Салық басқармасының құрылымы



Мазмұны

Салық басқармасының құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Салық қызметі органдарының құқықтары ... ... ... ... ..4.5

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
Тіркеу бөлімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 7.12
Өндіріп алу бөлімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13. 16
Жанама салық бөлімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 17.19
Бақылау.касса машиналарын есепке қою ... ... ... ... .20.21
Өндірістік емес төлемдер бөлімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 22.27

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Салық басқармасының құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Салық қызметі органдарының құқықтары ... ... ... ... ..4-5

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...6

Тіркеу
бөлімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 7-12
Өндіріп алу
бөлімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13-
16

Жанама салық
бөлімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... . 17-19

Бақылау-касса машиналарын есепке қою ... ... ... ... ... . 20-21

Өндірістік емес төлемдер бөлімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22-
27

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Ауезов ауданының салық басқармасы 1991 жылы құрылды.
Салық басқармасының быстығы - Іңкәрбаев Жайдар
Дабырұлы Салық басқармасының
бастығының орынбасары- Әнуарбек Шыңғыс Әлібекұлы
Салық басқармасының бастығының орынбасары-Тәліпов Индира Рақымбердіқызы
Салық басқармасының бастығының орынбасары- Мелдебеков. А. А

Мемлекеттік қызметші келесі этикалық нормаларды басшылыққа алуы тиіс 1)
Мемлекеттік қызметші билік пен өз өкілеттіктерін қолдана білуі және
адал болуы керек.

2)Мемлекеттік қызметте өз қамы үшін емес мемлекеттік игілігіне жұмыс
істеу, мемлекет қаржысын өз қалтасымен шатастырмауы керек
3) Шенеуік Қандай қаражатқа
өмір сүресін? деген сұрақтан қорықпай өмір сүруі тиіс, яғни өзінің зәулім
сарайлары мен оны қоршаған дауалдар және қымбат шетелдік маркалы
көліктерінің суреттері жариялануына негіз болмауы керек. 4)Мемлекеттік
қызметші заң талаптарымен толық сәйкестікте өмір сүруі керек. 5)Кез келген
орында, кез келген лауазымды қандай жағдай болса да халықтың, өз елі
азаматтарының сенімін жоғалтпай жұмыс істеуі керек.
6) Қазақстандық мемлекеттік
қызметші әділдіктің, қарапайымдылықтың үлгісі болып, адамдар арасында өзін
ұстай білуі керек.
7)Мемлекеттік қызметші ұжымға басшылық жасамас бұрын, бағына білуді
үйренуі, өз қызметкерлерінен талап етіп отырғаның өзі орындай білуі керек.
8)Егер мемлекеттік мүддесіне нұқсан келіп
жатқанын немесе сыбайлас жемқорлық әрекеттерін көрсе, дереу араласып,
шаралар қолдануы керек.

Салық қызметі органдарының құқықтары
1. Салық қызметi органдары:
1) осы Кодексте көзделген нормативтiк құқықтық актiлердi өз құзыреті
шегінде әзірлеуге және бекiтуге;
2) салықтық бақылауды жүзеге асыруға;
3) салық салу мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге
асыруға;
4) салық төлеуші (салық агенті) осындай бағдарламалық қамтамасыз етілімді
және (немесе) ақпараттық жүйені пайдаланған жағдайда, банктердің және банк
операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын өзге де ұйымдардың өз
клиенттерінің банктік шоттары туралы, Қазақстан Республикасының заңнамалық
актілеріне сәйкес банктік құпия болып табылатын мәліметтер қамтылған
бағдарламалық қамтамасыз етілімі мен (немесе) ақпараттық жүйесінің
деректерін көруге қол жеткізу құқығын қоспағанда, салық төлеушіден (салық
агентінен) бастапқы есепке алу құжаттарының деректері, бухгалтерлік есеп
тіркелімдері, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты
объектілер туралы ақпарат қамтылған бағдарламалық қамтамасыз етілімнің және
(немесе) ақпараттық жүйенің деректерін көруге қол жеткізу құқығын беруді
талап етуге;
5) салық төлеушіден (салық агентінен) салықты және бюджетке төленетін басқа
да міндетті төлемдерді есептеудің дұрыстығын және төлеудің (ұстаудың және
аударудың) уақтылылығын, міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстау
мен аударудың және әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеудің толықтығы
мен уақтылылығын растайтын құжаттарды, салық төлеуші (салық агенті) жасаған
салықтық нысандар бойынша жазбаша түсіндірмелерді, сондай-ақ салық
төлеушінің (салық агентінің) қаржылық есептілігін, оның ішінде резидент -
салық төлеушінің (салық агентінің) Қазақстан Республикасынан тысқары
жерлерде орналасқан еншілес ұйымдарының қаржылық есептілігін қоса алғанда,
егер осындай тұлға үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде
міндетті түрде аудит жүргізу белгіленген болса, аудиторлық есепті қоса бере
отырып, шоғырландырылған қаржылық есептілігін беруін талап етуге;
6) салықтық тексеру барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық
бұзушылық туралы кодексінде айқындалған тәртіппен салық төлеушіден (салық
агентінен) әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалғаны туралы айғақтайтын
құжаттарды алып қоюды жүргізуге;
7) нұсқама негізінде объектінің тұрған жеріне қарамастан, салық салу
объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылатын
мүлікті зерттеп-тексеруге, салық төлеушінің (салық агентінің) мүлкіне
(тұрғын үй-жайлардан басқа) түгендеу жүргізуге

8) банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдардан осы Кодекстің 581-бабының 1) және 4)
тармақшаларында табыс етілуі көзделген мәліметтерді алуға;
9) банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдардан коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып
табылатын мәліметтерді жария етуге Қазақстан Республикасының заңнамалық
актілерінде белгіленген талаптарды сақтай отырып, осы Кодекстің 581-бабының
12) тармақшасында аталған
тұлғаларға қатысты банктік шоттардың бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы
шоттардағы ақша қалдығы және қозғалысы туралы мәліметтер алуға;
10) осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық салу объектілерін және салық
салуға байланысты объектілерді жанама әдіспен айқындауға;
11) салықтық тексерулерге мамандарды тартуға;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талаптар қоюға,
оның ішінде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 49-бабы 2-
тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша заңды
тұлғаны тарату туралы талаптар қоюға құқылы.
2. Салық қызметі органдары Қазақстан Республикасының заңнамалық
актiлерiнде жүктелген мiндеттердi iске асыруды осы Кодексте белгіленген
тәртіппен электрондық тәсiлмен жүзеге асыруға құқылы.
3. Салық қызметі органдарының осы Кодексте, Қазақстан Республикасының
заңнамалық актілерінде және Қазақстан Республикасы Президентінің
актілерінде көзделген өзге де құқықтары бар.

Кіріспе
Салықтар – кез келген өркениетті
мемлекеттің кіріс көзі. Салықтардыңэкономикалық мәні олардың өзінің
функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын
ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады. Салықтар мемлекетпен
бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып
табылады. Белгілі философ Френсис Бэкон салықтарлды төлеу- әрбір адамзаттың
қасиетті борышы деген екен.
Мен Жақсыбаев Нұрдәулет Саматұлы 30 наурыз бен 5 маусым
аралығында Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша Салық басқармасында
өндірістік
тәжірибені өттім.
Менің өндірістік
тәжірибені өтудегі мақсатым, оқу барысында алған теориялық білімімді
өндірістік тәжірибеде пысықтап және де өз мамандығымды жетік білу үшін...

Әуезов аудандық Салық басқармасы құрылымымен таныстым. Өндірістік
тәжирибе кезінде мынадай бөлімдерде өттім :
I. Тіркеу бөлімі

II.Өндіріп алу бөлімі

III.Жанама салық бөлімі

IV.Бақылау-касса машиналарын есепке қою

V.Өндірістік емес төлемдер бөлім
Салықтардың әр түріне өндірістік
тәжірибеде декларация толтырдым .
Форма 600.00 - Әлеуметтік салық декларациясы
Форма 201.00 - Жеке табыс салығы декларациясы
Форма 701.00 - Жер салығы декларациясы
Форма 701.02 - Мүлік салығы декларациясы
Форма 300.00 - Қосылған құн салығы декларациясы

I
Салық төлеушіні салық органдарында тіркеу

Жалпы ережелер

1. Уәкілетті орган салық төлеушілердің мемлекеттiк деректер базасын
қалыптастыру жолымен салық төлеушілердi есепке алуды жүргізеді.
2. Салық төлеушілердің мемлекеттiк деректер базасы – салық төлеушілерді
есепке алуды жүзеге асыруға арналған ақпараттық жүйе.
3. Салық төлеушілердің мемлекеттiк деректер базасын қалыптастыру:
1) жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін
салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркеу;
2) салық төлеушіні:
дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат ретінде;
қосылған құн салығы бойынша;
электрондық салық төлеушi ретінде;
қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асырушы салық төлеушi ретінде;
салық салу объектісін және (немесе) салық салуға байланысты объектіні
орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне алу болып табылады.
4. Жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерін
салық төлеуші ретінде тіркеу:
1) аталған тұлғалар туралы мәліметтерді салық төлеушілердің
мемлекеттiк деректер базасына енгізуді;
2) салық төлеушілердің мемлекеттiк деректер базасындағы тіркеу
деректерін өзгертуді және (немесе) толықтыруды;
3) салық төлеушілердің мемлекеттiк деректер базасынан салық төлеуші
туралы мәліметтерді алып тастауды қамтиды.
5. Салық төлеушіні тіркеу есебі салық төлеушіні осы баптың
3-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген тіркеу есебіне қоюды, салық
төлеушінің тіркеу деректеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар
енгізуді, салық төлеушіні тиісті тіркеу есебінен шығаруды қамтиды.
6. Салық қызметі органдарына салық төлеуші туралы:
1) уәкілетті мемлекеттік органдар;
2) осы Кодекстің 581-бабының 1), 4) тармақшаларына сәйкес банктер мен
банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;
3) салық төлеушілер берген немесе мәлімдеген мәліметтер салық
төлеушінің тіркеу деректері болып табылады.
7. Осы Кодекстің мақсаттары үшін:
1) жеке тұлғаның тұрғылықты жері – азаматтарды тіркеу туралы Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес азаматты тіркеу орны;
2) дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, адвокаттың орналасқан жері –
салық органында дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат ретінде тіркеу
есебіне қою кезінде мәлімделген дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың,
адвокаттың тұрғылықты немесе қызметінің басым бөлігін жүзеге асыратын
орны;
3) резидент заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің, резидент
емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің орналасқан жері – құрылтай
құжаттарында немесе құрылымдық бөлімшенің есептік тіркеу туралы куәлігінде
көрсетілген оның тұрақты жұмыс істейтін органының орналасқан жері;
4) филиал, өкілдік ашпай, қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге
асыратын резидент емес заңды тұлғаның орналасқан жері – салық органында
салық төлеуші ретінде тіркеу кезінде мәлімделген Қазақстан
Республикасындағы қызметін жүзеге асыратын жері;
5) резидент емес жеке тұлғаның болатын жері – резидент емес жеке
тұлғаның көші-қон карточкасында көрсетілген Қазақстан Республикасындағы
уақытша болатын жері деп танылады. Егер халықаралық шарт ережелеріне сәйкес
көші-қон карточкасының болуы көзделмеген болса, онда салық органына
резидент емес жеке тұлға мәлімдеген Қазақстан Республикасында басым уақыт
орналасқан жер болатын жері деп танылады.

СТН алу үшін

СТН алу үшін(алғашқы)
Арыз 001.00 үлгі бойынша -2 дана
Жеке куәліктің немесе төл құжаттың көшірмесі.
Неке куәлігінің қотындысы туралы көшірмесі.
Азаматтарды тіркеу кітапшасының көшірмесі ( үй кітапшасының өзгертілген
түрінде)

Қосылған құн салығы бойынша

тіркеу есебіне ерікті түрде қою

1. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, оСм.:)осы Кодекстің 568-бабы
1-тармағына сәйкес қосылған құн салығы бойынша міндетті есепке қоюға
жатпайтын тұлға, орналасқан жері бойынша салық органына келу тәртібімен
қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтiнiш беруге
құқылы.
Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде тұруға:
дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалардың;
мемлекеттік мекемелердің;
Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге
асырмайтын резидент еместердің;
осы Кодекстің 411 және 420-баптарында көрсетілген тұлғалардың, тиісінше
ойын бизнесі салығы және тіркелген салық салынатын қызметі бойынша құқығы
жоқ.
Резидент заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал,
өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент еместер қосылған құн салығы бойынша
тіркеу есебіне қою үшін ұсынылған салықтық өтінішке осы Кодекстің 568-бабы
7-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса береді.
2. Салық органы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы
салықтық өтiнiш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қосылған құн
салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік бере отырып, салық
төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қояды немесе уәкілетті
орган белгілеген нысан бойынша оны қосылған құн салығы бойынша тіркеу
есебіне қоюдан бас тарту туралы шешім шығарады.
Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген тұлғалар қосылған құн салығы
бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтініш берген айдан кейінгі айдың
бірінші күнінен бастап қосылған құн салығын төлеушiге айналады.

3. Салық органдары қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы
салықтық өтінішті беру күнінде мынадай шарттардың біреуі немесе бірнешеуі
бар болғанда:

1) салық төлеушi осы Кодекстің ерекше бөлімінде белгіленген тәртіппен
және мерзімдерде салық есептілігін тапсыру бойынша салық
міндеттемелерін орындамағанда;
2) аталған салық төлеуші салық органы шешімінің негізінде қосылған құн
салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап екі жыл өтпесе;
3) осы Кодекстің 568-бабы 7-тармағында белгiленген құжаттар
тапсырылмаса, салық төлеушiні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне
ерікті түрде қоюдан бас тартады.
4. Қосылған құн салығын төлеушi ретінде тіркеу есебіне қоюдан бас
тарту туралы шешім салық төлеушiге қолын қойғызып немесе жіберу фактісін
растайтын өзге де тәсілмен тапсырылады. См.: Письмо НК по г. Алматы от 28
ноября 2005 года № 04.3-0717446, Письмо НК МФ РК от 17 января 2005 года №
НК-УМ-08-2-18335, Письмо НК МФ РК от 3 декабря 2004 года № НК-УМ-08-5-
169861, Письмо МГД РК от 22 апреля 2002 года № ДМ-2-1-154007, Письмо МГД
РК  от 7 июня 2002 года № ДМ-2-2-145739См.: порядок постановки на учет по
НДС в Законе РК от 12 июня 2001 года № 210-II О введении в действие
Кодекса РК О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый
кодекс), Правила постановки на учет по налогу на добавленную стоимость,
снятия с учета по налогу на добавленную стоимость, выдачи, замены,
аннулирования и приостановления действия свидетельства о постановке на учет
по налогу на добавленную стоимость, Письмо НК МФ РК от 10 января 2004 года
№ НК-УНА-07-4-29158 О принудительной постановке на учет по НДС, Письмо
МГД РК от 28 декабря 2001 г. № ДРН-2-2-1910483 О постановке на учет по
налогу на добавленную стоимость Кодекс дополнен статьей 208-1 в
соответствии с Законом РК от 21.03.02 г. № 312-II

Қосылған құн салығы бойынша
тіркеу есебіне қою туралы куәлiк

1. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк қатаң
есептілік бланкiсi болып табылады және салық төлеушiні қосылған құн салығы
бойынша тіркеу есебіне қою фактісін куәландырады. Куәлiктiң нысанын
уәкілетті орган белгілейді.
Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк салық
төлеушiге қолын қойдырып беріледі.
Куәлiктi беру қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы
куәлiктi беру журналында тіркеледі.
2. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк
мынадай міндетті деректемелерді: 
1) салық төлеушiнің атауын және (немесе) тегін, атын, әкесінің атын
(ол болған жағдайда);
2) сәйкестендіру нөмірін;
3) салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне
қою күнін;
4) салық органының қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою
туралы куәлiкке қол қойған күнімен оны беру күнінің сай келуін;
5) куәлік берген салық органының атауын қамтиды.
3. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк
қосылған құн салығын төлеушiде сақталады.
4. Салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен
шығарылған жағдайда қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы
куәлiк, салық төлеушi куәлiкті жоғалтып алған жағдайды қоспағанда, салық
органына қайтарылуы тиiс.
5. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiкті
жоғалтқан (бүлдірген) жағдайда куәлiкті ауыстыру салық төлеушiнің салықтық
өтініші негізінде жүргізіледі. Қосылған құн салығын төлеушiнің атауы немесе
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) өзгерген кезде куәлiкті
ауыстыру осы Кодекстің 563 және 566-баптарында көзделген тәртіппен салық
төлеушінің тіркеу деректері өзгерген кезде жүргізіледі.
6. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы жаңа куәлiк
берілген кезде бұрынғы куәлiктің бланкісі, салық төлеушi аталған куәлiкті
жоғалтып алған жағдайларды қоспағанда, салық органына қайтарылуға жатады.

Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару

1. Егер салық салынатын айналым мөлшері салықтық өтініш берілген
жылдың алдындағы күнтізбелік жыл үшін осы Кодекстің 568-
бабында белгіленген өткізу бойынша ең төменгі айналымнан аспаса, қосылған
құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару үшін қосылған құн салығын төлеуші
орналасқан жері бойынша салық органына қосылған құн салығы бойынша тіркеу
есебі туралы салықтық өтiнiш беруге құқылы.
2. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару үшін ұсынылған
салықтық өтiнiшке мынадай құжаттар:
1) салық төлеушi куәлiкті жоғалтып алған жағдайларды қоспағанда,
қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiктің түпнұсқасы;
2) қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясы қоса беріледі.
3. Салық органдары салық төлеушiні осы баптың 2-тармағында
белгіленген талап сақталған жағдайда қосылған құн салығы бойынша тіркеу
есебінен шығаруды салықтық өтiнiш берілген күннен бастап бес жұмыс күні
ішінде жүргізуге міндетті.
4. Уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық органы шешімінің
негізінде ққосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару салық
төлеушiні хабардар етпестен мынадай:
1) қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы бойынша салық
есептілігін осы Кодексте оны табыс етудің белгіленген мерзімнен алты ай
өткен соң табыс етпеген;
2) салық органы осы Кодекстің 558-бабында белгіленген тәртіппен
қосылған құн салығын төлеушiнің орналасқан жері бойынша нақты болмау
фактісін растаған;
3) сот үкімінің заңды күшіне енген не қаулысы негізінде қосылған
құн салығын төлеушi жалған кәсіпорын деп танылған жағдайларда жүргізіледі.
5. Салық органы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару
туралы шешімді салық төлеушiнің орналасқан жері бойынша:
осы баптың 4-тармағы 1) және (немесе) 2) тармақшаларында көрсетілген
жағдайлар анықталған күннен бастап;
салық органы соттың салық төлеушiні жалған кәсіпорын деп тану туралы
заңды күшіне енген үкімін не қаулысын алған күннен бастап бес жұмыс күнінен
кешіктірмей шығарады.
6. Қосылған құн салығын төлеуші салық органының шешімі бойынша
қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінен:
осы баптың 4-тармағы 1) және (немесе) 2) тармақшаларында көрсетілген
тұлғалар үшін – осы шешім шығарылған күннен бастап;
осы баптың 4-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген тұлғалар үшін
-қылмыстық іс-әрекет басталған күннен бастап шығарылды деп танылады.
7. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару:
1) қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын резидент заңды тұлға,
Қазақстан Республикасы аумағында филиал, өкілдіктер арқылы қызметін жүзеге
асыратын резидент емес заңды тұлға, дара кәсіпкер қызметін тоқтатқан
жағдайда - осы Кодекстің 37-43-баптарында көрсетілген салықтық өтінішті
тапсыру күнінен бастап;
2) заңды тұлғалар бірігу, қосылу жолымен қайта ұйымдастырылған
жағдайларда – қайта пайда болған заңды тұлғаның құрамына кірген заңды
тұлғаларды, қосылған заңды тұлғаны Заңды тұлғалардың мемлекеттік
тіркелімінен алып тастаған күннен бастап;
3) заңды тұлға бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда –
қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiкті берген
немесе ол жоғалған не бүлінген жағдайда қағазда жазылған түсініктеме табыс
еткен күннен бастап жүргізіледі.
8. Қосылған құн салығын төлеушіні банкроттық себебі бойынша таратқан
кезде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару Заңды тұлғалардың
мемлекеттік тіркелімінен алып тасталған немесе дара кәсіпкер ретінде тіркеу
есебінен шығарылған күннен бастап жүргізіледі.
9. Салық органының шешімімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу
есебінен қосылған құн салығын төлеушінің шығарылғаны туралы ақпарат
қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы шешім шығарылған
күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органның сайтына
орналастырылады.
10. Салық органдары қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою
туралы куәліктің қолданысын тоқтата тұруды салық төлеуші қызметін тоқтата
тұру туралы салықтық өтінішінде көрсеткен кезеңге, бірақ осы Кодекстің 46-
бабында белгіленген мерзімнен аспайтын кезеңге қосылған құн салығын
төлеушінің салық есептілігін табыс етуін тоқтата тұру туралы шешімнің
негізінде жүзеге асырады.
Қосылған құн салығын төлеуші салық есептілігін тапсыруды тоқтата тұру
мерзімін ұзартқан жағдайда қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою
туралы куәлiктің қолданысы салық төлеушінің қызметті қайта бастау күніне
дейін тоқтатыла тұрады.
11. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлiк
қолданысының тоқтатыла тұруы туралы ақпарат қосылған құн салығын төлеуші
салық есептілігін тапсыруды тоқтата тұру туралы шешім шығарылған күннен
кейінгі бір жұмыс күні ішінде тоқтата тұру кезеңі көрсетіле отырып
уәкілетті органның сайтында орналастырылады.

II
Өндіріп алу бөлімінің ережесі
Өндіріп алу бөлімі Әуезов ауданы бойынша салық комитетінің дербес
кұрылымдық бөлімшесі болып табылады және қызметін Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңдарына, нормативтік актілеріне сай жүргізіледі.
Өндіріп алу бөлімі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдер туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне сай өз жұмысын құрады.
Өз жұмысын бөлім Қазақстан Республикасының Ата заңымен, Қазақстан
Республикасының Заңдарымен Қазақстан Республикасының
Президентінің Жарлығы мен Қаулысымен, Қазақстан Республикасының
Үкіметінің жарлығы мен қаулысымен, сонымен қатар Қазақстан Республикасының
Қаржы Министрлігінің нормативтік актілеріне сай басқарады.
Өндіріп алу бөлімінің негізгі міндеттері 46 және 49 бапқа сай салық
берешегін, МЗЖЖЗҚ өндіріп алу шараларын қолдану.
Өндіріп алу бөлімінің атқарымдық міндеттері
Бөлім бастығы –
- Жалпы басқаруды жүзеге асыру және бөлім жұмысын ұйымдастыру
- Қазақстан Республикасының салық және басқа да заңдары жетілдіру бойынша
ұсыныстар енгізу;
- Комитеттің басшысы үшін анықтамалар,ақпараттар мен басқа да құжаттарды
дайындау;
- Бөлім қызметкерлерінің өз атқарымдық міндеттері орыдауда, еңбек және
орындау тәртібінің сақталуын бақылау;
- Бөлім қызметкерлерінің кәсіпқойлық деңгейін көтеру;
-салық заңдарына сай бөлім жұмысын ұйымдастыру жауапты.
Бас маман – бас салық инспекторы – (жоқ болған кезде)
- Салық кодексінің 45,49 баптарына сай салық берешегін өндіріп алу
тәсілдері мен шараларын қолдану ,бюджеттік квалификациялық код бойынша
- ҚР салық кодексінің 47,50 баптарын орындау сұрақтары бойынша екінші
деңгейдегі банктерде тексеру жүргізу
- Хаттарды орындау ,баяндамаларға,анықтамаларға,ақпара ттарға материалдар
дайындау және салық заңдарына белгіленген мерзімде жоғарғы және
мемлекеттік органдарға табыс ету;
- Екінші деңгейлі банктер қайтарған құжаттарды өңдеу;
- Салық төлеушілердің өтініштерін қарастыру
- Салық төлеушілердің тұратын мекен жайын зерттеу актісін жасау;
- Салық заңдарына сай және сәйкес жүктелген тапсырмалар мен міндеттердің
орындалуына жауапты.
Жүргізуші салық инспекторы (жоқ болған кезде)
- Салық кодексінің 45,49 баптарына сай салық берешегін өндіріп алу тәілдері
мен шараларын қолдану бюджеттік квалификациялық код бойынша
- ҚР салық кодексінің 47,50 баптарын орындау сұрақтары бойынша екінші
деңгейдегі банктерде тексеру жүргізу
- Хаттарды орындау, орындау ,баяндамаларға,анықтамаларға,ақпара ттарға
материалдар дайындау және салық заңдарына белгіленген мерзімде жоғарғы және
мемлекеттік органдарға табыс ету:
- Бюджет алдында берешегі бар салық төлеушілерге хабарламаларды дайындау
және жөнелту
- Салық төлеушілердің өтініштерін қарастыру
- Салық төлеушілердің тұратын мекен жайын зерттеу актісін жасау;
-ҚР-ның Әкімшілік құқықтық Кодексінің баптарына сай әкімшіілк материалдарды
дайындау.

ИНИС РК программасы арқылы салық және бюджетке төленетін басқа да

міндетті төлемдерді төлемеген салық төлеушілеге тексеру жүргіземіз,

хабарлама жасап таратамыз.

Хаттарды орындау, орындау ,баяндамаларға,анықтамаларға,ақпара ттарға
материалдар дайындау және салық заңдарына белгіленген мерзімде жоғарғы және
мемлекеттік органдарға табыс етеміз.

III
"Жанама салық"

“Жанама салықтар — бұл тауарлардан, операциялардан және көрсетпе
тамашалардан алынатын салықтар. Жанама салықтар мемлекеттік кірістердің ең
ежелгі көзі болып табылады”. Мысалы ретінде ҚҚС атаймыз.
Өз анықтамасын Карагусова Г.Н. былай дейді: “Жанама салықтар — бұл бір
тұлғаның салық ауыртпалығын сатып алушы тұлғаға өткізетін салық түрі”.
Жанама ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлімдері
Салық Басқармасы ұйымының қызметі
Салық басқармаларының функционалдық міндеттері
Салық декларацияларын қабылдау және өңдеудің орталық желісін құру
Салық мекемесіндегі іс-тәжірибе есебі
Қаржы секторын тұрақтандыру
Тараз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басқару аппаратының құрылымы және олардың атқаратын қызметтері
Қытайдың салық жүйесі жайлы
Жергілікті бюджетті қаржыландыру деңгейін бағалау және оны жетілдіру бағыттары
Еңбекақының теориялық негіздемесі және аудиті
Пәндер