Әбілқайыр хандығының күшеюі және әлсіреуі


М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ . . . 3
І - ТАРАУ. ӘБІЛҚАЙЫР ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ
- «Өзбек» атауының шығу төркіні . . . 10
- Әбілқайыр хандығының құрылуының алғы шарттары . . . 15
- Әбілқайыр хандығының құрылуы . . . 21
ІІ - ТАРАУ. ӘБІЛҚАЙЫР ХАНДЫҒЫНЫҢ КҮШЕЮІ ЖӘНЕ ӘЛСІРЕУІ
2. 1 Әбілқайыр ханның жаулап алу жорықтары. Хандықтың күшеюі . . . 30
2. 2 Көшпелі өзбектердің әлеуметтік - экономикалық қатынастары мен мемлекеттік құрлымы . . . 46
2. 2 Әбілқайыр хандығының әлсіреуі және күйреуі . . . 53
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 56
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 59
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда көк туы көгінде желбіреп, әнұраны аспанында қалықтап, Елтаңбасы маңдайында жарқырап, Тәуелсіздікке қол жеткізіп отырған қазақ халқы басынан небір қилы замандарды өткергені тарихта қаттаулы. Әр уақыттағы билеп төстеушілердің ұстанған қатаң талап, қатыгез қимыл, сыңаржақ шешімдері қарапайым халықты өз дегендеріне көндіріп, сарсаңға салумен болды. Әр кезеңдердегі қоғамдық өзгерістер мен саяси бағыттарға және сол қоғамдық өзгерістерге қатысты әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты болған толқынды тербелістер де халық жанын жай таптыра қоймады. Болаттай беріктік пен темірдей төзімділіктің нәтижесінде ғана ұлттың ұлттығын сақтап қалған қазақ халқы кешегі көрген азабын тарихқа айналдырып, бүгінгі қолда барын місе тұтып, ертеңінен үміттенумен өмір ағысын жалғастырып отырды.
Осыған орай диплом жұмысымызда қазіргі Қазақстан территориясында, яғни, тарихта кезінде Шығыс Дешті Қыпшақ жері деп аталған аймақта XV ғ. бірінші жартысының екінші ширегінің басында құрылған Көшпелі өзбектер мемлекетінің тарихын қарастырдық.
Таңдап алынған тақырып бүгінгі күні өзекті болып табылады. Мемлекеттің тәуелсіздік алып, көп жылдар бойы ұлтымыздың тамыры тереңге кеткен тарихы коммунистік-тоталитарлық идеологияның үстемдік еткен құрсауынан босап, өз тарихымызды қайта жазу мүмкіндігіне ие болған кезде, Орта Азия мен Қазақстан халықтарының болашағына әсер еткен қырық жыл өмір сүрсе де тарихта өз атын қалдырып кеткен көшпелі өзбектер мемлекетінің тарихы қазіргі таңда қазақ хандығының құрылуын зерттеу мәселесінде, Қазақстан тарихында өзекті орын алады.
Осы тұста біз “Көшпелі өзбектер мемлекеті” кезеңін неге таңдадық деген сұраққа жауап бере кетейік.
Біріншіден, бұл мемлекет қойнауында Қазақ хандығының әлеуметтік- экономикалық ішкі жағдайының пісіп-жетілуіне негіз қаланған еді.
Екіншіден, Әбілқайыр ханның XV ғ. орта шенінде жүргізген көрші елдермен сыртқы саясаты да нәтижелі болды. Оған себепші, хандықтың батысындағы көрші елде болған жағдайды Әбілқайыр хан тиімді пайдалана отырып, онда да өзіне қолайлы адамдарды билікке отырғыза білді. Сөйтіп, Моғолстан мемлекеті мен Темір әулеті мемлекеттері арасындағы қарым-қатынастар Әбілқайыр хандығының ішкі және сыртқы жағдайлары, олардың даму барысы - бәрі XV ғ. 50-ші жж. аяғында Қазақ хандығының құрылуына саяси алғышарттар әзірледі. Сондықтан да біз Қазақ хандығының құрылуы кездейсоқтық емес, Әбілқайыр хан тұсындағы саяси дамуын заңды қорытындысы деп батыл айта аламыз.
Үшіншіден, ол хандық этникалық процестердің барынша даму процесін жеделдетті. XIII ғ. басында Моңғол жаугершілігіне байланысты Моғолстан, Мәуереннахр және Дешті Қыпшақ аймақтарындағы саяси құрылымдардың өзгеруіне байланысты этникалық процестер дамуы тежелсе, XIV ғ. саяси құрылымдар сипаты жағынан жергілікті халықтар мен ру-тайпалардың талабына бейімделе түседі.
Жаулап алушылар жергілікті халықтар арасына сіңісіп, бұрынғы тежелген этникалық процесс жаңа қарқында, жаңа сапада дамыды. Ал, XV ғ. бірінші жартысындағы Дешті Қыпшақтағы Әбілқайыр хандығы, Жетісу мен Шығыс Түркістандағы Моғолстан мемлекеті және Мәуереннахрдағы Ақсақ Темір ұрпақтарының мемлекеті, сондай-ақ Оңтүстік Сібірдегі қалмақ тайпалары, Иран мен Әзірбайжандағы Қара Қоюнлы әулеті аралығындағы шиеленіскен күрделі саяси оқиғалар мен олардың даму барысы XV ғ. орта шенінде Қазақ хандығын дүниеге әкелді.
Сондықтан Керей мен Жәнібек хандар негізін қалаған Қазақ хандығының құрылу тарихын білу үшін Әбілқайыр хандығы тұсындағы саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайларды білгенім жөн.
Енді, Әбілқайыр хандық құрған, тарихи әдебиеттерде «Көшпелі өзбектер» аталған хандықтың этникалық құрылымы қандай еді дегенді де ой елегінен өткізе отырайық. Тарихи деректерге жүгінер болсақ, XІV және XV ғасырларда Шығыс Дешті Қыпшақ хандықтарымен Моғолстан өз алдына дербес мемлекеттер болғанымен, олардың құрамында тайпалар әр түрлі себептерге байланысты миграциялар жасап, ауысып отырады. Солай болғанымен де бұл ауыспалы тайпалар болмашы ғана диалектік айырмашылықтарына қарамастан қыпшақ өңіріндегілердің барлығы түркі тілінде сөйлейді. Өйткені олардың материалдық мәдениеті, тұрмысы мен рухани мәдениеті бір типте болды деп С. Аманжолов [3] өз еңбектерінде дәлелдейді. Ол Қазақстанның төрт бұрышына дерлік ортақ - көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығына негізделген шаруашылық мәдениеті болатын. Ал бұл салалық негізге бейімделген этникалық құрылымды шартты түрде бірнеше этно - саяси терминде атар болсақ, олар мыналар: қыпшақ, өзбек, қазақ, ноғай, өзбек - қазақ, моғол тағы басқалар.
Біз зерттегегелі отырған тақырыбымыздың ауқымына қарай келесі кезекте Әбілқайыр хандығына қарасты болған жерлердің шектесу аймақтарын айтып кетейік. «Көшпелі өзбек» мемлекетінде билік құрған ханның жер ауқымы мейлінше кең болғанын тарихи деректер орынды дәлелдейді. Ой таразысына сала келе Әбілқайыр хандығы қазіргі Қазақстан территориясын табиғи байлығы шалқыған үлкен бөлігіне иелік еткенін аңғарамыз. Ол тарих тілімен өрнектегенде кезіндегі Ноғай ордасынан шығысқа қараған кең аймақты, сондай - ақ батысы Жайықтан, шығыстағы Балқаш көліне дейінгі, оңтүстігі Сырдарияның орта және төменгі ағысынан, солтүстігі Тобыл мен Ертіс өзендерінің орта ағысына дейінгі маң даланы жайлаған халықтарға өз әмірін жүргізді. [1. 35] Зерттеушілердің анықтауларына қарағанда Шығыс Дешті Қыпшақ жерінде Әбілқайыр хан 1428/29 жылдан 1468/69 жыл аралығында табаны жалпақ 40 жыл хандық құрған.
Осы арада біз тілімізге тиек етіп отырған Әбілқайыр хан кім еді, қайдан шыққан деген сауалға да қысқаша тоқтала кету артық болмас деп ойлаймын. Тарихи деректердің айғақтауына қарағанда, 40 жыл ақыл - айламен ел билеген ханның арғы тегі де осал адамдар болмағанына көз жеткіземіз. Өзіндік орнын тарихтан уақыт жеткен сайын нақтылай еншілеген айбарлы да атақты, өз заманының ұлы тұлғасы болған Шыңғыс ханның тегі мен қанынан таралуы - Әбілқайырдың да даңқын асқақтата түсері даусыз. Тарата жүйелер болсақ, Шыңғыс ханнан - Жошы хан, Жошыдан - Шайбан, Шайбаннан - Баниат, Баниаттан - Бахадүр хан, одан Меңгі - Темір, Темірден - Болат, Болаттан - Ибрагим, одан Дәулет - Шайх хан, одан Әбілқайыр болып тізбек құрмақ [4. 218] . 16 - 17 жасынан билікке араласқан Әбілқайыр Дешті Қыпшақ көшпелі тайпаларын біріктіру негізінде «Көшпелі өзбектер» мемлекетін бтлеу дәрежесіне дейін көтеріліп, ел ішінде қалыптасқан саяси жағдайларды өз пайдасына шеше жүріп, айналасындағы аймақтарды күшпен бағындырады. Әрі өзі күшпен бағындырған аймақтарға өз сыбайластарын билеуші етіп тағайындауды да дағдыға айналдыра білген. Ноғай ордасындағы билердің билік басына қалай келгендіктерін Дешті Қыпшақ тайпалары: «Әбілқайыр хан болды, Қазы би болды, Иадгар хан, Масы би болды» [5. 255]
Біз Әбілқайырға және Әбілқайыр хандығына қатысты біраз жайларды қысқаша тілімізге тиек еттік. Бұл айтылған мәселелердің кең ауқымда саралануын диплом жұмысының негізгі тарауына міндеттеп отырғанымыз да ескерте кетейік.
Деректік қоры. Диплом жұмысының маңызын ашып, танымын тереңдете түсу мақсатында қолға түскен ғылыми еңбектердегі деректік шолуларды да барынша пайдаланғанымыз рас. Мәселен, Мас’уд ибн Усман Кухистанидың орта ғасырлық зерттеу еңбегі деректерге байлығымен ерекше назар аударады. Әрине әрбір деректеменің берері де әр басқа екенін айтуға тиіспіз. Біз ұшырастырған материалдардың Ішінде Жошы ұлысының батыс бөлігіндегі тарихи оқиғалар туралы мәліметтер мол болса [6], Шайбан ұлысы жайлы деректік мағлұматтар тым мардымсыз.
Абд ар-Раззак Самаркандидің “Матла ас-садайн” атты еңбегінде көшпелі өзбектердің темірліктермен қарым-қатынасы жөнінде біршама құнды мәліметтер берілген.
Мирхондтың «Раузат ас - сафа» деген еңбегінде көшпелі өзбектер мен Темір әулеті ұрпақтары арасындағы қарым - қатынас кең қамтылады. Әрі бұл еңбек деректердің қайталанбауымен құнды. [31]
Әбілқайыр хандығы жөнінде тағы бір мәнді де маңызды деректер беретін зерттеу - Хондемирдің «Хабиб ас-сийар» атты еңбегінің үшінші бөлімі болып табылады.
«Тарихи гузида Нусрат наме» атты белгісіз автордың шығармасы көшпелі өзбек мемлекетінің құрылымы туралы нақты деректерді мол зерделеген. Атап айтар болсақ, өзбектерден әскер жасақтап, сол әскерді ұстап тұру үшін қажетті қаржы-қаражатты халықтан алым-салықтарды күштеп жинау негізінде қордаландырылып отырылғаны нақты дәлелдермен әшкереленген. Сондай-ақ бұл шығармада көшпелі өзбек мемлекетінің Әбілқайыр хан қайтыс болғаннан кейінгі жағдайы туралы да мәліметтер мол кездеседі. Еңбек көне өзбек тілінде, 1505 жж. шамасында жазылған [ 7] .
Көшпелі өзбектер туралы кпптеген фактілі материалдарды Камал-ад-Дин Бинайдың “Шайбани-наме” атты шығармасынан алуға болады [8] . Мұнда көшпелі өзбек мемлекетінің Шайх-Хайдар ханның билік құрған кезінен (1468-69 жж. ), Шайбани ханның Хорезмді жаулап алғанға дейінгі (1503 ж. ) оқиғалар жүйелі негізде баяндалады. Көшпелі өзбек мемлекетінің құрылымы мен сипатын анықтайтын мәліметтерге де бай. Мемлекет құрамындағы әскерлері азық-түлікпен қамтамасыз ету жайы, шапқыншылықтан түскен олжаны бөлісудегі берекесіздік мәселесі санды деректермен расталады.
Әбілқайыр хандығы тарихын сәтті бейнелеген дерегі де, дәйегі де мол ең құнды еңбек Шайбандықтар сарайының тарихшысы Мас’уд ибн Усман Кухистани жазған “Әбілқайырдың тарихы” атты деректеме [24 ] . Бұл еңбек Масуд Абд ал-Латиф ханның (1540-1551 жж. ) бұйрығымен таза өмірбаяндық тізбелер тұрғысында дүниеге келіп, өмір шындығын нақты көрсеткен.
Автор шығармасының Хорезмді өзбектердің басып алғандығы жайлы бөлімінде өзінің Әбілқайыр ханның ұлы Сүйінші Қожа-ханның секретары болғанын [1. 22], ал қайтыс болған соң оның ұлы Абд ал - Латиф - ханның сарайында қызметте болғанын, сондықтан да Әбілқайырдың өмірін жақсы білетінін айтады.
Көшпелі өзбек мемлекетінің саяси тарихы жөнінде құнды мағлұмат беретін орта ғасырлық деректердің тағы бірі - Балх тұрғыны, XVII ғ. тарихшысы Махмуд ибн Уәлидің еңбегі. Ғалымның шығармасының аты “Бахр әл асрар фи Манакиб ал-ахиар” [23. 322] (“Море тайн относительно доблестей благородных”) . Еңбек 1434-1441 жж. аралығында жазылған. Ол Балх наместнигі, кейіннен Бұхара мен Самарқандтың билеушісі болған Аштарханилік Надыр Мұхаммедке арналған (1642-1645 жж. ) . Автор туындысын жазу барысында зерттеушілер пікіріне жүгінер болсақ, бізге дейін жеткен және жетпеген жиырмадан астам орта ғасырлық деректерді пайдаланған [ 23. 322 ] . Сондықтан да Әбілқайыр хандығы туралы біршама мәліметтер осы еңбекте жинақталғаны байқалады.
Біз осы тұста Әбілқайыр хандығы туралы орта ғасырда дүниеге келген құнды еңбектердің тағы бірі - Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих - и Рашиди» атты шығармасы [11] . Мұнда Қазақ хандығының құрылуы, Керей мен Жәнібек хандардың Әбілқайырдан бөлініп кетуі туралы алғашқы деректермен қоса, хандық ішіндегі талас-тартыстың туу себептеріде, ашық әңгіме болады.
Әрі мұндаXIV-XV ғғ. Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен шығыс Түркістанды және Қырғызстан территориясын жайлаған Моғолстан мемлекетінің тарихы кең көлемде баяндалады. Еңбек екі дәптерден тұрады. 1542 ж. екінші дәптер, ал 1546 ж. бірінші дәптер жазылған.
Ал тұтастай алғанда жоғарыда қарастырылып өткен деректердің көпшілігі, Алматыда 1969 ж. шыққан “Материалы по истории казахских ханств XV-XVIII вв. ” деген жинақта қамтылған.
Араб автоларының әл Макрази, әл Айнидің мәліметтерін Тизенгаузеннің аудармасынан пайдаландық [ 10] . Және де С. К. Ибрагимовтың еңбегіндегі кейбір деректер пайдаланылды [40] .
Зерттелу деңгейі. Алтын Орда ыдырағаннан кейін Әбілхайыр хандығы Жошы ұлысының орнына пайда болғанын, әрі сол кезеңдегі саяси, әлеуметтік оқиғаларды қамтыған еңбектерді іздестіру барысында Б. Д. Греков пен А. Ю. Якубовскийдің [ 6] ғылыми зерттеулерінің маңыздылығы ашылды. Сондай-ақ П. П. Иванов [12], А. А. Семенов [13], Н. И. Веселовскийлер [14] де осы мәселелерге өз көзқарастарын білдірген.
Н. И. Веселовский Хиуа хандығы қахындағы белгілі еңбегінде көшпелі өзбек мемллекетінің Әбілқайыр хан қайтыс болғаннан кейінгі жағдайына тарихи баға берудің де ұмытпаған. Әрі оның қазақ, өзбек, қалмақ сынды халықтардың этнографиялық жағдайларына да баса назар аударғанын сезінесің [14] .
Орыс зерттеушісі В. В. Бартольдтың “Ұлықбек және оның заманы” деген еңбегінде Әбілқайыр хан мен Темірдің ұрпақтары арасындағы түрлі жағдайлардағы қарым-қатынастар қамтылды [15] . Бұл еңбектің құндылығының өзі - болған тарихи оқиғалар жайлы дәйектеме мәліметтерге мол орын бергендігі демекпіз. өзбектердің пайда болу, олардың этникалық құрылымы төңірегіндегі ой қозғаған. А. Ю. Якубовский мен А. А. Семеневтың зерттеулерінің өзіндік берері бар [ 16] .
Біз сөз еткен тақырыпты біршама тереңдей зерделеуге негізделген П. П. Ивановтың “Орта Азия тарихының очерктері” атты кітабы зерттеу обьектімізге қажетінше септігін тигізгенін атап айтуға тиістіміз.
Аталмыш еңбектің бөліміндегі Дешті Қыпшақ өзбектері мен қазақтарының Орта Азия территориясына орналасуы, сондай-ақ көшпелі өзбектер мемлекетінің саяси және әлеуметтік-экономикалық тыныс-тіршіліші қахында құнды мәліметтер бізге біраз жайдың бетін ашып береді [ 12] .
Ал, берігірекке көз жіберер болсақ, Кеңес Одағы кезеңіндегі Әбілқайыр хандығына назар аударған тарихшы Б. А. Ахмедов болды. Оның “Көшпелі өзбектер мемлекеті” атты еңбегі 4 тараудан тұрады. Хандықтың ішкі құрылымы, саяси, идеологиялық бақыт-бағдары, әлеуметтік-экономикалық өзгерістері кең ауқымда қамтылып, Темір ұлысы мемлекетімен Әбілқайыр хан арасында болған саяси қарым-қатынас мәселелерінің мәні кеңінен ашыла түседі [1] .
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Тарих сахнасында 40 жыл өмір сүріп, Қазақ хандығының құрылуына бастама қалыптастырып кеткен Көшпелі өзбектер мемлекетінің құрылуы, басқа мемлекеттермен қарым - қатынасы және 40 жыл бойы жеке - дара бір өзі билік құрған Әбілқайыр хан дүниеден өткеннен кейін оның хандығының ыдырау себептерін ашып көрсету мақсат етіп қойылды. Осы мақсатқа жету жолында мынадай міндеттер қойылды:
- әр түрлі деректер жинақтау, оларды жан - жақты пайдалану; әр кезеңдерде жазылған парсы, араб, шағатай тіліндегі мәліметтерді салыстыру; тақырыпқа байланысты деректердіпайдалану мен оларға баға беру; барлық дерек көздерін пайдалана отырып, дұрыс қорытындыға келу; «өзбек» сөзіне талдау жасау; мемлекеттің құрылу және ыдырау себептерін көрсету; орта ғасырлар тарихынан алатын орнын көрсету.
Зерттеу жұмысының құрлымы: Зерттеу еңбегі “Кіріспе” бөлімінен басқа екі негізгі тараудан тұрады.
Бірінші тарау “Әбілқайыр хандығының құрылуы” деген екі тақырыппен шағын үш бөлімді қамтиды. Олар: “Өзбек” атауының шығу төркіні, “Әбілқайыр хандығының құрылуының алғышарттары” және “Әбілқайыр хандығының құрылуы ” деп аталады.
Ал, “Әбілқайыр хандығының күшеюі және әлсіреуі” тақырыбы екінші тарауға алтын арқау болмақ. Және де осы тарауда көшпелі өзбектердің әлеуметтік - экономикалық және мемлекеттік құрлымына да тоқталып өтеміз. “Қорытынды” бөлімінде зерттеу еңбегімізде қамтылған, зерделенген, сараланған пікірлерге қысқаша түйін жасап, өз тарапымыздан болатын ұсыныс ескертпелерге орын бермекпіз.
І ТАРАУ. ӘБІЛХАЙЫР ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ
1. 1 «Өзбек» атауының шығу төркіні
Көшпелі өзбектер кімдер болды және олардың этникалық құрамы қандай деген сұраққа тоқталсақ. Алтын Орданың XV ғасырдың І жартысында ыдырау процесі кезеңінде Дешті Қыпшақтағы тайпалар негізінен екі үлкен этникалық топқа топтастырылады. Бірі ноғай ру - тайпалар бірлестігі болса, екіншісі - көшпелі «өзбектер» деп аталған ру - тайпалар бірлестігі болды. [35] Тарихи заңдылықтар бойынша ру-тайпалардың біріктіріліп, белгілі бір аймақта мекендеп, ортақ этнос болып қалыптасуына экономикалық, діни - рухани факторлармен бірге, саяси факторлар да жетекші рөл атқарады. Осы заңдылыққа сәйкес ноғай ру-тайпалық бірлестігінің қалыптауына Ноғай Ордасы ықпал етсе, көшпелі «өзбектер» тобының пайда болуына 1428 - 1468/69 жылдары Дешті - Қыпшақта 40 жыл өмір сүрген көшпелі «өзбектер» мемлекеті әсер етеді. Көшпелі өзбектер 92 баулы тайпадан тұрған.
Өзбектердің шығу тегі туралы көптеген пікірлер бар. Кейбір ғалымдар көшпелі өзбектердің шығуын Алтын Орда хандарының бірі Өзбектің (1312-1340 жж. ) атымен байланыстырады. Н. А. Аристовтың пікірінше Өзбек ханға дейін өзбек аты тарихта кездеспегендіктен, ол өзінің бастауын осы билеушіден алған [ 18. 147] . А. Ю. Якубовский өзбек терминінің шығуын осы Алтын Орда ханымен байланыстырып, ол өзбектер (узбекийан) сөзіне қатыстылығы туралы пікір білдірген [ 6. 301] . П. П. Иванов та осы көзқарасты ұстанған. «Өзбек сөзінің шығу тегі Алтын Орда ханы Өзбек есімімен байланысты», - деп жазды ол [12. 21] .
Осындай пікірге ең алғаш қарсы шыққан В. В. Григорьев болды, бірақ ол бұл тұрғыда ешқандай өз ойын білдірмеді. Сонымен бұл пікірдің дұрыс емес екенін А. А . Семенов та дәлелдеді. Ол бойынша өзбек термині Ақ Ордада пайда болып, XIV-XV ғғ. Иран мен Орта Азия тарихшыларымен барлық Ақ Орданың түркі-моңғол тайпаларына таңылды [13. 4] . Ол кезде Өзбек хан Көк Орданың, яғни Алтын Орданың ханы болды да, өзбек атаулы көшпелілер оның қол астында емес еді. Яғни зерттеушілердің екінші тобы бұл пікірмен келіспей «өзбек» сөзін « өзі бек», яғни «өзіне - өзі қожайын» деген сөзден шыққан деп түсіндіреді [19. 52] . Олардың ортақ дәлеліне - Дешті Қыпшақ тайпалары өздерін өте еркін ұстап, еркін сезінген деген пікірлер жатады. Дәлелдің жаны бар, ежелден-ақ Дешті Қыпшақ тайпаларының мемлекет басшысына тәуелділігі отырықшы елдердегі сияқты қатаң түрде емес болатын. Билеушінің билігі, әскери қуаты күшті болып, жүргізген саясаты жергілікті ру - тайпалардың өмірлік мүддесіне сай келсе, онда ру - тайпа көсемдері ханға бағынады және оны қолдайды. Ал егерде ханның қауқары әлсіз, саясаты берекесіз болып, ол ру - тайпалар мүддесіне сай келмесе, онда билер мен бектер өз жолдарын өздері таңдайды, билеушіге бағынбайды. Оған тіптен қарсы шығады, не оны биліктен тайдырады, не болмаса басқа өңірлерге көшіп кетеді. Екінші пікірдің жаны бар деуіміз де осыған байланысты айтылып отыр.
Дегенмен де тарихшылардың басым бөлігі бірінші пікірді қолдайды. Алғашқы пікірдің ғылыми негізі берік. Біз де осыны қолдай отыра мынадай дәлелдеме айтамыз. Барлық этнонимдердің (халық атауы) шығуында, пайда болуына белгілі бір заңдылықтар болады. Түркі тілдес халықтардың басым бөлігіндегі атаулардың, яғни этнонимдердің нақты бір тарихи тұлғалар есімдерімен байланысты екендігі белгілі. Мысалы, Оғыз қаған - оғыздар, Бұлғар - бұлғарлар, Хазар - хазарлар, Ноғай - ноғайлар, Ашина - ашиналықтар деген жеке тұлғадан туындаған тайпалар аттары аз емес. Қазіргі күнде қазақ халқының құрамындағы ру мен ру бөлімшелерінің бәрі дерлік адамның есімімен немесе сол адамға байланысты пайда болған (мінезіне, түріне, түсіне және т. б. ) атаулармен аталады. Яғни түркі тілдес халықтар үшін этнонимнің тарихи тұлғалар есімдеріне байланысты пайда болуы, ол - заңдылық. Олай болса, «өзбек» термині де Алтын Орда ханы Өзбекке байланысты пайда болған деуге негіз бар. Өзбек сөзі Джувейни мен Рашид ад-Дин еңбектерінде де кездеседі. Рашид ад-Динде өзбек сөзі Жошы ханның жетінші ұлы Букалдың, ұлы Минкудардың ұлының есімі ретінде келтірілген [20. 124] . Сонымен қатар Әзірбайжандағы Ильдегиз әулетінен шыққан Атабектің бірінің есімі - Өзбек (1210-1225 жж. билік құрған) және де Хорезмшах Мұхаммедтің (1200-1220жж. ) әмірлерінің бірі есімі Өзбек болған [20. 73] . Осыдан өзбек термині және адамның есімі ретінде Өзбек ханға дейін белгілі болғанын көреміз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz