Агроөнеркәсіп кешеніндегі шаруашылық байланыстарды реттеу механизмдерін жетілдіру бағыттары


Кіріспе
Еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің өнімділігі мен кірісін өсіру, отандық өнімнің ұлттық бәсекелестік артықшылық қабілетін дамыту, тұрлаулы даму бағдарламасын іске асыру міндеттері заман ағымынан туындайтын өмірдің күрделі міндеттерімен үндес болып табылады. Осы міндеттерді сапалы түрде және де жоғары деңгейде шешу жолдарын белгілеу - негізгі мәселе. Сондықтан да «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың ең басты мақсаты» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауында Республика Президенті Н. Назарбаев: «Дамудың жаңа кезеңі ел агроөнеркәсіп кешенінің алдына бірқатар жаңа, аса маңызды міндеттер қойып отыр» - деп атап көрсетті /1/. Таяудағы онжылдықта бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу міндеті, ең алдымен, ауыл шаруашылығы саласын дамытуды, мұндағы шешілмеген түйінді мәселелерге айрықша назар аударуды талап етеді. Осының барлығы да сайып келгенде, ауыл шаруашылығы саласын дамыту Қазақстан экономикасы дамуының басым бағыты болуы тиіс екендігін айқындайды.
Кез-келген қоғамның негізгі мәселесі - халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету, ал стратегиялық мақсаты - экономикалық өсуге қол жеткізу болса, Қазақстан жағдайында бұл мақсат-міндеттерді сыртқы ортадан тәуелсіз, өз мүмкіндіктеріміз арқылы шешуге болады. Ауыл шаруашылығы экономиканың тамақ және жеңіл өнеркәсіптері сияқты басқа да салаларын дамыту үшін негіз болып табылатындығы белгілі. Ал экономиканың барлық салалары өзара тығыз байланысты болғандықтан, егер ауыл шаруашылығы дұрыс жолға қойылған болса, оның шикізаты арқылы жұмыс жасайтын өңдеуші өнеркәсіп шетелдік шикізатқа тәуелді болмайды. Сол сияқты ауылдық тауар өндірушілердің сұранысы мен төлем қабілеті болса, машина жасау өнеркәсібі ауылға қажетті техника, құрал-жабдықтар өндірісін ұйымдастырып, қара және түсті металлургия, отын-энергетика кешендерінің де қалдықсыз жұмыс істеуіне ықпал етер еді. Сондықтан агроөнеркәсіп кешеніндегі шаруашылық байланыстарды реттеу қазіргі күндегі өте өзекті мәселелердің бірі саналады. Оларды реттеу үшін, әрине, белгілі бір механизмдер қажет. Осылардың барлығынан туындайтыны - ароөнеркәсіп кешеніндегі шаруашылық байланыстарды реттеуге және оның механизмдеріне арналған дипломдық жұмыстың тақырыбы өзекті болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - ауыл шаруашылығы саласын, ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеуші салаларды және аграрлық секторды материалдық-техникалық жабдықтаушы салаларды қамтитын агроөнеркәсіп кешені сияқты тұтас кешендегі шаруашылық байланыстарды реттеудің қазіргі жағдайын саралай отырып, нарық жағдайларына бейімделген қолданыстағы реттеу механизмдерін жүйелеу және оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасау болып табылады.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу көзделеді:
- агроөнеркәсіп кешеніндегі шаруашылық байланыстарды реттеудің объективті қажеттілігін айқындау;
- ауыл шаруашылығы мен индустриалдық салалардың арасындағы байланысты реттеу механизмдерінің мәнін ашу;
- ауыл шаруашылығы саласының және онымен сабақтаса дамитын салалардың қазіргі жағдайын талдау;
- шаруашылық байланыстардың агроөнеркәсіп кешенінде қалыптасқан жүйесіне талдау жасау;
- агроөнеркәсіп кешеніндегі шаруашылық байланыстарды реттеу механизмдерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасау.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.
Жұмыстың бірінші бөлімінде агроөнеркәсіп кешеніндегі шаруашылық байланыстарды реттеудің теориялық негіздері қарастырылды. Ауыл шаруашылығы мен индустриалдық салалардың арасындағы байланыстарды реттеу механизмдерінің мән-мағынасы ашылып көрсетілді.
Дипломдық жұмыстың екінші бөлімінде ауыл шаруашылығы саласының қазіргі жай-күйіне талдау жасалынып, оның өзімен сабақтаса дамитын салалармен байланысының даму барысы талқыланды.
Үшінші бөлім агроөнеркәсіп кешеніндегі шаруашылық байланыстарды реттеу механизмдерін жетілдіру, сондай-ақ, қарастырылып отырған мәселенің шетелдік тәжірибесін саралау және оны Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері жөнінде ұсыныстар жасауға арналды.
Дипломдық жұмыста зерттеу объектісі ретінде Алматы облысының агроөнеркәсіп кешені алынды.
Жұмыста ауыл шаруашылығының, онымен сабақтаса дамитын салалардың дамуы бойынша Қазақстанның заңнамалық және нормативтік актілері қолданылды. Зерттеудің ақпараттық негізіне Қазақстан Республикасының Ұлттық статистикалық агенттігінің және Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтері алынды.
Дипломдық жұмысты жазу барысында келесідей авторлардың еңбегіне сүйендім: Ж. Ихданов, Ө. Қ. Есқараев, А. С. Сейдахметов, Ғ. Қалиев, Ө. Қ. Шеденов, Ғ. Ж. Нұрышев, Ғ. Р. Мадиев және т. б.
2. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖӘНЕ ОНЫМЕН САБАҚТАС САЛАЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2. 1 Экономиканың аграрлық секторының қазіргі жағдайын талдау
Республиканың нарық экономикасына өтуді бастағаннан бергі өткеніне көз салсақ, әлеуметтік-экономикалық реформалар, оның ішінде аграрлық секторда да қиыншылықпен өткені белгілі. Экономиканы ырықтандыру шаруашылық өмірінің барлық саласына әсер етіп, нарықты, оның инфрақұрылымын, шаруашылық жүргізудің экономикалық механизмдерін, тауар-ақша, бөлу, жер қатынастарын ұйымдастыруға байланысты көптеген экономикалық проблемаларды шешуді талап етті. Оларды шешу барысында республика экономикасында едәуір өзгерістер жүзеге асты. Сол өзгерістердің республика экономикасында өзіндік орыны бар аграрлық салаға қатысты оңды әсері, бұл - көп салалы экономика тұрақты сипат алып, нарықтық қарым-қатынас шаруашылықтардың барлығында дерлік орныға бастады, шаруашылық жүргізудің экономикалық механизмінің негізгі элементтері жаңаша сипатқа ие болып, қолданыла бастады, нарықтық инфрақұрылым дамуда. Дегенмен оң шешімін таппаған проблемалар әлі де жеткілікті. Солардың салдарынан ауыл шаруашылығы экономика секторларының ішіндегі ең дағдарысты салаға айналып отыр. Егер 1990 жылға дейін ауыл шаруашылығы экономиканың серпінді дамыған саласы болып және оның жалпы ішкі өнімдегі (ЖІӨ) үлесі 34%-ға дейін жеткен болса, ал соңғы жылдары ауыл шаруашылығы өндірісінің деңгейі үш есеге төмендеп кеткен.
Нарықтық қатынастарға өту барысында елімізде мемлекеттің аграрлық саясаты қалыптасты. Ол азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыруды және ауыл тұрғындарының материалдық жағдайы мен әлеуметтік ахуалын көтеруді мақсат етеді.
Осы негізгі мақсаттарды орындау барысында республикада аграрлық салаға қатысты заңдар мен нормативтік актілер қабылданып, бағдарламалар жасалынды. Дегенмен ауыл шаруашылығында соңғы жылдары жүргізілген реформалардың нәтижесі өндіріс құрылымын жетілдіруге, оның экономикалық механизмінің қайта құрылуына байланысты резервтердің әлі де болса жеткілікті іске қосылмағандығын көрсетті.
Реформаға дейінгі кезеңде Қазақстанның ауыл шаруашылығында өнім өндірісінің табиғат жағдайларына тәуелді болуына қарай мамандандыру аумақтары (зоналары) қалыптасқан болатын. Аймақтардың табиғи-климаттық айырмашылықтары ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу бағасында ескеріліп отырылды.
Астық дақылдарын өсіру мен сүтті және етті-сүтті мал шаруашылығы үшін мал азығын өндіруге табиғат жағдайлары қолайлы Қазақстанның солтүстік облыстарында ауыл шаруашылығы астық өндірісін сүт, ет өндірісімен үйлестіре отырып мамандандырылды. Ал қуаңшылық территорияларда ауыл шаруашылығы мал шаруашылығы мен астық өсіруге маманданды. Оңтүстікке қарай, барынша құрғақ климат жағдайында ауыл шаруашылығы қой-ірі қара шаруашылығы мен астық өсіру бағытында дамыды. Оңтүстіктің суармалы жерлерінде күріш, мақта, қант қызылшасы, темекі, жеміс-жидек, жүзім өсіру интенсивті сүтті-етті мал шаруашылығымен үйлестіріле отырылып жүргізілді.
Реформа нәтижесінде мамандандыру құрылымында айтарлықтай өзгерістер болды, ең алдымен шаруашылықтардағы егіс алқаптарының көлемі қысқартылды, мал басының саны елеулі түрде кеміді. Айталық, кейбір аймақтарда сол аймақта өндірілмейтін ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріле бастады, бұл әрине өнім өндірудегі шығындардың өсуін тудырды. Бірақ біз бәсекеге қабілетті өнім өндіргіміз келсе, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу мен малдарды өсіру аумақтарының мамандандырылуын міндетті түрде ескеруге тиіспіз.
Ауыл шаруашылығының жалпы өніміндегі үлес салмағы бойынша Алматы облысы алдыңғы орындардың бірінде тұр. Бұл облыс өзінің географиялық орналасуы және табиғи-климаттық жағдайы жағынан республикада ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеу, сондай-ақ азық-түліктерді республиканың өнеркәсіптік орталықтарына жөнелту жөнінде жетекші аймақтардың бірі болып табылады. Сондықтан дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі ретінде Алматы облысы алынды.
Экономикалық әлеуеті жоғары Алматы облысы жалпыреспубликалық еңбекті бөлуде елеулі орында тұр. Елде өндірілетін негізгі өндірістік қорлардың 10%-дан астамы: өнеркәсіп - 9%, ауыл шаруашылығы өнімінің -12 %-ы оның үлесіне келеді. Жеміс және көкөніс өндірісінің үлес салмағы - 25%. Республика бойынша тұтастай алғанда өндірілетін жалпы ауыл шаруашылық өнімдері көлемінің 80%-темекі, 60%-жеміс-жидек, 40%жүзім, 45%-көкөністі құрайды. Облыс экономикасының дамуында ауыл шаруашылық өндірісі маңызды рөл атқарады. Бұл сала халық шаруашылығы өнімдерінің жалып көлемінің 15%-нан астамын береді. Дегенмен, облыстың ауыл шаруашылық өндірісінің экономикалық мүмкіндіктері мұнымен шектелмейді.
Облыстың ауыл шаруашылығы республиканың жалпы пайдаланылатын жерінің 17%-ын және айдалған жерінің 6%-ын иемденеді. Үлкен өнеркәсіп орындары Талдықорған қаласында, Талғар, Қарасай, Іле аудандарында ғана шоғырланған, басқа аудандар негізінен тек ғана ауыл шаруашылығымен шұғылданады деп айтуға болады.
Осындай деректер Алматы облысы республика экономикасына өзінің едәуір үлесін қосып, өнеркәсіптегі сияқты, аграрлық секторда да орын алған дағдарысты жойып, өндіріс көлемін арттыра беру жөнінде барлық шаралар қолданылып жатқандығын дәлелдейді.
Бүгінде облыс шаруашылығында көп укладтылық сақталынып отыр. Облыста фермерлік пен егіншіліктің, ауыл тұрғындарының жеке қосалқы шаруашықтарының белсенділігі жағдайында тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісі сақталған. Қазір облыста 400-ден аса ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен 26 мыңнан аса шаруа қожалығы жұмыс істейді. Сондай-ақ 300 мыңнан аса отбасы үй шаруашылықтары мал мен құс өсірумен және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысады.
Агроөнеркәсіп кешенін қалыпты дамытудың 2006-2010ж. ж. арналған Бағдарламасын жүзеге асырудың екінші жылы аяқталды.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімі өндірісінің өсімі 4, 8 млрд. теңгені құрап, 117, 3 млрд. теңгеге жетті. Егіс алаңдарының оңтайлы құрылымдары қалыптасып, 885, 2 мың гектарды құрады, бұл көрсеткіш ауыл шаруашылығы алқабының 5, 4% құрайды. Ауыл шаруашылығы дақылдарының көптеген түрлері бойынша облыстың үлес салмағы республикада ең жоғары болып отыр. Өткен жылдың деңгейіне қарағанда дәнді дақылдар өндірісінің көлемі - 2, 5%-ға, күріш - 12, 6%-ға, қант қызылшасы - 10, 6%-ға, майбұршақ - 22%-ға, күнбағыс - 37%-ға, картоп 2, 0%-ға, көкөніс 2, 1%-ға артты. Мал мен құстың барлық түрінен бас саны 3-тен 29 пайызға, мал шаруашылығы өнімдерінің түрлері бойынша өндіріс 3-тен 12 пайызға дейін өсті. Облыс бойынша сүт сауу өнімділігі 3, 5%-ға, жұмыртқа өнімділігі 4, 5%-ға, әрбір қойдан қырқылған жүн 2, 6%-ға артты. Бройлерлік құс шаруашылығын ынталандыру мақсатында құрама жем құнын субсидиялау жөніндегі жаңа бюджеттік бағдарлама жүзеге асырылуда. Бұл құс еті өндірісін 14 пайызға көбейтуге мүмкіндік берді.
2007 жылдың соңында шаруашылық категориялары бойынша мал басы мен құстың санындағы үлес салмағы жағынан жоғары қосалқы шаруашылықтар мен шаруа қожалықтары болды. Осы жылдағы облыста өндірілген мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерінде солар өндірген: еттің - 92, 4%-ын, сүттің 92, 7%- ын, жұмыртқаның - 49, 1%-ын және жүннің - 89, 1%-ын.
Алматы облысында бәсекеге қабілетті экономика құруға және тұрғындар өмірінің сапасын арттыруға бағытталған 22 өңірлік бағдарлама жүзеге асырылуда. Ауыл шаруашылығына қомақты мемлекеттік қолдау көрсетудің арқасында ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін арттыру және ауылдағы тіршілік жағдайын жақсарту жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыруға жағдай жасалды.
Облысқа 2007 жылы республикалық бюджеттен 2, 2 млрд. теңге сомасында нысаналы трансферттер мен субсидиялар бөлінді.
Қазіргі кезде Ауыл шаруашылығы министрлігінің келісімін алған 12 дайындау кооперативтері жұмыс істеуде, олар ауыл шаруашылығы құрылымдарына 621, 7 млн. теңгеге несиелер беруге құқысы бар. Облыс орталығында, Алматы және Қапшағай қалаларында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылып, оған облыстың барлық өңірлері қатысты. Жалпы алғанда 2007 жылы облыс бойынша жәрмеңкелерде 211, 7. млн теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі сатылды, бұл көрсеткіш 2006 жылғы деңгейден 31, 1 млн. теңгеге артық. Облыс орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің мамандандырылған коммуналдық базары ашылды, оның негізгі мақсаты - заман талабына сай сауда құрылымдары арқылы, делдалдарсыз, ауыл шаруашылығы өнімдерінің тұрақты түрде сатылуына жағдай жасау, тауар өндірушілердің, сатушылардың және тұтынушылардың өзара мүдделілігі механизмін қалыптастыру болып табылды. Бұл мақсаттарға жергілікті бюджеттен 100, 6 млн. теңге бөлінген болатын.
Инвестициялардың негізгі көлемі - 60, 3 млрд. тенгесі немесе 57, 5 %-ы кәсіпорындардың, ұйымдардың және тұрғындардың өз қаражаты есебінен игерілді. Жергілікті бюджеттен 4, 4 млрд. тенге немесе 4, 2%, республикалық бюджеттен 12, 9 млрд. тенге немесе 12, 3% игерілді. Шетелдік инвестициялар 16, 9 млрд. тенге немесе 16, 1%-ды, басқа қарыз қаражаттары 10, 4 млрд. тенге немесе 9, 9%-ды құрады.
Алматы облысының аграрлық секторының дамуына жасалған талдау нәтижелері ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі бөлігі, әсіресе мал шаруашылығы өнімдерін өндіру қосалқы шаруашылықтар мен шаруа қожалықтарында шоғырланғандығын айқындайды. Бұл келтірілген деректерден мына төмендегідей, кем дегенде екі қорытынды туындайды. Біріншіден, облыста ауыл шаруашылығы өнімдерінің басым көпшілігі шаруашылық субъектілерінің қоғамдасқан нысандарында емес, жеке нысандарында, яғни қосалқы шаруашылықтар мен шаруа қожалықтарында басым өндіріле бастады. Мұндай бағыт еліміздің оңтүстік аймақтарында орналасқан облыстары мен аудандарының бәріне дерлік тән құбылыс. Екіншіден, шаруашылық субъектілерінде өндірісті қайтадан құрып, оның құрылымын нарықтық қарым-қатынастар талабына сәйкестендіре икемдеуді жаппай қолға ала бастады.
Алайда жеке қожалықтардың өмір талабына, нарықтық талаптарға сәйкес серпінді дамуында олқылықтар мен кемшіліктер жоқ емес.
Олардың ең бастыларының қатарына мыналар жатады:
- табыс мөлшерінің тапшылығы; өндірілген өнімді сатудан түскен табыстың ауқымы қанағаттандырмайды.
- материалдық-техникалық базаның кемшілігі, әсіресе техникалардың басым бөлігінің тозуы;
- өндірілген өнімді ұқсату және сату жұмыстарының мардымсыздығы. Ұзақ мерзімге сақтауды көтермейтін, тез бұзылатын, сөйтіп орынсыз ысырапқа ұшырау мүмкіндігі жоғары өнімдерді жедел әрі жас кезінде сату аса тиімді, бұл үшін шаруа қожалықтары арасында маркетингілік қызметті ұйымдастырып, фермерлер өндірісіне өнімді мемлекеттік тапсырыс ретімен сатып алу жүйесін өндіру туындайды;
- қаржы-қаражат жағдайларының оңалуындағы демеулік, оларды мемлекет тарапынан тікелей ақшалай және заттай қолдау, ұзақ мерзімді жеңілдетілген несие беру, салық және басқа да міндетті төлемдерден “каникулдар” тағайындау т. б. шаралар жөніндегі құқықтық күші бар нормативтік актілердің көпшілік жағдайда орындалмай қалып отыратындығы.
Осы аталып өткен мәселелер шаруа қожалықтарының ғана емес, ауыл шаруашылығындағы барлық кәсіпорындардың өзекті проблемаларына айналып отыр.
2. 2 Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуші салалардың даму барысын талдау
Агроөнеркәсіп өндірісіндегі ішкі және сыртқы байланыстардың кең көлемін ауыл шаруашылығының оның өнімін дайындау, сақтау және өңдеумен айналысатын салалармен экономикалық байланысы құрайды. Ең алдымен, бұл үлесіне өңделетін ауыл шаруашылығы шикізатының 80 пайызы тиесілі болып келген тамақ өнеркәсібіне қатысты.
АӨК-тегі саны жағынан ең көп салалар - бұл кешеннің түпкі өнімін өндірумен тікелей байланысты өнеркәсіптің өңдеуші салалары. Бірақ ауыл шаруашылығының кәсіпорындары өздерінің өзара қарым-қатынастарында түпкі өнімді шығаратын кәсіпорындардың барлығына дерлік жете бермейді. Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп салаларымен қатар, осы өнімді тасымалдау, сақтауды қамтамасыз ететін өндірістік инфрақұрылымның да АӨК құрылымындағы маңызы ерекше.
Ауыл шаруашылығының өңдеуші салалармен және өндірістік инфрақұрылыммен экономикалық қатынастарын мейлінше тиімді жүзеге асыру, бірінші кезекте, өңдеуші өнеркәсіптердің жұмыс істеп тұрған өндірістік қуаттарымен оған өңдеуге және сақтауға келіп түсетін ауыл шаруашылығы шикізатының көлемі арасындағы сәйкессіздікті жоюға бағытталады. Бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің ысырабын азайтуға мүмкіндік береді.
Өңдеуші кәсіпорындар шикізат нарығы және тауар нарығының негізгі байланыстырушы буын болып табылады.
Сонымен шикізат нарығында өңдеуші кәсіпорын жалғыз тұтынушы немесе азғана тұтынушылардың бірі ретінде көптеген ауылдық тауар өндірушілерге "қарсы" тұрады, сөйтіп ол кәсіпорын монополист-тұтынушы ретінде көрінеді. Өнімдер нарығында мұндай кәсіпорын азғана өндірушілердің бірі ретінде, яғни монополист-өндіруші ретінде сипатталады.
Агроөнеркәсіп өндірісіндегі салааралық қатынастарды талдау, ауыл шаруашылығы өнімдерінің барлық түрлерін сату бағасындағы сатып алар бағасының үлес салмағының 30%-дан аспайтынын көрсетеді, яғни көтерме және бөлшек баға құрылымындағы шикізат құнының үлес салмағы кеміген (60-65% нақты деңгейдің орынына 35-40%) . Бұл - өңдеуші кәсіпорындар монополизмінің айқын дәлелі деп тұжырым жасауымызға мүмкіндік береді.
Өнімдерді өткізуде тиімсіздік жағдайдың орын алуы тауар өндірушілерде арзан шикізат сатқаннан гөрі дайын өнімді таратқан тиімдірек деген пікір қалыптастырып, соның нәтижесінде республиканың түкпір-түпкірінде ұсақ өңдеуші кәсіпорындар пайда болды. Ондай жағдай біздің зерттеу объектіміз болып отырған Алматы облысында да орын алғанын айтып кету керек.
Облыстағы жұмыс істеп тұрған 580 өңдеуші ұсақ кәсіпорындар 3785 адамды жұмыспен қамтып отыр, барлық шағын кәсіпорындардың қазіргі уақытта 75%-ы жұмыс істеуде. Олар 2007 жылы 30 мың тоннаға жуық көлемде - ұн, 105, 1 мың тонна - нан өнімдерін, 1, 2 мың тонна - макарон өнімдерін, 1 мың тонна - жарма, 88 мың литр - өсімдік майларын, 196 тонна колбаса өнімдерін және 4220 тонна сүт өнімдерін өндірген.
Дегенмен ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу жөніндегі шағын кешендерді пайдаланған жағдайда көбінесе өндірілетін азық-түліктердің сапасы туралы мәселе басты орынға шығады. Технолог-мамандардың жеткіліксіздігі, соның салдарынан өндірілетін өнімдердің сапасының төмендігі - шағын өңдеу кәсіпорындарының жабылуының негізгі себебі. Ірі қуатты кәсіпорындарға қарағанда шағын өңдеу кәсіпорындарында шикізатты терең өңдеуге мүмкіндік болмайды, сол себепті оларда өнім өңдеуде қалдық көп қалып, ол өз кезегінде өндірілген өнімнің бағасын қымбаттатуға себепші болады.
Шаруашылық ішіндегі өңдеуші кешендер мынандай жағдайда тиімді болуы мүмкін: шаруашылық халық тығыз орналасқан ірі қалалардың маңында орналасып, тұтынушылар сұранысы жоғары болған жағдайда; өңдеуші кәсіпорындар алыста орналасып, оларға шикізаттарды жеткізу біршама шығындар мен бағаның қымбаттауын туғызатын жағдайда; өндірілетін өнімдердің ерекше, бірыңғай қасиеттерін ірі кәсіпорында қамтамасыз ету мүмкін болмаған кезеңде; жақын орналасқан өңдеуші кәсіпорындардың қуаты жеткіліксіз болған жағдайда.
Экономиканың аграрлық және индустриалды секторларының мүдделерін үйлестіру арқылы ауыл шаруашылығы мен өңдеуші салалардың дамуында бірлікке жету, соның негізінде халықтың азық-түлікке деген қажеттілігін толықтай қанағаттандыру, мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аталмыш салалардағы әлеуметтік мәселелердің шешілуі көзделеді.
Ауыл шаруашылығы мен оның өнімін өңдеуші салалар арасындағы қалыптасқан жағдайды шешудің бірден-бір жолы кластерлерді дамыту болса керек. Жалпы, «кластер» термині (ағылшынша «cluster» - шоғырлану мағынасында) бір үлгідегі нысандардың шоғырлануын білдіреді. Экономикада кластер деп экономиканың белгілі бір саласына қарасты және салыстырмалы түрде бір-біріне жақын орналасқан кәсіпорындардың, ғылыми орталықтардың, университеттердің және басқа да ұйымдардың топтарын айтады. Сонымен бірге кәсіпорындар мен ұйымдар бір-бірімен тығыз байланыста болуы тиіс.
Кластерлер құрудың артықшылығы, ең алдымен, оған барлық қатысушылардың өзара тығыз қызметтестікте болуында, ол ресурстар, ақпараттар, және технологиялар алмасуда және ең бастысы, проблемаларды бірлесіп шешуде көрініс табады. Осылайша кластерге қатысушы компаниялар тұтынушылардың үлкен бөлігін тарта және табысты молайта отырып, өзінің тиімділігін арттырып, өз өнімдерінің сапасын жақсарта алады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, бір-бірінен оқшауланған кәсіпорындарға қарағанда, кластерге бірігуге қол жеткізген кәсіпорындар неғұрлым табысты болып табылады. Осылайша, агроөнеркәсіп кешенінде де кластерлерді құрып, дамыту оған кіретін салалардың алдында тұрған проблемалардың шешу тиімділігін арттырып, жалпы кешеннің тұтастай дамуын ықпал етеді.
Агроөнеркәсіп кешеніндегі кластерлерді құру мен дамыту мәселесі жұмыстың келесі бөлімінде қарастырылады.
2. 3 Ауыл шаруашылығын материалдық-техникалық жабдықтау жүйесінің дамуы
Агроөнеркәсіп өндірісіндегі өндірістік байланыстар жүйесінде ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық құралдармен жабдықтайтын өнеркәсіп салаларымен және оған өндірістік-техникалық қызмет көрсету өрісімен экономикалық байланыстарының маңызы зор. Ауыл шаруашылығын материалдық-техникалық жабдықтау АӨК-тің басқа да салааралық байланыстары сияқты тауар-ақша формасында жүзеге асады. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық құралдармен жабдықтайтын өнеркәсіп салаларымен байланысы делдалдар арқылы жүргізілуде.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz