Қазақстан Республикасының экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 ҚОҒАМНЫҢ ӘЛ.АУҚАТЫН ҚАМСЫЗДАНДЫРУДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ТЕОРИЯЛАРЫ
1.1 Экономикалық өсудің буржуазиялық және қазіргі заманғы теориялары ... ... ... ... ...6
1.2 Экономикалық өсу, мәні және оның факторлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
2.1 ҚР.ның экономикалық өсуді қамтамасыз ететін индустриалы.инновациялық саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
2.2 Экономикалық өсу . ұлттық экономиканың қызмет етуінің нәтижесі ... ... ... ...35
2.3 Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың инновациялық негіздері ... ... ... ... ...40
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..48
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..50
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ҚОҒАМНЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН ҚАМСЫЗДАНДЫРУДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ТЕОРИЯЛАРЫ
1.1 Экономикалық өсудің буржуазиялық және қазіргі заманғы
теориялары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 Экономикалық өсу, мәні және оның
факторлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..21
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН
АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
2.1 ҚР-ның экономикалық өсуді қамтамасыз ететін индустриалы-
инновациялық
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... .27
2.2 Экономикалық өсу – ұлттық экономиканың қызмет етуінің
нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
2.3 Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың
инновациялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .48
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
.50
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...51
КІРІСПЕ
Қазақстан ХХI ғасырдың баспалдағында нарықтық экономикаға
бейімделіп, көптеген жетістіктерге қол жеткізіп дүниежүзіне таныла
бастады. Жақын арада Президентіміз Н.Ә Назарбаевтың халыққа Жолдауында
өтпелі кезеңде жетістіктерімізді атап, осы уақыттағы және болашақтағы
ұстанатын жолымызды, яғни экономика саласындағы атқаратын қызметінің
негізгі мақсаттары мен міндеттерін айқындап көрсетті.Қазақстан
экономикалық – әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында айқындалған
стратегиялық бағдарламаның негізінде, біз жас буын оқымыстылар,
ғалымдар өз үлестерін аянбай қосатыны белгілі.
Диплом жұмысымның тақырыбының өзектілігі. Ұлттық экономикамыздың
жетке жетістіктерімен қоса әліде болса, шешілмеген осал тұстарымыз да
баршылық. Біздің борышымыз Қазақстанның өркенниетті елу елдің қатарына
қосылуы үшін аянбай еңбек етуімізді талап етеді. Қазіргі экономикалық
өсу, қоғамдағы әл-ауқаттылық жағдайы, ұлттық экономиканың бәсекеге
қабілеттілігін арттырыру, өндірістік тиімділік бүгүнгі күннің өзекті
мәселесі. Ғылыми салада бүгінгі жаңа теориялық ізденістерін тереңдетіп
жетілген және жетілмеген тұстарына көңіл бөліп, одан ары дамытуға өз
үлесімізді қосуға атсалысқанымыз жөн деп санаймын.
Менің дипломдық бітіру еңбегімнің тақырыбы: Экономикалық өсу
және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру - жайында,
негізгі мақсат экономикалық өсудің теориялық бағыттарына көңіл бөле
отырып, қазіргі нақтылы жұмыс істеп тұрған нарықтық экономиканы одан
ары жетілдіруімізді қажет етеді. Ээкономикалық өсудің мәнін, ұғымын,
нысандарын талдап және оның факторларын экономикалық тиімді жүргізу
туралы анықтауы болып табылады. Экономикалық өсуді қамтамасыз етуде
Қазақстанның экономикасы үшін келесі маңызды мәселелерді қарастырған
дұрыс. Алдымен әлемдік тәжірибелерге сүйеніп ғылыми жетістіктерінің
альтернативті нұсқаларына көңіл бөліп, біздің ұлттық экономикамыздың
ерекшелік қасиеттеріне баса назар аудара отырып, тұрақты әлеуметтік
экономикалық дамуды қамтамасыз ету керек.
Бүгін экономикалық өсудің негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін
пайдалану болып отыр. Өткен шақпен салыстырғанда өндіру көлемін екі –
үш есе ұлғайтуға қол жеткіздік. Бүгінгі Қазақстан тұрақты, тиімді, әрі
сенімді әріптес екеніне барша әлемге аян, ақиқат.
Алдымыздағы міндетіміз экономикалық дамуды жеделдетуіміз үшін
экономиканы диверсификациялауға бағытталған индустриялдық-инновациялық
статегияны іске асыру. Экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін:
- еліміздегі және өңірдегі бекем тұрақтылықты нығайту;
- өңірлік және халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
- жаһандану талаптарына сәйкес экономиканы серпінді
дамыту;
- шикізаттық емес секторларды ілгерілетуге баса ден қою;
- жаңа технологияларды дамыту қажет.
Диплом жұмысымның бірінші тарауында экономикалық өсудің
буржуазиялық және қазіргі жаңа теорияларына сараптама жасалды.
Экономикалық өсу ұғымын анықтап, мәнін ашуға және оған әсер еруші
факторларына тоқталдым. Экономикалық өсудің кейінсшілер теориясында,
соғыстан кейінгі жылдарында әлемге танымал ілімнің жетістіктеріне баса
назар аудардым.
Екінші тарауда, Стратегияның негізгі мақсаты – бәсекелестікке
шыдайтын, импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған тауар
шығаратын өнеркәсіптер құрып, қызмет көрсету саласын мығымдау.
Индустриялы – инновациялық даму бағдарламасына сәйкес біз
экономиканың шикізаттық бағытынан арылып, Қазақстанның индустриялануын
тездетуге, машина жасау мен өнеркәсіп жабдықтарын жолға қоюға тиіспіз.
Яғни инновация – негізгі қозғаушы күш болмақ.
Енді осы тұрақты экономикалық өсудің бүгінгі таңдағы ең негізгі
қозғаушы факторы болып отырған Индустриялы – инновациялық даму
стратегиясының мақсаттары мен міндеттері туралы тоқталып өтсем деймін.
Стратегияның басты мақсаты шикізат бағытынан қол үзуге ықпал
ететін экономика салаларын әр тараптандыру жолымен елдің тұрақты
дамуына қол жеткізу; ұзақ мерзімді жоспарда сервистік – технологиялық
экономикаға өту үшінт жағдай жасау болып табылады.
Өңдеуші өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге
қабілетті және экспортқа негізделген тауарларды, жұмыстар мен қызмет
көрсетулер өндірісі мемлекеттік индустриялы – инновациялық саясаттың
басты нысаны болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан 2030
Бағдарламасында Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық
дамуында тұрақты экономикалық өсуге, халықтың өмір сүру деңгейін, әл –
ауқат жағдайын көтеруге, жоғары индустриалды қоғамды қалыптастыруға
қол жеткізу мақсаттары көрсетілген.Эконимакылық өсудің негізгі мақсаты
болып халықтың материалдық әл – ауқатын көтеру және ұлттық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету табылады.Қазіргі кезде өндірістің
тиімділігін арттырып, экономикалық өсуге жетудегі маңызды фактор –
ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін игеру, тиімді
пайдалану.Техникалық прогресс экономикалық өсудің маңызды қозғушысы
болып табылады, мысалы, АҚШ-та нақты ұлттық табыстың өсімінің үштен
бір бөлігін анықтайды.
Республикамыздың 2003-2015 жж. Индустриалды-инновациялық дамуы
Страгиясының басты мақсаты тұрақты өсім траекториясына шикізаттық
бағыттан сервистік – технологиялық экономикаға көшіру мақсатында
өндіріс салаларын диверсификациялауға негізделген.
Қазігі кезде әлемде және отандық экономикада терең әлеуметтік-
экономикалық өзгерістер орын алуда. Аталған өзгерістер экономикалық
парадигманың өзгеруіне қажетті тарихи алғышарттарды қалыптастырды.
Ұзақ уақыт бойы қоғамдық әл-ауқат көздері ең алдымен материалды-
техникалық базаның қалыптасуы тұрғысында қарастырылады, ал елдің даму
деңгейі материалды өндіріс көлемін арттыру қарқындарымен анықталады.
Экономикалық ғылымдар және экономикалық тәжірибесі көрсеткендей
инновациялық даму жаңа технологиялар экономиканы тиімді
модернизациялауды қамтамасыз етеді.
Егер, өткен шаққа көз салатын болсақ, Кеңестік Одақ кезеңінде
материалдық-техникалық қамсыздандыру, соғыстан кейінгі жылдар
қарқынмен дамып, жүелі іске аса бастады.
Экономикалық өсу теориялары шеңберіндегі бірқатар теориялар,
атап айтар болсақ:
1) Харрод Экономикалық -Домардың моделі;
2) өсудің неоклассикалық бағыты;
3) Экономикалық өсудің некейнстік бағыты;
4) Өсудің қазіргі заманғы жаңа теориялары және т.б негізі болып табылады.
Нақты бір өсу қарқынына жетуді көздеген кез-келген ел нақты
теорияларды арқа етері сөзсіз. Әрине барлық теорияны дұрыс, сәтті
практикалық қолданысқа ие деп айту өте қиын...
Қазіргі экономикалық теорияларда экономикалық өсу теорияларының
негізін ағылшын экономисті Рой Харрод пен американдық экономист Евсей
Домар салды.
Мен өз дипломдық жұмысымда Рикардо, Маркс, Энгельс, Тодаро, Фишер
және т. с. с. шетелдік ғалымдардың Экономикалық өсу теориясы
шеңберінде бірқатар теориялары мен көзқарастарын, сонымен қатар
көптеген Қазақстандық ғалымдардың зерттеулерін қарастырып өттім. Атап
айтсақ: Ә. Я. Әубакиров, Н. К. Мамыров, У. К. Шеденов, Оразалі Сәбен,
Б. Ахметов, О. Беймұратов, С. А. Тұрғынбаева, С. С. Сатубалдин, С. С.
Оспанов, Д. К. Кабдиев және Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә.
Назарбаевтің жолдаулары мен стратегиялары.
1 ҚОҒАМНЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУДАҒЫ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯЛАР
1. Экономикалық өсудің буржуазиялық және қазіргі заманғы
теориялары
Кез-келген қоғамның гүлденуінде немесе құлпыруында роль ойнайтын
ұзақ мерзімді экономикалық өсуді қамтамасыз ету проблемалары сонау
меркантилистер теориясында үлкен орынға ие болған.Буржуазиялық
әдебиеттерде соғыстан кейінгі жылдарда алдыңғы орынды алған бұл
теорияның таралуының объективті негізі – социолизімнің күшеюі мен екі
әлемдік жүйелердің экономикалық жарысы болып табылады. Экономикалық
қарқынның проблемасы империализмнің колониалды жүесінің қалауымен
байланысты өрши түсті, дамушы елдердің экономикалық артта қалуының
алдын алу міндеті жас ұлттық мемлекеттерде өндірістің өсу қарқынымен
байланысты.
Экономикалық өсу тақырыбы аясында мәселелердің өзектілігі - өсу
теориясының тарлуының негізінде терең және ішкі себептердің жатуында:
алдыңғы қаталы дамыған елдерге экономикалық даму қарқынының баяулауы,
жұмыссыздықтың асқынуы, мемлекеттік монополистік копитализмнің күшеюі
– мұның бәрі ұдайы өндіріс темпі, экономикалық өсу, өрлеу
проблемаларынт алға тартты.

1) Харрод-Домардың моделі;
2) Экономикалық өсудің неоклассикалық бағыты;
3) Экономикалық өсудің неокейнстік бағыты;

Домар салды. Халықаралық экономикалық теория еңбегінде Харрод сыртқы
сауда мультипликаторы концепциясын тұжырымдады. Экономикалық цикл
кітабінда ол экономикалық циклге кейнстік анықтама береді, яғни оның
себебі мультиплекатор мен акселератордың арақатынасы дейді. Дәл осы
арақатынас Харродты экономикалық өсу аясын зерттеуге әкелді, бұл
туралы ол ең алғаш 1939 ж Динамика теориясының очеркі атты
мақаласында жариялады, ал кейініректе бұл туралы 1948-жылы
Экономикалық динамика теория кітабында мәлімдеді.
Экономикалық өсудің неокейнстік бағыты. Экономикалық өсудің
неокейнстік теориялары Кейнс теориясының сыны процесінде пайда болды.
Бұл теория дағдарыстың жағдайындағы экономика негізінде қалыптасты. Ол
техникалық прогрестен, халықтың өсуінен абстакцияланды. Алайда, оның
қолдануы қысқа мерзімге есептеледі. ҒТП бұзыла бастады, сөйтіп одан
абстакциялану мүмкін болмай қалды. Капиталистік елдердің дамуының
әркелкілілігі күшейе түсті. Германия, Франция, Жапония, Италия
елдерінде өсудің жоғары темпі байқалды. Бұл жағдай мұқият түсіндіруді
талап етті, ал Кейнс теориясы мұндай мәселені шешуге қабілетсіз болды.
Экономикалық өсу теориялары әр түрлі коньюктуралық жағдайға
жарамды, жалпы ұдайы өндіріс теориясын жасауға талпыныспен
түсіндіріледі. Неокейнстік экономикалық саясаттың басты мақсаты –
толық жұмысбастылыққа жету болуы тиіс дейді. Олардың пікірінше,
осындай жолмен жұмыспен қамту мәселесін шешуге брлады. Буржуазиялық
әдебиеттерде соғыстан кейінгі жылдарда алдыңғы орындарды алған бұл
теорияның таралуының объективті негізі – социолизмнің күшеюі екі
әлемдік жүйелердің экономикалық жарысы болып табылады. Американ
экономисті Э.Домар Халықаралық конфликт өсу проблемасын өмір сүрудің
шарты етеді дейді.
Экономикалық даму темпі проблемасы империализмнің колониалды
жүйесінің құлауымен байланысты өрши түсті, дамушы елдердің
экономикалық артта қалуының алдын алу міндеті жас ұлттық мемлекеттерге
өндірістің өсу темпімен байланысты.
Өсу теориясының таралуының негізінде терең және ішкі себуптер
жатыр.Алдыңғы қатарлы капиталистік елдерде экономикалық даму темпінің
баяулауы, жұмыссыздықтың асқынуы, мемлекеттік монополистік
какапитализмнің күшеюі – мұның бәрі капиталистік ұдайы өндіріс темпі
проблемасын алға тартты.
Экономикалық өсудің неокейнстік теориясының мазмұны. Бұл
концепциялардың Дж.М. Кейнстің көзқарастары болды, яғни капиталистік
экономиканың стихиялы механизмі сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-
теңдікті қамтамасыз ете алмайды, нәтижесінде адамдардың және
материялдық ресурстардың толық емес жұмысбастылығы орын алды,
капиталистік экономиканың тұрақтылығына жету үшін тиімді сұраныс
проблемасының маңызы зор тиімді сұранысты анықтайтын факторларға әсер
ете отырып, экономиканы мемлекеттік реттеу капиталистік экономиканың
тұрақтылығын қамтамасыз ететін жағдайда.
Неокейнстіктердің негізгі проблемасы - өткізу проблеиасы болып
табылады, яғни егер сұраныстың қозғалуындағы өндірістік ресурстардың
толық тұтынылуын қамтамасыз етсе, онда экономика динамикалық тепе-тең
жағдайда болады. Тиімді сұраныстың өзгеруі өндірістің нақты деңгейін
және оның потенциялды мүмкін деңгейден ауытқуын анықтайды. Ұлттық
табыстың өсуі (ұлттық табыстан сұраныс деңгейі тәуелді) кейнстіктердің
пікірінше, капитал қорлануының функциясы болып табылады, ал капиталға
сұраныс ұлттық табыстың өсу темпімен анықтайды.
Экономикалық өсудің неокейнстік моделіне маңызды орынды тұтыну
мен қорлану арасындағы сандық өзара байланысты қарастырулар алады.
Неокейнстіктер экономикалық өсудің басты фактпры ретінде инвестицияны,
басқаша сөзбен, капиталдың қорлану нормасын санайды. Басқа фактор
ретінде өндірістің капитал сыйымдылығын (капиталдың шығарылған өнімге
қатынасы) айтады. Буржуазиялық экономистер бұл коэффиценттің
индустрияландыру кезінде артқанын кемелденген экономика кезінде
төмендегенін байқаған. Ал кейбір кейнстіктер бұл коэффицент үнемі
тұрақты дейді.
Кейнстіктер инвестицияларды екіге бөледі:
1) туынды – тұтынудың өсуінен пайда болған;
2) тәуелсіз – техникалық прогреске, мемлекет саясатына, халық
саныныңөсуіне негізделген.
Бұл жалпы алғанда, жасанды болып келеді. Тәуелсіз (автономды)
инвестициялар шындығында тіпті тәуелсіз емес. Олар жалпы капиталистік
ұдайы өндірістік, пайда нормасының қозғалысына тәуелді. Неокейнстік
теорияда қолдану проблемасы жинақпен байланысты қарастырылады. Егер
инвестициялар жинақтарға тең болса, онда экономика қиыншылықтарды
сезінбейді. Жинақтардың инвестициялардан артып кетуі кәсіпорындардың
жүктелмеуінен және жұмыссыздыққа әкеледі. Инвестициялардың сұраныстың
жинақтардан артуы бағалардың өсуіне әкеледі. Жалпы жинақтау мен
қорлану арасындағы пропорция ұлттық табысты пайдлануды талдауда үлкен
қызығушылық тудырады, бірақ неокейнстіктер осы 2 – дәрежелі
байланыстардың көмегімен негізгі экономикалық процестерді түсіндіруге
тырысады. Өздерінің теориялық талдаулары арқылы олар өсу темпіне
айтарлықтай түсіндірмелер береді. Мысалы, Э. Хансен АҚШ-тағы
өндірістің өсу темпінің баяулауын соғыстан кейінгі жылдарда жеке
капитал салымдары мен тұтыну сұранысына әсер ететін автономды
күштерінің әсері әлсіреуімен түсіндіріледі. Оның ойынша, АҚШ-тың бүкіл
жүйесі инвестициялық мүмкіндіктер баяу ұлғайып жатса да, жинақтаудың
өсуіне бағынады. Оның себебін ол тұтыну сұранысының жетіспеушілігінен,
нәтижесінде күштерді толығымен пайдаланбаудан, капитал сыйымдылығы
коэффицентінің төмендеуімен материалдық өндіріс сферасына қарағанда
капитал сыйымдылығы төмен болатын қызмет көрсету сферасының ұлғаюынан
көреді.
Мультипликатор мен акселератор үйлеуі негізінде цикілдік кейнстік
моделі құрылған. Мұндағы негізгі мәселе – сұраныс мәселесі.
Жинақтау қорлануға теңестіріледі, өндірістік және өндірістік емес
инвестициялар арасында үнемі айырмашылық бола бермейді. Жұмыс
істеушілердің тұтынуы капиталистердің тұтынуымен теңестіріледі. Нақты
тұтынудың орнына психологиялық категория ретінде тұтынуға бейімділік
келеді. Көптеген формулалардың кемшілігі параметрлердің тұрақтылығы да
болып табылады. Мысалы, Харродта капитал сыйымдылығы коэффиценті
тұрақты, ал негізінде ол еңбек өнімділігінің өсуі мен техникалық
прогрестің нәтижесінде өзгеріп отырады. Бірқатар экономистер өсу
формулаларын барынша қарапайымдауға қарсы шығып, ұдайы өндіріс
процесіне әсер ететін кейбір қосымша факторларды ескере отырып,
неғұрлым күрделі модельдер құрды. Олар еңбектің ролін, оның
өнімділігінің артуын, техникалық прогрестің ролін ескере бастады,
капитал салымдары құрылымдарының мақсатты өзгеруінің критерийлерін
іздестіре бастады. Бұлар көпфакторлы моделдер деп аталады.
Модельдеудегі жаңа момент – экономикалық өсудегі көп секторлы
модельдер жасау (ағылшын эконмисті Р. Стоун ) болды, мұнда өсу
моделдері баланстық кестелермен, шығын-өнім шығару моделімен
үйлестірілді.
Шығын-өнім шығару моделі экономика салалары арасында
байланысты көрсетуге талпынады, ол шахматтық баланстық кесте түрінде
құралады, онда әрбір сала екі реттен қатысады: өндіруші және сатып
алушы ретінде.
Горизонтальды сызық бойымен әрбір салада өндірілген өнімдер мен
қызметтердің бөлінуі, ал вертикалды сызық бойымае сол саланың
шығындары көрсетіледі.
Экономикалық өсудің көпсекторлы моделін жасау экономикада
құрылымдық жылжуларды бейнелеуге, экономикалық бағдарламалау үшін және
салалық құрылымының өзгеруі үшін негіз болуға бағытталады. Бұл
модельді қарастыру буржуазиялық экономистердің нақтылыққа ұмтылуын
көрсетеді, алда олар танымал оң нәтижелерге жетеді. Стоционарлы қоғам
моделінен бастаған олар өсу моделіне өтті. Техникалық прогреске,
ұлттық табысты бөлуге, капитал-өнім қатынасының өзгеруіне
абстракциялана отырып, осы бағыттың экономистері нәтижесінде осы
факторларды модельде қамтыды. 1 – бір тауар, бір өндіріс факторы
қарастырылады. Келешекте сызықты бағдарламалау негізінде басқа да
факторлар қарастырылды. Экономиканың әр түрлі секторындағы капитал
салымдарының салыстырмалы тиімділігі проблемасын талдауда,
математикалық аппаратты жетілдіруде экономистер көптеген жетістіктерге
жетеді.
Алайда, модельдің мәнділігі осы модельдің негізінде жатқан ғылыми
емес экономикалық теорияның, әсерінен төмендеді. Оларға шекті
пайдалылық теориясы, өндіріс факторлары теориясы, капитализм
дамуындағы дағдарыссыздығы теориясы объективті экономикалық
процестердің мазмұнын бейнелемейді. Ұлттық табысты құруда тек еңбек
қана емес, сонымен қатар капитал мен табиғи ресурстар да қатысатыны
туралы тұжырымдаған өндіріс факторларының теоретиктері сондай-ақ
ұлттық табыстың өсу факторларының нақты ролін дәлелдейді. Қоғамды
барлық табыстардың соммасы ретінде ұлттық табыстың мөлшері мен
көздерінің құруына әкеледі.
Мемлекеттің көмегімен дағдарыс пен жұмыссыздықты жоюға болатыны
туралы көзқарас тұрақты балансталған өсу моделі негізінде жатыр.
Модельде капитализмнің антогонистік қарама-қайшылығы, оның заңдылығы
саналады.
Көптеген маңызды әлеуметтік-экономикалық факторларда моделінде
ешқандай көрініс таппайды. Оларға таптық күрес, капиталдың қорлану
көлеміне, жұмыс күшінің құнына әсер ететін факторлар, ақшалай және
нақты жалақы арасындағы қатынас, т.б. жатады. [14, 183 б]
Неокейнстіктердің экономикалық өсуге болжау жасау. Болжаулар
ретсіз және конъюктураның өзгеруін алдын-ала болжау мақсатын көздеді.
Ал қазірде болжаулар экономикалық саясаттың міндеттерін шешу
мақсаттарын көздейді: тиімді экономикалық өсуді, толық
жұмысбастылықты, инфляцияның алдын алуды қамтамасыз ету және т.б.
Қазіргі экономистер және тұтас экономикалық институттар жекелеген
елдердің және әлемдік капиталистік экономикалық дамуын болжауға көп
көңіл бөлуде. Мұндай болжамдар үш түрлі болады:
- ұзақ мерзімді (10-25 жыл)
- орта мерзімді (3-5 жыл)
- қысқа мерзімді (1 жыл)
Қазіргі буржуазиялық саяси экономияның маңызды, жаңа
элементтерінің бірі ұзақ мерзімді болжамдар жасау болып табылады.Бұл
бағыттағы экономистер болжамдар жасауда екі түрлі әдісті қолданады.
Біріншісі, индивидуалды жоспарлар мен фирмалардың болжамына анкеталық
сауалнамаларға негізделген микроталдауға сүйенеді. Мұндай мәліметтер
мемлекеттік секторға қатысты мәліметтермен қосылады. Біруақытта
мемлекеттік және жеке индивиттердің жоспарлары құрылады. Мұндай
әдістің кемшілігі сауалнама жолымен алынған мәліметтердің күдіктілігі
болып табылады, өйткені фирмалар өздерінің нақты мақсаттары туралы
хабарлап отыруға мүдделі емес. Жоспар негізіне жеке кәсіпорындардың
мүдделері жатады, бұл бүкіл экономика аумағында ірі проблемаларды
шешуде мемлекеттің араласуын шектейді.
Екінші әдіс макроэкономикалық талдауға негізделеді, яғни жалпы
мақсаттарды көздейді. Бұл үшін статистикалық мәліметтердің
эксполяциясы мен эконометриялық әдістер қолданылады. Эконометриялық
әдістер экономикалық айнымалылар арасындағы қатынастарды зерттеуге
негізделеді. Эконометрика өткен экономикалық әрекеттерді түсіндіреді
экономикалық айнымалылар арасындағы өзара ықтимал байланыстарды
сипаттайтын математикалық теңдеулер құру жолымен болашақты анақтайды.
Болжауларда экономистер саяси экономияның барлық методологиялық
бастаулардың көрінісін тапты.
Неокейнстіктер капиталистік экономиканы реттеудің тікелей және
жанама әдістерін жасады. Экономикалық дамуға мемлекеттің жанама әсер
ету әдістеріне: салық саясаты, бюджеттік қаржыландыру, несиелік
саясат, амортизациялық аударымдар жатады. Әдебиеттерде бұл әдістер
автоматты тұрақтандырғыш, несиелік тұрақтандырғыш, институционалды
тұрақтандырғыш атауына ие болды.
Капиталистік елдер үкіметтері Кейнспен ұсынылған ссудалық пайызды
реттеуді кең қолданды. Ал қазір пайыз нормасының өзгеруі бірінші
кезекте негізгі капиталға капитал салымын қолдау үшін ұзақ мерзімді
несиелеуге қатысты жүргізіледі.
Американдық экономистер практикада қолданыс тапқан жеткіліксіз
қаржыландыру принципін алға тартты. Мұнымен байланысты реттелетін
инфляция белсенді экономикалық саясаттың қажетті элементі ретінде
қарстырылады. Мемлекеттік несие өндірістің салалық құрылымының
өзгеруінде, экспорттық салаларды ынталандыруда, экономиканың артта
қалған салаларын қолдауда, инфроқұрылымды дамытуда, тахникалық
прогресті алға тартуда маңызды роль ойнай бастады.
Несиелік саясат аясында мемлекетпен жүргізілетін барлық іс
шаралардың жиынтығы, мемлекеттің ссудалық капитал рыногындағы
операцияларын, коммерциялық банктердің міндетті резервтер нормасының
өзгеруі, тұтыну және ипотекалық несиелердің арзандауы немесе
қымбаттауын қоса айтқанда капитал салымының динамикасына және оның
құрылымына айтарлықтай әсер етеді. Алайда, бұл саясат басқа да
мемлекеттік-монополистік іс-шаралар секілді қарама-қарсылық сипатқа
ие. Бұл алдымен мемлекеттік қарыздың және инфляцияның өсуімен
байланысты.
Реттеу әдістерінің бірі – жеделдетілген амотизация болып
табылады. Э. Хансеннің пікірінше, амортизайиялық аударымдардың өсуі
инвестициялық сұраныстың жалпы қыскаруының орнын толтыруы мүмкін.
Амортизациялық аударымдарды реттеу туралы ұсыныс белгілі объективті
негізге ие. Амортизация үлесі жалпы капиталист салымына артады және
капитал салымдары негізгі капиталды амортизациялау деңгейіне тәуелді.
Жалпы, бұл тенденция техникалық прогреспен байланысты. Капитализм
жағдайында ол өндіріс өсуінің төмен темпінде қорлану нормасының
төмендеуі нәтижесінде күшейеді.
Жеделдетілген амортизация және корпорацияға салықтық жеңілдіктер
капитал салымдарын ынталандырады. Олар ең алдымен жаңа, әсіресе әскери
салымдарға әсер етеді, экспортқа жұмыс істейтін салалардың бәсекеге
қабілеттілігін арттырады. Мұндай шаралар монополия пайдасының өсуіне
әкеледі, жаңа салаларға капитал салымдарымен байланысты тәуекелді
төмендетеді. Сонымен қатар жеделдетілген амортизация корпорацияға
салықтық жеңілдіктер салалардың дамуының әркелкілілігін және олардың
арасындағы диспропорцияны күшейтеді. Негізгі қорлардың қызмет етуі
өзгеріссіз қалса да амортизациялық аударымдардың өсуі инвестициялық
сұраныстың жалпы қысқаруының орнын толтыра алмайды. Бұл яғни қандай да
бір уақыт арасында негізгі қорлар жаңартылып тұрады. Сонымен қатар
амортизациялық аударымдардың өсуі қайта қорлануға бағытталған таза
қорлануға сұранысты азайтады. Яғни инвестицияларға кедергі болып
тұрған қарап сатардың жеткіліксіздігі емес, рыноктың кемшілігі.
1960-70 жж. буржуазиялық экономистер арасындағы мемлекет
тарапынан түзету шаралары балансталған және тұрақты өсу үшін
жеткіліксіз деген түсінік орын алды. Олардың назарын Франциядағы
индикативті жоспарлау тәжірибесі аударды. Ағылшын және американ
экономистері мемлекеттік жоспарлаудың қажеттілігі туралы идеяны жиі
айтатын болды.
Буржуазиялық экономистердің ойынша, жоспарлау өндіріс құралдарына
меншік сипатымен байланысты емес, және жоспарлы шаруашылықты жеке
меншік негізінде құруға болады. Бұл жасалған бағдарламалар
экономикалық жағдайды талдау мен қол жеткізуге тиісті мақсаттарды
анықтауды қамтиды. Олар сондай-ақ міндеттердің 2 типін құрайды: нақты,
яғни ұлттандырылған салаларға қатысты заңдық сипатқа ие негізгі
қызметтер мен өндіріс салалары бойынша және басқа да барлық салалар
үшін тапсырмалар. Мұндай жағдайда олар кепілдемелік сипатқа ие. [9, 15
б]
Бағдарламалардың орындалуын қадағалау жанама сипатта. Сонда да
экономикалық бағдарламалау мемлекеттің экономикаға араласуына жаңа
мүмкінліктер береді. Ол экономиканың өсу темпін арттыру, экономикадағы
құрылымдық жылжуларды ынталандыру міндеттерін алға тартады. Осымен
байланысты мақсатты реттеу шаралары жасалады. Бағдарламалау көмегімен
монополиялар пайдасын арттыра алады, еңбек етушілердің эксплуатациясын
күшейте алады.
Осылайша, біреулер өсу темпінің артуына пайдаға қатысты ұлттық
табысты қайта бөлу жолымен қол жеткізуге болады десе, басқалары өсу
темпінің артуына жалақыға қатысты ұлттық табысты қайта бөлу.
Экономикалық өсудің посткейнстік теориясының кейбір өкілдері өз
теорияларын Маркстың ұдайы өндірісті талдаумен байланыстырады.
Негізінде олар қоғамдық өндірістің бірінші және екінші бөлімшелерінің
технико-экономикалық өзара байланысында өсу мен бөлудің өзара
байланысының негізін табуға тырысады. Посткейнстіктердің жасаған
қорытындылары экономикалық процестерді бейнелейді және реакционды
саясаттың негізделуі үшін қызмет етеді.
Н. Калдор моделі. Неокейнстік экономикалық ойдың өкілдері Дж.
Робинсон, Н. Калдор, Л. Назинетти және т.б әр түрлі бағыттарда тепе-
тең, балансталған экономикалық өсуді зерттеу дәстүрін жалғастырды.
Тепе-тең өсу моделін нақты өсу моделіне жақындатуға ұмтыла отырып,
олар бұл моделге ұлттық табыстың пайда мен жалақы арасында бөліну,
жетілмеген бәсеке, инфляция, өнімнің тұтыну және өндіріс игілігіне
бөліну факторларын қосты. Кейнстік теорияға сәйкес инвестициялар
экзогенді болып табылады – олар пайда нормасын анықтайды. Сондықтан
Калдор бойынша жағдай келесі 2 сценарий негізінде сипатталады:
1) Инвестициялардың өсуі олардың жинақтан да жоғары болуына
әкелсін. Мұндай жағдайда инфляция табыстың жалақыдан да тез өсуінен
болады. Өйткені жалақының өсуі ұжымдық келісімнің негізінде ғана іске
асырылғандықтан. Жалақының тек тұтылынып, ал пайданың кейбір бөлігінің
жинақталуы жинақтың өсуіне әкеледі, сөйтіп ол инвестицияны қуып
жетеді.
2) Керісінше, егер инвестициялар жинақтан төмен болса, еңбек
келісімі бойынша бекітілген жалақыға қарағанда тауар бағасы тез
түседі, нәтижесінде жинақ та төмендейді және тепе-теңдік қайта
орнайды.
Экономикалық өсудің неоклассикалық теориясы. Экономикалық өсудің
неоклассикалық теориясының пайда болуы мен таралуы біріншіден,
кейнстік теорияға негізделген мемлекеттік – монополиялық реттеу
(мемлекеттік шығындардың өсуі, мемлекеттік бюджет тапшылығы,
инфляцияның күшеюі) тәжірибесінің теріс салдарымен, ал екіншіден,
экономиканың даму темпі жоғарылап, ал жұмыссыздық төмендейтін
салыстырмалы жағымды конъюктурамен түсіндіріледі. Осындай ортада
өндірістің өсуі пайдаланылмаған күштер есебіне ғана емес, сонымен
қатар жаңа техника енгізу, еңбектің өнімділігін арттыру есебінен де
мүмкін екендігі туралы сұрақ туады. Ұшіншіден, өсудің кейнстік
теориясы капитал жеткіліксіздігі мен жұмыс күшінің үлкен ресурстары
орын алатын дамушы елдер үшін ұсынылмаған.
Экономикалық өсудің неоклассикалық теориялары неокейнстік
моделдерді сынау процесінде пайда болды. Осылайша кейнстік модельдің
кейбір нағыз сезімтал белгілері алға тартылды. [7, 57 б]
- Бұл модельдерде өндірістің өсімі жаңа капитал салымдарының функциясы
ретінде қарастырылады, ал өсім пайдаланылмай қалған өндірістік
күштерді пайдалану үшін жаңа жұмысшыларды тартумен де қамтамасыз
етеді.
- Модельдер өндірістің капитал сыйымдылығының өзгеріссіздігінен
дәлелдейді, өндірістің екі немесе одан да көп капитал сыйымды
әдістерінің арасында таңдауға мүмкіндік бермейді.
Бұл теорияның көрнекті өкілдері американ экономисті Р. Солоу
және ағылшын экономисті Дж. Мид. Бұл бағыттың өкілдері өндіріс
факторларының иелері шекті өніммен марапатталған жағдайдағы еркін
бәсеке тұпсырымына сүйенеді.Олардың пікірінше өндіріс факторларының
бағасына әсер ететін еркін бәсеке механизмдері арқылы басты өндіріс
факторларының толық пайдаланылуына қол жеткізуге болады. Егер, мысалы,
капитал салымының темпі өте жоғары болса, онда өндіріс құрал-
жабдықтарына бағалар жоғарылайды. Соңғысы капиталистерге капитал
сыйымдылығын төмендетудің шараларын іздестіруге мәжбүр етеді, бұл
капитал бағасының төмендеуіне әкеледі. Бұл теорияның тағы бір
ерекшелігі – оның өсу факторы ретінде тек капитал салымын ғана емес,
басқа да компоненттерді – еңбек, табиғи ресурстар, техникалық
прогресс, т.б қарастыруында. Соңғысы дербес факторы ретінде немесе
басқа факторлардың өнімділігіне әсер ету құралы ретінде қамтылады.
Өсудің қазіргі теорияларының ерекшелігі – олар өсуді тепе-
теңдіктің бұзылуы емес, қалыпты жағдай деп түсіндіруінде. Әңгіме,
сұраныс пен ұсыныс сәйкес болатын балансталған өсу туралы болып отыр.
Еркін бәсекеден тыс балансталған өсу шарты – тұрақты ақша жүйесі
болып табылады.Сондықтан неоклассикалық теорияның жақтаушылары
мемлекеттің экономикаға араласуын тұрақтылықты бұзудың факторы ретінде
қарастыра отырып, мемлекеттік инфляциялық шығындарға қарсы шығады.
Неоклассикалық теория негізінде алтын ғасыр моделі жасалды.
Бұл моделде ұлттық табыстағы жинақ үлесі тұрақты деп қаьылданады, өсу
темпі техникалық прогресс пен өз алдына қызмет ететін халықтың
көбеюіне тәуелді және тұтынудың өсуіне, әл-ауқаттың артыуына тәуелді
емес.
Неоклассикалық теорияда негізгі ролді өндіріс факторларының бар
болуы және оларды тиімді пайдаланылуында потенциялды мүмкін өсу темпі
проблеммасы пайда болды. Бұл Кобб-Дугластың өндірістік функциясында
жақсы сипатталады. Олар ең алғаш АҚШ-тың өңдеу өнеркәсібінде өнім
көлеміне капитал мен еңбек шығындарының әсерін эмпирикалық жолмен
анықтауға тырысты. Осыдан жасаған олардың тұжырымы: өнім бір-бірін
шексіз ауыстыра алатын екі фактор – капитал мен еңбектің функциясы
болып табылады. Кіші квадраттар әдісін пайдалана отырып, Коб пен
Дуглас өнім мен капитал еңбек шығындары арасында статистикалық
байланыс орнатты.
Кобб-Дуглас функциясы экономикалық өсудің жекелеген
факторларының ролін сандық бағалау жұмыстарына бастама болды. Ол екі
бағытта жүзеге асады:
- өндіріс масштабына тәуелсіз факторларының тұрақты тиімділігі
алғышарттарынан бас тарту;
- ұлттық табыстың өсуіне әсер ететін үшінші айнымалы ретінде, дербес
фактор ретінде техникалық прогрестің әсерін ескеру.
Бұл зерттеулер практикалық қызығушылық тудырады, алайда
өндірістік функцияның теориялық негізі бұрынғыша шекті өнімділік
теориясының антиғылымдық постулаты болып қала береді.
Өсудің неоклассикалық теориясы сондай-ақ кемімелі табыстылық
заңына, шекті өнім категориясына негізделеді.
Неоклассикалық теорияның өкілдері өсудің көзі ретінде пайданың
өсуін айтады. Кәсіпорынның толық жүктелмеуінің, жұмыссыздықтың себебі
неоклассиктердің пікірінше, инвестиция мен техникалық прогрестің төмен
темпі, оның негізінде пайданың, техникалық жаңашылыққа ынтаның
төмендігі жатыр. Бұл тезисте олардың практикалық қолданылысқа ұсынылуы
негізделеді. Олар жалақыны көтеруге, әлеуметтік-экономикалық
қажеттіліктерге, шығындардың көбеюіне бағытталған мемлекеттің
шараларына қарсы шығады, пайдаға салықты төмендетуді және жанама
салықтарды ұлғайтуды ұсынады.
Өсудің неоклассикалық теориясының көтерілуі олардың техникалық
қамтуымен тығыз байланысты. Өзінің алғашқы вариантында бұл теория
ұлттық табысты бөлудегі өзгерістерді түсіндіре алмады. Оның өкілдері
өндіріс факторлары ның өсу темпіндегі өзгерістерді олардың шекті
өнімдерінің өзгеруімен түсіндіреді.Бірақ та табысты бөлудегі қатынас
бұрынғыша қалады. Егер өзгеріс болатын болса, онда шекті өнімділік
заңы әсер етпейді. Олар бұған келіспейді. Сондықтан да олар ұлттық
табысты бөлудегі пропорцияның бұзылуының себебі техникалық прогресс
екенін дәлелдеуге ұмтылды. Егер техникалық прогресс капиталды-
интенсивті сипатта болса, онда капиталдың шекті өнімі мен пайдп
нормасы жалақыға қарағанда тез өседі. Бұған тағы ресурстарды алмастыру
икімділігінің әсері қосылады.
Өсудің неоклассикалық теориясының қазіргі вариянты – монетарлық
теория болып табылады. Бұл теорияның авторлары М. Фридмен және Шварц
(1869-1960жж.). АҚШ-тың монетарлық тарихы кітабында ұдайы өндіріс
процесінің тұрақсыздығының бұзылуының себебі ақша сферасындағы
қозғалыстар болып табылады және ұзақ мерзімді жоспарда ақшалардың
тұрақсыздығы экономикалық өсудің тұрақсыздығына әкеледі. Олардың
ойынша, ақша массасының қысқаруы экономикалық өсу темпінің баяулауына,
ал көбеюі – жылдамдамдауына әкеледі. Бірақ бұл теорияның осы тұжырымы
нақты дәлелдеулерден шықпағандықтан, нақты практикаға жақындығытөмен.
Экономикалық өсудің неоклассикалық теориясының тамыры өнімді
өткізу проблемасы ескермегендігін тұрады. Бұл экономистер минималды
шығындарда максималды пайда алу мүмкіндігінде өндіріс шығындарына
назар аудара отырып, ұдайы өндіріс проблемасын бір жақты талдайды.
Олар осы мақсаттарда жалақының төмендеуі өткізу шарты мен сұраныстың
азаюына әкелетінін ескермейді. Бұл теория экономикалық дағдарысты
ескермейді, тұрақты тепе-теңдік концепциясына негізделгендіктен, нақты
өмірден мүлдем алыс.
Неоклассикалық бағытты сынауда посткейнстіктер белсенді
араласады. Мысалы, осы бағыттағы итальян экономисті Т. Сраффа еркін
бәсекенің билік етуі туралы тезистің әлсіздігін алға артады,
неоклассиктердің ұлттық табысты әділетті болу және ресурстарды
тиімді пайдалану арқылы максималды пайда табуға ұмтылысын нәтижесіз
дейді. Рикардоның құн теориясына сүйене отырып, Сраффа
неоклассиктердің табысты бөлу, шекті өнімділік, шекті пайдалылық
теорияларын сынға алды.
Жалпы экономикалық өсу проблемалары ертеден бері экономистердің
назарында болған. Солардың ішінен бес негізгі проблеманы алуға болады:
1) Экономикалық өсу факторлары;
2) Қазіргі және болашақтағы тұтынудың арақатынасы және олардың өсу
темпіне әсері;
3) Экономикалық өсу мен табыстарды бөлудің өзара әсерлесуі;
4) Эконмикалық өсудің тарихи тенденциясы;
5) Тепе-тең (тұрақты,балансталған) өсу шарттары. [5, 237 б]
Кез-келген державаның гүлденуінде немесе құлдырауында маңызды рөл
ойнайтын ұзақ мерзімді экономикалық өсуді қамтамасыз ету проблемалары
сонау меркантелистер теориясында үлкен орынға ие болған.
Ағылшын классикалық мектебінің экономикалық өсудің жекелеген
маманданған теориялары болмады. Бірақ ол ұлттық байлықтың өсу
факторларымен және оның табысты болуымен арақатынасымен анықталады.
Классиктердің бұл тақырып шаңбаріндегі қысқаша тұжырымы
келесідей:байлықтың өсімі өндіріс факторларының көлемімен және олардың
өнімділігімен анықталады.
Р. Солоудың неоклассикалық өсу моделі. Екінші дүние жүзілік
соғыстан кейін өсу теориялары соғысқа дейінгі дағдарыс кезеңмен
салыстырғанда басқаша бами бастады. 1950- жылдары көптеген батыс
елдерінде тұрақты өсу кезеңі басталды. 1950- жылдардың ортасынан
бастап, Экономикалық өсу теорияларының дамуының жаңа кезеңі басталды,
ол1970 жылға дейін жалғасты. Осы кезеңде басты ролді Р. Солоудың өсу
моделі алды. Американ экономисті Р. Солоу өзінің ғылыми жұмыстарын
негізінде журнал мақалалары тұрінде жариялады. Басты еңдектері:
Сызықты бағдарламалар және экономикалық талдау, және Өсу
теориялары. Солоу моделінің негізі оның экономикалық өсу теориясына
үлес мақаласында салынған. Ол Харрод-Домар моделіндегі экономиканың
тұрақсыздығының негізгі себебі өндіріс факторлары – еңбек пен капитал
арасындағы қатаң арақатынасты сипаттайтын капитал сыйымдылығының
тұрақты, белгіленген көлемі болып табылады. Мұндай жағдайда осы
факторлардың бірі жүктелмеген болып қалады. Неоклассикалық теорияның
принциптеріне сәйкес капитал мен еңбек арасындағы қатынас айнымалы
болуы тиіс.
Экономикалық өсудің қазіргі жаңа көзқарастарының сипаты.Ұзақ
мерзімді экономикалық өсудің себептерін түсіндіруде неоклассикалық
талдаудың әлсіздігі дәстүрлі теорияның көңілінің толиауына әкелді.
Олардың жағдайына сәйкес эконмика ұзақ уақыт мерзімде өсудің қандай да
бір ішкі көздері жоқ. Мұндағы талдау капитал мен еңбек ресурстарының
арақатынасы ұзақ мерзімді жоспарда тепе-теңдікке жететінін көрсетуге
бағытталады. Мұндай біржақты әдісте сыртқы шоктардың немесе
техникалық прогрестің жоқтығы нәтижесінде кез-келген экономиканы
нольге әкеледі.Халықтың жан басына шаққандағы ЖҰӨ-нің өсуі
технологиялардың өзгеруінен пайда болатын уақытша құдылыс ретінде
қарастырылады. Мұндай теория әлемдік экономиканың әр түрлі бөліктеріне
ұзақ мерзімді экономикалық өсудің феноменін түсіндіре алмауы таң
қаларлық емес.
Дәстүрлі неоклассикалық модельге көңіл толмаушылық 1980-1990 жж.
өсу темпінде ел аралық айырмашылықтарла қарыздық дағдарыстың
тереңдеуімен күшейе түсті. Дәстүрлі теория бұл құбылыстарға
қанағаттанарлық түсіндермелер бере алмады. Неоклассикалық сызбада
техникалық прогрестің себептерін көру мүмкін емес, себебі ол
экономикалық субъектілердің шешіміне мүлде тәуелді емес. Капиталдың
тапшылығы 3-әлемде инвистициялардың жоғарғы рентабельділігіне әкеледі.
Үлкен сыртқы қарыздары бар елдерге арналған Әлемдік Банк пен
Халықаралық валюталық қормен құрылған инвистициялардың өсуіне еркін
нарық құру саясаты бағытталады. Инвистициялардың өсуі, күтілгендей,
өмір деңгейі мен еңбек өнімділігінің өсуін тудыруы тиіс. Алайда,
сыртқы сауда мен ішкі нарықтың еркіндікте болуына қарамастан, көптеген
дамушы елдер стагнациядан шыға алмады және жаңа шетел инвистицияларын
тарта алмады, олар тіпті өз капиталының шетелге ағып жатқанын да
тоқтата алмады. Кедей елдерден бай елдерге капитал құйылуының мұндай
табиғи емес бағыты өсудің жаңа теорияларының, соның ішінде, әсіресе
эндогенді теориясының пайда болуына әкелді.Оның пайда болуы даму
теориясы аясында 90 ж. Маңызды құбылыс болды.
Эндогенді өсу теориясы. Жаңа теория эндогенді өсуді – қоғамдық
өндіріспен басқарылатын елдегі экономикалық жүйені анықтайтын ЖҰӨ-нің
тұрақты артуын талдауға бағытталады.
Неоклассикалық теорияға қарағанда бұл модель ЖҰӨ-нің өсуін ұзақ
мерзімді тепе-теңдіктің табиғи өнімі ретінде қарастырады. Өсудің жаңа
теориясының басты мақсаты – факторлар мен өсу темпінде ел аралық
алшақтықты түсіндіру болып табылады.
Эндогенді өсу модельдері сырт көрінісі бойынша неоклассикалық
теорияға ұқсайды, бірақ қорытындылар жасауда олардан ерекшеленеді.
Жалпы, эндогенді өсу модельдері неоклассиктердің капиталдың кемімелі
шекті өнімділігі туралы алғышартын теріске шығарады, және көбінесе
капитал салымдарының рентабельділігіне әсер ететін сыртқы эффектілерге
көп көңіл бөледі. Техникалық прогреске көп көңіл бөлінсе де бұл
модельде ұзақ мерзімде ол экономикалық өсудің жалғыз мүмкін себебі
емес.
Дамуды жылдамдату үшін жинақтардың ролін күшейте отырып, жаңа
теория дәстүрлі теорияға қарсы шығатын бірқатар қорытындылар жасады.
Ең алдымен сыртқы экономикалық байланыстардың болмауынан елдер
арасында өсу темпін автоматты түзету мүмкін емес – олар өзгеріссіз
қалады және елде техникалық даму мен жинақтау деңгейіне тәуелді
болады. Сонымен қатар бай және кедей елдерде жан басына шаққандағы
табыстар мен ішкі жинақ нормалары біркелкі болмайды. Елде ұзақ
мерзімді немесе уақытша тежелуінің асқынуы және елдің экономикалық
артта қалуына әкеледі.
Эндогенді өсу моделінің ең қызық аспектісі – кедей елдерден бай
елдерге жасанды капитал құйылымын түсіндіру, бұл өз кезегінде 1-ші
және 3-әлем елдеріндегі табыстық алшақтықты күшейтеді.
Инвестициялардың потенциялды жоғары рентабельділігі көбінесе адам
капиталына (білім беру жүцесі), инфроқұрылым мен НИОКР-ға
комплементарлы инвестициялардың төмен деңгейімен түсіндіріледі. Кедей
елдер осы инвестиция түрлерінен салыстырмалы тиімділігі аздарын
шығарып,тастайды. Жеке инвестор өзі үшін жоғарыда аталған сфераларға
инвестиция салып, оған аз қолайлық келсе, онда ол инвестиция салудан
бас тартады, яғни еркін рынок мехонизмі комплементарлы
инвестициялардың қажетті деңгейін қамтамасыз етпейді.
Мұндай қосымша инвестициялар қоғамдық, сондай-ақ жеке пайда
әкелетіндіктен мемлекет ресурстарды бөлуді жақсарта алады, өз есебінен
қоғамдық тауарлар мен қызметтер көрсетеді бір уақытта жеке
инвестицияларды ынталандырады. Сондықтан да эндогенді өсу модельдері
даму процесінде мемлекеттің белсенді араласуын қолдайды.
У. Ростоу: экономикалық өсу стадиялары.Оның пайда болуы көбінесе
3-әлем сфералардың әсер етуі үшін болған 1950-60 жж. жүргізілген
қарулы соғыс кезеңіндегі саяси күреспен байланысты. Бұл теорияның ең
көрнекті өкілі американ экономисті және тарихшысы У. Ростоу болды.
Оның теориясына сәйкес әлсіз даму жағдайынан шығу кез-келген ел өтуге
тиісті стадиялар немесе қадамдар сериясымен сипатталады. У. Ростоу
өзінің Экономикалық өсу стадиялар кітабында былай дейді: Кез-
келген қоғамның экономикалық құрылғысы мына бес түсініктің бірінің
көмегімен түсіндіріледі:
1) Дәстүрлі қоғам
2) Жылдам даму үшін жасалған алғышарттардың жетілуі
3) Өзін өзі ұстап тұратын өсуге ұмтылу
4) Технологиялық кемелденуге ауысу
5) Бұқаралық тұтыну арасы
Бұл стадиялар сипаттамалық оазиске ие болумен қатар және қазіргі
қоғам дамуының процесстерін жалпылаумен қатар оларға өзіндік ішкі
логика және жалғасушылық тән, осылайша олар экономикалық өсудің бір
теориясын құрайды. Ростоу бойынша, барлық дамыған елдер тез дамудан
өзін-өзі ұстап тұратын өсуге өту стадиясынан өткен. Ал дамушы елдер
қазірде дәстүрлі қоғам немесе жылдам даму алғышарттарының жетілу
стадиясында.
Жылдам дамуға өту үшін олар белгілі бір алғышарттарды орындауы
қажет. Срндай басты шарттардың бірі – экономикалық өсуді жылдамдату
мақсатында ішкі және шетелдік жинақтарды қозғалту.
Льюис моделі. Қазіргі жаңа экономикалық өсу теорияларының бірі –
Нобель силығының иегері А. Льюистің моделі болып табылады. 1950 ж.
Ортасында құрылған Льюистің екі секторлы моделі 3-әлем елдерінің еңбек
шығынды экономикасы үшін маңызды теория болды.
Льюис моделінде әлсіз экономика 2 сектордан тұрады:
1) Натуралды ауыл шаруашылығымен, жабық қайта қоныстандырумен және
еңбектің нолдік шекті өнімділігімен сипатталатын дәстүрлі сектор.
Мұндай жағдай Льюиске осы секторда шығынды жұмыс күші түсінігін
енгізуге тура келді.
2) Әлсіз дамыған экономикада дәстүрлі сектормен қатар, жоғары өнімді
қазіргі индустриалды сектор да бар, оған қалалық өнеркәсіп жатады.
Қала өнеркәсібіне ауыл шаруашылығынан жұмыс күші ақырындап жылжи
бастайды. Модельде ауылдан қалаға жұмыс күшінің миграциясына және
индустриалды секторда жұмыспен қамту және өндірістің өсуіне үлкен мән
беріледі. Индустриалды секторда миграция мен жұмысбастылық
экономикалық өсуге тәуелді, ал ол өз кезегінде капитал қорлануымен
және өнеркәсіпке инвестиция деңгейімен анықталады. Мұнда жалақы
дәстүрлі сектордағы жұмысшының орташа табысын бірнеше есемейді. Оның
пікірінше, қаладағы жалақы ауылдағыға қарағанда 30 % -ға жоғары болуы
тиіс, өйткені олардың арсындағы мұндай алшақтық миграцияны, яғни жұмыс
күшінің ауылдан қалаға ауысуын ынталандырады.
Осы жұмыста қарастырылған негізгі теориялық бағыттардың,
өкілдердің көзқарастары пікірлерін келесі негіздерде қорытындылауға
болады:
- Харрод пен Домар экономикалық өсуді тек бір ғана факторға – капитал
қорлануына тәуелді дейді. Харродтың пікірінше табыс көлемі 1-4 % дейін
өскен жағдайда табыстағы жинақ үлесі де 4 есеге ұлғаяды дегенді мүлдем
елестеуге болмайды, яғни капитал қорлануы табысқа тәуелсіз.
- Неоклассиктер бойынша, экономикалық тұрақтылыққа жетуде тиімді сұраныс
проблемасының маңызы зор, олардың алдындағы негізгі проблема - өткізу
проблемасы, яғни ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz