Ым-ишараттардың мағыналық топтары


КІРІСПЕ
Сөйлеу- адам баласына тән ерекше құбылыс екендігі белгілі. Ал осы сөйлеу тілін, яғни вербалды амалдарды толықтырып, өзінше нәр беріп тұратын, қарым - қатынас кезінде өте көп ақпарат беретін бейвербалды амалдар болады. Осы бейвербалды қатынас амалдарын зерттейтін лингвистиканың жаңа саласы паралингвистика болып табылады. Пралингвистика гректің «para» -«қасындағы», «маңындағы» деген мағынаны білдіреді. Паралингвистика коммуникацияның бейвербалды құралдарының жиынтығы. Ол айтылған хабарға ілесе информацияның белгілі көлемін, ауқымын білдіреді /1, 162/. Қазіргі қазақ тіл білімінде тілдік емес қарым-қатынасты зерттейтін паралингвистиканың қалыптасып, дамуы-арнайы сөз етуді қажет ететін маңызды мәселе. Тіл ғылымының бұл саласы адамдар арасындағы қарым- қатынастың бейвербалды түрін қамтиды.
Қарым- қатынастың бір түрі- бейвербалды амалдарды ғылыми тұрғыдан қарастыру соңғы жылдары қолға алынды. Бұл бағыттағы ғылыми еңбектер тілдік емес қарым- қатынастың әр түрлі қырларын сипаттайды.
Бейвербалды амалдардың қолданылу ерекшеліктері, білдіретін мағыналары, олардың ұлт мәдениетімен, салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен, ұлттық-мәдени ерекшеліктерімен байланысы қазақ тіл білімінде жан-жақты талданып, жүйеленген деп айту қиын. Қарым-қатынастың бейвербалды түрін, оның жасалу жолдары мен қарым-қатынастағы табиғатын ашып көрсету, көркем әдебиеттегі көрінісі мен алатын орнын талдап, жүйелеу жаңа ғылыми бағыттарды терең түсінуге ықпал етеді.
Бейвербалды амалдарды өз орнымен қолдану, шығарманың танымдық мәнін күшейтіп, әсерлілігін арттыра түсетіндіктен, бұл мәселені зерттеу тілдік және тілдік емес қатынастарды түсінуге, меңгеруге мүмкіндік береді. Сондықтан, бүгінгі таңда тіл білімі саласында қарым-қатынас барысында қолданылатын бейвербалды амалдардың өзіндік ерекшеліктерін қарастыру, оның көркем әдебиеттегі мәні мен мазмұнын ғылыми тұрғыдан зерттеу өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Бітіру жұмысының теориялық маңызы . Бітіру жұмысы паралингвистика саласының вербалды және бейвербалды қарым-қатынас мәселесінің теориялық негіздерін дамытуға септігін тигізеді.
Бітіру жұмысының практикалың мәні. Бітіру жұмысының материалдары мен нәтижелерін паралингвистика саласына қатысты сөздік құрастыруда пайдалануға болады.
Бітіру жұмысының жаңалығы . Зерттеу нысаны бойынша келесі мәселелер шешімін тапты:
- бейвербалды амалдар қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпының ажырамас бөлігі екендігі көрсетіліп, жазушылар шығармаларындағы қарым-қатынастың бейвербалды түрінің халықтың рухани мәдениетімен (салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы) байланысы дәлелденді;
- жазушылыр шығармаларындағы ым -ишараттар қолданылу ерекшеліктеріне қарай топтастырылды;
- шығармалардағы синоним мәнді, омоним мәнді ым-ишараттар қатары анықталып, білдіретін мән-мағынасы көрсетілді.
Бітіру жұмысының дерекнамалары . Бітіру жұмысының дерекнамалары ретінде қазақ жазушыларының шығармаларынан кинемалар жинақталды, сөздіктер, анкета материалдары пайдаланылды.
Паралингвистикалық амалдар біріншіден, қарым-қатынасқа қосымша мағына береді; екіншіден, кейбір тілдік амалдардың орнына қызмет атқарады; үшіншіден, вербалды компоненттермен бірге коммуникативтік актіні жалғастырады. Бұл терминді 1940 жылы ұсынған американ ғалымы А. Хилл болды.
Бейвербалды амалдарды зерттеу алғаш С. Спенсер, В. Вундт, Ч. Дарвин еңбектерінен бастау алады. Профессор Бердвислл адамдар қарым-қатынасында жеткізілетін хабардың 38% сөзбен, 65%бейвербалды амалдардың көмегімен берілетіндігін тұжырымдайды /2, 13/.
Бұл ғылым саласы XX ғасырдың елуінші жылдарынан бастап қарқынды зерттеле бастады. Шетел тіл білімінде бейвербалды амалдар елуінші жылдардың басында қолға алынды. Бұл мәселе Дж. Трейгер, Т. Сибеок, Ч. Хоккет, М. Уэст, Р. Бердвислл т. б лингвистердің еңбектерінде, А. Шефлен, М. Уэст, К. Л. Пайк т. б психологтардың еңбектерінде зерттелді.
Өзге тілдерде бұл ғылым саласы айтарлықтай жақсы зерттелген деуге болады. Мысалы, орыс тіл білімінде ым-ишараттарды Г. В. Колшанский, Н. И. Смирнова, А. А. Акишина, Т. М. Николаева, А. В. Филиппов, Е. В. Красильникова, Е. М. Верещагин, В. Г. Костомаров, Т. Т. Железанова, Л. Н. Капанадзе, ағылшын тіліндегі ым-ишараттардың зерттеушісі А. Пиз, армяндардың тіліндегіні-А. А Хачатрян, Р. М Тохмонян, ал татарлар мен башқұрттар тіліндегі ым-ишараттардың бірден-бір зерттеушісі - Ф. Ф. Султанова.
Қарым-қатынастың бұл түрінің арнайы зерттелуі қазақ тіл білімінде тек соңғы жылдары ғана қолға алынғанына қарамастан, бейвербалды амалдардың қызметі туралы ойларды, тұжырымдарды ертеден кездестіруге болады. Атап айтқанда, бейвербалды амалдар туралы көзқарастар, алғашқы ойлар қазақ филологиясының тұңғыш профессоры Қ. Жұбановтың еңбегінде кездеседі: «Ауызекі сөйленетін сөздердің андай-мұндай қисығын елетпейтін басқа жағдайлар бар. Дыбыстап сөйлеген сөздің олқысы, көбінесе, ыммен толады. Тіпті бірінің тілін бірі білмеген, я болмаса, бірінің тілі мүлде жоқ болған уақытта да, ыммен ылаждап түсінісуге болады, оның үстіне, сөз- сөздің жігін дыбыс сазымен бірде айырып, бірде қосып айтқасын, сөздің орны жылжып кеткені де онша байқалмайды»/3, 148/.
Қазақ тіл білімінде бейвербалды амалдарды Ә. Қайдар, М. Мұқанов, С. Татубаев, А. Сейсенова, К. Қажығалиева, С. Бейсембаева, М. Ешимов сынды ғалымдар әр қырынан зерттеген. Сонымен қатар Қ. Қажығалиеваның, Ж. Өмірәлиеваның, Э. Оразаливаның мақалаларын, ой-тұжырымдарын да атап өтуге болады. Сондай-ақ Б. Момынова мен С. Бейсембаеваның авторлығымен жарық көрген ым мен ишараттың түсіндірме сөздігі де осы мәселені зерттеуге арналған еңбек.
Адамдар өмірде тек сөйлесу арқылы ғана қарым-қатынас жасамайды. Олар кейде шартты белгілерді қолдану арқылы бір-бірімен оңай түсініседі. Шартты белгілерді қолдану да адамдар арасындағы қарым-қатынастың бір түрі. Семиотикалық таңбалардан басқа адамдардың өзгеше ыммен түсінісуі және көздің, қабақтың, ауыздың қимылымен, қозғалысымен ұғынысуы секілді көптеген белгілер бар. «В живое речевое общение вплетено множество обстоятельств, сопровождающих как целое высказывание, так и его фрагменты, причем неязыковые факторы лишь сопутствуют речи. Все неязыковые факторы играют вспомогательную роль в общении, язык же -главную, причем для него всегда открыта возможность использовать для сообщения толко собственные средства /4, 6/. Сөйлеуші айналасындағылармен сан түрлі ым-ишара, белгі, иек қағу, бас шайқау, қол бұлғау, бас изеу арқылы да өзінің ойын жеткізіп, түсінісе алады.
Бейвербалды амалдар арқылы алуан түрлі ақпарат алуға болады. Мысалы, алдыңыздағы сөйлеушінің бет-жүзіндегі өзгерістерге, қимыл-әрекетіне қарай оның мінезі, көзқарасы, көңіл-күйі туралы хабар ала аламыз. Ғалымдардың зерртеулерінің нәтижесі бойынша адамға бейвербалды сигналдар вербалды сигналдарға қарағанда бес есе күшті әсер етеді. Себебі адам әрқашан естігенінен гөрі көргеніне сенеді екен. Кейбір ғалымдар ым тілін жүйесі мен қызметі жағынан дыбыстық тілге жақын деп есептейді. Тілдегі паратілдік амалдарды қолданудан алынатын мәліметтерді бірнешеге топтастыруға болады:
- индивидтің жеке белгілері;
- әлеуметтік-топтық сипаттамасы;
- сөйлеушінің ұлттық немесе территориялық атрибуттары /5, 5/.
Бейвербалды амалдардың көркем шығармада берілуінің бірнеше жолдары бар:
- бейвербалды амалдарбір сөзбенберіледі. Мысалы, құшақтасу, тізерлеу, ыржию т. б.
- бейвербалды амалдар еркін сөз тіркесімен беріледі. Мысалы, қолын бұлғау, иегін көтеру, бетінен сүю т. б.
- бейвербалды .
Фразеологизмдердің жасалуына бет, көз, мұрын, ауыз, тіл, тіс, қол, аяқ т. б. денемүшелері қатысады. Ғалым Г. Смағұлова жалпы дене қимылына негізделіп жасалған тұрақты тіркестер түрін «кинетикалық» фразеологизмдер деп атап, оларға табанынан тік тұру, қол қусыру, зыр жүгіру, елбек қағу, құрақ ұшу т. б. секілді мысалдар келтірген /6, 62-63/. Мұндай тұрақты тіркестер қатарына бармағын тістеу, қабағынан қар жауу, екі көзі шарасынан шығу, мұрнын көкке көтеру, мұрнын тыржиту, теріс қарау, білегін сыбану, тісін қайрау т. б. сияқты адамның іс-әрекетін, қимылын бейнелейтін фразеологизмдерді жатқызуға болады.
Тіл білімінде бейвербалды амалдар төмендегідей жіктеледі:
- фонациялық (тембр, темп, дауыстау, кідіріс, әуен, диалектілік айтылу ерекшеліктер) ;
- кинесикалық (қимыл, бет қимылы, ым, поза) ;
- графикалық ( жазу, почерк, символдар т. б. )
Кинесикалық амалдар әдетте ым, ишарат, дене қалыбы (поза) секілді ұғымдардың жиынтығы ретінде қарастырылады.
Адамның түрлі дене мүшелерінің қатысуымен жасалатын ым-ишараның көркем шығармада алатын орны ерекше. Мимикаға әдетте адамның бет әлпеті қатысады. «Бет-әлпет» ұғымының ауқымына маңдай, көз, қас, қабақ, кірпік, мұрын, ауыз, ерін, құлақ, тіл, тіс, таңдай сияқты мүшелері қатысады. Ым (мимика) ұғымына Ж. Нұрсұлтанқызы өз еңбегінде анықтама береді: «мимика дегеніміз- көз, қас, қабақ, кірпік, мұрын, ауыз, ерін, құлақ, тіл, тіс, таңдай т. б дене мүшелерінің көмегімен орындалып, белгілі бір ақпарат беретін бейвербалды амалдар жиынтығы»/ 7, 10/.
Тіл білімінде А. В. Филиппов, Т. М. Николаева, Р. П. Волос, Л. А. Капанадзе, Е. В. Красильникова, Г. В. Крейдлин, С. Татубаев, С. Бейсембаева секілді ғалымдар ишараларды мағынасына, құрылысына, таңбасына, қызметіне, қолданылу ерекшеліктеріне қарай классификациясын жасаған. Қазақ тіліндегі ишаралардың ішінде ең көп кездесетіні бас, көз, иық, қол (алақан, саусақ), тізе, аяқ т. б. дене мүшелеріне қатыстылары. Ишара-адамның ішкі көңіл-күйінен хабар ету мақсатында жасалатын, дене мүшелерінің (аяқ, бас, қол т. б. ) әр түрлі қимыл-қозғалысына негізделген мағыналық әрекет, - деп анықтайды /7, 12/. Ым да ишара да паралингвистиканың кинесика деп аталатын саласына тән. Тілдегі осындай құбылыстарды зерттеудің бірден-бір қайнар көзі жазушылардың шығармалары болмақ.
1 БЕЙВЕРБАЛДЫ АМАЛДАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ
1. 1. Қазақ тіліндегі ым мен ишараттардың ұлттық-мәдени негізі
Қарапайым тіл әр халықта әр түрлі болатыны секілді, ым мен ишарат тілі де әр халықта түрліше болады. « Культура человека- это не только определенный склад мышления и чувствования народа, это также знание языка и свободное владение невербальными кодами, принятыми в данном обществе, это следование выработанным нормам и правилам коммуниктивного поведения, заставляющим людей чувствовать и осознавать свою принадлежность к данной культуре, в непременном сочетании вниманием и уважением к чужой культуре и ее носителям» /8, 151/
Бір ишират бір елде бір мәнде жұмсалса, өзге елде ешнәрсені білдірмеуі де мүмкін, немесе мағынасы мүлде басқа болуы мүмкін. Мысалы, көптеген халықтарда бас изеу «иә» дегенді, келісушілікті білдірсе, болгарларда, керісінше, «жоқ» деген келіспеушілікті білдіреді. Европа және бірқатар Америка елдерінде бас бармақты көрсету «өте жақсы», «бәрі жақсы» дегенді білдірсе, Грецияда бұл кинема - сақтандыруды, Шығыс Африкада - масқаралауды білдіреді. Бейвербалды амалдар барлық халықтарға ортақ сипат болғанымен, әр ұлттың бейвербалды амалдар жүйесі түрліше болады. Мұндай айырмашылық сол елдің тұрмысының, әлеуметтік, қоғамдық өмірінің, ұлттық дүниетанымының әр түрлілігімен түсіндіріледі.
Әдетте өзге тілді білмейтін адамдар осы ым-ишараттарға қарап түсінісуге тырысады, алайда ұлттық ерекшеліктерден бейхабар болса бұл түсініспеушілікке әкеп соғады. Бейвербалды амалдардың қолданысына қарап адам қай ұлттың өкілі екендігін де анықтауға болады. Яғни, «бейвербалды компоненттер тілдік амал-тәсілдер секілді ұлттық феномен. Олар этностың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының негізгі элементтерін бойына сіңіреді»/9, 143/.
Әр елдің өзіне ғана тән әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі арқылы халықтың тұрмыс-салтындағы, мінез-құлқындағы ерекшелігі мен дүниетанымының сипаты көрінеді. Осыған орай қазақ жазушыларының шығармаларындағы бейвербалды амалдар қазақ халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрпына қатыстылығымен сипатталады. М. Мұқанов психолог ретінде сарқыт беру, аң байлау, ауыз тию, ерулік, келген адамға ішек-қарын беру, жездеге төс беру, жолаушының түсуі, ақ байлау сияқты дәстүрлерді ұлттық-мәдени негіздегі бейвербалды амалдар қатарына жатқызады. Сонымен қатар жиырма сегіз бейвербалды тәсілді сипаттап, олардың жиырма екісін қазақ халқының өмірімен байнаныстырса, қалған алтауы өзге шығыс елдерінен еніп, діни сипатта болғандығын атап көрсетеді /7, 13/.
Танымал этнограф С. Кенжеахметұлы ұлттық сипаттағы ым-ишаралар жөнінде келесі пікірде: « Туған халқымыздың ежелден қалыптасып келе жатқан әдет-ғұрып, дағдысында көңіл аударарлық психологиялық іс-әрекеттер көп кездеседі. Соның ішінде сезімді, көңіл-күйді, іс-қимылды сөзді тауыспай-ақ ыммен, ишарамен, еппен сездіретін және оны дәл бейнелейтін ойлы, қызықты әрі сесті ұғымдар бар. Мұны әдет-ғұрып ишарасы дейді . . . Біздің ел, жұртымыз іспен, күшпен, ірі іс-қимылмен немесе пәтуәлі сөзбен ғана емес бет пішінімен, дене қимылымен үнсіз отырып-ақ ойды, пікірді айқын танытып, ірі істі бітіре салатын болған . . . Қазақтың бұл әдеті бүгінде қолданылады. Дегенмен тұрмыс пен салттың, өмір мен тіршіліктің, қоғам мен дәуірдің өзгеруіне байланысты мұндай әдет пен дағдының кейбіреулері ұмыт қалды» /10, 161/.
Халқымыздың ерте заманнан келе жатқан салт-дәстүрлерінің бірі - бата беру. Батаның қазақ халқының түсінігінде екі түрі бар - оң бата және теріс бата. Әдетте адам оң бата бергенде екі алақанын алға қарай жайып , жақсы тілектер айтады, содан соң бетін сипайды . Бұл процесс қаақ жазушылары шығармаларында былайша көрініс табады: - Ендігі кезек сенікі, - деді ол Кенесарыға қарап, содан соң алақанын жайып батасын берді, - әумин! /11, 438/.
Батаның екінші түрі -теріс бата . Теріс батаны қатты ренжіген адам екі алақанын теріс жайып, ауыр қарғыс сөздер айтады. Халықтың сенімінде «теріс бата алған адамның жолы болмайды» деген ұғым қарғысқа ұшыраудан, лағнет айтудан туындаған. Екі алақанды теріс жайып теріс бата беру әдетте ер адамдардың қолданысында кездесіп отырған. Талып жатқан күйінен есін жаңа жиып атасына қараған Әмірге Құнанбай қос қолын созып, алақанын сырт қаратып тұр. Намаздағыдай мінәжат қимылын, суық тілек қимылын жасады. Әмір мен Абайға қатар қол созды . Бұл -теріс батаның, қарғыс батаның белгісі. Нұрғаным мен Ызғұтты екеуі екі жақтан ұлардай шулады. - Я, құдай, қабыл етпе! -Жаратқан, елең алма! Не сұмдық! Қарғыс айтқалы жатыр ғой өз балаларына!- десіп, үркіп үн салды. Бірақ Құнанбай енді оларды пәруәйіне де ілген жоқ. Жүгініп алып, көлдедең жатқан немересінің кеудесінің үстіне теріс батаның алақанын жайып тұр . Абайға да қатал қолдарын жиі нұсқайды /12, 237/.
Дәл осы секілді әйелдер қолданысындағы қарғыс мәнді ишара - омырауын көкке сауу . Халқымызда ананың ақ сүтінің киелілігі ұғымына сәйкес, мұндай іс ең ауыр жаза, кешірілмес күнә болып саналған. Мұхамед-Шайбани мен Махмұд-Сұлтанға бірінші боп шоқпар сілтемеймін деп екеуміздің алдымызда ант беруін өтінем. Егер бұл арманымды орындамаса, ақ сүтімді көкке сауып өтем /11, 200/.
Артынан топырақ шашу (көне) - қатты жек көрген, ат құйрығын кесіп кетіп бара жатқан адамдарға әбден көңілі қалған кісілер оның артынан бір уыс топырақ шашатын әдет бар. Ол «енді көрмейміз», «қараң батсын» деген қарғыс ишараты.
Мойнына бұршақ салу (көне) - жалына тілеу, жалбарыну мәнінде қолданылған ишараны бір түрі. Баласыз адамдардың мойнына көгеннің бұршағын салып, құдайдан ұрпақ тілеуі ертеден келе жатқан әдет. Бұл тағдырға мойын ұсынып, тәңірге шын беріліп, оның барлық әміріне көнудің және ақ тілеудің белгісі. Олай болса, алла тағала, жолыңа ақ сары бас айтып, мойныма бұршақ салып тілеймін. Қаһарыңды өзге балаларымнан аулақ ет /11, 435/.
Осы тәріздес құдайға жалбарынып, мінәжат тілеу, аруақтарға бағыштап құран оқу, дұға оқу, бата беру жағдайларында қол жаю, бет сипау кинемалары қолданылады . -Бата жаса, сұлтаным! - деді Төбет бір тізерллей отыра қалып, бірі бүтін, бірі оқтаудың басындай шолтиған екі қолын қатарынан жайып /13, 86/. Бізге көрші Сарқыт деген кемпір болды, төбені қойып маңдайдан, мұрынның үшінен қан ала беретін жарықтық жақсы адам еді, жатқан жерің жаннат болсын (Нүрке бетін сипады) /14, 43/. Марқұм болған ата-бабаның, туған-туыстарының басына барып дұға оқып, еске алу- қазақ халқы үшін парыз, сондықан жолаушы жолда кездескен молаларға дұға оқып, бетін сипап өтуі шарт болған. Жылқышы жігіт өзі білетін дұғасын оқыды. Омардың қос қызы беттерін сипап, әке рухына тәуап етті . /15, 219/.
Қол ұстатар, шаш сипар (көне) - қалыңдықты ең алғаш рет күйеу жігітке ертіп әкеліп таныстыру мағынасында жасалатын бейвербалды амал. Асының артынан екі жеңге ақырын күлісіп кеп, Абай мен Ділдәнің алдына қарсы отырып, екеуінің де оң қолдарын алып, бір-біріне ұстаттырды. Қол ұстату, шаш сипау деген атақты ырымдар осы /12, 239/.
Халқымыздың ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып жалғасып келе жатқан дәстүрінің бірі - қонақ күту . Сол Қаратан міне, бізді аттан түсіріп, қарсы алды /14, 522/. Қ онақты аттан түсіру, күле қарсы алу, төрге отырғызып, шынтағына жастық төсеу, сусынды қос қолдап ұсыну, кетерде қолтығынан демеп аттандыру - барлығы сый-құрмет бейвербалды амалдары болады. Қызылы таймаған екі бетіне күлкі үйіріле, бізге беттеген Ақтайдың жары - Гүлсара, менің кластасым еді . . . күле амандасты /14, 553/
Қазақтың көңіл айту дәстүрінде вербалды амалдармен қатар бейвербалды амалдар қатар жүрген, әрі ерекше қызмет атқарған. Көңіл айтушылардың «ой бауырымдап» ат қойып, көрісуі, дауыс салып келуі, аза тұтушылардың көңіл айтушылармен құшақтасып көрісуі, аза тұтушы әйел адамдардың үй ішінде дауыс айтып жоқтауы көңіл айту дәстүріндегі бейвербалды амалдар болып табылады. Жуантқан аттан домалап түсіп, бәтес шымылдықтың ішінде сұлық жатқан Үмітке тура ұмтылып еді, былайғы жұрт әрең ұстап қалды. Бұдан соің ол Ағажай мен Зарлықты кезек құшақтап, дауыс шығара сұңқылдай көрісті-ай кеп. Бар пейілі, аңқылдақ жанның ардақты зары да - осы /14, 69/.
Аяғына жығылу - кешірім сұраудың және кішіреюдің ең ауыр түрі болып саналады. Мұнда айыпты жанына беделді адамдарды ертіп, тиісті адамның үйіне барып кешірім сұрайды. Егер іс қиындап кетсе айыпкер қарсы адамның алдына жығылып, аяғын құшып, жылап кешірім сұрауы керек . Ақыл айтып, мәслихат беруден бұрын тартынып келсе де, қазір Абай ойдағысын айтпақ болды. - Арыз бармас үшін, жауығып отарған ағайынның көңілін табу керек қой! Құнанбай бұған суық қарады да, жақтырмады. - Аяғына жығыл демісің? -Жоқ. Бірақ алғанды қайта орайлап, есесін түгендеу керек. Сонымен көңілін тауып тоқтатпаса, арызды тоқтатар басқа еш шара жоқ. Құнанбай мұның сөзінің төркінін ұқты да, өзгелер не дер екен дегендей, үндемей тосып қалды /12, 207/.
Кинесикалық амалдар қатарына белгілі бір заттың қатысымен орындалатын ишаралар да жатады. Себебі айтушы сол заттың көмегімен өзінің айтайын деген ойын, сөзін нақтылай түседі. Мұндай көмекші заттар қатарына қазақ халқының қолданысындағы қамшыны жатқызуға болады.
Қамшы тастау - бұл ұлттық салт-дәстүр, әдет заңының жолы бойынша шешендер мен билердің, талапкердің дау-шар кезінде сөз сұраған ишараты. Мұны төбе би бақылап отырып, сөз кезегін береді. Мысалы, Бөгенбай қамшысын алдына тастай салды да, енді Абылайға бұрылды. - Шүршіт көргенінде қан жылап жатқан Шығыс Түркістандағы бауырымызды құтқаруға біз неге аттанбадық, Абылай сұлтан? Соған жауап берші! /11, 325/.
Қазақ тіліндегі ым-ишараттардың мәдени-ұлттық негізін ашатын дәстүрлі ишаралар кездеседі, солардың бірі ант беру. Қазақ халқының қолданысында ант беру ишараты түрлі сипатта өткен:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz