Рим құқығының ұғымы және негізгі белгілері



Рим құқығы. Міндеттемелері мен шарттары

1. Заттық құқық. Ие болу құқығы. Ие болу ұғымы және түрлері. Ие болуды қорғау.
2. Меншік құқығы. Жеке меншік құқығының дамуы. Меншік құқыққа ие болу әдістері. Меншік құқықты қорғау.
3. Заттық құқықтың түрлері. Заттың ұғымы және жіктелуі. Заттық құқықты шектеу.
4. Міндеттемелік құқық. Рим құқығында шарттағы міндеттемелер. Міндеттемедегі тараптар.
5. Шарттық құқық. Шарттың түрлері. Шарт бойынша жауапкершілік.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Рим құқығы. Міндеттемелері мен шарттары

1.
Заттық құқық. Ие болу құқығы. Ие болу ұғымы және түрлері. Ие болуды қорғау.
2.
Меншік құқығы. Жеке меншік құқығының дамуы. Меншік құқыққа ие болу әдістері. Меншік құқықты қорғау.
3.
Заттық құқықтың түрлері. Заттың ұғымы және жіктелуі. Заттық құқықты шектеу.
4.
Міндеттемелік құқық. Рим құқығында шарттағы міндеттемелер. Міндеттемедегі тараптар.
5.
Шарттық құқық. Шарттың түрлері. Шарт бойынша жауапкершілік.

1. Рим құқығының ұғымы және негізгі белгілері. Рим құқығының тарихи мәні.

Рим құқығы -- Көне Римде пайдаболған құқық жүйесі. Византия империясының құлауына дейін дамыған жүйе. Ежелгі Римде қалыптасқан құқықтық жүйе. Б.з.б. 2 ғасырдың басында Рим құқықтанушылары халықтық нормативтік тәжірибені жүйелеуге кірісе бастады. Осы ұмтылыстың нәтижесінде б.з.б. 2 ғасырдың соңында Квинт Муций Сцевола бүкіл еур. құқықтанудың негізі болған алғашқы бір жүйелі Рим құқығы'н жазып шықты. Рим құқығы' азаматтық айналым субъектілерінің өзара теңдігі, бөтеннің мүлкіне қол сұқпаушылық, қоғамда қалыптасқан ережеге мұрсат берушілік, т.б. қағидаларға негізделді.
Сондай-ақ норма тудыру ережесі, діни жоралғылар, халықтық басқару органдары (сенат, магистратура) қызметінің режимі, сот арқылы қорғану нысандары, шетелдіктермен қатынас қағидалары, азамат мәртебесінің өзгеру тәртібі, Рим азаматтығын беру және некеге тұру нормалары, мүліктік қатынас нормаларынан құралды. Әсіресе мүліктік қатынас нормалары басым болды. Осылайша басты қоғамдық қатынастарды реттейтін біртұтас құқықтық жүйе Рим билігі ықпал ететін Жерорта т. елдерінің негізгі заңына айналды. Рим құқығы' тек бүгінгі құқықтық жүйелердің негізі ғана емес, сонымен қатар құқықты дамытудың құнды тәжірибесі болып табылады. Рим құқығы әлі күнге құқықтық білімнің негізі ретінде заң тілі мен құқықтық ойдың алғышарты ретінде оқытылады.
Рим құқығы термині құл иеленушілік қауымда құрылған Рим мемлекетінің, яғни антикалық Римнің құқығын білдіреді. Рим құқығының жүйесі сондай-ақ бұл мемлекеттің тарихи дамуы тұтастай алғанда көбінесе шет мемлекеттер құқығының тарихы курсында оқытылады.
Рим азаматтық құқығының оқыту пәні -- мүліктік құқықтың маңызды институттары болып табылады (отбасылық қатынастарда жатады).
Рим құқығының негізгі институттарына мына төмендегілер кіреді: меншік құқығы; шарттар мен міндеттемелер; отбасылық құқықтық қатынастар; мұрагерлік мәселесі, сондай-ақ жеке құқықтарды талап арқылы қорғау мәселелері және тағы басқа маңызды мәселелер.
Рим құқығының негізгі тарихи кезеңдері
Рим құқығының қалыптасуы мен әрі қарай дамуын тұтастай алып қарағанда 2 дәуірге бөлуге болады:
I дәуір -- Рим құқығының құрылуы мен дамуы. Ежелгі Рим мемлекетінің қалыптасуымен байланысты (Антикалық мәдениетімен қоса) (б.э.д. VIII - б.э. V ғғ).
II дәуір -- тарихи дәстүрге байланысты Рим құқығының басқа елдермен тығыз байланыста дамуы (саяси жағынан, заң тәжірибесінен, ағарту ісі мен заң ғылымы жағынан) (б.э. VI ғ).
Мұндағы Рим құқығының пайда болуы мен дамуын зерттеушілер екінші кезеңге байланыстырады. Бұл кезенді кейде классикалық Рим құқығы кезеңі деп те атайды.

2. Заттық құқық. Ие болу құқығы. Ие болу ұғымы және түрлері. Ие болуды қорғау.

Рим заңгерлерінде меншік құқығының заттық және міндеттемелік құқыққа жіктелуі туралы айтылмайды. Олар тек actions in rem (заттық талап-арыз) және actions in personam (жеке талап-арыз) айырмашылықтары туралы ғана айтқан.
Заттық құқық - бұл біреудің басқалардың еркінен тыс және тәуелсіз затқа әсер ету құқығы (мүмкіндігі). Әсер ету деп иелену, пайдалану, билік ету ұғынылады. Сөйтіп заттық құқықтың объектісі болып - зат табылады, ал оның иесі абсолюттік қорғауға тиесілі. Рим заңгерлері заттарға масса және кеңістік қасиеттеріне ие әр түрлі денелік заттарды жатқызған. Бұл жер, үй, азық-түлік, күнделікті тұрмыстағы заттар. Олар заттарға қадағалауға болмайтынтарды жатқызбады: күн, ай, ауа. Заттар жекеше және жалпы түрлерде қолданылған. Сонымен бірге біле тұра иесімен тасталып кеткен заттар туралы да айтылған, Иесіз заттар. Рим құқығында денесіз заттар ұғымы болған. Бұларға кейбір құқықтар материалдық игіліктер туралы құқықтық көзқарастар жатқызылған.
Иелену - бұл затқа нақты ие болу. Бірақ заттық құқық кез келген затқа фактілі ие болу таныған жоқ және соған байланысты иелену және қолында ұстауды ажыратты. Иелену негізі ретінде тек меншік құқығы ғана емес (суперфицпарий құқығы), сонымен қатар заттық құқық та болған. Иеленудің ешқандай құқықтық негізі болмауы да мүмкін(иесі болып табылмайтын адамнан затын алып иелену), сонымен бірге құқықбұзушылық болуы да мүмкін (ұрлықшының ұрланған затын иеленуі). Меншік құқығына қарағанда иелену барлық бұзушыларға талап-арыз беру негізін тудырмайды, тек белгілі бір құқық бұзущылары үшін ғана. Иеленудің болуы үшін екі элемент қажет:
oo Затқа фактілі ие болу (иелену денесі - possesiones);
oo Ерік, затқа өзіндікіндей ие болу ниеті (иелену ниеті - animus ossesionis).
Соңғы элементінің болуы иелену емес, затты қолынжа ұстауды білдіреді. Затты қолында ұстау көбінесе зат иесінің арасындағы келісімге сәйкес пайда болған (жалға беру шарты, сақтау және т.б.). Иелену мен ұстаудың заңдық маңызы бар айырмашылығы иегерлерге жеке құқығын берілуінде: олардың құқықбұзушылардан тікелей қорғанудың ерекше тәсілдері бар. ұстаушылар мұндай қорғаншылықты тек заттың иесі арқылы қолдана алды. Рим құқығы заңдық иелену және заңсыз иелену деп бөлді. Заңсыз иелену келесі түрлерге бөлінеді: - абыройлы - тұлғаның иелену құқығы жоқ екенін білмейді және білмеуге тиіс; - абыройсыз - тұлғаның иелену құқығы жоқ екенін біле тұра иеленеді. Иелену заттың өліміне байланысты және оның айналымнан алынып тасталуына байланысты жойылды. Заттық құқық - абсолюттік құқық және оны иеленушінің басқа біреудің бұл құқығын бұзбау міндетіне сәйкес келеді.

3. Меншік құқығы. Жеке меншік құқығының дамуы. Меншік құқыққа ие болу әдістері. Меншік құқықты қорғау.

Рим құқығы меншік құқығын затқа толығымен басшылық етуін білдірді. Меншік құқығының мазмұны үш элементтен тұрды: а) затты пайдалану; ә) затқа билік ету; б) затты пайдалану мен билік алудан өнім алу. Ежелгі Рим заңгерлерімен меншік құқығын шектеудің төрт жағдайы анықталды:
1. Учаскенің иесі бір күннен кейін өз учаскесіне түскен ағаштың өнімін жинау үшін көршісін шақыруы керек.
2. Ағаш бұтағының көршісінің учаскесіне түсуі немесе өсіп кетуі оған 15 футқа дейінгі бұтақтарды кесуге рұқсат берілді, егер көршінің өзі кеспесе.
3. Меншік иесі, егер көршінің салған ғимараты жарты футқа шығатын болса, өзінің қарсылығын білдіруге құқылы.
4. Меншік иесі жерлеу жеріне оның жер участогі өткені үшін белгілі мөлшердегі сыйақы алуға құқылы.
Меншіктің бірнеше түрі белгіленді:
1. квириттік меншік - толық құқыққабілеттілігі бар Римнің азаматтарына ғана тиесілі.
2. Перегриндер меншігі - олар Римде тұрғанына қарамастан өз елінің құқығына бағынды.
3. Провинциалдық меншік жаулап алудық көпшілік сипатына байланысты Рим халқының меншігі болып саналды.
4. Абыройлы иелену және бонитарлық меншік. Бұл терминімен ие болушының затты иеленуіу құқықтық жолмен алып, өзінің сенімділігін білдірді, нақтырақ білмегендігі.
Меншік құқығына ие болу әдістері бастапқы және кейінгі болып бөлінеді. Меншік құқығын алудың бастапқы тәсілдерібасқа тұлғаныңменшігінен тундамайды. Мұндай тәсілдер болып табылады:
oo оккупация, ешкімге тиесілі емес өзінің меншігіне айналдыру;
oo иеленудің мерзіміне байланысты затты меншікке алу. Иелену құқығын алу мерзімі - затты абыройлықпен жалғастырып иеленуге байланысты меншік құқығын алу.
oo Көмбе табу. Рим құқығы бойынша көмбенің жартысын тауып алған, екінші жартысын жер иесі алады.
Меншік құқығын алудың кейінгі тәсілдері бастапқы меншік иесінің құқығына негізделеді. Мұндай тәсілдер болып табылады:
oo Затты тапсыру (әдет-ғұрып - traditio). Әдет-ғұрып - бұл затты меншікке тапсыру ниетімен байланысты. Әдет-ғұрыптың негізі болып келісім-шарт табылған.
oo Спецификация, яғни затты қайта өңдеп алу. Спецификацияның негізінде бір заттан басқа бі р зат пайда болды.
oo Заттарды қосу, яғни бір затты екіншісіне қосып, оның құрамдас бөлікке алйналып кетуі.
oo Мұрагерлік бойынша. Меншік құқығы мұраға қалдырушы қайтыс болған кезде мұрагеріне көшеді.
oo Біреудің меншігінің табысы мен көмбесін қолдану.
oo Претор немесе сот шешімі.
Затқа меншік құқығы жойылады:
oo Дереликции, яғни, иесінің өз еркі бойынша меншігінен бас тартуы.
oo Зат өлген кезде;
oo Иеліктен шығарған кезде;
oo Иесінің мүлкін тәркілеген кезде;
oo Заттың азаматтық құқық айналымынан алынып тасталуы.
Меншік құқығының қорғалуы кез келген бұзушылыққа қарсы бағытталған заттық талап-арыз арқылы жүзеге асты. Меншік құқығы үшін негізі виндикациондық және неготорлық талап-арыздың түрлері болған.
Виндикациондық талап-арыз - бұл зат иесінің басқа біреуден затын өзіне қайтаруы жөнінде талап-арызы. Бастапқыда виндикацияның шексіз мінезі болған. Кейін дамып отырған экономикалық айналымның қажеттілігі үшін ар-ұяты бар иелер мүддесін орындай отырып шектелді. Талап-арыздың мақсаты - затын иесіне қайтару. Затты заңсыз еиелену әр түрлі жауапкершілікке әкеліп соқты. Абыройлы иесі талап-арыз дың тапсыру сәтінен бастап тек заттың сақталуына жауап береді. Зат иесі сақтаушысының қайтарылған затты ұстауы үшін кетірген шығынын төлеген. ұяты жоқ иесі меншік иесіне тек затын қайтару ғана емес, сонымен қоса, ол иемденген заттың берген өнімінің және табыстың мөлшірін төлеуі керек.
Негаторлық талап-арыз - меншіктің бостандығын бұзушыларға қарсы бағытталады. Меншік иесі мүліктен айырудың қаупі тумаса да, бірақ қайсыбіреу оған меншік құқығын жүзеге асыруға кедергі жасаған ретте талап-арызды қолданады. Рим құқығы меншік құқығынан басқа , біреудің затына құқығын білген. Бұл орайда меншік құқығы басқа біреуге тиесілі, бірақ иесі еместің бұл затқа қатысты құқығы бар. Барлық заттық құқығы сияқты бұл категория абсолюттік құқықтарға жатты, яғни, кез келген бұзушылықтан қорғалды және мұрагерлікке қалдыру және айқын басымдылық құқықпен ерекшеленді. Біреудің затына құқығының келесі түрлері болған:
oo біреудің затын пайдалану құқығы - севитут;
oo біреудің затын басқару және пайдалану құқығы
а) кепіл;
б) эмфитевзис;
в) суперфиций.

Сервитут деп белгілі бір учаскіні пайдалану барысында одан пайда алу мақсатында немесе біреудің мүддесі үшін біреудің затын пайдалану аталады. Сервитуттар жеке және заттық болған. Жеке сервитут - затты тек белгілі бір тұлғаның ғана пайдалану құқығы болды, яғни бұл сервитут белгілі бір тұлға үшін құрылады және оның өлімімен қысқарады. Заттық сервитут - белгілі-бір тұлға үшін емес, белгілі бір заты үшін құрылды, сондықтан иесінің ауысуы севитуттың аяқталуына әкеліп соққан жоқ.
Кепіл - бұл пайдалыну және белгілі бір жағдай кезінде біреудің затын басқару құқығы. Кепілдің негізі, егер борышкер келісімдегі шартын бұзса, онда кредитор бұл затты тиісінше билейді. Рим құқығындағы кепілдің түрлері: Фидуция; Пигнус; Ипотека. Фидуция - манципацияның негізінде борышкер затын кредитордың пайдасына иеліктен шығарды. Міндеттеме орылданған жағдайда кредитор затын қайтаруға міндетті. Пигнус - заты кредитордың меншігіне емес, тек иелікке ғана, сондықтан борышкердің міндеттемені орындаған жағдайда заты иесіне қайтарылады.
Эмфитевзис - бұл мерзімге дейін мұрагерлік құқығы және иеліктен шығару бойынаша ауылшаруышылық жерін пайдалануға беру. Эмфитевзис : а) біреудің жерін пайдалануға (оның өнімін табысын алуға); б) жер кепіліне; в) жерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рим құқығының қайнар көздері
Рим құқығынан кешен
Ежелгі Римнің мемлекеті және құқығы
Рим мемлекетінің құрылуы жайлы
Құқықтың түрлері
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҰҒЫМЫ, ПӘНІ
Азаматтық құқық ғылымының мәселелері
ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚОРҒАУ
Рим құқығының қайнар көзі
Мемлекет және құқық теориясы пәнінен дәрістер
Пәндер