голланд, тұлғаның белгілі бір мамандыққа сәйкес келуін анықтау
әдістемесінің авторы болады, оның пікірінше вербальды белсенділіктің жоғары
деңгейі кәсіпкер типіндегі тұлғаның маңызды қасиеті болып табылады
(J.Holland, 1973). Сондықтан да коммуникативтік қабілеттерді
диагностикалаудың кадрлық менеджментте маңызы зор.
Психикалық құбылыстармен барлық мамандар кездеседі (психикалық бейнелер
және ұғымдар, түйсіктер мен қабылдаулар, есте сақтау және ойлау
қабілеттері, зейін мен ерік, эмоция мен түс көру, тұлғаның қасиеттері мен
күйлері). Психология адам белсенділігінің заңдылықтарын ашады: оның мінез-
құлығының, қарым-қатынасының, іс-әрекетінің. Психология басқа адамның мінез-
құлығына әсер етудің жолдарын анықтап, өзін-өзі басқаруы бойынша нұсқаулар
жасайды. Ол адам интеллектісі мен қабілеттерін, индивид қасиеттері мен
топтарын анықтаудағы әдістерін береді.
Адам, өз “Менін” және қоршаған ортаны бейнелей отыра, өз белсенділігін
реттей отырып, үнемі психикалық құбылыстарға енеді, бірақ оны ол саналы
түрде ұқпайды. Психология пәні көптеген өмірлік ұғымдарды бітірушінің
сөздік қорына енгізеді. Университеттік білімі бар адам үшін бүгінгі күні
“психика”, “қабылдау”, “мотив”, “қарым-қатынас” деген сөздерді білмеуге
болмайды. Сондықтан да, ХХІ ғасырда психология ғылым ретінде өзекті болады.
Қазіргі кезде жоғары оқу бағдарламаларына “Психология және педагогика”
пәндері кіріктірілген. Бірақ, көп жағдайда, осы пәнге 18 сағат бөлінеді
екен. Сонымен бірге, осы курс жалпы психология және педагогика пәндері
ретінде оқытылады.
Психологиялық емес мамандарға қолданбалы психологиялық пәндер
оқытылмайды: “Басқару психологиясы”, “Қарым-қатынас психологиясы”, “Заң
психологиясы, “Кәсіби іс-әрекет психологиясы”, “Жетістік психологиясы”
және т.б. Қазіргі жағдайда оқытудың психологиялық аспектілерін күшейту
проблемасы өзекті болатындығы сондықтан да. Осы проблемалар қандай болады
екен?
1-шіден, педагогика және психология пәндерін ажырату қажеттілігі бар;
2-шіден, оқу бағдарламаларында психологиялық пәндердің тізімін кеңейту
қажеттілігі бар;
3-шіден, сабақтарға қолдау көрсету негізінде психологиялық әдістемелік
әдебиеттері мен құралдары керек. Психологиялық-педагогикалық тәжірибеде
ойлау процесінде логикалық операцияларының бар жиынтығы пайдаланылмайды:
салыстыру, абстракциялау мен нақтылау, жалпылау. Сабақтарға қызығушылық
тудыратын тәсілдері қолданылмайды: нақты есте қаларлық мысалдар мен
фактілер, цифрлар мен бағдарлар; оқу қиншылықтарын құру; студенттердің
таным іс-әрекеті белсенділігін қалыптастыратын оқытушының оқу іс-әрекеті
тәсілдерінің көптүрлілігін пайдалану және т.б. Қызығушылықтың пайда
болуының мәнді факторы ретінде оқу материалының эмоциялық жағы
қарастырылады, осы мәселелер шешімінің болашақ іс-әрекетпен байланыстылығын
көрсету маңызды. Сабақтарға психологиялық қолдау көрсетудің белгілері
табалдырықтық түйсіктері нормаларын сақтаумен байланысты: дыбыс жиілілігі –
40-80 дб, фонынан жоғары болу – 6 дб; сөздер арасындағы интервалдарды
сақтау - 40 мкс, сөйлеудің темпі – 1 минутта 120 сөз, сөйлеу қарқыны -
20-80 бит секундасына, сөйлемнің ұзындығы – 13 сөзден аспайды.
4-шіден, жоғары оқу орындарында психологиялық қызмет қажеттілігі
туындап отыр. Бүгінгі күні барлық орта мектептерде психологиялық қызметі
бар. Жоғары оқу орындарында психологиялық қызметтің басты мәселесіне
кәсіптік бағдарлау мен кәсіптік таңдау сұрақтары айналар еді. Көптеген
студенттер өз мамандығын дұрыс таңдамайды. Жалпы психологияның негізі
бойынша белгілі бір мамандықты таңдауда студенттің мамандықты таңдаудағы
мотиві маңызды. Осы мотив саналы немесе саналы емес болады. Ал жоғары оқу
орнын бітірген болашақ маман кәсіби таңдау жасауға тиісті. Проблеманың
дұрыс шешіміне байланысты таңдаған кәсіптің меңгеру тиімділігі анықталады,
келекшектегі іс-әрекет тиімділігіне, еңбекпен қамтамасыздануына, кәсіби
дәрежесін көтеруге ұмтылысы мен кәсіби өсуіне негіз болады. Жалпы
психология кафедрасының бірінші курс студенттері арасында өз мамандықтарын
таңдаудың себептері туралы білу үшін, сонымен бірге 1-семестрде оларға
оқылған пәндерге қатынасын анықтау үшін жүргізілген сұрақ-жауаптың
нәтижесі келесідей болды:
1. Себептерін айтқанда: “адамдарға көмек беру ниетім бар”, “адамды танып
білу қызықты”, “адамдарға әсер еткім келеді”, “өз проблемаларымды
шешемін”, “психолог кеңес берді” және т.б. Сонда студенттерде
әлеуметтік және таным мотивтері басым болады.
2. Оларды математика, қазіргі жарытылыстану, информатика пәндері аз
қызықтырады, ал арнайы пәндерден – антропология мен анатомия тіптен
қызықтырмайды екен.
Жауаптардың барысы бойынша тағы да бір анықталғаны, ғылым ретінде
психология пәні және психолог мамандығы туралы пікірлері жеткілікті
дамымаған. Психологтың кәсіби іс-әрекеті олармен түсініктіліктік және
кеңесберушілік ретінде қаралады. Психология туралы тұрмыстық пікірлері 21
пайызды құрайды. Осыған орай психологтың іс-әрекеті туралы ғылыми зерттеу
жұмысы ретінде көзқарасы қалыптаспаған. Психолог жұмысының қиындығы мен
көптүрлілігін ұқпаған. Яғни психологтың жұмысы туралы пікірлері аңыздар
негізінде қалыптасқан. Студенттердің 16 пайызы өз мамандығын түсер алдында
бір жыл бұрын таңдағанын айтады. Олардың кейбіреулері өз болашағына қатысты
нақты мақсаттарын белгілеген. Сонымен, бірінші курс студенттерінде
“020400” мамандығы бойынша әлі де психология пәні мазмұны туралы және
психологтың кәсіби іс-әрекеті туралы, психолог мамандығы туралы
көзқарастары ғылыми тұрғыдан қалыптасып, дамымаған. Бұл дегеніміз
абитуриенттер арасында болашақ мамандығы ерекшеліктері туралы насихаттап,
үйрету қажеттілігін көрсетеді. Психологиялық қызмет басынан жалпы даму
деңгейіне қарай оларды іріктеп анықтауға мүмкіндік берер еді.
Жоғары эмоционалдық тітіркену, стресс жағдайларын айзайтуды көздейді,
психологиялық кеңес беру мен психокоррекцияны керек етеді. Психологиялық
қызмет жоғары оқу орындарының отбасы, басқа әлеуметтік институттарымен
бірлесіп болашақ маманның моральдық құндылықтарын қалыптастыру мақсатында
олардың күштерін реттеуге мүмкіндік береді. Өмір қазіргі күні әрбір қадамды
психологтың нұсқауларымен салыстыруды талап етеді. Осы ереженің сақталуы
болашақ маманды дайындаудың деңгейін көтереді, олар қазіргі үнемі
күрделену үстіндегі талаптарға сай болар еді.
Қазіргі жағдайда студенттік кезінен бастап жоғары дәрежелі маманды
дайындау 1-ші орында оқу пәндерінің мазмұнына, оқытудың тәсілдері мен
әдістеріне кәсіби білім берудің бүкіл жүйесінің белсенді қосылуын талап
етеді. Оқу бағдарламалары бір ғылымның ғылыми білімдерінің бейнесі ретінде
абстрактылы сипатта болатын және шындық өмірден, яғни болашақ кәсіби іс-
әрекеттен алшақ болатын пәнді оқыту деп түсіндіріледі. Осындай білім беру
мазмұнына көзқарас энциклопедизм идеясы мен тұлғаның жан-жақты даму
тұжырымдамасынан туындайды, бірақ әлеуметтік тәжірибені меңгеру негізінде
жатқан психологиялық механизмдерді есепке алмайды.
Оқыту барысында оқушылар қоршаған дүние және өзі туралы түрлі мағлұмат
алады. Бірақ осы мағлұматтар егер де тұлға үшін маңызды болмаса өзбетінше
ешқандай рөл атқармайды. Барлығымызға мәлім, бір оқиғалар есімізде ұзақ
қалады, ал басқалары өте тез ұмытылады. Осыған орай, басқа бір мәліметті
мүлдем байқамауымызда мүмкін. 1-ші ретте тұлға үшін оқу пәндері мазмұнының
маңыздылығы анықталып, көптеген зерттеушілері айтып жүр, мысалы, А.А.
Вербицкийдің (1991) пікірі бойынша, мәтінді механикалық түрде есте
сақтауда меңгерілген білім тұлғаның жетістігі болмауы мүмкін, яғни ол үшін
әрекетке бағыттайтын оның әлемге, қоғамға, басқа адамдарға және өзіне
қатынасын білдіретін білімнің болмағандығы.
Е.Б. Тесля болашақ мұғалімдердің кәсіби қызығушылығының қалыптасу
жағдайларын қарастырып, іс-әрекет мағынасының ұғымына көңіл аударды.
Тұлғалық маңызы бар оқытудың методологиялық аспектілері С.Л.
Рубинштейннің, А.Н. Леонтьевтің, А.А. Вербицкийдің, Г. Олпорттың, К.
Роджерстің және т.б. еңбектерінде қаралады. Сонымен бірге осы идеяның
практикалық іске асуы кең дамуын таппады. Оқытудың теориясы мен
технологиясы арасында, оларда оқу пәндерінің белсенді және әлеуметтік
мазмұнының тұлға үшін маңыздылығына тоқталады, бұл жерде А.А. Вербицкийдің
теориясы мен контексті оқыту технологиясын айтуға болады. Контекстік
көзқарас негізінде кешенді зерттеу өткізілді, оның мақсаты – студенттердің
оқу процесі және оқу сабақтары мазмұны маңыздылығы мен оларды кәсіби
дайындықта іске асыру болып табылады.
Педагогикалық кадрларды дайындаудың сапасын көтеру қажеттілігіне орай
2003 жылдың қазан айында Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетіне
Ұлттық педагогикалық университеті деген мәртебесі берілген. Мемлекеттің
әлеуметтік-экономикалық даму динамикасы мен жоғары білікті мамандарды
қоғамның қажет етумен байланысты модернизациялау, үздіксіз білім беруге өту
процестері классикалық университеттік білім беру жүйесінде кадрларды
дайындауға жаңа көзқарастарды талап етеді. Қазақ Ұлттық педагогикалық
университетте болашақ маманның кәсіби дайындауда психологиялық-
педагогикалық диапозоны кеңейе түсті. Бакалавриат деңгейінде барлық
факульттеттердің студенттері педагогика тарихын, педагогиканың жалпы
негіздерін, тәрбие теориясын, оқыту теориясын, тәрбие жұмысының теориясы
мен әдістемесін, этнопедагогиканы оқиды. Ал, психологиялық дайындық
барысында жалпы психологияны, әлеуметтік, жас шамасы ерекшелігі және
балалар психологиясын, психология тарихын оқиды. Осы жоғарыда айтылған
пәндермен қатар жетекші психологиялық-педагогикалық бағыттары бойынша
арнайы курстарды өткізу тәжірибесі бар: тұтас педагогикалық үрдіс теориясы
бойынша, тұлғаның құндылықтық бағдарлану теориясы бойынша, халықтық
педагогикасы бойынша, саяси мәдениетті қалыптастыру теориясы бойынша.
Арнайы дайындықтар бакалавриаттың 1-ші деңгейінің 3, 4 курстарында –
арнайы және кәсіби бағдарламаларды меңгеру арқылы университетте маманның
кәсіби дайындығының негізгі бағдары ретінде жоғары дамыған шығармашылық
потенциалы бар және аналитикалық ойлауымен, іргелі кәсіби дайындығымен,
еңбектің динамикалы түрде өзгермелі жағдайларға және маманның кәсіби
деңгейінің талаптарына назар аудару қабілеттілігімен, дүниетанымдық
мәдениетімен, қалыптасқан жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесімен үйлесімді
тұлғаны қалыптастыру қажеттігін С.С. Құнанбаева айтқан [56, 217].
Көрсетілген маманның сапалық сипаттамалары және олармен анықталған
және университет алдында тұрған білім берушілік міндеттер бүгінгі
университетте маманның кәсіби дайындығы жүйесінің негізгі ұстанымдарының
сипатын анықтайды. Олар ұстанымдардың бір қатарын айқындайды. С.И. Гессен
университтеттік білім берудің негізгі ұстанымдарын анықтайды, олар:
- Университетте ғылыми білімнің толық болуы;
- Дәріс беру және оқыту үрдісіндегі еркіндік және шығармашылық рухы;
- Оқытушылар мен ғалымдарды дайындау жолымен университеттің өзін-өзі
тәрбиелеуге қабілеттілігі [57, 15].
Өз мәнісінде университет, С.И. Гессеннің көзқарасы бойынша, ешқандай
билікке төзбейтін, ғалымдардың одағы болады екен. Қазақстандық ғалым С.С.
Құнанбаева университеттік білім беру ұстанымдарының маңыздылығын ерекше
көрсетеді. Ол бүгінгі университетте мамандарды дайындау жүйесінің негізгі
ұстанымдарын анықтайды:
- білім беру мазмұнының ғылыми іргелілігі мен жүйелілігі ұстанымы;
- білім берудің қол жетерлік ұстанымы;
- ғылым мен өндіріспен алынатын білімдер жүйесінің кешенділік және
кіріктірілген ұстанымы;
- мамандар дайындаудың жаңашылдық және ақпараттылық бағдарлаушылық
принципі;
- білім берудің болжаушылық және жан-жақтылық принципі;
- кәсіби құзырлылықтың көп варианттылық және таңдамалық ұстанымы;
- алынатын біліктіліктің қолданбалы нәтижелілігінің ұстанымы;
- білім беру мазмұны мен құрылымының көпдеңгейлі және үздіксіздік
ұстанымы;
- біліктілік сертификатымен әр баспалдағының кәсіби аяқталу немесе
академиялық ұстанымы;
- білім беру мақсаттарының әлеуметтік-экономикалық айқындаушылық ұстанымы;
- оқу процесін ұйымдастырудың проблемалылығының және интерақтивтілігінің
ұстанымы;
- білім беруді гуманизациялау ұстанымы;
- оқыту үрдісінде ынтамақтастық пен серіктестік ұстанымы;
- білім беру мазмұнының коммуникативтілік мәдениет аралық ұстанымы;
- мамандардың кәсіби және академиялық біліктілігінің халықаралық-мәртебелік
деңгейін қамтамасыз ету ұстанымы;
- бағдарлаушылық көзқарасы ұстанымын айтамыз;
- оқытуда жеке және тұлғаға бағытталған көзқарас ұстанымы.
Осы ұстанымдар кезкелген университетке лайықты, бірақ ғылым мен
үниверситеттік білімберу түсінігі тарихи тұрғысынан өзгеріп тұрды. Олардың
көзқарасын қолдай отырып, маңызды ұстаным ретінде болашақ мамандарды
оқытудағы, тәрбиелеудегі, дамытудағы тұлғаға-бағытталған ұстанымды айтамыз.

Әлемдік және отандық тәжірибеде жоғары білім берудің жүйесі дамуын
бағалау үшін сәйкестілік дәрежелерінің бір қатар параметрлері қолданылады:
- Қоғам мен мемлекет дамуының нақты тарихи кезеңінде мамандарды нақты
қажеттілігіне және жоғары білікті мамандарды дайындаудағы білімберу
саясатына;
- Жоғары мектеп стандарттарына және алынатын нәтижелерге білімберу
мақсаттарына;
- Жоғары оқу орындарының мемлекеттік және басқа көздерімен қаржылануына;
- Әлемдік стандарттарға жоғары білімберу деңгейі мен сапасына;
- Әлемдік білімберу кеңістікке кіріру барысындағы жоғары білім беру
жүйесінің ашықтығы;
- Әлемдік стандарттарға бағдарлануға және қалыптасқан дәстүрлердің
сақталуына.
Сонымен, адаммен мәдени құндылықтарды меңгеру және жаңғырту, дамыту
процесі классикалық университеттік білім беруді адамзаттың жетістіктерінің
шындарына жеткізеді екен. Өйткені университеттік білім берудің мазмұны
барлық елдер мен халықтардың үздіксіз мәдени мұрасынан, адамның өмірі мен
тәжірибесінен, ғылымның салаларынан толықтырылады. Сондықтан да жоғары
білім беру бөлек салалардың (экономиканың, саясаттың, мәдениеттің,
ғылымның) және бүкіл қоғамның дамуының маңызды және қажетті факторы
ретінде анықтаймыз.
Ғылымның және технологияның қазіргі жағдайын бейнелейтін іргелі білім
беру болашақ мамандардың тек тәжірибені белсенді қабылдауды ғана емес,
сонымен бірге интеллектуалдық шығармашылық қабілеттілігін анықтайды. Білім
берудің осындай түріне қазіргі жоғары оқу орындары бағытталған. Болашақ
мамандардың, яғни студенттердің зерттеу біліктерін меңгеру қажеттілігі, бір
жағынан, Мемлекеттік стандарттың талаптарымен айқындалады, онда бітірушің
осы кәсіби аспектісі нақты анықталған; екінші жағынан, қазіргі мамандардың
кәсіби іс-әрекетімен айқындалады. Мысалы, болашақ мамандарды дайындауда іс-
әрекеттің шығармашылық табиғатына сәйкес соның ішінде оны ұйымдастырудың
мәселесіне ғылыми тұрғыдан қарауға білім беру үрдісін зерттеу білігін
педагогтардан талап етеді. Сондықтан да жоғары оқу орындарының студенттерін
зерттеу жұмысы процедурасымен таныстыру керек, оны өткізудің дағдыларын
қалыптастыру маңызды. Мысалға, оқыту барысында зерттеушілік білігін
қалыптастыру. Ол кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысына студенттің қатысуы
барысында қалыптасады. Соңғысына студенттерді бағыттары мен кафедра
педагогтарының ғылыми жұмысы ерекшеліктері тақырыпшасымен кеңінен таныстыру
ықпал етеді, оларды проблемалық топтарға қатыстыру, табысты зерттеу жұмысын
жүргізетін оқытушыларға 1-ші курстан бастап бекіту ретінде анықтаймыз.
Осы бағыттағы тиімді жұмысты қамтамасыз етудің бір жолы ретінде бүкіл
кәсіби дайындықтың жүйесін асыру барысындағы зерттеушілік білімдердің
тиімді қалыптасу процесінің үздіксіздігі мен тұтастығын ерекше айтамыз.
Оған аудиториялық сабақ пен студенттің өзбетінше жұмысы (студенттің оқу-
зерттеу жұмысы мен ғылыми-зерттеу жұмысы), аталған біліктерді саналы және
шығармашылық меңгерудегі түрлі әдістер мен тәсілдерді пайдаланумен
байланысты тәжірибе жатады.
Зерттеу біліктерін қалыптастырудың маңызды келесі бір жолы зерттеу іс-
әрекетінің мотивациясы болып табылады: қызығушылықтарын қалыптастыру,
зерттеу жұмысы қажеттілігін, кәсіби өсу үшін зерттеу біліктер жүйесін
меңгерудің маңыздылығын негіздеу. Мысалға, осы жұмыстың бастамасы ретінде 1-
ші курстан бастап, Мамандыққа кіріспе деп аталатын курс ұйымдастырылады,
оның барысында кәсіби іс-әрекеттің ерекшелігі мен шығармашылық сипатын
ашуға болады. Практикалық сабақтарда өзін-өзі тану, өзіндік қызығушылықтары
мен қабілеттерін талдау, олардың таңдаған кәсіпке сәйкестілігін анықтау
үшін жағдайлар жасалынады. Конференцияға рефераттарды дайындау барысында
студенттер жаңашыл-зерттеушілердің жетістіктерімен танысады, шартты түрде
айтқанда, өзіне салып көреді шеберге лайықты кәсіби біліктер мен тұлғалық
қасиеттерді дамытады. Оның барысында келесідей зерттеу біліктерін меңгеру
қажеттілігін саналы түрде ұғынады, бар тәжірибені талдау, проблеманы
тұжырымдау, өз жұмысының нәтижесін жүйелеу сияқты білігі болады.
Аталған біліктердің қалыптастыру мен зерттеу жұмысына қызығушылықты
тудыру шарасына түрлі кәсіби жағдайларды талдау мен диагностикалауды
өткізу, жоғары курс студенттерімен орындалатын тапсырмалардың зерттеушілік
сипаты және т.б. басқа әдістері жатады. Сонымен қажетті білімдер жүйесі
және қалыптасқан зерттеу біліктерімен бірге зерттеу іс-әрекетіне оң
көзқарастың болуы болашақ маманның тиімді кәсіби іс-әрекетке дайындығын
қалыптастырады.
Келесі бір жолы жоғары оқу орындарындағы студенттердің кәсіби-тұлғалық
мәдениетін қалыптастыру болады. Болашақ маманның кәсіби дайындаудың
тиімділігі сонымен бірге жүйелілік-құндылық көзқарасы тұрғысынан
қарамақайшылықтардың талдауын жоғары білім берудің қазіргі жүйесінің
талдауын талап етеді. Маманның кәсіби-тұлғалық мәдениеті оның іс-әрекетінің
бүкіл жүйесін қамту керек. Осыған орай жоғары оқу орындары студенттерінің
білім беру мазмұнын қалыптастыруда жүйелілік-құндылықтық көзқарасы өзекті
болады. Болашақ маманның мәдениетін қалыптастыру проблемаларын тиімді шешу,
оның әлеуметтік қасиеттерін дамыту, оқу-тәрбие және ұйымдастырушылық
жұмысты талдау, теориялық және нақты-әлеуметтік зерттеулердің, тұлғалық
және мәдениет теориясы нәтижесін жалпылау негізінде анықтаймыз. Мысалы,
Ұлттық мәдениеттің қайнар бастау – оның (ұлттың) рухани азығының асылдық
қасиеттеріне байланысты. Халықтың рухани қуатын арттыратын қозғаушы күш –
оның әдебиеті, өнері, әдебі мен эстетикалық болмысы. Әдеп-мәдениет
негізі, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер – халық мәдениетінің көрсеткіштері
т.б. тақырыптар бойынша оқылатын лекцияларда ұлттық мәдениеттің негіздері,
оның бұрынғысы мен қазіргісі және болашағы ғылыми дәлелдемелермен айқын
көрсетіледі - деп Әдібай Табылды тұжырымдаған [5, 11-12]. Осы анықтамаға
сүйене айтатынымыз, мәдениет білім берушілік құндылық ретінде студенттерді
дамыту мен тәрбиелеуде тұрмыстың, ойлаудың, сауықтырудың мәдениетінде,
қатынасында, қарым-қатынасында, дүниетанымдық мәдениетінде, эстетикалық іс-
әрекетінде көрініс береді.
Бұл жерде маңыздысы – болашақ маман тұлғасының мәдениеті қалыптасуының
механизмдерін зерттеу мақсатты түрде ұйымдастырылған жоқ, бірақ дамытушылық
білім беру мен мәдениеттің аспектілері қаралады. Олардың өзара байланысы
мен өзара ауысуы қаралады. Осыған орай болашақ маманды дайындау жүйесінде
студенттердің үнемі өз кәсіби дәрежесін көтеру қабілетін дамыту шеңберінде
жүйелілік-құндылық көзқарасының маңыздылығы оқу-тәрбие процесі барысында
анықталады. Осыған байланысты жоғары кәсіби білім беру іс-әрекет ретінде
қарастырылады, оның мақсаты – болашақ маманның интеллектуалдық-адамгершілік
тұлғасын дамыту, тұлғалық өсуінің қамтамасыз ету ретінде анықтаймыз.
Болашақ маманды дайындаудағы жүйелілік-құндылықтық көзқарасы жүйе
ретінде түсініледі, ол жаңа ғасырдың мәдени және гуманистік құндылықтарын
есепке алу негізінде құрылады: субъектіліктің, диалогиялықтың, дамытушы
бағыттылықтың, кіріктірушіліктің, іргеліліктің, үздіксіздіктің. Сонымен,
қазіргі білім беру парадигмасын әлеуметтік-тұлғалық, тұлғаға-
бағдарлаушылық, гуманистік білім беру анықталады. Университеттік білім
беруде әдетте парадигманың келесі өзгермелі түрлері айтылады: мәдени-
құндылықтылық парадигмасы, академиялық парадигмасы, кәсіби парадигмасы,
технократиялық парадигмасы, гуманистікпарадигмасы. Жетекші білімберушілік
парадигмасының әсерімен университеттік білім берудің басқа моделдері
қалыптасады: а) дәстүрлі немесе классикалық; б) рационалистік.
Мәдени-құндылықтылық парадигмасына сәйкес кәсіби мәдениетті
қалыптастырудың басты мақсаты жоғары білім берудің құндылығы ретінде
студенттердің әлеуметтік маңызы бар қасиеттерін дамыту болып табылады.
Кәсіби білім берудің әлеуметтік-тұлғалық аспектісін іске асырудың негізгі
тәсілі ретінде білім берудің проблемалық, сараптамалық, рефлексивтілік,
диалогтік оқытудың және тәрбиелеудің, ұжымдық мәдени-шығармашылық іс-
әрекеті технологияларын пайдалану деп түсінеміз.
Шығармашылықтың объектісі ретінде маманның бейнелері мен мақсаттары,
символдары мен ұғымдары, қылықтары мен қатынастары, құндылықтары мен
сенімдері қарастырылады. Болашақ маман шығармашылық ізденіс барысында өзі
үшін маңызды жаңалықтар ашады, адамтану ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Германиядағы әлеуметтiк педагогтарды дайындаудың ерекшелiктерi
Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындаудың ғылыми - педагогикалық негіздері
Бакалавриаттағы Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану мамандығының білім беру бағдарламасының мазмұнын жетілдіру мәселесінің ғылыми әдебиеттерде талдануы
Оқушыларға көркемдік білім беруге болашақ мұғалімдерді дайындаудың дидактикалық шарттары
Болашақ дене мәдениеті мамандарын кәсіби дайындаудың ғылыми-педагогикалық негіздері
ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ 2007-2008 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ 1-ШІ ЖАРТЫСЫНДА ӨТКІЗГЕН АШЫҚ САБАҚТАРЫН ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІ
Болашақ педагог-психологтерді инновациялық іс әрекетке даярлау
Кәсіптік оқу орындарындағы казіргі кезде қолданылатын заманауи техникаларды, оларды қолдану әдістерін анықтау
Болашақ мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде кәсіби дайындау жүйесі
Колледждердегі кәсіптік педагогикалық жүйе
Пәндер