Логикалық әрекет жүйесі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

І. КІРІСПЕ

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Логикалық әрекет жүйесі
  2. Логикалық ойлау операцияларының деңгейлік дамыта оқытуда қолданылуы
  3. Оқыту үрдісіндегі білім сапасының үш деңгейі бойынша белгіленген логикалық ойлау операциялары
  4. Деңгейлік тапсырмалар банкі логикалық ойлау операциялары

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН әдебиеттер

Логикалық әрекет жүйесі

Оқушыларды шығармашылыққа баулу, ғылыми ізденіске бағыттау үшін шығармашылық ойлауды дамыту мен шығармашылық іс-әрекетті қалыптастыру процесін жүргізу керек. Бұл процесті оқыту үрдісінде тиімді орындау үшін белгілі тәртіптік жүйе қажет. Осы қажеттілікті орындаудың жүйелі шешімін белгілеуде, шығармашылыққа баулудың, ойды дамытудың, ізденіс іс-әрекетті қалыптастырудың әдіс-тәсілдерінің бастапқы алгоритмдік жүйесі - логикалық ойлау операциялары . Сондықтан оқыту үрдісінде білім кеңістігіндегі логикалық ойлау операцияларын қолданудың әдістемесі жасалды. Логикалық ойлау операциялары жалпы орта білім берудің салалық стандарты бойынша үш деңгейге топтастырылды.

Логикалық ойлау операцияларын оқу үрдісінің барысында жүйелі қолдану - шығармашылыққа баулу мен ғылыми ізденіске бағыттаудың негізі. Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер белгіленді:

1. Оқу үрдісінің барысында оқушыларды шығармашылыққа баулуда логикалық ойлау операцияларын әрбір сабақта қолданудың тәртібін белгілеу:

- шығармашылық ойлаудың (ойлауды дамытудың) негізі ретінде қабылданған логикалық операцияларды айқындау және оларды деңгейлеу;

- логикалық ойлау операцияларын сабақ барысының әрбір кезеңдерінде, оқу материалдарының тақырыптары бойынша шығармашылық тапсырмаларды, сұрақтарды құруда, тәжірибелік-зерттеулік жұмыстарды жүргізуде қолдануды ендіру;

- оқыту үрдісіндегі пәнді оқыту жоспарларының үлгі нұсқаларын және онда логикалық ойлау операцияларын қолданудың әдістемесін жасау;

2. Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыруды іске асыру барысында:

- сабақ барысында игерген шығармашылық іс-әрекет дағдылары бойынша өз бетінше шығармашылық тапсырмалар орындауға;

- шығармашылық жұмыстардың мәні мен мазмұнын түсіне отырып, шағын шығармашылық жұмыстар жасаудан, нақтылы ғылыми ізденіс жұмыстарын жүргізуге және логикалық ойлау операцияларының жүйесінде орындауға бағыттау.

3. Оқушылардың ғылыми-шығармашылық жұмыспен шұғылдануын ұйымдастыруда:

- өз бетінше материалдарды іздеуді, кітапханада әдебиеттермен жұмыс орындауды;

- ғылыми зерттеу жұмыстарының құрылымы мен әдіс-тәсілдерін игеруді;

-өз бетінше ғылыми-ізденіс жасауға баулуда логикалық заңдылықтарды қолдануды меңгерту үшін шығармашылық топтарда «шығармашылыққа баулу» сабақтарын жүргізу.

Логикалық ойлау операцияларының деңгейлік дамыта оқытуда қолданылуы

Дамыта оқыту деп - мақсаты мен міндеттері, әдіс-тәсілдері оқушының өнімді ойлауының даму заңдылықтарына сәйкес берілген оқытуды айтамыз. Онда беріліп отырған әдістеме бойынша өнімді ойлауды қалыптастырудың жүйесі - танымдық іс-әрекеттен логикалық (қисынды операциялар арқылы) іс-әрекетке келтіру, одан шығармашылық ойлауға өту.

1-Кесте Өнімді ойлаудың жүйесі

танымдық
логикалық
шығармашылық
танымдық: Оқу материалдарын игеруі, қызығушылығы, танымдық, белсенділігі
логикалық: Логикалық ойлау операцияларын игеруі; оқу материалдары бойынша лог. операцияларды қолдана отырып, тақырыптық тапсырмаларды орындауы.
шығармашылық: Шығармашылық алгоритмін әдіс-тәсілдерін игеруі; шығармашылыққа қадам жасау, түрлендіру, ой туындату, қорытынды жасау, шағын ғылыми-ізденіс жүргізуі.

Деңгейлеу - оқушының игеруге тиісті білім мен білік жүйелерінің күрделілігіне қарай сатылай топтастырылған белгілері. Жалпы орта білім берудегі салалық стандартқа сай оқыту үрдісінде білім сапасының үш деңгейі белгіленіп, осы деңгейлерге күрделілігіне қарай логикалық ойлау операциялары топтастырылды.

1. Міндетті деңгей - минимум ҚР ОББ стандарты, жай мектеп оқушыларының деңгейі.

- қарапайым ойландыратын операциялар белгіленді.

2. Лайықты деңгей - лицей, гимназия оқушыларының деңгейі.

- күрделі ойлау операциялары белгіленді.

3. Жоғары деңгей - дарынды балалар мектеп оқушыларының деңгейі.

- күрделілігі жоғары ойлау операциялары белгіленді (шығармашылыққа бағытталған) .

Шығармашылық тапсырмалардың күрделілік деңгейі, оқушының игеруге тиісті білім, білік, дағды жүйесі негізінде деңгейлерге белгіленген логикалық ойлау операциялары арқылы анықталады.

Оқыту үрдісіндегі білім сапасының үш деңгейі бойынша белгіленген логикалық ойлау операциялары

Пәндерді оқыту үрдісінің барысында деңгейлік шығармашылық тапсырмаларды, сұрақтарды құруда және бағалауда қолданылатын деңгейлік логикалық операциялар (дамытуға қойылатын деңгейлік талаптар) .

І. Міндетті деңгей:

а) мнемикалық операциялар:

- тану;

- айғақтар мен түсініктерді қабылдап, жаңғырту;

- ережені, кестелерді, мәтіндерді еске түсіріп жаңарту;

б) қарапайым ойландыратын операциялар:

- айғақтарды бір-бірінен айыра білу;

- айғақтарды бір-бірінен ажырата білу;

- айғақтардың бір-бірінен ерекшеліктерін білу;

- айғақтардың бір-бірінен өзгешелігін баяндау;

- мазмұндағы айғақтар арқылы мысал келтіру;

- айғақтарды бір-бірінен бөлу, белгілерді айту, анықтау, хабарларды талдау;

- хабарлардың қатысын білу, орнына қолдану, сөздіктермен жұмыс істей білу;

- терминдерді, тәсілдерді ажырата қолдана білу;

ІІ. Лайықты деңгей. Күрделі ойлау операцияларында айғақтар мен дәлелдер арасындағы өзара қарым-қатынастардың себебін, құндылығын, міндетін, т. б. белгілеу:

  • нақтылау мен жинақтау, белгісіздерді анықтау;
  • тасымалдау (трансляция, трансформация) ;
  • дәлелдерді баяндау, түсіндіру, негіздеу, өз бетінше мысал келтіру;
  • тапсырмалар бойынша талдау (анализ және синтез) .
  • бір пәннен алған білімін басқа пәндерде тәжірибеде қолдана алу.
  • индукциялау, дедукциялау, дәлелдеу мен бағалау, негіздеу;
  • конспектілерді, баяндамаларды, көшірмелерді өңдеу, шолу жасау;
  • салыстыра байланыстыра алу, топтастыра классификациялау, арақатынасын анықтай білу;
  • салыстыра талдау, өзіндік анықтама беру, т. б.

ІІІ. Жоғары деңгей. Шығармашылық ойлау операциялары:

  • өзіндік тәжірибелік жұмыстар, шағын зерттеулер, проектілер, модельдер, жорамалдар ұсыну, құрылымдар жасау;
  • тәжірибе (өткізу) жүргізу, проблемалық есептер мен жағдайларды шешу;
  • өзіндік пікір білдіру, қаулы шығару, шешім қабылдау;
  • жеке бақылау жасау мен ойлау есептерін құру, нәтиже шығару;
  • идеяларды жаңғырту, қарама-қайшылықтарды көру, сын тұрғысынан пікір білдіру, ұсыныстар жасау;
  • идеялар мен мәліметтерді біріктіру, ой қорытынды жасау;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауын дамытудың психологиялық негізі
Компьютердің логикалық элементтері
Оқушылардың ойлау қабілетінің ерекшеліктері
Дамыта оқыту арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту
Бастауыш мектепте математиканы оқыту барысында оқушылардың ойлауын дамыту ерекшеліктері
Математикадан бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу - танымдық әрекетін қалыптастыру жүйесі
Биология сабағында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту әдістері
Delphi бағдарламалау тілінде проектіні құрастыру
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz