Қазіргі замандағы Интернет-технологиялар


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:
Оқу-өндірістік практика бойынша есебі
ЖоспарОрындаған:
Тобы:
Тексерген:
Астана 2011
І Кіріспе
ІІ Қазіргі замандағы Интернет-технологиялар
2. 1. HTML негіздері
2. 2. Программалық жабдықтау
2. 3. Web дизайнның пайда болуы.
2. 4. Web дизайнға қойылатын талаптар.
ІІІ Практикалық бөлім
IV Қорытынды
V Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр - білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры. Информатика пәнінің орта білім беру жүйесіндегі ролі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі. Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, Web-дизайн, жүйелік программалушы, администратор және тағы басқа мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады. Аталған мамандықтарды қалай дайындап, оларға қандай программалық құралдарды үйрету арқылы жетілдіруге болатыны әдістемелік жұмыстың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Мектеп бітірушілер компьютерлік сауатылықты меңгеріп шығады, бірақ келешекте олар программист, инженер, жүйе администраторы болуы міндетті емес. Дегенмен кез-келген шығармашылық мамандық сізден қазіргі заманға сәйкес компьютерлік технологияларды меңгеруге талап етеді. Шығармашылық жұмыстын қортындысы әр қашан жаңа білім, жаңа ақпарат, ал осы ақпаратты таратудың ең жеңіл әдісі - Интернетте жариялау. Интеренетте материалды жариялау тиімді болу үшін ол Web-дизайн ережелеріне сәйкес болу керек. Демек, Web-дизайн негіздерін білу кез келген мамандықта қажет болады, өткені Web-бет дизайны - бұл ақпараттық дизайн. Бұл жұмыс өзінің сайтын дайындауды үйренем деушілерге арналған. Жұмыс екі бөлімнен тұрады, біріншісі теориялық: мәтінді форматтау, графиканы қолдану, тізім жасау, кесте құру. Ал екіншісі болса практикалық, бұл бөлімде біз дайын бір сайт жасап шығамыз. Қазіргі замандағы Интернет технологиялар 2. 1 HTML негіздеріWeb-сайт бұл дүниенін кішкетай моделі. Бұрынғы кезде Web-сайты бір адам - Web-мастер жасаған болса, қазіргі кезде Web-сайттарды бірнеше адам жасайды. Олар Web-дизайнер, программист, бизнес-кеңесші, маркетинг бойынша басқарушы, менеджер.
Не себептен мектеп курсына Интеренет технологияны оқыту керек болды? Web-мастер мамандығы қазіргі кезде өзінің кұпиялығын жоғалтып жатыр, ал сайт жасау технологиясы зертхана сыртына шығып көпшілікке белгілі болып жатыр.
Бұның негізгі белгісі Интернет-жобаларға өсіп жатқан инвестициялар, Web-сайттардың күрделі білімдік, ғылыми, комерциялық мүмкіндіктері. Интернет технологиялар төмендегі жолдармен дамып келе жатыр:
Web-технологиялар;
Сайт жасау экономикасы;
Web-дизайн және Web-программалау маркетингісі;
Адам ресурстары және т. б.
Web-сайт жасақтау жұмысын бірнеше кезеңден турады:
Жоспарлау;
Элементтерді жасақтау;
Бағдарламау;
Тестілеу;
Жариялау;
Жарнамалау;
Бақылау;
Жоспарлау кезеңінде төменгі мәселелер шешілуі керек:
1. Сайттың орны.
2. Сайттың аудиториясы кімдер.
3. Қандай ақпарат жарияланады.
4. Қолданушылармен қарым-қатынас қандай түрде ұйымдастырылады.
Элементтерді жасақтау кезеңінде сайттың программалық өнім түрінде жүзеге асырылуы қарастырылады:
1. Навигациялық құрылымын жасау.
2. Беттің дизайнын жасау.
3. Бетті толтыру үшін мәтіндік және бейне ақпаратты әзірлеу.
Бағдарламау
Бұл кезеңдің мәні сайтты форматтауда.
Тестілеу
Сайт жасаудың негізгі кезеңдерінің бірі тестілеу. Тестілеу кезеңде сайттың жұмыс істеу дұрыстылығы тексеріледі, оның ішінде:
1. Сілтеменің жұмысы;
2. Мәтіндегі қателер;
3. Навигацияның тиімділіғі.
4. Пошта және басқа формалардың дұрыстығы.
5. Графикалық файлдардың ашылуы.
6. Әр түрлі браузерлерде сайттық жұмысы.
Жариялау
Тест аяқталғандан кейін Web-сайт серверде жарияланады және қайтадан тексеріленеді.
Жарнамалау
Web-қоғамдастығына жаңадан жарияланған сайт тұралы белгілі болу үшін сайттың адресін және ол жердегі материал туралы аннотацияны хабарлау керек. Осы мақсатқа жету үшін келесі мүмкіндіктерді пайдалануға болады:
1. Web-cайт адресін әр түрлі баспаларға жазу керек;
2. Web-сайтты әр түрлі серверлерде тіркеу;
3. Web-cайтқа сілтемелерді басқа Web-сайттарқа кіргізу;
4. Баннерлерді жарнама ретінде қолдану.
Бақылау
Web-сайтта жариялап жарнамалаған сон оған қатысу деңгейі оның беттерінде орналастырылған ақпараттың қажеттілігімен, жаңалығымен және көкейтестілігімен анықталады. Web-сайт имиджін сақтау үшін ол жердегі ақпаратты әрдайым жаңартып туру керек.
Web-сайт беттерін ұйымдастырған кезде, төменгі схемаларды қолдануға болады.
HTML() - бұл құжаттарды кодтау үшін қолданылатын гипертекстік белгілеу тілі. HTML ді көбі программалау тілі деп ойласа да, бұл программалау тілі емес. HTML - мәтінді белгілеу тілі.
HTML құжаттарды көру үшін браузерларды қолданамыз. Браузер-программалардың саны өте көп, мысалы көп таралғандар Netscape Communicator, Microsoft Internet Explorer, Opera. HTML тiлiнде колданылатын командаларды “тег” деп айтамыз. HTML тiліндегi тегтер екi топқа бөлiнедi: жұпты, жұпсыз Жұпты тегтер дегенiмiз, бiр тег ашылса, келесi тег оны жабады. Мысалы,<html> тегтiң жұмысын ашады да келесi </html> тегi оны жабады. <title> ашылуы, </title> жабылуы.
Жұпсыз тегтер дегенiмiз, тег ашылады да қолданыла бередi. Мысалы, <IMG> т. с. с.
Көрсетілген мысалдарды компьютерде көрү үшін мәтінді Блокнот программасына теріп, оны htm түрінде сақтаңыз. Файлды браузерде ашыңыз.
Құжаттық структурасы
HTML құжаттың негізгі структурасы төмендегідей:
<HTML>
<HEAD>
<TITLE>
…
</title>
</head>
<BODY>
…
</body>
</html>
HTML-. . Мысалы:
<FONT face=аrial>Меніңбіріншібетім</font> - бұлжерде<FONT> - тег, face - атрибут, arial - атрибуттыңмәні.
Кезкелген HTML құжат<HTML>тегіменбасталып, </html>тегіменаяқталукерек. Бұлтегтербраузерға HTML құжатынкөрсетеді. Құжатболсақарапайым ASCII кодындағымәтіндікфайл. <HTML>, </html>.
<HTML>, </html>. : тақырыпбөлімі<HEAD><BODY>.
, .
<TITLE>, </title>, .
Мысалы:
<TITLE>Моя первая страница</title>
<HEAD> бөліміне тағы <META> тегтерді қолдануға болады, олар сайтты интернет желісінде тез табылу үшін пайдалынады.
<meta name="Language" content=" kz"> - сайт тілі
<meta name="Autor" content="Molutjan Arziev"> - сайтавторы
<meta name="Keywords" content="информатика, школа, учитель, компьютер, уйгур, поурочныйплан, математика"> -
<meta name="Generator" content="блокнот"> -
<BODY>тегімен Web-. Бұлбөлімгемәтін, графика, кесте, .
Құжаттатақырыптар<Hi>, </hi>тегтеріменжасалынады, бұлжердеі=1 , і=6 болғанда - еңкіші.
Мысалы,
Абзац енгізу үшін <P>, </p> тегтерін қолданады, мәтіннің сол жақ, ортада, оң жақта орнату үшін align атрибуты пайдалынады.
Мысалы:
<P align=center>Менің бірінші бетім</p>
«Менің бірінші бетім» сөйлемі беттің ортасына орналасады.
Align дің мәні тағыда left (сол жақ), right (оң жақ) болуы мүмкін.
<FONT> тегінің көмегімен біз мәтіннің шрифтің, көлемін, түсін белгілейміз. Ол үшін атрибуттарды пайдаланамыз. Мысалы:
<P align=center>
<font face=Arial size=5 color=blue>Менің бірінші бетім</font>
Осындай жол жазғанда Web бетімізде arial шрифтімен, 5-көлемде, көк түсті «Менің бірінші бетім» деген сөйлем шығады.
Жолды бөлү үшін <BR> тегін қолданса болады, мысалы:
<P> Ана тілін - арың бұл,
Ұятын боп тұр бетте<BR>
</p>
Қаратырылған әріптерді пайдалану үшін мәтінді <B>, </b> тегтерінің ортасына аламыз, қиғаш әріптер үшін - <I>, </i>.
Мысалы:
<PRE>, </pre> тегтері мәтін редакторда қандай жазылған болса, сол бойынша браузерге шығарады, мысалы:
<PRE>
Ана тілін - арың бұл,
Ұятын боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте
</pre>
Web беттегі графика
Бұл бөлімде Web беттерге графиканы орналыстыруға тоқталамыз. Web дизайнерлер графика мәселесіне келгенде екі топқа бөлінеді. Бірінші топ графикасыз Web сайт ол сайт емес деп ойласа, екінші топ керісінше Web сайттарға суреттің қажеті жоқ деп санайды, себебі олар кейбір модемдердің және жүйелердің күші жетпейтіндігін ескеріп отыр. Дегенменде сайтқа графиканы қолдану мүмкіндік бар және соны тиімді пайдалану керек. Ол үшін бізге <IMG> тегі src атрибутымен көмектеседі. Суретті сайтқа орналастыру үшін src атрибутына суреттің толық жолын көрсету керек, мысалы, rose. jpg суретi С дискасының My img папкасына орналасқан болса, онда төмендегі тег жазылады:
<IMG src=c:/my img/rose. jpg>
widthжәне heigth , биіктігіжәнеені.
.
<IMG src=c:/my img/rose. jpg width=50% height=30% alt=меніңсуретім>
Web : background - , bgcolor - фонғатүсбереді.
Сілтеме
HTML . HTML , , HTML құжатына, . <A href>тегіқолданылады.
Мысалы,
<A href=penjim. narod. ru>Пенжимсайтынасілтеме</a>
Бұлмысалдабізwww. penjim. narod. .
(кнопка) түрдеболуымүмкін. Суреттүрдеорнатуүшін<A></a><IMG>тегіменорнатукерек.
HTML-де кесте жасау
Web-құжатының негiзгi бөлiктерiнiң бiрi - кесте. Ол тiктөртбұрыш бағаналар мен көлденең орналасқан жолдардан тұратын торлар жиыны түрiнде қарастырылады. Жол мен бағанның қиылысы ұяшық деп аталады. Бiр ұяшықта мәтiн, сурет немесе басқа бiр шағын кесте орналаса алады. Кесте келесi бөлiктерден тұрады:
• кесте тақырыбы;
• бағаналар тақырыптары;
• ұяшықтар.
Кесте жолдар тiзбегi бойынша бiртiндеп толтырылады (солдан оңға қарай жол соңына дейiн, сонан соң келесi жолға көшу) . Әрбiр ұяшыққа мәлiметтер енгiзiледi. Боя ұяшық жасау үшiн бос орын таңбалары енгiзiлуi тиiс.
Қарапайын 2*3 кестесін жасау үшін төменгі тегтер жиынын қолдануға болады:
<TABLE border=1>
<TR>
<TD>мәтін</td>
<TD>мәтін</td>
<TD>мәтін</td>
</tr>
<TR>
<TD>мәтін</td>
<TD>мәтін</td>
<TD>мәтін</td>
</tr>
</table>
Бұлжерде border кестесызықтарыныңені.
width , мысалы:
<TABLE width=50%>
2.
HTML-құжаттарды жасақтау және өңдеу үшін кезкелген қарапайым мәтіндік редактор жеткілікті, мысалы Блокнот. Көп дизайнерлердің ойы бойынша таза сілтемелер тілін қолмен жазған дұрыс. Бірақ көп уақытта қолмен жазған қолданылмайды. Себебі қолмен жазған автордан көп білімді және практикалық тәжірибені талап етеді.
Практикадыәдетте Web-сайтжасау HTML редакторларды пайдаланады. Оларды екі топқа бөледі.
Бірінші үлкентоптың Web-сайт жасау программалары HTML-тілінің негізінде жұмысістейді. Осындай программалар орта және үлкен сайттарды даярлау уақытын қысқартады және даярлау кезеңінің тиімділігін көтереді. Арнайы HTML-редакторлердің жұмысты жеңілділетін және тездететін қосымша мүмкіндіктері көп. Бұл топқа төменгі программалар кіреді:
HTML генератор 1. 3 ;
Magic HTML Studio 2. 0;
Macromedia Dreamweaver;
Екінші үлкен топқа WYSIWYG (ағылшын тілінен “what you see is what you get” - не көрсең сонны аласың) редакторлері кіреді. Бұл программаларды тағыда визуалды редакторлар деп айтады.
Осындай программалар графикалық интерфеске ие. Бұл прораммалардың бастапқы махсаты дизайнерді HTML тегтерінен босату болған. Кәзірге замандағы визуалді HTML-редакторлар дизайнерді көптеген әрекеттерде басатады. Осындай артықшылықтарына қарамастан кемшілігі бар - олар таза HTML кодын жасамайды, оған артық және «фирменный» тегтерді қосады. Көріп отырсыздар, WYSIWYG редакторларды қолданы HTML тегтерін қолмен жазуды құтқармайды, демек, Web-сайттарын жасау үшін HTML тілінің кем дегенде негізін білу керек.
WYSIWYG программаларыдың тізімі:
Microsoft Front Page.
2. 3 Web дизайнның пайда болуы.
Web дизайн тарихы 1991 жылы алғашқы web-сайттың пайда болуынан басталды. Оның құрастырушысы Тим Бернерс-Ли өз сайтында HTTP мәліметтерді тасымалдаушы, URL адресациялау жүйесі, HTML гипермәтіндік бейнелеу тілі негізіндегі World Wide Web жаңа технологиясы туралы жазды. Бұл ашылу ақпараттық технологиялардың дамуына үлкен септігін тигізді. Әлемдегі бірінші сайт алғашқы интернет-каталог та болды, кейін Тим Бернерс-Ли оған басқа сайттарға сілтемелер тізімін орналастырды. Сөйтіп виртуалды шындықтың үшөлшемді кеңістігінің танымалдығы арта берді. Өзіндік мақсат қуған жаңа сайттар пайда болды. Технологиялардың дамуы сайттарды жетілдіре түсті, web-беттің көркемделуіне үлкен көңіл бөліне бастады. Сурет графикасы әдемі, сапалы жасалуы бағалана бастады. Осылармен бірге web дизайн дами түсті. Web дизайн түсінігіне сайттың шаблонын жасау және оны графикалық көркемдеу жатады. Қазіргі таңда web дизайн өзіне бірнеше мақсат қояды: қолданушыда объект бейнесін оң қабылдату, сайт құрылымының қарапайымдылығы мен анықтылығы, қолданушы интерфейсінің оңай түсінігі, навигациялық жүйенің ыңғайлылығы және т. б. Осы мақсаттарға жету үшін сайтты құрастырушы компьютерлік графикамен жұмыс жасайтын программа-құралдарының кең таңдауын, html- және java кодтарын қолданады. Бұл оның әлі де даму үстінде екенін көрсетеді. Web дизайн білім мен өнердің қосылысы. Оның негізгі аспектілеріне бес облыс кіреді. Мазмұны. Мұнда сайт мазмұнының қалыбы мен ұйымдастыруы кіреді. Мүмкін болар диапазон-мәтіннің қалай жазылғанынан HTML гипермәтіндік технология көмегімен қалай ұйымдастырылғаны, берілгені және құрылғанына дейін. Көрінетін бейнелері. Бұл сайттағы экран кеңістігінің құрылуына қатысты. Құрылу әдетте HTML, CSS немесе Flash көмегімен жүреді және көркемдік не навигация қызметін атқаратын графикалық элементтерден тұрады. Сайттың көрінетін бейнелері- web дизайнның негізгі аспектісі, бірақ ең маңыздысы емес. Технология. Оған бағдарлама көмегімен құрылған түрлі интерактивті элементтер кіреді. JavaScript сияқты клиент жағында жұмыс істейтін сценарий тілдерінен Java-сервер секілді серверлік қосымшаға дейін элементтер болуы мүмкін. Жеткізу . Internet желісінде сайтты жеткізу жылдамдығы және бас тартпау бағдарламалық қамтаманы және желілік архитектура көмегімен байланысты. Тағайындау. Сайттың қандай себеппен құрылғаны web дизайнның негізгі бөлігі болып табылады. Экономикалық сұрақтармен байланысты болғандықтан, басқа облыстарға қатысты кез келген шешімді қабылдағанда осы элемент ескеріледі. Әрине, web дизайнның әрбір облысының сайтқа әсері құрылатын сайттың типіне тікелей тәуелді. Мысалы, жеке бетте Internet-дүкенге тән экономикалық түсінік болмайды. Өндірістік кәсіпорынның ішкі желісінде шым-шытырық фильмдерді жарнамалайтын сайттағыдай көрінетін бейнесі де болмайды. Осылайша графикалық дизайн, бағдарламалау, желіні ұйымдастыру, қолданушы интерфейсін жобалау, қолдану ыңғайлылығы және басқа да көздерден тұратын web дизайн мультипәндік облыс болып табылады.
XXI ғасыр ақпараттық технологиялар ғасыры. Ақпараттану адам өмірінің бір бөлігіне айналды. Әсіресе адамның интеллектуалды өмір ортасына, білім жинау, тарату мен қолдануға әсері орасан. Еліміздегі білім беру саласы да жаһандық ақпараттанудан қалмай, бірге дамып келеді. Алайда интернет ресурстарына көз жүгіртсек, қазақ тіліндегі сапалы сайттардың өте аз, тіпті жоқтың қасы деп айтуға болады. Мемлекеттік грант иеленіп, жоғарғы оқу орнына түскісі келетін оқушы Ұлттық Бірыңғай Тестілеу тапсыру керек. Ол мектепте алған білімін тексеру үшін арнайы сынақ тест тапсырады, оның нәтижесін де ұзақ күтеді. Және қазір мектеп оқушыларына дейін ғаламторды жақсы меңгерген, қажет материалдарын оңай іздеп табады. Мектеп бітіруші түлектерге арналған «talapker. kz» сайты уақытты үнемдеп, бір жерден бірнеше пайдалы ақпарат алып, сынақ тестісінен өтіп, өз-өзін тексеруге керемет мүмкіндік береді. Сайттың артықшылығы:
- Оның мобилдігі;
- Интернет арқылы байланыстың әркімге қолжетімдігі;
- Материалдардың жаңаланып толықтырылуы;
- Сынақ тест тапсыруда уақыт пен ақшаны үнемдеу;
- Екі тілде болуы( қазақ және орыс тіліндегі оқырмандарға арналған) ;
- Ыңғайлы навигация және көркем web-дизайн. Объектіні зерттеуге қолданылған бағдарламалар - Macromedia Flash, Dreamweaver MX, Javascript және ActionScript . Зерттеу тақырыбы - Web-дизайн көмегімен талапкерлерге арналған «talapker. kz» сайтын құру. Мақсаты: мектеп бітіруші түлектерге пайдалы, креативті дизайнды сайт-көмекші құрастыру. Ол үшін мен алдыма мынандай мақсаттар қойдым: Жобама байланысты материалдар жинақтау
- Macromedia Flash, Dreamweaver MX бағдарламалары арқылы сайт дизайнын көркемдеу.
- Javascript және ActionScript бағдарламалары арқылы сынақ тест және навигация батырмалары үшін скрип жазу.
- Сайтты материалдармен толықтыру.
- Қазақ және орыс тілінде нұсқалар жасап, сайт жобасын аяқтау.
2. 4Web дизайнға қойылатын талаптар.
Web дизайн - сайтты дайындаудың алғашқы этапы. Ол көбіне Adobe Photoshop немесе Macromedia FlashMX бағдарламасында орындалады, web дизайнның кейбір элементтері CorelDraw немесе Adobe Illustrator векторлы графика, 3Dmax, Maya, LightWare үшөлшемді моделдеу бағдарламаларынан импортталынады. Бірақ web дизайн тек сайттың көркемдік жағы емес, оның қолданушыға ыңғайлы болуы - тұрақты қолданылатын элементтердің айқын ерекшеленуі, мәзірдің түсінікті болуы жатады. Сондықтан сайттың дизайны бірнеше талаптарға жауап беруі керек:
- Web дизайн компанияның имиджін ерекшелеп көрсететін стильді болу керек.
- Web дизайн команияның фирмалық стилімен үндесуі керек.
- Web дизайн қолданушыға қолайлылық сезімін тудыру қажет, бетте мәтіннің дұрыс құрылуы, суреттердің ыңғайлы орналасуы және ойластырылған түстердің үйлесімділігі осыған септеседі.
- Web дизайн қолданушы сайтта басқару элементтері мен навигацияны іздетпегені дұрыс - мәзір анық та түсінікті болу керек.
- Web дизайн сайтта жарнамаланатын тауар, қызмет көрсету және ақпаратқа сәйке болу қажет.
- Web дизайн «жеңіл», яғни сайт беттері ұзақ жүктелмеу керек.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz