Спандияр Көбеев өмірі
С.Көбеев 1878 жылы 1 қазанда Торғай облысы Қостанай уезі Обаған болысына қарасты № 3 ауылда, Құрманбай өткелі деген жерде, қазіргі Қостанай облысының Меңдіқара ауданы Ақсуат аулында дүниеге келген. Әкесі Көбей Жансүгіров мұсылманша хат таныған, өзі еңбекқор, қолөнерімен күн көрген. Шешесі Айтбоз қайратты, елге қадірлі жан екен. Олардың отбасында Әбжан, Оспан, Кәмел, Мизам, Мұқаш, Спандияр және Тайкенже есімді жеті ұл болған. Үлкен ағасы Әбжан мен ортаншы ағасы Мұқаш молдадан оқиды да, кейін молда болады. Оспан, Кәмел, Мизам деген ағалары ұзақ жылдар байдың жалшысы болды.
Әкесі Спандиярды 9 жасқа толғанда, башқұрт молдасына мұсылманша оқуға береді. Одан баласын ұрып.соқпауын сұрайды. Спандияр молдада бар болғаны 8 күн ғана оқып, молданың жазалауына төзбей қашып кетеді.
Сол 1887 жылы Сауытбай байда мектеп ашылады. Бұл мектепті қазақтың аса көрнекті ағартушысы, ақыны және педагогі Ыбырай Алтынсарин ашқан еді. Жергілікті байлардың қарсылығына қарамастан, Спандияр Ы.Алтынсариннің көмегімен осы мектепке оқуға түседі. Бұл мектепке сол уақытта байдың балаларын ғана қабылдайтын. Ол 1892 жылы мектепті жақсы аяқтайды. Ауылдық мектепті бітіргеннен кейін, Обағандағы орыс.қазақ болыстық мектебіне (1892.1895) оқуға түседі.
Бұдан кейін Қостанайдағы 2 кластық орыс.қазақ училищесінде (1895.1897) оқиды. Оқуын жақсы аяқтап, Орынбор мұғалімдер семинариясында жалғастырмақ болып өтініш жазады. Өйткені училище атына онда бір бос орын сақталған.ды. Арманына қол жеткізер сәтте Өтетілеуов деген бай өзінің баласын сол орынға кіргізбек болып килігеді. Инспектор алдына Өтетілеуов бай баласымен Спандияр ағасы екеуі барады. Бай өз баласының осы орынға лайық екенін айтып бағады. Спандиярдың ағасы инспектордан әділетсіздікке жол бермеуін сұрайды. Бай «Бергенге қанағат ет. Кедейге оқу емес, жұмыс істеген жөн. Инспектор мырза кімнің қайда оқу керектігін жақсырақ біледі» . дейді. С.Көбеевке «Сен үшін түк те істей алмаймын» деген инспектордың жиіркенішпен айтқан сөзі өте ауыр тиді. Көзінен жасы домалап, қорлана түсті.
Мұғалім болуды армандаған жас 1898 жылы Қостанай қаласындағы ауыл мектептеріне мұғалімдер даярлайтын екі жылдық педагогикалық класқа келеді. Оны 1901 жылы аяқтайды.
С.Көбеев өзінің мұғалімдік қызметін 1901 жылы 15 тамызда шалғайдағы Ырғыз уезі Толағай болысындағы Кішіқұм деген жерде бастайды. С.Көбеев өзінің бүкіл өмірін халық ағарту ісіне арнайды.
1902.1905 жылдары Петропавл уезі Ақмола облысының Қаратал болысына қарасты Нілді ауылдық мектебінде мұғалім болады.
1905.1906 жылдары сол уездің Көктерек болыстық мектебінде, 1906.1911 ж. Петропавлда, кейіннен 1911.1918 жылдары Пресногорьковтағы 2 кластық орыс . қазақ училищесінде жұмыс істейді.

Спандияр Көбеев
(1878-1956)
С.Көбеев 1878 жылы 1 қазанда Торғай облысы Қостанай уезі Обаған
болысына қарасты № 3 ауылда, Құрманбай өткелі деген жерде, қазіргі Қостанай
облысының Меңдіқара ауданы Ақсуат аулында дүниеге келген. Әкесі Көбей
Жансүгіров мұсылманша хат таныған, өзі еңбекқор, қолөнерімен күн көрген.
Шешесі Айтбоз қайратты, елге қадірлі жан екен. Олардың отбасында Әбжан,
Оспан, Кәмел, Мизам, Мұқаш, Спандияр және Тайкенже есімді жеті ұл болған.
Үлкен ағасы Әбжан мен ортаншы ағасы Мұқаш молдадан оқиды да, кейін молда
болады. Оспан, Кәмел, Мизам деген ағалары ұзақ жылдар байдың жалшысы болды.
Әкесі Спандиярды 9 жасқа толғанда, башқұрт молдасына мұсылманша оқуға
береді. Одан баласын ұрып-соқпауын сұрайды. Спандияр молдада бар болғаны 8
күн ғана оқып, молданың жазалауына төзбей қашып кетеді.
Сол 1887 жылы Сауытбай байда мектеп ашылады. Бұл мектепті қазақтың
аса көрнекті ағартушысы, ақыны және педагогі Ыбырай Алтынсарин ашқан еді.
Жергілікті байлардың қарсылығына қарамастан, Спандияр Ы.Алтынсариннің
көмегімен осы мектепке оқуға түседі. Бұл мектепке сол уақытта байдың
балаларын ғана қабылдайтын. Ол 1892 жылы мектепті жақсы аяқтайды. Ауылдық
мектепті бітіргеннен кейін, Обағандағы орыс-қазақ болыстық мектебіне (1892-
1895) оқуға түседі.
Бұдан кейін Қостанайдағы 2 кластық орыс-қазақ училищесінде (1895-1897)
оқиды. Оқуын жақсы аяқтап, Орынбор мұғалімдер семинариясында жалғастырмақ
болып өтініш жазады. Өйткені училище атына онда бір бос орын сақталған-ды.
Арманына қол жеткізер сәтте Өтетілеуов деген бай өзінің баласын сол орынға
кіргізбек болып килігеді. Инспектор алдына Өтетілеуов бай баласымен
Спандияр ағасы екеуі барады. Бай өз баласының осы орынға лайық екенін айтып
бағады. Спандиярдың ағасы инспектордан әділетсіздікке жол бермеуін сұрайды.
Бай Бергенге қанағат ет. Кедейге оқу емес, жұмыс істеген жөн. Инспектор
мырза кімнің қайда оқу керектігін жақсырақ біледі - дейді. С.Көбеевке
Сен үшін түк те істей алмаймын деген инспектордың жиіркенішпен айтқан
сөзі өте ауыр тиді. Көзінен жасы домалап, қорлана түсті.
Мұғалім болуды армандаған жас 1898 жылы Қостанай қаласындағы ауыл
мектептеріне мұғалімдер даярлайтын екі жылдық педагогикалық класқа келеді.
Оны 1901 жылы аяқтайды.
С.Көбеев өзінің мұғалімдік қызметін 1901 жылы 15 тамызда шалғайдағы
Ырғыз уезі Толағай болысындағы Кішіқұм деген жерде бастайды. С.Көбеев
өзінің бүкіл өмірін халық ағарту ісіне арнайды.
1902-1905 жылдары Петропавл уезі Ақмола облысының Қаратал болысына
қарасты Нілді ауылдық мектебінде мұғалім болады.
1905-1906 жылдары сол уездің Көктерек болыстық мектебінде, 1906-1911
ж. Петропавлда, кейіннен 1911-1918 жылдары Пресногорьковтағы 2 кластық орыс
- қазақ училищесінде жұмыс істейді.
1918 жылы өзінің туып-өскен жері Меңдіқара ауданына қайта оралып,
Түбек бастауыш мектебінде (1918-1925 ж.) қызмет етеді.
1925-1935 жылдары Боровской қазақ мектебінде, 1935 жылдан өмірінің
соңына дейін Ақсуат орта мектебінде бала оқытады.
Өзі ұстаздық ете жүріп, Қарқын, Шолақсай, Қамыстыкөл, Ұялысай, Түбек,
Ақсуат сияқты қазақ мектептерін құрудың бастамашысы және ұйымдастырушысы
болды. 1937 жылы Ақсуат бастауыш мектебін 7 жылдық етіп қайта құрды. 1943
-1945 жылдары бұл мектепті 10 жылдық дәрежесіне жеткізеді.
С.Көбеев Крылов мысалдарын қайта өңдеп, жаңадан тағы да аударып, 44
мысалды Үлгілі тәржіма деген атпен 1910 жылы Қазанда жеке кітап етіп
бастырады. Балаларға арналған шығармалардың тапшылығынан, Ы.Алтынсариннің
хрестоматия-ларын өзіне үлгі етіп, бастауыш мектеп үшін хрестоматия
құрастырады.
1912 жылы жарық көрген Үлгілі бала деп аталатын бұл хрестоматияға
өзі аударған Крыловтың мысалдарын енгізеді және орыс жазушыларының
балаларға арнаған шағын әңгіме-өлеңдерін қазақ тұрмысына лайықтап жазады.
Табиғат, оның құбылыстары туралы, өсімдіктер мен жануарлар жайлы балалар
ұғымына сай қысқа әңгімелер, мысалдар береді.
С.Мұқанов 1939 жылы газеттегі бір мақаласында: Спандияр жолдастың әлі
күнге шейін жүзін көрген кісі емеспін, бірақ оны бала шағымнан жақсы білем.
Қай жылы екенін ұмыттым, бала кезімде менің қолыма оның Үлгілі бала деген
кітабы түсті. Ол кітап 1912 жылы басылған. Егер қателеспесем, 1817 жылы
Ыбырай Алтын-сариннің Қырғыз хрестоматиясы деген атпен қазақ тілінде,
орыс әрпімен шыққан кітабынан соңғы, мектеп балаларына арналып жазылған
қазақша бірінші кітап - осы, Үлгілі бала. Кітаптың ішіндегі материалдар
жүйелі: бірінші - Спандиярдың өз шығарма-лары, екінші - орыс тілінен,
көбінесе, Крыловтан аударған мысалдар - деп, оның Жетімнің өлеңі деген
шығармасын бала кезінде жатқа айтқанын жазыпты.
Жетімнің күні құрсын жастай қалған,
Әкесін шешесімен құдай алған.
Күтетін өз ұлындай жақын қайда?
Деген сөз осы емес пе “дүние салған”
Бетіңмен іс етуге ақылың кем,
Бой өсіп жас жетпеген білмейсің жөн,
Мал-басың “ағайынның” талауында,
Әлдіге осы емес пе дүние деген.
Көзіңнен жас ағады қан аралас,
Биліктен малың түгіл шығып тұр бас,
Сұраусыз малда құрық, баста сырық
Қыр аңы арыстан, қабылан мұндай болмас.
Сау басың дауда болар өскеніңше,
Күш жетіп,”Е” десе “Ме” дескеніңше.
Ағайын тәлкегінде иттей болған,
Жетімдер толып жатыр әлде неше.
Шөлдесең сусын болар көлдер қайда?
Қарын ашса тамақ болар жерлер қайда?
Қаңғырып жүдеп-жадап жүргеніңде
Сипайтын маңдайыңнан ерлер қайда?
Өлеңнің бас-аяғы осы. Қандай тамаша шындық! Не деген тамаша лирика!
Жетім боп, осы өлеңде айтылған шындықтың ортасында өскен, менің көз жасымды
бұл өлең бала кезде талай тамызып еді... “ -деп жазушы толғана еске алған
екен.
С.Көбеев 1913 жылы ауыл өмірі, әйел тағдыры мен теңсіздігіне қатысты
Қалың мал романын жазған. Қалың мал романы - қазақ әдебиетіндегі
прозалық шығармалардың алғашқы үлгілерінің бірі. Мұнда қалың мал әлегі
қазақ қызының тағдырын нанымды бейнелеумен қатар, дала тіршілігіндегі
әлеуметтік жолсыздықтар батыл әшекерленген. Жазушы шығармада халықтың сөз
байлығын мақал-мәтелдерді шебер пайдаланған.
Қалың мал романы қазақ көркем прозасының қалыптасуына белгілі
дәрежеде үлес қосты.
С.Көбеев көп әйел алушылық тақырыбына арнап Бақытсыздардың бір күні
деген романды жаза бастайды. Бірақ романның қолжазбасы 1919 жылдың күзінде
аяқталмаған күйінде жоғалып кетеді. Сол кезеңдегі қазақ ауылдарының
тұрмысын сипаттайтын кең ауқымды шығарма жарыққа шықпай қалады.
Бұдан кейін жазушы Қыйсық кегі деген роман мен Қазақ ауылдарындағы
тұңғыш мектеп деген шығармалар жазбақ болады, бірақ денсаулығына
байланысты жоспарларын орындауға мүмкіндік болмайды. Оның себептерін өзі де
С.Мұқановқа былай деп жазған екен: Жазушылықты тоқтатуым - 1915 жылдар
шамасы, 1911-1912 жылдардан бері қарай аурулымын.
Докторлар хал-жайымды сұрап білгенннен кейін, жазушылықты тоқтат деп
ақыл айтқан. Сонда да әдебиеттен мүлде қол үзгім келмейді. Қазақ совет
әдебиетіне бір-екі шығарма қоспақшымын.
С.Көбеевтің қолжазбаларына үңілсек, қазақтың ұлы ағартушысы
Ы.Алтынсаринмен кездесуі туралы, қазақ ауылдарының гүлденуі жайында
әңгімелер және балалар үшін кітап жазуды да ойлаған.
Жазушы-педагог одан әрі оқытушылық қызметін жалғастыра береді.
Балаларға ана тілі мен орыс тілінен сабақ берген ұстаздың ұзақ жылғы еңбегі
еленіп, КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы 1939 және 1949 жылдары екі рет
Ленин орденімен марапаттаған.
1941-1945 ж. Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін медалі берілген.
1944 жылы 13 маусымда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен
Қазақ КСР-на еңбегі сіңген оқытушы атағын алады.
С.Көбеев қоғам қайраткері ретінде де танылған. 1947 жылы Қазақ КСР
Жоғарғы Кеңесіне Қостанай облысы Меңдіқара ауданынан халық депутат етіп
сайлайды. Ұзынкөл ауданы Ершов сайлау округінен Еңбекшілер депутатттарының
облыстық Советінің депутаттығына ұсынылады.
Сонымен бірге Бейбітшілікті қорғаудың Республикалық комитетінің мүшесі
болған.
С.Көбеев 1949 жылы қазақ әдебиетінің Мәскеудегі он күндігіне қатысады.
Қазақ әдебиетінің Москвада болған он күндігін ойдағыдай өткізуге белсене
қатысқаны үшін грамотамен марапатталады.
Спандияр Көбеев Республика көлемінде өтіп жатқан жиындардан қалыс
қалмай, мінбеден сөз сөйлеп, өзіндік пікірлерін де білдіріп отырған. Ол
Қазақстан Жазушылар Одағының ІІ съезінде (1939 ж.) басты үш мәселеге
тоқталып: Халық фольклорын бүкіл жазушы, ақын, мәдениет қызметкерлері
болып жинайық. Оның үшін елдегі қалың көпшілікті қатынастырайық. Том-томдап
бастыруды жеделдетейік. Біздің мектептерде балалар әдебиеті жоқ деуге
болады. Бар болса, бала тілімен жазылмаған. Жазылатын темаларды балалар
тұрмысынан, балалар маңайынан, ел тұрмысынан алып жазу керек -деген
толғамды ой тастаған.
С.Көбеев сабақтан тыс уақытының да басым бөлігін балалармен өткізетін
еді. Балаларға білім, тәрбие берумен қатар, олардың денсаулықтарына да
көңіл бөлген. Әсіресе, жетім балаларға айрықша қамқорлық көрсеткен. Шәкірті
Сейітқалиев Төлепбергеннің Боровойдағы Коммуна мектебіндегі (1923 ж.)
ұстазы туралы естелігінде: Жетім балаларға ерекше үнемі көз салып,
қамқоршылық жасайтын. Инфекциялық тері, көз ауруларына дәрі-дәрмек іздеп,
дәрігер Қарабаев Мұхамеджаннан керекті дәрі-дәрмектерді өзі алып келетін.
Ауру балалардың жаралы денелерін жуып, құрғатып, аптекадан әкелген
дәрілерін жараға жағып, шүберекпен орап тастайтын-дейді.
1950 жылдарда Ақсуат мектебінде істейтін 16 мұғалімнің оны өзінің
жолын қуған шәкірттері болған. Олар: Біләл Тебеев, Көкшай Мұхаджарова,
Сағат Сәйілов, Өлен Дүйсекова және басқалар өзіммен бірге жас
жеткіншектерді тәрбиелеп жүр. Мен өз жұмысымның нәтижесін көріп, зор
қанағат сезіміне бөленемін, жас мұғалімдерге өзімнің тәжірибемді, білімімді
үйретіп отырамын, олардың жұмыс жоспарын жасауына көмектесемін, сабақтарына
қатысамын, өзімнің сабағыма шақырып отырамын, педагогикалық шеберлікке
баулимын-деген екен.
С.Көбеевтен тәлім алған көптеген қыз-жігіттер жоғары оқу орындарында
білім алып, мәдениет, ғылым, ауылшаруашылық салаларында қажырлы
еңбектерімен елдің құрметіне бөленді. Сейфолла Арыстанғалиев, Райхан
Әбілдинов, Молдахмет Жемісов, Елтай Хасенов, Төленді Ғалиев, Сәбира
Тойшыбаева сияқты шәкірттері ғылым жолын қуды.
Ақын М.Хакімжанова 1949 жылы қарт ұстаз С.Көбеевке мына бір жыр
жолдарын арнапты:
Ұрпақтарды оқытып,
Үйретер қарт мұғалім.
Нәр беріп алтын ғылыммен
Қандырады құмарын.
Ел қызметін атқарып
Жүр ұшырған түлегім,
Соны көріп қуанып,
Шаттана соғад жүрегім,-
Деп қояды жымыйып,
Жайын тауып жастардың
Әдеттенген кісі екен.
С.Көбеевтің көп жылғы еңбегінің жемісі ретінде өзінің өмірі, ұстаздық
және жазушылық жолы туралы 1951 жылы Орындалған арман атты мемуарлық
еңбегі жарық көреді.
С.Көбеевтің 1955 жылы Коммунизм жолы газетінде Баланы семьяда
тәрбиелеу мақаласы жарияланды. Бұл еңбегінде бала тәрбиесінің қыр-сырына
тоқталған. Отбасындағы тәрбиеде ұсақ-түйек есебінде көңіл аудара бермейтін
жайларға оқытушы терең мән беріп, педагогтік тұрғыдан талдаулар жасайды.
Біз сол мақала мен С.Мұқановтың қарт ұстаз туралы Халық мұғалімі
атты мақаласын ұсынып отырмыз.
1956 жылдың 2 желтоқсан күні бар ғұмырын жас ұрпақты тәрбиелеуге
арнаған ұстаз 78 жасында дүниеден өтті. Артында ұрпақтары мен жазған
дүниелері қалды.
1957 жылы 27 наурыздағы (№8 Хаттама) №128 шешіммен Қостанай
қаласындағы жаңа көшеге С.Көбеев есімі берілді. Қазіргі уақытта белгілі
ғалым, филология ғылымының докторы, профессор С.Қирабаев Спандияр Көбеевтің
әдеби еңбектерін зерттеп, жазушылық жолы жайында кандидаттық диссертация
қорғаған (1957 ж).
Баланы семьяда тәрбиелеу
Бала тәрбиесі қиын да, қызықты да жұмыс. Тек жалықпаған мұғалім ғана
бұл жұмыста ойдағыдай нәтижеге жетеді. Дегенмен, баса айтатын жағдай мектеп
тәрбиесі мен семьяның тәрбиесі тығыз ұштасып, бір жерден шыққан күнде бұл
нәтиже әрі дәйекті, әрі тиянақты болмақ. Оның себебі әр баланың мінезінің
бір-біріне ұқсамайтыны сияқты, әр семьяның тәрбиесі де әркелкі. Әрбір ата-
ана баласына өзінше ақыл айтып, өзінше тәрбие береді.
С. деген үйде мазаң болған. Үй ішіне жөнді тыныштықпен тамақ та
ішкізбейді, далаға шықса, маңайдың баласын қыран жапқандай қылады. Мектепке
барғанда да өз теңді балаларға талай сәңкіні салады. Мектепке келгеннен
кейін де, ол өзінің үйреншікті жұмысын істей бастайды. Оқытушы оны
тәрбиелеуге кіріседі. Сол тәрбиенің нәтижесінде әлгі бала түзеліп, мектеп
тәрбиесіне көніп, үйдегі жаман мінез-қылықтың бірі жоқ, жақсы тәлім-тәрбие
алған балалардың қатарына кіріп, тәртіпті баланың бірі болады. Бір күні
көшеде жүрген оқытушыға жолығып, әлгі баланың әкесі оқытушымен көп
әңгмелесіп, өзінің мектепке ұшан-теңіз ризалығын білдірген. Мұның өзі
мектепке, оқытушыға көп қуаныш емес пе ?!
Бұл өте сирек кездесетін жағдай. Үйде бетімен өскен баланың ілуде бірі
ғана жаңа ортаға күшпен үйренісіп, зорға көндігеді. Егер ондай бала
мектепке келіп, мектеп тәлім-тәрбиесіне көндігіп кеткенмен де, жүйріктің
ұрыншақтығы қалса да, қырыншақтығы қалмас дегендей әйтеуір, бір мінез
шығармай қоймайды.
Сондай істеген жарамсыз істері мектепте оқытушыларға, үйде сол баланың
ата-анасына да уайым. Сөйтіп баланың ата-анасы біздің баланы қой, ол адам
болмайды деп баласынан біржола күдер үзеді. Оны естіген баланың ата-
анасына көңілі қалып, мектептен де күдер үзіп, өзін бір панасыз, қорғансыз
адамға есептеп кететіндері болады. Көңілденіп сабағын оқымай мектепке кейде
барып, кейде бармай, оқытқан оқытушының тілін кейде алып, кейде алмай
жүретін әдетке ұшырайды.
Ондай баланы бетімен жіберу қате іс. Баланың ата-анасы болып, мектеп
болып, өзінің класының жиналысына салып, ол баланың ондай іс істемеймін
деген уәдесін алып, ол балаға мектепте бір жауапты жұмыс тапсырып, оның
қалай орындайтынын бақылап, қадағалап отырса - сол баланың мектептегі
алдыңғы қатарлы баланың бірі болуы сөзсіз.
Баланың жас кезінен ержеткенше, қандай адаммен жолдас болып, қандай
балалармен ойнап-күліп жүргенін балалардың ата-анасы және мектеп бақылап
жүруі керек. Егер баланың жолдас болып жүрген балалары ұнамсыз қылықты бала
болса, өмірде ондай адаммен жолдас болудың зиянды екенін баласына әңгіме
етіп, айтып отыру керек.
Бірақ баланың қалыпты өсуі үшін тек қана бұлар жеткіліксіз. Бала жас
күнінен бастап әдептілікке, тәртіптілікке, өнегелі іске тәрбиеленуге тиіс.
Ол үшін мына төмендегі жағдайларға тоқталмай болмайды.
Әрине, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz