Халықтың басым топтары үшін медициналық және әлеуметтік қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз ету



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Негізгі бөлім: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.Проблеманың қазіргі жай.күйін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1Қазақстанда АҚТҚ/ЖҚТБ.ның таралуына байланысты ахуалға шолу
1.2 АҚТҚ/ЖҚТБ таралуына қарсы іс.қимыл жөніндегі іс.шараларға шолу ... ..

2.Азаматтардың конституцияда кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарын қолдау және халықтың басым топтарын әлеуметтік қолдау жөніндегі шараларды күшейту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1Халықтың мінез.құлқы қауіпті топтарына қатысты мемлекеттік саясатты жетілдіру

3. Халықтың басым топтары үшін медициналық және әлеуметтік қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.1.Құқықтық қатынастар саясатын жетілдіру, құқықтық және әлеуметтік орта құру ... ...
3.2. Психоәлеуметтік кеңес беру және АҚТҚ.ға тестілеу жөніндегі қызмет көрсету бойынша айрықша объектілерді құру және ұстау
3.3.АҚТҚ.жұқпасынан зардап шеккен адамдарға арналған әлеуметтік жобаларды іске асыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...
Негізгі
бөлім: ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..
1.Проблеманың қазіргі жай-күйін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...
1.1Қазақстанда АҚТҚЖҚТБ-ның таралуына байланысты ахуалға
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 АҚТҚЖҚТБ таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шараларға
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...
2.Азаматтардың конституцияда кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарын
қолдау және халықтың басым топтарын әлеуметтік қолдау жөніндегі шараларды
күшейту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1Халықтың мінез-құлқы қауіпті топтарына қатысты мемлекеттік саясатты
жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3 АҚТҚЖҚТБ проблемаларын шешуге қоғамдық бірлестіктерді тарту жөніндегі
мемлекеттік саясатты жетілдіру...
3. Халықтың басым топтары үшін медициналық және әлеуметтік қызметтердің
жоғары сапасын қамтамасыз
ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
3.1.Құқықтық қатынастар саясатын жетілдіру, құқықтық және әлеуметтік орта
құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .

3.2. Психоәлеуметтік кеңес беру және АҚТҚ-ға тестілеу жөніндегі қызмет
көрсету бойынша айрықша объектілерді құру және ұстау

3.3.АҚТҚ-жұқпасынан зардап шеккен адамдарға арналған әлеуметтік жобаларды
іске асыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ..

Кіріспе

Бағдарламаны әзірлеу үшін Қазақстан Республикасының әлеуметтік-
экономикалық дамуының 2006 – 2008 жылдарға арналған (екінші кезең) орта
мерзімді жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26
тамыздағы № 884 қаулысы, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық
дамуының 2007 – 2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы
№ 822 қаулысы негіздеме болып табылады.
Өткен жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы
14 қыркүйектегі № 1207 қаулысымен бекітілген, Қазақстан
Республикасында ЖҚТБ-ның індетіне қарсы іс-әрекет жөніндегі 2001 – 2005
жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру аяқталды, жоғарыда көрсетілген
Бағдарламаның іске асырылған іс-шаралары АҚТҚЖҚТБ індетін елде шоғырлану
сатысында ұстауға ықпал етті.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 26-шы Арнайы сессиясында қабылданған
міндеттемелер туралы декларацияда күшті саяси басқарумен, мультисекторалды
ынтымақтастықпен, алдын алу мен емдеуді жүргізумен қатар, АҚТҚЖҚТБ-мен
тиімді күрес әлсіздікті төмендетуді және адамның құқықтарын сақтауды қамтуы
тиіс екені айрықша атап көрсетілген. АҚТҚЖҚТБ-ға қарсы іс-қимыл жөніндегі
нәтижелі бағдарламалар, ең алдымен, халықтың қауіпсіз инъекциялық және
жыныстық мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталуы тиіс, бұл АҚТҚЖҚТБ-ның
таралу проблемасын шешуді медициналық проблемалар шеңберінен алысқа
шығарады және адамдардың уәждемесі мен мінез-құлқына әсер ететін үкіметтік
және үкіметтік емес секторлардың тарабынан күш салуды қажет етеді.
Бағдарламаны қолдау үшін 2004 жылдан 2008 жылға дейінгі кезеңде
халықаралық донорлардың ресурстары, оның ішінде 22,4 млн. АҚШ доллары ЖҚТБ-
мен, туберкулезбен және безгекпен күрес жөніндегі жаһандық қордан (бұдан
әрі – ЖТБЖҚ) жұмылдырылды. Бұл грант ЖТБЖҚ мен грантты негізгі алушы ЖҚТБ-
ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталық
арасындағы 2003 жылғы 29 шілдеде қол қойылған Грантты іске асыру туралы
келісімнің шеңберінде бөлінген болатын. Бағдарламаны іске асыру үдерісінде
Қазақстанға бірқатар халықаралық серіктестер, оның ішінде БҰҰ: ЮНЭЙДС,
БҰҰДБ, ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ жүйесі ұйымдары, АҚШ үкіметінің ұйымдары: ЮСАИД, СДС,
халықаралық үкіметтік емес ұйымдар (бұдан әрі – ҮЕҰ): PSI, ЖҚТБ – Шығыс –
Батыс қоры, Сорос – Қазақстан қоры елеулі көмек көрсетті.
Сонымен бірге індеттің негізгі қозғаушы күші болған есірткі
инъекцияларымен қатар, АҚТҚ-ның жыныстық жолмен берілуі жиіледі, 2005
жылы берілудің бұл жолы анықталған жаңадан жұқтырғандардың 14-інде белгілі
болды. Алғаш белгілі болған АҚТҚ жұқтырғандар арасында 2001 жылғы 19 %-дан
2005 жылы 28 %-ға дейін әйелдердің үлесі елеулі өскен. Қалыптасқан
эпидемиологиялық ахуал қауіпті мінез-құлқымен танылатын халықтың жаға
топтарына араласуға баса назар аударуды қажет етеді. Ең алдымен, бұл
еркектермен жыныстық қатынаста болатын еркектер, қамаудағылар, жастар,
сондай-ақ қадағалаусыз жасөспірімдер, әскери қызметшілер, жұмыссыздар,
көшіп келушілер мен еңбек қызметінің ерекшеліктері тұрақты емес жыныстық
серіктермен жыныстық қатынастарға жағдай туғызатын адамдар (жер беті
көлігінің қызметкерлері, ұсақ саудамен айналысатын адамдар, жол бойындағы
тамақтану пункттерінің қызметкерлері және басқалар) сияқты топтар.
Індетке қарсы тұру бойынша неғұрлым өзекті мәселелердің бірі елдің
фармацевтика нарығында қайталама оппортунистік ауруларды емдеуге арналған
антиретровирус препараттар мен дәрілердің кең спектрінің қол жетімділігін
қамтамасыз ету жөніндегі дәрілік саясатты қалыптастыру және АҚТҚ жұқтырған
адамдарды емдеуге бейілділігін қалыптастыру болып табылады.
Ұлттық, екі жақты және халықаралық серіктестердің басым саны, оның
ішінде бағдарламалық қызметтің шеңберінде жүзеге асыратын мониторинг және
бағалау жүйесі одан әрі жетілдіруді қажет етеді. Қолжетімді болған
стратегиялық ақпарат індеттің өршуін болжау және алдын алу іс-шараларын
жоспарлау үшін бара-бар пайдаланылуы тиіс.
Осы бағдарламаның іс-шаралары 2010 жылға қарай 15-49 жастағы халық
арасында АҚТҚЖҚТБ-ның таралуын 0,5 %-дан аспайтын деңгейде тежеуді және
АҚТҚЖҚТБ-мен өмір сүретін адамдардың өлім-жітімін (антиретровирустық
емдеуді енгізу есебінен) кемінде екі есеге (қазіргі кезде 1000 адамнан 50
болса, 1000 адамнан 25-ке дейін) төмендетуді өзіне мақсат етеді. Бұл ретте
инъекциялық есірткіні тұтынушылар арасында АҚТҚ-жұқпасының таралуы 6 %-дан,
ал секс-қызметшілер мен еркектермен жыныстық қатынаста болатын еркектердің
арасында 5 %-дан аспайтын болады.
Келтірілген көрсеткіштерге халықтың нысаналы топтарының қаупі аз
жыныстық және инъекциялық мінез-құлқына ақпараттық-білім беру
бағдарламалары мен жеке қорғаныш құралдарын беру және антиретровирустық
емдеумен оған мұқтаж АҚТҚЖҚТБ-мен ауыратын адамдардың кемінде 70 %-ын
қамту жолымен қол жеткізілетін болады.
Індетке қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар мынадай бағыттарда
қабылданатын болады:
1) құқықтық қатынастар саясатын жетілдіру, алдын алу және емдік
араласулар үшін қолайлы құқықтық және әлеуметтік орта құру;
2) алдын алу бағдарламаларын өмірге енгізу;
3) АҚТҚ жұқтырғандарды және ЖҚТБ-мен ауыратындарды вирусқа қарсы
емдеудің халықаралық стандарттарына сәйкес емдеу, күту және қолдау
бағдарламаларын өмірге енгізу;
4) АҚТҚ-жұқпасынан зардап шеккен адамдарға арналған әлеуметтік
жобаларды іске асыру;

1.Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау

Қазақстанда АҚТҚЖҚТБ-ның таралуына байланысты ахуалға шолу

Қазіргі кезде ЮНЭЙДС пен ДДҰ-ның бағаларына сәйкес жер бетінде 40
миллионға жуық АҚТҚ-мен өмір сүретін адам өмір сүреді, олардың 90 %-ы
дамушы елдерде; 25 миллионға жуығы ЖҚТБ-дан қайтыс болған. Сахарадан
оңтүстікке қарай африка елдеріндегі індетті қадағалау тәжірибесі 20 жылдың
ішінде АҚТҚ-ның таралуы экономикалық белсенді халықтың жаппай қырылуымен
және жұмысқа қабілетсіздігімен үй шаруашылықтары табыстарының күрт
төмендеуімен, жетімдікпен, ұлттық бюджеттерді АҚТҚЖҚТБ-дан тікелей зардап
шеккен адамдарға көмек көрсетуге қайта бөлумен, білімге, ғылымға,
қауіпсіздік пен әлеуметтік дамуға зиян келтірумен шарттастырылатын дамудың
ауыр дағдарысын туғыза отырып, кемінде 1 %-дан 20–30%-ға дейін өсуі мүмкін
екенін айғақтап отыр.
Қазақстанда АҚТҚ-жұқпасының алғашқы жағдайы 1987 жылы тіркелген.
Анықталған жағдайларды тіркеуге негізделген статистикаға сәйкес 2006 жылғы
1 қаңтарға АҚТҚ жұқтырғандардың жиынтық саны 5 657 адамды құрады, олардың
743-і қайтыс болған, оның ішінде ЖҚТБ-дан – 281. Елдегі тіркелген АҚТҚ-мен
өмір сүретін адамдардың арасында 75,5 %-ы тұрақты инъекциялық есірткіні
тұтынушыларға (ИЕТ) келеді, 76 %-ын еркектер, 72 %-ын – жұмыссыздар, 62
%–ын – 15-29 жастағы адамдар құрайды. АҚТҚ-жұқпасы жүктілік, босану және
емшек сүтімен қоректендіру кезеңінде анасынан жұқтырған 22 балада
анықталды. Соңғы жылдары АҚТҚ-ның жыныстық жолмен берілуінің тіркелуі
үздіксіз өсіп келеді, оның үлесінде алғаш тіркелген жағдайлар арасында
2005 жылы 25 % (2001 жылы 5 %) болған, бір мезгілде жаңадан тіркелген
жағдайлар құрылымында АҚТҚ жұқтырған әйелдердің үлесі ұлғайған (2001 жылы
19 % болса, 2005 жылы 28 %-ға жеткен).
2006 жылғы 1 қаңтарға Қазақстан халқының арасында АҚТҚЖҚТБ-ның
таралуы медициналық ұйымдарға келу деректері бойынша 100 мың тұрғынға
шаққанда 37,7-ні құрады. Жыныстық жолмен АҚТҚ жұқтырудың ұлғаю үрдісі
байқалып отыр: 2001 жылы – 5,0 %, 2002 жылы – 16,7 %, 2003 жылы – 21,6 %,
2004 жылы – 29,3 %, 2005 жылы – 25 %.
Соңғы 5 жылда АҚТҚ жұқпасының тіркелген жағдайларының қайта өсу үрдісі
байқалып отыр: 2002 жылы – 735 жағдай, 2003 жылы – 746, 2004 жылы – 699
жағдай, 2005 жылы – 964 жағдай және 2006 жылдың 8 айында – 1112 жағдай.
АҚТҚЖҚТБ-ның кумулятивтік тіркелген жағдайларының жыл сайын өсуі
(2000 жылы – 100): 2001 жылы – 187, 2002 жылы – 242, 2003 жылы 297, 2004
жылы – 349, 2005 жылы – 420 құраған. Елімізде АҚТҚ жұқпасы халықтың осал
топтарының – инъекциялық есірткі тұтынушылардың арасында бұрынғыдай
басымдықпен таралуда.
АҚТҚ-ның тіркелген жағдайларының саны елдің әр өңірінде кеңінен
түрленген. 2006 жылдың басында АҚТҚ-жұқпасының ең көп таралуы Павлодар (100
мың адамға 130, барлық тіркелген жағдай 968), Қарағанды облыстарында (100
мың адамға 116, барлығы 1.547 жағдай) және Алматы қаласында (100 мың адамға
75, барлығы 892 жағдай) байқалды. Қазақстанда АҚТҚ-мен өмір сүретін
тіркелген адамдардың неғұрлым жоғары шоғырланған ошағы Қарағанды облысының
Теміртау қаласы болып табылды (100 мың адамға 688, барлығы 1239 жағдай).
Қазақстанда 2006 жылы тұңғыш рет Оңтүстік Қазақстан облысының балалары
арасында балалар медициналық ұйымдарында емдеуде болуымен байланысты
індеттің бұрқ етуі тіркелді. 2006 жылғы қыркүйекте АҚТҚ- жұқпасы
диагнозымен 55 бала тіркелді. АҚТҚ жұқпасы берілуінің негізгі факторлары
донорлық қан мен оның компоненттерін құю, көп мәрте қолданылатын
медициналық аспаптарды пайдалану, дайындалатын қанның және оның
компоненттерінің қауіпсіздігін және облыстық медициналық ұйымдарында
дезжұқпалау – стерильдеу режимінің сақталуын бақылаудың нашарлауының
салдары болып табылды.
АҚТҚ-жұқпасы өзінің дамуының алғашқы кезеңдерінде адамдарға денсаулық
сақтау қызметтеріне жүгінуге уәждейтін клиникалық белгілерсіз өтетін
болатындықтан, оның үстіне, жұқтырған адамдардың ішінде медициналық
ұйымдармен байланысудан бас тартатын маргиналдық әлеуметтік топтардың саны
орасан зор болғандықтан, АҚТҚ-мен өмір сүретін тіркелген адамдардың саны
әлемде барлық жерде олардың нақты санынан едәуір төмен. АҚТҚ-мен өмір
сүретін адамдардың дәл саны кейіннен нәтижелерін жалпы жиынтығына
экстраполяциялай отырып, халықтың жекелеген топтарын репрезентативтік
іріктеуде шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау (бұдан әрі - ШЭҚ) жүргізуге
көмектесу кезінде АҚТҚ жұқпасының таралуын анықтау кезінде бағалау жолымен
анықталады. Жүргізілген есептерге сәйкес 2005 жылы Қазақстанда АҚТҚ-мен
өмір сүретін ересектер мен балалардың бағалау орташа саны 7800 инъекциялық
есірткілерді тұтынушыларды (ИЕТ), 540 секс-қызметшілерды (СҚ), еркектермен
жыныстық қатынастарда болатын 900 еркекті (ЕЖЕ) және 1200 сотталған адамды
қосқанда, 13 600 адамды құрады.
АҚТҚ-жұқпасының кең таралуына ықпал ететін факторлар қауіпті
инъекциялық және жыныстық мінез-құлық болып табылады. Қазақстанның жетекші
ұлттық орталықтарының бірлескен бағалау деректеріне сәйкес елде есірткіні
жүйелі тұтынатын адамдардың саны 200 мың адамға жеткен, олардың бесінші
бөлігі ғана наркологиялық қызметте тіркелген. 150 мыңға жуық есірткі
тұтынушы есірткіні, негізінен опиатты және ең алдымен героинді көктамырға
енгізеді. 15-49 жастағы көпшілікте ИЕТ-тің ең жоғары үлесі Алматы, Жамбыл
және Маңғыстау облыстарында (тиісінше 3,0 %, 2,6 % және 1,8 %) анықталды.

Елдегі ИЕТ санының күрт көбеюі өткен ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап
бақыланып келеді, бұл дағдарысты экономикалық жағдайлармен байланысты
болды. Алайда, экономиканың тұрақтана бастағанына қарамастан, ИЕТ санының
азаю үрдісі болған жоқ. ШЭҚ деректері бойынша ИЕТ көпшілігінің инъекциялық
және жыныстық мінез-құлық АҚТҚ берілуі тұрғысынан қауіпті болып отыр. ИЕТ-
тің 13,4 %-ы ғана АҚТҚ берілуінен бара-бар қорғауды қамтамасыз ететін алдын
алу инъекциялық және жыныстық мінез-құлықты қабылдаған. ИЕТ арасында
қауіпті инъекциялық мінез-құлықтың маркері болып табылатын С гапатиті
қоздырғышына антидененің таралуы 2005 жылы 63 %-ға, қауіпті жыныстық мінез-
құлықтың маркері болып табылатын мерездің таралуы 9,3 %-ға жетті. Бұл ретте
АҚТҚ-теріс және АҚТҚ-оң ИЕТ арасында мерездің таралуында елеулі
айырмашылықтар жоқ, бұл халықтың осы тобында белгіленген АҚТҚ жұқпасының
таралу жағдайында жыныстық жолмен АҚТҚ берілуінің 3,4 % жоғары әлеуетін
айқындайды.
Қазақстанда СҚ саны ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес
жөніндегі орталықтардың мамандары жүргізген ахуалды жедел бағалау (бұдан
әрі – АЖБ) әдістемесі зерттеулерінің деректері бойынша 20 мың адамға
жеткен. Бір жылдың ішінде олар жалпы алғанда шамамен 15 миллион жыныстық
қатынаста болады, бұл елдегі жыныстық белсенді әр еркекке орташа
4 байланысты құрайды. Облытстық және қалалық ЖҚТБ
орталықтары жүргізген ШЭҚ деректері СҚ қауіпті жыныстық мінез-құлқын
айғақтайды, 2005 жылы олардың төрттен бірінің қанынан мерезге антидене
табылған. СҚ-да АҚТҚ-жұқпасының таралуы 2005 жылы 2,1 %-ды құраған, оның
үстіне олардың есірткіні көктамырға жіберетін бесінші бөлігінде бұл
көрсеткіш 8,3 %-ды, ал есірткіні қолданбайтын СҚ-да – 1,3 %-ды құраған.
Жыныстық мінез-құлықтың жоғары қаупі еркектермен жыныстық қатынастарда
болатын еркектер топтарында (ЕЖЕ) сипатталып отыр, сараптама бағаларына
сәйкес Қазақстанда олардың саны 100 мыңға жуық адамды құрайды. Қауіпті
инъекциялық және жыныстық практикалар қамаудағыларда сақталып отыр. Қарулы
Күштердің жеке құрамы арасында мерездің таралуы жалпы жыныстық белсенді
қауымдағы мерездің таралу санынан асып кетеді.
Соңғы жылдары Қазақстан, шамасы, ШЭҚ деректері бойынша 2005 жылы
жүкті әйелдер арасында таралуы 2,4 %-ды құраған маңызды мерез індетімен
қайта ұшырасып отыр. Бұл келу деректері бойынша аталған жастағы қала
халқында тіркелген мерездің таралуына қарағанда бір саты жоғары. Жұқпа
жағдайларының көпшілігі анықталмағандықтан, ахуал шиеленісіп отыр. Мерез
індеті халық арасында қауіпті жыныстық мінез-құлықтың жоғары жиілігін
дәйектеп қана қоймайды, сонымен бірге болуы АҚТҚ-ның берілу ықтималдығын 6-
10 есе жоғарылататын жыныстық жолмен берілетін жұқпаларын (ЖЖБЖ) адамдардың
жұқтыруының жоғары дәрежесімен байланысты АҚТҚ жұқпасының берілу қаупін
ұлғайтады. АҚТҚ-мен өмір сүретін адамдарда ЖҚТБ-ның өршуін шарттастыратын
фактор туберкулез індеті (АҚТҚ-ны жұқтыру туберкулез өршуінің алдында
болғанына немесе АҚТҚ-ны туберкулезбен ауыратын сырқат жұқтырғанына
қарамастан) болып табылады. Туберкулез өлім-жітімнің жетекші себебі болды
және елде АҚТҚЖҚТБ-дан қайтыс болғандар санының 41 %-ын (743 адамның 306-
ы) құрады.
ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталықтарында 2005 жылы
есепте тұрған АҚТҚ-мен өмір сүретін адамдардың өлім-жітімі 1000 адамға
шаққанда 50-ді құрады. Қазіргі кезде АҚТҚ-жұқпасы шоғырланып жатқан қауіпті
инъекциялық және жыныстық мінез-құлқы бар адамдар топтары көбінесе халықтың
неғұрлым әлеуметтік аз қорғалған жіктерінен толығып отыр. Олардың АҚТҚ-
жұқпасына осалдығы ақпараттық-білім беру бағдарламаларына қол жеткізуінің
жеткіліксіздігімен, ал мұндайлар болған кезде АҚТҚ-дан қорғану үшін өзінің
білімдерін пайдалануының мүмкін болмауымен анықталады. АҚТҚЖҚТБ індеті
таралуының ішкі факторларымен қатар Қазақстан шектес мемлекеттердегі
күрделі эпидемиологиялық ахуалмен жағдай жасаған ішкі факторлардың өзіне
қысымын бастан кешіп отыр. Өңірдің басқа елдерімен, атап айтқанда Ресей
Федерациясымен және Қытайдың бірқатар шығыс провинцияларымен салыстырғанда
Қазақстанда АҚТҚ-жұқпасының таралуы әлі де жоғары емес. Алайда біздің
елімізде бұл көрсеткіш Қырғызстан мен Тәжікстан сияқты Орталық Азия
елдеріне қарағанда жоғары, екені анық.
Сөйтіп, Қазақстанда 15-49 жастағы халық арасында АҚТҚ-жұқпасының шын
мәнінде таралуы 0,2 %-ға бағаланып отыр, бұл тіркелген жағдайлардың саны
бойынша АҚТҚЖҚТБ-ның таралуынан шамамен 2,4 есе жоғары. Инъекциялық
есірткілерді тұтыну Қазақстанда АҚТҚЖҚТБ індетінің қозғаушы күші болып
отыр. ИЕТ-те АҚТҚ-жұқпасының табылу ықтималдығы өзіне есірткі
енгізбейтіндерге қарағанда екі есе дерлік жоғары. Алайда жыл өткен сайын
АҚТҚ-жұқпасының жыныстық жолмен берілуі басымдық алып бара жатқаны әбден
анық. Өзіне есірткі енгізбейтін СҚ-да АҚТҚ-жұқпасының табылу қаупі 2005
жылы ИЕТ-ке де, СҚ-ға да жатпайтын көпшілікке қарағанда бір саты жоғары
болды. Осылайша АҚТҚ-жұқпасының ИЕТ-тен жыныстық жолмен бірте-бірте жалпы
халыққа көшу үрдісі туралы айтуға болады. Елімізде адамдардың АҚТҚ
жұқтыруының салдары қайталап ауырудың тез өршуі және ЖҚТБ-дан өте жоғары
өлім-жітім болып табылады.
Қазақстан Республикасында АҚТҚЖҚТБ проблемаларының жағдайын шешу
үшін АҚТҚЖҚТБ болған кезде көмек ұсыну және емдеу, нысаналық топтарда
эпидемиологиялық ахуалды бағалау, індетке қарсы іс-қимыл шеңберінде іске
асырылатын іс-шаралар мониторингін жүргізу үшін ақпарат жинау тәртібі
бойынша шетелдік оң тәжірибе зерделенді. Халықаралық стандарттарға сәйкес,
Қазақстанның жағдайына бейімделе отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрінің бұйрықтарымен АҚТҚ жұқпасы мен ЖҚТБ кезінде көмек ұсыну
мен емдеу жөніндегі хаттамалар, АҚТҚ жұқпасын шолғыншы эпидемиологиялық
қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі әдістемелік нұсқаулар, ЖҚТБ
індетіне қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралардың мониторингі мен бағалау
жөніндегі нұсқаулық әзірленді және енгізілді.

1.1 АҚТҚЖҚТБ-ның таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шараларға шолу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 14 қыркүйектегі № 1207
қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында ЖҚТБ iндетiне қарсы iс-
әрекет жөнiндегi 2001 – 2005 жылдарға арналған бағдарламаны орындауды
Қазақстан аяқтады. Індеттің шоғырланған сатысында АҚТҚ-жұқпасының таралуын
тұрақтандырудан және оның бас сатыға көшуін бодырмаудан тұратын
Бағдарламаның мақсатына тұтастай алғанда қол жеткізілді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен азаматтық қоғам Бағдарламаның
басым міндеттерін шешті, онда мыналар қамтылды:
1) халықтың айрықша осал топтарының, ең алдымен ИЕТ, СҚ мен бас
бостандығынан айырылған адамдардың арасында алдын алу шараларын іске асыру;
2) жастар арасында алдын алу іс-шараларын іске асыру;
3) АҚТҚ-мен өмір сүретін адамдарды емдеу және әлеуметтік қолдау.
Бағдарламаны іске асыру шеңберінде ІІМ ішкі әскерлері, Ішкі істер,
Денсаулық сақтау, мәдениет, ақпарат және спорт, қорғаныс, еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау, әділет министрліктері АҚТҚЖҚТБ індетіне қарсы
іс-қимыл жөніндегі егжей-тегжейлі бағдарламалар, сондай-ақ әрбір сектордың
айқын міндетемелері бар Қазақстанның облыстар мен қалалары деңгейінде
АҚТҚЖҚТБ-ға қарсы іс-қимыл бағдарламасын әзірледі.
Бағдарламаны орындау нәтижесінде есірткілер инъекцияларының зиянын
азайту стратегиясы және СҚ мен бас бостандығынан айырылған адамдарға алдын
алу қызметтерін ұсыну оқу жоспарларының вариативтік бөлігіне
ықпалдастырылған жастарды оқыту бағдарламаларын іске асырумен қатар
мемлекеттік саясаттың компоненті болды. Үкіметтің және донор ұйымдардың
қолдауымен бүкіл ел бойынша осы контингентті ақпараттық-білім беру
бағдарламаларымен, коммуникациялармен, кеңес берумен, шприцтер мен инелерді
алмастырумен, презервативтермен және дезжұқпалау құралдарымен қамтамасыз
ететін ИЕТ-ке арналған 134 сенім пункті жұмыс істейді. Сырқаттарды емдеуге
халықаралық деңгейде танылған тәсілдерді пайдаланатын ЖЖБЖ емдеу жөніндегі
24 достық кабинеті ашылды. Әртүрлі медициналық ұйымдардың базасында 557
психоәлеуметтік кеңес беру және жасырын тестілеу кабинеті жұмыс істейді.
Антиретровирус терапия енгізілуде. Қосымша ресурстардың, ең алдымен ЖТБЖҚ
қаражатын жұмылдырудың, Үкіметтің, екі жақты және халықаралық донор
ұйымдардың тарабынан қаржы бөлуді жыл сайын ұлғайтудың арқасында
Бағдарламаны қаржыландыру оны іске асырудың басындағы 2 %-дан 25 %-ға дейін
өсті.
Үкіметтік сектор мен азаматтық қоғамды жұмылдырудың, оларды үйлестіру
мен серіктес болуының арқасында оң нәтижелерге қол жеткізілді.
Сонымен бірге Бағдарламада қойылған міндеттер толық көлемде
шешілмеді, ал індеттің одан әрі өршуі қосымша қатер факторларының пайда
болуына жағдай жасады. Бағдарламаны іске асырудың түпкілікті қорытындылары
2005 жыл аяқталысымен жасалған болатын. Нысаналы топтардың мінез-құлқы мен
хабардарлығына жататын көптеген күткен нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік
болмады:
2005 жылдың 2005 Жоспарланған
Рс Негізгі индикатор соңына жылдағы ахуалға қол
№ жоспарлан-ған ахуал жеткізу болжамы
ахуал
1 2 3 4 5
АҚТҚ-ның:
1. ИЕТ 5 % 3,4 % Қол жетті
СҚ 5 % 2,1 % Қол жетті
15-49 жастағы халық
арасында таралуы
1 % 0,2 % Қол жетті
2. СҚ арасында мерездің ≤1 % 25,7 % Жоқ
серопреваленттілігі
Жүкті әйелдер арасында ≤0,05 % 2,4 % Жоқ
3. мерездің
серопреваленттілігі
ИЕТ-ті алдын алу ≥50 % 23,3 % Жоқ
4. бағдарламаларымен қамту
5. АҚТҚЖҚТБ және оның алдын
алу жолдары туралы
хабардар болу:
ИЕТ
СҚ ≥99 % 38 % Жоқ
≥99 % 41 % Жоқ
ИЕТ-тің басқа адамның
6. шприцтері мен инелерін
пайдалануы ≤5 % 10,5 % Жоқ





1 2 3 4 5
7. Тұрақты емес серіктестермен
презервативтерді пайдалану:
ИЕТ ≥95 % 61,2 % Жоқ
СҚ ≥95 % 69,6 % Жоқ
8. АҚТҚЖҚТБ және оның алдын
алу жолдары туралы жастардың
хабардар болуы

≥95 % 63,2 % Жоқ
9. Жастардың тұрақты емес
серіктеспен қатынас жасау
кезінде презервативтерді
пайдалануы ≥95 % 85,3 % Жоқ
10. АҚТҚЖҚТБ-мен өмір сүретін
адамдардың
емдеумен қамтылуы ≥80 % 37 % Жоқ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 1808 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасында ЖҚТБ-ның індетіне
қарсы іс-әрекет жөніндегі мемлекеттік саясаттың тұжырымдамасына сәйкес
АҚТҚЖҚТБ-ға қарсы тұру мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылуы
тиіс:
1) азаматтардың конституцияда кепілдік берілген құқықтары мен
бостандықтарын қолдау және халықтың басым топтарын әлеуметтік
қорғау жөніндегі шараларды күшейту;
2) АҚТҚЖҚТБ таралуының алдын алуға бағытталған әлеуметтік және
медициналық сипаттағы араласулар үшін олардың айқындығы дәрежесін
ұлғайту мақсатында халықтың мінез-құлқы қауіпті топтарына қатысты
мемлекеттік саясатты жетілдіру;
3) АҚТҚЖҚТБ проблемаларын шешуде қоғамдық бірлестіктерді тарту
жөніндегі мемлекеттік саясатты жетілдіру;
4) салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі бағдарламалардың
тиімділігін күшейту мақсатында ақпарат беруді және оқытуды
жетілдіру;
5) халықтың басым топтары үшін медициналық және әлеуметтік
қызметтердің, ең алдымен нашақорлықты, жыныстық жолмен берілетін
жұқпаларды емдеудің, антиретровирус терапия ұсынудың жоғары
сапасымен қамтамасыз ету, халықтың басым топтарының жеке қорғаныш
құралдарын пайдалану практикасын кеңейту;
6) АҚТҚЖҚТБ жөніндегі бағдарламаларды басқаруды, үйлестіруді және
орындауды жетілдіру.
Бұл бағыттардың әрқайсысын іске асыруда елеулі кемшіліктер байқалады.

1.2 Азаматтардың конституцияда кепілдік берілген құқықтары мен
бостандықтарын қолдау және халықтың басым топтарын әлеуметтік қорғау
жөніндегі шараларды күшейту

АҚТҚЖҚТБ-ға қатысты қолданыстағы заңнаманың әлі де едәуір қайшылығы
болып отыр. АҚТҚ-мен өмір сүретін адамдарды бір жағынан қорғай отырып, ол
сол адамдар үшін шектеулерді белгілейді, екінші жағынан, АҚТҚ-жұқпасының
таралуына қарсы іс-қимылға қатысы жоқ және қоғамдық денсаулық сақтаудың
көзқарасымен мүлде негізделмеген. Бұған қоса, АҚТҚ-мен өмір сүретін
адамдарға қатысты шектеу практикаларын іске асыру стигманы күшейтеді және
АҚТҚ-жұқпасының таралуына ықпал етеді, атап айтқанда:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі (бұдан әрі – ҚАК)
АҚТҚ-мен өмір сүретін адамдарды неғұрлым ауыр қылмыс жасаған адамдарға ғана
қолданылатын түзету мекемелерінде ұстаудың бірқатар нормаларын белгілейді,
мысалы, әдеттегі сотталғандардан өзгеше, АҚТҚ-мен өмір сүретін адамдарға
айрықша жағдайларға (сырқаттың өміріне қатер төндіретін жақын туысының
қайтыс болуы немесе ауыр науқасы; сотталған адамға немесе оның отбасына
елеулі материалдық шығын келтіретін табиғи апат) байланысты, сондай-ақ ҚАК-
тің 93-бабының 1, 2-баптарында көзделген өзге негіздер бойынша шығу
берілмейді. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне қылмыстық-атқару жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы заң жобасы әзірленді. Аталған заң жобасында
сотталған ЖҚТБ-мен ауыратындарға және АҚТҚ жұқтырғандарға шығулар
берілмейтін бөліктегі көрсетілген шектеулер алынып тасталатын ҚАК-ке
өзгерістер енгізу көзделген. Бұдан басқа, заң жобасында сотталған ЖҚТБ-мен
ауыратындардың және АҚТҚ жұқтырғандардың құқықтарына нұқсан келтіруді
болдырмау мақсатында медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын, жекелеп
олардың орындарын ауыстыруды және күзетсіз қозғауға тыйым салуды немесе
күзетілетін аумақтан тысқары жерлерге алып баруды өзгерту көзделген.
Қолданыстағы АҚТҚ-ға медициналық куәландыру ережесінде белгіленген
мәжбүрлі (уәкілетті құқық қорғау органының қаулысы бойынша) және міндетті
(донорлардан басқа) тестілеуді жүргізуге тыйым салынғанына қарамастан,
заңнамада жұмыс берушілерге өз жұмыскерлерінен АҚТҚ-мәртебесі туралы
сертификаттарды талап етуге тыйым салатын норма жоқ, бұл АҚТҚ-мен өмір
сүретін адамдардың АҚТҚ-мәртебесімен байланысты емес формальды негіздемелер
бойынша жалдаудан бас тартылатын олардың жұмысқа орналасуға қол жеткізуін
қиындатады. Бұған қоса, Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышын жұқтырудың
анықталуын медициналық куәландырудың ережесiн бекiту туралы Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2002 жылғы 11 маусымдағы № 575
бұйрығы елдің бірқатар өңірлерінде халықтың аса осал топтары да, басқа
топтары, атап айтқанда тамақ өндірісі жұмыскерлері мен басқалар да
орындамайды.
Сөйтіп, Қазақстан азаматтары өзінің АҚТҚ-жұқпасы туралы хабардар
болудан бұрын ол туралы білмейтінін дәлелдейтін жағдайда қалады, бұл кезде
әлемдік практика жеке АҚТҚ-мәртебесі туралы ерікті және саналы хабардар
болу АҚТҚ-жұқпасының алдын алудың маңызды шарасы болып табылатынын
айғақтайды.
Қазақстан Ресубликасының Үкіметі 2001 жылы заңсыз сақтауда немесе
айналымда табылған есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен
прекурсорларды аз, ірі және аса ірі мөлшерлерге жатқызу туралы жиынтық
кестеге өзгерістер енгізді. Опиын тобы есірткі құралдарының аз
мөлшерлерінің төменгі шектері сату мақсатсыз оларды сатып алумен, сақтаумен
және тасымалдаумен байланысты әрекеттердің көпшілігі қылмыстыққа емес,
әкімшілік құқық бұзушылықтарға жатқызылуы тиіс болуы үшін оларды көбейту
жағынан қайта қаралды.
Медициналық есірткілерге қол жеткізе алмай, тәуелділіктен арыла
алмайтын инъекциялық есірткілерді тұтынушылар заңсыз айналымда есірткі
сатып алуға және әрине, оларды сақтауға, яғни қылмыстық жауапкершілікке
бастайтын әрекеттер жасауға мәжбүр. Нәтижесінде ИЕТ мұндай бағдарламаларды
ұсынатын қандай да бір ресми құрылымдармен байланысқа түскенше, АҚТҚЖҚТБ-
ның алдын алу бағдарламаларына қатыспауға, ал демек, ИЕТ ретінде өзін
сәйкестендірген және сонымен өзін құқық қорғау органдарының тарабынан
санкциялар қатеріне қоюға уәжделген.
Елде коммерциялық секс пен еркектер арасындағы жыныстық қатынасты
қосқанда ересек адамдардың арасында олардың өзара келісімі бойынша жыныстық
өмірдің белгіленген түрлеріне тыйым салатын бұрын қолданылған қылмыстық
заңдар күшін жойды, бұл халықтың қол жетуі қиын топтарына қол жеткізу
жағдайын жақсартты. Алайда қолданыстағы АҚТҚЖҚТБ жөніндегі заңнама әлі де
халықтың осал топтары өкілдерін, атап айтқанда СҚ мен ЕЖЕ-ні кемсітуден
қорғауды көздемейді. Заңнама сондай-ақ медицина қызметкерлерінің, БАҚ,
халықтың осал топтарына қатысты жұмыс берушілердің және АҚТҚ-мен өмір
сүретін адамдардың мінез-құлық кодекстерін белгілемейді.
АҚТҚЖҚТБ-ның таралуына қарсы іс-қимылда, оның ішінде халықтың аса
осал топтарына қол жеткізуді қамтамасыз етуде ҮЕҰ-ның айқын рөліне
қарамастан, олардың қызметінің нормалары белгіленбеген, бұл халықтың
нысаналы топтарымен ҮЕҰ өз қызметін жүзеге асыруда да, үкіметтік сектормен
ҮЕҰ-ның өзара іс-қимылында да қиындық келтіреді. Елде ҮЕҰ қызметінің
құқықтық жағын қамтамасыз ететін заңдар осы кезге дейін жоқ, бұл АҚТҚЖҚТБ-
ның алдын алу саласында жұмыс істейтін ҮЕҰ-ға да қатысты.

2.Халықтың мінез-құлқы қауіпті топтарына қатысты мемлекеттік саясатты
жетілдіру

Барынша ашықтықты, демек, халықтың осал топтарын АҚТҚЖҚТБ-ға қарсы
іс-қимыл бағдарламаларымен мейлінше көбірек қамтуды қамтамасыз ету үшін
олардың білім беру бағдарламаларына, медициналық сервиске бара-бар қол
жеткізуін қамтамасыз ету және көмек ұсынатын осы топтар мен ұйымдардың
арасындағы диалогты қолдау қажет.
Алайда ахуалды бағалау көрсеткендей, АҚТҚЖҚТБ-мен ауыратын адамдар
көп жағдайда өзінің АҚТҚ мәртебесін ашу қызметтерді жеткізу тарабынан да,
қоғамның тарабынан да кемсітуге әкеп соғатындықтан, оны ашпауға тырысады.
Халықтың осал топтары өздері алуға дайын жағдайларда тауарлармен және
қызметтермен әлі де қамтамасыз етілмеген:
1) ИЕТ-ке арналған сенім пункттері негізінен медициналық ұйымдарда
құрылған және тек 15 сенім пункті ғана (14 %) бұл ұйымдардан тыс жұмыс
істейді. Ахуалды жедел бағалау көрсеткендей, медициналық ұйымдармен
байланыс нысаналы топқа әркез қолайлы бола бермейді. Бұған қоса, сенім
пункттерінің көпшілігінің не жеке үй-жайы, не барлық жұмыс күні ішінде
кабинеттің қызмет етуін қамтамасыз ету үшін бөлінген қызметкерлер штаты,
ИЕТ-тің қажеттіліктеріне сәйкес жұмыс кестесі жоқ.
2) елдің көптеген қалаларында, оның ішінде Алматы мен Шымкентте ИЕТ
өздерінің жеке бастарын сәйкестендіру және кейіннен полиция тарабынан
өздеріне қатысты санкциялардың ықтималдығынан сенім пункттерінің қызметін
пайдаланудан қауіптенеді;
3) СҚ арасында АҚТҚЖҚТБ-ның алдын алу бойынша оларды оқытуға, кеңес
беруге, ЖЖБЖ-ны емдеуге бағытталған араласулармен қатар, бірқатар қалаларда
бірлескен медициналық-полициялық рейдтер әлі де жүргізіледі, олардың
барысында СҚ мәжбүрлеу шараларына тартылады, бұл олардың көпшілігінің
денсаулық сақтау қызметтерімен байланысудан және алдын алу
бағдарламаларын алудан бас тартуына әкеледі;
4) әр түрлі елді мекендерде халықтың жағынан да, құқық қорғау
органдарының жағынан да ЕЖЕ-ге қастасу фактілері тіркеліп отыр, бұл аталған
топтың одан сайын жасырын болуына ықпал етеді.
Жоғарыда айтылғандардың барлығы қазіргі кезде ИЕТ-тің бағалау санының
23 %-ға жуығын және ЕЖЕ-нің бағалау санының 1 %-дан аспайтын бөлігін
құрайтын халықтың осал топтары өкілдерінің алдын алу бағдарламаларымен
төмен қамтылуын көрсетіп отыр.
Жаһандық қор грантының көмегімен елде ақпараттық-білім беру
материалдарын шығару туралы мәселе шешілгеніне қарамастан, жастарға
ақпаратты жеткізу үшін қазіргі заманғы электрондық құралдар жеткіліксіз
пайдаланылады. Құқық бұзуды жасайтын жастардың аса осал топтарын алдын алу
бағдарламаларына қол жеткізуін қамтамасыз ету ерекше назар аударуды қажет
етеді.
Халықтың нысаналы топтарының ЖЖБЖ-ны емдеуге қол жеткізуі төмен болып
отыр. Бұл салада ахуалдың аздаған өзгерістеріне қарамастан, ЖЖБЖ кезінде
қызметтерді алу мүмкіндігі әлі күнге дейін көбінесе, ақылы негізде ғана
жасырын қызметтер ұсынатын тері-венерологиялық диспансеріне барумен
байланысты. Тегін медициналық көмек көрсету шарты ретінде диспансер
тіркелуді, есепке қоюды, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық
бұзушылық туралы кодексінде көзделген санкциялардың қауіпті байланыстары
туралы хабарлауды, ал мерез диагнозы белгіленген жағдайда – стационарлық
емдеуден өтуді талап етеді. Медициналық қызметтер алу үшін халықтың осал
топтарының өкілдері мен жастар үшін көбіне жеңе алмайтын мұндай жасанды
кедергілер әлемде қабылданған және ДДҰ қолдайтын ЖЖБЖ емдеу технологиясына
кіргізілмейді.
ЖЖБЖ кезінде қоғамдық қажеттіліктер мен медициналық көмек ұйымдары
арасындағы қайшылық ЖЖБЖ-ның жоғары деңгейі көпшіліктің қолдауына әкеледі,
бұл АҚТҚЖҚТБ-ның таралуы үшін қолайлы орта жасайды.
Жастар мен халықтың осал топтары өкілдерінің сапалы презервативтерге
қол жеткізуін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясат жоқ, сол уақытта
базарда бар бұйымдар айтарлықтай қымбат болса, бір бірліктің бағасы
колледждердің оқушылары мен студенттердің бір күндік стипендиясының
мөлшеріне тең.
ИЕТ, оның ішінде АҚТҚ жұқтырғандар үшін ұсынылатын көбіне ақылы
негізде ғана ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МӘМС - Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Қазақстан Республикасының бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі
Халықтың денсаулығын сақтау әлеуметтік жұмыстың басты мақсаты ретінде
Халық денсаулығының негізі
Қазақстан Республикасының қызмет көрсету сферасы
Әлеуметтік медициналық сақтандыру
Кедейшілік - макроэкономикалық маңызды мәселесі
Зейнетақымен қамтамасыз ету
Мүгедектермен әлеуметтік жұмыс
Халыққа амбулаториялық көмек көрсету
Пәндер