Орталық Азия және қазіргі таңдағы халықаралық қатынастар жүйесі



МАЗМҰНЫ
АНЫҚТАМАЛАР,МАҒЫНАЛАР,ҚЫСҚАРТПАЛАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 0

I БӨЛІМ. ОРТА АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ ЖАҺАНДАНУ ҮРДІСІНЕ ТАРТЫЛУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...0
1.1. Орталық Азия интеграция жолында ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...0
1.2. Тәуелсіз Орта Азия елдері аймақтық қауіпсіздік жүйесінде ... ... ... ... ... ... ... 0

I І БӨЛІМ. ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ҰЛЫ ДЕРЖАВАЛАРДЫҢ ОРТА АЗИЯДА ҰСТАНҒАН САЯСАТЫ ... ... ... ... ... ..0
2.1. Ірі көршілер Ресей мен Қытайдың аймақтағы сыртқы саясаты ... ... ... ... ... .0
2.2. АҚШ пен ЕО.тың аймақтағы қызығушылық саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..0
2.3. Ислам елдерінің Орта Азиядағы сыртқы саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..0

ІІІ БӨЛІМ. ОРТА АЗИЯ:XXI Ғ.ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНДЕ ... ... ... ...0
3.1. Бүгінгі геосаяси өзгерістер жағдайындағы жаңа интеграциялық ұсыныстар ... ... ... ... ... ... ... ..0
3.2 . Қазақстан Республикасының Орта Азиядағы негізгі ұстанымы ... ... ... ... ... ... ... ...0

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .0
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .0
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Халықаралық қатынастар факультеті
Халықаралық қатынастар кафедрасы

Қорғауға жіберілді

2008ж.
ХҚ кафедрасының меңгерушісі
т.ғ.к., доцент Медеубаева Ж.М.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Орталық Азия және қазіргі таңдағы халықаралық қатынастар жүйесі
Мамандық
090140-халықаралық қатынастар

Сүлейменова А.Ж.
ХҚ – 5-13 тобы
Ғылыми жетекшісі
Каленова Т.С.

Астана – 2010

Ministry of education and science of the Republic of Kazakhstan
L.N.Gumilyov Eurasian national university

Faculty of International Relations

Department of International Relations

Admitted to presentation

__________2008
Head of the Department
of International
Relations c.h.s.,
senior
teacher Medeubayeva Zh.M.

________________________

DIPLOM WORK

The Central Asia and modern system of the international relations

Speciality
090140- international relations

Student:
Suleimenova A.Zh.
Group IR 5-13
Scientific advisor:Kalenova T.S.
Astana - 2010

АНЫҚТАМАЛАР, МАҒЫНАЛАР, ҚЫСҚАРТПАЛАР
ЕО Еуропалық одақ
НАТО Солтүстік Атланттық келісім Ұйымы
ОА Орталық Азия
ОАР Орталық Азия Республикалары
ОАЫ Орталық Азия Ынтымақтастығы
ОАЫҰ Орталық Азия Ынтымақтастық ұйымы
ОАЭС Орталық Азиялық экономикалық қоғамдастық
ЭҚҰ Экономикалық Қоғамдастық ұйымы
ХВҚ Халықаралық Валюта Қоры
ШЫҰ Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы
ҮОА Үлкен Орталық Азия
ҮОАЫ Үлкен Орталық Азия Ынтымақтастығы
АТЭЫ Азиялық Тынық Мұхиттық Экономикалық Ынтымақтастығы
ЕҚЫҰ Еуропалық Қауіпсіздік Ынтымақтастық Ұйымы
БҰҰ Біріккен Ұлттар Ұйымы
ТМД Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
БАҚ Бұқаралық Ақпарат
АСЕАН
НАФТА
РҚҚ

МАЗМҰНЫ
АНЫҚТАМАЛАР,МАҒЫНАЛАР,ҚЫСҚАРТПАЛАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .0
I БӨЛІМ. ОРТА АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ ЖАҺАНДАНУ
ҮРДІСІНЕ
ТАРТЫЛУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...0
1.1. Орталық Азия интеграция
жолында ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .0
1.2. Тәуелсіз Орта Азия елдері аймақтық қауіпсіздік
жүйесінде ... ... ... ... ... ... .. ..0

I І БӨЛІМ. ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ҰЛЫ ДЕРЖАВАЛАРДЫҢ
ОРТА АЗИЯДА ҰСТАНҒАН
САЯСАТЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .0
2.1. Ірі көршілер Ресей мен Қытайдың аймақтағы сыртқы
саясаты ... ... ... ... ... .0
2.2. АҚШ пен ЕО-тың аймақтағы қызығушылық
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..0
2.3. Ислам елдерінің Орта Азиядағы сыртқы
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .0

ІІІ БӨЛІМ. ОРТА АЗИЯ:XXI Ғ.ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР
ЖҮЙЕСІНДЕ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .0
3.1. Бүгінгі геосаяси өзгерістер жағдайындағы жаңа интеграциялық
ұсыныстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .0
3.2 . Қазақстан Республикасының Орта Азиядағы негізгі
ұстанымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .0

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .0
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .0
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .0

Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаты.Өзектілігі. Орталық Азиядағы жаңа тәуелсіз
мемлекеттерінің қалыптасу кезеңі жалпылай аяқталды.Бірақ оларға әлі де
болашақта жаңа глобалды қауіптердің пайда болуы мен жаһандану жағдайында
ұлттық даму мен қауіпсіздіктің маңызды мәселелер қатарын шешуі алдыңғы
мақсатта тұр. Дамудың объективті заңы жаһандану процессінің пайда болуына
әкеледі, деп белгілеу қажет. Сонымен қатар, маңызды әлемдік әлеуметтік
кеңістікті құрастырушы ретіндегі трансконтиненталды құрылым көбінесе
белсенді және ерекше рөлде бола бастады. Орталық Азиялық елдердің
тәуелсіздік жылдары, бұл елдердің мүдделерімен ешқашанда сәйкес келмейтін,
тек қарама-қарсы болатын, Батыс және Шығыс мемлекеттер қатарының назарының
орталығында болды.Сонымен қатар, сыртқы күштер арасында Орталық Азиядағы
геосаяси және геоэкономикалық ықпал сферасы және оның табиғи ресурстары
үшін күрес айналысы пайда бола бастады.Жақында аймақ арқылы аймақтағы
шарасыз экономикалық процессімен қоса саяси процессті қарқындатын,
Оңтүстік-Солтүстік және Шығыс-Батыс транспорттық коридоры өтуі
керек.Орталық Азия аймағына тек мемлекеттер мен шетелдік компаниялар ғана
көңіл аударған жоқ. Орталық Азиялық елдері және халықтары, тағы да ауқымды
қарама-қайшы жоспарының жүзеге асыруы мақсатында,осы жерде өзінің
стратегиялық плацдармдарын құруға үміттенген, түрлі экстремистік исламдық
ұйымдардың шабуылына ұшыраған еді. Айқын болатыны, ол Орталық Азияның
қатыстық изоляциядан үзілді-кесілді және тез түрде шығады және бұдан барлық
жағымды және жағымсыз нәтижемен шығатын әлемдік саясатқа тікелей қосылады.
Аймақ елдері әлемдік интеграциялық процесске, аймақішілік өзара қарым-
қатынас сипатындағы,сонымен қатар, өзінің жақын көршілестерімен басқа да
мемлекеттермен қатысты мәселелерді шешуінде тығыз қатысуында мүдделі болып
табылады.Жаңа шыңайылықтар жас мемлекеттердің саяси басшыларынан өзінің
танылуын, ұлттың қауіпсіздік және даму стратегиясының барабарлық формуласын
іздеуін және танылуын талап етті. Сонымен қатар, егерде бұрын КСРО
құрылымында ортаазиялық кеңестік республикалардың ұлттық даму мен
қауіпсіздік мәселесі күшті жоғарғыдержавалық одақтас мемлекеттері
шеңберінде шешілсе, онда тәуелсіздік алғаннан кейін және қажетті
ресурстардың жоқ болуында, көрсетілген мәселелер ерекше өзектілігіне ие
болады және өз бетінше сонымен қатар, жаһанданудың өзгешелік күштерінде
жаңа қауіптің пайда болуына әкеледі.Орталық азиялық мемлекеттердің
әлеуметтанушылары мен саясаттануышулары, аймақ мемлекеттерінің қазіргі
сыртқы саясатын қалыптастырылуы әлемдік пен аймақтық ауқымды күштер
орталығы арасында балансталған және дамудың сыртқы шаралары өте қиын
жағдайда өтіп жатыр деп белгілеген.1 Өз кезегінде, бұл аймақтық
ынтымақтастыққа себепші болады.Аналитиктер ең алдымен, қауіпсіздік үшін
құрылымдық ынтымақтастыққа мемлекеттердің дайындығы мен қажетілігіне
шартталған, аймақішілік диологтың дамуында бірқатар позитивті қозғалыстарды
белгілейді. Қауіпсіздік идеясы Орталық Азияның жас мемлекеттерінің
интеграциясына түрткі болған дәлел бола бастады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Тандалған тақырып жұмысының
ғылыми өзектілігі мен практикалық маңыздылығы КСРО ыдырағаннан кейін
Орталық Азияның жаһандану процессінде белсенді кірісе бастағанында, сонымен
қатар, Орталық Азия аймағындағы өзінің экономикалық және геосаяси жағынан
қатысуының кеңеюіндегі Шығыс пен Батыстың түрлі елдерінің мүддесінің пайда
болуының байқалуында. Сонымен бірге, Орталық Азия елдеріне деген
идиологиялық ықпалдастықтың активзациясы өтіп жатты. Түрлі мақсатты
көздейтін, түрлі саяси күштері-Орталық Азия халықтарының мүддесімен
санаспай, тек өзінің мүдделеріне сәйкес жаңа тәуелсіз мемлекеттердің
қалыптасу процессіне өзінің ықпалын көрсетуге үміттенеді.Бұл күштердің
арасында экстремистік мағынадағы күштер бар,сонымен қатар әскерленген
террористік ұйымдар ретіндегі күштер де бар.Аталынғандардың барлығы
жиналған сыртқы саяси тәжирибемен жария етілген , барлық аймақтың басты
мәселелерінің анализін және белгілеуін өзекті етеді.
Әскери-саяси одақтармен ұлы державалардың дөрекі қол сұғушылығы мен
бәсекелестіктің нәтижесінде әлемдік саясаттың күн тәртібінде әлі де тұрған,
аймақтық шиеленістер қатарының пайда болуына және күшеюіне әсер еткен,
көршілес жатқан таяу Шығыс пен Ауғанстанның жолын қайталамауы маңызды болып
табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Зерттеу барысында автор мына
әдебиеттерге сүйеніп жазған.Негізінен бұл тақырып,әсіресе батыс
ғалымдарының зерттеулерінде ауқымды түрде қарастырылған.Зерттеу барысында
ТМД елдерінің атақты саясатшылар мен халықаралық-әлеуметтанушылардың
еңбектеріне сүйенді: А.Ақаев, Б.Ақаеваның, А.Асанованың, А.Г.Арбатов,
Е.П.Бажанов, А.В.Бурсов, К.С.Гаджиев, А.Д.Джекшенкулов, А.Г.Задохин,
М.Иманалиев, Н.Исингарин, Г.Г.Қадымов, К.Н.Құлматов, Д.Н.Назарбаеваның,
В.Ф.Ли, В.В.Наумкин, Г.А.Рудов, Ж.Сааданбеков, Э.Салахитдинов, К.К.Тоқаев,
Т.Тоқтомушев, К.Шыналиев, А.Д.Шутов, Г.С.Яскинаның,Р. Мукимджанова ,
М.Т. Лаумулиннің және тағы да басқа.
Қ.Тоқаевтың еңбектері 2 негізінен Қазақстанның сыртқы саясатына
арналған. Олар күштердің геосаяси орталықтары қатарына жататын
мемлекеттермен ҚР-ның байланыстарына қатысты мәселелерді терең қамтуымен
ерекшеленеді. Қ.Тоқаев Қазақстанның ТМД, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, КҚКҰ және басқа да
көпжақты қауіпсіздік ұйымдары мен жүйелеріне қатысуына ерекше көңіл бөледі.

Р.Мукимджанованың Страны Центральной Азии:Азиатскии вектор внешней
политики.(2005) , атты еңбегінде ,Орталық Азия оңтүстік шек периметрі
бойынша ынтымақтастық және тату-көршілес аймақ құру – бұл аймақтағы
елдердің саясатындағы азиялық вектордың приоритетті міндеттері болып
табылады.Кітапта Орталық Азияның бес мемлекеттерінің (Қазақстан,
Қырғызстан, Тәжікстан,Түркіменстан,Өзбекстан) Қытай және шектес Орта Шығыс
елдерімен қатынасының эволюциясы қарастырылды.Жақтастардың геосаясат
саласындағы мүдделерінің қайшылықтары қарастырылады.
Орталық Азияға арналған геосаяси сипаттағы басылымдар арасында
М.Лаумулиннің Казахстан в современных международных отношениях:
безопасность, геополитика, политология (2000) атты монографиясы,
С.Көшкімбаевтың Центральная Азия на путях интеграции: геополитика,
этничность, безопасность (2002) атты еңбектері ерекше орын алады.
С.Л.Көшкумбаевтың Центральная Азия на путях интеграции:
геополитика,этничность,безопасность ( 2002) атты ұжымдық еңбегі келесі
мәселеге негізделеді: Анализ үшін негізгі критериі аймақ елдерінің өзара
және сыртқы ортамен экономикалық және саяси байланыс сипатында болуы
мүмкін. Қызық болатын жайт, сыртқы экономикалық серіктестермен жетекшілік
ететін Қазақстан және Өзбекстан сияқты аймақтың ір елдері аймақтан тыс
елдері бола бастайды. Бұл тенденция әлі де Түрікменстанға да қатысты. Аймақ
елдерінің өзара сыртқы сауда көмелі жалпы айналымның 10%-тінен
жоғарламайды[1],бұл әрине аймақ елдерінің экономикалық интеграциясының
өсуіне өте аз болып табылады. Мысалыға, көршілес Қырғызстанның Сыртқы
саудасындағы Тәджікстанның бөлігі өте аз. Мысалыға, АҚШ-ң немесе Қытайдың
бөлігінен бірнеше есе аз. Бұл аспектілер көбінесе геосаяси фактор
қатарында негізделген аймақтағы интеграциялық тенденцияның ерекшелігін
көрсетеді.
Бұл факторлар біріктіру үрдісін негіздейді және белгілі бір
шамада шектейді. Шектеу ретінде оларды бөлу құралы немесе сыртқы
ойыншыларға қысым ретінде қолдануында қатысады.
Қазақстан үшін жетекші сыртқы серіктесі болып Ресей, Қытай және
АҚШ болып табылады.
Түрікменстанның ұқсастығына қрай, Астана ірі экспорттық бағытты
дәл осы аталған екі еуразиялық державамен байланыстыруды жоспарлап отыр.
Олармен бәсекелес елдер қатарының қысымына қарамастан, (біріншіден, АҚШ)
басқа жобалардың маңызды саяси және экономикалық қолдауын , Қазақстанға
объективті түрде геосаяси және экономикалық жағдайда түбегейлі түрде
басымдылық етуін олар жасай алмады.
ҚХР мен энергоресурстар саудасын кеңейту және энергоресурстарын
транспорттаудағы ресейлік маршруттың жүзеге асыру жоспарының жетістікті
түрде қозғалуымен дәлелденеді.
Өзбекстан Ресеймен тығыз қатынаста, бірақ экономикалық әлсіздік
арқасында, Мәскеу ТМД-дан Өзбекстанның белгілі дистанцияға әкелетін әскери-
стратегиялық ықпалдың экономикалық механизмнің жетіспеушілігінінің орнын
толтыруға үміттенеді.
ТМД-ң ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі Келісімшарттан шығуындағы ірі
индикатор Ташкенттің көбінесе тәуелсіз ойынды жүргізетінің көрсетеді. Менің
ойымша, Ташкенттің екінші ірі серіктесі жоқ болып табылады, сондықтан
аймақтық баланста белгілі тұрақсыздық жағдайын туғызады. Мүмкін, Ташкенттің
өзінің стратегиялық мүдделердің бағыттанушылығы үшін Вашинктон, Тегеран
және Пекин бәсеке болады.
Қырғызстанның бес бағыты бар, олар;- Қазақстандық, Өзбекстандық,
Қытайлық, Ресейлік және шартты түрде батыстық (американдық) бағыттар.
Соңғы вектор Бишкектің технологиялық серіктестікте және Вашингтонның
қатысушылығы арқасында баланстаудың нүктесін ұлғайту мүмкіншілігінің
үмітімен байланысты. Менің ойымша, бұл баланстың болашақта өзгеруі
мүмкіндігі төменгі дәрежеде деп есептеймін.
Тәджікстан ТМД-да маңызды стратегиялық серіктеске ие, ол Ресей
болып табылады. Елдің тұрақты түрде дамуына, әрине бұл жеткілікті емес.
Душанбе басқа державалармен өзінің байланыстарын маңызды түрде кеңейтеді
деген үлкен мүмкіндік бар.Тәджікстанда тағыда бір немесе екі серіктестің
пайда болу мүмкін. Бұл орын үшін Иран, Қытай белгіленген шамада АҚШ
бәсекелесетіні айқын болып табылады.
Түрікменстанның приоритетті серіктесі ретінде Тегеран және Мәскеу
болып табылады. Субаймақтық деңгейде олардың позицияларын кеміту,
сәйкесінше өзінің позициясын кеңейтуге Астанадан гөрі, мүмкіншілік қатарына
ие болатын Ташкент үміттенуі мүмкін. Түркімендік экономикалық энергитикалық
секторында инвестициялар ірі хаттары арқылы Вашингтон Ашхабадтың сыртқы-
саяси стратегиясына ықпалын тигізеді.
Сонымен, геосаяси үстемнің лидері Ресей болып табылады. Барлық бес
орталық азиялық елдерінде осы Ресейлік фактор маңызды болып табылады.
Евразияның бұл аймағында геосаяси конфигурациясының аяқталмауына
қарамастан, екінші фактор Қытай факторы болуы мүмкін дейді, бұл фактор
нақты түрде Қазақстан мен Қырғызстанда көрсетілген Қытайлық вектор
потенциалы өзінің ықпалының ұлғайту тенденциясына ие, Пекинді
Тәджікстандағы шиеленстік жағдайға қобылжытады. Континенттік державалардың
ішінен аймақ үшін үшінші күшті полюс ретінде Иран болуы мүмкін. Тегеран
маңызды түрде алдыңғы екі державалардан қалуда, бірақ өзінің қызметін айқын
түрде белсендіруде. Иран Түркіменстанда нақты түрде көрсетілген сонымен
қатар Тәджікстанның жетекші серіктестерінің бірі болуына үміті бар.
Этникалық жақындық факторы бұл жерде белгілі рөлді атқарса да, бірақ менің
көзқарасымша, иран -тілдес мемлекеттердің және Орта Шығыстық халықтарының
ішінен лингвистикалық негізде альянс құру мүмкіншілігінің аздығында.
М.Т. Лаумулиннің Центральная Азия в зарубежной политологии и
мировой геополитике:Центральная Азия и Казахстан в современной политологии
(2005) атты еңбегінде Қазақстанның Орталық Азиядағы үстемдігі
қарастырылады.Қазақстанның сыртқы саясаты және ірі державалардың
қызығұшылығы қарастырылады.
Орталық Азия елдеріне қатысы бойынша батыс мемлекеттерінің
саясатының қисының түсіну мақсатында Батыс елдер авторларының басылымымдары
зерттелінді.Батыс ғалымдарының еңбектерін ТМД ғалымдарының зерттеулерімен
салыстырғанда, автор мынадай қорытындыға келеді,Орталық Азиядағы Батыс
мемлекеттерінің қазіргі таңдағы саясаты тек-қана өз пайдасын көздейді және
ірі ұлттық бизнес қолдауына бағытталған.Қытай мен Иран сияқты көршілес екі
елдің ғалымдарының тәмілдері қызықты болып көрінеді. Барлығына мәлім
болғандай,осы екі ел орталыықазиялық мемлекеттерге ерекше мүдделері
бар,және көп басылымдары бойынша,бұл аймақты зер салып зерттеуде. Қытай мен
Иран өз мүдделері бола тұра,орталықазиялық бағытында АҚШ-тың және
басқада батыс мемлекеттерінің белсенділігін сақты түрде қабыл алуда.
Бұл тақырыпты зерттеуде автор алғашқы зерттеулерге сүйенді,олар-
БАҚ және ақпараттық басылымдарда жарияланған орталықазиялық мемлекеттердің
түрлі ведомстваларының кезекті және ресми материалдар мен құжаттарға
сүйенді. Сондай-ақ,РАН-ның Шығыстану Институтында , РФ-ның СІМ МГИМО мен
Дипломатиялық академияларында ,Орталық Азия елдерінің басқа да
институттарында,сонымен бірге Таяу және Орта Шығыстың бірқатар
елдеріндегі институттарында өткізілген, қазіргі таңдағы дамудың
теориялық мәселелеріне қатысты бірқатар конференциялардың мәліметтерімен
танысу мүмкіндігіне ие болды.Қорытындылар, гипотезаның түрлі бағыттары
мен теориялық жағдайы, жай ғана пікірлердің бір-бірімен алмасуы жаңа
мыңжылдықтың басында Орталық Азия елдерінде жүріп жатқан
процесстерді түсінуге үлкен көмегін тигізді.
Деректік негізі. Зерттеудің деректік көзін, Орталық Азияның
сыртқы саясатының, оның халықаралық құқықтың басқа субьектілерімен екіжақты
және көпжақты қарым-қатынасының басылымдары ,сөз сөйлеулер,жобалар мен
жолдаулар құрайды. Мұндай басылымдар Орталық Азия елдерінің
тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында жариялана бастады. Олардың қатарында,
Орталық Азияның аймақтық қауіпсіздік және сыртқы акторлардың мүдделер
мәселесі бойынша З.Чуланованың Социальный аспект глобализационных
процессов в развивающихся странах (2004),Д.Каушиктың Проактивная политика
президента В.Путина в Центральной Азии ( 2004), К.Сыроежкиннің
Синьцзяньский производственно-строительный корпус СУАР КНР: настоящее и
будущее ( 1998),Б.Сұлтановтың Приоритетные направления внешней политики
и политики безопасности РК в условиях
глобализации ( 2004),Г.Киссинджердің Нужна ли Америке внешняя поли-
тика ( 2002),М.Лаумулиннің ЕС как новая геополитическая сила (2001),
М.Лаумулиннің Центральная Азия и Запад: новые геополитическне реалии (
2004),З.Бжезинскийдің Геостратегия для Евразии (1997),С. Строканның
Шанхайская грамота - начало нового этапа в истории Центральной Азии
(2001), Чэнь Циминнің Центральная Азия: политические процессы и
региональная безопасность (2002), З.Бжезинскийдің Геостратегия для
Евразии (1999) атты басылымдарын атауға болады.
Ал Орталық Азиялық интеграция жөнііндегі мәселелерге байланысты
Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына
Казахстан на пути ускоренной экономической, социальной и политической
модернизации ( 2005 ) жолдауын,Н. Назарбаевтың О формировании ЕАС
(1994), О формировании Евразийского Союза Государств ЖобасыЕвразийское
пространство: интеграционный потенциал и его реализация (1994),
Қазақстан, Қырғызстан,Тәжікстан және Өзбекстанның ғылыми және мәдениет
қайраткерлерінің халықаралық кездесуіндегі Қазақстан Республикасының
президенті Н. Назарбаевтың сөз сөйлеуін(1999), Ф.Старрдың Партнерство
для Центральной Азии ( 2005),О. Сидоровтың Центральноазиатское фианкетто
США (2006) атты басылымдарды атауға болады.
Геосаясат классиктері Х.Дж.Маккиндер, А.Мэхэн, В.Де ля Блаш,
Н.Спайкмен, К.Хаусховер, К.Шмитт, П.Н.Савицкий еңбектері зерттеудің
маңызды дерек көзі болып табылады. Олардың мәтінімен А.Дугиннің,
И.Г.Усачевтің, А.Панариннің, В.Дергачевтің, Ю.Тихонравовтың, К.Гаджиевтің
аудармалары 26 арқылы таныса аламыз.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Осы зерттеу жұмысын жасаудағы
автордың алға қойған мақсаты – көптеген зерттеу жұмыстарын қарап,жинай
отыра Орталық Азияның тәуелсіздік алғаннан бастап халықаралық аренаға
шығуы жөнінде толық мағлұмат беру.Орталық Азияның жаһандану үрдісіне
тартылуы,қазіргі таңдағы Ұлы державалардың Орта Азиядағы саясаты және ХХI
ғасырдағы халықаралық қатынастар жүйесіндегі Орталық Азия жөнінде баян ету.

Содықтан да, осы мақсатқа байланысты зерттеу барысында бірнеше
міндеттер туындайды:
• Орталық Азия интеграциясы;
• Тәуелсіз Орта Азия елдері аймақтық қауіпсіздік жүйесіндегі орны;
• Ірі көршілер Ресей мен Қытайдың аймақтағы сыртқы саясаты;
• АҚШ пен ЕО-тың аймақтағы қызығушылық саясаты;
• Ислам елдерінің Орта Азиядағы сыртқы саясаты;
• Бүгінгі геосаяси өзгерістер жағдайындағы жаңа интеграциялық
ұсыныстарын баян ету;
• Қазақстан Республикасының Орта Азиядағы негізгі ұстанымы.
Зерттеудің хронологиялық ауқымы 1991 жылдан қазіргі кезеңге дейінгі
уақыт аралығын қамтиды
Зерттеудің нысаны мен пәні.
Сонымен осыдан зерттеу объектісі мен пәні туындайды. Зерттеу
объектісі ретінде Орталық Азияны негізге алады.
Ал зерттеу пәні ретінде Қазіргі таңдағы Орталық Азияның халықаралық
қатынастар жүйесіндегі орнын алады.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негіздері.Жұмыстың
зерттелу әдістемесінде жалпы ғылыми зерттеу әдістемелері:талдау және
синтез әдісі, салыстырмалы тарихи әдіс, сонымен қатар, эскликативті
әдістер(конент - анализ,мәтіннің ауызша және жазбаша мәнін, онда жиі
кездесетін оқиға желісінің дамуын жүйелеп зерттеу, когнитивті
суреттеу, белгілі-бір саяси мәселені сол немесе басқа саясаткердің
қалай анықтағаны жөнінде анализ жасау) қолданылды.
Дипломдық зерттеудің объектісі белгілі бір кезеңмен шектеледі,
Орталық Азиядағы жаңа тәуелсіз мемлекеттерінің қалыптасу кезеңі,Халықаралық
аренаға шығуы қарастырылады,яғни қазіргі таңдағы халықаралық қатынастар
жүйесіндегі Орталық Азияның орнын анықтауы нысанға алынғандықтан зерттеу
жұмысында ...
... ... ... ... ..
Зерттеу жұмысының әдістемелік негізі ретінде шетелдік, сондай-ақ
отандық ғалымдардың теориялық зерттеулері мен тұжырымдары алынды.Жұмыстың
өзекті мәселелеріне қатысты ғалымдардың өзара пікірталастары ретінде
ұсынылған материал дәлелдермен салыстырыла каралды да, бұл зерттеу
тақырыбын ашудың әдістемелік негізін күрады.Зерттеу нысанын талдау
барысында
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Қазіргі таңдағы халықаралық
қатынастар жүйесіндегі Орталық Азияның орны зерттелу нысаны
болғандықтан,оның интеграциясы ... ...
Зерттеу жұмысының жаңалықтарын төмендегідей ғылыми нәтижелерімен
байланыстыруға болады:
• Орталық Азиядағы жаңа тәуелсіз мемлекеттерінің қалыптасуның
алғышарттары ашылып көрсетілді, оның халықаралық аренада
қалыптасуының маңыздылығы мен өзектілігі анықталды;
• Орталық Азия интеграциясының қазіргі жағдайы мен перспективасы
анықталды;
• Ұлы державалардың Орталық Азия елдеріндегі қызығушылық мүдделері
сарапталып,осы аймақта үстемдікке жету мақсатында Ұлы державалардың
өзара қарама қайшылықтары анықталды;
• Тәуелсіз Орта Азия елдері аймақтық қауіпсіздік жүйесінде орны
анықталды;
• Орталық Азиядағы ең беделді, ұлы державалар үшін аймақ елдерінің
ішінен ең маңыздысы болып табылатын –Қазақстанның Орталық Азия
аймағындағы лидерлік орны анықталды.
Зерттеудің тәжірибеде қолданысы. Зерттеу материалдарын геосаясат
негіздері, тарих, халықаралық қатынастардың дамуы, Қазақстан
Республикасының сыртқы саясаты бойынша дәрістерде және практикалық
сабақтарда пайдалануға болады. Сонымен қатар, зерттеу жұмысы Орталық
Азияның халықаралық аренада орнын қамтамасыз ету және ұлттық мүдделеріне
табысты қол жеткізу мақсатында ұсыныстар жасақтау барысында қызығушылық
туғызуы мүмкін.
Енді жоғарыда айтылған мақсатқа , міндеттерге байланысты диплом
жұмысымның құрылымын ашып көрсетейік: жалпы дипломдық жұмыс 3 бөлімнен
тұрады.
Бірінші бөлімде Орталық Азияның жаһандану үрдісіне тартылуы
қарастырылады.Осы бөлімнің мазмұны мынадай 2 бөлімше арқылы ашылады:
біріншіден, Орталық Азия интеграциясы жөнінде баян етемін. Ал екінші
бөлімшеде Тәуелсіз Орта Азия елдері аймақтық қауіпсіздік жүйесіндегі
орнына көңіл бөлемін.
Екінші бөлімде қазіргі таңдағы Ұлы державалардың Орта Азиядағы
саясаты қарастырылады. Осы бөлімнің мағынасын ашу үшін біріншіден, Ірі
көршілер Ресей мен Қытайдың аймақтағы сыртқы саясаты,екіншіден,АҚШ пен ЕО-
тың аймақтағы қызығушылық саясаты, ал үшіншіден,Ислам елдерінің Орта
Азиядағы сыртқы саясатына тоқталып кетемін.
Үшінші бөлімде ХХI ғасырдағы халықаралық қатынастар жүйесіндегі
Орталық Азия қарастырылады.Осы бөлімнің мағынасын ашу үшін біріншіден,
бүгінгі геосаяси өзгерістер жағдайындағы жаңа интеграциялық
ұсыныстары,ал екіншіден, Қазақстан Республикасының Орта
Азиядағы негізгі ұстанымына тоқталып, соңғы сөзімді қорытындылаймын.

I БӨЛІМ. ОРТА АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ ЖАҺАНДАНУ
ҮРДІСІНЕ ТАРТЫЛУЫ

Әлемдік шаруашылық өмірін жаһандандыру қазіргі экономикалық дамудың
жнтекші беталыстарының бірі болып саналады. Халықаралық мамандану мен
кооперацияның тереңдеуі, елдер арасында технологиялармен алмасу-
экономикалық өрлеудің маңызды факторларына айналуда.
Жаһандану – ұзаққа жетелейтін өте күрделі құбылыс. Сондықтан,
жаһандану термині эмоционалдық сипатқа ие болып, әлемдік эсперттік
қауымдастықтың шеңберінде шиеленіскен пікірталас мәселесіне айналғаны ғажап
емес.

1. Орталық Азия интеграция жолында
Еларалық кірігу- қазіргі халықаралық қатынастарға көп қырлы, көп
деңгейлі және кешенді процесс. Ол бірігуші елдердің жалпы және өзіндік
ерекшеліктері ескерілуін қалайды. Қазіргі ұлттық экономикалық және саяси
жүйелердің ғаламдасуы мен интернационалдануы процеcстермен байланысты
объективті өзгерістер, халықаралық қатынастарда туындаған құбылыстарды
тұжырымдамалық тұрғыдан ой елегінен өткізу қажеттігін туғызады.
Саясаткерлер мен ғалымдар арасында дүниеге келген кірігу идеясы теория
тұрғысынан тұжырып, ғылыми болжам жасауды қалады.
Жаһандығы әр түрлі кірігуші топтар мен Орталық Азиядағы
субаймақтық кірігу ерекшеліктеріне жүргізілген компаративтік талдау мынаны
көрсетті: ұлтаралық заңдылықтардың ықпалы экономикалық және саяси
коммуникациялары интенсивті (тамыры тереңде жатуы міндетті емес) аймақтарға
неғұрлым тән болып келеді. Мұндай жағдайда, кірігу процесстерінде мемлекет
әрі субъект, әрі объект ретінді көріне бөлінді. Бір ұлттық деңгейде ол
кірігу қатынастырының объекті болып табылады, өйткені ел үшін біріңғай
мүдделері топтастырып, әзірлеу процесіндегі өзекті элемент. Мемлекетаралық
деңгейде ел кірігу қатынастарының субъекті ретінде көрінеді де, сонымен
бірге іс жүзінде халықаралық қатынастарының жетекші субъекті болып қала
береді.
Жаһандық практикадағы институциялық жағынан ұқсас әртүрлі
модельдерді салыстыра талдау Орталық Азия үшін АСЕАН- ның тәжірибесі
белгілі бір мөлшерде оңтайлы деген тұжырымға алып келді. НАФТА- ның яки ЕО-
тың кірігушілік моделі бұл аймақтың бүгінгі болмысына түп түгел сай келе
бермейтіні айқын. Бірінші кірігушілік топта (АСЕАН) ұлттан жоғары тұрған
күшті құрылымдар жоқ және бірлестік ішіндегі қатынастарды көбiнe
экономикалық, негізде құрады. Бipaқ Орталық Азиялық экономикалық
ынтымақтастыққа қатысушылар алдында өзгешелеу міндеттер тұр. НАФТА
елдерінің экономикалары өзгеге кұлдық құрмайтындай күйде болса, Орталық
Азия мемлекеттерінің экономикалары әлi де барынша ала-кұла, ал мұның өзi
нeгiзгi міндетті — баянды дамып келе жатқан экономикалық құрылым жасау
міндетін алға қояды. Батысеуропалық кipiгy тәжірибесі әлеуметтік, мәдени
және саяси айтарлықтай ұқсастықты, сондай-ақ экономикалық аядағы терең
мамандануды талап етеді мұндай жағдайға Орталық Азия аймағында объективті
түрде қол жеткен жоқ.
АСЕАН елдері кipiгe бастағанда оларда аграрлық-шикізаттық экономика
тапшын болатын. Бұл ұйымға қатысушы елдердің кipiгyi үшін қолайлы жағдай
жасау мepзiмi ондаған жылдарға созылды да, еркін сауда аймағын құpy тек
2007 жылға жоспарланып отыр. Kipiгy жолының бас кезінде АСЕАН алдында
тұрған міндеттер Орталық Азия кipiгyiнe катысушылардың мақсаттары мен
проблемаларына ішінара ұқcac. Аймақтық тұрғыдағы экономикалық депрессия,
карулы қақтығыстар, этносаралық және территориялық проблемалардың
peттeлмeyi, жаһандық күш орталықтарының бәсеке аймағына ену — міне осы
факторлардың көпшілігі Орталық Азия геосаяси кеңістігінде орын алып, өрши
түсуде.
Бұл шарттар Орталық Азиядағы аймақтық кipiгy үшін геосаяси маңыздылығын
арттыра түсті қayiпciздiк жөніндегі аймақтық кұрылым жасау мәселелері
кірігушілік факторы болып табылады. Континент қойнауында орналасқан Орталық
Азия елдерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, менің ойымызша,
трансшекаралық деңгейде жүзеге асырыла алады, мұның өзi практикада елдердің
қарым-қатынасындағы геосаясаттық дәстүрлі канондарынан бас тартып, ұлттық
мүдде жөніндегі тар түсінікті қайта қарауды талап етеді.
Тарихи тұрғыдан алғанда Орталық Азия аймағы үшін белгілі бip жүйелік
бірлік тән болып, ол территориялық ортақтық пен өзіндік бip еңбек
бөлінісіне негізделді. Бірақ сонымен бipre Орталық Азия кеңістігінде іштей
белгілі бip жіктелу де орын алып келді.Eкi ipi держава — Ресей мен Қытайға
көршілес болу аймақтық солтүстік және шығыс шекараларының геосаяси қырын
белгілі бip дәрежеде анықтай түседі. Орталық Азияның жаңа мeмлeкeттepiнiң
бip жағынан Қытаймен,екінші жағынан Ресеймен қатынастарындағы кейбір
проблемалар Орталық Азия аймағы елдерінің бірқатар сыртқы саяси мүдделері
мен максаттарының ұқсастығын анық көрсетті. Аймақта АҚШ саясатының белсенді
бола түсуі осыған байланысты, бұл белсенділік әртүрлі державалар
мүдделерінің тізбегінде геосаясат тұрғысынан пайдалы комбинация жасау
әрекетінен туындаған.
Орталық Азия елдерінің мұсылман мемлекеттеріне жақын орналасуы да
белгілі бір дәрежеде біріктіруші ықпал етеді. Исламның өрескел пошымдары
аймақтық дамуға көрсетілген қыр. Орталық Азия елдерінің советтік дәуірден
кейінгі саяси жайсандары, түп тамыры кеңестік рухта жатқандықтан, өз
елдерінде исламның саясатқа араласу әрекеттеріне қатты сезікпен қарайды.
Мемлекеттіліктің дүниауи сипаты, сондай-ақ өрескел исламның өркендеріне
қарсы тұру талабы біріктіретін факторлар болып табылады. Аймақтық оңтүстік
шептеріндегі "мұсылмандық векторы" да Орталық Азия мемлекеттерінің сыртқы
саяси стратегияларының басты бағыттарының бірі. Орталық Азия елдері
аймақтық державалардың геосаяси бәсекесінің объекті болып табылады.
Бұл арада, аймақтық барлық елдері жаһандық теңіз коммуникацияларына еркін
шыға алмайтын болғандықтан, халықаралық, транспорттың-коммуникациялық
байланысты барынша әрқилы ету стратегиясы аса маңызды міндеттердің бірі
болып табылады. Транспорттық-коммуникациялық саладағы кірігу, менің
ойымызша, әртүрлі мүдделі акторлардың аймақ елдеріне геосаяси қысым жасау
мүмкіндіктерін жоймаған күннің өзінде, едәуір азайтады.
Орталық Азияның белгілі бір біртұтас нобайы бар, бірақ сыртқы қоршаған
ортаның қысымы екі жақты ықпал етеді:
* біріншіден, топтастырушы фактор ретінде бұл процесс биполярлық
дүниеден кейінгі дәуірде халықаралық қатынастардың жаңа жүйесін
қалыптастыруға байланысты ең жаңа тенденциялармен анықталады;
* екіншіден, ірітуші фактор ретінде ықпал етеді, бұл көрші державалардың
геосаяси мүдделері өзгерген жағдайда объективті-тарихи жағдайды қайта
қалпына келтірудің теріс тенденциясынан туындайды.
Аймақтағы кірігу процестері сондай-ақ геоэкономикалық негізде де жүріп
жатыр. Жаһандық транспорттық желіге еркін кіре алмайтын Орталық Азия
мемлекеттері, іс жүзінде стратегиялың әріптестерге айналады.
Бұл арадағы аса маңызды факторлардың тағы біреуі — аймақтың су
ресурстары. Жер бедеріне қарай, ірі өзендердің бастаулары мен сағалары
әртүрлі елдердің территорияларында жатыр. Орталық Азия мемлекеттерінде су
ресурстарының ұдайы тапшылығын ескерсек, бұл проблеманы тек тығыз
кооперация арқылы ғана шешуге болады.
Жоғарыда аталған факторлардың бәрі аймақтағы кірігушілік тенденциялардың
сипатына тежеуші ықпал ете алады. Орталық Азиядағы ұлттық-мемлекеттік
жүйелердің экономикалық және саяси жетімсіздіктері болып жатқан кірігу
процестеріне объективті түрде өзгертушілік сипат береді. Бұл жағдай сыртқы
ірі акторлар тарапынан аймақта геосаяси айла-шарғы жасалу мүмкіндіктерін
туғызады. Халықаралық қатынастар жүйесіне бейімделіп, одан өз орнын табу
процесі Орталық Азия елдері үшін әлі аяқтала қойған жоқ.
Орталық Азиядағы кірігу процестерінің ерекшеліктері бірқатар геосаяси
факторлардан, континенттегі күштердің бөлшектелуінен туындайды, олар, өз
кезегінде, бірқатар салалардағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың,
кооперацияның және кірігудің әртүрлі пошымдарының дамуына ықпал етеді.
Мемлекетаралық көптеген проблемалардың шешімі қазіргі кезде
мемлекетаралық құрылымдардың өкілеттігі туралы мәселені әртүрлі түсінумен
шектеліп отыр. Орталық Азияның кеңестік дәуірден кейінгі елдерінің билеуші
жайсаңдары үшін ұлттық егемендік базасын нығайту маңызды болатын (бұл
жағдай қазір де сақталып отыр), ал теория тұрғысынан алғашқы келісімдер
жасалуын талап ететін ұлттан жоғары қуатты құрылымдар жасау сол
тенденцияларға кереғар шығып жататын. Көп жағдайда сондықтан да алғашқы
кірігу институты — Орталық Азия ынтымақтастығы шеңберіндегі келісімдердің
көпшілігі жүзеге аспай калды.
Мемлекетаралық кірігу процесі нысаналылықты және белгілі бір дәрежедегі
жоспарлылықты қажет етеді. Бұл тұрғыдан алғанда кірігуші топтың пошымдық
(институциялық) нышандары аса маңызды. Орталық Азия ынтымақтастығы ұйымының
жұмыс істеу кезеңі барысында бірқатар ірі институттар құру кірігу
құрылымдарын одан әрі дамытудың белгілі бір халықаралық-құқықтық негізін
қалады. Орталық Азиялық одақтың өмір сүруінің нақты-тәжірибесі қол қойылған
шарттардың көпшілігін жүзеге асырудың күрделі екендігін көрсетті.
Кірігушілік құрылым шеңберінде Қазақстан және Өзбекстан секілді неғұрлым
ірі мемлекеттермен байланысты белгілі бір тартылыс полюстерінің пайда болуы
заңдылық секілді. Осынау орталықтардың аймақтық ауқымдағы ықпал үшін
бәсекесі де әбден табиғи нәрсе. Бірақ бәсекенің тайталасқа айналып кетуі
аймақтағы кірігу жетістіктерін кері серпіп тастауға әбден қабілетті. Ол-ол
ма, аймақтан тыс ірі күш орталықтарының белсене килігуі онша айқындала
қоймаған геосаяси аймақтық кешенді бөлшектеп жіберуі мүмкін. Мұндай
жағдайда Орталық Азия елдерінің "серік болып" дамуы саяси және әлеуметтік-
экономикалық өзгерістер процесін шетке көбірек ығыстыра түседі.
Соңғы бірнеше ғасырлар бойы Орталық Азия аймағы тарихының барысы аймақтан
тыс саяси және экономикалық орталықтармен тығыз өзара байланыста болды.
Қазір бір аймақты құрайтын елдер мен халықтардың даму векторларының,
бағыты, державалы көршілердің ықпалымен, ішкі қақтығыстар мен қайшылықтарға
ұрындырып отырды.
Халықаралық қатынастардың қазіргі даму циклы оның дәстүрлі дилеммалары
мен доминанттары елеулі өзгерістерге ұшырады деуге негіз бере қоймайды.
Халықаралық саясат саласы едәуір дәрежеде консервативті екені, ол бүкіл
халықаралық қатынастар жүйесінің өзегі ретінде "ұлттық мүддені" объективті
түрде сақтап отыратыны белгілі.
Мұндай жағдайда, кеңестік кезеңнен кейінгі Орталық Азия елдерінің әу
бастағы тең құнды тәуелсіздігі қазіргі кезде және болашақта белгілі бір
сындарға тап болады, онда аймақ мемлекеттерінің өзі үшін де, сыртқы
ойыншылар үшін де ұлттың мүддені көлденең тарту өзекті уәждердің бірі
болады.
Аймақ мемлекеттері жаһан қоғамдастығына толық кірігу әрекеттерін белсене
жасап келеді, бұл орайда сабаңтас мүдделердің белгілі бір салаларында
көбіне өз көршілерінен озып кетуге ұмтылады. Халықаралық тауар, ақпарат-
технология базарлары қазір әбден молыңңан, сондықтан жыл өткен сайын
дүниедегі жеке бір елдің, тіпті ірі державалардың дербес халықаралық тұлға
ретінде құнды болуы қиындай береді. Жаһандағы экономикалық, ақпараттық
плюрализм дәстүрлі түсініктегі шекараны бір жерлерде ішінара,енді бір
жерлерде толық тегістеп жіберді. Осыған байланысты әлуеті кіріккен Орталық
Азияның өзінің жаһандық саяси-экономикалық өзара байланыстар құрылымынан
баянды орын табуы оңайға түспейді. Аймақтың жекелеген елдердің бұған іс
жүзінде қол жеткізуінің өзі мүмкін болмайтын секілді. Орталық Азияның әрбір
елінің тәуелсіздік кооперативтік даму принципі жағдайында неғұрлым құнды
болады да, басқаша жағдайда көп нәрседен ұтылып, бір шетте қалып қою қатері
ұлғая түседі.
Кірігу тобы елдерінің сыртқы саяси және сыртқы экономикалық
стратегияларын үйлестіріп отыру тиімді ықпалдастық үшін жеткіліксіз секілді
көрінеді. Орталық Азиядағы кірігудің геосаяси факторларының, олар
экстенсивті пайдаланылғанда, белгілі бір сандық шегі бар. Кірігу
тенденцияларын тереңдете түскенде аймақтың маңызы мен салмағы ұлғаяды, бұл,
кірігудің түпкі мақсатына қол жеткізудің көп нұсқалы, жеткілікті кезеңдерге
бөлінген жоспарларын жасап, жүзеге асырғанда ғана мүмкін болады. Көп
нұсқалылық икемділікті талап етеді, ондайда белгілі бір кезеңдерде ең
жоғары және ең төмен сапалық деңгейге қол жеткізу мақсаты айқын
көрсетіледі.
Кірігуге қатысушылардың түпкі мақсат жөніндегі пікірлері әлі де
қалыптастырылу кезеңінде, соған қарамастан қазірдің өзінде белгілі бір
алауыздықтар бар. Олар ұлғая түссе сыртқы (институциялық) кірігу құрылымын
сақтап қалу мүмкін болады, бірақ айтарлықтай сапалық өсу болмайды.
Осыған байланысты, Еуропалық Қоғамдастық Комиссиясының бас директоры,
профессор У. Стефанидің еуропалық болмыс үшін айтқан мына бір пікірі
Орталық Азия аймағы үшін де көкейтесті секілді: "Топты тұтас қорғап қана,
оның құрамдас бөліктерін құтқарып қалуға болады. Осынау қағидадан дағдыдан
тыс ойлар туындап, олар топ ішінде диалог жүргізгенде жарасымды көзқарасқа,
жаңа стильді пайдалануға, демек, жаңа терминологияға, өз пікірін білдірудің
жаңа бейнесіне жетелейді..."
Бұл көзқарас үйлестіруші органдар функциясын тереңдетіп, кеңейту
мәселесін көкейтесті ете түседі. Бұл мақсат үшін перспективалық жоспар
жасайтын, кес-кестеген кедергілердің алдың-алу шараларын қарастыратын
ғылыми-талдау топтарын құру қажет іс болып көрінеді. Сондай-ақ кірігуші
елдердің мемлекет және үкімет басшылары кездесулерінің жүйелілігі,аймақтық
және аймақтан тыс ірі проблемалар бойынша өзара ақылдасып отыру маңызды.
Саяси, экономикалық, және әлеуметтік өмірдің әртүрлі салаларындағы ұтымды
алмасудың бір көзі парламентарлық, байланыс. Кірігудің бұл қыры, жаһандық
тәжірибе көрсетіп отырғанындай, тек ұлттық қана емес, жергілікті ерекше
мүдделерді де барынша ескеруге ыңғайлы, ал мұның өзі кірігу тобын
бұрынғыдан да жақындастыра түседі. Мемлекетаралық кірігу процесінде
азаматтық секторды барынша кеңінен көрсету бірқатар субъективтік
факторлардың теріс ықпалын әлсірете алады. Геосаяси факторлар
мемлекетаралық, қатынастардың бірқатар мәселелерінде жеделдете кірігуді
талап еткенімен, Орталық Азия елдерінде ұлттық мүдделері жіктелген неғұрлым
күшті азаматтық қоғамдардың пайда болуы бұл процеске неғұрлым баянды сипат
береді, қолда бар кірігу ресурстарының оңтайлы пайдаланылуын мүмкін етеді.
Болашақта кірігу кешенінің баяндылығы аймақтың саяси кеңістігінің
адамгершілік қасиеттерінің күшейе түсуіне тәуелді болады, ал мұның өзі
кірігуші елдердің ішкі саяси режимдерінің бірыңғайлану жағына белгілі бір
қатарласа дамуын және мемлекет пен қоғам арасында неғұрлым үйлесімді тепе-
теңдік жасауды талап етеді.
1.2. Тәуелсіз Орта Азия елдері аймақтық қауіпсіздік жүйесінде
Әлемде болып жатқан жаһандық өзгерістср кауіпсіздік мәселесіне тек
әскери жағынан ғана емес, экономикалық, геосаяси мүдделер кақтығысы жағынан
да өзгеше карауына себепші болды. Орталық Азия елдерінің әлемдік кауымдас-
тығына кірген мерзімінен бастап аймақтың келешегі мемлекеттердің
халықаралык еңбек бөлініс процесіне каншалықты дәрежеде катысуына
байланысты болып отыр. Бүл әрине, кауіпсіздік және тұрақтылык қамтамасыз
етілген жағдайдың көрінісі ғана болмақ. Қазіргі таңда қауіпсіздіктің қауіп-
қатерлері көбейгені айқын. Бір жағынан қарағанда, Орталық Азия
мемлекеттеріне тікелей кауіп жоқ, дегенмен, әлемнің саяси сахнасындағы
ойыншылардың күштер балансы өзгеріске ұшырағаны Орталық Азия
мемлекеттерінің жағдайына әсерін тигізбей коймайды. Орталық Азия
мемлекеттерінің сыртқы субъекттермен қатынастары аймақтық түрақтылық пен
қауіпсіздікке әсер етуші фактордың бірі. Бұл қатынастар баланс жоқтығымен
және стратегиялық белгісіздікпен ерекшеленеді. Орталық Азия мем-
лекеттерінің саясатында сыртқы күштерге қатысты тұрақты позициясы жок. АҚШ,
Қытай, Ресей секілді мемлекеттерге қатысты ұзақ мерзімді стратегиялары
байқалмайды. Әсіресе экономикалық мәселелерге қатысты стратегиялар ұзақ
мерзімді сыртқы саясаттың қалыптасып, дамуына аса қажет. Аймақтың ішкі
мәселелері аз емес. Саяси, экономикалық қатынастарда әлі шешілмеген
мәселелер баршылық. Интеграциялық процестің динамикасы күткен нәтижеден
әлдеқайда алыс жатыр. Инвестиция саласында, сауда және шекараға қатысты
мәселелердің шешілуі өз кезегін күтуде.
Даму процестердің нәтижелері айтарлықтай көрсеткіштерден алшақ болуы
Орта Азияның ішкі әлеуметтік-экономикалық мәселелеріне байланысты 1].
Мысалы, Қырғызстанда биліктің кенет ауысуына ұласқан революциялық жағдай
қалыптасуына түрткі болған сыртқы факторлармен қатар, ішкі әлеуметтік-
экономикалық ахуал себепші фактор болды. Мақпал революциялардың пайда
болуына септігін тигізетін факторлардың бірі эко-номикалық жағдайдың
тоқырауы болып есептелінеді. Экономикалық тоқырау қоғамның жағдайы
перманентті түрде нашарлап, жұмыссыздық, кедейшілік секілді құбылыстардың
өрістеуіне әкеледі. Халықтық жалпы табыстың тепе-тең емес түрде бөлінуі
коғамның айкьн мүліктік жіктелуіне, әлеуметтік теңсіздікке соқтырады. Бұл
беталыс өз кезегінде тұрақтылық элементі болып табылатын қоғамда орта
топтың қалыптасуына тежеуіші болады. Егер жалпы табыстың теңсіздік
принціпімен бөлінуі аймақтық деңгейде орын алатын болса, онда ол
сепаратистік беталыстармен қатар, элитаның аймақтық белгі бойынша бөлініп
кетуіне әсерін тигізеді. Мемлекеттің тұрақтылығына кауіпті келесі фактор
биліктің саяси әлсіздігі. Биліктің саяси әлсіздігінен мемлекетті бақылау,
кадағалау функциялары атқарылмай қалып, нәтижесінде анархиялық қозғалыс-тар
орын алады. Билік монополизациясы, халық тарапынан сенімділіктің жоғалуы
саяси жүйені едәуір тұраксыздандырады. Ол әсіресе сайлау кезінде байқалынуы
мүмкін. Оған Қырғызстанда парламенттік сайлаудан кейін экс-президент
А.Ақаевқа сенімділік дәрежесі күрт төмендегені мысал бола алады. Мемлекетте
билік монополизациясының көрініс табуы демократиялық принциптер тек сөз
жүзінде ғана қалып, билік тарапынан қысым әрекеттері пайда болып, биліктің
барлық деңгейінде сыбайлас жемқорлықтың өрістеп, нәтижесінде билік
легитимдігі жойылуына әкеліп соқтырады. Элита ішіндегі шиеленістер
мемлекетте оппозициялық қозғалыстарды насихаттайтын контрэлитаның пайда
болуына ұласады. Бұл кұбылыс нәтижесінде ірі қаржылық топтар арасындағы
саяси қақтығыс халықтың кұралы ретінде қатыстырылуы аса кауіпті белгі болып
табылады. Мұндай жағдайдың нышандары келешекте орын алмауына ешкім кепілдік
бере алмайды. Саясатта билік пен оппозиция арасыидағы диалоггың жоқтығы
оппозицияның деструктивті, радикалды формаға ауысып сырттан қаржылай
көмекке немесе белгілі бір мемлекеттің бұл конфликтіге араласуына септігін
тигізеді.
Орталық Азияның қауіпсіздік, тұрактылық деңгейі төмендегідей бағыттар мен
қатерлердің алдын алуына байланысты:
• билік пен қоғам арасындағы едәуір алшақтық, мемлекеттік және әлеумет-
тік институттар арасындағы мықты байланыстардың жоқтығы;
• конструктивті оппозицияның жоқтығы,партиялық жүйенің боркемікті- гі,
әлеуметтік мәселелерді реттеудің қажетті деңгейден алшақтығы;
• мемлекеттік билік институттарының тұрақсыздығы, бюрократиялық
аппараттың өсуі,мемлекеттік басқарудың тиімділігіне кері әсері;
• билік легитимдігіне сенімсіздіктің пайда болуы;
• әлеуметтік мәселелердің көбеюіне байланысты агрессиялық, маргиналды
топтардың көбеюі;
• әскери қатер;
• қатерлі аймаққа жақындығы;
• аймақтың қорғаныс деңгейінің жеткіліксіздігі;
• идеологиялық қатерлер;
• экономикалық қатерлер;
• экологиялық қатерлер;
• сыртқы фактордың ықпалынан қайшылықтар туындау қатері.
Орталық Азия мемлекеттерінің қауіпсіздік катерлеріне қарсы және
тұрақтылықты теңселтуі мүмкін бағыттардың алдын алу саясаты кейде уақытылы
болмай жүр. Бұл жәйт саясаттың тиімділігі жөнінде ой салатыны сөзсіз.
Орталық Азияның қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру мүмкіндіктерін
қарастырсақ, аймақтың әлсіз функционалды байланысын ескерген жөн. Белгілі
бір мүдделердің бір-бірімен уақытша сәйкес келуі шарты ұжымдық қауіпсіздік
жүйесін қалыптастыру үшін жеткіліксіз. Орталық Азия аймағының мемлекеттері
ішінара аймақтық деңгейде тұрақтылық күйін сақтау дәрежесі айтарлықтай
жоғары емес. Сондықтан аймақтағы саяси, экономикалық, әскери тұрақтылық
сыртқы факторға байланысты екендігі жөнінде қорытынды жасауға болады. Атап
айтқанда, Орталық Азияның қауіпсіздігі, тұрақтылығы сыртқы акторлардың
аймаққа қатысты мүдделеріне және геосаяи стратегияларының жүзеге асырьшу
дәрежесіне тікелей байланысты болып отыр. Демек, аймаққа қатысты
қызығушылық білдіріп отырған мүдделі сыртқы акторлардың саяси ұстанымдарын
анықтап, талдау кажеттілігі туындап отыр. Енді оларды талдап көрейік.
Ресей
Орталық Азия елдері — Ресей Федерациясының мүдделері шоғырланған аймаққа
жатады. Геосаяси, экономикалық және әскери мүдделер тұрғысында ресейлік
саясатының басты бағыттары келесідей факторларға негізделеді:
• Орталық Азияны Ресейдің оңтүстіктегі шекараларының қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін буфері ретінде қарастырады;
• мұнай факторы және Каспийде ықпалын сақтау Ресей үшін маңызды;
• аймақтағы қақтығыстар пайда болған жағдайда күш ресурсын шоғырлану
сәйкесінше шара қолдану аймағы ретінде қарастырылады;
• аймақтың негізгі көлік байланыс жолдарын бакылауын қамтамасыз
етуіндегі сыртқы саяси экономикалық маңызға ие болу;
• Орталық Азиядағы өзінің геосаяси ықпал етуін сақтап қалу, АҚШ, Қытай
секілді ойыншылардың әсерін болдырмау;
• Орталық Азия мемлекеттерінің Ресеймен байланысын, иитеграциялык
процестердің аясын кенейту.
2001 жылы 11 қыркүйектен кейін Орталық Азияда геосаяси жағдайдың
өзгергенінен кейін, сондай-ақ жаңа әскери-саяси жағдайдың қалыптасуы
Ресейдің аймақтағы позициясына соққы болды. Біріншіден, Ресей аймақгағы
жалғыз әскери-саяси ыкпалға ие мемлекет мәртебесінен айрылды. АҚШ әскери-
саяси құрал қолданып ықпалын кеңейтуде. Ол Ресейдің Орталық Азияға қатысты
сыртқы саяси бағдарын едәуір әлсіретті. Өзбекстан, Қырғызстан
террриториясында әскери базаларының шоғырлануы бұл процестің бастамасы
екені анық. Оған Ресей барынша өзінің наразылығын білдірді. Ресейдің
қорғаныс министрі АҚШ-тың әскери базаларының Орталық Азияда Ауғаныстанда
тұрақтылық орнағанға дейін шоғырлануына келіскендігі туралы еске салған
болатын. Грузиядағы режимнің ауысуына септігін тигізген Америка ниеттері
келешекте Орталық Азияда орын алу мүмкіндігі Ресейді аландатты [2].
Екіншіден, Орталық Азиядағы АҚШ тек экономикалық күш қана емес қауіпсіздік
кепілдігін қамтамасыз ететін мәртебеге ие болу үшін ұпай жинайды. Сондай-
ақ, Баку-Тбилиси-Джейхан мүнай құбыры салуына қызығушылық білдіріп
отырғаннан АҚШ-тың барынша аймақтан Ресейді алыстату ниеті байқалады.
Бесландағы террористтік актілерден кейін Орталық Азияның және Кавказдың
маңызы Ресей үшін өсті. Президент В. Путин халқына жолдауыңда қарсыласы кім
екенін аныкталғанын айтты. Ол қырғи қабақ соғыс кезіндегі Кеңес Одағына
қарсы болған топ казіргі таңда терроризмді мықты кұралға айналдырып,
Ресейдің әлсіреуіне ықпалдасқаны жөнінде ашық айтты.
Қытай
Орталық Азияға катысты мүдделігін білдіріп отырған келесі бір мемлекет
Қытай Халық Республикасы болып табылады. Қытай өзінің сыртқы саясатын
жүргізу барысында әдеттегі бұл мемлекетке тән ұтымды тактикасын ұстанады.
Сыртқы саяси әрекеттерді Кытай келесідей ұлттык мүдделер бағыттарымен
байланыстырады:
• батыстағы тынымсыз шекарасында тұрақтылықты камтамасыз етпек.
Сепаратистік беталыстар басым Тайваннан және батыс жақтан Қытайдың
біртұтастық және егемендігіне тигізетін қатерлер бар.Демократиялық
жолға шығып кеткен мемлекеттердің тарапынан әртүрлі ағымдарды колдау
кауіпін болдырмау әрекетін қарастыруда;
• жоғарыда айтылған мәселелерге қатысты Қытай 1990 жылдары ашық есік
саясатын бастаған болатын. Осы саясат арқылы батыста орналасқан ең
кедей аймақтың, экономикалық деңгейін көтермек. Бұл шарттың жүзеге асуы
Синьцзяньда ұлттық сепаратистік беталыстар өрлеуіне бөгет болып
мәселені шешуге мүмкіндік туғызатынына Қытай сенімді болып отыр.
Сондықтан Орталық Азия мемлекеттерінің батыстағы провинцияларымен сауда-
эконо- микалық әріптестік маңызды элемент болып табылады;
• Қытайдың мұнай және газ көздерін көп мөлшеріне қажеттілігі өсуде.
• Мамандардың есептеу жұмыстарының нәтижесі бойынша Қытайдың қазіргі
энергетика көздеріне қажеттіліктері 2010 жылы 5-6 есе көбеюі мүмкін.
Осы орайда, Орталық Азия мұнай мен газдың негізгі кезі деп қарастырылуы
түсінікті. Өйткені, Орталық Азия Таяу Шығыс және Батыс Сібір
аймақтарынан кейінгі үшінші орындағы мұнай-газ базасы болып отыр.
Сондықтан Қытай аз шығын кететіндей және қауіпсіз аймақтарды тандауы
түсінікті. Демек, Қытайдың сауда -экономикалық әріптестікті тереңдетуі
көрініс табады;
• ТМД мен Еуропа нарықтарына шығу үшін көлік коридорын қалыптастыру
маңызды. Осыдан Қытай Орталық Азияны қор базасы ретінде ғана емес, оны
маңызды тасымал жолы ретінде қарастыратынын байқауға болады;
• Қытай Орталық Азияға басымдығын күшейту арқылы көшбасшылық позициясын
иеленіп алған АҚШ-қа тежеуіш болғандығын көздейді.
Соңғы жьлдары Қытай әскери және экономикалық жағынан күшейіп аймақтағы
жағдайдың өрбу бағытына әсер ете алатындай геосаяси ойыншыға айналды.
Дегенмен, 11 қыркүйектен кейінгі оқиғадан Орталық Азиядағы геосаяси
жағдайдың өзгеруінен АКШ-тың ұстанған саяси бағдары Қытайды стратегиялық
тұйыққа тіреп, көптеген мәселелерге себепші болды. Вашингтонның саясаты мен
Орталық Азиядағы АҚШ-тың әскери құзыры Қытайдың жоғарыдағы жоспарларымен
ұлттық мүдделерге қарсы болып отыр. Біріншіден, шетел мемлекеттерінің
Синьцзяньға жақындығы ұлттық қауіпсіздік пен Қытайдың біртұтастығына
потенциалды қатер туғызады. Екіншіден, АҚШ-тың аймақта нығаюының нәтижесі
Қытайдың батыс аумаққа қатысты жоспарын жүзеге асыруында едәуір бөгет
болады. Үшіншіден, Қытай үшін Орталық Азияның ресурстары аса маңызды рөл
атқарып, ал Вашингтонның, әсіресе Каспий бассейінінде нығайып болашақта бұл
салада мопополия жасау бағыты Қытай үшін қиын мәселеге айналады. Осы
тұрғыда жағдайдың өрбуі Қытайдың энергетикалық қауіпсіздігіне зиян
келтіретіні анық. Демек, 11 қыркүйектен кейінгі жағдай Қытай үшін екі қырлы
болып отыр. Терроризм, сепаратизм секілді құбылыстармен күресу жағдайында
СУАР-дағы сепаратистік қозғалыстарды қолдайтын талибтер жойылса, екінші
жағынаң Қырғызстан мен Өзбекстан аймағында АҚШ-тың әскери базалары пайда
болды 3]. Бұл мәселеден басқа Қытай мен АҚШ-тың ракетаға қарсы қорғаныс
(РҚҚ) мәселесі бойынша шиеленіс туындауы мүмкін.
Ресейге РҚҚ аса күшті қатер тудырмауынан, ал зұлымдық белдеуінде
орналасқан елдер АҚШ-қа шынайы зиян тигізетіндей стратегиялық радиусы бар
ракеталар жоқ болғандықтан оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орталық Азия одағы
Ресей-Қытай қатынастарының стратегиялық серіктес ретіндегі деңгейі
Орталық Азия елдерінің аймақтық ынтымақтастығы: негізгі бағыттары мен болашағы
Жапон Конституциясының қайта қаралу жағдайы
Қытайдың сыртқы саясатының бағыттары
Аймақтық интеграциялық үрдістері мен Қазақстан
Екі ел арасындағы саяси және экономикалық қарым-қатынасты жан-жақты талдау және болашақтағы дамуына болжаулар жасау
АҚШ пен КСРО - ның ұлттық қауіпсіздігі тұтас халықаралық қауіпсіздікті айқындаған тұстағы биполярлы халықаралық саяси жүйе
Еуроодақ пен Қазақстанның экономикалық ынтымақтастығы
Дипломатиялық құқық
Пәндер