Бенедикт Спинозаның әлеуметтік философиясы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1. Б.Спинозаның дәуірі оның өмір жолы мен шығармашылығы ... ... ... .
1.1 Атрибуттар субстанцияның көрінісі ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Модустар . субстанцияның күйлері ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3 Спиноза пантеизмінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Спиноза философиясындағы еркіндік мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1 Адам бостандығы . нағыз адами өнегеліктің негізі ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1 Спинозизмнің нәтижесі ретіндегі этикалық.әлеуметтік мәселер ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

БЕНЕДИКТ СПИНОЗАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯСЫ
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1. Б.Спинозаның дәуірі оның өмір жолы мен шығармашылығы ... ... ... .
1. Атрибуттар субстанцияның көрінісі
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Модустар – субстанцияның күйлері
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. Спиноза пантеизмінің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2. Спиноза философиясындағы еркіндік
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1. Адам бостандығы – нағыз адами өнегеліктің
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ...
2.1 Спинозизмнің нәтижесі ретіндегі этикалық-әлеуметтік мәселер ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1
2
3
4
КІРІСПЕ
5 Субстанция өзі өзінің себебі
6 Б.Спиноза
7
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Адамның еркіндік туралы түсінігі тарих
ағымы мен қоғамның дамуымен өзгерістерге ұшырады. Алғашқы қауымда адам ол
туралы көп ойланбаған, себебі тамақ табумен қолы босамады. Бір ғасырдан
кейін, анығырақ айтқанда, оның жоқ болуы, құлдық құрылым мен “ мұнараға
тасталынумен ” сәйкес болды. Адам “ тамақ ” мәселесін шешкеннен кейін, бос
уақыт пайда болды, адам ойлана бастады, осылай философия пайда болды. Оның
“ ойланған ” барлық көптүрлігінің ішіндегісінің бірі “ еркіндік ” мәселесі
болды. Қоғамда тұлға еркіндігі қоғам қызығушылықтарымен шектеледі. Әр адам
– жеке тұлға, оның қызығушылықтары әрқашан да қоғам қызығушылықтарымен
сәйкес келе бермейді. Бұл жағдайда қоғамдық заңдар ықпалындағы тұлға жеке
жағдайларда қоғам қызығушылықтарымен сәйкес іс-әрекет етуі тиіс, ондай
жағдай болмаса, ол адам қоғам атынан жазаға ұшырауы мүмкін.
Қазіргі заман жағдайында, демократияның дамуы дәуірінде тұлға
еркіндігі мәселесі одан әрі глобалды бола түседі. Ол қазіргі уақытта кез-
келген саясаттың негізі болып қатаң қорғалатын тұлғаның еркіндігі мен
құқықтары туралы заңды актілер сипатындағы халықаралық ұйымдар дәрежесінде
шешіледі.
Философияның ең басты мақсаты – білімнің мағынасын ашу. Бірақ тарих
көрсеткендей, осындай түсіндіру философиямен бір уақытта туындамаған. Бұл
ең біріншіден, еуропалық философия дәстүрін адамды қоршаған табиғатты ұғыну
ретінде ашқан көнегрек философиясы. Бірақ, адамның тек қана белгілі бір
кластың, белгілі бір қоғамның мүшесі ретіндегі өзіндік дамуы емес, ол
өзінің индивидуальдылығын ұғынатын тұлға ретіндегі дамуы, сонымен қатар,
философия ұғымдық білім ретінде өзінің құрылымдарын жаратылыстық ғылым
ойының нәтижелерімен ұштастырып, онда білімді түсіндіруге қатысты әр-түрлі
сұрақтар айрықша орын ала бастады. Демек, оны ықпалды көнелік философиялық
білімдер – Платондық, Аристотельдік, едәуір мөлшердегі демокриттік білім,
өздерінің болмысқа және мәнге қатысты түсініктерін белгілі бір білімді
түсіндіретін негізгі қағидалармен тікелей байланыстырып құрды. Демек, таным
теориясының, гносеологияның сұрақтары болмыстың, онтологияның сұрақтарынан
туынды болып қарастырылды. Осындай философияның онтологиялық мақсаты немесе
бағыты ортағасырдағы схоластикалық философия құрылымдарында күшейе бастады.
Мұндай схоластиканың онтологиялық бағытының маңызды гносеологиялық себебі –
ортағасыр жағдайындағы ғылыми білімнің өте баяу дамуымен түсіндіруге
болады. Спиноза дәуіріндегі философиялық жағдайдың күрделі өзгеруі, ең
біріншіден, көптеген еуропа мемлекеттерінде ресми философиялық доктрина
болып саналған схоластикалық философияның қағидалары және мақсаттарына
қарсы бағытталған күрестің нәтижесі еді. Осы схоластикаға қарсы күрес –
философиялық білімдерді жетілдіру куресі болды. Өз кезегінде, мұндай
жетілдіру интенсивті ғылыми прогресс жағдайында мүмкін еді, яғни осындай
жағдай көптеген білім салаларында жүзеге аса бастады, әсіресе математикалық
және тәжірибелі жаратылыстануда байқалды. Ғылымның, философия тарихының,
жалпылай алғанда рухани мәдениет тарихының дамуы мынаны дәлелдейді: ғылыми
білімнің прогресі тәжірибелі жаратылыс танусыз және оның математикалық
ұғынусыз мүмкін емес. Тәжірибе және математика – осы екі ғылыми білімнің
құдіретті қозғаушы күштері көнелікте бар болатын, дегенмен, антика
мәдениетінде олар әр қашанда бір-бірінен алшақтап тұратын. Антикадағы
философиялық ілімдер тәжірибелі білімдердің және математикалық білімдердің
ерекшеліктерін көрсетті. Ал схоластикалық философия болса, антикалық
философияның көптеген ұғымдары мен категорияларын мұраланып, соңынан
олармен толық байланысын жоғалтты. Сөйтіп ортағасырдың соңында, қайта өрлеу
дәуірінде эмпирикалық жаратылыстану қарқын дами бастағанда, осы дәуірде
математиканың жаңаша өркендеуі басталды, ал философтар схоластикалық
қағидалар мен мақсаттарға қарсы күрес барысында жаңа жаратылыстанудың
нәтижелерін ұсынуға бет бұра бастады. Алдынғы қатарлы философтардың
философиялық білімді жетілдіруге деген талпынысы жаңа ғылымның тәсілдері
мен нәтижелерін қорытындылау және ұғыну дегенді білдірді.
Зерттеу жұмысының деңгейі. Біздің ғасырымызда Бенедикт Спинозаның
этикалық концепциясын қарастырып көңіл бөлген қазақ философтарының ішінде
Сарымсақов Амангелдіні атап кетуге болады. Ал ресейлік ғалымдардың ішінде
Спинозаның концепциясына аса көңіл бөліп, сол туралы көптеген еңбектер
жазған В.В. Соколовты ерекше көрсету керек. Ол Спинозаның субстанция-
Құдайын, оның атрибуттары мен модустарын толық зерттеп, этикалық
проблематиканы қарастыруға тырысқанын көрсетті.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Менің бұл тақырыпты алу себебім, ең
алдымен, ол өз өзектілігімен қызықтырды. Қазіргі заман шарттары мен
өркениеттің қарқынды дамуы жағдайында тұлғаның қоғамдағы рөлі әлдеқайда
арта түседі, осыған байланысты тұлғаның қоғам алдындағы еркіндігі мен
жауапкершілігі мәселесі жиі туындайды. Дегенмен, тұлға еркіндігінің
мәселесі ауыр міндеттердің бірі болғандықтан, Ресей мен бүкіл әлемде
шешілген. Қоғамдағы тұлғалар саны, қазіргі уақытта миллиардтап саналады
және әр минут сайын жер бетінде олардың қызығушылықтары, құқықтары мен
еркіндіктері қақтығысады.
Қазір еркіндік барлығына жол берушілік, болмағандықтан, екіндік және
жауапкершілік сияқты түсініктер бөлінбейді, бөтендердің құқығы мен
еркіндігінің бұзылғаны үшін тұлға қоғам қабылдаған заңдар бойынша, қоғам
алдында жауапты.
Спиноза адамның міндеті, оның этикалық мақсаты өзінің
детерминацияланғандығы қысқартылған және белгілі бостандық оптимумына жету
деп санаған.
Диплом жұмысының негізгі мақсаты, Б. Спинозанның философиялық
мұраларының этикалық аспектісіндегі адамның бостандық ерігінің маңыздылығын
көрсету деп алдым. Негізгі қолданған зерттеу әдістері: тарихилық,
салыстырмалы талдау әдісі, анализ, синтез, сипаттамалы талдау.
Зерттеу жұмысының міндеті. Спинозаның субстанция мәселесі және оның
пантеистік көзқарастары, бостандық категориясы мен ерік бостандығы этикалық-
моральдық доктриналарын толық ашып, зерттеу болып табылады.
Бітіру жұмысының құрылымы: зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнына
сай кіріспеден, екі бөлімнен және сәйкесінше екі тараулардан,
қорытындыдан,кілтті сөздерден, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
8
9
10
11
12
13
14
15 1. Б.Спинозаның дәуірі оның өмір жолы мен шығармашылығы
16 Жаңа дәуір – жаңа философиялық дәстүрлер. Жаңа дәуірде жаңа ойшылдардың
бейнесі, белсенділігі және беделі қалыптасты. Жаңа дәуірде философияның
жаңа проблемалары туынады. Сол философтар мен олардың қозғаған
проблемаларының шеңберінде түрлі қағидалар мен бағыттар қалыптасты.
Философияның жаңырау тарихы да, қарқыны да тездеді. Оның бастаулары мен
себептері қандай?
17 XVI ғ. католицизмнен бөлінген идеологиялық қозғалыстар біртіндеп
күш ала бастады. Алғаш ол қозғалыс діни сипатта өрбіді. Еуропаның дамыған
елдерінде бөлініп шыққан діни сенімдер католицизмге қарағанда буржуазияның
мүддесіне, белсенділігіне оралымды болды. Оның басты себебі әлеуметтік
негізде, дәлірек айтқанда, Батыс елдеріндегі ұзақ буржуазианың басымдығында
еді. Жас буржуазия болса, Ф. Энгельстің айтуынша, ұзақ уақыт бойында
теологияның ықпалында қалып қойды. Осы кезде Нидерланды мен Англиадағы
болған буржуазиялық революциялар өз бағдарын көп жағдайда діни ұрандармен,
діни бағытта ұстады. Англиада буржуазиялық-парламенттік армияның дінге
деген талпынысы король солдаттарынан да асып түсті. Нидерландыда ұсақ
буржуазия өкілдері қолөнер шеберлері мен ұсақ саудагерлер жалпылама тендік
туралы революциялық арманды аңсады, крестьян шаруалар болса, католиктердің
әлеуметтік негізін құрды, ал ірі буржуазия мен қала тұрғындарының арасында
кальвинизмді жақтаушылар басым болды.
XVII ғ. тағы бір ерекшелігі мәдениеттің материалдық және
әлеуметтік негізінің терендеуіне және жетілуіне байланысты. Бұл кезде
антикалық философияның материалистік дәстүрі қайта жаңарды. Оған себеп:
біріншіден, жұмысшылармен қызметкерлердің мануфактура мен өндірісте
шоғырлануы, екіншіден, жаратылыс ғылымдарының, тәжірибелі білімнің
қарқындауы және олардың гуманистік мәдениеттегі рөлінің анағұрлым арта
түсуі. Механикалық түсінік пен өндірістегі механикалық тетіктер ықпалы мен
өнердің әр саласында айқындала, арта түсті. Математика мен жаратылыстану
ғылымдары бір-біріне жақындады әрі жаңа, жоғары сатыға көтерілді. Ғылымға
деген сұраныстың артуы өндірістің даму қарқыны мен деңгейіне байланысты
десек, енді осы қоғамдық қажеттілік алдымен білім саласында реформалық
өзгерістер тудырды, соңынан ғылымды өндіргіш күшіне айналдыра бастады.осы
кезде іздену жұмысын ұйымдастырудың жаңа түрлері – ғылым академиясы
қалыптасты.
Флоренциядағы Платонның академиясы гуманитарлық салаға арналса,
ал 1560 ж. Италияда негізделген бірінші қоғамдастық – “ Табиғат құпиясының
академиясы ” тәжірибелі білімге сүйенді және практикаға қажетті әдістерді
жетілдіруді мақсат тұтты. Одан кейінгі құрылған Телезиодағы, Римдегі
(1603ж) ғылыми – жаратылыс қоғамдары да осы мақсатқа арналған еді.
XVII ғ. 60-жылдары екі жаратылыстану ғылыми қоғамдарының – Лондон
корольдік қоғамдастығы мен Париж академиясының (1666 ж.) ықпалы зор болды.
Лондон академиясында Роберт Бойль (1627-1691), Исаак Ньютон сынды атақты
физик-химик пен физик-математиктің философияға тигізген үлкен ықпалы айқын.
Олар дүниеге деген көзқарастың маңызын ашып қана қойған жоқ, философия мен
методологияға деген ықыласты тікелей күшейтті. Париж академиясына шет ел
ғалымдары да ендірілді. Жаңа академияда жаратылыстанудағы экспериментальды
және математикалық негізді білім жүйесі ретінде бір-біріне жақындатты,
өзара толықтырды. Жаратылыстанудың жаңа сипаты бұрынғы натурфилософиялық
дәстүрдің орнына механикалық материализмнің рөлін арттырды. Материализм
дүниетанымға атеистік ілімнің элементтерін еңгізді.
Жаңа дәуірден бастап тәжірибе білім шеңберіне, теория тіліне
оралды. Мұның өзі шындыққа бет бұру ғана емес, оған жақындаудың сатылары
еді. Танымды тексерудің теориялық және тәжірибелік мәліметтері қатар
қалыптасты және қолданыла бастады. Ғылыми танымда тексеруді реттеушілік,
мәліметті барысынша толықтыру, ізденістің болжамдық күші, қарапайымдылығы
және жүйелілігі артты, өзара қабысып жатты.
XVII ғ. үстем таптардың қай-қайсысы да ғылыммен қатар діннің де
ықпалын сақтауға мүдделі болды. Дін дәстүрлі тәртіптің ұстанымы мен
нормаларын сақтауға, сол арқылы халықты байырғы дәстүр шеңберінде басқаруға
қолайлы, маңызды еді. Көп жағдайда мемлекет пен дін одақтас болып қалды.
Десек те, XVII ғ. Батыста шіркеуден тыс зайырлы бастауға деген талпыныс
арта түсті. Қоғамдық өмірде секуляризация ағымы артты, соңғысы сенімдегі
төзімділік үшін күресті өрістетті. Сенімдегі төзімділік әрбір адамның дінді
таңдау мүмкіндігін арттырды. Оған Нидерланды елінің тәжірибесі мысал бола
алады. Философияда либералдық сарындағы ағымдар қатар өмір сүріп жатты.
Сондықтан Нидерланды көрші елдерге католицизммен тіл табыса алмаған “
құғыншылар ” қашып келіп жатты, баспана тапты, шығармашылық қызметпен
шұғылдануға мүмкіндік алды. Дінге деген жаңа философиялық көзқарастар етек
жайды. Қайта жаңғыру дәуіріндегідей “ қос ақиқат ” концепциясы жалғасын
тапты. “ Қос ақиқат ” бағдарламасы қоғамда секуляризациялық өзгерістерді
жүзеге асыру үшін ұйытқы болды. Жаңа дәуірдегі секуляризация бірнеше
кезеннен тұрады: шіркеу мен монастырь меншіктерін зайырлы меншікке
айналдыру, шіркеу тәртібін азаматтық тәжірибемен толықтыру, шығармашылық
қызметті шіркеу ықпалынан босату.
Содан халық арасында ұлттық сана-сезім оянды , соңғы фактордың
әлеуметтік-идеялық рөлі ерекше болады. Ол қоғамдағы көпшіліктің рухани
әлеуетін ашып беруге үлкен ықпал етті. Ұлттық сана-сезім адам проблемасының
қоғамдық және саяси мағынасын көтермеледі, оның рационалдық және
индивидуалистік идеологиясын жаңа идеялық-шығармашылық деңгейде тездетті.
“ Адам патшалығын ” асқақтатуға зор ықпал еткен және оның
философиясының өзекті мәселесіне айналуына ықпал еткен себептер жалқы
емес.Жаңа дәуірде олардың түп тамырын өндіріс, сауда-саттық, ғылым, адамның
өнімді еңбегі мен қызметі құрды. Англиядағы жаңа дворяндар тобы ауыл
шаруашылығымен шектелмей, енді сауда-саттықа, манфактуралық өндіріске
тікелей араласа бастады. Жаңа еңбек құралы мен технологиясы, адамдардың тың
әлеуметтік тәжірибесі көптеген және жаңа табыс көзіне айналды. Адам
табиғатқа билігін біртіндеп және жан-жақты үдетті. Мұның өзі қалыптасып
келе жатқан жаңа философия мен ғылымның, біріншіден, практикалық
міндеттерін арттырды, екіншіден, ақиқат прблемасына деген көзқарасты
жаңартты. Қос сұраныс ойдың жаратылыстану-ғылыми бағыттарын алға тартты,
олардың дәлдігі мен дәйектілігін, яғни танымның объектісі мен тәсілін
маңызды дүниетанымдық мәселеге айналдырды.[2.] Философияның ең басты
мақсаты – білімнің мағынасын ашу. Бірақ тарих көрсеткендей, осындай
түсіндіру философиямен бір уақытта туындамаған. Бұл ең біріншіден,
еуропалық философия дәстүрін адамды қоршаған табиғатты ұғыну ретінде ашқан
көнегрек философиясы. Бірақ, адамның тек қана белгілі бір кластың, белгілі
бір қоғамның мүшесі ретіндегі өзіндік дамуы емес, ол өзінің
индивидуальдылығын ұғынатын тұлға ретіндегі дамуы, сонымен қатар, философия
ұғымдық білім ретінде өзінің құрылымдарын жаратылыстық ғылым ойының
нәтижелерімен ұштастырып, онда білімді түсіндіруге қатысты әр-түрлі

мен нәтижелерін қорытындылау және ұғыну дегенді білдірді. Сондықтан,
философиялық-методологиялық жұмыстар мынадай басты шығармалардың қатарына
жатты: Ф. Беконның Жаңа органоны(Новый Органон), Р. Декарттың Ақыл-
ойды басқаруға арналған ережелер (Правила для руководства ума) және
Тәсіл туралы ойлау (Рассуждение о методе), Спинозаның Ой-сананы
жетілдіру туралы трактаты (Трактат о совершенствовании разума). Осы
жұмыстарда жаңа, схоластикаға қарсы философияның көптеген қағидалары
қалыптасты. Шынайы философияның бекемді және сенімді білімін құру үшін
схоластиканың қағидалары мен мақсаттары қайта қаралды. Философтар
математиканың тәсілдерін қорытындылауға және оны ұғынуға ерекше назар
аудара бастады, өйткені, олар оның ақиқаттарынан адам санасының табиғи
жарығын көрді. Бұл жарықтың ерекшелігі математиканың күшімен, яғни
беделділердің көмегінісіз-ақ, асқан шынайылық құдайдың алдындағы ашылудың
көмегінсіз-ақ, кез-келген ақиқатты түсінуге және кез-келген құпияны ашуға
зор мүмкіндік пайда болды.
Ең ықпалды және схоластиканы қатты сыңға алған Р. Декарт болды.
Ол жаңа дәуір философиясында рационализмнің негізін салушылардың бірі
болды. Спиноза философиясының картезиандықтармен байланысының айқындығы
соншама, ол көп уақыт бойы Декарттың рационалдық ілімі оның ең бірінші және
жалғыз қайнар көзі болып қаралды. Спиноза оның кіші замандасы бола тұра,
ойшылдың ықпалын бастан өткізуі мүмкін емес еді. Оның көтерген сұрақтары
картезиандық мәселелерді шешуге бағытталған деп қарастыруға болады, ал ал
оның ілімі бір жағынан, дайындау, екінші жағынан, осы ықпалды ілімге деген
қарсылық еді. Декрт философиясының негізі (Спинозаның ерте шығармасы)
атты еңбегіндегі кіріспеде, Спиноза кітапта жазылған идеяларды толық
қолдамайтындылығы туралы түсіндіріледі. Декарттың физикасын толық қабылдап
( дегенмен, өмірінің сонында қанағаттанбаушылық көрсетті ), картезиандық
метафизикада ол үш қанағаттанбаушылық ерекшеліктер тапты: Құдайдың
трансценденттігі; жан мен тәннің дуализмділігі; және бостандықты Құдай
еркімен адамға жатқызу (соңғысын Декарттың өзі де ғажайып деп қабылдады) –
осы доктриналар Әлемді түсініксіз етеді. Дегенмен, Декарттың ең жақын
ізбасарларының ішіндегі, ол нағыз өзіндік ойшыл болды. Сонымен қатар, ол
келесі философия тағдырында үлкен және маңызды рөл атқарды. Тағы бір
негізгі мәселе, Спинозаның философиялық пікірлеріне үлкен ықпалын тигізген
Джордано Бруноның идеялары болды, әсіресе оның пантеистік ой-талғамдары.
Сонымен қатар, Томас Гоббс, еврей философы Маймонид ойшылға өз ықпалдарын
тигізді.
Сонымен, Спиноза ( Spinoza, d’Espinosa) Бенедикт ( Барух ) 24
қарашада 1632 жылы Амстердамда еврей қауымына жататын көпесінің отбасында
дүниеге келді. Спинозаның ата-анасы, басқа еврейлер сияқты, испан
инквизистердің діни құдалауынан аман қалу үшін, Португалиядан Амстердам
қаласына көшеді. Амстердамда үлкен еврей қауымдастығы жиналып, ол жерде
раввиндар дайындайтын оқу орнын ұйымдастарды. Осы оқу орнында Спиноза
өзінің білімін алды. Әдеттен тыс баланың қабілеттілігі ол 15 жасында
Талмудты жатқа білетін болған.Спинозаны ғылым білімдерге ұмтылысы күштірек
болды.Әкесі 1654 ж қайтыс болғансоң,оның жұмыстарын қолға алып, сонымен
қатар еврей қауымынан тыс, оған оппозиция болатын Нидерланды кальвинистік
шіркеуімен ғылыми және достық қарым-қатынас жасады.Болашақ философқа үлкен
әсер тигізген оның латын тілінденгі жетекші Франс ван ден Энде, өзі дәрігер
гуманист, көрнекті ұстаз, озық ойлы адам болған.Оның әртүрлі
қызығушылықтардың интеллектуалды ортасы есептелінді: діни, философиялық
саяси ғылыми, әдеби: мұнда Спиноза математика, жаратылыстану ғылымдары
медицинамен және сол уақыттың алды философиялық ілімдерімен танысты. Ван
ден Энден көмегімен ол еврей қауымынан, еврейлік көзқарасттан алыстады.
Жастарға Спинозаның кері әсерінен абай болған болған Раввин мүшелері оны “
кіші қудалауға ” ұшыратты, бұл болашақ философқа аз әсер етті. Сонымен
қатар оның өміріне қастандық жасауда көмектескен жоқ. 27- ші шілде 1656
жылы Спинозаға херем қойылған. Ол өзінің ұстаздарынан қарғыс алған, мәңгі
бақи еврей қауымынан қуылған болды. Раввиндердің қысымшылығынан философ
Амстердамнан кетуге мәжбүр болды. Ол Рейнсбургте қоныстанды. Оның өмір сүру
мүмкіндігі болмағаны соншалықты, Келердің айтуы бойынша, ол әйнекті
қырнауды үйреніп соның арқасында өмір сүрді. Философтың онашалануы, оның
Амстердамдық достарынан байланысын үзген жоқ, оған себеп көп деген хат
алмасуы дәлел болды. 1658-1660 жылдары бірінші алғашқы философиялық туынды
“ Қысқаша Құдай, адам туралы трактат және оның бағаты ” деген еңбек
жарыққа шықты. Бұл еңбек болашақ философиялық жүйенің жол-жобасы болды.
Осы жерде Спиноза “ Ой-сананы жетілдіру туралы трактат ” деген еңбегін
аяқтай алмай кетеді.
Рейнсбургте Спиноза Лейденск университетінің теология
факультетінде оқитын Иоанн Казеариусқа Декарт философиясынан лекция оқыды.
Нәтижесінде 1663 жылы Спинозаның тірі кезіндегі шыққан “ Декарт
философиясының негізі ” еңбегі дайындалып басылып шықты.
1663 жылдың көктемінде Спиноза Гаага қыстағына жақын Ворбургте
қоныстанып, онда танымал, әйгілі, физик, матеметик, астроном, Христиан
Гюйгенсбен тығыз қарым-қатынаста болды.
1670 жылы жарық көрген “ Құдайілімдік – саяси трактат ” атты еңбегін
осында жазады. Бұл еңбек анонимді түрде, баспасөз орны жасырын түрде
жазылды. Трактат теологтардың ортасында үлкен наразылық тудырып, автордың
аты анықталып, 1674 жылы осы трактатқа тиым салынды. 1679 жылы
достарының айтуы бойынша Спинозаның ең басты еңбегі “ Этика ”, “ Саяси
трактат ” сияқты жұмыстарын жалғастырды. Қызықты факторлардың бірі,
Спинозаның еңбегіне іс жүзінде тиым салынғанмен, Спинозаны ресми түрде
Гейдельберг университетінің философия кафедрасыны басқаруға ұсыныс түседі.
Бұл шақырудан, прфессор қызметінен Спиноза бас тарттты, себебі бұл жұмыс
оның өзіндік көзқарасын еркін білдіруіне кедергі болады деп сенді.
1677 жылы 23 ақпанда Спиноза дүниеден озады. Оның шығармаларын 1677
жылдың желтоқсан айында Амстердамдағы жақын достары “ Opera Posthuma ” “
Өлер алдындағы шығармалар ” атты жинағын басып шығарды. Осы жинаққа енген
еңбекттері “ Этика ”, “ Саяси трактат ”, “ Ақыл-ойды жетілдіру трактаты
”, “ Қысқаша еврей грамматикасы ” және “ Хат алмасу ” болды. “ Opera
Posthuma ” атты еңбегі жарыққа шыққаннан бірнеше айдан кейін голланд
үкіметі тиым салып, XIX ғасырдың басына дейін қайта басылып шықпады.
Басқа негізгі еңбектері сияқты “ Этиканы ” да аяқсыз қалған шығарманың
қатарына жатқызады. “ Этикада ” объективті дүниеге деген монистік
көзқарас, оның бір себебі – субстанция мен оның атрибуттары, таным
процесінің рационалдық методологиясы қарастырылады.
Спинозаның “ Этика ” деп аталған ( бірінші рет бұл атау Спинозаның
1665 ж. 13 наурызда, №23 жазған хатында кездеседі) жаңа еңбекті жазуға
кіріскенін көрсетеді. 1663 ж. ақпанда жазылған, 8-інші және 9-ыншы хаттарда
көрініс тапқандай, Спинозаның амстердамдық достары болашақ “ Этиканың ”
біршама теоремаларына қолдары жеткен; ендеше, онымен философ 1662 ж.
аяғында бастағандай. Екі жарым жылдан кейін, 1665 ж. маусымында,
Боуместерге жазған хатында ( 28 хат, қар.: “ Декарт философиясының
негіздеріне ” 5 ескертпе) Спиноза: “ Менің философияммен ” жұмыс созылып
кетті және әзірше үшінші бөлімнің 80 теоремасын ғана жібере аламын ”, -
дейді. Бұл бітуден әлі алыс “ Этиканың ” біріші редакциясы болды. Шамасы,
осы кезде философ “ Құдайшыл-саяси трактатты ” жазуға кіріскендей. Содан
“ Этикамен ” жұмыс тоқталады. Осыған сілтеме Спинозаның
ағылшын хатшысы Ольденбергтің хатында кездеседі ( қар.: №29 хат, 1865 ж.
қыркүйегінің аяғы немесе қазанның басы ). 1675 ж. “ Этикамен ” жұмыс
аяқталды және Спиноза оны жариялауға талпыныс жасады. Бірақ, бұл оның
қолынан келмеді, себебі “ Құдайшыл-саяси трактат ” философқа сол дәуірдегі
қорқынышты атеист атағын жапсырды. Оның үстіне, Нидерландыдағы саяси жағдай
республикалық партияның басшысы, Спинозаны қолдап келген Ян де Витта
өлтірілгеннен кейін ( 1672 ж. ) және принц Вильгельм Оранскийдің
монархиялық партиясы жеңіске жеткен соң, Спинозаның үміті күйрейді.
Сондықтан “ Этика ” тек Спиноза қайтыс болғаннан кейін оның “ Өлгеннен
кейінгі шығармаларында ” ( Opera Posthuma ) жарияланды. [3.]
Бенедикт Спиноза – философия тарихында ең тартымды философтардың бірі
болды. Сонымен қоса оны жаңа философияның реформаторы деп те атады.
Спинозаның философиялық ілімінің терендігі және өміршендегі – оның келесі
ұрпақ ойшылдарына деген ықпалынан аңғаруға болады. Спиноза өз ілімін
дайындау үшін бүкіл өмірін соған арнады. Қазіргі кезде де оның іліміне
деген қызығушылық әлі күнге дейін сақталған. Спинозаның ілімі мені де
қызықтырды, сондықтан мен өз жұмысымда Спиноза ілімінің негізгі
қағидаларының ерекшеліктерін айқындауға тырысамын.
ЭТИКА
Анықтамалар құдай туралы
1. Өзі өзінің себебі ( causa sui ) деп мен мәні өмір сүруін өзінде
тұтатын, өзгеше айтқанда, табиғаты өмір сүруінен бөлекше елестелуі мүмкін
еместі ұғынамын.
2. Өз тегінде соңғы деп табиғаты дәл сондай басқа затпен шектелуі
мүмкін зат аталады. Мысалға, дене шекті деп аталады, өйткені біз әрқашан
одан да үлкен басқа бір денені елестетеміз. Дәл осындай ой басқа бір оймен
шектеледі. Бірақ дене оймен шектелмейді, және де ой денемен шектелмейді.
3. Субстанция деп мен өзі өзі арқылы өмір сүретінді және елестетілеңді,
яғни елестетілуі басқа бір затты, алғашқысы осыдан құралуға тиіс дейтіндей
затты елестетуді қажет етпейтінді ұғынамын.
4. Атрибут деп мен ақыл субстанцияда оның мәнін құрайтындай нәрсе деп
елестетіленді ұғынамын.
5. Модус деп мен субстанцияның күйін ( substantiae affectio ), өзгеше
айтқанда, басқа арқылы өмір сүретінді және елестетіленді ұғынамын.
6. Құдай деп мен абсолютті шексіз ( ens absolute infinitum ) жан иесін
(существо), яғни шексіз көп атрибуттардан, әрқайсысы меңгі және шексіз
мәнді білдіретін атрибуттардан тұратын субстанцияны түсінемін.
Түсіндірме. Мен абсолютті шексіз, ал бірақ өз тегінде шексіз емес деп
айтамын. өйткені тек өз тегінде шексізге қатыстыға келсек, біз көптеген
атрибуттарды шексіз терістей аламыз; абсолютті шексіздің мәніне тек мәнді
білдіретін және өзінің ішінде ешқандай терістеуді ұстап тұрмайтын сондайдың
бәрі жатады.
7. Азаттық деп өзінің жеке табиғатының тек бірден-бір қажеттілігі
бойынша өмір сүретін және әрекетке тек өзі өзімен анықталатын сондай зат
аталады. Қажетті немесе, дұрысырақ айтқанда, мәжбүрленген деп, ол өмір
сүруге және іс-әрекетке белгілі және анықталған түрде қайсыбір басқамен
айқындалған айтылады.
8. Мәңгілік деп мен өмір сүрудің өзін айтамын, себебі ол мәңгі затты
қарапайым анықтаудан қажетті шығатындай болып көрініс табады.
Түсіндірме. Шынында да, осындай өмір сүру, солай заттың мәні де мәңгі
ақиқат болып көрініс табады және осының салдарынан жалғасу ( ұзақтық )
немесе уақыт ретінде түсіндіріле алмайды, әйтсе де, ұзақтық та не басы, не
аяғы жоқ сияқты елестетіле алады.
АКСИ О МАЛ АР
1. Барлық өмір сүретін немесе өзі өзіңде, немесе қайсыбір басқада өмір
сүреді.
2. Басқа арқылыы көрініс таппайтын өзін өзі арқылы көрініс табуы
міндетті.
3. 3. Бұл белгілі бір себептен қажетті түрде әсер шығады және,
керісінше, егер ешқандай белгілі бір себеп болмаса, онда әсердің
ілесіп шығуы мүмкін емес.
4. Әсерді білу себепті білуге тәуелді және соңғыны өзінде ұстайды.
5. Өздерінің арасында ешқандай ортаққа ие емес заттар біреуі басқасы
арқылы таныта да алмайды; басқаша айтқаңда, бірінің көрініс табуы
өзіңде басқасыньщ көрініс табуын ішіне алмайды.
6. Ақиқат идея өзінің объектісімен (ideatum) келісімде болуы керек.
7. Өмір сүрмейтіңдей болып көрініс табатынның мәні өзінде өмір сүруді
ұстап тұрмайды.
l-теорема
Субстанция табиғаты бойынша өз
куйлерінен біріншілеу. Дәлелдеме. Бүл 3- және 5-анықтамалардан айқын.
2-теорема
Әртурлі атрибуттарга ие екі
субстанция өзара ешқанандай ортақтыққа-теорема Өзара ортақ ештеңесі жоқ
заттар бірі-бірінің себебі бола алмайды. Дәледеме. Егер олар
ешқандай ортақ белгіге ие болмаса, онда олар бірі басқасы арқылы (5-акс.
бойынша) таньта алмайды және сондықтан бірі басқасының себебі бола алмайды
(4-акс. бойынша); осыны дәлелдеу қажет еді.
4-теорема
Екі немесе одан көп
түрлі заттар өзара немесе субстанциялар атрибуттарының айырмашылығымен
немесе олардың модустарыньщ (күйлерінің)5 айырмашылығымен ерекшеленеді.
Дәлелдеме.
Өмір сүретіннің бәрі өзі өзінде, не қайсыбір басқада өмір сүреді (l-акс.
бойынша), яғни субстанциялардан және олардың күйлерінен (модустарынан)
басқа ақылдан тыс ештеңе жоқ (З және 5-анық. бойынша). Еңдеше, бірнеше
заттар өзара ерекшелене алатын субстанциялардан басқа, немесе - ол да сол
(4-анық. бойынша) - олардың атрибуттары мен модустарынан басқа, одан тыс
ештеңе жоқ. Осыны дәлелдеу қажет еді. 5-теорема
Заттар табиғатында екі немесе одан көп бір және
сол табиғаттағы субстанциялар бола алмайды, басқаша айтқанда, бұл бір және
сол атрибутпен де солай болады.
Дәлелдеме. Егер
бірнеше әртүрлі субстанциялар өмір сүрсе, онда олар өзара немесе өздерінің
атрибуттарыньщ айырмашылығымен, немесе өздерінің модустарының
айырмашылығымен ерекшеленуге міндетті болады (алдынғы теорема бойынша).
Егер атрибуттар айырмашылығын үйғарсақ, оңда бірден-бір атрибутпен тек бір
субстанция өмір сүреді деуге болады. Егер бүл күйлердің (модустардьщ)
айырмашылығы болса, оңда бүл модустарды сыртқы жақта қалдыра отырьш, себебі
(l-т. бойынша) субстанция өз табиғаты бойьнша өзінің модустарынан бірінші,
және субстанция өзіңде, яғни оның ақиқатты табиғатына сай қарастыра отырып
(З-анық. және а ие емес. б-акс.), оның басқа субстанциядан бөлек болатынын,
яғни (алд. т. бойынша) бірнеше осындай субстанциялар емес, тек бір
субстанцияның өмір сүретінін елестете аламыз. Осыны дәлелдеу қажет еді.
6-теорема
Бір
субстанцuя басқа субстанциямен туындай алмайды. Дәлелдеме. Заттар
табиғатында бір және сол атрибутпен (5-т. бойынша) екі субстанция, яғни (2-
т. бойынша) өзара әлдебір ортағы бар субстанциялар өмір сүре алмайды.
Сондықтан (З-т. бойынша) бір субстанция басқасыньщ себебі болмайды, басқаша
айтқанда, бірі басқасымен жасалып шығарьша алмайды. Осыны дәлелдеу қажет
етеді.
Королларий6. Осыдан субстанцияның әлдебір өзгемен
жасалып шықпайтындығы шығады. Шынында да, заттар табиғатьщда субстанциялар
және олардьщ модустарынан басқа ештеңе өмір сүрмейді (бүл l-акс. және З-
және 5-анық-дан түсінікті). Ал (алдыңғы т. бойынша) басқа субстанциямен
субстанциялар жасалып шықпайды. Сондықтан субстанциялар шартсыз ешқандай
өзгемен өндіріле алмайды; осыны дәлелдеу қажет еді.
Басқа дәлелдеме. Бүл қарсының мүмкін еместігімен одан да жеңіл
дәлелденеді. Өйткені егер субстанция әлдебір өзгемен өндірілетін болса,
онда оның танымы оның себебін танудан тәуелді болар еді (4-акс. бойынша)
және соңдықтан ол субстанция болмас еді (З-анық. бойынша).
7 теорема
Субстанция табиғатына өмір сүру тән. Дәлелдеме. Субстанция қайсыбір
өзгемен жасалып шығарыла алмайды (алдын. т. кор. бойынша). Сондықтан ол өзі
өзінің себебі болады, яғни оның мәні өзінде өмір сүруді қажетті түрде ішіне
алады (І-анық. бойынша), басқаға айтқанда, оның табиғатына өмір сүру тән;
осыны дәлелдеу қажет еді.
8-теорема Әрбір субстанция шексіз. Дәлелдеме. Белгілі атрибутқа ие
болатын субстанция тек жалғыз өмір сүреді (5-т. бойынша) және оның
табиғатына өмір сүру тән (7-т. бойынша). Сонымен, оның табиғатына немесе
шекті ретінде, немесе шексіз ретінде өмір сүру тән болады. Бірақ ол шекті
бола алмайды, себебі бұл жағдайда ол сол табиғаттағы басқа субстанциямен
шектеуі міндетті болар еді (2-анық. бойынша), ол да қажетті түрде өмір
сүруге міндетті болар еді (7-т. бойынша); ендеше, бірден-бір атрибутымен
екі субстанция өмір сүретін болар еді, ал бұл (5-т. бойынша) мүмкін емес.
Сондықтан субстанция шексіздік ретінде өмір сүреді; осыны дәлелдеу қажет
еді. [4.]
Негізінде субстанция туралы сұрақ мынаны білдіреді: болмыс туралы сұрақ
- метафизиканың орталық өзегі. Аристотельдің уақытынан бастап субстанция
метафизиканың орталық түсінігі болып есептелген. Аристотельдің ойынша,
өмірдегі барлық нәрсе, шын мәнісінде,немесе субстанция болады, немесе оның
формалық көрінісі болады; “ Болмыс деген не? ” деген сұрақ мағынасы жағынан
“ Субстанция деген не? ” сұраққа сәйкес келеді.Сөйтіп, субстанция
проблемасының шешілуі көптеген метафизикалық проблемалардың шешілуіне
әкеледі. Осы проблеманы шешуде Рэне Декарт мынадай ұсыныс жасады. Ол бір-
біріне бағынышты емес екі субстанцияны бөліп қарады: res cogitans (ойлау)
және res extensa (ұзындық).
Бір жағынан, Декарт дайындаған субстанцияның жалпы ұғымы немесе
түсінігі мұндай пікірмен кеісүге мүмкіндік бермейді.Ол Филосрфия негздері
деген жұмысында субстанцияны зат ретінде айқындап, оның өмір сүрүіне өзінен
басқа ешнәрсенің керек жоқтығын айтады.Дегенмен, осы тұрғыда түсінілетін
субстанция тек қана жоғарғы ақиқат болып қабылдануы мүмкін, яғни Құдай
болып. Осы қарама-қайшылықты шеше отыра, Декарт субстанцияның екінші
түсінігін енгізеді, осы түсінікке сәйкес жаралған (материалдық және рухани
) субстанция болуы мүмкін, өйткені ол өмір сүруі үшін тек қана Құдайдың
қатысуын керек етеді. Декарттың дуалистік шешімі айқын, өйткені, ол бір-
біріне қарама-қайшы екі субстанция түсінігін анықтады:
Субстанция өмір сүру үшін өзінен басқа ешнәрсені қажет етпейді.
Субстанция – бұл сонымен бірге, өзінің өмірі үшін құдайдың көмегінен
басқа ешнәрсені керек етпейтін туынды.
Спинозаның іліміне назар аударатын болсақ, ол Аристотельді қайталап
субстанцияны терең ұғынатын білеміз. Оның пікірінше, “ табиғатта
субстанциядан және оның көрінісінен басқа ешнәрсе жоқ”, яғни, оның оның
айтуынша, тек бір субстанцияның өмір сүруі, өзінен басқа ешнәрсені қажет
етпейді. “ Менің ойымша, субстанция өзіндік болып өмір сүреді және
өзіндігін өзі арқылы көрсетеді, яғни, бір көрініс басқа бір заттың
көрінісін қажет етпейді, ал бұдан ешнәрсе құрылмайды,”- дейді Спишоза.
Демек, тек бір субстанция бар, оның себебі өзінде. “Өзі өзінің себебі
(causa sui)” түсінігі Спиноза метафизикасының маңызды түсінігі болып
табылады. “ Менің ойымша, өзі өзінің себептің мәні өзіндегі тіршілікті
білдіреді, басқаша айтқанда, оның табиғаты тек тіршілік етуші болып көрініс
табады ”, - дейді ойшыл. Осыған орай, субстанцияның жетілгендігі туралы
қорытынды жасауға болады, өйткені, одан басқа жетілген ешнәрсе жоқ, оның
болуы мүмкін емес. Оның тіршілік етуі қажетті, оның тіршілік етуі мәнімен
сәйкес. Субстанцияның тіршілік етпеуі мүмкін емес, мұндай жағдайда ол
өзінің абсолютті жетілгендігін жоғалтқан болар еді, өйткені, ол белгілі бір
туындыны, яғни, белгілі бір жоғарғы субстанцияны талап етпейді. “
Субстанцияның басқа нәрсе арқылы шығуы мүмкін емес. Демек, ол өз-өзінің
себебі болып есептеледі, яғни оның табиғатына тіршілік ету, бар болу тән
дүние ”, - дейді Спиноза. Бұл Спинозаның “ Этиканың ” бірінші бөліміндегі 7
теоремасының дәлелдеуі десек болады. “ Субстанцияны – мәңгілік, өйткені
мәңгілік - өзіндік тіршілік ”, субстанцияға мәңгі тіршілік ету тән және ол
кеңістікте шексіз, өйткені, “ әрбір субстанция қажетті түрдегі шексіздік ”.
Сөйтіп, тек бір ғана бар, ол – Құдай. Спинозаның ойынша: “ Құдайдан басқа
субстанцияның болуы мүмкін емес ”. Демек, бірінші және жоғарғы бастама
тіршілігі үшін өзінен басқс ешнәрсені қажет етпейді және өз-өзінің себебі
болып саналады (causa sui ); осындай шынайылық басқаша түрде қабылданбайды.
Осы мағынада субстанция Құдаймен сәйкес келеді: “ Менің ойымша, Құдай
шексіз тіршілік көзі, яғни, субстанция – көптеген шексіз атрибуттардан
тұрады, ал әрбір атрибут мәннің шексіздігін және мәңгі екендігін көрсетеді
”, - деп жазады Спиноза. Субстанция немесе Құдай тым көп болған сайын, оның
атрибуттары да көп болады. Атрибуттар субстанцияның көрінісі болып
табылады. Сонымен, Декарттың res cogitans ( ойлау ) және res extensa (
ұзындық ) түсініктері Спиноза ілімінде субстанцияның шексіз атрибуттарына
айналады, ал ойлар мен заттар субстанцияның көріністеріне ( модустарына )
айналады, басқаша айтқанда, олар тек субстанция арқылы қабылданады.
Осы субстанция – Құдай:
• еркін, өйткені тек өзінің табиғи заңдары арқылы өмір сүріп, әрекет етеді;
• мәңгі, өйткені өмір сүру оның мәнінде бар;
• жалғыз өмір сүретін субстанция болып есептеледі, өйткені барлық тіршілік
көзі Құдай арқылы өмір сүреді, Құдайсыз бір нәрсенің тіршілік етуі,
көрініс табуы мүмкін емес.
Сондықтан, Құдайдың қажетті табиғатынан көптеген шексіз заттар шексіз
амалдармен шығуы тиіс. Осыдан шығатын маңызды мәселе Құдайдың барлық
заттарға қатысты имманентті себеп болуы, ол сырттан әрекет етпейді, демек,
ол заттардан бөлінбеген. Осындай абсолютті тіршілік қажеттілігі Спинозаның
еркіндік түсінігіне ұқсайды, яғни өзіне- өзі бағынышты; мұндай қажеттілік
абсолютті, өйткені, Құдай - өзі-өзіндегі себеп ретінде берілген субстанция,
одан міндетті түрде уақытта және кеңістікте шексіз, көптеген атрибуттар мен
модустар ( көріністер ) таралып отырады, ал олар әлемді құрайды.
1.1 Атрибуттар субстанцияның көрінісі ретінде.
Субстанцияға қатысты негізгі, оның қасиеттерін айқындайтын атрибуттары
болуы керек. Спинозаның ойынша, шексіз субстанцияның атрибуттары саны
шексіз, олардың әрқайсысы қажетті тіршілік етеді, яғни “ өз-өздігінен ”. “
Этиканың ” анықтамаларында Спиноза атрибуттың мынадай анықтамасын береді –
“ бұл субстанциядағы ақыл-ойдың құрамы ретіндегі оның мәнінің көрінісі ”.
Субстанция ( Құдай ) шексіз бола тұра, өзінің мәнін көптеген шексіз
формалар және бейнелер немесе атрибуттарда көрсетеді. Өйткені, атрибуттар
субстанциялық форманың көрінісі болғандықтан, олардың сансыз сандары
субстанцияның мәнін туысады, сондықтан, біз атрибуттарды көзге елестетуіміз
мүмкін емес. Атрибуттардың әрқайсысы Құдай субстанциясының шексіздігін
көрсетіп, өз-өзіндік болып қабылдануы тиіс, басқаша айтқанда, басқаның
көмегінсіз және өз-өзімен тіршілік ететінін білдірмеу керек. Спиноза өзінің
бір схолийінде оны былай деп түсіндіреді: “ Егер екі атрибут әр түрлі
ретінде қабылданса, яғни біреу басқаның көмегінсіз, онда біз олар екі
тіршілікті немесе екі әр түрлі субстанцияны көрсетеді деген тұжырымдама
жасай алмаймыз; шынымен-ақ, субстанцияның табиғатына тән оның әрбір
атрибуттары өзіндік болып қабылданады, өйткені оларда бар атрибуттар
әрқашанда сонымен бірге болады, олардың біреуі басқаның туындысы бола
алмайды, бірақ көрсетеді. Демек, бір субстанцияға көптеген атрибуттарды
қосу танту болып есептелмейді, ол керісінше, табиғатта мынадай анық нәрсе
бар: әрбір тіршілік белгілі бір атрибут формасында қабылдануы тиіс, сонымен
қатар, көптеген атрибуттар бар. Олар өз кезегінде, оның қажеттілігін, яғни
мәңгі және шексіз екендігін білдіреді. Осыған орай, мынадай анық дүние бар:
сансыз көп атрибуттардан тұратын абсолютті шексіз тіршілік бар, олардың
әрқайсысы белгілі мәңгілік мәнді білдіреді ”.[5.] Спиноза айқын
көрсеткендей, Құдай немесе субстанция атрибуттарымен бірге біртұтас болып
қарастырылады және субстанцияны атрибуттардан бөлек қарастыру мүмкін емес,
өйткені, атрибуттарды субстанциядан бөлек қарастыру дұрыс емес, сондықтан
атрибуттар тек Құдайдың мәні, яғни, оның көрінісі.
Спинозаның пікірінше, көптеген сансыз атрибуттардың тіршілік етуіне
қарамастан, бізге белгілі екі атрибут бар: “ ой ” және “ ұзандық ” – осы
екі жаратушы субстанцияны Декарт мойындады, ал Спиноза оларды атрибуттар
деп атады. Егер Декартта ой және ұзындық екі өз бетінше субстанцияның
атрибуттары болса және олардың арасындағы қарым-қатынас Құдаймен
орнатылатын болса, онда Спинозада бұлар бір субстанцияның екі атрибуты
болып есептелінеді, яғни Құдай субстанциясының атрибуттары. Ол атрибуттар
дербес және бір-біріне ықпал ете алмайды. Неліктен бізге көптеген сансыз
атрибуттардың ішінде осы екеуі ғана белгілі? Мүмкін мұнын мәнісі мынада
шығар: біз Әлемді осы екі атрибуттың көмегімен қабылдауымыз мүмкін. Сонымен
қатар, осы атрибуттардың көмегімен, біз Құдайды тануымыз мүмкін. Ұзындық
шексіз субстанциядағы бір атрибутын құрайды, өйткені, бұл атрибутсыз
ешқандай соңғы затты ойлау мүмкін емес. Ол дененің ең маңызды белгісі болып
саналады. Ұзындық өздігінен бөлінбейді, бөліну – соңғы заттардың “
көрінгендігі ”. Декарттың ізінше Спиноза қуыстықтың бар екендігін жоққа
шығарады. Дегенмен, субстанция (Құдай) ұзындыққа сайымайды – оған тағы бір
атрибут тән, ол – ой. Спинозаның ойынша, “ ой ” термині адам санасының
барлық мағынасын білдіреді, яғни логикалық қорытынды жасау қабілеті.
Спинозаның пікірінше шексіз сана шексіз модустың бірі болып табылады.
Шексіз сананың жалғыз қасиеті, әрқашанда барлық нәрсені анық және айқын
тану. Өйткені, ой субстанцияның атрибуты болып саналады, сондықтан әрбір
зат тек сол арқылы ғана көрініс табуы мүмкін. Барлық заттар белгілі бір
деңгейлерде жанды болып келеді. Сонымен қатар, теоретикалық тұрғыдан алатын
болсақ, атрибуттардың жақсы жақтары тең болып келеді, дегенмен, “ ой ” өз
бетінше ойлау қабілеті, барлық басқа атрибуттардан ерекше блуы тиіс, яғни
ерекше артықшылдығы болуы шарт. Бірақ мұндай жағдай көптеген ішкі
қиындықтарға әкеліп, белгілі бір иерархияны енгізуді талап етеді, ал
Спиноза болса көлденең тәртіпті орнатуға ұмтылады, яғни бұл атрибуттардың
толық тепе-теңдігін білдіреді. “ Ойға ” ерекше артықшыларды құрмай-ақ,
жердегіні жоғары көтеріп, оны Құдай деп тануға болады. Спиноза осы ережеге
байланысты мынадай классикалық тұжырымдама береді: “ Идея тәртібі және
байланысы, заттар тәртібі және байланысы сияқты ”,[6.127.] яғни бұл Құдай
орнатқан тәртіп. Шын мәнісінде, егер ұзындық Құдайдың атрибуты болса, онда
ұзындылық ақиқаттың құдайылық табиғаты бар. Құдай – ол ұзындық, бірақ
керісінше сөйлем құру керек емес. Оны былай деп айтсақ болады: ұзындық –ол
Құдайдың атрибуты, сондықтан Спиноза оларды өзіндік біртұтастық ретінде
қарастырады. Бұл қағида құдайдың физикалық денесі бар екендігін
білдіртпейді, бұл оның “ ұзын ” екенін білдіреді. Демек, дене атрибут емес,
ал атрибут ретіндегі кеңістіктің соңғы модусы – модус, ол өз кезегінде
Әлемді жоғарылатып және оны жаңа теоретикалық позицияға еңгізеді, сондықтан
ол құрылымы жағынан Құдай атрибутына қосылған.
1.2 Модустар – субстанцияның күйлері ретінде
Субстанциялар мен атрибуттардан басқа модустар тіршілік етеді. Спиноза
оған мынадай анықтама береді: “ Мен модусты субстанцияның күйі ретінде
түсінемін, яғни оның басқада болуы және сол арқылы оның көрініс табуы ”.
Субстанциясыз және оның атрибуттарысыз модустар болмас еді, ал біз оларды
қабылдай алмас едік. Дәлірек айтатын болсақ, модустар атрибуттардан шығады
және атрибуттарды анықтайды: “ Қажетті және шексіз тіршілігі бар әрбір
модус міндетті түрде белгілі бір Құдай атрибутының абсолютті табиғатынан
шығуы керек, немесе қажетті және шексіз модификация күйінде тұрған белгілі
бір атрибуттан шығуы тиіс ”. Спинозаның субстанциялық құрылымында әртүрлі
модустарды көруге болады, олардың біреуі – шексіз модустар, басқалары соңғы
модустар, сонымен қатар, қиын модустар бар. Дегенмен, Спиноза шексіз
атрибуттардан соңғы модустарға ауыспайды, ол модустардың арасында болады.
Мысалы, ойдың шексіз атрибутының шексіз модусы – шексіз сана мен шексіз
ерік, ой атрибутының соңғы модусы идея болып табылады. Ұзындылықтың шексіз
атрибутының шексіз модусы – қозғалыс пен тыныштық күйі, ұзындық атрибутының
соңғы модусы – белгілі бір заттың қозғалысы. Сонымен қатар, Әлемде шексіз
модусқа жатады. Шексіз модустан соңғы модусқа өту мәселесін Спиноза қалай
түсіндірмек? Спиноза белгілі бір модустар мен жеке модификацияларды
енгізіп, қарапайым сөзбен біреулері басқалардан пайда болады дейді. “
Этиканың ” бір пікірінде былай делінген: “ Барлық бірлі-жарым, басқаша
айтқанда, әрбір соңғы және өзінің тіршілігімен шектелген зат тек мынадай
жағдайда тіршілікетуі мүмкін, егер оның тіршілігі және әректі басқа белгілі
бір шекті болса. өз кезегінде осы себеп тек мынадай жағдайда тіршілік етіп
әрекетке байланысты болады. Егер ол тіршілікке және әрекетке байланысты,
үшінші себеппен анықталса, сонымен қатар, соңғы және өз тіршілігімен шекті
болса, демек солай шексізге дейін ”. спинозаның жауабы келесі қағиданы
білдіреді: Құдайдың шексіз атрибутының табиғатына сәйкес келетін модус дәл
осылай шексіз, ал қағидалары соңғы модификациямен байланысты және белгілі
бір тіршілікке ие. Құдай немесе субстанция өз өзінің себебі болып ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz