Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау және өткізу


ЖАЛҒАН АҚША НЕМЕСЕ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР
ЖАСАУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ
Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау және өткізу жалған құжат жасаудың арнайы түрі болып табылады.
Қазіргі уақытта жалған ақша жасау, яғни жалған ақша (валюта) және бағалы қағаздарды өткізу мақсатында жасау немесе сақтау - 206-б. көзделген қылмыстың айтарлықтай өскені байқалып отыр. Сонымен қатар осы қоғамға қауіпті қол сұғушылық әдісі жетілдіріле түседі, ал еліміздің кредит-ақша жүйесіне келтіретін зияны айтарлықтай болады. Сондай-ақ жалған ақша белгілерін жасау мен шығару жөніндегі қызметтің айқын түрде халықаралық сипатқа ие болып отыр, қолдан жасалған шетел валютасының ірі сомалары Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде жасалып, сату мақсатында республика аумағына әкелінуде. Интерполдың «супердоллар» түсінігін енгізу бекер болмады, оған түпнұсқа валютадан еш айырмашылығы жоқ ақша белгілерін енгізген. Сондай-ақ Қазақстанда айналыстан шығарып тасталатын жалған шетел валютасының 95 % дерлік Интерпол есебінде тіркелген, мұның өзі жалған құжатты айқындаудың күрделі екендігін көрсетеді.
Сөз жоқ, жалған ақша жасауды экономикалық нарықтық қатынастарға көшу ынталандырып отырғаны белгілі, кез келген кәсіпкерлік қызметке ірі ақша сомасын салуға мүмкіндік береді, кедендік және шекара бақылауын либералдандырады, сондай-ақ жоғары сапалы жалған қағаз ақша (валюта), сол сияқты түрлі бағалы қағаздар жасалатын қазіргі заманға сай көшіру-көбейту техникаларына қол жеткізілуі де бұған себеп болуда.
Жалған ақша не бағалы қағаз жасау немесе өткізу әрекетінің қоғамға қауіптілігін ескере отырып, сондай-ақ қылмыстық заңды дұрыс қолданудың бірыңғай тәжірибесінің қажеттілігінен Ресей Федерациясының Жоғарғы Соты 1994 жылғы 28 сәуірде «Жалған ақша немесе бағалы қағаз жасау және шығару туралы істер бойынша сот практикасы туралы» қаулы қабылдады. Онда жалған ақша жасау құрамын, осы қылмыстың жолын кесу және аралас құқық құрамын, ең алдымен алаяқтықты қамтитын әрекеттерге баға беру жөнінде нұсқаулар жеткілікті түрде толық әрі анық жазылған. Алайда, құқық қолдану практикасында бірқатар қиындықтар тудырып отырған бұл проблема Қазақстан Республикасында әлі күнге дейін арнайы зерттелмеген.
Бұл қылмыс заты болып: ҚР Ұлттық Банкінің теңге, металл ақша, банкноттары, бағалы қағаздар (мемлекеттік), шетел валютасы, шетел валютасындағы бағалы қағаздар табылады.
ҚК 206-б. көзделген қылмыс заты осы баптың нақты мәтінінің диспозициясына қарсы ескі бедерлі монеттер мен ақша реформасымен қолданыстан алынып тасталған кеңес ақшалары бола алмайды. Айналыстан алынып тасталған және коллекциялық құндылығы ғана сақталған осындай ақша белгілерін (сол сияқты бағалы қағаздар) сату мақсатында жасау немесе өткізу жалған ақша жасау құрамын түзей алмайды және соған негіз болған жағдайда (алдау белгілері немесе сатып алушының сеніміне қиянат жасау) ҚК 177-бабы бойынша алаяқтық ретінде саралануға тиіс.
Соңғы кездері жалған құжат жасау заты ретінде түрлі бағалы қағаз шығару жиілеп кетті. Алайда, еліміздің ақша-кредит жүйесіне қоғамдық қауіпті қол сұғу ретінде мемлекеттік бағалы қағаздарды заңсыз жасау мен өткізу ғана саналады, яғни біздің мемлекет шығаратын және қамтамасыз ететіндері. Азаматтық заңдарға сәйкес белгіленген нысандағы және міндетті түрде ұсыну (көрсету) арқылы жүзеге асыруға және беруге болатын міндетті деректемелері бар мүліктік құқықты растайтын құжат бағалы қағаз болып табылады. Бағалы қағаз түрлеріне мемлекеттік облигациялар, әр түрлі мемлекеттік ұйымдар мен мекемелер шығаратын облигациялар, вексель, чек, депозиттік жинақ сертификаттары, көрсетушіге арналған банктік жинақ кітапшасы, коносамент, акция, жекешелендірілген бағалы қағаздар туралы заңдармен немесе соларда белгіленген тәртіппен бағалы қағаздар қатарына жатқызылған басқа да құжаттар жатады.
Мемлекеттік емес ұйымдар мен кәсіпорындардың бағалы қағаздарды, сол сияқты басқа мемлекеттердің бағалы қағаздарын шығаруы 206-бапта көзделген қылмыс ретінде қаралуы мүмкін емес. Мұндай әрекет алаяқтыққа әзірлік ретінде бағалануы тиіс, ал мемлекеттік ұйымдардың немесе басқа мемлекеттің жалған бағалы қағазын шығарудың өзі - аяқталған алаяқтық ретінде қаралады. Жалған ақша жасау емес, алаяқтық болып, сондай-ақ жалған лоторея билеттерін жасау мен шығаруға негізделген құқыққа қарсы әрекет те саналады. лоторея билеті (оны мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ұйым шығарса да) өздігінен бағалы қағаз болып саналмайды, сот тәжірибесі оны шығару мен заңсыз «ұтыс» алу мақсатында қолдан жасау алаяқтыққа әзірлік ретінде бағалануы тиіс екендігіне сүйенеді. Сонымен қатар жалған лоторея билетін шығару немесе сол бойынша «ұтыс» алу аяқталған қылмыс ретінде алаяқтық үшін жауапқа тартылуы тиіс (РФ Жоғ. Сот. Плен. 1994ж. 28 сәуірдегі қаулы 10-т. ) . Әрине, мұндай түсіндіруге байланысты бірқатар нақтылаулар жүргізілгені дұрыс.
Біріншіден, лоторея билетін өткізу мақсатында қолдан жасау жалған құжатты сатып алушының болашақта содан «ұтыс» алу ниетін тудыратын жағдайда иесіздендірілген болса, оны шығарушыға кінә қойыла алады.
Егер, жалған билет, мысалы оны пайдалана отырып бөтеннің мүлкін (шығарушының арнайы дағдысының дәлелдемесі үшін кәдесый ретінде) алдап заңсыз иеленуді жоққа шығаратын мақсатпен сыйға тартылған болса, алаяқтық құрамы болмайды.
Екіншіден, жалған лоторея билетін шығаруды аяқталған алаяқтық ретінде жатқызып кінәлау мәміленің ақылы түрде сипатына ғана байланысты болады, яғни жалған лоторея билетін кінәлі адам оның мұндай сапасы туралы білмейтін сатып алушыға өткізеді: сату, айырбастау, қарызға беру. Жалған лоторея билетін оның жалған екендігін біле тұрып, сол бойынша заңсыз «ұтыс» алуды көздеген адамға сату аяқталған алаяқтық емес (бұл сатыда ол мүлдем жоқ), мұндай ретте жалған лотореяны сатып алушының іс-әрекеті алаяқтық әрекетке қатысушы ретінде сараланады. Алайда сатып алушы оның көмегімен «ұтысты» алмайынша немесе алуға әрекет жасамайынша, әзірленушіні жалған құжат жасағаны үшін жауапкершілікке тарту қиын. Тек осы адамдардың бөтеннің мүлкін жалған лоторея билетінің көмегімен заңсыз иеленуге уәделескенін дәлелдеген жағдайда ғана олардың алаяқтыққа дайындалуға қатысқаны үшін, ал «ұтысты» іс жүзінде иеленген кезде - аяқталған қылмыс үшін (адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы алаяқтық нысанында жасалған талан-тараж) жауапқа тартылуы мүмкін.
Үшіншіден, жалған лоторея билеті бойынша ұтысты алу тек қана алушы (жалған лоторея билетін иеленуші) алдау жолымен - жалған лоторея билетін пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін алғандығын түсінгендігі айқындалса, оның әрекеті аяқталған алаяқтық ретінде сараланады.
ҚР ҚК 206-б. көзделген қылмыс заты ретіндегі шетелдік валюта деп тиісті шетел валютасы дегенді тиісті шетелдік мемлекеттегі немесе бір топ мемлекеттердегі айналыста жүрген және заңды төлем құралы болып табылатын банкнот қазынашылық билеттері, монет түріндегі ақша белгілері, сондай ақ айналыстан шығарылып тасталған бірақ айырбастауға жататын ақша белгілері деп түсіну қажет. Шетелдік деп 1929 ж. жалған ақша жасауға қарсы күрес туралы Халықаралық Конвенцияға қатысушы болып табылатындығына қарамастан, Қазақыстан Республикасының құрамына кірмейтін кез келген мемлекетті тану керек.
Қаралып отырған қылмыстың объективті жағына тұтастай алғанда жалған ақша немесе мемлекетті бағалы қағаздарды ғана емес, сонымен қатар ішінара ақша купюрі мен бағалы қағаздарды (мысалы, түп нұсқа ақша белгісінін номиналын қолдан жасау, облигация нөмерін, сериясын және басқада деректемелерін) қолдан жасауда кіреді. Алайда, қандай жағдайда болмасын, жалған ақша белгілерінің (купюр, монет) немесе мемлекеттік бағалы қағаздың нысаны, өлшемі, түр-түсі және басқа негізгі деректемелері бойынша айналыстағы ақша белгілеріне және бағалы қағаздарға айтарлықтай ұқсастығы болуы керек. Жалған және түпнұсқа ақша белгілерінің (бағалы қағаздардың) ұқсастығының мәні туралы мәселе әрекетті саралау тұрғысынан қарағанда басты нәрсе болып табылады, жалған купюрдің түпнұсқаға анық сәйкес келмеуі, оның ақша айналысына қатысуын жоққа шығаратындығы алаяқтық ретінде саралануы тиіс. Кінәлінің шектеулі адамдар тобын (мысалы, жалған құжатты қалыпты түсінуді қиындататын жағдайда купюр сату) өрескел алдау ниетте бағытталғаны туралы куәландыратын өзге де іс жағдайлары әрекетте алаяқтық құрамының бар екендігін көрсетеді.
Мәселен, ҚР Жоғары Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Райлянды ҚР ҚК 206-бабы бойынша соттауын негізсіз деп тапты. Оның көшіру-көбейту техникасының көмегімен жасаған банкнот билеттері ішінара түпнұсқа үлгілерге сәйкес келе тұрса да (форматты, бейнелеуі, детальдардың салыстырмалы түрде орналасуы), екі жағынан бір бояумен орындалған, және қалыпты жарықтандыру кезінде жақсы байқалатын көптеген артық детальдары болған. Райлян жәбірленушілермен сатып алынған тауарлар үшін жасанды ақша белгілерін төлеп, кешкі қараңғы уақытта көшеде есеп айырысты; жәбірленушілер ақшаны мұқият қараған жоқ және шамалы уақыт өткеннен кейін түсімді қайта санаған кезде жасанды ақша екенін білді. Осы жағдайларға байланысты Райлянның әрекеті ҚР ҚК 177-бабы бойынша қайта сараланды.
Өрескел жасанды шетел купюраларын сату әрекетін қылмыстық-құқықтық саралауға ерекше тоқталу қажет. Кейде сот тәжірибесінде мұндай әрекеттер (екі жағында екі түрлі баға көрсетілген купюр шетел банкнотын сату фактісіне қатысты) ҚК 206-бабы бойынша сараланады. Мәселен, 1998 ж. шілдеде Қызылорда облыстық сотының үкімімен белгіленген ережені бұзып, 62 АҚШ долларын белгісіз біреуден сатып алып, 50 долларлық купюрдің жасанды екенін білгеннен кейін орталық базарда сатпақшы болып, ұсталған Рахметов ҚР ҚК-нің 24-бап 1-бөлігі, 206-бабы бойынша сотталды. Бұл купюр құны 5 долларлық түпнұсқа банкнот еді, оған 50 саны жапсырылып, «елу доллар» деген жазу жазылған. Президент портретінің астында портретте президент Линкольннің бейнесі бола тұрса да, «Грант» деген жазу болды.
Бұл жағдайда жасалған әрекет алаяқтықтан басқа түк те емес болғандықтан, ҚР ҚК 206-б, кінәлау дұрыс емес деп табылады.
Сонымен, өрескел бұрмаланған валютаны сату кезінде жәбірленушінің немқұрайлығына немесе тиісті тәжірибесінің жоқтығына сүйеніп жасалған әрекет толықтай алаяқтық құрамын қамтиды (сәтті сатылғанда біткен қылмыс, егер реті келмегенде оған оқталғандық жасау) және валюта құндылықтарымен заңсыз мәміле жасау құрамын құрамайды. Сондай-ақ жасанды валютаны сатып алушы адам оның мұндай сапасын іс жүзінде түсінбей қателік жасайды. Валюта құндылықтарымен заңсыз мәміле жасау құрамының қажетті белгілері болған жағдайда осы қылмысқа оқталғандық үшін ҚК 24, 206 - баптары бойынша жауап беруі мүмкін.
Жалған ақша белгілерінің немесе бағалы қағаздардың түпнұсқаға айтарлықтай ұқсастығы туралы талқылау жасанды бағалы қағазды нақты жасағаннан кейін ғана мүмкін болғандықтан, сот тәжірибесі бір ғана ақша белгісі немесе бағалы қағаз іс жүзінде оны кейін сату мақсатында жасалған болса, жалған қағазды сатудың реті келген келмегеніне қарамастан, ҚК 206-б. көзделген қылмыс аяққталған деп таниды.
Әрине, тиісінше толық жасап аяқталмаған жалған құжатты ішінара жасау жалған ақша жасауға оқталғандық ретінде сараланады.
Жалған ақшаны немесе мемлекеттік бағалы қағазды өткізу деп оларды тауарға және қызметке ақы төлеуге, айырбастауға, сыйлауға, қарызға беруге, сатуға және т. б. пайдалануды айтады. Өткізу деп жалған бағалы қағаздарды борышты қайтару ниетсіз кепіл ретінде кредит-қаржы мекемелеріне орналастыру да қарастырылады. Кепіл заты шарттың талаптары бойынша белгіленген тәртіппен кредитордың меншігіне айналатындықтан, жалған бағалы қағаз сатушы тұлға осындай есепті көздейді; оның әрекеттері ҚК 206-б. көзделген қылмыс құрамына сәйкес келеді.
Жалған ақша белгілері мен мемлекеттік бағалы қағазды күресінге тастау, тіпті көпшілік жүретін орында қалдыру арқылы одан құтылу өткізу ретінде қарастырылмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz