Қауіптерді топтастыру


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:
Қауіптер
- Қауіптерді топтастыру
- Тәуекел қауіптің өлшемі ретінде
- Тәуекелдерді топтастыру
- Бағдаршы принциптер
- Техникалық принциптер
- Принципті жүзеге асыру мысалдары
- Басқарушы принциптер
- Ұйымдастырушылық принциптер
- Қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдары
Қауіптерді топтастыру
Қауіп - зардап, жарақат немесе басқа зиян әкелетін материал немесе жағдай.
«Қауіп» категориясы классификациясының белгілерін таңдау кезінде мыналарды ескеру керек:
1. «қауіп» адамдарға, материалдық және табиғи ресурстарға зиян келтіру ықтималдығы ретінде қарастырылады;
2. қауіпсіздік туралы айтсақ, біз әдетте құрамына адам - потенциалды құрбан ретінде және қауіп-қатер - зиян шектіретін жағдайлар енетін жүйені айтамыз;
3. қауіпсіздікке адам барлық қауіп-қатерлерді ығыстырған, жойған немесе одан қорғанған кездерінде ғана қол жеткізіледі деп болжанады;
4. адамның индивидуалды, әлеуметтік және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруда кедергі болатын барлық әрекеттер қауіп-қатер болып есептеледі;
5. бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру құралдары энергияның, заттар мен ақпараттардың нақты ағынымен түсіндіріледі.
Қабылданған болжамдар және де адамның энергия, заттар мен ақпараттардағы маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыра алмауынан туған қауіп-қатерлердің үш топқа бөлінуі көптеген қауіптерді топтастыру үшін көрсетілген белгілерді қолдану мүмкіндігіне апарды. Қауіптерді 3 негізгі класқа бөлуге болады:
1. табиғи-экологиялық - адам өміріне апаттардың зиянды әсерінен немесе заттар миграциясының табиғи геобиохимиялық циклдерінің антропогенді бұзылуынан туындайтын қауіптер;
2. техногенді-өндірістік - технологиялық объектілерде жиналған энергияның қажетсіз қалдықтарынан болатын қауіптер;
3. антропогенді-әлеуметтік - ақпаратты бұрмалау немесе әдейі жасырудан және де оны адамдарға жеткізу мен қабылдау ерекшеліктерінен болатын қауіптер.
Кез-келген іс-әрекетті іске асырған кезде (сонымен бірге, туризм саласында да) аталған кластардың әрқайсысы жеке де немесе барлығы бірге де көрініс беруі мүмкін.
Зардап-зияндардың себеп-салдарлы шарттылығына қарап объективті бар қауіптердің 2 топқа бөледі:
а) адам өміріне тікелей қауіп төндіретін;
б) сондай зияндарды жанама тигізетін, мысалы, оның өмір жағдайының нашарлауы нәтижесінде (материалды құндылықтарды жоғалту, табиғи қоршаған ортаның ластануы т. б. ) .
Қауіпсіздікті тек нақты құрбандар және қауіп-қатерлерді азайту жолдары бойынша топтастыруға болады. Рекреация және туризм саласында бұл мәселені бірінші кезекте рекреанттар (туристер) және осы салада еңбек ететін адамдар қатынасында қарастыруға болады.
Тәуекел қауіптің өлшемі ретінде
Қауіптердің өте көп таралған бағасы тәуекел болып есептеледі. Тәуекел мүмкін болатын қауіпті немесе табысты болу үмітімен істелген іс-әрекетті білдіреді. Тәуекелдің сандық бағасы - бұл қандай да бір уақыт аралығында болған жағымсыз салдарлар санының мүмкін болатын санына қатынасы.
Адам өзінің өлімі мен табиғат апаттарының алдында қорқыныш сезімін сезе отырып, тәуекелді тіпті даму сатысының ең төменгі деңгейінде бағалай бастады. Тауар-ақша қатынастарының пайда болуымен тәуекел экономикалық категорияға айналды және қаржы мен сақтандыру мәселелерінде маңызды үлкен орын алды. Келісімді тәуекел концепциясының пайда болуымен оларды басқара бастады, яғни тәуекелді оқиғаларды болжап және тәуекел деңгейін төмендету, азайту шараларын қабылдады.
Сонымен тәуекел өте көлемді ұғым бола отырып, іс жүзінде адамның өмірі мен қызметіндегі қауіптердің өлшеуіші ретінде саналады.
Тәуекелдерді топтастыру
Тәуекел ұғымы көп салалы болып келеді.
Тәуекелдердің пайда болуына байланысты мынадай түрлеріне бөледі:
- табиғи тәуекелдер - табиғаттың апатты күштерінің пайда болуына байланысты болатын тәуекелдер (жер сілкіністері, су тасқындары, селдер, борандар т. б. ) ;
- экологиялық тәуекелдер - қоршаған ортаның ластануына байланысты тәуекелдер;
- техногенді (өндірістік) тәуекелдер - техникалық объектілерден болатын қауіптермен байланысты тәуекелдер;
- коммерциялық тәуекелдер - қаржы-шаруашылық қызметтері нәтижесіндегі шығын қауіптерімен байланысты болатын тәуекелдер.
«Тәуекел» ұғымын қолдану жағынан алсақ, оны талдау және қауіпсіздікті басқаруына орай маңызды категориялар төмендегілер болады:
- индивидуалды тәуекел - жеке индивидуум үшін қандай да бір қауіпті сипаттайтын тәуекел;
- ұжымдық тәуекел - белгілі бір уақыт аралығында мүмкін болған апаттар нәтижесіндегі жарақатталғандардың саны;
- әлеуметтік тәуекел (топтық) - адам топтары үшін тәуекел. Әлеуметтік тәуекел - бұл оқиғалар жиілігі мен осындағы жеңілген адамдар санының арасындағы тәуелділік;
- потенциалды территориалды тәуекел - қандай да бір жағымсыз әсердің іске асу жиілігінің кеңістіктік таралуы;
- келісімді тәуекел - өзінің іс-әрекеттері нәтижесінде қандай да бір игілік немесе пайда алу үшін қоғам келісуге дайын тәуекелдің деңгейі;
- келісімсіз тәуекел - әкімшілік немесе реттеуші орындар бұл тәуекелдің максимальды деңгейін белгілейді, егер осы деңгейді асып кетсе, оны жоюдың шараларын қабылдауды қажет ететін тәуекел деңгейі;
- елеусіз тәуекел - кәсіпорынның әкімшілігімен немесе реттеуші орындармен максимальды рұқсат етіліп бекітілетін, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің нашарлауына әкеліп соқтырмайтын тәуекелдің деңгейі.
Тәуекелді анықтау процедурасы шамалы болатынын атап өту қажет. Тәуекелдерді анықтаудың 4 әдістемесін бөліп қарастыруға болады:
1. инженерлік - статистикаға негізделеді, қауіпсіздіктің ықтималды анализі;
2. модельдік - жеке адамға зиянды факторлардың әсері моделінің құрылымына негізделген;
3. эксперттік - бұнда оқиға ықтималдығы тәжірибелі мамандарды, яғни эксперттерді сұрастыру негізінде анықталады;
4. социологиялық - халықты сұрастыру арқылы жүргізіледі.
Бұл әдістер тәуекелдің әртүрлі жақтарын көрсетеді, сондықтан оларды кешенді түрде бірге пайдалану қажет.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету принциптері мен құралдары
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету принциптері көп. Оларды бірнеше белгілері бойынша топтастыруға болады. Оларды жүзеге асыру белгілері бойынша 4 класқа шартты түрде бөледі: бағдаршы, техникалық, басқарушы және ұйымдастырушылық.
Кейбір принциптер бір мезгілде бірнеше класқа жатады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету принциптері белгілі бір жүйені құрайды. Әрбір принцип өзіне қатысты дербестікке ие.
Кейбір қауіпсіздікті қамтамасыз ету принциптерінің сипаттамасын қарастырайық.
Бағдаршы принциптер
Бағдаршы принциптер - әдістемелік және ақпараттық база ретінде қызмет көрсететін, қауіпсіздік шешімдерін іздестіру бағыттарын анықтайтын негізін қалаушы идеялар.
Мысалы, жүйелілік принципі бойынша кез-келген құбылыс, іс-әрекет, әртүрлі объекттер жүйенің элементі ретінде қарастырылады. Жүйе дегеніміз - өзара байланыстары бір нәтижеге әкелетін элементтер жиынтығы. Жүйе элементтеріне материалдық объектілер және осылардың арасындағы қатынастар мен байланыстар кіреді. Мысалы, өрт физикалық құбылыс ретінде келесілердің: 1) жанғыш заттардың болуынан; 2) көлемі бойынша ауадағы оттегінің 14%-тен кем болуынан; 3) қандай да бір күштіліктегі от алдырып жалындандыру көзінің болуынан және осы үш жағдайдың 4) кеңістікте және 5) уақытта қосылуынан мүмкін болады.
Жарақаттану профилактикасының жүйелілік әдісі, ең алдымен, қауіпті жағдай болған нақты оқиғалар үшін сол жүйені құрайтын элементтер жиынтығын анықтау керектігін айтады. Жүйеден бір немесе бірнеше элементтің шығып қалуы осы жүйені бұзады.
Деструкция принципі (латынның destruction сөзінен аударғанда бұзылу) бір немесе бірнеше элементтерінің істен шығып қалу есебінен жүйе қауіпті нәтижеге әкеледі деп тұжырымдалады. Деструкция принципі жоғарыда қарастырылған жүйелілік принципімен тығыз байланысты және соншалықты жан-жақты маңызы бар.
Деструкция принципі өздігінен жану құбылысынан алдын-ала сақтандыру үшін қолданылады. Өздігінен жану бұл заттардың өртенуі кезінде сыртқы оталдырғыш көздерінің болмауымен сипатталады. Өздігінен жану кезінде температура қаншалықты төмен болса, соншалықты өрт жағынан жанғыш зат қауіптірек келеді.
Өздігінен жанғыш заттарға өсімдік заттары (шөп, ағаш үгінділері), шымтезек, қазынды көмір, әртүрлі майлар, химиялық заттар мен қоспалар жатады. Өздігінен жану жылудың жеткіліксіз бұрмалануы кезінде экзотермиялық реакциялар нәтижесінде пайда болады. Тез тотықтандырылып полимеризациялануға бейім, құрамында қандай да бір органикалық қоспалары бар өсімдік майлары өте қауіпті келеді. Өсімдік майлары тамған материалдар мен шүберектер (арнайы жұмыс киімдері) ерекше қауіп төндіреді. Егер майланған киім болса, онда оған ауа еркін өте алатындай етіп іліп қойған жөн. Сонда өздігінен жануға жағдай берілмейді, себебі жылудың жиналуына кедергі болады.
Техникалық принциптер
Техникалық принциптер қауіптерді тікелей жоюға бағытталған. Техникалық принциптер физикалық заңдарды қолдануға негізделеген.
Аралық қашықтықпен қорғану принципі қауіпсіздіктің берілген деңгейі қамтамасыз етілетін, адам мен қауіп көзі болып табылатын жер арасында арақашықтық белгілеумен сипатталады. Бұл принцип қауіпті және зиянды факторларды қандай да бір заң бойынша азайтуға немесе сол арақашықтыққа байланысты толығымен жоюға негізделген.
Принципті жүзеге асыру мысалдары
Өртке қарсы қашықтықтар. Өрт таралып кетпеуі үшін ғимараттар мен басқа да объектілерді бір-бірінен белгілі бір аралық қашықтықта орналастырады. Бұл аралықтар өртке қарсы қашықтықтар деп аталады.
Санитарлық-қорғану зоналары. Тұрғын үй құрылыстарын зиянды және жағымсыз иісті заттардан, жоғары деңгейдегі айғай-шудан, вибрациялардан, ультрадыбыстардан, электромагнитті радиожиілік толқындарынан, электрден, иондық сәуле шығарудан қорғау үшін санитарлық-қорғану зоналары қарастырылады. Санитарлық-қорғану зоналары - бұл тұрғын үй құрылыстары және объектілері мен зиянды факторлар шекараларының арасындағы кеңістік. Санитарлық-қорғану зоналарының мөлшері кәсіпорындарды санитарлық топтастыруына сәйкес бекітіледі.
Әлсіз буындар принципі бұл факторлардың белгілі бір алдын ала есептелген мәнінде істен шығып қалатын немесе жұмыс істейтін, өндірістік объектілерінің сақталуы мен персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін конструкциялар мен арнайы жабдықтардың әлсіз элементтерінің қауіпсіздігі мақсатында қолданылуы деп түсіндіріледі.
Бұл принцип техниканың әртүрлі салаларында қолданылады. Енді оны іске асыру мысалдарын қарастырайық.
Жарылысқа қарсы тәсілдер. Ғимараттардың жарылысқа төзімділігін қамтамасыз ету үшін ғимараттарда белгілі бір уақыт аралығында жарылыс қысымын қауіпсіз деңгейге төмендетуге болатын жарылысқа қарсы ойыстар қарастырылады. Жарылысқа қарсы ретінде терезе және есік ойыстары жиі қолданылады. Ойыстардың ашылу немесе бұзылу кезінде қысым мүмкіндігінше аз болғаны жөн. Жарылысқа қауіпті ғимараттардың әйнектерін бірқабатты етіп салу ұсынылады. Егер әйнектелу ауданы жарылысқа төзімділікті қамтамасыз ете алмаса, онда тез арада бұзылатын 1 м 2 жерге салмағы 120 кг аспайтын панелдер немесе жабындар салған дұрыс. Ойыстар ауданының барлық жабындар ауданына қатынасы ойыстық коэффициенті деп аталады.
Жарылысқа қарсы клапандар. Әртүрлі аппараттарда, құрылғыларда жарылыстардың бұзу әрекеттерін болдырмау үшін әртүрлі конструкциялардың жарылысқа қарсы клапандарын пайдаланады.
Басқарушы принциптер
Басқарушы деп қауіпсіздікті қамтамасыз ету үрдісінің жеке стадиялары мен кезеңдері арасындағы қатынастар мен өзара байланыстарды анықтайтын принциптерді айтамыз.
Жоспарлылық принципі белгілі бір уақытқа іс-әрекеттердің сандық көрсеткіштері мен бағыттарын белгілеуді білдіреді. Бұл принципке сәйкес бақылау цифрлері негізінде әртүрлі иерархиялық деңгейде нақты сандық көрсеткіштер белгіленеді. Қауіпсіздік саласындағы жоспарлау еңбек жағдайын тікелей сипаттайтын көрсеткіштерде көрсетілетін соңғы нәтижелерге жетуге бағытталуы тиіс.
Ынталандыру принципі жұмсалған еңбектің саны мен сапасы есебін және материалдық игіліктер мен моральді көтермелеудегі нәтижелерді алуды білдіреді. Ынталандыру принципі жеке қызығушылық сияқты өте маңызды факторды іске асырады.
Компенсация принципі (латынның compensatiо сөзінен аударғанда орнын толтыру, өтем) психикалық және психофизиологиялық процестердің бұзылған тепе-теңдігін қайта орнына келтіру мақсатында әртүрлі жеңілдіктер беру немесе денсаулық жағдайын жағымсыз өзгерістерден алдын ала сақтандыру деп тұжырымдалады.
Компенсацияны жұмысшыларға, әскери қызметкерлерге және адамдардың басқа да категорияларына қарастырылады. Компенсациялардың бір түрі болып қалыпты жағдайда жұмыс істейтіндерге қарағанда ауыр және зиянды жұмыстарда істейтін жұмысшылар үшін тарифті ставкалардың шамамен 13%-ке, ал өте ауыр және өте зиянды жұмыстағылар үшін 30-33%-тен жоғарылап өсуі жатады. Ерекше зиянды жағдайдағы жұмысшыларға денсаулықтарын нығайту және профессионалды аурулардың дамуының алдын алу үшін тегін емдік-профилактикалық тағамдар беріледі. Болатын зияндардың түрлеріне байланысты қолданылатын емдік-профилактикалық тамақтандырудың 5 ғылыми негізделген рацион әзірленген. Емдік-профилактикалық тамақтану әдетте жұмыс басталардың алдында немесе түскі ас кезінде ыстық тағамдар ретінде беріледі. Күндізгі рационның калориялығы 1364-1481 калорияны құрайды. Зиянды еңбек жағдайындағы жұмыстарда істейтін адамдарға жұмыс күнінде 0, 5 литр сүт немесе оған теңестірілген өнімдер беріледі.
Сонымен бірге, қауіпсіздікті қамтамасыз ету жеке қорғану құралдарын қолданумен де байланысты болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz