Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты



1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН РЕТТЕУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕГІ КЕДЕН ТАРИФТІК ӘДІСТЕР
1.1. Кеден тарифтерінің мәні мен мақсаты
1.2. Кеден тарифтерінің түрлері
1.3. Тауардың кедендік құнын анықтау және оларды пайдалану тәртібі
1.4. Тарифтік шектеулер

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САУДА САЯСАТЫ
2.1. Сыртқы және халықаралық сауда саясаты
2.2. Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясатының кейбір аспектілері
2.3. Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ)

3. КЕДЕН ТАРИФТІК РЕТТЕУДЕГІ ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ
3.1. Өнеркәсібі дамыған мемлекеттердегі кеден тарифтік реттеу
3.2. Дамушы елдердің кедендік тарифтері
3.3. Шығыс Еуропа елдерінің кедендік тарифтері

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН РЕТТЕУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕГІ КЕДЕН
ТАРИФТІК ӘДІСТЕР

1.1. Кеден тарифтерінің мәні мен мақсаты

Сыртқы сауда саясатының классикалық және негізгі құралы болып кедендік
тарифтер саналады.
Кедендік тариф – бұл баж салықтары қойылымының жүйеленген тізімі.
Кедендік баж салығы деп мемлекеттік шекараны өту кезінде тауарлардың
импорты мен экспортына салынатын салығы түсініледі.
Мұндай реттеудің кұқықтық жағдайын Кеден тарифтері жөне баж туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 1991 жылы 24 желтоқсанда белгіледі.
Кеден тарифтік жүйесі көптеген элементтерді қамтиды. Кеден тарифтік
реттеу дамуындағы жаңа кезең - Кеден тарифтері және баж туралы заңның
қабылдануы. Бұл заңға сәйкес сыртқы экономикалық, қызметті реттеудің
негізіне тарифтік шаралар жатады.
Кеден тарифтік шаралар дегеніміз - сыртқы экономикалық, қызметті
реттеуге бағытталған және мемлекеттік органдармен заңда көрсетілген
реттерде жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық, экономикалық, құқықтық
шараларының жиынтығы.
Кеден тарифтері механизмді пайдалану барысында келесі негізгі
мақсаттарда шешіледі: реттеуші, сауда-саяси, фискалды. Оның тиімділігі
көбінесе реттеудің нормативтік тәртібіне және ережелеріне байланысты.
Мұндай реттеудің заңдылық негізіне 1995 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан
Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының кедендік іс туралы
Қаулысы жатады.
Кеден тарифінің нақты мақсаттарына мыналар жатады:
- Қазақстан Республикасына тауар енгізудің тауарлы құрылымын реттеу;
- Қазақстан Республикасына тауарлар, валюталық табыстар мен
шығындарды кіргізу және оны шығарудың оңтайлы қатысын үстау,
- Қазақстан Республикасында тауарлар өндірісі мен тұтыну
құрылымында озық өзгерістер жасауға жағдайлар жасау;
- Қазақстан Республикасының әлемдік экономикаға тиімді шоғырлануына
жағдай жасау.
Қазақстан Республикасының кеден тарифі Қазақстан Республикасының кеден
шекарасынан өткізілетін тауарларға қатысты кеден баж салығы мөл-
шерлемесінің жиыны. Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлы номенклатуралары
Қазақстан Республикасының Үкіметімен халықаралық тәжірибеде қолданылатын
тауарларды топтастыру жүйесіне сәйкес анықталады.
Кеден баж салығы мөлшерлемесі ортақ және жеке тұлғалар, мәміле түрі
және басқа факторларға қатысты, занда көрсетілгеннен өзге өзгермейді.
Шекті мөлшерлемелер Қазақстанға жақсы әсер ету режимі қолданылатын
елде жасалынатын тауарларға салынады. Ал мұндай режим жоқ немесе шығару елі
белгісіз тауарларға қойылатын енгізу мөлшерлемелері занды негізде екі есе
артады (тарифтік жеңілдіктер берілген жағдайлардан өзге).
Шығарылатын тауарлардың баж салығы мөлшерлемесі мен олар қолданатын
тауарлар тізімі және сыртқы экономикалық реттеудің тарифтік емес құралдары
Казақстан Республикасының Үкіметімен анықталады, әрі Қазақстан
территориясында сыртқы экономикалық қызметті реттеудің шаралары болып
келеді.

1.2. Кеден тарифтерінің түрлері

Кеден баж салығының түрлері. Кеден тарифтері және баж туралы заңның
5- бабына сәйкес Қазақстанда баж салығының келесі түрлері қолданылады:
- адвалорлық салық, тауар кеден құнынан пайызбен есептеледі;
- арнайы салык, тауар данасына салынады;
- аралас салық, алдыңғы екеуін де камтиды;
- кеден баж салығы - Казақстан Республикасының Кеден органдарымен
жиналатын Қазақстан Республикасының территориясына тауарды әкелу немесе
территориядан шығарылғандағы міндетті үлес;
- тауардың кедендік құны - тауарға баж салығын салу, сыртқы
экономикалық және кеден санағы, т.сс. мақсаттар үшін заңға сәйкес
анықталатын тауарлар құны.
Кедендік баж салығы төмендегідей критерийлер бойынша бөлінеді:
1. Тауар қозғалысының бағыты бойынша.
Тауар қозғалысының бағытына байланысты импорттық, экспорттық
және транзиттік баж салығы болып бөлінеді. Көбінесе импорттық баж салықтары
кездеседі. Өйткені олар ұлттық өндірісті, ішкі бағалар деңгейін қорғау мен
фискалды және саяси мақсаттарда кең қолданылыды.
2. Баж салығын орнату әдісі бойынша.
Орнату әдісіне сәйкес баж салықтары адвалорлы, спецификалық және
құрама болып бөлнеді. Әлемдік саудада кең тараған тауар бағасына байланысты
пайыз мөлшерімен орнатылатын баж салығын адвалорлы (бағалық) салық деп
атайды.
Осыған байланысты импорттық тауарларды бағалау әдісінің маңызы
жоғарылайды. Қазіргі кезде ол көптеген елдерде тариф пен сауда жөніндегі
Генералды келісім шеңберінде жасалған кедендік мақсаттарда тауарларды
бағалау туралы Келісіммен реттелуде. Адвалорлы баж салықтарының орта көлемі
салыстырмалы төмен (6 пайыз) деңгейде болады. Әдетте импорттық баж салығы
тауардың өңделу дәрежесі жоғарылаған сайын өсе түседі.
Спецификалық (арнайы) кедендік баж салығы өлшем бірлігінің абсолютті
мағынасында орнатылады.
Кұрама (комбинированный), аралас баж салықтары жоғарыда көрсетілген
екі әдіспен орнатылады.
3. Баж салықтарының іс-әрекет бағыты бойынша.
Іс-әрекет бағыты бойынша преференциалды және дискриминациялық баж
салықтары болып бөлінеді. Преференциалды баж салықтары бір елдер немесе
қандайда бір тауарларға тиімді жағдай жасау мақсатында минималды деңгейден
төмен қойылады. Дискримниациялық баж салықтары қандай да бір ел немесе
тауарға қарсы орнатылып, оған тиімсіз жағдайларды орнатуға бағытталады.
Демпингке қарсы баж салықтары орын толтыру (компенсационный) баж
салықтарының түрі болып табылады. Олар демпингке қарсы қолданылып, бағалар
деңгейін қалыпты жағдайда ұстау үшін пайдаланылады.
Заңмен маусымдық және ерекше кедендік баж салықтары көрсетілген.
Тауарлардың енгізілуін шығарылуын оперативті реттеу үшін Қазақстан
Республикасының үкіметі 4 айдан артық емес мерзімде маусымдық баж салығын
енгізуі мүмкін. Мұнда кеден тарифімен белгіленген баж салықтары
қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайын қорғау мақсатында
шығарылатын және әкелінетін тауарларға ерекше баж салығы қолданылады:
арнайы, антидемпингтік, өтемақылы.
Арнайы баж салығы - Қазақстан Республикасына әкелінетін тауарларды
қорғау мақсатында салынады, яғни отандық өндірушілерге шығын келтіретін
немесе тікелей бәсекелесетін тауарларға салынатын салық; заңсыз
бәсекелестік кезінде шегеру шарасы ретінде; Қазақстан Республикасының
мақсаттарын бұзушы істерге жауапты шара ретінде қолданылады. Арнайы баж
салығы әрбір жеке жағдайда бөлек есептеледі.
Антидемпингтік баж салығын теңестіру қызметі ретінде және Қазақстан
Республикасының кедендік территориясына шығару елдегі көрсетілген құнынан
өте төмен бағамен енгізілгенде немесе осындай тауарларды отандық
өндірушілерге материалдық зиян әкелетін болғанда қолданылады.
Антидемпингтік баж салығының мөлшерлемесі экспорт жасалыну кездерінде
тауардын экспортер елдегі бәсекелестік көтерме бағасы мен Қазақстан
Республикасының территориясына енгізу бағасы арасындағы айырмадан артпауы
керек.
Өтемақылық баж салығы – Қазақстан Республикасының кеден шекарасына,
өндірісінде немесе әкелінуіне жәрдемақы қолданылған тауарларға қолданылады
(егер ол отандық өндірушілерге зиян келтіретін болса). Өтемақылық баж
салығының мөлшері анықталған жәрдемақы мөлшерінен арта алмайды.
Баж салықтарының ерекше турін қолданудың шарасы. Баж салықтарының
ерекше түрін қолдану алдында Қазақстан Республикасының кеден тарифтік
кеңесімен жүргізілетін тергеу болады. Тергеу барысында шешімдер сандық
анықталатын мәліметтерге негізделеді. Әрбір жағдай үшін жеке мөлшерлеме
қолданылады.
Қазақстан Республикасының кеден территориясына әкелінетін және
шығарылатын тауарлардың кедендік құны Қазақстан Республикасының үкіметімен,
Кеден тарифтері және баж туралы заңға сәйкес негізде анық-талады.
Тауар Қазақстан Республикасының шекарасынан өткен кезде кедендік құнды
декларант кеден органына мәлімдейді.
Кедендік құн тәртібі және жағдайлары, декларация формасы мемлекеттік
кеден комитетімен заңға сәйкес анықталады. Кедендік құн декларантпен заңда
көрсетілген кедендік құнды анықтау әдісімен анықталады.
Кедендік құнның дұрыс анықталғандығын тауар кедендік дайындауын
жасайтын Қазақстан Республикасының кедендік органымен бақыланады.
Декларанттың кедендік құнды айтқанда және оны анықтауға қатысты мәліметтер
шынайы, сандық анықталатын және құжатта көрсетілетін болуы керек.
Кедендік баж салығы декларацияны беру күні есептеледі және ұлттық
валютамен де, Қазақстан банктерімен сатып алынатын шетел валютасында
алынады. Баж салығы Қазақстан Республикасының бюджетіне түседі.

3. Тауардың кедендік құнын анықтау және оларды
пайдалану тәртібі

Тауардың кедендік құнын анықтау және оларды пайдалану
тәртібі. Оның мынадай әдістері бар:
- әкелінген тауарлармен мәміле бағасы бойынша (негізгі
әдіс);
- бірдей тауарлармен мәміле бағасы бойынша;
- біртекті тауарлармен мәміле бағасы бойынша;
- құнды шегеру;
- құнды қосу және
- резервтік әдіс арқылы
Енгізуші тауарлармен мәміле бағасы бойынша әдіс. Мұнда тауарлардың
кедендік құны мәміле бағасымен бірдей болады, ол нақты төленген немесе
Қазақстан Республикасының шекарасынан өту кезінде төленуге тиісті баға.
Кедендік құнды анықтау кезінде мәміле бағасына келесі құрамдас бөліктер
(егер олар алдын ала қосылса) қосылады:
а) тауарды авиапорт, порт немесе басқа кедендік территорияларға
әкеліп, оны белгіленген жеріне жеткізу шығындары:
- тасымалдау құны;
- тауарды тиеу, түсіру, қайта тиеу, қайта түсіру шығындары;
- сақтандыру сомасы.
ә) сатып алушы жұмсаған шығындары:
- комиссиондық және делдалдық шығындар, тауар сатып алудан
өзге;
- контейнерлер, ыдыс, құты-сауыттар құны тауарлық номенклатураға
сәйкес болса, онда олар бағаланушы тауарлармен біртұтас деп
қарастырылады.
б) келесі тауарлар және қызметтердің сатып алушымен тегін немесе
төмендетілген бағамен өндіріске қолдануда немесе бағаланушы тауарларды
шығарудағы құнның осыған сәйкес бөлігі:
- шикізат, материалдар, бөлшектер, жартылай өңделген өнімдер
және іріктеп алынған өнімдер, бағаланушы тауар бөлігі болып келетін;
- бағаланушы тауар өндірісінде пайдаланылған құрал -
жабдықтар, штамптар, формалар және т.б. ұқсас заттар;
- тауарды өндіруге жұмсалған материалдар;
- Қазақстан Республикасының территориясында бағаланушы тауарлар
өндірісіне қажетті инженерлі жұмыстар: дизайн, көркем әсемдеу, эскиз және
сызбалар.
в) лицензияланған және өзге де интеллектуалды меншік
объектілерін пайдаланғаны үшін төлемдер;
г) Қазақстан Республикасының территориясында бағаланушы тауарлардың
пайдаланылуы, сатылуы, қайта сатылуы кезіндегі сатушының тікелей
немесе жанама табыстары.
Бірдей тауарлармен мәміле бағасы бойынша әдіс. Мұнда кедендік құнды
анықтаудың негізіне - негізгі қасиеттері, физикалық сипаттамалары, сапасы
және нарықтағы беделі, шығу елі, өндіруші болып келетін тауарлардың мәміле
бағасы жатады.
Біртекті тауарлармен мәміле бағасы бойынша әдіс. Бұл әдіс тауардың
сапасы, белгісі болуы, нарықтағы беделі, шығарған елі, өндіруші сияқты
қасиеттерді ескеруді ұйғарады. Мұнда біртекті тауар деп - сипаттамалары
бірдей және ұқсас құрамдас бөліктерден тұратын, тап сондай қызмет атқарып,
коммерциялық бір-бірін алмастыратын тауарларды айтамыз.
Құнды шегеру негізіндегі әдіс. Тауар бағасынан комиссионды сыйлықтарға
шығын, пайдаға қосулар және сатудың жалпы шығындары, енгізу баж салықтары
сомасы, кәдімгі шығындар (тасымалдау, сақтандыру, т.сс.) шегеріледі.
Қазақстан Республикасының территориясына әкелінген тауарлар өзінің
алғашқы түрін өзгертпей сатылатын болса, онда осы әдісті қолданады.
Құнды қосу негізіндегі әдіс. Кедендк құнды анықтау үшін оған
материалдар мен шығын, жалпы шығын және тауарларды жеткізгені үшін алынатын
пайда қосылады.
Резервтік әдіс. Егер тауардың кедендік құны жоғарыда аталған әдістер
негізінде анықталуы мүмкін болмаса, әлемдік тәжірибе ескеріліп анықталады.
Бұл әдісті қолданғанда кеден органы декларантқа өзіндегі бағалық мағлұматты
береді. Кеден тарифтері және баж туралы заңның 16 – бабында тауардың шығу
елін анықтаудың құқықтық жағдайы көрсетілген.
Тауардың шығу елі – тауар толығымен өндірілген немесе заңда
көрсетілген критерийлерге сәйкес жеткілікті өңдеуден өткізілген ел.
Кез келген елде толығымен шығарылған тауарлар: қазба байлықтары,
өсімдік өнімі, мал өнімі, аңшылық, балық аулау негізінде алынған өнімдері,
осының барлығы сол ел ішінде өндірілген болса.
Егер тауарды дайындауға екі немесе бірнеше ел қатысса, онда
жеткілікті өңдеу критерийі қолданылады. Оған жататындар: тауарларды өңдеу
нәтижесінде болған тауарлық номенклатура бойынша алдыңғы төрт белгінің кез
келген деңгейіндегі тауарлық позицияның өзгеруі; жеткілікті өндірістік және
технологиялық операциялардың жүзеге асырылуы т.с.с.
Белгілі бір елде тауардың шығарылғаны туралы сертификатты Қазақстан
Республикасының кеден органы сұрай алады. Тауарлардың шығарылуы кезінде
оған тиісінше құзіретті орган сертификат береді.
Тауардың шығу елін көрсететін сертификат қағазы тауардың нақты осы
елден шыққанын анықтайды; ол жөнелтушінің жазба түріндегі куәлік қағазынан
тұрады. Бұл хатта тауар – тауар шығарушы елдің арнайы ұйымдарының өнімге
қойылатын критерийіне сәйкес екендігі көрсетіледі.
Тауардың шыққан елін көрсететін сертификат кеден тіркеуі кезінде
кеден декларациясымен бірге көрсетіледі.
Бланкты толтыру тәртібі және А формасы бойынша тауарлардың пайда
болу сертификатын беру. А формасы тауарларының пайда болу сертификатын
толтырудың белгілі бір бекітілген тәртібі болады. Оларға жалпы жеңілдік
жүйесі әсеріне түсетін Ресейден ЕО мемлекеттеріне экспортталатын тауарлар
жатады. Сертификаттар ЕО комиссиясымен қабылданған арнайы бланктарда
толтырылады.
Сертификат мемлекет аймақтарындағы РФ Сыртқы экономикалық байланыстар
министірлігі (СЭБМ) экспортерларға тек жазбаша өтініштері бойынша арнайы
аппаратымен беріледі. Сертификатты толтыру жөніндегі мәселе қажетті
құжаттардың толық жиынтығын қабылдағаннан кейін ғана қарастырылады.
Егер бір контракт бойынша бірнеше сертификат толтыру қажет болса,
онда барлық толтырылатын сертификаттар үшін тек қайталанатын құжаттардың
бір жиынтығы болса да жарамды саналады.
Экспортердің ұсынатын қажетті құжаттар жиынтығына мыналар кіреді:
• Арнайы Ресей СЭБМ атына сертификатты толтыру жайлы еркін
түрдегі өтініш хат. Хат экспортер – ұйымның бланкісінде, берілген нөмірі
және күні болуы керек. Экспортер – ұйым жетекшісі немесе оның бір
орынбасарымен хатқа қол қояды.
Хатта, сонымен қатар, барлық ұсынылатын құжаттардың әр қайсысының
сандық көрсеткіші болуы қажет.
• Сертификат бланкісі арнайы үлгімен толтырылып, экспортер –
ұйымның басшысының қолы қойылып, сол ұйымның мөрі басылуы керек. Сертификат
көшірмесінде де түпнұсқаның мөрі болуы қажет. Сертификатқа экспортер –
ұйымның басшысының фамилиясы, аты - жөні, қызметі көрсетілмегендіктен,
сертификат және оған қосылатын хат бір адамның қолымен қойылады, сондықтан
хатта қол қойған адамның ғана аты - жөні, фамилиясы, қызметі көрсетілуі
қажет.
Қажет болған жағдайда экспортер "Информ ВЭС" бірлестігінде сертификат
бланкілерін ала алады.
• Ресей сауда - өнеркәсіптік палатасы аймақтық бөлімшесімен берілген
сараптау актісінің түпнұсқасы "Одақтық сараптау" арнайы бланкісінде болуы
қажет.
Сараптау (экспертиза) актісінде көрсетілген ақпарат басқа ұсынылатын
құжаттар ақпаратына қарама-қайшы болмауы керек. Сараптау актісінде
көрсетілген килограмм есебіндегі тауарлар саны шоттағы (инвойс) көрсетілген
нетто – салмақтан кем болмауы қажет.
Бұл контракт бойынша толтырылатын бірдей бі-неше сертификат үшін бір
ғана экспертиза актісі болса да жарамды.
• Экспорттық контрактының түпнұсқасы және көшірмесі.
Контрактінің нөмірі, күні және қол қойылған тұсы болуы қажет.
• Тауар өндірушімен (делдал үшін) жасалатын келісімнің
түпнұсқасы және көшірмесі. Келісімде делдалдың міндеті айқын
көрсетілуі қажет. Сонымен қатар, тауар экспортына жасалатын контракт қай
ұйым атынан қол қойылатыны көрсетілуі қажет. Келісімнің нөмірі,
күні және қол қойылған тұсы болуы қажет.
Экспортермен ұсынылған келісімдердің түпнұсқасы және көшірмесі, тауар
чектері, квитанциялар (ресми қолхат) және басқа да құжаттар сертификатты
толтыру үшін негіз бола алмайды.
• Ресейлік экспортерлер мен импортер фирмаға берілетін шоттың
(инвойс) түпнұсқасы мен көшірмесі. Экспортердің, импортердің, жүкті
қабылдаушының аты латын транслитерациясында көрсетіледі.
Егер контракт орыс тілінде жазылса, онда шот (инвойс) орыс тілімен
қатар, ағылшын тілінде де жазылуы мүмкін.
Шотта тауардың төмендегідей нәтижелік көрсеткіштері міндетті түрде
болуы қажет:
- килограммдағы нетто салмақ;
- килораммдағы брутто салмақ;
- құны.
Егер түсірілетін партия әр түрлі тауарлардан құралса (яғни сыртқы
экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы бойынша кодтары әр түрлі
тауарлар), онда жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер әрбір тауар үшін
көрсетілуі қажет.
• Мемлстаткомның мемлекеттік есептеу орталығы анықтамасының
түпнұсқасы және көшірмесі. Онда: аты, коды және экспортердің мекен-жайы
болуы керек.
• Лицензиялар көшірмесі (квоталанатын тауарларға).
• Транспорттық құжаттың көшірмесі (егер сертификат тауарды нақтылай
жеткізгеннен кейін толтырылса). Транспорттық құжаттың көшірмесінде жүктің
шекарадан өткені жайлы кедендік белгісі болуы қажет (кеме көлігі арқылы
түсірілген болса - жүкті тасымалдау жайлы капитанның қолхаты
керек).
• Арнайы өтініш бойынша, экспортер өзінің бланк сертификатын
толтырған кездегі ақпараттың дұрыстығын дәлелдейтін кез келген
басқа құжатты көрсетуге міндетті.
• 4, 5, 6, 7 пункттерде көрсетілген құжаттардың түпнұсқасы
олардың көшірмелерімен қоса иденсификацияланғаннан кейін экспортерге
қайтарылады.
Мына жағдайды ескерейік, Ресейдің Сыртқы экономикалық байланыстар
министрлігі басты бақылау қаржы басқармасының шотына белгілі бір соманы
аудару туралы, банктің белгісі бар, төлем тапсырмасының түпнұсқасының
көшірмесі - сертификатты толтырған кезде ұсынылады, яғни құжаттарды
тапсырғаннан кейін бірнеше күн өткесін беріледі. Сертификатты
бергені үшін төлем көлемін Ресейдің Қаржы министрлігі белгілейді және әр
айдың брінші күні индекстеледі. Ол Ресей орталық банкісінің бағам
бюллетеніне сай болуы керек. Ол бағам рублімен долларға қатынасынан шығып
Ресей газетінде көрсетіледі.
Сонымен қатар, келесі жағдайды да ескеру қажет, өкілеттіге берілетін
барлық көшірмелер - көшірме тура деген экспортерұйымның мөрі басылып,
қызметші адамның қолы және оның фамилиясы көрсетілуі керек. Егер құжат бір
парақтан көп болса, онда көшірме кітапша болып тігіліп, тігілген жер бір
сызық қағазбен желімденіп, экспортер ұйымның мөрімен жинақталып, көшірме
тура деген бекітілген жазу және қызметші адамның фамилиясы мен қолы болуы
қажет.
Ресейлік экспортерлер сертификат бланкісін толтырған кезде қатаң
тәртіпті сақтап толтыруы қажет. Бланк нысанына сай ағылшын және француз
тілінде толтырылып, міндетті түрде жазу машинкаларында немесе ЭВМ басылым
әріптерімен толтырылады. Сертификатта қателіктерді түзетуге болмайды.

1.4. Тарифтік шектеулер

Әлемдік тәжірибеде сыртқы сауданы реттеудің экономикалық әдістері
болып тарифтік реттеу саналады. Олар мемлекет шекарасынан өту кезінде
экспорттық - импорттық ағымдардың бағалық көрсеткіштеріне ықпал етеді. Ең
бастысы, тарифтік реттеу, тауарға кеден салығын салу әдісі мен тәртібін,
сондай-ақ, салық пен тарифтің түрлерін, оның себептерін, кеден
жеңілдіктерін беру тәртібін анықтайды.
Халықаралық ұйымдар мен бірлестіктер қызметінің көмегімен (ТСБАБСҰ,
БҰҰ-ның сауда жөніндегі конференциясы, еуропалық экономикалық комиссия)
және де халықаралық жан-жақты келісімдер негізінде көптеген елдердің ұлттық
тарифтік реттеу жүйесі бірдей принциптер мен тәртіптерге сүйенеді, сондай-
ақ, олардың ішінара көп ұқсастықтары бар, ол өздігінен халықаралық сауда
процесін жеңілдетеді.
Жоғарыда көрсетілген бағыттарды іске қосу үшін көптеген елдер негізгі
құқықтық база ретінде Кеден тарифі жөніндегі занды және Кеден кодексін
алады.
Кеден кодексі тұрақты құқық құжаты болып саналады, оның күші
халықаралық келісімдерге қарамастан ұлттық жүйеге таралады. Ал кеден
тарифіне келетін болсақ, олар халықаралық қағидалармен келісіледі және
белгілі бір уақыт өткен соң халықаралық кездесулерде (раундтарда)
талқыланып отырады. Талқыланатын сұрақтар кеден тарифін қолдану тәртібі мен
қағидалары, экспорттық - импорттық салықтардың мөлшерлемесінің деңгейі және
құрылымы. Кеден реттеу механизмдерінің негізгі элементтеріне кеден тарифі
жатады, ол жүйелі түрде белгіленген бағалар тізімінен тұрады және
импорттық - экспорттық өнімдерге төлем көлемін, яғни кеден баж салығын
анықтайды.
Кеден тарифі мемлекеттік реттеудің белсенді құралдарының бірі, ол
барлық дамыған мемлекеттердің сыртқы сауда айналымының 23 бөлігін қамтиды.
Импорттық және экспорттық өнімдердің бағасын өсіре отырып, ол сонымен
бірге, сыртқы сауданың көлемі мен құрылымына ықпал етеді. Кеден тарифінің
классикалық қызметі болып протекционизм (отандық өнімдерді шетел
бәсекесінен қорғау) және фискалдық саясат (мемлекеттік бюджетті толтыру)
жатады. Тарифтің көмегімен, сондай-ақ сыртқы сауда балансының белсенді
сальдосын қалыптастырады, валюта ағымын арттырады, елдердің жекелеген
аймақтарының дамуын көтереді.
Одан басқа тарифтік реттеу қызметі салық жүйесімен тығыз байланыста
жүргізіледі, ол өзіне тариф элементін жартылай алады да, сонымен оны
толықтырады.
Кеден тарифі өзінің маңызы жағынан экономикалық сипатта деуге болады.
Бұл жерде ол нарық экономикасы жағдайында болуына байланысты объективтік
шешім тауып отыр. Экономика тапшылықты кезінде пайдаланылып отырған бұл
шараның тиімділігі болмаған жағдайда оны қатаңдау әдісі - бейтарифтік
шектеулер арқылы жүргізеді.
Кеден тарифі импорттық және экспорттық қарапайым, күрделі болуы
мүмкін. Импорттық тариф кеден реттеуінде негізгі үлесті алады, ішкі салық
жүйесімен бірге қосылып, біріншіден, бағаның көлеміне ықпал етеді,
кәсіпорындардың тиімділігі, ұлттық валюта жағдайы, тауар құрылымының
қалыптасуы т.б. жүйелерді реттеуде көмек етеді.
Импорттық тарифті санау процесі кеден тарифіндегі өнімнің
номенклатуралық позициясын анықтау ғана емес, сондай-ақ, кедендік бағаны
анықтау әдісімен тығыз байланысты немесе өнімнің шыққан еліне қарап салық
салуды өзгерту және алып тастау тәртібін кіргізу. Импорттық кеден тарифінің
белсенді бөлігі болып кеден салығының мөлшерлемесін анықтау жатады.
Экспорттық кеден тарифі сыртқы сауданы реттеудегі тек шамалы елдер
ғана қолданатын құрал, негізінен дамушы елдер кіреді. Табиғи байлыққа бай,
бірақ әлемдік тауар нарығында өздерінің шикізатты ұстау позициясын
қолданады. Кей жағдайда олар экспорттық бағаның өсуіне, сонымен бірге,
елдің валюталық ресурстарының толығуына ықпал етеді. Бірақ экспорттық
тарифті шектеу көмегімен экспорттың көлемі мен құрылымын өзгерту экспорттық
әлеуетті төмендетіп ішкі бағаға инфляциялық қысым жасауға әкеліп соқтырады.
Көптеген елдерде кеден тарифін дамыту мынадай екі әдіспен жүргізіледі
- тауар номенклатурасын көбейту және белгілі бір өнімнің түріне бірнеше
мөлшерлеме қою. Бірінші әдіс қарапайым кеден тарифі деп аталады. Бұл әр
тауарға бірдей мөлшерлеменің қойылуы деген сөз.
Екінші әдіс әр тауарға екі немесе одан да көп мөлшерлеменің қойылуы.
Бұл тауардың қандай елден шығуына байланысты. Соңғы жағдайда жоғары тариф
мөлшерлемесі автономды болып саналады да, оны Бас тариф деп атайды. Мұндай
тариф сауда келісімі және шарттары жасалынбаған елдердің тауарларына
қойылады.
Ал төмен, яғни конвенциялық немесе минималды мөлшерлемеге жағымды
тәртіпке ие болған елдердің тауарлары жатады. Мысалы, ЕО-ға кіретін
елдердің минималды кеден тарифі максималды тарифтен 1,2,5 есе төмен. АҚШ
пен Жапония елдері арасында бұл көрсеткіш бұдан да төмен.
Күрделі кеден тарифі — айрықша жеңілдік салығы болып табылады, жабық
экономикалық одақ қалыптасқан нақты елдерге ғана таралған, сондай-ақ, оған
дамушы елдерде кіреді. Жеңілдіктер мөлшерлеме салықтың шын мәніндегі нөлдік
маңызын көрсетеді, яғни бұл салықсыз әкелу деген сөз. Күрделі кеден
тарифі қосымша демпингке қарсы және өтемақылық салықтың түрлерін әкелуді
қарастырады, оның деңгейі максималды тариф мөлшерлемесінің деңгейін біраз
көтереді. Айтарлықтай күрделі тариф Конго, Венесуэла, Мали
елдерінде.
Кедендік тариф — тариф ретінде өзінің экономикалық мағынасы
мен сипаты жағынан сыртқы сауда процесін нарықтық реттеуге жатады. Кеден
салығы - ақша жинағы ретінде не салық ретінде тауарға және басқа
байлық түрлеріне елдің шекарасынан өткенде мемлекет тарапынан
салынатын салық. Барлық басқа салықтар сияқты ол тауардың бағасын
көтереді немесе оның бәсекелесуін төмендетеді. Бағалық, шектеулер
кеден салығы арқылы тауардың топтарына және оның өңделу деңгейіне
қарап белгіленеді.
Шикізат өнімдері тарапынан олар онша үлкен емес (0,5 - 2,6%), ал
дайын бұйымдарға (7 - 12%) болады. Нарықтық қатынас дамыған елдерде
соңғы кезеңде тарифтік эскалация бағыты көрініп жүр, ол кеден салығы
өнімнің өңделу деңгейіне қарап көтерілуі. Бұл жерде тағы бір
қызмет көрініс табады. Ол - протекционизм. Бірақ кеден салығы
деңгейінің әр түрлі болуы тауарлардың дайын болуына және елдердің
экономикалық даму деңгейіне байланысты болады.
Мысалы, бірдей тауарлар дамыған елдерге қарағанда дамушы елдерде
жоғарылау. Бұны дамушы елдердің ұлттық өнеркәсібінің кейбір салаларын
қорғау қажеттілігімен түсіндіруге болады. Кеден салығы, сондай-ақ сыртқы
нарықта сауда саясаты бәсекелік құралы ретінде пайдаланылады. Халықаралық
тәжірибеде тарифтік реттеуде салықтың бірнеше түрі кездеседі.
Адвалорлық салық. Тауар бағасына байланысты проценттік мөлшерлеме
белгіленеді және көптеген елдер қолданады. АҚШ-тың тарифінде 80%.
Арнайы салық. Бұл салық тауардың көлеміне, салмағына немесе санына,
яғни өлшем бірлігіне қарап алынады.
Аралас салық тауарларға байланысты адвалорлық та және арнайы да болып
салынады. Бұл жағдайда кеден ұйымдарына еркіндік беріледі. Қандай салықтың
түрін салуды өздері шешеді. Оны баламалы (альтернативті) дейміз. Адвалорлық
және арнайы салықтың принңипиалды айырмашылығы бағаның өсуіне байланысты.
Адвалорлық салықтың бағасының өсуі оның тауардың санының өсуіне байланысты.
Өнімнің шыққан еліне байланысты кеден салығы максималды, минималды және
жеңілдік болып бөлінеді.
Максималды - өнім бағасының мөлшерлемесі барлық елдерге қойылады.
Минималды - айрықша қолайлы жағдай жасаған елдердің өніміне қойылатын
мөлшерлеме. Жеңілдік мөлшерлеме - нақты бір елден немесе елдердің тобынан
келетін өнімдерге қойылатын мөлшерлеме. Салық өнімнің қай елден шыққанына
байланысты автономды және конвенциондық болып бөлінеді.
Автономды салық мемлекеттердің келісімі бар ма жоқ па оған қарамайды.
Үкімет тарапынан бір жақтың тәртібі бойынша қойыла береді. Көлемі жағынан
айтарлықтай көзге түсетін болғандықтан, кей жағдайларда екі жақты және көп
жақты келісімдердің нәтижесінде салықтың мөлшерлемесін төмен түсіреді.
Конвенциондық (келісілген) жоғарыда айтылған келісімдер процесінде екі
жақтың шешімі бойынша тұрақты мөлшерлеме қойылды. Ол мөлшерлеме екі жақтың
келісімінсіз көтерілмейді немесе басқа позицияда, тарифтік өтемақы
формасында келіседі. Қазіргі кезде бұл форма ТСБА-ның келісімі нәтижесінде
жиі қолданылып жүр.
Импортқа кеден салығын салу абсолютті түрде көпшілік елдерде
қолданылады. Ал экспорттық салық дамыған бірде-бір елдерде қолданылмайды.
Оларды тек дамушы елдер ғана қолданады. Айтарлықтай экспорттық салыққа
ерекше жүйе қолдану Аргентинада жүргізіледі, бұл жерде экспорттық өнімдер
екі топқа бөлінеді әдеттегі (минералды және ауыл шаруашылық шикізат, азық-
түлік, жеңіл өнеркәсіп) және әдеттегі емес. Салық тек ішкі топтағы
өнімдерге ғана қойылады, одан басқа барлық экспортерлер 3% салық төлейді
және ауыл шаруашылық өнімдері 1,5 - 6% көлемінде әдейі арналған салық
төлейді.
Сыртқы сауда операцияларын салықтық реттеу тарифпен тығыз байланысты,
себебі кеден салығы импорттық өнімнің тікелей бағасына ықпал етеді.
Импортты реттеу құралдарының ішінде салықтың рөлі ерекше өсті, оның себебі
халықаралық тәжірибеде кеден салығының мөлшерлемесінің төмендеуінің жалпы
бағытына байланысты. Импортгық салықтар, шетел өнімдерінің бағасын
көтеруімен бірге, оның ішкі нарықта қолданылуын қысқартады, импорттың
көлемін төмендетеді, ал басқа жағынан алғанда - отандық өнімдер бағасын
өсіреді.
Салық пен кеден баж салығының айырмашылығы салық салу процесімен
анықталады. Баж салығы шетел өнімдерін шекарадан өткізгені үшін алынады, ал
салық шетел өнімдері, сондай-ақ ұлттық өнеркәсіптің өнімдері үшін алынады.
Импорттық өнімдерге салық - мақсаттарына, қолданылуына, қолдану сипатына
қарап топтастырылады. Шекарадағы импорттық немесе теңестіру салығы
импорттық өнімнің шекарадан өткен кезінде салынады. Ол кеден декларациясын
таратқан тұлғаның қадағалауымен жүргізіледі.
Шекарадағы салық жинағының мөлшерлемесі ішкі ұлттық, өнімге қойылатын
салықтың мөлшерлемесіне ұқсас болады. Олар СИФ шартындағы импорттық өнімнің
бағасымен анықталады. Көптеген елдердің шекарадағы салық тәртібінің
негізіне әлемдік жүйедегі салық салудың екі қағидасы кіреді - өнімнің
жіберілу жүйесі және қолданылу орны.
Арнайы салықтың кеден баж салығынан айырмашылығы жоқ. Оның мақсаты
импорттық өнімдерді алып келуді шектеу. Ол ерекше шара ретінде, яғни кеден
баж салығын көтеру мүмкіндігі жоқ болған кезде қолданады.
Кеден тіркеуі кезінде төленетін алымдар мен салықтар, олар: кеден
қоймаларында өнімдерді сақтау, статистикалық (санау), жүкті түсіру (жинау)
кезіндегі салық. Оның мақсаты қызмет көрсету және кедендік тазалық
кезінде кеткен шығындарды өтеу. Ондай салықтық баға өнім бағасының 1 - 2%-
ін құрайды, ал төлеу кеден шекарасынан өткен кезде декларацияны толтырумен
жүргізіледі.
Жылжымалы импорттық салықтар. Әлемдік нарықтағы бәсекелесу күресі
әдістерінің бірі ретінде, атап айтқанда, аграрлық протекционизм сферасында
жүргізіледі. Бұндай кеден салығы өнімнің бағасына тура ықпал жасау және
экономикалық қызмет көрсету арқылы болады. Бұл салықтың айырмашылығы оған
қойылатын мөлшерлеме тұрақты емес, ол әлемдік нарық бағасына қарап өзгеріп
отырады. Олардың міндеті ішкі рынок бағасының деңгейін ұстап тұру, яғни
әлемдік бағаның төмендеуіне байланысты кеден салығының мөлшерлемесін
көтеру.
Кеден баж салығымен салыстырғанда олар икемділігімен көзге түседі,
сондай-ақ мөлшерлемені күнделікті өзгертіп отырады.
Өтемақылық (компенсация) алым жылжымалы салық түріне ұқсас. Олар ішкі
рынок пен сыртқы рынок бағасының айырмашылығын толықтырып отырады.
Бұл ауыл шаруашылық секторында және өндірісті экспорттау мен
импорттауда нақты өнімдерге қойылады. ЕО - біріккен кеден тарифінде кеден
баж салығымен бірге өтемақылық алым жүргізіледі, онда екі элементке көңіл
бөлінеді; тұрақты алым (баж салығы) және өтемақылық алым (өзгермелі). Ондай
ұйымдарға ТСБА (ГАТТ) 1995 жылы қайтадан БСҰ (ВТО) деп құрылды және кеден
одақтары жатады. Еуропалық экономикалық бірлестік кеден одағы, оның үлесіне
әлемдік сауданың 40%-і жатады.
Экспортқа мұнай шығаратын елдер (ОПЕК) т.б. ұйымдар кіреді. Олардың
ішінде ТСБА - ерекше орын алады. Олар екі негізгі принципке сүйенеді: ашық
сауда және сыртқы саудадағы қанаушылықты болдырмау.
Сыртқы сауда саясатының мынадай түрлерін қолдануды ұсынады: бір үлгіге
келтіру, өнімнің сертификатының болуы, импортты және экспортты лицензиялау,
контингенттеу, экспортты жәрдемақылау, т.б.
Бұл принциппен қоса екі шартты ұстау қажет: көп жақты сауда
келісімдерін іске асыру және халықаралық сауда кодексі мен қағидасын құру;
сонымен бірге сыртқы сауданы шектеудегі ұлттық механизмдердің бағасын
қалыптастыру. Қол жеткен осы тәртіптер мен біріккен механизмдердің
нәтижесінде халықаралық саудадағы кедергілерді минимумға жеткізу керек.
Сауданы дамытудағы халықаралық құжаттардың ерекше тізімінде кеден
бағасының кодексі, импорттық лицензия, бір үлгіге келтіру және кеден
тәртібін жеңілдету тұр. ТСБА-ның басқаруымен бірнеше конвенция бекітілді.
Мысалы, кеден тарифтік механизмдердің қызметін шектеу. ТСБА-ның маңызды
жетістіктерінің ішінде сауданы ырықтандыру жөніндегі келісім, саудада тек
өнім өткізуді ғана реттеу емес, сонымен бірге қызмет көрсетуде де - қаржы,
телебайланыс, әуе көлігі және т.б. салалардағы реттеу келісімдері.
Халықаралық сауда операцияларын кедендік қадағалау жұмысындағы
ұйымдастыру және оның әдістемелік орталықтары кеден одақтарының ұйымында
болады.

2. Қазақстан РеспубликасыНЫҢ СЫРТҚЫ САУДА САЯСАТЫ

2.1. Сыртқы және халықаралық сауда саясаты

Әр түрлі елдер жалпы әлемдік экономикада жалпы және оның жекелеген
тауар рыноктарында әр түрлі орын алады. Халықаралық сауданың әр бір
қатысушысы өз мүдделерін қорғау мақсатында қандай да бір іс-әрекет атқаруға
тырысады, яғни осы салада белгілі бір саясат жүргізеді. Халықаралық сауда
саласында саясаттың негізгі екі түрі бар:
• халықаралық сауда саясаты;
• сыртқы сауда саясаты;
Халықаралық сауда саясаты - халықаралық сауда саласында жалпылама
қабылданған саясат. Дүниежүзілік Сауда Ұйымы (ДСҰ) жүргізеді және ол әлем
елдерінің көпшілігі тарапынан қолдау тауып отыр. Мұндай саясатқа
халықаралық сауданы ырықтандыру жатады.
Сыртқы сауда саясаты атауымен мемлекеттің басқа елдермен сауда
қатынасына бағытталған іс-әрекеті түсіндіріледі. Сыртқы сауда саясатының
негізгі мақсаттары:
• осы елдің халықаралық еңбек бөлінісіне кіруінің дәрежесі мен
әдісін өзгерту;
• экспорт пен импорт көлемдерін өзгерту;
• елді қажетті ресурстармен қамтамасыз ету (шикізат, энергия және
т.б.);
• экспорт пен импорт бағаларының арақатынасын өзгерту.
Кейбір мақсаттар ұзақ мерзімді сипатта болады, мысалы халықаралық еңбек
бөлінісіне кіру дәрежесі мен әдісін өзгерту. Басқа мақсаттар одан гөрі аз
мерзімде жүзеге асырылуы мүмкін, мысалға экспорт пен импорт көлемін
өзгерту.
Сыртқы сауда саясатының негізгі екі бағыты бар:
• еркін сауда саясаты;
• протекционизм.
Еркін сауда саясаты таза күйінде мемлекеттің сыртқы саудаға тікелей
араласудан бас тартып, рынокқа негізгі реттеуші рөлін жүктеуін білдіреді.
Бірақ бұл мемлекеттің осы шаруашылық іс-әрекетінің бағытына әсер етуден
толық шектелуін білдірмейді. Мемлекет өз шаруашылық субъектілеріне
максималды еркіндік беру үшін басқа елдермен келісім-шарттарға отырады.
Еркін сауда оң саяси салдарға әкеледі, өйткені елдердің өзара
байланыстылығы күшейіп, бір-біріне дұшпандық әрекетінің мүмкіндігін
төмендетеді.
Еркін сауда саясатының жүргізілуі экономикасы дамыған елдерге
халықаралық айырбастан неғұрлым көп пайда алуға мүмкіндік береді. Іс
жүзінде, еркін сауда саясаты таза күйінде ешқашан және еш жерде қолданылған
жоқ.
Протекционизм - отандық экономиканы шетелдік бәсекелестерден қорғауға
бағытталған саясат. Еркін сауда саясатымен салыстырғанда протекционизмдегі
рыноктық күштердің еркін іс-әрекеті жоққа шығарылады, өйткені әлемдік
рыноктағы жекелеген елдердің экономикалық потенциалы мен бәсекеге
жарамдылығы әр түрлі, осыған байланысты дамуы жағынан артта қалып отырған
елдер үшін рыноктық күштердің еркін іс-әрекеті пайдасыз болуы мүмкін. Күшті
шетелдік мемлекеттер жағынан шектелмеген бәсеке экономикалық дамуы
төменірек елдерде экономиканың тоқырауына және осы елде тиімсіз
экономикалық құрылымның қалыптасуына әкелуі мүмкін.
Протекционизм елде белгілі бір салалардың дамуына көмектеседі. Аграрлы
елдерде протекционизм көбінесе индустриализацияның қажетті шарты болады.
Одан басқа, протекционизм жұмыссыздықтың азаюына әсер етеді. Бірақ бұл
саясатты ұзақ мерзім бойына пайдалану экономиканың тоқырауына әкеледі,
өйткені шетелдік бәсеке болмаса, жергілікті кәсіпкерлердің техникалық
деңгейі мен өндіріс тиімділігін жоғарылатуға ынтасы төмендейді.
Өзінің төтенше формасында протекционизм экономикалық автарқия түрінде
болады, яғни ел импортты тек өз елінде шығаруға мүмкін болмайтын
тауарлармен ғана шектейді. Экспорт болса, импортты қамтамасыз ету
деңгейінде ғана рұқсат етіледі.
Протекционизм дамушы елдерде ғана емес, өндірісі дамыған елдерде
шиеленіскен бәсекелестік жағдайында ұлттық тауар өндірушілерін қорғау үшін
пайдаланылуда.
Мемлекет шаруашылық субьектілеріне кеңестер беруі және қандай да бір
іс - әрекетке ынталандыруы мүмкін.
Мемлекеттердің сыртқы саудадағы өтімді құралдары әр түрлі тыйым салу,
мысалға бір өнімнің экспорты мен импортына және бір елге қатысты тыйым салу
болып табылады.
Сыртқы сауданың құралдарына екі жақты немесе көп жақты келісімдер
жүйесі кіреді. Бірақ нарықтық қатынастар даму жағдайында сыртқы сауданың
пайдасын ұлғайту және азайтуға әсер ету құралдарын пайдалану арқылы,
мемлекет шаруашылық субьектілерін мемлекет саясатының мақсаттарына сәйкес
шешім қабылдауына мәжбүр еткізеді. Осы құралдарға тарифтік және тарифтік
емес шектеулер кіреді.
Тарифті саясатты қолдану тиімділігі туралы көптеген көзқарастар бар.
Экономикалық саясат құралы ретінде тарифті қолданудың қарсыластары
тарифке қарсы бірқатар дәлелдер келтіруде:
1. Тарифтер экономикалық өсуді тежейді;
2. Тариф-тұтынушыларға салықтық ауыртпалықты ұлғайтады;
3. Импортталған тауарларға салынатын тариф жанама түрде
елдің экспортына нұқсан келтіреді;
4. Тариф жұмыстылықтың жалпы деңгейінің қысқаруына
әкеледі;
5. Тарифтерді бір жақты енгізу көп жағдайда сауда соғыстарына
әкеледі.
Ал тарифтерді жақтауға мынандай дәлелдер келтіріледі:
1. Тариф - жас салаларды қорғайды;
2. Тариф - жергілікті өндірушілерді ынталандыру құралы;
3. Тариф - бюджеттік түсімдердің маңызды көзі;
4. Тариф - ұлттық қауіпсіздікті, елдің халықаралық беделін қорғайды
Кедендік тарифтер көп түрлігі және орындайтын мәселелері
бойынша мүмкіндігіне байланысты экспорт-импорт мәмілелерін реттеуде өте көң
қолданылады. Көбінесе импорттық баж салықтары протекционистік шара ретінде
пайдаланылады. Дамушы елдерде олар салықтық түсімдерді ұлғайтуға, дамыған
елдерде олар сыртқы сауданы реттеуде қолданылады.

2.2. Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясатының кейбір
аспектілері

ҚР сыртқы сауда саясатын зерттеу барысында, оның 1991 жылға дейін КСРО-
ның экономикалық шеңберінде терең интеграция мен жоспарлаудың
орталықтандырған жүйесі жағдайында дамығандығын ұмытпау қажет.
Кеңес заманында Қазақстанның индустриализациясы жүзеге асырылып,
экономикасы дамыды, бірақ республика КСРО-ның басқа республикаларына отын-
энергетикалық ресурстарды, астық, ауылшаруашылық өнімдерді, басқаша
айтқанда шикізатты жеткізуге маманданған еді.
Барлық ішкі, республикааралық және сыртқы сауда мемлекеттік
тапсырыстар жүйесімен реттеледі. Экспорттық лицензиялар мен квоталар
тауарлардың 200-не таралып, стратегиялық тауарлардың экспорты тек
монопольды сыртқы экономикалық құрылымдар арқылы жүзеге асырылды.
Бұрынғы КСРО елдерімен сауда, негізінен, екі жақты үкіметаралық
келісімдерімен реттеліп, клиринг негізінде жүзеге асырылды. Қазақстанның
сыртқы экономикалық және сыртқы сауда саясаты, оның егемендік алуы мен
экономикалық реформаларды жүзеге асыруы барысында қалыптасты. Тәуелсіз
сыртқы сауда саясаты - республиканың әлемдік қауымдастыққа кіруінің қажетті
шарты болып табылады.
Тәуелсіздікті жарияланғаннан кейін, Қазақстан сыртқы экономикалық іс-
әрекетін ырықтандыру жолына түсті. 1992 жылдың 25 қаңтарында Қазақстан
Республикасы Президентінің заң күші бар "Экономиканы тұрақтандыру мен
экономикалық реформаларды жүргізу кезеңіндегі Қазақстан Республикасының
сыртқы экономикалық іс-әрекетін ұйымдастыру туралы" жарлығы қабылданды.
Сонымен қатар әр түрлі өнімдердің бағаларын ырықтандыру туралы бірқатар
құжаттар қабылданды.
Сыртқы экономикалық іс-әрекетті ырықтандыруда алғашқы маңызды қадам
1993 жылы жасалды. Онда квоталар саны 34-ке дейін, ал лицензиялар - 61-ге
дейін қысқартылды. Республикааралық сауданың үкіметаралық келісімі мен
қамтылуы 60 пайызға төмендеді. Экспорттық өнімге деген мемлекеттік тапсырыс
жүйесін келісім бағалар жүйесі алмастырды. 145 өнімге орташа мөлшері 15
пайыз болатын экспорттық салықтар енгізілді. Импорттық лицензиялар 5 өнім
түріне беріліп, импорттық салық мөлшері 0,5 пайыздан 21 пайызға дейін
болды. 20-дан астам кәсіпорындар сыртқы экономикалық іс-әрекетте
жеңілдіктерге ие болған.
1994 жылы лицензиялау (34 өнімге дейін) мен квоталауға
жататын тауарлар санының (7 өнімге дейін) азайтылуы жүргізілді.
1994 жылы 15 шілдеде ҚР Президенті Қаулысымен "Экономикалық
дағдарыстан шығу және реформаны тереңдету бойынша Үкімет іс-әрекетінің
бағдарламасы қабылданды.
1995 жылы ҚР сыртқы саудасын ырықтандыруда мынандай
қадамдар жасалды: ұлттық және жеке қауіпсіздік, денсаулыққа
деген көзқарастарға байланысты бірқатар тауарлар тізімінен басқа,
барлық экспорттық және импорттық квоталар алынып тасталынды;
стратегиялық тауарлардың сыртқы саудасына монополия жойылды;
экспортерлердің валюталық табысының міндетті сатылуы тоқтатылды; биржалық
және аукциондық сауда ұлғайтылды.
1995 жылдың қаңтарында Ресей, Қазақстан, Беларусь Кедендік Одағы
туралы келісімге қол қойылды. Кейін оларға Қырғызстан мен Тәжікстан
қосылды. Оның басты мақсаты - кедендік кедергілерді жою, адамдар, тауарлар,
капитал мен қызмет көрсетудің еркін ауысуы үшін бірыңғай экономикалық
кеңістік құру болып табылады.
1995 жылдың 11 қаңтарында Қазақстан Республикасы Президентінің "Сыртқы
экономикалық іс-әрекетті ырықтандыру" туралы Жарлығы қабылданды.
1995 жылы 23 наурызда Президент Жарлығымен "ҚР шетелдік
инвестициялар туралы" заң қабылданып, ол Қазақстан экономикасына тартылған
шетелдік инвестициялардың экономикалық және
құқықтық негіздерін анықтап, инвестицияларды қорғауға берілетін
мемлекеттік кепілдікті тіркеді.
1996 жылы экспорттық өнімге салынатын барлық кедендік баж
салыктар алынып тасталынды, инвестициялық тауарларға импорттық тарифтер
төмендетілді.
1997 жылы бәсекелестікті жоғарылату мақсатында тауар импортындағы
шетелдік инвесторларына берілетін жеңілдіктер алынып
тасталынды. Тек Қазақстан Республикасының территориясында
өңделуге арналған өнімге жеңілдіктер сақталынды.
1997 жылдың 20 шілдесінде ҚР Кеден Комитеті мен Ұлттық банк "ҚР
экспорт-импорттың валюталық бақылауын ұйымдастыру туралы" Ереже қабылдады.
Ол экспорт-импорттық валюталық бақылау тәртібін орнатып, экспорттан түскен
валюталық табыстың дер уақытында келуі мен импорт мақсаттарында валюта
қаржыларын пайдалануын заңдылығы мен негізделгенін бақылау тәртібін
белгіледі.
1997 жылдың 28 ақпанында ҚР Үкіметі "ҚР тікелей инвестицияларды
мемлекеттік қолдау туралы" заңын қабылдады.
Сөйтіп, көріп отырғанымыздай, сыртқы сауданың ырықтандырылуы қаржы
секторының ырықтандырылуын ынталандырды.
Сыртқы сауда ырықтандырылуы ішкі рынокқа ғана әсер етіп қойған жоқ.
Қазақстанның шет елдердің, ОЭСР рыноктарына шығу мүмкіндіктері кеңейді.
Біздің республикамызға қатысты нарықтық емес экономикалы елдерге салынатын
көптеген кедендік баж салықтары мен санкциялар төмендетіліп немесе алынып
тасталынды.
Қазақстан Европа Одағы, АҚШ, Канада, Скандинав елдерінің рыноктарында
ең тиімді жағдайлы мәртебеге ие болды.
1993 - Европа Одағы, 1992 ж. - Канада, 1994 ж. - АҚШ, Қазақстанды
Генералды преференциялар жүйесіне қабылдаған.
Алдыңғы жылдардағыдай, 1998 жылы да елдің сауда балансы теріс болды.
Оның құрылымындағы алыс шет елдермен сауда операциясының сальдосы оң, ал
оны ТМД елдерімен саудасындағы экспорттан импорттың асып түсуі ауқымды
болды. Бірақ бұрыңғы одақтас республикаларға арналған экспорт көлемі алыс
шет елдерге арналған экспорт көлемінен өте жоғары. 1998 жылғы экспорттың
төмендеуі, ТМД елдеріндегі валюта құнсыздануы, Қазақстан үшін сауда
жағдайын қиындатты.
Әлемдік қаржы дағдарысына байланысты Қазақстан Республикасына импорт
көлемі азайды, 1998 жылы 6588,6 млн. долл. болып, ол 1997 жылдың 92%
құрады. Негізгі экспорт тауарларына бағаның төмендеуі алыс шет елдерге
экспорттың 8,8%-ке төмендеуіне әкелді, әсіресе Азия-Тынық мұхит аймағында
қазақстандық қара және түсті металдарды тұтынуы күрт төмендеді. 1997 жылы
әлемдік бағалардың төмендеу тенденциясы 1998 жылы да байқалды.
Экспорт құрылымында дәстүрлі түрде басым бөлігі минералды өнімдер,
асыл емес металдардан тұрды. Экспорттың құндық мәні езгергенімен, оның
алдыңғы жылдармен салыстырғанда құрылымында елеулі өзгерістер болмады.
Қазақстан Республикасының импорты ресей рублінің құнсыздануына
байланысты ресей тауарларының арзандауы және соған сәйкес қазақстандық
тауарлардың бағаға байланысты бәсекелестігі төмендеп, республикаға ресей
тауарларының әкелінуінің күрт өсуімен сипатталды. Кедендік Одақ шеңберінде
шекаралар ашықтығы, әсіресе Ресеймен шекаралас аудандарда ресей тауарлардың
демпингтік бағалар бойынша енуіне мүмкіндік берді. Осы жағдайларға
байланысты Ресейге қазақстандық тауарлардың экспорты төмендеді.
Жоғарыда көрсетілген жағдайларға байланысты Қазақстан 1999 жылдың
қаңтар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының кеден саясаты және сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу шаралары
Халықаралық сауда түсінігі туралы
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатының қазіргі жағдайының даму перспективалары
Сыртқы саудадағы мемлекеттік саясат
Еркін сауда саясаты
Сыртқы сауда қызметінің түсінігі
Қазақстан Республикасындағы сыртқы сауданың ролі
Қазақстанның еуропа мемлекеттерімен байланысы
СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстан Республикасының ұйымдармен ынтымақтастығы
Пәндер