Мұрагерлік құқықтың жалпы ережелері



Мұрагерлік құқықтың жалпы ережелері

1. Мұрагерлік құқықтың ұғымы және оның түрлері.
2. Заң бойынша мұрагерлік.
3. Өсиет бойынша мұрагерлік.
4. Мұраның ашылуы. Мұраны қабылдау.
5.Мұрагердің құқығын үшінші тұлғалар қол сұқпаушылығынан қорғау. Легат және фидеикомиссалар.

Пайдаланған әдебиеттер

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Мұрагерлік құқықтың жалпы ережелері

1. Мұрагерлік құқықтың ұғымы және оның түрлері.
2. Заң бойынша мұрагерлік.
3. Өсиет бойынша мұрагерлік.
4. Мұраның ашылуы. Мұраны қабылдау.
5.Мұрагердің құқығын үшінші тұлғалар қол сұқпаушылығынан қорғау. Легат және фидеикомиссалар.

1. Мұрагерлік құқықтың ұғымы және оның түрлері.

Мұрагерлік деп қайтыс болған жеке тұлғаның құқықтары мен міндеттерінің басқа тұлғаларға өтуін айтады. Мұрагерлік әмбебап тәртібінде құқықтың ауысуымен ететін, яғни мұрагер мұраны қабылдай отырып, мұраға катысты барлық құқықтар мен міндеттерге ие болып отырған. Әмбебап құқықтың ауысуы ерекшелігіне қарай сингулярлық құқық ауысуымен ажыратылған. Алдыңғысы бойынша құқықтар мен міндеттерге бөлінсе, екіншісінде арнайы құқықпен ғана шектелген.
Мұрагерлік процесінен 2 кезенді байқауға болады: мұраның ашылуы (мұра қалдырушының қайтыс болуы) және мұраны қабылдау. Мұрагердің мүлікке деген меншік құқығы мұраны қабылдаған соң жүзеге асқан.
Ежелгі Римде мұра 2 жолмен жүрген: өсиет бойынша немесе (және) заң бойынша (егер өсиет қалдырылмаса немесе өсиет бойынша мұрагер мұраны қабылдамаса).
Мұрагерлік дегеніміз - қайтыс болған адамның мүлкі басқа адамдарға берілуі. Мемлекет құрылғаннан бастап мұрагерлік құқық пайда болған. Мұрагерлік - бұл жан-жақты мирасқорлық жасау. Демек, мұрагер мұрагерлікке тұрғанда барлық мұраны өзіне мирас етіп алады. Мұрагерліктің жан-жақтылығы сондай, мұраға байланысты құқық пен міндеттердің бәрі оған жатады, ол жөніңде мұраға ие болушы білмеуі мүмкін. Өлген адамнан қалған сингурлярлық мирас белгілі бір адамға берілген құқық, легат немесе қарсылық жасау.
Легаттар мен фидеикомистер
Легат деп мұраға берушінің аманат жарлығы (өкімі) аталған. Ол белгілі бір тұлғаға мүліктен пайда түсіретін болған. Осыдан қорыта айтқанда: 1) легаторші сингулярлық сипатта (демек, кімге легат берілген);
2) легат аманат қағазында ғана болғандықтан, оны заң бойынша мұрагерге беруге тыйым салынған.
Фидеикомистер . Жұмыс бабында (тәжірибеде) аманат қағазындағы көрсетілген тәртіп көбінесе сақталмаған: мысалы, мұра берушінің өкімінде мұрагерді тағайындалмаған (көрсетілмеген) мұраның кейбір заттары мұрагерге заң бойынша берілген.

Мұрагерлiк туралы жалпы ережелер

Мұрагерлiк
1. Мұрагерлiк - қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкiнiң басқа адамға (адамдарға) - мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы.
2. Қайтыс болған азаматтың мұрасы басқа адамдарға әмбебап құқық мирасқорлығы талаптарымен, егер осы бөлiмнiң ережелерiнен өзгеше туындамаса, бiрыңғай тұтас нәрсе ретiнде және бiр-ақ мезгiлде ауысады.
3. Мұрагерлiк осы Кодекспен, ал тiкелей өзi белгiлеген жағдайларда өзге де заң актiлерiмен реттеледi.

Мұрагерлiктiң негiздерi
1. Мұрагерлiк өсиет және (немесе) заң бойынша жүзеге асырылады.
2. Өсиет қалдырылмаған не бүкiл мұраның тағдыры айқындалмаған кезде, сондай-ақ осы Кодексте белгiленген өзге де жағдайларда мұрагерлiк заң бойынша орын алады.

Мұраның құрамы
1. Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесiлi мүлiк, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен мiндеттерi кiредi.
2. Мұра қалдырушының жеке басына тығыз байланысты мына құқықтар мен мiндеттер:
1) егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше белгiленбесе, заңды тұлғалар болып табылатын ұйымдарға мүше болу құқығы;
2) өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу құқығы;
3) алименттiк мiндеттемелерден туындайтын құқықтар мен мiндеттер;
4) зейнетақы төлеу, жәрдемақы және еңбек пен әлеуметтiк қамсыздандыру туралы заң актiлерiнiң негiзiнде басқа да төлемдер төлеу құқығы;
5) мүлiктiк құқықтармен байланысы жоқ жеке мүлiктiк емес құқықтар мұраның құрамына кiрмейдi.
6) Мұра қалдырушыға тиесiлi болған жеке мүлiктiк емес құқықтар мен басқа да материалдық емес игiлiктердi мұрагерлердiң жүзеге асыруы және қорғауы мүмкiн.

Ортақ бiрлескен меншiк болып табылатын мүлiкке мұрагерлiк
1. Ортақ бiрлескен меншiкке қатысушының қайтыс болуы оның меншiктегi үлесiн айқындау және ортақ мүлiктi бөлу не осы Кодекстiң 218-бабында белгiленген тәртiппен одан қайтыс болған қатысушының үлесiн бөлiп шығару үшiн негiз болып табылады. Бұл жағдайда мұра қайтыс болған қатысушының ортақ мүлiктегi үлесiне, ал мүлiктi заттай бөлу мүмкiн болмаған кезде - үлестiң құнына қатысты ашылады.
2. Ортақ бiрлескен меншiкке қатысушы ол қайтыс болғаннан кейiн осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалатын ортақ мүлiктегi өз үлесiне өсиет қалдыруға құқылы.

Мұраның ашылуы
1. Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады.
2. Мұра қалдырушының қайтыс болған күнi, ал оны қайтыс болған деп жариялаған кезде, егер сот шешiмiнде басқа күн көрсетiлмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешiмi күшiне енген күн мұраның ашылу уақыты болып табылады.
3. Егер бiрiнен кейiн бiрi мұрагер болуға құқылы адамдар бiр күнде қайтыс болса, олар бiр мезгiлде қайтыс болған деп танылады және олардың әрқайсысынан кейiн мұрагерлiк ашылады да олардың әрқайсысының мұрагерлерi мұрагерлiкке шақырылады.

Мұраның ашылу орны
Мұра қалдырушының соңғы тұрған жерi, ал егер ол белгiсiз болса - мүлiктiң немесе оның негiзгi бөлiгiнiң орналасқан жерi мұраның ашылу орны болып табылады.

Мұрагерлер
1. Мұра ашылған кезде тiрi жүрген, сондай-ақ мұра қалдырушының тiрi кезiнде iште қалған және мұра ашылғаннан кейiн тiрi туған азаматтар өсиет және заң бойынша мұрагер бола алады.
2. Мұра ашылғанға дейiн құрылған және мұраның ашылу уақытында болған заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет өсиет бойынша мұрагерлер болуы мүмкiн.

Мұрадан лайықсыз мұрагерлердi шеттету
1. Мұра қалдырушыны немесе мүмкiн болатын мұрагерлердiң бiреуiн қасақана өлтiрген немесе олардың өмiрiне қастандық жасаған адамдардың өсиет бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ. Бұған өсиет қалдырушы оның өмiрiне қастандық жасалғаннан кейiн өздерiне қатысты өсиет қалдырған адамдар кiрмейдi.
2. Мұра қалдырушының соңғы еркiн жүзеге асыруға қасақана кедергi жасаған және сол арқылы олардың өздерiн немесе оларға жақын адамдарды мұрагерлiкке шақыруға не мұраның оларға тиесiлi үлесiн көбейтуге ықпал жасаған адамдардың өсиет бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ.
3. Балаларына ата-аналық құқықтарынан айырылған және мұра ашылған кезде бұл құқықтарын қалпына келтiрмеген ата-аналардың балаларынан қалған мұраны, сондай-ақ мұра қалдырушыны күту жөнiнде өздерiне заң күшiмен жүктелген мiндеттердi орындаудан жалтарған ата-аналардың (асырап алушылардың) және кәмелетке толған (асырап алынған) балалардың заң бойынша мұраны алуға құқығы жоқ.
4. Лайықсыз мұрагерлердi мұрагерлiктен шеттетуге негiз болатын мән-жайларды сот белгiлейдi.
5. Осы баптың ережелерi өсиет қалдырудан бас тартуға да қолданылады
6. Осы баптың ережелерi барлық мұрагерлерге, соның iшiнде мiндеттi үлеске құқығы бар мұрагерлерге де қолданылады.

2. Заң бойынша мұрагерлік

Заң бойынша мұрагерлік көне рим жүйесіндегі ХІІ кесте заңына апарады. Заңда мұрагерліктің 3 кезегі реттелінген. ХІІ кесте заңында І-ші кезектегілерге мұра қалдырушының қол астында саналатын балалары, алдында қайтыс болған балаларының балалары, яғни немерелері кірген. Бұлар қажетті мұрагерлер деп есептелетін. Егер қажетті мұрагерлер болмаған жағдайда мұраға өлген адамның агнаттық туысы шақырылады. Ол мұраны қабылдамауға құқы болған, мұндай жағдайда мұра иесіз қалған мұра деп саналған, мұндай сітте құқық ауыстырылу жүргізілмеген. Егер мұра қалдырушыны еш жақыны болмаса (І-ші және ІІ-ші кезектегілер) мұра ІІІ-ші кезектегі болып саналатын когнаттық (қандық) туыстарына өткен. Тек ІV-ші кезек ретінде ғана мұра қалдырушының жұбайына өткен. Бірақта бұның өзінде жесір әйеліне тиген.
Мұрагерлік Рим жүйесі Заң бойынша жалпы жанқялық мүлік және когнат туыстығы түрінен пайда болады.
Қисынсыз билік астындағы мұрагерлер 12 тақтадағы кестелі заңмен сәйкес бірінші кезектегі мұрагерлері мойындайды (балаларды, немелерді) өлген балалардан т.с.с. осындай жағдайда: егер олар қас-қағым сәтте үй иесі билігінен шықпаса, осындай мұрагерлер іс-әрекетке қабылетсіз, қылмыстары бойынша жазаланғандар арнайы аманат қағазын бала алмайды. Мұрагерлік аманат қағаз қалтыру аманатшының дәл өлер шағында ғана қаралмайды, шарт туу кезінен қарастырылады.

Заңды мұрагерлiк туралы жалпы ережелер
1. Заң бойынша мұрагерлер осы Кодекстiң 1061-1066-баптарында көзделген кезек тәртiбiмен мұрагерлiкке шақырылады.
2. Заң бойынша мұрагерлiк кезiнде, бiр жағынан, асырап алынған және оның ұрпақтары және екiншi жағынан, асырап алушы мен оның туыстары қандас туыстарға теңестiрiледi.
Асырап алынғандар мен олардың ұрпақтары асырап алынушының туған ата-анасы, оның басқа да қандас туыстары қайтыс болғаннан кейiн заң бойынша мұрагер болмайды.
Асырап алынушылардың ата-анасы мен оның басқа да қандас туыстары асырап алынушы және оның ұрпақтары қайтыс болғаннан кейiн заң бойынша мұрагер болмайды.
3. Заң бойынша мұрагерлердiң әрбiр келесi кезегi алдыңғы кезектегi мұрагерлер болмаған, оларды мұрадан шеттеткен, олар мұраны қабылдамаған не одан бас тартқан жағдайда, осы кодекстiң 1074-бабының 5-тармағында аталған жағдайларды қоспағанда, мұрагерлiк құқығын алады.
4. Осы Кодекстiң заң бойынша мұрагерлердi мұрагерлiкке шақырудың кезектiлiгi туралы және олардың мұрадағы үлестерiнiң мөлшерi туралы ережелерi мүдделi мұрагерлердiң мұра ашылғаннан кейiн жасалып, нотариат куәландырған келiсiмiмен өзгертiлуi мүмкiн. Мұндай келiсiм оған қатыспайтын мұрагерлердiң, сондай-ақ мiндеттi үлеске құқығы бар мұрагерлердiң құқықтарын қозғамауы тиiс.

Заң бойынша мұрагерлердiң бiрiншi кезегi
Заң бойынша мұрагер болу құқығын бiрiншi кезекте тең үлеспен мұра қалдырушының балалары, соның iшiнде ол қайтыс болғаннан кейiн тiрi туған балалары, сондай-ақ мұра қалдырушының жұбайы мен ата-анасы алады.
Заң бойынша мұрагерлердiң екiншi кезегi
Заң бойынша мұрагер болу құқығын екiншi кезекте тең үлеспен мұра қалдырушының ата-анасы бiр, ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi (қарындастары), сондай-ақ оның әкесi жағынан да, анасы жағынан да атасы мен әжесi алады.
Заң бойынша мұрагерлердiң үшiншi кезегi
Заң бойынша мұрагер болу құқығын үшiншi кезекте тең үлеспен мұра қалдырушының туған немере ағалары мен апалары алады.
Заң бойынша мұрагерлердiң төртiншi кезегi
1. Заң бойынша мұрагер болу құқығын төртiншi кезекте мұра қалдырушының алтыншы атаға дейiнгiлерiн қосқанда басқа туыстары алады, бұл ретте туыстық дәрежесi неғұрлым жақын туыстар туыстықтың неғұрлым алысырақ дәрежедегi туыстарын мұрагерлiктен шеттетедi.
2. Туыстық дәрежесiнiң жақындығы ортақ ата-бабасынан туу саны негiзiнде анықталады. Әрбiр дүниеге келу бiр ата (бiр туыстық) дәрежесi деп аталады.
3. Мұрагерлiкке шақырылған төртiншi кезектегi мұрагерлер тең үлесте мұрагер болады.

Заң бойынша мұрагерлердiң бесiншi кезегi
Заң бойынша мұрагер болу құқығын бесiншi кезекте, егер мұра қалдырушымен бiр отбасында кемiнде он жыл бiрге тұрса, тең үлеспен оның туыстас аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, (қарындастары), өгей әкесi мен өгей шешесi алады.
Заң бойынша мұрагерлердiң алтыншы кезегi
Заң бойынша мұрагер болу құқығын алтыншы кезекте тең үлеспен мұра қалдырушының асырауындағы еңбекке жарамсыз адамдар алады.
Ұсыну құқығы бойынша мұрагерлiк
1. Егер заң бойынша мұрагер мұра ашылғанға дейiн қайтыс болса, ашылатын мұрадағы оның үлесi ұсыну құқығы бойынша оның ұрпақтарына ауысады. Қайтыс болған мұрагердiң үлесi заң бойынша мұрагер ұсынған туыстығы бiрдей дәрежедегi ұрпақтар арасында тең бөлiнедi.
2. Тiкелей өзiнен тарайтын туыстық бойынша мұрагерлiк жағдайында ұсыну құқығы туыстық дәреже шектелмей қолданылады, ал көлденең туыстық бойынша мұрагерлiк жағдайында ұсыну құқығын тиiсiнше оның туған аға-iнiлерiн (апа-сiңлiлерiн, қарындастарын) ұсына отырып, мұра қалдырушының жиендерi не оның туған немере ағасын немесе апасын ұсына отырып, немере аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi (қарындастары) алады.

Мұра қалдырушының асырауындағы еңбекке жарамсыз адамдар
1. Мұра қалдырушы қайтыс болғанға дейiн кемiнде бiр жыл оның асырауында болған және онымен бiрге тұрған еңбекке жарамсыз адамдар заң бойынша мұрагерлер қатарына жатады. Басқа да заң бойынша мұрагерлер болған кезде олар мұрагер болуға шақырылатын кезектегi мұрагерлермен бiрге мұра алады.
2. Егер мұра қалдырушымен бiрге тұрған-тұрмағандығына қарамастан, мұра қалдырушы қайтыс болғанға дейiн кем дегенде бiр жыл оның асырауында болса, осы Кодекстiң 1061-1066-баптарында аталған заң бойынша мұрагерлердiң қатарына жататын, бiрақ мұрагерлiкке шақырылатын кезектегi мұрагерлердiң тобына кiрмейтiн еңбекке жарамсыз адамдар, осы кезектегi мұрагерлермен бiрге мұра алады.
3. Осы баптың негiзiнде мұрагерлiкке шақырылатын адамдар, басқа да заң бойынша мұрагерлер болған кезде мұраның төрттен бiрiнен аспайтын бөлiгiн мұраға алады.

Мұрадағы мiндеттi үлеске құқық
1. Мұра қалдырушының кәмелетке толмаған немесе еңбекке жарамсыз балалары, сондай-ақ оның еңбекке жарамсыз жұбайы мен ата-анасы, өсиеттiң мазмұнына қарамастан, заң бойынша мұрагерлiк кезiнде олардың әрқайсысына тиесiлi болатын үлестiң (мiндеттi үлес) кемiнде жартысын мұраға алады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұрагерлік құқық қатынастарының пайда болуының негізі мұра
Англияның азаматтық құқығының негіздері
Құкық пен заң шығарушылық
ГЕРМАНИЯ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Мұрагерлік құқықпен байланысты мәселелерді талдау
Мұрагерлік құқық туралы ақпарат
Халықаралық жеке құқық
Мұрагерлік құқық ұғымы және түрлері
Мұрагерлік құқықтың түрлері
Мұрагерлік құқықтың негіздері
Пәндер