Шалғынды қара-қоңыр топырақ жағдайында қыша дақылының өнімділігі мен майының мөлшеріне органикалық тыңайтқыштардың әсері
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1 Әдебиеттерге шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2 Дақылға сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
3 Зерттеу аймағының табиғат.климаттық жағдайлары ... ... ... ... ... ... ... ... .23
3.1 Жауын.шашын мен температуралық құбылым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
3.2 Топырақтық жағдай ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
4 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
4.1 Зерттеудің жоспары және әдістемесі және майлы дақылдардың тыңайтқыш қолдану жүйесін пайдалана отырып талдау жасау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
4.2 Зерттеу нәтижелері
4.2.1 Топырақтың орналасу тығыздығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
4.2.2 Қыша дақылы өсірілген топырақтың қоректік режимінің динамикас ... ... 34
4.2.3 Қыша дақылы өсірілген топырақтағы гумус пен минералды азоттың динамикасы ... ... ... ... ... 34
4.2.4 Қыша дақылы өсірілген топырақтағы жылжымалы фосфордың динамикасы ... ..37
4.3 Қыша дақылының химиялық құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39
4.4 Қыша дақылының өнімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40
4.5 Қыша дақылы өнімімен негізгі қоректік элементтердің шығымы ... ... ... ... 43
4.6 Қыша дақылының дәніндегі сапалық көрсеткіштердің өзгеруі ... ... ... ... ... ..44
4.7 Қыша дақылына тыңайтқыштарды қолданудың экономикалық тиімділігі...46
5 Қоршаған ортаны қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...49
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...54
ПАЙДАЛАНЫЛҒАНӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 56
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .60

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
Темерханова Ақерке Нурмухамбетқызы
Шалғынды қара-қоңыр топырақ жағдайында қыша дақылының өнімділігі мен
майының мөлшеріне органикалық тыңайтқыштардың әсері
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
мамандығы 050808 – Топырақтану және агрохимия
Алматы 2011
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1 Әдебиеттерге
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...9
2 Дақылға сипаттама

... ... ... ... ... 21
3 Зерттеу аймағының табиғат-климаттық
жағдайлары ... ... ... ... ... ... . ... ... 23
3.1 Жауын-шашын мен температуралық
құбылым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
3.2 Топырақтық
жағдай ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...26
4 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
4.1 Зерттеудің жоспары және әдістемесі және майлы дақылдардың тыңайтқыш
қолдану жүйесін пайдалана отырып талдау
жасау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..31
4.2 Зерттеу нәтижелері
4.2.1 Топырақтың орналасу тығыздығы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
4.2.2 Қыша дақылы өсірілген топырақтың қоректік режимінің
динамикас ... ... 34
4.2.3 Қыша дақылы өсірілген топырақтағы гумус пен минералды азоттың
динамикасы

... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
4.2.4 Қыша дақылы өсірілген топырақтағы жылжымалы фосфордың
динамикасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37
4.3 Қыша дақылының химиялық
құрамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .39
4.4 Қыша дақылының
өнімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...40
4.5 Қыша дақылы өнімімен негізгі қоректік элементтердің
шығымы ... ... ... ... 43
4.6 Қыша дақылының дәніндегі сапалық көрсеткіштердің
өзгеруі ... ... ... ... ... ..44
4.7 Қыша дақылына тыңайтқыштарды қолданудың экономикалық тиімділігі...46
5 Қоршаған ортаны қорғау

... ...49
ҚОРЫТЫНДЫ

... ... ... ... ... ... ...54
ПАЙДАЛАНЫЛҒАНӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .56
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 60
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында себілетін ауылшаруашылық дақылдар көлемі
жағынан бидайдың алатын үлесі жоғары, оның мөлшері бүгінгі таңда 70%
қамтыды, ал ғылыми тұрғыда оның көлемі 50% шамасында болуы керек. Негізгі
дән себуші раиондар болып Солтүстік, солтүстік-шығыс, солтүстік-батыс және
орталық Қазақстан саналады. Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс негізінен
күздік бидайлар тәлімі жерлер суармалы егістігінде орналасқан. Орташа
республикамызда дәнді дақылдардың өнімділігі 10 цга. Бүгінгі таңда
қалыптасқан егіс көлемдерінің құрлымы қайтадан қаралып ҚРАШМ мағлұматы
бойынша дәнді дақылдардың егіс көлемін 2,4 миллион гектарға азайтты, ал
жиналатын жалпы өнім мөлшерін 11 миллион тонна көлемінде анықтап, ол үшін
әрбір гектардан алынатын өнім мөлшерін 15цга жеткізбекші.
Мұнда әрбір дақылдың биологиялық ерекшеліктерімен қатар олардың
белгілі бір табиғи климаттық жағдайға бейімділігін, өнімнің деңгейін,
өндірістің тиімділігін, топырақ құнарлығына оның деңгейіне көңіл аудару
керек, мұның барлығы бір бірімен тығыз байланысып жатыр және олар
ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігіне, сонымен қатар оның сапасына әсер
етіп, сайып келгенде еліміздің ішкі тұтынуын азықтық өнімдермен қамтамасыз
етуге көмектеседі. Осы тұрғыдан алып қарағанда бидай дақылы егістігінен
босаған жерлерге майлы және дәндібұршақ дақылдарын егу көзделуде.
Республиканың оңтүстік- шығыс аймақтарында бұл жоспар үлкен көрініс
тапты. Бидай, қант қызылшасы, жүгері, соя, мақсары және тағы басқа
дақылдармен бірге майлы дақылдар майкене, көкшіл қыша және майлы зығыр да
өздерінің майлылығының жоғарлығымен және өнімділігімен ерекшеленеді.
Бұлардың дәндерінің бағалылығы тек май алуда ғана емес, сонымен қатар
техникалық мақсатта да қолданылады.
Дақылдардың өнімділігін арттыратын және дақылдардың сапасын
жақсартатын, сонымен қатар топырақтың құнарлығын сақтап әрі жоғарылататын
факторлардың бірі болып тыңайтқыш саналады. Міне, құнды және азықты майлы
дақылдардың қысқа айналымдық ауыспалы егістігінде құндылығын арттырудың бір
жолы, оларға тиімді түрде тыңайтқыштар қолдану жүйесін пайдалану, бұл
бүгінгі күннің ең өзекті мәселенің бірі болып отыр. Сонымен қатар бұршақты
дақылдарды ауыспалы егістікке пайдалану арқылы, өндірістік технологиядан
қымбатқа алатын ( техникалық азот) тыңайтқыш мөлшерін азайтуға болды.
Зерттеулердің ғылыми және тәжірибелік мәні мынада, қысқа ротациялы
ауыспалы егісте майлы дакылдарға ғылыми негізде қолданылатын тыңайтқыштын
жүйесі жасалынады. Бұл зығыр, қыша және майкененің өнімділігін минимум 3,0
цга жоғарылатады, сонымен бірге Қазақстанның онтүстік- шығысындағы
суарылатын топырақ құнарлығын сақтауға және оны көтеруге мүмкіндік береді.
Дағдыланған дамудың бағытында бидай алқаптарының қысқартылуы мен
майлы дақылдар алқаптарының кеңейтілуінде бұл дақылдардың қысқа ротациялы
ауыспалы егістігі ерекшелігін үйрену маңызды болып табылады. әсіресе бұл
Республикамыздың кіші және ұйымды шаруашылықтары үшін маңызды. Осы уақытқа
дейін Қазақстанның әртүрлі аймақтарында ауыспалы егістіктен тыс майлы
дақылдарды өндеуде түрлі зерттеулер жүргізіледі. Бұл зерттеулер топырақ -
тыңайтқыш - өсімдік - сапа агроэкожүйесі компоненттерінің өзара қатысынсыз
өткізілді. Сондықтан атап өтетін жайт, оңтүстік - шығысында бұл
дақылдардың ауыспалы егістігі минералдық қоректенуі мүлдем зерттелмеген. Ал
Қазақстанның оңтүстік - шығысында майкене, қыша, майлы зығыр дақылдары
бұрын соңды өсірілмеген. Сондықтан бұл майлы дақылдың өсіру технологиясын,
бейімделу қабілетін, тыңайтқыштың ғылыми жүйесін меңгеру өзекті және өте
маңызды мәселе болып табылады.
1. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
Май өнімдер нарығы агроөнеркәсіптік нарықтың қатысушылар саны мен
көлемі бойынша ірі бір сегменті бола тұрып, оның құрамдас және ажырамас
бөлігі болып табылады.
Майлы дақылдар мен олардың өнімдері жеке адам үшінде және мемлекет
экономикасы үшін де маңызы зор. Бұл әлемдік және Қазақстан нарығындағы
майлы дақылдар өнімдерінен деген сұраныстың артуына да байланысты. Майлы
дақылдар өсіретін жерлер негізінен АҚШ-та, Канадада, Индияда, Бразилияда,
Аргентинада, Ресейде, Молдавияда және Украинада орналасқан [1].
Рапс, күнбағыс өсімдіктеріне альтернативті майлы дақылдар ретінде
майлы зығырды, қышаны, майкенені атап көрсетуге болады.
Қазіргі уақытта ауылшаруашылық кәсіпкерлері сарептілік қышаға баса
назар аударып отыр. Бұл тенденция келесідей жағдайлармен түсіндіріледі:
- Қыша басқа майлы дақылдармен салыстырғанда көктемгі ылғалды жақсы
пайдаланатын вегетациялану кезеңінің қысқа болуына байланысты шөл мен
ыстыққа төзімді болып келеді;
- Сарептілік қыша көпмақсатта пайдаланатын дақылға жатады. Ол керемет
қоректік май, қыша ұнтағын, қыша шротын береді. Қыша майы қоректік,
техникалық және медициналық мақсаттарда қолданылады;
- Қыша дақылы фитосанитариялық қасиеттерге ие. Қыша өсімдігінің тамырынан
бөлінетін бөлінділер көмегімен топырақ көптеген өсімдіктерге келетін зиянды
аурулардан тазартылады (фузариоз, альтернариоз және басқалар);
- Қыша өсімдігі әсіресе құрғақшылық кезеңдерінде бал алатын маңызды
өсімдік. Оның гүлдеу кезеңінің ұзақтығына орай, бір гектар қыша өсімдігі
егілген жерден сапасы жақсы 100 кг бал алуға болады;
- Қыша дақылын экологиялық таза жасыл тыңайтқыш ретінде пайдалануға болады
[2].
Майлы дақылдарды минералды тыңайтқыштармен қоректендіру жұмыстарын
әртүрлі топырақтық-климаттық аймақтарда көптеген ғылыми және тәжірибелік
мекемелер жүргізді. Бірақ негізгі зерттеулер минералды тыңайтқыштардың
тұқымның өнімділігіне әсерін зерттеуге бағытталды да, ал алынған майлы
дақылдардың сапасы толық зерттелмей қалды. Осыған байланысты агротехникалық
шешімдердің дұрыстығын бақылап отырған жөн, сонымен қатар майлы дақылдар
өсіру технологиясын жетілдіру мақсатында физика-химиялық әдістермен тұқым
сапасын және одан алынған майдың қасиетін анықтап отыру керек [3].
Сарептілік қышасы – бір жылдық, суыққа төзімді, тез пісетін,
салыстырмалы түрде құрғақшылыққа төзімді, континентальды климатқа
бейімделген, қатты ыстық пен топырақтың сортаңдығына төзімді шөптесін
өсімдік [4].
Қыша ерте жазғы егістіктік өсімдік, жылуды аса талап етпейді. Тұқымның
өнуі +1 ... +3 градус температурада басталады. Өскіндердің қаулап шығуы үшін
топырақ температурасы +8 ... +10 градус болуы қажет. Өскіндер қысқа мерзімді
-6...-7 градустық суыққа төзімді [5].
Қышаның халық шаруашылығында маңызы өте зор, көкшіл қышаның дәндерінде
34-47% май (йод саны 92-119), ал ақ қышаның дәндерінде 25-39% май (йод саны
92-122) бар, бұл көрсеткіштер өнеркәсіптің көптеген салаларында
(консервілеу, нанпісіру, кондитер, маргарин, фармацевтика, текстиль, сабын
қайнату және т.б.) сұранысқа ие.
Қыша майы жоғары дәмдік қасиеттерімен ерекшеленеді. Кәдімгі майдан
басқа көкшіл және ақ қышада парфюмерия өндірісінде қолданылатын эфир майы (
сәйкесінше 0,5-1,7 % және 0,1-1,1%) бар [6].
Қыша майы басқа майлармен салыстырғанда қышқылдық көрсеткішінің
төменділігімен ерекшеленеді және ол өзінің дәмін ұзақ уақытттар бойы
сақтайды, сақтау және термиялық өңдеу кезінде тотығуға бейім емес. Қыша
майының майлы-қышқылдық құрамы жоғары молекулалық қанықпаған май
қышқылдарының бар болуымен ерекшеленеді және олардың мөлшері сұрып түрлері
бойынша айрықшаланады (олейндік -7-62%, линолейлі – 12-50%, линолендік 4-
17%, эйкозенді 0-19%, эруктік 0-58%). Қаныққан май қышқылдарының мөлшері 3-
7%. Қыша майы медицинада, парфюмерияда, сабын қайнатуда, текстиль және тері
илеуде, химия өнеркәсібінде полиэфирді алкидті смолалар алу үшін,
металлургияда және майлайтын майлар алу үшін қолданылады. Қыша майы
техникада мотор мен аппаратураларды майлайтын бағалы май ретінде
қолданылады, өйткені ол төмен температураларда қататын, баяу кебетін май.
Келешекте қыша майын автомобилдер мен тракторларға жанармай ретінде
биодизельге өңдеу мүмкіндігі бар.
Қышаның майлы май нан пісіру, кондитер және консервілеу өндірістерінде
қолданылатын бағалы өнім болып табылады. Оның басқа майлармен
салыстырғандағы ерекше қасиеті – ол тұрақты және өзінің қасиетін ұзақ
уақыттар бойына сақтайды [7]. Жоғары эрукты сұрыпты қыша дәндеріндегі эрук
майына байланысы оны АҚШ-та және Жапонияда жоғары сапалы нейлон және
майлайтын материалдар алу саласында қолданады.
Аллилқышалы майды шарап жасауда, консервілеуде, сыра пісіруде, сүт
өңдеуде антисептик ретінде пайдаланады [7]. Дәндерді өңдеуде шығатын
жанама өнімдер – күнжара мен қауыздар – медициналық горчичниктердегі
ұнтақтарды жасауға, қыша спиртін және асханалық қышаны дайындауға
жұмсалады. Горчичник ұнтағының сапасы оның құрамындағы эфир (аллилді)
майының мөлшеріне байланысты. Бірінші сұрыпты ұнтақта оның мөлшері 1,1%-
дан кем емес, ал екінші сұрыптыда -0,9%-дан кем емес.
Қыша күнжарасында 30%-ға дейін лизинге бай белок болады, ол жем-шөпті
силостауда және кешенді мал азықтарында қолданылады. Гүлдеу кезеңінде қыша
өсімдігі малдарды қоректендіруге қолданады. Ростов облысының жағдайында
қыша массасының өнімділігі 230-270цга - ды құрайды. Жасыл желегі мен
силосы сүт көбейтетін өнім ретінде, ал шөбі белоктық заттардың мөлшері
бойынша (14,9%-ы протеин және 9,8%-ы қорытылатын белок) шалғынды шөптерден
кем түспейді.
Қыша ертеден келе жатқан балды өсімдік: гүлдеу кезеңінде ол 1 гектар
жерден 100 кг бал береді [8]. Қышаның тозаңдануын жабайы насекомдар мен бал
аралар іске асырады. Ақ қышада 76,5% бал аралары және 23,5% жабайы
насекомдар жұмыс істейді. Аралар ақ қыша егістігінің жақсы тозаңдануына
ықпал етеді. Сондықтан қыша гүлдегенде омарталарды егіс алқаптарына алып
шығару дақыл өнімділігі мен сапасын арттыруға қажетті міндетті шара болып
саналады. Аралар қыша гүлдерін таңертеңгісін ерте аралай бастайды да сағат
12-14.00-ге дейін шірне жинайды. Ақ қышада сағат 8-14.00 аралығынында
шірненің максимальды бөлінуі жүреді. Ыстық күнде қышаның гүлденуі қарқынды
жүреді, бірақ оның ұзақтығы қысқарады.
Қыша өсімдігі топырақ құрылымына өте жақсы әсер етеді. Оның
тамырларының еріткіш қабілетіне байланысты олар қиын еритін қоректік
заттарды ерітіп, басқа өсімдіктерге жетімді түрлерге айналдырады және
топырақ қабаттарына жоғарыдан төмен қарай сіңуіне көмектеседі. Қыша
топырақты биологиялық тазартуда, көптеген грибковый ауруларды
залалсыздандыру үшін қолданылады [8].
Осы ерекшеліктеріне байланысты қыша ғажап сидерат қызметін атқарады,
және күздік бидай мен басқа да дәнді дақылдар үшін жол салушы болып
саналады. Севоайналымдағы дәнді дақылдар өсіруде ақ қышаны тыңайтқыш
ретінде қолданғанда, жыл сайынғы азоттың балансы 2,8 кгга-ға жоғарылап
отырады [9].
Жаздық крестгүлді дақылдар сортаңды өсімдіктерге ингибиторлық ықпал
етеді. Сарептік қышаны 1 кг топыраққа сепкенде ауыспалы калийдің 13-16 мг-ы
жинақталады. Топыраққа калийлі тыңайтқыштарды қоспағанда тек қыша фонында
жүгері өнімділігі минералды тыңайтқыштар фонымен салыстырғанда 0,5-0,17
тга-ға жоғары болған.
Вегетациялық периодының қысқа болуына орай қышаны жасыл жем-шөпке
өңдеуге болады. Ақ қышаны кейде асбұршақ, жасымық, сиыр жоңышқа және басқа
да бұршақ тұқымдас дақылдармен бірге егеді. Бұл жағдайларда
қыша аталған өсімдіктерге тіреу ретінде қызмет атқарады және арам шөптерді
болдырмайды.
Ақ қышадан алынған силостың құрамы келесідей болады: 2,7% протеин, 0,7%
май, 2,6% күл, 4,9% БЭВ.
100 кг қыша күнжарасында 97,5кг малазықтық бірлік және 20 кг
қорытылатын белок бар, оның азықтық бағалылығы ондағы гликозидтердің
болуына байланысты төмендейді [9].
Жазық аудандарда қарды ұстау мақсатында күзде қышаны күздік егістермен
қоса егеді.
Көгілдір қышаның жабайы түрі әр түрлі мемлекеттерде Азияда және
Египетте, Орта Азияда кездеседі. Оны Пәкістанда, Индияда, Қытайда,
Египетте, Францияда, Голландияда, Қазақстанда, Украинада өсіріледі. Сарепті
қышасы өзі тозаңданатын факультативті өсімдіктерге жатады, бірақ оларды
белгілі бір жағдайларда аралар тозаңдандырғанда өнімділік 27-36%-ға
жоғарылайды [10]. Экологиялық жағдай әсерінен жабайы насекомдардың азаюына
байланысты қышаның аралармен тозаңдануы маңызды шара болып саналады.
Қыша майлылығы жоғары өсімдік болғандықтан оның үйінділері ток әсерінен
өздігінен жылынады. Сондықтанда үйіндіге ток тиген жағдайда дән тазартқыш
машиналармен (ЩИС-25, СМ-4,5, ЗАВ 40) үйіндіні тез тазарту қажет. Дәні көп
үйінділерді тазарту үшін пневматикалық сұрыпты столар қолданылады.
Қыша тұқымын сақтауда жәндіктер мен кенелер түсу мүмкіндігі бар, олар
тұқымның өзіндік жылынуына және ылғалдануына әкеліп соқтырады, бұл олардың
тез ластануына және шығымының төмендеуіне ықпал етеді. Сондықтанда егінді
жинамас бұрын қойманы тазартып залалсыздандырып алған дұрыс. Қысқа
мерзімді сақтауда дәндердің ылғалдығы 12%, ал ұзақ мерзімді сақтауда 8%-
дан жоғары болмау керек. Тұқымдарды құрғату үшін желдеткішті бункерлер мен
едендік құрғатқыштар қолданылады [8].
Қышаның агротехникалық рөлі де маңызды. Тамырлық және шірінділік
қалдықтармен бірге ол 15-20тга көңге эквивалентті органикалық заттарды
топыраққа қалдырады. Бұдан басқа бұл дақыл топырақтың фитосанитарлық
жағдайын дұрыстайды. Қышаны солдырма ауруына қарсы күресте қолданады [11].
Қыша майлы дәндерінің сапасы мен өнімділігін арттыру үшін оны егу
технологиясының талаптарын орындау қажет. Негізгі ұйымдастырулық және
агротехникалық шаралардың бірі севоайналымда дұрыс орналастыру, топырақты
өңдеудің, оған тыңайтқыштар қосудың тиімді жүйесін орындау, егін салудың
оптималды мерзімдерін таңдау, егістікті зиянкестер мен арамшөптерден
қорғау, уақытында сапалы егіс жинау.
Егіс өнімділігінің төмен болуының өзі жоғарыда көрсетілген
агротехникалық шараларды орындамаудан болады [12].
Майдатұқымды қыша дақылы үшін топырақты өңдеу егісті игеру
технологиясының маңызды бөлігі болып саналады. Негізгі өңдеу жұмыстарын
күзде топырақ жағдайын, егістіктердегі арам шөптер мен оған дейінгі
егілген дақылдар сортын есепке ала отырып жасаған дұрыс. Қыша үшін өңдеу
нұсқасы сол аудандағы жаздық бидай егілетін топырақты өңдеуге қолданылатын
нұсқаларды орындаған жөн [13].
Көктемгі өңдеу жұмыстары ерте көктемгі жер жырту жұмыстарынан
басталады. Қуаңшылық кезеңдерде топырақты домалатып қойған дұрыс. Егін салу
алдындағы культивацияны тырмалары бар агрегаттармен тұқым егу тереңдігіне
байланысты жүргізеді. Минералды тыңайтқыштарды қосуда арнайы дәнсепкіштер
қолданылады [14].
Сібір жағдайында қышаны тұқымын ерте сепкенде қышаның өсу фазасының ең
жауапты кезеңі – түйнек салу кезеңі ылғалдың жетіспеушілігі жағдайында
өтеді, жеміс пайда болғанға дейін өсімдік мықты ассимилияциондық аппаратын
дамытып үлгере алмайды. Сондықтанда қышаны егуді орта мерзімдерде (мамыр
айының 2-ші декадасында немесе жаздық өсімдіктерді егуден кейін 10-15 күн
өткеннен соң) бастаған дұрыс.
Өзінің тамыр жүйесінің қуаттылығы мен тез пісуіне байланысты қыша
қуаңшылыққа төзімді келеді, бірақ өзінің алғашқы өсу кезеңдерінде
арамшөптермен әлсіз күреседі. Сондықтан қышаны арамшөптерден тазартылған
жерлерге еккен дұрыс [15].
Тұқым себуде белгілі нормалардан ауытқымас үшін дән сепкіштерді
қолданған дұрыс. Дән сепкіштермен біріңғай себу үшін оларға толықтырушылар
қосу керек. Толықтырушылар ретінде қуырылған прос тұқымы, суданка,
түйіршіктелген суперфосфат (20кгга) қолданылады. Бұл қоспаны дән себерден
алдын дайындау керек және ұзақ уақытқа сепкіш ішінде қалдырмаған жөн,
мысалы бір түнге, өйткені дәндердің шығуы төмендейді.
Дән сепкеннен кейін егістікті дән мен топырақ арасын тығыз байланыстыру
мақсатында тырмалау қажет. Ылғал қыша дақылының өнімділігін жоғарылататын
негізгі фактор. Өсу үшін көп жылу қажет етпей отыр, қыша өсімдігі көктемгі
ылғалды мүмкіндігінше молынан пайдаланады. Кейінгі өсу фазаларында мықты
тамыр жүйесіннің әсерінен қыша өсімдігі топырақтың төменгі қабаттарындағы
ылғалды жақсы пайдаланады. Сондықтанда бұл дақылдың өнімділігі оның
севоайналымдағы орналасуына және топырақтың негізгі өңдеу әдістеріне
байланысты [16].
Қышадан бұрын егілген дақылдар топырақтың белсенді қабатындағы
ылғалдың қоры мен арамшөптерге әсер етеді [17].
Қышаның өнімділігіне оны егу алдындағы топырақтағы ылғал қоры мен
вегетациялану кезеңдеріндегі жауын-шашын мөлшері әсер етеді. Осы кезеңдегі
жауын-шашын мөлшерінің рөлі соншалықты маңызды, олар оның алдында егілген
өсімдіктер қамтыған ылғал қорын да теңестіріп жібереді.
1990 жылы 0-100 см топырақ қабатындағы ылғал мөлшері: пар бойынша
128мм, күздік бидай бойынша 74мм, ал арпа бойынша 73 мм болған. Пар бойынша
өнімділік парлы емес өсімдіктермен салыстырғанда 0,26-0,51цга-ға жоғары
болған. 1992 жылы ылғал қоры барлық өсімдіктер бойынша бірдей болды -120-
129мм. Парлы емес өсімдіктерден кейін егілгенде қышаның арам шөптермен
ластануы жоғары болғаны байқалған [18].
Қышаның тамыр жүйесі 2,5 ... 3,0 метрге дейінгі тереңдікке жайыла
алады, бұл оның топырақтың төменгі қабаттарындағы ылғалмен қоректенуін
қамтамасыз етеді де, тіпті құрғақшылық кезеңдерде де ол жақсы өнім бере
алады. Сондықтан агротехниканың топырақты өңдеу сияқты әдістері ылғалдың
қорын жасауға және оның өнім беру кезеңінде тиімді шығындалуына ықпал
етеді.
Қышаны егетін топырақты күзде дайындап бастау қажет. Тіпті ерте
көктемгі жер жыртудың өзі сүдігерлікпен салыстырғанда қыша өнімділігін күрт
төмендетуі мүмкін [19].
70-ші және 80-ші жылдардағы зерттеулер қоректік заттар аумағын
өзгерту тек қыша өнімділігін ғана емес, оның сапасын да жоғарылататынын
анықтаған.
Тұқым себу нормасын 1,5-тен 3,5 млнга-ға өзгерткенде және тұқым
себуді кеш мерзімде жүргізгенде қыша өнімділігінде өзгерістер байқалмаған.
Төрт жылда орташа шамамен 3,5млн тұқым сепкенде 6,2ц, ал 1,5 млн тұқым
сепкенде -8,2ц өнім алынған [20].
Қышаны ерте себу мерзімінде оның өнімділігі – 0,8тга, ал кеш себу
мерзімінде өнімділік – 0,56тга болған [21].
Германияда 6-7 жылдық зерттеу нәтижесінде көгілдір қышаны өндіру
бойынша 1984ж-н 1989 ж-ға дейін осы дақыл өсірілген аймақ 20-дан 1200 га-ға
жеткен. Шаруашылықта өнімділік 1,7-2,4тга болғанда, зерттеу жұмыстарында
көгілдір қышаның өнімділігі 2,98тга, ал максимальды көрсеткіші 4,47тга
болған.
Жоғары өнімділік кезінде алынатын майдың сапасына назар аудару
керек. Бұл көрсеткіштер негізінен климаттық жағдайлар мен агротехникалық
шаралардың өткізілуіне байланысты.
Тұқым себу мерзімі мен нормасына басты назар аудару керек. Өңдеуші
мекемелердің стандарттарына сәйкес тұқым құрамындағы аллил майының
мөлшері 1,0 %-дан жоғары болуы керек. Тұқымды оптимальды мерзім мен
оптимальды нормада сепкенде алынған өнімде оның мөлшері 1,1-ден 1,41%-ға
жеткен. Тұқымды ерте және оптимальды нормада себу аллил майының мөлшерінің
жоғары болуына ықпал етеді [22].
ВНИИМК-11 сортын 2,0млн. нормамен сепкенде оның тұқымдарындағы аллил
майы 1,04% болған. Себу нормасын 1,0млн төмендеткенде және 2,5млн-ға
жоғарылатқанда аллил майының мөлшері 0,98-0,99%-ға төмендеген. Осыған
байланысты тұқымды ерте мерзімде себу керек (бірақ 20-шы наурыздан ерте
емес). Қышаны өсіруге ұсынылған технология, тұрақты өнім алудың барлық
жағдайларын: алдыңғы егілетін өсімдіктер, егіс қалыңдығын, себу нормасын,
тұқымды отырғызу тереңдігін, қарық аралықтарын, тыңайтқыштарды, сұрыптарды,
аурулар мен зиянкестермен күресуді қарастырады [23].
Сонымен қазіргі таңда Ставрополь аймағындағы барлық шаруашылықта қыша
өсірудің адаптивті технологиясын игеру мәселесі тұр. Адаптивті
технологияның негізі ол тұқымнан максимальды өнім алу үшін топырақтық-
климаттық, биологиялық-техникалық мүмкіндіктерді ұтымды пайдалануды
қарастырады. Жоғары және тұрақты өнім алу үшін қышаны өсірудің
технологиялық оперцияларын дұрыс орындап және тыңайтқыштар беру жүйесін
дұрыс жасаған жөн [24].
Қазіргі уақытта ғылымның алдында тұрған негізгі мәселе бір жағынан
өсімдіктерге тыңайтқыштардың тиімділігін жоғарылатуды, ал екінші жағынан
өсімдік физиологиясын есепке ала отырып, оның минералды қоректік заттарға
деген қажеттігін ескеретін синхронды жүйені жасау. Қоректік элементтердің
вегетативті органдарға қарқынды түсуі негізінен ылғалдану жағдайы мен
минералды қоректердің деңгейіне байланысты.
Сарепті қышасы минералды тыңайтқыштарды жақсы қажет етеді. Қыша дақылы
күздік бидайға қарағанда азотты, фосфорды, калийді, магнийді, борды және
күкіртті 1,5-2,0 есе, ал кальцийді 5 есе көп қажет етеді. Марганец, әсіресе
бор өнімділікті 18%-ға дейін жоғарылатады [25]. Қыша тыңайтқыштардың
салдарын өте жақсы пайдаланады. Қышаны севоайналымда күздік егістен кейін
еккенде тыңайтқышты тікелей қышаға емес, оның алдында егілген дақылға
берген дұрыс.
Соның өзінде қышаға жақсы қоректік фон қажет: 1 тонна тұқым еккенде
қыша топырақтан 55-60 кг азот, 25-30 кг фосфор және 25-30кг калий алады,
сондықтанда егістік жерді дайындау алдында бір гектар жерге 60 кг фосфорлы
тыңайтқыш берген жөн. Қыша дақылы 25-27 см тереңдікте жыртылған жерде
жақсы өседі.
Қышаның розетка фазасында тыңайтқыштарды қолданғанда нитратты азоттың,
жылжымалы фосфордың мөлшері бақылау фонына қарағанда 2-8мг-ға жоғарылайды.
Түйнек салу кезеңінде, барлық тәжірибе варианттарында қыша өсімдігінің
қоректік заттарды жоғары мөлшерде қажет етуіне байланысты және ылғалдану
жағдайларына байланысты қоректік элементтердің мөлшері азаяды [26].
Жаңа өскін кезінде фосфордың қажеттілігі аз, ал оның вегетативті
органдарда интенсивті жинақталуы гүлдеу мен пісіп жетілу фазасында
басталады.
Қыша тыңайтқыштарды өте жақсы тұтынады.Тыңайтқыштар бергенде қыша
өсімдігі өте қуатты өседі және жапырақтарының беттік қабаты өте жақсы
дамиды. Бірақ бұл барлық кезде қыша өсімдігінің өнімділігіне әкелмейді.
Осыған байланысты негізгі өнімділік көрсеткіштеріне әсер ететін топырақтық-
климаттық жағдайларды ескеретін тыңайтқыштар жүйесін іздестіру керек.
Органикалық тыңайтқыштардың қыша өсімдігіне оң әсері тәжірибелік
жұмыстармен анықталған [27].
Қиды алдыңғы егілген өсімдіктерге берген дұрыс, өйткені оны қышаға
тікелей беруде вегетациялану кезеңінің созылыңқы болуына әкеледі [28].
Органикалық және азотты тыңайтқыштардың мөлшерін арттырғанда
дәннің, сабанның көп болғанын байқаған, ал азоттың мөлшері дән
өнімділігімен дәл корреляцияланған. Қыша өнімділігін елеулі жоғарылатуға
минералды тыңайтқыштар ықпал етеді. Минералды тыңайтқыштарға байланысты
өнімділік әр түрлі мәліметтер бойынша 2-ден 8цга-ға жоғарылаған [29].
Минералды тыңайтқыштар қыша өнімінің құрылымдық элементтеріне оң әсер
етеді. Олар бұршаққын саны мен ондағы дәндер санының көп болуына әсерін
тигізеді.тағы дәндер саны бақылау вариантымен салыстырғанда 11-13%-ға
жоғары болған.Сонымен қатар, 1000 дәнннің массасы да жоғарылайды (0,3-0,5г-
ға). Бір өсімдіктегі бұршаққынмен дәнннің ең көп болуы N 90P 90K 15
минералын бергенде байқалған [30].
Қыша жалпы тыңайтқыштар дозасын жоғарылатқанға немесе оларды бірнеше
минералдармен үйлестіргенде әлсіз бейімделеді.
Минералды тыңайтқыштарды негізгі топырақ өңдеуде береді. Ашық қоңыр
топырақта қыша өсіруде - N60P60[31].
Минералды тыңайтқыштарды топырақты негізгі өңдеуде беру керек. Қыша
өсіруде негізгі минералды тыңайтқыш ретінде N40P60 беруді ұсынады. Қара
және қоңыр топырақтарда калий элементі көп болғандықтан оларға калийлі
тыңайтқыштарды бермеуге де болады [25].
Тұқымды егу нормасы минералды қоректің деңгейіне байланысты. Тыңайтқыш
берілмеген жағдайда тұқым себу нормасы -3млн, ал N90P90K90 фонында бір
гектар жерге тұқым себу нормасы – 2млн [32].
Қышаның максимальды өнім беруі азотты-фосфорлы тыңайтқыштар фонында
алынған және ол 28,8цга болып, бақылау фонынан 8,8цга-ға артық болған.
Калийлі және азотты-фосфорлы тыңайтқыштарды бір жақты қолдану табиғи
агрохимиялық фонда қыша өнімділігін 1,2-0,4цга-ға төмендетті [33].
Бағалы майлы дақыл қышаға суперфосфатты берген экономикалық тиімді
болып саналады, ал негізгі тыңайтқыштар алмаған егістіктерге
түйіршіктелген суперфосфаттың P20 мөлшерін берген дұрыс [34].
Сарептілік қышаны ерте мерзімде еккенде және оған азот-фосфорлы
тыңайтқышты -50кгга мөлшермен түйіршікті суперфосфатты немесе аммофосты
бергенде өнім жақсы шығады.
Минералды тыңайтқыштар қышаны жақсы өнімділікпен кез-келген аудандарда
өсіруге ықпал етеді. Бірақ туктағы қоректік элементтердің түрі мен үйлесімі
туралы әдеби мәліметтер бір-бірімен кереғар. Бұдан шығатын қорытынды
қышаның өнімділік деңгейі топырақтық-климаттық жағдайларға, тыңайтқыштар
жүйесі мен мөлшеріне, азот, фосфор және калийдің өзара үйлесімдігі мен
мөлшеріне байланысты және бұл аталғандар жан-жақты зерттеулерді қажет етеді
[35].
Минералды тыңайтқыштардың тұқымның майлылығына әсері олардың мөлшеріне,
азот, фосфор және калийдің мөлшеріне байланысты [36].
Қыша өсімдігін қоректендіру жағдайларын жақсарту арқылы өсімдіктің өсуі
мен дамуын белсендендіруге және дәндердегі май мөлшерін жоғарылатуға болады
[37]. Қыша дәнінің майлылығының тыңайтқыштар қолдануына байланысты өзгерісі
туралы әртүрлі көзқарастар қалыптасқан. Қыша дәндерінде майдың қарқынды
жиналуы ылғалды жағдайға және минералды қорек деңгейіне байланысты [38].
40 және 60 кгга күкірт пен азот мөлшнрінің (600, 100 және 150кгга)
әсерін және олардың үйлесімділігінің қыша дәндеріндегі май мен белок
мөлшеріне әсерін бағалай отырып, күкірт пен азотты тыңайтқыштарды бірге
бергенде қыша дәндеріндегі майды жоғарылатып отырған. 60кгга
күкірт+100кгга азотты қосып бергенде, қышадағы майдың максимальды мөлшері
51,2%-ды құрады. Дақыл майында олейндік және лилоневті қышқылдардың мөлшері
артып, эйкозенді және эрукты қышқылдардың мөлшері тек азотты тыңайтқыштар
берген бақылау варианттарына қарағанда төмендеген.
S+N401 - ті 40кгга мөлшермен бергенде дәндерде белок, азот және
күкірттің ең жоғары мөлшері байқалған. Осы зерттеулер негізінде авторлар
азот пен күкірт бойынша баланстағы минералды қоректер беру жоғары өнімділік
пен дәндегі сапалы май алуға болады деген тұжырымдар жасаған [39].
Тамыр жүйесінің жақсы сіңіру қабілетіне байланысты қыша топырақтағы
тыңайтқыштарды өте жақсы пайдаланып, дәндегі протеин, май және аллил
майының мөлшерін жоғарылатып отырады.
Фосфор мен калий тұқымдарда майдың жинақталуын қамтамасыз етеді, ал
азотты тыңайтқыштар белоктардың биосинтезін жылдамдата отырып май түзілу
үрдістеріне кері әсер етеді.
NPK фонында фосфордың жоғары болуы майдың 1%-ға төмендеуіне әкеледі,
бірақ өнімділікті жоғарылатады. Азот дазасын жоғарылатқанда тұқымдағы
майлылықтың төмендеуі байқалды [40].
2. Дақылға сипаттама
ТМД да, оның ішінде Қазақстанда көбінесе көкшіл сұр қыша, немесе
сарапет қышасы өсіріледі. Оның дәнінде 24 – 29 % май болады, сондықтан ол
тамақ өнеркәсібінде, яғни маргарин алу, нан пісіру, кондитер өнімдерін және
консерві жасау үшін қолданылады.
Қышаның бұл түрі тоқыма, сабын қайнату өнеркәсіптерінде, дәрі - дәрмек
алу үшін де қолданылады.
Қышаның күнжарасынан асханалық және қыздырғыш қыша, фитин, эфир майлары
алынады.
Республиканың солтүстік облыстарында қыша таза парда қыста қарды мол
тоқтату үшін ықтырма дақыл ретінде себіледі.
Ақ қышадан сапалы тағамдық май алынады. Оның дәніндегі майдың мөлшері
30 – 40% тең. Ақ қышаның майы техникалық мақсат үшін де пайдаланылады.
Ақ қыша - жақсы мал азықтық дақыл. Көктеп шыққан соң бір айдан кейін
оның көк балаусасын малға жем ретінде беруге әбден болады.
Ас бұршақ, сиыр жоңышқа, жасымық, тағы басқа дәнді бұршақ дақылдарымен
ақ қышаны қосып сепкенде танаптағы арам шөптерді құртады.
Республикада көкшіл сұр қыша Қостанай, Көкшетау, Семей, Солтүстік
Қазақстан, Ақмола облыстарында негізіне ықтырма дақыл ретінде, ал Батыс
Қазақстан мен Павлодар облыстарында дән үшін өсіріледі. Қазақстандағы 1990
жылғы қыша егісінің көлемі 38 мың гектарға жетті.
Дән үшін өсірілетін қышаның әр гектарының өнімділігі 5,3 центнер болды,
20,18 мың тонна жалпы түсім жиналды.
Қазақстанда 1991 жылы Заря, ВНИИМК 11, Неосыпающаяся-2 сорттары
аудандастырылып себілді.
Сыртқы ортаның факторларына қойылатын талаптар
Қышаның екі түрі де суыққа төзімді. Сондықтан олардың тұқымдары топырақ
+1-20С (ақ қыша) - +2-30С (көкшіл сұр қыша) қызғанда өніп өсе бастайды.
Көкшіл сұр қышаның жас өркені көктемгі - 3-50С, ал ақ қышаныкі - 60С
суыққа үсімейді. Көкшіл сұр қыша құрғақшылыққа төзімді, ал ақ қыша к
ерісінше құрғақшылыққа шыдамсыз.
Қара топырақтарға сепкенде көкшіл сұр қышадан жақсы өнім алуға болады,
сортаң жерлер мен механикалық құрамы ауыр саздау келетін топырақтарды ол
ұнатпайды.
Көкшіл сұр қышаға қарағанда ақ қышаның топыраққа талғамы онша емес,
сондықтан оны құнарлылығы кемдеу күлгін топырақты жерлерде және байланысы
аз сазды топырақтарды өсіруге болады.
3. Зерттеу аймағының табиғи-климаттық жағдайлары
Қазақ ұлттық ауылшаруашылық университетінің Агроуниверситет оқу -
тәжірибе станциясы, Алматы облысының Еңбекші - Қазақ ауданында орналасқан,
ол Алматы қаласынан 37 км, ал аудан орталығы Есіктен 18км қашықтықта
орналасқан. Бұл аудан тау бөктеріндегі шөлейтті - дала аймағына жатады.
Теңіз деңгейінен абсолютті биіктігі 550-700м. Бұл территорияда таулы
өзендер мен жарлар жиі кездеседі. Жер асты сулары 1,2-1,6м тереңдікте
орналасқан. Бұрғылау құбырларын пайдаланған жағдайға бұл сулар мен
ауылшаруашылық дақылдарын суландыруға болады.
1. Жауын - шашын мен температуралық құбылым
Тәжірибе танаптар территориясы тау етегіндегі шөлді далада орналасқан,
климаты күрт континентальды, ауаның ылғалдылығы төмен, күн инсоляциясы
жеткілікті, қысы қысқа бірақ суық.
Ауаның оңтайлы көрсеткішпен терісіне ауысуы қараша айының бірінші
ширегінде, ал кейбір жылдары желтоқсан айының екінші тоқсанында байқалады.
Тұрақты қар жамылған қараша айының соңы мен желтоқсан айының басында
болады. Қардың жату ұзақтығы 85-100 күн. Қардың қалыңдығы біркелкі емес,
оның биіктігі 20-35см аралығында ауытқиды, қыста жиі - жиі жылы еру
кезеңдері мен ауысады, кейде қар кетіп қалады. Тәжірибе бөліміндегі
абсолютті минимум температура -360 С . Ауа температурасының 00 С тұрақты
ауысуы көктемде наурыз айының II немесе III - ширегінде байқалады. Көктемгі
мезгіл қысқа 35-50 күн, температура күрт көтеріледі, бірақта оның тәуліктік
ауытқуы өте алшақ. Жиі-жиі үсік жүріп, кейде қар жаууы мүмкін. Үсік сәуір
айының соңғы ширегінде немесе мамыр айының басында тоқтайды. Бұл
аймақтағы аязсыз күндер саны150-170 күн. Көктем айларында топырақтағы
негізгі ылғал жинақталады(наурыз-маусым), бұл мезгілде жылдық норманың
жартысы жауады. Көктем айындағы ең жоғарғы температура +350 С .
Зерттеу ауданындағы ең ұзақ маусым ол жаз(170-180 күн). Ыстық мезгіл
сәуір айының екінші ширегінде басталуы мүмкін, ол қазан айының екінші
ширегіне дейін жалғасады. Бұл мезгілдегі орташа температура +20-240С.
Тәуліктік ауытқу амплитудасы, яғни күн мен түннің арасы өте алшақ, ол
орташа 200 С . Жазғы мерзімдегі оңтайлы температуралар жиынтығы 3450-37500
С, ал 100 С жоғарғы температуралар жиынтығы 3100-34000 С аралығында
ауытқиды. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы маусым айынан бастап ауаның
температурасының күрт өсуімен қабаттасады және оның көрсеткіші 46-48%
жетеді, көп жылдық мағлұматтар бойынша ол 50-60% құрайды. Жауын мөлшері
көктемде азаяды,кейбір жылдары жаз айларының бір күнінде жауын-шашынның
айлық мөлшері түсуі мүмкін.
Күзде 150 С өту қыркүйек айының III - ширегінде басталып, қазан айының
басына дейін баруы мүмкін, бұл кезеңнің ұзақтығы 30-50 күн. Бұл мезгілдегі
тәуліктік температураның ауытқуы 25 - 300 С жетеді.
Жылдық жауын- шашынның мөлшері 350-450мм. Ыстық мезгілде түсетін оның
мөлшері 120-300мм.
Аймақтағы ауа-райы мен климаттық талдаулардың мағлұматтары бойынша, бұл
жердің ерекшелігі температуралық құбылымның жоғарлығы және өсімдіктердің
өсіп-өнуі кезіндегі атмосфералық түсімнің жеткіліксіздігі.
1 кесте
2009-2010 жж. жауын – шашын, температура және салыстырмалы ауа
ылғалдықтарының көрсеткіштері
Жылдар
2009
2009
2009 21,0
3 3-1 1-0,75 0,75-0,55 0,05-0,01
0-10 1,20 2,61 54 27,1 5,02
20-30 1,24 2,61 53 26,3 4,78
40-50 1,30 2,68 52 26,2 4,43
70-80 1,33 2,70 51 22,0 4,41
100-110 1,50 2,71 45 21,0 4,41
120-130 1,60 2,73 42 - -
Су өткізгіштік мағлұматтарына қарасақ, бұл топырақ өзінің ауыр
құмбалшықты гранулометриялық құрамына қарамастан суды сіңіруі
қанағаттанарлық жағдайда, тың жердегі орташа су сіңіргіштігі 0,9мммин, ол
бұл топырақтағы макро түйіртпектіліктің жақсы жетілгендігімен және
қуыстылығының жоғары болуына байланысты (3 кесте).
4 кестеде көрсетілгендей, жыртылған қабаттағы гумустың мөлшері 4,38%
болса, ол астыңғы қабаттарға қарай біртіндеп азаяды. Жалпы азот пен
фосфордың көрсеткіштері жоғары , өз кезегі бойынша 0,258 -0,211% құрайды.
Қоректік заттармен қамтамасыз етуі жағынан тәжірибе бөлімшесінде азот
мөлшері жоғары 137мгкг N және NO3-25мгкг және калийдің көрсеткіші
жеткілікті. Ал жылжымалы фосфор бұл топырақтарда төмен.
4 кесте
Тәжірибе бөлімшесінің агрохимиялық қасиеттері
Қабат Үлгі алу Жалпы, % Жылжымалы, мгкг топырақта
тереңдігі,
см
Р0 2009 2010 Р150 2009 2010
Бақылау Бақылау
Көң, 30 тга әсері кейінгі Көң, 30 тга әсері кейінгі
әсері әсері
Биогумус, 3тга әсері кейінгі Биогумус, 3тга әсері кейінгі
әсері әсері
Сабан, 5тга әсері кейінгі Сабан, 5тга әсері кейінгі
әсері әсері
Топырақ үлгілерінен анықталды:
1. Гумус-Тюрин бойынша
2. Жылжымалы NPK
- Нитратты азот (N-NO3) Грандваль – Ляжу бойынша дисульфофенол
қышқылымен
- Жылжымалы фосфор -1% көмір амоний ерітіндісінде Б.А.Мачигин
тәсілімен.
- Алмаспалы калий – сол ерітіндіден жалынды фотометрде.
- Амоний азоты (N-NH4) – Несслер реактивімен.
3. Азот, фосфор, калийдің жалпы формалары – бір үлгіден (азот – Къельдал
бойынша, фосфор – колориметрде, калий – жалынды фотометрде).
Өсімдік үлгілерінде анықталды:
Барлық дақылдар үшін шикі және құрғақ масса динамикасы;
1. Дақылдарға структуралық анализ жасалды;
2. NPK мөлшері, негізгі және қосалқы өнімдерде, ол вегетацияның басында
және соңында бір үлгіден Гинзбург және Шеглова тәсілімен күкірт
қышқылымен күлдендіру әдісі бойынша (азот – Къелдал, фосфор –
колориметрде, калий – жалынды фотометрде);
3. Қыша дақылдарының дәнінен май мөлшері (Сокслет бойынша), қышқылды және
йодты саны (Ганус бойынша), сабындану мөлшері;
4. Тыңайтқыштардың экономикалық тиімділігі А. И. Бараев атындағы ҚазҒЗИ
бойынша анықталды.
4.2 Зерттеу нәтижелері
4.2.1 Топырақтың орналасу тығыздығы
Топырақтың физикалық қасиеттері өсімдіктің өсуі мен дамуына және
ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігіне үлкен әсер ететін белгілі. Кез
келген дақылды технологиялық өңдеу процесінде, топырақтың жыртылатын қабаты
айрықша физикалық, физика-механикалық қасиеттерімен ерекшеленетін сапаға ие
болады. Бұл қасиеттер топырақты өңдегенге дейінгі қасиеттерден өзгешеленіп
тұрады. Осындай қасиеттердің бірі болып табылатын топырақтың массасы
топырақтағы органикалық зат көлемдік массасы топырақтағы органикалық
заттардың мөлшеріне және топырақтың құрылымына тәуелді.
Біздің зерттеулерімізде топырақтың көлемдік массасын бағдарламаға
сәйкес тәжірибе жүргізер алдында 0-20, 20-40см қабаттарда жалпы қабылданған
әдістемемен және алты қайтарымда анықталды (6-кесте).
Тәжірибе жүргізілген жылы ( 2008жыл, күз) зығыр, қыша, майкене
дақылдары өсірілген танаптарда топырақтың 0-20см қабатындағы көлемдік
массасының бастапқы салмағы 1,22-1,25 гсм3 шамасында ауытқыды, яғни үлкен
айырмашылық байқалмайды. Дегенмен ескере кететін жайт, ауыспалы егіс
танаптары арасында кейбір өзгешеліктер байқалды (6 кесте).
6 кесте
Ұрық алмастыру ауыспалы егісіндегі дақылдар өсірілген шалғынды - қара
қоңыр топырақтың орналасу тығыздығының динамикасы (тәжірибе қояр алдында,
2008 жыл, күз)
Топырақ қабаты, Майлы зығыр Майкене Көкшіл қыша
см
0-20 1,22 1,25 1,24
20-40 1,27 1,32 1,29
4.2.2 Қыша дақылы өсірілген топырақтың қоректік режимінің динамикасы

Топырақтағы гумус мөлшері топырақ құнарлығы деңгейінің маңызды
интегралды көрсеткіші, табиғи әлеуметтік -экономикалық жағдайының, сондай-
ақ ғылыми-техникалық прогрестің және жалпы егіншілік деңгейінің көрсеткіші
болып табылады.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz