Басатуыш сынып оқушыларын еңбекке баулу негізінде экологиялық мәдениетін қалыптастыру мазмұны және әдістемесі


мазмұны
Кіріспе
1 Бастауыш сынып оқушыларын еңбекке баулу негізінде экологиялық мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері. .
1. 2 Бастауыш сынып оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық мәні
1. 2 Бастауыш сынып оқушыларын еңбекке баулу негізінде еңбеке баулу мүмкіндіктері
2. Басатуыш сынып оқушыларын еңбекке баулу негізінде экологиялық мәдениетін қалыптастыру мазмұны және әдістемесі . . .
2. 1 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың әдістемесі . . .
2. 2 Бастауыш сынып оқушыларын еңбекке баулу негізінде экологиялық мәдениетін қалыптастырудың әдістемесі
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Ел президенті Н. Назарбаев “Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде” атты еңбегінде біздің елімізде оқушыларды дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру оларды оқытудың, тәрбиелеудің және жетілдіріп дамытудың бөлінбес бір бөлігі мектептегі бүкіл оқу жылдары бойында жүзеге асырса дұрыс болатындығын, ол оқушлар арасындағы сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында жүзеге асырылуы тиіс екендігін атап көрсетті. [1]
Жиырма бірінші ғасырдың басында Қазақстанның тәуелсіздігінің 14 жылдық тарихи сабағы және тұңғыш Конституция [2], “Білім беру заңы” (1999) [3], Орта білімді дамыту тұжырымдамасы [4] секілді бүкіл тәрбие жұмысының мақсатын, міндеттерін қайта қарап, оны түбегейлі жақсартуды талап етуде. Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде нарықтық экономикаға көшуге байланысты, кез-келген адамның өз өмірінде жұмыс орнын, тіпті кәсібін бірнеше рет ауыстыруға тура келеді. Осыдан келіп адам мүмкіндіктеріне, оның мүдделері мен ұмтылыстарына баса назар аудару, еңбекке баулу мәселесін жаңа талап тұрғысынан шешеу, оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуына қарау қажет.
Өскелең ұрпақты еңбекке баулуды болашағына бағытттап -жүргізу бүгінгі күннің бірден-бер қажетті, кезек күттірмес мәселе екендігін байқатады. Еліміздің Президенті Н. Назарбаевтың “Қазақстан-2030” стратегиясында болашақты жасайтын азаматтарды сол ғасыр талабына сай тәрбиелеу қажеттілігіне тоқтала келе: “2010-жылға дейінгі бастапқы кезеңде өз мүмкіндіктері мен бәсекелестік қабілеті тұрғысынан келешегі бар еңбекті қажет ететін салаларға көңіл бөлу керек”-деп атап көрсеткен. [6, 60] .
Бүгінгі таңда жетістіктергежету үшін қазіргі ұрпақ тәрбиесінің негізі болып отырған мектептің негізп мақсаты оқушыларға тек оқыту процесі кезінде ғана тәрбие берумен шектелмей, оқушылардың шығармашылық белсенділігін күшейтіп, өміргедеген құштарлығын арттыратын жұмыстарды ұйымдастьіру арқылы тәрбие беру болып табыладыдеп көрсеткен.
Қазіргі заманда мемлекетке білімді де білгір ұшқыр ойлы әрі іскер адамдарды керектігіне, ал оларды оқыту және тәрбиелеу білім процесіне жаңа педагогикалық ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгізуге тікелей байланыстылығына ешкімде шұбаланбайды.
Бастауыш мектеп оқыту саласына үлкен үлес қосқан ғалымдар Қ. А. Аймағамбетова, Т. Әбдікәрімова, К. Бозжанова, С. Рахметова, М. Жұбанова, Т. Сабыров, Т. Оспанов, О. Сатқанов, Р. Уаисов және т. б. өз еңбектерінде бастауыш мектептердегі оқыту мәселелерін, оқыту мазмұны мен әдістерін терең зерттеп, тәрбие жұмыстарын да қарастырады. Бастауыш сыныптағы білім мазмұнын жетілдірудің педагогикалық негіздерін, оқу үрдісінің тиімді жолдарын, тәрбие жұмыстарымен сабақтастыра зерттеп қарастырып, олардың ерекшеліктеріне тоқталады.
Бастауыш сынып оқушыларын еңбекке баулу мәселелерін елімізде О. Сатқанов, Райымжанов, Е. Қауырбаева, Т. Оралбекова, С. Нұрсейітованың зерттеулерімен оқу-әдістемелік құралдары, бағдарламалары, ғылыми мақалаларында көтеріп үлес қосып келеді.
ТМД елдерін Н. М. Конышева, Л. Ю. Очерчук, Е. Н. Губанова, Н. А. Попова, Б. М. Неменский бастауыш сынып оқушыларының көркем бағдарламасының көркем еңбегін ұйымдастырудың бағдарламасын, әдістемесін, тұжырымдамасын жасауда еңбек сіңіруде. Олай болса, оны сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында ұйымдастырудың маңызы зор.
Еңбек басты күнкөріс көзіне айналған нарықтық экономика кезінде, әдістемелік негізделген еңбекке баулу негізінде экологиялық мәдениетін қалыптастырудың әдістемелік құралдарыдың жоқтығы және баланың еңбектегі психологиялық-педагогикалық мүмкіндіктері мен нақты жағдайдың арасындағы, яғни еңбек әрекетінің тұлға дамуындағы әсерін ескермеуіне байланысты, қарама-қайшылықтар туындауда. Бұл қарама-қайшылықтардың шешімін табуда қазіргі таңдағңы бастауыш мектепте оқушының еңбекке баулудың мазмұнын айқындау зерттеу жұмысымыздың проблемасы болып саналады. Аталған проблеманың өзектілігі әлі де болса ғылыми-теориялық және әдістемелік жағынан қарастырылмауы ғылыми-зерттеу жұмысымыздың тақырыбын “Бастауыш сынып оқушыларын еңбекке баулу негізінде экологиялық мәдениетін қалыптастыру ” деп алдық.
Зерттеу мақсаты: Б астауыш сынып оқушыларын еңбекке баулу негізінде экологиялық мәдениетін қалыптастыруд теориялық негіздеп, мазмұны мен әдістемесін практикалық тұрғыдан қамтамасыз ету.
Зерттеу объектісі: Бастауыш сынып оқушыларын еңбекке баулу негізінде экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
Зерттеу пәні: Балаларды еңбекке баулу процесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы : Оқу-тәрбие процесінде балаларды еңбекке баулу тиімді болар еді, егер де еңбекке баулу негізінде экологиялық мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері айқындалса, еңбекке баулу мазмұны мен әдістемесі ғылыми-әдістемелік құралдар, бағдарламамен қамтамасыз етілсе және тәрбие әдістерін қазақтың еңбек дәстүрі әдістерімен ұштастырып, тиімді қолдану арқылы жүзеге асырылса ғана, онда оқушыларды қоғам сұранысына сәйкес алғашқы еңбекке баулу нәтижелі болады.
Зерттеу міндеттері:
- оқушыларды еңбекке баулуда экологиялық мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негізін айқындау;
- еңбекке баулу негізінде экологиялық мәдениетін қалыптастырудың деңгейін анықтау;
- зерттеу нәтижесінде негізделген ғылыми-әдістемелік нұсқау дайындау және оның тиімділігін тәжірибеде айқындау.
Зерттеудің көздері: Қазақстан Ресубликасы қабылдаған материалдар (конституция, заңдар, саяси-әлеуметтік тұжырымдамалары, қаулы-қарарлар т. б) психологиялық, педагогикалық еңбектер, этнопедагогика, этнопсихология, оқу бағдарламалары.
Зерттеу әдістері: философиялық, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді зерттеу мәселесі тұрғысынан талдау, жинақтау, қорыту, тәжірибелік-экспериментті өткізу барысында сауалнама, диагностикалау, әңгімелесу, сұхбаттасу, суретке және бейне таспаға түсіру, балалардың еңбегінің нәтижелерін салыстыру, даму деңгейінің сапалық, сандық деректерін білуде математикалық өңдеу әдістерін қолдану.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
- бастауыш сынып оқушыларын еңбекке баулу негізінде экологиялық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері ғылыми тұрғыдан айқындалады;
- бастауыш сынып оқушыларын еңбекке баулу негізінде экологиялық мәдениетін қалыптастыру көрсеткіші және деңгейін белгілеуі;
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
- бастауыш сынып оқушыларын еңбекке баулудың әдістемелік нұсқауы.
- бастауыш сынып оқушыларын еңбекке баулу негізінде экологиялық мәдениетін қалыптастырудың тиімді жолдары нақтыланды.
Зерттеу базасы: № 41 мектепте бастауыш сынып оқушылармен еңбекке баулу, дүниетану пәнінде және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында жүргізілді.
Зерттеу кезеңдері: Дипломдық жұмыс мынандай бөлімдерден тұрады:
Кіріспе бөлімінде зерттеудің өзектілігі, ғылыми аппараты, қарам-қайшылығы көрсетілді.
Негізігі бөлімінде тақырыптың теориялық негізі философиялық, психологиялық, педагогикалық мәні, мүмкіндіктері және әдістемесі анықталады
Қорытынды бөлімінде зерттеу жұмысының теориялық және практиалық жаңалықтарына қарай қорытынды жасалды.
І Бастауыш сынып оқушыларының еңбекке баулу негізінде экологиялық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негізі.
1. 1 Бастауыш мектеп оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастыру ерекшеліктері
Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас қоғамдық ортадағы іс- әрекет арқылы көрініс береді. Әр қоғамның дамып өркендеуіне адамның ойы мен білімі қандай қажет болса, табиғат пен оның байлығы сондай қажет. Осының өзі табиғат- адам- қоғам бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын, бір-бірімен бірлікте дамитын тұтас дүние екенін көрсетеді. Ендеше, бүкіл өмір қоршаған ортада, табиғат аясында, олармен қарым- қатынаста өтетіндіктен адам баласы тіршілік ету үшін ол қатынастардың әдіс- тәсілін меңгеруі тиіс. Мұндай әдіс- тәсіл бала жастан қоршаған орта туралы білім алу арқылы меңгеріліп жүйелі жүргізілген тәрбие нәтижесінде қалыптасады. Олай болса, жоғарыдағы қатынастарды ғылыми негізде этикалық, эстетикалық адами тұрғыда жүзеге асыру үшін адам қоршаған орта туралы білім жүйесін меңгеруі тиіс. Қоршаған ортаны танып- білуде әлеуметтік орта мен географиялық ортаның атқарар ролі ерекше.
Адамның жеке басының дамуында әлеуметтік орта маңызды орын алады. Адам қоғамдық ортада дамып қалыптасады, ал қоғамның алғашқы сатысы- отбасы, ағайын туыс.
Сонымен, бастауыш мектеп оқушыларын қоршаған ортамен таныстыру негізінде білім бере отырып экологиялық мәдениетін қалыптастыру болады.
Табиғаттың даму заңдылықтарын оқыту мен тәрбиелеу жұмысы педагогтардың көбі баса назар аударып, жас кезінен бастау керек екендігін айтқан болатын. Я. Коменский "Мир чувственных вещей в картинах" деген атақты трактат жазды. Бұл балаларға түсінікті жазылған энциклопедия іспеттес еңбе болды. Онда адам орғанизмінің құрылысы, тіршілігі, жер мен аспан денелері жөнінде түсінік беріледі. ХҮІ-ХҮІІІ ғғ. Үлы педагогтары Ж. Ж. Руссо, И. Г. Песталоци, А. Дистерверг және т. б. прогресшіл ой- пікірлері классикалық педагогикада оқушыға табиғат пен қарым- қатынас арқылы білім беру, тәрбиелеу, дүниетанымын қалыптастыру заңдылықтарын негіздеген “ … адамның бүкіл рухани тіршілігі табиғатпен берік байланыста болған” - деп тұжырымдаған. [19, 20, 21]
Ж. Ж. Руссо өзінің педагогикалық трактатында Я. А. Каменскийдің табиғат және оны қорғауға тәрбиелеу идеяларын толықтырып әрі қарай дамытты.
XIX-ғасырдың демократ ағартушылары В. Г. Белинский А. Н. Герцен, Н. АДобролюбов болса табиғат туралы саналы білім беру адамның мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына ерекше мән береді.
Кезінде орта ғасыр ғұламалары табиғатқа қатысты өз көзқарастарын философиялық-әдіснамалық тұрғыда тұжырымдаған. IX- XV ғғ. ғұламалары Әл- Фараби, Ж. Баласағұни, Қожа Ахмет Яссауи, М. Қашқаридың тіл ғылымы, логика, психология, география, этика және т. б ғалымдар жайлы жазған еңбектерінің мәні ерекше. Соның ішінде Әл- Фараби медицина, биология, география ғылымдарын теориялық- философиялық тұрғыда негізделген.
Табиғат- сұлулықтың өмір бақи таусылмас қайнар көзі. Сондықтан ол тәрбие берудің ең маңызды құралдарының бірі болып саналады. Баланың бойына игілік пен ізгілікті дарытушы табиғатты қорғау сезіміне тәрбиелеу туралы ғұлама ғалым К. Ушинскийдің "Табиғат дауыс- дыбысын, үнін ата- аналар да, қоғам да, тәрбиешілер де, заң шығарушылар да көңіл қойып тыңдауы тиіс. Табиғатпен егесу, зиян келтіру жақсылыққа апармайды, адамға тек оның зандылықтарын білу және оның табиғи күшін пайдалану ғана қалды " дегеніне құлақ асатын мерзім әлде қашан жетті. Солай екен, жер тағдыры- ел тағдырын ойлап, қаласақ та, қаламасақ та ата бабаларымыздың атамекен, туған жер топырағы туралы түсініктеріне, таным-талғамдарына ой жеткізу тиіспіз.
Экологиялық тәрбие жұмысы балалардың жас ерекшеліктеріне сай және табиғатқа жақын қарым- қатынаста жүргізілсе ұтымды болады. К. Д. Ушинский өзінің "Детский мир ", "Родное слово" кітаптарында табиғат және онда тіршілік ететін хайуанаттар мен құстардың тіршілігі, адам және оның еңбегі жөнінде көптеген деректер келтіреді. Үлкен педагогтар балалардың ойлау қабілетін арттыруда, эстетикалық сезімін тәрбиелеуде табиғатты шебер пайдалана білген. [23, 24, 25]
Халқымыздың көрнекті ұлы ағартушылары Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин - табиғат -сүйіспеншілік пен адамгершілік көзқарастарының негізі- деп түсініп, жастарға оны аялауға, оның тепе- теңдігін сақтауға ақыл- кеңес берген. Халқыыздың зерттеушісі Ш. Уәлиханов табиғат байлықтарының көзін ашып, оны ұрпақ тәрбиесінде пайдалануды ерекше атап көрсеткен. "Қазақтардың шамандықтың қалдығы"атты еңбегінде "О, Табиғат ! Өзіңіз айтыңызшы тіршілікте ' одан ғажап, одан қүпия не бар . . . Табиғаттың кейбір апаттарын, отты кейбір жануарлар мен қүстарды, тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлейді. Осы аталғандарды құрмет түтып, оларға ырым жасап тұру, адам баласына байлық пен бақыт-құт әкеледі '" деп түсіндіреді.
Ғалым қоршаған табиғат-аясының адамның жан дүниесіне тікелей әсер ететінін тартымды сипаттайды, бүкіл тіршілікті қоршаған орта ерекшелігіне байланыстыра отырып, салыстыра қарайды. Табиғат құбылысы арқылы дүние сырын, тіршілік пен тұрмыстың мәнін, адам баласының табиғат аясындағы орнын айқындак түседі. Табиғат пен адамды тұтас алып қарауында қоршаған ортаның адам мен қоғамның дамуына тигізетін әсерін айқын көрсете білді. [5]
Қазақтың белгілі ойшыл ағартушысы Ы. Алтынсариннің өз шығармаларында табиғат көріністерін жырлай отырып, экологиялық тәрбиеге баса назар аударған. Әсіресе "Бай баласы мен жарлы баласы" деген әңгімесінде әрбір қазақ баласы кішкентайынан бастап, табиғат сырларын түсініп, дала табиғат заңдылықтарын үғынып, зерделеп өсуі керектігі айтылады. Неғұрлым табиғат сырларын терең танып, табиғатпен етене жақын болған бала қандай қиыншылықтарда да мүдірмей өтетіні белгілі. [26, 27]
Абайдың шығармаларынан қоршаған орта, оны қорғау туралы табуға болады. Ол қоршаған ортаның бір-бірімен өзара байланыста, үнемі өзгеріс дамуда болады деп қарастырды. Абай дүниенің болмысын оның болған және бола беретіндігін, табиғаттың өмір сүру заңдылықтарын түсінген.
Табиғаттың әсем көріністері арқылы жас-ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерін, табиғатты қорғау, аялау сезімдерін тәрбиелеу туралы даналық сөздері осы кезге дейін құнын жоймай біз үшін баға жетпес дүние. Ш. Құдайбердиев "ар, ұяты бар, қайырымды ұстамды адам қоғамның кез- келген кезеңінде өзінің лайықты орнын біледі "- деп ескерткен.
Ұлы ғұлама ойшылдардың қоршаған ортаға, табиғат болмысына деген ой- пікірлері мен көзқарастарының көкейтестілігі бүрынғыдан артпаса кеміген жоқ. Экология проблемасы ғасырлыр бойы ғалымдардың зерттеу объектісінен тура болса, жанама болса түскен емес. [6, 28]
Эколог ғалым Ғ. Сағымбаев "Табиғатты өзгерту, байлықтарын пайдалану қазір өзінің шегіне жеткенге ұқсайды. Мүны елемей, қоршаған ортаны осы қарқынмен тонай берсек, табиғат өздігінен қалпына келу мүмкіндігінен айырылып, жер бетіндегі тіршілікке үлкен қауіп төнеді", - дей отырып, туған табиғатты аялап, халқымыздың болашағын ойлау абыройлы борышымыз екендігін келешек ұрпаққа міндеттейді. Осындай келеңсіз жәйттарға жол бермеу үшін ғалым табиғатты үтымды пайдаланудың ғылымк теориялық негізін жасады. Адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасының адамгершілік аспектісін ашуда, ақыл-ой мен сезімін тәрбислеуде, сананы қалыптастыруда адамның экологиялық мәдениеті жетекші орын алады.
"Экологиялық мәдениетке" тәрбиелеу қажеттілігі XX ғасырдың 70-ші жылдарында айқындалды. Ол бір жағынан, орта мектептерде экологиялық білімнің снгізілуімен байланысты болса, ал екінші жағынан, экологиялық дағдарыстың тереңдеп, қоршаған ортадағы үйлесімділіктің бұзылуы әсерін тигізді. "Мәдениет экологиясы" терминін ең алғаш рет академик Д. С. Лихачев 1980 жылы ұсынды. Оның пікірінше, адамгершілік факторынан құрылған адам тіршілігінің объективті негізі - мұраларды сақтау, сондықтан мәдениет экологиясын адамгершілік экологиясы ретінде қарастырады. Мәдениет экологиясының заңдарын сақтамаған жағдайда ол қоғамның адамгершілік, рухани жағынан құлдырауына әкеліп соқтыратындығын ескертті.
Сондықтан, біз Д. С. Лихачевтің төмендегі тұжырымын басшылыққа алдық: "табиғат пен адам" арасындағы қарым-қатынас -өздеріне тән "мінез-құлық ережелері" бар, әлеуметтік екі мәдениетгің қарым-қатынасы. Екі мәдениет тарихи дамудың жемісі, оның ішінде, адам мәдениеті табиғаттың ықпалымен дамыса (адамзат тіршілік ете бастаған кезден), ал табиғат адам мәдениетімен тығыз байланыста дамыды. [29]
Сонымен, мәдениет саналы өзгерістің - адам мен табиғат арасындағы өзара қатынастардың барлық жүйесін қайта құруға үлкен жаңалық жасайтын адам тұрмысының сфсрасы болып есептеледі.
Экологиялық мәдениеттің классикалық анықтамасын И. П. Сафронов бсрді. Ол экологиялық мәдениетті "рухани құндылықтарды, әлеуметтік институттардың барлық түрлерінің жүйесін және белгілі бір әлеуметтік бірліктің шеңберіндегі табиғатты танып-білумен, меңгерумен және жаңартумен тікелей байланысты адам іс-әрекстінің нәтижелерін көрсететін, адам, қоғам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастардың сипаты мен саналық деңгейін білдіретін жалпы мәдениеттің арнайы бөлігі" ретінде анықтады. Ол мәдениет ұғымын аксиологиялық, іс-әрекеттік, семиотикалық, әлеуметтік, гуманистік тұрғыдан түсіндірді [30] .
Ал, монографиялар мен диссертацияларда экологиялық мәдениет ұғымын сан алуан тұрғыдан ғылыми деңгейде түсіндіріп, ор қырынан анықтама берілгсн.
Кейбір зертгеушілер бұл ұғымды табиғатты қайта құрушы іс-әрекеттің мәдениетіне саяды. Бұл тұрғыдан қарауды бірінші рет М. С. Каған ұсынды, оны одан әрі А. И. Кочергина және т. б. өз зерттеулерінде жалғастырды. Экологиялық мәдениеттің бұлтар ұғымын басқа зерттеушілер толықтырады. Мысалы, Э. С. Маркарян: "Экологиялық мәдениет қоғамның табиғатпен ғана емсс, сонымен бірге әлеуметтік-тарихи ортамен өзара әрекетінің тәсілдерін сипаттауды талап етеді", - деп көрсетеді.
В. И. Вернадский бойынша, экологиялық мәдениет, адамзат дамуының сапалық қасиеттерге ие болатын бағыттылық векторы. Ал Э. В. Гирусов бұл көзқарасты қолдай отырып, мәдениетті "материадцық және рухани құндылықтардың жиынтығы, сонымен бірге қоғамның алға басуын қамтамасыз ететін адам іс-әрекетінің тәсілдері ретінде" айқындайды, ал экологиялық мәдениетті "ортаның тіршілікке жарамдылық талаптарына әлеуметтік іс-әрекеттің сәйкестігінің себепшісі болатын" жалпы мәдениеттің бөлігі ретінде қарастырады [31, 32, 33] .
Хейзингтің пікірінше, экологиялық мәдениет бұлрухани және материадцық құндылықтардың сай келушілігі; индивидуумның, бірлестіктің және биосфсраның (алдымен, индивидуумның денсаулығы, социум мен биосфераның қолайльшыга) үйлесімділігі; тіршілік формаларын дамыту мен көбейтуге, сақтауға жагдайлар жасауды қадағалау [34] .
Экологиялық мәдениет ұғымының мазмұнын кейбір ғалымдар (И. Л. Носова, М. С. Каған) утилитарлық практикалық аспекті тұрғысынан біржақты карастырса, ал ғалымдар Л. Я. Станис, Е. В. Станис "экологиялық мәдениет, ұлттық, әлеуметтік, мемлекетара-лық жонс басқа да дау-жанжалды шешуге мүмкіндік бсріп, жалпыадамзаттық құндылықтың мөртебесін арттырып, жер бетінде тіршілік пен цивилизацияны сақтауға адамзатты біріктіреді", -деп есептейді.
“Экологиялық мәдениет" салыстырмалы жаңа ұғым, ол дүниежүзілік мәдениеттің маңызды кезеңі жөнс кұрамды бөлігі. Экологиялық мәдениет ұғымының пайда болуы экологиялық қауіпсіздікті болжау, қоршаған табиғи ортаны қорғау мен жақсартуды қамтамасыз ету қажеттілігін түсінумен тығыз байланысты екендігін көрсетеді.
К. Исламова “Экологиялық мәдениет" ұғымын төмендегідей тұжырымдайды. ''Экологиялық мәдениет - қоғамның табиғи ортамен ғана емес, әлеуметтік тарихи ортамен өзара әрекетінің тәсілдерін сипаттайтын, барлық рухани өмір мсн істе көрініс табатын, адамзат мәдениетінің маңызды бөлігі және табиғаттың құндылығын түсінетін, экологиялық білім жүйесімен, экологиялық іс-әрекетпен, қоршаған ортаға ізгілік қарым-қатынаспен сипатталатын түлғаның ерекше қасиеті".
Экологиялық мәдениет - әлеуметтік табиғи түзілім, оның құрылымы өзара тығыз байланысты бөліктерден тұрады: экологиялық білім; экологиялық мінез-құлық; экологиялық тәрбие; экологиялық, сана; экологиялық сенім; экологиялық қарым-қатынас; экологиялық іс-әрекет.
Ғалымдар И. Д. Зверев, А. Н. Захлебный, И. Т. Суравегина экологиялық білім мен тәрбиенің міндеті табиғатты қорғаудың қоғамдық қажеттілігін ішкі қажеттілік пен қызығушылыққа толығымен өзгерту деп айқындайды [35, 36] . Осыған байланысты, біз табиғатты қорғаудың қоғамдық қажеттілігін ұғынуды білім, сезім, сенім, іс-әрекет деңгейінде жүргізіп, дсңгсйлсрдің өзара байланыстылығын жүзегс асыру қажет деп есептейміз.
И. П. Софранов, М. С. Коған, Э. С. Маркорли, Е. В. Стинис, К. Исламова, Сарибеков, А. Егенисованың еңбектерінен психологгар Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн, И. С. Кон, Е. М. Кудрявцева, В. А. Ясвин, Л. И. Божович, П. Я. Элъконин, А. Люблинская, М. Мұқанов, Қ. Жарықбаев, т. б. өз еңбектерінде окушыларға экологиялық білім мен төрбие беру жұмыстарында баланы қоршаған ортамен қарым-қатынастары барысында, оның психологиялық жас ерекшеліктерін ескергенде ғана нәтижелі болады деген пікірлер айтқан. Ал, С. Л. Рубинштейн әрбір жеке тұлғаның қоршаған ортамен байланысының басты компоненттерінің бірі -қарым-қатынас деп санайды. Ол оқушының табиғатқа адамгершілік қатынасын қалыптастыру, мінез-құлық нормаларын дамыту екенін айқын көрсетеді. Оның пайымдауынша басқа адамдармен жарамды қатынасқа ену, басқа адамдардың адамша тіршілік етуіне жағдай жасай білу, тек толық бағалы адамның ғана қолынан келуі мүмкін, ал ол дегеніміз дуниеге, өмірге, табиғатқа шын дос қатынастағы адам болуына негіз болады. [30, 37]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz