Интернеттегі құқық бұзушылықтар
КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . 3
І . тарау . Интернеттегі қызмет көрсету бойынша міндеттемелердің жалпы сипаттамасы
§ 1. Интернеттің түсінігі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7
§ 2. Қызмет көрсету бойынша міндеттемелердің жалпы сипаттамасы . . 13
§ 3. Интернеттегі қызмет көрсетулермен байланысты құқықтық мәселелер. . . . . 25
ІІ.тарау . Интернеттегі құқық бұзушылықтар
§ 1. Жеке ақпараттың жалпылығы, жеке өмірге араласушылық . . . .. . 27
§ 2. Интернетті құқықтық реттеу . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . 32
§ 3. Интернеттегі цензура және ақпараттық реттеу . . . . . . . .. . . . . 34
ІІІ. тарау . ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ интернетті дамыту мен ақпараттандыру саласындағы заңнамалық жағдайлары
§ 1. Қазақстанның ақпараттық заңнамасы. . . . . . . . . . . . . .. . . . . . 43
§ 2. Реформалау бағытының және саясатының заңды ерекшеліктері .. 59
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 60
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 63

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
бет
КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . .
. . . . . . 3
І – тарау . Интернеттегі қызмет көрсету бойынша міндеттемелердің жалпы
сипаттамасы
§ 1. Интернеттің түсінігі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . 7
§ 2. Қызмет көрсету бойынша міндеттемелердің жалпы сипаттамасы . . 13
§ 3. Интернеттегі қызмет көрсетулермен байланысты
құқықтық мәселелер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . 25
ІІ-тарау . Интернеттегі құқықбұзушылықтар
§ 1. Жеке ақпараттың жалпылығы, жеке өмірге араласушылық . . . .. . 27
§ 2. Интернетті құқықтық реттеу . . . . . . . . . . . .. . . . . . . .
. . . . . 32
§ 3. Интернеттегі цензура және ақпараттық реттеу . . . . . . . .. . .
. . 34
ІІІ- тарау . ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ интернетті дамыту мен
ақпараттандыру саласындағы заңнамалық жағдайлары
§ 1. Қазақстанның ақпараттық заңнамасы. . . . . . . . . . . . . .. . . .
. . 43
§ 2. Реформалау бағытының және саясатының заңды ерекшеліктері .. 59
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . 60
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . 63
Кіріспе
Бұл туралы әлемнің барлық заңгерлерін толғандыратын күрделі бір
мәселелердің бірі – интернетті құқықтық реттеу қарастырылады. Қазіргі таңда
интернет желісі ең глобальді технология боп табылады. 1995 жылдың соңында
интернет кең тарала бастады. Әлемде 16 млн. Тұтынушылар болса, 2001 жылдың
басында тұтынушылар саны 400 млн-ға жетті. Сенімді болжамдарға сәйкес бұл
сан 2005 жылы 1 млрд-қа, ал 2010 жылы 2 млрд-дейн өседі. 1997 жылы
жүргізілген санада криминалистерқа інің зерттеулеріне сәйкес желі
тұтынушыларының 95% бір рет болса да, құқықбұзушылықтың объектісі болады.
Тақырыптың өзектілігі. Үшінші мыңжылдыққа өту философия, информатика,
экономика, заң және басқа да ғылым саласындағы мамандықтардың ақпараттық
қоғамға өтуімен байланысты. Бұл қоғамдағы шешуші рөлді ақпаратты алумен,
өңдеумен, таратумен байланысты салалар ойнайды. [1]
Бүкіл ХХ ғасыр бойында адамзат өркениеттің даму тарихында еңбектің негізгі
пәні болып материалдық объектілер табылған... Мемлекеттің экономикалық күші
материалдық ресурстармен өлшенген.
ХХ ғасырдың соңында алғаш рет адамзат тарихында қоғамдық өндірісте
еңбектің негізгі пәні болып ақпарат табылады. ²
Қазіргі таңның мыңдығын ақпараттық құқық бейнелейді. Қазіргі күннің өзінде
экономикалық дамыған мемлекеттерде жұмыс орындарының жартысынан көбі
ақпаратты өндірумен өңдеу саласына тиеді. Ақпараттық қоғам жағдайында
негізгі рөлді телекоммуникациялық жүйелер ойнайды.
Интернеттің веб-сайтының Бұралық ақпарат құралдарына енгізілуі (ақпаратты
тарату және құрудағы өзіне тән ғана спецификасын аңғармауы) интернет
арқылы тарататын ақпараттың құқықтық реттеу тәртібін кейбір аспектілерде
тіптен қиындатып жіберді. Мысалы, жеке және заңды тұлғалармен, мемлекеттік
органдарымен іс жүзіне асырылатын электронды ақпараттың құқықтық реттеу
тәртібі мен мәртебесі заңды түрде бір жүйеге келтірілді. Енді заңнамаға
сәйкес, әрбір ақпарат жеке немесе мемлекеттік органдардың ақпарат пен веб-
сайтта да жарияланатын ақпараттар да бұқаралық ақпарат құралының жемісі
болып табылады. Бірақ та бұл құқық реттеудің нонсенсі болып есептеледі.
Болашақта құқықтық реттеудің механизмін әрі қарай жетілдіру көзделіп отыр.
Телекоммуникация желілерін дамыту үшін заңды шараларды құру 29.12.2000
ж. шыққан үкіметтің қаулысында қарастырылған. Республикалық Ғылыми-
техникалық бағдарламаға негізделген қаулы, Ақпараттық-телекоммуникация
жүйесі үшін радиоэлектронды тәсілдер мен құралдарды дамыту, құру және өңдеу
.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.
Осы жұмыстың зерттеу мақсатының бірі болып Интернеттегі қызмет көрсетумен
байланысты жалпы заңи сипаттамасын зерттеу болып келеді, сонымен бірге осы
заңдардың тәжірибелік ұсыныстар мен теориялық жағдайларды қалыптастырудағы
бөлек міндеттемелерді жақсартуды атап кетуге болады.
Жоғарыда қойылған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер қойылған:
• Қызмет көрсету бойынша міндеттемелерге жалпы сипаттама беру;
• Интернет желісінің құқықтық түсінігін қалыптастыру
• Интернеттегі қызмет көрсетумен байланысты дифференциалдық
міндеттемелерді жүргізу
• Байланыс қызмет ретіндегі телекоммуникациялық желілерінің каналдары
бойынша мәліметтерді өткізу бойынша қызмет көрсетудегі міндеттемелік
келісім-шарттарына сараптама жасау;
• Жалпы қолданыстағы телекоммуникациялық желілер арқылы өткізілетін
мәліметтердің ауыстыру жолының шарттарын келісім-шарттарға отыру
жүйесін дамытуға бағытталған ұсыныстарды қабылдау;
• Интернет каналдары арқылы өтетін ақпаратты жіберудегі міндеттемелік
келісім-шарттарды қарастыру;
• Ақпараттық ресурстардың желілерін құру бойынша келісім-шарттық
міндеттемелерді қарастыру;
Жұмыстың методологиялық негізі: Магистерлік диссертация әртүрлі зерттеу
тәсілдері қолдану арқылы жазылған: жалпы ғылыми: формальді-логикалық,
тарихи, аналитикалық, сонымен бірге жеке ғылыми: салыстармалы-құқықтық,
нағыз әлеуметтік, басқа да ғылыми анықтау тәсілдері.
