Балқаш көлінің су деңгейі


РЕФЕРАТ
Бұл жұмыс 43 беттен, 3 бөлімнен және кіріспе, қорытынды, 7 пайдалаған әдебиеттер тізімі(5) қосымшадан, 8 кестеден және суреттен тұрады.
Негізгі сөздер Балқаш көлі, орташа су деңгейі, геология, морфометрия, гидрография, су қоймасы, су деңгейлерінің көпжылдық тербелісі, кореляция коэфициенті, т. б
Жұмыстың мақсаты: Балқаш көлінің 1879-2004 жылдар арасындағы орташа су деңгейлерінің көпжылдық тербелісін анықтау және сараптама жасау.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Балқаш көлі Қазақстандағы ең ірі су қоймаларының бірі. Балқаш республикамызда үлкен экологиялық, социалдық және экономикалық маңызы бар су қоймасы. Балқаш көлі Каспий теңізінен және ағынсыз Аралдан кейінгі үшінші орында, ішкіконтиненттік су қоймасы. Ол Орта Азиядағы Қазақстанның оңтүстік-шығысында аридті және құрғақ зонада орналасқан. Балқаш алабының ауданы 413 мың. км 2 немесе 27% көбі Қытайда. Балқашмаңының негізгі су көзі деп Ілені айтуға болады, ол көлді таза өзен суымен 80 % қамтамасыз етеді. Көл кеңдік бағыттағы су қоймасы ұзындығы 600 км-ден жоғары Ұзын-Арал бұғазында ол тең бөліктерге бөлінеді. Батыс жағы ұсақсулы және кең бөлігі, және Шығыс жағы ұсақсулы, бірақ жіңішке бөлігі, оны бөліп тұрған Бұрылтөбе бұғазы. Іле өзені көлдің батыс белдеуден құяды, ал қалған төрт өзен Қаратал, Ақсу, Лепсі және Аягөз шығыс белдеуден құяды, бірақ олардың ағындысы көлдің тек қана 20%-ін құрайды.
1 БАЛҚАШ КӨЛІНІҢ БАССЕЙІНЕ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
1. 1 Климаты
Балқаш көлінің географиялық ерекшеліктерінің бірі климатының шұғыл континеталды және құрғақ болуы.
Жылдың суық кезеңдерінде ауданда сібір максимумының батыс бөлігінің континентальды қоңыржай ауа массалары басым болады. Ол ауа райының аязды болуына әкеліп соғады.
Солтүстіктегі суық арктикалық ауа массалары келгенде, сонымен бірге оңтүстік циклонның әсер етуімен суық ауалр ауа-райының қатты суынуына әкеледі.
Көктемгі уақыт ұзаққа созылмайды, ауа-райы тұрақсыз, үсіктер мен ауа-райының күрт сууы тән.
Жылдың жылы мезгілінде бұл жерге интенсивті ауа массалары келіп оның интенсивті трансформациялануына байланысты мұнда жергілікті континентальды тропиктік ауа түзіледі.
Ауданның батысы мен оңтүстік батысында ешқандай кедергілер болмағандықтан, мұнда Орта Азиядан келген құрғақ тропиктік ауа массалары оңай енеді.
Жазғы кезең бұлтсыз, ыстық ауа-райымен ерекшеленеді. Жаңбырдың жаууы сирек, ауа құрғақ болып келеді.
Күзде суық ауа массаларының енуі жиілеп, қыс мезгіліне жылдам ауысады. Бұл процесс ауа температурасының күрт төмендеуіне әкеп соғады.
Бұлттылықтың аз болуы күн сәуелесі мен жылуының мол түсуіне себепкер болады. Жылдық жиынтық күн радиациясы 138-146 ВТ / М2-те тең. Мұның максимумы шілде айына сәйкес келсе (19, 8 ВТ/м 2 ), минимумы желтоқсанға сәйкес келеді. (3, 6-4, 2 Вт/м 2 ) . Жазғы айларда жиынтық радиациясының ауытқуы 17-19 Вт/м 2 -қа тең.
Әсіресе, айлық жиынтық күн радиациясының күрт төмендеу жылдың өтпелі кезеңдеріне сәйкес келеді - наурыздан сәуірге қарай қыркүйектен-қазанға қарай. Бұл күннің биіктігінің өзгеруіне және бұлттылық режимнің қайта құрылуына байланысты.
Балқаш көлінің аудандағы жалпы жылдық жиынтық радияция, маңындағы метеостанция мәліметтері бойынша 15, 6 Вт/м тең.
Шашыранды радиация 48-50 Вт/м 2 жыл тең; шашыранды радиацияның шілдедегі мөлшері 26%, ал желтоқсандағы мөлшері 50 % құрап отыр.
Құрлықтағы беткі-альбедосы (Құйған және Балқаш метеостацияларының бақылауы бойынша) жылы кезеңде 20-28% аралығында ауытқыса, қыста 61-64% дейін ауытқиды.
Балқашмаңы ауданындағы радиациялық баланс қалыпты -48 Вт/м 3 жылына. Радиациялық баланстың максимальды айлық жиынтығы шілдеде (8, 9Вт/м 2 ), минимальды балансы желтоқсанға (0, 9Вт/м 2 ) түсіп тұр. баланстың жылдық амплитудасы 9, 8Вт/м 3 айына құрап тұр.
1. 2 Жер бедері
Балқаш көлі тектоникалық түзілімдегі ойыста орналасқан. Оңтүстік Шығыс және Орталық Қазақстаның шөлейтінде, ежелгі балқаш Алакөл суайдынының бір бөлігін ғана алып жатыр. Ол соңғы төрттік мұзбасу кезеңінен бері белігі. Қазіргі кездегі географиялық жағдайына келсек көлдің батыс және солтүстік-батыс жағалаулары төмен шөгіп, солтүстік шығыс жағалаулары көтерілуде.
Сәйкесінше батыс және солтүстік батыс жағалаулары жалпы ингрессионды сипатта, ал солтүстік шығысы - регрессиялды.
Көл екі табиғи аудандардың шекарасында оранласқан. Көлдің солтүстігінде қазақтың ұсақ шоқысы мен Орталық Қазақстаның жазығы жатыр. Оңтүстігінде Оңтүстік Шығыс Қазақстанның құмды жазықтары көмкерілген.
Балқаштың жалпы су жинау ауданы 413 мың км 2 . Оның көп бөлігі (353 мың км 3 ) Қазақстан территориясында, ал Іле өзенінің жоғарғы бөлігі Қытай Халық Республикасына орналасқан. Алакөл көлінің бассейінінен бөліп тұратын суайрық сызығы Балқаш көлі мен Сасықкөл көлдерінің аралығында жатыр (биіктігі 400 м жуық) .
Бассейннің орографиясы күрделігімен ерекшеленеді. Оның терротоиясында биік таулар жүйесін, аласа тауларды сондай-ақ жазықтар мен Балқаш маңы құмдарын кездестіруге болады.
Балқаш маңы жазығын 2 негізгі аудандарға бөліп қарастыруға болады:
1) Солтүстік Балқаш маңы (нақтырақ айтсақ Солтүстік және Солтүстік батыс)
2) Оңтүстік Балқашмаңы
Солтүстік Балқаш маңы қазақстан ұсақ шоқысының оңтүстік бөлігі болып келеді.
Оның орташа биіктігі 400-500 м. Жер бедері жазық болып келеді. Жеке шоқылар, қыраттар, опырылымдар, өзеннің құрғап қалған алаңдары мен тілімденген алаңдар араласып кездеседі.
Оңтүстік Балқашмаңы аккумулятивті жазықты болып келеді. Балқаш көліне қарай еңістеу. Мұнда құмды массивтер кең таралған.
Көлге жақындаған сайын барханды, бүлірлі, ұялы құмдар көп. Бүйірлі құмдар солтүстік-батысқа бағыталып орналасқан. жергілікті жазықтықпен салыстырғанда биіктігі 5-10 м. Көл маңында көлі-апмовиальды жазық тараған. Бұл жазықты ежелде Ежелгі Балқаштың сулары алып жатқан болатын. Телімнің кейбір жерлерінде құмды төбешіктер кездеседі.
Балқаштың оңтүстік батыс бөлігін (жуық шамамен алғанда 8000 км 3 ) Іле өзеннің дельтасы алып жатыр. Оның солтүстігінде ауқымды сазды құмды Бақанас тоқыры жатыр. Ол ежелгі Іле өзені дельтасының құрғақ арналарымен тілімденген.
Балқаш ойысының территориясы құрғақ, шұғыл континенті климатта жатыр. Жылдық жауын-шашыны 150-200 мм ден аспайды. Өсімдігі шөлейт зонасына тән.
Бассейіннің өзен арналары Тянь-Шань таулы және тауларды зоналарында және Қазақстан ұсақ шоқысының оңтүстік беткейлерінің кейбір бөліктерінде реттеледі. Балқашмаңы жазығы (әсіресе Оңтүстік Балқашмаңы) ағынсыз ауданға жатады.
Солтүстік Балқашмаңы өзендері (Мойынты, Жамши, Тоқырау, Бақанас, Аякөз) қар суымен қоректенеді. Тянь-Шань таулы аудандарынан өз бастауын алатын өзендері (Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі) қарлы мұзды және жаңбырлы қоректену типіне жатады[1] .
1. 3 Топырақ пен өсімдік жамылғысы
Іле өзені бассейнінің тауаралық қазаншұңқырының сол жағалауы және аласатаулы тау бөктері аудандарының топырағы мен өсімдік (ашық қоңыр, сұр қоңыр, тақыр) мөлшеріне қарай ауысатын жергілікті жердің төмендеуі Іле және Шелек өзендерінің аңғарына жақындауы. Ал өсімдігіне келер болсақ, өсімдік жамылғысы кедей (ермен, бетеге, боялы солянка) болып келеді. Іле Алатауының шөлді далалы белдеуіне боз ерменді өсімдік жамылғысы бар сұр топырақ және каштанды топырақ тән Бұл зонаның таралу шекарасы 600 метрден 800 метрге дейін жетеді.
1. 4 Ауа температурасы
Орташа жылдық ауа температурсы 7 0 С ден (батысында) 5, 3 0 С-ге дейін (көлдің шығысында) өзгереді. Орташа айлық температура орта есеппен алғанда, 13-16 0 С қаңтарлы аяздармен және 24-25 0 шілденің жылы кездерімен көрсетілген.
Абсолюттік минимум көлдің орталық бөлігінде 40 0 С құраса, солтүстік жағалауында 46 0 С тең. Абсолюттік максимум шығыстан батысқа қарай өзгереді (41-45 0 С) .
Қазан мен қарашада ауа температурасы күрт төмендейді (8-9 0 С) . Бұл суық солтүстік ауа массаларының енуі мен және сібір антициклонының өрлеуімен байланысты. Антициклонды қысқы айларда орташа тәуліктік температурасы 30 0 С дейін төмендейді (орта есеппен алғанда айдың 1 күнінде ал қатаң қыста 40 0 С дейін) .
Қатаң аяздар қараша айының ортасында басталады да наурыз айының ортасына дейін созылады. Қатаң аяздардың кезеңдер ішіндегі орташа ұзақтығы (0 0 С температурасы төмен) 85-112 күндер аралығында ауытқиды.
Қыс айларында оңтүстіктен келген жылы ауа массалары (С типіндегі циркуляция) ауа райын біршама жылытып күндізгі ауа-райының температурасы 10-17 0 С дейін жетеді.
Суық кезеңнің жалпы ұзақтығы (қараша-наурыз) орта есеппен алғанда 130-140 күнге созылады. Суықтың орташа жиынтығы 1100-1500 0 С.
Жылы ауа массаларына және радиоциялық жылылыққа байланысты наурызда ауа-райы күрт жылынады (орта есеппен 12 0 С дейін) . Соңғы көктемгі үсіктер сәуір айының екінші жартысында байқалады.
Жаз айларында (маусым-тамыз) орташа айлық температуралар 22-25 0 С аралығында ауытқып, орташа тәуліктік температурасы 25-30 0 С жетеді.
1. 5 Ауа ылғалдылығы
Ауаның орташа жылдық абсалюттік ылғалдығы 7 мб құрайды. Көлдің солтүстік жағалауында бұл біршама аз (6, 3-6, 9 мб), ал оңтүстікте біршама көп (7, 2-7, 3 мб) .
Жылдың суық мезгіліндегі салыстырмалы ылғалдылық (қараша-наурыз) шамамен 80%, өтпелі кезеңдерде бұл көрсеткіш 51-66% тең, ал жазда (маусым-тамыз) - 40-52 %. Оның орташа жылдық көрсеткіші 60-66 %.
Бір жыл ішінде ауа ылғылдылығының жетіспеуі 6, 4-83 мб-ға дейін өзгереді. Ең аз көрсеткіш оңтүстік жағалауға тән.
1. 6 Жел режимі
Балхашмаңы ауданында жыл бойы солтүстік-шығыс және шығысқа бағытталған желдер басым. Солтүстік-шығыс желдерінің қайталануы бір жылда орта есеппен 15-40% дейін ауытқиды. Бұл ауданның қысқы жоғарғы қысым өсінің оңтүстігіне қарай орналасуына және периодты түрде азор максимамуның түзілуіне байланысты. Бұл осы орталық қазақсанды батыстан Алтайға дейін кесіп өтеді. Балқашмаңының шығыс бөлігінде Алғазы стансиясының бақылау мәліметтері бойынша шығыс желдер басым болып келеді, әсіресе қыста (30%, жылдық орташа және 30-43 % қыста) .
Жазда, антициклонды ауа массалары басым кезде Балхаш көлінің жағалауында бризді байқауға болады. Яғни ол күндіз көлден құрлыққа қарай, түнде жағадан көлге қарай соғады. Циклонды ауа-райы кезінде бриз жоғалады.
Солтүстік жағалауда оңтүстік жағалауға қарағанда желдің жылдамдығы жоғары.
Желдің орташа жылдық жылдамдығы 5, 2-ден 2, 8 м/с-ке дейін өзгереді. Орташа айлық желдің жылдамдығы жеке жылдарда 7-9 м/с-қа дейін жетеді. Максимальді көрсеткіш 30м/с-қа тең.
Навигациялы кезеңде (сәуір-қараша) орташа айлық желдің жылдамдығы 5 м/с-қа дейін жететіндер. 60-80%-ды құраса, мұның ішіндегі солтүстік-шығыс желдері басым болып келеді. (Алғазы аралының шығысы) .
Ең қатты желдерге батыс және оңтүстік батыс желдері жатады. Бұл батыстан шығысқа қарай өтетін циклонды түзілімге байланысты. Бұл кезеңдерде желдің жылдамдығы 25-30 м/с-қа дейін жетеді.
Ауданда бір жылдың ішінде қатты жел тұратын (15м/с) күндер саны 13-18. Ал көлдің солтүстік жағалауы мен Алгазы аралында бұл көрсеткіш 40-45 күнге жетеді.
Көдің оңтүстік-батыс жағалауында (Шығанақ, Құйған) қатты желдер аз соғады. (жылына 4-6 күн) . Кейде бұл мән де 20 және одана да жоғарылауы мүмкін.
Қатты желдер көп жағдайда наурызда байқалады (15%) . Жел ең аз соғатын ай-қаңтар (14%) . Сәуір, маусым, желтоқсан айларында олардың болу мүмкіндігі 10-12 %. Ал қалған айларға 6-8 %.
Жағалық зоналарда жер бедері біртекті болмағандықтан желдердің таралуы бірқалыпты болмайды. Жылдамдығы 10 м/с және одан да жоғары болатын желдер Тікшек, Қарашыған, Мыңарал, Балқаш постторында байқалған. Қаракөлде жел сирек соғады. Жалпы жылдамдығы 10 м/с-15м/с дейін жететін көп қайталанбайтын қатты желдер Ақбалықта соғады. Бұған қарағанда Қарашығанда, Бікшекте, Қоржында жел сирек соғады.
Т. А. Есіркепов бойынша, Балқашта желдің күшеюін 4 синоптикалық жағдай типтері бойынша анықтайды;
1) Солтүстік және Орталық Қазақстанның үстінде антициклон немесе барикалық гребень орналасқан. Көлдің оңтүстік батыс немесе батыстан циклон араласады. Балқаш ауданының жоғарғы бөлігінде екі биіктік фронтальды зоналар қосылады. Олар солтүстік-батыс нәтижесінде жерде барикалық градиенттер, циклонды зонадан антициклонды барикалық белдеуге өткенде, артады;
2) Жел циклонның тылды бөлігінде, екінші жағдайдағы фронттар есебінен тіркеледі.
3) Жел Азия антициклоннының оңтүстік және оңтүстік батыс бөлігінде күшейеді;
4) Желдер сирек байқалатын көлдің батыс бөлігінде, желдің орташа ұзақтығы 1-2 сағат болса, бұл көрсетікш шығыс бөлігінде 3-6 сағатқа тең. Кейде бұл 18 сағатқа да жетеді. 20 жылдық бақылау (1936-1956 жж) бойынша қатты желдердің қайталануы 1-5 дейін ауытқиды. Бұл көбіне балық аулау кездеріне сәйкес келеді. [3]
1. 7 Атмосфералық жауын-шашындар
Балқашмаңы ауданындағы жылдық жиынтық жауын-шашын 100-160 мм-ді құрайды. Жылы кезеңде (сәуір-қазан) жауын-шашын көп түседі. Жауын-шашын кезінде температураның жоғары болуы байқалмайды. Мұндағы жылдық жауын-шашын 255 мм-ді құрайды. Ең аз жауын-шашын мөлшері 39 мм-ге тең.
Айлық жауын-шашынның территорияда таралуы біркелкі емес.
1. 8 Қар жамылғысы
Қар жамылғысы тығыздығы ендіктен жергілікті жердің жер бедерімен тығыз байланысты. Жазық аудандарда тұрақты қар жамылғысы қазанның соңы мен қарашаның ортасында орнығады. Бірақ жеке жылдары ол тіптен байқалмауы мүмкін. Бұл уақытта ол Іле Алатауының солтүстік беткейінде тұрақталады. Қар жамылғысының бұзылуы жазақ аудандарда ақпанда, кейде наурызда аяқталады. Тауда қар көшкіні наурыз-сәуірде бітеді. қар жамылғысының су қоры аумақ бойынша бірқалыпсыз таралады. қар қалың жауған жылдары су қоры 30 мм-ге жетеді, ал аз жауған жылдары 10 мм-ге дейін, максималді су қоры 70 мм-ден 100 мм-ге дейін жетеді. балқаш көліндегі мұз құрсауы төрт айдан бес айға дейін созылады. [3]
1. 9 Көлдің гидрографиясы
Балқаш көлінің қазіргі кезде бес саласы бар: Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз (Кесте 1) . Олар өз бастауын Тянь-Шань тауларынан және Тарбағатай мен Шыңғыстау тауларынан алады. Іле ғана батыс Балқашқа құйса, қалған өзендер Балқаштың шығыс бөлігіне құяды.
Солтүстіктен Балқаш көліне Мойынты, Тоқырау, Бақанас секілді өзендер құя алмай, орта жолда кеуіп кетеді. Тек Тоқырау өзені ғана кейбір жылдары (әдеби мәліметтерге жүгінсек 1931 ж. ) өз суын Балқашқа жеткізеді.
Балқашқа құятын өзендердің ең ірісі Іле болып келеді. Оның бөлігіне бүкіл бассейн ауданының 70 % және Балқаш көліндегі беткі ағыстардың 80% кіреді.
Іле өзені көлге құяр жерінде ауданы 8000 км 2 -қа жететін дельта түзеді. Дельтаның биіктігі Бақанас ауылынан 70 километр төмен жатыр. Бұл жерде өзен үш жүйелі салаларға бөлінеді: Топар, Іле, Жиделі.
Ең оңтүстікте орналасқан жүйе Топар болып саналады: Топар 1 Іле өзенінен 200 км-де 6-шы Рыбпунктен төмен қарай бөлінеді, Топар 2-біріншісінен 6 км-ге төмен орналасқан. 6-шы Рыбпунктен шамамен 15 км төменге қарай Топар 1 мен Топар 2 қосылып, Топар сапасын құрайды. Оның ұзындығын 184 километр ені жоғары ағыс бөлігінде 30-50 м болса, ортаңғы ағыс бөлігінде 18-20 м; судың ең төсменгі кезеңіндегі көрсеткіш 1-2 м; ағыс жылдамдығы 0, 5-1 м/с. Топар өзенінің сулары Балқаш көліне бірнеше салалар арқылы келеді: Семізкөл, Сыпырқұмай, Изенді, Самсоновка.
Кесте 1. 9. 1- Балқаш көліне құятын өзендердің тізімі
Бұл салалар жыл сайын Балқашқа құя бермейді.
Топар жүйесінің солтүстігіне Іле ағысы жапсарласып жатыр. Бұлар қатты меандрланған, жақсы өңделген бірақ терең емес, ені 1-7 километр жететін аңғар арқылы ағып өтеді. Іленің арнасы қатты дифформацияға ұшыраған. Мұнда аралдар көп.
Іле сағасынан 100-110 километр жерде бірнеше сағаларға бөлінеді. Ол көлдермен, сортаңдармен және қамысты тілімдермен араласып келеді. Балқаш көліне Іле протогының 3 саласы құяды. Олар бір-біріне 8-9 километр арақашықтықта орналасқан. Салалар құяр жерде ұзындығы 4 километрге жететін көлдер пайда болады. Ол Балқаш көлін Семізкөл шығанағынан бөліп тұрады. Межень кезеңіндегі Іленің ені 50-ден 500 м-ге дейін ауытқыса, тереңдігі 1-2 м-ге жетеді. Мұндағы ағыс жылдамдығы 0, 5 м/с (Межень тереңдігінде) және 2 м/с (су толу кезеңінде) -ты құрайды.
Жиделі. Іленің сотүстік бөлігінде орналасқан, бархандар арқылы ағып өтеді. Бұ салыстырмалы жас проток. Арна аз бұрмаланған. Жиделінің ені 50-ден 100 м-ге дейін жетеді, кейде бұл көрсеткіш 200 м-ді құрайды. Тереңдігі 2-5 метр; ағыс жылдамдығы 1-1, 5 м/с және одан да көп. Жиделі протогы көлден 80километр жерде Жиделі суайрығын түзеді.
Жиделі жүйесі. Жиделі жүйесінің гидрографиясының негізгі ерекшелігі дельта территорясы бойынша, бүйірліктен протоктан су мөлшерінің көп кетуі болып табылады. Бастаудан 30 километр жерде-ақ Кертөбел, Жаласар, Кетиакалды салалары бөлініп шығады. Бастаудан 24 километр жерде Қоғалы саласы бөлінеді. Жиделі мен Қоғалы төменгі бөлікте бір көлдік жидені құрайды. Жиделі жүйесіндегі су Базарбай, Подпашенная, Ир, Шұбарқұлан, Мойтан, Нарын арқылы Балқаш көліне жетеді.
Қазіргі кезде Іле өзенінің ағысының шамасына 90% осы Жиделі жүйесі арқылы іске асып жатыр. Осыған байланысты Іле жүйесіне ағыстың 4, 6-дан 7, 4% және Топарға 3, 2 ден 5% ғана кіреді. Іле өзені аңғарының ауданында көлдер мен суайрықтар өте көп. Соңғы жылдары Балқаш көлінің төменгі дельталалрының жағалық бөліктері, ішкі ғасырлық көтерілімге байланысты деңгейі жоағарылаған.
Іле өзенінің аңғарында угодий мен қазіргі таралуы Т. М. Гельбухтың мәліметтері бойынша жүйеленген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz