Холдингтер құрастыру қажеттілігі, маңызы және түрлері



Жоспар:

Кіріспе

1. Холдингтік компанияның маңызы
2. Холдингтерді құрудың негізгі мақсаты
3. «Самұрық» холдингінің экономикалық құрылымы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Холдингтік компания корпорация ұйымдастырудың жетекші нысанының бірі болып табылады. Холдинг иеленуші компания – басқа компаниялардың қызметін бақылау және басқару мақсатында, олардың бақылау акцияларын иелену үшін құрылатын қаржы компаниясының ерекше түрі.
Корпоративтік альянстар компанияларға өзінің күш жігерін белгіленген бизнес түріне жаңа технологияларды және тауар өткізу нарығын игеру шоғырландыратын құрылым құруға мүмкіндік береді. Альянстың нарыққа тікелей бағдарланған ауқымдағы операцияларға дейін қамтитын көптеген нысаны бар. Корпоративтік альянс нысанының біріне бірқатар компания белгіленген мақсаттарға жету үшін бірігетін бірлескен кәсіпорын жатады.
Холдингтерді құрудың негізгі мақсаты корпоративтік басқаруды жетілдіру және елдің қор нарығын дамыту жолымен мемлекет қатысатын компнаиялар холдингтерінің құрамына кіретін ұзақ мерзімді құндылықты барынша көбейту болып табылады. Мемлекеттік холдингтер бүкіл Қазақстанның бизнесі үшін корпоративтік жүріп-тұрудың моделіне айналуға тиіс.
Барлық мемлекеттік холдингтердің, оларға кіретін ұлттық компаниялардың және басқа да ұйымдардың басты міндеттерінің бірі корпоративтік басқарудың халықаралық практикасын, есептілігін және айқындылығын енгізу арқылы олардың қызметін ретке келтіру болып табылады.
Холдингтің миссиясы – компания қызметінің бәсекеге қабілеттігін және экономикалық тиімділігін арттыруға көмектесетін корпоративтік басқарудың үздік әлемдік тәжірибесін енгізу, Қазақстан Республикасының Үкіметіне компанияны, жалпы алғанда ұлттық экономиканың мемлекеттік секторын дамыту жөніндегі орта- және ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізуге көмектесу.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мейірбеков А.Қ. «Кәсіпорын экономикасы»,Алматы, 2003ж
2. Кадерова Н.Н. «Корпоративтік қаржы»,Алматы, 2008ж
3. «Қаржы қаражаты» журналы,2003ж, №4

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Холдингтер құрастыру қажеттілігі, маңызы және түрлері

Жоспар:
Кіріспе
1. Холдингтік компанияның маңызы
2. Холдингтерді құрудың негізгі мақсаты
3. Самұрық холдингінің экономикалық құрылымы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Холдингтік компания корпорация ұйымдастырудың жетекші нысанының
бірі болып табылады. Холдинг иеленуші компания – басқа компаниялардың
қызметін бақылау және басқару мақсатында, олардың бақылау акцияларын иелену
үшін құрылатын қаржы компаниясының ерекше түрі.
Корпоративтік альянстар компанияларға өзінің күш жігерін
белгіленген бизнес түріне жаңа технологияларды және тауар өткізу нарығын
игеру шоғырландыратын құрылым құруға мүмкіндік береді. Альянстың нарыққа
тікелей бағдарланған ауқымдағы операцияларға дейін қамтитын көптеген нысаны
бар. Корпоративтік альянс нысанының біріне бірқатар компания белгіленген
мақсаттарға жету үшін бірігетін бірлескен кәсіпорын жатады.
Холдингтерді құрудың негізгі мақсаты корпоративтік басқаруды
жетілдіру және елдің қор нарығын дамыту жолымен мемлекет қатысатын
компнаиялар холдингтерінің құрамына кіретін ұзақ мерзімді құндылықты
барынша көбейту болып табылады. Мемлекеттік холдингтер бүкіл Қазақстанның
бизнесі үшін корпоративтік жүріп-тұрудың моделіне айналуға тиіс.
       Барлық мемлекеттік холдингтердің, оларға кіретін ұлттық
компаниялардың және басқа да ұйымдардың басты міндеттерінің бірі
корпоративтік басқарудың халықаралық практикасын, есептілігін және
айқындылығын енгізу арқылы олардың қызметін ретке келтіру болып табылады.
Холдингтің миссиясы – компания қызметінің бәсекеге қабілеттігін және
экономикалық тиімділігін арттыруға көмектесетін корпоративтік басқарудың
үздік әлемдік тәжірибесін енгізу, Қазақстан Республикасының Үкіметіне
компанияны, жалпы алғанда ұлттық экономиканың мемлекеттік секторын дамыту
жөніндегі орта- және ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізуге көмектесу.
Холдингтің басты мақсаты – қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді
перспективаларда мемлекет мүддесіне жауап беретін экономиканың нақты
секторын дамыту стратегиясын құру, компаниялардың ұзақ мерзімді
құндылықтарын көбейту. Холдинг компаниялардың топ-менеджменті тиімділігін
бағалау негізінде қол жеткізілетін даму мақсатын белгілейтін болады. Осы
жұмыстың нәтижелері отандық капитал жұмысының тиімділігін, әлемдік
инвесторлар үшін қазақстандық экономиканың ашықтығын әрі тартымдылығын
арттыруға біршама деңгейде мүмкіндік беретін болады.

1.Холдингтік компанияның маңызы
Холдингтік компания (өнеркәсіп, көлік, сауда, банк ісі және т.б)
корпорация ұйымдастырудың жетекші нысанының бірі болып табылады.
Холдинг иеленуші компания – басқа компаниялардың қызметін бақылау және
басқару мақсатында, олардың бақылау акцияларын иелену үшін құрылатын қаржы
компаниясының ерекше түрі.
Холдинг компаниясының мынадай екі түрі болады:
1) Тек бақылау-басқарушылық және қаржы функцияларын орындайтын таза
холдинг;
2) Көрсетілген функциялармен қоса белгіленген кәсіпкерлік – өндірістік-
сауда, кредит-қаржылық және т.б. қызметпен айналысатын аралас холдинг.
Холдингтің өз капиталынан бірнеше рет асатын капиталы болуы мүмкін.
Холдинг, сол немесе басқа компанияның бақылау акциясын сатып алумен қатар,
бақылаудағы компанияның Директорлар кеңесіне және басқа да басқару органына
өз өкілдерін тағайындауы мүмкін.
Холдингтік компанияның мына артықшылықтары болады:
• Меншік капиталдағы үлес түріндегі айтарлықтай бақылау (10-15%);
• Тәуекелді жою (элиминациялау). Жүйе ішіндегі жекелеген компаниялар
дербес заңды тұлға болып табылады және олардың кез келгенінің
міндеттемелері басқа компаниялардың міндеттемелерінен бөлінген тәуекел
сол себептен төмендетіледі. Алайда іс жүзінде бас компания тауарларды
сатып алушыларды ұстау, сондай-сқ бастапқы инвестициялар
бағдарламаларын жүзеге асыру және өзінің еншілес компаниясына кредит
беретін банкіге кепілдік беру үшін өз филиалдарына жиі көмек көрсетуге
мәжбүр болады.
Бірігу – екі және одан астам компанияның әлеуетін біріктіру
тәсілінің бірі. Осындай бірігу кезінде мәмілеге тартылатын компаниялардың
бүкіл активі, сондай-ақ басқарушылық және техникалық тәжірибеде
біріктіріледі.
Корпоративтік альянстар компанияларға өзінің күш жігерін белгіленген
бизнес түріне жаңа технологияларды және тауар өткізу нарығын игеру
шоғырландыратын құрылым құруға мүмкіндік береді. Альянстың нарыққа тікелей
бағдарланған ауқымдағы операцияларға дейін қамтитын көптеген нысаны бар.
Корпоративтік альянс нысанының біріне бірқатар компания белгіленген
мақсаттарға жету үшін бірігетін бірлескен кәсіпорын жатады.

2. Холдингтерді құрудың негізгі мақсаты
Холдингтерді құрудың негізгі мақсаты корпоративтік басқаруды
жетілдіру және елдің қор нарығын дамыту жолымен мемлекет қатысатын
компнаиялар холдингтерінің құрамына кіретін ұзақ мерзімді құндылықты
барынша көбейту болып табылады. Мемлекеттік холдингтер бүкіл Қазақстанның
бизнесі үшін корпоративтік жүріп-тұрудың моделіне айналуға тиіс.
      Барлық мемлекеттік холдингтердің, оларға кіретін ұлттық
компаниялардың және басқа да ұйымдардың басты міндеттерінің бірі
корпоративтік басқарудың халықаралық практикасын, есептілігін және
айқындылығын енгізу арқылы олардың қызметін ретке келтіру болып табылады.
       Осы мақсатта мемхолдингтердің қызметі Корпоративтік басқару
кодексіне сәйкес мынадай негізгі қағидаттарда құрылуға тиіс:
• стратегияны жүргізу және қаржы-шаруашылық қызметті басқаруды, 
оның қаржысын және нәтижелерін тиімді бақылауды жүзеге асыру;
• қызметтің айқындылық деңгейін арттыру және жұртшылықты
мемхолдингтердің даму стратегиялары, олардың меншік құрылымы,
қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы хабардар ету жолымен
олардың қызметін жария түрде бағалауды қамтамасыз ету;
• айқын конкурстық рәсімдер өткізу негізінде персоналды іріктеуді
жүзеге асыру.

3. Самұрық холдингінің экономикалық құрылымы
Самұрық мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық
холдингі АҚ Экономиканың мемлекеттік секторын басқаруда мемлекеттің
мүдделерін одан әрі қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы Қазақстан
Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы № 50 Жарлығымен және
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 ақпандағы № 117 қаулысымен
құрылды.
Мемлекеттік холдинг құру идеясын Қазақстан Республикасының Президенті
Нұрсұлтан Назарбаев 2003 жылғы Сингапурға сапарынан кейін ұсынды. Президент
сапар барысында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Агроөнеркәсіптік кешенін дағдарыс кезеңінен дамыту арқылы алып шығу мәселелері
Шағын кәсіпорындар - нарық қатынастарының негізі
Құрылыс инвестициялардың тиімділігі
Корпоративтік басқарудың жапондық моделі
Мемлекеттік қаржылық бақылаудың принциптері
Кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалану көрсеткіштерін талдау
ҰЛТТЫҚ БАСҚАРУШЫ ХОЛДИНГТЕР
Инновацияның арттыру жолдары
Холдингті компаниялардың және олардың қатысуымен компаниялардың бірігуі
Өндірістің жалпы негіздері
Пәндер