Іс жүргізудің мерзімдері


Пән: Кеден ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

КІРІСПЕ
3
КІРІСПЕ: 1. Іс жүргізу құқығы жалпы сипаттама
3: 4
КІРІСПЕ: 1. 1 Сот жүйесі
3: 5
КІРІСПЕ: 1. 2 Адвокаттың міндеттері
3: 11
КІРІСПЕ: 1. 3 Кеден органдарының құқықтары
3: 22
КІРІСПЕ: 1. 4 Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары
3: 25
КІРІСПЕ: 2. Іс жүргізудің мерзімдері
3: 33
КІРІСПЕ: 2. 1. Қылмыстық үрдіске қатысушылар
3: 38
КІРІСПЕ: 3. Дәлелдемелер және оның түрлері
3: 41
КІРІСПЕ: Қорытынды
3: 43
КІРІСПЕ: Қолданылған әдебиеттер
3: 44

Кіріспе

Заң ғылымдарында құқық нормаларын материалды және іс жүргізу деп екіге бөлу қалыптасқан. Материалды құқық нормалары материалды құқықтық нормаларды құқық бұзушылықтан қорғаудың тәртібін қалыптастыратын құқықтық қатынастардың мазмұны мен іс жүргізу нормаларын реттейді. Іс жүргізу нормалары қылмыс және басқа да құқық бұзушылық жасалған, өздерінің құқықтары мен міндеттері туралы түсіністікке келе алмай сотқа жүгінетін сияқты қатынастардың барысында туындайтын, арнайы құзыретті органдар іске асыратын құқық қолдану түр пішінде көрінетін құқық қорғау үрдісін реттейді. Барлық іс жүргізу нормалары құрамына қылмыстық іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу және екі материалды: конституциялық және әкімшілік іс жүргізу нормалары кіреді.

Мемлекеттің міндеті мен қызметі қоғам өмірінің көптеген салаларын қамтиды. Солардың арасында аса маңызды міндеттердің қатарына жататын іс құқықтық тәртіп пен заңдылықты, адамдардың құқығын, бостандығын, мемлекеттік және мемлекеттік емес бірлестіктердің, еңбек ұжымдарының мүдделерін қорғау, қылмыспен күресу. Бұның барлығы іс жүргізу құқығы саласына жатады. Сондықтан, іс жүргізу құқығында құқық қолдану іс-әрекеті құқық қорғау органдарының көмегімен іске асырылады.


1. Іс жүргізу құқығына жалпы сипаттама

Құқық қорғау органдары құқық қорғайтын және қоғамдық тәртіп пен құқықтық тәртіпті, заңдылықты қорғауды қамтамасыз ететін органдарға бөлінеді. Мысалы нотариус, адвокатура, сот т. б. сияқты органдар құқық қорғау органдарына жататындықтарымен олар қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етумен айналыспайды. Ондай органдарға ең алдымен полиция және ішкі істер органдарының ішкі әскер, патрульдік қызметтегі секілді, қоғамдық тәртіпті сақтау үшін құрылған бөлімдер жатады. Құқық қорғау органдарының қызметтеріне:

1) конституциялық бақылау;

2) әділ соттылық;

3) соттардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;

4) прокурорлық қадағалау;

5) қылмысты анықтау және тергеу;

6) заң көмегі және қылмыстық іс бойынша қорғау сияқты іс-әрекеттер жатады.

Құқық қорғау органдары жүйесіндегі маңызды орын алатын мемлекеттік органдардың бірі соттар. Сот әділеттілігін іске асыра отырып соттар, жаза тағайындау, жазадан босату т. б. сияқты шешімдер қабылдай отырып, құқықты қолданып, өзінің биліктік құзыретін жүзеге асырып, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін анықтай отырып, олардын мүдделерін, әділ, заң арқылы қорғауға тиіс орган. Адамдар қажет болғанда әділдік үшін сот төрелігіне жүгінеді.

Қазақстан Республикасында сот билігі тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртіппен қылмыстық сот ісін жүргізуге тартылған алқа заседательдері арқылы соттарға ғана тиесілі. Сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Соттың ерекше өкілеттігін басқа органдарға беруді көздейтін заң актілерін шығаруға тыйым салады. Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкілеттігін немесе сот билігі қызметтерін иеленуге құқығы жоқ.

Сот ісін қарау тәртібімен қаралуға тиіс өтініштерді, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды. Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етеді.

Әркімге мемлекеттік органдардың ұйымдардың, лауазымды және өзге де адамдардың Республиканың Конституциясында және заңдарында көзделген құқықтарға, бостандықтар мен заңды мүдделерге нұқсан келтіретін немесе оларды шектейтін кез келген заңсыз шешімдері мен іс-қимылдарынан сот арқылы қорғалуға кепілдік беріледі.

Ешкімді де оның ісін заңның барлық талаптары мен әділеттілікті сақтай отырып құзыретті, тәуелсіз және алаламайтын соттың қарау құқығынан айыруға болмайды. Сот билігі азаматтық қылмыстық және заңда белгіленген өзге де сот ісін жүргізу нысандары арқылы жүзеге асырылады.

Судьялар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция мен заңға ғана бағынады. Судьялардың мәртебесі мен тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін заңдарды немесе өзге де нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға жол берілмейді.

Сот төрелігін іске асыруда сот қызметіне қандай да бір араласуға жол берілмейді және заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді.

Сот шешімдері мен судьялардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезіндегі талаптарын барлық мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары, жеке және заңды тұлғалар орындауға міндетті. Сот шешімдері мен судьяның талаптарын орындамау заңмен белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.

  1. Сот жүйесі

Қазақстан Республикасының сот жүйесін еліміздің Жоғарғы Соты мен жергілікті соттар құрайды. Қандай да болмасын атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол берілмейді. Жергілікті соттарға мыналар жатады:

1) облыстық және оларға теңестірілген соттар (Республика астанасынын қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары, мамандандырылған сот - Қазақстан Республикасы Әскерлерінің Әскери соты және басқалар) ;

2) аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық, ауданаралық, мамандандырылған сот - гарнизонный әскери соты және басқалар) . Республикада заңға сәйкес мамандандырылған (әскери, экономикалық, әкімшілік, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және басқа) соттар құрылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жалпы юрисдикция соттарының қарауына жатқызылған азаматтық қылмыстық және өзге істер бойынша жоғары сот органы болып табылады, заңда көзделген іс жүргізу нысандарында олардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады және сот практикасының мәселелері бойынша түсіндірмелер береді.

Жоғарғы Сот Төрағадан, алқа төрағаларынан және судьялардан тұрады. Жоғарғы Сот судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді. Жоғарғы Соттың органдары мыналар:

1) қадағалау алқасы;

2) азаматтық істер жөніндегі алқа;

3) қылмыстық істер жөніндегі алқа;

4) соттың жалпы отырысы.

Жоғарғы Соттың жанынан ғылыми-консультациялық кеңес және баспа органы құрылады.

Соттардың ұйымдастырылуы, құрылымы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы «Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен, соттардың қызметтері, құзыреттері, жұмыс барысындағы құқықтары мен міндеттері қылмыстық, азаматтық және әкімшілік іс жүргізу кодекстерімен реттеледі.

Прокуратура - Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының және өзге нормативтік құқықтық актілердің дәл және бірыңғай қолданылуына, жедел-іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентіне есеп беретін мемлекеттік орган. Прокуратура кез келген заңдылық бұзушылықты анықтау және жою жөнінде шаралар қолданады, Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен өзге де құқықтық актілерге наразылық жасайды, сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді, сондай-ақ заңда белгіленген жағдайларда тәртіп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы прокуратурасын ұйымдастыру, оның қызметінің тәртібі және прокурорлардың өкілеттігі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы заңымен, заң актілерімен, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттармен сондай-ақ Республика Бас Прокурорының бұйрықтарымен айқындалады.

Қазақстан Республикасының прокуратурасы төменгі прокурорлар жоғары тұрған прокурорларға және Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына бағынатын органдар мен мекемелердің біртұтас орталықтандырылған жүйесін құрайды.

Прокуратура мемлекет атынан:

1) Конституцияның, Заң актілерінің және Республика Президенті актілерінің бұзылуын анықтап, оларды жою шараларын қолданады;

2) жедел-іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына қадағалауды жүзеге асырады;

3) сотта мемлекет мүддесін білдіреді;

4) Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін зандарға және басқа да құқықтық актілерге наразылық жасайды;

5) заңда белгіленген тәртіп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады;

6) статистикалық көрсеткіштердің тұтастығын, объективтілігін және жеткіліктілігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастырады, арнайы есепке алуды жүргізеді, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады. Прокурорлық қадағалау тексерістер жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

Заңдардың қолданылуына тексерісті прокурор өз өкілеттігі шегінде тексеріс жүргізу туралы қаулы шығарылғаннан кейін:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсыруына;

2) заңды бұзушылық туралы өтініштерге, шағымдарға, хабарларға және басқа да мәліметтерге;

3) заң бұзушылық белгілерінің тікелей анықталуына;

4) жоғары тұрған прокурордың тапсыруына және сұрау салуына байланысты жүргізеді.

Заңдардың қолданылуын тексеру бір ай мерзімнің ішінде жүргізіледі. Тексерісті тағайындаған прокурор жоғары тұрған прокурордың келісімімен оны жүргізу мерзімін ұзарта алады.

Прокуратура органдары заңдарда белгіленген тәртіппен заң бұзушылық туралы арыздарды қарай келіп, адамның және азаматтың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуын жою, бұзылған құқықты қалпына келтіру шараларын қолданады. Егер адам бойындағы, психикасындағы немесе өзге де кемістіктері салдарынан өз құқықтарын қорғауды жүзеге асыра алмайтын болса, прокурор оны қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қолдануға міндетті. Прокуратура органдары заңда белгіленген тәртіппен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекеттің мүдделерін қорғау жөнінде өздеріне жүктелген міндеттерді орындамайтын лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту шараларын қолданады. Прокуратура органдарына қол қойылмай жазылған арыздар тексерілмейді, бірақ прокурор азаматтың мүддесі тұрғысында ақпарат көзін жария етпеуге хақылы.

Қазақстан Республикасының прокуратурасы органдарының тұтас жүйесін Бас прокуратура, облыстардың прокуратуралары, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының прокуратуралары, ауданаралық, аудандық, қалалық және соларға теңестірілген әскери және мамандандырылған прокуратуралар құрайды.

Қазақстан Республикасының Бас Прокурорын Парламент Сенатының келісімімен Республика Президенті бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Республика Бас Прокурорының бірінші орынбасары мен орынбасарларын Бас Прокурордың ұсынуы бойынша Республика Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

Облыстардың прокурорларын және оларға теңестірілген прокурорларды, әскери прокурорларды, олардың орынбасарларын, аудандардың, қалалардың прокурорларын және оларға теңестірілген прокурорларды қызметке Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры тағайындайды және қызметтен босатады.

Прокуратураның құқықтық актілерінің жүйесін:

1) прокурорлық қадағалау актілері: наразылық, қаулы, ұйғарым, өтініш, санкция, нұсқау, ұсыным, заңға түсіндірме;

2) Прокуратураны ұйымдастыру және оның қызмет мәселелерін реттейтін актілер: бұйрықтар, нұсқаулар, үкімдер, ережелер, нұсқаулықтар құрайды.

Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары еліміздің заңдарына сәйкес анықтау, алдын ала тергеу мен жедел іздестіру қызметін, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қылмыстық және өзге де заңға қарсы қол сұғушылықтардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі атқарушылық және өкім етушілік міндеттерін жүзеге асыратын арнайы мемлекеттік орган болып табылады.

Ішкі істер органдарының міндеттері:

1) қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті, соның ішінде төтенше немесе әскери жағдай ахуалында қамтамасыз ету;

2) қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, қылмыстарды ашу және тергеу, сондай-ақ қылмыскерлерді іздестіру;

3) заңдарда белгіленген өздерінің құзыреті шегінде алдын ала тергеу, анықтама мен әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асыру;

4) әкімшілік жазалауларды орындау;

5) әкімшілік жолмен қамауға алынғандарды ұстау орындарында құқық тәртібін қамтамасыз ету және адамдарды ұстау режимін сақтау;

6) кәмелетке толмағандардың қараусыздығы мен құқық бұзушылығын анықтау және тыю;

7) қажет болған жағдайларда мемлекеттік өрттен қорғау қызметі органдарына өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жәрдем көрсету;

8) жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекеттік қадағалау және бақылау;

9) мемлекеттік және өзге де объектілерді, жеке адамдарды күзету, қамауға алынғандар мен сотталғандарды айдап апару, терроризм актілерінің жолын кесуге, кепілге алынғандарды босатуға қатысу;

10) виза беру жұмысын жүргізу, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібін сақтауын бақылау;

11) соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс жүйесінде жекелеген міндеттерді орындау;

11-1) өзге мемлекеттік органдармен бірлесіп, оның ішінде төтенше жағдайлар кезінде карантиндік, санитарлық және табиғат қорғау шараларын жүргізуге қатысу, табиғат қорғау органдарына сұғанақ аңшылыққа қарсы күресуде жәрдем көрсету;

11-2) Қазақстан Республикасының зандарына сәйкес лицензиялық және рұқсат етушілік қызметті жүзеге асыру;

11-3) Қазақстан Республикасының айрықша маңызды және айрықша режимді объектілерінде, аумақтарында режимдік және күзет шараларын жүзеге асыру;

12) ішкі істер органдарының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

13) есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және олардың заңсыз айналымы мен оларды теріс пайдалануға қарсы іс-әрекет жасау болып табылады.

Ішкі істер органдарының қызметі заңдылық, дара басшылық, ішкі істер органдары жүйесінің бірлігі, жариялылық, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара іс-қимыл жасау қағидаттарына негізделіп жүргізіледі.

Ішкі істер органдарының біртұтас жүйесін Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - Ішкі істер министрлігі), оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының, көліктегі оған бағынатын ішкі істер департаменттері, қалалық, аудандық, қалалардағы аудаңдық, поселкелік, желілік ішкі істер органдары, ішкі әскерлер, оқу орындары, мекемелер және өзге де ұйымдар құрайды.

Ішкі істер органдарының құрамында криминалдық полиция, әкімшілік полиция және полицияның өзге де қызметтері, сондай-ақ ішкі істер министрлігінің әскери құрылымдар мәртебесі бар әскери-тергеу органдары мен әскери полициясы құрылады. Криминалдық, әкімшілік және өзге де полиция қызметтерінің бөлімшелерін, сондай-ақ ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдары мен әскери полициясын құруды, қайта құруды және таратуды Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі жүзеге асырады.

Криминалдық, полицияның негізгі міндеттері қылмыстарды анықтау, оның алдын алу, жолын кесу, оны ашу және тергеу, ішкі істер органдарының жүргізуіне жататын қылмыстар туралы істер бойынша анықтама ісін жүргізу, тергеуден, анықтамадан және соттан жасырынған, қылмыстық жазаны өтеуден жалтарған, хабарсыз кеткен және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де жағдайларда адамдарды іздестіруді ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылады. Криминалдық полицияны жедел-іздестіру, тергеу, ғылыми-техникалық және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне тікелей бағынатын, оның алдында тұрған міндеттерді шешу үшін қажетті өзге де бөлімшелер құрайды.

Әкімшілік полицияның негізгі міндеттері қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстар мен өкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, оның алдын алу және жолын кесу, қылмыстарды ашу, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыретінің шегінде анықтама мен әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асыру, ұсталған және қамауға алынған адамдар, оның ішінде белгілі бір тұратын жері, құжаттары жоқ адамдар ұсталатын жерлерде құқық тәртібін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекеттік қадағалау және бақылау жасау, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ішкі істер органдарына жүктелген лицензиялау мен рұқсат ету қызметін жүзеге асыру болып табылады.

Әкімшілік полицияны полицияның учаскелік инспекторлары мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторлар қызметтері, сақшылық қызмет, лицензиялық және рұқсат ету жүйесі, табиғат қорғау және мал дәрігерлік полиция, жол полициясы бөлімшелері, ішкі істер органдарының арнаулы мекемелері және әкімшілік полицияның алдында тұрған міндеттерді шешу үшін қажетті өзге де бөлімшелер құрайды.

Әскери-тергеу органдарының негізгі міндеттері әскери қылмыстарды және әскери қызметшілер жасаған, ішкі істер органдары тергеуге тиісті қылмыстарды анықтау, олардың алдын алу, жолын кесу, ашу және тергеу болып табылады. Әскери-тергеу органдарын әскери-тергеу департамент, әскери-тергеу басқармалары мен тергеу, жедел-іздестіру, жедел-техникалық және өздерінің алдында тұрған міндеттерді шешу үшін қажетті өзге де бөлімшелерден тұратын бөлімдер құрайды.

Ішкі істер министрлігінің әскери полициясы арнаулы орган болып табылады және ішкі әскерлердегі құқық тәртібін қамтамасыз етуге, әскери қылмыстар бойынша, сондай-ақ ішкі әскерлердің әскери қызметшілері жасаған басқа да қылмыстар бойынша анықтаманы жүзеге асыруға, олардың арасындағы қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге, әскери қылмыстарды ашуға, ішкі әскерлердің әскери қызметшілерін іздестіруге арналған. Ішкі істер министрлігінің әскери полициясы бұған уәкілдік берілген лауазымды адамдар арқылы жүктелген міндеттерді өз құзыреті шегінде орындау үшін ішкі істер органдарының өкілеттігін пайдаланады. Бұл орайда әскери қызметшілердің және әскери қалашықтар, ішкі әскерлердің әскери бөлімдері мен құрамалары бөлімшелерінің аумағында жүрген өзге де адамдардың құжаттарын тексеруді жүзеге асыруға құқығы бар.

Қазақстан Республикасындағы адвокатура адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және білікті заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етілген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған. Адвокатура қылмыстық істер бойынша қорғау, азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және басқа да істер бойынша өкілдік ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мен іске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегінің өзге де түрлерін көрсету жөніндегі адвокаттардың қызметін ұйымдастырады.

Адвокатураның ұйымдастырылуы мен қызметі:

1) адвокаттардың өз қызметін жүзеге асыру кезіндегі тәуелсіздігі;

2) адвокаттық қызметті заңдарда тыйым салынбаған әдістерін және құралдармен жүзеге асыру;

3) заң актілерінде тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, прокуратура, соттар, анықтау және алдын ала тергеу органдары, басқа мемлекеттік органдар, өзге ұйымдар мен лауазымды адамдар тарапынан адвокаттардың қызметіне араласуға жол бермеу;

4) кәсіби мінез-құлық нормаларын ұстану және адвокаттық құпияны сақтау қағидаттарына негізделеді.

Заң көмегін көрсете отырып, адвокаттар:

1) шешілуі кәсіби заң білімдерін қажет ететін мәселелер бойынша консультациялар, түсіндірмелер, кеңестер мен жазбаша қорытындылар береді;

2) талап қою арыздарын, шағымдар мен құқықтық сипаттағы басқа құжаттарды жасайды;

3) анықтау, алдын ала тергеу органдарында, соттарда, мемлекеттік және өзге де органдарда, ұйымдарда және азаматтармен қарым-қатынастарда жеке және заңды тұлғалардың өкілдігі мен оларды қорғауды жүзеге асырады.

Адвокат - жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алған, міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және осы заңмен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы. Қасақана қылмыс жасағаны үшін сотталған, белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған, адвокаттар алқасынан шығарылған, тәртіптік жағымсыз әрекет жасағаны үшін құқық қорғау органдарынан босатылған адам - босатылған күнінен бастап бір жыл бойы, сондай-ақ лицензиясының қолданылуы осы заңда белгіленген тәртіппен тоқтатылған адам адвокат бола алмайды.

1. 2 Адвокаттың міндеттері

1) адвокат заң талаптарын сақтауға, адвокатураны ұйымдастыру мен оның қызметінің принциптерін басшылыққа алуға, кәсіптік мінез-құлық нормаларының талаптары мен адвокаттық құпияны сақтауға міндетті;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық процестегі мүліктік мәселелер
ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕРДЕГІ МЕРЗІМ
Тәуелсіз Қазақстанның Жаңарған қоғамдық-экономикалық құрылысы
Ерекше талап қоюмен іс-жүргізудің түсінігі және мәні
Істерді жасақтау мен құжаттарды топтастырудың жалпы ережесі
Сот шығындары ұғымы және олардың құрамы
Іс қағаздарының номенклатурасы, құжаттарды мұрағатқа сақтауға дайындау
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру шарттары
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ДӘЛЕЛДЕУДІҢ ТҮСІНІГІ, ПӘНІ
Азаматтық сот ісін жүргізудің функционалдық әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz