Шетел телеарналарында балалар хабарының берілуі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I тарау. Әлемдегі балалар журналистикасының қалыптасуы мен дамуы
1.1 Әлемдегі балалар журналистикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Қытайдағы балалар журналистикасы ... ... ... ... ... ... ... ... .. 19

II тарау. 2. Шетел телеарналарында балалар хабарының берілуі
2.1 Ұлыбритания бұқаралық ақпарат құралдары және балаларға арналған телебағдарламалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
2.2 АҚШ балалар телехабарларының мазмұны мен тәрбиелік мәні ... 40

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 56
СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... .60

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
Журналистика факультеті
Халықаралық журналистика кафедрасы

Шетелдердің балалар журналистикасы

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I тарау. Әлемдегі балалар журналистикасының қалыптасуы мен дамуы

1.1 Әлемдегі балалар
журналистикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Қытайдағы балалар журналистикасы ... ... ... ... ... ... ... ... .. 19

II тарау. 2. Шетел телеарналарында балалар хабарының берілуі

2.1 Ұлыбритания бұқаралық ақпарат құралдары және балаларға арналған
телебағдарламалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
2.2 АҚШ балалар телехабарларының мазмұны мен тәрбиелік мәні ... 40

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 56

СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...59

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... .60
КІРІСПЕ

Журналист - әмбебап мамандық. Бұқаралық ақпарат құралдарының ең басты
қызметі – қоғамдық пікірді қалыптастыру болса, балалардың өмірге деген
көзқарасының қалыптасуына да масс-медианың ықпалы зор екені айқын.
Журналист ең алдымен қоғамға қызмет етуші тұлға. Сондықтан оның еңбегінің
әрбір жемісі адам бойына адамгершілік, имандылық, ізгілік, еңбекқорлықты
сіңіре отырып, ой-өрісін кеңейтіп, эстетикалық танымын дамытуға қызмет етуі
керек. Бүгінгі таңда жастар өмірін теледидарсыз елестету мүмкін емес.
Сондықтан телехабар мағынасыз жасалмауы тиіс. Балалар мен жасөспірімдерге
арналған бағдарламалар жоғары білімділік пен біліктілікті, қоғамдық-саяси
белсенділігін таныта отырып, жастардың үлкен өмірге жолдама алуына
көмектесуі тиіс. Яғни бұқаралық ақпарат құралдарына – газет, журнал,
телевидениеге қоғамның ертеңіне кепіл болатын жас ұрпақты тәрбиелеуде
жүктелер жауапкершілік мол.
Бұл мәселе қазіргі кезде тек біздің елде ғана емес, әлемді толғандырып
отырғаны ақиқат. Жаһандастыру үрдісінде жарқын болашақ үшін әлем лаңкестік,
нашақорлық, түрлі ауруларға қарсы бірігіп күресуде. Осының барлығы дерлік
адам, әсіресе жас ұрпақ психологиясына ерекше әсер етеді. Сондықтан біздің
ғылыми зерттеуімізде негізгі қарастырып отырған мәселе де осыған үндес.
Бұл бітіру жұмысымызда негізгі қарастыратынымыз - шетелдердегі балалар
журналистикасының ерекшеліктері. Осы тақырып аясында жұмыс істей отырып,
біз шетелдегі балаларға арналған телебағдарламалар арқылы өз еліміздегі
балалар бағдарламаларының балалар тәрбиесінде атқарып отырған қызметін
сараптаудан өткізуді ұйғардық.
Балалық шақ күн сайын айналада болып жатқан оқиғаны, құбылысты сол
қалпында немесе жаңаша қабылдау. Туған жерді, Отанды тану осы қабылдаудан
өріс алады. Сондықтан да сәби жүрегіне адам жанының сұлулылығы мен дүниеде
ешбір асыл затқа теңдесі жоқ Ұлы Отан ұғымын қалыптастыру осы кезден
басталады деп жазады ұлы педагог В.А.Сухомлинский. Осы пікірге сүйенсек,
балалар журналистикасында қантөгіс, күш көрсету, қорқыту, ұрып-соғу, ұрлау,
сабау сияқты көріністерді көрсетуге немқұрайдылық танытпауымыз керек.
Балаларды отансүйгіштік пен патриотизмге тәрбиелеу үшін алдымен ата-
аналары, мектеп назар аударғаны жөн. Десек те, осы тұста телевидениенің
рөлі зор. Кез-келген баладан кімге ұқсағың келеді деген сауал қойсаң, олар
ең алдымен шетел фильмдерінің басты кейіпкерлерін атайтыны сөзсіз.
Балалар тәрбиесіндегі кемшілікті біз тек қоғамдық тәрбие беру
орталықтарынан ғана емес, ертегі айтар әже тәрбиесінің азайғанынан да
байқауға болады.
Осыған орай, Біздің балаларымыз – еліміздің және әлем азаматтарының
ертеңгі болашағы. Олар тарихты жасайды. Біздің балаларымыз – болашақ аналар
мен әкелер. Олар да өздерінің балаларын тәрбиелейтін болады. Балаларымыздың
тамаша азамат болып өсулері қажет. Алайда, әңгіме мұнымен бітпейді,
балаларымыз – бұл біздің ертеңгі қарттығымыз. Дұрыс тәрбие – бұл біздің
бақытты кәрілігіміз, нашар тәрбие – бұл біздің болашақ қайғымыз, көз
жасымыз: басқа адамдар алдындағы, ел алдындағы кінамыз болып табылады
1, - деген пікірмен келісуге болады.
Бұл еңбекте шетелдік БАҚ-тың балалар тәрбиесіндегі рөлін сарапқа сала
отырып, өз еліміздегі балалар бағдарламаларының жетістігі мен кемшіліктері
анықталады. Жастардың көзқарасын, белсенді өмірлік бағытын қалыптастырып,
тәрбиелеудегі теледидардың рөлін зерттеудің әлеуметтік және саяси мәні зор.

Бітіру жұмысының құрылымы кіріспеден, 2 тараудан, қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I тарау. Әлемдегі балалар журналистикасының қалыптасуы мен дамуы
1.1 Әлемдегі балалар журналистикасы

