Магистральдық мұнай және мұнай өнімдері құрылғыларының құрамы



Мұнай және мұнай қнімдері құбырларының классификациясы
Мұнай құбыры деп мұнай немесе мұнай өнімдерін айдау үшін арналған құбырларды атау қабылданған. Егер құбырмен тек қана мұнай өнімдері ғана тасымалданатын болса, яғни тек мұнай өнімі ғана тасымалданатындығын білдіретін болса, онда оны «өнімдер құбыры» деп атайды. Егер құбыр бойынша құбыр арқылы тек бір ғана өнім тасымалданатын болса, онда оны өнімнің аталуына байланысты бензин, керосин немесе мазут құбыры деп атайды.
Өздерінің арналуы бойынш мұнай құбырлары келес үш топқа бөлнеді:
1. Ішкі. кен орындарынд, мүнай өңдеуші зауыттарда және мұнай базаларында әртүрлі объектілер мен қондырғыларды бір бірімен байланыстырып отыратын құбырлар.
2. Жергілікті. Ішкі құбырлармен салыстырғанда үлкен ұзындықтарға ие болады, яғни оның ұзындығы бірнеше ондаған километрлерге дейін жетуі мүмкін. Жергілікті құбыр жолдарыкен орындарын магистральды мұнай құбырының бас станцияларымен немесе мұнай өңдеу зауытарын темір жол немесе с кемелеріне тиеу және құю бекеттерімен байланыстырады.
Магистральды құбыр жолдары. Бұл құбыр жолдары үлкен ұзындықпен ерекшеленеді (жүздеген және мыңдаған километрлер). Сондықтан айдау негізінен бір емес, трасса бойына орналасқан бірнеше станция арқылы жүргізіледі. Магистральды мұнай айдау құбырлары бұкіл жыл бойында тәулік бойы жұмыс істейді. Қысқа уақыттық тоқтаулар жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты орын алуы мүмкін. Магистральды мұнай айдау құбыры салыстырмалы кіші диаметрге ие болып келеді және ұзындығы да шамалы аз болады. Сұйықтықтарды айдау үшін 5-6,5 МПа қысым

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Магистральдық мұнай және мұнай өнімдері
құрылғыларының құрамы
Мұнай және мұнай қнімдері құбырларының классификациясы
Мұнай құбыры деп мұнай немесе мұнай өнімдерін айдау үшін арналған
құбырларды атау қабылданған. Егер құбырмен тек қана мұнай өнімдері ғана
тасымалданатын болса, яғни тек мұнай өнімі ғана тасымалданатындығын
білдіретін болса, онда оны өнімдер құбыры деп атайды. Егер құбыр бойынша
құбыр арқылы тек бір ғана өнім тасымалданатын болса, онда оны өнімнің
аталуына байланысты бензин, керосин немесе мазут құбыры деп атайды.
Өздерінің арналуы бойынш мұнай құбырлары келес үш топқа бөлнеді:
1. Ішкі. кен орындарынд, мүнай өңдеуші зауыттарда және мұнай базаларында
әртүрлі объектілер мен қондырғыларды бір бірімен байланыстырып
отыратын құбырлар.

2. Жергілікті. Ішкі құбырлармен салыстырғанда үлкен ұзындықтарға ие
болады, яғни оның ұзындығы бірнеше ондаған километрлерге дейін жетуі
мүмкін. Жергілікті құбыр жолдарыкен орындарын магистральды мұнай
құбырының бас станцияларымен немесе мұнай өңдеу зауытарын темір жол
немесе с кемелеріне тиеу және құю бекеттерімен байланыстырады.

3. Магистральды құбыр жолдары. Бұл құбыр жолдары үлкен ұзындықпен
ерекшеленеді (жүздеген және мыңдаған километрлер). Сондықтан айдау
негізінен бір емес, трасса бойына орналасқан бірнеше станция арқылы
жүргізіледі. Магистральды мұнай айдау құбырлары бұкіл жыл бойында
тәулік бойы жұмыс істейді. Қысқа уақыттық тоқтаулар жөндеу жұмыстарын
жүргізумен байланысты орын алуы мүмкін. Магистральды мұнай айдау
құбыры салыстырмалы кіші диаметрге ие болып келеді және ұзындығы да
шамалы аз болады. Сұйықтықтарды айдау үшін 5-6,5 МПа қысым құрылады.
жылына шамамен миллиондаған тонна мұнай немесе мұнай өнімдері
айдалады.

Магистральды мұнай айдау құбырларына ұзындығы 50 км асатын диаметрі
219 дан 1220 мм дейін жететін тауарлық мұнайды (мұнай өнімдерін) өндіру
аудандары немесе сақтау орындарынан (өндірістен) тұтыну орындарына дейін
тасымалдауға арналған құбыр жолдары жатқызылады.
СНиП 2.0506-85 сай магистральды мұнай тасымалдау құбырлары диаметріне
байланысты төрт класқа бөлінеді:
Бірінші класс – шартты диаметрі 1000 нан 1200 мм дейін жететін құбыр
жолдары;
Екінші класс – 500 ден 1000 км дейінгі құбырлар;
Үшінші класс – 300 ден 500 мм дейінгілер:
Төртінші класс – 300 мм және одан кіші құбырлар

Магистральды құбыр жолдарының негізгі объектілері және құрылғылары
Магистральды құбыр жолдары келесі құрылғылар кешенінен тұрады:
мұнай және мұнай өнімдері көздерін құбыр жолдарының басты
құрылғыларымен байланыстыратын шығару құбыр жолдары. Бұл құбырлар бойынша
кен орындарынан мұнайлар немесе зауыттардан мұнай қнімдері басты станцияның
резервуарларына айдалады;
басты мұнай немесе мұнай өнімдерін жинайтын станциялар магистральды
құбыр жолдары бойынша мұнай немесе мұнай өнімдерін айдау үшін арналады.
Мұнда мұнайды (мұнай өнімдерін) қабылдау, оларды сорттары бойынша бөлу,
тіркеу және келесі станцияға айдау жүзеге асырылады;
аралық айдау станциялары, яғни мұнай және мұнай өнімдерін айдау үшін
арналған станциялар алдыңғы станциядан келіп түсетін мұнай немесе мұнай
өнімдерін келесі станцияға айдап жіберу үшін арналады;
соңғы аяөтаушы бекет құбыр жолдарынан мұнай немесе мұна өнімдерін
қабылдап алып оларды тұтынушыларға бөледі немесе одан ары транспорттың
басқа түрімен ары жіберуді жүзеге асырады;
меншікті құбыр жолы, трассада сызықты құдықтары, катодтық және
протекторлық қорғау станциялары, дренаждық қондырғылары, сонымен қатар сулы
кедергілер арқылы өту жолдары, темір жол және авто тиеу жолдары бар
құрылғылар құбыр жолының сызықты құрылғылары деп аталады. Одан басқа оларға
сонымен қатар тікұшақтық алаңшалар, қарап күтушілер үйлері, байланысу
желілері, грунтты жолдар жатқызылады.
Құбыр жолдарының сызықты құрылғылары. Магистральды құбыр жолының
негізгі құраушы бөлігі болып меншікті құбыр жолы есептеледі. Құбырларды
салу тереңдігін климаттық және геологиялық шарттарға, сонымен қатар
айдалушы өнімді тұну температурасынан жоғары температурада ұстап тұрумен
байланысты қажетті спецификалық шарттарға байланысты анықтайды.
15-20 км интервалға ие болып келетін трассаларда релъефке байланысты
құбыр жолының бөліктерін жауып бекту жне апат болған жағдйларда мұнай
шығындарын төмендету мақсатында задвижкалар (бекіту орындарын) орнатады.
Трассаның бағытын таңдауда құбыр жолдарының ұзындығын кішірейту үшін
бастапқы және соңғы бекеттер арасында мүмкіндігінше қысқа геодезиялық
тізбектерді ұстап қалуға ұмтылады. Генералды бағыттан ауытқуға тек қана
олардың мақсаттылығы техникалық есептеулермен дәлелденген жағдайда ғана
мүмкін болады.
Магистральды құбыр жолдары үшін соңғы жылдары диаметрі 1220 мм болып
келетін құбырларды пайдаланады. Мұнай құбырларының қабырғаларының
қалыңдығын айдаушы станцияның максималды мүмкін болатын жұмысшы қысымына
байланысты есептейді. Мұнай өнімдері үшін пісірмелі мұнай құбырларын
пайдаланады, оларды электро сварка арқылы қосады.
Трассалар бойына телефондық байланыс жүйелерін тұрғызады. Бұл байланыс
негізінен диспетчерлік атауға ие болады. Ол өте жауапты объект болып
есептеледі. Байланыс жұмысының тоқтауы қағида бойынша құбыр бойынша қнімді
айдауды тоқтатады.
Құбыр жолдары трассаларының бойына сонымен қатар к.рделі учаскелерде
бір бірінен 15-20 км қашықтықта ағымдағы жөндеу пунктілерін орнатады.
Жөндеушілердің міндеттеріне құбыр жолдарына қарауылдау кіреді, және олар
байланыс жүйесінің жұмыс істеп тұруына және оны жөндеуге, сонымен бірге
катодтық қорғаушы станцияның және дренаждыұ ұондырғылардың жұмыс жағдайында
ұсталуына жауап береді.
Айдаушы станциялар - мұнай құбыр жолдары ең күрделі құрылғылы кешені
болып табылады.
Басты айдаушы станция мұнайды дайындау қондырғыларынан қабылдап алып
және қбылдау ыдыстарынан мұнайды құбыр жолдарына беруге арналған. Басты
айдау станциясының технологиялық құрылғылары құрамына келесілер кіреді:
резервуарлық парк, тегеурінді сораптық бөлімше, мұнайды тіркеу түйіні,
магистральды сораптық бөлімше, қысымды реттеу түйіні, сүзгілер және
ластықты аулаушылар, сақтандырушы құрылғысы бар түйін, сонымен қатар
технологиялық құбыр жолдары.
Аралық айдау станциялары құбыр жолдары трассалары бойынша
гидравликалық есептеулерге сай орнатылады. Станциялар арасындағы мұнайды
қуудың орташа мәні бірінші кезектілер үшін 100-200 км, ал екінші кезектілер
үшін 50-100 км болады. Аралық станциялар технологиялық құрылғылардың
құрамында резервуарлық парк, тегеурінді сораптық бөлімше және мұнайды
тіркеу түйіні болмайды.
Магистральды мұнай құбырларында егер үлкен ұзындықта болат600ын болса,
онда ұзындығы 400 – 600 км болатын эксплуатациялық бөлімшелерді ұйымдастыру
қарастырылады. Эксплуатациялық бөлімшелердің бастапқы бөліктерінде мұнай
айдаушы станцияларды орнатады, олардың құрамы басты станциялар құрамына
ұқсас болып келеді, бірақ резервуарлық парктердің сыйымдылығы кіші болады.
Технологиялық құрылғылардан басқа айдаушы станцияларда механикалық
шеберхана, төмендетуші кіші станция, қазандық, сумен қамтамасыз ету және
канализация объектілері, шаруашылықтық және администрациялық объектілер,
мәдени тұрмыстық құрылғылар және үйлер кіреді. Сораптық станциялар
сораптармен және күрделі энергетикалық шаруашылықпен жабдықтайды, олардың
қуаты бірнеше мыңдаған киловаттарға жетуі мүмкін. Мұнай құбыр жолдары
шаруашылығында автоматтандыру мен телемеханика күннен күнге кеңінен
таралда. Тізбек арқылы мұнай айдаушы трасса бойында мұнай өнімі соңғы мұнай
өнімі қабылдау пунктіне келіп түседі. Мұнайды айдау кезінде соңғы мұнай
өнімін қабылдау пункті болып мұнай өңдеуші зауыт немесе перевалдық база
есептеледі. Мұнай құбыр жоының соңғы пункті болып әдетите аудандық
мақсаттағы ірі мұнай базасы есептеледі, ол дмыған транспорттық артериясы
бар түйіндерде орнатылады. Бұл мұнай базаларында мұнай өнімдерінің қажетті
қорларын сақтау қажет.
Мұнай өнімдері құбыр жолдарының соңғы бекеттерінеде келесі операциялар
жүзеге асырылады: мұнай өнімдерін қабылдау және тіркеу, қорларды сақтау,
мұнай өнімдерін сулы және темір жол транспортына асыру, мұнай өнімдерін
аудандық тұтынушыларға тарату.
Олай болатын болса, соңғы бекеттерде барлық операциялар орындалады,
олар қарапайым ірі асыру базасы түрінде болады.
Мұнай өнімдерін әртүрлі сорттарын тізбекті түрде айдаған жағдайда
соңғы бекетте сорттары бойынша таратып және кондициясын қалпына келтіру
жүргізіледі, сондықтан соңғы бекетте және сонымен қатар басты станцияда
мұнай өнімдерінің әрбір сорттарын белгілі бір көлемде жинау үшін
резервуарлардың қажетті саны болуы қажет.

Мұнай айдаушы станциялардың технологиялық схемалары
Айдаушы станция – айдалушы өнімді магистральды құбыр жолына беруге
арналған күрделі инженерлік құрылғылар кешені болып табылады. Айдау бойынша
операияларды орындауды қамтамасыз ететін коммуникациялар принципиальды
схмасы технологиялық деп аталады.
Технологиялық схемаларды жасаудағы басты талап – олардың қарапайым
болуы, жобамен қарастырылған барлық технологиялық операцияларды
монтаждалтын запорлы және реттеу арматураның, қосушы бөлшектердің
минимальды санында орындаудың мүмкін болуы, сонымен қатар технологиялық
құбыр жолдары минимальды ұзындықта болуы тиіс.
Сораптар және аралық станциялар резервуарларының қосылу схемаларына
байланысты құбыр бойынша мұнай және мұнай өнімдерін айдаудың келесі
жүйелері болады: подстанциялық, сораптық станцияның бір резервуары арқлы,
қосылған резервуармен яғни сораптан сорапқа берілетін жүйелер.
Циркуляциялық жүйенің қарапайымдатылған конструкциясы болып желобтық
жүйе есептеледі, ол негізінен бұрғылау ерітінділерін бұрғыланған жыныстың
ірі бөлшектерінен тазалау, ерітіндіні дегазациялау және оны шыңыраудың
аузынан қабылдағыш ыдыстарға беру үшін қызмет етеді.
Бірқатарлы және екі қатарлы желобтық жүйелер пайдаланылады; ең кеңінен
таралғаны бір қатарлық жүйе болып табылады.
Желобтық жүйе (сурет 67) желобтан 1, яғни ерітінді қозғалатын
тетіктен, жаппадан 2, яғни желобтарды тазалау үшін және жүргізу үшін
арналған тетіктен, перилладан 3 және негізден 4 тұрады. Желобтар қалыңдығы
40 мм болып келетін ағаш тақталардан және табақтық қалыңдығы 3-4 мм болып
келетін металдан жасалуы мүмкін. Қозғалып жатқан ерітіндінің құрылымын
үлкен шамада бұзу үшін және одан бұрғыланған жыныстың желобтарға интенсивті
түсуін қамтамасыз ету үшін желобтарға алмалы салмалы аралық бөлгіштерді 5
және құламаларды 6 орнатады. Желобтардың түптерінде бұл орындарға
клапандары бар люктер орнатылады, олар арқылы жыныстарды аластатады.
Желобтар формалары бойынша тік бұрышты немесе жартылай дөңгелек қималы
болуы мүмкін.
Желобтың ені 700-800 мм, ал биіктігі 400 – 500 мм болуы мүмкін.
Тазалау құрылғысы ретіндегі желобтық жүйенің ұзындығы қолданылатын бұрғылау
ерітінділерінің параметрлеріне, бұрғылау шарты және технологиясына, сонымен
қатар ерітіндіні дегазациялау және тазалау үшін пайдаланылатын
механизмдерге байланысты болуы мүмкін. Ол 20 дан 50 метрге дейін жетуі
мүмкін. Ерітіндіні дегазациялау және тазалау механизмдері кешендерін
пайдаланғанда желобтық жүйе тек ерітіндіні шыңыраудан механизмдерге және
қабылдау ыдыстарына беру үшін ғана қызмет етеді. Бұл жағдайда желобтық
жүйенің ұзындығы тек механизмдер және қбылдау ыдыстарының орналасқан
жағдайына байланысты болады.
Көпшілік жағдайларда желобтық жүйе металдық рамалы негіздерде
секциялар бойынша орнатылады, ол негіздің ұзындығы 8-10 м және биіктігі 1
метрге дейін жетуі мүмкін. Мұндай секцияларды арнайы телескопиялық
бағаналарға орнатады, олар желобтарды орнату биіктігін реттейді. Бұл
желобтық жүйенің қысқы мезгілдерде демонтаждалуын жеңілдетеді, себебі
желобтық жүйе астына бұрғылау жыныстары жинақталып және мұз болып қалған
жағдайлард желобтық жүйелер бағаналардан негізбен бірге шешіліп алынуы
мүмкін.
Желобтық жүйелерді 1 : 100 – 1 :150 еңісте ерітіндінің ағу жағына
қарай орналастырады. Шыңырау ауызымен желобтық жүйе кіші қимадағы желоб
немесе құбыр арқылы қосылады. Желобтық жүйенің айналасына сыртқы жағынан
шламды амбар қазылады. Заманға сай бұрғылау қондырғылары үшін циркуляциялық
жүйелер ЦС арнайы шығарылуда, олар желобтардан, тазалау құрылғылары
блогынан, қабылдаушы, қор және жете толтыру ыдыстарынан, химиялық
реагенттерді сақтау блогынан және көмекші сору және қоректендіру
құбырларынан тұрады. Мұндай жүйелерде жартылай дөңгелек пішіндегі люкты
және люксыз металдық блоктардың секциялары пайдаланылады. Желобтар қабылдау
ыдыстарымен бірге немесе арнайы пісірмелі негіздерде орнатылады. Екі
жағдайда да желобтар биктігі бойынша реттелетін тіректерде орнатады, сол
тіректердің көмегімен желобтарға белглі бір бағытта еңістікті қамтамасыз
ету жүргізіледі. Әрбір тіректер екі бағанадан тұрады, ол бағаналарда
тесіктер және көлденең тпланкалар жасалады. Желобтар секцияларының
қосылуының герметикалылығы резиналық тығыздаушылар арқылы қамтамасыз
етіледі.
Желоб қимасының жартылай дөңгелек қимасы ол бойынша ерітіндініңі ағуы
үшін жақсы шартты қамтамасыз етеді, желобта тұнбалар түзілмейді.
Циркуляциялық жүйе ЦС125БЭ 68 суретте көрсетілген.
Гипронефтмашта циркуляциялық жүйенің типтік схемасы жасалынған, ол
барлық бұрғылау қондырғыларының циркуляциялау жүйелерін бірыңғайлатылған
және типтік қосылыстар арқылы компановка жасауға мүмкіндік береді. Типтік
схема екі нұсқада жасалынған. Бірінші нұсқа унификацияланған блоктардың
міндетті схемасынан тұрады, ал екінші нұсқада блоктардың саны күрделетілген
шарттарда бұрғылау жұмыстарын жүргізу үшін арналған блоктармен арттырылған.
Циркуляциялау жүйеснің негізгі блоктары болып бірінші нұсқада тазалау
құрылғыларының блогы, аралық блок, күштік – тіректік блок және ұнтақ
тәрізді материалдардан бұрғылау ерітінділерін дайындау үшін арналған
механизмдер кешені есептеледі. Екінші нұсқада циркуляциялық жүйе
ауырлатушыларды бұрғылау ерітіндісінен бөліп алушы қондырғымен
(ауырлатушыларды регенерациялау), химиялық реагенттерді сақтау үшін
арналған дозалау құрылғыларымен, жылжытушы сораптармен және шламдарды
тасымалдау үшін арналған вагонеткалармен толықтырылады.
Тазалау құрылғыларының блогы түк бұрышты ыдыстан және оған орнатылған
екілік виброелектен, гидроциклонды топырақ және құмдарды ажыратушыдан және
вакуумдық дегазатордан тұрады. Аралық блокка тікбұрышты ыдыс, және соған
жалғастырылған желобтар және сорушы коллектормен бірге кіреді. Тіректік –
күштік блокта ортадан тепкіш ВШН-150 типтегі сорап орнатылған.
Шыңыраудың ауызы тазалау құрылғыларының блогымен жылдам шешіп алынатын
блоктар арқылы байланысады, олар монтаждаудың бұрыштық және сызықты дәл
еместігін компенсациялауға мүмкіндік береді. Әрбір блок екі түтікшемен
байланысады. Күштік – тіректік блок иілігіш жеңұштармен бұрғылау
сораптарының сорушы құбырларымен байланысады, оларға ерітінділер ортадан
тепкіш сораптармен беріледі.
Барлық блоктар өзара көмекші қоректендіруші ерітіндіні ыдыстардағы
араластырушы гидравликалық құрылғыларға беру үшін арналған құбырлармен
байланысады, мұнда сонымен қатар бір ыдыстан екінші ыдысқа ерітіндіні сорып
айдау жүргізіледі.

Бұрғылау ерітінділерін дайындауға арналған механизмдер және оларды
монтаждау

Бұрғылау ерітінділерін дайындау, химиялық өңдеу және ауырлату үшін
келесі механизмдерді пайдаланады: лай араластырушылар, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басты мұнай айдау станциясы
Қара майлардың қасиеттері
Магистральдық газ құбыр ресурстарын тексеру есебі. Құбыр ресурстарының есебін жүргізу
Ілеспе мұнай газын тасымалдауға дайындау
Жобада ГНПС "Шымкент" жағдайында резервуар паркін автоматты басқару
Құбырларды жіктеу
Мұнай айдаудың технологиялық схемасы
Қалқымалы шатыры бар резервуарлар жабдықтарының ерекшеліктері
Қарақойын мұнай айдау стансасындағы резервуарлық паркті қайта жаңарту
Жалпыға қызмет көрсетуге арналған жанармай құятын орын
Пәндер