Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ҚР-ның құқық қорғау органдары


Реферат

Тақырыбы:

Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ҚР-ның құқық қорғау органдары

Орындаған:

Қабылдаған:

Астана, 2012

Жоспар

Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ҚР-ның құқық қорғау органдары.

  1. Құқық қорғау органдарының қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша міндеттері.
  2. Олардың атқаратын қызметтері.
  3. Қоғамдық тәртіп сақтау және қылмыспен күресу.

Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ҚР-ның құқық қорғау органдары.

Кез келген мемлекет өмірдің барлық қоғамдық салаларында, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарда қатаң тәртіп пен сақтықты орнатуға мүдделі. Онсыз қоғамның бірқалапты дамуы, экономиканың, мәдениеттің, игіліктің көтерілуі және халықтың қауіпсіздігінің артуы мүмкін емес.
Сондықтан мемлекет азаматтардың, олардың бірлестіктерінің, шаруашылық ұйымдардының, мемлекеттік органдарының, олардың лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілігін белгіңлейді. Мемлекет өзі қабылдаған заңдарды барлық адамдардың қатаң сақтауын, заңдардың талаптаорын бұзушылардың заңмен жауапқа тартылуын әрдайым қадағалап отырады.

Мемлекеттің мұндай қызметі, яғни заңдар талаптарынан ауытқуларға жол бермеу үшін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде, шаруашылық және қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың қызметіндегі белгіленген тәртіпті сақтау - бақылау және қадағалау қызметі деп аталады.

Құқықты қорғау қызметі, негізі, үш нысанда жүзеге асырылады:

а) құқық бұзушылықтан сақтандыру жөніндегі әр алуан шаралар жүргізу жолымен;

ә) заңды істерді қарау және шешу жолымен;

б) құқық бұзушыларды заңмен жауапқа тарту жолымен.

Мемлекеттің құқықтық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін құқықтары мен міндеттері арнаулы заңдармен реттелініп әр түрлі органдар құрылады.
Қазақстан Республикасында қандай құқық қорғау органдары құрылған: Оған мыналар жатады: полиция органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, прокуратура, әділет министрлігі, әр алуан мемлекеттік инспекциялар (өрт, санитарлық, қаржы және т. б., сот органдары, адвокатура, нотариаттар, кедендік органдар, ішкі және шекара әскерлері, Президент күзетінің қызметі және т. б. )

Құқық қорғау органдары, негізінен, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Прокуратураның және Әділет министрлігінің құрамында әрекет етеді.

Полиция органдарының қызметі. Полиция - Ішкі істер министрлігінің құқықтық қорғау органдары жүйесінде басшылық орын алады, оған құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау және болдырмау жөніндегі жұмыстардың анағұрлым көп көлемі жүктелген. Сондықтан ПМ жүйесінде толып жатқан полициялық органдар құрылған. Олар:

1) қылмысты істер полициясы, ол қылмыстарды болдырмау және ашумен айналысады;

2) патруль полициясы - көшелер мен елді мекендерде, басқа да қоғамдық орындарды қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастыруды;

3) жол полициясы - жол қозғалысы ережелерін сақтауды және оның қауіпсіздігін қадағалайды;

4) әкімшілік полициясы, оның міндеті - әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу;

5) полицияның арнайы отрядтары - күзетілген маңызды объектілерде құқықтық тәртіпті қаитамасыз етуге бағытталған және т. б.

Заң бойынша - полиция қылмыстар, әкімшілік бұзулар туралы өтініштерді, хабарлауларды қабылдауға және тіркеуге, қылмыстардан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуге, қылмыс жасаған адамдарды іздестіруге; қару сатып алуға, алып жүруге және сақтауға рұқсат беруге; кәмелетке толмағандардың панасыздығы мен құқық бұзуларын анықтауға; шетелдік азаматтардың Қазақстан аумағында болуы кезінде ережелерді сақтауға бақылауды жүзеге асыруға және т. б. міндетті.

Заң полицияға: құқық бұзулар жасағаны жөнінде сезікті азаматтардың құжаттарын тексеруге; әкімшілік құқық бұзулар туралы хаттамалар жасауға; заңда көрсетілген жағдайларда азаматтарды ұстауға және қамауға алуға; бас бостандықтарынан айыру орындарынан босаған адамдар тұрғысында бақылауды жүзеге асыруға; қылмыс жасаған адамдардың ізіне түсу . . .

кезінде азаматтардың тұрғын үйлерінде ұйымдар орналасқан бөлмелерге кіруге, оларды тексеруге және т. б. құқық береді.

Қазақстанның полициясы басқа еларалық келісімдер негізінде басқа елдердің полициясымен өзара әрекеттестікте жұмыс істейді. Қазақстан өз аумағында қылмыс жасаған адамдарды іздестіруге, ұстауға және ҚР-на беруге көмектесетін халықаралық полиция ұйымының - Интерполдың мүшесі болып табылады.

ПМ-нің полициялық органдарынан басқа Қаржы пллициясы агенттігінің жүйесінде қаржы полициясы, ал қарулы күштерде - әскери полиция жұмыс істейді.

Қаржы полициясының құқықтары төмендідей: салықтарды төлемеуге байланысты құқық бұзуларды анықтау және болдырмау; салықтар төлеуден жалтаратын адамдарды іздестіруді жүзеге асыру; салықтық құқық бұзушылық пен мемлекеттітке келтірілген залалдарды өтеу жөнінде шаралар қолдану; салық қызметі органдарындағы жемқорлық фактілерінің алдын алу, анықтау; алдын ала тергеу, анықтау жүргізу; өзінің құқық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, азаматтардан қажетті ақпаратты сұрату және алу.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметі . Құқық тәртібін қорғауға ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдары үлкен рөл атқарады. ҰҚК-нің басшылығымен облыстар мен қалаларда құрылған аумақтық органдарға жұмыс істейді.

ҰҚК жүйесінде барлау бөлімшелері («Барлау» қызметі) бар: мемлекеттік құпияларды сақтауды қамтамасыз етуге арналған үкіметтік мекемелерді байланыс пен ақпараттың арнайы түрлерімен жабдықтайтын орган және басқа құрылымдар жұмыс істейді.

ҰҚК органдарының қызметіндегі басқа маңызды бағыт - лаңкестікпен, заңсыз қару айналымымен, нашақорлықпен, жемқорлықпен, контрабандамен, пара алумен, басқа да ауыр қылмыстармен күресу болып табылады. Лаңкестікпен күресу - 2001 жылы 11 қыркүйекте Нью-Йорктегі және 2002 жылы қазанда Мәскеудегі театр орталығына жасалған шабуылдан кейін ерекше міндетке айналды. Сондықтан ҚР-ның ҰҚК-ті лаңкестікпен күресу жөніндегі өз қызметін басқа мемлекеттердің мемлекеттік қауіпсіздік органдарымен өзара әрекеттесуі арқылы жүзеге асырады. ҰҚК органдарына зор құқықтар берілген. Дәлірек айтқанда, олар, мысалы, мақсаттары ҚР-дағы конституциялық құрылысты күшпен өзгерту болып табылатын, лаңкестік, экономикалық контрабандаға, жемқорлық, қылмысты топтардың беделін түсіруге бағытталған қылмыстың ерекше қауіпті түрлері бойынша анықтау және алдын алазерттеу жүргізеді.

Прокуратура органдарының қызметі. ҚР-ның құқық органдары арасында прокуратура айрықша орын алады. Оның қызметі көп қырлы және көптеген бағыттарда жүзеге асырылады. Прокуратураның міндеттері ҚР Конституциямен және «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» арнаулы заңмен белгіленген.

Прокуратураның басты міндеті барлық мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпорындардың, мекемелердің және олардың лауазымды адамдарының Заңдарды, Президенттің жарлықтарын, басқа құқықтық нормативтік актілерді мүлтіксіз және біркелкі қолдануына жоғарыдан қадағалауды жүзеге асыру болып табылады.

Прокурорлық қадағалаудың мақсаты - Республиканың бүкіл аумағында біртұтас және берік заңдылықты қамтамасыз ету, заңнамалардың талаптарын бұзу фактілерін анықтау және кінәлілерді жауапқа тарту. Прокуратура өз қызметін мемлекет атынан жүзеге асырады. Ол өз қызметін ҚР Президентіне тікелей есеп беретін тек қана Бас прокурорға бағына отырып, басқа мемлекеттік органдарға тәуелсіз атқарады.

Прокуратураға кең өкілдіктер берілген. Мысалы, ол мыналарды қадағалауды жүзеге асырады.

а) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығын сақтауды;

ә) полициялық органдардың тергеулер мен анықтаулар кезіндегі заңдылығын;
б) азаматтарды әкімшілік жауапқа тартудың заңдылығын;

в) сот белгілеген жазаларды орындау мен азаматтық істер бойынша сот шешімдерін орындау заңдылығын;

г) сот органдарының үкімдерінің, шешімдерінің заңдылығын.

Өздерінің қадағалау қызметтерін прокуратура әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырады. Мысалы, мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың кез келген заңсыз шешімдері мен қаулыларына наразылық білдіру; қылмысты зерттеу кезінде заңсыз әрекеттерге жол бермеуді бақылау және т. б. жолмен. Қылмыс фактісін анықтағанда прокуратура қылмыстық іс қозғайды, оны сотқа жібереді және мемлекеттік айыптаушы ретінде көрінеді.
Сонымен бірге прокурордың сезіктіні қамауға алуға, тінту жүргізуге рұқсат беруге, заңнамалар талаптарын бұзуға әкелуі мүмкін, жұмыстағы кемшіліктерді жоюға лауазымды адамдарға міндетті болатын жазбаша нұсқаулар беруге құқы бар. Республикада құқық қорғау қызметін тиімді жүзеге асыру үшін барлық құқық қорғаушы органдардың келісіп жұмыс істеуін қамтамасыз етудің, қылмыспен күрес жағдайында жүйелі талдау жасаудың, елде құқық қорғау жұмысын жақсартудың себептерін анықтау мен шараларын жасаудың зор маңызы бар. Мұндай міндет заңмен прокуратураға да жүктелген. Бұл прокуратураның Қазақстан Республикасындағы Заңдылықтың жай-күйі үшін мемлекет алдында үлкен жауапкершілігі барын дәлелдейді.
Құқық қорғау органдары мемлекеттің басым құрылымдарына жатады. Оларға қару қолдануға дейін үлкен өкілдіктер берілген. Сондықтан олар міндеттері, қызметтері, қызметініңтүрлері мен әдеттері белгіленген ҚР Конституциясының қағидаттары мен нормаларына сәйкес қатаң жұмыс істеуге міндетті. Республикада олардың қызметіне қатысты болатын ІІм, ҰҚК, прокуратура органдары, әділет органдары, сот жүйесі, адвокатура, нотариат туралы Заң дар мен басқа заңдар қабылдаған және олар жұмыс істейді.
Барлық құқық органдары төмендегі қағидаттар негізінде жұмыс істеуге міндетті: 1) заңдылық; 2) адамның құқықтары мен бостандықтарын басым қамтамасыз ету; 3) барлығының заң алдындағы теңдігі; 4) құқық қорғау органдары қызметкерлерінің этикалық нормаларын сақтау; 5) құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне саяси партияларда болуға тыйым салу.
Бұл жөніндегі ҚР Конституциясының 23-бабында тура айтылған: «Әскери қызметшілер, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялар партияларда, кәсіптік одақтарда болмауға, қандай да бір саяси партияны қолдап сөйлемеуге тиіс». Құқық қорғау органдары қызметінің барлық аталған қағидаттары олардың саяси күреске тартылмауына, халықтың алдында жоғары беделі болуына, республикада қатаң заңдылық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі өздерінің жауапты қызметтерін тәуелсіз орындауға, халыққа адал қызмет етуге, сондай-ақ қоғамдық және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

2. Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органы және қызметі

1. Осы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы бақылау комитетінің Қазақстан Республикасының прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарымен және қаржы полициясымен өзара іс-қимыл жасасу ережесі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы бақылау комитетінің (бұдан әрі - мемлекеттік бақылау органы) республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын пайдалануда бақылау объектілері лауазымды тұлғаларының қылмыстық белгілерін анықтаған жағдайда прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер және қаржы полициясы органдарымен (бұдан әрі - құқық қорғау органы) өзара іс-қимыл жасасу тәртібін анықтайды.

2. Мемлекеттік бақылау органының құқық қорғау органымен өзара іс-қимыл жасасу қызметіндегі басым мәселелердің бірі республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылау болып табылады.
2. Өзара іс-қимыл жасасуды ұйымдастыру
3. Мемлекеттік бақылау органы жоспарлы және жоспардан тыс бақылау жүргізеді.
Бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын жоспарлы бақылауды мемлекеттік бақылау органы мемлекеттік бақылаушы және құқық қорғау органының берген ұсыныстарының негізінде жасалған Бақылау жүргізу жоспарына сәйкес жылына екі рет ағымдағы жылдың 10 маусымына және 10 желтоқсанына жүзеге асырады. Бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын жоспардан тыс бақылауды мемлекеттік бақылау органы “Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылау туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 5-тармағына сәйкес қылмыстық қудалау органының республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын пайдалануда тәртіп бұзушылық фактілері бойынша тексеру жүргізу туралы қаулысы болған кезде жүргізеді. Құқық қорғау органы жоспарлы және жоспардан тыс бақылау жүргізу жөніндегі ұсыныстарды мемлекеттік бақылау органына енгізеді.
4. Мемлекеттік бақылау органының басшысы құқық қорғау органының тексеру жүргізу туралы қаулысын алып, үш күндік мерзімде құқық қорғау органын бақылау жүргізу мүмкіндіктері мен оны бастау мерзімдері хабардар етуге міндетті.
5. Алған құжаттар бойынша құқық қорғау органының қызметтік үй-жайында бақылау жүргізу кезінде мемлекеттік бақылау органының қызметкеріне (бұдан әрі - бақылау қызметкері) қажет болған кезде бақылау жүргізуге қатысты мәселелер бойынша түсіндірулер бере отырып, қажетті техникалық қамтамасыз етуі бар жеке жұмыс орыны беріледі.
6. Бақылау бағдарламасын келісу кезінде мемлекеттік бақылау органының құзыретіне жататын мәселелер, бақылау жүргізу кезінде олардың қатысуы қажет бақылау объектісінің лауазымды және материалдық-жауапты тұлғаларының шеңбері нақтыланады.
7. Бақылау объектісінің лауазымды тұлғалары қажетті құжаттарды беруден бас тартқан не бақылау жүргізу кезінде өзге кедергілер туындаған жағдайда оның тапсырмасы бойынша бақылау жүргізілетін құқық қорғау органы бақылау қызметкеріне қажетті құжаттарды кедергісіз және уақытылы берілуіне ықпал етеді, бақылау объектісі лауазымды тұлғаларының тарапынан мүмкін қарсы іс-әрекеттерді ескертеді.
8. Бақылау қызметкері жеке қауіпсіздігіне төнген қатер туралы, бақылау жүргізуге қарсы іс-қимыл бойынша бақылау объектісі қабылдайтын оған белгілі болған басқа да шаралар туралы құқық қорғау органын хабардар етеді, көрсетілген мәселелер жөнінде құқық қорғау органының ұсынымдарын орындайды.
3. Бақылау жүргізу
9. Бақылау жүргізу кезінде қажет болған жағдайларда құқық қорғау органы бақылау қызметкерінің сұрау салулары бойынша бақылау объектілерінің орналасқан орнының мекен-жайларын іздестіруге, бақылау жүргізу уақытында болсын, басқа кезеңдерде болсын жұмыс істейтін бақылау объектісінің лауазымдық, материалдық-жауапты тұлғаларының не басқару функцияларын орындайтын тұлғалардың болуына және олардан түсініктер алуға жәрдемдеседі.
10. Бақылау қызметкері тексеру барысында құқық қорғау органының алдына бақылау бағдарламасын мазмұны мен мерзімдері бойынша түзету туралы мәселе қоя алады. Бақылау жүргізу мәселелері мен мерзімдерін көрсетілген түзетуге мемлекеттік бақылау органы мен құқық қорғау органы басшылығының өзара келіскен негізінде ғана жол беріледі.

4. Бақылау жүргізу актісін жасау және бақылау нәтижелерін ресімдеу
11. Бақылау қызметкері бақылау нәтижелерін бақылау жүргізу актісімен (бұдан әрі акт) оған құжаттардың көшірмелерін, ал қозғалған қылмыстық іс бойынша құжаттардың, лауазымды және материалдық-жауапты тұлғалардың түсіндірулерін қоса бере отырып, ресімдейді, оларға бақылау актісінің мәтінінде тиісті сілтемелер жасалады.
12. Актіде бақылау қызметкері лауазымды және материалдық-жауапты тұлғалардың іс-әрекетіне моральдық-этикалық баға бермеуі, олардың әркеттері, ниеті мен мақсаты біліктілік деп танылмауы, жалған бағалық немесе кінә тағу ойы бар ұғымдар мен фразаларды қолданбауы керек.
13. Бақылау қызметкері тексеру аяқталғанға дейін тексерілген не оларды аяқтау жөніндегі себептер мен ұсыныстарды көрсете отырып, толық көлемде тексерілмеген бұрын келісілген мәселелер бойынша тексеру нәтижелері туралы жұмыс тәртібімен құқық қорғау органын жазбаша хабардар етеді.
14. Актіге бақылау қызметкері - орындаушы қол қояды және танысу мен қол қою үшін тексеру аяқталғаннан кейінгі ағымдағы не келесі жұмыс күнінің ішінде бақылау объектісінің басшысына, бас бухгалтерге, ал қажет болған кезде басқа да лауазымды тұлғаларға жіберіледі.
15. Бақылау объектісі басшысының немесе бас бухгалтерінің тарапынан акт бойынша қарсылықтар немесе ескертулер болған кезде мемлекеттік бақылау органының басшысы түскен қарсылықтарды қарайды және қарсылықтар түскен күннен бастап бір апта мерзімде бақылау объектісінің басшысына қорытынды береді, содан кейін актіге қол қойылды деп саналады.
16. Акт ресімделгеннен және қарсылықтармен, ескертулермен және қорытындылармен толықтырылғаннан кейін оған қол қойылғаннан немесе бақылау қызметкері іссапардан келгеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей мемлекеттік бақылау органының басшысына берілуі тиіс.
17. Актімен танысу және оған қол қою үшін осы Ереженің 15-тармағында көрсетілген тұлғалардың қатысуын қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда актіге бақылау қызметкері ғана қол қояды, ол туралы келесі құжат жасалады.
5. Бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына беру тәртібі

18. Акт қосымшаларымен бірге мемлекеттік бақылау органының басшысына берілгеннен кейін үш күндік мерзімде оның тапсырмасы бойынша бақылау жүргізілген құқық қорғау органының тізімдемесі бойынша жіберіледі.
19. Мемлекеттік бақылау органының бастамасы бойынша жүргізілген тексерудің қорытындысы бойынша, бақылау объектісінің қаржы-шаруашылық қызметінде жетіспеушіліктер, талан-таражға салу, теріс пайдалану және өзге құқық бұзушылықтар фактілері анықталған кезде актілер ресімдеу аяқталғаннан кейін үш күндік мерзімде процессуалдық шешім қабылдау үшін прокуратура органдарына беріледі.
20. Берілетін материалдар мыналарды:
1) мемлекеттік бақылау органының басшысы қол қойған тәртіп бұзушылық фактілері туралы ілеспе хатты;
2) лауазымды тұлғалар қол қойған актілерді, оның ішінде аралық, қарсы актілерді қамтуы тиіс, онда жіберілген тәртіп бұзушылықтар және тиісті нормативтік құқықтық актілерге сілтеме жасала отырып олардың сомасы келтіріледі. Бақылау материалдарына анықталған фактілерге қатысты құжаттардың куәландырылған көшірмесі, ал қозғалған қылмыстық іс бойынша құжаттардың түпнұсқалары (шоттар, ведомостер, ордерлер, банктердің тапсырмалары, чектер, нарядтар, актілер, бұйрықтар және өзге де құжаттар) лауазымды тұлғалардың жазбаша түсіндірулері мен қарсылықтары, мемлекеттік бақылау органының қорытындысы (акті бойынша қарсылықтар болған кезде) қосылады.
21. Құқық қорғау органының жазбаша сұрау салулары бойынша мемлекеттік бақылау органы үш күндік мерзімде негізді шешім қабылдау үшін қажет қосымша материалдарды беруге міндетті.
22. Құқық қорғау органы заң актілерінде белгіленген жағдайларда бір айдың ішінде көрсетілген органдарға берілген бақылау материалдары бойынша қабылданған шаралар туралы мемлекеттік бақылау органын хабардар етеді.

2. Олардың атқаратын қызметтері

Қоғам дегеніміз - адамдар мен олардың ұйымдары арасындағы қарым-қатынастардың өте күрделі жүйесі. Мемлекет арнаулы органдар арқылы қоғамды басқарады, көпшілік бұқара үшін маңызы бар мәселелерді шешеді және қоғамдағы тәртіпті қамтамасыз етеді. Мемлекеттің түрлі органдары бар, олар өздерінің тікелей биліктік міндеттерін атқаруда өзара тығыз байланыста және бір-біріне бағынышта болады. Мемлекеттік органдар арасында құқық қорғау органдары айрықша орын алады. Олар қоғамдағы құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етеді. Құқық қорғау органдарына: сот, прокуратура, Ішкі істері органдары, Ұлттық қауіпсіздік, Әділет органдары, Кедендік бақылау органдары, жемқорлық және басқа кәсіби қылмыстармен күрес органдары жатады.

Құқық қорғау органдары жүйесі заңдылық кағидасы негізінде әрекет етеді. Заңдылық - бұл қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқық нормаларын қатаң, бұлжытпай орындау және сақтау қағидаты, әдісі мен тәртібі. Заңдылықтың мәні - құқық қорғаушы органдардың құқықтық нормаларды адал, жауапкершілікпен сақтауында, орындауында, пайдалана және қолдана білуінде. Заңдылық, ең алдымен, осы органдардың заң негізінде және оның шеңберінде мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға белсенді қатысуларын көздейді.

Заңдылық табиғатын түсіну үшін оның негізгі қағидаттарын анықтап алу қажет. Заңдылық қағидаттары - бұл заңдылықтың мазмұнын бейнелейтін негізгі идеялар, бастаулар. Оларға жататындар:

  • - Жалпыға бірдейлік қағидаты. Заңдылықтың жалпыға бірдейлігі жағдайына, шеніне және дәрежесіне қарамай, жалпы жұртқа және әрбір адамға бірдей міндеттілігі. Заң алдында жұрттың бәрі бірдей жәнө бәрі де оған бағынуы тиіс, керісінше болған жағдайда жауапкершіліктен ешкім кашып құтыла алмайды.
  • - Бірлік қағидаты. Заңдылық бірлігінің мәні. Бұл талап елдің бүкіл аумағына таралады.
  • - Заңның үстемдік қағидаты. Ол дегеніміз - мемлекеттің өмір сүруі лауазым иелерінің өздерінің міндеттері мен құқықтарын қатаң іске асыруы арқылы тек заң негізінде ғана жүзеге асырылуы тиістігін білдіреді. Мемлекет құқық Корғау органдарының қызметкерлеріне өз ұйғарымы бойынша еркін әрекет етуге, өз дегенімен шешім шығаруға, қандай да бір себептермен заңды орындап не орындамауына жол бермейді.
  • - заңдылықты іске асырудың тұрақтылық қағидаты. Заңдылықты іске асырудың тұрақтылығы кез келген заң бұзушылықтың кімнің тарапынан болғандығына қарамастан оның жолы кесілетіндігін, заңды бұзғаны үшін жауапкершіліктен құтылмайтындығын білдіреді.
  • - Заңдылық пен мақсатқа лайықтылықты қарсы қоюға болмайтындық қағидаты. «Жоғары мүдделер», «халық талабы», «мораль (өнеге) талабы»деген желеулермен заңылықтан кез келген кері шегініс қоғамның тұрақсыздығына әкеліп соқтырады, құқықтық нигилизмнің (немқұрайлықтың) өсуіне жағдай жасайды. Егер заң ескіріп, оны пайдалану орынды болмай қалса, онда оны тек заң арқылы белгіленген рәсімге сәйкес өзгерту, толықтыру қажет, Заң өзгеріс енгізілгенге дейін өмір сүреді, әрекет етеді. Бұрынғылар«заң қатал болса ғана заң»(«Dura lex, sed lex») деп бекер айтпаған.
  • - Заңдылық пен мәдениеттілік қағидаларының байланыстылығы. Мәдениеттіліктен ада заңдылық туралы әңгіме болуы да мүмкін емес: тұтас алғанда қоғамның, жекелеген азаматтардың мәдени деңгейі жоғары болған сайын, заңдылықтың да деңгейі жоғары болады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТЕРГЕУ СУДЬЯСЫНЫҢ СОТ ҚАУЛЫСЫНА ШАҒЫМДАНУ
Мемлекеттің түсінігі, мәні
Мемлекет механизмінің жалпы сипаты
Мемлекет функциялары теориясының өзекті мәселелері
Жаһандану кезеңіндегі мемлекеттің функциялары
Азаматтық қорғаныс пен шаруашылық объектілері
Экономикалық қауіпсіздік және оны қамтамасыз етудің экономикалық мазмұны
Төтенше жағдайлар жөніндегі органдар қызметінің құқықтық негіздері
Кеден органдарының құқық қорғау қызметінің әлемдік тәжірибесі
Қылмыстық процеске қатысушылардың түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz