Кен орын ауданынын геологиялық зерттеу және игеру тарихы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2

1. Кен орын туралы жалпы мәліметтер ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
2. Кен орын ауданынын геологиялық зерттеу және игеру тарихы 4
2.1. Құмкөл кен орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2.2. Стратиграфиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
2.3. Тектоникасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2.4. Мұнайгаздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.5. Сулылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12

3. Мұнайдың физико.химиялық сипаттамасы және қабаттық судың қасиеттері ... ..15

4. Мұнай және газ өндіру техникасы мен технологиясы ... ... ... ...15
4.1. Ұңғы игеру әдістерін таңдау нұсқаларының түсіндірмесі ... ... ...15
4.2. Ұңғыны игерудегі күрделенулермен күресудегі (ескертулер бойынша) шараларды жүргізу ... ... ..16
4.3. Ұңғы өнімін өнеркәсіптік дайындау және жинау жүйесіне берілетін рекомендация және талап ... ... ... ... ... ... ... ... ..16

5. Ұңғыны бақылау, зерттеу бағдарламалары және де зерттеу жұмыстары ... ... ... ...17
5.1. Зерттеу жұмыстарының бағыты және мақсаттары ... ... ... ... ... ... ..17
5.2. Жоспар және де зерттеу жұмыстарын жүргізудің реттілігі ... ... ... 19

6. Топтық қондырғы және оның жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... .20
6.1. Процесті бақылау және автоматизациялау жүйесі ... ... ... ... ... ... ..
6.2. Технологиялық процесті жүргізудегі негізгі қауіпсіздік ережелері 21

7. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
7.1. Ауа бассейнін қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
7.2. Жер және жер қойнауын қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
1. Кен орын туралы жалпы мәліметтер ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
2. Кен орын ауданынын геологиялық зерттеу және
игеру тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2.1. Құмкөл кен орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2.2. Стратиграфиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 7
2.3. Тектоникасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .9
2.4. Мұнайгаздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1 0
2.5. Сулылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
3. Мұнайдың физико-химиялық сипаттамасы және
қабаттық судың қасиеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
4. Мұнай және газ өндіру техникасы мен технологиясы ... ... ... ...15
4.1. Ұңғы игеру әдістерін таңдау нұсқаларының түсіндірмесі ... ... ...15
4.2. Ұңғыны игерудегі күрделенулермен күресудегі
(ескертулер бойынша) шараларды
жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
4.3. Ұңғы өнімін өнеркәсіптік дайындау және жинау
жүйесіне берілетін рекомендация және
талап ... ... ... ... ... ... ... .. ... 16
5. Ұңғыны бақылау, зерттеу бағдарламалары және де
зерттеу
жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... 17
5.1. Зерттеу жұмыстарының бағыты және
мақсаттары ... ... ... ... ... ... . .17
5.2. Жоспар және де зерттеу жұмыстарын жүргізудің реттілігі ... ... ... 19
6. Топтық қондырғы және оның жалпы
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... .20
6.1. Процесті бақылау және автоматизациялау
жүйесі ... ... ... ... ... ... ..
6.2. Технологиялық процесті жүргізудегі негізгі қауіпсіздік

ережелері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .21
7. Жер қойнауын және қоршаған ортаны
қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... .23
7.1. Ауа бассейнін
қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...23
7.2. Жер және жер қойнауын
қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ..24

КІРІСПЕ

Құмкөл кен орны 1990-шы жылдың мамыр айынан бастап ЦКР МН СССР -мен
бекітілген НИПИ мұнайгазбен құрастырылған технологиялық схемаға сәйкес
игеріліп жатыр ( протокол №126, 1988 жылдың 13 шілде айынан бас- тап ).
Біз білетініміздей кен орын екі аймаққа бөлініп, ХҚМ ААҚ және Тоғай Пет-
ролеум ЖАҚ-мен игеріліп .
1.12.2001 жыл бойынша кен орынның оңтүстік аймағындағы 311-і ұңғы
бұрғыланған, оның ішінде 205-і пайдалану ұңғысы, 61-і айдау, 4-еуі газды, 7-
еуі бақылау, 1-еуі барлау, 4-еуі консервацияда және 15-і қабат қысымын
көтерудегі су айдау ұңғысын құрайды.
1.12.01 жыл бойынша Құмкөл кен орнынан игеруден бастап 21349920мың т., жыл
басынан бастап 2528856мың т. мұнай өндірілді.
1997 жылдың желтоқсан айында Оңтүстік Құмкөл кен орны пайдалануға бе-
рілді. Игеруден бастап кен орнынан 1768552мың т., бастапқыда 557706мың т.
мұнай өндірілді.
2000 жылдың мамыр айынан бастап батыс фирмасы “ KUDU” винттік сорап-тары
пайдаланылуға енгізілді. Осы сораптарды орнатқаннан кейін кен орнындағы
өндіру көлемі сәйкесінше жоғарылады.
Кен орынның солтүстік-шығысында және орталық бөліктерінде жаңа сква-жиналар
бұрғыланды: № 323, 2047, 324, 325, 245, 247, 320, 4001, 327, 329.
2001 жылдан бастап Оңтүстік Құмкөл кен орнында жаңа ұңғылар бұрғыланды: №
15, 17, 22, 23, 19, 18, 20, 21 және де Оңтүстік Құмкөл кен орнында
сәйкесінше өндіру көлемі өсті.
Бұдан басқа компания шығыс Құмкөл ауданынан жаңа барлау ұңғыларын
бұрғылады: № 5, 6, 7. № 5,6 ұңғылар сыналды және де мұнайдың ағуы белгі-
ленді. Кен орын контурланды және де № 5,6 ұңғыдан мұнай өндірілуде.
Сонымен қатар Қызылқия, Арысқұм, Майбұлақ кен орындарында бұрғылау
жұмыстары жүргізілді. КАМ кен орны бойынша мұнай өндіру орташа 500 т.
болды.
МДОП-дегі ( ЦППН) судың көбеюі және алдын-ала суды түсіру үшін кен орында
(УПСВ) алдын-ала суды түсіру участогымен жабдықталды. Сонымен қатар
батыстық үлгідегі қабаттық қысымды ұстау үшін жаңа (БКНС) блокты тармақты
сорап станциясы (БТСС) тұрғызылды және де пайдаланылуға жаңа айдау ұңғылары
№ 15р, 247, 249, 2083, 2126 енгізілді. БТСС-ны енгізгеннен кейін айдау
14000м³тәу.-ке дейін жоғарылады. Су айдауды жоғарылату үшін барлық айдау
ұңғыларының сулары ауыстырылды.

1. КЕН ОРЫН ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

Кен орын ауданы Қарағанды облысының Ұлытау ауданының оңтүстік-шығысында
орналасқан. Кен орын жері негізінен Қызылорда облысына қысқа мерзімге
пайдаланылуға берілген және Жезқазған қаласынан 280 км, Қызылордадан 180 км
жерде орналасқан.
Құмкөл кен орны солтүстік континентальдік шөлдер аймағында солтүстік
ендіктен 46°15´-46°45´ және шығыс бойлықтан 65°15´-65°30´ шектері ара-
лығында орналасқан.
Бұл далалы аймақ сусыз және елді-мекенсіз жерде орналасқан. Жосалы және
Жалағаш темір жолдарынан 150-200 км-де орналасқан.
Құмкөл кен орнының территориясы үлкен өзен беті қазаншұңқырында
шоғырланған.
Жақын орналасқан елді мекендер: Жалағаш теміржол станциясы (150 км), Жосалы
(210 км), Қарсақбай (210 км) және Сәтбаев кенті (250 км). Кен орнынан
шығысқа қарай 230 км қашықтықта Омск-Павлодар-Шымкент мұнай құбыры өтіп
жатыр.
Облыс орталықтары Қызылорда қаласы және Жезқазған қаласынан 160 км және 290
км қашықтықта орналасқан.
Орфографиялық қатынаста кен орын ауданы теңіз деңгейінен 106-109м абсолютті
рельеф белгісімен сипатталатын далалы аймақ болып табылады.
Құмкөл кен орны территориясы субмеридиан бағытымен созылған дұрыс емес
сопақша пішінді, ертедегі үлкен өзен беті қазаншұңқырында орналасқан.
Оңтүстік бөлігінде, әсіресе оның оңтүстік-батыс бөлігінде зол генезисінің
құм массивтері дамыған, ең ірісінің ішінде Арысқұм құмдары (биіктігі 10-15м
асатын) жатыр.
Кен орнынан оңтүстікке қарай кедір-бұдыр жартылай қатқан құмдармен
күрделенген Арысқұм құм массиві және де тартылуға жақын Арыс тұзды көлі
орналасқан.Батысқа қарай 15 км жерде орналасқан 70-80 м Чинк биіктігі
өзгермейтін тегіс жердің көтеріңкі плитасы 150-200 м бедер белгісі бөліп
тұр.
Фуданның ауа райы тез өзгермелі,мезгілімен тәуліктік ауаның температура
тербелісі,ылғалдылығы өте тапшы және аз мөлшерде отырады.
Жазда ең үлкен температура +30º-35º С ыстық, қыста -38º-40ºС аяз.Жыл
бойындағы түсетін ылғал мөлшері 150 мм-ге дейін,негізінде қыс,күз
мезгілдерінде түседі.
Оңтүстікте ағып жатқан Сырдария өзені кен орнынан 210 км қашықтықта
орналасқан. Жануарларды суару үшін алаңға жақын жерден Қызылорда
гидрогеологиялық экспедициясымен өзгермейтін тегіс жерден артезиян ұңғысы
бұрғылнған.
Қазіргі кезде ГӨБ “Южказгеология” кен орны аймағында құрылыс материалдары
бар екені анықталды.

2. АУДАННЫҢ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ИГЕРУ
ТАРИХЫ

Оңтүстік-Торғай ойпатының тиімділігі 1970 жылдың бастапқы кезінде жоғарғы
Палеозой шөгінділермен байланысқан.Ол гравитациялық өлшеміне мәліметтермен
негізделген магнитті және геологиялық түсірген масштабы: 1:500000 және
1:200000 аналогиялық Қостанай седловинасы бойынша Чу-Сары депрессиясымен
аймақтық сирек тарабындағы сейсмологиялық кескінінің жұмысын орындап
болғаннан кейін Арысқұммен КМПВ және жыланшық ғылми-геологиялықзерттеулер
жұмыстары нәттижесіңде Юра-триас грабень синклиналы(68-72) және мезозой
қимасында тиімдіге жатады.
Юра шөгінділерінің қимасындағы 2-к құрылымдық скважинасында,ал неоком
шөгінділеріндегі 15-қ құрылымдық скважинасында мұнайдың алғашқы белгілері
кездесе бастады.Турандық ГФЭ ‘’Казгеофизика’’ өндірістік геология бөлімі
аудан аймағындағы осы скважинадан 1983 жылы адымымен 4 километр
сейсмопрофильді іздестіру жұмысы атқарылып Құмкөл оипаты болады.
Осы жылы қосылған ΙΙΙ шығыстырылған горизонт ойпатында іздеу скважинасында
бұрғылау жұмысы басталып осы прцесстерінде кейін 4-П сынау кезінде ақпан
айының басында 1984 жылы жоғарғы неоком шөгінділерінен алғашқы мұнайдың
атқылау ағысын алды,ал одан әрі жұмысын тереңдете түскенде Юра
шөгінділерінен мұнай және газдың атқылауы болды.

Іздеу барлама жұмыстарының нәтижесінде 1984-1985 жылы Құмкөл кен орнын
төменгі неоком,жоғарғы және ортаңғы Юра шөгінділерінде мұнай бар екені
анықталды. Турандық геология-геофизикалық экспедициясы тексергенде
Құмкөлдің өз ойпаңынан ойпаң пайда болып, оны Солтүстік Құмкөлдеп атаған.
1987 жылдың басында қайта өңдеу нәтижесінде сейсмологиялық қиындатылған
бағдарлама бойынша Қазақстан методикалық тәжірибе экспедициясы батыс және
шығыс учаскелерінің ұмкөл кен орнымен қиылысатын жері өнімді қабат болып
табылады.Манғышылақ мұнай бірлестігі 1987 жылыкен орнында пайдалану-
бұрғылау жұмыстарын бастап,қосымша оның өңдеу жұмыстарын бірге атқарады.
Құмкөл экспедициясы 1988 жылдың бірінші қаңтарынан бастап Құмкөл мұнай
бірлестігіне МГӨК қарамағына беріліп өздігінен жекеше болып саналады.
Құмкөл кен орнында көбіне фонтанды әдіспен және механикалық әдіспен
игеріліп жатыр.

1. ҚҰМКӨЛ КЕН ОРНЫ
Құмкөл кен орны Қарағанды облысында орналасқан және Ащысай горст-

антиклинальді дөңбегінің тереңірек батқан бөлігінің оң жағындағы
Арысқұм иілімінің шегінде орналасқан антиклинальдітқұрылымында
жатыр.Құрылымның өлшемдері 20 x 8 км² құрайды.Құрылым үш те ктоникалық
бұзылыстармен күрделенген .
Өндірістік мұнайгаздылық төменгі неоком және Юра қабаттарында
табылған.Төменгі неоком (Арысқұм горизонты) екі өнімді горизонт( М-I,М-II)
,белгіленген,ал жоғарғы Юрада(Құмкөл свитасында ) төрт горизонт(Ю-I,Ю-II,Ю-
III,Ю- ΙV),
Бор горизонты шоғырының кеніш тереңдігі 1065-1120 м интервал аралығында,Юра
шоғырынікі 1190-1370 м тереңдікте орналасқан.Юра горизонттары газды телпек
бар.Өнімді қалың құмды қабатшалардың сазды қабатшаларға енген қалыңдық
бойынша да, аудан бойынша да байқалады.Барлық өнімді горизонттардың мұнайы
парафин құрамының 12%-ке дейін және асфальт-шайырлы заттардың құрамының 7%-
д еңгейінде жоғарылығымен сипатталады,суу температурасы-+13º .Бор
горизонтындағы мұнайдың парафинге қанығу температурасы-45,1-45°С, ал Юра
шоғырындағы-31,1-35,7°С .
Кен орнының игеру жобасы бойынша 4 игеру объектісі белгіленген:
-I игеру объектісі бойынша М-I және M-II горизонты.
-II игеру объектісі бойынша Ю-I және Ю-II горизонты.
-III игеру объектісі бойынша Ю-IIIгоризонты.
-IV объектісі бойынша Ю-IV горизонты. –
М-I горизонты қиғаш СМЖ(-983-992 м) қабатты дөңбекті пішіндіболып келген.
М-II горизонтының шоғыры қабатты массивті шоғыр құрайды.Шоғыр биіктігі-23
м.СМЖ белгісі-996 -1000,8 м дейін.
Ю-I,Ю-II,Ю-IIIгоризонттары тектоникалық экрандалған қабатты дөңбек болып
келеді.Шоғыр биіктігі-127 м.Горизонттардың газды телпегі бар.ГМЖ-1112 м-де
СМЖ-1298 м-де белгіленген.
Ю-IV тереңдігі 1270-1320 м интервал аралығында жатқан газмұнайлы шоғыр
тән.Шоғыр қабатты-массивті стратиграфиялық және литологиялық экрандалған
күмбез типтес.ГМЖ-1179 м белгіленген.Мұнай қорын есептегендеСМЖ-1198
(белгіленді) деп қабылданған.

Кен орын бойынша мұнай мен газ қоры құрайды.
Мұнай, мың тн. Газ , млн. м³.
С1 С2 С1 категориясы С2 категориясы
категориясы категориясы
Еріген газ Бос газ Еріген газ Бос газ
15318989423 33702003 227 1722

құмкөл мұнайгазды кондинсатты кен орны оңтүстік Торғай ойпатының

орталық Арысқұм ішінде жатыр және палеозой іргетасының фундаментінің
Арысқұм дөңіне шоғырланған.
1989 жылдан бастап кен орны өндірістік игеруде 4 пайдалану обьектісі
игеріліп жатыр, олардың ішіндегі үшеуі (Ю-I, II, III)-ортаңғы және жоғарғы
юра қабаттарында; біреуі (М-I, II) төменгі неокомдағы Арысқұм горизонтының
қабаттарында жатыр. Шоғырлар типі бойынша қабатты – күмбезді; 1050-1350 м
тереңдікте шөккен. Шоғыр биіктігі 300м-ге дейін барады. Құмкөл свитасының
ең өнімді жалпы қалыңдығы 10-80м аралығында өзгереді.
Ю-I, II, III және IV горизонтының шоғырлары газды телпекке ие. Парафин
және еріген газдың көп болуы негізінен кен орны мұнайының компонентті
құрамына тән. Шығарылатын қоры С1 категориясы бойынша 89,423 млн. тоннаны
құрайды және де белгілі 16 мұнай- газ кеніштерінің қорынын асып түседі. Бұл
шоғырланудың шартты факторларын мұқият бағалап, тектоникалық режимнің
ерекшеліктерін, шөгінділердің жиналу шартын және де Құмкөл құрылымының
қалыптасуын, басқа да ірі зоналар және Арысқұм иіліміндегі кен
орындарымен салыстыра отырып талдау жүргізуді талап етеді . терең бұрғылау
және де кәсіптік-геофизикалық зерттеулер мәліметтері бойынша кен орнының ең
мұнайға қаныққан бөлігі оның солтүстік бөлігіне орналасқаны белгілі болды.
Кен орнының солтүстік ұңғы қимасында өнімді гаризонттар толық жетілгендігі
стандарттық, индукциялық, радиоактивтік каротаж қисықтарында анығырақ
қөрінеді.
Оңтүстік бағытқа қарай жеке мұнайлы горизонттардың бөлінуі және де қабаттық
корреляция түгелімен қиманың өнімді бөлігінің айтарлықтай түрде қысқаруымен
және ГИС мәліметтері бойынша олардың әртүлі белгіленуімен күрделенеді. Кен
орны ішкі құрылысының ерекшеліктерін толық білу ағымдағы өндірістік
игерудің жетілуін және де мұнай өндірудегі қосымша резервтерді анықтауда
үлкен практикалық маңызға ие болады.
Игеру тиімділігін жоғарылату мәселесі кен орнының ішкі құрылысы және де
оның қимасының біртекті емес екендігін бағалау керек болғанда және игерудің
жетілген кезеңіндегі жаңадан пайда болған қосымша ақпараттарды бағалауда
аса зор мәнге ие болады. Бұл мәселені шешеуде техникалық сипаттама және де
әртүрлі факторлардың техногенді әсері сияқты әдеттегідей сұрақтар бәрінің
назарына аударылады. Ағымдағы игеру жағдайындағы ең сипаттырақ мәселе – бұл
қабатқа айдалатын арынды және альб – сеноман суларының сәйкессіздігінен
коллектор каналдарының тесігінің бітелуі , тұз қабаттарының шөгуі ұңғы
өнімділігін төмендетуге , мұнай және суды тасымалдаудағы құрал-жабдықтардың
уақытынан бұрын істен шығуы және коррозияға ұшырауы.
Одан басқа қазіргі уақытта (мұнай өндіруде) жаңа обьектілерді енгізуде
солтүстік, яғни кен орнының айтарлықтай бөлігі қалып барады. Бұл белгілі
дәрежеде бөлектенген аймақтардағы қабат қысымының төмендеуі және де мұнайды
еріген газ құрамының жоғары болуымен, газ телпегінің

тұрақсыздығымен түсіндіріледі. Осыған байланысты жағымсыз факторлардың бірі
болып мұнай өндірудегі тиімділікті төмендететін газдар ағыны және қиманың
жоғары бөлігінде техногенді шоғырлардың қалыптасуы мәселесі
қарастырылады.
Кен орны құрылымының палиотектоникалық дамуы ерекшеліктері және ішкі
құрылысы бойынша алынған жаңа мәліметтер бойынша игеру тиімділігін және де
мұнай өндірудегі қосымша резервтерді анықтауда геологиялық есептердің
дұрыс шешілу қажеттілігін дәлелдейді. Соның ішінде қиманың біртекті
еместігін ескеретін геолого – геофизикалық моделінің дұрвыс болуы.
Кен орнының ішкі құрылысымен нақтырақ танысу – бұл қатар орналасқан ұңғылар
дебитінің күрт төмендеу себебін, айдау және көрші өндіру ұңғымасы
арасындағы байланыстың болмауын анықтауда, аймақ контурын белгілеуде қажет
болады. Бұдан басқа кәсіптік –геофизикалық мәліметтер кен орнының
шектерінде оқшауланған аймақтардың болуы геологтар мен игерушілердің
мәліметтерінде айқындалмаған СМЖ –ның бастапқы жағдайынан күрт өзгеруі
туралы мәліметтер бар.
Аудан және кен орны шоғырының өзі белгілі мөлшерде геолого – геофизикалық
және кәсіптік сипаттамасы негізінде диференцияланады.
Игерудегі бақылау резервуарлардың ішкі біртекті еместігін анықтауда, яғни
бір-бірінен оқшауланған зоналардың болуын көрсетеді. Мұны барлық геолого –
геофизикалық және гидродинамикалық моделдердің түгелденуінен кейін
жүргізуге болады.

2. СТРАТИГРАФИЯСЫ

Құмкөл кен орнының қимасы мезозой, кайнозой шөгінділерімен көрсетілген.
Арысқұм ойпатында және кен орнында мезозой , кайназой екі құрылымдық
қабаттарға бөліктелінеді. Бөліктер аймақтық стратиграфиялық сәйкес
келмейді.жоғары юралық және бор.
Мезозой тобы -МZ
Юра жүйесі - J
Ортаңғы бөлік -J2
Ортаңғы Юра шөгіндісі дощан ұңғысына (J2d) бөлінген олар қабаттасқан түрде
, сұр аргилиттен құралған. Свитаның ермгіндегі бөлігінде жиі кездесетін
біркелкі қабаттасқан құмтастар және аргилит қалыңдығы 12-ден 56м-ге дейін ,
ал мұнайлы болып табылатын (горизонт Ю- IV) свитаның төменгі жағындағы
құрылымдық қабатында 4-6 м аралығында көмір қабаты бар. Төменгі свитаның
бөлігі Ю- IV горизонты жыныс фундаментіне татитын жердегі қосымша
құрылымдық бөлігіне қосылады.
Оңтүстік- батыс бөлігіндегі шөгінділері дощан свитасына толық қосылады.
Оның қабатының қалыңдығы 219м-ге жетеді.
Арысқұм ойпатының грабень синклиналды свита құрылысы сазды болып , оның
қалыңдығы 502 м-ге дейін жетеді.
Бор жүйесі –К
Құрылымдық бұрғылау кескінінің мәліметтері бойынша бор шөгіндісі кен
орнында және ауданда бөлінеді, даул және Қарашатау свитасының төменгі
бөлігі, балапанның жоғарғы бөлігі және туронсенон болып бөлінеді.
Төменгі бөлім -К1
Неоком ярус үсті неокм ярусшасы даул свитасына бөлінген.
Қоскөл свитасының бұрыштық құрылуымен келіспей төменгі және жоғарғы даул
ярусшалары болып бөліктенеді. Төменгі даул ярусшасы негізінде Арысқұм
горизонтының құрамын ұстап тұрады, яғни Құмкөл кен орнында көрсетілгендей
құммен және қоңыр сазды қабатта карбонатты алевролит және саздан құралған.
өнімді горизонты М- I және М- II болып саналады . Төменгі даул свитасының
жоғарғы бөлігі саздан және карбонатты алевролиттен құралған саз қалыңдығы
113-163 м. Бұл өнімді арысқұм горизонтының беткі сұйық тірегі болып
саналады. Жоғарағ даул ярушасы төменгі және ортаңғы қимасында біркелкі құм,
қызыл түсті саз жынысты болып, ал жоғарысында саз болып құралған.
Апт-альб ярусы (К1а-К1а1)
Апт-альб шөгіндісі шайылып даул свитасында жатыр және қарашатау свитасына
біріккен. Свита әлсіз цементтелген, сұры және әртүрлі түсті құмтастан
тұрады. Свита қалыңдығы 250-350м .
Төменгі, жоғарғы бөлімдері К1-
Альб - сеноман ярусы ( К1а1 - К2s ) .
Альб - сеноман шөгіндісі қарашатауп свитасында жатыр және қызылқия
свиталарына бөлінген , бұлар әртүрлі түсті саз алевролитінен, құм, құмтас
қабатшасының және саздан құралған. Свита қалыңдығы 87-168 м.
Турон ярусы (К2t)
Турон шөгіндісі балапан свитасына бөлінген. Ол қызылқия свитасынан
трансгрессивті жатыр және сұр құмтаспен , жұқа көлденең қабаттардан
жинақталған свита қалыңдығы 82 м-ден 150 м шегінде ауытқиды. Мұнда көмір
қалыңдығы бар. Жоғарғы туран- төменгі сенон (К2 t2 - Sn2 ). Бұл шөгіндінің
қалыңдығы шайылып балапан свитасының жынысында жатыр. Литологиясы бойынша
әртүтлі түсті ала құмнан және 123-236м саз қалыңдығы күйінде көрсетілген.
Жоғарғы сенон ( К2sn)
Жоғарғы сенон құрылымы шөгіндісінің шегі палеогеннің алдында жаратылу
себебінен көптеген ұңғыларда жинақталған қабатталған әктасты ақ құмнан және
сұр саздан бөлек құралған.
Палеоген төменгі эоцен (P1-P2)
Палеоген төменгі эоцен щөгіндісі шайылып жоғарғы бордың әртүрлі
горизонттарында жатыр олар күнгүрт сұр саздың қатты қаныққан көмір -
өсімдік детриотынан және кварц глапунитті құмнан құралған. Олардың ең
үлкен қалыңдығы 66 м-ге жетеді.
Неоген төрттік шөгіндісі (N-Q)
Неоген төрттік шөгіндісі сыртқы арысқұм иілімінің бөлімінде қалыптасқан.

Құмкөл құрылымына шартты түрде алаңның бетін жауып тұратын құм, супес
енгізілген, олардың қалыңдығы 10 м-ге жетпейді.

3. ТЕКТОНИКАСЫ
Оңтүстік Торғай ойпаты Туран плитасының солтүстік – шығысында
орналасқан. Ойпат бар палеогеннің табан бойындағы кешенінің шөгінділері
теріс құрылым күйінде көрсетіліп, Ұлытау антиклиналінің арасына тіркелген
және оның Оңтүстік жалғасы шығыста, Сырдария қосылған. Оңтүстік шығыс
қыратымен қамтылған, ал солтүстігінде қостанай седловинасымен қамтылған. Өз
ретімен Оңтүстік Торғай ойпаты екі иілімге бөлінеді.
Арысқұм, Майбұлақ седловинасына бөліктенген антиклинальді құрылымы
Арысқұм иілімінің шегінде орналасқан. Бұндағы бор палеоген кешенінің
қалыңдығы 1500-1700 м-ге жетеді. Бұндағы триас-юра шөгіндісі өздігінен
құрылымдық қабат құрап, ерекше маңызды болып, ең үлкен қалыңдықтың тартылуы
және толық стратиграфиялық диапазоны жіңішке сызықтың грабен синклиналы
гетерогенді негізінде геофизикалық мәліметтер бойынша Арысқұм иілімінің
шегінде субмеридиональді грабен синклиналь бағытында тартылғаны анықталады,
бұрғылау жұмыстары нәтижесінде және оларды бөліп тұратын тектоникалық
бұзылулар нәтижесінде фундамент блоктарға бөлінеді. Солтүстік-батыс болып
және шығыс-солтүстік шығысында созылып жоғалады.
Фундаменттің бұзылуы нәтижесі бір қатар горсты және грабенге бөлінеді.
Шығыс бөлігінің құрылымында горсты ойпаты айырықша бөлініп, оның көлемі 2,5-
3,5 километр және ұзындығы 24 километр болғанда амплитудасы 320 метрге
дейін барады. Фундаменттің бет жағының жатқан тереңдігі 1200-1620 метр
құрайды. Юра шөгіндісінде оның екі құрылым беті көрінеді, оның бірі Құмкөл
горизонтының жоғарғы юра ойпат ернегінің құрылуына шағылады, екіншісі
құмтас шөгіндісі ернегінің ойпатын сипаттайды. Осы бет жағының біріншісі Ю-
I өнімді горизонтының шағылысуы бар. Екінші беткі жағына IV шағылысу
горизонтына байланысты келесі ретпен өнімді IV горизонтының жамылғысында
дәл келеді. Құмкөл IV шағылысу горизонт жамылғысы бойынша, өзін
брахиантиклинал қыртысы бойнша көрсетеді. Қыртыс өлшемі изогипс бойында
1150 метр құрайды, ең үлкен амплитуда кезінде 160 метр.
Батыс жағында бұл жыныстың құлауы 1°30' құрайды, шығысында 2°30' қыртыс
тектоникалық (F1, F2, F3) бұзылуларымен қиындатылған. Көпке созылған F2
амплитудасының кілт түсуі шығыстан 80-100 метр құрап қыртысты қамтиды. [1,2
парқтар]
Солтүстік жағында бұл бұзылп F3 бұзылысымен түйістіріліп әрі қарай
сөнеді. Оңтүстік-батыс бөлігі құрылымдағы 12, 17, 19 скважиналарының аудан
аймақтарының скважиналардан өзгешелігі орта юра шөгінділерінің жоқтығы және
жоғарғы юра жыныстарымен фундамент жабылған. Уқытша қиындатылған өңделіп
жасалған қимасында ортаңғы юра шөгінді қалыңдығы фундамент бетіне көтерілу
кезінде төменгі бөліктің қимасына қиылысу есебіне анық көрінеді. Бұны
скважина қимасындағы корреляция куәландырады. Аудандағы скважиналарды аз
ғана изометриялық 1*1,5 километр амплитудасы 25 метр өлшемі болып тұр.
Батыстан, шығыс жағынан тектоникалық бұзыластармен шектеледі. Орта юраның
шөгіндісі алаңының шегіне қарп 0-ден 200 метрге өзгереді.
Құмкөл свитасының қалыңдығы алаң бойынша тербелісі 55-75 метр
шамасында, ал учаскесінде фундаменттің көтеріңкі ойпан учаскесінде 34-48
метрге азаяды.
Құмкөл өзін сызықтық ассиметриялық антиклиналь қыртыста көрсетіп,
оңтүстікке қарай ығысқан. Опан өлшемі 17*4 километр құрайды, 57 метр
амплитуда кезінде тұйықталған изогипс бойында 1000 метр. Жоспардағы
тәжірибе дәл келетіндей шығыс құрылымы қанаты флексурамен қиындатылып, F1
тектоникалық бұзылуы юра шөгіндісін кеседі. Әр түрлі ойпан беттеріндегі
жоспар бойынша орындарына қойсақ, Арысқұм горизонтының ені азаяды да, оның
конфигурациясы өзгереді және орталық шығыс Ю-I горизонт ойпан бөлігіне
қарап ығысқан.

4. Мұнайгаздылық

Арысқұм ойпатын бұрғылау нәтижесінде 1983 жылы 2-құрылымдық
скважинасынан мұнайлылығы жөніен 1өхабар алдық, бұл 13541 сейсмопрофильді
аймағында орналасқан. Неоком және Юра шөгінділерінен алынған кернден күшті
жанармай иісімен мұнай белгілері жақсы байқалды және керндердің алынған
беттерінде ала дақтан болды.
Арысқұм ойпатында жүргізген геология барлама жұмыстары нәтижесінде үш
кешеннен тұратын ортаңғы Юра, жоғарғы Юра және төменгі Неоком
шөгінділерінің мұнайлылығына көз жеткізіп отыр. Бұдан басқа триас, төменгі
триас кешені бөлініп Jк – Арысқұм көрсеткіш скважинасын бұрғылау
нәтижесінде газдың белсенді түрде шығуы байқалады. Осы құмкөл кен орнындағы
өндірістік қабат кешенінен тұратын алаң, дощан алаңындағы 4-скважинадан
айырмасы бар.
Жоғарғы Юра шөгінділері Арысқұм алаңының көтеріңкі ойпат бөлігінде
жетілген шөгінділердің өндірістік өнімді қабат қоры Құмкөл, Арысқұм және
Қызылқия кен орнындарында орналасқан. Караванщи алаңынан мұнай ағысын
жоғарғы Юра шөгінділерінің сынау кезінде, қабат сынағышпен алды. Ақшабұлақ
Fк параметрлік скважинасының және 2-к Арысқұм скважиналарын құрылымдық
бұрғылау жұмыстарымен бірнеше скважина қатарларынан алынған керндер
мұнгайдың барекені жағыл түрде және майдың иісі шығып байқалады.
Қазіргі кезде сейсмологиялық зерттеулермен Ақшабұлақ иіліміндегі құрылымда
бірнеше тиімді мұнайлылығы бар Ақшабұлақ және Ақсай үлкен деген алаңдарын
ерекше атап өтуге болады. Одан басқа Майбұлақ седловинасын өлшегенде
Жыланшық иілімінде тиімді ойпан шықты. Құмкөл кен орнында өндірістік
мұнайлылығының қоры төменгі Неоком және Юра шөгінділерінде орналасқан
төменгі неокомнан екі өнімді (М- I, М- II) горизонты байқалады, жоғарғы
Юрадан үшеу Ю-I, Ю-II, Ю-III және ортаңғы Юрадан біреу (Ю- IV).
Бор қабатында өнім 1065-1120 метр аралығында орналасқан, ал Юрада 1190-
1370 метр тереңдікте сонымен қатар кен орында екі қабатты өнімді қабат бар.
Төменгі Бор және Юра өнімді қабаттары көп скважиналардан ерекше байқалып
кен орнында жақсы таралған. Қалыңдығы 8-ден 20 метрге дейін сазды бөлік М-
III және М- II Бор қабатын ажыратып тұр, ал саз қалыңдау бөлімшелері қабат
арасындағы Ю-I, Ю-II және Ю-III горизонттары h=1826 метр деңгейінде
болады. Біркелкі 12-34 метр Ю-III горизонтының саз қалыңдығы биіктігі
жағынан жақсы игерілген Ю- IV горизонтын бөліп тұр. Алаңның мұнайлылығы
және Бор деңгейіндегі биіктік қоры және Юраның өнімді кешенінің жоғарыдан
төмен азаяды, сонымен басқа осындай кен орнының түрі осы сияқты
сипаттталады. Бор өнімді қабатына сипаттама М- III жазықты үш қабатты
коллектор түрінде көрсетілген, олар саздармен бөліген жоғарғы екі қабатының
қалыңдығы бірдей тұрақты барлық құрылымымен жүріп, алаңның оңтүстік
бөлігіне келіп құлайды. Төменгі қабат қалыңдығы ұстамсыз және 20, 18, 3,
17, 10 скважиналарында өткізбейтін жыныстармен қосылған. Төменгі және
ортаңғы қабаттары алаңдағы 9-скважинаға құяды. өнімді қабаттар № 37, 9, 23,
24, 32, 40 скважиналарда анықталып дәлелденген. Орталық және оңтүстік
қорының геология-геофизикалық зерттеулер нәтижесінде 7 және 11 скважиналар
бойынша су-мұнай 7-скважинадан 981,7 метр аралығында алынады. Ең үлкен
мұнай қалыңдық шамасы 3, 8, 9, 24 скважина аудандарына жасалған. Сонымен
қабат биіктігі 43,2 метр мұнай қабат қоры екі бөлімге алаңдағы 27, 32, 40
скважиналар жүзделі қабатты қосылыс болып саналады. Шығыс мұнайының
биіктігі 8,5 метр, ал оңтүстік жағы 17 метр. өнімді қабаттан сынама алу
жұмыстары нәтижесінде 3 және 23 скважинасынан су алынған. Геологиялық
зерттеулердің біреуі бойынша 6, 8, 24 скважиналардың су, мұнай қосылысы
қабылданған 999 белгісінде болады. Мұнайды сынаушы скважинасынан сынама алу
кезінде 994,9-996,4 метр аралықта геологиялық зерттеу экспедициясы
қабылданған 2 бміктікке орналасқан. Мұнай қорының биіктігі 17,4 метр, ал
мұнай алаңының көлемі 1084,4 метр. Юра өнімді қабатынан сипаттама Ю-I
горизонтының мұнайлылығы алаңның біршама көлемін алып жатыр және төмендегі
Бор қабат қорынан 80-148 метр төмен аралықта жатыр. Горизонтты жауып жатқан
Қоскөл свитасының біркелкі саз қалыңдығы 16-дан 106 метрге дейін болады.
Геология-геофизикалық зерттеулер нәтижесінде Ю-I горизонты үш құмтас
күйінде көрсетіліп және барлық алаң көлемінде қатысады. Құм қабатшалары 5
метрге жеткенде 2, 5, 11 аймағында скважиналар горизонтта көбінесе
бөлшектеліп сипатталады.
Газ, мұнай қоры негізінен горизонтқа қатысты горизонтты зерттеу
нәтижемінде 1 скважинасына өндірілген мұнай қорының есебінен шығарылып
тастсалған жалпы тиімді қалыңдық 0,8 метрден 12,4 метр аралығында өзгереді.
Сонымен қатар газдылықтың қалыңдығы әр скважина сайын 6,6 метрден 8,8
метрге дейін өзгереді, ал мұнайлылығының тиімді қалыңдығы толық контур
шегінде 0,4 метр деңгейінде өзгеріп тұрады.
Ю-II горизонты жоғарғы жатқан Ю-I горизонтынан қалыңдығы 3,6 метрден
18,6 метрге дейін біркелкі саздар арқылы ажыратылып бөлінген және орталық
қорындағы бөлімде J2 құмтас қабатшалар күйінде көрсетілген. Ю-III горизонты
жоғарыда аталған бөлімдерден саздармен бөлініп тұр, саз қалыңдығы 2-8 метр.
Горизонт екі құмтас күйінде көрсетіліп, алаңның барлық бойында ұсьалады,
тек қана 3, 7, 13 ұңғыларында жоғарғы қабат саздармен араласқан. Мұнда ең
кіші тиімді қалыңдықтың мәні белгіленген. Жалпы тиімді қалыңдығы 1,6
метрден 220 метрге дейінгі деңгейде өзгереді.
Горизонттың 13 ұңғысынан мұнай сыналып, 12-ұңғыдан мұнай ағыны алынды.
Ю-IV горизонты аз құмтасты және бөлшектенген сипатта болатыны анықталды.
Оның құрамы 15 қабат коллекторына дейін бөлінеді.

5. Сулылығы

Құмкөл кен орны Отүстік Торғай артезиан бассейінінің шегінде
орналасқан. Кен орнында барлау процесі барысында суы бар 22 объектісі үрлеп
шығару тәсілімен ашық оқпанды, гидрогеологиялық зерртеу материалдары
бойынша 2 екі суы бар қабат 32 ұңғыға бөлінген.
Құмкөл, Арысқұм алаңындағы барлау ұңғыларына гидрогеологиялық зерттеу
жүргізгенде, құрылымдық терең көрсеткіштік ұңғыларында бұрғыларында
бұрғылағанда протерозой сулы кешені Юра, Бор, Полеоген, Нелген және төрттік
шөгінділері бөлінеді, ұңғыларды сынағанда құмкөл кен орнының суының
минерализациясы 77,6 гл, су ағыны 1416-1503 метр арлығында алынды.
Құмкөл кен орнындағы орта Юра шөгіндісінің сулылығы 2, 8, 16, 12
ұңғыларынан зерттелді. Су ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Геологиялық-геофизикалық зерттеудің және мұнай-газды аймақтарды игерудің негізгі кезеңдері
Жетісу алатауының физикалық-географиялық орны мен геологиялық құрылысының ерекшеліктері
Қазақстан территориясын зерттеуші ғалымдар
Шұбарқұдық мұнай кен орны
Мұнай саласында Қазақстан аумағында оны барлау, өндірумен айналысып жатқан шетелдік мұнай компаниялары
Бұқар Жырау ауданы топонимдерінің географиялық ерекшеліктері
Қазақ КСР Ғылым академиясының бірінші президенті
Мұнай газ кен орындарын игеру
Сырдария өзенінің тармағы
1946 жылғы Қазақ Ғылым Академиясының құрылуы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
Пәндер