XVII ғасырдың ортасына дейін Ресей балалар әдебиеті қалыптасқан жоқ.
Ең алғашқы балаларға арналып жазылған кітап Ян Амос Коменскийдің Мир в
картинках кітабы болғаны тарихтан белгілі. Ян Амос Коменский ұлы педагог
және мектеп ашудың реформаторы балалар түсінігіне арналған әдебиеттің
негізін қалаушы.
Әлемдегі тұңғыш балалар журналы Германияда шыққан Лепциг апталық
листогы (Лепцигский еженедельный листок) (1772-1774) болды. Осыдан кейін
үш жыл өткенде Ресейде Мәскеу қаласында балаларға арналған арнайы мерзімдік
басылым – Жүрек пен ақыл-ойға арналған балалар оқулары (Детское чтение
для сердца и разума) шықты.
Орыс ағартушысы Н. Новиковтың Жүрек пен ақыл-ойға арналған балалар
оқулары журналы жас оқырмандарға арналған отандық басылымдардың негізін
қалады. Ол 1785-1789 жылдар аралығында Мәскеу хабаршысының апталық
қосымшасы ретінде жарияланып тұрды. Журналды шығару барысында Н.Новиков ең
алдымен өзінің ұстаздық және ағартушылық ой-толғауларын жарыққа шығару
мүмкіндігіне ие болды. Редактордың пікірінше балалар журналы жүрек пен
ақыл-ойға қызмет етуі керек, отанның болашақ азаматтарын бала кезінен
бастап мейірімділікке тәрбиелеу арқылы жас оқырмандарға өмір заңдылықтарын
үйретуді қолға алғаны дұрыс деп есептейді. Балалар басылымында
адамгершілік, адалдық, қарапайымдылық пен шыншылдыққа тәрбиелеу идеясы
басты назарға алынуы тиіс. Бұл басылымға энциклопедиялық сипат тән болды,
атап айтқанда: оның беттерінде ғылыми мақалалар, табиғат туралы
әңгімелелер, әр түрлі тақырыптағы мақалалар мен әзіл-сықақтар жарияланып
отырды. Журналдың басты қағидасы – жүрек пен ақыл-ойға қызмет ету арқылы
отанның мейірімді азаматтарын тәрбиелеу болды. Сондай-ақ, И. И. Новиков
балалар тәрбиесі өзінің мүмкін болған деңгейіне жеткенде мемлекетке
пайдасын тигізеді деп санады. Бұл мақсатты ол өзінің журналында да
қолданды. Басылымның ең маңызды сипаты ағартушылық қызметі деп танылды.
Жүрек пен ақыл-ойға арналған балалар оқулары журналының басты
ерекшеліктерінің бірі ретінде қызметкерлерінің аударма әдебиеттерді таңдауы
кезіндегі дұрыс талап қоя білуі мен әдеби таланты еді. Бұл журналдың
редакторларының бірі көрнекті жазушы Н. Карамзин болды, ол өзінің алғашқы
Евгений және Юлия повестін осы басылымда жариялаған. Сонымен қатар,
журнал оқырмандарына Вольтер, Лесинг, Томсон және басқа да жазушылардың
шығармаларын аударып басып отырды. Новиковтың журналы уақыт талабынан шыға
білді. 1849 жылы журнал жайлы Өз уақытына сай қарапайым тілмен берілген
таза, рухани тәрбие ережелері оқырман санасына әсер етіп, жалпы қоғам үшін
аса пайдалы болды деп жазды оқырмандар. С.Аксаков өзінің естеліктерінде
Новиковтың журналы жайлы: Менің балалық санамда осы журналмен танысқаннан
кейін ерекше өзгерістер болды, мен үшін жаңа әлем бейнесі ашылды... Мен
бұрын назар аудармаған көптеген табиғат құбылыстарына жаңаша көзқараспен
қарай бастадым, тіптен мені олар қызықтыра түсті деп жазды. Балалар
оқулары пайда болғанына 60 жыл өткеннен кейін В.Белинский: Балалар!
Новиковтың Балалар оқуларын оқып өскен біз сіздерден бақыттырақ едік деп
еске алды.
Журналға деген сұраныстың көптігі сонша, оны жапқаннан кейін де
жекелеген номерлері кітапша түрінде қайта басылып шығып, сатылып кетті.
Жүрек пен ақыл-ойға арналған балалар оқулары журналынан кейін
(1785—1789) осыған ұқсас басылымдар шыққанымен, олар айтарлықтай
өзгерістерге төтеп бере алмады. Журнал балалар оқуларының міндетіне
сәйкес келді. Ол ең алдымен жас ұрпақтың білімге құштарлығын арттыру
мақсатын көздеді.
Н. Новиковтың журналы балалар басылымының негізін қалап қойған жоқ,
соның бастаушысы болды, XIX ғасыр басында балалар аудиториясына арналған
балалар басылымдары бірінен соң бірі шыға бастады. Атап айтқанда 1807-1815
жылдары М.Невзоровтың Жасөспірімдер мен барлық жастағылардың досы (Друг
юношества и всяких лет) және осыған мазмұндас Н.Ильиннің 1809 жылы
Балалар досы, С.Глинканың 1821-1824 жылдар аралығында Жаңа балалар
оқулары шықты.
Алғашқы журналдарға тән ерекшеліктері: олар ешбір балалар әдебиеті
жоқ кезде және қоғам алдында оны қалай қалыптастыру керек деген маңызды
мәселе тұрған уақытта шықты. Сонымен қатар, халықтың сауаттылығына назар
аудару қажет болды, себебі, ол кезде Ресей балаларының басым көпшілігі оқи
алмайтын еді. Сонымен, біз кімге арнап кітап шығаруымыз керек? - деген
сауал қойды, Жаңа балалар оқулары журналын шығарушы Сергей Глинка. Және
өзі осы сауалға – біз мейірімді әкелер мен аналарға арнап шығарамыз деп
жауап қатты. Біз балаларға арналған кітаптарда балалардың бірінші рет
оқуында түсіне бермейтін, бірақ ақылмен түсіндіргенде олардың көкейіне
қонатындай етіп жазамыз. Оны жеткізу аналар мен әкелерге жүктеледі деп
жазды.
Сонымен, ХІХ ғасырдың орта кезіне дейін шыққан балалар басылымдарының
мазмұны мен құрылымы қоғамдағы өзгерістерге қарай анықталды. Олар айына бір
рет шығатын альманах түрінде болды. 1859 жылы мұндай басылым санының
көптігіне байланысты Н. А. Добролюбов: қазіргі кезде балалар оқуларында
әдебиетімізге тән өзгерістер: яғни журналдар кітаптарды алмастыруда деп
жазды. 2.
Сондай-ақ, 1807 жылдан бастап шыққан Жасөспірімдер досы журналының
балалар басылымының дамуына қосқан үлесі зор. Ол 1813 жылдан бастан
Жасөспірімдер мен кез-келген жастағылардың досы деп атауын өзгертті.
Журналдың шығарушысы Н.И. Невзоров Н.И.Новиковтың ағартушылық идеясын
жалғастырушы болды. Н.И. Невзоров балалардың физиологиялық дене қабілетін
сақтай отырып, олардың рухани дамуын жетілдіруге баса назар аударды.
Журналда сол кездегі танымал авторлардың әңгіме, өлеңдері, повестері мен
тарих, география және басқа да салалардағы ғылыми-танымдылық мақалаларды
жариялады. Десек те, журналда жарияланған материалдардың мазмұны мен стилі
әрқашан педагогикалық талаптарға сай болған жоқ. Кей кездері шығармаларда
оқырманды жалықтыратын материалдар да кездесіп отырды.
Келесі бір танымал журнал 1843-1846 жылдар аралығында жарық көрген
Тәрбиеге арналған кітапхана деп аталады. Оның негізін қалаушы және
редакторы әдебиетші Д. А. Валуев; қызметкелері жазушылар, оқымыстылар мен
ағартушылар: Т. Н. Грановский, Ф. И. Буслаев, И. В. Киреевский және
басқалары еді. Журналдың негізгі материалдары Ресей мемлекетінің тарихы,
өткен ғасыр ескерткіштері және славян халқының тұрмыс-тіршілігіне арналды.
Журналда ешбір суреттер немесе көңіл-көтеретін материалдар болған жоқ,
себебі, редактор жас оқырмандар үшін ең маңыздысы – журналдағы мақаланың
сапалы болуы деп есептеді.
1847 жылы журналға профессор П. Г. Редкий редактор болып
тағайындалды. 1847 — 1849 жылдары журнал Жаңа балалар кітапханасы деген
атпен шықты. Журналдағы материалдардың сипатына қарай ол ғылыми-танымдық
мақалалар жинағына ұқсайтын еді. Бұл Белинскийге өте қатты ұнады және ол
Жаңа балалар кітапханасы балаларды қоғамдағы болмысқа шынайы қабылдауды
үйретеді деген баға берді.
П. Г. Редкий балалар тәрбиесіндегі ғылыми ағартушылықтың негізін
қалады. Ол авторлар мен аудармашылар жұмысына жоғары талап қойды және
ғылыми мақалаларды өзі таңдады. Аз уақыт шықса да журнал балаларға арналған
орыс журналистикасында айтарлықтай үлес қосты. Ғылымды таныту идеясын П. Г.
Редкий кең ауқымды деп санады. Мәселен, Ай туралы, Атлант мұхиты жайлы,
Машиналар туралы танымдық очерктермен қатар, Андерсен ертегілерін,
Илиада мен Одиссеи, Нестеровтың Уақытша жылдар повесті жылнамасын
жариялады. Белинскийдің пікірінше Редкий журналы сол кездегі балаларға
оқуға ұсынатын жалғыз басылым болды.
1858-1862 жылдары балалар мен жасөспірімдерге арналған Подснежник
журналы шықты. Шығарушысы - танымал ақын В. Майков. Бұл басылым сол
жылдардағы балалар басылымы үшін жаңа тыныс әкелді, себебі бұл кезде
көптеген балалар журналдары шығуын тоқтатқан еді. Подснежник реализм
бағытындағы орыс жазушыларының және Шекспир, Андерсен, Бичер Стоу, Гофман,
ағайынды Гриммдердің шығармаларын аударып басты.
60-жылдары балалар журналистикасы аясын кеңейтіп, қалың бұқараға
арнап жаза бастады. Бұған сол кезеңдегі сауаттандыру мен білім беру саласын
жақсарту мәселелерінің қарқынды қолға алынуы себеп болды. Соның нәтижесінде
балалар журналын шығарушылар озық тәжірибелер мен озат ұстаздардың
талабынан шығуға және оқырман балалар санына арттыруға үлкен күш жұмсады.
Жақсы журналдарда белгілі ақындар мен жазушылардың, ғалымдар мен
ұстаздардың еңбектерімен қатар, шетел балалар әдебиетінен аудармалар беріп
отырды.
XIX ғасырдың басында балаларға арнап жазатын кәсіби жазушылар қатары
көбейді. Атап айтсақ: С. Глинка, А.О. Ишимова, А. Зонтаг, В. Бурьянов, П.
Фурман, Б. Федоров және басқалары. Бұл жазушылардың шығармашылығы жас
оқырмандарды әдебиет арқылы жақсылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу құралына
айналды. Сол арқылы олар балалардың білім көкжиегін кеңейтуге ғана емес,
оларды рухани тәрбиелеуге үлкен үлес қосты. Балалар жазушылары жағымды
кейіпкерлерін еңбекқор, ізденімпаз, білімге құштар етіп көрсетсе, жағымсыз
кейіпкерлерін өтірікші, жалқау етіп көрсетеді. Осы мазмұндас шығармаларды
оқыған бала жақсы мен жаманды айыруға үйренеді.
Көптеген балалар жазушылары балаларға арнап журнал шығарды. Ақын,
прозаик, драматург, публицист Сергей Глинка (1776 — 1847) 1819-1824
жылдары аралығында Жаңа балалар оқулары журналын шығарғанын жоғарыда
айтып өттік.
Глинка балаларға арнап он томдық Орыс тарихын, Орыстың тарихи және
ақыл үйретуші повесті, Махабат үлгісін жазып шықты.
С. Н. Глинка балалармен қатар ересектерге арнап Орыс хабаршысы
журналын жариялады. Бірақ біз оның бұл қырын қарастырмаймыз.
Виктор Бурьянов (жазушы Владимир Бурнашевтің бүркеме аты, 1812 —
1888) ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында балаларға арнап патриархалдық
тәрбиені ұстанды. Сонымен қатар, көптеген серуендеу жанрындағы
шығармаларды жазды.
Жазушы, аудармашы Борис Федоров (1798 — 1895) балаларға арнап жаңа
балалар кітапханасы журналын шығарды. Федоров осы журналы арқылы балаларды
діни сенімге, адамгершілікке, жақынын қадірлеуге, мәдениет пен тұрмыс
тіршілікке назар аударуға үйретті. Федоров журналында балаларға арнап
көптеген суреттер беріп отырды. Ол балаларға кітаптағы суреттердің маңызы
зор екенін алғашқылардың бірі болып бағалады.
Б. Федоров балаларға арнап Балалар гүлзары және Балалар
павильоны альманахын шығарып, әр түрлі жастағы балалардың жас ерекшелігін
ескерді. Ол негізінен үлкендермен бірге отырып отбасылық оқуға арналған.
20 жыл бойы шығып тұрған алғашқы жекеменшік журнал А.О. Ишимованың
Жұлдызшасы (1842—1863) болды.
Александра Осиповна Ишимова (1805 — 1881) ХІХ ғасырдың алғашқы
жартысындағы балалар әдебиетін дамытуда ерекше рөлге ие болды.
Жазушының жастық шағы өте қиын өтті. Әкесі жер аударылғаннан кейін ол
білім ала алмады, барлығын кітаптан өзі оқып үйренді. Сонымен қатар,
француз, ағылшын және неміс тілдерін үйреніп, аударма жасап, табыс тапты.
Табиғаттан берілген жазушылық талантының арқасында А.О. Ишимова Балаларға
арналған әңгімелердегі Ресей тарихын жазып шығару үшін алты жыл өмірін
жұмсады. Нәтижесінде ол ең танымал жазушы атағына ие болып, 1842 жылдан
бастап Санкт-Петербургте Жұлдызша журналын, содан кейін 1850 жылы – Күн
нұры (Лучи) (1850—1860) журналдарын шығарды. Екі журнал да қыздарға
арналды.
Н. М. Карамзин өзінің Ресей мемлекетінің тарихын жазып бітіргенде
Ишимова он төртке де толмаған еді, ол пансиондағы оқуын жаңа аяқтаған.
Карамзиннің он томдығын балаларға арнап түсінікті тілмен жазып шығу
Ишимоваға оңай болған жоқ. Ол үшін еңбекті бірнеше рет оқумен қатар, басқа
да тарих тақырыбындағы шығармалармен салыстыра қарастырды.
А.О. Ишимованың балаларға арналған мемлекет тарихы туралы шығармасы
алты бөлімнен тұрды және ол балаларға арналған алғысөзбен басталды. Онда
былай делінген еді: Сүйкімді балалар! Сендер ержүрек батырлар мен
таңғажайып ханшайымдар туралы қызықты әңгімелерді тыңдағанды жақсы
көресіңдер және сендер мейірімді де жауыз сиқыршылар туралы ертегілерді
оқып, көңілдеріңді көтересіңдер. Бірақ, сендерге ертегіден гөрі нағыз
шындықты естіген дұрыс емес пе? Сондықтан мен сендерге ата-бабаларыңның іс
әрекеті туралы айтып бермекпін. Бұл шығарма – балаларға өз отанының тарихы
туралы айтып беруге жасалған сәтті қадам болды.
Бұл шығарма туралы А. С. Пушкин өмірінің соңғы кездері жазған
хаттарының бірінде: Бүгін мен Сіздің Әңгімелердегі тарих еңбегіңізге
кездейсоқ ашып, соңына дейін оқып шығуға мәжбүр болдым. Міне, осылай жазу
керек!, - десе, В. Г. Белинский де жазушының тілі мен жазылу стилінің
қарапайымдылығы туралы оң пікірін білдірді.
Балалар жазушысы А.О.Ишимованың көптеген педагогикалық пайымдаулары
әлі де ескерген жоқ. Мысалы, соның бірі - Еңбекті сүю қажет.
50-жылдардың соңы – балалар журналистикасының гүлденген кезі болды,
ал, 60-жылдары екі бірдей журнал шықты.
Осы жылдары Петербургте - Калейдоскоп газеті шықты. Оның алғашы
бетінде Орта жастағы орыс балаларына арналған күнделікті газет деп
жазылған. 8 беттен тұратын газеттің бірінші номерінде (1 баспа табақ)
Алғашқы танысуға арналған алғысөз түріндегі бірнеше сөз бағдарламасымен
қатар, Тәрбиеші. Сипаттамалы очерк, Кокос ағашы суреттемесі, үш өлең
және ұсақ хабарлардан тұратын Мозаика және шетелдік журналдардан
аудармалар берілді. Жарияланымдарды әр түрлі суреттер толықтырып отырды.
Алғашқы Орыс балаларына арналған газет (1860—1862) ұлы реформалар
алдындағы қоғамдық даму кезіне тап келді. Қазіргі кездегі зерттеушілердің
пікірінше, бұл балаларды жаңаша қоғам талабына сай тәрбиелеу үшін үлкен
сабақ болды.
Калейдоскоп үлкен әдеби шығармаларды жариялаған жоқ. Газет
бетіндегі негізгі жанр – очерк еді. Болған оқиға туралы шынайы жазу, жан-
жақты ашып көрсету жарияланымдардың құндылығын арттырды. Сонымен қоса,
автордан болған оқиғаға баға беру талап етілді. Өмірден алынған материалдар
негізінде публицистикалық сипат танылып, қоғам дамуының шынайылығы көріне
бастады.
Калейдоскоп балалар журналистикасында жаңа тенденцияларды тудырды.
Газет саяси, әлеуметтік мәселелерге аса назар білдірмеді.
ХIХ ғасыр соңында балалар журналистикасы демократияланып, жұмысшы
отбасынан шыққан оқырмандарға арнап жазды. Бұл журналда реалист-
жазушылардың әлеуметтік тақырыпта жазылған шығармалары басылды.
1876 жылдан бастап 1917 жылға дейін Сырласу сөзі балалар журналы
шықты. Мұнда Л. Чарская, К. Лукашевич, Т. Щепкин-Куперник, А. Пчельников
секілді танымал жазушылардың еңбегі жарияланды.
Сырласу сөзінің алғашқы кездері төрт бөлімнен тұрды. Олар:
5-8 жастағы балаларға арналған,
8-12 жастағы балаларға арналған,
12 жастан асқандарға арналған,
Ересектерге арналған отбасы оқулары. 1883 жылдан бастап үлкен
жастағылар мен кіші жастағыларға арналған бөлім жұмыс істеді.
1900 жылы балалар жазушысы А. Федоров-Давыдов үш журнал шығара
бастады: Светлячок (1902—1916), Путеводный огонек (1904—1918), Дело и
потеха (1905—1909). Редактор ең алдымен баланың көңілін көтеруге, сонымен
қоса, өмір сабақтарын ұсынуға, табиғат құбылыстарымен таныстыруға талпынды.
Журналда шығарушының әңгімелері, повестері, ертегі, өлеңдері, сықақтары
жарияланып тұрды. Бұл журнал балалар тарапынан жоғары қызығушылыққа ие
болды. Алғашқы номерінде Д. Мамин-Сибиряк жарияланды 3.
Келесі бір танымал журнал — Ойыншықтар (1880 — 1912) – тек
кішкентай балаларға арналған. Шығарушысы - Т. П. Пассек. 32 жыл бойы шыққан
журнал бетінде танымал жазушылармен қатар жаңадан танылып келе жатқан жас
жазушылар шығармалары да беріліп тұрды. Әрбір номерде ертегілер, әңгімелер,
өлеңдер, белгілі адамдардың өмірбаяны, табиғаттану очерктері шығып тұрды.
Сонымен қатар, журналда Ойыншықтар мен қол еңбегі, Жұмыс үстелінде
айдарларымен қатар, ірі әріптермен жазылған Сәбилерге арналған бөлім
болды.
Әрбір екі апта сайын Светлячок (1902 — 1920) журналы шықты,
редакторы, әрі шығарушысы жазушы А. А. Федоров-Давыдов. Бұл журнал кіші
жастағы балаларға арналған. Жарияланымдарының басым көпшілігі көңіл көтеру
сипатында болғандықтан, демократиялық сынға ұшырады. Журналдың басқалардан
басты ерекшелігі – оның ойындар, ойыншықтар, секілді балалардың өзі
дайындайтын қосымшалары болды.
1906-1912 жылдар аралығында орта жастағы балаларға арналған
Тропинка көркем суретті журналы шығып тұрды. Оны безендіруге И. Билибин,
М. Нестеров, П. Соловьева секілді танымал суретшілер атсалысты. Журнал
бетінде фольклорлық ертегілер, аңыз әңгімелер жарияланды.
Орта және ересек балаларға арналып 1909-1918 жылдары Маяк журналы
шықты. Журналда кішкентай балаларға арналған арнайы бөлім болды. Журналды
редакциялаушы – Л.Толстой идеясын жалғастырушы жазушы И. И. Горбунов-
Осадов. Журналда Л.Толстойдың балаларға арналған шығармаларын жариялады.
Жалпы журналдың демократиялық бағыты соған сәйкес авторларды тартты. Мысалы
журналда Н. К. Крупская (Менің мектептегі алғашқы күнім, Леля және
мен), Демьян Бедный және басқа да авторлар шығармалары жарияланды. Балалар
журналистикасына қосқан жаңалығы журналда Біздің оқырмандардың хаты және
оған берілген жауаптар бөлімі болды.
Уақыт өткен сайын балалар журналистикасы заман талабына бейімделіп,
публицистикалық бағытқа бет бұрды. Журналдарда публицистикалық стиль
кеңінен дамыды.
Осылайша кеңестік дәуір кезінде балалар журналистері бастаған
еңбектері еш кеткен жоқ. Журналдар жаңа дәуірге сәйкес бағыты мен құрылымын
өзгертті. Солтүстік шұғыласы дәстүрі Жаңа Робинзон, Кірпі, Еж,
Чиж журналдары жалғастырса, Қызыл арайды —Барабан және Пионер
жалғады.
Қазіргі кездері балалар журналистикасында жаңару үрдісі байқалады.
Жаңа журналды шығарушылары он сегізінші ғасырдың соңы мен он тоғызыншы
ғасырдың басында негізі қаланған журналдар дәстүрі үлгісінде шығаруда.
Бүгінгі таңда біздің елде балалар басылымдары бұқаралық ақпарат
құралдарының жалпы жүйесінің дербес құрамдас бөлігі болып табылады. Оның
басты ерекшелігі балалар аудиториясының жастық ерекшелігінің ескерілуінде.
Осыған байланысты балалар журналистикасы шынайы өмірді таныту үшін жеке
көркемдік құралдарды, аудиториямен байланыс жұмыс істеудің түрлі формалары
қолданылады.
Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеудің ерекше құралы ретінде
балалар басылымдары балаларға арналған БАҚ-тың басқа да құрамдас
бөліктерімен (балалар телевидениесі, радиожурналистика), сондай-ақ
педагогикалық үрдістерге (білім беру, ғылым, мәдениет) белсене қатысатын әр
түрлі әлеуметтік институттармен бірге жұмыс істейді.
Соңғы жылдары қалыптасқан сапалы жаңа ақпараттық жағдай балалар
журналистикасын да өз мүмкіндігін жаңаша бағалауды, әлсіз және күшті
жақтарын анықтауды талап етті. Қазіргі кездегі балалардың газет-журнал
басылымының қалыптасуы мен дамуы ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында болды.
1986 жылы Жалпыресейлік кітап палатасының деректері бойынша 15 пионер
газеті және 36 балалар журналы болса, 1996 жылы 40 газет және 80 – нен
астам журнал шықты.
Барлық басылымдарға ортақ негізгі түрін анықтаушы фактор өз
аудиториясының сипатын анықтау болды. Жасөспірімдер аудиториясының жастық
ерекшеліктері мен әрбір жастық топтар ерекшелігі балалар басылымының 4
түрін анықтады. Бұл мектеп жасына дейінгі балаларға арналған басылымдар
(Жаңа ойыншықтар, Көңілді суреттер), төменгі сынып оқушыларына арналған
(Ертегілердегідей ойнайық), жасөспірімдерге арналған (Пионерслер
шындығы, Етістік, Пионер, Жас натуралист, жоғары сынып оқушыларына
арналған басылымдар. Редакция жастық ерекшеліктеріне байланысты басылымның
мазмұнын, құрылымын, түрін, көлемін анықтады. 4
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған басылым балаларға қоршаған
орта туралы айтады, жаңа әдеби шығармалармен таныстырады, сөйлеу дағдыларын
қалыптастырады, оқу мен санауға үйретеді. Осы жастағы балалар үшін ең
маңызды тақырыптар негізге алынады.
Кіші сыныптағы балаларға арналған басылым құрылымы күрделілеу, себебі
онда әр түрлі танымдық тақырыптарға арналған бірнеше айдардан тұрады.
Тақырып бойынша басылымдардың әр түрлі болуы аудиторияның
қызығушылығымен тығыз байланысты. Осыған орай, балаларда мектептегі оқу
бағдарламасынан тыс ғылым мен техниканың, әдебиет пен өнердің, тарих пен
археологияның және т.б. қызметіне деген қызығушылықтар пайда болады.
Жоғары сынып оқушыларына арналған басылымдарда адам мен қоғам
арасындағы моральдық және тәлім-тәрбиелік мәселелерді талқылауға арналған
айдарлар көптеп кездеседі.
Нарықтық экономика тұсында балалар басылымы аудиторияның назарын
өзіне аудару үшін өз өнімдерін әр түрлі жас топтарына, яғни мектеп жасына
дейінгі балалар мен төменгі сынып оқушыларына, жасөспірімдер мен жоғары
сынып оқушыларына арнап шығарады. Әрине, жастық шектеулер тез өзгермелі,
сондықтан бір жастан екінші бір жастық топқа өткенде баланың өмірге
көзқарасы бірден басқаша қалыптаса қоймайды.
Балалар басылымдары нарықтық қатынастар жағдайында балалар өмірін
шынайы көрсетуге ұмтылады және сол арқылы аудиторияға танымал болғысы
келеді. Себебі, кез-келген басылымның тағдырын анықтайтын балалар
аудиториясы болып табылатыны шындық. Бүгінгі таңда балаларда өзіне қажетті
ақпаратты алуға, өмірден өз орнын табуға көмектесетін басылымды таңдау
мүмкіндігі бар.
Мақсатты пайдалануы бойынша балалар басылымы негізгі 3 топқа
бөлінеді:
ақпараттық-публицистикалық, мақсаты – қоршаған орта туралы түсінік
беру, қоғамдық пікір қалыптастыру, әлеуметтік, өндірістік және т.б.
мәселелерді дұрыс шешуге ықпал ету;
ғылым, техника, өнер жайлы жазатын, өмірге деген көзқарасты
кеңейтетін және рухани тәрбиеге шақыратын діни басылымдар;
демалыс пен тынығуға, көңіл көтеруге арналған басылымдар.
Сонымен қатар, көркем әдебиет пен эстетикалық тәрбиеге жақын
басылымдардың шағын тобы бар. Алайда, бұл журналдарда әдеби шығармалармен
қатар, тарихты, өнерді насихаттауға орын беріледі. Көптеген балалар
басылымының ұстанатын негізгі қағидасы – көңіл көтере отырып үйрету.
Оларда ойын формасы жиі қолданылады.
Ақпараттық балалар басылымдары сипатына қарай әмбебап, көп тақырыпты,
дәстүрлі және жас тілшілерден құралған.
Әмбебап балалар басылымы қоғам өмірінің барлық саласын қамтыса, ал,
көп тақырыпты басылымдар жекелеген тақырыптарды (білім беру, денсаулық
сақтау, мәдениет, әдебиет, тарих, география, ғылым, өнер, табиғат және
т.б.) жазады. Балалар басылымының тақырыптық ауқымы кең. Дәстүрлі
басылымдар көбінесе кәсіби журналистердің шығармашылығына арналса, жас
тілшілер – балалар шығармашылығынан құралады. Ресейдің қазіргі кездегі
балалар журналистикасына тән ерекшелік жас тілшілер баспасөзінің пайда
болуы, мұнда ақпараттық өнім өндірудің алғашқы кезеңінен соңына дейін,
репортерден бас редакторға дейін балалар өздері жұмыс істейді. Жас тілшілер
баспасөзінің ресми құрылтайшылары, шығарушылары бар және компьютерде немесе
баспада арнайы мамандардың көмегімен шығарылады. Оларға тәжірибелі
журналистер жетекшілік етеді және жас тілшілер басылымын кәсіби деңгейге
көтеруге көмектеседі. Жас тілшілер басылымы – дәстүрлі балалар басылымынан
өзгеше, сондықтан да оны жас оқырмандар қызыға оқиды.
Балалар газеттері кеңестік дәуір жағдайында қарқынды дамыды. Олар
пионер қозғалыстарының жетекшілері, халықтың негізгі бөлігі – жұмысшылар
мен шаруалар балаларының рухын көтеруге қызмет етті. Десек те, көптеген
пионер газеттері шығу кезеңділігі, көлемі, безендірілуі жағынан осыған
дейін шығарылған балалар басылымына ұқсастырып шығарды. Бұрынғы кездегі
балаларға арналған орыс журналистикасының пионерлердің газеттері мен
журналдарын да шығаруға көмектесті.
Пионерская правда — әлемдегі ең таралымы көп ірі газеттердің бірі.
Бұл газетті кезінде Кеңестер Одағында он милиион оқушы аптасына екі реттен
алып отырған. Бұл газет кеңестік балалар басылымының дамуына ерекше ықпал
еткен. Сонымен қатар, балалар газеті мерзімді басылымның бір түрі ретінде
ондаған жылдар бойы қалыптасып, дамыды. Бұл маңызды істі дамыту үшін
сандаған журналистер еңбек сіңірді.
Өте танымал балалар журналының бірі 1923 жылдан бастап шыққан Юный
строитель. Бұл журналды жас ұстаздар тобы шығарған. Журнал бетінде
кеңестік дәуірдің ең мықты жазушыларының шығармалары, ғылыми-танымдық
мақалалар жарияланып тұрды. Кішкентай оқырмандарға арналған бөлімі болды,
ол кейін 1924 жылы жеке Мурзилка журналы болып шықты.
Мурзилка алғашқы номерін ойыншықтар және тағы да басқа ұсақ
мәселелерге арнады. Журналға С. Маршак, А. Барто, К. Чуковский, А.
Гайдардың келуі басылымды балалардың сүйікті досына айналдырды. Журналдың
безендірілуі өте тартымды болды. А. Дейнеки, Е. Чарушина, М. Черемных
секілді танымал суретшілер журнал бетін безендіруге қатысты.
Жас ұрпақтың тәлім тәрбиесіне ерекше назар аударған Ресей балалар
қоры балаларға арналған жаңа басылым шығарды. Бұл Мектептік роман-газета
деп аталды. Газет – гуманитарлық, өте сәнді безендірілген және
жасөспірімдерге арналған. Айына бір рет шығарылады. РФ жалпы және кәсіби
білім беру министрлігі журналды 6-11 сынып оқушыларының сыныптан тыс
оқуларына ұсынды. Журнал 1996 жылғы 1 қаңтардан бастап шығады, әлем
әдебиетінің және отандық әдебиеттің ең озық үлгілері жарияланады. Журналдың
Үлкен өзгеріс деген қосымшасы қазіргі балалар өміріне арналған. Журнал
жасөспірімдер арасында өте танымал.
Сонымен қорыта келгенде, Ресейдегі балалар журналистикасының
қалыптасуы мен дамуы посткеңестік елдердегі балалар журналистикасына ерекше
ықпал еттті. Сонымен, қатар оның әлемдік балалар журналистикасының дамуында
ерекше маңызы бар.
Мәдениеті, діні, тілі, қоғамдық құндылықтарының даму барысы ұқсас
елдердегі балалар бағдарламаларының табиғатын қарастырғанда, сол елдердің
жеке ерекшеліктерін ескерген дұрыс деп ойлаймыз. Себебі, кез-келген
мемлекеттің болашағы – жас ұрпақ болып табылары сөзсіз.
1.2 Қытайдағы балалар журналистикасы

Цинь династиясы кезінде императорлардың мұрагерлеріне арналған арнайы
қолжазбалар болды. Қытайда балаларға арналған ең алғашқы кітап Лю Щюдің
Джун гуо щао ниан деп аталды. Ұлы педагог және мектептің реформаторы Лю
Щю балаларға арналған әдебиеттің негізін қалаушы 5.
Қытайдағы ең алғашқы балалар журналы 1772-1774 жылдары Нандзинь
қаласында шыққан Нань джинь ер тонг бао болды. 1775 жылы Пекинде және
Шанхайда балаларға арналған арнайы мерзімді басылым - Нань джинь ер тонг
бао шықты.
Қытай ағартушысы Хуан Юань юонгтың Щиао ер щу (1785-1789) журналы
жас оқырмандарға арналған балалар басылымының бастауы болды. Хуан Юань
юонг журналды шығарудағы басты мақсаты – ұстаздық және ағартушылық
идеяларды жас ұрпаққа жеткізу деп есептеді. Редактордың пікірінше, балалар
журналы жас ұрпақты жақсылыққа бала күінен тәрбиелеуге атсалысуы керек.
Журнал негізінен ағартушылық сипатқа ие болды және әр түрлі ғылыми танымдық
материалдар жиі жарияланып тұрды.
Хуан Юань юонг журналы ХІХ ғасырдың алғашқы кезеңінде балалар
аудиториясына арналған басылымдардың көптеп шығуына әсер етті. Себебі,
осыдан кейін Щао ниан щу Лан гунг ву (1807-1815) және мазмұны осыған
ұқсас Во де пень юу Джан джунву (1809), Ер тонг щин баоЛю Щао щао
(1821—1824) тәрізді журалдар жарық көрді.
Келесі бір журнал 1807-1815 жылдары шыққан Чинь ниан ренг ю (1813
жылы ол атауын Чинь ниан ренг ю деп өзгертті). Журналда танымал
жазушылардың әңгімелері, өлеңдері, ғылыми-танымдық мақалалары жарық көрді.
1843-1846 жылдары аралығында жарық көрген танымал балалар журналы —
Щуе ли мао (1843 — 1846). Оның шығарушысы және редакторы белгілі
әдебиетші – Дынг фу янь; журналда танымал жазушылар, ғалымдар, ағартушылар:
Канг Ювэй, Лианг Чи чао және басқалары жұмыс істеді. Негізгі материалдары
Қытайдың тарихы, ескерткіштері мен тұрмыс-тіршілігіне арналды.
1847 жылы журналға редактор болып оқымысты Линь Ю танг тағайындалды.
1847 — 1849 жылдары журнал Ер тонг щин бао деген атпен шықты.
Материалдарының сипатына қарай ол ғылыми-танымдық мақалалар жинағына
ұқсады.
1858-1862 жылдары Шао наи шу журналы танымал ақын Сен хаидың
бастамасы бойынша шығарылды.
60-жылдары Қытайда балалар журалистикасына ерекше маңыз берілді.
Журналда атақты ақын-жазушылармен қатар шетелдік классикалық әдебиеттерден
аудармалар берілді.
Осы жылдары Қытайда Ли Юь Таиг Сен хаии Ли Цне Лан секілді кәсіби
балалар жазушылары балалар журналистикасына ерекше еңбек сіңірді.
Қытайда да көптеген балалар жазушылары өздері журнал шығарды. Люь Цнь
Хуа (1776 — 1847) ақын, прозаик, драматург, публицист — 1819 - 1824
жылдары Шин ры тонг бао журналын шығарды. Журнал балалардың әлеуметтік
санасын көтеруге, мәдениет пен әдебиет, өнер мәселелерін тануына арналды.
Пу Тао (1812 — 1888) кәсіби балалар жазушысы. Балаларға арнап
көптеген кітаптар жазған.
Жанг Иун (1809 — 1856) Қытайдағы танымал балалар жазушысы. Ол балалар
нашар кітапты оқығанынан гөрі сауатсыз болғаны артық деп есептейді.
Сондықтан оның шығармалары балалар үшін құнды болып саналды. Балаларға
арнап туған жердің тарихы, батырлары туралы көптеген шығармалар жазды.
Лао Шао (1798 — 1895) аудармашы және жазушы. Ол балаларға арнап Ры
тонг шин бао журналын шығарды. Мазмұны әр түрлі болды, кішкентай
балаларға арналған ертегі, әңгімелерден бастап, сол уақыттың маңызды
тақырыптарын, мәселелерін жазды. Лао Шао жас ұрпақты өз дінін, тілін,
әдебиеті мен мәдениетін құрметтейтіндей етіп тәрбиелеуге шақырды. Ол
балаларға суреттердің тәрбие құралының бірі екенін алғаш бағалаған жазушы.
Қытайдағы ең алғашқы жекеменшік журнал Жанг Ли мен цин цин
(1842—1863) деп аталды. Ол 20 жыл бойы үздіксіз шығып тұрған.
XIX ғасырдың бірінші жартысы Қытай өнерінің шарықтау кезеңі болды.
Осы тұста балаларға арналған кітап, журнал шығару жақсы дамыды. Балалар
әдебиеті ең маңызды мәселеге айналды.
Қытайдағы ең алғашқы балалар газеті Цин иы бао балалар
журналистикасына жаңаша леп әкелді. Газетте саяси, әлеуметтік мәселелер
көтерілген жоқ. Қазіргі кездегі газеттермен салыстырғанда ол газет деген
атауға сай келе бермейтін еді.
ХIХ ғасыр соңына қарай журналдар шаруа отбасынан шыққан балаларға
арнап жаза бастады.
Осы жылдары Шин ры тонг (1876 — 1917) журналы шығып тұрды.
ХХ ғасырдың басында балалар жазушысы Женг шианның ұйымдастыруымен үш
журнал шықты (1902—1916), шао ры (1904—1918), нао шуи ши (1905—1909).
Бұл журналдар балаларға өмірдің өзінен сабақ алуға үйретті. Журналда
табиғаттың тылсым сырлары мен түрлі сканворд, жұмбақтар жарияланды.
Ван жуы журналы тек кішкентай балаларға арналды. Журналдың әрбір
номерінде балаларға арналған ертегілер, әңгімелер, ойындар, т.б. берілді.
Жаңа ғасыр талабына сай балалар басылымдарының да бағыты өзгерді.
Олар негізінен публицистикалық бағытқа көше бастады. Публицистикалық
стильге көшу журналдардың балаларды шынайылықпен таныстыруға көмектсеті.
Осы тұрғыдан алғанда Қытайдағы балаларға арналған Ры тонг бво журналы
ерекше маңызға ие болды.
Осылайша балалар басылымдары Қытайда өмір талабына қарай өзгеріп,
дамып отырды. Ол негізінен жас ұрпақты жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеу
құралына айналды.
Бүгінгі таңда Қытай балалар журналистикасының өрлеу, кемелдену шағы.
Жаңадан шығып жатқан балалар журналының шығарушылары ХХ ғасырдағы балалар
журналистикасының озық үлгілерінен сабақ алады 6.
Қазіргі кезде Қытайдағы балалар журналистикасы жалпы бұқаралық
ақпарат құралдары жүйесінің бөлінбес бөлшегі болып табылады. Оның басты
ерекшелігі балалар аудиториясының жастық ерекшелігіне басты назар аударуы
арқылы анықталады. Осыған орай, балалар журналистикасы балалар
аудиториясының ерекшелігіне, талабына қарай ең маңызды ақпараттарды ұсынуға
бағытталған.
Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеуші жүйенің маңызды бөлшегі
ретінде балалар басылымдары бұқаралық ақпарат құралдарының басқа да
түрлерімен (балалар ТВ, радиожурналистика), әр түрлі әлеуметтік
институттармен тығыз байланыста жұмыс істейді.
Ақпараттық ғасыр талабына сәйкес ақпарат сапасын жақсарту соңғы
жылдары балалар журналистикасының да өз бағытын анықтауға көмектесті.
Қазіргі кезде Қытай ақпараттық технологияларды игеру мүмкіндігіне
ерекше назар аударуда. Интернет, сандық технологиялар Қытайдың ірі
қалаларында қарқынды түрде дамуда. Жаңа ақпараттық технологияларды
пайдалана білу жас ұрпақты бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеудің бір құралы
болып табылдаы.
Сондықтан да Қытайда балаларды кішкентай кезінен бастап жаңа
ақпараттық технологияларды қолдануға үйрете бастайды. Балалардың
телевизиялық бағдарламалары білім беру жүйесінің қосымша құралы. Жергілікті
телеканалдар жастар өмірі туралы хабарлар беруге мүдделі. Алайда, бұл көп
жағдайда қаржылық қиыншылықтарға байланысты мүмкін болмайды. Сондықтан
жергілікті телестанциялардың орталықтанған балалар телестудиясымен бірге
жұмыс істеуі маңызды.
Телевидениенің жасөспірім психологиясына ерекше әсер ететіні белгілі.
Қазіргі кезде Қытайда CCTV телеарнасы балаларға арналған көңіл көтеру
каналы болып құрылған. 2004 жылғы 31 желтоқсанға дейін ол Пекинде, Шанхайда
және Қытайдың 296 провинциясына хабар таратқан. 18 провинцияда және 5
уездік қалада балаларға арналған көңіл көтеру арналары ашылды. Қытайдың
провинциялары мен уездік қалаларынан басқа Пекин, Гуандун, Тиендзин,
Сычуан, Шанхай, Дзянсу, Хайнан, Чунчинь, Хэбей, Нандзин, Ханджоу және т.б.
ірі қалаларында балалар хабарлары таратылады. Негізгі мақсаты алаларды
салауатты өмір салтына баулу және кәмелеттік жасқа толмаған балалар
арасында мәдениетті және білімді орта қалыптастыру 7.
Қазіргі балалар телевидениесі балалар талантын таныту мен дамыту және
болашақ тележурналистерді дайындау құралына айналуда. Балалар
журналистикасы демократия құндылықтарын, гуманизмді, адам құқын
насихаттауға бағытталған ұжымдық әлеуметтік-маңызды қызмет атқаруда.
Сондықтан да балалар журналистикасы жастар мен жасөспірімдер ұйымдары үшін
қоғаммен сұхбаттасудың бір жолы болып табылады.
Балалар телевидениесі осы бағдарлама аясында балалар мен
жасөспірімдердің әлеуметтік тәжірибесі саласы ретінде мәдени, рухани,
танымдық және әлеуметтік тәжірибе жинақтайды.
Бағдарламаның мақсаты:
1. Азаматтық ұстанымы белсенді шығармашылық тұлғаны қалыптастыру.
2. Тележурналистика негіздерін үйрету.
Бағдарлама міндеттері:
1. Баланың азаматтық қоғамдағы тұлға ретінде қалыптасуы үшін білімді
орта қалыптастыру.
2. Телевизиялық шығармашылық арқылы баланың шығармашылық қабілетінің
дамуына жағдай жасау.
3. Тұлға ретінде интеллектуальдық, коммуникативтік қабілеттерін
дамыту. 
4. Тәрбиеленушінің жалпы ой өрісін кеңейту.
5. Өз көзқарасын, пікірін анықтау, шешім қабылдау және сол шешімге
жауапкершілікті сезіну қабілеттерін дамыту.
Бағдарлама кешенді сипатқа ие және бірнеше элементтерден құралған:
телевидение негіздеріне оқыту: тележурналистика, операторлық
шеберлік, бейнемонтаж;
телевизиялық шығармашылық үрдіске қатысу барысында тұлғаның
творчестволық, коммуникативтік қабілетін дамыту;
балалардың өзін өзі басқару ұжымының әлеуметтік-маңызы бар қызметіне
қатысу.
Бағдарлама білім беру қызметінің түрлі формаларын қарастырады:
үйрету семинарлары;
шеберлік - сыныптары;
тақырыптық лагерлер мен жиындар;
Интернеттегі тақырыптық ресурстармен өз бетінше танысу;
телевизиялық сюжет жасау және талдау, қателерін түзету;
телевидение мүмкіндігін пайдалану арқылы әлеуметтік жобалар жасау
және оны жүзеге асыру.
Бағдарлама қатысушылардан көп уақытты және өз бетімен көп жұмыс
істеуді талап етеді. Балалар телебағдарламаларын жасау қызметі тәжірибелік
жұмыстарға көп уақыт жұмсайды. Бағдарламаға тән ерекшелікке байланысты
аптасына 9 сағат бөлінген оқу топтарын құру көзделген. Сондай-ақ жекелеген
тақырыптар бойынша техникалық қамтамасыз ету мүмкіндігіне байланысты шағын
топтар ұйымдастырылуы мүмкін.
Ше шенг диан ши шығармашылық жобасы.
Мектептерде жаңа ақпараттық технологияларды енгізу оқу үрдісінің
сапасын жақсартуға және ақпараттық-білім беру ортасын құруға мүмкіндік
жасайды. Бұл қызметті Қытайда жалпы мектептік "шие шенг диан ши" жобасы
жүзеге асырады.
Кез-келген телевидение құралы шынайылықты көрсету болып табылады.
Шынайы бейне бұл естуге және көруге болатын интеллектуальдық өнім. Білім
берудің мақсаты да шынайы өмір бейнесін таныту – білім беру және моральдық,
тәрбиелік құндылықтарға баулу. Мектепте алынған білімнің шынайы өмір
көріністерін танытуы үшін білім беру мен телевидениені байланыстыруға
болады ма? Әрине болады. Қазіргі кезде Қытайда көптеген мектеп оқушылары
мектептің телестудиясы жұмысына белсене атсалысады. Мектеп телевидениесі
балалардың шынайы өмір бейнесін өз творчестволары арқылы танытуға мүмкіндік
береді.
Шие шенг диан ши оқыту-педагогикалық міндеттерді шешуді қамтамасыз
ететін интерактивті виртуалдық білім беру аясын құруды мақсат етеді. "Шие
шенг диан ши" жобасы Қытайдың балалар журналистикасының жаңа ғасыр талабына
сай бейімделуін аңғартады. Себебі, бұл жоба бағдарламалары оқушыларға
мектепте алған білімдерін қосымша материалдармен толықтыруға, білім сапасын
жақсартуға үлкен үлес қосары сөзсіз.
Мектеп телевидениесінің оқу бағдарламасының тақырыптары:
"иоу ры" жобасы (ең кішкентай балаларға арналған бағдарламалар,
балалардың өздері түсірген мультфильмдер) - 5%;
"шие шао шенг хуо" жобасы (Эфирден берілетін телесабақтар) - 40%
"шие шенг диан иенг" жобасы – (Көркем киноклассика, фильмдер,
қойылымдар, тарих, өнер, табиғат, саяхат, әр түрлі елдердің салт-дәстүрлері
туралы фильмдер) - 10%
"уо мен ды минг шинг" жобасы (Оқушылар шығармашылығы) - 10%
" шие шао шин вен" жобасы – 5%
"вен хуа иу фенг су" жобасы – 5%
"ры тонг шенг хуоi" жобасы– 5%
"бо бао" жобасы (Мектептегі публицистикалық диспуттар) - 5%
"жи ли иой си" жобасы (Мультимедиялық театр) - 5%
"жонг шеи шенг" жобасы – Ұстаздарға арналған бағдарлама. Компьютерлік
технологиялар және мектеп пәндерін жаңаша оқыту әдістері - 5%
"да шеи шенг" жобасы – ЖОО түсушілерге арналған бағдарлама - 5%.
Қытай халқының саны бойынша әлемде ең бірінші орынды иеленеді,
сонымен қатар, балалар саны жағынан да алдыңғы орында және болашақ Қытай
мемлекеті мен халқының болашағы бүгінгі балалар. Сондықтан әрбір журналист
саясат, экономика, зиялы өмір мәселелерін айта отырып, балалар туралы
ұмытпауы керек деп есептейді. Ол балалардың білімі мен өмірі мәселелеріне
ерекше назар аударып, сондай-ақ балаларда өздеріне деген сенім қалыптастыра
білуі керек.
90-жылдардан бастап ЮНИСЕФ балалардың БАҚ қызметіне араласуына
айтарлықтай назар аударды. 1996 жылға дейін мұндай БАҚ саны 2000 – нан
асты, олардың алға қойған мақсаты – бүгінгі таңдағы жағдайды түбегейлі
өзгерту. АҚШ, Ұлыбритания және Жапонияда мұндай ұйымдар СЕ — Children's
Express деп аталады. Бұл ұйым 8-18 жастағы балалардан құралған. 1975 жылы
New York – та құрылды, ұрандары - 'by children for every baby, it's not 'by
children for children'. Қытайдың жастар газеті кішкентай журналистерге
арнап құрылды, қазір ол агенттіктің ел аумағында жергілікті газеттері мен
телекомпаниялары бар.
Бағдарламалардың барлығы дерлік балалардың өз еңбектерімен дайындалды
және ол балалар аудиторияларына арналған. Сондықтан редакторлар мен
режиссерлардың алдына қойған міндет – осы бағдарламаларға балаларды
қызықтыру және оларға қуаныш силау 8.
1996 жылы Шанхайда балаларға арналған алғашқы телехабар шықты. Басты
ерекшелігі балаларға арналған хабарлардың Щиао Щиао кань хинвен (балалар
жаңалық көреді) берілуі еді, хабар өте қарапайым түсінікті тілмен және
кішкентай телекөрермендерді қызықтыратындай болып жасалды. Бұл тек Шанхайға
ғана емес Қытай ұшін айтарлықтай оқиға еді. Басқаша айтсақ, бұл жаңалық
телевидениенің ақпараттық және ғылыми танымдық қызмет аясын кеңейтті. Бұл
жобаның кемшілігі, хабарға балалардың қатыстырылмауы еді, барлық ақпарат
ересектер көзқарасымен берілді. Десек те, бұл ақпарат балалар үшін өте
пайдалы және қызықты. Хабардағы мультфильмдердің өзі ересек ертегілердің
желісі арқылы түсірілген және ересек адамдар дауысымен берілген 9.
Осыған орай, егер біз балаларды телехабарларға қатыстырмасақ, оларды
толғандыратын мәселелерді қалай білеміз деген сауал туындады.
1997 жылы эксперимент ретінде Джеджан провинциясының жергілікті
телестанциясы арқылы Балалар бағдарламасын көрсетті. Бұл бағдарлама
балалардың өмірі мен оқу үрдісіне арналған, ең бастысы бағдарлама
дикторлары мен тілшілері балалардың өздері болды. Бұл балаларға арналған
басқа да хабарлардың жасалуына негіз болды. Бағдарламада мектеп өмірі,
мәдени іс шаралар туралы ақпарат берді. Алайда, журналистика өнері арнайы
білім алуды талап ететіндіктен, эфирді сапасыз өнімдер көбейіп кетті. Әрбір
баланың телевидениеге түскісі келді, бұл басшылықты қатты алаңдатты.
Сонымен Балалар бағдарламасы жабылуға мәжбүр болды. Ересектердің
көмегінсіз балалар бағдарламасын жасау мүмкін емес екені түсінікті болды
10.
Қазіргі кезде балалар журналистикасында бірнеше мәселе бар:
біріншіден, балалар бағдарламалары ересектерге арналған хабарлармен бірдей
сұранысқа ие болады ма?
Екіншіден, кішкентай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Рахат» телеарнасының кәсіби деңгейі
Қaзaқ өнерінің телевизиядa нacиxaттaлуы
Телебағдарламадағы журналистің позициясы
Теледидардың бала психологиясына әсері
Қазақстан телеарналарында сөз жанрларының прагмастилистикасы
Жастардың интеллектуалды деңгейін арттырудағы телебағдарламалар рөлі
Экрандағы бейне мен сөздің үйлесімі, телеарналар ерекшелігі
Ток - шоу тікелей эфир арқылы миллиондаған көрермен жинай алатын бағдарлама
«Қазақстан» және «Хабар» телеарналарындағы адамзатқа тән құндылықтарды насихаттайтын бағдарламалардың шығармашылық сипаты
Қазақстан ұлттық телеарнасы мен тәуелсіз КТК, НТК, 31 телеарналарындағы бағдарламалардың өзіндік ерекшеліктері
Пәндер