Зерттеудің эмпирикалық базасы болып: телекоммуникациялық желісі арқылы
қызмет көрсетуі сот тәжірибесі, сонымен қатар мемлекеттік шешімдер мен
істері, қоғамдық және басқа да ұйымдардың қызметімен байланысты болып
келетін немесе олардың қызметтерін қарауға құзіретті бар ведомствалар
жатады. (Ақпарат пен байланыс жөніндегі Қазақстан Республикасының
Министірлігі, Кәсіпкерлікті қолдау және монополияға қарсы Қазақстан
Республикасының Министірлігі).
Зерттеудің теориялық қайнар көздері: Магистерлік диссертациясының
теориялық базасы болып келесі авторлар кіреді: Агарков М.М., Бачило И.Л.,
Батурин Ю.М., Венгеров А.Б., Волокотин А.В., Волчинская Е.К., Карелина
М.М., Копылов В.А., Кристальный Б.В., Курило А.П., Мелюхин И.С., Морозов
А.В., Наумов В.Б., Нисневич Ю.А., Новиков Д.Б., Нестеров Ю.М., Рассолов
М.М., Снытников А.А., Талимончик В.П., Терещенко Л.К., Финько О.М.,
Шерстобитов А.Е., және т.б.
Зерттеудің құқықтық негізі: Магистерлік диссертацияда Қазақстан
Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексі, Қазақстан Республикасының Байланыс туралы Заңы, Тұтынушылар
құқығын қорғау Заңы, Кеден ісі туралы Заң, Лицензиялау туралы Заң,
Аралас және авторлық құқықтары туралы Заң, Мемлекеттік сатып алу
туралы Заң, табиғи монополиялар туралы Заң, Патент заңы, Бұқаралық
ақпараттар құралдары туралы Заң.
Зерттеу жаңалығы: Магистерлік жұмыстың ғылыми жаңалығы Интернеттегі қызмет
көрсетумен байланысты бірінші рет міндеттемелік келісім-шарттар кешенді
түрде қарастырылып, олардың дифференциациясы өткізілді. Интернет желісінің
құқықтық түсінігін қарастыру техникалық кешен ретінде бұл желіні зерттеу
аспектісінде жаңа тәсіл қолданылып, бұл тәсіл міндеттемелік келісім-
шарттардың жүйесінің негізінде құрастырылған. Интернет желісін қолданумен
байланысты қызмет көрсету сферасы заңнамалық тәжірибелерді жақсартуға
бірнеше ұсыныстар жасалынды. Бұл ұсыныс Интернетпен байланысты қызмет
көрсетудегі құқықтық реттеу туралы Заңында өз көрінісін тапты.
Ғылыми және тәжірибелік мәні: Бұл жұмыстың ғылыми мәні оның қорытындыларын
болашақта теориялық зерттеулерде қолдануында болып отыр. Жұмыстың
тәжірибелік мәні диссертация жағдайы іс жүзіндегі заңнамалардың
жақсартылуына түрткі болатынына мүмкіндік береді. Диссертациядағы ашылған
жаңалықтарды арнайы курстарда дәріс ретінде келесі ұрпаққа жеткізу болып
отыр.
Халықаралық жүйе интернетті қолданудың экономикалық қоғамдық мәнінің
күрт өсуі, жоғарғы компьютерлік және телекоммуникациялық технологяларды
қолданумен байланысты құқықтық мәселелерді шиеленістіре түсті.
Отандық заң ғылымында интернетті қолданумен байланысты қатынастар жете
зерттелмеген. Көптеген авторлар өз жұмыстарын авторлық құқық объектілерін
құқықтық қорғаудың жеке мәселелеріне арналған. Сонымен қоса мемлекеттің
ақпараттық қауіпсіздік мәселелері де егжей-тегжейлі зерттелген. Бұқаралық
ақпарат құралдарын реттейтін құқықтық нормаларды тарату мүмкіндігі туралы
сұрақтар қарастырылған. Қазірдің өзінде әлемнің жиырма мемлекеттерінде
ғаламдық ақпараттық кеңістікті қолдануға қатысты өздерінің ұлттық
заңнамалары бар. Дегенмен де әлемдік жүйенің дамуы көптеген құқықтық
мәселелерді қарастырмаған, осыған орай көптеген құқықтық актілерді
қабылдаудың қажеттілігі туындап отыр.
ХХІ ғасырда Интернет жүйесімен байланысты міндеттемелерге арналған кешенді
зерттеулердің жоқтығы аталған тақырыптың өзектілігін айқын көрсетеді.
Жұмыстың құрылымы мен мазмұны: Магистерлік диссертация кіріспеден, үш
тараудан, оның ішінде 8 параграф пен қорытынды, сонымен қатар қолданылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
Қорғауға шығарылатын ережелер:
1. Халықаралық құқық және ұлттық құқық аясында интернетті реттеуде
бірыңғай заң қабылдау.
2. Нормативтік базаны жетілдіру.
3. ТМД шеңберінде декларациялар қабылдау.
4. Электронды қол қою туралы заң 2001 ж. қабылданған. Алайда, бұған
қосымша заңдар әлі де қажет.
І тарау. Интернеттің қызмет көрсету бойынша міндеттемелердің жалпы
сипаттамасы.
§ 1. Интернеттің түсінігі.
Ақпараттық қоғам түсінігі (технотрондық қоғам) білім қоғамы т.б.). ХХ
ғасырдың ортасында пайда болып, бұл қоғамда негізгі рөлді ақпаратты алу,
өңдеу, тарату бойынша қызметтер ойнайтын қоғам ретінде сипатталады.
Ақпараттық қоғамның технологиялық негізгі болып жахандық
телекоммуникациялық жүйелер табылады. Әлемдегі ең ірі телекоммуникациялық
жүйе болып интернет табылады. Ол мамандардың шектеулі шеңбері үшін байланыс
құралы ретінде пайда болып, тез арада бұқаралық әлеуметтік құбылысқа
айналды. [2]
Интернетке анықтама беру қиынға соғады. Ақпараттық жүйе термині кейде
интернетті бейнелеу үшін қолданылады. Бұл термин берілетін ақпарат
формасын, беретін субъектілерді нақтыламайды.
Осыған орай интернетке қатысты телекоммуникациялық жүйе терминін
қолданған дұрыс. (ағылшынның telecommunications network термині, ақпаратты
беру жүйесі дегенді білдіреді).
Техникалық тұрғыдан интернет әр түрлі типтегі көптеген телекоммуникациялық
жүйелердің бірігуі нәтижесінде пайда болған ең ірі телекоммуникациялық
жүйені бейнелейді. ²
Интернетті ақпаратпен алмасу құралы ретінде қарастыру ақпарат алмасу пәнін
анықтау қажеттілігіне алып келеді.
Ақпарат түсінігі ғылымда әр түрлі түсіндіріледі. Ақпараттың тар және кең
мағынасы бар. Ақпарат ретінде адаммен қабылданатын қоршаған ортада болып
жатқан құбылыстар мен қоршаған орта туралы мәліметтер анықталады.
Осылайша, телекоммуникациялық жүйе реінде интернет компьютерлік өңдеуден
өтетін қоршаған орта, ондағы объектілер, үрдістер, құбылыстар туралы
мәліметтерді беру құралы боп табылады.
Интернет түсінігін кешенді қарастыру интернет генезисін зерттеуді қажет
етеді.
Әлемдік телекоммуникациялық интернет жүйесінің даму тарихы 30 жылдан астам
уақытты есептейді. 1969 жылы АҚШ-тың қорғаныс министрлігі жанында ғылыми
зерттеулер агенттігінің қызметкерлері арасында ғылыми ақпаратпен алмасу
үшін ARPANET компьютерлік жүйесі құрылды.
Ең қызықтысы КСРО-да АҚШ-та ARPANET жүйесін құрғанға дейін 6 жыл бұрын
есептеу орталықтарының мемлекеттік жүйесін құру туралы жоспар болған.
Өкінішке орай ол іс жүзіне аса алмады.
Алғашында ARPANET әскери іс қимылдар кезінде ақпаратты жеткізу үшін
құрылғын болатын. [3]
1970 жылдың соңында жеке жүйелердің интеграция үрдісі басталып, 1983 жылы
1 қаңтарында ARPANET жүйесін жүйелердің біріктіруімен аяқталады. Бұл
Біріккен жүйенің атауы интернет болды.
Интернет –мәліметтерді беру протоколы деген атаудан шыққан.
Мұндай біріккен жүйе тез арада дами бастады. 1984 жылдан бастап бұл жүйеге
миллиондаған компьютерлер қосылады.
Қазіргі таңда интернет жүйесі тек қана жеке компьютерлермен ғана шектеліп
қоймай, нотбуктармен ұялы телефондарды біріктіреді.
Тұтынушы массасының көптігіне байланысты интернет әлеуметтік фактор рөлін
ойнай бастады.
Зерттеуші Талиманчик В.П. өз зерттеу жұмысында интернеттің дамуына
әлеуметтік тұрғыдан шолу жасап, бұл жүйенің даму тарихының 4 кезеңін бөліп
көрсетеді.
1. 60 жылдар ортасынан 1993 жылға дейін – АҚШ территориясында интернеттің
қалыптасу кезеңі. (әскери мақсаттарда, сондай-ақ ғылыми-техникалық
ақпарат алмасу үшін қоданылды.)
2. 1973-1983 ж.ж. – бейбіт мақсаттарда жүйені қодануға көшу кезеңі.
(алғашқы халықаралық қосылу 1993ж.)
3. 1983-1986 ж.ж. - әртүрлі бөлінген жүйелерді бір жаһанды жүйеге
бірктіру кезеңі. (АҚШ-тың ғылыми зерттеу орталығының бастамасы бойынша
ARPANET пен NSFNET жүйелерінің бірігуімен аяқталды).
4. 1986 жылы бері қазіргі күнге дейін – көп функционалды даму кезеңі.
Аталған кезеңдерге тағы бір кезеңді қосуды жөн деп көріп отырмын. Бұл
интернетті коммерцализациялау кезеңі, яғни интернетке қосылуға тек ғылыми
орталықтармен АҚШ-пен басқа мемлекеттердің мемлекеттік мекемелер мен қоса
басқа да барлық ұйымдар мен жеке тұлғалар мүмкіндік алды. Аталған кезең
1989 жылы басталады. Осы жылы интернетке коммерциялық ұйымның алғашқы
қосылуына рұқсат беріледі.
Міне дәл осы кезден бастап, ХХ-ғасырдың 90-жылдары интернет бүкіл әлем
бойынша компьютерлік ақпарат алмасу үшін барлығына тиімді жүйе ретінде
кең тарала бастады. Ресей территориясында жұмыс істеген RELCOM, SOVAM
TELEPORT жүйелері интернетке қосылып, орыс тілдегі жүйені ақпараттық
ресурстардың өсу санасы басталды. [4]
Интернеттің дамуы құқықтық мәселелерді туындатты. Бірінші кезеңде
құқықтық реттеу ведомствалық деңгейде жүзеге асырылып отырды. Себебі
жүйенің негізігі тұтынушылары АҚШ қорғаныс министрлігінің қызметкерлері
болды.
Екінші және үшінші кезеңдерде интернетке халықаралық қосылулардың
көптігіне байланысты трансшектеулі мәліметтерді берудің құқықтық реттеу
мәселесі пайда болды. Бұл мәселе осы күнге дейін өзекті болып қалып отыр
және де белгілі бір ақпаратты беруде шектеулер мен тиым салуларды
қамтамасыз ету бойынша мемлекеттердің ынтымақтастық мәселелерін
халықаралық-құқықтық реттеуін талап етіп отыр.
Аталған проблемадағы негізгі сұрақ және тұлға туралы мәліметтерді қорғау
мәселесі табылады. Бұл мәселе өз көрінісін АҚШ заңнамасы (1974 жылы закон
о личной сфере) мен Еуропа мемлекеттерінің заңнамасынан (Закон о защите от
злоупотребления данными о личности при обработки данных 1977 года) табады.
Сонымен қоса туындаған мәселелерге авторлық құқықтарды қорғау мәселелері,
ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңды және жеке тұлғалардың заңды
мүдделеріне қауіп қатер төндіретін ақпаратты таратудың алдын алу
мәселелері жатады. [5]
Интернетті құқықтық реттеу – бұл құқықтық және ұйымдастырушылық
шаралардың кешені. Соның ішінде:
1. Коммерциялық заңнама
2. Бәсекелестікті дамыту мен реттеу бойынша шаралар
3. Лицензиялау
4. Технологиялық стандарттар
5. Бағаларды реттеу
6. Салық салу
7. Интеллектуалды меншікті қорғау
8. Тұтынушы құқықтарын қорғау
9. Жеке ақпараттың құпиялығын қорғау
10. Провайдерле жауапкершіліктерін қамтамасыз ету
11. Компьютерлік қылмыстарды тергеу
Қазіргі таңда интернетті реттеу қиындатылған себебі көптеген мемлекеттерде
арнайы Интернет туралы заң жоқ.²
Заң оқулықтарында интернет бірқатар анықтамалар берілген, солардың ішінде
интернетті компьютерлік немесе ақпараттық жүйе реінде түсіну анықтамасы
басымдылыққа ие. [6]
Мейлінше, интернет түсінігіне нақты анықтаманы зерттеуші Талимончик В.П.
берді. Ол құқықтық реттеу үшін мәні бар белгілерді басщылыққа ала отырып,
интернетті коммуникациямен бұқаралық ақпаратты жүзеге асыру үшін
тағайындалған, жаһанды компьютерлік жүйенің даму үрдісінде пайда болған,
әртүрлі қоғамдық қатынастарды бір әлеуметтік техникалық жүйеге біріктіретін
құқықтық реттеудің кешенді пәні ретінде анықтама берді. Басқа сөзбен
айтқанда интернет жалпы қолданысты бейнелейтін халықаралық
телекоммуникациялық жүйе. Бұл телекоммуникациялық жүйе басқа да шарттар
да, өз көрінісін тапты. Оның бірнешеуін талқылауға алдық:
§2. Қызмет көрсету бойынша міндеттемелердің жалпы сипаттамасы.
Қазіргі таңның жаһанды макроэкономикалық үрдістері қызмет категориясын
қарастырудың маңыздылығын көрсетіп отыр.
Міндеттемелер туралы алғашқы ойлармен заңгерлерінің еңбектерінде көрініс
тапқан. Мәні басқа тұлғаны бір нәрсе істеуге немесе көрсетуге біздің
алдымызда байлау боп табылады.
Ресейдің азаматтық құқықтық ғылымына айтарлықтай үлесті Ағарков М.М, Н.Г.
Александрованың, П.А. Лунцтың, И.Б. Новицкийдің еңбектері үлес қосты. Олар
міндеттемені бір тұлғаны екінші тұлғадан белгілі бір іс-әрекеттерді жасауын
немесе жасаудан бас тартуын талап ете алатын азаматтық құқыққатынас ретінде
анықталады.
Кейінірек міндеттеме түсінігіне байланысты мәселелер, олардың жіктелуі
бірқатар зерттеушілердің жұмыстарынан өз көріністерін табады. Олардың
ішінде С.С. Алексеев, Е.Н. Братусь, Н.Д. Егоров, О.С. Иоффе, А.Ю. А. Ю.
Кабалкин, С.А. Красавчинов, т.б.
Интернет категориясы Ресей Федерациясында 1997 жылы бастап қолданыла
бастады. Интернеттің негізгі белгілерін анализдеп болған соң, интернет ол
жалпы (ортақ) қолданыстағы халықаралық телекоммуникациялық жүйе, яғни
мәліметтер алмасу үшін тағайындалған ортақ қолданыстағы электробайланыстың
халықаралық жүйесі. Аталған түсініктер интернеттегі қызметтерді интернет
халықаралық жүйесі арқылы мәліметтерді беру бойынша белгілі бір әрекеттерді
немесе қызметті жүзеге асыратын қызметтер ретінде анықтауға мүмкіндік
береді. [7]
Мәліметтерді беру нәтижесінде пайда болатын міндеттемелерді қарастыра
отырып, заңнамада электронды түрде мәмілелерді жасасу мәселесі, сондай-ақ
электронды сандық қолтаңбаны қолдану сұрақтары әлі де жеткіліксіз дәрежеде
реттелетіндігі туралы айта кеткен жөн.
Электронды сандық қолтаңбаны қолданудың құқықтық негіздері бірқатар
мемлекеттермен, соның ішінде АҚШ, Канада, Германия, басқа да Еуропа
мемлекеттерімен қаланған. 1999 жылы шілде айында Еуропалық одақ Электронды
қолтаңбаны қолданудың жалпы жағдайлары туралы директива қабылдады. Сондай-
ақ 2000 жылдың қаңтар айында Беларусь Республикасы Электрондық құжат
туралы заңында және Эстон Республикасы Электронды сандық қолтаңба туралы
заңында электрондық сандық қолтаңбаны қолданудың құқықтық шарттарын
бекітті. Сонымен қоса, таяуда Ресей Федерациясы да Электронды сандық
қолтаңба туралы заң қабылдады. Бұл ақпараттандыруды құқықтық реттеу
саласында алға жасаған қадамы еді. Мәліметтерді беру арқылы жүзеге асатын
мәліметтерді қарастыра отырып олардың мазмұнының критериясы бойынша,
негізгі екі классты атап көрсетуге болады: олар байланыс қызметтері мен
ақпаратты өңдеумен беру бойынша қызметтер. [8]
Интернеттегі байланыс қызметтерін көрсету бойынша міндеттемелерді
төмендегідей түрлерге бөлуге болады:
1. Абоненттің интернетке қосылуы
2. Хабарды қабылдау, жіберу, сақтау
3. Абоненттің ақпараттық ресурсын интернет желісі станциясында
орналастыру (Хостингтің интернет қызметтері)
Байланыс қызметтерінен басқа ақпаратты беру бойынша міндеттемелерді
бөліп көрсету қажет. (мысалы: жарнамалық, маркетингтік, кеңестік т.б.)
Айтып кеткендей қазіргі таңда интернеттегі қызметтерді көрсету бойынша
кеңінен таралған шартты міндеттер боп интернет желісіне қосылуға шарт
электронды пошта қызметтеріне және хостинг қызметінің шарты табылады.
Интернет желісіне қосылу шарты бойынша бойынша байланыс операторы
абонентті интернет желісіне осуға міндетті, ал тұтынушы көрсетілетін
қызметті төлеуге міндетті.
Электрондық пошта шарты бойынша байланыс операторы қызмет тұтынушыға
адрес беріп, сол адреске интернет желісі арқылы келіп түскен мәліметтерді
қабылдауға, сондай-ақ тұтынушының тапсырысы бойынша сондай мәліметтерді
көрсетілген электрондық адрестерге жібеоуге міндетті. Ал өз кезегінде
тұтынушы көрсетілген қызметті төлеуге міндеттенеді.
Қазіргі таңда интернетті қолдану арқылы жүзеге асатын міндеттемелер кең
таралған: желілі ақпараттық ресурстардағы жарнама, тұтынушылар жүріс-
тұрысының маркетингтік зерттеулер, ақпараттық ресурстардың жұмысы туралы
ақпараттық – статистикалық қызметтер, қашықтан білім беру қызметі, сондай-
ақ заң кеңестерін беру. [9]
Интернет арқылы қашықтан білім беру бойынша шартты міндеттемелер үшін
білім тексеру нәтижелерінің дәлдігін қамтамасыз етудің құқықтық
механизмдері қарастырылмаған. Ал мұнсыз білім беру үрдісі ойға қонымсыз
болады. Өз шешімін әлі де болса таппаған көптеген мәселелер бар.
Қазіргі кезең ғылым мен техниканың, соның ішінде есептеу техникасының
даму шыңына көтерілген кезеңі. Ғылым мен техниканың дамуы қоғамдағы адам
ойының дамуымен бағаланады емес пе? Олай болса адам ой еңбегінің қызметі
де қоғамның дамуымен байланысты. ²
Осыған орай неғұрлым ой еңбегі дамыған сайын, ғылымға деген талаптың да
күшейері сөзсіз. Осындай еңбектердің нәтижесі есептеу техникасының
туындауына, оны өндіріс пен өнеркәсіптердегі түрлі салаларда қолдануға
және оның программалық жабдықтарына деген жаңаша талаптарды күшейтіп отыр.
Қазіргі кезде ақпараттың мәртебесі өзгеріп, ол қоғамның осы кездегі жасы
тұрмысын анықтайтын шешуші факторға айналды. Әлемдік нарықтағы
Республикамыздың интеграциялау мәселелерінің жинағанда мемлекетімізді
ақпаратпен жабдықтау – маңызды мәселенің біріне айналды. Сонымен бірге ол
ақпараттық жүйедегі бухгалтерлік есептің дамуына да зор үлесін тигізуде.
Жылдан-жылға бухгалтерлік есеп ақпараттық жүйеде және технологияда өз
орнын тапты. Қазіргі замандағы бухгалтерлік интернет ақпарат жүйелері
Қазақстан экономикасының нарықтық қатынасқа көшуіне байланысты, жаңаша
ыңғайды қажет етті. Қазіргі кезде интернет ақпараттық нарық ойдағыдай
қамтамасыз етілуде. Бухгалтерлік есептегі интернет ақпараттық жүйенің
негізгі функцияларының құрылымы мекеменің көлеміне байланысты.
Бухгалтерлік есептегі интернет ақпараттық жүйенің негізгі функцияларының
құрылымы мекеменің көлеміне байланысты. Бухгалтерлік есеп ұйымының
қаржылық ақпараттың белгілі бір әдістері мен тәсілдері бойынша есептейді,
өлшейтін және оны өңдеп, тасымалдайтын жүйе. Ол кәсіпорын болсын немесе
шағын және орта бизнестің жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін
бағыт-бағадар беріп алдағы уақытта істелінетін жұмысын жоспарлап және
сонымен қатар ол ұйымының болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық
талдау жасауға өте қажетті сала болып табылады. [10]
Бухгалтерлік есеп бүкіл халық шаруашылығы есебінің ең басты негіз болып
саналады. Кәсіпорындар мен ұйымдардағы болатын барлық үрдістерді
қадағалап, орындалып жатқан жұмыстар мен атқарылған қызметтердің
нәтижесінде өндірілген өнімдерді, оған жұмсалған метериалдар мен
шикізаттарды, қаражаттарды сандық өлшемге келтіріп және оны арнаулы
құжаттарға қарай реттеп, тіркеу бухгалтерлік есептің басты міндеті.
Күнделікті шаруашылыққа қажетті есеп-қисап бухгалтерлік есеп арқылы жүзеге
асады. Кәсіпорындағы қаржы-қаражат шаруашылық қызметі туралы ақпараттық
мәліметтерді жинақтап отыратында бухгалтерлі есеп екенін көпшілікке мәлім.
Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы қолданылып келеді, осы күнге дейін
күн санап заманның ағымына қарай дамып, ғылымда өз орнын табуда.
Кез-келген ұйымда, мекемеде, кәсіпорында және кішігірім фирмаларда
бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу экономикалық мәселелердің негізгі және
басты қажеттілігі болып есептеледі.Бухгалтерлік есеп арқылы өндірілген
өнімді есепке алуға, сатып өткізуге, айырбастауға және одан түскен қаржыны
тиімді де ұқыпты етіп бөліп жұмсауға, кәсіпорындағы шруашылықты басынан
аяғына дейін есептеп отыруға болады.
Жалпы бухгалтерлік есептің ақпараттық қызметтеріне тоқтала кетсек ол:
• Алдағы уақытта пайдалану үшін ұйымда болып жатқан операцияларды
тіркеп және оны өңдеп отырады,
• Ұйымның қаржылық-ақпараттық мәліметін өңдейді, сондай-ақ оны
керек уақытына дейін сақтайды,
• Қаржылық-ақпараттық мәліметті пайдаланушылар осы деректер
арқылы ұйымды басқару барысында түрлі шешім қабылдайды.[11]
Қазақстан Республикасының экономикалық салаларда ақпараттар
аспектісі барған сайын үлкен мәнге ие болуда, сондықтан экономикалық
әр алуан нақты бомысын ақпараттық деректер қорымен бейнелеу – оны
ғылымға негізделген ақпараттық технологиялар көмегімен басқаруға
мүмкіндік береді. Мұндай технология Қазақстан Республикасындағы
барлық қорлар жиынтығының өзара тиімді байланысын қамтамасыз етеді.
Осы уақытта бухгалтерлік ақпарат жүйесін күннен-күнге дамуда.
Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнес нарықтық
жағдайында заң шеңберіндегі таза бәсеке түрінде жүргізілген бизнес.
Ол жекелеген адамдардың және тұтас қоғамның экономикалық және
әлеуметтік дамуының негізгі тұтқаларының бірі болып табылады. Шағын
және орта кәсіпорын дамыту рынокты тауарлармен толтыруға және
қызметпен тез қамтуға, салалық және аймақтық үстемдікті жоюға,
бәсекені кеңейтуге, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін
енгізуге сыртқа тауарлар шығару қарқынын арттыруға көмектеседі.
Кәсіпорындағы шығындар есебін жетілдірудегі негізгі тенденциялар
аналитикалық есепті жақсартудағы синтетикалық және аналитикалық
есептерді жақындатумен тығыз байланысты. Ол бухгалтерлік есеп
теориясымен, тәжірибесінде, синтетикалық есептің нақтылы
мәліметтерін аналитикалық есеп толықтырып отырады. Бірақ екі
ақпараттық ағымдар алғашқы мәліметтерді қорыту дәрежесі бойынша
әртүрлі болғанымен олар бір мезгілде жүргізіледі.
Шағын және орта кәсіпорындарында бухгалтерлік ақпарат жүйесін құру кезінде
дербес электронды есептеу машинасын қолдану, бухгалтердің жұмыс орнындағы
ақпараттарды өңдеуге қатысты барлық реттемелерді автоматтандыруға мүмкіндік
болады. [12]
Бухгалтерлік ақпарат жүйесін құру барсында бухгалтерлік есеп ақпараттарын
жіктеуді жоғарылату мақсатында кәсіпорын шығындарының есебін жүргізу үшін
келесі транзиттік жүйесін жүргізу қажет:
• Оперативтік тұлғалар еңбекақысының шығындары
• Қажетті құрал-жабдықтар және жол шығындары
• Қажет құралдардың амортизациясының шығындары
• өндірілген өнімді сату және сақтау шығындары
• басқару -әкімшілік тұлғалардың еңбекақысы
• әлеуметтік салықтар шығындары
• зейнетақы қорына аударымдар
• кеңес құралдардың амортизациялық шығындары
• банкқызметі үшін шығындар
• негізгі құралдарды жөндеу шығындары
Осы шоттар, транзиттік шоттар негізінде іске асырылуы қажет, яғни
сальдосыз есеп беру кезеңіндегі қаржылық нәтижелерге әсер ететін шоттар
түрінде болуы қажет.
Бұл ұсыныс кәсіпорындар бухгалтерлік есебін ұйымдастыруда ақпараттарды
жүйелеу және жинау үрдісінің тиімді болуына мүмкіндік береді. [13]
Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты – барлық кәсіпорындарда орындалатын
операцияның уақытында есепке алынып, олардың қазіргі күнгі уақыт талабына
сай жүзеге асырылуына бақылау жасайды. Оның негізгі бағыты – кәсіпорындағы
есеп жұмысының сапасын арттыруға, есептеу жұмысының барысында қоданылатын,
яғни толтырылып құжаттардың қарапайым, әрі түсінікті болуына және ондағы
көрсеткіштердің пайдаланушыларға ыңғайлы болуына реттеліп жүргізіледі.
Бухгалтерлік есептің ерекшелігі сол, ол тек қана бастапқы және арнайы
құжаттарға жазылып тіркелген нақтылы көрсеткіштер негізінде жүргізіледі.
Кәсіпорын шаруашылық операциялардың тиімділігімен олардың заңдылығы,
шығындардың орынсыз жұмсалынбауы, материалдық құндылықтардың қатаң
тәртіппен ұқыпты да тиімді жұмсалуына бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізудің
міндеті болып табылады. Бухгалтерлік есеп – халық шаруашылығының барлық
салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысын
жүргізу екенін ескерсек, қоғамның даму кезеңдерінің қай сатыларында
болмасын, дамудың объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол
заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін бухгалтерлік есеп
жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.
Осы уақытта интернет ақпараттық жүйенің бухгалтерлік есепте маңызды
элемент. Оны қолдану барысында кәсіпорын, ұйымдардың, фирмалардың
стратегиясы жасалып тауарларды өндірілген өнімдерді сатуда және сатып
алуда бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды қажет етеді. Интернеттегі
ақпаратты сақтау, қолдану және оны меншіктің кез-келген басқа түріне,
көптеген кәсіпорын субъектілеріне қажет деп табылады. Өндірісте,
шаруашылық қызметін басқаруға қажетті ақпарат алу үшін әрбір кәсіпорын,
ұйым, фирма өз жұмысын басқару құралы ретінде бухгалтерлік ақпарат
интернет жүйесін құрады. Бухгалтерлік интернет ақпарат жүйенің атқаратын
міндеті – шектеулі қорларын пайдаланудың баламалы нұсқаларын таңдауға
негізделген шешім қабылдауда кәсіпорын басшыларын қаржылық ақпаратпен
қамтамасыз етеді.
Бухгалтерлік интернет ақпарат жүйесі экономикалық объектіні басқаруға
қажетті ақпараттарды жинақтап, сақтап, жаңартып, өңдеп шығарып отырады.
Осы таңда әр түрлі міндеттегі көптеген интернет ақпарат жүйелері жұмыс
атқарады. [14]
Олар:
• басқару объектісінің сипаты
• жинақталған тәжірибе бойынша бухгалтерлік интернет ақпарат жүйені
құру
• деректерді жинақтау, табыстау, өңдеу құралдарын қолдану
• бухгалтерлік интернет ақпарат жүйені басқару объектілері
басшылығының ұстанымы
Бухгалтерлік интернет ақпарат жүйесін жобалау кезінде, олардың
экономикалық ақпараттарды өндеудегі автоматтандырылған барлық жүйеге тән
өзіндік ерекшелігі бар. ²
Шағын және орта кәсіпорындардан бухгалтерлік интернет ақпарат жүйесін
құру дербес электрондық есептеу машинасын пайдалану, бухгалтердің жұмыс
орнындағы ақпараттарды өңдеуге қатысты барлық реттемелерді
автоматтандыруға мүмкіндік береді. Бухгалтерлік интернет ақпарат жүйесін
құру кезінде бухгалтерлік есепті автоматтандырудың бірнеше жолы бар. Бұл
бірінші жолы бойынша қаржылық есепті автоматтандырылатын жүйе жасалады.
Бұл жүйеде бухгалтерлік есеп бір адам – бухгалтер арқылы жүргізіледі.
Екінші жолы қаржылық есеппен қоса басқару есебі жарым-жартылай
автоматтандырылады. Бұл кезде бухгалтерлік есепті бухгалтер және оның
көмекшісі кіру шектеулі бір жұмыс орнында, немесе екі жұмыс орнында
жүргізеді.[15]
Үшінші жолы қаржылық және басқару есебін автоматтандыру жүзеге асырылады.
Мұндай жүйеде өндейтін ақпарат көлемі бірнеше болғанда көп пайдаланушы
тәртібі қолданылады. Бірнеше компьютер оқшауланған желіге бірігеді, ал бір
компьютер бухгалтердің жеке жұмыс орны ретінде қарастырылады. Бұл жолды
таңдау кәсіпорынның көлеміне, типіне байланысты. Үлкен кәсіпорындар мен
шағын кәсіпорынды салыстырғандағы қиындығымен мәнділігі бойынша басты орын
алатын қаржылық есепті жүргізуге негізгі назар аударылады.
Ақпараттық интернет жүйедегі бухгалтерлік есепте әр түрлі программалық
жолдарды қолдана отырып сол кәсіпорын болмасын, өнеркәсіп және шағын бизнес
орталықтарында болып отыратын күнделікті операциялардың үрдістердің маңызы
әр түрлі. Осы әдістерімен операцияларды бухгалтерлік есептің көмегімен
бақылап, тексеріп олардың дұрыс орындалғаннын немесе орындалмай жатқанын
қарап, одан нәтиже шығаруға болады. Осы айтылғандардың орындалу барысында
бухгалтерлік есепте әр түрлі тәсілдер қолданылады. Барлық қолданылатын
тәсілдердің жиыны және олардың ғылыми тұрғыдан басқарылатындай бір жүйеге
келтірілуі бухгалтерлік есептің әдістері болып саналады.
Осы жерде бухгалтерлік есеп әдістерінің түрлеріне тоқталып өтсек:
• құжаттау
• түгендеу
• шоттар
• екі жақты жазу
• бағалау
• калькуляциялау
• бухгалтерлік баланс
• есеп беру
Осы әдістерді іске асыру үшін дербес электронда есептеу машинасын
қолданамыз.
Барлық ұйымдарда өздерінің күнделікті жұмысты барысында әр түрлі
шаруашылық операциялары орындалады. Бұл операцияларды бухгалтерлік есепке
алу үшін оларға алдымен құжаттар толтыру қажет. Құжатқа орындалған
операцияның аталынуы, мазмұны, орындалған уақыты, өлшем бірлігі, орындаушы
немесе тапсырушы мен қабылдап алушы адамдардың аты жөні, тағы басқа
деректер толтырылады. Бұны құжаттау деп атайды.
Ұйымның шаруашылық операцияларының орындалу барысында барлық
операцияларының сол сәтінде құжатқа жазуға мүмкіндік бола бермейді.
Өндіріліп шығарылған дайын өнімдерді басқа кәсіпорындардан алынған
заттарды, сондай-ақ басқа да қолда бар құралдарды мүліктерді тексеріп,
түгендеп тұрмаса олардың жоғалуына немесе ұрлануына жол берілуі мүмкін.
Түгендеу әдісі арқылы кәсіпорын өзінің қолда бар материалдың құндылықтары
мен ақшаларын және тағы да басқа мүліктерін есептерімен салыстырып отырады.
Бухгалтерлік есеп шоттары туралы айтар болсақ шаруашылық құралдары мен
олардың қорлану көздерін белгілі бір ұқсастықтарына және маңызы мен
көрсеткіштеріне сәйкес жинақтап топтау. Кәсіпорында күнделікті болып
отыратын операцияларды үздіксіз жазып отырмай, оларды экономикалық маңызына
қарай шоттар түрінде жазады.[16]
Шаруашылық кезінде орындалатын әрбір операция негізінде кәсіпорын
қаржылары мен олардың пайда болу көздерінде екі жақты және тең өзгерістер
болып отырады. Бұл кезде екі жақты жазудың маңызы зор болады. Өйткені бір
шоттың дебитінде екінші шоттың кредитінде бірдей сомада көрсетілуі мүмкін.
Ұйымдардың бұндай күнделікті болып отыратын операцияларды, үрдістерді бір
шоттың дебитіне және екінші шоттың кредитіне жазып есептеп отыру үшін
қолданылатын әдіс бухгалтерлік есепте екі жақты жазу әдісі болып
табылады.[17]
Қандай ұйым болмасын белгілі бір қызметпен айналысады, ата айтатын болсақ:
• өнім өндіру
• қызмет көрсету
• сатып алу
• сату
Оларды орындауда кәсіпорын жұмысшы күшін еңбек құралын және материалдық
құндылықтарды пайдаланып болғандықтан барлық жұмсалған шығындарды анықтауды
калькуляцияның атқаратын қызметі зор. Бұны бухгалтерлік есеп өндірілген
өнімнің көрсетілген қызметтен нақты өзіндік құнын анықтау әдісін
калькуляциялау болып табылады.
Бухгалтерлік есеп материалдық құндылықтар ақшадай өлшеммен есептелінеді.
Кәсіпорындағы мүліктердің және міндеттемелердің құнын ақшалай өлшемге
айналдыратын есептеу әдісін бухгалтерлік есептің бақылау әдісі деп атайды.
Кәсіпорынның активтерімен олардың қорлану кездерінің белгілі бір мерзімге
бір жүйеге келтіріліп, ақшалай өлшем түрінде теңестіріліп екі жақты кестеде
бейнеленуін бухгалтерлік баланс дейді.
Ұйымның белгілі бір уақыт аралығындағы есептік кезендегі операцияларының,
шаруашылық үрдістерінің қорытындылап белгілі бір есеп беретін күйге бір
жүйеге келтірілуі қорытынды есеп деп аталады. Оған кәсіпорын, бухгалтерлік
баланс, меншікті капиталының өзгерісі туралы есебі, қаржы нәтижесі туралы
есебі, ақша қозғалыс жөніндегі есеп және басқа да бухгалтерлік есеп
стандарттарында көрсетілген ақпараттың мәліметтері кіреді.
Сөз басында айтып кеткендей кез-келген кәсіпорында бухгалтерлік есепті
автоматтандыру онда бухгалтерлік ақпараттар жүйесін жасау болып табылады.
Бухгалтерлік есепте ақпарат жүйелер құрылымы икемді және ашық жүйелі болуы
керек. Бұл бухгалтерлік есепте болағн өзгерістерге байланысты кез-келген
уақытта үлгіге өзгеріс енгізуге болады. Бұл талаптар автоматтандырылатын
объектілердің қатаң параметрленуі және модульдік принциптер бойынша іске
асады.[18]
Сайып келе бухгалтерлік есепте интернет ақпараттық жүйенің алатын орны
ерекше екенін көруге болады. Қоғамгың ақпаратпен жабдықталуы, әр түрлі
басқару салаларындағы дербес электронды есеп машиналарының қолданылуы, жаңа
технологиялар дамуда, бухгалтерлік есептің осы кезде ақпараттар жүйесін
құруда өте қажет екен. Интегрирленген интернет ақпарат жүйені құрастыру
жағдайындағы бухгалтерлік есеп және басқа да бір объектіні басқару есептері
мен бірлесіп шешілетіндігін байқауға болады.
§3. Қызмет көрсетуге байланысты туындайтын құқықтық мәселелер.
Ақпараттық қоғамның дамуы жаңа қоғамдық қатынастарды құқықтық зерттеу
өзектілігін туындатады. Интернетті бұқаралық қолдану оны қолдану
көрсетілетін міндеттемелердің негізгі бөлігін бейнелейді.
Ақпараттық қоғамның даму мен қалыптасуымен байланысты құқықтық мәселелер
Ю.А. Агешин, И.Л. Бачило, Д.Б. Новиков, И.С. Мелюхин және т.б. еңбектерінде
зерттелген.
Өзіміздің оқулықтарымызда заң ғылымында бұл мәселелер жеткілікті дәрежеде
зерттелген жоқ.
Бірқатар авторлар өз жұмыстарын авторлық құқық объектілерін құқықтық
қорғау мәселелеріне арналған.
Аталған еңбектердің анализі интернетте ақпаратты орналастыру кезінде
авторлық құқық бұзылғандығын дәлелдейтін фактілерді қарастырады.
Авторлық құқық объектісін заңсыз қолдануды дәлелдеу фактісі тек серверді
көрсету арқылы қана мүмкін, дегенмен оның сараптамасы қазіргі таңдағы
сайттың мазмұнын көрсетеді, бірақ ол ақпараттың құқықбұзушылық болған
кезден бұрын болғанын дәлелдей алмайды.
Дәлелдеудің шектеулі мүмкіндіктерін сервердің log. Файлдары бере алады.
Бұнда мәліметтердің жазылулары мен оқу операциялары бейнелейді. Олар сайтта
орналасқан файл атын белгілеп, оның мазмұнын белгілей алмайды. Осыған орай
жауапкер бұрын осы атауды басқа мазмұнды файл болғанын алады.
Сонымен қоса оқулықтарды ақпаратты фиксациялау үшін WEB-депозитарийлерді
қолдану қарастыратын. WEB-депозитарийлер тәуелсіз ақпарат сақтаушылар боп
табылады. Олардың рөлінде жүйелі ақпараттың сайт қожайынымен шарт жасасқан
мемлекеттік емес ұйымдар. [19]
Бірақ аталған әдіс күмән түғызады, себебі фактілерді куәландыруды ондай
әрекеттерге құзыретті емес тұлға жүзеге асырады. Мұның барлығы басқа да
әдістерді іздестіру қажеттілігін көрсетеді.
Келесі мәселе, интернетте қызметтерді көрсету кезінде пайда болатын,
мәселе боп далендік атауға деген айрықша құқықтарды құқықтық реттеу
табылады.
Заңгерлердің зерттеу пәнін айналған басқа мәселелер боп жеке мәліметтерді
қорғау, интернеттен ақпаратты алуға азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету,
сондай-ақ шындыққа үйлеспейтін мәліметтерді таратуды тоқтату, алдын алу,
сонымен қоса ұлттық, рассалық, діни қақтығыстарды тұтандыруға бағытталған
үгіт насихаттар.
Интернетті қолданумен конституциялық құрылымды өзгерту, электронды формада
мәмілелерді жасасу, салық салу сұрақтарын шешу.
Сондай-ақ, мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігі интернетті қолдану бойынша
азаматтық құқыққатынастардың ерекшілігі, сот өндірісі үшін
телекоммуникациялық жүйелерді қолдану мәселесі.
Жүйелі ақпараттық ресурстарға бұқаралық ақпарат құралдар қызметін
реттейтін құқықтық нормаларын тарату мүмкіндігі туралы мәселелер
қарастырылады.
Айта кететін жайт интернетті қолдану бойынша қатынастарды қарастыру
кезінде оның күрделі субъектік құрамын ескеру қажет. Мұндай қатынастарға
байланыс операторлары түседі. Субъект құрамының күрделілігі шет ел
элементімен күрделендірілуі мүмкін. Айталық кейде байланысты тұтынушы
байланыс операторлары және жүйелі ақпараттық ресурстың қожайыны әр түрлі
мемлекет юрисдикциясында болуы мүмкін.
ІІ тарау. Интернеттегі құқықбұзушылықтар.
§ 1. Жеке ақпараттың жалпылығы, жеке өмірге араласушылық
Соңғы онжылдықтарда құқыққорғау органдары ұйымдасқан қылмыс, есірткі сату,
адам өлтіру мәселелерімен кездессе, қазір көбінесе компьютермен интернетпен
байланысты қылмыстармен жұмыс істейді.
Мұндай қылмыстардың алдын алуды бірнеше факторлар күрделендіреді. Желі
көмегімен қылмыскерлер мемлекет шекарасынан тыс шет мемлекеттерде
операцияларды жүзеге асырады. Мұнда дәлелдер көбінесе электронды
импульстармен кодтар күйінде болады. Бұл тарауда аталған қылмыстардың
негізгі түрлері қарастырылады. [20]
Интернет көмегімен кез-келген тұлға жеке өмірге қол сұғудың объектісі бола
алады, себебі желі тұтынушыларына көптеген жеке мәлімет ортақ. Әрине,
интернеттегі мәліметтер құпия емес. Дегенмен, кейбір ақылы интернет
сайттары көп қызығушылық танытады. Мысалы, knowx компаниясы жеке
мәліметтерге кең енуді береді, соның ішінде өлім туралы куәлік, туу туралы
куәлік, соттылық және сот талаптары туралы мәліметтер knowx сайтындағы
негізгі ақпарат ақысыз, ал деталді ақпарат белгілі бір ақыға беріледі.
Autotrack, CDB Infotek, Information America, IRSC, Lexis-Nexic және US
Datalink сияқты он-лайн сервестерінде заңгерлер, журналистер, кәсіпкерлер
үшін нақты жеке ақпараттар бар. Мұндай сайттардағы ақпарат әдетте аты-жөн,
адрес, телефон, әлеуметтік сақтандыру туралы, ал кейде жылжымайтын мүлік
туралы соттық және несиелік мәліметті қамтиды. Коммерциялық қызметтер әр-
түрлі қайнар көздерден ақпаратты сатып алады. Мәліметтердің көп көлемі
Equifax, Experian және Trans компанияларынан сатып алынады. Сондай-ақ
мәліметтер ақпаратты жинауы, қайта сату мен айналысатын Metromail, сияқты
компаниялардан сатып алынады. Үшінші қайнар көз боп үкіметтік ұйымдар
табылады.
Жеке мәліметтерге тез енудің өзіндік артықшылытары бар. Switchboard
интернет сайты бір-бірін көруден үміт үзген достар мен туысқандарды қайта
біріктіру бойынша жан толғандыратын оқиғаларды басып шығарады. Сондай-ақ
дәрігерлер медициналық ақпаратты, заңгерлер сотқа шақырылған тұлғалардың
тұрғылықты орны туралы мәліметтерді ала алады. Алайда мұндай енушілік
ақпараттың құпиялығымен нақтылығын асыра пайдаланумен байланысты
толғандырып отыр.[21]
Мұндай мәселеге жауап ретінде көптеген сайттар мәліметтер базасынан
сезімтал ақпаратты алып бастады. 1896 жылы Yahoo People Search
директориясынан телефон номерлерін іздеу мүмкіндігін өшіріп тастады. 1897
жылы АҚШ-ның әлеуметтік қауіпсіздік әкімшілігі (Social Security
Administration SSA) жеке табыспен жалақы туралы мәліметтерді беруге тиым
салуға мәжбүр болады. 1896 жылы Lexis-Nexis-ң P-Trак жүйесін енгізуі халық
көңілінен шықпады, өйткені онда адрестер туған күн әлеуметтік сақтандыру
карточкаларының номерлері көрсетіледі.
Ақш-та он-лайн мәліметтер базасында жеке ақпаратты басып шығаруды
реттейтін арнайы заңдар жоқ. Қоғам ақпаратқа бағынышты бизнесмендер, үкімет
және жеке тұлғалар тиімді жұмыс істеу үшін ақпаратты қажет етеді. Жеке
ақпаратты федерады және жергілікті органдар әртүрлі мақсаттарда қолданса,
ал кәсіпкерлер тұлғаны жұмысқа алу кезінде, несие беру кезінде басшылыққа
алады.
1997 жылы өзінде ақпарат 550-ден астам компаниялардың өнімі боп табылды.
Жеке ақпараттың кең таралуына септігін тигізген келесі фактор 1966 жылы
бекітілген Ақпарат бостандығы туралы акт табылады. (Freedom of Information
Act (FOIA)). Аталған акт азаматтармен үкімет арасындағы ақпарат алмасу
демократиялық қоғам үшін керектігін көрсетеді.
Жеке өмірге араласу деп кейбіреулер жұмыс берушінің өз қызметкерінің жұмыс
компьютеріндегі файлдары, сондай-ақ электронды поштасын тексеруін айтады.
ЕС мемлекеттеріне қарағанда АҚШ өзін-өзі реттеу қағидасы бойынша кетті.
Әрбір сайтта Privacy Policy бар, мұнда ақпаратты сайтта алу және беру
шарттары жазылған. Әдетте жеке ақпаратты орналастыру тұтынушының
келісімімен жасалады және оның бірінші талабы бойынша өшіріледі.
Он-лайн мәліметтер базасында жеке ақпаратты орналастыру құқықбұзушылық боп
табылмайды, алайда көп жағдайларда ақпарат қылмыстық мақсатта қолданылуы
мүмкін, міне осының өзі ЕС мемлекеттерінде құқықтық реттеу мен АҚШ-та өзін-
өзі реттеуге әкеліп соқтырады. РФ-мен ҚР-да жеке мәліметтерді орналастыру
енді ғана дами бастады. [22]
Cookies, spy-ware және ad-ware
Жеке өмірге араласу тақырыбын жалғастыра отырып, бұған web сайттардағы
бегілі бір құру әсер етеді. Көптеген сайттар Cookies жинайды. Cookie – ол
тұтынушының қатты дискісінде файл ретінде сақталынатын және браузер желіден
алатын сайтқа кіру туралы ақпарат. Сайт сақталынған ақпаратты оның келесі
кірулері кезінде оқиды. Cookie файлы провайдер туралы, компьютер
сипаттамасы, бағдарламалық қамтамасыз етудің типімен түрі туралы ақпаратты
қамтиды. Cookie айлдары компьютер жұмысын жақсартады.
Әрине Cookie қолдану құқықбұзушылық боп табылмайды. Дегенмен бұл файлдар
тұтынушыны қажетті жоқ идентификациялауға қолданылы мүмкін. Осыған орай
қазіргі браузерлер, атап айтқанда, Netscape, cookie-ге тиым салу
функциясына ие. Мұны тұтынушы өз қалауы бойынша белсендіре алады.
Интернеттің бірден-бір қызық құбылысы боп ad-ware бағдарламалары табылады.
(ad-ware advertising - жарнама және software –бағдарлама деген сөздерден
пайда болған). Аd-ware-нің функциясы боп тұтынушының қандай сайттары
кіргенін бақылау керек.
Spy-ware бағдарламалық қамтамасыз етудің қауіпті түрі (Spy+software).
Аталған бағдарлама тұтынушының қандай сайттарға кіргендігі туралы ақпаратты
жинаумен, сондай-ақ тұтынушының компьютері, оның парольдері және е-маіl
адрестері және басқа да құпия мәлімет туралы ақпаратты жинауды жүзеге
асырады. Бұл ақпарат кейін қызығушылық танытқан фирамға жіберіледі. Spy-
ware бағдарламасында көбіне вирустар бар, соеымен қоса компьютердің жақсы
жұмыс істеуіне кедергі келтіреді, интернетке ену жылдамдығын төмендетеді.
Көп жағдайларда Spy-ware ақысыз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz