Қазақ тіліндегі электронды бұқаралық ақпарат құралдары және оларға шетелдік ақпарат агенттіктері материалдарының қажеттілігі
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І ТАРАУ. ҒАЛАМДЫҚ АҚПАРАТ АЛМАСУ.
1.1. ШЕТЕЛДІК АҚПАРАТ АГЕНТТІКТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРМЕН БӘСЕКЕЛЕС ТЕЛЕКОМПАНИЯЛАР..7
2. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЭЛЕКТРОНДЫ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ШЕТЕЛДІК АҚПАРАТ АГЕНТТІКТЕРІ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ ... ... ... ... ... ...26
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..58
СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...3
Негізгі бөлім
І тарау. Ғаламдық ақпарат алмасу.
1.1. Шетелдік ақпарат агенттіктері және олармен бәсекелес
телекомпаниялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
2.1. Қазақ тіліндегі электронды бұқаралық ақпарат құралдары және оларға
шетелдік ақпарат агенттіктері материалдарының
қажеттілігі ... ... ... ... ... ...2 6
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ..58
сілтемелер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..
Кіріспе
Бітіру жұмысының өзектілігі. Шетел журналистикасы, оның ішінде шетелдік
ақпарат агенттіктері, олардың қызметі, халықаралық ақпарат агенттіктері
материалдарының еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарына қажеттілігі әлі
зерттелінбеген, тың тақырыптардың бірі. Шетел журналистикасы мен
халықаралық ақпарат агенттіктері жайлы орыс тілінде әдебиеттер, интернетте
де материалдар мол болғанмен қазақ тілінде материал жоқтың қасы. ХХ ғасырды
ақпараттар ғасыры десек, ХХІ ғасырды ғаламат ақпараттар тасқыны ғасыры
деген оңды. Өйткені әлемде жаңалықтар мен ақпараттар легін тыңдамайтын,
қабылдамайтын нүкте, мекен қалған жоқ. Ақпарат қабылдаушылар, қажет
етушілер саны күннен-күнге артуда. Бұл ақпараттық агенттіктер арасында
бәсекелестікті күшейтіп, ақпаратты тез, әрі жылдам жеткізуге деген
құлшыныстарын арттыруда. ХХ ғасырда әлемде мықты бес халықаралық ақпарат
агенттігі (Рейтер, АП, ЮПИ, Франс пресс, ТАСС) болса, қазір олардың саны
артып, бұрын аты мүлде беймәлім агенттіктер әлемдік аренаға шығып, атақты
телерадиокомпаниялар да ақпарат таратуда ақпарат агенттіктерімен
бәсекелестікке түсуде. Біздің отандық ақпарат агенттіктеріміз бен
телеарналарымыз да әлемдік үрдіске еліктеп, ақпарат үшін күреске бел шеше
кірісіп отыр. Әрине, қазір оларда шетелдің азулы ақпарат
агенттіктерінікіндей қауқар жоқ, қаржылары да шамалы, дегенмен олар да жер-
жерге тілші жіберіп, тілшілер қосынын ашып, әлемнің әр түкпірінен өздері
хабар алдырып және біздің елдің хабарын шет мемлекеттерге жеткізуге тырысып
бағуда. Бірақ қаржылық мүмкіндіктері шектеулі болғандықтан, Ассошейтед
пресс немесе Рейтер секілді әлемнің кез-келген елінде тілшісі болмауы
себепті, олар әлі де шетелдің ақпарат агенттіктері материалдарын жиі
пайдаланады. Әлемде, Халықаралық жаңалықтар, Жаһан жаңалықтары
айдарымен берілетін ақпараттың басым бөлігі халықаралық ақпарат
агенттіктері мен телерадиокомпаниялардың өнімдері. Бұның бәрі аталған
тақырыптың өзектілігіне еш шүбә келтірмесе керек.
Бітіру жұмысының мақсаты. Шетел ақпарат агенттіктері материалдарының
еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарына қажеттілігі тақырыбын алудағы
мақсатым – халықаралық ақпарат агенттіктерінің әлемдік ақпарат
кеңістігіндегі рөлін дәлелдеу ғана емес, жас тәуелсіз мемлекетіміздің
электронды бұқаралық ақпарат құралдарының ғаламдық ақпарат алмасуда өз
орнын табуға деген талпынысын да көрсету. Сол себепті еліміздің мықты деген
ақпарат агенттіктері мен телеарна, медиахолдингтеріне, олардың қызметіне
жан-жақты тоқталдым.
Тақырыптың зерттелу аясына келсем, жоғарыда да айтып өттім, жалпы
халықаралық журналистика, шетелдік ақпарат агенттіктері жайлы орыс тілінде
әдебиет мол болғанымен, қазақ тілінде жоқтың қасы. Жалпы шетел
журналистикасына қатысты еңбектер аз. Оқу бағдарламасындағы 1998 жылы
Санат баспасынан шыққан С. Қозыбаев, А. Рамазанова, Қ. Аллабергеннің
Әлем баспасөзі тарихынан, 2000 жылы жарық көрген Н. О. Омашев,
Р. Ш. Бегімтаеваның Қазіргі шетел журналистикасы және Т. Бекниязовтың
Қазақ университеті баспасынан 2003 жылы шыққан Халықаралық
журналистиканың дамуы, Европа журналистикасының дамуы еңбектерінен басқа
аталған тақырыпқа сай келетін, теориялық тірек болатын қазақ тіліндегі
кітапты таба алмадым. Сондықтан да аталған тақырыпқа ғалымдарымыз әлі ат
ізін салмаған деп айта аламын. Сол себепті де біздің ізденісіміз жемісті
болса, құндылығы еш дау туғызбас еді.
Диплом жұмысының теориялық негізі ретінде жоғарыдағы еңбектерге қоса
орыс тіліндегі біраз оқулықтар қолданылды. Санкт-Петербург қаласындағы В.
А. Михайлов баспасынан 2005 жылы шыққан С. А.
Михайловтың Современная зарубежная журналистика атты кітабы орыс
тіліндегі осы тақырыпқа қатысты еңбектер ішіндегі құндысы. Екатеринбургте
2003 жылы жарық көрген А. Ю. Быковтың Современная зарубежная журналистика
атты еңбегі де біраз жайттан хабардар етті. Жақында жоғарыда айтылған
Михайлов баспасынан В.И. Сапуновтың 382 беттен тұратын Зарубежные
информационные агентства деген жаңа еңбегі жарық көрді. Шетелдік ақпарат
агенттіктеріне қатысты соңғы мәліметтер осы еңбектен алынды. Душанбелік М.
А. Мукимовтың Азаттық радиосы мен Би-Би-Си-ге қатысты кандидаттық
диссертациясы мен ресейлік Н.В. Саляхованың Роль и место агентства Франс-
Пресс в мировых информационных процессах атты кандидаттық
диссертациясының қысқаша мазмұнымен интернет арқылы танысып, аталған
агенттік пен телерадикорпорация қызметін ашуда, баяндауда пайдаландық.
Жұмыстың деректік негізін шетелдік және отандық ақпарат агенттіктерінің
интернеттегі сайттарынан алдық, халықаралық ақпарат агенттігі ақпары мен
осы жаңалықтардың еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарында берілуін
салыстырдық.
Бітіру жұмысының құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнің
екі тарауынан, қорытынды, сілтемелер көрсеткіші мен пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде бітіру жұмысының өзектілігі,
мақсаты, мазмұны, құрылымы, тақырыптың зерттелу аясы мен жұмыстың деректік
негізі, бітіру жұмысының теориялық тірегі көрсетілген.
Бітіру жұмысының мазмұны. Негізгі бөлім екі тараудан тұрады. Бірінші
тарау Ғаламдық ақпарат алмасу. Шетелдің ақпарат агенттіктері мен олармен
бәсекелес телекомпаниялар деп аталады. Бұл тарауда ХХ ғасырда әлемдік
ақпарат агенттіктері аталған бес агенттік Рейтер, Ассошейтед пресс, Юнайтед
пресс, Итар-ТАСС, Франс-пресс қызметі жайлы және ХХІ ғасырда әлем аренасына
шығып жатқан басқа да көптеген агенттіктер, олармен бәсекеге түсіп жатқан
телерадиокорпорациялар, соңғы кезде қаптап кеткен интернеттегі ақпарат
сайттары туралы, белгілі ақпарат агенттіктерінің де интернетке бет бұрып
жатқаны жайлы сөз еттік. Шетелдік ақпарат берудің, ақпарат агенттіктері
материалдарының өзіндік ерекшелігін ашуға талпындық. Екінші тарау Қазақ
тіліндегі электронды бұқаралық ақпарат құралдары және оларға шетелдік
ақпарат агенттіктері материалдарының қажеттілігі деп аталады. Бұнда
республикамыздың ақпарат кеңістігіндегі азулы деген медиақұрылымдарға,
агенттіктерге, олардың қызметіне тоқталдық. Біздің еліміздің бұқаралық
ақпарат құралдарына тән ерекшеліктерін де көрсетуге тырыстық. Бұнда Хабар
агенттігінің Итар-ТАСС-пен әріптестік байланысы, Қазақпараттың РАТА-ТАСС,
Жаңалықтар РАА, Синьхуа, Би-Би-Си, Кабар, БелТА, УкрИнформ
сияқты ақпарат агенттіктерінің серіктесі екені, телеарналардан Рейтер,
Ассошейтед пресс секілді азулы агенттіктер мен Би-Би-Си және Си-Эн-Эн
секілді алыптардың жаңалықтарына қоса, соңғы кезде танымал бола бастаған
Катардың әл-Жазира арнасының, Интерфакс, РИА-Новости секілді агенттіктер
ақпараттары да берілетіні айтылған.
І тарау. Ғаламдық ақпарат алмасу
1.1. шетелдік ақпарат агенттіктері және олармен бәсекелес
телекомпаниялар.
Әлемдік ақпарат кеңістігін құруда халықаралық ақпарат агенттіктері үлкен
роль атқарады. Жер жаһандағы ақпараттың басым бөлігін әлемдік ақпарат
агенттіктері, оның ішінде американдық агенттіктер таратады. Қазір ақпарат
та – ақша. Сол үшін де ақпарат агенттіктері кез-келген ақпарды, жаңалықты
әлемдік қауымдастыққа жедел жеткізуге тырысады, өйткені қазіргі таңда
жаңалықтар арқасында мол қаржыға кенелуге болатынын біледі. Бұл
айтқанымызға катарлық әл-Жазира, әйгілі Си-Эн-Эн куә бола алады. Мәселен,
басында есімі елге беймәлім арабтың әл-Жазира арнасы аты шулы Бен-Ладен
мәлімдемесін көрсеткеннен кейін атағы жер жарып қана қоймай, бірте-бірте ең
табысты арналар санатына қосылды. Алғашында пайдасынан шығыны көп болған Си-
Эн-Эн де ақпарды жедел жеткізуі арқасында азулы, қаржысы мол медиа алыпқа
айналды.
АҚШ өзінің жаңалықтар бағдарламаларын мақтан етеді. Олай ететін жөні де
бар. Шынымен де жаңалықтар оперативті түрде, кәсіби шеберлікпен беріледі.
Егжей-тегжейіне шейін сарапталып, маңызды тұстарына баса көңіл бөлініп,
айтылуы қажет емес тұстары ескерілмей беріледі. Маңызды оқиғаларды жан-
жақтан жамыратып бергенде, жаңалық қай жерде аяқталып, сараптау қайдан
басталатыны түсініксіз болып қалады. Американдық саяси шолушылар ақпаратты
берудің нағыз шеберлері, шеберлік жағынан олар тек бұрынғы кеңес саяси
шолушыларынан кемшін түскен болар. Бізге американдықтардан үйренер нәрсе –
жаңалықтарды уақтылы, оперативті түрде беру. Олардың техникасы да заманға
сай, журналистері де қайнаған қырғын майдан, табиғат апаты арасынан алдымен
хабар беріп жатады. Кәсіби шеберлік жағынан да американдық әріптестеріміз
біздің журналистерімізден көш ілгері екені жалпыға аян.
АҚШ-тың ең ірі ақпараттық агенттігі – Ассошейтед Пресс. Ол 1848 жылы
құрылған. Штаб-пәтері Нью-Йорк қаласында. Әлемдік беделі бар агенттік. Оған
газет шығарушылар мен радиотелестанциялар кооператив ретінде бірлескен.
Агенттікке 1700 күнделікті газет пен 5000 радио-телестанциялар мүше. 121
елде 8500 жазылушысы бар. Әлемнің барлық еліне дерлік хабар таратады.
Агенттіктің қызметі компьютерлік және спутниктік жүйеге көшірілген. Бас
компьютер Нью-Йоркте орналасқан. Агенттікте 3000-ға жуық адам қызмет етеді.
Күніне ағылшын және испан тілдерінде 20 миллион сөз ақпарат таратады. АП-ны
үш жылға сайланатын Директорлар кеңесі басқарады. Ассошейтед Пресс - аса
қуатты, сенімді ақпараттық агенттік. Өз шығынын ақпаратын пайдаланғаны үшін
төленетін төлемдермен жабады. Жер серігі арқылы бейнематериалдар беретін
Ассошейтед Пресс агенттігінің арнайы коды бар, ақпаратын пайдаланамын
дейтіндер жылына 25 мың доллар төлеуі тиіс. Мұндай соманы төлеу екінің
бірінің қолынан келмейтіндігі түсінікті, дегенмен АП-ның ақпаратын алушылар
бұдан азайып кеткен жоқ. Бұл агенттіктің тек шыншыл ақпар тарататынынан
болса керек.
АҚШ-тың Ассошейтед Престен кейінгі ірі агенттігі Юнайтед пресс
интернэйшнл (United Press International) 1907 жылы 21 маусымда АҚШ-тың
алғашқы баспасөз магнаттарының бірі Э. У. Скриппстің жеке мекемесі ретінде
құрылып, алғашында Юнайтед пресс Ассошиэйшнс, инкорпорейтед деп аталды.
1958 жылы 24 мамырда Р.Херсттің иелігіндегі Интернэйшнл Ньюс Сервис
агенттігімен қосылып, Юнайтед пресс интернэйшнл деп атала бастады. Штаб-
пәтері Вашингтонда. Кейбір қызметтері – Нью-Йорк, Нашвилл, Далласта.
Агенттік АҚШ-тың мыңнан аса газетін, 3600 радио және 550 телестанциясын,
әлемнің әр түкпіріндегі жүздеген елдердің 800-дей газетін, 300-дей
радиостанцияларын ақпаратпен қамтамасыз етіп келді.
Жеке меншік кәсіпорын болғандықтан 1982 жылға дейін акцияларының бақылау
пакеті Э. У. Скриппс компани және Херст тресінің иелігінде болған. 1982
жылдың маусым айынан бастап Медиа ньюс корпорейшн жекеменшік
корпорациясына қарады. 1986 жылдан мексикандық газет магнаты Марио Васкес
Раньейдің Нью ЮПИ корпорациясының бақылауына өтті. Жалпы агенттік 1961
жылдан бастап қарызға батып жүр. Оған себеп АҚШ-та отбасылық бизнес
түрінің артта қалуы болса, тағы бір себебі АП-мен бәсекелестік. 1986 жылы
сатып алған мексикандық магнат та ЮПИ-ді тығырықтан шығара алмады. Бұл
кезеңде ЮПИ біраз күйзелісті бастан кешірді. Өзінің 85 жылдығына қарай
агенттік жабылып қала жаздады. 1991 жылдың тамызынан ЮПИ-ге жаңа қожайын
іздеу басталды. Алғашқы үміткерлердің бірі – теледидардан діни уағызды
жүргізуші, Си-Би-Эн діни станциясының иесі Робертсон еді. Ол сатып алуға
қаржысы жеткенімен, ЮПИ-ді қаз тұрғызуға ақшасы жетпейтінін біліп бас
тартты. Сөйтіп жүргенде ЮПИ-дің жабылатын уақыты 22-маусым да таяп қалды.
Осы уақытта заңгер, әрі бизнесмен, тележурналист, президент Картердің
кеңесшісі болған Леон Чарни деген үміткер пайда болады. Ол бизнесмендер
көмегімен агенттіктің бір апта өмір сүруі үшін 180 мың доллар төлеп, осы
уақыт ішінде ЮПИ-дің қаржылық істерін тексермекші болады. АҚШ басылымдары
Ассошейтед преске бәсекелес ақпарат агенттігін сақтап қалу жөнінде ұсыныс
айта отырып, ЮПИ-дің тек американдықтарға сатылуын талап еткенмен, 22-
маусымға жетпей ЮПИ-дің Мидл ист бродкастинг сентр лимитед атты араб
телекомпаниясына сатылғандығы туралы сот шешімі шығарылды. Бұл компания
басшысы Сауд Арабиясы королінің күйеу баласы Фахд Валид ал-Ибрахим еді. Ол
журналистермен болған баспасөз конференциясында бар қаржысын төгіп
агенттікті қалпына келтіретінін, ЮПИ-ді саясатқа жүгінбейтін, тәуелсіз
агенттік ретінде нығайтатынын баяндады. Сондай-ақ агенттік Африка, Таяу
Шығыс елдерінде қызметін кеңейтіп, қайтадан АП-мен бәсекеге түсуге жарап
қалар[i] - деп мәлімдеген.
Бірақ ол бұл сөзінде тұра алмады, ЮПИ-ді аяғынан тік тұрғыза алмады. Екі
рет агенттік өзін банкрот деп жариялады. Ақыры 1999 жылдың тамызында
радио-теле хабар таратудан бас тартып, өзінің 400-ден аса радио-
телестанцияларын Ассошейтед преске берді. Сөйтіп ақпаратты Интернет
арқылы таратуға көшкен болатын. 2000 жылы агенттікті сектант Сан Мён Мунның
Бірлесу шіркеуі (Церковь объединения) құзырындағы Ньюс уорлд
коммьюникейшнз баспа компаниясы сатып алды. Бұл компания Вашингтон Таймс
газетінің иесі, одан басқа Оңтүстік Корея, Жапония, Уругвай, Грециядағы
бірнеше күнделікті газеттер қожайыны болып табылады. ЮПИ-дің жаңа басшысы
Арно де Борчгрейв, ол 1991 жылға дейін Вашингтон Таймстың бас редакторы
болған. Агенттіктің Мун сектасының қолына өтіп кетуі православие діні
өкілдері мен көптеген саясаткер, қайраткерлердің наразылығын туғызды. Бұл
жағдайға тоталитарлық секталар жөніндегі белгілі сарапшы, психолог Стивен
Хассан былай деп түсініктеме береді:
Мен танымал жаңалықтар агенттігінің демократия дегеніміз – сатанизм
деп санайтын тоталитарлық сектаның көмейіне жұтылып кеткеніне наразымын.
Мун өзін Иусустан да артық Мессия, адамзаттың Шын Әкесі санайды. Ол:
Құдай автоматты теократияны қалайды деп уағыздайды және сол теократияның
Жердегі жалғыз өкілі өзі болғысы келеді, яғни бүкіл планетаға, адамзатқа
бір өзі қожа болғысы келеді.
Ал БАҚ-ты ол сол мақсатына жету үшін сатып алып жатқан сияқты[ii].
Сектанттар иелігіне өтіп кеткен агенттікте қазіргі таңда 110 адам жұмыс
істейді және дүние жүзі бойынша 700-ден аса стрингерлері бар.
Рейтер халықаралық агенттігі әлемдегі ең ірі агенттіктердің бірі,
жаңалықтар мен іскерлік ақпаратты таратуда алдыңғы орынды иеленеді. ХХ
ғасырда әлемде ең ірі бес агенттік болса, соның біреуі – Рейтер. Ақпарат
агенттігі 1851 жылы Лондонда құрылды, негізін салған неміс Пауль Юлиус
Рейтер. Ол алғаш 1849 жылы көгершіндерді қаржылық ақпаратты жеткізуге
пайдаланған болатын. Бұл оның бәсекелестерін артқа тастауға мүмкіндік
берді. Рейтер өзінің тапқырлығымен бәсекелестерінен үнемі алда жүрді. 1941
жылы агенттік бірнеше ақпарат агенттіктері мен жеке қауымдастық қолына
өтті, олар Рейтер агенттігі ешуақытта бір топ қолына өтпейтінін
мәлімдеді. Негізгі акция иелері – газет баспагерлерінің ассоциациясы (19
күнделікті және жексенбілік газет, акцияның 40,5%), Пресс Ассошиэйшн
агенттігі, австралиялық Остралиан Ассошиэйтед Пресс агенттігі және
жаңазеландиялық агенттік Нью Зиленд Пресс Ассошиэйшн мен Рейтер
агенттігінің қызметкерлері. Алғаш ашылған күннен халықаралық жаңалықтардың
ең сенімді көзіне айналды. Ақпаратты тез жеткізуімен және көзқарас
еркіндігімен ерекшеленеді. Тұңғыш компьютерлік жүйе 1964 жылы енгізілді.
1973 жылы қолдануға әйгілі Рейтер-мониторлар қосылды. Желі ішінде ақпаратты
тарату небары 0,3-3 секунд уақытты алады. 130 елде 197 өкілдігі бар,
құрамында 17 мың адам жұмыс істейді, оның 2400-і журналистер, фототілшілер
мен видеооператорлар. ТМД елдерінде 400 журналисі бар, Мәскеулік бюросы
дүние жүзі бойынша Лондондағы және Нью-Йорктағы бюродан кейін үшінші
орында. Ағылшын, француз, неміс, испан және араб тілдерінде күніне 5
миллион 500 мың сөз ақпарат таратады. Рейтер Ұлыбританияның ресми
ақпараттық агенттігі болып табылады. Ұлыбритания мен әлемнің басқа да 158
елінің 15 мыңнан аса газет, ақпараттық агенттіктері мен теле-
радиостанцияларын шетел ақпаратымен қамтамасыз етеді. Агенттікте
тұтынушыларға қаржылық-экономикалық ақпаратты өңдеп, жеткізетін Монитор
атты электронды-ақпараттық жүйе бар. Агенттікке түсетін қаржының 90 пайызы
қаржылық-экономикалық ақпарды таратудан түседі.
Рейтер агенттігі жақында интернетте виртуалды жаңалықтар бюросын ашты.
Бұл желілік ойын Екінші өмір деп аталады. Офис қызметкерлерін медиа және
технологиялар жағынан маманданып жүрген журналист Адам Пэйсик таңдап алады.
Оның мақсаты Екінші өмір тұрғындарының жеке өмірі мен іскерлік қызметін
көрсету болып табылады. Виртуалды екінші өмірде Пэйсик Адам Рейтер деген
кейіпкер образына енген.
ИТАР-ТАСС - Ресейдің ақпараттық-телеграфтық агенттігі, әлемдегі ірі
ақпарат агенттіктерінің бірі болып табылады, ХХ ғасырдағы бес ірі
агенттіктің бірі және бір ғасырдан астам уақыт өтсе де жедел ақпар
таратудан әлемдегі алдыңғы орнын сақтап келеді. Сонымен қатар Ресейдің
мемлекеттік ақпарат агенттігі деген ресми мәртебесін сақтап қалып отыр,
сондықтан Ресей Федерациясы жоғарғы органдары жайлы ақпараттың беделді де,
сенімді көзі болып табылады. Ресей мен ТМД елдерінде 130 бөлімшесі бар,
сонымен бірге шетелдің белді әлемдік ақпарат агенттіктерімен серіктестік
қатынас орнатқан. Тәулігіне 200 толық форматты газет беті көлеміндегі
мәтіндік ақпарат, 100-ден аса жедел фотосуреттер дайындап, таратады. Веб-
сайты: www.tass.ru.
Ал француздың Франс пресс агенттігі коммерциялық кәсіпорын, бірақ
француз үкіметі де субсидия береді, олар абонементтік ақы түрінде жүзеге
асырылады. Үкіметпен байланысы барын директорын Францияның министрлер
кеңесі тағайындауынан-ақ байқауға болады. 1957 жылдан ресми түрде тәуелсіз
агенттік, бірақ әкімшілік кеңесі құрамына үкімет адамдары да кіреді.
Әлемдегі ең мықты халықаралық агенттіктердің бірі. 1944 жылы құрылды. 165
елде тілшілер қосыны, Францияда 110 бюросы бар. Күніне 6 тілде: француз,
ағылшын, испан, неміс, португал және араб тілдерінде 600 мың сөз ақпарат
таратады.
Франс-Пресс агенттігі екінші дүниежүзілік соғыс аяқталар тұста
құрылды. Бірақ бұл агенттік 1835 жылы құрылған француздың Гавас
ақпараттық агенттігінің мұрагері іспеттес. Веб-сайты www.afp.com.
Зерттеуші ғалым Рантанен ақпарат агенттіктеріне иелік етудің үш негізгі
түрі бар дейді: 1) жеке меншік; 2) кооперативті; 3) мемлекеттік. Сонымен
қатар, ақпарат агенттіктері әлемдік және ұлттық болып бөлінеді. Ақпарат
агенттіктері қызметін оның қай типке, түрге жататынына қарай қарастырған
жөн. Мәселен, өткен ғасырларда әлемдік ақпарат агенттіктері белгілі бір
территорияда ақпараттық аймақты пайдаланудың ерекше (эксклюзивті) құқығына
ие болды. Ал ұлттық агенттіктерде ондай құқық болған жоқ. Тек XX ғасыр
басынан ғана ұлттық агенттіктер әлемдік ақпаратқа халықаралық ақпарат
агенттіктерімен тең жағдайда қол жеткізе алатын мүмкіндікке ие болды.
Зерттеушілер пікірінше, XX ғасырда бес алдыңғы қатарлы ақпарат
агенттіктері: Ассошейтед Пресс, Юнайтед Пресс, Рейтер, ТАСС (ИТАР-
ТАСС) және Франс-Пресс агенттігі әлемдік ақпарат агенттіктері болып
саналып келді. XXI ғасыр басында әлемдік ақпарат кеңістігінде жағдай
біршама өзгерді. Ақпараттық қоғамның құрылуы, жаһандану үрдісі, кейбір
ақпарат агенттіктері басшылығы жіберген қаржылық және маркетинг
саясатындағы қателіктер, соның салдарынан туындаған қаржылық қиыншылықтар
жаңа ақпарат агенттіктерін әлемдік аренаға алып шықты. Бұрын мүлде аты
танымал емес ақпарат агенттіктерінің аттары белгілі әлемдік ақпарат
агенттіктерімен бірге атала бастады. Оларға испандық ЭФЭ ұлттық ақпарат
агенттігін, немістің ДПА агенттігін, қытайдың Синьхуа және басқа да
агенттіктерді жатқызуға болады. Бірақ бәрібір де XXI ғасыр басында әлемдегі
ең мықты ақпарат агенттігі Ассошейтед Пресс пен Рейтер болып қалып
отыр.
XXI ғасыр қоғамындағы маңызды ақпараттық үрдістердің бірі – жаһандану.
Бұл жаһандануда әлемдік ақпарат агенттіктерінің ролі аса зор. Өйткені олар
ешуақытта бір ел шеңберінде қалмайды, үнемі ел мен елді жалғастырып,
ақпарат алмастырып отырады.
Ақпараттық қоғамның дамуына орай ақпарат агенттіктерінің оқиға -
ақпарат агенттігі - БАҚ - қоғам тізбегіндегі ролі өзгеріп отыр. XXI
ғасырда ақпарат агенттіктері БАҚ-тарды айналып өтіп, қоғаммен тікелей
байланыс мүмкіндігін іздестіруде. Бұған жаңа ақпараттық технологияларды
дамыту барысында қол жеткізіп те отыр. Мәселен, қоғамда ақпарат алудың жаңа
бір мүмкіндігі туындады, ол – интернет. Ақпарат агенттіктерінің ақпарын
компьютері мен модемі, байланыс желісі бар Жер планетасының кез-келген
тұрғыны пайдалана алады. Кейбіреулер оқиғаның мән-жайына қану үшін көзбен
көргенді ұнатады емес пе, ақпараттың көрініспен берілуін талап ету ақпарат
агенттіктерінің жаңалықты фотоматериал, телебағдарлама, документальді фильм
түрінде беретін жаңа типінің пайда болуына алып келді. Бұл оған қоса кейбір
телеарналардың ақпарат таратуда агенттіктерге бәсекелес болуына алып келді.
Мәселен, Си-Эн-Эн, Би-Би-Си, әл-Жазира ақпарат, жаңалық таратуда ақпарат
агенттіктеріне мықты бәсекелес бола алады.
АФП-ны – ұлттық тәуелсіз француз агенттігін құру идеясы Шарль де
Голльдікі болатын. АФП-ны құру себебі: біріншіден, Францияның шетелдегі
мүддесін ойлағандықтан, екіншіден, француз үкіметі өзінің ақпарат көзі
болғанын қалады. Франс пресс агенттігі журналистері ақпар бергенде
алдымен ақпараттың объективтілігіне, жауапты (компетентті) тұлғадан
алынғанына мән береді және өз көңіл-күйлерін ақпараттан тыс қалдыруға
тырысады. Және ақпарат келіп түскенде оны өңдеместен бұрын оның дәлдігіне
көз жеткізіп алады. Екіншіден, артық тұстарын алып тастайды. Үшіншіден
ақпарды жедел жеткізуге тырысады. Агенттік журналистері басшылыққа алатын
қағидалар: дәлдік және жеделдік.
1953 жылы әлемдік ақпарат агенттіктері арасында Сталиннің өлімі жайлы алғаш
хабар берген Франс пресс, 1991 жылғы мемлекеттік төңкерістен кейін Қара
теңіздегі саяжайында жатқан Михаил Горбачевтан басқа бәсекелестерінен бұрын
сұқбат алған да осы агенттік журналисі. Тілшілер жүйесінің ауқымды аумақты
қамтуына орай Франс пресс барлық маңызды мәселе бойынша әлемнің кез-
келген түкпірінен қажетті ақпарды алдыра алады, негізінен жаңалықтар мен
қаржылық ақпар таратады. Агенттік филиалдары әлемнің 165 елінде орналасқан,
қызметкерлерінің саны 2 мыңнан асады.
Франс-Пресс өз қызметін қоғам талабына орай құрады. Агенттіктің басты
тақырыптары – саяси, халықаралық жаңалықтар және түрлі бағыттағы
экономикалық ақпар.
Ақпарат агенттігі журналистері стиліндегі бір өзгешелік - тілшінің өзі
бейнелеп отырған оқиғаға еш қатыссыздай қарауы, авторлық менінің болмауы.
АФП материалдарында франко-ағылшын лексикасы жиі қолданылады. Оның себебі,
әлемдік ақпарат агенттіктерінің екеуі ағылшын тілдес (АП, Рейтер)
болғаннан кейін шығар. Оның үстіне, ағылшын лексикасын қолдану француз
тілін білмейтіндердің жаңалықты түсінуіне жол ашады.
Франс-Пресс агенттігі материалдарын жанр жағынан талдасақ, басқа да
ақпарат агенттіктері секілді бұнда да ақпарат үш жанрда: лид, сұқбат және
депеша түрінде берілген. Материалдардың басындағы қысқаша мәтін лид (англ.
lead) ақпардың нағыз түйінін жеткізеді. Лид репортаждың басында беріледі,
мазмұнның нағыз түйіні осында. Мәселен: Naufrage d’un pétrolier avec 26
personnes à bord au large de Brest. – Брета маңында бортында 26 жолаушысы
бар мұнай танкері жарылды.[iii]
Лидтің өзі бірнеше түрге бөлінеді: 1) лид капсула, бұндағы ақпар
жарылған бомбадай әсер береді; 2) лид стокатто, - қысқа сөйлемдер оқиға
орнындағы жағдайдың тез өршіп бара жатқанынан хабар береді; 3) драмалық
лид оқиға жайлы қызықтырып айтып бастайды; 4) фотографиялық лид көбінесе
ақпараттық репортаждарда қолданылады; 5) интригалық лидтер тақырыпқа
қызығушылық туғызу мақсатында беріледі. Ал депешаға қойылатын талаптар:
дәлдік, ақпарат көзінің компетенттілігін тексеру, ақпарат жеткізудегі ең
жоғары жеделдік. Депешаның құрылымы төңкерілген пирамида. Ал сұқбат Франс
пресс агенттігінде сирек кездеседі. АФП материалдарында сұқбат жаңалық
ішінде кездеседі және төлеу сөз түрінде беріледі. Ақпарат беретін сұқбаттар
материалдың мазмұндық мәні болып табылады.
Би-Би-Си қалай дүниеге келді?
1922 жылы Ұлыбританияда радиоаппаратура шығаратын 6 фирманың күшімен
радиотарату корпорациясы құрылды[iv].
1927 жылдың 1 қаңтарынан бұл корпорация қоғамдық мәртебеге ие болды
да, Британдық радиотарату корпорациясына айналды (British Broadcasting
Corporation). Көп жылдар бойы Би-Би-Си хабарды тек ағылшын тілінде таратып
келді. Тек 1938 жылдың 3 қаңтарынан бастап қана Италиямен бәсекелесіп, араб
тілінде хабар тарата бастады[v]. Сонымен қатар 1938 жылдан бастап Би-Би-Си
испан, португал, итальян, неміс және француз тілдерінде Латын Америкасы мен
Еуропа елдеріне арнап хабар таратуды бастады. Оған себеп сол кездегі саяси
жағдай еді, фашистік Германия идеясының құрсауында кетпес үшін осындай
қадамға барды.
1939 жылы Би-Би-Си корпорациясы насихат ауқымын кеңейту үшін қысқа
толқынды 4 күшті радиотаратқыш орнатты. 2 дүниежүзілік соғыс басталғаннан
кейін Би-Би-Си үкіметтен Британияның барлау қызметімен бірігіп фашистік
Германия территориясы мен ол басып алған елдерде психологиялық соғыс
жүргізу тапсырмасын алды. Осы кезеңде Би-Би-Си-де барлығы 5 мың адам қызмет
етті. Соғыстың алғашқы айларында Би-Би-Си Британияға залалы тиетін
хабарларды таратпады. Сонда да басында премьер - министр У. Черчилль Би-Би-
Си-ді ұнатпай, оны жауға теңеп жүрді[vi]. Әскери флот жетекшілері де Би-Би-
Си-ді әскерлердің рухын төмендететін ақпарат таратты деп кінәлады. Елдің
қауіпсіздігін ойлап, әрі сынды назарға алып Би-Би-Си күнделікті ақпараттық
бюллетендер санын 10-нан алтыға азайтты. Патриоттық рухтағы материалдар
көбейді. Мәселен, біздікілер жаңа ғана бір мессершмитті атып түсірді.
Қарап тұрып тамсандық деген тақілеттес.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде корпорация жеңіс үшін еңбек етті.
Тілшілері майданның алғы шебінен хабарлар дайындады. Кейбірі тіпті оққа
ұшып қаза болды. Соғыс кезінде Би-Би-Си орналасқан ғимаратты бірнеше рет
неміс авиациясы бомбылады да. Соған қарамастан олар қызметтерін жалғастыра
берді. Өйткені неміс басқыншылары басып алған елдердің көбінде Би-Би-Си
олардың жалғыз үміті және жұбанышы еді. Тек Германияның өзінде Би-Би-Си-ді
10 миллиондай адам тыңдайтын.
1942 жылдың аяғынан Би-Би-Си Кеңес Одағы үшін орыс тілінде хабар тарата
бастады. Бағдарламаларынан достық пен бауырластықтың лебі сезілмейтін.
Содан да болу керек, біраз уақыттан кейін орыс тіліндегі хабарлар тоқтап
қалды. Қазір бұл жайт құпия боп қалған, мүлде айтылмайды және орысша
хабарлар 1946 жылдың 24 наурызынан бастап беріле бастады деп жазылып жүр.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Би-Би-Си Радиосының мақсаты фашистерге
қарсы үгіт-насихат жүргізу болды. Мәселен, 1939 жылы неміс тіліндегі
хабарлар үлесі аптасына 7 сағатты құраса, 1941 жылы 28,5 сағатқа жетті, ал
1943 жылы 34,5 сағат болды. Күніне 15-20 ақпараттық бюллетендері
шығатын[vii].
Американдық зерттеуші Д. Катстың айтуынша, ақпараттық бюллетендері
ғана емес, Би-Би-Си-дің хабарды беруі мен оған берген түсініктемесі де
дәлелді, анық емес еді[viii].
1941-1943 жылдары Би-Би-Си Азия елдері тілінде де хабарлар дайындай
бастады, 1943 жылдың соңында 43 тілде хабар тарата бастады. Ұлы Жеңістен
кейін Би-Би-Си Германия мен Италия үшін үгіт-насихатты азайтты, бірақ Кеңес
Одағы мен социалистік елдерге қарсы үгітті күшейтті. Мысалы, егер 1941 жылы
Польша үшін барлығы аптасына 7 сағат хабар таратса, 1945 жылы 18,5 сағатқа
жеткізді. КСРО-ға қарсы үгіттің сипаты жойқын еді, өйткені олар коммунизм
мен кеңестік құрылымды жау деп қабылдайтын. 1954 жылы Дрогхед комитеті Би-
Би-Си Корпорациясына Батыс Еуропа үшін берілетін хабарлар саны мен уақытын
азайтып, ал Шығыс Еуропа үшін берілетін хабарлар уақытын сол күйінде
қалдыруға кеңес берген[ix].
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Би-Би-Си Британияның әскери
ведомстволарымен тығыз байланыста болды және соғыстан кейінгі жылдары да
бұл байланыс үзілген жоқ. Бұл Парсы шығанағындағы соғыс, Ирак пен
Ауғанстандағы соғыс кезінде анық байқалды.
2004 жыл Би-Би-Си Корпорациясы үшін ауыр жыл болды. Бұл жылы Би-Би-
Си мен үкіметтің өзара қарым-қатынасы күрт нашарлады. Британ әскерлері
Иракқа аяқ басқаннан кейін Би-Би-Си бұл елге бір топ журналистерін жіберген
болатын. Олар өз репортаждарында тек қана шындықты айтты, бұл премьер –
министр кеңесшісі Алистер Кэмбеллиге ұнамады. Ол Би-Би-Си басшылығына өзіне
ұнамайтын журналистерді жұмыстан кетіруді сұрады. Корпорация басшылығы бұл
талапты орындаудан бас тартты. 2004 жылдың ақпанында күнде шығатын Санди
таймс газеті Би-Би-Си-дің бас директоры Грег Дайктың хатын жариялады. Бұл
хатта Г. Дайк Би-Би-Си қызметіне үкімет тарапынан жасалып отырған
қысымға үзілді-кесілді қарсы тұрды.
Негізі Би-Би-Си мен үкіметтің арасы басынан-ақ дұрыс емес еді. 2003
жылдың 29 мамырында Би-Би-Си-дің 4-Радиосының Бүгін деген хабарында
журналист Эндрю Чиллигин Британия Үкіметінің Ирак 45 минут ішінде жаппай
қырып жоятын қаруды қолдана алады деген қорғаныс Министрлігі кеңесшісінің
ақпарын қолдан жасағанын айтқан болатын. Және тап осы ақпардың Иракқа басып
кіруге түрткі болғанын да жасырмаған еді.
Үкімет Би-Би-Си-ден ақпарат көзін ашуды талап еткен болатын. Би-Би-Си
басшылығы, әлбетте, бұдан бас тартты. Үкімет бұл іспен тікелей өзі
айналысып, ақпарды берген Д. Келлидің өзі екенін анықтады. Құпия ашылғаннан
кейін Д. Келли өзіне өзі қол жұмсады. Бірақ 2004 жылдың аяғында Британия
баспасөзінде Д. Келли өліміне қатысты медициналық қорытынды жарық көрді,
бұнда оның өзіне-өзі қол салғаны расталмағаны айтылған.
Келлидің ісін зерттеу үшін лорд Хаттон бастаған арнайы мемлекеттік
комиссия құрылды. 2004 жылдың қаңтарында комиссия Д. Келли өліміне
тексерілмеген ақпарат таратқаны үшін Би-Би-Си кінәлі деген қорытындыға
келді.
Осы оқиғадан кейін Би-Би-Си Корпорациясының төрағасы Гейн Дэвис пен бас
директоры Грег Дайк жұмыстан кетті. Г. Дайктың орнына орынбасары Марк
Байфорд келді. Консервативтік партияның өкілі Лорд Райдер уақытша Би-Би-Си
Корпорациясының төрағасы болып тағайындалды. Екі шенеунік келгеннен кейін
Би-Би-Си бағыты өзгеріп, үкіметке тәуелді, яғни оның қол баласына айналды.
Билік басындағылар журналистердің шенеуніктерден кешірім сұрауын талап
етті. Жаңа басшы Лорд Райдер өзі бастап телевизия арқылы Д. Келли оқиғасына
байланысты биліктен кешірім сұрады[x].
Жаңа басшылар ақпараттық бағдарламалардың азулы журналистерінен арылу
компаниясын бастады. 2004 жылдың наурызына дейін бірнешеуін жұмыстан қуды,
енді біреулерін арнайы курстан өткізіп, басқаша ойлауға үйретті.
2004 жылдың сәуірінде Майкл Грейдті Би-Би-Си Корпорациясының жаңа
төрағасы етіп тағайындады. Ол бұл уақытқа дейін Британия Телевизиясының 4-
арнасының директоры болып келген еді. Би-Би-Си-дің бас директоры етіп Марк
Томпсон тағайындалды. Ол 2001-2002 жылдар аралығындағы Би-Би-Си
телевизиясының директоры болған. Бұдан кейін 2 жыл Британия Телевизиясы 4-
арнасының атқарушы директоры қызметін атқарған еді[xi].
2004 жылдың желтоқсанында Би-Би-Си Корпорациясының басшылығы реформа
жасайтындарын мәлімдеді. Бұл жоспар бойынша Би-Би-Си қызметкерлерінің саны
6 мың адамға дейін қысқарып, 22 мың адамды құрауы шарт. Қысқарғандардың тең
жартысы жұмыстан кетіп, қалған жартысы Би-Би-Си-дің жаңа орталығы –
Манчестерге көшуі керек еді. Жаңа орталыққа кейбір спорт және балалар
бағдарламалары көшпек. Марк Томпсонның айтуынша, 4 мыңға жуық қызметкерді
қысқарту 450 миллион евроны үнемдеуге мүмкіндік береді екен[xii].
Сонымен қатар, Томпсон Би-Би-Си басқармасы қызметкерлерін де қысқартып,
бұдан жылына 355 миллион фунт-стерлингке дейін үнемдемек болған. Және бұл
қысқартулар бағдарламалар сапасын жақсартады, - дейді ол. Журналист санын
қысқартқанда қалай бағдарламалар сапасы жақсармақ? - деп таңғалады
ұлыбританиялық газет журналистері. Не де болса корпорацияның жаңа басшылығы
бұның бәрін қолайсыз журналистерге бола, үкімет тапсырмасымен жасап
отырғаны даусыз.
Осы жоспар бойынша Би-Би-Си Корпорациясының басшылығы өздерінің біраз
коммерциялық құрылымдарын да сатпақшы еді. Бірақ соңында бәрін сатып
қажеті жоқ, өйткені бұл құрылымдар пайда әкеліп отыр ғой деген шешімге
келді.
Британия қоғамы бұл реформаларға қарсы шықты. Оларға Би-Би-Си-дің
үкіметке тәуелсіз болғаны, тек ақиқат ақпар таратқаны ұнайды[xiii].
Осы реформаларға қарсы телерадиокорпорация қызметкерлері бірнеше қайтара
ереуілге шықты. 27 мың қызметкері бар телерадиокорпорацияның тең жартысы
кәсіподақ үндеуімен жаңа басшы саясатын қолдамайтындарын білдірді. 2005
жылдың 31 мамырындағы ереуілдері 48 сағатқа созылды. Бірақ бұл ереуілдер еш
нәтиже бермеді. Корпорациядан кету керек болған журналистер кетті, енді
біразы қосымша оқу сабақтарынан кейін көзқарастарын өзгертті.
2005 жылдың 22-желтоқсанында Би-Би-Си телерадиокорпорациясы Мәскеу,
Петербург және Екатеринбургте орташа толқында хабар таратуын тоқтатты.
Эфирге сигналдың берілуі Би-Би-Си-дің орыс қызметінің хабарлауынша,
ұйымдастыру-техникалық себептерге байланысты тоқтатылыпты. Яғни операторлық
лицензияларының мерзімі аяқталғандықтан, хабарлары тоқтатылған. Бірақ жақын
арада басқа жиілікте хабар тарата бастамақ.
BBC-дің бас директоры Марк Томпсон интернетті Би-Би-Си-дің болашағы, -
деп санайды. Оның бұл сөзінің жаны да бар. Бүгінгі күні ешкімнің
интернетсіз күні жоқ. Интернет телеарна, радио, газет-журнал, ақпарат
агенттіктеріне де мықты бәсекелес болып отыр. Ақпаратты басқа БАҚ-тан гөрі
интернеттен білген жылдамырақ.
Қазіргі таңда BBC радиохабарлары 33 тілде беріледі және оларды дүние
жүзі бойынша 163 миллион адам тыңдайды. Марк Томпсон пікірінше, BBC
еуропалық медиа-брендтер ішінде жалпы әлемдік болуға қабілеттілердің бірі.
Тек Ұлыбританияға көрсетуден бастаған BBC-ді қазіргі таңда дүние жүзі
бойынша 250 миллион адам көреді, ал BBC News cайты интернеттегі жаңалықтар
ресурсы ішінде кірушілер саны жағынан алтыншы орында.
Интернеттің жаңалық таратудағы жылдамдығын ескергеннен кейін болар, Би-
Би-Си орыс тілінде де сайт (bbcrussian.com) ашып қойды. Және Би-Би-Си
сайтының бір ерекшелігі, олардың ұраны – Тек қана фактілер. Қорытындыны
өзіңіз жасаңыз. Осынысымен-ақ Би-Би-Си ресейлік сары жаңалықтар
сайттарынан өзгешеленіп тұрады, яғни олар секілді сенсация үшін өтірік,
тексерілмеген хабар таратпайды. Яғни өзін сараптама ақпараттың оқиғаға өз
қатысын білдірмейтін провайдері, жеткізушісі ретінде көрсетеді. Ең алдымен,
өзінің тұрақты аудиториясын қалыптастыруға талпынады.
Қазіргі таңда ақпарат таратуда дүние жүзі бойынша CNN-мен ешқандай
телеарна да, ақпарат агенттігі де бәсекеге түсе алмайды. Жер бетінде CNN
ақпаратын қабылдамайтын ел қалмаған шығар. CNN-нің негізін қалаған
американдық медиа-магнат және мультимиллиардер Тед Тернер. CNN-ді ашу ол
үшін тек авантюра еді, мен тек бұл іс қолымнан келе ме? деп – соны білгім
келген. CNN 1980 жылдың 1 маусымынан бастап хабар таратып келеді. Тәулік
бойы жаңалық таратумен айналысатын арнаны қалтасындағы $25 миллионның
арқасында ашыпты. Басында мен жұмыста түнейтінмін. Алғашында арнаның
шығыны табысынан екі есе артық еді. Несие берген банктер ақшаларын
қайтаруды талап ете бастағанда ғана арнадан пайда түсе бастады, - деп еске
алады Тед Тернер. CNN-ді ірі көп телеарналардың бірі ретінде құруға да
болатын еді, бірақ Тернер болашақты болжай білді. Кабельді телевизияның
келешегі зор екенін сезді. CNN-нің бағы жанған сәті - 1991 жылғы Парсы
шығанағындағы алғашқы соғыс, АҚШ-тың Иракқа шабуыл жасаған кезі, бұнда
әскери қимылдар тікелей эфир арқылы көрсетілген болатын. Бағдатқа шабуылды
CNN журналистері бақылап қана қоймай, камераға түсіріп, бүкіл әлемге
көрсетті. Тернердің өзі де сол кезде Бағдатқа барудан бас тартпапты. CNN-
нің қол жеткізген табыстары үшін қуанамын, - дейді миллиардер. Өзі құрған
және дүние жүзіне танымал болған компанияның қазір өзінің шырқау шегіне
жеткенін, ішкі көрсетілімдерде халықаралық жаңалықтардың мол болғанын
қалайтынын да білдірді. Қазіргі таңда CNN телекомпаниясы құрамында 14 түрлі
ақпараттық кабельдік және спутниктік арналар, 2 радиостанция, 6 интернет-
сайты және 37 шетелдік бюросы бар. CNN жаңалықтары 38 ғарыш спутниктері
сигналы көмегімен беріледі және оны 212 елдегі 1,5 миллиардқа жуық адам
көре алады. Проект за отличные стандарты в журналистике атты қоғамдық
ұйымның мәліметтері бойынша, CNN-нің 2004 жылғы жиынтық табысы 887 миллион
долларды құрапты, оның ішінде 404 миллионы жарнамадан түссе, қалған 337
миллион доллары таза жаңалықтарды таратудан тапқаны.
Араб еліндегі ең танымал теле арна – катарлық Әл-Жазира. Әл-Жазираны
қазір арабтың Си-Эн-Эні деп те атайды. Спутниктік жеке меншік теле арна
Би-Би-Си-дің араб қызметінің бұрынғы қызметкерлері арқасында 1996 жылы
құрылды. Жеке компания теле арна ашу үшін банктен қомақты несие алып, оны
екі-ақ жылда қайтарып берді. Әл-Жазира араб тілінен аударғанда арал
деген мағына береді. Бүгінгі күні телеарна ақпараттық бизнес жеңісі
символының бірі болып табылады. әл-Жазира ақпарат арқасында баюға болатынын
көрсетіп берген теле арналардың бірі. Қазір бұл арна ақпарат кеңістігінде
әлемдік азулы ақпарат агенттіктері мен Би-Би-Си, Си-Эн-Эн сияқты ақпарат
таратумен айналысатын арналарға лайықты бәсекелес болып отыр. Оның
аудиториясы - 90 миллионға жуық адам. Араб тіліндегі арналардан ерекшелігі
бұл арнада цензура жоқ және хабарларын диалектіде емес, әдеби араб тілінде
таратады. 15 елде тілшілер қосыны бар, оның ішінде араб елдерінен басқа,
АҚШ, Ұлыбританияда және Ресейде. Компания ұраны – көремендерге бір оқиға
жайлы мүлде екі түрлі көзқарас, пікірлерді жеткізу. Әл-Жазирадан басқа еш
араб арнасының Израиль мен Палестинада тілшілер қосыны жоқ.
Әл-Жазираның аты Бен-Ладен мәлімдемесін көрсеткеннен кейін әлемге әйгілі
болды. Бір-ақ күнде қарапайым катарлық теле арна алыптар қатарына қосылды.
Әл-Жазираның Мәскеулік бюросының бастығы Акрам Хазамның айтуынша, олардың
әр репортажы мен тікелей эфиріндегі ең басты нәрсе, ақиқат, ал кәсібилік
екінші орында. Телекомпания иелері идеологиялық бақылау жасамайды, олар
ақша құйғаннан кейін тек пайда табуды ғана ойлайды, ешқандай топтың
мүддесін көздемейді. 11-қыркүйектегі лаңкестік әрекеттер мен Ауғанстанды
бомбылау басталғаннан кейін катарлық арна Кабул мен Қандағардан түсірілген
бейнекадрлар арқасында 25 миллион доллар пайда тапты. Ауғанстандағы екі
тілшілер қосыны 1999 жылы ашылған болатын және американдық спутниктік
станциялар өз қосындарын көшіріп әкеткенде, телевизияны мойындамайтын
тәліптермен тіл табысқан әл-жазиралықтар қалып қойды. Оған себеп
тәліптердің ақша құмарлығында ғана емес, олар сыртқы әлеммен байланысты
қамтамасыз ететін бір арнаның болғанын да қалады. Ал бен-Ладеннің
мәлімдемесін берген әл-Жазира болғандықтан, осы арнаға бүйрегі бұрғандары
анық. АҚШ бен-Ладенді көрсеткені үшін бұл арнаға қырын қарағаны рас. Бірақ
әл-Жазира АҚШ-тың онысына пысқырған да жоқ. Акрам Хазам: Американдықтар
бізге неге бен-Ладенді көрсетесіңдер? - дейді. Ол Ауғанстанда кеңес
әскерлеріне қарсы соғысқанда оған АҚШ-та есіктің бәрі ашық еді. Енді бен-
Ладен өздеріне қарсы шығып еді, оны көрсеткеніміз үшін бізге лаңкестікті
насихаттадыңдар деп айып тақпақшы, - дейді. Біз саясаткер емеспіз, біз
журналистерміз, ал кім лаңкес, кім лаңкес емес, онымен саясаткерлер
айналыссын, - дейді.
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Колин Пауэлл Парсы шығанағына барған кезінде
Катардың әмірінен әл-Жазира саясатына ықпал жасауды өтінген екен, шейх
Хамад: жекеменшік компания болғандықтан, қолымнан ештеңе келмейді, - деп
жауап беріпті. Мәскеудегі телеарна бюросының офисі Си-Эн-Эн, А-Эр-Дэ, Эй-Пи-
Ти-Эн орналасқан ғимаратта. Арна Украинада, Орта Азиядағы бұрынғы Кеңес
Одағына қараған республикаларда, Балтық жағалауы елдерінде тілшілер қосынын
ашпақ ойда. Сонымен қатар, жақын арада ағылшын және орыс тілдерінде хабар
таратуды жоспарлап отыр[xiv].
Ресейдің халықаралық РИА Новости ақпараттық агенттігі – Ресей мен
шетелдегі соңғы жаңалықтың беделді, әрі кәсіби көзі. Агенттіктің Ресей, ТМД
және әлемнің басқа да 40 елінде тілшілер қосыны бар. Күн сайын Интернет
және электронды байланыс арналары арқылы РИА Новости қоғамдық-саяси,
экономикалық, ғылыми, қаржылық ақпаратты орыс және негізгі еуропалық, араб
тілдерінде таратады. Веб-сайты: www.rian.ru.
REGNUM ақпарат агенттігі – федералді агенттік. Өз тілшілері мен
серіктестерінің Ресей мен жақын елдер жаңалықтарын Ресейдің барлық
аймағына, Еуропа мен Орта Азия, Кавказ маңы елдеріне таратумен айналысады.
Веб-сайты: www.regnum.ru.
Интерфакс (Interfax Information Services Group) халықаралық ақпараттық
тобы 1990-жылдар басынан халықаралық қауымдастық үшін Ресей мен ТМД елдері
жайлы жедел хабар көзі болып табылады, аталған агенттік хабарларын шетел
баспасөзі жиі жариялайды және әлемдегі жедел ақпараттың жиі пайдаланатын
көзі болып табылады. Қазақстанда да филиалы (Интерфакс-Казахстан) бар.
Қазіргі таңда бұл агенттік ТМД елдерін Еуропа мен Қытай ақпаратымен де
қамтамасыз етіп отыр. Веб-сайты: www.interfax.ru.
Bloomberg ақпарат агенттігі дәл және сенімді қаржылық ақпар таратуда
әлемдік көшбасшы болып табылады. Bloomberg компаниясы 1981 жылы құрылған
және оның ақпарын пайдаланушылар әлемнің 100-ден аса елін мекен етеді.
Bloomberg медиа тобына жаңалықтар қызметі, журналдар, кітап баспасы, радио,
телевизия кіреді.
Washington ProFile - халықаралық ақпараттық-сараптамалық агенттік,
Вашингтоннан таратылатын орыс тіліндегі тәуелсіз ақпарат көзі. Вашингтонда
тілшілер қосынын ұстауға мүмкіндігі жоқ бұқаралық ақпарат құралдарына өз
материалдарын тегін ұсынады, тек ақпаратты таратқанда ақпарат көзін
көрсетулері керек. Көпшілікке дәл және сапалы ақпарат таратуды мақсат
тұтады.
Бұл жоба 2000 жылдың тамыз айында дүниеге келді. Американдық мемлекеттік
те емес, коммерциялық та емес Халықаралық орталық ұйымының орыс
бағдарламасы аясында ашылып, Вашингтон Онлайн деген атқа ие болған еді.
Бірақ орталық мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, жобаны қажетті биікке
жеткізе алмады. 2001 жылдың қыркүйегінде оны құрушы профессор Николай
Злобин бастатқан жобаның қызметкерлерінің басым бөлігі Washington ProFile-
ді өмірге әкелді. 2004 жылдың тамызынан аталған агенттіктің директоры мен
бас редакторы болып Саша Григорьев сайланды. Бұл агенттік жаңалығын әрбір e-
mail пайдаланушы ала алады, ол үшін бар болғаны ақпарат алуға ниет
білдіріп, жазылса болғаны.
Біраз шетел зерттеушілері болашақта жаңалықтар көретін көрермендер саны
жылдан-жылға төмендейтін болады деген болжам айтқан болатын, олардың
айтқандары растала бастағандай, бірақ бұл ақпараттарға қызығушылық
жоғалғандықтан емес, қазір көрермендердің көпшілігі жаңалықты алдымен
Интернеттен білетін болды. Яғни жаңалық таратуда ақпарат агенттіктері мен
телерадиокомпанияларға интернет үлкен бәсекелеске айналды. Тіпті жарнама
жариялаудан да сайттар алдыңғы орындарға шыға бастады. Содан да болу керек,
американдық газет-журналдар интернеттегі жарнамадан газет-журнал
жарнамасының ықпалды екендігін дәлелдемек мақсатпен, өткен жылдың аяғында
ірі жарнама акциясын өткізді.
Шетел журналистикасындағы ғана емес, қазіргі таңдағы әлемдік
журналистикадағы тағы бір мәселе ақпарат бизнесінің қаржылық-өндірістік
капиталмен біте қайнасуы әлемдік журналистиканың даму тенденциясы болып
табылады. Яғни қазір бұқаралық ақпарат құралдары монополиялар, үлкен топтар
қолында шоғырланған. Біреулер өз мүддесіне ғана қызмет етсе, әл-Жазира мен
Си-Эн-Эн секілді ақша табу жолына түсіп алған.
Біз бұл тарауда шетелдің ірі ақпарат агенттіктері мен
телерадиокомпанияларының тарихына, қызметіне ғана тоқталып қана қоймай,
жалпы әлемдік ақпарат кеңістігіндегі қазіргі ағымдар жайлы да сөз еттік,
ондағы мақсатымыз бүгінгі күнгі ғаламдық ақпарат алмасудың жалпы көрінісін
беру болатын.
2. Қазақ тіліндегі электронды бұқаралық ақпарат құралдары және оларға
шетелдік ақпарат агенттіктері материалдарының қажеттілігі.
Кеңес өкіметі боданында болған кезде шетел жаңалықтарын білу өте қиын
болатын. Қарапайым адамдар ол жайлы армандамайтын да. Ал көкірек көзі ашық,
кеңес өкіметіне іштей қарсы жандар тығылып, Азаттықты тыңдайтын. Ал
қалған халық ТАСС пен ҚазТАГ-тың таратқан хабарын місе тұтатын. Ал ТАСС пен
ҚазТАГ өз кезегінде капиталистік лагердегі келеңсіз жағдайлардан ғана
хабардар ететін. Қазір басқа кезең, басқа заман. Еліміз егемендік алғалы
әлемдік ақпаратпен кеңінен сусындау мүмкіндігіне ие болдық. Елімізде газет-
журналдар мен теле-радиокомпаниялар, ақпарат агенттіктері жаңбырдан кейінгі
саңырауқұлақша қаптады. Жалғыз біздің республикамызда ғана емес, бүкіл ТМД
аумағында осылай. Бұқаралық ақпарат құралдарының көбеюі халықтың сапалы,
оперативті хабар алуына септігін тигізуде. Қазақстан Республикасы Мәдениет
және ақпарат министрлігі сайтынан алынған, соңғы, 2006 жылғы 7 сәуірдегі
мәліметтер бойынша елімізде 7092 бұқаралық ақпарат құралдары (олардың
ішінде 2466 БАҚ белсенді қызмет етуде, бұл 2005 жылғы осы кезеңмен
салыстырғанда 17% жоғары), 212 электрондық бұқаралық ақпарат құралдары
тіркелген, шет мемлекеттердің 2392 бұқаралық ақпарат құралдары хабар
таратады, сондай-ақ 2005 жылы KZ доменінде 8556 домендер аты тіркелген.
Жалпы, республикада қызмет ететін бұқаралық ақпарат құралдарының пайыздық
үлесі мен саны бойынша көш басында келе жатқандар Алматы қаласы мен
Оңтүстік облыстар екен. 2005 жылдың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz